Экономика
БЖТ төлеу жүктілік пен бала тууға, бір жылға дейінгі бала күтіміне байланысты жоғарылатылған көлемде әлеуметтік төлемдер алуға мүмкіндік береді — М. Әбілқасымова 11.04.2025
Бүгін «Бірыңғай жиынтық төлемнен не күтіледі?» тақырыбындағы сарапшылық дөңгелек үстел аясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова БЖТ енгізу және оның еңбекке қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмыссыз қалу, жүктілік пен бала туу, бір жылға дейінгі бала күтімі кезінде халықтың әлеуметтік төлемдер алуына әсері туралы айтып берді.Министрдің айтуынша, БЖТ еңбекке қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу кезінде мемлекеттен төлем алуды, базалық деңгейде мемлекеттен – мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылуына байланысты (барлығына кепілдендірілген) берілетін жәрдемақы алуына мүмкіндік береді, яғни, Әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлемдер қосымша жүреді.Бұдан өзге, жүктілігі мен бала тууы, бір жылға дейінгі бала күтімі бойынша Әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін әлеуметтік төлемдер мемлекеттік бюджеттен бөлінген аударымдарға қарағанда жоғарылатылған көлемде болады. Мәселен, бүгінгі таңда мемлекеттік бюджеттен 1 жылға дейінгі бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы қарастырылған. Оған қоса, жүктілік пен тууға байланысты төлем тек Әлеуметтік сақтандыру қорынан беріледі.«Біздің есептеуіміз бойынша, әйелдер жүктілігі мен бала тууына байланысты 124 732 тг мөлшерінде төлем ала алады. Сондай-ақ, 1 жылға дейінгі бала күтіміне байланысты төлем алады. Ослыайша, БЖТ төлеген әйел Әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлемдерге үміткер бола алады», — деді министр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18658?lang=kk
Жұмыспен қамту, оқыту және шағын несиелендіру бойынша мемлекеттік қолдау шаралары арқылы өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың экономикалық құқықтары арттырылады 11.04.2025
Бүгін «Бірыңғай жиынтық төлемнен не күтіледі?» тақырыбындағы сарапшылық дөңгелек үстел аясында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін енгізу көзделіп отырған Бірыңғай жиынтық төлемді енгізудің артықшылықтары туралы айтып берді.Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау үшін өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатысуы мәселесін пысықтау мақсатында, сондай-ақ сапалы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты жұмыспен қамтуды формализациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасы әзірленді.Заң жобасы аясында қарастырылады:1. Бірыңғай жиынтық төлемді енгізу арқылы формалды емес жұмыспен қамтылғандардың жұмысын заңдастыру бойынша жүйелі шаралар.2. «жұмыспен қамтылған тұлға» және «тәуелсіз жұмыскерге», сондай-ақ жұмыспен қамтылғандарға жататын санаттарға бірыңғай анықтама беру.3. әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және зейнетақымен қамту туралы заңдарда төлемшілердің санаттарын біріздендіру.Заң жобасының жаңашылдықтарының бірі – формалды емес жұмыспен қамтылғандар үшін Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) енгізу мүмкіндік береді:• міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысып, медициналық мекемені таңдау құқығымен сомасы және түрі бойынша шектеусіз медициналық қызметтерге қолжетімділігі;• жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу және жүйеге қатысу мерзіміне байланысты базалық зейнетақы төлемін алу;• еңбек қабілеттілігінен айырылу, жұмысынан айырылу, асыраушысынан айырылу, жүкті болу және босану, бала асырап алу, 1 жасқа дейінгі бала күтімі жағдайларында әлеуметтік төлемдер алу.Дөңгелек үстелде сөз сөйлеген М. Әбілқасымова бір реттік төлемді — 2525 теңгені және ауылда 1263 теңгені төлеген соң азамат ең алдымен осылайша өз жұмысын формализациялайтынын атап өтті, яғни ол өз жұмысын ресми түрде тіркейді.Екіншіден, ол әлеуметтік қамсыздандырудың үш жүйесіне: МӘМС, базалық әлеуметтік қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы жүйесіне қатысудың пайдасын көре бастайды.Сонымен қатар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды әлеуметтік қолдау бойынша мемлекеттік саясат сонымен қатар басқа да бірқатар бағыттарды қамтиды.«Бұл біз нәтижелі жұмыспен қамту, оқыту және шағын несиелендіру бойынша жүргізіп отырған жұмыстарымыз. Біз мұның барлығы әлеуметтік қорғалу деңгейі мен кірістерді арттыруға мүмкіндік береді деп ойлаймыз», — деді М. Әбілқасымова.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18647?lang=kk
2018 жылғы «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» өңірлік байқауы өз мәресіне жетті 11.04.2025
Еліміздің барлық өңірлерде үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу бойынша байқау өз мәресіне жетті. Өңірлік байқауға ұсынылған 318 өтінімнен 49 жоба жеңімпаз атанды, олар Астанада өтетін «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» республикалық көрмесінде таныстырылатын болады.Ағымдағы жылы наурыздың 1-інен 30-шы маусымға дейін байқау шеңберінде үш жүзден астам автор өз жобаларын ұсынды, оның ішінде:1. «Тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету» бағыты бойынша 116 өтінім түсті;2. «Қиын өмірлік жағдайдан шығуға көмек көрсету» бағыты бойынша 60 өтінім түсті;3. «Әлеуметтік салада еріктілер қозғалысын дамыту» бағыты бойынша 53 өтінім түсті;4. «Мүгедектігі бар тұлғаларды қоса алғанда, азаматтарды жұмыспен қамтуға ықпал жасау» бағыты бойынша 47 өтінім түсті;5. «Әлеуметтік проблемаларды шешудегі ақпараттық жылжу» бағыты бойынша 42 өтінім түсті.Республикалық кезеңнің үздік жұмыстарын байқау комиссиясы анықтайтын болады, қазіргі уақытта олар өңірлерден ұсынылған жобалармен танысуда. «Нұр Отан» партиясы мен Қазақтан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайттарында 22 тамыз бен 22 қыркүйек аралығында жүргізілетін онлайын дауыс беру нәтижесімен көрермен көз айымы жеңімпаздары анықталатын болады.Айта кететін жәйт, ағымдағы жылы ұсынылған өтінімдер саны екі есеге өскен. Егер 2017 жылы байқауға қатысу үшін 155 өтінім ұсынылса, осы жылғы өтінімдер саны 318-ге жетті. Бұл әлеуметтік жобаларға жұртшылық назарының жоғары болуы, сонымен бірге жергілікті жердегі қатысушылардың белсенді жұмыс есебінен жұмыспен қамтылуының кеңеюі болып отыр.Осы орайда байқау жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау ағымдағы жылы қыркүйек айында «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» көрмесін ұйымдастыру аясында өткізіледі.Өңірлік кезеңнің қорытындысы бойынша жоба авторларына өз жұмыстарын көрсетуге мүмкіндік берілетін болады. Олардың ішінен халықты қызықтырып қана қоймай, әрі қарай мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер және басқа да мүдделі тұлғалардың қолдауымен тәжірибелерін жүзеге асыратынына біз сенімдіміз.Аталған байқау өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың мәселелерін шешуге азаматтық қоғамның назарын аудару, толыққанды өмір сүру үшін тең мүмкіндіктерді жасау және шығармашылық деңгейін дамытуға бағытталғанын атап өткіміз келеді.Республикалық байқаудың ұйымдастырушылары Нұр Отан партиясы, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоры.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18530?lang=kk
