Enbekshi QazaQ

Қуқық

ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР АРЫС ҚАЛАСЫНДА 2179 ҮЙДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРДІ 15.04.2025
Тұрғын үйді қалпына келтіруге 7596 жұмысшы (бір күн бұрын – 7380 күн) тартылды. Естеріңізге сала кетейік, Арыс қаласындағы барлық тұрғын үй қорының 85%-ы әскери полигондағы жарылыстан зардап шеккен болатын. Бүгінгі таңда мамандар 183 үйді қайта тұрғызып жатыр.Тағы 1950 жұмысшы 66 әлеуметтік нысандарда жұмыс істейді. 4 нысан (1 – білім беру, 2 – денсаулық сақтау, 1 – спорт) толық қалпына келтіруді талап етеді.Министрлік тарапынан бірінші вице-министр Қайырбек Өскенбаев құрылыс жұмыстарының барысына күнделікті бақылау жасап, мониторинг жүргізуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/19933?lang=kk
ҚР ИИДМ БИЛЕТТЕРДІ ҚАЙТА САТҚАНЫ ҮШІН ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ЕНГІЗУДІ ҰСЫНАДЫ 15.04.2025
Қазіргі уақытта, билеттерді заңсыз қайта сату "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 449-бабындағы «қоғамдық орындарда ұстау» бойынша ғана әкімшілік жауапкершілікті көздейді. Басқа жауапкершілік әзірше жоқ. ҚР ИИДМ тұрақты негізде қазақстандық тасымалдаушыларға жолаушылар вагондары паркін жаңарту үшін жағдай жасауда. Бұдан басқа, тасымалдаушылар жыл сайын жазғы кезеңде негізгі бағыттар бойынша қосымша поездар санын қосады. Сонымен қатар, жолаушылар ағымының ұлғаюына байланысты негізгі бағыттар бойынша билеттердің жасанды тапшылығы байқалады, бұл ретте оларды сату бойынша заңсыз делдалдар жандана түседі.Билеттердің заңсыз сатылуына тосқауыл қою үшін осы жылдың наурыз айында ҚР ИИДМ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі және "ҚТЖ" ҰК" АҚ арасында теміржол тасымалдауы саласында тұрмыстық сыбайлас жемқорлық мәселелерін болдырмау көзделген жол картасына қол қойылды.Осы құжатқа сәйкес, "ҚТЖ "ҰК" АҚ билеттерді сату және жолаушыларды поезға отырғызу кезінде заңсыз іс-қимылдар жасауды бақылау және шектеу әдістерін қарастыра отырып, билет сататын "Mobius" жүйесін жетілдіру қажет деп тапты. Алайда, билеттерді заңсыз сату фактілері жалғасуда.Сонымен, 28 шілде күні ҚР ИИДМ Көлік комитеті қоғамдық ұйымдармен және құқық қорғау органдарымен бірлесіп өткізген рейдтер кезінде, Шымкент, Алматы, Нұр-сұлтан, Атырау және Тараз қалаларының вокзалдарында билеттерді жоғары бағамен ұсынатын, сондай-ақ билетсіз қажетті пойызға отырғызуға уәде берген "делдалдардың" болған фактілері анықталды. Алты адам ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы "қоғамдық орындарда ұстау" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Анықталған фактілер бойынша, министрлік "ҚТЖ" ҰК "АҚ" Жолаушылар тасымалы" АҚ мен Магистральдық желі дирекциясының лауазымды тұлғаларына қатысты шаралар қабылдау қажеттігін, сондай-ақ билеттерді заңсыз сатуға қатысқан жеке билет кассаларымен шартты бұзу қажеттігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/19892?lang=kk
Хайрушев Жақып Ғалиұлы ҚР Энергетика министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы болып сайланды 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінде Отын-энергетика кешені мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті.Отырыста Қоғамдық кеңес төрағасы лауазымына үміткерлер қаралып, олардың кәсіби тәжірибесі таныстырылды. Талқылаудан кейін дауыс беру жүргізілді.Дауыс беру нәтижесінде ҚР Энергетика министрлігі жанындағы Отын-энергетика кешені мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы болып Хайрушев Жақып Ғалиұлы сайланды.Жақып Ғалиұлын жаңа лауазымымен құттықтаймыз! Оған қоғаммен ашық әрі нәтижелі байланыс орнатып, маңызды бастамаларды табысты іске асыруына және елдің отын-энергетика саласының дамуына сүбелі үлес қосуына тілектеспіз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/969714?lang=kk
Олжас Бектенов халықаралық спорт ұйымдарының басшылығымен спортты дамыту мәселелерін талқылады 15.04.2025
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов халықаралық спорт ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізді. Кездесуге Ұлттық Олимпиада комитеттері қауымдастығының және Қатар Олимпиада комитетінің вице-президенті Шейх Джоан Бин Хамад Бин Халифа Әл-Тани, Азия және World Aquatics Олимпиада Кеңесінің бас директоры Хусейн әл-Мусаллам, Қатар Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті Тани Абдулрахман Әл-Каууари қатысты.Халықаралық спорттық ынтымақтастықты дамыту, олимпиадалық қозғалысты қолдау және кәсіби әрі бұқаралық спортты дамыту үшін жағдай жасау мәселелері талқыланды.Қазақстанның халықаралық спорт ұйымдарымен спортшыларды даярлау және бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу, спорттық инфрақұрылымды жаңғырту, су спорт түрлерін дамытудағы өзара іс-қимылды кеңейту бөлігінде ынтымақтастығының перспективалары қаралды. Спорттық кооперация бұқаралық спортты насихаттауда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/969651?lang=kk
