Экономика
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігі Whats App мессенджерін іске қосты 10.04.2025
Енді, ведомства мамандары Whats App мессенджері арқылы халықпен өзара тығыз қарым-қатынас орнатып, әрі әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелер бойынша жедел ақпарат алмаса алады. Whats App мессенджерінің номері; +7 700 101 1414Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек хабарлады.«Еліміздің азаматтары өздерін толғандырып жүрген зейнетақы, түрлі жәрдемақы, мүгедектікті тағайындау, көпбалалы отбасын қолдау, көші-қон және еңбек қатынастары жайында сауалдарға тікелей жауап алатын болады», -деп атап өтті баспасөз хатшысы. Айта кетейік, биыл министрлік келесі міндеттерді орындайды:жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу:базалық зейнатақы төлемдерін тағайындаудың механизмін қайта қарау;кәмелет жасына толған, бала кезінен І топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналарға қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізу;өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды рәсімдеу;әлеуметтік қызмет жүйесін модернизациялау;мүгедектік бойынша медициналық-әлеуметтік сараптамалық қызметті қайта форматтау;саланы цифрландыру, электронды еңбек биржасын енгізуді, электронды еңбек келісімдерді қамтамасыз ету және т.б.«Егер аталған бастамаға ұсыныстарыңыз, сұрақтарыңыз бен толықтыруларыңыз болса, біз бігіріп талқылауға және кеңінен сұхбаттасуға әзірміз. Азаматтар өздерінің сұрақтарын Whats App мессенджеріндегі +7 700 101 1414 нөмеріне жолдауына болады», - деп атап өтті Нұрлыбек Жеңісбек. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16412?lang=kk
Атаулы әлеуметтік көмек бойынша шамамен 105 мыңнан астам келісімшарт жасалды 10.04.2025
Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты. Ұлт Жоспары – «100 нақты қадам» бағдарламасын орындауда, жыл басынан бері жаңа сипаттағы Атаулы әлеуметтік көмек жүзеге асырыла бастады.Еңбек министрінің айтуынша, соңғы үш жылда осыған даярлық жұмыстары жүргізіліп, атап айтқанда жаңа сипаттағы АӘК-тің прототипі болып табылатын «Өрлеу» жобасы іске асырылды. «Осының аясында, барлық қажетті құқықтық және нормативтік база әзірленді, жергілікті атқарушы органдардың барлық деңгейдегі құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін оқыту ұйымдастырылды, АӘК тағайындаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі жасалды.Бір мезетте жаппай өтініш білдірудің алдын алу үшін 2017 жылдың төртінші тоқсанынан бастап АӘК алушылармен әлеуметтік келісімшарттар жасалды», - деді Тамара Дүйсенова.Нәтижесінде бүгінгі күні 105 мың әлеуметтік келісімшарт жасалды, оның ішінде 88 мың отбасы мүшелері жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін ақшалай көмек пен мемлекеттік қолдау шараларын алады.Жергілікті атқарушы органдардың бекіткен кестесіне сай, қаңтар айында аталған көмек 48,9 мың отбасына көрсетіледі. Сондай-ақ, министрдің айтуынша, жаңа сипаттағы әлеуметтік көмектің жүзеге асырылу нәтижесі жергілікті атқарушы органдардың істейтін жұмыстарына да тікелей байланысты болмақ.«Осы ретте, облыс әкімдері АӘК -ті алатын отбасыларды белгіленген кестеге сәйкес қамтуды, әсіресе жұмысқа орналасуға мемлекеттік қолдау көрсетуді, несиелер беруді және оқыту бойынша жасалған әлеуметтік келісімшарттардың орындалуын қатаң түрде қадағалауы қажет деп білемін», - деді сөз арасында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16384?lang=kk
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Импульс» әлеуметтік жарнамалық байқауының жеңімпазы атанды 10.04.2025
"Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігі ұйымдастырған «Импульс» мемлекеттік әлеуметтік жарнама байқауының жеңімпаздары жарияланды.Салтанатты жиында мына аталымдар бойынша лауреаттар анықталды: «Үздік бейне жарнама», «Үздік аудио жарнама», «Үздік сыртқы жарнама», «Үздік интернет-жарнама», «Үздік плакат», «Ең үздік кітапша», «Үздік жарнама кампаниясы» және «Үздік жарнама белсендісі».2017 жылғы байқау жеңімпаздарының тізімінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бар. Ведомства «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын жүзеге асыруда «Үздік жарнама кампаниясы» аталымы бойынша екінші орынды иеленді.Осы аталымда III орынды екі ұйым бөлісті. Буратия республикасының қалалық медицицналық профилактика орталығы «Біз жүрек саулығы үшін!» және Санкт-Петербургтің бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс және баспа комитеті «Терроризм мен экстремизмнің алдын алу» жобасымен танылды. Ал, жеңімпаз болған өмірдің қиын жағдайларына тап болған балаларды қолдау Қоры «Балалар сенім телефоны» жобасымен үздік шықты. Бір атап өтерлігі, биылғы байқауға қатысуға ниет білдіргендер қатары рекордтық көрсеткішке жетті. Ұйымдастыру комитетіне Ресей Федерациясы аймақтары мен ТМД елдері бойынша барлығы 500-ге жуық өтініштер келіп түскен.Конкурсқа 2017 жылғы 1 - қазаннан 2017 жылғы 18 - қыркүйекке дейін жарияланған және іске асырылған әлеуметтік жарнамалар қабылданды.«Импульс» мемлекеттік әлеуметтік жарнама байқауы - қоғамның маңызды әлеуметтік мәселелеріне назарын аудару үшін, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдармен жарнама жасау процесін сапалы әрі жаңа деңгейге көтеруге арналған бірегей жоба.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16219?lang=kk
Жұмыспен қамту орталықтарының 260-тан астам қызметкері оқудан өтті 10.04.2025
Еңбек ресурстарын дамыту орталығы «Жұмыспен қамту орталықтарын реформалау» тақырыбында практикалық оқу - семинарларын өткізді.Тренингке аудандар мен қалалардың жұмыспен қамту орталықтарының, сондай-ақ өңірлердің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасынан 260-тан астам маман қатысты. Семинар кезінде «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ өкілдері «Еңбек нарығы» және «Бірыңғай электронды еңбек биржасы» жаңа ақпараттық жүйесінде бизнес-процестер мен жұмыс әдістерін ұсынды.Жұмыспен қамту орталықтарының жаңа үлгісі жұмыс берушілермен жұмыс істеудің белсенді форматын енгізеді, үміткерлермен жұмыс жасауда профилді құралды енгізу және олардың жұмыспен қамтудың жеке жоспарларын әзірлеу арқылы нығаяды.Жұмыспен қамту орталықтары - жеке агенттіктер, бұқаралық ақпарат құралдары мен жеке интернет-алаңдардан бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді біріктіретін Электронды Еңбек биржасының белсенді қатысушысы болады.Тренинг аясында жұмыс берушілердің назарына Электронды Еңбек биржасында бос жұмыс орындары, жұмыс іздеушілердің жұмысқа орналасуы, сондай-ақ жұмыссыздардың екі қолға бір күрек табудағы мүмкіндіктері туралы ақпараттарды орналастыру ұсынылды.Еске сала кетейік, 2018 жылы қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында елдегі барлық 199 жұмыспен қамту орталықтарының жұмысы трансформациялаудан өтеді.Бұл жұмыспен қамту орталықтарындағы жұмыс іздеушілер және жұмыс берушілер арасындағы қатынасты белсенді жүргізіп, әрі қағазбастылық жұмыстан арылтады. Орталықтардың жұмысындағы барлық процедуралар барынша автоматтандырылады, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілердің өзара байланыстары «бір терезе» қағидатына негізделетін болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16205?lang=kk
