Enbekshi QazaQ

Қуқық

Алматы облысында Дала күні өтті: көміртекті және органикалық егіншілікті дамыту мәселелері талқыланды 25.06.2025
Карасай ауданында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен Дала күні ұйымдастырылды. Шара Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының базасында өтті. Бұл – билік, ғылым, аграрлық сектор мен халықаралық ұйым өкілдері бас қосқан маңызды диалог алаңы болды.Бас тақырып ретінде органикалық және көміртекті егіншілікті дамыту мәселесі таңдалып, тұрақты ауыл шаруашылығын қалыптастыру және 2060 жылға дейін көміртек бейтараптығына қол жеткізу жолдары қаралды. Жиында деградацияға ұшыраған жерлерді қалпына келтіру, экологиялық агротехнологияларды енгізу, ғылыми әдістер мен цифрлық шешімдер таныстырылды.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, ғалымдар және фермерлер инновациялық тәсілдермен танысып, агросаланы климаттық өзгерістерге бейімдеу және фермерлерді «жасыл» бастамаларға ынталандыру мәселелерін талқылады. Шарада БҰҰДБ, ФАО өкілдері және Канададағы Альберта университетінің профессоры онлайн қатысып, пікір білдірді.Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев былай деді: «Қазақстанда көміртекті секвестрациялаудың әлеуеті зор. Қазіргі таңда 90 млн гектар ауыл шаруашылығы жерінің түрлі дәрежеде тозғаны анықталып отыр, оның ішінде 29 млн гектары құнарлылығын жоғалтқан. Жердің 62–63%-ында қарашірік деңгейі өте төмен. Егер топырақты дұрыс басқарсақ, ол көміртекті жоғалтпай, керісінше, жинақтай алады. Осыған байланысты біз көміртек полигондарын құру, көміртек қорларының цифрлық кадастрын жүргізу, геоақпараттық жүйелер мен жасанды интеллектті пайдалану және көміртек бірліктерін верификациялау механизмдерін қамтитын ғылыми-техникалық бағдарламаны бастадық. Бұл – агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуы үшін қажет жүйелі қадам».Өз сөзінде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірде агросаясат ғылым мен технологияға негізделіп жатқанын атап өтті: «Ауыл шаруашылығы – облыс дамуының басты басымдықтарының бірі. 2024 жылы саланың жалпы өнім көлемі 679,2 млрд теңгеге жетті. Біз ет, өрік және құс шаруашылығы бойынша ел көлемінде көш бастап тұрмыз. АӨК экспорты 39%-ға артты. Сонымен қатар, сүт-тауарлы фермалар, өңдеу кәсіпорындары мен жылыжай кешендерін дамыту жобалары жүзеге асырылуда. Алғашқы кезеңде 2 400 км суару желілері қалпына келтіріледі. “Ауыл аманаты” бағдарламасы аясында 1 360-тан астам бастама қолдау тапты, ауыл тұрғындарының табысы 22,7%-ға өсті. Бірақ ең бастысы – жерге ұқыпты қарауға, ғылым мен цифрландыруға негізделген тұрақты шешімдерді енгізу».Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов та карбондық әдістердің тиімділігін атап өтті:«Жер тек өнім беріп қана қоймай, көміртек жобалары арқылы қосымша табыс көзіне айнала алады. Біздің міндетіміз – аграршыларды осындай тәжірибелерге көшуге ынталандыру және бұл үдерістерді барынша ашық әрі экономикалық жағынан тиімді ету».Пленарлық отырыста ауыл шаруашылығындағы көміртек ізін азайту, көміртек полигондарын құру, топырақтағы көміртек қорларын цифрлық тіркеу, фермерлерді экологиялық тәжірибеге ынталандыру және Қазақстанның жаһандық көміртек офсеттері нарығына қатысуы сияқты нақты іс-шаралар талқыланды.Кездесу қорытындысында ғылым, бизнес және мемлекеттік құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған тұрақты егіншілікті дамыту бойынша нақты ұсыныстарды қамтитын резолюция қабылданды.ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Қазақстан жыл сайын 535 млн тонна көмірқышқыл газын секвестрациялау әлеуетіне ие. Егер «жасыл» агропрактикалар тиімді енгізілсе, 2050 жылға қарай көміртек офсеттері саудасынан жылдық табыс 25 млрд АҚШ долларына жетуі мүмкін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1020830?lang=kk
Алматыда «БҰҰ Плаза»-да БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Жаһандық шартының көп елдік желісі іске қосылды 25.06.2025
Алматы, 2025 жылғы 18 маусым – «БҰҰ Плаза» ғимаратында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Орталық Азиядағы БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Жаһандық шартының көп елдік желісінің іске қосылуына арналған салтанатты шараға қатысып, сөз сөйледі.Іс-шараға БҰҰ Жаһандық шартының жаһандық операцияларының басшысы Оле Лунд Хансен, сондай-ақ Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісінің м.а. Стивен О'Малли қатысты.Өз сөзінде Ж. Әбдрашов Көп елдік желіні іске қосу үкіметтердің, бизнес құрылымдардың және азаматтық қоғамның адам құқықтарын қорғау, қоршаған ортаны сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сияқты негізгі бағыттардағы күш-жігерін біріктіретінін атап өтті.Сондай-ақ Алматы қаласында Орталық Азия елдері мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталық және БҰҰ Жаһандық шарты арасындағы ықтимал серіктестік мәселелеріне ерекше назар аударылды.Соңында Елші өңірдің орнықты болашағы үшін БҰҰ-ның Жаһандық шартының көп елдік желісінің қызметіне Қазақстан Үкіметінің жан-жақты қолдау көрсететініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1020659?lang=kk