«Global Olive Corporation» Қазақстанда зәйтүн ағаштарын өсіру және зәйтүн майын өндіру жобасын жүзеге асыруда 15.04.2025
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров «Global Olive Corporation» компаниясының президенті Георгий Сванидзе мен Қазақстанда зәйтүн ағаштарын өсіру және зәйтүн майын өндіру жобасын жүзеге асырудың негізгі кезеңдерін талқылады.Жоба 2023 жылы «QVM Technology» ЖШС, «Ordabasy Group» және «Ервира» қазақстандық компаниялары «Olive Georgia» грузин компаниясымен бірлесіп Түркістан, Маңғыстау және Жетісу облыстарында зәйтүн көшеттерін тәжірибелік отырғызуды бастаған кезде қолға алынған. 6 мыңнан астам көшет отырғызылып, олардың тіршілік ету деңгейі 99,7% құрады. Алғашқы өнім бес жылдан кейін алынады деп күтілуде.2024 жылдың көктемінде жоба кеңейтіліп, Испания мен Түркиядан қосымша зәйтүн көшеттері отырғызылды. 2025 жылдың соңына қарай Қазақстанда зәйтүн алқабының аумағы 100 гектарға жетеді деп жоспарлануда.Министр жобаның маңыздылығын атап өтті, бұл 2025 жылдың ақпан айында Қазақстан мен Грузияның Премьер-Министрлері арасында қол жеткізілген келісімдердің жалғасы болып табылады.«Министрлік алдында өңделген өнімнің үлесін 70%-ға дейін арттыру міндеті тұр, және зәйтүн саласын дамыту агроөнеркәсіп кешені үшін стратегиялық маңызға ие. Біз осы жобаны жүзеге асыруда барлық қажетті жағдайларды жасап, жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», — деп атап өтті Айдарбек Сапаров.Георгий Сванидзе зәйтүн өсіру жобасы елдің ауыл шаруашылығын дамытуға айтарлықтай әсер ететініне сенім білдірді.«Біздің мақсатымыз — Қазақстандағы зәйтүн саласын дамыту. Жалпы алғанда, біз көшеттердің санын миллионға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз, жас агрономдарды технологияларға үйретуге, өз мамандарымызды тартуға дайынбыз. Жоба аясында зәйтүн майын өндіретін зауыт және көшеттер өсіру питомнигін салу жоспарлануда», — деді «Global Olive Corporation» президенті.Грузин компаниясының Қазақстандағы серіктесі — ТОО «QVM Technology» өкілдері Ауыл шаруашылығы министрлігі жобаны іске асыруда барынша жәрдемдесетінін атап өтті.Кездесудің қорытындысы бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, жобаны сәтті жүзеге асыру үшін мерзімдер мен шараларды айқындайтын Жол картасы әзірленеді.Жобаның құны 20 миллион долларды құрайтынын атап өтсек. Келешекте бұл жоба жылына 150 мың тонна зәйтүн өнімін алу мүмкіндігін береді, оның ішінен шамамен 30 мың тонна зәйтүн майы өндірілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/969531?lang=kk
ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің Алматы облысына жұмыс сапары 15.04.2025
Жұмыс сапары аясында Премьер-Министр Мемлекет басшысының көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты. А. Мамин көру алаңына барды, онда Қорғас өзенінде селден және су тасқыны қаупінен қорғану жобаларының іске асырылу барысын тексерді. Төтенше жағдайларды ескерту және алдын алу шараларына ерекше көңіл бөлінді.   Премьер-Министр Қазақстан–Қытай шекарасында елдер арасында тауар айналымын ұлғайтуға, ҚР транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған Орталық Азиядағы аса ірі «Нұр жолы» өткізу пунктіне және «Қорғас — Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ портына барды.Бұдан өзге, А. Маминге жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысының негізгі көрсеткіштері және жаңа нысандардың жобалары таныстырылды: терминал складских помещений «KIF Warehouses -» қойма орындарының терминалы, «Феникс Фид Миллс» құрама жем шығаратын зауыт, «Заря Ltd» астық терминалы.Сонымен қатар, «Қорғас» Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы мен ХШЫО аумағында орналасқан қазақстандық сауда нысандарына барды. Премьер-Министрге сонымен қатар ХШЫО аумағындағы келушілерді, тауарлар мен көлік құралдарының қозғалысын есепке алу мен бақылаудың автоматтандырылған жүйесі таныстырлды, жоба кедендік әкімшілендіру тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.   