Сарыағаштың 400-ден астам тұрғыны қысқа мерзімді курсты тәмамдады 10.04.2025
Мамандыққа да машықтанып, жұмысқа да орналасуға болады. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы екі қолға бір күрек ұсынып, еңбек нарығының сұранысын да реттейді. Сарыағаш ауданында осынау мемлекеттік бастама аясында 400-ден астам тұрғын түрлі мамандықтарды оқып, арнайы куәліктерге қол жеткізді.Үш ай бойы түрлі мамандыққа машықтанған бағдарлама қатысушыларына куәліктер тапсырылды. Тігінші, темір ұстасы, аспаз сияқты бүгінде таптырмайтын бас-аяғы 10 кәсіп түрін игергендердің тең жартысының бүгінде тұрақты жұмыс орындары да дайын дейді салаға жауаптылар. Салтанатты шарадан кейін жас мамандарға арналған жәрмеңке ұйымдастырылды. Оған 60-тан аса жұмыс беруші қатысып, 250-ден аса жұмыс орнын ұсынды. Айта кетейік, аталған бағдарлама аясында 1500-ден астам адам қысқа мерзімді оқу курсына жолданған. Олар өңір басшысының «Әр ауылға өз шебері» бастамасы аясында үш айлық курс кезінде ауданға қажетті деген 38 мамандықты игеріпті. Айта кетейік, облыста арнайы бағдарлама аясында 12 мыңнан аса адам қысқа мерзімді оқыту курстарына жолданып, бүгінде оның 9 мыңдайы аяқтаған. Еңбек нарығында аса қажетті деген 85 мамандық бойынша арнайы білім алған бағдарлама қатысушыларының тең жартысы екі қолға бір күрек тапты дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16190?lang=kk
Астанада ЕАЭО-қа мүше мемлекеттер қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері талқыланды 10.04.2025
Бүгін Rixos President Astana қонақүйінде «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шексіз зейнетақымен қамсыздандыру» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, мемлекеттік органдардың, Зейнетақы және әлеуметтік қорлардың халықаралық қауымдастықтың, «Атамекен» ҰКП-ның, «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ-нің, Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының, Кәсіподақтар федерациясының, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Мемлекеттік аннуитеттік компанияның, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдері және т.б. қатысты.Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдер мен Еуразиялық экономикалық комиссиясының (ЕЭК) өкілдері келді.Бүгінгі күні зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің ұлттық ерекшіліктерін ескере отырып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің мемлекеттік органдары осы одақ құрамына енген мемлекеттер арасындағы зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастық туралы шартты дайындау үшін жұмыстар жүргізіп жатыр.Дөңгелек үстел барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице - министрі Светлана Жақыпова өз сөзінде, мұндай келісім зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы тең құқықты қамтамасыз ету, ЕАЭО-қа мүше мемлекеттер аумағында жұмыс істейтін еңбеккерлердің зейнетақы құқықтарын қорғау болып табылатындығын атап өтті.«ЕАЭО-қа мүше мемлекет басқа мүше мемлекеттердің азаматтарына осы мемлекеттің азаматтарына ұқсас шарттарда берілген құқықтар мөлшеріне тең зейнетақымен қамтамасыз ету көлемін қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен қатар, мұндай келісімнің қабылдануы зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы аталған одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті және құзыретті органдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді» - деді вице-министр.Коллегия мүшесі – ЕЭК-тің экономика және қаржы саясаты министрі Тимур Жақсылықұлы Мекешович барлығын Шарт жобасы бойынша жұмыстың барысы және оның мүше мемлекеттердің еңбекшілері үшін артықшылықтары туралы ақпараттандырды.Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты қабылдау қажеттігі туралы Ресей Федерациясының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары – Статс-хатшы Андрей Николаевич Пудовта атап өтті.Бүгінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағында заңды негiздерде жүз мыңнан астам еңбекші мигрант жұмыс істейді және олар мен олардың отбасы мүшелері үшін зейнетақымен қамсыздандыру мәселесін реттеудің жоғары маңызы бар.Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың күшіне енуі мүше мемлекеттердің азаматтарына мүше мемлекеттер аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде ие болған зейнетақы құқықтарын іске асыруға мүмкіндік береді және олардың еңбек құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ еңбек қызметін заңдастыру бойынша белгіленген рәсімдерді сақтаудың қосымша стимулына айналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16090?lang=kk
Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері ҚР Үкіметінің кезекті отырысында талқыланды 10.04.2025
Жыл басынан бері облыстардағы мемлекеттік еңбек инспекторлары 7 мың 700-ден астам тексеру жүргізіп, кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша 2890 заң бұзушылықты анықтады.Жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдай туғызған 20 ұйым мен өндіріс нысандарының жұмысы уақытша тоқтатылды, ондағы 230 лауазымды тұлға қызметінен босатылды. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы осы және басқа да көрсеткіштер туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова кезекті Үкімет отырысында баяндады. Бүгінгі таңда еліміздегі 1400-ден астам кәсіпорын халықаралық еңбек ұйымы ұсынған еңбек қауіпсіздігі мен денсаулық сақтау стандарттарын енгізген. Сапында жұмыс берушілер мен жұмысшы топ өкілдері бар 12 мыңнан астам өндірістік кеңестер құрылды.Бүгінгі таңда 130-тан астам жұмыс беруші сенім сертификатын алып, инспекцияның жоспарлы тексеру тізімінен үш жылға дейін шығарылды. Бұл мүмкіндік, жұмыс беруші өзінің еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес ерікті декларацияны жүзеге асыруына байланысты болды.Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау қызметіне қойылатын талаптар күшейтілді. Аттестациялауды тек сынақ зертханасы бар, арнайы мамандандырылған ұйымдар ғана жүзеге асыра алады. «Мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілер қабылдаған кешенді шаралардың нәтижесінде, жұмысшылардың қауіпсіздік еңбек жағдайларын қалыптастыруда оң үрдіс байқалады. 2016 жылы өндірісте жапа шеккендер қатары 2015 жылмен салыстырғанда 2,4% -ға азайды.» - деп атап өтті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.Көбіне құрылымы, ғимараттары мен қажетті жабдықтары қанағаттанарлықсыз жағдайдағы құрылыс индустриясында (16,0%), және тау-кен металлургиялық саласында (15%) жұмысшылар сан-алуан жарақаттар алады. Осы жылдың алғашқы тоғыз айы бойынша еліміздің кәсіпорындары басым орналасқан аймақтары, - Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында өндірістегі жарақаттанудың жоғары деңгейі сақталып отыр.Қазір елімізде халықаралық талаптарға сай еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттарын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.Министрдің айтуынша, министрлікте құрылған сараптамалық топ жыл соңына дейін еңбек жағдайы бойынша жұмыс сапасын жақсарту, сондай-ақ жазатайым оқиғаларды тергеу тәртібін жетілдіру, жұмысқа байланысты өзара әрекеттесуді белгілеу негізінде ұсыныстар әзірлейтін болады. Тараптардың аралас жауапкершілігі де белгіленеді (жұмыс беруші және жұмысшы).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16080?lang=kk
