Enbekshi QazaQ

Экономика

Қостанай облысында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеді 12.07.2026
Қостанай облысында жастарды жұмыспен қамту, кәсіптік білім алуға ынталандыру және кәсіпкерлік бастамаларын қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде өңірде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі тұрақты түрде төмендеп отыр.Мемлекет басшысының халықты жұмыспен қамтуды арттыру жөніндегі тапсырмалары аясында елімізде «Әділетті Қазақстан – баршаға және әркімге арналған» жол картасы іске асырылуда. Құжатқа сәйкес 2030 жылға дейін республика бойынша 3,3 миллионнан астам азаматты жұмыспен қамту көзделген. Оның кемінде 2,2 миллионы жастар болуы тиіс.Қостанай облысында соңғы бес жыл ішінде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3 пайыздан 2,1 пайызға дейін төмендеді. Бұл көрсеткіш республикалық деңгейден де төмен. Өңірде жастарды еңбек нарығына бейімдеу, тұрақты жұмыс орындарына орналастыру және кәсіптік әлеуетін арттыру бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар кезең-кезеңімен іске асырылуда.Жыл басынан бері жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеп 5 мыңға жуық жас жүгінген. Соның ішінде 3,5 мыңға жуығы жұмыспен қамтылды. Жастардың бір бөлігі субсидияланатын жұмыс орындарына жіберілсе, енді бірі қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарынан өтті. Сонымен қатар «Бастау Бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік негіздерін меңгеріп, өз ісін бастауға мүмкіндік алды.2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша облыста 2 653 жас жұмыссыз ретінде тіркелген. Оның 430-ы белсенді жұмыспен қамту шараларына қатысып жатыр, ал 1 246 азамат жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алуда.Соңғы үш жылда 16–35 жас аралығындағы тіркелген жұмыссыз жастар саны екі еседен астам қысқарды. Егер 2022 жылы жұмыспен қамту органдарында 7 458 жас жұмыссыз ретінде тіркелсе, бүгінде олардың саны 3 482 адамға дейін азайды. Бұл еңбек нарығындағы оң өзгерістер мен мемлекеттік қолдау тетіктерінің тиімділігін көрсетеді.Өткен жылы облыста 13,8 мың жас жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. Олар әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылып, жастар практикасына қатысты, кәсіптік білім алып, қоғамдық жұмыстарға тартылды. Сонымен қатар кәсіпкерлік негіздерін оқып, мемлекеттік гранттарға ие болған жастардың қатары артты.Алдағы кезеңде тұрақты жұмыс орындарын құруды жалғастыру, жұмыссыз азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуға дейін сапалы сүйемелдеу, сондай-ақ жастарды кәсіптік оқытуға, еңбек нарығының белсенді шараларына және кәсіпкерлікке кеңінен тарту жұмыстары жалғасады. Бұл шаралар жастардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырып, олардың тұрақты жұмыспен қамтылуына және әлеуметтік әл-ауқатының жақсаруына мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1249845?lang=ru
Алматы облысында өткен «Қымызмұрындық – 2026» фестиваліне 35 мыңға жуық қонақ келді 12.07.2026
Алматы облысында халықтың ұлттық рухын оятып, дархан даланы думанға бөлеген «Қымызмұрындық – 2026» фестивалі өз мәресіне жетті. Биыл бұл мерекеге еліміздің түкпір-түкпірі мен алыс-жақын шет елдерден 35 мыңға жуық қонақ келді. Фестивальде ұлттық спорт түрлерінен түрлі сайыстар өтіп, мереке қорытындысында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандар марапатталды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Мереке барысында Мыңжылқының төсін дүбірлеткен мың жылқының көрінісі жиналған көпшіліктің назарын өзіне ерекше аударды. Жер тарпыған жылқылар дүбірін естігенде, елең етпеген ел қалмады. Дүйім жұрттың жігер, намысын жанып өткен бәйгенің де орны ерекше болды. Биыл бұл жарыста екі жүзге жуық таңдаулы шабандоз бақ сынады. Жарыс бағдарламасы үш кезеңнен тұрды. Ең жас қатысушылар тоғыз шақырымдық құнан бәйгеде сынға түсті. Тәжірибелі жүйріктер жиырма шақырымға созылған топ бәйгеде бақ сынады. Сондай-ақ 32 шақырымдық аламан бәйгеде шабандоздар нағыз шеберлік пен төзімділіктің үлгісін көрсетті.Жүлде қоры да қомақты болды. Аламан бәйгенің жеңімпазы Jetour X70 FL Prestige автокөлігінің иегері атанды. Екінші орынға – 2,5 миллион теңге, үшінші орынға 1 миллион теңге берілді.«Түйе палуан» жарысы да жанкүйерлер назарындағы басты бәсекелердің біріне айналды. Білекті балуандар күш сынасқан сайыстың жеңімпаздары да жүлделі сыйлықтардан қалыс қалған жоқ.«Қошқар көтеру» жарысын да көпшілік қызыға тамашалады. Сырттай қарағанда қарапайым көрінгенімен, бұл сайыс зор күш-қуатты, төзімділікті, қолдың қарымын және дұрыс әдіс-тәсілді талап етеді. Дәстүр бойынша қошқарды ең көп көтерген спортшы оны өз жүлдесі ретінде алды.«Алыптар сайысында» қатысушылар найза лақтыру, темір шыбық ию, ауыр тасты көтеріп жүру, 100 келі бөренемен жаттығу жасау және 500 келі арбаны сүйреу секілді қиын акробатикалық тәсілдерді көрсетті. Сайыс жеңімпазы 1,5 миллион теңге көлеміндегі бас жүлдені иеленсе, өзге жүлдегерлерге де қомақты ақшалай сыйақылар табысталды.Негізгі жарыстардан бөлек фестивальде қол күресі, арқан тарту, тоғызқұмалақ, шахмат, қой қырқу және көшпелі өмірдің ажырамас бөлігіне айналған өзге де ұлттық сайыстар өткізілді.Қарқара жайлауында ұйымдастырылған бұл мереке ұлттық спорттың мерейін үстем етіп, қазақ халқының рухани құндылықтарын дәріптеген маңызды мәдени шара ретінде есте қалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1249126?lang=ru
Тазалық пен тәртіп: Қарқара жайлауында «Таза Қазақстан» акциясы ұйымдастырылды 12.07.2026
Алматы облысында өткен «Қымызмұрындық – 2026» этнофестивалі мәресіне жетіп, шарадан кейін «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Қарқара жайлауында тазарту жұмыстары жүргізілуде. Алдағы күндері де бұл жұмыстар жалғасатын болады, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Коммуналдық қызмет мамандары мен еріктілер қоқыстарды жедел жинап, алаңды ретке келтіруде. Соның нәтижесінде аумақтың тазалығы сақталып, қоршаған ортаны қорғау талаптары қамтамасыз етілді. Тұрмыстық қалдықтар мен пластик бөтелкелер арнайы техникамен шығарылып жатыр.Бұл ауқымды мәдени жобаларды табиғатқа жанашырлықпен қарап, экологиялық жауапкершілікті сақтаумен ұштастыруға болатынын көрсетті. Осылайша, «Қымызмұрындық – 2026» фестивалі көпшілікке жарқын әсер мен ұмытылмас естеліктер ғана сыйлап қойған жоқ. Сонымен қатар ұлттық мұраны құрметтеу табиғатқа қамқорлықтан басталатынын айқын көрсетті. «Таза Қазақстан» бағдарламасының маңыздылығына көпшіліктің тағы бір мәрте көзін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1249128?lang=ru
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті 12.07.2026
