Қуқық
Қ. Ысқақов: «кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстардың алдын алу бойынша жұмыстар күшейтілуі қажет» 14.04.2025
Бүгін «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Қ.Д. Ысқақовтың төрағалығымен Саяси кеңес Бюросының кеңейтілген отырысы өтті. Онда кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар және оның алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар мен жастар арасындағы жұмыссыздық, орта арнаулы оқу орындарында білім алу мәселелері туралыда да айтылды. Облыста кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын және жасөспірімдердің өздерімен жасалған қылмыстар азаймай отыр. Осыған орай, облыс әкімі ішкі істер департаментіне жұмысты күшейтуді тапсырып, облыстық полиция департаментінің бастығының орынбасары Ш.Амитовке бірқатар тапсырмалар берді."Жастарға қатысты қылмыстардың профилактикалық шаралары күшейтілсін, тиісті мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен байланыс орнатылсын. Жасөспірімдерге қатысты жасалатын қылмыстардың алдын алу және оны жою шараларына барша қоғам болып атсалысуымыз керек. Облыстың ішкі істер органдарының материалдық техникалық базасын нығайту үшін жыл сайын қыруар қаржы бөліп отырмыз. Алайда, жұмыстарыңыздың нәтижесін көріп отырған жоқпын. Аталған бағыттағы жұмыстар күшейтіліп, үш ай мерзімде орындалу қажет. Бұл мәселе жеке өзімнің бақылауымда болады" - деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/34154?lang=kk
«Өнегелі өмір» кітабының тұсаукесері туралы 14.04.2025
Алматы, 2019 жылғы 25 қазан – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бұрынғы сыртқы істер министрі, Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұңғыш Тұрақты Өкілі, Төтенше және Өкілетті Елші, тарих ғылымдарының докторы Акмарал Хайдарқызы Арыстанбековаға арналған «Өнегелі өмір» кітабының тұсаукесері өтті.«Өнегелі өмір» - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінің түлектері болып табылатын көрнекті тұлғаларға, мемлекет және қоғам қайраткерлеріне, ғалымдарға, оқытушыларға, Қазақстан Республикасының ғылым және білім саласындағы ұйымдастырушыларына арналған университет басып шығаратын кітаптар топтамасы. Бұл кітапта А.Арыстанбекованың әр-түрлі кезеңдегі өмірі мен қызметі, оның ғылыми мақалалары, өмірбаяндық және мұрағаттық материалдары, бірлескен қызметі жайлы әріптестерінің мақалалары ұсынылады. Ауқымды фотомұрағат, сонымен бірге Қазақстанның БҰҰ-ға кіруі және халықаралық ұйымдағы қызметінің алғашқы кезеңі туралы ресми құжаттар назар аудартады.Салтанатты іс-шарада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Ерлан Ысқақов, ЮНЕСКО-ның Қазақстан Республикасындағы Кластерлік кеңсесінің директоры Криста Пиккат, БҰҰ-ның Жаһандық коммуникациялар департаментінің Қазақстан Республикасындағы өкілі Властимил Самек, ғалымдар М.Әбусейітова мен К.Байзақова, сонымен қатар ҚазҰУ студенттері сөз сөйледі.Кітап еліміздің жас буынына, дипломаттарға, халықаралық қатынастар саласындағы ғалымдар мен сарапшыларға, сондай-ақ бұқара өкілдеріне арналған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/34112?lang=kk
«Дипломатия жаршысы» журналының күзгі нөмірі жарыққа шықты 14.04.2025
НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 28 қазан – «Дипломатия жаршысы» журналының күзгі нөмірін оқырмандарға дәстүрлі түрде сапалы контент ұсынады. Күз сияқты, әр түрлі түстер мен мотивтерге «боялған» журналдың ағымдағы нөмірі екі жақты және көп жақты дипломатияның әр түрлі тақырыптарына қызықты және эксклюзивті сұхбаттар мен мақалаларды қамтиды. Шығарылымда ядролық қарусыздану мәселесіне, атап айтқанда Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа (ЯҚТШ) және Қазақстанның осы саладағы бастамаларына ерекше назар аударылды. Қазақстанның Беларусь, Қырғызстан және Бразилиямен екіжақты және көпжақты қарым-қатынасы журнал беттерінде аталған елдердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары терең және мазмұнды ашып, талдайды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға алғашқы мемлекеттік сапары осы тоқсанның ең жарқын оқиғаларының бірі болды. Бұл тұрғыда Қазақстан-Қытай қатынастарының ауқымы мен тереңдігі туралы Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяо бөлісті. Күзгі шығарылымда басқа да қызықты материалдар ұсынылды: ЭКСПО-2017 көрмесінің мұрасы негізінде Қазақстанда жасыл технологияларды дамыту; ҚР Сыртқы істер экс-министрі, БҰҰ жанындағы Қазақстанның бірінші Тұрақты өкілі Ақмарал Арыстанбекованың «Қазіргі әлемдегі Дипломатия» монографиясына; сондай-ақ қазақстандық дипломат Ильяс Козыбаев жазған «Сәлім Құрманғожин - мен үшін кім болды» кітабына Рецензиялар. Айта кету керек, ағымдағы тоқсан Сыртқы істер министрлігіндегі жаңа кадрлық өзгерістердің айқын калейдоскопымен атап өтілді: СІМ басшылығынан бастап, Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінің жиырмадан астам жаңа басшыларын тағайындаумен аяқталады. Бұл ақпаратпен «Министрліктегі жаңа тағайындаулар» бөлімінен танысуға болады. «Дипломатия жаршысы» қазақ, орыс («Вестник дипломатии») және ағылшын тілдерінде («The Diplomatic Herald of Kazakhstan») шығарылады. Журналдың электрондық нұсқасы PDF және HTML форматтарында - http://mfa.gov.kz/ru/content/Journal - вебсайтында қол жетімді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/34111?lang=kk
Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясы көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аударды 14.04.2025
ЛОНДОН, 2019 жылғы 24 қазан – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко бастаған қазақстандық делегациясының Ұлыбританияға сапары Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған жоғары деңгейдегі іс-шаралармен жалғасты.Сапар аясында Р. Василенко мен Ұлыбританияның сауда саясаты жөніндегі министрі Конор Бернстің тең төрағалығымен Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) 6-шы отырысы өтті.Ұлыбритания іскер топтарының 50 астам өкілдері кірген ҮАК-ке қатысушылар өткен жылда атқарылған жұмыстың қорытындыларымен танысып, екіжақты ынтымақтастықты дамытудың негізгі бағыттарын қарастырды. Оған қоса, мұнай-газ, қаржылық, технологиялық, тау-кен және білім салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.«Ұлыбритания Қазақстан Республикасының стратегиялық және негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып табылады. Ұлыбританиямен екіжақты сауда айналымы жыл сайын оң динамика көрсетіп келеді. Қазақстанның британдық және басқа да Батыс нарықтары үшін ашықтығы Үкіметіміздің шетелдік бизнеске инвестициялар мен сауда жасау үшін жағдай жасау жөніндегі тұрақты күш-жігерімен айқындалады. Осы күш-жігердің нәтижесінде бүгін жарияланған Дүниежүзілік банктің «Doing Business 2020» рейтингіне сәйкес, Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда үш орынға көтеріліп, 190 елдің арасында 25-ші орын алды», – деді Р. Василенко.Қазақстандық дипломат елдеріміз осы диалогты «шикізатты инвестиция мен озық технологияларға айырбастау» формуласы бойынша, кейіннен қосымша құны бар бірлескен өндірістер құруға шығу арқылы одан әрі нығайту қажет екенін атап өтті.Өз кезегінде К. Бернс Ұлыбритания мен Қазақстан көптеген салаларда, соның ішінде білім беру, мұнай-газ, тау-кен өндірісі, қаржы, химия өнеркәсібі, машина жасау, металлургия және азаматтық авиация салаларында ынтымақтастықты дамытып келе жатқанын айтты.