Мәдениет
«Roca group» компаниясының өндірістік жобалары талқыланды 03.09.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Roca Group» компаниясының басшысы Даниэль Эрнандеспен кездесті. Кездесуде санитарлық-техникалық бұйымдар зауытын салу және компанияның өндірістік жобаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.Биыл тамыз айында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың облысқа жұмыс сапары кезінде жыл соңына дейін смесительдер мен инсталляциялық жүйелерді құрастыру желісін іске қосу жоспарланғаны айтылған болатын. Қазіргі таңда құрастыру цехын орналастыру үшін «Панабек» және «Көлік құрылыс компаниясы» серіктестіктерінің өндірістік ғимараттары ұсынылды.Сонымен қатар «Панабек» серіктестігі санитарлық-техникалық бұйымдарды өндіруге қажетті металл инсталляцияларын әзірлеп, компания өкілдеріне таныстырды. Өнім сапасы «Roca Group» компаниясының талаптарына сәйкес келген жағдайда, жергілікті кәсіпкерлермен өзара тиімді әріптестік орнату мүмкіндігі қарастырылады. Жоба аясында жергілікті қамтуды арттыруға және компания өнімдерін өңірдегі құрылыс нысандарында пайдалануға басымдық беріледі.Атап айтқанда, әлеуметтік нысандарға, Президент саябағы аумағындағы бес және үш жұлдызды қонақүйлерге осы бұйымдар қолданылады.Облыс әкімдігі өңірдегі инвестициялық жобаларға және компанияға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1285124?lang=ru
Төмендету коэффициентін қолдануды қайта қарау ұсынылды 02.09.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Күн тәртібінде «Aksa Energy Qyzylorda» серіктестігіне төмендету коэффициентін қолдану мәселесі талқыланды.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қызылорда қаласында 240 МВт электр және 277 Гкал жылу энергиясын өндіретін жаңа жылу-электр орталығы салынды. Жобаға 215 млрд теңге инвестиция тартылып, нысан биыл толық пайдалануға берілді.Мамыр айында станцияда аттестаттау жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша 255 МВт электр қуаты расталды. Маусымның 23-інде «KEGOC» АҚ-ның 220 кВ электр желісіндегі жоспарлы жөндеу жұмыстары барысында апатқа қарсы автоматика жүйесі іске қосылып, бу турбинасының жұмысы уақытша тоқтатылды. Қазіргі уақытта турбина дайындаушы зауытқа жіберіліп, қалпына келтірілуде.Осыған байланысты Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы тарапынан төмендету коэффициенті қолданылуда. Соңғы үш айда аталған төлемдер бойынша шамамен 1,8 млрд теңге көлеміндегі айырма қалыптасты.Технологиялық бұзушылық сыртқы факторлардың әсерінен орын алған. Осыған байланысты «Aksa Energy» жобасына төмендету коэффициентін қолдану мәселесін қайта қарау, сыртқы факторлардың әсерінен бұзушылық болған жағдайда осы коэффициентті қолдану тәртібін нормативтік-құқықтық тұрғыдан жетілдіру ұсынылды.Бұл шаралар энергетикалық нысанның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге, инвестициялық жобаларды қолдау тетіктерін жетілдіруге және өңірдегі инвестициялық ахуалды қолайлы ете түсуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1284517?lang=ru
Қызылордада Сырдария өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің капсуласы салынды 28.08.2026
Бүгін Қызылордада Сырдария өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің капсуласын салу рәсімі өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.Шарада аймақ басшысы Сыр елінің бас шаһарының дамуына серпін беретін жобаларға тоқталды. Соның бірі – Сырдария өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы. «Астана» шағын ауданы мен Президент саябағын жалғайтын, қаламыздың жаңа сәулеттік келбетін айшықтайтын маңызды инфрақұрылымдық жоба Нұрлыбек Машбекұлының бастамасы болатын.«Жаңа көпір құрылысын тәжірибесі мол «Әлем Құрылыс» компаниясы жүргізеді. Ұзындығы – 319,4 метр, ені – 12 метр, жалпы құны 13 млрд теңгеге жуықтайды. Ені 3 метр жаяу жүргіншілер жолы және көпір бойында әрқайсысының ені бір жарым метр болатын екі веложолақ салынады.Биыл Қызылорда қаласының жол-көлік инфрақұрылымын дамыту үшін 38 млрд. теңгенің 23 жобасы іске асырылуда, 71 көше күрделі жөндеуден, қайта жаңғыртудан өтіп жатыр. Мәселен, «Бәйтерек» тұрғын ауданындағы оңтүстік магистралды канал арқылы өтетін жаңа көпір құрылысы толық біткенде, көлік қатынасы реттеледі. Торайғыров көшесінен «Қызылорда-Құмкөл» автожолына дейінгі Сағымбаев көшесіндегі қайта жаңғырту жұмыстары да аяқталуға жақын. Осылайша, жаңа көпір мен жаңартылған Сағымбаев көшесі «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізі мен Астана қаласынан келетін жолды түйістіретін үлкен әрі заманауи қақпаға айналады.Бұдан бөлек, Назарбаев даңғылы мен негізгі көшелер қайта жаңғыртылды. Тасбөгет кентіндегі Иманов, Бозғұл-1, Наурыз, Есенов көшелері кеңейді. Бұл игіліктер Президентіміз бен Үкіметтің қолдауының арқасында жүзеге асуда. Баршаңыздың ел дамуы, тұрғындарымыздың жайлы тұрмысы мен өскелең ұрпақтың жарқын болашағы жолындағы өрелі жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Шарада облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев сөз сөйлеп, құрылыстың капсуласы салынды.