Бірыңғай электронды еңбек биржасы іске қосылғалы 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты 10.04.2025
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде Бірыңғай электронды еңбек биржасы іске қосылады. Жүйе барлық 199 жұмыспен қамту орталығын қамтиды. Жұмыспен қамту қызметін жандандыру үшін 10-ға жуық интернет-алаңдар ашылып, жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктерінің саны екі есеге өспек.Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін дамыту аясында осы және басқа да ерекше жобаларды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында баяндады.Бұған дейін еңбек нарығының инфрақұрылымы жолға қойылмағандықтан жұмыс берушілер де, жұмыс іздеушілер де уақытты бос өткізіп, қаржылық шығындар көрді. Өтініш иелері мен жұмыс берушілер арасында нәтижесіз кездесулер болса, кәсіпорындар жұмыс іздеушілермен тиімсіз өзара әңгімелесулер жүргізді.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл қазан айынан бастап еліміздің төрт өңірінде - Астана, Алматы, Павлодар, Шымкент қаласында пилотты бірыңғай электронды еңбек биржасы іске қосылды.«Тәжірибеде көрсеткендей, цифрлық платформадағы еңбек нарығына сұраныс пен сұранысты біріктіру жүйесінің өз әсері бар. Бүгінгі күні жобада жұмыс берушілерден бөлек, 4 пилотты жұмыспен қамту орталығы, 2 онлайн-алаң және 19 жеке агенттік жұмыс істеп тұр. Бүгінгі күні 8 мыңнан астам түйіндеме, 30 мыңға жуық бос жұмыс орны және 15 мыңнан астам жұмысқа орналасу фактісі тіркелді,» - деп сөзін түйіндеді министр.Жобаны іске асыруда жұмысқа мұқтаж азаматтардың жалпы санын 10% -дан 20% -ға дейін қамту жоспарлануда. Электронды алмасу арқылы жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілердің арасындағы өзара қатынас шығындары 1 млрд. теңгеге үнемделеді. Тағы бір айта кетерлігі, Министрлікте құрылған Әлеуметтік –еңбек саласының Біріңғай ақпарат жүйесі қызметтің әртүрлі бағыттары бойынша бірнеше жобаларды қамтиды. Олар – еңбек және жұмыспен қамту, әлеуметтік сақтандыру, зәйнеткерлік және әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік қолдау көрсету, арнайы әлеуметтік қызмет және көш-қон бағыттары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16013?lang=kk
Жуық арада әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі жаңа келісімге қол қойылады. 10.04.2025
Құжатқа үшжақты келісім негізінде - Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы ынтымақтастық шеңберінде қол қойылады. Бұл құжат әлеуметтік әріптестікті дамыту және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу принциптеріне негізделетін болады. Сонымен бірге, елдің экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз етуге және адам капиталындағы инвестицияларды арттыруға сеп болады. Құжат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде талқыланды.Жұмыс тобының отырысына Ұлттық экономика, Қаржы, Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт, Инвестициялар және даму, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің мамандары мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Kazenergy» қауымдастығы, жұмыс берушілер конфедерациясы, Кәсіподақтар федерациясы, ірі жұмыс берушілер мен кәсіподақтардан келген өкілдер қатысты.Еске сала кетейік мұның алдындағы құжатқа 2014 жылы қол қойылған болатын. Ал, осы жолғы келісімнің мақсты - оған қатысушылардың өзара іс-қимылын тиімді реттеу арқылы лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету. Құжат тиімді жұмыспен қамту және адам капиталын дамыту, еңбек өнімділігі мен еңбекақы төлеу, әлеуметтік саясат, еңбек қорғау және әлеуметтік серіктестікті дамыту мәселелерін қарайды. Сондай-ақ, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру секілді еңбек қатынастарының аспектілерін қарастырады.Жұмыс тобына қатысқандар өз ұсыныстарын Келісімнің жаңа редакциясына жолдады. Бұл - кәсіби білім беру жүйесін жаңғырту, кадрларды сертификаттауды қалыптастыру, кәсіби ұтқырлықты дамыту, әлеуметтік сақтандыру жүйесін жетілдіру және тағы басқа мәселелер бойынша міндеттемелердің пакеті болып табылады.Келісімнің соңғы нұсқасына қол қою 2017 жылдың 25 желтоқсанына жоспарланған. Бұл келісім 2018 -2020 жылдар аралығын қамтымақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/15960?lang=kk
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенова Қарағанды қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады 10.04.2025
Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова өңірдің бірқатар нысандарында болды, селолық округтердің тұрғындарымен кездесіп, оларға әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселесі бойынша түсіндірулер берді.Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын енгізу күн тәртібіндегі басты мәселе болғандықтан, ведомства басшысы Қарағанды қаласының жұмыспен қамту орталығына барып, осы мәселе бойынша консультанттар мен ассистенттердің барлық сұрақтарына жауап берді.Сонымен қатар, жұмыс сапарының басты мақсатының бірі облыс кәсіпорындарында жұмыскерлер ағынына байланысты ахуалмен танысу болды.Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет Басшысы Үкімет пен әкімдіктердің алдына кәсіпорындарды жаңғыртудың нәтижесінде туындайтын еңбек ресурстары ағынын басқару үшін жағдай жасау міндетін қойды. Президент ірі кәсіпорындар әкімдіктермен бірге тиісті «Жол карталарын» жасаулары керектігін атап көрсетті.Соған байланысты, Еңбекмині Тамара Дүйсенованың бастамасымен «Арселор Миттал Теміртау» АҚ және «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС өкілдерінің қатысуымен бірлескен кеңес өткізілді. Еліміздің ірі өңірлерінің бірі болып табылатын Қарағанды облысы кадрлар ағынын басқару бойынша пилоттық жобаны енгізу орны болып отыр.«Бүгінгі күнде өңірімізде жүйе құраушы кәсіпорындармен Жол карталарын жасау бойынша жұмыс басталды. Жұмыскерлер босатылған немесе қосымша қажеттіліктер туындаған жағдайда бірлескен іс-әрекеттер талқылануда. Осы жұмыстарды ұйымдастыру үшін өңірлік штаб құрылды» - деп атап көрсетті Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов.Жаңа технологиялар енгізілумен дәстүрлі салаларда еңбек ресурстары босатылатын болады. Соныменқатар жаңа индустрияларды құру мен дамыту азаматтарды жұмысқа орналастыру мен олардың нақты кірістерін арттырудың қосымша көзі болуы керек.Мысалы, қысқартылған жұмыскерлерді қайта даярлау мен оларды одан әрі жұмысқа орналастыруды инвестициялау қарастырылуда. Сол сияқты еңбек күші көп өңірлерден, ауылдық жерлерден қалаға жұмыс күштерін тарту үдерісіне қолдау жасалады.Бүгінгі күнде Үкімет жұмыспен қамту орталықтарын реформалау мен барлық бос жұмыс орындары мен елді мекендер бойынша бірегей онлайн-платформалар құруға кірісті. «Жол картасы бірінші кезекте олар үшін жаңғыртулар нәтижесінде туындайтын әлеуметтік қатерлерден қорғайтын жақсы құрал болады деп санаймын. Мемлекет орталық және жергілікті деңгейлерде қысқартулар және кадрларға қосымша қажеттіліктер болған жағдайларда қолдау көрсетуге дайын. Жұмыскерлерге де, қажет ететін кәсіпорындарға да нақты қолдау көрсетілетін болады» - деп түйіндеді министр.Тамара Дүйсенова Қарағанды облысының алаңында пилоттық Жол карталарын іске асыру бұл бағыттағы маңызды мәселелерді шешуге ықпал етеріне сенім білдірді.Өңірге жұмыс сапарының қорытындылары бойынша министрдің төрағалығымен облыс әкімдігінде қала және аудан әкімдері мен олардың орынбасарларының қатысуымен қорытынды кеңес өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/15949?lang=kk
