Мәдениет
Алдағы жылдарға жоспарланған ауқымды жобалар талқыланды 29.09.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Қызылорда қаласы және аудан әкімдерімен кездесіп, алдағы жылдарға жоспарланған ауқымды жобаларды жан-жақты талқылады.Аймақта әлеуметтік-экономикалық және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған маңызды жобалар іске асырылады. Атап айтқанда, газдандыру, сумен және электрмен жабдықтау, жол, тұрғын үй, әлеуметтік нысандар құрылысы, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салалары қамтылады.Қызылорда қаласында жалпы құны 114,4 млрд теңге болатын 104 жаңа жоба әзірленді. Негізгі бағыттар – тұрғын үй, жол және көпір құрылысы, сумен және кәрізбен жабдықтау, газдандыру, абаттандыру, жарықтандыру және көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғырту.Арал ауданында 194,3 млрд теңгенің 8 жобасын іске асыру жоспарланған. Олар өңдеу өнеркәсібі, логистика, жол бойындағы сервистік қызмет, құрылыс материалдарын өндіру, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету салаларын өркендетуге бағытталған.Қазалы ауданында 48,4 млрд теңгенің 52 жобасы әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылған. Білім беру, газ және жылумен жабдықтау, кәріз жүйесі, автомобиль жолдары, электр желілері және ауыл шаруашылығы салаларын дамытуға арналған. Сонымен қатар 5,9 млрд теңгенің 5 жобасы әзірлену сатысында.Қармақшы ауданында тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған 22 млрд теңгенің 16 жобасын іске асыру мақсаты қойылған. Жобалар ауыз сумен қамту, электр және газ желілерін жаңғырту, жол және әлеуметтік нысандар салу, тарихи-мәдени мұраны сақтау және мал шаруашылығын дамыту бағыттарын қамтиды. Жалағаш ауданында 16 млрд 531 млн теңгенің 33 жобасы межеленіп отыр. Негізгі бағыты – газдандыру, электрмен жабдықтау, жол, ауыз су, әлеуметтік нысандарды жөндеу және абаттандыру.Сырдария ауданы 26,5 млрд теңгенің 32 жобасын жүзеге асыру үшін бюджеттік өтінімдер ұсынған. Білім беру, газдандыру, электрмен жабдықтау, жол, ауыз су, әлеуметтік нысандарды жөндеу және абаттандыру жобалары алдағы жылдардың жұмыс бағытын айқындайды.Шиелі ауданында 42 млрд. 898 млн теңгеге бағаланған 98 жоба бойынша бюджеттік өтінімдер ұсынылды. Білім беру, газдандыру, электрмен жабдықтау, жол, ауыз су, әлеуметтік нысандарға қатысты жобаларды жүзеге асыру межеленіп отыр.Жаңақорған ауданында жалпы құны 607,8 млрд теңге болатын 8 ірі инвестициялық жоба көзделген. Олардың қатарында жеміс-көкөніс сақтау және өңдеу кешені, күн-электр станциясы, цемент зауыты, тауарлы сүт фермасы, Шалқия кен-байыту фабрикасы және полиметалл кен орындарын игеру жобалары бар.Жоспарланған жобалар жүзеге асқанда өңірдегі инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға, өндірістік және инвестициялық әлеуетті арттыруға, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және халықтың өмір сүру сапасының жақсаруына оң ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1300589?lang=ru
ҚР Қаржы министрлігінде Оман Сұлтандығының елшісімен кездесу өтті. 29.09.2026
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил Оман Сұлтандығының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Салах Джабубпен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты дамытудың жолдарын талқылады.Дәурен Маратұлы жаңадан тағайындалған елшіні қызметімен құттықтап, оған еліміздегі дипломатиялық миссиясына табыс тіледі. Қазақстан Оман Сұлтандығымен достық және өзара тиімді әріптестікті нығайтуға үлкен мән беріп келеді.Кездесу барысында тараптар екі елдің Қаржы министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, Оман Сұлтандығының Еуразиялық даму банкінің қатарына қосылуын алғанда, екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын талқылады.Екі мемлекеттік ресми өкілдері сындарлы диалогқа алғыс айта отырып, өзара тиімді байланысты күшейтуге мүдделі екендері және Қазақстан мен Оман арасындағы қаржы-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруға дайын екендерін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1300480?lang=ru
Мемлекеттік қаржы жүйесін цифрландыру мен бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру: Шымкентте халықпен кездесу өтті 29.09.2026
ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесіп, оның барысында ведомствоның жұмысындағы негізгі бағыттар жайлы әрі мемлекеттік қаржы саласының цифрлы трансформациясы жөнінде айтып, азаматтардың көкейкесті сұрақтарына жауап берді.Кездесуге онлайн форматта қосылған азаматтардың бірге алғанда 500-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында қала тұрғындары, бизнес, қоғам және БАҚ өкілдері болды. Оның барысында мемлекеттік қолдау шараларын цифрландыру, білім беру және денсаулық сақтау жүйелерін қаржыландыру, мемлекеттік мүлікті басқаруды жетілдіру, сондай-ақ «Қазынашылық 2.0» және цифрлы теңге тетігін енгізу бойынша негізгі нәтижелер мен алдағы жоспарлар таныстырылды.