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова азаматтарды қабылдады 11.04.2025
10 тамыз күні «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау базасында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Е. Әбілқасымова азаматтарды қабылдады.Қабылдау барысында азаматтардың қойған сұрақтарының басым бөлігі мемлекеттік базалық зейнетақы, шипажайлық-курорттық ем алу, еңбек құқығының бұзылуы, мүгедектік алу және әлеуметтік көмек алу мәселелеріне қатысты болды. Қабылдау барысында әрбір өтініш білдірушіні тыңдай келе, Мәдина Әбілқасымова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бөлім басшыларына тиісті тапсырма берді.«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен ай сайын азаматтарды қабылдау өткізіледі. Бүгінгі күні қабылдауға 17 адам жазылды. Жалпы ай са йын министрлікке 40-қа жуық өтініш келіп түседі. Атап өтейін, біз азаматтардың тек жазбаша түрдегі өтініштерімен ғана емес, әлеуметтік желідегі өтініштермен де жұмыс істейміз» - деп атап өтті, Министрліктің еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Д. Садуақасова.Қабылдау барысында тек Астана тұрғындары ғана емес, Алматы қаласы да бейне байланысқа шығып Министрге жеке сұрақ қоюға мүмкіндік алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18499?lang=kk
Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Премьер-Министр жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру мәселелерін талқылады 11.04.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өңірде Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдаулары мен «Бес әлеуметтік бастамасының» іске асырылу барысымен танысу үшін Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді.Сапар барысында Премьер-Министр «Қазақстанның Агро Инновациялық Корпорациясы» ЖШС ЖШС-не, №1 қалалық емханаға, ет өңдеу зауытына барды. Сонымен бірге, халыққа қызмет көрсетудің мамандандырылған орталығында «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсету әдістерімен және жалпы өңірде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысымен танысты. Облыс активі және бизнес өкілдерімен кездесуде жаңа жаһандық үдерістегі экономиканың сапалы және тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлардың жасалуы сөз болды. Атап айтқанда, агроөнеркәсіптік кешені жұмысын, инвестиция тартуды, экономиканың негізгі салаларын арттыру, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, технологиялық жаңғырту және индустрия 4.0 элементтерін енгізу, цифрландыру, оқыту, жаңа жұмыс орындарын құру және экономиканы одан әрі әртараптандыру мәселелері айтылды.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Әбілқасымов жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру туралы баяндады. Оның айтуынша, жұмыспен қамту саласындағы негізгі міндеттер қазіргі кезде жұмыс күшінің ағымын басқару, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін еңбек нарығының инфрақұрылымын жаңғырту, дербес және бейресми жұмыспен қамтылған халықтың мәртебесін анықтау және тіркеу үшін Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кəсіпкерлікті дамыту бағдарламасын тиімді жүзеге асыру қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ жұмысшылардың еңбек құқықтары мен әлеуметтік жағдайын қорғау мәселелері талқыланды.Ақмола облысында 2018 жылдың бірінші тоқсанында жұмыс күшінің саны 429 мың адамды құрады, оның 408 мыңы жұмыспен қамтылған, ал жұмыссыздар - 20 мың адам. Жұмыспен қамтылу құрылымында 275 мың адам жадамалы жұмысшылар (67%) және 133 мың өздігінен жұмыс істейтіндер (23%) болып отыр. Еңбек ақы деңгейіне сәйкес Ақмола облысы республикалық көрсеткіште 28% қалыс қалған.Өндірісті жаңғырту 6 кәсіпорында: «Қазақалтын» ТКМК» АҚ, «ЕПК Степногорск» АҚ, «Көкшетау Энерго» АҚ, «Тыныс» АҚ, «Агрофирма «Родина» ЖШС, «RG GOLD» ЖШС сияқты өндірістерде іске асады. Олар жұмысшылар арасында жұмыс ресурстарын босатпай-ақ, компанияда қайта бөлуді жоспарлап отыр.Еңбек ресурстарын басқару үшін облыстың әкімдігі барлық ірі кәсіпорындармен өзара Жол картасына қол қойды. Онда негізінен тау-кен өндіру, өңдеу және сауда салалары қамтылған. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің негізгі құралы, - деп атап өтті Еңбек министрі Мәдина Әбілқасымова. Осы мақсатқа биыл Ақмола облысы үшін 4,6 млрд. теңге бөлінді. Нәтижесінде, бүгінге дейін облыста аталған бағдарламаға 8,9 мың адам қатысып, оның ішінде 7,1 мың адам жұмысқа орналастырылды, 4,6 мың адам (51,6%) тұрақты жұмыспен қамтылды. .Шағын және орта кәсіпкерлік секторы жұмыспен қамтылған өңірдің үштен бірін (31,2% немесе 127,2 мың адам) құрайды және оның әлеуеті басым болып тұр. Осылайша халықтың табысы мен олардың жұмыспен қамтылуын арттыру үшін кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру маңызды міндет болып табыладыОсыған орай, Мемлекет басшысының төртінші әлеуметтік бастамасын жүзеге асырылуын ескере отырып, биыл Ақмола облысында халықты микрокредиттеу үшін 4 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Еңбек нарығының инфрақұрылымын жаңғырту жайында баяндаған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Ақмола облысында барлық 19 жұмыспен қамту орталығы электронды еңбек биржасына қосылғанын атап өтті. Десе де, бұл жүйе әлі де толық пайдаланылмай отыр. Министрдің тағы бір тоқталған мәселесі азаматтардың мәртебесін өзектендіру. Жыл басынан бері аймақтағы 125 мың адамның бүгінге дейін 42,7 мыңның (34%) мәртебесі анықталды. Ал, мәртебесі анықталмаған тұлғалардың қызмет орындарын, оларға жұмыс берушілерді анықтау, келісімшарттар жасасу және еңбек қатынастарын бұзуды анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда.2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңа форматтағы Атаулы әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасы басталды. Ағымдағы жылы Ақмола облысында аталған форматты іске асыру үшін 457,8 млн теңге қарастырылған.Сөз соңында министр Ақмола облысының әкімдігіне тұрғындарды сапалы жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мақсатында аталған тапсырмаларды орындауды күшейтуді тапсырып, бұл өз кезегінде халықтың кірісі мен әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыратындығын ерекше атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18333?lang=kk
