Қуқық
ПАРИЖДЕ ЭДЫҰ БОЛАТ КОМИТЕТІНІҢ 85-ШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ 15.04.2025
Қазақстан делегациясын ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Баитов бастап барды. Делегация құрамында ҚР ИДМ Тау-кен металлургиялық өнеркәсіп басқармасының бас сарапшысы Нұрмұхамед Аюпов және ҚР ИДМ Сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаменті жан-жақты ынтымақтастық басқармасының басшысы Еркебұлан Боранбаева болды.Сессия жұмысы басталғанша Болат комитетінің «Құрылымдық өзгерістерді жеңілдету» семинары өтті. Семинарға үкіметтің, өнеркәсіп және кәсіподақ өкілдері, сондай-ақ академиялық орта сарапшылары қатысты. Олар болат құю секторындағы құрылымдық өзгерістерге ықпал ететін саясатты талқылады. Семинар мақсаты - металлургиялық зауыттардың жабылуының түрлі әлеуметтік салдарларын тереңірек түсіну. Қатысушылар ресурстарды неғұрлым тиімді өндірістік бірліктер үшін қайта бөлуді қамтамасыз ету мақсатында қайта құрылымдаудың әлеуметтік салдарын жұмсарту жөніндегі шараларды қоса алғанда, тиімсіз болат өндірушілерін жабуға көмектесетін саясатты талқылады.Сессияда ЭЫДҰ-ның Экономикалық департаменті әлемдік экономика мен болат нарығының ағымдағы жағдайына шолу жасады. Соңғы деректерге сүйенсек, 2015 жылдан бастап алғаш рет әлемдік болат өндірісі өсім көрсете алады. Сонымен қатар, бүкіл әлем бойынша жүзеге асырылатын жаңа ірі инвестициялық жобаларды қосқанда, 2019-2021 жылдар кезеңінде өндіріс көлемі 1,6% -ға өседі. ЭЫДҰ мәліметі бойынша, 2017 жылы әлемдегі болат өндірісі 2,250 млн. тоннаны құрады, қазіргі жағдаймен есептегенде 2018 жылы өндіру көлемі шамамен 2300 млн. тоннаға жетуі тиіс. Әлемде болат өндірісі үшін артық өндірістік қуат саладағы басты мәселе болып қала береді.Бұдан бөлек, әлемдік экономика даму перспективалары, халықаралық болат нарығындағы жағдай және басқа да тақырыптар талқыланды. ЭЫДҰ болат комитетінің 85-ші сессиясының материалдары http://www.oecd.org/sti/ сайтында орналастырылған.Фото ашық ақпарат көзіненАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/23409?lang=kk
Өңірлерде спорттың дамуын талдау бойынша жұмыс тобының екінші кезеңі басталды 15.04.2025
Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған арнайы жұмыс тобы еліміздің өңірлеріндегі спорт саласына жүргізілетін мониторингтің екінші кезеңін бастайды. Бұл топтың негізгі міндеті – былтыр өңірлерде анықталған мәселелердің шешілу барысын тексеру және министрлік тарапынан қолға алынған спорт реформаларын жергілікті жерлерде түсіндіру.Бірінші кезеңде жұмыс тобы аймақтарды аралап, жергілікті спорт инфрақұрылымының жай-күйін зерттеп, саладағы мәселелер мен олқылықтарды жинақтап, министрлікке ұсынған. Нәтижесінде, әр өңірге нақты ұсыныстар жолданып, жүйелі жұмыс жүргізуге бағыт берілді.Екінші кезеңде осы ұсыныстардың өңірлерде қалай іске асып жатқанына талдау жасалады. Сонымен қатар жұмыс тобы өңірлердегі спорт мектептерінің, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің, олимпиадалық даярлау орталықтарының және басқа да мекемелердің қызметімен танысып, қажет болған жағдайда әдістемелік және тәжірибелік көмек береді.Жұмыс тобы 10 адамнан құралған және екі бағытқа бөлінеді. Топ құрамында экономист, заңгер, құқықтық және әкімшілік-кадр, сарапшы, спорт менеджерлері және тағы басқа мамандар бар. Бірінші топ Қарағанды облысына, екіншісі Абай облысына жол тартады. Әр өңірде кемінде бір апта немесе он күннен астам уақыт жұмыс жүргізу жоспарланған. Жалпы алғанда, бірінші жартыжылдықтың соңына дейін 20 өңірді толық қамту көзделіп отыр.Мониторинг жұмыстары бекітілген кесте және келісілген жоспар бойынша жүзеге асады. Жұмыс барысын Туризм және спорт министрлігі тікелей бақылауда ұстайды.Бұл жұмыс орталық пен өңір арасындағы өзара іс-қимылды күшейтіп, реформаларды тиімді жүзеге асыруға және жергілікті деңгейдегі спорт саласын нақты деректер негізінде дамытуға мүмкіндік береді.Айта кетейік, жұмыс тобы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау, спорт саласын жүйелі дамыту және мемлекеттік бастамаларды жүзеге асыру мақсатында ҚР Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/973163?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН «МАЙНЕКС-2018 РОССИЯ» ТАУ-КЕН ФОРУМЫНДА ЖАҢАРТЫЛҒАН ЖЕР ҚОЙНАУЫ ТУРАЛЫ КОДЕКСТІ ТАНЫСТЫРДЫ 15.04.2025
