Қуқық
Олжас Бектенов турларға тарих және мәдени ескерткіштерді интеграциялауды және олардың сақталуын қадағалап отыруды тапсырды 15.04.2025
Үкімет отырысында Премьер-министр тарихи ескерткіштерді, көркем табиғи пейзаждарды және еліміздің басқа да көрікті жерлерін турларға интеграциялау қажеттігін атап өтті. Бұл ретте экологиялық талаптардың бұзылмауын, табиғи және мәдени ескерткіштердің сақталуын нақты қадағалап отыру маңызды.Туристік қызметтер сервисінің сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.«Туристік гидтерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөнінде тиісті шаралар қабылдау керек. Ол үшін әр өңірде біліктілікті арттыру, туристік қызметтер сервисінің сапасын жоғарылату бойынша курстарды тұрақты негізде өткізіп отыру қажет»,— деп атап өтті Премьер-министр.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/972265?lang=kk
Олжас Бектенов курорттық аймақтар мен табиғи парктердің бас жоспарларын интеграциялау арқылы туризмнің бірыңғай цифрлық экожүйесін құруды тапсырды 15.04.2025
Үкімет отырысы барысында Премьер-министр туризмнің бірыңғай цифрлық экожүйесін құрудың маңыздылығын атап өтті. Осы тұрғыда нарықтың барлық қатысушысын біріктіре отырып, туристерге сапалы әрі сенімді қызметтерге қол жеткізуге кепілдік беретін TravelStan қосымшасын құру жұмыстатрын жалғастыру қажет.Өткен жылы Your tourist pass жобасы басталды. Бұл құрал QR-кодты сканерлеу арқылы ұлттық туристік порталға, eQonaq көші-қон сервисіне, такси қызметіне және басқа да пайдалы ресурстарға бірыңғай қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұған қоса, әлемнің көптеген елдерінде кеңінен танымал Tax Free пилоттық жобасы да жақсы нәтиже көрсетіп отырғаны атап өтілді.Премьер-министр Туризм және спорт министрлігіне Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, үш ай мерзімде туризмнің бірыңғай цифрлық экожүйесін құру жөніндегі нақты іс-шаралар жоспарын бекітуді тапсырды.«Курорттық аймақтар мен табиғи парктердің бас жоспарларын цифрландыруға ерекше назар аудару қажет. Сондай-ақ ұлттық туристік порталға кіруге мүмкіндік беретін QR-кодтарды әуежайларда, вокзалдар мен шекара бекеттерінде, туристер көп жиналатын жерлерде орналастыру қажет»,— деп атап өтті Премьер-министр.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/972262?lang=kk
Туристік саладағы ірі жобалар: Үкімет инвесторларға барынша қолдау көрсетуге дайын 15.04.2025
Үкімет отырысы барысында Премьер-министр бүгінгі таңда елімізде инвестициялық бірқатар ірі жоба іске асырылып жатқанын атап өтті – Үкімет туындайтын мәселелерді шешуде барынша қолдау көрсетуге дайын.«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы салада ірі инвестициялық жобалар қолға алынды. Алматы қаласы мен Алматы облысында тау кластерін дамыту жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Шығыс Қазақстан – тау шаңғысы мен табиғи туризмді дамытуға қолайлы өңір. Щучинск-Бурабай курорттық аймағында жыл бойы жұмыс істейтін туристік объектілер құруға, сондай-ақ экологиялық және спорттық туризмді дамытуға мүмкіндік беретін ауқымды жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.Ақтау маңындағы “Жылы жағажай” аумағында бес жұлдызды қонақ үй мен тақырыптық ойын-сауық паркін салу жобалары іске асырылды. Осы өңірдегі Кендірлі курорттық аймағында әуежай салынып, туризмді дамытуға тың серпін берілетін болады.Үкімет инвесторларға барынша қолдау көрсетіп, туындайтын мәселелерді шешуге қашанда әзір»,— деп атап өтті Олжас Бектенов.Сонымен қатар фермерлерге агротуризммен айналысуға құқық беру үшін тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Сондай-ақ оқиғалық және мәдени туризм белсенді дамып келеді. Олжас Бектенов Туризм және спорт министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, екі ай мерзімде барлық мәдени, оқиғалық, спорттық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін бекітуді тапсырды. Барлық мүдделі мемлекеттік органдар осындай ауқымды іс шараларды туристерді тартуға бейімдеу үшін нақты тетіктерді әзірлеуі керек.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/972259?lang=kk