Еңбек вице-министрі Нұржан Әлтаев Маңғыстау облысындағы еңбек нарығының негізгі көрсеткіштері туралы айтты 11.04.2025
Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын Жаңаөзен қаласы активімен және қоғам белсенділерімен бірге талқылады.Жұмыспен қамту, МӘСҚ енгізу, кәсіптік даярлау және жастарды жұмысқа орналастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Алтаев еңбек ресурстарының ағындары бойынша Жол картасын бағалау, нәтижелі жұмыспен қамту, өңірдің жаңа экономикасы мен еңбек ұтқырлығы үшін кадрлар даярлау бойынша міндеттер туралы баяндама жасады.Вице-министрдің айтуынша, 2001 жылдан бері жұмыс күші екі есеге, 146 мыңнан 296 мың адамға дейін ұлғайды. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатары 24 тен 66% -ға дейін азайды.«Маңғыстау облысы – жұмыс тапшылығы сезілетін өңірлерден көшіп баратын адамдар үшін еңбек күші мол аймақ. Осы жылы бұл аймаққа көшіп келушілер қатары екі есеге артты. Тағыда 2328 отбасын (9,4 мың адам) қоныстандыру жоспарда бар»- деді Нұржан Әлтаев.Сонымен қатар, вице-министр жұмыспен қамтылған облыстың білім беру құрамы бірегей болып табылады, себебі жұмыс істейтін аймақтың 72% -ы техникалық және кәсіптік білім алатындығына тоқталды. Бұл көрсеткіш барлық өңірлер арасында ең жоғарғы болып отыр. (ҚР 37%). Мектепте білім алған кадрлар 2%-ды құрайды (23% ҚР). Жалпы, Маңғыстау облысында нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін 3,3 млрд. теңге қарастырылған. Бүгінде аталған бағдарламаға қатысушылар қатары 7,6 мың адам болды. 7,5 мың адам жұмысқа орналасса, оның 3,7 мыңы (49,3%-ы) тұрақты жұмыспен қамтылды.Елбасының бес әлеуметтік бастамасының төртінші бағытын іске асыру бойынша Маңғыстау облысына қосымша 1,3 млрд теңге (барлығы 2,0 млрд. теңге) бөлінді. Бұл қаражат ауыл мен қалалық жерлерде шағын несиелеу ауқымын кеңейтуге бағытталып отыр. Шағын несиемен кем дегенде 422 адамды қамту жоспарланып отыр.Вице-министр Н. Әлтаев өз сөзінде азаматтардың мәртебесін анықтауда атқарылған жұмыстарға да тоқталды. Осылайша, жыл басында осы ақпараттық жүйелерді талдау кезінде 72,5 мың адам анықталып, олар ешқандай деректер базасында жоқ болып шықты. Дәл қазір 24 мың адамның (33%) мәртебесі анықталды.«Дегенімен аймақта әлі де 39,8 адамның статусы анықталмай отыр. Сондықтан Жаппай жұмыспен қамту бағдарламасына тұрғындарды тарта отырып, әкімдіктермен белсенді жұмыстар атқаруы керек» - деді Нұржан Әлтаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18310?lang=kk
Нариман Мұқышев ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды 11.04.2025
Нариман Мұқышев 1984 жылы Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында дүниеге келген.2007 жылы Сүлеймен Демирель атындағы университетті, 2011 жылы — Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған. Мамандығы — инженер–жүйе технигі, іскерлік әкімшілендіру мастері.Еңбек жолын 2005 жылы бастаған.2005–2014 жылдары «Қазкоммерцбанк» АҚ маманы, жетекші маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы, инновациялық технологиялар департаментінің директоры лауазымдарын атқарған.2014–2017 жылдар аралығында «Қазпошта» АҚ инновациялар және АТ жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18308?lang=kk
Министр М. Әбілқасымова Халықаралық еңбек конференциясының 107-ші сессиясының жұмысына қатысты 11.04.2025
2018 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Халықаралық еңбек конференциясының 107-ші сессиясына қатысу үшін Женеваға барды.Биылғы конференцияда жұмыс орнындағы ерлер мен әйелдердің теңдігін қамтамасыз ету басты тақырып болды.Сонымен бірге, талқыланған мәселелер арасында үкіметтер, жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы әлеуметтік диалогты дамыту, жұмыс орнындағы зорлық-зомбылықты болдырмау, тұрақты дамуды жүзеге асырудағы ынтымақтастық, ХЕҰ-ның бірқатар ескірген конвенциялары мен ұсынымдарының күшін жою жағдайлары да сөз болды. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң, жұмыс берушi ұйымдар және кәсiподақтар өкілдерiнен тұратын Қазақстан Республикасының үшжақты делегациясы Халықаралық еңбек конференциясына қатысады.Министр Мәдина Әбілқасымова сапар аясында ХЕҰ Бас директоры Гай Райдермен, АҚШ Сауда өкілі көмекшісінің орынбасары Эрланд Херфиндалмен, АҚШ делегациясының басшысы, Еңбек департаментінің Халықаралық еңбек бюросының директоры Роберт Шепардпен, Жұмысшылар бюросының директоры Мария-Елена Андре және жұмысшылардың жұмыс істейтін ұйымдары бөлімінің басшысы С. Гловацкаспен екі жақты кездесу өткізді. ХЕҰ Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Хайнц Коллермен және Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша ХЕҰ аймақтық кеңсесі басқармасының басшысы Ольга Кулаевамен де жүздесті. Осы және басқа да кездесулердің шеңберінде ҚР-дағы әлеуметтік сақтандыру реформасы, халықаралық тәжірибемен алмасу, ХЕҰ миссиясының Қазақстанға сапары және Жол картасын жүзеге асыру нәтижелері, сондай-ақ кәсіподақтар мен жұмыс берушілердің әлеуметтік әріптестік жүйесіне қатысу мәселелері талқыланды.Иранның еңбек министрі Әли Рабиамен кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағыттары, оның ішінде 2016 жылы өзара түсіністік туралы меморандумда көрсетілген екі жақты байланыс мәселесі жан-жақты талқыланды. Айта кету керек, биыл 7 маусымда Конференция аясында Дүниежүзілік еңбек саммиті өтеді, онда жұмыспен қамтудың маңыздылығы және бейбітшілік пен тұрақты дамудың лайықты қарекеттері талқыланатын болады. Конференция 8 маусымға дейін жалғасады. Еске сала кетейік, Қазақстан 1992 жылдан бастап Халықаралық Еңбек Ұйымының мүшесі болып табылады, сонымен бірге оның стандарттарына және ұлттық тәжірибеге сәйкес ХЕҰ алдында өз міндеттемелерін толық орындайды.ХЕҰ-мен бірлесіп жұмыс істеген жылдар ішінде Қазақстанда заңнамалық негізде жүзеге асырылатын міндеттемелер бойынша 24 конвенция (8 негізгі, 4 директивті, 177 техникалық, оның 12-і) ратификацияланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18302?lang=kk
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін қайта есептеу туралы 11.04.2025