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Таяу Шығыс бойынша консультацияларына қатысты 10.04.2025
АСТАНА, 2017 жылғы 26 қыркүйек – Қазақстан делегациясы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Палестина мәселесімен қатар Таяу Шығыстағы жағдайы бойынша консультацияларына қатысты. Отырыста БҰҰ-ның Таяу Шығыс істері жөніндегі арнайы өкілі Николай Младеновтің брифингі тыңдалды.Брифингтің ашық бөлімінде сөз сөйлеген Қазақстанның БҰҰжанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров халықаралық құқықтың нормаларына сәйкес шиеленістерді бейбіт, адал және берік жолмен реттеу үшін тараптарды келіссөздерді қайта жалғастыруға шақырды.Мәлімдемеде Израиль және Палестина көшбасшылары екі мемлекеттің бейбіт қатар өмір сүруіне мүмкіндік беретін және Палестиналықтардың ажырамас мемлекеттілік құқықтары және Израильдің қауіпсіздік құқықтары негізінде бейбітшілікке қол жеткізу перспективаларын нығайтатын нақты қадамдарды қабылдау қажеттілігі көрсетілді.Қазақстан Палестина және Израиль тараптарын «екі халық үшін екі мемлекет» қағидасы бойынша тарихи бейбіт келісім жолында бейбітшілік, қауіпсіздік және даму қарым-қатынастарын нығайту арқылы саяси ерікті көрсетуге шақырды. Соның ішінде БҰҰ «екінші тірегі» болып табылатын даму саласындағы сенімгерлік шараларын ілгерілету арқылы.Қазақстан делегациясы Таяу Шығыс «квартетінің» (АҚШ, Ресей Федерациясы, БҰҰ және Еуропа одағы) жұмысын жаңартуды ұсынды. Сондай-ақ халықаралық қауымдастықтың назарын Газ секторындағы тұрақсыз және қиын жағдайға аударды. Қазақстан аталған мәселе бойынша АҚШ, Ресей Федерациясы және Мысырдың жуырдағы дипломатиялық күштерін қолдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/15915?lang=kk
Қостанай облысы әлемнің 60 еліне тауар экспорттайды 10.04.2025
Қостанай облысы әкімдігінде өткен жиында өңірдің экспорттық әл-ауқатын дамыту, бірыңғай экспорттық стратегияны әзірлеу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің айтуынша, өңірдің 2017 жылғы сыртқы сауда-саттығы 2 млрд доллардан асып түскен. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 23,6% артық. «Елбасы 2025 жылға дейін шикізаттық емес экспорт көлемін екі есеге ұлғайтуды тапсырғаны мәлім. Сондықтан экспорттау аймағын кеңейту маңызды болып отыр. Қостанай облысының негізгі шикізат көзі - аграрлық сектор мен өндіріс. Елдің 24% егіс алқабы біздің облысқа тиесілі. Бұған қоса шекемтас пен асбест 100% Қостанайда өндіріледі. Соған қарамастан біз экспорт көлемі бойынша Қазақстанда 11-орындамыз», - деді Мырзалиев өз баяндамасында.Мырзалиевтің мәліметіне сүйенсек, облыс экспортының 47,6% минералды өнімдерден тұрады. Атап айтқанда, темір концентраты мен рудасы, асбест пен шекемтас өтімді өнімдер санатына кіреді. Мұнан соң азық-түлік тауарларынан да пайда түседі. Бидай, зығыр тұқымы, кондитерлік тағамдар Ауғанстан, Өзбекстан және Ресейге экспортталады. «Былтыр металл бұйымдарын сатудан 31,8 млн доллар пайда түсті. Олардың көбі Ресей, Тәжікстан, Қырғызстанға өткізілді. Ауылшаруашылық қосалқы бөлшектері мен қағаз өнімдері 10,9 млн долларға сатылды. Жалпы, Қостанай облысы әлемнің 60 еліне тауар тасымалдайды», - деді облыс әкімінің орынбасары.Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов экспорттық әл-ауқатты дамыту үшін кедергілерді анықтап алуды тапсырды. «Облыста әлеуетті деген кәсіпорын, зауыттар жетерлік. Өз өнімдерімізді экспортқа шығарып пайда табу керек. Нарық болған соң өзіндік қиындықтары болатыны анық. Соларды жан-жақты талдаңыздар. Проблема болса, тиісті органдар көмектеседі. Бірігіп қимылдасаңыздар нәтижесі де жақсы болады. Қостанайлық өнімдердің өтімділігін ұлғайту үшін жаңа нарыққа шығу қажет. Соның жүйесін әзірлеңіздер», - деді А.Мұхамбетов. Облыс әкімі кәсіпорын басшыларын сырт елдерге тауар өткізуде кездесетін кедергілерді айтып, оларды бірге шешуге шақырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/15909?lang=kk
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде әлеуметтік-еңбек саласының өзекті мәселелері бойынша кеңес өтті 10.04.2025
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, облыстар және Астана, Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарларымен, халықты әлеуметтік қамсыздандыру және жұмыспен қамту мәселелері жөнінде жиын өткізді. Сонымен қатар, алқалы басқосуға, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті аумақтық департаменттерінің директорлары, жергілікті атқару органдардағы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының басшылары, өзге де мүдделі тараптар қатысты. Күнтәртібіндегі басты тақырып ретінде атаулы әлеуметтік көмектің (әрі қарай – АӘК) жаңа сипатын қолданысқа енгізу, базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесін өзгерту және өзін жұмыспен қамтыған тұрғындар тобымен жұмыс жайлары талқыланды. Жаңа сипаттағы АӘК тұрғысында, Министр, жұмыспен қамту орталықтарын күшейту арқылы олардың материалдық-техникалық жабдықталуы мен мамандар даярлау ісіне аса мән беру керек екенін нұсқады. «Егер қазіргі таңда АӘК табысы күнкөріс деңгейінен 40% төмен адамдар мен отбасыларға қаржылай көмек ретінде берілетін болса, жаңа жылдан бастап жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінен 50% төмен отбасыларға берілетін болады. Сонымен бірге, жаңа сипаттағы АӘК - қазіргі таңдағы АӘК, балалар жәрдемақысы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы секілді 3 әлеуметтік төлемнің орнына Бірыңғай жәрдемақы түрінде төленеді. Ең басты ескеретін жайт, жаңа АӘК мөлшері жоғарыда аталған 3 түрлі жәрдемақының жалпы сомасынан жоғары болады. Осылайша, жаңа АӘК тек қана қаржылай жәрдемақы ғана емес, кедейлік деңгейінен шығудың кешенді шарасы болмақ. Жәрдемақының қолжетімділігі мен бизнес-процестерді оңтайландыру мақсатында жұмысты бір терезе жүйесімен Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жүргізу ұсынылады», - деді Министр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жиналғандардың назарын келер жылдан бастап базалық зейнетақы тағайындау тетігі өзгеретіне де аударды. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, ынтымақты зейнетақы 8 пайызға өседі. Базалық зейнетақы, басқа да жәрдемақы түрлері сияқты, 6 пайызға көбейеді. Осы арқылы, базалық зейнетақыны ескергендегі зейнетақының төменгі мөлшері келесі жылы 49 019 теңгені құрап, орташа дәрежесі 71 333 теңгені төңіректемек. «Қазіргі уақытта базалық зейнетақы зейнет жасына жеткендерге бәріне бірдей еңбек өтілін және зейнетақы жинағын қалыптастыруға қатысуды ескерусіз тағайындалады. Келесі жылдан базалық зейнетақы жүйеге қатысу өтіліне қарай берілетіні көзделуде. Осы орайда 1998 жылдан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне зейнетақы жарналарының түсу аралығы ғана есептілініп қоймай, 1998 жылға дейінгі де еңбек өтілі назарға алынатыны болжануда», - деп түсіндірді Тамара Дуйсенова. Мұндай әдіс, 30-40 жыл еңбек өтілі болса да, төмен зейнетақы алып отырған адамдарға қатысты әділдік орнататыны күтілуде. 