Қарағанды «Жас ұлан» мектебін аяқтаған 90-нан астам түлек әскери оқу орнын таңдады 25.06.2025
Биыл кеншілер қаласындағы екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебін 136 тәрбиеленуші тәмамдады.Осы жолғы шараның тарихи маңызы бар. 2025 жылдың қыркүйегінен бастап оқу орны өз жұмысын әскери колледж ретінде жалғасытрмақ. «Жас ұлан» мектебінің әскери колледж форматына көшуі – жастарды патриоттық тәрбиелеу және Отанға абыроймен қызмет етуге дайын мамандарды даярлау ісіндегі жаңа тараудың басы болмақ.Салтанатты шараға әскери қызметшілер, Қарулы күштердің ардагерлері, Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушылар және түлектердің ата-аналары шақырылды.Аты аңызға айналған ұшқышқа құрмет ретінде Талғат Бигелдиновтың бюстіне гүл шоқтары қойылды.Оқушыларға орта білім туралы аттестаттар мен төсбелгілерді ардагерлер мен ауған жауынгерлері табыс етті.136 түлектің 90-нан астамы еліміздің жоғары әскери оқу орындарында оқуын жалғастыруды жоспарлап отыр.– «Жас ұланда» екі жыл ішінде мен сапалы білім алдым. Тәртіпке, жауапкершілікке, төзімділікке бейімделдім. Бұл қасиеттер мен мектеп қабырғасында алған білімім Құрлық әскерлерінің әскери институтына түсу кезінде және болашақ офицерлік қызметте көмектесетініне сенімдімін, - деді түлектердің бірі Айберген Тұрсынбек.Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің студенттері мен ұландар орындаған вальс іс-шараға ерекше салтанат сыйлады. Ал қоян-қолтық ұрыс элементтерін көрсеткеннен кейін мектеп оқушылары салтанатты саппен жүріп өтті.Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі өткен жылы 40 жылдық мерейтойын атап өтті. Осы уақыт ішінде оны бес мыңнан астам түлек бітіріп шықты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1020382?lang=kk
Қазақстан мен Сингапур ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылады 25.06.2025
Астана, 2025 жылғы 18 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Сингапур Республикасының Қазақстандағы резидент емес Елшісі Зулькифли Бахарудинмен кездесу өткізді.Тараптар 2024 жылғы мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сингапурға мемлекеттік сапарының қорытындыларын жоғары бағалады және сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруды жалғастыруға келісті.«Қазақстан мен Сингапурдың өзара құрмет, сенім пен ортақ мүдделерге негізделген берік және орнықты серіктестік құрды», – деп атап өтті А.Бақаев.Сұхбаттастар сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі тереңдету, инвестициялық және көліктік-логистикалық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.Сонымен қатар дипломаттар жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1020413?lang=kk
Ақтауда Қазақстан мен Әзербайжанның «Каспий самалы-2025» әскери-теңіз жаттығулары аяқталды 25.06.2025
Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштері әскери-теңіз базасының пирстерінде «Каспий самалы-2025» бірлескен әскери-теңіз жаттығуларының жабылу салтанаты өтті.Оған Әскери-теңіз күштерінің қолбасшылығы мен екі елдің әскери қызметшілері қатысты.– Бүгін біз Қазақстан мен Әзербайжан Әскери-теңіз күштері өткізген «Каспий самалы» бірлескен әскери-теңіз оқу-жаттығуының сәтті аяқталғанын салтанатты түрде атап өтеміз. 2015 жылдан бастап біз тұрақты және нәтижелі ынтымақтастықты дамытып келеміз. Оқу-жаттығулар екі ел арасындағы жауынгерлік дайындық пен бауырластық байланыстардың тағы бір дәлелі болды. Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы достық пен өзара іс-қимыл жыл сайын нығая берсін, – деді оқу-жаттығудың жетекшісі Қазақстан Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары 1 дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков.Жаттығу қорытындысы бойынша екі елдің үздік әскери теңізшілеріге құрметті кубоктар табысталды. Бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастырудың жоғары деңгейі, оқу-жаттығуларды дайындауға және өткізуге қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар әскери қызметшілер Қазақстан Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының атынан грамоталармен марапатталды.Каспий теңізінің қазақстандық секторында үш жүзге жуық әскери теңізшінің қатысуымен бірлескен оқу-жаттығулар өткенін еске саламыз. Қазақстан тарапынан маневрлерге «Орал», «Сарыарқа», «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кемелері, жауынгерлік қайықтар, гидрографиялық кемелер және ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің авиациясы тартылды. Әзербайжан Әскери-теңіз күштерінен «G-122», «G-124» және «G-129» күзет кемелері қатысты.Оқу-жаттығу барысында әскери теңізшілер бірлескен маневр жасау элементтерін, іздестіру-құтқаруды қамтамасыз ету және қорғалмаған рейдте асимметриялық қатерлерді тойтару мәселелерін пысықтады.  Диверсияға қарсы қамтамасыз ету мен әуе шабуылына қарсы қорғанысты ұйымдастыруға ерекше назар аударылды. Екі елдің кеме экипаждарының жеке құрамы теңіз, әуе нысандары бойынша атыс жүргізу және жүзбелі миналарды жоюды пысықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1020535?lang=kk