Орталық коммуникациялар қызметінде алдағы 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін қайта есептеуге арналған баспасөз-конференциясы өтті.Осы іс-шараға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Жақыпова С.Қ. қатысты.Жақыпова С.Қ. Мемлекет Басшысы өзінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында 2018 жылғы 1 шілдеден базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты орташа 1,8 есе ұлғаяды деп атап өтті.Барлық зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға мемлекет бюджеттен төлеп отырған базалық зейнетақының мөлшері еңбек өтіліне және зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына тәуелді болады.Аталған өзгерістер барлық зейнеткерлерге қатысты болады. Саны бүгін 2 млн-нан астам адам болатын қазіргі барлық зейнеткерлерге базалық зейнетақыны қайта есептеу автоматты түрде біржолғы жүзеге асырылады.Алдағы уақытта зейнеткерлікке шығатын адамдарға базалық зейнетақының мөлшері жаңа әдістеме арқылы белгіленетін болады.Қайта есептеу қосымша құжаттар талап етілмей жүргізіледі, себебі еңбек өтілі туралы мәліметтер зейнетақы істерінде бар, ал міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезеңдері міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы дерекқорында бар» - деп атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18300?lang=kk
Еңбек министрлігінің қызметкерлері саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті 11.04.2025
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Жақупова бастаған аталған министрлік қызметкерлері «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінде болды.Мұражай-мемориалдық кешеніне барған министрлік ұжымы ескерткішке гүл шоқтарын қойып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алды және кешен аумағында ағаш көшеттерін отырғызды.«Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес негізсіз репрессияға ұшыраған және ақталған тұлғаларға ақшалай өтемақы төленеді.2003 және 2017 жылға дейінгі кезеңде республикалық бюджеттен бұл бағытқа 2,9 млрд. теңге біржолғы ақшалай өтемақы төленді.Сонымен қатар, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлерлік жастағы адамдар әлеуметтік жәрдемақының басқа түрлеріне қарамастан, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны да алады.2005 жыл мен 2017 жыл аралығында арнаулы мемлекеттік жәрдемақыға республикалық бюджеттен 8,9 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлініп, төленді. Биылғы жылдың 1 мамырдағы жағдай бойынша саяси қуғын-сүргінге ұшыраған және саяси құрбандар қатарынан арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны алушылар саны 34 682 адам болды.Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын азаматтардың ақшалай қаражаты бірқатар қосымша құқықтар мен жеңілдіктерге ие.Сонымен бірге, жергілікті атқарушы органдар жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша, қоғамдық бірлестік басшыларымен осы санаттағы азамттардың құқықтары мен құзыреті шегінде тиісті көмек көрсету және басқа да көмек түрлерін ұсыну үшін жергілікті бюджет есебінен қосымша шаралар белгіленген.Сонымен қатар, қолданыстағы заң бойынша он сегіз жасқа толмаған және ата-анасының қамқорынсыз қалған саяси қуғын-сүргін құрбандарының балалары, ата-аналары немесе олардың орнындағы адамдар саяси қуғын-сүргін көргендер қатарына жатқызылады.Сонымен бірге қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қарауында саяси репрессиядан зардап шеккен балаларды, сондай-ақ олардың ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды қамтуды көздейтін заң жобасы бар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18297?lang=kk
СІМ-де шетелдік БАҚ арасындағы байқау жеңімпаздары марапатталды 11.04.2025
АСТАНА, 21 тамыз – Сыртқы істер министрлігінде «Қазақстан – шетелдік БАҚ көзімен» атты төртінші халықаралық байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқауды ҚР СІМ және Қазақстанның Бас редакторлар клубы бірлесіп өткізді.Әзербайжан, Израиль, Италия, Канада және Корея Республикасының авторлары байқау жеңімпаздары атанды.Жеңімпаздарды құттықтай отырып, Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов заманауи қоғамдағы кәсіби журналистиканың маңызды рөлін атап өтті. «Ол көпшіліктің ой-пікірін қалыптастыратын, іске қозғалтатын күш болып танылады», - деді ол. Бұл саланың жоғары деңгейін, шығармашылығын, әділдігін әрі бейтараптылығын қолдауды Министрлік өзіне абырой санайды. Қ. Әбдірахманов шетелдік журналистерді Қазақстанда «Үшінші жаңғыру» шеңберінде атқарлып жатқан саяси және экономикалық реформалар, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басымдықтары туралы хабардар етті.Байқау туралы айта келіп, ҚР Сыртқы істер министрі биылғы жылғы өтініштер санының көбейгенін атап өтті: әділқазылар алқасы 29 елден 83 жарияланым алды. Көбісі Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналды. Бұл шетелдік БАҚ-тардың халықаралық көрмеге деген үлкен қызығушылығын растайды. Осы жылдың шілде айында бес өңірдің әрқайсысынан байқаудың бір жеңімпазы анықталды.Әзербайжандық «1news.az» ақпараттық агенттігінің тілшісі Парвана Султанова ТМД және Балтық елдерінің авторлары арасынан жеңімпаз болып таңдалды. Еуропа елдерінен жарысқа қатысқандардың арасынан үздік мақаланы «Vocal Europe» тілшісі, Италия азаматшасы Илария Капитанио жариялады. Американдық авторлар арасында «Wildlives.co» ресурсында мақала жариялаған Томас Тейлор жеңімпаз атанды. «The Korea Herald» газетінің тілшісі Джоэл Ли Азия, Аустралия және Океания елдерінің авторлары ішінен жеңімпаз болып таңдалды. Таяу Шығыс пен Африкадан «The Jerusalem Post» газетіндегі мақаласы үшін израильдік Уди Шахам жеңімпаз жарияланды.Мадақтама мен естелік кәдесыйларға қоса, жеңімпаздар Қазақстанға, атап айтқанда Астана, Алматы және Бурабайға сапармен марапатталды. Сапар барысында қонақтар «ЭКСПО-2017» көрмесіне бару, Қазақстанның мәдени және тарихи нысандары мен еліміздің заманауи сәулет өнерімен, көркем табиғатымен танысу мүмкіндігіне ие болады. Марапаттау салтанатында Қ. Әбдірахманов журналистердің Қазақстанға сапарын ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін байқау серіктестеріне шынайы ризашылығын жеткізді.Салтанатты рәсімге Бас редакторлар клубының Президенті Ерлан Бекқожин, дипломатиялық корпус және байқау серіктестер – «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті, «LOT Polish Airlines» әуекомпаниясы, «Rixos Borovoe» және «Ramada Plaza Astana» қонақүйлері, сондай-ақ «Арғымақ» көлік компаниясының өкілдері қатысты.«LOT Polish Airlines» авиакомпаниясының ресми өкілі Адриан Кубицкий «ЭКСПО-2017» қарсаңында мамыр айында ашылған «Варшава – Астана» тікелей рейсінің поляк және еуропалық жолаушылар арасындағы танымалдылығын атап өтті. Оның ойынша, халықаралық БАҚ-тардың Қазақстанға қызығушылығы, осындай байқауларға да орай, еліміздің тартымды туристік бағыт ретінде танымал болуына жағдай жасайды.Жеңімпаздарды Астана қаласында аккредиттелген Әзербайжан, Канада, Италия және Корея Республикасы дипломатиялық миссияларының басшылары мен лауазымды өкілдері де құттықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/18286?lang=kk