Бұған қоса бюджет қаражатының ашықтығы мен тиімділігін арттыруды көздейтін Bilimge бірыңғай порталының көмегімен білім беру саласындағы цифрлы қаржыландыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ медициналық қызметтерді қаржыландыруға арналған Qalqan біртұтас жүйесінің артықшылықтары туралы да айтылды.Бұдан бөлек осы сапарда вице-министр азаматтарды жеке мәселелері бойынша да қабылдап, тікелей қаралған өтініштер бойынша тиісті түсініктемелер берді. Қосымша пысықтауды қажет ететін мәселелер назарға алынып, олар белгіленген тәртіппен қаралатын болады.Сонымен қатар БАҚ өкілдеріне брифинг ұйымдастырылып, Д.Темірбеков журналистердің сұрақтарына жауап берді.Кездесу ашық диалог форматында өтіп, бұл Қаржы министрлігінің қызметіне қатысты өзекті мәселелерді талқылауға, сондай-ақ әрмен қарай пысықтауды талап ететін бағыттарды айқындауға септігін тигізді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1300300?lang=ru
Қызылорда қаласын аяқсумен қамту мәселелері қаралды 24.09.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда Қызылорда қаласын аяқсумен қамтудың және суару жүйесінің қазіргі жағдайы, алдағы кезеңге арналған жоспарлар талқыланды.«Су ресурстарына толық талдау жүргізіп, қалаға қажетті көлемді нақтылап, келесі жылға су беру мүмкіндігін қарастыру маңызды. Әуежай маңы мен Белкөл кентіне кіреберіс аумақтардағы жасыл белдеуге аяқсу тұрақты берілуі және тал отырғызылуы керек.Арық жүйелерін толық түгендеп, су жетпейтін учаскелерге қатысты нақты жобалық және қаржылық ұсыныс енгізіңіздер. Аяқсумен қамтылған аумақтарды кезең-кезеңімен ұлғайту үшін нақты жоспар әзірлеңіздер. Көшет отырғызу және оларды суаруды ұйымдастырыңыздар», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Бүгінде қала аумағына аяқсу 15 нүктедегі 22 насос қондырғысы арқылы беріледі. Оның 4-еуі биыл орнатылған. Арық жүйелерінің жалпы ұзындығы 98,8 шақырым, 68 көшені қамтиды. «Жібек жолы», «Сарқырама» және «Қызылжарма» каналдары арқылы 14,4 шақырымдық үлкен лоток жүйесі, 39 көшеде 68,6 шақырым болатын кіші лотоктар, ал 26 көшеде 15,8 шақырымдық лотоксыз арық жүйесі бар. Қала ішіндегі арықтарға су 6 аумақтағы насос қондырғылары арқылы таратылады.Алдағы уақытта №217 мектеп ауласындағы су ұңғымасы жөнделіп, қайта іске қосылады. Бұл Қорқыт ата көшесінің бір бөлігіне аяқ су жеткізуге мүмкіндік туғызады. Аяқсу жеткізілген аумақтарды көгалдандыру мақсатында М.Шоқай, Қожа Ахмет Яссауи және Д. Қонаев көшелерінің бойына көшет отырғызылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1297356?lang=ru
Көтерілген мәселелер заң аясында шешіледі 23.09.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев азаматтарды кезектілік тәртібімен жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға 19 адам жазылып, оның үшеуі онлайн форматта қатысты. Негізгі көтерілген мәселелер – әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау, тұрғын үй және жұмыспен қамту.Тасбөгет кентінің тұрғыны Ә.Молдағұлова көшесі бойынан балалар ойын алаңын салу туралы ұсынысын жеткізді. Бүгінде Тасбөгет кентінде 14 балалар ойын алаңы, 1 стритбол және 1 жаттығу алаңы бар. Өткен жылы қалалық бюджеттен қаржы бөлініп, Қ.Баймағанбетов және З.Шүкіров көшелерінің қиылысындағы көппәтерлі үйлер ауласына балалар ойын алаңы салынды.Қазір кенттің басқа да аумақтарына ойын алаңдарын салу жолы қарастырылып жатыр. Атап айтқанда, Ә.Молдағұлова көшесі бойынан бос жер учаскесі анықталды, осыған орай ұсыныс енгізіледі. Бюджеттен қаржы бөлінген соң, кезең-кезеңімен салу жоспарланған.Қармақшы ауданының тұрғыны Төретам және Жосалы кенттеріндегі автобекеттердің жұмысына қатысты мәселе көтерді. Бұған дейін Жосалы кентіндегі «Шынар-Ана» және Төретам кентіндегі автостансалар жолаушыларға қызмет көрсеткен. Алайда ғимаратты осы мақсатта пайдалану экономикалық тұрғыдан тиімсіз болғандықтан, жұмысын тоқтатқан. Жосалы кенті арқылы өтетін бағыттарда жолаушыларға қызмет көрсету үшін бұрынғы «Самара–Шымкент» автодәлізі бойындағы «Айым» кафесінің жанынан диспетчерлік пункт ашылды. Пункт 15 шілдеден бастап жұмыс істеп келеді, 15 автобус және 5 «Спринтер» автокөлігі жолаушы тасымалдайды.Қабылдауға келген азаматтар көтерген мәселелерді жан-жақты саралап, заң аясында шешу жауапты басшыларға жүктелді.Айта кетейік, облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін тұрғындар eGov порталы, e-Otinish бірыңғай платформасы арқылы немесе әкімдікке жазбаша өтініш қалдыра алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1296961?lang=ru
«Ұлттық қор - балаларға»: бұл не және төлемді қалай алу керек? 23.09.2026