Бүгінде өңірді дамытудағы ілкімді істер жүйелі жүзеге асырылуда.Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Президент саябағы жаңа кейіпке енді. Осы аумаққа келушілердің қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін автожол және автотұрақ салынды.Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеттерін нығайту жұмыстары да қарқын алды. Дария жағалауына екі жолақты жаяу жүргінші және велосипед жолдары түсуде.Бұдан бөлек, жыл бойы үздіксіз қызмет көрсететін «Aй-Керім» оқу-сауықтыру орталығы ашылып, жерлестеріміздің қуанышы еселенді. Лагерь жанынан Ботаникалық бақ пайдалануға берілді. Бақ жасыл желектің бірегей түрлері өсетін, экологиялық мәдениеттің, білім берудің және ішкі туризмнің дамуына қызмет ететін, аймақ тұрғындары мен қонақтары жиі бас қосатын орынға айналды.Саябақты жалғайтын тоғыз қабатты 15 тұрғын үй кешені жақын арада пайдалануға беріледі. Тұрғын үй кешенінің жанынан бес жұлдызды және «Ибис» қонақ үйлері, 200 орындық перинаталдық орталық бой көтеріп келеді.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Президенттік кітапхана мен драма театрдың іргетасы қаланып, құрылысы жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1281980?lang=ru
2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы қаралды 25.08.2026
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы, сондай-ақ жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты. Үкімет отырысынан кейінгі мәжілісте күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланды. Аймақ басшысы 7 айдың қорытындысымен облыстың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері өскенін, барлық салада оң динамика қалыптасқанын атап өтті. «Дегенмен, тау-кен өнеркәсібінің 80 пайызға жуық үлесін құрайтын шикі мұнай өндіру жыл сайын төмендеуде. Өнеркәсіп саласындағы көрсеткіштерді орындаудың қосымша тетіктерін қарастыруымыз қажет. Бұл ретте жауапты басқарма қала, аудан әкімдіктерімен, жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, тиісті шара қабылдаңыздар. Құрылыс саласы бойынша Үкімет жеті айға бекіткен жоспар артығымен орындалды. Биыл мемлекеттік бюджеттен 106,5 млрд. теңге бөлініп, 140 жобаның құрылысы жүргізілуде. Бюджет есебінен және бюджеттен тыс салынып жатқан нысандардың айлық, тоқсандық, жылдық есебін толық ұсынуды тапсырамын. Бұдан бөлек, көлік және қоймалау көрсеткіші 16,4 пайызға артты.Үкімет бұл салаға 107 пайыз деңгейіндегі меже қойды. Жауапты басқарма көрсеткіштердің толық орындалуын қамтамасыз етуі қажет. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде 2027-2029 жылдарға арналған өңірдің даму болжамын бекітуіміз керек. Облыстық басқармалар, қала, аудан әкімдіктері, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына арналған жоспарды 1 қазанға дейін әзірлеп, бекітуге ұсыныңыздар.Жобалар тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, әлеуметтік-экономикалық әлеуетті арттыруға бағытталуы тиіс», – деді Мұрат Нәлқожаұлы. Биыл аймақтағы жылумен қамту нысандарын жаңғыртуға 5 млрд 500 млн теңге бөлінді. Бұл қаржыға 8,7 шақырым жылу желісі жаңғыртылып, №1 және 2 газтурбиналық қондырғыға күрделі жөндеу, 1,3 шақырым жылу желісі мен 1 қазандық, 1 турбина және 10 автономдық қазандыққа, негізгі және қосалқы қондырғыларға жөндеу жүргізілуде. Ал 7 млрд. 600 млн теңге 460 шақырым электр желілері мен 134 қосалқы станцияны жөндеуге бағытталды. Облыстағы 1 074 әлеуметтік нысанның дайындығы 98 пайыз. «Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, жұмыспен қамту басқармаларына қарасты ғимараттар жылу беру маусымына толық дайын болуы тиіс. Тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету мәселесі де өзекті. Қажетті көмірдің көлемі 80 мың тонна, тұрғындар үшін 68 мың тонна, ал әлеуметтік нысандар үшін 12 мың тонна керек. Жауапты басқарма, қала және аудан әкімдіктері, көмір қорын белгіленген мерзімде толық жасақтауды тапсырамын», – деді аймақ басшысы. Мәжілісте оқушылардың жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі де талқыланды. Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Ермахан Адрамановтың айтуынша, облыстағы 962 білім беру ұйымы жол желісіне жақын орналасқан. Осыған байланысты білім беру ұйымдарының маңына заманауи талаптарға сай жол белгілері мен жол таңбаларын орнату ұсынылды. Сонымен қатар жаңа оқу жылының басталуына байланысты көлік ағынының артуы ескеріліп, қала орталығындағы көшелерге қосымша жол қозғалысын реттейтін құрылғылар қою жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1279620?lang=ru
“Lotus Fest-2026”: 94 адам Run марафонына қатысты 15.08.2026