Алматы облысында «Қымызмұрындық – 2026» мәдени-көпшілік және спорттық шарасы өтті. Салтанатты шарада ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысының құттықтауын жеткізді. Ал Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев дүбірлі думанның маңызына тоқталып, қонақтарға ізгі тілегін арнады. Сондай-ақ меймандар «Қымызмұрындық» аясында ұйымдастырылған көрмені аралап көріп, ұлттық ойыннан сынға түскен спортшылардың өнерін тамашалады, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Мәлік Нұржанұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемін жеткізе отырып, Президентіміздің ұлттық құндылықтарды ұлықтап, ата дәстүрімізді дәріптеуге арналған осындай тағылымды іс-шараларға ерекше мән беретінін айтты. Сонымен қатар Кеген ауданында өтіп жатқан «Қымызмұрындық» мерекесі ұрпақтар сабақтастығын нығайта түсетініне сенім білдірді.«Қазақ даласындағы әр салт-дәстүрдің өзіндік тәрбиелік мән-маңызы, ұлттың ерекшелігін айқындап тұратын өзіндік биік бағасы бар. Аманат болып жеткен осы құндылықтарды сақтап, оларды заман талабына сай жаңғыртып, насихаттау – Президентіміз айтқандай – баршамызға ортақ міндет.Бүгінде біз бабалар аманатына адал бола отырып, ұлттық мұрамызды заман талабына сай дамытып келеміз. Қымыз өндірісінде жаңа технологиялар енгізіліп, өнімді сақтау, өңдеу және нарыққа шығару мүмкіндіктері кеңейіп келеді. Бұл – дәстүр мен жаңашылдықтың өзара сабақтастығының нақты көрінісі. Хантәңірінің көрікті етегі, Қарқараның тамашасы мен Мыңжылқының сұлу келбеті кімді де болса тамсандырмай қоймайтыны анық. Қымызмұрындық сияқты тағылымы мол мерекелер халқымыздың рухын асқақтатып, елдік сананы нығайтып, Қазақстанның мәдени келбетін әлемге таныта береді деп сенемін», – деді Мәлік Нұржанұлы.Аймақ басшысы өз сөзінде халықтың қолдауымен қолға алынған игі бастамалардың ғұмыры қашанда ұзақ болатынын айтты.«Кеген ауданының ғана емес, тұтас Алматы облысының рухани-мəдени келбетін айшықтайтын, өңірдің туристік тартымдылығына оң əсер ететін Қымызмұрындық фестивалі биыл республикалық маңызы бар мəдени іс-шаралар күнтізбесіне енді.Қарқара – қазақ тарихындағы қастерлі мекендердің бірі. Осындай қасиетті өлкеде Қымызмұрындықтың дəстүрге айналуы да заңдылық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық тарихты жаңаша зерделеуге ерекше мəн беріп келеді. Жақында өткен «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі» атты халықаралық симпозиумда Президентіміз: «Біз – мемлекет ісінде «Мəңгілік Ел» идеясын ту еткен Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз», – деп атап өтті.Расында, заң мен тəртіпке негізделген басқару мəдениеті, əділдік пен жауапкершілік қағидалары бүгінгі Тəуелсіз Қазақстанның құндылықтарымен сабақтасып, жаңа Конституциямызда өзінің заманауи жалғасын тауып отыр», – деді аймақ басшысы. Сондай-ақ Алматы облысы бүгінде табиғи байлығы мен тарихи мұрасын ұштастыра отырып, туризмді дамытудың жаңа кезеңіне қадам басқанын жеткізді. Аймақ басшысының айтуынша, өткен жылы өңірімізге 2,5 миллионнан астам турист келген. Бұл Алматы облысының табиғи əлеуеті мен тарихи-мəдени мұрасына деген қызығушылықтың тұрақты артып келе жатқанын көрсетеді. Көлсай мен Қайыңды көлдері, Шарын шатқалы, Хантəңірі баурайы, Қарқара жайлауы – Алматы облысының ғана емес, Қазақстанның халықаралық деңгейде танылған туристік орындарына айналған.«Біздің мақсат – туристер санын көбейту ғана емес, олардың туған жеріміздің табиғатын, тарихын жəне мəдениетін терең танып қайтуына жағдай жасау. Сондықтан біз экотуризмді дамытуға ерекше басымдық беріп келеміз. Табиғатты сақтау мен туризмді дамыту – бір-бірімен ұштасқан егіз ұғым. Бұл бағыт Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасымен толық үндеседі», – деді Марат Елеусізұлы.Айта кетейік, «Қымызмұрындық» мерекесі Қарқара жайлауында биыл 5-рет өтті және қазақтың көреген абызы Əлмерек Жаншықұлының 368 жылдығымен тұспа-тұс келді. Осыған орай абыз баба рухына Құран бағышталып, ас берілді. Сондай-ақ ұлттық спорт түрлерінен республикалық жарыстар ұйымдастырылып, спортшылардың шымырлығы мен төзімділігі сынға түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1249118?lang=ru
Қазақстанның Сыртқы істер министрі БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады 12.07.2026
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев медиа қауымдастығы өкілдеріне жоғары кәсібилігі мен еліміздің сыртқы саяси бағытын ақпараттық сүйемелдеуге қосқан елеулі үлесі үшін шынайы алғысын білдірді.Министр бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі арқылы халықаралық қоғамдастықта Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан, бейбітсүйгіш әрі беделді мемлекет ретіндегі оң бейнесі қалыптасып келе жатқанын атап өтті.«Журналистика – үлкен жауапкершілік. Бұқаралық ақпарат құралдары қоғамды ақпараттандыруда, қоғамдық пікірді қалыптастыруда, халықаралық бастамаларды, Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарын, сондай-ақ шетелдегі отандастарымызға қатысты мәселелерді жария етуде маңызды рөл атқарады», – деді Е.Көшербаев.Іс-шараның құрметті қонағы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов болды.Салтанатты іс-шара аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметін ақпараттық сүйемелдеуге және еліміздің сыртқы саясатын насихаттауға елеулі үлес қосқан қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының бірқатар өкілдері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Алғыс хаттарымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1249107?lang=ru
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Әзербайжан Республикасының Елшісін қабылдады 12.07.2026
Астана, 2026 жылғы 26 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Әзербайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Агалар Атамоглановты орай қабылдады.Сыртқы саяси ведомствоның басшысы әзербайжандық дипломатқа екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған нәтижелі қызметі үшін алғысын білдірді. Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін атап өткен Ермек Көшербаев өзара тиімді байланыстарды одан әрі дамытудың маңыздылығына тоқталды.«Сіздің дипломатиялық қызметіңіз кезеңінде Әзербайжан Республикасын лайықты түрде танытып, елдеріміз арасындағы көпқырлы ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қостыңыз. Сіз қазақ-әзербайжан қатынастарының сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтерілуінің тікелей қатысушысы болдыңыз», – деді Министр.Өз кезегінде Елші А.Атамогланов дипломатиялық миссиясы барысында көрсетілген жан-жақты қолдау үшін Қазақстан тарапына алғысын білдірді.Кездесу соңында Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Елші А.Атамоглановқа Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы тату көршілік қатынастар мен жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытуға, қосқан үлесі үшін II-ші дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1249041?lang=ru
Алматы облысының орталығында кардиологиялық орталық ашылды 12.07.2026
Қонаев қаласында сәулеті келіскен, шаһардың көркіне көрік қосқан жаңа кардиологиялық орталық пайдалануға беріліп, өңір жұртшылығын зор қуанышқа кенелтті. Жаңа нысан – өңірдегі денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту, салу және кадрлық әлеуетті күшейту бағытындағы жұмыстың нақты нәтижесі. Жобаға 3 млрд теңге инвестиция тартылған. Ең бастысы, мұнда 200 медицина қызметкері үшін жаңа тұрақты жұмыс орны ашылды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Жаңа нысанның салтанатты ашылу рәсіміне Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов қатысып, тұрғындарды құттықтады.«Өңірлердегі денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсарту мен жоғары технологиялық орталықтар желісін дамыту – мемлекеттің басым бағытының бірі. Бүгін облыс орталығындағы ел игілігіне берілгелі тұрған кардиологиялық орталық – денсаулық сақтау жүйесі үшін ерекше маңызы бар нысан. Сонымен бірге халықтың өмір сапасын арттыруға және жүрек-қан тамыр ауруларымен күресті күшейтуге бағытталған нық қадам. Жүрек-қан тамыр жүйесінің дерті бүгінде елімізде ғана емес, бүкіл әлемде ең өзекті медициналық мәселенің бірі болып отыр. Сондықтан мұндай жоғары технологиялы нысанның іске қосылуы – уақыт талабына сай қабылданған маңызды шешім. Мұнда диагностикадан бастап күрделі хирургиялық операцияларға дейін толық циклді медициналық көмек көрсету мүмкіндігі қарастырылған. Атап айтқанда, қан айналым жүйесі ауруын диагностикалау, емдеу қызметі көрсетіледі. Сонымен бірге жүрек пен қан тамырлары сырқатын да стационарлық деңгейде емдеу толықтай іске асырылады. Бұл облыс тұрғындарының басқа өңірлерге немесе шетелге бармай-ақ, сапалы медициналық көмекті дер кезінде алуына жағдай жасайды», – деген шаһар басшысы жобаның мерзімінде әрі сапалы жүзеге асуына атсалысқан инвесторларға, құрылысшыларға және барлық медицина қызметкерлеріне шынайы алғыс білдірді.