Мемлекет басшысы 2022 жылғы Жолдауында іске асыру бағыттарының бірі «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы болып табылатын ұлттық байлықты әділ бөлу бағдарламасын құру туралы идеяны айтты. Осы жоба шеңберінде Қазақстанның азаматтарына туғаннан бастап кәмелетке толғанға дейін 2024 жылдан бастап жыл сайын Ұлттық қордың орташаланған инвестициялық кірісінің 50% есебінен қаражат есептеледі.Осы бастама шеңберінде 18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын Қазақстанның Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50 пайызы есептелетін болады.2026 жылы әр балаға 130,71 АҚШ доллары аударылды.Үш жылдан бері бағдарламаға қатысатын балалардың жинақтарының жалпы сомасы алынған инвестициялық табысты ескергенде 370,56 АҚШ долларын құрады.Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) ақпаратына сәйкес, 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша тұрғын үй жағдайын жақсартуға және білім беру төлеміне арналған нысаналы жинақ төлемдері 76 142,45 мың АҚШ долларды құрады. (365 967 алушы), оның ішінде:- тұрғын үй жағдайын жақсартуға – 50 433,4 мың АҚШ доллар (241 284 алушы);- білім алуға – 25 709,05 мың АҚШ доллар (124 683 алушы).Бұл қаражатпен қашан пайдалануға болады?18 жасқа толғаннан кейін жинақтау БЖЗҚ-дағы дербес шоттарға аударылады және азаматтар оларды:-Қазақстан Республикасында ғана тұрғын үй жағдайларын жақсартуға.-білімге ақы төлеуге (Қазақстан Республикасында да, шетелде де) пайдалана алады.Жинақталған соманы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) шотынан таңдаған мақсатқа уәкілетті операторлар - Отбасы банкі және Халық банкі арқылы аударуға болады.Баланың бағдарламаға қатысу фактісі туралы ақпаратты баланың жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бойынша kids.enpf.kz сайтында, egov.kz порталындағы жеке кабинетте, Halyk және Kaspi.kz қосымшаларында білуге болады.Егер нысаналы жинақтар бала кәмелетке толғаннан кейін 10 жыл ішінде талап етілмесе, олар оның жеке зейнетақы шотына түседі.Есептеулер келесі жағдайларды тоқтатылады:-қайтыс болған жағдайда-жобаға қатысушыны қайтыс болған деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген кезде-азаматтықтан айырылған жағдайдаҚайтыс болған жағдайда мақсатты жинақтарды алу үшін мұрагерлер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) заңда белгіленген тәртіппен жүгіне алады.Ұлттық қор қаражатын қазақстандықтардың жас буынын қолдау үшін пайдалану - бұл елдің тұрақты дамуына бағытталған стратегиялық шешім болып табылады.«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы - бұл еліміздің болашағына салынатын инвестиция!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1296878?lang=ru
Қаржы министрлігі e-Qazyna платформасында мемлекеттік мүліктің бірыңғай цифрлы есебін енгізуді қолға алды 23.09.2026
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы министрлігінің өкілдері мемлекеттік мүлікті басқарудың цифрлы трансформациясы мен e-Qazyna.kz платформасын дамыту бағытындағы жұмыс жөнінде айтып берді.Қолға алынған жұмыстар туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбеков пен «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ басқарма төрағасы Жанасыл Оспанов тізбектеп берді. Ведомство өкілдері айтқандай, биылғы Цифрландыру және жасанды интеллект жылында мемлекеттік активтерді басқару саласында цифрлы құралдарды одан әрі жетілдіру жұмыстары жалғастырылып келеді.Мәселе, e-Qazyna платформасында бүгінде 40 цифрлы сервис қамтылған. Олардың қатарында мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарды есепке алу, электронды сауда-саттық, жекешелендіру, мемлекеттік мүлікті жалға және сенімгерлік басқаруға беру, мемлекеттік меншікті мониторингтеу және басқа да процестер бар.Негізгі міндеттердің бірі – мемлекеттік активтерді бытыраңқы есепке алудан e-Qazyna.kz базасындағы біртұтас цифрлы жүйеге көшіру. Бұл бағыттағы жұмыс 2029 жылға дейінгі жол картасы аясында атқарылады. Осы жұмысқа сәйкес мемлекеттік мүлік нысандары мен басқару субъектілерінің цифрлы бейіндері қалыптастырылып жатыр. Олар активтердің бүкіл өмірлік циклін бақылап, нысандардың өзекті фотосуреттері мен географиялық координаттарын, сондай-ақ болашақта ғарыштық мониторинг деректерін пайдалануға мүмкіндік береді.Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы мүлікті цифрлы есеп-қисабына да ерекше мән беріліп келеді. Аталған бағытта «бұлтты» бухгалтерияны енгізу, e-Qazyna-ны «е-Қаржымині» жүйесімен интеграциялау, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мүлкін ішкі корпоративті есепке алуды автоматтандыру жоспарланған.Ұлттық және стратегиялық ресурстарды есепке алуды цифрландыру жұмыстары да нығайып жатыр. Перспективада Мемлекеттік тізімнің бірыңғай цифрлы базасында жер және су ресурстары, орман қоры, жерасты сулары, көмірсутек және қатты пайдалы қазбалар кен орындары туралы мәліметтерді автоматты түрде есепке алу көзделіп отыр.Жүйені дамытудың келесі кезеңі жасанды интеллект және Big Data технологияларын енгізумен байланысты. Оларды қолдану тиісті нысандардың тозғанын болжауға, мүлікті тиімсіз пайдалану белгілерін анықтауға, сондай-ақ мемлекеттік активтерді күтіп-ұстау мен жаңғыртуға арналған шығыстарды неғұрлым дәл жоспарлауға предиктивті аналитиканы пайдалануға жол ашады.Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 79 функциясының 36-сы цифрландыруға әлеуеті зор. Бүгінде олардың 26-сы, яғни 72 пайызы автоматтандырылған. Биыл III тоқсанда тағы 8 функцияны қанатқақты режімде автоматтандыру жоспарланып отыр. Олардың қатарында акционерлік қоғамдар мен серіктестіктердің басқару органдарында электронды дауыс беру, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жарғылары мен баланстарын бекіту бар.Баланс ұстаушының цифрлы бейіні де кезең-кезеңмен енгізіледі. 2026 жылы оған ғимараттар мен құрылыстар, 2027 жылы жер учаскелері, ал 2028–2029 жылдары көлік, жабдықтар және басқа да актив түрлері енгізіледі.Жоғарыда аталған платформаны дамыту мемлекеттік мүлікті басқарудың бірізді цифрлы экожүйесін қалыптастыруға бағытталған. Бұл мемлекеттік активтерді пайдалану тиімділігін арттырып, оларды басқарудан түсетін кірістерді ұлғайтуға және күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындарды оңтайландыруға оң әсер етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1296866?lang=ru