Талдықорған қаласының Асқар Мамин азаматтардың әл-ауқаты деңгейін арттыруға арналған әлеуметтік нысандарды аралады және өңірде индустрияландырудың дамуымен танысты.Салынып жатқан тұрғын үй алабын аралау кезінде Премьер-Министр өңірде тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру және мұқтаж жандардың, оның ішінде көп балалы отбасылардың баспана мәселесін шешу бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты. Осында Премьер-Министрге қаланы абаттандыру жоспары ұсынылып, құрылыс барысы туралы баяндалды. Атап айтқанда, өңірлік және қалалық газдандыру сұлбаларын іске асыру мәселелері қаралды.Өңірде медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын көтеру бойынша қабылданып жатқан шаралармен А. Мамин көпбейінді аурухана жұмысының мысалында танысты. Магнитті-резонансты томография кабинеті мен онкологиялық ауруларды ерте анықтауға мүмкіндік беретін жаңа ахуал орталығы қаралды.Облыс орталығында А. Мамин сонымен қатар «Талдықорған» индустриялық аймағын аралады, бүгінгі таңда мұнда ауыл шаруашылығы, құрылыс, химия және тамақ өнеркәсібі салаларында ірі жобалар іске асырылып жатыр. Премьер-Министрге сонымен қатар Алматы облысында алты индустриялық аймақтың («Талдықорған», «Береке», «Боролдай», «Қайрат», «Арна» және «Қазбек бек») даму жобалары таныстырылды.Индустрияландырудың дамуымен танысу «Қайнар АКБ» аккумулятор шығару зауытында жалғасты. А. Мамин жұмыс цехтарын аралау кезінде технологиялық процеспен және шығарылатын өнім желісімен танысты.Жұмыс сапарының соңында А. Мамин Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барып, онда қызмет көрсету бойынша жұмыстармен және ШОБ даму қарқынымен танысты. Сонымен қатар, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, оның ішінде туризмді, АӨК, Алматы қ. маңын дамыту бойынша жобалар таныстырылды.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/19411?lang=kk
Алматыда қала орталығындағы кафенің кірберісі бұзылуда 15.04.2025
Сәтбаев көшесі, 4а мекенжайындағы Juz кафесінің жанындағы құрылыс рұқсат құжаттарынсыз салынған. Сонымен қатар, ол ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған пандусты қосып алып, жалпы аумақта орналасқан. Бұл туралы Алматының қала құрылысын бақылау басқармасынан хабарлады.2024 жылғы 4 қазанда жоспардан тыс тексеру барысында «ALMA Construction and Design» ЖШС жалға алушысына қатысты тұрғынның өтініші негізінде басқарма әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа материалдарды жіберді әрі әкімшілік шаралар қабылдады.2024 жылғы 22 қарашада сот заңсыз тұрғызылған құрылыстарды бұзу туралы қаулы шығарды және бір айдан кейін, 27 желтоқсанда Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы шешім өзгеріссіз қалды.Бұзу бүгін қаланың Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды.Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында 2023 жылдың басынан бері 70 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», KHAN және басқа да тұрғын үй кешендері толығымен немесе ішінара бұзылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/969125?lang=kk
Алматының Әуезов ауданында екі емхана жөндеуден өтеді 15.04.2025
Әуезов ауданы тұрғындарының денсаулығын қамтамасыз ету және денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында медициналық қызметтің сапасын жақсарту мәселесі қала әкімдігінің тұрақты бақылауында. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.Қала басшысының айтуынша, 2025 жылдың сәуір айында Таугүл-3 шағын ауданында орналасқан №18 қалалық емхананың филиалының күрделі жөндеуі аяқталады. Сондай-ақ, №16 қалалық емханада сейсмикалық күшейту жұмыстарымен бірге күрделі жөндеу жүргізілуде. 2024 жылдың мамыр айында №2 корпустың Б блогының жөндеуі аяқталады, ал маусым айында №1 корпус пен А блогында жөндеу жұмыстары басталады. Бұл жергілікті тұрғындар үшін медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Бұған қоса, ақпан айында Жетісу-3 шағын ауданында «Парасат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жаңа ғимараты ашылды. Жалпы аумағы 1760 шаршы метр болатын бұл орталық ерекше қажеттілігі бар балаларды оңалтуға арналған заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.Айта кетейік, 2024 жылы Алматыда Мамыр, Кемел және Нұршашқан шағын аудандарында үш алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы және Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының жаңа қабылдау бөлімшесі пайдалануға берілді.Сонымен қатар, Саялы шағын ауданында емхана, Айбасов көшесінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы және №4 жедел жәрдем қосалқы станциясы салынып жатыр. №4 қалалық клиникалық аурухананы, сондай-ақ Бостандық және Наурызбай аудандарындағы емханаларды реконструкциялау жобаларына оң сараптамалық қорытынды берілді.2024 жылдың желтоқсан айында Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, 2030 жылға дейін медициналық нысандарды салу және жаңарту бойынша кезең-кезеңмен іске асатын жоспар бекітілді. Жоспарға сәйкес, 32 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынып, 14 мекеме жаңғыртылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/969101?lang=kk