«Қазақстан бүгін британдық компаниялар қызығушылық танытып жатқан қарқынды трансформацияланып, әртараптандырылып жатқан экономика болып табылады. Біздің Үкімет осы өркендеуші нарыққа инвестициялап, қазақстандық фирмалармен ынтымақтастық орнатып, осы елдің экономикасы ұсынатын шексіз мүмкіндіктерді пайдалану үшін барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайын», – деп толықтырды К. Бернс.ҮАК шеңберінде өткізілген мұнай-газ, тау-кен өндірістері, денсаулық сақтау, білім беру және қаржылық қызметтер бойынша бес жұмыс топтарының отырыстары барысында «Астана» Халықаралық қаржы орталығында корпоративті басқаруды дамыту, Қазақстанның азаматтық авиация саласын реттеудің жаңа моделін құру, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту, еліміздегі кәсіптік-техникалық колледждерді одан әрі қалыптастыру және т.б. өзекті мәселелер көтерілді.Ауылдық жерлерде су ресурстарын басқару, мал шаруашылығы және қалдықтарды басқару мәселелері бөлек талқыға салынды.Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысына және екіжақты келіссөздерге қатысушылар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі аспектілері бойынша пікір алмасып, стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтуге дайындығын растады.Іс-шараның нәтижесінде екі тараптың барлық салада стратегиялық серіктестікті нығайтуды жалғастыруға ниетін растаған Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-британ үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысының хаттамасына қол қойылды.Отырыс аясында келесі екіжақты құжаттарға қол қойылды:- «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен британдық Экспорттық кредиттерге кепілдік беру агенттігі (UK Export Finance) арасындағы британдық бизнестің қатысуымен ҚР-да инвестициялық жобаларды қаржыландыру туралы меморандум;- «Artex Construction» ЖШС мен «Independent Power Corporation» («IPC») энергетикалық компаниясы арасындағы Батыс Қазақстанды үздіксіз газдың таза көздерімен және жаңартылатын энергия көздерімен қамтамасыз ету үшін Ақтау қаласында жаңа дата-орталықты дамыту бойынша цифрлық бірлескен кәсіпорын құру туралы өзара түсіністік туралы меморандум;- «Artex Construction» ЖШС мен «IPC» арасындағы экологиялық таза энергияны әзірлеумен айналысатын және Ақтау қаласында қуаты 250 МВт құрамдастырылған циклдік газ турбинасын салу жобасына шоғырланған энергетикалық компания құру туралы келісім;- «Қазгеология» АҚ мен британдық «Astra Mining» компаниясы арасындағы ҚР-да үш кен орнын барлау туралы келісім;- қазақстандық «Aurora Mining» компаниясы мен британдық «RPA Inc» компаниясы арасындағы жер қойнауын пайдалану саласында консалтингтік қызметтер көрсету туралы келісім.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/34109?lang=kk
Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі қызметіне ресми түрде кірісті 14.04.2025
БЕРН, 2019 жылғы 24 қазан – Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшісі Әлібек Бақаев Федералдық Президент Ули Маурерге сенім грамоталарын тапсырды.Салтанатты кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы достық қатынастар дамуының жоғары деңгейін атап өтіп, алдағы уақытта жоспарланған екіжақты іс-шаралар кестесін, соның ішінде келешектегі екіжақты жоғарғы деңгейдегі іс-сапарларды және 2019 жылғы 28 қазанда Берн қаласында өтетін Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Швейцария үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысын талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/34108?lang=kk
Нұр-Сұлтан және Лондон екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағаттар теңестірді» 14.04.2025
ЛОНДОН, 2019 жылғы 24 қазан – Қазақстандағы ауқымды реформалар бағдарламасын әрі ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыруды және Ұлыбританияның Еуропалық Одақтан шығуын қоса алғанда, екі елдегі маңызды қоғамдық-саяси үдерістер контекстіндегі стратегиялық әріптестікті Қазақстан мен Ұлыбритания одан әрі нығайтуға дайын. Осындай тақырыптар бүгін ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка істері жөніндегі мемлекеттік министрі Кристофер Пинчермен кездесуі барысында талқыланды.Тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықтың өзекті және перспективалық мәселелерін, сондай-ақ «Kazakhstan Global Investment Forum – 2019» инвестициялық форумының, Қазақстан-Британ Іскерлік Кеңесінің қорытындыларын және Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының алтыншы отырысының жұмысын қарастырды.Р. Василенко әріптесін еліміздегі қазіргі жағдаймен және саяси өзгерістермен таныстырды. «Қазақстанның қазіргі саяси жүйесі ашық, сенімді және тұрақты әрі ҚР заңнамасына сәйкес биліктің конституциялық сабақтастығын қамтамасыз етеді. Біз Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатындағы стратегиялық бағытының өзгермейтіндігін растаймыз», – деп атап өтті қазақстандық дипломат.К. Пинчер Қазақстанның саяси жаңғыру процесінің серпінін атап өтіп, Ұлыбританияның елімізбен стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға ниеттілігін растады. Британдық министр ағылшын құқық қағидаттары мен нормаларына жүгінетін «Астана» Халықаралық қаржы орталығының ашылуы екі мемлекет арасындағы тиімді ынтымақтастықтың маңызды жетістіктерінің бірі екендігін атап өтті.Тараптар сондай-ақ Біріккен Корольдіктің Еуропалық Одақтан шығу үдерісі аяқталғаннан кейін бекітілуге жоспарланған екі мемлекет арасындағы Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық туралы жаңа келісімнің жобасын талқылады.«Жаһандық Британия» тұжырымдамасы аясында өзара іс-қимылдың жаңа бағыттарын талқылау аясында «британдық технологиялар мен тәжірибе, қазақстандық ресурстар мен транзиттік-көліктік әлеует, қытай инвестициялар мен нарықтар» формуласының әлеуеті атап өтілді.Өңірдегі жағдай туралы айта отырып, тараптар Ауғанстандағы бейбітшілікті қалпына келтіруге бағытталған Қазақстанның шараларын атап өтті. Оның ішінде Еуропалық Одақтың қаржыландыруымен жақында Қазақстанда іске қосылған ауған әйелдері үшін білім беру жобасы да болды.Сонымен қатар кездесу барысында қорғаныс және қауіпсіздік, мәдени, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастық талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша әңгімелесушілер талқыланған мәселелердің кең кешені бойынша өзара түсіністікке қол жеткізіп, екіжақты қарым-қатынастардың барлық сұрақтары бойынша ұзақ мерзімді әріптестікті одан әрі нығайтуға деген дайындығын растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/34107?lang=kk
Инвестициялық-экономикалық ынтымақтастық – Қазақстан-Британ қатынастарының назарында 14.04.2025