ЕТДҚ қатысушылары жаңа стратегияны талқылады 23.09.2026
Мәскеудегі қазақстандық делегацияның жұмыс бағдарламасының жалғасы аясында ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының стратегиялық сессиясына қатысты. Оның барысында қордың қызметіндегі негізгі бағыттар, орта және ұзақмерзімді перспективадағы басымдықтарды айқындайтын 2027-2031 жылдарға арналған ЕТДҚ стратегиялық жобасы талқылнады. «Стратегиядағы маңызды элементтердің бірі — ауқымды талдау, оның негізінде экономикалардың орнықты өсімін қамтамасыз ету мақсатында уақтылы превентивті шаралар қабылдануы тиіс», деп атап өтті Дәурен Маратұлы. ЕТДҚ-ға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мүше. Бұл ұйымның мүше мемлекеттер арасындағы макроэкономикалық тұрақтылық пен қаржылық ынтымақтастықты нығайтуда маңызы жоғарыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1296867?lang=ru
Жол және жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды 23.09.2026
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жол және жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты.Үкімет отырысында көтерілген мәселелерге орай жауапты сала басшыларына бірқатар нақты тапсырма берілді.Аймақ басшысы автомобиль жолдары мен көшелерге жол белгілерін орнатуды, тозығы жеткен жол белгілерін жаңартуды тапсырды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі бойындағы елді мекендер тұрғындарына малды қараусыз жібермеуді түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажет.Облыстық полиция департаментіне автомобиль жолдарындағы авариялық қауіпті учаскелерді анықтауға, жол қозғалысы ережелерінің сақталуына бағытталған рейдтік іс-шараларды тұрақты өткізу міндеттелді.Сонымен қатар, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалына «Қызылорда – Ақтөбе» бағытындағы айналма жол мен «Қызылорда –Сексеуіл» автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстарын қадағалау тапсырылды.Өңірдегі 3525 шақырым автомобиль жолының 1025 шақырымы республикалық, 555 шақырымы облыстық және 1945 шақырымы аудандық маңызы бар жолдар.Биыл жол инфрақұрылымын дамытуға республикалық, облыстық және аудандық бюджеттерден 40,5 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат есебінен 168 шақырым автомобиль жолы, көшелер мен көпір өткелдерінде жөндеу жүргізілуде. Жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында заманауи бақылау құралдары орнатылып жатыр. Жаяу жүргіншілер қатысқан жол-көлік оқиғалары талданып, қауіпті учаскелерге 15 «Sunqar» құрылғысы қойылды.Аудандарда 539 бейнебақылау камерасы мен 49 жылдамдық өлшегіш іске қосылды. Қызылорда қаласында 1400 бейнебақылау камерасы, 80 зияткерлік қиылыс және 96 стационарлық жылдамдық өлшегіш жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1296489?lang=ru
Қазақстан делегациясы XI Мәскеу қаржы форумына қатысып жатыр 22.09.2026
ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил бастаған еліміздің делегациясы «Манеж» орталық көрме залында өтіп жатқан XI Мәскеу қаржы форумына қатысып жатыр.Аталған форум – қаржы-экономикалық саясатындағы өзекті мәселелерді, мемлекеттік қаржы саласы мен қаржы нарығын дамыту жолдарын талқылауға арналған кәсіби алаң. Бұл жиын 2016 жылдан бері өткізіліп келеді және мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының, бизнестің, ғылыми әрі сарапшылар қауымдастығы өкілдерінің басын біріктіреді. Алқалы басқосу Ресей федерациясының Қаржы министрлігі мен Мәскеу билігінің бастамасымен қолға алынған.Биылғы жиынға «Орнықты қаржы жүйесі – ел дамуының негізі» тақырыбы арқау болып отыр. Іскерлік бағдарламада бюджет тұрақтылығы, қаржы нарығын дамыту, инвестиция тарту, мемлекеттік басқарудың цифрлы трансформациясы, жасанды интеллектіні қолдану, сондай-ақ экономикалық қолдаудың қаржылық тетіктерін жетілдіру мәселелерін қамтитын пленарлық отырыс пен 16 тақырыптық сессия қарастырылған.ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил форумның негізгі пленарлық сессиясына қатысты. Онда жаһандық белгісіздік жағдайында тұрақты қаржы саясатын қалыптастыру тәсілдері, бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру және құрылымдық трансформация мен ұзақмерзімді экономикалық дамуға әсер ететін тетіктерді құру жолдары талқыланды.Еліміздің өкілдері форумның тақырыптық және сарапшылардың қатысуымен өтетін сессияларға да қатысады. Күн тәртібінде халықаралық қаржылық өзара іс-қимыл, инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, мемлекеттік сатып алу саласын автоматтандыру мен жасанды интеллект технологияларын енгізу, сондай-ақ өңірлік даму және бюджеттік тұрақтылық мәселелері қаралады.Осы жиынға қатысу мемлекеттік қаржыны басқару саласында тәжірибе алысып, қаржы процестерін цифрландырудың тиімді тәсілдерін пысықтауға және шетелдік әріптестермен өзара іс-қимылды нығайтуға жол ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1295980?lang=ru