Биыл Алматының Әуезов ауданындағы 13 көше жолдарды орташа жөндеумен қамтылады 15.04.2025
Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев жол және көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары туралы айтып берді.Қала басшысы 2024 жылы ауданның 12,2 шақырымдық 16 көшесіне орташа жөндеу жүргізілгенін, ал ағымдағы жылы 10 шақырымдық 13 көшені қамту жоспарланғанын айтты.Сондай-ақ, өткен жылы ауданда 27 мың шаршы метр жол төсемі люк ауыстырылды.Биыл тағы 26 мың шаршы метр жолды жөндеу, 16 мың шаршы метр техникалық тротуарды жабдықтау, 34,5 шақырым арық желілерін салу және 200 «иілмелі» люк орнату жоспарлануда. Ағымдағы жылдың мамыр айында 5 жер үсті жаяу жүргіншілер өткеліне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады.«Қоғамдық көлік қызметтерінің сапасын арттыру үшін 2024 жылы жылжымалы құрам 238 бірлікке 1 325 автобустан 1 563 автобусқа дейін ұлғайтылды, бұл 8 жаңа маршрутты ұйымдастыруға, 13 қолданыстағы маршрутты жаңартуға және күшейтуге мүмкіндік берді», - деп атап өтті Ерболат Досаев.Сонымен қатар, кездесу барысында Алматы әкімі аудан тұрғындарын тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Мәселен, 2024 жылы «Сергек» жаңа 32 аппараттық-бағдарламалық кешені және бейне-мониторинг жүйесінің 1 027 камерасы орнатылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/969090?lang=kk
Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында әлеуметтік-еңбек саласының өзекті мәселелері талқыланды 15.04.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде (бұдан әрі – Еңбекмині) ведомство басшысы Светлана Жақыпованың қатысуымен Әлеуметтік-еңбек саласы бойынша қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Іс-шара барысында Қоғамдық кеңес мүшелері Еңбекмині өкілдерінің өзекті мәселелер бойынша баяндамаларын тыңдады, олардың негізгісі Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жөніндегі жоспарлар және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар болды.Отырыс басында Светлана Жақыпова арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін трансформациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңыздылығына тоқталды. Министр арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялауды енгізу және арнаулы әлеуметтік қызметтер тарифтерін қалыптастырудың жаңа тәсілдері осы қызметтердің сапасына оң әсерін тигізетінін атап өтті.Еңбекмині Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры Данат Нәбиев кәсіби мерекелер тізбесін кеңейтуде қолданылатын тәсілдер мен қағидаттар туралы айтты.Содан соң Еңбекмині Жұмыспен қамту департаментінің директоры Азиз Ибрагимов дербес, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдармен бірлескен Жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде іске асырылып жатқан және іске асыралатын іс-шаралар туралы егжей-тегжейлі хабарлады.«Skills.enbek.kz платформасында әзірленген «Твой карьерный старт: Электрондық еңбек биржасын қалай пайдалану керек?» курсы және ілеспе оқу материалдары орналастырылған. Өз кезегінде, жергілікті жерлерде мансаптық орталықтар оқушылар мен ТжКБ студенттерін тарту бойынша жұмыс жүргізуде. Электрондық еңбек биржасы арқылы жұмыс іздеу және жұмысқа орналасу дағдыларына 500 мың адамды оқыту жоспарлануда», – деп бөлісті ол.Жалпы Enbek цифрлық экожүйесіне іс – шараларды іске асыруда үлкен рөл берілген – әртүрлі құралдар арқылы кәсіптік бағдар беру жұмысы және жаңа дағдыларға оқыту ұйымдастырылады, студенттер үшін өндірістік практикадан өту орнын таңдау бойынша функционал іске қосылады және т. б.Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарға лицензиялар беру жөніндегі жұмыстың барысы туралы хабарлады.«Осы бағыт бойынша жұмыс еліміздің барлық өңірлерінде жүргізілуде, бұл ретте арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру Жетісу, Қарағанды, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында аяқталды», – деп бөлісті Төлеген Оспанқұлов.