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен ЯСЖТШҰ Дайындық комиссиясының Атқарушы хатшысы Лассина Зербоның Бірлескен мәлімдемесі 10.04.2025
1. Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күніне орай ядролық сынақтарсыз бейбітшілікке жету үшін біз әзір екенімізді мәлімдейміз және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТШ) күшіне түпкілікті енуіне өзіміздің бел байлағанымызды растаймыз.2. 1991 жылдың 29 тамызда Семей полигонын жабу туралы Қазақстан Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи шешімі қуатты саяси серпiн бердi және соңында 1996 жылы ЯСЖТШ қабылдауға әкелген халықаралық күш-жигерлерге айрықша үлес қосты. Шарттың қабылданған сәттен бастап, Қазақстан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың ұйымын (ЯСЖТШҰ) түбегейлі қолдайды және сайып келгенде ядролық қаруды толық жоюын қолдауға әзірлігін паш етеді. Осыған орай, 2008 жылы Семейде инспекциялар бойынша ЯСЖТШҰ-ның алғашқы ауқымды кешенді дала жаттығуы өткенін атап өткен жөн.3. Шарттың XIV бабында көзделген процестің тең төрағасы ретінде Қазақстан Жапониямен бiрге ЯСЖТШ күшіне енуіне жәрдемдесудегі жаһандық күш жигерлерінде жетекші рөл атқарады.4. Қазақстан 2017-2018 жыл БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде ядролық қаруды таратпау және қарусыздану нығайтуға бағытталған халықаралық күш-жігерді қолдауды талмай жалғастыруда, сондай-ақ халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін ядролық қарудың қауіп-қатерлерін баса назар аударады.5. Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күнінде біз қол жеткізген жетістіктерімізді еске алуымыз керек. ЯСЖТШ- нің әмбебап мәртебесі бар: бүгінгі күнде Шартқа 183 мемлекет қол қойған және 166 мемлекет ратификациялаған. Сондай-ақ, ЯСЖТШ-ның Халықаралық мониторинг жүйесі (IMS) аяқталуға жақын. Ол өзінің пәрменділігін және тиімділігін дәлелдеді. Біз халықаралық қауіпсіздік пен сенімді нығайту үшін Шарт мониторингі жүйесінің шешуші рөліне сенімдіміз және оны әрі қарай қолдауға бейілділігімізді растаймыз.6. Мақтауға болатын нәрсеге ие болғанымызға қарамастан, Шарттың өзі әлі де күшіне енуі қажет. Біз барлық қатысушы мемлекеттерді ядролық сынақтарға тыйым салу халықаралық құқықта міндетті сипат алудың оның күшіне ену үшін бар күш-жигерлерді салып келгенде шақырамыз. Сондай-ақ, біз барлық мемлекеттерді ядролық сынақтарға мораторийді сақтауды жалғастыруға шақырамыз.7. Біз Шартқа қол қоймаған және / немесе ратификацияламаған мемлекеттерді одан әрі кешіктірусіз жүзеге асыруға шақырамыз. Атап айтқанда, біз Шарттың күшіне енуі үшін ЯСЖТШ №2-қосымшадағы ратификациясы қажет қалған сегіз елді көшбасшылық көрсету және осы маңызды қадамды жасауға шақырамыз.8. Ядролық қарудың таралуын және ядролық сынақтардың қайта басталуы мүмкіндіктеріне байланысты алаңдаушылық жағдайына, Қазақстан мен ЯСЖТШҰбарлық мемлекеттерді Ядролық сынақтарға қарсы Халықаралық күніне арналған іс-шараларға қатысуға, сондай-ақ Шарттың күшіне енуі үшін барлық мүмкіндікті жасауға шақырады.9. Өзіміз және болашақ ұрпақ үшін біз Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың кідірместен күшіне енуіне қол жеткізуге міндеттіміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/18156?lang=kk
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова бірінші халықаралық әлеуметтік кәсіпкерлік форумына қатысты 10.04.2025
Ақтөбеде аптаның жұмасы 11 мамыр күні «Әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекет, бизнес және ҮЕҰ-дың өзара серіктестігі» атты бірінші халықаралық әлеуметтік кәсіпкерлік форумы басталды.Екі күндік форум жұмысына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова, Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық демография жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, «Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Раушан Сәрсембаева, Қазақстан, Израиль, Түркия, Польша, Грузия және Қырғызстанның әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы бірқатар қоғам қайраткерлері мен сарапшылары қатысуда.Алқалы жиынға қатысушылар халықаралық тәжірибе мен әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың жаһандық үрдістерін талқылайды. Форум қортындысы бойынша, тиісті шешімдер қабылданып, бірнеше меморандумдарға қол қойылады деп күтілуде. Сонымен қатар, форум аясында Ақтөбе облысында әлеуметтік кәсіпкерлік нысандарында мастер-класстар ұйымдастырылып, B2B және B2S форматында кездесулер өтеді.Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев форумға қатысушыларды құттықтай келе, әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуы Мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасының басты бағытының бірі екенін атап өтті.Оның айтуынша, бүгінгі күні барлық әлеуметтік мәселелерді тек мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың күшімен ғана емес, бұл процеске кәсіпкерлерді де белсенді түрде тарту қажет. Бұл ретте, Ақтөбе облысындағы тәжірибе әлеуметтік кәсіпкерліктің маңызды мәселелерін шешуде өзінің айқындығын көрсетті. Яғни, кәсіпкер де, мемлекет те және халық та табысқа жетіп отыр. Тек 2017 жылы облыста бюджеттен тыс бірнеше қор есебінен құны 29 млрд. теңге болатын 73 әлеуметтік жоба іске асырылғаны осыған дәлел.«Біз кәсіпкерлікті белсенді дамыту бағытында жұмыс істеп келеміз. Өткен жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны 52 мыңға жетті, бұл мемлекеттік қолдаудың арқасында мүмкін болып отыр. Біз кәсіпкерлер үнемі әлеуметтік жауапкершілікке баса назар аударамыз.», - деді облыс басшысы.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова өз кезегінде қазақстандық қоғамды одан әрі жаңғырту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және ел экономикасының өсуін қолдау Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасында анық көрсетіліп, оны жүзеге асыру маңызды қадам екендігін атап өтті. «2018 жылы мақұлданған бюджетте микрокредиттеуді кеңейтуге 42 млрд теңге қарастырылған, соның ішінде ауылдық жерлерге 31 млрд теңге, қалалар мен моноқалаларға - 11 млрд теңге бөлінді. Мемлекет Басшысының тапсырмасымен микрокредиттерді қаржыландыру көлемі қосымша 20 млрд. теңгеге ұлғайды. Нәтижесінде шағын несиемен 14 мыңнан астам адам қамтылып, бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда екі есеге артық болады» - деді министрі.