«Төретам» теміржол вокзалы : Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды 19.09.2026
Бүгін «Төретам» теміржол вокзалының да ашылу салтанаты өтті. Оған Қармақшы ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев ҚР Құрылтай депутаттары Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы, Мағжан Ералиев, Ирина Тен, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.Аймақ басшысы теміржол инфрақұрылымын дамытудағы жұмыстарға тоқталып, вокзалдарды заман талабына сай жаңғырту тұрғындар үшін де, аймағымызға келетін қонақтар үшін де маңызды екенін атап өтті.«Сыр өңірі – тоғыз жолдың торабында орналасқан, өңірлерді бір-бірімен жалғаған маңызды көлік дәлізі. Облыс аумағынан 15жолаушы пойызы өтеді. Облыс орталығынан Астана, Петропавл, Павлодар, Көкшетау, Семей,Түркістан қалаларына пойыз қатынайды.Бүгін – қасиет қонған, Қорқыт баба дүниеге келген Қармақшы ауданында қуанышты күн!Өздеріңізбен бірге аймағымыз үшін маңызы зор жобалар – Төретам және Жосалы теміржол вокзалдарын пайдалануға береміз. Ел игілігі жолындағы барлық бастамаға сәттілік тілейміз!Сондай-ақ осы нысанды күрделі жөндеуден өткізуге үлес қосқан азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», – деді Мұрат Ергешбаев.Рәсімде Құрылтай депутаты Мағжан Ералиев сөз сөйлеп, Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков ақ батасын берді. Теміржол саласының және мердігер мекеменің қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.Төретам теміржол вокзалының тарихы Байқоңыр ғарыш айлағының құрылу және қалыптасу кезеңімен тығыз байланысты. Станция арқылы айлаққа қажетті құрылыс материалдары, жабдықтар және жүк тасымалданған.Жаңғыртылған вокзал тәулігіне 250 жолаушыға қызмет көрсетеді. Күрделі жөндеу кезінде ғимараттың қасбеті мен іргетасы қапталып, шатыр жабыны, есік-терезелері ауыстырылды. Электр желілері жаңартылып, жылу жүйесі жүргізілді,заманауи талапқа сай жабдықталды. Мұнда жолаушыларға арналған күту залы, мүгедектігі бар және балалы жолаушыларға арналған арнайы бөлмелер, медициналық пункт қарастырылған. Қайта жаңғырту жұмыстарына 1 млрд теңге қаржы бөлінді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1294628?lang=ru
«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді 18.09.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың Арал қаласына жұмыс сапары барысында қайта жаңғыртылған «Арал теңізі» теміржол вокзалының ашылу салтанаты өтті. Оған ҚР Құрылтай депутаттары Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы, Мағжан Ералиев, Ирина Тен, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Олардың қатарында Қызылорда облысындағы 7 теміржол вокзалы, 2 қызмет көрсету пункті және Талап бекетіндегі жолаушылар платформасы бар.Аймақ басшысы жаңғыртылған вокзалдарда жолаушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасалғанын, бұл өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытуға жаңа серпін беретінін атап өтті.«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздегі теміржол вокзалдары жаңартылып жатыр. 2024 жылы Қызылорда теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтіп, оған іргелес аумақ толық абаттандырылды. Жаңақорған, Шиелі, Қазалы және Сексеуіл теміржол вокзалдарындағы, Талап бекетінің жолаушылар платформасындағы жұмыс толық аяқталып, бұл нысандарда келушілерге қызмет көрсетілуде.Биыл өңіріміздегі 80 шақырымнан астам теміржол күрделі жөндеуден өтуде. Жалағаш және Тереңөзек кенттеріндегі қызмет көрсету пункттері де жаңғыртылып жатыр. Бүгін Төретам, Жосалы теміржол вокзалдарын да ел игілігіне табыстаймыз. Вокзалдарды қайта жаңғырту және күрделі жөндеуге 10 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Жаңа ғимараттардың сапасы, қызмет көрсету деңгейі облыс аумағынан өтетін қонақтар мен туристердің оң бағасын алып, өңіріміз туралы жақсы әсер қалыптастырады деп сенеміз», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Рәсімде Құрылтай депутаты Ирина Тен сөз сөйлеп, Арал ауданының құрметті азаматы, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Алдаберген Жоланов ақ батасын берді.Теміржол саласында ұзақ жыл еңбек еткен сала қызметкерлері мен вокзал құрылысын салған мердігер мекеме өкілдеріне облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.Айта кетейік, «Арал теңізі» теміржол вокзалы 1905 жылы «Орынбор – Ташкент» теміржол желісінің құрылысы кезінде бой көтерген. Бір ғасырдан астам уақыттан соң жаңарған ғимарат заманауи талаптарға сай жабдықталған, жолаушыларға қолайлы жағдай жасалған. Мұнда тәулігіне 600, бір мезетте 224 жолаушыға қызмет көрсетіледі. Қайта жаңғыртуға 1,7 млрд теңге қаржы бөлінген.«Техоснастка ремсервис» компаниясы құрылысты өткен жылы қараша айында бастаған. Вокзалда ана мен бала бөлмесі, медициналық пункт, жүк сақтау қоймасы, күту залы және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға лифт қарастырылған. Одан бөлек шағын асхана, кафетерий және санитарлық-тұрмыстық орындар бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1294371?lang=ru