Жобаның инвесторы Бекарыс Жали жаңа нысан мемлекеттік қолдаудың, жеке инвестицияның және ортақ еңбектің нәтижесінде іске асып отырғанын атап өтті. Бұл орталықтың ашылу мақсаты өңір тұрғындарына заманауи, сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек ұсыну екенін айтқан инвестор осы жобаның жүзеге асуына қолдау көрсеткен облыс пен қала басшылығына және құрылысшыларға жүрекжарды алғысын жеткізді. Сондай-ақ кардиологиялық орталықтың кілтін оның бас дәрігері Асқар Рахматалиевке салтанатты түрде тапсырды.Жаңа ғимараттың лентасы қиылғаннан кейін бас дәрігер қонақтарға орталықтың барлық бөлмелерін аралатып, нысандағы көрсетілетін қызмет түрлерімен таныстырды.Бұл – жай ғана жаңа медициналық нысан емес, мыңдаған тұрғынның денсаулығын сақтауға, жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға және заманауи медициналық көмекті қолжетімді етуге бағытталған маңызды орталық. Жаңа кардиологиялық орталық облыс жұртшылығына қызмет етіп, әрбір тұрғынның денсаулығын нығайтуға, өмір сапасын жақсартуға және талай жанның өмірін сақтап қалуға өз үлесін қосатыны сөзсіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1248635?lang=ru
Шомылу маусымындағы қауіпсіздік ерекше бақылауда 11.07.2026
Қостанай облысында тұрғындардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шомылу маусымында құтқару қызметтерінің жұмысы күшейтіліп, ауқымды профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.Облыс аумағында 8 мыңнан астам су айдыны бар. Оның ішінде шомылуға рұқсат етілмеген 226 орын анықталған. Өңір әкімінің қаулысына сәйкес тұрғындардың қауіпсіз демалысы үшін 25 ресми шомылу орны белгіленген. Оның алтауы коммуналдық, ал 19-ы жекеменшік жағажай болып табылады.Шомылу маусымы кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жедел әрекет ету мақсатында 120 құтқарушы, 35 техника, 21 жүзу құралы және арнайы сүңгуірлік жабдықтар тәулік бойы дайындықта тұр. Сонымен қатар суға түсуге арналмаған аумақтарда жағалау сызығын патрульдеу ұйымдастырылып, моторлы қайықтармен жабдықталған алты мобильді құтқару бекеті жұмыс істеуде.Қазіргі таңда Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті халық арасында тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл бағыттағы жұмыстарға полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері, білім беру ұйымдарының өкілдері мен еріктілер тартылған. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл аясында қосымша патрульдеу шаралары ұйымдастырылып, тұрғындарға судағы қауіпсіздік талаптары кеңінен түсіндірілуде.Мамандар тұрғындарды тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарда шомылуға, балаларды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін суға түспеуге шақырады. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау адам өмірі мен денсаулығын қорғаудың басты кепілі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1247906?lang=ru
Қостанай облысының әкімдігінде нашақорлықтың алдын алу және есірткі трафигіне қарсы іс-қимылды күшейту бойынша шаралар талқыланды. 11.07.2026
2026 жылғы 18 маусымда облыс әкімінің төрағалығымен нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі облыстық штабтың отырысы өтті. Қатысушылар кәмелетке толмағандар арасында есірткіге қарсы жұмыстың тиімділігін арттыру және өткізу пункттерінде бақылауды күшейту мәселелерін қарастырды.Өңірде 40-тан астам іс-шара өткізілді, 1600 ақпараттық материал шығарылды, «Есірткісіз болашақ» форумы ұйымдастырылды, «Досым» Telegram-боты жұмыс істейді.Соңғы екі жылда оң динамика байқалады, наркологиялық есепте тұрған кәмелетке толмағандар саны нөлге дейін төмендеді, биыл жасөспірімдерді есірткі қылмыстарына тарту фактілері тіркелген жоқ.Жасөспірімдерде  есірткіге төзбеушілік пен салауатты өмір салты құндылықтарын қалыптастыруға назар аудара отырып, басталған жұмысты жалғастыру, қиын жасөспірімдермен атаулы жұмыс жүргізу, білім беру ұйымдарымен және спорт қоғамдастығымен өзара іс-қимылды күшейту тапсырылды.Мемлекеттік шекарадан өтетін есірткі трафигі арналарының жолын кесу мақсатында өткізу пункттерін техникалық жарақтандыру мәселесі егжей-тегжейлі талқыланды.Отырыс қорытындысы бойынша профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға, тәуекел тобындағы жасөспірімдермен атаулы жұмыс жүргізуге және есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды жетілдіруге бағытталған тапсырмалар берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1247744?lang=ru
Кітап оқитын ұлт: Алматы облысындағы оқырман санын 100 мыңға жеткізу жоспарлануда 11.07.2026
Алматы облысы мен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл келісім Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы аясында іске асырылуда. Жоба бойынша өңірдегі кітапханалар, мәдениет және білім беру ұйымдары арқылы бірлескен жобалар мен іс-шараларды ұйымдастыру, жастардың интеллектуалдық және рухани дамуына ықпал ететін бастамаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры былтыр шілде айында құрылып, жұмысын бастаған. Өткен жылы Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында алғашқы ағартушылық жобаларын жүзеге асырды. Нәтижесінде 190 мыңға жуық адам кітап оқу дағдысын қалыптастырған. Биыл олардың санын 1,5-2 млн-ға арттыру көзделуде. Ал Алматы облысында 100 мыңнан аса адамды қамту жоспарланған.Шараға қатысқан облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітап оқу мәдениеті мен кітапхана ісін дамыту мәселесіне ерекше мән беріп отырғанын атап өтті. Аймақ басшысының айтуынша, бүгінде облыста 145 кітапхана жұмыс істейді. Олар 71 мыңнан астам оқырманға қызмет көрсетуде. Жалпы кітап қоры 2,7 млн-нан асады. Кітапханалар жанында коворкинг орталықтары, клубтар мен үйірмелер жұмыс істеп, жастардың шығармашылық және зияткерлік дамуына жағдай жасалуда.«Биыл Ұйғыр аудандық кітапханасы, Қарасай ауданындағы Жандосов ауылдық кітапханасы және Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек ауылдық кітапханасы жаңғыртылып, пайдалануға берілді. Алдағы уақытта тағы екі кітапхананы жаңарту жоспарланған.2023 жылдан бастап барлық аудандық кітапханалар САБ ИРБИС-64+ бағдарламасына көшірілді. Бүгінгі таңда электрондық каталогқа және электрондық кітапхана қорына 1,9 млн-нан астам библиографиялық жазба енгізілді. Сондай-ақ KazNEB платформасына 1 943 кітаптың цифрлық нұсқасы жолданды. Облыс бойынша қоғамдық орындарға 786 KazNEB QR-коды орналастырылып, 82 мыңнан астам электрондық кітапты пайдалану мүмкіндігі жасалды», – деді Марат Елеусізұлы.Жиын барысында аталған қоғамдық қордың төрағасы Бақытжан Тұрлыбеков жобаның мақсаты мен атқарылған жұмыстары жайлы баяндады.