«Самұрық-Қазына» мен «Da Vinci Capital» инвестициялық компаниясы 100 млн. АҚШ долларын құрайтын тікелей инвестициялар қорын құрады---«TURKISTAN» АЭА «fDi» журналының «Global Free Zones of the Year 2019» жүлдесінің үш номинациясында жеңімпаз атанды ЛОНДОН, 2019 жылғы 23 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко бастаған мемлекеттік және жеке сектор өкілдерінен құралған қазақстандық делегация сапары аясында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері және Қазақстан-Британ іскерлік қарым-қатынастарының келешегі әңгіме өзегіне айналды.Ұлыбритания астанасында өткен сапар аясында Қазақстан-Британ Іскерлік Кеңесінің 3-ші пленарлық отырысы және «Kazakhstan Global Investment Forum 2019» инвестициялық форумы ұйымдастырылды. Форумның ұйымдастырушылары: «Financial Times» беделді халықаралық басылымы, «fDi» (Foreign Direct Investment) журналы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, сондай-ақ ҚР-дың Ұлыбританиядағы Елшілігі.Форум жұмысына өңдеу, ауыл шаруашылық, химия, тау-кен, қаржы секторларынан, сондай-ақ металлургия салаларынан, баламалы энергетика, логистика және сандық технологиялар компанияларынан 200-ден астам басшы қатысты.Іс-шара Қазақстанның бизнес пен инвестициялар саласындағы мүмкіндіктеріне, сондай-ақ елдегі соңғы саяси және экономикалық өзгерістерге арналды. Экономикасы жедел дамыған әрі стратегиялық тұрғыда Еуропа мен Азияның екі ортасында орналасқан Қазақстан Ұлыбритания Еуропалық Одақтан шыққан соң оның маңызды коммерциялық серіктесі бола алады. «Қазақстан Орталық Азияның ірі экономикасы болып табылады және бүкіл аймақтың ЖІӨ-нің жартысынан көбі Қазақстанға тиесілі. Қазақстанның аймақта ең мықты инвестициялық климат қалыптастыра алғанын шетелдік бизнесмендер мойындайды. Оған тәуелсіздік алғалы бері ел экономикасына салынған 300 миллиард АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестициялар дәлел», – деді форумның ашылуында Р. Василенко.Ол іскерлік климаттан басқа, шетелдік инвесторларды Қазақстанға тартатын биліктің бірқалыпты ауысуымен және жаңа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы сайлануымен дәлелденген елдің саяси тұрақтылығын, жоғары білімді адами ресурстарды, сондай-ақ елдің 500 миллион тұтынушыдан тұратын жылдам өсіп келе жатқан өңірлік нарыққа қол жеткізуі екендігін атап өтті.Р. Василенко жыл басында экономиканың басты секторларына инвестиция тарту міндеті жүктелген Қазақстанның сыртқысаяси ведомствосы қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін аянбай еңбек етіп жатқандығын атап өтті.Форумда негізгі спикерлер қатарында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов, Ұлыбританияның инвестициялар мәселелері бойынша мемлекеттік министрі Грэм Стюарт, Ұлыбритания Премьер-Министрінің Қазақстан бойынша сауда өкілі Баронесса Эмма Николсон, Ұлыбритания парламентінің мүшесі және «Белдеу және жол» бастамасы бойынша бүкілпартиялық тобының Төрағасы Файзал Рашид, Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Президенті сэр Сума Чакрабарти және басқалар болды. Пленарлық сессияда сөз сөйлеген Г. Стюарт «қазіргі уақытта Ұлыбритания Қазақстанның ең ірі тікелей шетелдік инвесторларының бірі болып табылады. Бұл компанияларымыздың сіздің еліңіздің серпінді экономикасына деген сенімін көрсетеді. Жүздеген британдық компаниялардың Қазақстанда қызмет жасауға лицензиясы бар, ал біздің елдеріміз арасындағы сауданың жалпы көлемі өткен жылы 2,7 миллиард фунт стерлингті құрады. Ұлыбритания Еуропалық одақтан шығып, шын мәнінде еркін сауда саласындағы жаһандық көшбасшы болуға әзір болғанда, біз британдық фирмалардың Қазақстанға алдағы онжылдықтарда өсіп, дамуға көмектесе отырып, одан да маңызды рөл атқарғанын қалаймыз» деп атап өтті.Дүниежүзілік банктің «Doing Business – 2019» рейтингісіндегі көрсеткіштердің жақсаруы Қазақстандағы инвестициялық ахуалдың айнасы іспеттес. Қазақстан бизнес жүргізу бойынша ең тартымды 30 елдің қатарына еніп, 190 мемлекет арасында 28 орынға көтерілді. «Еуразияның жүрегінде ЖІӨ-сі соңғы екі жылда төрт пайызға өскен және британдық компанияларға Еуразиялық экономикалық одаққа, Қытай және Өзбекстан нарықтарына шығу мүмкіндігін ашатын тұрақты платформа болып табылатын Қазақстан орналасқан. Қазақстанға Еуразиядағы шетелдік инвестициялардың ең үлкен бөлігі келеді. Бүгін «Астана» Халықаралық қаржы орталығының өкілдері және басқа да спикерлер әлеуетті инвестициялық мүмкіндіктер туралы айтып, мемлекеттік активтерді жекешелендіру бағдарламасының қазіргі мүмкіндіктері туралы ақпарат береді», – деп атап өтті Баронесса Э. Николсон.Бірнеше сала бойынша Қазақстанның ірі мемлекеттік активтеріне басшылық ететін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ рөлі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселеге айналды. «Қор жаһандық экономикалық үрдістерді ескере отырып, табысты әртараптандыруға бағытталған жаңа стратегиясын бекітті. Ол келешегі зор салаларға: мұнай-газ химиясына, жаңартылатын энергия көздеріне, жоғары технологияларға, «Индустрия 4.0-ге», сондай-ақ тәуелсіз қорлармен және ірі инвестициялық компаниялармен тікелей инвестициялардың бірлескен қорларын құруға бағытталады», – деді А. Есімов. Ол сондай-ақ, Қор алдағы бес жылда жоғарыда аталған бағыттарға 38 млрд. АҚШ долларын құйып, оның 32 млрд. АҚШ доллары шетелдік6 оның ішінде британиялық компаниялардан тартылатын инвестиция көздеріне де тиесілі екендігін атап өтті. Форумға қатысушылар британиялық құқық принципімен жұмыс істейтін АХҚО-ның маңыздылығына да тоқтады. Орталық инвестиция тарту бойынша маңызды платформа және тиісті қаржы құралдарына ие әрі халықаралық деңгейде қызмет көрсетеді. Инвесторларға жайлы жағдай жасалған. Олардың қатарында барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келетін реттеудің тәуелсіз механизмі, сот және халықаралық төрелік орталығы бар. Қазақстанның қытайлық «Бір белдеу бір жол» бастамасына деген қатысы ерекше назарда болды. Жобаға басшылық етудің британиялық жүйесі, қазақстандық ресурстар және қытай инвестициясы есебінен пәрменділікті арттыру приниципі бойынша Ұлыбритания, Қазақстан және Қытай арасындағы үшжақты әріптестікті дамыту әлеуеті талқыланды. ҚР-дың Ұлыбританиядағы Елшісі Ерлан Ыдырысов пен Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Майкл Гиффорд форумды қорытындылай келе, осындай ірі, бағыты айқын экономикалық іс-шаралар инвестициялық-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге және кеңейтуге екі елдің ниетті екендігін көрсетеді деді. Форум барысында Р. Василенконың британиялық бизнестің «капитандарымен» және халықаралық ұйымдардың басшыларымен екіжақты кездесулері өткізді. Олардың қатарында ЕҚДБ, «GlaxoSmithKline», «Gap Insaat», «Investcorp», «Independent Power Corporation», «United Green», «Worley Parsons», «International Development Ireland» және басқа да компаниялар бар. Баронесса Э. Николсон және А. Есімов тең төрағалық ететін Қазақстан-Британ Іскерлік Кеңесінің 3-ші пленарлық отырысында екі ел компаниялары өзара әріптестікті дамытудың алдағы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» портфельдік компанияларының жекешелендіру бағдарламасын іске асырудың жай-күйі мен келешегі қарастырылды. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акцияларын Лондон қор биржасында орналастырудың табысты тәжірибесі ерекше аталып өтілді. Отырыс қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Da Vinci Capital» инвестициялық компаниясы арасында 100 млн. АҚШ долларын құрайтын тікелей инвестициялар қорын құру туралы келісімге қол қойылды. Келісім аясында қор ақпараттық технологиялар және цифрландыру саласында жұмыс істейтін қазақстандық компанияларға 40 млн. АҚШ долларынан кем болмайтын қаржы құяды. Қаражат аталған компанияларды дамытып, IPO-ға шығаруға бағытталады. Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» көлемі жағынан әлемде 4-ші орын алатын күн және жел электроэнергетикасына маманданған «EDP Renovaveis» компаниясымен бірге инвестиция құю туралы келісімге қол қойды. Құжат Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды бірлесіп жүзеге асыру қағидаттарын регламенттейді. «EDP Renovaveis» қуаттылығы 250 МВт. болатын күн электр станциясын салу бойынша жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ және «International Development Ireland» арасында әріптестік орнату туралы екі меморандумға қол қойылды. Олар 50 млрд. теңгеден кем емес сомаға ирландиялық инвестициялық жобаларды ҚР-дың арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарына тартуға көмектесу, сондай-ақ Экспорттық несиелерді ұсыну бойынша британиялық агенттіктің қаржыландыруы аясында (UK Export Finance) ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Gap Insaat» компаниясы арасында Ақтау қаласында 350 орындық ауруханасын салу жобасы. Іс-шара аясында 5 000 еркін экономикалық аймақтар қатарынан ең үздігін белгілеуге арналған «Global Free Zones of the Year 2019» жүлдесі салтанатты түрде табыс етілді. Марапаттау рәсімі жыл сайын беделді британиялық «fDi» журналымен ұйымдастырылады. «TURKISTAN» Арнайы экономикалық аймағы үш номинацияда жүлде лауреаты атанды: Азия-Тынық мұхит аймағы бойынша шағын және орта бизнесті қолдау саласы бойынша, «Ones To Watch» атты бас редакторының таңдауы, сондай-ақ ең үздік ұран – «Honoring the past, creating the future» (Өткенді құрметтей отырып, болашақты құру). Қазақстандық делегацияның сапары 24 қазанда өтетін Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени қарым-қатынас бойынша Қазақстан-Британ мемлекетаралық комиссиясының алтыншы отырысында жалғасады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/33823?lang=kk
Нұр-Сұлтанда Қазақстан-Вьетнам Үкіметаралық комиссиясының 9-шы отырысы өтті 14.04.2025
НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 17 қазан – Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан-Вьетнам сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) 9-шы отырысы өтті.Қазақстандық делегацияны Комиссияның қазақстандық бөлігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, ал Вьетнам делегациясын Вьетнам Социалистік Республикасы Сауда және өнеркәсіп министрінің орынбасары Хоанг Куок Выонг басқарды.Тараптар ауыл шаруашылығы саласында, оның ішінде күріштің жаңа сорттарын өсіру үшін екі елдің ғылыми-зерттеу орталықтары арасындағы өзара іс-қимыл арқылы үлкен әлеуеттің бар екендігі туралы келісті. Комиссияның алдыңғы отырысының келісімдерін, соның ішінде адамдарды ұстап беру, қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімдердің жүйелі түрде орындалуын, сондай-ақ парламентаралық ынтымақтастықтың жандандыруын атап өтілді.Комиссия басымдықтар ретінде 2020 жылы Ауыл шаруашылығы бойынша кіші комитеттің бірінші отырысын өткізу, «АХҚО» шеңберінде ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ ветеринария, контейнерлік тасымалдау саласындағы, сотталған адамдарды беру мен өзара құқықтық көмек, кеден саласындағы ынтымақтастық жөнінде және екі елдің ауылшаруашылық институттары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдер жасасу секілді бағыттарды айқындады.Қазақстан мен Вьетнам Еуразиялық экономикалық одақ пен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімнің тараптары ретінде тауарлардың экспорты мен импортын кеңейту мақсатында екі елдің іскер топтары үшін преференциялары туралы ақпаратты тарату жөніндегі жұмысты жандандыруға, сондай-ақ жеңіл, тамақ және қайта өңдеу салаларында бірлескен өндірістер құру, атап айтқанда киім мен аяқ киім заманауи өндірісін ұйымдастыруға күш салуға келісті.ҮАК тең төрағалары 2020 жылғы 8-11 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында өтуі жоспарланған ДСҰ-ның 12-ші Министрлік конференциясын және Қазақстан азаматтарына Вьетнамға электрондық виза берілген елдердің тізіміне қосылуын құптады.Тараптар туризм саласында ынтымақтастықтың үлкен әлеуетін көрсетіп, оған екі елдің азаматтары үшін визалық режимді одан әрі жеңілдету, Ханой мен Хошиминге тікелей рейстерді іске қосу, Нұр-Сұлтан мен Ханой және Алматы мен Хошимин қалалары арасында бауырластық байланыстарды дамыту септігін тигізетіндігін атап өтті.Вьетнам тарапы Алматы облысында «Маревен» вьетнамдық компаниясының азық-түлік өнімдерін өндіруге арналған инвестициялық жобасын сәтті жүзеге асыруға көрсетілген қолдау үшін алғысын білдірді (50 млн. АҚШ долл. инвестициялар тартылды, 500 жұмыс орны ашылды).Жалпы, отырыстың күн тәртібі саяси, сауда-экономикалық, қаржылық, білім және ғылым, ауыл шаруашылығы, көлік, мәдениет, туризм және спорт салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен кеңейтуге бағытталған мәселелердің кең ауқымын қамтыды.Екіжақты ынтымақтастықтың негізгі тетігі болып табылатын Комиссия отырысының сәтті өткізілуі елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды одан әрі нығайтуға айтарлықтай серпін берді.Комиссияның келесі отырысы Вьетнамда өтетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/33815?lang=kk
Вашингтонда ҚР мен АҚШ арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірінші жоғары деңгейдегі кездесу өтті 14.04.2025
ВАШИНГТОН, 2019 жылғы 18 қазан - ҚР мен АҚШ арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірінші жоғары деңгейдегі кездесуі өтті. Қазақстандық тараптан комиссияның тең төрағасы - ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, американдық тараптан – АҚШ Сауда министрі Уилбур Росс.Комиссия отырысы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев пен АҚШ Президенті Д.Трамптың 2018 жылғы қаңтарда Вашингтонға ресми сапары кезінде қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, сондай-ақ ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы қыркүйекте Нью-Йорк қаласындағы іскерлік кездесулері аясында өтті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге ниеттерін растап, өзара сауда мен инвестициялардың өсуін ризашылықпен атап өтті. Сонымен қатар, ҚР Сауда министрлігінің басшысы қазақстандық экспортты ұлғайту үшін айтарлықтай әлеуеттің бар екендігіне назар аударды. Мәселен, қазіргі уақытта шамамен қосымша 1 млрд. АҚШ долл. жуық 50 тауар американдық нарыққа жеткізілуі мүмкін.Тараптардың пікірінше, жоғары деңгейдегі екіжақты байланыстардың айқын динамикасы екі елдің экономикалық өсуіне және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді.Министрлер ірі бірлескен инвестициялық және коммерциялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың, оның ішінде ауыл шаруашылығы, энергетика, өнеркәсіп, жоғары технологиялар, туризм және ғарышты коммерцияландыру саласындағы перспективалық бағыттарын айқындады. Отырыстың күн тәртібінде көпжақты механизмдер шеңберіндегі, соның ішінде ДСҰ мен ЭЫДҰ аясында өзара іс-қимыл мәселелері болды. Жоғары деңгейдегі топтың тең төрағалары АҚШ-тың Халықаралық дамуды қаржыландыру корпорациясы мен "Астана" Халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін өзара тиімді пайдалану қажеттілігін атап өтті.Кездесуден кейін Б.Сұлтанов пен У.Росс экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жоғары деңгейдегі топтың екінші отырысын келесі жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткізу мүмкіндігін қарастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/33813?lang=kk
ҚР Сыртқы істер министрі шет ел Елшілерін қабылдады 14.04.2025
НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 17 қазан - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Германия, Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкістан және Ұлыбритания Елшілерін қабылдады.ГФР Елшісі Тило Клиннермен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Берлинге ресми сапары қарсаңында екіжақты ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.БАӘ Елшісі Мухаммед әл-Джабермен кездесу кезінде араб дипломаты БАӘ басшылығы атынан ҚР Президенті К. Тоқаевқа төзімділік символы болып табылатын «бейбітшілік кілемін» тапсырды.Пәкістан Ислам Республикасының Елшісі Имтиаз Ахмад Казимен келіссөздер барысында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға уағдаласа отырып, осы орайда Исламабад қаласында екі мемлекет арасындағы үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын жақын арада өткізудің маңыздылығын атап өтті.Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Елшісі Майкл Гиффорд Министрді 2019 жылғы 23-24 қазанда Лондонда өтетін іс-шаралар бойынша, соның ішінде жыл сайынғы «Kazakhstan Global Investment Forum-2019», Іскерлік кеңес пен Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысына дайындық барысы туралы хабардар етті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/33812?lang=kk