Инвестициялар тарту кеңесінің отырысы өтті 18.09.2026
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Инвестициялар тарту кеңесінің отырысы өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты.Аймақта республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау жобалары жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Қызылорда қаласының айналма жолы, «Қызылорда – Сексеуіл», «Бейнеу – Сексеуіл» және «Ұлғайсын – Сексеуіл» бағыттарында жол салынып жатыр.Қала маңындағы айналма жолдың құрылысы басталды. Мердігер «Қыран» ЖШС тас, қиыршық тас төседі. Свай қағылып, көпір тіреулері бетондалып, су құбырлары орнатылуда. Мемлекет басшысының қатысуымен «Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» және «Бейнеу – Сексеуіл» автокөлік жолдарының құрылысы телекөпір арқылы басталып, қазір қарқын алды. «Қызылорда – Сексеуіл» автомобиль жолының мердігері «Integra Construction KZ», қосалқы мердігерлері «ЭлитСтройКомплект» және «АРЕ-2013», «Бейнеу – Сексеуіл» автомобиль жолының мердігері «Integra Construction KZ», қосалқы мердігері «Коммерческая фирма «УНА», ал «Ұлғайсын – Сексеуіл» автомобиль жолының мердігері «Integra Construction KZ», қосалқы мердігерлері «E.S.T. Construction» және «СТАНДАРТ-1» серіктестіктері. Қазір геодезиялық және топографиялық жұмыстар жүргізіліп, топырақ төселуде. Құрылыс алаңдарында жұмысшылар, арнайы техникалар жұмылдырылған.Аталған жобалар өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін, елді мекендер арасындағы жол қатынасын жақсартуға және аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1293696?lang=ru
Жылыту маусымына дайындық мәселелері талқыланды 16.09.2026
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен алдағы жылыту маусымына дайындық жайы талқыланған кеңес өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қатысты. Жиында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымның әзірлігі, энергия көздері мен жылу желілерін жөндеу, отын қорын қалыптастыру мәселелері қаралды.Аймақта жауапты кезеңге дайындық бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілуде. Биыл жылумен қамту нысандарын жаңғыртуға 5,5 млрд. теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржыға 8,7 шақырым жылу желісін жаңғырту, 1 газтурбиналық қондырғыны күрделі жөндеу, 1,3 шақырым жылу желісін, 1 қазандық, 1 турбина және 10 автономдық қазандықты, негізгі және қосалқы қондырғыларды жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Қазір гидравликалық сынақ жұмыстары жүргізілуде.Сонымен бірге алдағы жауапты маусымда тұрғындар жаңа жылу-электр орталығының 4 қазандығы арқылы жылумен қамтамасыз етіледі.Жалпы 7,6 млрд. теңгеге 460 шақырым электр желілері мен 134 қосалқы станция жөндеуден өтті.Аймақтағы 1 074 әлеуметтік нысан 100 пайыз дайын. Бүгінде энергетикалық және әлеуметтік нысандардың дайындық паспорты алынып жатыр. Қажетті көмір қоры – 80 мың тонна, тұрғындарға 68 мың тонна, әлеуметтік нысандарға 12 мың тонна керек. Өңірлік операторлар көмір қорын жасақтауды бекітілген кестеге сәйкес жүргізуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1292885?lang=ru
Цифрлық активтер саласын дамыту мәселесі қаралды 15.09.2026
Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтіп, Мемлекет басшысының цифрлық активтер индустриясын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды. Отырысқа облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режимде қатысты.Одан кейін өткен мәжілісте күн тәртібіндегі және әлеуметтік көмектің атаулылығын қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты талқыланды.Аймақта мемлекеттік қызметтер, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, IT, өнеркәсіп және көлік-логистика салаларын цифрландыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Мамыр айынан бастап енгізілген цифрлық активтер айналымын реттеу шаралары Ұлттық Банкпен және орталық атқарушы органдармен бірлесіп жүзеге асырылады.Мемлекет басшысының әлеуметтік көмекті шын мәнінде мұқтаж азаматтарға бағыттау жөніндегі тапсырмасына сәйкес, республикалық бюджеттен көрсетілетін 14 әлеуметтік көмек түрінің құқықтық актілеріне скоринг жүйесі енгізілді. Аталған жүйе цифрлық карта арқылы отбасылардың әлеуметтік жағдайын бағалауға мүмкіндік береді. Цифрлық картада әлеуметтік жағдайы жақсы және қанағаттанарлық деп бағаланатын А және Б санатындағы отбасылар бойынша верификация жүргізу қажет. Бұл жұмысты 20 қыркүйекке дейін аяқтау тапсырылған.Қазіргі таңда облыстың цифрлық картасында 221 341 отбасы немесе 850 747 адам туралы мәлімет қамтылған. Оның ішінде верификациядан өткізілуі тиіс 25 689 отбасы анықталған. Тапсырманы белгіленген мерзімде сапалы орындау үшін аудан және қала әкімдіктеріне күнделікті меже көрсетілген тиісті кесте бекітіліп жолданды. Бүгінде жұмыс осы жоспарға сәйкес жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1292162?lang=ru