«Кітапхана кітап сақтайтын орын емес, бұл – адамдар білім алып, таным-түсінігін тереңдететін рухани орда. Осы мақсатта жүзеге асырылып жатқан жоба аясында кітапханаларға оқырмандарды тарту және кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Біздің басты мақсаттарымыздың бірі – кітапханаларды оқырманға толтыру. Жұмыс барысында халықтың кітап оқуға ықыласы жоғары екенін байқадық. Әуелде әр аймақтан 25-30 мың адам қатысады деп ойлағанбыз. Бірақ нәтиже біз ойлағаннан да жақсы болды. Жобаға 190 мыңға жуық адам қатысса, оның 104 мыңнан астамы ұсынылған 15 кітапты толық оқып бітірген. Бұл тест нәтижесінде белгілі болды.Біз 7 бағыт бойынша жұмыс істейміз. Соған сәйкес мектеп оқушыларын, колледж бен университет студенттерін, сондай-ақ педагогтерді, жеке әулеттерді, мемлекеттік қызметшілер мен спортшыларды кітап оқуға баулимыз. Мәселен, мектеп оқушылары жас ерекшеліктеріне қарай 5 топқа бөлінген. Әр топқа оқуы тиіс 15 кітаптан ұсынылған. Дәл осылай орыс сыныптарына да бөлек тізім жасалған. Оның ішінде бесеуі қазақстандық авторлардың шығармалары, бесеуі Батыс, ал қалған бесеуі Шығыс авторларының кітаптары. Бұл сыни ойлауды қалыптастыруда өте маңызды. Яғни мектеп оқушыларына арналған бағыттың өзінде ғана 150 кітаптың тізімі бекітілген», – дейді Бақытжан Тұрлыбеков.Шара қорытындысында екі жақты меморандумға қол қойылып, қос тарап бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты. Осыған орай Марат Елеусізұлы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама, ішкі саясат, білім және жастар саясаты басқармаларына арнайы міндеттер жүктеді. Өңірде кітап оқу мәдениетін дамыту, халықтың, әсіресе балалар мен жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқырман қауымдастығын қалыптастыру және бірлескен мәдени-ағартушылық жобаларды жүзеге асыруда қарқынды жұмыс істеу керегін баса айтты.Қоғамдағы кеселдің көбі рухани тоқыраудан болады. Ал адамды кемелдік пен терең пайымға жетелейтін басты құрал – кітап. Сондықтан аталған бастама шығарма оқумен ғана шектелмейді. Бұл қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге ықпал ететін маңызды жоба болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1246946?lang=ru
"Agro Eco Hub: еріктілер экопрактикасы арқылы өсімдіктердің 100 түрі бар жылыжай құру" 11.07.2026
Жобаның мақсаты Қостанай облысында жылыжай құру және тұрақты егіншілік, биоалуантүрлілік және эко ағарту бойынша практикалық оқыту іс-шараларын өткізу арқылы экологиялық волонтерліктің орнықты практикасын қалыптастыру.Жоба мемлекеттік грант шеңберінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қаржылық қолдауымен іске асырылады."Neco экологиялық клубы" қоғамдық қорының басшысы Наурызбек Бірмағамбетовтың айтуынша, жоба "Таза Қазақстан"міндеттерімен тікелей байланысты.- Біздің жобаға сәйкес келетін бірнеше бағыт бар. Бұл қалдықтарды бөлек жинау үшін инфрақұрылым құру, аумақтарды көгалдандыру және үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимыл. Біз бұл алаңның экологиялық бастамалардың іс жүзінде қалай жұмыс істей алатындығының үлгісі болғанын қалаймыз, — деді ол.Бірінші жылыжай өсімдіктердің биоәртүрлілігіне арналған. Бұл жерде Фацелия, эспарцет сияқты жәндіктер үшін пайдалы басқа дақылдар өсіріледі. Жақында мұндай өсімдіктердің 100 түрі гүлдейді.— Біз балаларға, жастарға, ара өсірушілерге және ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қандай өсімдіктер бар екенін, олардың не үшін пайдалы екенін және оларды өсіру нәтижесінде қандай өнім алуға болатынын көрсеткіміз келеді. Әр сауыттың астына оны қолданудың сипаттамасы мен мысалдары көрсетілген ақпараттық тақта орналастырылады, — деді спикер.Жобаны іске асыруға қоғамдық даму басқармасы, Табиғи ресурстар басқармасы, экология департаменті, ауыл шаруашылығы басқармасы, кәсіпкерлік басқармасы және ішкі саясат бөлімі тартылды. Сондай-ақ еріктілер, "Жасыл ел" жасағының жауынгерлері және бейіндік мамандықтардың студенттері қатысады. Алдағы уақытта жұмысқа оқушылар мен жастарды тарту жоспарлануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1246909?lang=ru
Қостанай облысында 103 мың бала жазғы демалыс және сауықтырумен қамтылады 11.07.2026
Қостанай облысында балалардың жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Биылғы жылы жазғы демалыс пен сауықтырудың түрлі нысандарымен 103 мыңға жуық баланы қамту жоспарлануда, бұл өңірдегі мектеп оқушыларының жалпы санының 98,5 пайызын құрайды.Осы мақсаттарға шамамен 457 млн теңге қарастырылған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 145 млн теңгеге артық (312,6 млн теңге).Жазғы кезеңде облыста 12 қала сыртындағы және 617 мектеп жанындағы лагерь жұмыс істейді. Оларда 1-10 сынып оқушыларының 91 пайызы, яғни 102 мыңнан астам бала қамтылады. Мектеп жанындағы лагерьлердің 337-сінде 57 281 бала үшін тамақтандыру ұйымдастырылған, ал 280 лагерьде 34 531 оқушы тамақтанусыз демалады.Қазіргі таңда облыстағы 12 қала сыртындағы лагерь жұмыс істеп тұр, онда 2 313 бала демалуда. Олардың қатарында «Солнечный» (Денисов ауданы), «Балдаурен» (Әулиекөл ауданы), «Болашақ» (Алтынсарин ауданы), «Строитель» (Арқалық қаласы), «Чайка», «Орленок», «Светофор» (Алтынсарин ауданы), «Лесная сказка» (Меңдіқара ауданы), генерал Бакиров атындағы лагерь (Алтынсарин ауданы), «Алый Парус» (Лисаковск қаласы), «Алтынгүл» (Қостанай ауданы) лагерьлері бар.Мемлекеттік қолдауды қажет ететін балаларға ерекше көңіл бөлінеді. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен бірінші кезекте жетім балалардың, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың, сондай-ақ дарынды балалардың демалысы мен сауықтырылуы ұйымдастырылуда. Осы мақсаттарға шамамен 300 млн теңге қарастырылған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 75 млн теңгеге артық (2025 жылы – 225 млн теңге).Жалпыға бірдей білім беру қоры арқылы 175 млн теңге сомасына 2 634 баланы сауықтыру жоспарланған. Сонымен қатар, үш қала сыртындағы лагерьде интернаттық ұйымдардың 425 тәрбиеленушісіне арналған ауысымдар ұйымдастырылған.Балаларды оңалту орталығы базасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сауықтыруға бағытталған әлеуметтік маңызы бар «Хатико» жобасы жалғасуда. Биыл жобаға 379 бала қатысады, оны жүзеге асыруға 62,5 млн теңге бөлінген. Жоба 2022 жылдан бері жүзеге асырылып келеді және өзінің тиімділігі мен сұранысқа ие екенін дәлелдеді: соңғы төрт жылда 129,6 млн теңге қаражат есебінен 859 бала қамтылды.Демалыс пен сауықтырудан бөлек, түрлі жұмыспен қамту бағыттарымен 105 мыңнан астам бала мен жасөспірімді қамту жоспарлануда.Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Қарасу ауданында «SUMMER IT BOOTCAMP» IT-лагері, сондай-ақ Жангелдин ауданында және Бейімбет Майлин ауданында «Мектеп туризмін дамыту және туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасын зерделеу» жобалары жүзеге асырылуда.Дәстүрлі бағыттармен қатар, биыл балалар мен жасөспірімдердің дамуына бағытталған жаңа танымдық-қолданбалы жобалар іске асырылуда. Қостанай және Амангелді аудандарында мемлекеттік тілді қазақ халқының отбасылық және мәдени ортасына ену арқылы үйренуге бағытталған «Қонақжай отбасы» жобасы басталды.Жазғы кезеңде мың оқушы үшін Наурызым мемлекеттік табиғи қорығына және Амангелді ауданына көпфункционалды туристік кешенге бару арқылы туристік экскурсиялар ұйымдастырылды. Бұл сапарлар оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге, өңірдің табиғи және тарихи-мәдени мұрасымен таныстыруға бағытталған.Балалардың тұрғылықты жері бойынша мазмұнды демалысын ұйымдастыруға да ерекше көңіл бөлінуде. Жітіқара ауданында «Біз тұратын аула» атты көшпелі шығармашылық зертхана жүзеге асырылуда. Жоба аясында балалар мен жасөспірімдерге арналған аула аумақтарында және ашық алаңдарда дамытушылық, танымдық және шығармашылық іс-шаралар өткізіледі.