Алматыға туристердің рекордтық саны – 2,3 млн адам келді 15.04.2025
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында туристік саланы дамыту және цифрландыру жөніндегі шаралар қаралды.Мемлекет басшысының Алматы қаласын дамыту және мегаполис экономикасын әртараптандыру мақсатында туристік әлеуетті тиімді пайдалану жөніндегі тапсырмаларын орындауға ерекше назар аударылды.Қала әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, өткен жылы Алматының туристік саласы қарқынды өсім көрсетті. 2024 жылы туристердің жалпы саны 14,8%-ға өсіп, 2,3 млн туристті құрады.«Шетелдік туристер саны 27%-ға артып, 680 мыңнан астам адамға жетті. Ішкі туристер саны 10,4%-ға артып, 1,6 млн адамнан асты. Нәтижесінде көрсетілген туристік қызметтер көлемі 30%-ға өсіп, 96,3 млрд теңгені құрады. Алматыға Үндістан, Қытай, АҚШ, Түркия, Оңтүстік Кореядан туристер келеді»,— деді Ерболат Досаев.Оның айтуынша, туризмді дамыту инвестициялардың өсуін ынталандырды: саланың негізгі капиталына 110,9 млрд теңге салынды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,1%-ға артық. Туризмнен түсетін салық түсімдері 92,1%-ға өсті.Туристік салада 83,5 мың адам жұмыспен қамтылған, орташа жалақы көлемі 480 мың теңгені құрайды. 2025 жылы шетелдік туристер саны 10%-ға артып, 750 мың адамға дейін өседі деп күтілуде.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/972253?lang=kk
Олжас Бектенов: туризм ел экономикасының өсуіне жаңаша серпін беретін салаға айналуы қажет 15.04.2025
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында туристік саланы дамыту және цифрландыру мәселелері қаралды.Премьер-министр туристік саланың айтарлықтай әлеуеті барын және туризм ел экономикасының өсуіне жаңаша серпін беретін салаға айналуы қажет екенін атап өтті.«Қазақстан – тарихы терең, табиғаты әсем, мәдениет пен салт-дәстүрге бай мемлекет. Ұлан-ғайыр даламыздың әр қиырында туристерді қызықтыратын көрікті жерлер көп. Сондықтан туризм ел экономикасының өсуіне жаңаша серпін беретін салаға айналуы қажет.Бұл ретте, Қазақстандағы туризмнің даму әлеуеті өте жоғары. Соңғы 5 жылда туристердің саны 7,5 есеге өсті. Былтыр елімізге 15 млн-нан астам адам саяхаттап келді»,— деп атап өтті Олжас Бектенов.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/972250?lang=kk
Бурабайда конгресс орталығы, жағажай және жаңа бағыттар салынады: инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударылады 15.04.2025
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде туристік саланы дамыту және цифрландыру жөніндегі шаралар қаралды.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Бурабай курорттық аймағында ауқымды абаттандыру күтіліп отырғанын айтты.Оның айтуынша, туристік инфрақұрылымды дамыту аясында курорттық аймақта 8 қарау алаңы салынады,14 туристік бағыт, Щучье көліндегі қоғамдық жағажай абаттандырылады.«Щучинск қаласында дендрологиялық паркті реконструкциялау басталады. Көпсалалы конгресс орталығы маңызды туристік объектілердің біріне және Бурабай курортының визит карточкасына айналуы тиіс»,— деп атап өтті өңір әкімі.Ол бүгінде жер телімі анықталып, жобаны әзірлеу жұмыстары басталғанын, күзге дейін дайын болатынын айтты.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/972225?lang=kk
Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту: 2029 жылға дейінгі кешенді жоспар бекітілді 15.04.2025