Қазақстан үшін геологиялық және тау-кен өндіру салалары маңызды және басымдыққа ие. Бұл сектор мұнай-газ өнеркәсібінен кейінгі ел экономикасы құрылымында екінші орында. Қазақстан әлемдегі негізгі пайдалы қазбалар бойынша көшбасшы орынға ие екенін айта кету керек.Сала әлемдік нарықта мыс, уран, титан, ферроқорытпа және полиметаллдарымен танымал және аймақта темір, көмір және алюминий нарығына айтарлықтай әсер етеді. Жылдам дамып келе жатқан ғылыми-техникалық прогресс нарықтық сұранысқа үнемі түзетулер енгізеді. Мысалы, электромобильдердің қозғалтқыштары мен смартфондарға салынатын литий, вольфрам, молибден және басқа да сирек кездесетін металдарға сұранысты күрт арттырды.«Қазіргі кездегі жағдайларға орай, Қазақстан 2017 жылғы желтоқсанда қабылданып, 2018 жылдың 29 маусымында күшіне енген жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекстің нәтижесі ретінде халықаралық әдістерге сәйкес жер қойнауын пайдалану саласына кең ауқымды реформалар жүргізді. Жаңа Кодекске саланы мемлекеттік реттеудің ашық әдістерін, геологиялық ақпаратқа қолжетімділікті, ұлттық стандарттарды әлемдік стандарттармен үйлестіруді қамтамасыз етудегі үздік халықаралық тәжірибе енгізілді»,- деп атап өтті форумда сөйлеген Тимур Тоқтабаев.Кодекс аясында жер қойнауын пайдалану құқығын беру шарттары бірінші өтінімнің қағидасын енгізу арқылы 24 айдан бірнеше күнге дейін қысқартылды; геологиялық ақпаратқа қол жеткізу; CRIRSCO жүйесі арқылы пайдалы қазбалардың қорларын есептеуге арналған халықаралық жүйе 5 жыл өтпелі кезеңмен енгізілді.Ең бастысы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері барынша азайтылады, өйткені жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асырудағы талаптары өте айқын және әділ.Жер қойнауын пайдалану құқығын қамтамасыз етуде «бірінші өтінім» қағидаты бойынша жүйелілік пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін Қазақстандағы минералды ресурстардың мемлекеттік қорын басқару бағдарламасы бекітілді. Бұл жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың жаңа құралы, ол орта мерзімді перспективада тиісті саланың даму бағыттары туралы инвесторларға жалпы мәлімет береді.Биылғы жылдың 15 қыркүйегінен бастап, барлауға өтінімдер жоғарыда аталған бағдарлама бойынша қабылданады, сондықтан лицензия 2018 жылдың 15 қазанынан беріле бастайды.2024 жылға дейінгі өтпелі кезеңде осы Кодекске сәйкес қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия аукцион өткізу арқылы жүзеге асырылады.Бұл саланы дамытудағы келесі қадам Ұлттық Банк деректерін енгізу. Бұл мемлекеттік органдардың мен жер қойнауын пайдаланушылардың өзара қатынасын электронды форматқа ауыстыруға мүмкіндік береді.Мәселен, Ұлттық банк деректері аясында жер қойнауын пайдалану құқығын бірнеше күн ішінде электронды түрде беру ғана емес, геологиялық ақпаратқа қол жеткізу, жер қойнауын пайдаланушылардың есептерін беру, лицензияның орындалуына мониторинг жүргізу және келісім-шарт міндеттемелері және т.б. қамтамасыз етілетін болады.Кодексте пайдалы қазбалардың мемлекеттік сараптамасы CRIRSCO стандарттары бойынша есептер дайындау үшін құзыретті тұлғаларға берілді, содан кейін 2024 жылдан бастап резервтер бойынша мемлекеттік комиссияның күші жойылды.CRIRSCO стандарттары барлық дамыған елдерде қолданылады. Бұл отандық жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың жер қойнауын пайдалану саласының ашықтығы мен болжамдылығы есебінен шетелдік және отандық инвестицияларды тарту мақсатында әлемдік қор нарықтарына және биржаларына кірулеріне мүмкіндік береді.CRIRSCO стандарттарына көшу кезінде салықтық тәсілдерді қайта қарау жоспарлануда. Австралия, Канада, Швеция және Оңтүстік Африка республикаларының үлгісімен соңғы көлемдер мен қорларға қарамастан, өндірілген пайдалы қазбаларға салық жинау ұсынылады.Роялти барлық кемшіліктер мен қайшылықтарды жояды. Бұл әдіс әділетті және минералды шикізатты қайта өңдеуді «қайта бөлудің неғұрлым жоғары деңгейі, соғұрлым жылдамдығы» қағидасына сәйкес ынталандырады (австралиялық үлгі).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/23259?lang=kk
АККРЕДИТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ХV-ШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ 15.04.2025
ҰАО-ның бас директоры М.Өмірханов «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-н дамытудың 2019-2020 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» баяндама жасады.Бүгінгі күні ҰАО: сынақ және калибрлеу бойынша ILAC MRA бірлесіп тану туралы келісіміне қол қоюшы;өнім бойынша IAF MLA бірлесіп тану туралы көптарапты келісімнің қол қоюшысы;өнім бойынша РАС MLA көптарапты тану туралы келісімінің қол қоюшысы;APLAC-қа толыққанды мүше және сынақ және калибрлі зертханалар бойынша APLACMRA келісімінің қол қоюшысы болып табылады.ҰАО 214 СЗ-на ILAC MRA бірлескен белгісін пайдалану құқығын берді, олар ҚР-ның заңды тұлғаларына 195 127 сынақ хаттамаларын берді, оның ішінде 4225 сынақ хаттамалары ҚР-нан тыс жерлерге берілді. Хаттамалар негізінен ауыл шаруашылығы өнімдеріне, астық өніміне, дәрілік заттарға, фармацевтикалық өнімге және т.б. берілді.68 СРО-ға IAF MLA бірлескен белгісін пайдалану құқығы берілді, олар 13 404 IAF MLA бірлескен белгісі бар сертификатын берді, оның 363-і ҚР-нан тыс жерлерге берілді.17 МЖ СРО-на IAF MLA бірлескен белгісін пайдалану құқығы берілді, олар 82 IAF MLA бірлескен белгісі бар сертификат берді.