Қарулы күштерде әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің күні атап өтілуде 25.06.2025
1992 жылы 19 маусымда тұрғындарды және ел аумағындағы объектілерді әуе соққыларынан қорғау үшін жауынгерлік кезекшілікті жүзеге асыратын әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері құрылды. Әуе шабуылының жаңа түрлерінің пайда болуы, берілген бағдарлама бойынша ұшуды орындайтын, байқалмайтын, жоғары жылдамдықты ұшқышсыз аппараттарды қолдану әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері мен құралдарының құрамын қайта қарады.Зениттік зымыран кешендері күресе алмайтын шағын ұшқышсыз аппараттардың соққыларынан объектілерді қорғау міндеттерін шешетін бөлімшелер құрылды. Ескірген әуе қорғанысы құралдарын әуе мақсаттарының кең спектрімен күресуге қабілетті заманауи құралдармен ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте барлау және атыс жүйелерін жетілдіруге баса назар аударылады.Әуе шабуылдарынан қорғау міндеттерін Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері, Құрлық әскерлерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері және Әскери-әуе күштері орындайды. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің негізгі компоненті – зениттік зымыран және радиотехникалық әскерлер.Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің мамандары ынтымақтастық шеңберінде С-300 зениттік зымыран дивизиондары мен радиотехникалық әскерлердің есептоптарын тарта отырып, «Әуе кілттері», «Ашық аспан» халықаралық оқу-жаттығуларына, «Сарышаған» полигонында өткен «Жауынгерлік достастық» тактикалық оқу-жаттығуларға қатысты.Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қызметінде «Бук-М2Э», «Тор-М2К» заманауи зениттік зымыран кешендері, GM-403 «Нұр» және «Роса-РБ» радиолокациялық станциялары бар. Қолданыстағы қару-жарақты жөндеу және жаңғырту отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарында орындалады.Әуе кеңістігін бақылау және әуе қауіптерінен тиімді қорғану үшін қазіргі заманғы қатерлерді ескере отырып, Қорғаныс министрлігі әскерлерді әуе нысандарын анықтау мен жоюдың заманауи құралдарымен, сондай-ақ тиімді басқару және байланыс жүйелерімен жабдықтау бойынша жұмыс жүргізуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1020220?lang=kk
«Сыр медицинасының ғаламат ғасыры» атты салтанатты шара өтті 25.06.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Өнер орталығында» Медицина қызметкерлері күніне арналған «Сыр медицинасының ғаламат ғасыры» атты салтанатты шара өтті.Басқосуға жауапты сала басшылары, медицина саласының қызметкерлері мен ардагерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.Аймақ басшысы жиналған қауымды кәсіби мерекемен құттықтап, Сыр медицинасының бүгінгі беталысы мен алдағы жоспарларға тоқталды.«Дәрігер – ең ізгі, ең қастерлі мамандық иесі. Сіздер халқымыздың әл-ауқатын арттыруға, дені сау ұлт қалыптастыруға бағытталған жаңа реформалар мен бағдарламаларды сәтті жүзеге асыру жолында жауапты міндет атқарып келесіздер.Нағыз дәрігер үшін ең жоғары құндылық – халықтың ыстық ықыласы мен алғысына бөлену. Бүгінгі мерейлі мерекеде сіздердің өлшеусіз еңбектеріңізге барша Сыр жұртшылығының, өзімнің атымнан алғыс айтып,зор ризашылығымызды білдіремін.Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Ақордада өткен дәрігерлермен кездесуде «Денсаулық сақтау жүйесін дамыту, ең алдымен, азаматтардың әл-ауқатын көтеруге бағытталған. Өйткені медицинаның деңгейі мен қолжетімділігі – еліміздегі өмір сапасының негізгі көрсеткіші», – деген болатын.Аймағымызда Мемлекет басшымыздың тапсырмасымен, Үкіметтің қолдауымен халық денсаулығын нығайтуға, медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған кешенді шаралар нәтижелі жүзеге асырылуда. Соңғы үш жылда салаға 441 млрд. теңге қаржы бөлініп, халықтың сұранысына сәйкес түйткілді мәселелер шешімін тауып келеді.Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында барлық ауданда 28 медициналық нысан жаңадан салынып, іске қосылды. Төрт көпбейінді аудандық орталық аурухана жанынан қосымша құрылыстар, емханасы мен онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухана бой көтеруде. Соңғы үш жылда 24 медициналық нысан күрделі жөндеуден өтті. Халық сұранысына сәйкес барлық елді мекендегі денсаулық сақтау мекемелері санитарлық автокөлікпен 100 пайыз қамтылып, мәселе түбегейлі шешімін тапты.Жақында Қызылордада өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау, кадрларды тұрақтандыру үшін өңіріміздің денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне арнап 100 пәтерлік тұрғын үй салу туралы шешім қабылдадық. Қазір құрылыс басталды, жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілмек.Өткен жылы 15 дәрігер Түркиядағы, биыл 41 маман Германия, Ресей, Литва, Беларусь елдеріндегі алдыңғы қатарлы клиникаларда біліктілік арттырды.