Облыстық тексеру комиссиясының құрылғанына 15 жыл толды 11.09.2026
Бүгін «Достық үйінде» облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының 15 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Оған мемлекет және қоғам қайраткері Омархан Өксікбаев, Жоғары аудиторлық палатасы жоспарлау, сертификаттау және әдіснама департаменті директорының орынбасары Ақбаян Әлімбаева, еліміздің барлық өңірінен келген тексеру комиссияларының төрағалары, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысты.Аймақ басшысы мемлекеттік аудит саласының бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында қаржы тәртібі мен бюджет қаражатының ашықтығы қоғам сенімінің негізі екенін айтып, қаражаттың тиімді әрі мақсатты жұмсалуын қатаң тапсырып келеді. Әрбір теңге халықтың игілігіне бағытталып, тұрақты бақылауда болуы тиіс.Бүгінде мемлекеттік аудит органдары жазалаушы емес, бюджет қаражатын тиімді жоспарлауға ықпал етіп, тәуекелдерді алдын ала анықтап, әріптестік қызмет атқаруда. Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы өңірде мемлекеттік ресурстардың тиімді әрі мақсатты пайдаланылуына зор үлес қосып келеді.Мерейлі мерекеге орай салада қызмет атқарған ардагерлер мен мамандарға шынайы алғысымызды білдіреміз. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қажымас қайрат тілеймін!» – деді облыс әкімі.Шарада бірқатар азамат Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен, Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің Алғыс хатымен және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапатталды.Мемлекет және қоғам қайраткері Омархан Өксікбаев сөз сөйлеп, әріптестерін құттықтады. Өңірде мемлекеттік аудитпен қамтылған қаржы көлемі 2025 жылы 2 трлн теңгеден асып, 2012 жылмен салыстырғанда 3 есе өсті. Тексеру комиссиясы заң бұзушылықтарды анықтаумен қатар, оның алдын алуға басымдық береді. Әдістемелік және тәжірибелік жұмыстардың нәтижесінде бюджеттік ұйымдардың қаржылық сауаттылығы артып, кемшіліктер азайған.Тексеру комиссиясының 15 жылдығы – өңірдің қаржылық бақылау жүйесінің дамуындағы маңызды белес. Осы уақыт ішінде комиссия кәсібилік пен жауапкершіліктің жоғары үлгісін көрсетіп, ауқымды жұмыс атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1290493?lang=ru
Astana International Exchange биржасында тәуелсіз панда-облигациялардың екінші шығарылымының листингі рәсімі өтті 10.09.2026
Astana Finance Days шеңберінде AIX биржасында Қазақстан Республикасының тәуелсіз панда-облигациялардың екінші шығарылымының салтанатты листингі рәсімі өтті.Қазақстанның Қытай капитал нарығында болуының табысты тарихын жалғастыра отырып, жалпы көлемі 6,6 млрд. юань болатын панда облигацияларының екінші шығарылымы жүзеге асырылды.Тәуелсіз панда облигациялардың екінші шығарылымы екі траншпен сәтті орналастырылды: 1,82% мөлшерлемемен 3 жылға 5 млрд. юань және жылдық 1,95% мөлшерлемемен 5 жылға 1,6 млрд. юань.Панда облигациялары нарығында тәуелсіз шығарылымдар арасында рекордтық төмен болған қол жеткізілген кірістілік деңгейі ерекше маңызға ие. Бұл ретте өтінімдер кітабындағы сұраныстың жалпы көлемі ұсыныстан 2,5 есеге асып түсті.Сәтті орналастырылуы және жоғары қызығушылық танытылуы Қазақстанға деген сенімнің нығаюын және елдің кредиттік сапасына жоғары бағаны растайды.Орналастырылған үш жылдық және бес жылдық транштар Қазақстанның Қытай юаніндегі тәуелсіз кірістілік қисығын кеңейтті және Қазақстандық эмитенттердің болашақ шығарылымдары үшін кірістіліктің жаңа бағдарларын қалыптастырды.Салтанатты рәсімге Қаржы министрлігінің, «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО), AIX биржасының басшылығы, сондай-ақ China International Capital Corporation Limited (CICC) қоса алғанда, мәміленің жетекші андеррайтерлері мен серіктестерінің өкілдері қатысты. Бірлескен жетекші ұйымдастырушылар China Construction Bank Limited (CCB), Industrial and Commercial Bank of China Limited (ICBC), The Export-Import Bank of China и Bank of China Limited (BOC), «Teniz Capital Investment Banking» АҚ болды.Қазақстан және Қытай тараптарының өкілдері қаржы нарықтарындағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтудің және ынтымақтастықтың жаңа құралдарын дамытудың маңыздылығын атап өтті.Салтанатты рәсімнің өткізілуі Astana International Exchange алаңында сауда-саттықтың іске қосылуын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1289588?lang=ru
«ЕАЭО шекарасы арқылы арнайы тауарлардың өткізілуіне бақылауды жүзеге асыру» тақырыбында семинар өткізілді 10.09.2026