«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» ҚРЗ-на өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» «ҰАО» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Серік Құрманғалиев баяндама жасады.Баяндама Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу аккредиттеу саласындағы заңнаманы жетілдіру қажеттігінен екендігі, аккредиттеу рәсімдерін жеңілдету жолымен бизнес-қауымдастығына түсетін жүктемені төмендету, аккредиттеу саласындағы жаңа халықаралық стандарттарды енгізу, сондай-ақ сәйкестікті бағалау саласындағы қызметтің жаңа бағыттарын игеру және дамытуға байланысты екендігі сөз болды.Аккредиттеу жөніндегі Кеңес жұмысына «КОАС» ЗТБ төрағасы Дәулет Сүтемгенов, «Қазақстан Ұлттық индустриалды палатасы» БКП ЗТБ басқарма төрағасы Юрий Ципурит, Астана қ. «Әділет» тұтынушылар қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Тұрсын Жағпарова, «Техникалық реттеу және метрология жүйесі қатысушыларының қазақстандық бірлестігі» ЗТБ-ның атқарушы директоры Олег Савеленко. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты қорғау комитеті төрағасының орынбасары Нұрқан Садуақасов қатысып сөз сөйледі.Кеңес отырысын қорытындылаған ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шаққалиев «ҰАО» ЖШС-не «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-н дамытудың стратегиялық жоспарын пысықтауды, сондай-ақ Аккредиттеу жөніндегі Кеңес мүшелерінен түскен ұсыныстарды ескере отырып, «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасына ұсыныстар енгізуді тапсырды.Отырыс барысында Аккредиттеу жөніндегі Кеңес құрамы бекітілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/23233?lang=kk
«Таза Қазақстан»: «Жасыл аула» акциясы аясында 17 мың ағаш отырғызылды 15.04.2025
Экологиялық акция еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде өткізілді. Іс-шара көппәтерлі үйлердің аулалары мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыруға бағытталған. Өз аулаларының экологиялық және эстетикалық жағдайын жақсарту мақсатында 50 мыңға жуық адам шықты. Бұл көпқабатты үйлердің тұрғындары, ТКШ өкілдері және еріктілер.Акция аясында 17 мыңнан астам ағаш, бұта және сәндік өсімдіктер отырғызылды, сондай-ақ орындықтар, гүлзарлар мен сәндік элементтер орнатылды немесе жаңартылды.Естеріңізге сала кетейік, «Жасыл аула» акциясы «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы аясында өткізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/973004?lang=kk
ІҚМ және ҰМ аналық мал басын шығаруға уақытша тыйым салынды 15.04.2025
Сыртқы сауда қызметі және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) 2025 жылғы 12 наурыздағы отырысында Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың (ІҚМ) және ұсақ малдың (ҰМ) аналық басын әкетуге тыйым салуды алты ай мерзімге ұзарту мақұлданды.Анықтама. 2024 жылғы 14 қыркүйектен бастап 2025 жылғы 14 наурызға дейін 6 ай мерзімге ІҚМ және ҰМ аналық басын әкетуге тыйым салынған (ҚР АШМ 27.08.24 ж. № 290 және ҚР ҚМ 27.08.24 ж. № 583 «Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрығы).Осыған байланысты, ҚР АШМ 04.04.2025 ж. № 100 және ҚР ҚМ 07.04.2025 ж. № 155 «Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрығы қабылданды.Айта кету керек, ауыл шаруашылығы жануарларын жаппай әкетуді болдырмау және жаппай әкетуді болдырмау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарлары басының өсуінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында уақытша тыйым салынды. Бұйрық 2025 жылғы 10 сәуірде күшіне енеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/972986?lang=kk
ҚР ИДМ КӨЛІК КОМИТЕТІНІҢ АХУАЛ ОРТАЛЫҒЫ КӨЛІКТЕРДІ БАҚЫЛАУ МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ӨТІНІШТЕРДІ WHATS APP ЖЕЛІСІ АРҚЫЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ 15.04.2025
Құрметті азаматтар!Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің ахуал орталығында азаматтардың өтініштерін қабылдау үшін +77080880800 нөмірі Whats App желісінде тәулік бойы жұмыс істейді.Бұл байланыс орталығына автожолдардың сапасы, көлік заңнамасының бұзылу фактілері, сыбайлас жемқорлыққа байланысты жағдайлар мен құқық бұзушылық туралы және көлік бақылауына қатысты ақпараттар жібере аласыз.Барлық өтініштер тез арада қарастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/23140?lang=kk
Қуандық Қажкенов «АМАНАТ» партиясында азаматтарды қабылдау өткізді 15.04.2025
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов «АМАНАТ» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде Zoom конференция форматында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.Қатысушылар вице-министрге тұрғын үй сатып алу, қаладағы құрылыстың бас жоспары мәселелері бойынша жүгініп, халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған үйлердің сапасын жақсарту бойынша ұсыныстарын айтты.Қабылдау барысында Қуандық Қажкенов азаматтарды қызықтырған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/972841?lang=kk