Жауапкершілігі жоғары салада уақытпен санаспай,күні-түні жасаған қызметтеріңіз үшін тағы да алғысымызды білдіремін!Халыққа әрдайым адал қызмет етіп, абыройлы болыңыздар!» – деді Нұрлыбек Машбекұлы.Мерекелік басқосуда қажыры мен қайратын, білімі мен біліктілігін ұлт саулығына арнаған медицина қызметкерлері марапат төрінен көрінді. Қызылорда қалалық көпбейінді ауруханасының кеңесші хирург дәрігері Юрий Фотиади «Құрмет» орденімен, «Қазлепрозорий» мекемесі Тасбөгет бөлімшесінің меңгерушісі Анаркүл Нұрғалиева «Шапағат» медалімен марапатталып, сала ардагері Асылбек Тоғызбаевқа «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы табысталды.Мерекеде медицина қызметкерлері Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медаліне, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісіне ие болды.Кейінгі жылдары өңіріміздің медицина саласына бюджеттен тыс ресурстар да тартылуда. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен тұрақты әріптестік байланыс орнатылған. Қор соңғы екі жылда өңірдің денсаулық сақтау саласына 4 млрд. теңгеден астам қаржы бағыттады. Бұл қаржыға облыстық балалар ауруханасы базасында, Жаңақорған ауданында «Қамқорлық» оңалту орталықтары ашылды. Жақын күндері Арал ауданында осындай орталық пайдалануға беріледі. Сирек кездесетін дертке шалдыққандарға қажетті дәрі-дәрмек сатып алынды. Қор облыстық онкология орталығына құны 1 млрд. 100 млн. теңге болатын, еліміздегі 3 облыста ғана бар скрининг жүргізуге арналған жылжымалы медициналық кешен табыстады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1020233?lang=kk
Тұрғындардың жеке мәселелері тыңдалды 25.06.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «AMANAT» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау кестесіне сәйкес кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады. Тұрғындар емделу, тұрғын үй алу және жұмысқа орналасу мәселелерін қозғады.Қабылдауға келіп ұсыныс-пікірін, өтінішін жеткізушілердің сауалдары назардан тыс қалмайды. Әрқайсысы толық зерттеліп, заң аясында шешілу жолдары қарастырылады. Кейбір сұрақтар бойынша түсіндірмені мамандар сол жерде берді. Бірқатарының шешілу жолдары көрсетілді.Бүгінгі қабылдауда болған зейнеткер қамқорлығындағы баласын облыс әкімінің грантымен оқуға түсуіне көмек көрсетуді, қала тұрғыны облыс орталығынан жер беруді сұрады.Аймақ басшысы биылға грант бөлінген жағдайда арнайы комиссияға ҰБТ қортындысымен құжат тапсыруға болатынын айтты. Сондай-ақ тұрғын үй, жер учаскесі тек заң аясында, белгіленген кезекке сәйкес берілетіні түсіндірілді. Басқа да көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктелді. Жұмысқа орналасу мәселесі де заң аясында, конкурс арқылы шешіледі.Еске салайық, тұрғындар облыс әкімінің, орынбасарларының, жауапты сала басшыларының қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1020426?lang=kk
Қазақстандық тұрмыстық техника өндірушісі Samsung өнімдерін шығаруды бастайды 25.06.2025
Отандық тұрмыстық техника өндірушісі «Silk Road Electronics» ЖШС Samsung компаниясымен келісімге қол қойды және биылғы тамыз айынан бастап белгілі әлемдік брендтің теледидарлары мен кір жуатын машиналарын шығаруды бастайды.  Кәсіпорын екінші жыл жұмыс істеуде, қазіргі уақытта 270 мыңнан астам техника өндірілді: теледидарлар, шағын пештер, кір жуатын машиналар, шаңсорғыштар, ас үй сорғыштары және басқа да өнімдер қазақстандық нарықта және ТМД елдерінде жоғары сұранысқа ие.- Samsung компаниясымен ынтымақтастық – біз үшін дамудың үлкен кезеңі. Өткен жылы біз үлкен тораптан кіші торапқа көштік. Толық циклді өндірісіміз, локализацияның жоғары деңгейіне өту. 2026 жылы штамптау цехын іске қосамыз. Келесі жылдың ортасынан бастап барлық технология іске қосылады және локализация одан да жоғары болады. Бүгінгі таңда 300-ге жуық адам жұмысқа орналастырылды, 2028 жылға қарай қызметкерлер санын 1100-ге дейін арттыруды көздеп отырмыз. Шетелдік нарықтарға шығу және өнім желісін ұлғайту жоспарымызда бар, — деп атап өтті «Silk Road Electronics» ЖШС директоры Александр Критский.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1020040?lang=kk
Қарағанды облысында жоғары кернеулі электр желілерінің тіректерін өндіретін жаңа металлургия кластері іске қосылады 25.06.2025
Қарағанды облысында «Қазақстанның ыстық мырыштау зауыты» ЖШС базасында өнімге коррозияға қарсы жабын жағып, оның беріктігі мен қызмет ету мерзімін 50 жылға дейін ұзартатын өндіріс кластерін іске қосу жоспарланып отыр. Соның аясында жоғары кернеулі электр желілерінің тіректерін шығаратын зауыт ашылады.Кәсіпорын басшылығы зауытты іске қосу бойынша техникалық кезең аяқталғанын хабарлады. Жоба кәсіпорынның жеке қаражаты және «Бәйтерек» қоры тарапынан берілген қаржыландыру арқылы жүзеге асырылып жатыр.– Жалпы аумағы 9 гектар, өндірістік бөлігі – 6,5 мың шаршы метр. Жоспар бойынша 115 адам жұмыспен қамтылады. Жылдық өндірістік қуаттылық – 50 мың тонна. Алдағы уақытта бұл көлемді 70 мың тоннаға дейін ұлғайту көзделіп отыр. Мұнда ыстық мырыштауға мұқтаж қосымша өндірістерді біріктіретін толыққанды кластер құрылады. Сондай-ақ жоғары кернеулі желі тіректерін толық циклмен шығаратын зауыт та осы аумақта ашылады, – деді кәсіпорынның бас директоры Александр Ларионов.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1020049?lang=kk