Бірлескен Қазақстан-Өзбек демаркациялық комиссия туралы 14.04.2025
2019 жылғы 14-18 қазан кезеңінде Алматы қаласында Бірлескен Қазақстан-Өзбек демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы үкіметтік делегацияларының кезекті отырысы өтті.Тараптар Қазақстанның Маңғыстау облысы мен Өзбекстанның Қарақалпақстан арасындағы учаскеге мемлекеттік шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын әзірледі.Кездесу барысында 160 шекаралық бағанадан тұратын шекара белгілері хаттамаларының жобалары, сондай-ақ бұл шекара белгілерінің координаттары мен биіктіктерінің каталогы дайындалып, қол қойылды.2019 жылдың қарашасында Қазақстан-Өзбек мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде далалық демаркациялық жұмыстарды жүзеге асыру уағдаластыққа қол жеткізілді.Келіссөздер дәстүрлі достық және сындарлы ахуалда өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/33803?lang=kk
Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен экономикалық мәселелер жөнінде кеңес өтті 14.04.2025
Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен экономикалық мәселелер жөнінде кеңес өтті.Жиын барысында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен жоспарланған меженің орындалуы, қаржы-несиелік саясатты жүзеге асыру, атаулы әлеуметтік көмек реформасы, әлеуметтік даму және жұмыспен қамту мәселелері қаралды. Премьер-министр Асқар Мамин, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтер баяндама жасады.Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жалпы елдегі макроэкономикалық жағдай тұрақты, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің динамикасы оң нәтиже көрсетіп тұр. Алайда, отандық экономиканы әртараптандыру, өнімді жұмыспен қамту, халықтың табысын арттыру, әлеуметтік көмектердің қол жетімдігі секілді мәселелер әлі күнге толық шешімін тапқан жоқ.Мемлекет басшысының пікірінше, стратегиялық бағдарламаларды сапалы жүзеге асырудың негізгі міндеті халықтың өмір сүру деңгейін арттырғанда ғана орындалады.Президент әлемдегі әртүрлі жағдайларды ескере отырып, нақты есептелген, елдің макроэкономикалық, қаржылық және әлеуметтік тұрақтылығын сақтау жөнінде кешенді шаралар әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар, «Қазақстан-2050» Стратегиясының қазіргі кезеңде іске асуы тиіс міндеттемелерін орындау қажет екенін айтты. Президент мемлекеттік шешімдер қабылдағанда сараптамалық жұмыстарды түбегейлі күшейту керек екенін атап өтті.Президент шағын және орта бизнес экономиканы әртараптандыру ісінде тірек күшке айналу керек деп санайды. Мемлекет басшысы индустрияландыру бағдарламасы өнеркәсіп өндірісі мен өңдеу секторындағы құлдырауды тоқтатып, жаңа өнімдерді шығаруға мүмкіндік ашқанымен, экономика саласында түпкілікті серпіліс болған жоқ деп есептейді.– Еңбек өнімділігін кемінде 1,7 есеге арттыруға және өңделген қазақстандық өнімнің экспортын едәуір өсіруге басымдық берілуі тиіс. Үкімет дайын өнімнің экспортын 2022 жылы – 1,5 есеге, 2025 жылы – 2 есеге арттыруы қажет, – деп тапсырды Президент.Мемлекет басшысы өңірлік деңгейде бәсекеге қабілетті технологиялық дамыған ең кемінде 3-5 саланы қалыптастыру керек екенін айтты.– Индустрияландыру барысын жергілікті және шетелдік сарапшылар жіті бақылап отыр. Бұған дейінгі бағдарламаларға олар байсалды қараған еді. Бізге индустрияландыру идеясының беделіне нұқсан келтіруге болмайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, ЕАЭО аясындағы экономикалық интеграция еліміздің экономикалық әлеуетін дамытуға септігін тигізеді. Президент ЕАЭО ұйымында біздің елдің мүддесін нығайту мақсатында сараптамалық жұмыстарды күшейтіп, өнімдерін еуразиялық нарыққа экспорттайтын отандық тауар өндірушілерді қорғау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ ол инвестиция тарту ел экономикасын жаңғыртудың аса маңызды міндеті болып саналатынын айтты.– Біз инвестициялық ахуалды үнемі жақсартып келеміз. Бірақ мұндай жағдай инвестиция көлеміне қаншалықты әсер етіп отыр? Неге айтарлықтай серпін байқалмайды? Шетел инвестициясын тартуда тек фискалды ынталандырулар ғана маңызды емес. Ішкі нарық ауқымының тарлығы, тауарды экспортқа шығарудың қиындығы, орталық және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік органдар іс-әрекеттерін үйлестірудің жеткіліксіздігі жүйелі проблемалар болып саналады, – деді Мемлекет басшысы.Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бүкіл өңірлерінде өнімді сөрелерге дейін жеткізудің тетіктерін дамытуды қамтамасыз етуді, сондай-ақ, экономиканың барлық салаларында ұлттық тауарларды жеткізу жүйесін қалыптастырып, оны дамыту үшін кешенді қадамдар жасауды тапсырды.– Бізде экспортқа қолдау көрсететін негізгі 3 оператордың, атап айтқанда, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «KazakhExport» ұлттық компаниясы және QazTrade компаниясының көптеген тетіктері бар. Экспортқа қолдау көрсетудің барлық шараларын «бірыңғай терезеге» біріктірудің қажеттілігі жөнінде айтып жүрміз. Мен Үкіметке шетелге тауар шығарушылар арасында кәсіби сауалнама жүргізіп, проблемалық тұстары мен қордаланған мәселелерді анықтауды, осының негізінде мемлекеттік қолдаудың тетіктерін қалыптастыруды тапсырдым. Сіздер ұйымдастырушылық шешімдер де қабылдайды деп сенемін, – деді Президент.Мемлекет басшысы фискалды саясат жөнінде айта келе, Ұлттық қордан бөлінетін трансферттерді біртіндеп азайту қажет деген пікір білдірді. Дегенмен оған аса қажеттілік туындаған жағдайда ғана жүгіну керек екенін айтты.– Үкімет бірінші кезекте республикалық бюджеттің кіріс бөлігіне назар аударуы қажет. Ұлттық банк Ұлттық қордағы инвестициялық табыстың түсімін арттыру мақсатында қаражатты басқару жолдарын қайта қарастыруға міндетті. Активтерді дұрыс басқару Ұлттық қордың көлемін айтарлықтай арттыра алады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Президент коммерциялық банктердің пайда табу мақсатында қаржыны тұтынушылық несиеге қарай бұрып, бизнесті несиелеу көлемін төмендетіп жібергенін сынға алды.– Ұлттық банк осы саясатқа шұғыл өзгеріс енгізуі тиіс. Қаржы реттеушісінің мәліметі бойынша, экономиканың әр секторының 50 пайыздан астамы – банктердің мүдделерін көздейтін орнықты әрі қаржылай тәуелсіз кәсіпорындар. Алайда олар банк несиелерін тартуға құлықсыз. Неге? Мүмкін коммерциялық банктер белгілейтін шарттарды ол кәсіпорындар тартымсыз деп санайтын шығар. Қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету мен нақты секторды несиелеуді дамыту туралы таңдаудың алдында тұрған Ұлттық банк тиімді шешімдер қабылдауы керек, – деді Мемлекет басшысы.Президент 2030 жылға дейінгі ақша-кредиттік саясат Стратегиясын жасауды тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банкті коммуникация мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жақсартуға шақырды. Бұл өз кезегінде нарыққа қатынасушылар мен тұрғындардың сенімін арттырып, девальвация жайындағы дақпырттардың алдын алады.Мемлекет басшысы бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру мәселесін де назардан тыс қалдырған жоқ.– Әрбір қазақстандық азамат баспананы сатып немесе арендаға алу перспективасын, оны сатып алу шарттарын анық түсінуі керек. Ол үшін тұрғын үйдің қолжетімділік өлшемдерін анықтап, құрылыстың өзіндік құнын жүйелі түрде төмендетіп, көппәтерлі және жеке баспананың аражігін ажыратып, пәтерді жалға беру нарығын реттеу қажет,– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Сөз соңында Президент негізгі басымдықтар мен қабылданған шешімдер өз дәрежесінде іске асса, экономикалық өсімнің қарқыны мен сапасын арттыруға, сонымен қатар, халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға мүмкіндік беретінін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/33731?lang=kk