Қазақстан мен Тәжікстан атқарушылық өндіріс саласындағы ынтымақтастықты нығайтатын болады 15.04.2025
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Атқару қызметі делегациясымен кездесті.Кездесудің барысында Тәжікстан өкілдері қазақстандық атқарушылық құжаттарды орындау жүйесімен, соның ішінде жеке сот орындаушыларының қызметімен және осы саласындағы цифрлық шешімдерді енгізу тәжірибесімен танысты.Тәжікстан өкілдері Қазақстандағы мәжбүрлеп орындату тәжірибесімен және атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің жұмысы туралы мәліметтер алды.Тараптар атқарушылық өндіріс саласындағы заманауи сын-тегеуріндерді талқылап, құқық қолдану тәжірибесімен және орындау рәсімдерінің тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа тәсілдерімен алмасты.Тәжік делегациясы қабылдаушы тарапқа ашықтық пен табысты ынтымақтастығы үшін алғысын білдіріп, ведомствоаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша ҚР Әділет министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Атқару қызметі арасында екіжақты диалогты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл 2024 жылғы тамызда қол қойылған атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберіндегі бірлескен бастамаларды жалғастыруға бағытталған. Аталған бастамалар екі елде атқарушылық іс жүргізу жүйелерін жетілдіруге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/972716?lang=kk
ШҚО-да инвестициялық және әлеуметтік-экономикалық жобаларды белсенді іске асыру жалғасуда 15.04.2025
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының сегізінші шақырылымының XX сессиясында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов облыс дамуының Жоспарын орындау және 2024 жылға арналған облыстық бюджет туралы егжей-тегжейлі есеп берді. Келтірілген мәліметтер экономиканың едәуір жетістіктерін, өмір сүру сапасының жақсаруын және бюджет кірістерінің өсуін көрсетеді.2024 жыл өңірдің экономикалық дамуындағы маңызды кезең болды. Шығыс Қазақстан облысына тартылған инвестициялар көлемі 116%-ға өсіп, 770 миллиард теңгені құрады. Өнеркәсіпте өсім 103%-ды, ауыл шаруашылығында – 109%-ды құрады. Өңірдің ауыл шаруашылығы өнімі 459 миллиард теңгеге жетті. Құрылыс саласында да оң динамика байқалады: көлемдер 114%-ға ұлғайып, 400 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.— Біздің өңіріміздің ерекшеліктері мыналар: экономикамыздың 40%-ы өнеркәсіп, сонымен қатар өңдеуші өнеркәсіптің 70%-дан астамы «Казцинк» компаниясына тиесілі. Әлемдік конъюнктурадағы өзгерістер болған жағдайда тек бір кәсіпорын өңірдің экономикасына елеулі зиян келтіруі мүмкін. Бұл қолайсыз жағдай, сондықтан біз экономикамызды әртараптандыру бойынша белсенді жұмыс істеудеміз, — деді облыс әкімі.Ірі инвестициялық жобалар арасында «ВОСТОКМАШЗАВОД» өндірістік қуаттарын қайта құру мен Самар ауданында алтын өндіру зауытын салуды атап өтуге болады. Алдағы жылдары шетелдік инвесторлардың қатысуымен бірнеше жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, бұл жаңа жұмыс орындарын құрып, инфрақұрылымды жақсартуға әкеледі.Ауыл шаруашылығы секторына ерекше көңіл бөлінеді. 2024 жылы агроөнеркәсіп кешеніндегі 15 жобаны жүзеге асыруға 22 миллиард теңге инвестицияланды, оның ішінде заманауи сүт-тауарлы фермаларды салу бар. Суару және ауыл шаруашылығы техникасындағы жаңа технологияларды енгізу ауыл шаруашылығын тиімділігін арттыруға ықпал етуде.«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған жобалар белсенді қолдау табуда. Биыл аграрлық бастамаларды жүзеге асыру үшін 4,5 миллиард теңге бөлінді. Сонымен қатар, агроөнеркәсіптік жобаларды жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша 11 миллиард теңге бөлініп, бұл 8 ірі жобаны қаржыландыруға мүмкіндік береді.Әлеуметтік салада да елеулі өзгерістер орын алуда. 2024 жылы бірнеше ірі білім беру нысандары, оның ішінде жаңа мектептер мен балабақшалар салынып, пайдалануға берілді. 160 спутниктік Starlink терминалдары орнатылып, өңірдегі білім беру ұйымдарында интернет-оқытуға қолжетімділік жақсарды.Денсаулық сақтау саласы да дамуын жалғастыруда: өңірде жаңа ауруханалар мен медициналық мекемелер салынып, заманауи медициналық технологиялар енгізілуде. 2024 жылы Гематология орталығы мен бірнеше жаңа емханалардың құрылысын аяқтау жоспарлануда.Өңір дамуының маңызды бөлігі туризм болып табылады. Шығыс Қазақстан облысында тау шаңғысы курорттары мен туристік базаларды салу жобалары жүзеге асырылуда. Экологиялық және тарихи маршруттарға баса назар аудара отырып, тау шаңғысы туризмін дамыту Риддер мен Катонқарағай ауданында жоспарланған.Бұдан бөлек, көлік инфрақұрылымдық жобалар белсенді түрде дамып келеді: жаңа көпірлер, жолдар және әуежайлар салынып жатыр, бұл Шығыс Қазақстан облысын Қазақстан мен Қытай арасындағы маңызды көлік торабына айналдырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/972693?lang=kk