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында туристік саланы дамыту және цифрландыру жөніндегі шаралар қаралды. Мемлекет басшысының биылғы наурыз айында Ұлттық құрылтайда Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындауға көңіл бөлінді. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов аталған курорттық аймақты дамытудың 2025-2029 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілгенін және іске асырылып жатқанын хабарлады. Жоспар өңірдің туристік, көліктік және инженерлік инфрақұрылымын ауқымды дамытуға бағытталған.«Жоспарға тұжырымдамалық түрде жаңа орындарды: "Ақбура" курорты, Қатаркөл және Жөкей көлдерінің айналасындағы туризм аймақтарын дамыту бойынша іс-шаралар енгізілген. 34 инженерлік және көліктік жобаларды жүзеге асырудың басымдығы айқындалды. Нәтижесінде, 400 шақырым сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жүйелері, 116 шақырым электр желілері және 80 шақырым автомобиль жолдары реконструкциядан өтіп, салынатын болады»,— деді әкім.2025 жылы Бурабай курортын инфрақұрылымдық дамытуға 3,5 млрд теңге бөлінді, оның ішінде:➤ 0,7 млрд теңге – республикалық бюджеттен,➤ 2,8 млрд теңге – жергілікті бюджеттен.Щучинск-Бурабай курорттық аймағы еліміздегі үш туризм орталығының бірі болып белгіленді және өңірдің негізгі курорты болып қала береді.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/972222?lang=kk
Туризм министрлігі NEO NOMAD Visa цифрландыру және Tax Free жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс істейді 15.04.2025
Шетелдік туристердің Neo Nomad Visa алу рәсімін жеңілдету мақсатында оны визалық көші-қон порталы арқылы электронды форматта ресімдеу мүмкіндігін енгізу ұсынылады. Қазіргі уақытта оны Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы ғана ресімдеуге болады. Бұл шетелдіктерге Қазақстанда бір жыл тұруға мүмкіндік береді.Сонымен қатар тағы бір маңызды бағыт – шопинг туризмін дамыту. Tax Free жүйесі туристердің сатып алу белсенділігін ынталандырудың тиімді құралы болып саналады, бұл жүйе көптеген дамыған елдерде жұмыс істейді. Ал елімізде 2019 жылы пилоттық режимде Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларында енгізілген. Аталған жүйе аясында шетелдік туристерге 4,9 млрд теңгеге тауарлар сатылды. Орташа сату чегі 837 мың теңгені құрады. Бұл әлемдегі үздік 10 елдің қатарындағы көрсеткіш.Осыған байланысты Туризм министрлігі Tax Free жүйесін пилоттық жүйеден тұрақты жұмыс режиміне ауыстыру мүмкіндігін қарастыруды, сондай-ақ осы жүйені еліміздің барлық өңірлерінде енгізуді ұсынады.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/972217?lang=kk
Үкімет шетелдік туристерді есепке алу және статистика жүйесін жетілдіреді 15.04.2025
Шетелдік туристерді есепке алу және статистика жүйесін жетілдіру үшін Туризм және спорт министрлігі Ұлттық статистика бюросына ұялы байланыс операторларының деректеріне қол жеткізуді ұсынады. Сонымен қатар экономикалық салымды талдау үшін банктік карта операциялары негізінде туристердің шығындары туралы ақпарат қажет.Қазіргі уақытта шетелдік келушілерді есепке алу ҚР ҰҚК Шекара қызметінің статистикасы бойынша, ал ішкі туризм туралы деректер – орналастыру объектілерінің есебі негізінде қалыптастырылады. @KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/972216?lang=kk
«Birlik» ансамблі Ақтауда өткен «Түркі биінің ырғағы» фестивалінде ерекше өнер көрсетті 15.04.2025