Биылғы 9 айда Қазақстан экономикасының өсімі 4,3% құрады 14.04.2025
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2019 жылғы қаңтар-қыркүйектегі республикалық бюджеттің орындалуы және еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды.ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Ұлттық банк төрағасы Е. Досаев, Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов экономиканың, банк саласының жағдайы, республикалық бюджеттің орындалуы, мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту мәселелері туралы баяндады, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ. Есқалиев, Қызылорда облысының әкімі Қ. Ысқақов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов өңірлердегі жағдай туралы баяндады.Осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ЖІӨ өсімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,3% құрады. Құрылыста – 13,5%, саудада – 7,6%, көлік саласында – 5,5%, өңдеу өнеркәсібінде, соның ішінде машина жасауда – 18,2%, жеңіл өнеркәсіпте – 19%, металл кендерін өндіруде – 16,1%, мұнай өңдеуде – 7,2%, байланыс қызметінде – 4% оң өсім байқалады.Бірқатар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінде бюджет қаражаттарын игерусіз қалдыру жағдайлары байқалады, ең көп сома экология министрлігінде – 1,5 млрд теңге, мәдениет және спорт министрлігінде – 1 млрд теңге, сауда министрлігінде – 0,9 млрд теңге, Алматы әкімдігінде – 2,2 млрд теңге, Алматы облысы әкімдігінде – 1,1 млрд теңге, Түркістан облысы әкімдігінде – 1 млрд теңге, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары әкімдіктерінде – 0,8 млрд теңгеден, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде – 0,7 млрд теңге, Ақмола облысы әкімдігінде – 0,6 млрд тг.9 айда СТ-KZ бойынша жергілікті қамтудың ең жоғары көрсеткіштеріне Қызылорда облысында жеңіл өнеркәсіп саласында (46%), Павлодар облысында жиһаз (59%), азық-түлік және құрылыс салаларында (54%) қол жеткізілді.«9 айдың қорытындысы бойынша экономика өсімінің негізгі базалық көрсеткіштері бойынша Атырау, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Павлодар облыстары әкімдіктерінің оң жұмысын атап өткім келеді. Бұл артта қалушы өңірлер үшін жақсы үлгі. Өз кезегінде, кейбір әкімдіктерде бірқатар көрсеткіштер бойынша төмендеу байқалады», — деп А. Мамин, өңір басшыларына аталған жағдайды қысқа мерзім ішінде түзеуді тапсырды.Үкімет басшысы әкімдердің жергілікті қамту бойынша бекітілген индикаторларды орындау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауы қажет екенін, сондай-ақ, заңнама, индустриялық сертификат және СT-KZ сертификаты талаптарының орындалуын қамтамасыз ету қажет екенін айтты.Премьер-Министр Қызылорда, Павлодар және Түркістан облыстарының әкімдіктерінің сатып алудағы қазақстандық қамту үлесін арттыру жұмысындағы жақсы көрсеткіштерін атап өтті. Үкімет басшысы «Атамекен» ҰКП пен Қаржы министрлігіне әкімдіктермен мемлекеттік сатып алуды жүргізу бойынша дұрыс жұмыс атқару тұрғысынан қосымша семинарлар өткізуді тапсырды.«Осы жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша өңірлер басшыларының жұмысы бағаланатынын тағы да атап өтемін», — деп түйіндеді А. Мамин.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/33729?lang=kk
Ұлттық экономика министрлігінде Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс тобының отырысы өткізілді 14.04.2025
2019 жылғы 11 қазанда Нұр-Сұлтанда Шетелдік инвесторлар кеңесінің инвестициялық саясатты іске асыру жөніндегі жұмыс тобының бірлескен отырысы өткізілді. Оның күн тәртібі салықтық заңбұзушылықтарды қылмыс деп танымау мен кедендік заңнаманы жетілдірудің кешенді мәселелерінен тұрады. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің айтуынша, Жұмыс тобының қызметі бірінші кезекте, Қазақстандағы өз жобаларын іске асыратын инвесторларға қолайлы жағдай туғызу мен жүйелік проблемаларды шешуде аса маңызды.Жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылы Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс тобы салық салу, кедендік реттеу, инвестицияларды ынталандыру мен көтермелеу саласындағы заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдіру жұмыстарын жүргізуде.Анықтама: Шетелдік инвесторлар кеңесі Қазақстан Республикасы Президенті төрағалық ететін кеңестік-консультативтік орган. Ол 1998 жылы Үкімет пен шетелдік инвесторлар арасындағы еліміздегі инвестициялық қызмет пен инвестициялық ахуалды жақсартуға байланысты проблемалық мәселелерді шешу үшін тікелей диалогты қамтамасыз ету үшін құрылған. Кеңестің негізгі міндеті Қазақстан Президенті мен Үкіметінің қарауына енгізілген инвестициялық саясат пен еліміздің экономикалық дамуының өзекті аспектілері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/33728?lang=kk
Елордада Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасының қатысуымен «Астана-Энергия» АҚ-ның объектілері жөнінде баспасөз-тур өтті 14.04.2025
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы А. Дарбаевтың, комитеттің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық бөлімшесінің басшылығының, «Астана-Энергия» АҚ басшылығының, сондай-ақ, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен жылу энергиясын өндіру саласындағы табиғи монополияның базалық субъектісі«Астана-Энергия» АҚ-ның объектілері жөнінде баспасөз-тур өтті.«Астана-Энергия» АҚ Басқармасы төрағасының бірінші орынбасары А. Никифоров 2018-2019 жылдар үшін Қоғамның Инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы баяндады.Одан кейін «Астана-Энергия» АҚ-ның инженер маманы баспасөз-тур қатысушыларына қауыпсіздік техникасы бойынша нұсқамалық өткізді, 2-ЖЭО-ның турбиналық цехын, 2500 м.куб/сағ. шығынымен жүйелік сорғыларын, 2-ЖЭО-ның алаңында С-1 мен С-2 жылу жүйелерінің құбыр жолдарының телімдерін, 2-ЖЭО-ның қазан цехын және отын-көліктік цехын көрсетіп, 2-ЖЭО-ның жалпы жұмысымен таныстырды.Комитеттің Төрағасы Асан Дарбаев сондай-ақ БАҚ-ы өкілдерінің кәсіпорынның инвестициялық бағдарламаларын орындау қатысты қызықтыратын сұрақтарына жауап берді. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті және Астана қаласының Энергетика басқармасы 2018-2022 жылдарға арналған «Астана-Энергия» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасы шеңберінде 2018 жылға арналған «Астана-Энергия» АҚ-ның жылу энергиясы бойынша инвестициялық бағдарламасын 963 699 мың теңге сомаға бекіткенін атап көрсету қажет. Инвестициялық салымдардың басым бағыттары: - жылу энергиясын өндірудің сенімділігін қамтамасыз ету; - экологиялық шараларды орындау; - тозған жабдықты ауыстыру; - жабдық жұмысының пайдалы әсер ету коэффициентін (ПӘК) арттыру; - жылу энергиясын өндіруді ұлғайту болып табылады.2018 жылға арналған жылу энергиясын өндіру бойынша инвестициялық бағдарламасына сәйкес:- 1-ЖЭО бойынша – 10 іс-шара;- 2-ЖЭО бойынша-17 іс-шара;- аудандық қазандықтар бойынша-4 іс-шара жоспарланған.2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 891 993 мың теңгеге 25 іс-шара орындалды, бұл 92% құрайды.73 093 мың теңге сомаға қалған 6 іс-шара бойынша шарттар жасалды, алайда 2018 жылғы 31 желтоқсанға өнім берушілер өздерінің шарттық міндеттемелерін орындамады.