Жазғы науқанның маңызды бағыттарының бірі – оқушылардың еңбекпен қамтылуы. Жазғы кезеңде 14 мыңнан астам оқушыны қамтитын 600-ге жуық көгалдандыру бригадасы ұйымдастырылды. Экологиялық бастамалар да жалғасуда: облыстық үш күндік «Эколагерь» өткізілді, сондай-ақ «Үздік мектеп ауласы» байқауы мен «Менің үйім – менің аулам» акциясы жоспарланған.Балалардың қауіпсіздігі мен профилактикалық жұмыстарына ерекше назар аударылуда. Түрлі есепте тұрған 1 452 баланың барлығы 100 пайыз жазғы демалыспен және жұмыспен қамтудың түрлі нысандарымен қамтылды.Облыстың барлық мектептерінде балалар қажетті көмек пен мамандардың қолдауын ала алатын «Жазғы психологиялық қолдау алаңдары» жұмыс істейді. Сонымен қатар балаларға тәулік бойы және жасырын түрде психологиялық көмек көрсететін облыстық «Досым» Telegram-боты іске қосылды. Сервис ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап жұмыс істейді.Сондай-ақ 15-24 шілде аралығында «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры ұйымдастырған республикалық «Жаздық жолдама» қайырымдылық жобасы аясында Қостанай облысының ауылдық аймақтары мен моноқалаларынан шыққан, оқу, спорт және шығармашылық бағыттарда жоғары жетістіктерге жеткен 19 дарынды бала Щучинск қаласындағы «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына барады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1246667?lang=ru
Алматы облысында мемлекеттік қызметшілер құрметке бөленді 11.07.2026
Алматы облысында Мемлекеттік қызметшілер күніне орай өңірдің түкпір-түрпірінде ауқымды шаралар өтті. Сала мамандарының елдің өркендеуіне қосқан елеулі үлесіне лайықты баға берілді. Негізгі шара Қонаев қаласындағы Бердібек Соқпақбаев саябағында ұйымдастырылды. Онда халықтың әл-ауқатын жақсартуға, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді іске асыруға атсалысып жүрген үздік қызметкерлер марапатталды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады. Бұл сала ел тұрақтылығы мен дамуының негізгі тіректерінің бірі екенін айтып, қоғам өміріндегі айрықша маңызына тоқталды. Сондай-ақ мемлекетіміздің басқару мәдениеті бүгінгі тәуелсіз еліміз тікелей мирасқоры болып саналатын Алтын Орданың мемлекеттік жүйесі және әкімшілік құрылымымен сабақтасып жатқанын жеткізді.«Мемлекеттік қызметшінің ең үлкен марапаты – жоғары шен немесе лауазым емес, ол – халықтың алғысы мен шынайы сенімі. Әрбір қабылдаған шешімдеріңіздің, әрбір жазған ресми хаттарыңыздың артында қарапайым адамдардың тағдыры, мемлекетіміздің беделі тұрғанын ешқашан ұмытпаңыздар. Сіздердің адалдықтарыңыз бен кәсібиліктеріңіз – қуатты Қазақстанның іргетасы. Ел игілігі жолындағы қажырлы да жауапты қызметтеріңіз үшін баршаңызға айрықша алғысымды білдіремін», – деді Марат Елеусізұлы.Аймақ басшысының айтуынша, бүгінде облыста мемлекеттік қызмет саласында 4 мыңнан астам азамат еңбек етеді. Олардың 2,5 мыңға жуығы жергілікті атқарушы органдарда тұрғындармен тікелей жұмыс жүргізуде. Қызметкерлердің 52 пайызы әйелдер болса, 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 40 пайызды құрайды. Сонымен қатар мемлекеттік қызметте түрлі этнос өкілдері бірлесе еңбек етіп, қоғамдық келісім мен бірліктің үлгісін көрсетуде.Мамандардың кәсіби деңгейі де жыл сайын артып келеді. Облыстың мемлекеттік қызмет жүйесінде магистратура мен докторантура тәмамдаған 182 маман, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 11 түлегі және халықаралық «Болашақ» бағдарламасымен білім алған 7 түлек қызмет етуде.Өңірде мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қолдау шаралары да жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Соның ішінде «Алатау жастары» бағдарламасы аясында жеңілдетілген ипотека беру, басқа өңірлерден келген мамандарға тұрғын үй төлемдерін қарастыру секілді бастамалар қолға алынған.Салтанатты рәсімде жауапкершілік пен кәсібиліктің үлгісін көрсеткен жандар «Үздік мемлекеттік қызметші», «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгілерімен, Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен марапатталды. Солардың бірі – 20 жылдан астам уақыт осы салада қызмет еткен, облыс әкімі аппаратының бөлім басшысы Гүлнар Жорабаева.«Алматы облысы екіге бөлінгеннен кейін Қонаевқа алғашқылардың бірі болып келіп, қызметімізге кірістік. Содан бері өңірдің қайта аяққа тұрып, дамуына үлесімізді қосып келеміз. Бүгінгі марапат менің еңбегіме берілген лайықты баға деп есептеймін. Біз, мемлекеттік қызметшілер, халыққа барынша қолайлы жағдай жасауға атсалысып, Президент саясатын жүзеге асыруға бар күш-жігерімізді арнаудамыз. Осы орайда барлық әріптестерімді кәсіби мерекемізбен құттықтаймын. Бүгінгі төсбелгіні иеленгеніме өте қуаныштымын. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісінің орны бөлек. Меніңше, әрбір мемлекеттік қызметші осындай марапатқа ие болуды армандайды. Бұл адамды жігерлендіріп, кәсіби тұрғыда өсуіне ынталандырады. Еңбегімді бағалап, сенім білдірген басшылыққа ризашылығымды білдіремін. Бүгінде облыстың күн санап көркейіп келе жатқанына баршамыз куә болып отырмыз. Соңғы жылдары өңірде ауқымды жұмыстар атқарылды. Облыстың өркендеу жолында өнімді еңбек етіп жүргенімді мақтан тұтамын», – деді марапат иесі.Мерекелік жиында өнерпаздар театрландырылған қойылым көрсетіп, айтулы күннің мән-мазмұнын терең ұғындыра түсті. Мемлекеттік қызметшілердің мерейін асырған шара сахна жұлдыздарының концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1246447?lang=ru
Қазақстан ЕО-ның өңіраралық өзара байланыстылықты нығайту платформасының іске қосылуына қатысты 11.07.2026
Брюссель, 2026 жылғы 23 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ, Қара теңіз өңірі елдері мен Еуропалық одақ арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған Өзара байланыстылық күн тәртібі платформасының (Connectivity Agenda Platform) іске қосылуына арналған жоғары деңгейдегі отырысқа қатысты.Іс-шара барысында сөз сөйлеген А. Исетов Орталық Азия мен Еуропалық одақ арасындағы өзара байланыстылықты одан әрі нығайтудың, сондай-ақ көлік, энергетика және цифрландыру салаларындағы практикалық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.Қазақстанның Орталық Азиядағы ең ірі экономика және Еуропа мен Азияны байланыстыратын маңызды буын ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда Қазақстанның көлік, энергетика және цифрлық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобаларды дәйекті түрде іске асырып, өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосып отырғаны атап өтілді.А. Исетов Платформаның іске қосылуын 2025 жылғы қазанда Люксембургте өткен Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ, Қара теңіз өңірі және Еуропалық одақ арасындағы өзара байланыстылықты нығайту мәселелері жөніндегі министрлік кездесуде қол жеткізілген уағдаластықтардың нақты нәтижесі ретінде құптады. Ол жаңа Платформа қолданыстағы ынтымақтастық тетіктерін толықтырып, Орталық Азия мен Еуропалық одақ арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі үйлестіру платформасымен өзара іс-қимыл негізінде жұмыс істейтіні атап өтілді.Қазақстан Платформаның қызметіне белсенді қатысуға және бірлескен инфрақұрылымдық әрі инвестициялық жобаларды ілгерілетуге жәрдемдесуге дайын екенін растады.Қатысушылар көлік, энергетика және цифрландыру салаларындағы мүмкіндіктер мен сын-қатерлерді, өңіраралық өзара байланыстылықты одан әрі дамыту перспективаларын, инфрақұрылымды жаңғырту және бірлескен жобаларға инвестициялар тарту мәселелерін талқылады.Іс-шараға Еуропалық комиссияның өкілдері, Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және Қара теңіз өңірі елдерінің министрлері, халықаралық қаржы институттарының басшылары, соның ішінде Еуропалық инвестициялық банк, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Дүниежүзілік банк өкілдері, сондай-ақ бизнес қауымдастық мүшелері қатысты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1246371?lang=ru