Қазақстандағы алғашқы көпұлтты «Birlik» ән-би ансамблі Ақтауда өткен «Түркі биінің ырғағы» халықаралық фестивалінің сахнасында өнер көрсетті.Әртістер белгілі қазақ биі «Қара жорғаны» орындады. Көрермен де бұл өнерді қолдап, бишілермен бірге биледі.«Birlik» ансамблімен бірге фестивальге тағы сегіз шығармашылық ұжым қатысты. Олар – өз саласының кәсіби мамандары, әр ұлттың рухы мен дәстүрін сахнада бейнелейтін өнерге адал жандар.Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев атап өткендей, бұл фестиваль – тәжірибе алмасу мен шабыттануға, ортақ мәдени құндылықтарды бөлісуге мүмкіндік берген ерекше алаң болды. Іс-шара биыл Ақтауға берліген «Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесі аясында өтті.Айта кетейік, «Birlik» ансамблі 2024 жылдың 1 наурызында құрылған болатын. Ұжым құрамына кастинг нәтижесі бойынша іріктелген 20 үздік биші мен музыкант енді. Шығармашылық топтың басты мақсаты – әлем халықтарының мәдени мұрасын сақтау және насихаттау, дәстүрлі музыка мен биді көпшілікке таныту. Ансамбльге халықаралық байқаулардың лауреаты Анель Марабаева жетекшілік етеді. Сонымен қатар, қойылымдар мен хореографиялық композициялар дайындау барысында тәжірибе алмасу үшін жақын шетелдерден танымал хореографтар шақырылады.Биыл Ақтауда 30-дан астам халықаралық мәдени және шығармашылық бастамалар өткізу жоспарланған. Атап айтсақ, фестивальдер, ғылыми конференциялар, көрмелер мен байқаулар ұйымдастырылады. Аталмыш іс-шаралар түркі әлемі елдері арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамытуға зор үлес қосады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/972170?lang=kk
«Таза Қазақстан»: «Таза су айдындары» акциясы жалғасуда 15.04.2025
Су айдындарын иесіз, тасталған балық аулау торларынан және жағалау аумақтарын тазартуға бағытталған жыл сайынғы «Таза су айдындары» акциясы еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде өтуде.Аталмыш іс-шаралар өңірлердің климаттық ерекшеліктері мен ауа райы жағдайларын ескере отырып, 15 наурыздан 24 сәуірге дейін жалғасады.Естеріңізге сала кетейік, «Таза су айдындары» акциясы «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылуды.Барлық қазақстандықтарды экологиялық бастамаларға белсенді түрде қатысуға және қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосуға шақырамыз.Акция қорытындысы бойынша қосымша ақпарат жарияланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/972017?lang=kk
Елімізде заманауи халықаралық стандарттарға сай қонақүйлерді жіктеу жүйесіне реформа жасау жоспарлануда 15.04.2025
Қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында елімізде қонақүйлерді жіктеу жүйесін реформалау жоспарлануда. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, 2008 жылдан бері қолданылып келе жатқан критерийлер қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді, бұл оларды қонақүй бизнесіндегі әлемдік үрдістерге сәйкестендіру үшін өзектендіруді талап етеді.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/971783?lang=kk
Әкімдіктерге елді мекендерден тыс жерлерде туристік инфрақұрылым салу тапсырылады 15.04.2025
уризм және спорт министрлігінің басшылығы ұсынған негізгі бастамалардың бірі – облыс әкімдіктеріне елді мекендерден тыс жерлерде, оның ішінде ұлттық парктер аумағында туристік инфрақұрылым салу бойынша өкілеттіктер беру. Қазіргі уақытта заңнамаға қажетті түзетулер Парламентте қаралуда.«Мұндай қадам негізгі туристік дестинациялардың инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз етеді. Туристік дестинацияларда инфрақұрылым құрылысын қаржыландыруға бағытталған жеке бюджеттік бағдарлама әзірленетін болады. Бұл ретте, өңірлерде туризмді дамытуға басымдық беру үшін жаңа құзыретпен қатар жеке туризм басқармаларын құру мәселесін қарастыру қажет. Қазір тек бес өңірде жеке басқарма бар, тағы екі өңірмен пысықталып жатыр»,— деп атап өтті туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов. @KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/971777?lang=kk
ТАШКЕНТТЕ ӨЗБЕКСТАН-ҚАЗАҚСТАН БИЗНЕС-ФОРУМЫ ӨТТІ 15.04.2025
Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумы мен Сауда-экономикалық миссиясын ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігі «Атамекен» ҰКП-мен және Қазақстанның сыртқы сауда палатасымен бірлесе ұйымдастырды.Өзбек тарапынан Өзбекстан Сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырды.Іс-шараның басты мақсаты - тікелей байланыстар орнату, қазақстандық кәсіпорындар мен әлеуетті сатып алушылар арасындағы сауда қатынастарды кеңейту, сондай-ақ B2B форматында екіжақты кездесулер өткізу.Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамытудың үш негізгі бағыты сауда-саттықтың өсімі, инвестициялық ынтымақтастықты күшейту және көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту екенін атап өтті.Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігі министрлігі экспортты ілгерілету департаментінің басқарма басшысы Өмірбек Баштай өз сөзінде экспортты қолдау бойынша қаржылық және қаржылық емес шаралар туралы егжей-тегжейлі баяндама жасады. Сондай-ақ 2018 жылғы 6 қазанда Қазақстан халқына Жолдауы аясында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес экспортты қолдау жұмыстарын күшейту мәселесін атап өтті.Бизнес-форумның аясында B2B форматында Қазақстан мен Өзбекстан кәсіпкерлері арасында экономиканың түрлі салаларында: агроөнеркәсіптік кешен, азық-түлік өндірісі, химия өнеркәсібі, машина жасау және т.б. сияқты екіжақты келіссөздер жүргізілді.Бизнес-форум барысында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстанның сауда-экономикалық әріптестігін одан әрі дамытуға бағытталған бірлескен ынтымақтастық пен перспективалар туралы таныстырылмдар жасалды.Анықтама:Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы тауар айналым 2018 жылы 2,49 млрд. АҚШ долларын құрады (экспорт - 1,64 млрд. АҚШ долл., импорт - 0,63 млрд. АҚШ долл.). Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 25,33% жоғары (экспорт – 31,55%, импорт – 14,76%).Экспорттың негізгі бөлігі бидай, ұн, мұнай мен газ.Сонымен бірге Өзбекстан Республикасына экспорттың өсуінің басым бөлігі бидай мен меслинге, портландцемент пен легирленбеген өңделмеген алюминийге (экспорттың жалпы көлемінің 26,5%-ы, экспорттың өсуінің 47%) тиесілі.2018 жылы портландцемент 69,10 млн. долларға экспортталса, Өзбекстанға 69,07 млн. доллардың портландцементі экспортталды.2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша өзбекстандықтардың қатысуымен Қазақстанда 2578 заңды тұлға мен филиалдар тіркелген. Олардың 1331-і жұмыс істеп келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/21934?lang=kk
РОМАН СКЛЯР РЕСЕЙДІҢ КӨЛІК МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ 15.04.2025
Тараптар өзекті мәселелерді, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің көлік және логистикалық инфрақұрылым салаларындағы өзара ынтымақтастық перспективаларын талқылады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы уақытта ынтымақтастықтың жемісті болатынына сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/21911?lang=kk
Мемлекет меншігіндегі пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактісі анықталды 15.04.2025
ҚР АШМ ЖРБК Жамбыл облысының Жер ресурстарын басқару департаменті жүргізген мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша ЖШС-нің бірі кең таралған пайдалы қазбаларды (карьерлерді) өндіру үшін ауданы 3,7 га жер учаскесін өз бетінше пайдаланғаны анықталды.Осы қызметтің нәтижесінде құнарлы топырақ қабаты жойылды, бұл ҚР Жер заңнамасының бұзылуына әкеп соқтырды.Анықталған құқық бұзушылық фактілері бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 136 және 337-баптарына сәйкес заңды тұлғаға қатысты әкімшілік айыппұл салынды.Бұдан басқа, департамент жол берілген құқық бұзушылықты жою бойынша орындалуы міндетті нұсқама берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/971593?lang=kk