Қостанай облысының медицина ұйымдары санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілді 25.06.2025
Медицина қызметкерлері күніне орай Қостанай қаласында салтанатты іс-шара өтіп, оның аясында облыстағы медициналық ұйымдарға жаңа санитарлық автокөліктердің кілттері табысталды.Аймақтың денсаулық сақтау мекемелеріне жалпы 20 санитарлық автокөлік берілді. Көліктер Лисаков қалалық ауруханасын қоса алғанда, аудандық медициналық мекемелерге жіберілді.Автокөліктер жергілікті бюджет қаражаты есебінен, жалпы 318 миллион теңгеге сатып алынған. Жаңа техника – әсіресе шалғай және ауылдық елді мекендерде жедел әрі жоспарлы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етуге арналған. Бұл – тұрғындар үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру жолындағы маңызды қадам.Іс-шара барысында медицина қызметкерлеріне өз ісіне адалдығы, кәсіби біліктілігі мен жанқиярлық еңбегі үшін алғыс айтылды.Денсаулық сақтау жүйесін дамыту – өңірлік саясаттың басым бағыттарының бірі. Қостанай облысында медициналық инфрақұрылымды жаңғырту, саланы цифрландыру, мамандардың біліктілігін арттыру және материалдық-техникалық базаны нығайту бойынша жүйелі шаралар жүзеге асырылып келеді. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1020111?lang=kk
QS 2026 рейтингі: Қазақстанның үш университеті алғаш рет тізімге енді 25.06.2025
QS 2026 рейтингі: Қазақстанның үш университеті алғаш рет тізімге ендіQS World University Rankings 2026 нәтижелері жарияланды. Биылғы рейтингке Қазақстанның 20 жоғары оқу орны енді. Бұл – еліміздің жоғары білім беру сапасының артып келе жатқандығының айқын көрінісі. Рейтингке енген үш жаңа университет – Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті және Шәкәрім университеті. Бұл оқу орындары алғаш рет әлемдік рейтингке кіріп отыр.Сонымен қатар Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті алғаш рет жұмыс берушілер арасындағы бедел индикаторы бойынша әлемнің үздік 100 университетінің қатарына кірді. Сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және басқа да 5 университет оқытушылар мен студенттердің арақатынасы бойынша 100 үздік қатарынан орын алды. Бұл көрсеткіш оқу процесінің сапасы мен жеке қатынасқа негізделген білім берудің маңызын білдіреді.Жаңа рейтингте Abai University 628-орынды иеленіп, өткен жылмен салыстырғанда бірден 43 позицияға жоғары көтерілді (671–680 аралығы). Осылайша, университет әлемнің үздік 650 жоғары оқу орнының қатарына кіріп, Қазақстанның алдыңғы қатарлы үздік 5 университетінің бірі ретінде өз орнын нығайтты.Халықаралық сарапшылар QS атынан университеттердің ғылыми-зерттеу қызметіне қатысуы, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуі және түлектердің ұзақмерзімді перспективалары секілді басым бағыттарға назар аударады. QS аға вице-президенті Бен Саутердің айтуынша, Қазақстан университеттері бірнеше көрсеткіш бойынша оң динамика көрсетіп отыр және олар әлемдік деңгейге ұмтылу жолында жақсы қадамдар жасап келеді.QS аймақтық директоры Сергей Христолюбовтың пікірінше, соңғы жылдары рейтингке енген университеттер арасында айырмашылық байқалады. Бірқатар алдыңғы қатарлы университеттер жүйелі даму жолына түскен, ал кейбір оқу орындары жаһандық бәсекелестік жағдайында өз позицияларын сақтап қалуда қиындықтарға тап болды. Осы тұрғыда оқытушылар құрамының сапасы, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуы және халықаралық ынтымақтастық елеулі рөл атқарады.Айта кету керек, Азия елдерінің арасында Қазақстан QS рейтингіндегі университеттер саны бойынша 10-орынды иеленіп отыр. Бұл тізімде Қытай (72), Үндістан (54) және Жапония (47) көш бастап тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1020144?lang=kk
Қарағанды облысында үш шағын өнеркәсіптік аймақ және моноқалаларға инвестицияларды ынталандыру үшін 22 жоба іске асырылуда 25.06.2025
Биыл Қарағанды облысында үш шағын өнеркәсіптік аймақтың құрылысын аяқтау жоспарланған. Олар аймақтың ірі кәсіпорындарының айналасында орналасады. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев моноқалаларды дамыту жөніндегі кеңесте бұл аймақтар шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыруға, сондай-ақ өңірге инвестициялар тартуға арналғанын хабарлады.Сонымен қатар инвесторларды тарту және моноқалаларды дамытуды қолдау үшін жалпы құны 218 млрд теңге болатын 22 жоба анықталды. Бұл жобаларды іске асыру жер учаскелерін беруді, инфрақұрылымды дамытуды және 1 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын ашуды көздейді.«Теміртауда өнеркәсіп инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылады, онда "Қармет Сервис" базасында ауданы 20 мың м2 өнеркәсіптік аймақ құру жоспарлануда. Бұл бастама өндірістік қуатты кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған»,  — деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1019799?lang=kk