“Lotus Fest-2026” фестивалі аясында Run марафоны өтті. Жарысқа 94 адам қатысып, 3 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.Қатысушылар арасында ең үлкені - 82 жастағы қария. Жарысқа әр жастағы тұрғындардың қатысуы бұқаралық спортқа деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетті.Финалға бірінші боп жеткен қатысушы Диар Куспанов марафоннан алған әсерімен бөлісті.- Мен марафонды бірінші боп аяқтадым. Сәл қиын болды, бірақ әсері өте керемет. Марафонды жүгіріп өткен әрқайсысы ерекше әсер алды деп ойлаймын. Алғашқы Run марафоны құтты болсын,- деді ол.Қатысушылар үшін бұл тек спорттық сайыс емес, табиғат аясында уақыт өткізіп, жақсы көңіл-күй сыйлаған ерекше шара болды. Марафон соңында барлық қатысушы өз межесін бағындырып, фестивальдің мерекелік атмосферасын жалғастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1274689?lang=ru
Атырауда Lotus Fest – 2026 фестивалі басталды 15.08.2026
Атырау облысының Құрманғазы ауданында табиғаттың ерекше көркі – лотос гүлінің гүлдеу кезеңіне арналған Lotus Fest – 2026 фестивалі өз жұмысын бастады.Екі күнге жоспарланған фестивальге аудан тұрғындарымен қатар, еліміздің әр өңірінен келген қонақтар мен шетелдік туристер қатысуда. Фестиваль алаңына алғашқы сағаттардың өзінде 2 мыңға жуық адам жиналды.Мерекелік шара аясында қонақтарға мәдени-көпшілік бағдарламалар, ұлттық спорт жарыстары, қолөнер жәрмеңкесі, ұлттық тағамдар, балаларға арналған ойын-сауықтар мен концерттік бағдарлама ұсынылады. Фестивальдің арнайы қонағы ретінде танымал қазақстандық әнші Қуандық Рахым өнер көрсететін болады.Фестивальдің басты ерекшелігі – қонақтардың Қиғаш өзені бойымен қайықпен серуендеп, табиғи жағдайда гүлдеген әсем лотос алқабын тамашалау мүмкіндігі.Lotus Fest – 2026 Атырау облысының туристік әлеуетін танытып, Құрманғазы ауданының бірегей табиғи мұрасын насихаттауға және экотуризмді дамытуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1274687?lang=ru
Қиғаш өзенінің бойындағы «Lotus Fest» фестивалі басталды 15.08.2026
15–16 тамыз күндері Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Теңіз ауылдық округінде ерекше табиғат аясында өтетін «Lotus Fest» фестивалі өз жұмысые бастады.Фестиваль қонақтарын туристік сайыстар, «Lоtus Run» марафоны, балалар ойын алаңы, эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерттік бағдарлама,фотозоналар,сауда саттық павилиондары, қолөнер жәрмеңкесі, фуд корттар күтеді.Ең бастысы – Қиғаш өзенімен қайықпен серуендеп, табиғаттың сирек кездесетін ғажайыбы – әсем лотос гүлдерін тамашалау мүмкіндігіне ие болады. «Lotus Fest» – табиғат, мәдениет және ұмытылмас әсерлер тоғысқан ерекше фестиваль болады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1274679?lang=ru
Қоғамдық тұрақтылықты сақтау бағытында атқарылған жұмыстар талқыланды 14.08.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады.Кездесуде өңірдегі қоғамдық тұрақтылықты сақтау және діни ахуалды одан әрі жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.«Сыр өңірі – тарихы терең, қазақы болмысы сақталған қасиетті өлке. Бүгінде елімізге адал қызмет етіп жүрген дін қызметкерлерінің нәтижелі жұмысының арқасында аймақтағы діни ахуал тұрақты.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өңірде небәрі 14 мешіт болса, бүгінде олардың саны 195-ке жетіп, тұрғындардың игілігіне қызмет етуде. Бұдан бөлек, облыста 6 мешіттің құрылысы жүргізілуде. Олардың үшеуі бір мезетте 1000-ға жуық адамды қабылдай алады.Кәсіпкерлердің демеушілігімен бой көтеріп, бүгін ресми түрде ашылған Тасбөгет кентіндегі мешіт те осы қатарда. Сонымен бірге Арал мен Байқоңыр қалаларында салынып жатқан екі ғибадат үйі де жуық арада ел игілігіне берілмек.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесіне ерекше мән беріп келеді. Бүгінде өкілдік қызметкерлерінің басым бөлігі – жас әрі жоғары білімді мамандар. Бұл – аймақ жастарының сапалы әрі дұрыс діни ақпарат алуға деген сұранысының артып келе жатқанын көрсетеді.Бүгінде әкімдік пен құқық қорғау органдарының қызметкерлері «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қала, аудан және шалғай елді мекендердегі тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізеді. Жат ағымдардың алдын алу және олармен күресуде тиісті шаралар ұйымдастырады. Бұл жұмыстарды одан әрі жандандыруда Сіздердің қолдауларыңыздың маңызы зор.Екі тараптың бірлескен оң бастамалары қоғамдық тұрақтылықты нығайтып, егемен еліміздің бірлігі мен тұтастығын сақтауға берік негіз болады деп сенемін», – деді аймақ басшысы.Өз кезегінде Бас мүфти діни тұрақтылықты сақтаудағы жұмыстарға оң бағасын беріп, бірлескен бастамалар үшін ризашылығын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1274400?lang=ru