«Қоймалардағы су деңгейі қалыпты»,- Шығыс Қазақстан облысының «Қазсушар» филиалы өңірдегі су тасқыны кезеңінің барысы туралы айтып берді 15.04.2025
Шығыс Қазақстан облысының қоймаларында су көлемі қауіпсіз деңгейде, тасқын суды қабылдау үшін жеткілікті бос орын бар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында жергілікті «Қазсушар» филиалы директорының орынбасары Дәулет Жанысов айтып берді.Су тасқынына дайындық аясында Ертіс бассейндік инспекциясы, ТЖД және жергілікті жұмылдыру дайындығы басқармасымен бірлесіп су шаруашылығы нысандарын тексерді. Бүгінгі таңда филиал көтергіш механизмдерді тексеру және майлау жұмыстарын жүргізді, магистральдық каналдардың бас құрылыстары жабылып, өзен арналарын реттеу іс-шаралары аяқталды, су тораптарының бас құрылыстары ағаштардан, лай мен қоқыстардан тазартылды.Сондай-ақ, жалпы ұзындығы 26 шақырым болатын 9 магистральдық канал тазартылды, жалпы ұзындығы 386,9 шақырым болатын 3 су торабы мен 31 магистральдық каналды реконструкциялауға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.«Барлық нысандарда инертті материалдар қоры бар, арнайы техника дайындалды. Су тасқыны жағдайы тұрақты. Қоймалардағы су деңгейі қалыпты, бос орын бар. Филиалдың су қоймаларында және орталық аппаратында жедел ден қою үшін тәулік бойы кезекшілік және мониторинг ұйымдастырылды. Су жинау және жіберу туралы барлық ақпарат барлық мүдделі органдарға беріліп отыр»,- деді Шығыс Қазақстан облысының «Қазсушар» филиалы директорының орынбасары Дәулет Жанысов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/971455?lang=kk
Денсаулық сақтау Министрінің Бұйрығымен С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің Бақылау кеңесінің құрамы жаңарды 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі. Біртанов Елжан Амантайұлы Толғырақ>> С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің ректоры..Нұрғожин Талғат Сейтжанұлы Толғырақ>> Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті.Шарман Алмаз Толғырақ>> "Resmi" компаниялар тобы» ЖШС-ның президенті.Мәжібаев Қайрат Қуанышбайұлы Толғырақ>> "Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы" АҚ-ның Директорлар кеңесінің төрағасыӘбілқасымов Ерасыл Толғырақ>> "Capital partners" ЖШС-ның Бас директоры. Сарыбеков Владимир Евгеньевич Толғырақ>>ҚР-дағы Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының президенті Локшин Вячеслав Нотанович Толғырақ>> Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасының Ахметов Уәлихан Исаұлы Толғырақ>> Бизнес кеңесші.Джангильдин Алиби Чингисович Толғырақ>> Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының директорлар Кеңесі төрағасы Омаров Қадыр Тоқтамысұлы Толғырақ>> Отан соғысы мүгедектеріне арналған Республикалық клиникалық госпиталінің директор орынбасары Тәжиев Есентай Бөдесұлы Толғырақ>>Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/21618?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН МЕН КОРЕЯ «САМАЛ ЖЕЛ» АТТЫ ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОЛ ҚОЙДЫ 15.04.2025
Құжатқа Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мен Корея Республикасының Сауда, индустрия және энергетика министрі Сон Юн Мо қол қойды.«САМАЛ ЖЕЛ» бағдарламасы көлік және логистика, құрылыс, өнеркәсіп, инфрақұрылымды дамыту, тау-кен металлургия және жер қойнауын пайдалану, сауда-экономикалық ынтымақтастық, энергетика, инновация және АКТ, ауыл шаруашылығы, қаржы, денсаулық сақтау мен мәдениет, туризм және білім беру сияқты салаларда нақты 58 жобаны іске асырудың және 10 өрісте кешенді өзара іс-қимылды қамтиды.Бұған қоса, қазіргі уақытта пакеті 7,2 млрд АҚШ долларын құрайтын Қазақстан-Корей индустриалды-инновациялық 40 жоба бар. Оның ішінде жалпы сомасы1,9 млрд АҚШ долларын құрайтын 19 жоба іске асырылды, 2,1 млрд АҚШ долларының 6 жобасы іске асырылуда және 3,2 млрд АҚШ долларын құрайтын 15 перспективалық жобаны іске асыру «САМАЛ ЖЕЛ» бағдарламасында қарастырылған.Корея белсенді бизнес-ынтымақтастық және бизнестегі екі жақты түрлі байланыстарды орнату арқылы қамтамасыз етілетін бірлескен кәсіпорындардың саны бойынша алғашқы ондыққа кіреді. Бүгінгі таңда Қазақстанда корей капиталының қатысуымен 500-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/21524?lang=kk