1998 жылға дейін және одан кейін де 33 жылдан асатын өтілі бар тұлғаларға, базалық зейнетақы ағымдағы көлемімен салыстырғанда екі есеге көбейеді. Егер бұл сома қазір 14 мың теңгені көрсетсе, 2018 жылдың 1 шілдесінен зейнеткерлердің аталған тобы ынтымақты және жинақтаушы зейнетақыға қоса, 28 мың теңгені иемденетін болады. 10 жылдан асқан әр жыл сайын базалық зейнетақы 2 пайызға өспек. Мәселен, 20 жылдық еңбек өтілінде базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74%-ын құраса, 30 жылда 94%-ды межелемек. Заңда айқындалғандай, 33 жылды еңсерген өтіл белесінде базалық зейнетақы күнкөріс деңгейінің толық 100% көлемін қамтымақ. Өзін жұмыспен қамтыған тұрғындар қызметін реттеуде 2018-2019 жылдарға арналған Жол картасы жасалуда. Тамара Дүйсенова, жоғарыда көрсетілген барлық міндеттерді қаперге алған райда, Үкіметтің әлеуметтік салада жүргізіп отырған саясатын өңірлерде түсіндіру іс-қимылдарын ширату қажеттігін атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Елбасының «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» идеясы мен халыққа Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында әлеуметтік-еңбек саласын жаңғыртуға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/15851?lang=kk
Еңбекмині әлеуметтік саланы цифрландыруға көшті 10.04.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірінші Әлеуметтік қызметкерлер форумы аясында әлеуметтік саланы цифрландыру стратегиясын назарға ұсынды.«Қазақстанда Әлеуметтік қызметкерлердің бірыңғай базасы жасақталатын болады. Онда әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігі, олар көрсететін қызмет түрлері, жұмыс нәтижесі сияқты ақпарат шоғырланады. Бірыңғай база арқылы әлеуметтік қызметтерді алушылар әлеуметтік қызметкерлерді таңдай алады. Сәйкесінше көрсеткіштері жақсы әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы да жоғарылайды. Әлеуметтік қызметкерлердің арасында бәсекелестіктің болуы сапаны көтеруге мүмкіндік береді», - деді Министр Тамара Дүйсенова.Сонымен қатар, Министрдің айтуынша, «Қызметтерді алушының жеке электронды карталары», «Жоспарлау», «Қызметтерді жеткізуші», «Келісімшартқа отыру», «Кадрлар», «Мониторинг» бағыттарын қамтитын әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін дамыту арқылы саланың ақпараттық қамтамасыз етілуі нығая түспек. Бірыңғай ақпараттық жүйенің эталондық базалары бар ақпараттық жүйелермен әрі орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара кіріктірілуі де көзделуде. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің пікіріне қатысты Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ өкілі Юрий Оксамитный ойын білдірді: «Әлеуметтік қызметкерлердің әрқайсысында қызметті алушылардың дерегі электрондық нұсқада болса, қызмет түрі мен оны тұтыну сынды жайттарды анықтау да жеңілдей түсетіні анық. Мұндай өзгерістер арқылы әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігіне де талап күшейеді. Жүйенің ақпараттық қамтылуы мен әлеуметтік қызметкерлердің шеберлігін шыңдауы тәрізді мәселелер тұтас жүйенің жемісті жаңаруына оң септігін тигізетіні аян. Бүгінде Қазақстан Үкіметі қарастырып жатқан Цифрландыру бағдарламасында әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің өз орнын алатынына күмәнсіз сенемін. ЮНИСЕФ атынан Әлеуметтік қызмет көрсету саласын әрі қарай жаңғырту тұжырымдамасында көрініс тапқан жаңашылдықтарды толық қолдайтынымызды жеткізгім келеді. Осы орайда оны жүзеге асыруда шаралар жоспарын түзуге атсалысуға дайынбыз».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/15651?lang=kk
Еңбекмині өкілдері әлеуметтік саланы жаңғырту қадамдары бойынша аралық қорытынды шығарып, алдағы жоспарларымен бөлісті 10.04.2025
Астана қаласында, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мен Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Анархан Дүйсенованың қатысуымен брифинг болып өтті.Светлана Жақыпованың сөзінше: «Министрлік жоспарлы түрде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру, әлеуметтік қызмет көрсетудің инфрақұрылымын дамыту жұмыстарын жүргізуде.2009-2017 жылдар аралығында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бастамасымен жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары жасалып, қолданысқа енгізілді. Мұндай стандарттар 2010 жылы аталған ауру түрлерімен ауыратын 18 жастан асқан азаматтарға, 2011 жылы қимыл-қозғалысы бұзылған балалар мен егже жастағы адамдарға, 2012 жылы белгілі бір тұратын мекен-жайы жоқ адамдарға, 2016 жылы адам саудасы құрбандарына және 2017 жылы тұрмыстық зомбылыққа тап болған азаматтарға байланысты әзірленді. 2008 жылы интернат-үйлерде жүйке жүйесі сырқатына шалдыққан 2,5 мың бала болса, тағы 2 мың бала кезекте тұрған болатын.Бүгінгі таңда, 110 стационарлық интернат-үй аясында 5 мыңнан астам баланы және 18 жастан асқан азаматтарды қабылдауға қауқарлы 50-ден астам күндізгі стационар ашылды. Үйге барып әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелерінің саны бір жарым есеге артты. Олар бүгінде 43,7 мың қария мен мүгедекке және 13 мыңнан астам мүгедек балаға қызмет көрсетеді. 3 мыңға жуық мүгедек бала арнаулы әлеуметтік қызмет негізіндегі жартылай стационар қызметі мен үйде көмек алу қызметін әлеуметтік тапсырыс бойынша үкіметтік емес ұйымдардан алып келеді. Әлеуметтік қызмет көрсету үшін жекеменшік сала тартылып, еріктілердің белсенділігі артқаны байқалды». Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі атқарған жұмыс нәтижесінде қаржыландыру тәсілі өзгерді. 2009 жылға дейін мамандандырылған мекемелер нормативтік шығындар бойынша емес, шығындар сметасы тұрғысында қаржыландырылып келді. Қаражат жергілікті бюджет мүмкіндігіне байланысты аймақтық ерекшелікке орай бөлінді (интернат-үйлерде жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан балаларға қызмет көрсету құны Маңғыстау облысында 1 164 теңгеден Астана қаласында 3 781 теңгеге дейін құбылып тұрды). Бүгінде, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілген қызмет көлемі мен түріне байланысты қаржыландырылады. Бұл аймақтық ерекшелік бойынша туындаған сұрақтарды жоюға сеп болып, мемлекеттің халық алдындағы міндетті әлеуметтік қызметін жүзеге асыруда арнаулы мекемелердің ресурстарды ұтымды жоспарлап, мақсатты түрде бөлуіне септігін тигізді.2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, толық мемлекет қамқорлығындағы азаматтардың зейнетақы мен жәрдемақысының 70%-ы, интернат-үйлерде оларды асырап-бағу үшін бағытталады. Алайда, емделушіде қалатын зейнетақы мөлшері төменгі зейнетақы мөлшерінен кем болмауы тиіс. Ал мүгедектердің жәрдемақысының мөлшері ең төменгі күнкөріс шегінен кем болмауы қажет. Азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарын өздері таңдау құқығы беріліп, қоса қаржыландыру жүйесі енгізілді. «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласы аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін дамытудың жаңа тұжырымдамасын