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Eco Hackathon: Жастар көзқарасымен» экологиялық акциясы өтті 15.04.2025
Талдықорған қаласындағы Жеңіс саябағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында алғаш рет ашық аспан астында «Eco Hackathon: Жастар көзқарасымен» атты экологиялық акция өтті. Хакатонның басты мақсаты – жастардың назарын өңірдегі экологиялық мәселелерге аудару және оларды шешуге жұмылдыру. Сонымен қатар, 20 жасқа өз идеяларын ұсынуға және нақты экологиялық жобалар әзірлеуге мүмкіндік берілді. Акция аясында экология тақырыбында панельдік пікірталас алаңы ұйымдастырылып, қатысушылар 4 топқа бөлініп, өз жобаларын ұсынды.Қазақстан студенттерінің Альянсы Жетісу облыстық филиалының белсендісі Кариманова Ұлпан: «Бүгінгі «Eco Hackathon» шарасы барысында қатысушылар экологияны қорғау, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, көгалдандыру және экосаулықты сақтау бойынша түрлі идеялар мен шешімдер ұсынды. Үздік жобалар алдағы уақытта өңірде жүзеге асыру үшін қарастырылатын болады. Eco Hackathon – бұл жай кездесу ғана болып қалмай, жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыратын, экологиялық мәдениетті қалыптастыратын және Жетісудың жасыл болашағына үлес қосатын маңызды бастама».Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жыл басынан бері барлық жоспарланған іс-шаралар белсенді түрде өткізілуде. Сенбіліктер мен экологиялық акцияларға жалпы саны 17 мыңнан астам адам қатысты. 295 техника бірлігі жұмылдырылып, 1 209 тонна қоқыс шығарылды. 132 парк пен сквер тазартылып, 17 мыңнан астам қылқан жапырақты және жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды. Облыстық қоғамдық даму басқармасының мәліметі бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/972656?lang=kk
2018 ЖЫЛДЫҢ 1-ШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА 12,3 МЛРД. ДОЛЛАР ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАР ТАРТЫЛДЫ 15.04.2025
ҚР ИДМ Инвестиция комитеті үздік 10 инвестор елдің тізімін жасады. Алғашқы үштікке Нидерланды, АҚШ және Швейцария кіріп отыр.Сіздердің назарларыңызға барлық тізімді ұсынамыз:Нидерланды - 81,8 млрд. долл., жалпы инвестиция ағынының 29,5%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта 3,8 млрд. долл.;АҚШ - 33,7 млрд. долл., жалпы инвестиция ағынының 12,2%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта - 2,8 млрд. долл.;Швейцария - 21,9 млрд. долл., жалпы инвестиция ағынының 7,9%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта - 1,3 млрд. долл.;Қытай - 16,4 млрд. долл., жалпы инвестиция ағынының 5,9%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта 776,3 млн. долл.;Франция - 14,6 млрд. долл., жалпы инвестиция ағынының 5,3%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта 431,6 млн. долл.;Ұлыбритания - 13,0 млрд. долл., жалпы инвестиция ағынының 4,7%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта 292,9 млн. долл.;Ресей Федерациясы - 12,6 млрд. долл., жалпы инвестиция ағынының 4,5%-н құрайды, биыл 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығында - 821,0 млн. долл.;Виргин аралдары - 10,1 млрд. долл., жалпы инвестиция ағынының 1,6%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта 85,7 млн. долл.;Бельгия - 7,0 млрд. долл., жалпы инвестиция ағынының 2,5%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта - 797,5 млн. долл.;Жапония - 5,9 млрд. долл., жалпы инвестиция ағынының 2,1%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта - 187,5 млн. долл.. Фото ашық ақпарат көзіненАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/22761?lang=kk
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ЖАПОНИЯНЫҢ АВТОЖОЛДАРДЫ ҚАРДАН ҚОРҒАУ ТӘСІЛДЕРІМЕН ТАНЫСТЫ 15.04.2025
Қазақстанның жол қызметкерлерімен кездесуді «TOKIO ROPE ALMATY» компаниясы өткізді. Қардан қорғау қоршауларды пайдалануда Қазақстанның климаттық жағдайы ескерілген.Жұмыс сапары барысында Қоғам өкілдері «Цучиура Tokyo Rope» тростық қоршаулар дайындайтын зауытқа барды, сондай-ақ Токио және Джобан қаласындағы автобандарды көрді. Онда Жапон компаниясының технологиялары мен өнімдерін пайдалана отырып, қарды көлік өтетін бөліктің жағасына жинамай автожол арқылы тасымалдауды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін қоршаулардың конструктивті ерекшеліктері көрсетілді.Қазақстанда тростық қоршауларды қолдану үшін техникалық шарттарға сәйкестігі талап етіледі. Тростарды қолдана отырып барьерлік қоршауларды пайдалану Ұлттық ғылыми зерттеу орталығының жол қозғалысы қауіпсіздігі зертханасының сынақтары барысында берілген нормативтермен реттеледі. Бұл жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан Республикасының ауа-райы үшін қардан қорғау қоршауларын әзірлеу туралы келіссөзге қол жеткізілді.