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді 11.07.2026
Көпшілік асыға күтетін «Қымызмұрындық – 2026» мерекесі 27 маусым күні Кеген ауданындағы Қарқара жайлауында өтеді. Аталмыш шара абыз баба Әлмерек Жаншықұлының 368 жылдығымен қатар ұйымдастырылмақ. Мерекеге елімізден, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қытай, Түркменстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан Республикасы және өзге мемлекеттерден 35 мыңға жуық қонақ келеді деп жоспарланып отыр.Қымызмұрындық – қазақ халқының атадан балаға мұра болып келе жатқан игі дәстүрлерінің бірі. Бұл – қонақжайлылықты, жомарттықты, ынтымақ пен бірлікті дәріптейтін мереке. Аталмыш шараның туризмді дамытуға да ықпалы мол болмақ.Қарқара жайлауында бұл мереке бұған дейін төрт рет ұйымдастырылған. Өткен жылы шараға 8 мыңнан астам адам қатысып, 40 киіз үй тігілген. Сондай-ақ 250-ге жуық шағын бизнес өкілдері тартылған болатын. Ал биыл 80-нен астам киіз үй тігіліп, келушілер саны бірнеше есеге артады деп күтілуде.«Қамызмұрындық – 2026» мәдени-көпшілік және спорттық іс-шарасы аясында ұлттық дәстүрлер мен ойындар паш етіліп, қолөнер көрмесі ұйымдастырылады. Атап айтқанда, ат бәйгесі, қазақ күресі, қыз қуу, теңге ілу, жамбы ату, қой көтеру сынды сайыстар өтеді. Сонымен бірге «Топжарған» этно-өнер орталығының шоу бағдарламасы, «Толағай» өнер орталығының қойылымдары, облыс өнерпаздары мен танымал эстрада жұлдыздарының концерті көпшілік назарына ұсынылады. Жастар үшін алтыбақан, арқан тартыс, қол күрес және ұлттық ойындар ұйымдастырылса, балаларға арналған арнайы аймақта аттракциондар, қуыршақ театры, қолөнер, сурет салу, шахмат және тоғызқұмалақ жарыстары өткізіледі.Қазіргі таңда Қарқара жайлауында дайындық қарқынды түрде жүргізілуде. Ұйымдастырушылар бәйге алаңын ретке келтіріп, көрермендерге арналған орындарды әзірлеген. Қонақтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында барлық ұйымдастыру шаралары жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1246247?lang=ru
Қазақстан мен Еуропалық Одақ көлік байланыстылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 11.07.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов «Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы байланыстылықты нығайту: Транскаспий халықаралық көлік бағытының перспективалары мен стратегиялық әлеуеті» атты бизнес-конференцияға қатысты.Конференция жұмысына Еуропалық комиссияның, Еуропалық парламенттің, халықаралық қаржы институттарының, көлік-логистика компанияларының, сондай-ақ Қазақстан мен Еуропалық Одақтың іскер топтарының өкілдері қатысты.Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қатынастар үшін стратегиялық маңызына арналған бірінші сессиясында А. Исетов Қазақстан мен Еуропалық Одақты ондаған жылдарға созылған сенімді диалог пен өзара тиімді ынтымақтастық байланыстыратынын атап өтті.Қазақстандық дипломат бүгінде ТХКБ дәстүрлі транзиттік дәліз шеңберінен шығып, Орталық Азия мен Еуропаның мүдделеріне қызмет ететін ауқымды геоэкономикалық жобаға айналуда екеніне тоқталды.Жаһандық жеткізу тізбектерінің трансформациясы және сенімді әрі әртараптандырылған бағыттарға сұраныстың артуы жағдайында Қазақстан Шығыс пен Батыс арасындағы ашық, орнықты және өзара тиімді байланыстылықты дамыту бағытын дәйекті түрде қолдап келеді.ТХКБ-ны Еуропалық Одақтың «Global Gateway» бастамасымен ұштастыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Көлік инфрақұрылымын жаңғырту, цифрлық шешімдерді енгізу және логистикалық үдерістерді жетілдіру екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге қосымша мүмкіндіктер ашатыны аталып өтті.Іс-шара қорытындысы бойынша көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға және аталған бағыттағы Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірқатар келісімдерге қол қою рәсімі өтті.Еуропалық Одақ Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі. Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің 10 жылдығы қарсаңында екіжақты қатынастар тұрақты оң серпін көрсетуде. 2025 жылы өзара сауда көлемі 45,1 млрд АҚШ долларына жетсе, ЕО-ға мүше мемлекеттерден тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жиынтық көлемі 200 млрд АҚШ долларынан асты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1245598?lang=ru
Қостанай облысында ауылдық жерлерде тұрғын үй құрылысы қарқынды дамуда 10.07.2026
Ауылдық аумақтарды дамыту Қостанай облысындағы басым бағыттардың бірі болып қала береді. Бұл ретте тұрғын үй салуға, инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға және ауыл тұрғындары үшін қолайлы өмір сүру жағдайларын жасауға ерекше көңіл бөлінуде.Соңғы жылдары өңірде ауылдық жерлердегі тұрғын үй құрылысының көлемі айтарлықтай артты. 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыста 517,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 5,4 мыңнан астам отбасы баспаналы болды. Оның ішінде 63,7 мың шаршы метр тұрғын үй ауылдық елді мекендерге тиесілі, бұл жалпы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің 12,3 пайызын құрайды.Тұрғын үй құрылысы ауыл тұрғындарының баспана жағдайын жақсартып қана қоймай, ауылдардың жас мамандар мен жас отбасылар үшін тартымдылығын арттыруға да ықпал етеді. Қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру ауылдық аумақтардың тұрақты дамуы мен кадрлық әлеуетін сақтаудың маңызды факторы болып табылады.Тұрғын үй құрылысымен қатар өңірде инженерлік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілуде. Маңызды бағыттардың бірі – халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Бүгінде облыстағы барлық ауылдық елді мекендер орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылған. Ендігі міндет – суды әрбір үйге жеткізу.Соңғы үш жылда ауылдық жерлерде орталықтандырылған су жүйесіне қосылған үй шаруашылықтарының саны 48,3 мыңнан 63 мыңға дейін өсті. Жалпы Қостанай облысының ауылдық елді мекендерінде 80,6 мың аула бар.Сондай-ақ ауылдық елді мекендердің көлік қолжетімділігін арттыру бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. 2023–2025 жылдары 185 ауылға кіреберіс жолдар мен мыңнан астам ауыл көшесі жөнделді. Бұл тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы қозғалуына мүмкіндік беріп, логистиканы жақсартады және аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосымша серпін береді.Ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған кешенді шаралар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, заманауи өмір сүру жағдайларын қалыптастыруға және Қостанай облысы ауылдарының әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1245228?lang=ru
Осы жазда қайда баруға болады: Алматы облысының іс-шаралар күнтізбесі 10.07.2026