Ол сондай-ақ кейбір ұйымдарға құжаттардың толық емес пакетін ұсынуға байланысты өтініштерді қараудан немесе біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты лицензия беруден бас тартылғанын атап өтті. Бұл ретте барлық ұйымдарға бас тарту себептері түсіндірілді, ал кемшіліктер түзетіліп, құжаттар сәйкестендірілгеннен кейін олар лицензиялауға өтініштерді қайта жібере алады.Осыдан кейін Еңбекмині Инклюзия департаментінің өкілі Құралай Әбішева және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Арнайы және инклюзивті білім беруді дамыту ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жетекші ғылыми қызметкері Алмагүл Сейсенова мүгедектігі бар адамдарға қатысты кемсітушілік нормаларды анықтау және жою тұрғысынан ұлттық заңнаманы талдау бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижелерімен таныстырды.Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес отырысында Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру ережелері мен әдістемелеріне өзгерістер енгізу бойынша атқарылған жұмыстар қаралды. Аталған тақырып бойынша Еңбекмині Арнаулы әлеуметтік қызметтер департаменті директорының м.а. Ғазиза Иманғали баяндама жасады.Қоғамдық кеңес мүшелері Еңбекмині өкілдерімен отырыста қаралған барлық мәселелерді талқылады, сондай-ақ одан әрі жұмысқа өз ұсынымдарын берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/968990?lang=kk
Белгілі жазушы Төлен Әбдіктің шығармашылық кеші өтті 15.04.2025
Қостанай қаласындағы І.Омаров атындағы қазақ драма театрында белгілі жазушы Төлен Әбдіктің 75 жылдығына арналған әдеби-шығармашылық кеші өтті.Кездесуге танымал ақын-жазушылар, билік өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты. Шараны облыстық «Qostanai'» телеарнасының директоры Еркін Мұхамеджанов жүргізіп отырды.Алдымен, облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев өңір басшысының құттықтау хатын оқып берді. «Қаламыңыздан туған көркем шығармалар қазақ прозасын жаңа деңгейге көтерді. Сіздің әңгімелеріңіздің негізінде бірнеше фильм түсірілді, театр сахналарында спектакльдер қойылды. Көрермендердің ыстық ықыласына ие болу жазушының шын бақыты болса керек. Сіз адамгершілік қасиеттерді бәрінен биік қоясыз. Ізгілік пен зұлымдық, жақсылық пен жамандықтың аражігін ажыратып, оқырманға ой саласыз. Мерейтойыңызды туған жер төсінде қарсы алдыңыз. Бұл біз үшін ерекше мәртебе саналады», - делінген Архимед Мұхамбетовтің құттықтау хатында.Белгілі жазушы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қажығали Мұхамедқали сахнаға көтеріліп, Төлен Әбдікұлының қазақ әдебиетіне қосқан үлесі туралы айтты.Басқосу қорытындысында Жанкелдин ауданының әкімі Шота Оспанов жерлес жазушыға ат мінгізіп, шапан жапты. Сондай-ақ, Төлен Әбдікұлына «Жанкелдин ауданының құрметті азаматы» белгісін тапсырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/19155?lang=kk
Алматының Әуезов ауданында биыл 42 тұрғын үйдің қасбеті жарықтандырылады 15.04.2025
Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев ауданның тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын жаңғырту және жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.Әкімнің айтуынша, 2024 жылы 36 тұрғын үйдің қасбетіне декоративті жарықтандыру орнатылып, 28 үйдің қасбеті ағымдағы жөндеуден өтті. 2025 жылы 42 үйдің қасбетіне декоративті жарықтандыру орнатылып, 12 үйдің қасбеті ағымдағы жөндеуден өтеді деп жоспарланған.«Тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүру шарттарын қамтамасыз ету үшін 2024 жылы 39 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізіліп, 20 көпқабатты үйде 30 жеделсаты ауыстырылды. 2025 жылы 45 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізіліп, 32 көпқабатты үйде 34 жеделсаты ауыстыру жоспарлануда», – деді Алматы әкімі.Айта кетейік, Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 2022-2024 жылдар аралығында қалада 355 үйдің қасбеті жөнделген болатын. Жалпы, 2025-2026 жылдары тағы 296 қасбетіне жөндеу жоспарланған. Бұл шаралар қала көркін жақсартуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/968957?lang=kk
Қазақстандық JOHN DEERE: елімізде ауыл шаруашылығы техникасының әлемдік брендінің өндірісі басталды 15.04.2025