Ведомства басшысы сондай-ақ, бұл бастама бір уақытта кәсіпкерлікті дамыту, жұмыс орындарын құру, аз қамтылған халықтың кірісінің өсуіне, сонымен бірге өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды ресімдеу бойынша алда тұрған міндеттерді шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті.Сонымен бірге Мадина Әбілқасымова «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бизнесті қолдау бағдарламасы және халықаралық қаржы институттарының әр түрлі бағдарламалары арқылы жүзеге асырылатын әйелдер арасындағы бизнесті дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету жайына да тоқталды.«Әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекет, бизнес және ҮЕҰ-дың өзара серіктестігі» атты форум қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуде мемлекет, бизнес және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы тиімді ынтымақтастықты қалыптастыруға бағытталып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18137?lang=kk
Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдаудың жаңа орталығы ашылды 10.04.2025
Инклюзивті жобалау орталығы «ELAMAN» әлеуметтік инновациялық жобалар қоғамдық қорының» төрағасы мен қоғам белсендісі Алмас Ержанның бастамасымен құрылды. Орталықтың салтанатты ашылуына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова қатысып, мұндай орталық мүмкіндігі шектеулі жандар үшін аса пайдалы екенін атап өтті. «Барлық құқық қорғаларда қандайда бір кемсітудің элементтері болмауы тиіс. Сондай-ақ олардың конституциялық, сайлау құқығы, әлеуметтік жеңілдіктер мен білім алуға толық құқығы бар және ол жүзеге асырылады. Менің ойымша, орталық жаңа идеялар мен көзқарастарды қалыптастыратын тағы бір ошаққа айналады», - деп өз ойымен бөлісті Светлана Жақыпова.Өз кезегінде, іс-шараның ашылу салтанатында Алмас Ержан Орталықтың алдында атқарылатын үлкен міндеттер тұрғанын атап өтті«Біз команда жинадық, кеңсені жалға алып, мүгедектердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оны жөндеуден өткіздік. Бұл ұзақ мерзімді жоба және бізде көптеген жоспарлар бар. Атап айтқанда, сапаршыларды даярлайтын курстар ұйымдастырамыз, қолжетімді ортадағы волонтерлерді дайындаймыз, әлеуметтік кәсіпкерлікке қатысқысы келетіндерге тәжірибеден өтуде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тегін заңгерлік кеңестер береміз», - деді Алмас Ержан. Аталған орталық мемлекеттік органдар және компаниялармен біріге отырып, әртүрлі санаттағы мүгедектерді психологиялық даярлау және ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу мақсатында кешенді сүйемелдеу қызметтерін жүргізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18069?lang=kk
ҚР Парламенті Сенаты жұмыспен қамту және халықтың көші-қоны туралы заңнамаға енгізілген өзгертулерді мақұлдады 10.04.2025
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жалпы отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты жұмыспен қамту және оның көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын ұсынды.Құжат Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» және «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халққа Жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес әзірленді.Заң жобасында 3 Кодекс пен 8 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және еңбек нарығын трансформациялау, жұмыспен қамту және еңбек қатынастарын насихаттау бойынша тетіктерді жетілдіру, сондай-ақ халықтың көші-қоны саласындағы функцияларды анықтау көзделген.Сондай-ақ, жаңа құжат жұмыс берушілер мен жұмысшылар, жұмыспен қамту орталықтары мен жеке агенттіктер арасындағы байланысты Электронды еңбек биржасы арқылы өзара әрекеттесуді реттейді.Бұл бос жұмыс орындары мен түйіндемелер туралы халықтың кең көлемде ақпарат алуына мүмкіндік жасайды, жұмыс іздеу және қызметкерлерді іріктеу үдерістерін жеңілдетеді.Сонымен қатар, заң жобасы жұмыссыздарға еңбек делдалдығы бойынша шараларды қамтамасыз етуде жеке жұмыспен қамту органдарын тартуға мүмкіндік береді және мемлекеттік жұмыспен қамту қызметтерімен басқарылады.Заң жобасында қаралатын екінші маңызды бағыт, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді мехнаизмдерін жетілдіру болып табылады. Құжатта көзделгендей, студенттер мен жоғары сынып оқушылары үшін ұсынылатын қоғамдық жұмыстарға жазғы демалыс кезінде ғана емес, Еңбек кодексінде рұқсат етілетіндей, оқудан тыс уақытта қатысу мүмкіндіктері кеңейтіледі.Жаңа заңның үшінші бөлігі халықтың көші-қоны саласындағы функциялардың аражігін ажырату мен оралман мәртебесіне арналған. Жекелеп айтқанда, «қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелері» ғана емес, енді «қоныс аударушылардың» жеке басын оның ішінде некеде тұрмаған азаматтарды да мемлекеттік қолдауға ие болып, өңірлік квотаға енгізіледі. «Қоныс аударушылар, отбасы жоқ оралмандар бар, олар жалғыз. Қарама-қайшылық болмау үшін заңда осы норманы қарастырдық. Егер адамның отбасы болмаса, ол мемлекеттік қолдау шараларына өзі жүгіне алады. Егер оның отбасы болса, онда бәрі бұрынғыдай қаз-қалпында қала береді, отбасының әрбір мүшесі үшін мемлекет қолдау көрсетеді », - деді еңбек министрі Мәдина Әбілқасымова.Айта кету керек, оралмандар мен қоныс аударушыларға тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу мен басқа да шығындарды өтеу үшін берілетін субсидия, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, депутаттар қазақстан азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу үшін ғана, оралман мәртебесін үш айдан аспайтын мерзімге ұзартуға мүмкіндік жасауға ұсыныс берді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымованың айтуынша, ұсынылған заң жобасы азаматтарды жұмысқа орналастыру, халықты жұмыспен қамту қызметтерінің тиімділігін арттыру және халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша шаралар ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/17897?lang=kk
Қарабатандағы «Газ турбиналы электрстансасы» құрылыс алаңындағы болған апат жағдайын түсіндіру жөніндегі комиссия жұмысы жалғасуда 10.04.2025