Сонымен бірге, Қоғам өкілдері Токио қаласында «Техно-ярмарка 2018» жол өнімдерінің көрмесіне қатысты, онда жолды абаттандыру, қар жинау және басқа да жол техникалары көрсетілген. Көрмеге жол құрылысы үшін өнімдер шығаратын халықаралық компаниялар қатысты.Жұмыс сапарының соңында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ TOKYO ROPE INTERNATIONAL INC компаниясымен Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.Басқарма төрағасының орынбасары Берік Желдікбаев жол қауіпсіздігін арттыру және қауіпті учаскелер санын азайту Қоғам қызметінің басты міндеті екенін және жапондық әріптестері ұсынған қардан қорғау қоршауларын пайдалану мәселені шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті.Анықтама үшін: Компания TOKYO ROPE MFG.CO.LTD компаниясы 130 мың жылдан аса нарықта жұмыс істейді. Компанияның өнімі құрылыстың әртүрлі салаларында қолданылып жүр. Айта кететін жайт, Токyо Rope компаниясының тросстары Семей және Босфор борты (Түркия) қалаларында көпір салған кезде қолданылған және бүкіл әлем бойынша құрылыста кеңінен қолданылып жүр. Тростар коррозиядан қорғау үшін аллюминий және мырыш қоспасынан жасалған өте берікболат және құймадан жасалады. Сондай-ақ Алматы қаласы зауытында Медеу және Шымбұлақтағы тіке көлбеулерді бекіту үшін габиондар мен торлар шығарылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/22723?lang=kk
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БІРҚАТАР ИНДУСТРИЯЛЫҚ, ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ, АГРАРЛЫҚ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ ҚОСТЫ 15.04.2025
Телекөпір аясында Қазақстан Президенті «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» мен Қарағанды облысының катодты мыс өндіретін «Алмалы» кен орнындағы құрылысы аяқталған және өндіріс қуатына шығуға дайын «Sary-Arka Copper Processing» кәсіпорынын іске қосуға пәрмен берді.Машина жасау және құрылыс индустриясы саласында Қазақстан президенті Павлодар облысындағы «Проммашкомплект» темір жол доңғалақтарын өндіретін кәсіпорынды онлайн-режимде іске қосты. Ол теміржол доңғалақтары өндірісін жылына 75 мыңнан 200 мыңға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Елбасы Шымкенттегі қуаты 110-220 кв трансформатор шығаратын «Asia Trafo» зауытын, Қызылорда облысындағы қуаты жылына 1 млн тонна болатын «Гежуба Шиелі Цемент» Қазақстан-Қытай инвестицялық жобасын іске қосты.Мемлекет басшысы телекөпір аясында сондай-ақ, Алматыдағы қуаты жылына 550 мың тонна қоқыс өңдейтін «Green Recycle» ЖШС кешенін және Петропавлдағы қажетті халық тұтынатын тауарлар мен полимерлерді толық циклда қайта өңдейтін «Радуга» ЖШС металл пластикалық бұйымдар зауытын іске қосты.Телекөпір барысында «KEGOC» АҚ 500 килоВольттық «Семей-Ақтоғай-Талдықорған-Алматы» желісін іске қосты, сондай-ақ Ақтөбе облысында қуаты 300 млн. м3 болатын Қожсай кен орнында «Gas Processing Company» ЖШС ілеспе мұнай газын қайта өңдеу жобасы жұмыс істей бастады.«Баламалы энергетика» саласында «Samruk Kazyna – United Green» ЖШС Жамбыл облысында қуаты 100 МВт болатын Қазақстан-Британ бірлескен жобасы - «Бурное» күн электр станциясын пайдалануға берді. Сонымен қатар, Маңғыстау облысының Түпқараған ауданындағы "KТ Редкометальная компания" ЖШС бірлескен кәсіпорны жел энергетикасының бірінші кезеңі іске қосылды (43,6 МВт) (1-кезең).Телекөпір барысында аграрлық сектор бойынша заманауи қондырғылармен жабдықталған «Карат» ЖШС (Атырау облысы) автоматтандырылған диірмені, қуаты жылына 50 000 тонна ет өндіретін соңғы жылдары аграрлық саладағы ірі жобалардың бірі Макинск (Ақмола облысы) құс фабрикасының бірінші кезеңі, сондай-ақ, Арқалық қаласындағы ет өңдейтін «Торғай Ет» ЖШС кешені пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, тамақ өнеркәсібі саласында Mareven Food Holdings трансұлттық холдингі Алматы облысында ұнды терең өңдейтін және тамақ өнімдерін дайындайтын зауыт салды. Түркістан облысында түйе мен бие сүтін өңдейтін «Golden Camel Group LTD» ЖШС кәсіпорны іске қосылды. Онда құрғақ сүт, балалар тағамы және энергетикалық сусындар әзірленеді.Телекөпір барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев«5 әлеуметтік бастаманың» бірі ретінде Астананы газдандыру жобасындағы Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана бағыты бойынша ұзақтығы 1061 км болатын және жылына 2,2 миллиард текше метр газ өткізу мүмкіндігі бар «Сарыарқа» газ магистралінің 1-ші кезеңін іске қосуға пәрмен берді.Сондай-ақ, Президент онлайн режимде республика тарихындағы алғашқы концессиялық жоба – Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы құрылысының барысын бақылады. Онда 3 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, Президент Батыс Қазақстан облысындағы елімізді Ресеймен және Шығыс Еуропамен байланыстыратын Орал-Тасқала автожолы учаскесінде автокөлік қозғалысын ашты.