Қазақстанда Қостанайдағы Локализациялық орталық базасында John Deere өздігінен жүретін, тіркемелі және аспалы техника өндірісі ресми түрде іске қосылды.Жаңа өндірістің іске қосылуы отандық машина жасауды дамытудағы және Қазақстанның аграрлық секторына озық технологияларды енгізудегі маңызды қадамды білдіреді. John Deere – ауыл шаруашылығы техникасын өндіруде әлемдік көшбасшы және оның өнімдерін Қазақстанда оқшаулау саланы дамытудың негізгі кезеңі болады. Өндіріс «AGROMAŞ» зауытының Локализация орталығында іске қосылады, бұл еліміздегі ауылшаруашылық техникасы саласындағы ең ірі локализацияланған өнеркәсіп алаңы болып табылады, ол жоғары өндіріс деңгейі мен техникалық қолдауды қамтамасыз етеді. «Елімізде жүзеге асып жатқан саяси және экономикалық реформалардың арқасында біз АҚШ-тың ауылшаруашылық техникасының озық бренді – John Deere-мен өндірістік кооперация құру мүмкіндігіне ие болдық. Бұл – тарихи оқиға. Мұндай жоғары технологиялық жобалар нәтижесінде біз тек жаңа жұмыс орындарын ашып, инновациялық технологияларды меңгеріп қана қоймай, қазақстандықтарда инженерлік ойлау қабілетін қалыптастырып жатырмыз», – деп атап өтті AGROMASH зауытының президенті Динара Шукижанова.John Deere бренді бойынша жергілікті өндірісінің іске қосылуы Қазақстан фермерлері үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады, оның ішінде: жергілікті жағдайларға бейімделген ауылшаруашылық техникаларының ассортиментін кеңейту, сондай-ақ барлық мемлекеттік бағдарламалар бойынша техника сатып алу мүмкіндігі.John Deere брендінің Қазақстандағы ресми өкілі – «Eurasia Group» компаниясы. Жоба аясында олар ауылшаруашылық техникаларын Қазақстанда өндірілген өнімдер ретінде сатуды жалғастырып, сонымен қатар сервис қызметтерін көрсетуді және аграрлық секторға цифрлық шешімдерді енгізуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жобаны жүзеге асыру экономика мен білім саласының дамуына қосымша ресурстар жұмсауды, оның ішінде ауылшаруашылығында қызмет көрсету және арнайы мамандарды, агрономдар, инженерлер, механизаторлар және IT мамандарын даярлауды көздейді.Алдағы 5 жылда үш заманауи сервис орталығы салынып, олар цифрлық технологияларды енгізу және агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін арттыру үшін негізгі алаңдарға айналатын болады.Өз кезегінде, AGROMASH өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту аясында басқа да батыс брендерін локализациялауды жалғастырады, бұл Қазақстан нарығында локализацияланған ауылшаруашылық техникаларының үлесін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінде Локализация орталығы базасында әлемнің жетекші брендтерінің, соның ішінде JOHN DEERE, LOVOL, DEUTZ-FAHR, КИРОВЕЦ, ГОМСЕЛЬМАШ, AMAZONE, CLAAS және басқалардың ауылшаруашылық техникасы мен компоненттері өндірісі шоғырланған.Осылайша, Қостанай облысы Қазақстандағы ауылшаруашылық техникасын өндіру бойынша ең ірі кластер ретінде өз орнын бекітеді және елдің индустриалды және аграрлық секторындағы маңызды орталыққа айналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/968949?lang=kk
ҚАЗАҚСТАНДА «АГРОМАШХОЛДИНГ» АҚ ЭКСКЛЮЗИВТІ ӨНДІРІСТІК АЛАҢҒА АЙНАЛДЫ 15.04.2025
Қазақстандық аграрийлерге белорустық ауыл шаруашылығы техникасының кең желісі қолжетімді болады. Қазіргі уақытта Минск қаласында мемлекет елбасшыларының қатысуымен, Белоруссия-Қазақстан бизнес-форумы өтуде. Одан әрі стратегиялық дамуға, Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінің көлемдерін арттыруға қатысты, «АгромашХолдинг» АҚ мен «Гомсельмаш» ААҚ арасындағы келісімге қол қою, Форумның түйінді сәттерінің бірі болып табылады. Келісім шеңберінде «АгромашХолдинг» АҚ Қазақстан Республикасы аумағында «Гомсельмаш» ААҚ және оның аффилирленген құрылымдары техникасының модельдер қатарын өндіруде және жүзеге асыруда эксклюзивті құқыққа ие болады. Келісімнің эксклюзивтігі компаниялар 10 жылдық ынтымақтастықтан кейін өзара қарым-қатынастықтың сапалы жаңа форматына көшеді. Бұдан басқа, «АгромашХолдинг» АҚ Қазақстандағы белорус техникасының бірден-бір өкілі бола отырып, серіктестер өзара қарым-қатынастарының стратегиясы қаржылық жағынан және өнім ретінде түгел ауысады.