жасап шығарды. Аталған тұжырымдама кадр мәселесін ескере отырып, 7 негізгі жаңғырту бағытын жүзеге асыруды көздейді. Мамандарды іріктеу ісін жетілдіру мақсатында Министрлік Әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби стандартын жасап шығаруды жоспарлауда. Кәсіби стандарттар негізінде мамандарды даярлайтын және қайта даярлайтын білім беру ұйымдарының жұмысы қайта қаралатын болады. Сондай-ақ, Әлеуметтік қызметкерлердің біртұтас дерекқорын әзірлеу жоспарланып отыр. Бұл қызмет алушылардың маманды таңдау құқығы мен мамандардың бәсекелестікке қабілеттілігін арттырады. Дерекқорда әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігі мен ұсынылатын қызмет түрлері және жұмыс нәтижелері жайлы ақпарат орналастырылады. Жұмысқа деген белсенділікті арттыру мақсатында қаржыландыру тетігі өзгертіліп, мамандарға еңбекақы төлеу мәселесі жетілдіріледі. Яғни, әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби біліктілігінің нәтижесін көрсететін жүйе құрылады. Еңбекақы маманның біліктілігі мен шеберлігіне, жүктелген міндеттерді орындауына байланысты байланысты төленетін болады. Цифрлық жүйеге көшу мақсатында алтыншы бағыт бойынша әлеуметтік-еңбек саласының 6 тармақтан тұратын бірыңғай ақпараттық жүйесін жасап шығу жоспарланып отыр. Жүйеде қызмет алушының қажеттілігі мен қызмет көлемі турасында, қызметті жеткізуші турасында, олардың жұмысына берілген баға, әлеуметтік қызметкерлердің еңбек өтілі мен біліктілігі және әлеуметтік мекеменің атқарған жұмыс нәтижесі мен шығыны туралы бар ақпарат енгізіледі. Әлеуметтік қызмет көрсетудың бірыңғай ақпараттық жүйесі орталық және жергілікті мекемелердің ақпараттық жүйелерімен біріктірілетін болады. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін әрі қарай жаңғырту тұжырымдамасы ағымдағы жылдың 22 қыркүйек күні Астана қаласында өтетін Әлеуметтік қызметкерлер форумында талқыланады. Форумның мақсаты халықты әлеуметтік қорғау саласында жинақталған тәжірибені қорытындылау және саладағы басты назар аударатын жайттар мен әлеуметтік қызметкерлердің қоғамға қосып жатқан үлесін баяндау болып табылады.Форумға, Ұлыбритания, Сербия, Хорватия, Чехия, Ресей, Грузия және де өзге елдердің сарапшыларын қосқанда, 600-ге жуық қатысушы жиналады. Шараға Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Парламенті, орталық және жергілікті атқарушы органдар, білім беру орындары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысады. Форумда әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы түрме, денсаулық сақтау саласының жаңалықтары, ведомствоаралық және сектораралық салалардың өзара қарым-қатынасты жүзеге асыру жайы талқыланады деп күтілуде.Әлеуметтік қызметкерлердің алғашқы форумының күнтәртібінде әлеуметтік саладағы менеджмент, әлеуметтік сала қызметкерлерін даярлау және олардың біліктілігін арттыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер саласына коммерциялық емес ұйымдардың қатысуын кеңейту, еріктілер қозғалысы мен қайырылымдылық бастамаларын қолдау сияқты өзекті тақырыптар қарастырылған. Форум аясында бесінші мерейтойлық «Қазақстанда жүзеге асып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» республикалық көрмесі өтеді. Бүгінгі таңда Қазақстанның барлық аймағында үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу аяқталды. Өңірлерден келіп түскен 155 өтініштен биыл 20 жоба үздік деп танылды. Олардың барлығы Астанада өтетін Республикалық көрмеде таныстырылады.Көрме жұмысына халықты әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер саласына қатысы бар үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер бірлестіктері, жеке тұлғалар қатысады. Аталған шараның мақсаты – қиындыққа тап болған азаматтардың мәселелеріне қоғам назарын аудару.Жалпы соңғы 5 жылда Үздік әлеуметтік жобалар байқауына 650 өтініш қабылданып, 114 әлеуметтік жоба жеңімпаз деп танылды.Тиісті уақыт аралығында байқауға қатысушылар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар мен қаражат түрінде қолдау тапты. Нәтижесінде, өңірлердегі қиын жағдайға тап болған үш жүз мыңнан астам азамат дер кезінде көмек алды. «Біз мұны жақсы нәтиже деп танып, барша отандастырымызды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сайтындағы үздік әлеуметтік жобаларға белсенді түрде дауыс беруге шақырамыз», - деп түйіндеді Еңбекмині өкілдері.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/15552?lang=kk
Ақтауда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Маңғыстау облысындағы күндері қорытындыланды 10.04.2025
Вице-министр труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Светлана Жакупова посетила с рабочим визитом Мангыстаускую область и подвела итоги прошедших в регионе Дней Министерства труда и социальной защиты населения РК. Напомним, что с 11 по 15 августа сотрудники Министерства посетили Тупкараганский, Мунайлинский районы и города Жанаозен, Актау Мангыстауской области, где провели разъяснительную работу с населением по актуальным вопросам социально-трудовой сферы.В ходе визита вице-министр Светлана Жакупова и заместитель акима области Шолпан Илмуханбетова ознакомились с работой морского порта Актау и встретились с трудовым коллективом, в том числе и с участниками региональной программы «Жаңа серпін». Цель региональной программы по снижению напряженности на рынке труда Мангистауской области «Жаңа серпін» - трансформация регионального рынка труда, повышение эффективности мер занятости, содействие трудовой мобильности безработного населения из трудоизбыточных населенных пунктов в локации экономического роста. По словам вице-министра: «Существующие программы Правительства весьма эффективно могут решить вопросы как занятости, так и социальной поддержки. Задача Программы продуктивной занятости и нового формата адресной социальной помощи – это формирование устойчивого пути для выхода из состояния бедности для казахстанцев, оказавшихся в трудной ситуации. От нас необходимо поведение разъяснительной работы, что мы и стараемся осуществить в рамках таких мероприятий, как Дни Министерства в регионах. При этом, мы также рассчитываем и на активность населения в изучении возможностей, предлагаемых государством. В этом плане Мангыстауская область является для нас весьма важным регионом, в котором мы рассчитываем привлечь в правительственные программы множество людей».На совещании с работодателями региона было отмечено, что высокие показатели рождаемости, миграционный прирост населения оказывают определенное влияние на ситуацию в целом на рынке труда области. Регион один из самых молодых - 2 позиция по республике. Средний возраст жителя области составляет 27,6 лет.В области сохраняется тенденция устойчивого роста экономически активного населения с 261,8 тыс. чел. на начало 2015 года до 280,1 тыс. чел. за 1 квартал 2017 года или на 18,3 тыс. чел. (рост 107 %). Численность занятого населения выросла на 17,7 тыс. чел. По структуре занятости в регионе преобладает наемный труд с незначительной долей самостоятельной занятости населения. Снижен уровень безработицы с 5,1 % в 2015 году до 4,9 % за 1 квартал 2017 года, уровень молодежной безработицы c 5,6 % (на начало 2015 года) до 4,2 % за 1 квартал 2017 года.