2026 жылғы 09 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі –Комитет) Аудит департаментінің ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС Әкімшілендіру басқармасымен бірлесіп «ЕАЭО шекарасы арқылы арнайы тауарлардың өткізілуіне бақылауды жүзеге асыру» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы қашықтықтан семинар өткізді. Аталған семинардың мақсаты - ЕАЭО шекарасы арқылы арнайы тауарлардың өткізілуіне бақылауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне жұмыстың принциптері, негіздері, тәртібі мен ерекшеліктерін түсіндіру. Семинарға тыңдаушылар ретінде 99 аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты. Дәріскер ретінде Комитеттің Аудит департаментінің ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС Әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы - Карисов Берик Канатович сөз сөйледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1289057?lang=ru
«Отбасы банк» акционерлік қоғамы Қызылорда филиалының директоры тағайындалды 08.09.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге орай мәжіліс өтті. Онда «Отбасы банк» акционерлік қоғамы басқармасы басшысының бұйрығымен банктің Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры лауазымына тағайындалған Жайшаев Руслан Асылбекұлы таныстырылды.Бұған дейін филиалды басқарған Әділжан Рахымжанұлы Сәулебаевқа өңірде атқарған қызметі үшін Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды.Руслан Жайшаев 1980 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қырғыз ұлттық мемлекеттік университетінде «Банк ісі», «Мирас» университетінде «Құқықтану» мамандықтары бойынша білім алған. Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» дәрежесін иеленген.Еңбек жолын 2003 жылы банк саласында қашықтан қызмет көрсету бөлімінің менеджері ретінде бастаған. 2006-2010 жылдары «Банк ЦентрКредит», «Қазкоммерцбанк», «Цеснабанк» акционерлік қоғамының Алматы қаласындағы филиалдарында, 2010-2016 жылдары «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Алматы және Жамбыл облыстық филиалдарында түрлі жауапты қызметтер атқарған. 2016-2017 жылдары «Қазкоммерцбанк» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры, 2017-2020 жылдары «Отбасы банк» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық және Шымкент қалалық филиалдары директорының орынбасары болған.2020 жылдан осы уақытқа дейін «Отбасы банк» АҚ Түркістан облыстық филиалының директоры қызметін атқарып келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1287728?lang=ru
Қазақстан тәуелсіз панда-облигациялардың екінші шығарылымын табысты орналастырды 07.09.2026
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қытай қор нарығына жалпы сомасы 6,6 млрд юань болатын тәуелсіз (егеменді) панда-облигациялардың екінші шығарылымын сәтті орналастырды. Панда-облигациялар екі траншпен, атап айтқанда 1.82% жылдық мөлшерлемесіне сәйкес 5 млрд юань көлемінде 3 жылдық облигациялар және 1.95% жылдық мөлшерлемесі бойынша 1,6 млрд юань көлемінде 5 жылдық облигациялар шығарылды.Қазақстан қытай нарығында аса жоғары кредиттік рейтингтері бар «А» санатындағы елдермен пара-пар шарттармен қаржыландыруды тарта білді. Инвесторлардың жоғары қызығушылығы елімізде жүргізіліп жатқан экономиканы әртараптандыру мен орнықты дамуды арттыруға бағытталған ауқымды реформалардың оң бағасын байқатып отыр.Бағалы қағаздардың шығарылымы S&P рейтинг агенттігінің Қазақстанның егеменді кредиттік рейтингін «Тұрақты» болжамға сәйкес «BBB-» деңгейінен «BBB» деңгейіне дейін көтерген соң орындалғанын айта кетейік. Бұл экономикалық өсімнің орнықты перспективалары мен мемлекеттік борыштың ІЖӨ-ге шаққанда 20,9% төмен екенін көрсетті. Осы ретте сыртқы мемлекеттік қарыз ІЖӨ-ге шаққанда 4,5% мөлшерінде екенін ескерсек, бұл әлемдегі ең төмен көрсеткіштердің бірі екенін айта кеткен орынды.Аталған шығарылым Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекетаралық қатынастарды одан әрі нығайту аясында өтті. Екі ел көшбасшылары ұстанған жүйелі саяси-экономикалық бағыт жан-жақты стратегиялық әріптестікті тереңдетуге, оның ішінде сауда-инвестициялық және қаржы салаларындағы байланысқа оң әсер етіп келеді. Қазақстандық эмитенттердің Қытай нарығына шығуы осы жолдың айқын дәлелі.Еліміздің халықаралық капитал нарықтарына қатысуын бірізді дамыту қаржыландыру көздерін кеңейтіп, займ портфелін әртараптандыруға және инвесторлардың алуан түрлі топтарына орнықты қолжетімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді. ҚР Қаржы министрлігі әрмен қарай нарықтағы конъюнктураны және мемлекеттік қарызды тиімді басқару міндеттерін ескере отырып, мемлекеттік займ бағытында теңгерімді тәсілді ұстанатын болады. Үш және бесжылдық транштарды орналастыру Қазақстанның Қытай юаньдарындағы егеменді табысының ауытқуын одан әрі реттеуге әсер етіп, отандық квазимемлекеттік және корпоративті эмитенттердің кейінгі шығарылымдарына жол ашады.Осы орайда жоғарыда аталған шығарылымның басты ұйымдастырушысы China International Capital Corporation Limited (CICC) болғанын атап өткен жөн. Сондай-ақ бірлескен негізгі ұйымдастырушылардың қатарында China Construction Bank Limited (CCB), Chustrial and Commercial Bank of China Limited (ICBC), the Export-Import Bank of China және Bank of China Limited (BOC) бар. Мәміленің жергілікті менеджері Teniz Capital Investment Banking АҚ болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1287189?lang=ru