Осы жазда Алматы облысы еліміздегі ірі мәдени, спорттық және ойын-сауық шаралары өтетін басты алаңдардың біріне** айналады. Үш ай бойы өңірде халықаралық фестивальдер, спорттық турнирлер, этномәдени мерекелер, танымал өнерпаздардың концерттері және ауқымды open-air жобалар ұйымдастырылады.Іс-шаралардың басым бөлігі облыстың танымал туристік орындарында — Қапшағай су қоймасының жағалауында, таулы аймақтарда және өңірдің өзге де көрікті жерлерінде өтеді. Бұл қонақтарға жарқын шараларға қатысумен қатар саяхат жасап, өлкенің табиғи және мәдени мұрасымен танысуға мүмкіндік береді. МАУСЫМ27 маусым – Қымызмұрындық-2026 және Абыз-Баба Әлмерек Жаншықұлының 368 жылдығы27 маусым күні Кеген ауданында Алматы облысындағы ең ірі этномәдени мерекелердің бірі – Қымызмұрындық-2026 өтеді. Іс-шара Абыз-Баба Әлмерек Жаншықұлының 368 жылдығына арналады.Бағдарламада «Бие байлау» дәстүрлі рәсімі, Қарқара жәрмеңкесі, қолөнер шеберлері мен суретшілер көрмесі, шеберлік сағаттары, қымыздан дәм тату және ұлттық ойындар ұйымдастырылады.Қонақтар ұлттық ат спорты түрлерінен «Қыз қуу», «Теңге ілу», аламан бәйге, топ бәйге және құнан бәйге жарыстарын тамашалай алады. Мереке «МузАРТ», «Меломен», «Алашұлы» топтары мен әнші Диана Исмаилдың қатысуымен өтетін гала-концертпен аяқталады.📍 Қарқара жайлауы, Кеген ауданы🕙 Басталуы: 10:00🎟 Кіру: тегін 27 маусым – SATISFACTION Festival27 маусым күні Алматы облысындағы «Тортуга» демалыс аймағында Орталық Азиядағы ең ірі open-air музыкалық фестивальдердің бірі — SATISFACTION Festival өтеді.Бір сахнада Fedde Le Grand, Matisse & Sadko, Sam Martin, Burak Yeter, Dannic, Aura Dione және Akcent сияқты әлемдік жұлдыздар өнер көрсетеді.Концерттік бағдарламамен қатар қонақтарды арт-кеңістіктер, гастрономиялық аймақтар, жағажай демалысы, chill-out алаңдары және ашық аспан астындағы ауқымды шоу күтеді.📍 «Тортуга», Первомай тоғандары, Іле ауданы🕐 Басталуы: 13:00🎟 Билет бағасы: 25 000 теңгеден бастап 27 маусым – OCTAGON 8827 маусым күні Қонаев қаласында OCTAGON 88 халықаралық аралас жекпе-жек турнирі өтеді.Турнир аясында Қазақстан мен шетелдің үздік спортшылары октагонға шығып, көрермендер тартысты жекпе-жектер мен әсерлі шоу-бағдарламаны тамашалайды. Кештің арнайы қонағы — танымал орындаушы Andro.📍 ASP Arena, Қонаев қаласы🕗 Басталуы: 20:00🎟 Билет бағасы: 10 000 теңгеден бастап ШІЛДЕ 4 шілде – Oceanman Kazakhstan 20264 шілде күні Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасының жағалауында Oceanman Kazakhstan 2026 халықаралық ашық суда жүзу турнирі өтеді.Дәстүрлі түрде жарысқа түрлі елдерден кәсіби спортшылар мен жүзу әуесқойлары қатысып, жағалауды үлкен спорт мерекесінің алаңына айналдырады.📍 Қапшағай су қоймасының жағалауы, Қонаев қаласы🎟 Көрермендер үшін кіру тегін🎟 Қатысушылар үшін тіркелу OCEANMAN және RockTheSport ресми сайттарында 4–5 шілде – OYU FEST4–5 шілде күндері «Первомай тоғандары» аумағында OYU Fest 2026 мерейтойлық фестивалі өтеді.Екі күн бойы қонақтарды танымал әртістердің жанды орындаулары, арт-кеңістіктер, фудкорттар, көше маркеттері, шеберлік сабақтары және интерактивті алаңдар күтеді.4 шілдеде Berkut & Aisha, Sadraddin, Alpha, Kunzharyq, AYAU, M’Dee, Rusha, Yenlik, ARO және Almas өнер көрсетеді.5 шілденің хедлайнері — Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева. Сонымен қатар Dequine, Rin’Go тобы, Orynkhan, Ken Dala, Zere, Dudeontheguitar, Samrattama және abdr сахнаға шығады.📍 «Первомай тоғандары», Іле ауданы🎟 Билеттер: фестивальдің ресми ресурстарында және Ticketon платформасында 10 шілде – Райымбек ауданының 90 жылдығы10 шілде күні Нарынқол ауылында Райымбек ауданының 90 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтеді.Мерекенің басты оқиғасы Еркеш Хасен, Әбдіжаппар Әлқожа, Нұрсұлтан Нұрбердиев және BAYANSULU қатысатын үлкен концерт болады.📍 Нарынқол ауылы, Орталық алаң🕔 Басталуы: 17:00🎟 Кіру: тегін 10–12 шілде – Nomad Spirit Fest 2026Көшпенділер мәдениеті, этникалық музыка және белсенді демалыс фестивалі.Қонақтарды этноауыл, қолөнер жәрмеңкелері, гастрономиялық алаңдар және мазмұнды ойын-сауық бағдарламасы күтеді.📍 Көшпенділер қаласы, Қонаев қаласы🎟 Билет бағасы: 10 000 теңгеден бастап 11 шілде – «Хан Тәңірі қазынасы» фестивалі11 шілде күні көркем Шалкөде жайлауында Райымбек ауданының 90 жылдығына арналған басты мерекелік іс-шара – «Хан Тәңірі қазынасы» фестивалі өтеді.Бағдарламада бәйге, аударыспақ, түйе палуан сайыстары, суретшілер мен халық шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылады.Мерекелік концертте Диана Исмаил, Ғазизхан Шекербек, Nurbullin және Мөлдір Әуелбекова өнер көрсетеді.📍 Шалкөде жайлауы, Райымбек ауданы🕙 Басталуы: 10:00🎟 Кіру: тегін 16–18 шілде – Central Asia Drift Show16–18 шілде аралығында Қонаев қаласындағы ASP Arena аумағында Central Asia Drift Show халықаралық сериясының үшінші кезеңі өтеді.Жарысқа Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің үздік пилоттары қатысып, жеке және жұптық сайыстарда автокөлікті басқару шеберліктерін көрсетеді.Спорттық бағдарламадан бөлек, қонақтарды автокөлік көрмесі, дрифт-такси, автограф-сессиялар және түрлі ойын-сауық шаралары күтеді.📍 ASP Arena, Қонаев қаласы🕛 Басталуы: 12:00🎟 Билет бағасы: 10 000 теңгеден бастап 24–26 шілде – Drive Forum Great Orda 202624–26 шілде аралығында Қонаев қаласында Drive Forum Great Orda 2026 ірі автомобиль форумы өтеді.Форум автокөлік әуесқойларын, саяхатшыларды және туризм саласының өкілдерін біріктіреді. Бағдарлама аясында автокөлік көрмесі, туристік маршруттардың таныстырылымы, саяхатшылар мен сарапшылармен кездесулер, сондай-ақ түрлі ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады.Форум тәжірибе алмасуға, автосаяхаттарға арналған жаңа бағыттармен танысуға және ішкі туризмді дамытуға мүмкіндік береді.📍 Арна шағын ауданы, Қонаев қаласы🎟 Ересектер билеті: 27 000 теңгеден бастап🎟 Балалар билеті: 8 000 теңгеден бастап 25 шілде – TOYLA Music Festival25 шілде күні Первомай тоғандары аумағында TOYLA Music Festival 2026 өтеді.Бұл – жыл сайын мыңдаған көрермен мен заманауи музыканың жанкүйерлерін жинайтын Қазақстандағы ең ірі тәуелсіз open-air музыкалық фестивальдердің бірі.Биыл фестиваль сахнасында Ұлыбританияның Hurts тобы, Ресейдің «Аигел» тобы, канадалық әнші Alice Glass, сондай-ақ қазақстандық орындаушылар Dudeontheguitar, DJ AKI және Meow Dammit өнер көрсетеді.Қонақтарды арт-кеңістіктер, гастрономиялық аймақтар, фестивальдік маркет және ашық аспан астындағы мазмұнды ойын-сауық бағдарламасы күтеді.📍 Первомай тоғандары, Іле ауданы🕒 Уақыты: 15:00–23:00🎟 Билет бағасы: 21 000 теңгеден бастап ТАМЫЗ 15 тамыз – SUAQ аудиоэкспедициясы15 тамыз күні Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында SUAQ аудиоэкспедициясы өтеді.Бұл музыка, заманауи өнер мен табиғи ландшафттарды біріктіретін ерекше мәдени жоба.Қатысушылар Қазақстанның ең танымал табиғи орындарының бірін дыбыс, атмосфера және көркем бейнелер арқылы жаңаша танып-білу мүмкіндігіне ие болады.Жоба аудиоспектакль, экскурсия және иммерсивті өнер элементтерін біріктіріп, табиғат пен мәдени кеңістікпен өзара әрекеттесудің ерекше тәжірибесін ұсынады.📍 Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі🎟 Билет бағасы: 10 000 теңгеден бастап⸻ 16 тамыз – «Байсерке аспаны – 2026» әуе шоуы16 тамыз күні Талғар ауданындағы Байсерке әуеайлағында «Байсерке аспаны – 2026» әуе шоуы өтеді.Бұл өңірдегі ең ірі авиациялық іс-шаралардың бірі саналады.Бағдарламада авиациялық техниканың көрсетілім ұшулары, жоғары пилотаж элементтері, парашютпен секірулер, күмбезді акробатика, авиамодельдер шоуы, ұшақтар мен тікұшақтардың статикалық көрмесі, сондай-ақ ашық аспан астындағы авиация мұражайы ұсынылады.Қонақтар үшін концерттік бағдарлама, балалар аймақтары, шеберлік сабақтары, интерактивті алаңдар, фотозоналар және фудкорттар ұйымдастырылады.