«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асырудың арқасында Шығыс Қазақстан облысының Озерка ауылы мен Жамбыл облысына қарасты Өрнек ауылының тұрғындары кең жолақты интернетке қол жеткізді. Цифрландыру аясында Екібастұзда Орталық Азиядағы ең ірі дата-орталық, Қостанайда еліміздегі ең цифрлы диірмен кешені - «Бест Костанай» ЖШС іске қосылды. Астанада модем, коммутатор және автоматты цифрлы телефон станциясын өндіретін «DigitalSystemServis» ЖШС зауыты құрылды. Алматыда прибор жасау және радиоэлектроника инновациялық «Kaz Tech Innovations» ЖШС зауыты іске қосылды.Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы жүк әуе тасымалы саласында e-Freight және «Қазпошта» компаниясының фулфилмент-орталық қағазсыз құжат айналым ақпараттық жүйесінің жұмысын, «ҚазТрансОйлдың» мұнай тасымалдауды басқару digital-жүйесін іске қосты.Индустрияландыру бағдарламасы іске асырылған жылдары барлығы 6,6 трлн. теңгеден астам соманың 1 148 жобасы іске қосылып, 107 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Соның ішінде индустрияландырудың бірінші бесжылдығында (2010 – 2014 жылдар) Индустрияландыру картасы аясында 3 трлн. теңгенің 770 жобасы іске қосылып, 76 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.Индустрияландырудың екінші бесжылдығы басталғалы (2015-2017 жылдар) 3,1 трлн. теңгенің 378 жобасы іске қосылып, 31 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.2018 жылы жалпы сомасы шамамен 1,2 трлн. теңге болатын 100 нысан қатарға қосылып, 13 мың адамға жұмыс берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/22713?lang=kk
Қазақстан Иранға жылына 2 млн тонна бидай экспорттауға дайын 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Иранның Қазақстандағы елшісі Али Акбар Джоукармен кездесу өткізді. Тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылап, ауылшаруашылық өнімдерінің өзара жеткізілімдерін кеңейту үшін мүмкін болатын қадамдарды анықтады.Айдарбек Сапаров Қазақстан мен Иран арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы бойынша оң динамиканы атап өтті. 2025 жылдың алғашқы екі айының қорытындысы бойынша екі ел арасындағы АӨК өнімдері саудасының көлемі 72,4 миллион АҚШ долларын құрады, бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 147,9%-ға артық. Қазақстаннан жеткізілетін негізгі тауарлар арасында арпа, күнбағыс күнжарасы, ұсақ және ірі қара мал еті, өсімдік майлары, жүгері, көкөністер мен бұршақ дақылдары бар.«Біздің міндетіміз — ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты сауданы арттыруды жалғастыру. Маңызды бағыттардың бірі — Иранға астық дақылдарын жеткізуді кеңейту. Соңғы 10 жылда Қазақстан сіздердің нарыққа 9 миллион тоннадан астам астық, оның ішінде бидай мен арпа экспорттады. Біз бидай экспортын жылына 2 миллион тоннаға дейін, ал арпа экспортын 1 миллион тоннаға дейін арттыруға дайынбыз», — деп атап өтті министр.Иран елшісі, өз кезегінде, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және өзара жеткізілімдерді белсендендіруге қызығушылық білдірді.«Біз Қазақстанмен өзара іс-қимылды тереңдетуге, әсіресе ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеуге ұмтыламыз. Өнім жеткізілімдерін кеңейту, астық импортын арттыру және бірлескен кәсіпорындар құру — бұл біздің ел үшін басым міндеттер», — деп мәлімдеді Али Акбар Джоукар.Айдарбек Сапаров барлық ұсынылған бастамаларды қолдауға дайын екендігін растады.Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Иран арасындағы жұмыс тобы аясында серіктестікті нығайтуды жалғастыру туралы келісімге келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/972480?lang=kk
Созақ ауданына соңғы 5 жылда алғаш рет 1,3 млрд текше метрден артық су келді 15.04.2025
Түркістан облысының Созақ ауданына соңғы 5 жылда алғаш рет 1 млрд 380 млн текше метр су келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 300 млн-ға көп.Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов аудан тұрғындарымен кездесіп, аймақты сумен қамту бағытындағы атқарылған жұмыс туралы айтып берді.Ең алдымен, Тасөткел су қоймасы жөнделіп, сыйымдылығы 450 млн текше метрден 620 млн-ға дейін ұлғайтылды. Бұл Созақ ауданына қосымша 200 млн текше метр су жіберуге мүмкіндік береді.Шілде айында Фурманов каналын тазарту және жөндеу жұмыстары басталады. Министрлік Шу өзенінің суын реттеп, Созаққа бағыттау үшін Радай өзегінде арнайы қондырғы орнатуды жоспарлап отыр.«Біздің министрлік Созақ ауданына тұрақты түрде су жіберуге ниетті. Ол үшін бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Биыл Шу өзенінің суын сауатты бөлу мен реттеудің нәтижесінде Созақ ауданына су әдеттегіден 1 айға ерте келді. Қазірдің өзінде өткен жылдан 300 млн текше метрге артық су жібердік. Біз бұнымен тоқтамаймыз. Мамыр айына дейін секундына 85 текше метрден су жіберуді жоспарлап отырмыз»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/972377?lang=kk
АРЫС ҚАЛАСЫНДА 7 МЫҢНАН АСТАМ ҚҰРЫЛЫСШЫ ЕҢБЕК ЕТУДЕ 15.04.2025