Из числа охваченных трудоустроены на постоянные рабочие места в 2015 году – 4394 чел. или 43,1 %, в 2016 году – 7406 чел. или 53,6 %, что свидетельствует о повышении эффективности мер занятости. На 1 августа 2017 года на постоянные рабочие места трудоустроены 3986 человек или 69%.Среди населения растет доверие к органам занятости региона: за период с 2015 года в региональные центры занятости обратилось 60,5 тыс. чел., а за период 2013-2014 годы – только 28,5 тыс. чел. Во время визита Светлана Жакупова также проинспектировала работу Центра обслуживания предпринимателей и Центра занятости г. Актау. После встреч с руководством РПП «Атамекен», микрофинансовой организации «Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства», с участниками Программы продуктивной занятости и т.д. был осуществлен выезд в Центр специальных социальных услуг. Также вице-министру труда и социальной защиты населения был продемонстрирован работа швейного цеха для женщин-инвалидов.На совещании с активом региона заместитель акима области Шолпан Илмуханбетова, заверила что акиматом Мангистауской области активно используются все инструменты государственных программ, во взаимодействии с региональной палатой предпринимателей «Атамекен» консолидированы усилия работодателей, субъектов малого и среднего бизнеса, направлены значительные бюджетные средства, а также приняты дополнительные меры по содействию развития предпринимательства. 26-27 мая 2017 года проведен Форум добровольного переселения в Мангистауской области с участием представителей регионов расселения - Северо-Казахстанской, Павлодарской, Восточно-Казахстанской областей и Мангистауской области. В рамках Форума в городах Актау, Жанаозен и Мунайлинском районе были организованы республиканская ярмарка вакансий, на которой было предложено более 3 500 вакансий для трудоустройства потенциальных переселенцев. По итогам Форума 169 семей изъявили желание переехать в регионы расселения.В 2017 году в рамках Программы добровольного переселения переехали 13 семей (57 чел.) в регионы расселения (4 семьи/17 чел. – в Павлодарскую, 2 семьи/10 чел. – в Костанайскую, 6 семей/26 чел. – в Восточно-Казахстанскую и 1 семья/4 чел. – в Северо-Казахстанскую области). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/15486?lang=kk
Ақмола облысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері бастау алды 10.04.2025
Бүгін, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері аясында, ведомстводағы бірқатар негізгі департаменттердің басшылық құрамы Ақмола облысының аудандарында өз жұмысын бастады. Атбасар, Бурабай, Целиноград және басқа да өңір аудандарының халқы мемлекет өмір сапасын жақсарту мақсатында азаматтарға ұсынып отырған мүмкіндіктер тұрғысында білікті мамандардан тікелей кеңес ала алады. Сонымен қатар, жұмысшылар құқығын қорғау мен әлеуметтік қолдау саласындағы тәжірибелі сарапшылардың көмегімен қалыптасқан түйткілдерді тарқатуға жол ашылмақ. Министрлік өкілдерінің алдына қойылған талап та сол, кеңес беруден тыс, аймақтағы жұмыспен қамту орталықтарының іс-қимылын жандандырып, әлеуметтік қызметтерді иемденудің тиімділігін көтеру жүктелген. “Бүгінде біз әлеуметтік көмек көрсетудің күрделі өзгеріс кезеңдерін бастан кешудеміз. Себебі, қазіргі уақыттағы әлеуметтік-еңбек қатынастары үлгісіне өнімді жұмыспен қамтуды ынталандыру, масылдықтан арылу бағыттары арқау болуы тиіс. Жұмыспен қамту мен әлеуметтік қамту міндеттері біртұтас күйге еніп, адамдардың өзіндік әлеуетін іске асыруға жан-жақты жағдай жасағаны жөн. Мәселен Үкімет кедейлік шектен шығып, лайықты тіршілік ету үшін еңбек нарығына қажет мамандықтар мен сан қырлы бизнес қағидаларына оқытуды қамтамасыз етіп, жеке іс ашуға жәрдем танытуда. Сондықтан елімізде тағдырына жауапты қарап, тәуекелге бекінгендерді қолтықтан демейтін қолайлы ахуал орнатылған. Осы орайда шалғайда жатқан елдімекендердегі жандардың біразы мемлекеттің олардың игі бастамаларын демеп жіберуге әзір екенін білмейтіні белгілі. Нәтижесінде еліміздің әр өңірінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндерін өткізу жайлы шешім қабылданды”, - деп түсіндіреді министр Тамара Дүйсенова. Алғашқы күні Еңбекмині қызметкерлері Ақмола облысының Есіл ауданында және Көкшетау қаласында болып, әлеуметтік көмек жүйесін жаңғырту, үш кезеңге болжанған зейнетақы жүйесінің артықшылықтары мәнісін байыптайды және жұмысшыларға еңбек заңнамасы мен ондағы олардың құқықтары туралы жеткізеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/15290?lang=kk
Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері өтеді 10.04.2025
29 маусым мен 1 шілде аралығы Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері өтіп, бұл уақыт аралығында облыс халқы министрлік басшыларынан тікелей кеңес ала алады.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің айтуынша, мұндай шаралар аумақтық жұмыспен қамту орталықтарына ақпараттық-насихаттық жұмысты ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсетуге жол ашады.“Бұл бірінші кезекте, жасы мен басқа да себептерге байланысты онлайн-ресурстардағы қызметтер мен ақпаратқа қол жеткізе алмайтын азаматтарымызға қатысты маңызды дүние болып отыр”, - дейді Тамара Дүйсенова.Азаматтармен кездесулерде зейнетақы мен жәрдемақыны біртіндеп көтеру, базалық зейнетақыны тағайындаудағы жаңа тәсіл ерекшелігі мәселелері жөнінде егжей-тегжейлі мәліметтер ұсынылатын болады. Сонымен қатар, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасындағы мүмкіндіктер көкжиегі өз алдына бөлек тарқатылады деп жоспарлануда. 1 шілде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың басшылығымен, жұмыс орындарын сақтау туралы қол қойылған меморандум қағидаларын сақтау жайлы жұмыс берушілермен, “Е-Халық” бағдарламасы аясында халыққа қызмет көрсету, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа сипатын енгізу, “Өрлеу” жобасы бағыттарына қатысты ауылдық округтер әкімдерімен кездесулер өткізіледі.Мүгедектер құқығын қорғау, мүмкіндігі шектеулі жандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және нысандарды мүгедектерге қолжетімді болатындай бейімдеу түйткілдері де мұқият сараланбақ. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін үкіметтік емес ұйымдармен және белсенді қоғамдық бірлестіктермен жүздесу кезінде әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту тұжырымдамасы талқыланбақ.Бұдан тыс, министрдің Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аудандарын аралап, жергілікті тұрғындардың мәселесін шешуде жастармен және ауылдық округтер активтері өкілдерімен кездесетіні көзделуде.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшылығы, еңбек заңнамасындағы қазақстандықтардың құқығы мен мемлекет тарапынан берілетін саналуан көмек түрлерін алу мүмкіндіктері жайлы өзекті мәліметтерді жеткізу мақсатында, өңірлерде қабылдаулар жүргізуді ұйғаруда. Сондықтан тиісті Министрлік күндері еліміздің барлық облысында өтпек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/15179?lang=kk
Астанада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің халық алдында есеп беру кездесуі өтті 10.04.2025