Моноқалаларда қазақстандық тауарларға басымдық беріледі 25.06.2025
Моноқалаларды дамыту мәселелері жөніндегі кеңес барысында ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков сатып алу жүйесі арқылы отандық өндірушілерді қолдау шараларымен таныстырды.«Ірі тапсырыс берушілер үшін ұзақмерзімді шарттар мен офтейк-келісімшарттар жасау, елішілік құндылықты дамыту бағдарламасын енгізу, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуда елішілік құндылық үлесін арттыру, ШОБ дамыту және отандық тауар өндірушілерді қолдаудың өзге де бағыттары бойынша міндеттемелерді енгізу бөлігінде заңнамаға түзетулер енгізу қажет», — деп атап өтті ол.Министрліктің мәліметінше, 2024 жылы моноқалалардағы сатып алу көлемі 2,7 трлн теңгені құраса, қазақстандық өнімнің үлесі 70,2%-ға жеткен.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1019936?lang=kk
Өскеменде әскери қызметшілер соғыс ардагерін туған күнімен құттықтады 25.06.2025
Шығыс Қазақстан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері Ұлы Отан соғысының ардагері, Құрмет орденінің иегері, отставкадағы полковник Құрмат Рақымовты 101 жасқа толған туған күнімен құттықтады.Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті тәрбие және идеологиялық жұмыс басқармасының ардагерлермен жұмыс жөніндегі қызмет бастығы майор Әсет Адамбаев әскери қызметшілер ғасырдан асқан қарияны құттықтау мүмкіндігін иеленгенін мақтан тұтатынын атап өтті.– Бүкіл жеке құрам үшін бұл шынайы батылдық пен табандылық көрсеткен ардагермен ерекше кездесу болды. Біз үшін бұл қалыптасқан дәстүр емес, бұл аға буынның ерлігін туралы жадымызда сақтау, – деді А. Адамбаев.Құрмат Рақымов 1924 жылы Күршім ауданында дүниеге келген. Ақсақал – тарихтың тірі куәгері. Ол 1930-1933 жылдардағы ашаршылықты көрген. Ұлы Отан соғысы майдандарында соғысқан. Кеңес Одағы ыдыраған соң тәуелсіз Қазақстанды құруға қатысқан. Құрмат Рақымов майданға 17 жасында аттанды. Белоруссуя, Литва, Польшаны жаудан азат етуге қатысты. Жеңісті Берлинде қарсы алды. Соғыстан кейін Құрмат Рақымов Каменец-Подольск шекара мектебін бітіріп, сегіз жыл шекарада қызмет етті. Әскерден кейін партия органдарында еңбек етті. 1965 жылы Құрмат Рақымов полиция қызметіне кірді. Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары лауазымына дейін көтерілді. Ол 1981 жылы зейнетке шықты. Құрмат Рақымов ІІ дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет» ордендерімен, «Кенигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін» және т. б. медальдармен марапатталған.Құрмат Рақымовтың ұзақ өмір сүруге арналған рецепті қарапайым: еңбек, қозғалыс және қарым-қатынас. Ардагер Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы. Биыл ол Астанадағы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойлық шеруге қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1019655?lang=kk
Экономикалық штаб: туризмге 1,3 трлн теңге инвестиция тарту және су саласында 358 жобаны жүзеге асыру 25.06.2025
17 маусымда Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткізілген Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында туризм, спорт пен су ресурсы салаларының қазіргі дамуы қаралды.Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаевтың айтуынша, 2025 жылы сала алдында негізгі капиталға 1,3 трлн теңге көлемінде инвестиция тарту міндеті тұр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 37%-ға артық.Алғашқы төрт айдың қорытынды бойынша жоспар артығымен орындалды: 215,6 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл осы кезеңдегі жоспардың 191%-ын құрайды.«Салаға тартылатын инвестиция көлемі орналастыру мен тамақтану, өнер, ойын-сауық пен демалыс, кітапхана, мұражай, мұрағат, жерүсті, әуе мен су көлігі, жалға беру, туроператор қызметі және басқа да қызмет түрлері есебінен қалыптастырылады. Инвестицияның негізгі ағыны екінші жартыжылдықта түсуі тиіс», — деді Ержан Еркінбаев.2025 жылы Туризм және спорт министрлігі «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, жалпы құны 991,3 млрд теңгеден асатын 320 жоба пулын қалыптастырған. Оның ішінде 244,5 млрд теңге мөлшеріндегі 11 ірі жоба жүзеге асырылуға жақын.Су ресурстары және ирригация министрлігінің ақпараты бойынша, биыл су шаруашылығы инфрақұрылымы саласында 358 жоба жүзеге асырылуда.2025 жылы аталған жобаларға 193 млрд теңге қарастырылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 75%-ға артық. Ал іске асырылатын нысан саны 2,4 есеге артқан (2024 жылы 110,5 млрд теңге сомасындағы 151 жобаға қаржы берілді).Сонымен қатар биыл үш жаңа су қоймасының құрылысы басталып, екі су қоймасы қайта жөнделеді.https://primeminister.kz/news/ekonomikalyk-shtab-turizmge-13-trln-tenge-investitsiya-tartu-zhane-su-salasynda-358-zhobany-zhuzege-asyru-30171 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1019663?lang=kk