«2018 – 2022 жылдарға арналған «Астана-Энергия» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 01 наурыздағы №14-ОД бұйрығына сәйкес 73 093 мың теңге сомаға іс-шараларды 2019 жылға көшіру арқылы 2018-2019 жылдардағы инвестициялық бағдарламаларды түзету орындалды.2019 жылға арналған жылу энергиясын өндіру бойынша инвестициялық бағдарламасына сәйкес: 1-ЖЭО бойынша 17 іс-шара, 2-ЖЭО бойынша 13 іс-шара және аудандық қазандықтар бойынша 8 іс-шара жоспарланған. Түзетуді ескере отырып, жалпы сома 1 052 млн. теңгені құрады.2020 жылға арналған жылу энергиясын өндіру бойынша инвестициялық бағдарламасына сәйкес 976 млн. теңге сомаға: 1-ЖЭО бойынша 10 іс-шара, 2-ЖЭО бойынша 26 іс-шара және аудандық қазандықтар бойынша 5 іс-шара жоспарланған.2018-2019 жылдардағы жылу энергиясын өндіру бойынша инвестициялық бағдарламалар шеңберінде мынадай негізгі іс-шаралар орындалды:1-ЖЭО бойынша:Жылу энергиясын өндірудің сенімділігін арттыру үшін 2018 жылы «Ағынды аппаратты колонкаға ауыстыра отырып, вакуумдық деаэраторды қайта құру жобасын әзірлеу» орындалды. Бүгінгі күні жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. «Астана-Энергия» АҚ 1-ЖЭО №1 қоймасына көмір жеткізудің 6-ТК телескопиялық түсіргіштер мен түсіру тораптарында аспирация және шаңбасу жүйелерін жаңарту» жобасы жүзеге асырылды. Жаңартылған жабдықтың жалпы саны – төрт түсіргіш.Шаң басу жүйесі ЖЭО-1 аумағында және станцияның санитарлық-қорғау аймағында экологиялық жағдайды жақсартты. Жабдықтарға жедел қызмет көрсету және жөндеу үшін 2 дана (шассидегі) тіркеме дәнекерлеу агрегаты сатып алынды. Биіктігі 100 метр №1 түтін құбырының ұңғысына күрделі жөндеу жүргізілді.2-ЖЭО бойынша: Түтін газдарын тазарту дәрежесін арттыру үшін №6 ст. қазан агрегаты эмульгаторларының төрт жаңа құйындағыштары сатып алынды және орнатылды; энергия тиімділігін арттыру үшін 2-ЖЭО багерлік сорғыларының жиіліктік-реттелетін жетегінің (ЖРЖ) құрылғысы орындалды;азот тотықтарын төмендету үшін 2-ЖЭО СҚЦ №№1, 2 су жылыту қазанагрегаттарында үшінші үрлеуіш жүйесінің монтажы орындалды;2 дана көлемінде шығыны 2500 м3 құрайтын жаңа желілік сорғылар орнатылды;СҚЦ-ның аккумуляторлық батареясы ауыстырылды;ДЗ-59 бульдозеріне күрделі жөндеу жүргізілді;күштік және бақылау кабельдерінің өртке қарсы материалдарымен жабу орындалды.Аудандық қазандықтар бойынша:Жүк көтергіштігі 15 тонна жүк автомобилі сатып алынды (1 дана);КВр-1,45 – 4 су жылыту қазандары сатып алынды және ауыстырылды;Нұр-Сұлтан қаласы УПТК қазандығында жаңа өрт хабарлағышының монтажы орындалды;«Промышленный кенті мен Железнодорожный кентінде қазандықтардың ескі түтін құбырларын бөлшектеу және жаңаларын салу» жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді;УПТК кентіндегі қазандықтың түтін құбырына күрделі жөндеу жүргізілді.2019 жылғарналған мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізілді және мынадай іс-шаралар бойынша шарттар жасалды:багерлік сорғы сатып алу. Шарт бойынша жеткізу 2019 жылғы 20 қазан. 2-ЖЭО алаңындағы С-1 және С-2 жылу желісі құбырларының учаскелерін қайта жаңарту және ішінара ауыстыру. Орындалуы 95%. Жұмыстардың аяқталуы 2019 жылғы 30 қазан.Іс-шара қаланы жылу энергиясымен сенімді және үздіксіз қамтамасыз етуді арттыруға мүмкіндік береді.«1-ЖЭО қазандарын қайта жаңарту және 2-ЖЭО су жылыту-қазандық цехының қазандарын газға көшіру арқылы қайта жаңарту» жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу».Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бес әлеуметтік бастамасы аясында, атап айтқанда «Елді одан әрі газдандыру» атты бесінші бастамаға сәйкес жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/33726?lang=kk
Қостанайда Орнықты даму мақсаттары бойынша іскерлік ойын өтті 14.04.2025
А.ж. 4 қазанда Қостанай қаласында Қазақстандағы Орнықты Даму Мақсаттарын іске асыру барысы туралы халыққа ақпарат беру бойынша жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйым өкілдері, жеке сектор, академиялық орта мен жастар үшін іскерлік ойын түрінде семинар өткізілді. Семинарды БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, Қазақстандағы Азиялық даму банкі өкілдігі және ҚР Ұлттық экономиа министрлігі ұйымдастырды.«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Стратегиялық әзірлемелер және тұрақты даму орталығының директоры Бақытгүл Қамбар іс-шараны аша келіп, барлық мүдделі тараптардың іс-қимылын біріктірудің, сондай-ақ халықтың барлық тобының, атап айтқанда, әлеуметтік әлсіз топтарды қамтудың маңыздылығын атап көрсетті.Іскерлік ойын 50-ден аса адамды бір үстел басына жинады. Қатысушылар неғұрлым перспективалық міндеттер мен оларды шешу жолдарын атап өте келіп, өңірдегі өзекті проблемаларды талқылады. Сапалы медициналық қызметке қол жеткізудің қажеттілігі, толықтай жұмыс және барлығына арналған лайықты еңбекті қамтамасыз ету, сапалы және сенімді инфрақұрылымды дамыту, қолжетімді және экологиялық орнықты көлік жүйесі, әлеуметтік кедергілерді жою, ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру, табиғи ресурстарды ұтымды игеру мен тиімді пайдалану, сыбайлас жемқорлық пен пара алушылықтың барлық түрлерінің ауқымын азайту – өңірдегі басты мәселе.Ойын Қостанайдағы әртүрлі қызмет саласындағы тұрғындардың өзара пікір алмасып, әрқайсысының өз проблемасын айтуына, өзара өңірді орнықты дамытудың одан арғы іс-қимылы туралы келісулеріне мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/33725?lang=kk
Қазақстан ДЭФ ЖБИ 2019 жылғы рейтингінде 55-орынға ие болды 14.04.2025
Рейтинг 103 индикатордан (55 статистикалық және 48 сауалнамалық) тұратын 12 фактор бойынша бағаланады.12 фактордың ішінен Қазақстан 5 фактор бойынша позицияларын жақсартты, 4 фактор бойынша нашарлау байқалды және 3 фактор бойынша позициялар өзгермеді. Қазақстанның ДЭФ ЖБИ рейтингіндегі позициялары №Фактордың атауы2018 жылғыорны2019 жылғыорныҚарқын Жалпы рейтинг 1Институттар 6164▼32Инфрақұрылым 6967▲23АКТ енгізу 4444-4Макроэкономикалықтұрақтылық6260▲25Денсаулық 9795▲26Дағдылар 5757-7Тауарлар нарығы 5762▼58Еңбек нарығы 3025▲59Қаржы жүйесі 100104▼410Нарық көлемі4545-11Бизнестің қарқындылығы 3735▲212Инновациялық әлеует 8795▼8 Қазақстанның бәсекелес артықшылықтары келесідей факторлар болып табылады: «Еңбек нарығы» – 25-орын (5 позицияға жақсару) және «Бизнестің қарқындылығы» – 35-орын (2 позицияға жақсару),.Мынадай факторлар орташа деңгейде бағаланды: «АКТ енгізу» – 44-орын (өзгеріссіз), «Нарық көлемі» – 45-орын (өзгеріссіз) «Институттар» – 64-орын (3 позицияға нашарлау), «Инфрақұрылым» – 67-орын (2 позицияға жақсару), «Макроэкономикалық тұрақтылық» – 60-орын (2 позицияға жақсару), «Дағдылар» – 57-орын (өзгеріссіз) және «Тауарлар нарығы» – 62-орын (5 позицияға нашарлау).Келесідей факторлар бойынша Қазақстанның әлсіз позициялары анықталды: «Денсаулық» – 95-орын (2 позицияға жақсару), «Қаржы жүйесі» – 104-орын (4 позицияға нашарлау) және «Инновациялық әлеует» – 95-орын (8 позицияға нашарлау).Қазақстан келесідей индикаторлар бойынша 1-орынға ие:корпоративтік басқару саласындағы акционерлердің құқықтары;қаржы жүйесінің тұрақтылығы саласындағы кредиттік алшақтық;бизнестің дәрменсіздігі мәселелері жөніндегі нормативтік база.Сондай-ақ, электрмен жабдықтау дәрежесі бойынша Қазақстан 2-орынды, бизнесті ашу құны бойынша 7-орынды иеленді.2019 жылғы 4.0 ЖБИ рейтингіне 141 ел қатысты. Аталған рейтингте көшбасшы елдердің бестігіне Сингапур (1), АҚШ (2), Гонконг (3), Нидерланды (4) және Швейцария (5) кірді.Қазақстан Колумбия (57), Грекия (59), Түркия (61), Үндістан (68) және Аргентина (83) сияқты елдерден озып тұр.ТМД елдері арасында Ресей көшбасшы болып отыр (43-орын), одан кейін Қазақстан (55), Әзербайжан (58), Армения (69), Грузия (74), Украина (85), Молдова (86), Қырғызстан (96), Тәжікстан (104) орналасқан.Рейтингтің нәтижелерімен Дүниежүзілік экономикалық форумның https://www.weforum.org/reports/the-global-competitveness-report. ресми сайтынан нақтырақ танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/33724?lang=kk