📍 Байсерке әуеайлағы, Талғар ауданы🕙 Басталуы: 10:00✈️ Ашық аспан астындағы авиациялық шоу және отбасылық фестиваль🎟 Билет бағасы: 8 000 теңгеден бастап⸻ 21–23 тамыз – Park Live Kazakhstan 202621–23 тамыз аралығында Первомай тоғандары аумағында Park Live Almaty 2026 халықаралық музыкалық фестивалі өтеді.Жыл сайын бұл шара Қазақстаннан және шетелден келген ондаған мың көрерменді жинайды.Үш күн бойы сахнада АҚШ, Ұлыбритания және Үндістаннан келген рок, альтернативті музыка, панк-рок, хип-хоп, метал және электронды музыка бағытындағы әртістер өнер көрсетеді.Фестивальдің хедлайнерлері — америкалық рок-музыкант Jack White, британдық виртуалды жоба Gorillaz және АҚШ-тың аңызға айналған панк-рок тобы The Offspring.Сонымен қатар бағдарламада The Kills дуэті, CeeLo Green, De La Soul, үнділік Bloodywood металл тобы және америкалық Glassjaw пост-хардкор тобының өнер көрсетуі жоспарланған.Фестиваль дәстүрлі түрде өңірдегі ең ірі музыкалық оқиғалардың бірі болып саналады және Орталық Азияның түкпір-түкпірінен заманауи музыка жанкүйерлерін жинайды.📍 «Первомай тоғандары», Іле ауданы🎟 Билеттер: фестивальдің ресми сайтында және Ticketon платформасында⸻ 28–30 тамыз – Family Rock Festival 202628–30 тамыз аралығында Қонаев қаласындағы ASP Arena аумағында Family Rock Festival 2026 өтеді.Бұл жаз маусымындағы ең ірі музыкалық фестивальдердің бірі.Үш күн бойы сахнада «Комната Культуры» және Женя Трофимов, КняZz, Нейромонах Феофан, «Танцы Минус», «Мураками» және The Hatters топтары өнер көрсетеді.Концерттік бағдарламадан бөлек, қонақтарды демалыс аймақтары, гастрономиялық алаңдар және ашық аспан астындағы ерекше фестиваль атмосферасы күтеді.Фестиваль Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен және шетелден келетін жанды музыка сүйер қауымды жинайды деп күтілуде.📍 ASP Arena, Қонаев қаласы🎟 Үш күндік билет бағасы: 56 000 теңге  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1245248?lang=ru
Алматы облысында жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды 06.07.2026
Алматы облысының Талғар ауданында №15 өрт сөндіру бөлімі пайдалануға берілді. Нұра ауылында бой көтерген жаңа нысан жақын маңдағы 10 мыңнан астам халыққа қызмет етеді. Өрт сөндіру бөлімі – автоцистерна, автосаты және жедел-құтқару автокөлігі сияқты арнайы техникалармен жабдықталған – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Салтанатты рәсімге ҚР Төтенше жағдайлар министрі, генерал лейтенант Шыңғыс Әрінов, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, құтқарушылар мен аудан тұрғындары қатысты.Шыңғыс Сайранұлы өз сөзінде өрт сөндіру бөлімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында салынғанын айтып, оны жүзеге асырған облыс әкімдігіне ризашылығын білдірді.«Нұра ауылында бұрын өрт сөндіру бөлімі болмаған. Төтенше жағдай кезінде тұрғындар Талғар мен Іле ауданындағы өрт сөндіру қызметіне жүгінетін. Бүгінде Алматы облысында мұндай жаңа нысандардың жиі ашылып жатқанының куәсі болып жүрміз. Бұл – қарқынды жұмыстың нақты нәтижесі. Мемлекет басшысының қолдауымен еліміздің әр аймағында, оның ішінде Алматы облысында да жаңа бөлімдер бой көтеріп, жаңа техникалар, өрт сөндірушілерге арналған киімдер сатып алынып жатыр. Алдағы уақытта мұның бәрі халық игіліне қызмет ететін болады», – деді генерал лейтенант.Марат Елеусізұлы да тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құтттықтап, Нұра ауылында атқарылған айтулы шаралар туралы баяндады.«Соңғы уақытта Нұра ауылы жақсы өзгерістердің жаршысы болып жүр. Жақында ғана жаңа көпір мен медициналық нысан пайдалануға берілді. Алдағы қыркүйек айында жаңа мектеп есігін айқара ашады. Енді тек газ мәселесі өзекті болып тұр. Бұл да жақын арада шешімін табады. Ал қолданысқа берілген бұл өрт сөндіру бөлімі төтенше жағдай кезінде Нұра ауылы мен оның айналасындағы 4 елдімекен тұрғындарына жедел көмек көрсетеді. Құтқарушыларға жағдай жасау – ел Президентінің тікелей тапсырмасы. Сондықтан қызметкерлердің жай-күйі мен халықтық қауіпсіздігі әрқашан біздің бақылауымызда», – деген аймақ басшысы төтеншеліктердің алдағы жұмысына сәттілік тіледі.Өрт сөндіру бөлімінің лентасы қиылғаннан кейін қонақтар нысанды аралап көрді. Замануи депо жаңа технологиялармен толық қамтамасыз етілген. Мұнда диспетчерлік пункт, оқу сыныптары мен спорт аймағы қарастырылған. Қызметкерлердің демалыс, киім ауыстыру және дайындық бөлмелері бар. Олардың жұмыс істеуі мен кәсіби даярлығына барлық жағдай жасалған. Қазіргі таңда 20-ға жуық қызметкер еңбек етеді.Нұра маңындағы Дулат ауылының тұрғыны Жанар Иманқұлова осы салтанатты рәсімге арнайы келгенін айтты.«Өрт сөндіру бөлімінің ашылуын асыға күттік. Себебі өрт тұтанған кезде құтқарушыларды ұзақ күтіп қалатынбыз. Халықтың талап-тілегін ескеріп, осындай жаңа нысан салып берген жандарға алғысым шексіз. Алдағы уақытта халыққа мінсіз қызмет етеді деп сенеміз», – деді тұрғын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1244773?lang=ru
Қазақстан мен Грекия сауда-экономикалық ынтымақтастық келешегін талқылады 06.07.2026
Астана, 2026 жылғы 19 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Грекия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Антония Кацурумен кездесті.Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, Қазақстан-Грекия ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.А.Кацуру Министр орынбасарының а.ж. сәуір айында Грекияға сапарының негізгі нәтижелерінің бірі – Экономикалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Грекия үкіметаралық комиссиясының келесі отырысын (ҚГҮК) ұйымдастырудың маңыздылығын көрсету болғанын атап өтті.Ә.Қуантыров Министр орынбасары осы жылдың екінші жартысында Афины қаласында өтетін Экономикалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Грекия үкіметаралық комиссиясының келесі отырысының сәтті өтетініне сенім білдірді.Министр орынбасары Қазақстанның Грекиямен серіктестікті одан әрі дамытуға және жаңартылатын энергия көздері, көлік пен логистика, металлургия, агроөнеркәсіп, қалдықтарды қайта өңдеу, фармацевтика, туризм және цифрлық технологиялар сияқты экономиканың басым секторларына грек инвестициясын тартуға мүдделі екенін атап өтті. Осы орайда екі елдің іскер топтары арасындағы байланыстарды жандандырып, бірлескен жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді.Ә.Қуантыров Грекияның Сыртқы істер министрлігінің, грек мекемелерінің, қаржы ұйымдарының және елдегі жетекші компаниялардың өкілдерімен жүргізілген келіссөздердің оң нәтижелерін атап өтті.«Талқылау барысында бірқатар басым бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге екі жақтың мүдделілігі байқалып, елдеріміз арасындағы практикалық бастамаларды ілгерілету үшін берік негіз жасалды», – деп қосты ол.Өткен жылы екі мемлекет арасындағы тауар айналымының көлемі 2,4 млрд долларды құрағанын атап өткен жөн. Сауда-экономикалық қатынастар Қазақстаннан шикі мұнай, полипропилен, ферроқорытпа және жасымық сияқты тауарларды, Грекиядан дәрілік заттарды, топырақты сұрыптауға және ұнтақтауға арналған құрал-жабдықтарды, аминоальдегидті, фенол-альдегидті шайырлар мен полиуретанды, сүтті өңдеуге арналған жабдықтарды және т.б. экспорттауға негізделген.А.Кацуру грек тарапының Қазақстанмен экономикалық өзара әрекеттесуді нығайтуға және өзара мүдделі салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін растады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты экономикалық күн тәртібін ілгерілету және инвестициялық ынтымақтастық бойынша тұрақты диалогты қолдау бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1244465?lang=ru