Әлем, Азия және Қазақстан чемпиондары: Алматыда Армия орталық спорт клубының сарбаздары ант берді 25.06.2025
ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының 33 жас атлеті Отанына адал болуға ант берді.Салтанатты рәсімге Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, бокстан әлем чемпионы Сәкен Бибосынов, ауыр атлетикадан әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев, еркін күрестен әскери қызметшілер арасында әлем чемпионы Мейіржан Әшіров, грек-рим күресінен әскери қызметшілер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері Асхат Ділмұхамедов қатысты.Жас спортшылар қазірдің өзінде қазақ күресі, дзюдо, бокс, самбо, таэквондо, аударыспақ, көкпар, жеңіл және ауыр атлетика, джиу-джитсу, қоян-қолтық ұрыс, кикбоксинг, биатлон секілді спорт түрлерінен нәтижеге қол жеткізген. Сарбаздар ұлттық құрама командалардың сапына кіреді.Олардың арасында Азия чемпионы, дзюдодан Тбилисиде өткен «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы Нұрқанат Серікбаев, Қазақстанның жеті дүркін чемпионы, Азияның үш дүркін чемпионы, самбодан екі дүркін әлем чемпионы Нұржан Тумырзаев, Қазақстан чемпионы, Азия чемпионы, Әлем кубогының екі дүркін чемпионы, кикбоксингтен Әлем чемпионатының қола жүлдегері Батырхан Қуандықов бар, биатлоннан Азия ойындарының күміс жүлдегері Кирилл Бауэр, Қазақстанның бес дүркін чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері, ауыр атлетикадан Қазақстанның абсолютті чемпионы Петр Гребетов, Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, Азияның үш дүркін чемпионы, қазақ күресінен Әлем кубогының қола жүлдегері Айдар Бескемпір секілді спортышлар бар. – Сіздердің спорттық ареналардағы және өмірдегі жетістіктеріңіз Отан игілігі үшін жұмыс істейтініне сенімдімін. Бұл ант әскери борышқа адалдықтың, күш-жігердің, батылдықтың және жаңа биіктерге ұмтылыстың символына айналсын, –  деді жас сарбаздарға ақ жол тілеген Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті төрағасының орынбасары полковник Еркебұлан Түсіпханов.Ант қабылдағанға дейін сарбаздар жас жауынгер курсынан өтті. Онда жалпы әскери жарғыларды оқып, әскери қызмет қауіпсіздігінің негіздерін, саптық және атыс дайындығын игерді.Армия орталық спорт клубы спорт ротасындағы қызмет – жоғары деңгейдегі спортшылар үшін ерекше мүмкіндік. Бұл жеңістер мен жаңа биіктерге жетудің жарқын жолы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1019387?lang=kk
Жоғары оқу орындарында оқу үшін жауынгерлік даярлық үздіктеріне сертификаттар табысталды 25.06.2025
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында Қарулы күштер сапында белгіленген мерзімде қызмет еткен сарбаздарға білім беру сертификаттарын табыстаудың салтанатты рәсімі өтті. Қорғаныс ведомствосы берген сертификаттар еліміздің жоғары оқу орындарында тегін оқу құқығын береді. Ата-аналары шараға қатысып, ұлдарының өміріндегі маңызды оқиғаның куәсі болды.– Мен ұлымды әскери қызметке толқып әрі мақтанышпен шығарып салғаным есімде. Ал балам, бүгін сертификат алып, грантпен жоғары білім алатынына қуанып тұрмын. Осындай мүмкіндік үшін алғысымды білдіремін, – деді Данияр Молдахановтың анасы Еркеш Нұрпейісова.Әскери қызметшілерді қолдау бағдарламасы жастарды қызметтен кейін әлеуметтік бейімдеуге бағытталған және оларға білім алып, кәсіби дамуға нақты мүмкіндіктер береді.Салтанатты шара соңы мерекелік концертпен және ұжымдық суретке түсумен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1019432?lang=kk
Инклюзивті жоғары білім басты назарда: Астанада ұлттық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен семинар өтті 25.06.2025
Инклюзивті жоғары білім басты назарда: Астанада ұлттық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен семинар өтті2025 жылдың 12-13 маусымында Astana IT University-де Техникалық көмек көрсету миссиясы (TAM) аясында «Инклюзивті жоғары білімді дамыту» тақырыбы бойынша семинар өтті. Іс-шараға Қазақстанның 30-ға жуық жоғары оқу орнынан 50-ден астам қатысушы – проректорлар, декандар, оқытушылар, инклюзия орталықтарының өкілдері мен докторанттар жиналды. Семинарды Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесі Жоғары білімді реформалау ұлттық сарапшылар тобымен (HERE), Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетімен бірлесе отырып, Еуропалық білім және мәдениет жөніндегі атқарушы агенттіктің қолдауымен ұйымдастырды.Семинарды Astana IT University Бірінші проректоры және HERE ұлттық тобының төрағасы Серік Өмірбаев, Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің Ынтымақтастық бөлімінің басшысы Йоханнес Баур, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мазмұны басқармасының басшысы Рысгүл Құдретуллаева алғы сөздерімен ашты.