Оңтүстік Кореямен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі 12.08.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен Оңтүстік Кореямен ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелеріне арналған жиын өтті.Екі ел арасындағы достық қарым- қатынас пен стратегиялық серіктестік өңіраралық байланыстарды дамытуға оң әсерін тигізді. Әсіресе, инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу, озық технологияларды қолданысқа енгізу бағытында өз нәтижесін беріп келеді. Өткен жылы Қызылорда облысы мен Корея Республикасы арасындағы өзара тауар айналымының көлемі 1,2 млн АҚШ долларына жетіп, өсім көрсеткіші артқан. Мемлекет басшысы елімізде шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу туралы тапсырма бергені белгілі. Осыған сәйкес, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің базасында Оңтүстік Кореяның SeoulTech университетінің Жасанды интеллект мектебі ашылды.Бүгінде еліміздегі алғашқы жасанды интеллект мектебінде 225 студент білім алуда. Алдағы оқу жылында тағы 128 студент қабылданады. Сонымен қатар, шикізат өндірісін ұлғайту мақсатында кореялық компаниялармен келіссөздер жүргізілуде.Атап айтқанда, витражды терезе өндірісін жолға қою және сауда-логистикалық орталық құру туралы бірқатар ұсыныс қарастырылып жатыр. Аталған жобаларды инвестициялық әлеуеті жоғары Қорқыт Ата арнайы экономикалық аймағында орналастыру көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1273077?lang=ru
Биыл «LOTUSFEST-2026» фестиваліне 10 мыңға жуық қонақ келеді деп күтілуде 11.08.2026
15-16 тамыз күндері Құрманғазы ауданының Теңіз ауылында «LOTUSFEST-2026» фестивалі өтеді. Былтыр алғаш рет ұйымдастырылған фестивальге 5 мыңға жуық турист келген. Биыл олардың саны екі есеге артып, 10 мыңға жуық қонақтың қатысуы күтілуде, - - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.Екі күнге жоспарланған фестиваль аясында эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттер ұйымдастырылып, спорттық жарыстар мен түрлі ойын-сауық бағдарламалары өтеді.Фестивальдің алғашқы күнінде облыстық туристік жарыс ұйымдастырылады. Қатысушылар фестиваль аумағында түнеп, келесі күнгі бағдарламаға қатысады.15 тамызда «LOTUS FLOTILLA» қайықтар шеруі өтіп, «LotusRUN» марафоны ұйымдастырылады. Марафоншылар Жамбыл ауылынан фестиваль өтетін аумаққа дейін жүгіреді. Одан кейін фестивальдің ресми ашылу салтанаты өтеді.Ашылу бағдарламасында театрландырылған композиция, этно-фольклорлық және хореографиялық ұжымдар мен қазақ эстрадасының әншісі Қуандық Рахым өнер көрсетеді.Ал кешкі гала-концертте «MELOMEN» тобы, BYTANAT, АЛХАМ, TURAR және Н. Жантөрин атындағы облыстық филармония өнерпаздарының қатысуымен гала-концерт өтеді.* Фестивальдің екінші күнінде де мерекелік бағдарлама жалғасады. Онда Еркебұлан Құмар, Ғаділбек Жанай, НҰРЛАН мен МҰРАТ және «Заман» тобының өнерін тамашалауға болады, - деді Теңіз ауылының әкімі Мұрадым Мұзафар.Фестиваль аумағында фотозоналар, балаларға арналған ойын алаңы, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі, сауда павильондары мен фуд-корт жұмыс істейді. Қонақтар қайықпен серуендеп, табиғат аясында демала алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1272205?lang=ru
Қаржы министрлігінің белсенді жұмысы: қателіктердің алдын алу мақсатында салықтық және кедендік тексерулердің сапасы талқыланды. 06.08.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде салық және кеден аудиттерінің сапасын арттыруға және оларды жүзеге асыру кезіндегі қателіктердің алдын алуға бағытталған кеңес өтті. Кеңес Қаржы министрлігінің құқық қорғау тәжірибесін жетілдіру және бұзушылықтар санын азайтып, мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыратын бірыңғай тәсілдерді әзірлеу бойынша белсенді күш-жігерінің бөлігі болды. Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың төрағалығымен өткен іс-шара 2026 жылдың 3 тамызында Мемлекеттік кіріс комитетінде өтті. Күн тәртібінде салық және кеден аудиттерінің сапасы, сондай-ақ олардың шағымдарының нәтижелері талқыланды. Іс-шара Мемлекеттік кіріс комитетінің орталық аппараты мен салық және кеден аудиттерін тікелей жүргізетін аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерінің қатысуымен бейнеконференция арқылы өтті. Қаржы министрлігінің белсенді күш-жігерінің бөлігі ретінде жүйелік қателіктердің алдын алуға және аудит тәжірибесін жетілдіруге ерекше назар аударылды. Кеңестің негізгі мақсаты салық және кеден заңнамасын қолдануға бірыңғай тәсілдерді әзірлеу, сондай-ақ аудит нәтижелерінің күшін жоюға әкелетін себептерді жою болды. Қаржы министрлігінің Апелляциялық департаментінің директоры Серік Айсин Апелляциялық комиссияның шағымдарды қарауы кезінде анықталған ең көп таралған бұзушылықтардың талдауын ұсынды. Сенімсіз салық төлеушілермен есеп айырысу, салық және кеден заңнамасын қолдану және тауарларды жіктеу мәселелері талқыланды. Қатысушылар 2026 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген жаңа Салық кодексінің ережелерін, соның ішінде ҚҚС қайтару рәсімін жеңілдетуге бағытталған түзетулерді дұрыс қолдануға ерекше назар аударды. ҚҚС