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ 15.04.2025
Қ.Өскенбаев «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру бойынша министрлік жүргізіп жатқан жұмыстар мен аз қамтылған отбасылар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру бойынша қабылданған шаралар туралы есеп берді.Бірінші вице-министрдің айтуынша, «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын тиімді жүзеге асыру үшін «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында құрылыс алаңдарын құру үшін инженерлік желілер тарту қаржысын 100 млрд.теңгеге дейін арттыру қарастырылды және халықтың ипотекасын субсидиялау алынып тасталды.Сонымен қатар, өңірлерде алғашқы тұрғын үйге қол жетімділікті арттыру үшін тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына ғана емес, екінші деңгейдегі банк салымшыларына да кредиттік тұрғын үйді сату қарастырылған.Бұдан басқа, «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысушылар үшін тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің займдары бойынша бастапқы жарна 30%-тен 20%-ке дейін төмендетілді.«Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін өңірлермен бірлесіп жеңілдетілген ипотека бойынша бастапқы жарналарды тұрғын үй сертификаттары түрінде ішінара субсидиялау механизмі әзірленді. Тұрғын үй сертификаттарын беру әлеуметтік көмек немесе бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ретінде қарастырылады», - деп атап өтті Қайырбек Өскенбаев.Кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды ұлғайту үшін «Нұрлы жер» бағдарламасына енгізілетін өзгерістер аясында қаражатты инвестициялау туралы нормалар көзделген. Соның ішінде «Баспана» бағдарламасын жергілікті атқарушы органдардың облигациялары бойынша іске асыру қарастырылған.Сыйақының нарықтық ставкасын жабу үшін әкімдіктер салынған тұрғын үйді Құрылыс құнынан асатын бағамен сатуға құқылы (шамамен өңірлерде 176 мың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау қалаларында 220 мың).Бұл ретте, әкімдіктер бюджет мүмкіндіктерін, қарыз лимиттерін және жобалардың болуын ескере отырып, сатып алуды айқындайтын болады. Елбасының «Nur Otan» партиясының съезінде берген тапсырмасын іске асыру үшін «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында аз қамтылған отбасылар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру шаралары әзірленді.Жыл сайын көп балалы отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй салуға және сатып алуға өңірлерге 50 млрд.теңгеден бөлу көзделіп отыр. Бұл жыл сайын 6 мың көп балалы отбасын, ал 2025 жылға дейін 40 мың отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Биылғы жылға 3 130 пәтерлі құрылыс жобаларының тізімі жасалды. Лимит сома бойынша әр өңір үшін әкімдіктер кезегіндегі көп балалы отбасылар санына пропорционалды түрде белгіленген (28 126).Сондай-ақ тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы көп балалы, толық емес отбасыларды және мүгедек балалары бар отбасыларды жылдық ставкасы 2% болатын, бастапқы жарнасы 10%-тен басталатын 20 жылға дейінгі мерзімге жеңілдікпен несиелендіру енгізілуде.Бастапқы жарнаның бір бөлігі тұрғын үй сертификатымен жабылады.Аталмыш механизмді іске асыру үшін 3 жыл ішінде 150 млрд.теңге бөлу жоспарланып отыр, бұл жыл сайын 6 мың займ беруді қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/21469?lang=kk