2018 жылы 2 наурызда «PSI Stroy Industriya»ЖШС жұмысшылары тұратын контейнерлік жатақханада болған қайғылы оқиғаны тексерген арнайы үкіметтік комиссияны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Алтаев басқарды. Аталған комиссия құрамында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет өкілдері, Атырау обылысы әкімдігінің қызметкерлері және «PSI Stroy Industriya» ЖШС-нің жұмысшылары мен жұмыс берушілері де болды.Еске сала кетейік, алапат өрт салдарынан Атырау қаласының ауруханасына түрлі дене жарақатын алған 4 жұмысшы жеткізіліп, оқиға орнында 6 адам көз жұмды. Бұдан бөлек тағы бір жұмысшы алған ауыр жарақатынан 3 наурыз күні көз жұмды. Оқиға орнына келген комиссия мүшелері өрт шыққан жатаханадан бөлек жұмысшылар тұратын тағы 6 жатақхананы тексерді. Нәтижесінде оларда санитарлық және өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмағаны анықталды. Үкіметтік комиссия оқиғаның себеп-салдары анықталғанға дейін, жатақхана жұмысын тоқтатуға шешім қабылдады.Айта кету керек, газ турбиналы электр станса құрылысы 2016 жылдың қазан айында басталған болатын. Бұл құрылыс нысанында 850 адам бар, олар екі ауысым кестесімен жұмыс істейді. Жұмысшылардың барлығы 7 жатаханамен қамтылған.Тергеудің алдын-ала қорытындылары бойынша алғашқы өрт шыққан аумақ кептіру бөлмесі болуы ықтимал екендігі анықталды, себебі онда конвекторлы электр жылытқышы орнатылған. Өрттің техникалық себептері электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан жақын маңдағы тұрмыстық заттар жануы мүмкін. Алдын-ала тергеудің қорытындысы бойынша, осы топтағы жазатайым оқиғалар ҚР Еңбек кодексінің 186-бабының 2-бөлімінің 2 тармақшасына сәйкес еңбек қатынастарына байланысты болып отыр. Жұмыс беруші әрбір жәбірленушіге және қайтыс болған адамға жазатайым оқиғаға қатысты H1 түрінде акт толдырды. «PSI Stroy Industriya» ЖШС-нің басшылығы өрттен зардап шеккендер мен қаза болған жұмысшылардың отбасына жан-жақты көмек көрсетті. Компания оқиғадан қаза болған азаматтардың денесін жеке ұшақпен тұрғылықты жеріне жеткізу, жерлеу рәсіміне кеткен шығындарды толық өтеп, марқұмдардың туыстарына депозиттер ашып берді. Қазіргі кезде жұмыс беруші комапния материалдық көмекке 50 млн. теңге бөліп, бұл қаражат осы шоттар арқылы берілді.Компанияның барлық қызметкерлері жұмыстағы жазатайым оқиғалардан сақтандырылған. Осылайша, қайтыс болған адамдардың асырауындағы жандар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сақтандыру төлемдерін алатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16517?lang=kk
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды 10.04.2025
Солтүстік Қазақстан облысы Еңбек министрі жұмыс сапарымен барған бірінші өңір болды.Ведомства басшысы аймақтағы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы мен жаңа сипаттағы Атаулы әлеуметтік көмектің қалай жүзеге асып жатқанымен танысып, Петропавл қаласы мен аудан әкімдерімен жиын өткізді. Оған жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшілері қатысып, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды рәсімдеу бойынша жол картасын жүзеге асыру жағдайы сөз болды. Министр Мәдина Әбілқасымованың өңірге жасаған жұмыс сапарының маңызы да осында. Еске сала кетейік, өткен жылы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге дайындық шарасы кезінде тұрғындардың мәртебесі деректер базасында тексерілген болатын. Нәтижесінде, 13,2 млн адамның әлеуметтік мәртебесі анықталды. Үй-үйді аралау кезінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған 3 млн. адам рәсімделді, оның 130 мыңдайы Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары. Министр осы мәселенің өзектілігін айта келе, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды екі санатқа бөлу керектігіне назар аударды.«Бірінші топ – бейресми жұмыспен қамтылғандар, яғни ешқандай еңбек келісім шартынсыз тіркелмеген жеке кәсіпкерлер және жалдамалы жұмысшылар. Бұл облыста олардың қатары 39 мың адамнан асып шығылады.Егер осы санат бойынша оларды рәсімдеу орталық деңгейде жүргізілсе - жеңілдетілген салық пен тіркеу, шағын несие беру тетіктерін кеңейту қамтамасыз етіледі. Содан кейін өзін-өзі жұмыспен қамтыған екінші топ үшін жергілікті деңгейде жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге нақты шаралар қабылдау қажет. Бұлардың саны СҚО 36 мың адамнан асады» - деді министрі Мәдина Әбілқасымова.Осы ретте ведомства жетекшісі облыс басшылығына биыл 27,5 мың өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз жүргендерді нәтижелі жұмысқа тартуды қадап тапсырды.Облыс әкімінің орынбасары Асхат Сәкіпкереев алға қойылған міндеттерді орындауда қабылданған шаралар туралы баяндады.«Бүгінде облыста өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды ресімдеу бойынша Жол картасы және оларды жұмысқа орналастырудың жоспары бекітілді. Бұл 13,3 мыңнан астам жұмыссыз және 14 мың нәтижесіз жұмыс істеп жүргендерді өнімді жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.», -деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.Жиын барысында сондай-ақ, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асырудағы алғашқы жылдың қорытындысы жарияланды.Нәтижесінде, республика бойынша жарты млн-нан астам тұрғын жұмыспен қамту шараларына қатысты. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз жүрген 300 мың адам тұрақты жұмысқа орналасты. Жалпы құны 34 млрд. теңгеден асатын 7300 шағын насие берілді. Соның арқасында 4200 адам жеке кәсіп ашты.Өңірде жүзеге асырылып жатқан нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасына министр оң баға берді. Бұл бағытта жұмыспен қамту (4,3 мың жұмыссыз), оқыту (2,8 мың адам) және микрокредит (432) бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жетті.Бұдан бөлек Мәдина Әбілқасымова халық тығыз орналасқан, жұмыс күші көп аймақтардан азаматтарды көшіруде жергілікті атқарушы органдар істейтін жұмысын жандандыру қажеттігін айтты.«Аймақта оңтүстік өңірлерден қоныс аударғандарды жұмысқа орналастыру жеткіліксіз деңгейде. 2017 жылы еңбекке қабілеті бар адамдардың жартысынан азы ғана жұмыспен қамтылды», - деп қорытындылады министр. Ол аймақтағы демографиялық тепе-теңдіктің жоқтығын да айтты, яғни 1000 тұрғынға шаққанда бала туу көрсеткіші өңірде 13,6 адам болып отыр.Осыған байланысты облыс пен барлық аудан, ауыл әкімдеріне көшіп келген халықты жұмыспен қамту және еңбек ағындарын реттеуді барынша тиісті деңгейде жүргізу міндеті қойылды.Сондай-ақ кездесу барысында халықтың әлеуметтік жағдайы, оның ішінде мүгедектерді әлеуметтік қорғау, жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау, атап айтқанда еңбекақыны уақтылы төлеу мәселелері кеңінен талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16493?lang=kk
2018 жылы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасына 87 млрд. теңге қарастырылып отыр 10.04.2025
Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова баяндады. Ведомства басшысы аталған бағдарламаны жүзеге асыру жалғасатын болады. Бұл үшін аймақтарда жұмыспен қамтуға кемектесу үшін кешенді жоспарлар қабылданды.«Биыл жұмыспен қамту шараларымен 570 мыңнан астам адам қамтылады, оның ішінде 37 мың адам оқуға жіберіледі. Тиімді жұмыс атқару үшін жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қайта форматтаймыз.»- деді ведомства басшысы.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдында тұрған міндеттің тағы бірі әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру екендігін Мәдина Әбілқасымова айтып өтті. Осы жылы жұмыс берушілермен бірігіп еңбек шарттарын бірыңғай есепке алу жүйесін қосу жоспарлануда. Осыған сәйкес пилотты жоба ретінде «e-HR» жүйесі іске асады. (электрондық еңбек шарттарын есепке алу жүйесін құру, электрондық еңбек кітапшаларын ендіру).Сонымен бірге, Әлеуметтік қызметтің электронды порталын медициналық-әлеуметтік қызметті модернизациялаумен қатар дамыту көзделіп отыр.Мәдина Әбілқасымова Министрлік қызметінің басты бағыттарының бірі – әлеуметтік қамсыздандыру екендігін де атап өтті. Еске сала кетейік, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымы қайта қаралды. Бұл 3 млн. адамның әлеуметтік төлемін ортша есеппен 16%-ға арттыруға мүмкіндік берді.Ал, жаңа жылдан бастап енгізілген атаулы әлеуметтік көмекті 350 мың адам алады деп жоспарлануда. 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы басқаша есептеледі. Еңбек өтіліне және зейнетақы жүйесіне қатысу мерзіміне тікелей байланысты болады. Бұл 2,1 млн. зейнеткерді қамтымақ. Мемлекет Басшысының тапсырмасына сай бала кезден кәмелетке толған І топтағы мүгедектерді асырап отырған ата-аналарға ай сайын төленетін жәрдемақы енгізілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16463?lang=kk
2017 жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты төлемдерге 106,5 млрд. теңге бөлінді 10.04.2025
Жұмыс істемейтін әйелдерге бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы республикалық бюджеттен, ал жұмыс істейтіндерге – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді.Бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлемдеріне 2017 жылы республикалық бюджеттен 32,4 млрд. теңге бөлінді. Өткен жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақыны орташа есеппен 145,7 мың адам алды. Бұл ретте, жәрдемақының мөлшері отбасындағы балалар санына қарай сараланып, 13 070 теңгеден (бірінші балаға, 15 452 т. – екінші балаға, 17 812 т. – үшінші балаға) 20 195 теңгеге дейін (төртінші және одан көп балаға) беріледі.2018 жылы бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 36,8 млрд. теңге қарастырылады және жәрдемақының мөлшері отбасындағы балалар санына қарай 13 853 теңгеден (бірінші балаға, 16 379 т. – екінші балаға, 18 880 т. – үшінші балаға) 21 405 теңгеге дейін (төртінші және одан көп балаға) тағайындалады.Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2017 жылы жұмыс істейтін әйелдерге бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты 14,1 млрд. теңге әлеуметтік төлемдер берді.Осы әлеуметтік төлемді алушылардың бір жылдағы орташа саны 230,9 мың адамды құрады. Бұл ретте, төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері соңғы 2 жылдағы орташа айлық табыстың 40 %-ын құрады.Сондай-ақ, 2014 жылдың басынан бастап, жұмыс істейтін әйелдер үшін бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты демалыста жүргенде, міндетті зейнетақы жарналары субсидияланады, бұл жинақталған зейнетақы қаражатының ұлғаюына ықпал етеді. Осы аралықта (2014-2017 жылдары) республикалық бюджеттен зейнетақы жарналарын субсидиялауға жалпы 16,5 млрд. теңге жұмсалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16428?lang=kk
ОКҚ-де еңбек заңнамасының сақталуын бақылау нәтижелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті 10.04.2025
Орталық коммуникациялар қызметінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ақмәди Сарбасовтың қатысуымен «Еңбек заңнамасының сақталуын бақылау нәтижелері» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Ақмәди Сарбасовтың айтуынша, 2017 жылдың қорытындысы бойынша Бүкіләлемдік экономикалық форумының Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «еңбек нарығының тиімділігі» факторы бойынша Қазақстан 140 елдің ішінде 35-ші орынға ие болды. Бұл жаңартылған еңбек заңнамасының ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік серіктестермен бірге қабылданатын жүйелік шаралардың көрсетер нәтижесі. «Өткен жылы үшжақты комиссия еңбекақы бойынша қарызы бар 305 кәсіпорынды анықтады. 2017 жылдың қорытындысында жұмыс берушілер тарапынан 22,1 мың жұмысшыға 3,1 млрд теңге берешек өндірілді. » Жұмысшыларды қысқартуды жоспарлаған 75 кәсіпорында 3,7 мың қызметкерді жұмыстан босатпауға бағытталған шаралар қабылданды, ал, 185 мыңнан астам жұмысшысы бар 422 кәсіпорын еңбек және әлеуметтік заңнаманы жиі бұзатын кәсіпорындар ретінде тәуекелге жиі ұшырайтындар қатарында» - деді бас еңбек инспекторы.Өткен жылы жеке еңбек келісімшарттарының саны 60 мыңға артты. Сондай-ақ, бүгінгі күні қызметкерлерді қысқартудың алдын алуға бағытталған 115 мың меморандум жасалды. Нәтижесінде 2,8 млн жұмыс орны сақталып қалды.Ақмәди Сарбасовтың айтуынша, 2017 жылы азаматтардың өтініштері бойынша 9 920 жоспардан тыс тексеру жүргізілген.«Олардың басым бөлігі жалдамалы жұмысшылар және жұмыстан босатлығандар. Олардың шағымы бойынша 14,9 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды. Тексеріс нәтижесінде 467 млн. теңге айыппұл салу туралы санкциялар берілді.» -деді комитет төрағасы.Ақмәди Сарбасовтың пікірінше, еңбек қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз ету мәселелерінде оң өзгерістер байқалады. Соңғы 3 жылда өндіріс орындарында зардап шеккендер қатары 16%-ға азайды.Экономиканың салалары бойынша ең көп зардап шегетін жұмысшылар тау-кен металлургиялық кешендерінде -16,0% және құрылыс индустриясында 15,2% болып тіркелген.Қорыта айтқанда жаңа Еңбек кодексі қауіпсіз еңбек жағдайларын жақсарту үшін өндірістік кеңестерді құруды қарастырады. Бүгінде мұндай 12 мыңнан астам кеңес құрылған кәсіпорын арасында 140 жұмыс берушіге «Сенім сертификаты» табысталды.Еске салай кетейік, жұмыс берушілерге еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес Декларация қағидалары негізінде сенім сертификаттары беріледі. Мұндай куәлікті алғандарға үш жыл ішінде тексеріс жүргізілмейді.Жаңа еңбек заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу мақсатында сарапшылар тобы жұмысты жалғастырып жатыр. Аталған тобқа бүгінге дейін жұмыс берушілерден, қызметкерлерден, азаматтардан 200-ге жуық ұсыныстар келіп түсті.Сарапшы тоб түсіп жатқан ұсыныстарды ескеріп, заңдағы өзгерістерді қарау үшін биыл Парламент қарауына жіберуді жоспарлап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16427?lang=kk