Хорватиядан келген жетекші сарапшылар – Білім беруді дамыту институтының өкілдері Нинослав Шчуканец-Шмидт пен Ана Скледар Матъевиц Еуропалық жоғары білім кеңістігінің (ЕЖБК) саяси шеңберіне, инклюзивті білім беру тәжірибелеріне және институционалдық стратегияларға кең шолу жасады. Олардың баяндамалары қазақстандық ЖОО-лардың инклюзивтілікке қатысты көзқарасын қайта қарап, нақты әрекеттер жасауына түрткі болды. Екі күн бойы қатысушылар инклюзия, теңдік және әртүрлілікті қамтамасыз етуге бағытталған негізгі ұғымдар мен тәсілдер бойынша интерактивті пікірталастарға, практикалық топтық тапсырмаларға және жұмыс сессияларына қатысты. Сонымен қатар саясаттағы мәселелер мен кемшіліктерді қазақстандық және еуропалық контексте талдап, табысты тәжірибелермен және қолдау тетіктерімен танысты. Семинар стратегиялық сессиямен аяқталып, оның барысында қорытындылар шығарылып, жоғары оқу орындары мен саясаткерлер үшін алдағы іс-әрекеттердің негізгі бағыттары айқындалды. Қатысушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, жоғары білім беру жүйесінде инклюзивтілік пен теңдікті күшейтуге бағытталған ұлттық жол картасын әзірлеуге үлес қосты. Семинар Қазақстанның Еуропалық жоғары білім кеңістігіне интеграциялануына және баршаға қолжетімді, инклюзивті жоғары білім беруді қалыптастыруға деген ұмтылысын тағы бір мәрте растады.Сондай-ақ семинар аясында Қырғызстанның Салымбеков университеті мен Astana IT University арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Салымбеков университеті атынан университет Президенті, Қырғызстандық HERE тобының мүшесі және осы семинарға қатысушы Амангелді Жұмаділов өкілдік етсе, Astana IT University атынан Ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Андрей Белощицкий өкілдік етті. Қос тарап ұзақ мерзімді әрі тұрақты серіктестік орнатуға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1019462?lang=kk
Астанада Қазақстан мен Қытай арасындағы өнеркәсіптік және логистикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша екіжақты кездесу өтті 25.06.2025
Астана, 2025 жылғы 16 маусым – Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен ҚХР Мемлекеттік даму және реформалар комитеті төрағасының орынбасары Чжоу Хайбин арасында екіжақты кездесу өтті.Тараптар сауда-экономикалық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын талқылады. Қытай Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі болып қала беретіні аталып өтті – 2024 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 43,8 млрд АҚШ долларын құрады. Қазақстан мен ҚХР бұл көрсеткішті алдағы жылдары екі есеге арттырып, 100 млрд долларға жеткізуді мақсат етіп отыр. Осыған байланысты тараптар тауар номенклатурасын әртараптандыру, шикізаттық емес экспортты ілгерілету және шекарадағы тосқауылдарды азайту шараларын талқылады.Сондай-ақ инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мәселесі қозғалды. Бүгінгі таңда Қазақстан-Қытай серіктестігі аясында жалпы сомасы шамамен 66,5 млрд долларды құрайтын 224-тен астам жоба іске асырылып, 50 мыңнан астам жұмыс орны құрылуда. Бұл жобалар энергетика, ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу өнеркәсібі, логистика және жаңа технологиялар салаларын қамтиды. Тараптар жоғары қосылған құны бар жаңа бірлескен өндірістерді іске қосу жұмысын жандандыруға уағдаласты.Ә.Қуантыров Қытаймен өнеркәсіп және логистика салаларындағы ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатының басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Ол Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКД, Орта дәліз) табысты дамуы және «Бір белдеу, бір жол» қытайлық бастамамен түйісуі кооперацияны тереңдету мен өзара инвестицияны арттыру үшін зор мүмкіндіктер ашатынын айтты.«Бүгінгі таңда Қытай мен Еуропа арасындағы құрлықтық жүк тасымалының 80%-дан астамы Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Біз Қытайды тек географиялық жақын көрші ғана емес, сонымен бірге ортақ экономикалық мүдделері бар стратегиялық серіктес ретінде қарастырамыз. Орта дәлізді дамыту және оны «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен түйістіру транзиттік әлеуетті арттырып қана қоймай, өңірлік экономиканың тұрақтылығын күшейтетін өндірістік альянстарды қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деді Ә.Қуантыров.Өз кезегінде Чжоу Хайбин Қазақстанның Еуразия логистикалық құрылымында орталық рөл атқаратынын атап өтті. «Біз Қазақстанды «Бір белдеу, бір жол» бастамасының аясындағы негізгі серіктес ретінде қарастырамыз. Екі ел арасындағы ынтымақтастық өзара сенім мен прагматизмге негізделген. Қазақстан қытайлық тауарлардың тұрақты транзитін қамтамасыз етіп қана қоймай, бірлескен өндірістік және логистикалық тізбектерді құрудағы маңызды буынға айналуда. Біз инфрақұрылым, энергетика және жасыл экономика салаларындағы ынтымақтастықты нығайта отырып, өңірдің орнықты дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға ниеттіміз», – деді ол.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар кооперацияны тереңдетуге, жобалар портфелін кеңейтуге және стратегиялық маңызды салалардағы өзара іс-қимылдың жаңа түрлерін дамытуға дайын екенін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1019134?lang=kk