қайтарудың жаңа ережелерін қолдану да талқыланды. Мемлекеттік кіріс комитетінің өкілдері аудит сапасын жақсарту бойынша қабылданған шаралар, соның ішінде соттық қарауды қолдану, алдын ала аудит нәтижелері бойынша салық төлеушілердің жазбаша дәлелдерін қарау рәсімін оңтайландыру және іс-қимылдар тізбегін бақылаудың автоматтандырылған тетіктерін енгізу, рәсімдік мерзімдерді сақтау және Әкімшілік іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес құжаттарды жеткізу кезеңдерін тіркеу туралы хабарлады. Кеңесті қорытындылай келе, Қаржы министрінің орынбасары аудиторлардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту бойынша жүйелі күш-жігерсіз, үнемі оқытусыз, ұйымдастырушылық және мотивациялық іс-шараларсыз аудит қызметінің сапасын жақсарту мүмкін емес екенін атап өтті. Мұндай кездесулер бұзушылықтардың алдын алуға, салық және кедендік тексерулер кезіндегі қателіктер санын азайтуға, бірыңғай құқық қорғау тәжірибесін дамытуға және салық төлеушілердің құқықтарын қорғауды арттыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1270100?lang=ru
Cексеуіл теміржол вокзалы пайдалануға берілді 29.07.2026
Бүгін Арал ауданындағы Сексеуіл теміржол вокзалының ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Батырхан Базарбаев, сала ардагерлері, ел ағалары және кент тұрғындары қатысты.Рәсімде облыс әкімінің орынбасары Мемлекет басшысының еліміздегі теміржол вокзалдарын жаңғырту тапсырмасы өңірде кезең-кезеңімен жүзеге асып жатқанын атап өтті.-Өткен жылы Қызылорда теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өткізіліп, іргелес аумағы абаттандырылды. Қалған жеті вокзал мен екі қызмет көрсету пунктін күрделі жөндеу және қайта жаңғыртуға 10 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Жақында ғана Жаңақорған, Шиелі және Қазалы теміржол вокзалдары ел игілігіне берілді. Сонымен қатар, Талап бекетіндегі жолаушылар платформасы қайта жаңғыртылды.Бүгін Сексеуіл кентіндегі 1 млрд 360 млн теңгеден астам қаржыға салынған, аумағы 9 129 шаршы метр жаңа теміржол вокзалының ашылуына куә болып отырмыз. Бұл – аймақ үшін маңызы зор жобалардың бірі. Баршаңызды жаңа вокзалдың пайдалануға берілуімен шын жүректен құттықтаймын, – деді Бахыт Дүйсенұлы.Шарада Батырхан Базарбаев құттықтау сөз сөйлеп, сала ардагері Орынбай Оразаев ақ батасын берді. Теміржол саласының дамуына үлес қосып жүрген қызметкерлер мен вокзал құрылысын сапалы жүргізген мердігер мекеме өкілдері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың бастамасымен 2025 жылы құрылысы басталған Сексеуіл теміржол вокзалы бүгінде толық аяқталып, пайдалануға беріліп отыр.Жаңа вокзал тәулігіне 281 жолаушыға қызмет көрсетеді. Барлық заманауи талаптарға сай жоғары сапалы жабдықтармен қамтылған. Ана мен бала бөлмесі, медициналық пункт, жүк сақтау қоймасы, күту залы және санитарлық-тұрмыстық орындар қарастырылған.Бүгінде облыс арқылы халықаралық және өңіраралық бағыттарда 15 жолаушылар пойызы өтеді. Оның ішінде облыс орталығынан Астана, Петропавл, Павлодар, Көкшетау, Семей және Түркістан қалаларына қатынайтын 6 жолаушылар пойызы қызмет көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1265507?lang=ru
Қызылорда облысындағы Ақжарма елді мекені тұрғындары табиғи газ тұтына бастады 23.07.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов және зиялы қауым өкілдері Сырдария ауданына жұмыс сапары кезінде Ақжарма ауылына газ қосу рәсіміне қатысты. Салтанатты шарада аймақ басшысы ауыл тұрғындарын көптен күткен игіліктің іске асуымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. «Мемлекет басшысы ауылдарға инфрақұрылым жеткізуге ерекше көңіл бөлуде. Бүгін Сіздер көптен күткен, ауыл халқының тұрмыс-тіршілігіне жаңа тыныс беретін табиғи газ қосуға жиналдық. Бұл жобаға бюджеттен 1,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Өткен жылы Нағи Ілиясов, Шаған ауылдарына газ қосылып, ел игілігін көруде. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. Егемен еліміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!», - деді аймақ басшысы. Шарада тыл ардагері Өмірбек Сағындықов сөз сөйлеп, аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан және газ тарту жұмыстарын сапалы әрі мерзімінде жүргізген мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Рәсімнен кейін аймақ басшысы ауыл тұрғындарының үйлеріне барып, естелік сыйлық табыстады. Өңірде 2022 жылдан бері 65 млрд. теңгеден астам қаржыға 77 газдандыру жобасы жүзеге асты. Нәтижесінде облыс халқын газдандыру деңгейі 83 пайыз болды. Биыл жыл соңына дейін 10 елді мекенге көгілдір отын қосылып, қамту деңгейі 85 пайызға жеткізіледі. Жақын күндері Сырдария ауданына қарасты Шіркейлі, Қоғалыкөл және Бесарық ауылдарын газдандыру басталады. Сапар барысында аймақ басшысы Ақжарма, Шаған, Іңкәрдария, Нағи Ілиясов, Шіркейлі ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Онда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтылып, жиналған жұртшылық ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1262747?lang=ru