Бұл жағдайда келісімге қол қою Қазақстанда өндірілетін техника паркін молынан кеңейтуге, рынокқа жаңа өнімдер енгізу мен аграрийлерді уақытында қосалқы бөлшектермен және сапалы сервиспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Маусымдар қарсаңында тұрақты түрде аграрийлердің қолдарында барлық қажетті ауыл шаруашылығы техникасы болу үшін, компания өндірісті жаңғыртуды, қазақстандық қамту үлесін 70 пайызға дейін арттыруды және сервистік-сату жүйесін кеңейтуді жоспарлайды. «АгромашХолдинг» АҚ – Қазақстандағы ауыл шаруашылығы техникасын өндіру және сату бойынша жетекші компания болып табылады. Қазіргі кезде компаниядағы қызметкерлер саны 500 адамнан артық. Гомсельмашпен ынтымақтастықта бола отырып, компания қазақстандық аграрийлерді сапалы және қолжетімді техникамен қамтамасыз етеді. Зауыттардың өзара қарым-қатынастарының тарихы 2007 жылдан басталады, яғни Агромашхолдинг өндірістік алаңында қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының комбайндар паркінде елеулі үлес алатын, Essil астық жинайтын комбайндарын сериялық шығару ұйымдастырылған. Сатылған техниканың 50% бірлесіп шығарылған Essil комбайндарына келеді, ал осы жобаны іске асыру басынан бері 200 млн $ сомаға 3 000 бірліктен артық техника сатылды.Кеден Одағы мемлекеттерінің басшылары қабылданған шешімдер негізінде, ынтымақтастықты және ауыл шаруашылығы саласын дамытуға көзделген жағдайларды жасайды. Кеден Одағы аясында екі компания арасындағы қарым-қатынастардың дамуы Халықаралық өнеркәсіптік кооперациясының айқын үлгісі болып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/19059?lang=kk
Қостанай облысында жыл басынан бері 43 мың гектарға жуық ауыл шаруашылығы жері ерікті түрде қайтарылды 15.04.2025
Қостанай облысында пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекеттік меншікке қайтару жұмыстары жалғасуда. 2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша ерікті түрде 43 мың гектарға жуық жер қайтарылды, оның ішінде: 10 мың гектар егістік жер, 33 мың гектар жайылымдық алқап.Жерді түгендеу шаралары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өндірістік процесте қолданылмайтын жер учаскелерін анықтауға және шаруашылық қызметін оңтайландыру бойынша қажетті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Мұндай жерлерді ерікті түрде қайтару жер пайдалануды реттеуге ықпал етеді және салық мөлшерлемесінің артуынан сақтайды.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлеріне жер салығының 20 есе жоғары базалық мөлшерлемесі қолданылады.2022–2023 жылдары Қостанай облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің нұсқамалары негізінде салық органдары 132,5 млн теңге көлемінде қосымша салық есептеген, оның 127,8 млн теңгесі мемлекет кірісіне өндірілді.Жерді мақсатты пайдаланбағаны үшін қолданылатын санкциялар туралы шаруашылық жүргізуші субъектілерге түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.Мемлекеттік органдар мен жер пайдаланушылар арасындағы өзара іс-қимыл тетігі заңнаманың сақталуын қамтамасыз етіп, жер ресурстарын тиімді пайдалануға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/968766?lang=kk
Туризм және спорт министрі Сергей Цырульниковты Мемлекет басшысы атынан құттықтады 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан алып күш иесі, халық арасында саламатты өмір салтын насихаттауға белсенді үлес қосып жүрген Сергей Цырульниковты 40 жасқа толуымен құттықтады.Қара күш иесі Сергей Цырульников әлемнің және Қазақстанның бірнеше дүркін рекордшысы. Сондай-ақ ол «100 ауыл» әлеуметтік жобасы аясында ауыл жастарының тәрбиесімен айналысып, мастер-класстар, ашық жаттығулар және мотивациялық кездесулер өткізіп келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/968741?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі 2025 жылғы  7 сәуірде сағат 14-00 де Қоғамдық кеңес отырысы өтетіні туралы хабарлайды 15.04.2025
Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі 2025 жылғы  7 сәуірде сағат 14-00 де Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40 мекен-жайында (мәжіліс залы, 108 каб.) Қоғамдық кеңес отырысы өтетіні туралы хабарлайды.Қаралатын мәселелер:1.Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау және ұсынымдар беру.2.Әртүрлі.          Ақпарат алуға арналған байланыс телефоны: (8-7232) 713-195 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/968573?lang=kk
ҚР АШМ және Boehringer Ingelheim Animal Health France жануарлардың аса қауіпті ауруларымен күресте ынтымақтастықты нығайтуда 15.04.2025