Сондай-ақ, 17 секторда бригадалар 2 мың ЖТҚ және КПТҮ объектілерінде косметикалық жөндеу жұмыстарын аяқтайды. Осылайша, негізгі қалпына келтіру жұмыстары 6,5 мың үйде аяқталды. Бұл барлық зардап шеккен Арыстың 90% болып табылады.Естеріңізге сала кетейік, кеше ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Арыс қаласындағы бұзылған үйлерді, әлеуметтік нысандарды, инженерлік желілерді салу және жөндеу жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ қаланы қалпына келтіру жөнінде кеңес өткізді. ҚР Үкіметі басшысы қалада қысқа мерзімде ауқымды жұмыстар жүргізілгенін атап өтті.Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша қалған жеке үйлерді жөндеу 10 тамызға дейін аяқталуы тиіс. Көпқабатты үйлер бойынша қалпына келтіру жұмыстары 20 тамызға дейін бітуі керек. Сондай-ақ, 20 тамызға дейін барлық әлеуметтік нысандарды тапсыру қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/22536?lang=kk
ҚР Туризм және спорт министрі шетелдік инвестормен кездесті 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов елордада Ұлттық спорт университетінің құрылысын жүргізіп жатқан швейцариялық Mabetex компаниясының басшылығымен маңызды кездесу өткізді. Тараптар жобаның қазіргі кезеңі, құрылыс жұмыстарының сапасы және университеттің болашақ инфрақұрылымын талқылады.Кездесуден кейін министр білім ордасының құрылыс барысымен және жобаның бірінші және екінші кезеңдерінің жоспарымен танысты. Ербол Мырзабосынов құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтаудың маңызын атап өтті. Жоспар бойынша университеттің алғашқы кезеңі мамыр айының соңына қарай пайдалануға берілмек.Қазіргі таңда бірінші кезең аясындағы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Мамыр айында көпфункционалды спорт кешені, стадион, жеңіл атлетика манежі, жүзу бассейні, колледж ғимараты және 500 орындық жатақхана қолданысқа беріледі. Бұл – оқу процесін бастауға қажетті негізгі инфрақұрылым.Жоба толық іске қосылған кезде университет спорт саласындағы мамандарды даярлаудың толыққанды жүйесін – колледжден бастап докторантураға дейінгі деңгейлерді қамтиды. Мұнда бір мезгілде 2000-нан астам студент пен 60-қа жуық магистрант және докторант білім алады.Ербол Мырзабосынов аталған жобаның жүзеге асуы еліміздегі спорттық білім беру жүйесіне түбегейлі өзгеріс енгізіп, халықаралық деңгейдегі кәсіби кадрларды даярлауға жол ашатынын айтты.«Университет инфрақұрылымы тек білім беру мекемесі ретінде ғана емес, көпсалалы спорттық және ғылыми орталық ретінде де қызмет етеді. Бұл өз кезегінде еліміздегі туризм мен спорт саласының дамуына серпін беріп, өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді», - деді ҚР Туризм және спорт министрі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/972274?lang=kk
Премьер-министр Tax Free тетігін цифрландырып, автоматтандыруды тапсырды 15.04.2025
Үкімет отырысы барысында Премьер-министр Tax Free құралын пилоттық пайдаланудың жақсы нәтижелеріне назар аударды.Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстанда TaxFree жүйесі 2019 жылы Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларында пилоттық режимде енгізілгенін баяндады. Аталған құралды пайдалану шеңберінде шетелдік туристерге 4,9 млрд теңгенің тауары сатылды. Орташа сатылым сомасы 837 мың теңгені құрады. Осылайша, Tax Free жүйесі туристердің сатып алу белсенділігін ынталандырудың тиімді құралы болды.Премьер-министр Туризм және спорт министрлігіне Қаржы министрлігімен бірлесіп, «Tax Free» тетігін енгізудің нақты алгоритмін әзірледі тапсырды.«Бұл құралды туристерге ыңғайлы болуы үшін, әсіресе әуежайларда қаражатты қайтару тетігін іске асыру үшін толығымен цифрландырып, автоматтандыру керек»,— деп атап өтті Олжас Бектенов.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/972269?lang=kk
125 теміржол вокзалын ауқымды жаңғырту және туристік топтар үшін жедел паспорттық бақылау: Үкімет туристік саланы дамыту шараларын кешенді түрде жүзеге асыруда 15.04.2025
Үкімет отырысында Премьер-министр туристік дестинациялардың инфрақұрылымын дамыту және оларды қолжетімді ету жөніндегі кешенді жұмыстың маңыздылығын атап өтті.«Өткен жылы Ұлы Жібек жолының бойымен өтетін «Жібек жолы» туристік пойызы іске қосылды. 125 теміржол вокзалын ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында әуежайлардың жаңа терминалдары салынды.Көші-қон рәсімдерін оңайлату шаралары қолға алынды. Мәселен, шекара бекеттерінде ұйымдасқан туристік топтарды кезексіз өткізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл шара паспорттық бақылаудан өту уақытын 5 есеге қысқартуға мүмкіндік берді»,— деді Олжас Бектенов.Премьер-министр өңір әкімдеріне туристік объектілерді қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмысын жандандыруды тапсырды.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/972266?lang=kk