Тау-кен өнеркәсібін дамыту жобалары қаралды 21.07.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Liaoning Hongda Group» директорлар кеңесінің төрағасы Тан Цзюганды және аталған компанияның өкілдерін қабылдады.Кездесуде облыс әкімі компанияның Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға қосып отырған үлесін жоғары бағалап, Жаңақорған ауданында іске асырылатын жалпы құны 1,3 млрд АҚШ доллар болатын қорғасын-мырыш тау-кен байыту кешендері жобасының өңір үшін стратегиялық маңызын атап өтті.Жоба аясында екі карьер, екі тау-кен байыту фабрикасы және кейіннен металлургиялық зауыт салу жоспарланған. Өңір басшысы облыс әкімдігі тарапынан жоба «Жасыл дәліз» тетігіне енгізілгенін айтып, оны іске асыру барысында қажетті әкімшілік қолдау көрсетілетінін, жан-жақты сүйемелденетінін жеткізді.Өз кезегінде компания басшылығы жобаны іске асырудың қазіргі кезеңі, инфрақұрылым жеткізу және металлургиялық зауыт құрылысына дайындық бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.Кездесу қорытындысында тараптар инвестициялық жобаларды уақытылы әрі тиімді іске асыру бағытындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.Айта кетейік, бүгінде компания Жаңақорған ауданында кен орнын игеру бағытындағы жобаның алғашқы кезеңін бастап, онда 260 жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Бұл – өңірдің әлеуметтік-экономикалық, өндірістік әлеуетін арттырудағы маңызды жоба. Тау-кен саласын өркендетудегі бастамалар табысты әрі жүйелі жүзеге асып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1260964?lang=ru
Заманауи сауда-ойын-сауық орталығын салу мәселесі талқыланды 20.07.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Казстройподряд» ЖШС құрылтайшысы, «TUKİB» түрік-қазақ кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Аталай Хикметті қабылдады.Тараптар облыс орталығында заманауи сауда-ойын-сауық орталығын салу жобасын талқылап, алдағы жоспарларды бірлесіп жүзеге асыру жайын қарастырды.«Өткен аптада Қызылорда облысына арнайы келіп, өңірдің инвестициялық әлеуетімен танысқаныңыз үшін Сізге алғысымды білдіремін. Сол жолы заманауи сауда-ойын-сауық орталығын салуға қатысты жоспарды жан-жақты талқылаған болатынбыз.Баршамызға белгілі, «Казстройподряд» – халықаралық деңгейде танылған, күрделі құрылыс жобаларын табысты жүзеге асырып келе жатқан бірегей компания. Сіздердің мол тәжірибелеріңіз Қызылорда қаласында заманауи сауда-ойын-сауық кешенін салуға мүмкіндік береді деп сенеміз.Облыс әкімдігі жер телімі, қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және мемлекеттік органдармен келісу рәсімдеріне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын», – деді аймақ басшысы.А.Хикмет өңірде инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасалғанын атап өтіп, қолдау үшін алғысын білдірді.Айта кетейік, «Казстройподряд» ЖШС – 2005 жылы құрылған отандық құрылыс компаниясы. Негізгі қызметі – заманауи құрылыс индустриясын дамыту, жоғары сапалы әрі сенімді стандарттарды қалыптастыру. Компания осы уақытқа дейін сауда-ойын-сауық орталықтарын, кеңсе ғимараттарын, заманауи тұрғын үй кешендерін, қонақ үйлерді, білім беру ұйымдарын, спорт кешендерін және болат конструкциялардан тұратын түрлі нысандарды салған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1260799?lang=ru
Жылу беру маусымына дайындық пысықталды 17.07.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен Қызылорда қаласында бой көтерген жаңа жылу-электр орталығының жұмысымен танысты. 240 мегаватт электр, 277 гигакалория жылу энергиясын өндіретін орталық құрылысына түркиялық «AksaEnergy» компаниясы 215 млрд теңге инвестиция салды.Жоба аясында қуаттылығы 185 мегаватт 3 газ турбиналық қондырғы, 55 мегаваттық 1 бу турбинасы, 3 бу және 2 су жылыту қазандығы орнатылған. Жаңа орталықты тамыз айында толық іске қосу жоспарлануда.Бұдан кейін облыс әкімі «Қызылордажылу-электр орталығына» барды. Қазіргі мұндағы жылу энергия көздерінің 85 пайызы,жылу желілерінің 40 пайызы тозған. Станция 67 мегаватт электр, 355 гигакалория жылу энергиясын өндіреді. Жалпы алдағы жылу беру маусымына дайындыққа 5,5 млрд теңге қаржы бөлу жоспарланған. Бұл қаражат есебінен 8,7 шақырым жылу желісін жаңғырту жобасы аяқталып, №1 және №2 газ турбиналық қондырғыларға күрделі жөндеу жүргізіледі. Сонымен қатар, 1,3 шақырым жылу желісі, 1 қазандық, 1 турбина, 10 автономды қазандық, негізгі және қосалқы жабдықтар жөнделеді.Облыс әкімі «Қызылорда электр тарату тораптары» мекемесіне де барды. Мекемеге қарасты 10 608 шақырым электр желісі, 2 058 қосалқы станция бар, ал трансформаторлардың жалпы қуаты 1 350 мегаватт.Тұрғындардың қалыпты тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандарды аралау қорытындысымен жауапты сала жетекшілеріне тапсырмалар берілді. Олар – алдағы жылу беру маусымына дайындықты уақытылы, сапалы жүргізу, тұтынушыларға электр энергиясын тұрақты жеткізу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1259746?lang=ru
Инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды 16.07.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы Бас консулы Сёке Сабольчпен кездесті. Кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.Облыс әкімі Қазақстан мен Мажарстанды тарихи-мәдени байланыстар мен өзара сенімге негізделген серіктестік қатынастар біріктіретінін атап өтіп, Мемлекет басшыларының тұрақты кездесулері екіжақты ынтымақтастықтың нығаюына серпін бергенін жеткізді.–Аймағымызға қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс білдіремін. Бізді ресми құжаттар ғана емес, ортақ тарихи-мәдени тамырымыз, дәстүрлеріміз байланыстырады.Инвестициялық ынтымақтастық бағытында да маңызды қадам жасалуда. «UBM Group» компаниясы еліміздің бірқатар өңірінде белсенді жұмыс істейді. Компания жобаның екінші кезеңіне өтіп, тағы екі құрама жем зауытын салуды көздеп отыр. Қазіргі уақытта осы екі зауытты орналастыру мәселесі талқыланып жатқандықтан, оның біреуін Қызылорда облысында салуды ұсынамыз. Өйткені ауыл шаруашылығы – өңірлік экономиканың негізі, – деді аймақ басшысы.Айта кетейік, республикадағы күріш пен ас тұзы өндірісінің 90 пайыздан астамы Қызылорда облысының үлесіне тиесілі. Кейінгі жылдары мал және құс шаруашылығы, сүт өндірісі қарқынды дамып, құрама жемге деген сұраныс тұрақты өсіп келеді.Бүгінде «Harvest Agro» компаниясының қатысуымен ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Бұл жылына 150 мың тонна жүгері мен 40 мың тонна соя өндіруге мүмкіндік береді және құрама жем өндірісінің өзіндік құнын төмендетуге ықпал етеді.Өңірде 1,3 миллионнан астам мал басы тіркелген. Ал көршілес Түркістан, Ақтөбе және Ұлытау облыстарының әлеуетін ескерсек, 12 миллионнан асады.Облыстың географиялық жағынан қолайлы орналасуы, дамыған көлік-логистикалық инфрақұрылымы, арнайы экономикалық аймақтың және инженерлік инфрақұрылым тартылған алты индустриялық аймақтың болуы инвестициялық жобаларды тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1258359?lang=ru
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында республикалық бюджет кірістері 100,6%-ға орындалды 15.07.2026
Биылғы бірінші жартыжылдықта республикалық бюджеттің кірісі 100,6% орындалды ҚР Үкімет отырысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы бюджеттің орындалу нәтижелері қаралды. Алты айда атқарылған жұмыс қорытындысы туралы ҚР Қаржы министрінің м.а. Ержан Біржанов айтып берді. Айталық, трансферттерді есептемегенде республикалық бюджеттің кірісі 8,5 трлн теңгеге жетіп, жоспар 100,6% орындалды. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда кіріс көлемі 1,7 трлн теңгеге немесе 24,6% ұлғайды. Салық түсімдері 8,3 трлн теңгеге жетіп, жоспар 100,3% артты. 2025 жылдағы бірінші жартыжылдықпен салыстырғанда олардың көлемі 29% асты немесе 1,9 трлн теңгеге көбейгенін айта кету керек. Кірістердің өсіміне сыртқы нарықтағы жайлы экономикалық ахуал мен сыртқы саудадағы белсенділіктің нығаюы, сондай-ақ салық базасының кеңеюі мен салық және кеден саласындағы басқару тиімділігінің артуы әсер етті. Қаржы министрлігінің қызметіндегі басымдыққа ие бағыттардың бірі – экономиканың ашық секторын кеңейту. Мәселен, «Халық бухгалтері» акциясы аясында 61 мыңнан астам салық төлеушіге консультациялық көмек көрсетілді. «Таза парақтан» бастамасы аясында 19 мың шағын және микробизнес субъектісінің 9,3 млрд теңге көлеміндегі өсімпұлы мен айыппұлы есептен шығарылды. Сонымен қатар осы кезеңде шамамен 546 мың жеке тұлға тіркеуге алынып заңдастырылды. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды қоса алғанда, бизнес субъектісінің көлемі жыл басынан бері 499 мыңнан асып, 2,9 млн-ға жетті. Қосылған құн салығын төлеушілердің қатары 22,3 мыңға артып, 158,2 мыңдай болды. Бұдан бөлек Үкімет 2026–2028 жылдарға арналған көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарды бекітті. Кедендік инфрақұрылымды жаңғырту және кедендік рәсімдерді цифрландыру бағытындағы жұмыстар да оң нәтиже беріп келеді. Жаңғыртылған өткізу пункттерінен өткен автокөлік құралдарының саны былтырмен салыстырғанда 18% ұлғайып, шамамен 900 мыңға жетті. Кеден төлемдері 2,4 трлн теңгеге артып, 2025 жылмен салыстырғанда өсім 400 млрд теңгеге асқаны байқалған. «Өткізу пункттерін жаңғырту бюджет кірісін ұлғайтып, адал бизнеске жайлы жағдай қалыптастыруға және еліміздің транзит әлеуетін нығайтуға мүмкіндік берді. Келесі кезеңде кедендік процестерді одан әрі цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын енгізу жұмыстары жалғасады», деді Ержан Ерікұлы. Мемлекеттік бюджет шығыстары 98,2%, ал республикалық бюджет шығыстары 99,6% орындалды. Зейнетақы мен жәрдемақыға 3,6 трлн