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Қазбек Тәшімов Boehringer Ingelheim Animal Health France өкілдерімен кездесу өткізді. Компания ветеринариялық фармацевтика саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі.Қазбек Тәшімов Boehringer Ingelheim-пен ынтымақтастық жоғары сенім деңгейінде құрылғанын және практикалық нәтижелер беретінін атап өтті. 2024 жылы Boehringer Ingelheim мен QazBioPharm қазақстандық компаниясы арасындағы серіктестік туралы келісімге қол қойылды. Бұл ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі аусылға қарсы вакциналарды өндіру бойынша технологиялар трансферті болады, бұл Қазақстанда да, Орталық Азия өңірінде де локализацияланған инновациялық өндірісті құруға және эпизоотиялық салауаттылықты нығайтуға мүмкіндік береді.Жануарлардың аса қауіпті ауруларымен күресте екіжақты ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Комитет елдегі Ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін күшейту мақсатында бірлескен бастамаларды, оның ішінде қолданыстағы заңнама шеңберінде іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.Соңында тараптар ветеринарлық әл-ауқатты нығайтуға және өңірдегі мал шаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, ұзақ мерзімді негізде стратегиялық әріптестікті дамыту ниеттерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/968507?lang=kk
Елімізде тағы да алты елді - мекен ваучерлік қаржыландыруға қосылды 15.04.2025
Қазақстанда ваучерлік қаржыландыру әдістемесін қолдана отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік тапсырысты дербестендіру бойынша жұмыстар жалғасуда.2024 жылдан бастап Тараз, Түркістан, Шымкент, Орал және Астана қалаларында мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландыру жүйесі сәтті енгізілді. Ал 2025 жылдың наурыз айынан бастап пилоттық жобаға Семей, Өскемен, Жезқазған, Қарағанды қалалары, сондай-ақ Байзақ және Сарыағаш аудандары қосылды."Бұл механизм мемлекеттік қызметтерді ашық және тиімді көрсетуге, және мектепке дейінгі ұйымдар арасында мемлекеттік тапсырысты бөлуге бағытталған. Жаңа жүйенің негізгі артықшылығы - балабақшалар арасындағы салауатты бәсекелестік және ата – аналарға арналған білім беру мекемесін таңдау еркіндігі есебінен қызмет көрсету сапасын арттыруда", - дейді Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Манара Адамова.Айта кету керек, ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасын іске асырудың арқасында Тараз қаласының балабақшаларына кезек 12 есеге – 24 мыңнан 2 мыңға дейін, ал Түркістанда – 5 есеге-850-ден 169-ға дейін қысқарды. Осындай жағдай басқа аймақтарда да байқалады.Айта кетейік, жобаны биылғы жылдың соңына дейін басқа өңірлерде де масштабтау жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/968426?lang=kk
Жыл басынан бері мүгедектігі бар адамдар агрегаторлар арқылы инватакси қызметіне 91 мыңнан астам тапсырыс берді 15.04.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету кезінде такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде 2025 жылдың басынан бастап Астана мен Алматы қалаларында аталған қызмет 91,8 мың рет көрсетілді.2024 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметі 207,2 мың рет көрсетілгенін естеріңізге саламыз.Бұдан бұрын хабарлағандай, инватакси қызметін көрсету жылдамдығы мен сапасын арттыру мақсатында Еңбекмині әкімдіктермен бірлесіп осы қызметтің тетігіне өзгерту енгізу туралы шешім қабылдады. Мысалы, азаматтарға қызмет алудан бір күн бұрын телефон арқылы жазылу қажет, бұл өз сапарларын алдын ала жоспарлауға, инватакси беруді күтуге мәжбүр етеді, инватакси қызметтерін ұсыну үшін көлік құралдарының жетіспеушілігі және т. б. мәселелер бар.Шарттарды жеңілдету үшін осы қызметті көрсетуге қатысуға тиісті сұраныс алған такси агрегаторларын тарту бойынша пилоттық жобаға бастама жасалды.Мұндағы басты шарт сапарлардың ақысынан пайыздың болмауы, олар әдетте агрегатор платформаларының пайдасына аударылатын. Яндекс компаниясы пилоттық жобаға өтеусіз негізде қатысуға ниет білдірді.Пилоттық жоба шеңберінде азаматтар Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы Инватакси қызметін қолдана алады. Бұл қызметті алушы үшін көлікті тезірек таңдауға, онлайн режимінде тапсырыс мәртебесін қадағалауға және жасалған сапарларға мониторинг жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Аталған қосымшада мүгедектігі бар адамдар жүргізушіге сапардағы ерекше қажеттіліктері туралы ескертуі үшін арнайы мүмкіндіктер экраны іске қосылды. Өз кезегінде, жүргізушілер адамды көлікке отырғызу және одан түсуде қалай көмек көрсетуге болатын секілді арнайы нұсқаулар алады.Биыл Астана және Алматы қалаларынан мүгедектігі бар адамдар қатарынан фокус-топтың қатысуымен жобаны пилоттық режимде іске асыру жалғасуда. Алдағы уақытта еліміздің басқа өңірлеріне масштабтау жоспарлануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/968348?lang=kk