Астанада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің халықпен есеп беру кездесуі өтіп, оның барысында қазақстандықтар өздерін толғандырған көптеген сұрақтарға жауап алды. Атап өтерлік жайт, өзекті мәселелерге қатысты сауалдар Министрлік сайтында бұған дейін арнайы ашылған айдар арқылы бір ай бойы қабылданған еді.Өз баяндамасында Тамара Дүйсенова өткен жылы атқарылған жұмыс нәтижесіне мұқият тоқталып, алдағы уақытқа арналған жоспарлармен бөлісті.«2016 жылы 2 миллионнан астам адамды зейнетақымен қамсыздандыруға 1 трлн теңгеден артық қаржы қарастырылды. Базалық төлемді ескергендегі зейнетақының орташа мөлшері 55 117 теңгені немесе өткен жылдағы орташа жалақы деңгейінің 43,7%-ын құрады (бұл көрсеткіш Халықаралық еңбек ұйымында ұсынылған дәрежеге сәйкес келеді). 2017 жылдың 1 шілдесінен, Мемлекет басшысының нұсқауына сай, зейнетағы тағы орташа алғанда 20%-ға өседі», - деп атап өтті Министр. Сонымен қатар, 2016 жылы мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы 25%-ға жоғарылады. Бұл 690 мыңға жуық адамға қатысты жаңалық болды.Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту жалғасын тауып, нәтижесінде:- әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі артты;- балалар психоневрологиялық интернат-үйлеріне кезек жойылды;- қажетті қызметтер оны пайдаланушылардың тұратын жерлеріне жақын орналасты;- азаматтардың қызмет көрсететін ұйымдарды таңдай алуына жағдай жасалды.Қазіргі уақытта, арнаулы әлеуметтік қызметтерді 110 медициналық-әлеуметтік мекемелермен бірге, 106 үкіметтік емес ұйым көрсетіп, 6 мыңнан астам адам қамтылуда. 626 бала интернаттардан отбасыларына оралып, мұндай балалардың 693 анасы жұмысқа тұрғызылды.Азаматтардың әлеуметтік осал топтарына қосымша көмек көрсету мақсатында, республикалық бюджеттен өңірлерге нысаналы трансферт ретінде 7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.2017 жылдың 1 шілдесінен бала туғанға байланысты біржолғы жәрдемақы мөлшері 20%-ға ұлғаяды. Осылайша оның көлемі 86 222 теңгені төңіректеп, отбасыда төртінші және одан да көп бала дүние есігін ашқанда, 142 947 теңгеге жетпек. Қолға алынған шаралар елдегі демографиялық ахуалға оң септігін тигізді. Мысалға, 2003 жылы елде 248 мың бала дүниеге келсе, 2016 жылы 400,2 сәби жарық дүние есігін ашты.Тамара Дүйсенова қазіргі қолданыстағы үш жәрдемақының орнын басып, құжаттар қатарын үш есеге қысқартатын жаңа сипаттағы Атаулы әлеуметтік көмекті енгізу кезеңдерін егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті. 2018 жылдың 1 қаңтарынан жаңа үлгідегі АӘК сомасы қазіргі үш жәрдемақыға қарағанда орташа алғанда 25%-ға өспек. Бұл жерде еңбекке жарамды мүшелері бар аз қамтылған отбасыларға, Жұмыспен қамту бағдарламасына қатысқанда, мемлекеттен қосымша қолдау танытылмақ: - оқу шығындарын өтеу;- әлеуметтік жұмыс орындарындағы жалақының 35%-ын субсидиялау;- оқу орындарының түлектеріне жастар тәжірибесін төлеп беру;- яки шағын несие түріндегі көмек.Есептік кездесу кезінде еңбек пен көші-қон салаларының түйткілді тұстары да талқыға салынды.2016 жылы Қазақстанда азаматтық сала қызметкерлерінің еңбекақысын төлеудің жаңа жүйесі енгізілді. Жалақы білім беру саласында 29%, денсаулық сақтау саласында 18%, әлеуметтік, мәдени және өзге де салаларда орташа алғанда 35% өсіп, барлығы миллионнан астам адам қамтылды.Жаңа Еңбек кодексін іске асыру барысында, былтыр, кәсіпорындарда 11 мыңнан астам еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғауға арналған өндірістік кеңес пайда болды.Ұжымдағы еңбек дауларының алдын алу мен шешімін табуға қатысты өңірлік және салалық кеңестердің іргетасы қалануда. Дауларды сотқа дейін шешу жайы кәдеге жарап, 2016 жылы бітімгерлер (медиатор) 778 кикілжіңді тарқата білді.Министрліктің араласуымен, 2016 жылы 6,8 млрд теңгелік қарыз төленіп, 48 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалды.2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, өндіріс нысандарын еңбек жағдайына қарай аттестаттауға талап күшейді. 2016 жылы 1,5 мыңға жуық отандық кәсіпорын еңбек қорғау мен қауіпсіздігі жөнінде халықаралық және ұлттық стандарттарды енгізді. Өндірістік жарақаттану да ұдайы азайып келеді.Ел ішіндегі көші-қон үдерісі жанданып, өңіраралық және аймақтық қоныс аудары жиілігі өсті. Соңғы үш жылда ішкі көші-қонға орташа алғанда 455 мың адам қатысты.ҚР Үкіметі, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында, 2016 жылы елге шетелдік мамандарды шақыруға экономикалық белсенді халықтың 0,7% көлемінде квота белгілеп, бұл 63 мың бірлікті құрады (2017 жылы 54 мың немесе 0,6%).Шетелдік жұмыс күшін тартқан 3 768 кәсіпорында 470,4 мың қазақстандық азамат істеп, бұл жұмысшылардың жалпы санының 94%-ын еншілеуде.“100 нақты қадам” Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында, заңда АҚШ, Канада, Австралия елдеріндегідей шетелден жоғары білікті мамандарды тартуға қолайлы жағдай жасау қарастырылған. Мысалға, 2017 жылдың 1 қаңтарынан, шетелдік жұмыс күшін тарту, өзіндік жұмысқа тұру және ішкі корпоративтік ауысу тәртібі өзгерді.Бүгінде, шетелдік мамандарды тарту мақсатында, алғаш рет салық алымдары енгізілді. 2017 жылдың 5 айында жергілікті атқару органдар тарапы Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту үшін 10 658 рұқсат құжатын рәсімдеп, жұмыс берушілер 3,2 млрд теңге көлемінде салық төледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/15153?lang=kk
Үздік әлеуметтік жоба атағына Қазақстан өңірлерінен 120 қатысушы үмітті 10.04.2025
Үздік әлеуметтік жобаны таңдауға арналған байқау аясында, ағымдағы жылдың маусым айы аяғына дейін, қызметі халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға бағытталған үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымдары, жеке тұлғалар және басқа да тараптар арасында аймақтық іріктеу сындары жүргізілуде.2017 жылғы 20 маусымдағы жағдай бойынша байқауға қатысуға 120-дан астам өтінім қабылданды. Үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу өлшемдері ретінде 6 бағыт анықталды. Олардың негізгілері: мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға оңалту іс-қимылдарын өткізу, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, жұмысқа орналастыру және өзге де шаралар.Өңірлерде үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу бойынша құрамына әкімдердің әлеуметтік сұрақтар жөніндегі кеңесшілері, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалдары, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Үйлестіру кеңесінің өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар кіретін комиссиялар құрылды. Өңірлік байқаулардың жеңімпаздары, ағымдағы жылдың қыркүйек айында Астанада өтетін “Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар” республикалық көрмесінде таныстырылатын болады. Осы орайда, тиісті көрме бастау алған 4 жылда, 495 әлеуметтік жоба бақ сынады.Жалпы еліміз бойынша әлеуметтік жобалар аясында қиын өмірлік жағдайға тап болған 250 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетілді.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанның барлық ізгі жанды азаматтарын үздік әлеуметтік жоба атағы сарапқа салынатын республикалық байқауға белсенді қатысуға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/15150?lang=kk