теңге, өңірлерді қолдауға 3 трлн теңге, нақты секторды қолдауға шамамен 1,3 трлн теңге бағытталды. Мемлекеттік аудиттің тиімділігін арттыру жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл 1,8 трлн теңге көлемінде бюджет қаражатын қамтыған 541 аудиторлық іс-шара өткізілді. Нәтижесінде 456 млрд теңгеге қаржылық кемшілік анықталып, шамамен 318 млрд теңге көлеміндегі бұзушылық жойылды. Бұған қоса мемлекеттік аудит саласында SMART AUDIT QAZAQSTAN біртұтас аналитикалық платформасы әзірленіп жатыр. Әлеуметтік саланы цифрландыруға да ерекше мән берілген. Бүгінде мемлекеттік және жекеменшік мектептердің 78% цифрландырылды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы қаржыландырылатын барлық медициналық ұйым Qalqan бірыңғай порталына қосылды. Қаржы министрлігі мемлекеттік қаржы жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету, бюджеттің кірісін нығайту мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы іске асыру бағытындағы кешенді жұмысты жалғастыратын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1257600?lang=ru
Өңірде уран өндірісін дамыту мәселелері талқыланды 15.07.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповпен кездесті. Кездесуде өңірдегі уран өндіру саласының қазіргі ахуалы, өндірістік жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды.Аймақ басшысы компанияның әлемдік уран нарығындағы, Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін нығайтудағы орнын атап өтті.«ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниялар тобы біздің облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады. Өңірде уран өндіру жылдар бойы тұрақты дамып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндірістік әлеуетті арттыруға және жергілікті экономиканың дамуына елеулі үлес қосып келеді. Бұл бағыттағы өзара тиімді әріптестік алдағы уақытта да жалғасатынына сенім білдіремін», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Бүгінде аймақта уран өндірумен «ҚазАтомӨнеркәсіп» құрамындағы еншілес кәсіпорындар айналысады. Олар – «Байкен-U», «Тураниум», «Семізбай-U» және «РУ-6» серіктестіктері. Өңдеу өнеркәсібінің құрылымында металлургия саласының үлесі 39,4%.Басқосуда тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бірлескен жобаларды жалғастыруға дайын екендігін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1257580?lang=ru
«Конституция – азаматтық қоғамды дамытудың құқықтық іргетасы» тақырыбында облыстық форум өтті 15.07.2026
Бүгін «Достық үйінде» облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, зиялы қауым өкілдері, өңірдегі үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, басқарма және департамент басшылары, жастар ұйымдары, азаматтық қоғам белсенділерінің қатысуымен «Конституция – азаматтық қоғамды дамытудың құқықтық іргетасы» тақырыбында облыстық азаматтық форум өтті.Форумда жаңа Конституция аясында азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыру, мемлекет пен қоғам арасындағы сындарлы әріптестікті нығайту және қоғамдық диалог мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды.«Халықты ортақ мақсатқа жұмылдырып, үкіметтік емес ұйымдарды қоғамдық маңызы бар бастамаларға кеңінен тарту – мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыратын әрі қоғам мен билік арасындағы өзара сенімді нығайтатын озық тәжірибе.Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа арнаған Жолдауында: «Азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ, аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет» деп атап өткен болатын.Өңіріміздегі азаматтық қоғам институттары мемлекеттік бастамаларды іске асыруға белсенді атсалысып, халықтың мүддесін қорғауға, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге нақты үлес қосып келеді», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Аймақта мыңға жуық қоғамдық ұйым тіркелген, 2023-2026 жылдары мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 555 әлеуметтік жоба жүзеге асты. Облыстық, аудандық әкімдіктер жанындағы кеңестер мен комиссиялар құрамында 200-ден астам үкіметтік емес ұйым өкілі бар.Форумда «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры Жандос Тұсмағамбетов, «Ақ босаға» әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Зейнар Тәжиева, «Ел-Арай» қоғамдық қорының төрағасы Асхат Байдәулетов және «Жас толқын» еріктілер жасағының жетекшісі Әнуар Тоқтамысов баяндама жасап, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыруға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.Сондай-ақ азаматтық қоғамның дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға Конституцияның жаңа редакциядағы арнайы басылымы табысталды. Өңірдегі белсенді үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері облыс әкімінің Алғыс хатымен және арнайы қаржылай сыйақы сертификатымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1257250?lang=ru