Автомобиль жолдарын салу және құрылыс материалдары (битум, цемент және қиыршық тас) нарықтарындағы проблемалық мәселелер 14.04.2025
Монополияға қарсы орган алаңында өткізілген жұмыс тобының отырысында автомобиль жолдарын салу және құрылыс материалдары (битум, цемент және қиыршық тас) нарығында бәсекелестікті дамыту мәселелері қаралды.Қаралып отырған тауар нарықтарында сарапшылар мынадай мәселелерді анықтады: әлеуетті қатысушылар үшін қосымша талаптар, бұл конкурсты ашық өткізбеу үшін қауіп туғызады, биржада бағаның ашық қалыптаспауы, ресурстарға қол жеткізудің шектеулілігі, босату бағасына делдалдар әсерінің жоғары деңгейі.Операторды сатып алу нәтижелеріне сәйкес Қазақстан бойынша жыл сайын бас мердігерлердің тар шеңбері жеңімпаз деп танылады. Бұл ретте, іс жүзінде жұмыс көлемінің 70%-ына дейін мердігерлік ұйымдар, оның ішінде төмен құнмен орындайды.Мәселелерді шешу үшін жұмыс тобының сарапшылары бәсекелестікті дамыту жөнінде ұсыныстар берді: сатып алуды ұйымдастыру кезінде лицензиялауда көзделген талаптардың қайталануын жою, әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлікке беретін жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) көлемін 30%-ға дейін төмендету, бір көзден сатып алуды өткізу үшін негіздерді қысқарту, бағаны қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз ететін биржалық сауда-саттық тетігін жетілдіру, кең таралған пайдалы қазбалардың жер қойнауы учаскелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету мәселесін пысықтау, битумды биржалық тауарлардың тізбесіне енгізу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/33721?lang=kk
Қазақстан Елшісі Оңтүстік Африка Президентіне сенім грамоталарын тапсырды 14.04.2025
ПРЕТОРИЯ, 2019 жылғы 15 қазан – Африка ұлттық конгресінің екінші төрағасы Сефако Макгато атындағы президенттік қонақтарды қабылдау үйінде Қазақстанның Елшісі Қанат Тумыштың Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Сирил Рамапозаға сенім грамоталарын тапсыру салтанатты рәсімі өтті.Оның аясында Елші Қ. Тумыш ОАР басшысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемі және жылы лебіздерін жеткізіп, әсіресе осы елдің бұл айдағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сәтті төрағалық етуіне байланысты, мемлекетаралық ынтымақтастықты байланыстардың барлық спектрі бойынша нығайтуға бағытталған қазақстан-оңтүстік африкалық саяси, экономикалық, мәдени және гуманитарлық қатынастардың жоғары деңгейін атап өтті. Елші, өзара тиімді ынтымақтастық тетіктерін одан әрі жетілдіру жөніндегі күш-жігерді одан әрі дамытуға басшылығымыздың мүдделілігін растап, Президент Тоқаевтың биылғы инаугурациялық рәсімі және Қазақстан халқына Жолдауы сияқты сөйлеген ең маңызды сөздерінің шеңберіндегі негізгі бағыттарын мазмұндады. Қазақстанның өз экономикасын әртараптандыру, транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту және инвестицияларды тарту жөніндегі шараларын атап өтіп, сұхбаттасты саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы еліміздің даму перспективалары туралы хабардар етті. Айталық, өз лауазымына 2019 жылғы мамыр айында сайланған Президент С. Рамапозаның жаңа бастамалары мемлекет басшымыздың реформаларымен ұштасып келеді.Қ.Тумыш көпжақтылықтың, сондай-ақ соғысқа қарсы және антиядролық саясаттың берік жақтаушы деген абырой-беделін жиі дәлелдеген екі тараптың халықаралық ұйымдар шеңберінде, атап айтқанда, Қазақстанның 2017-2018 жж. және ОАР-дың 2019-2020 жылдардағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігі кезеңінде, ынтымақтастықты тереңдету қажеттілігіне назар аударды. Ол Оңтүстік Африканы үш диалог негізінде жаңа геосаяси құбылысты құру, сондай-ақ ғаламшарымызды терроризмнен және жаппай қырып-жою қаруларынан азат ету бойынша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды бастамаларын қолдауға шақырды. Сонымен қатар, еліміз насихаттайтын төзімділік, сондай-ақ әртүрлі ұлттар және діндер арасындағы татулық пен келісім идеялары туралы мәлімдеп, Елші екі елді де байытатын Қазақстан және ОАР халықтарының полиэтникалық және поликонфессиялық құрамы туралы әңгімелеп берді.Президент С.Рамапозаның мәлімдеуінше: «Сіздер сияқты достармен біз жаһандық басқарудың ережелерге негізделген көпжақты жүйесін қорғауға және нығайтуға, сондай-ақ бір-бірін байланыстыратын және нығайтатын кедейлік, теңсіздік, соғыс, терроризм және климаттың өзгеруі сияқты ғаламдық мәселелерді шешуге тырысамыз. Біз халықаралық сауда мен қауіпсіздік мәселелерде біржақты ұстанымды болдырмау үшін бірге жұмыс істеуіміз керек. Көпжақты институттарымыздың тұтастығын қорғап, олардың тиімділігін, бәрін қамтитын сипатын және шынайы бұқарашылдығын қамтамасыз ету үшін біз бірлесіп, өзара іс-қимыл жасауымыз қажет». Болмыш елдің басшысы экономикалық мәселелерге тоқталып, бір-біріне туристік сапарларды қолдауға және өзара инвестицияларды ілгерілетуге шақырды: «Осы орайда, келесі айда, 5-7 қараша кезеңінде, біз екінші Оңтүстік Африкалық инвестициялар конференциясын өткіземіз. Еліңіздің инвесторларын осы іс-шараға қатысуға және ОАР мүмкіндіктерінің әлеуетін өз көзімен көруге шақырамыз».Президент С.Рамапоза оңтүстік африкалық тараптың екі мемлекет үшін де басымдықты бағыттары бойынша елімізбен экономикалық серіктестікті, саяси сұхбат пен ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға ниетін білдірді және достас Қазақстанның басшылығына ыстық сәлемін жолдап, Елші Қ.Тумышқа әлемнің осы бөлігіндегі дипломатиялық қызметте табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/33433?lang=kk
Қазақстан үндістандық ITEC бағдарламасын қолдайды 14.04.2025
2019 жылғы 14 қазанда ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Василенко құрметті қонақ ретінде Үндістанның техникалық және экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы – ITEC (Indian Technical and Economic Cooperation) күнін атап өту іс-шарасына қатысты.Өз сөзінде ҚР СІМ басшысының орынбасары ITEC шеңберінде түрлі салалар бойынша (ақпараттық технологиялар, ағылшын тілі, киберқауіпсіздік, медицина және т.б.) қазақстандық мамандар үшін ұсынылып отырған курстардың маңыздылығы мен өзектілігін атап өтіп, бұл бағдарламаға келешекте ҚР мен Үндістан арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуде сәттіліктер тіледі.Үндістанның Қазақстандағы Елшісі П.Кумар хабарлағандай, 1964 жылы құрылған ITEC-тің түрлі курстары арқылы 1990 жылдардан 2019 жылға дейін 1020 ҚР азаматтары білім алған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/33422?lang=kk