Қуқық
Жұмысшы мамандықтар фестивалі: Министрлік металлургия, машина жасау мен құрылыс саласындағы тақырыптық үйлерді ұсынды 15.02.2025
Бүгін, а.ж. 11 ақпанында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінің ашылуы өтті. Іс-шара Президент жариялаған 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтары жылы аясында «EXPO» көрме орталығында өтіп жатыр.Бұл балалар мен жасөспірімдерге арналған білім фестивалі. Шара қонақтары мамандықтардың тақырыптық көшелерімен танысып, түрлі сессиялар мен шеберлік сабақтарына қатыса алады.ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі фестивальде 13 тақырыптық үйді ұсынды. Бұл Тау-кен металлургия көшесіндегі геологтар, тау-кен өнеркәсібі, байытушылар, қара металлургтер, шахта құрылысшылары, түсті металлургтер, асыл металдар үйлері. Машина жасаушылар көшесіндегі автомобиль өндіруші және токарьлар үйлері. Сондай-ақ, Құрылысшылар көшесіндегі тас қалаушылар, плиткашылар мен безендірушілер, шатыршылар мен ағаш ұсталар, ландшафты дизайнерлер, сантехниктер үйлері. Үйлердің аумағында интерактивті тақталар мен симуляторлар, практикалық алаңдар, ұқсатқыш тренажерлар, құрал-жабдықтар және жұмыс процесі көрсетіледі.Іс-шара барысында металлургия және мұнай-газ саласы бойынша инновациялық сессия, «Самұрық-Қазына» қорының тұсаукесер сессиясы өтті, колледждерден кәсіптік бағдар беру бейнероликтері мен кәсіпорындардан таныстыру бейнебаяндары көрсетілді.Сондай-ақ «Болашақ көлігі: 5-10 жылдан кейін қандай мамандар сұранысқа ие болады» тақырыбында конференция өтеді. Конференцияға «Қазақстанның Автокөлік Одағы» ЗТБ президенті Анар Мақашева модератор ретінде, спикерлер қатарында «Allur» қазақстандық автомобиль компаниясының R&D-жобаларының жетекшісі Айгүл Ахметова, ҚР Көлік министрлігі Автокөлік және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары, Бақытжан Качаков, ALT Univercity құрылтайшысы Гульзана Серикова, «Қазақстан жүк теміржол тасымалдаушылары қауымдастығы» ӨРҰ» ЗТБ бас директоры Рамия Сараева, «QazTehna» ЖШС корпоративтік университетінің жетекшісі Айдос Айтбаев қатысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/935663
Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында Астанада техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ең ауқымды іс-шара — «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі ашылды 15.02.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/935592
Жұмысшы мамандықтар қаласы —экономиканың 15 негізгі бағыты бойынша өндірістік көрмелер 15.02.2025
Астанада Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында алғашқы ауқымды «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтуде. Фестивальдің бірінші күнінде-ақ оған 200-ден астам жұмысшы мамандықтарының өкілі қатысып, 10 мыңға жуық адам тамашалады.Фестивальге келушілер техникалық білім беру саласындағы жаңа технологиялармен, оқу бағдарламаларымен танысып, отандық колледждер ұсынатын жаңа және сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат алды, сондай-ақ әлеуетті жұмыс берушілермен кездесті. Әсіресе жоғары сынып оқушылары ерекше қызығушылық танытып, көрмені белсенді түрде аралады, жұмысшы мамандықтары бойынша мансаптық перспективаларды талқылады.Фестиваль кәсіби білім беру жүйесі мен бизнес арасындағы ынтымақтастықтың көрінісіне айналды. Өндірістік көрмелер экономика үшін стратегиялық маңызы бар 15 бағытты қамтиды: машина жасау, ақпараттық технологиялар, құрылыс, агроөнеркәсіп кешені, энергетика, көлік және ел экономикасының болашағын айқындайтын басқа да салалар.Мұндағы әрбір көрме нарық талаптарына бейімделген жаңа технологиялар, жабдықтар және білім беру бағдарламалары бойынша жетекші кәсіпорындар мен кәсіптік білім беру ұйымдарымен ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/935932
Биыл Жетісуда ауыл шаруашылығы дақылдары 510,7 мың гектарға себіледі 15.02.2025
Биыл Жетісу облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабын 510,7 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу жөнінде облыстық жедел штаб құрылып, жұмыс жасауда. Көктемгі егіске дайындық барысында тұқым, дизель отыны мен техниканы дайындау жұмыстары жүріп жатыр, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, жоспар бойынша көктемде 247 мың гектар жер жыртылады, 127 мың гектар сүдігердің ылғалы жабылады, сонымен қатар 137 мың гектар өткен жылғы көпжылдық шөптер мен күздік дақылдар тырмаланады, жалпы 374 мың гектар жаздық дақылдар себіледі. Оған қажетті 52,1 мың тонна жаздық ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымы толық көлемде даярланған, оның 31,6 мың тн - дәнді дақылдар, 9,5 мың тн – майлы дақылдар, 0,6 мың тн - азықтық дақылдар, 10,4 мың тн - картоп.Бүгінгі күнге, 5 мыңға жуық тонна минералды тыңайтқыштар сатып алынды. Қоймаларда 1,3 мың тонна минералды тыңайтқыш бар. Осы жылы тыңайтқыштарды субсидиялауға 2,7 млрд. теңге бөлінген. «Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 510,7 мың гектарға жеткізіледі деген жоспар бар. Соның 295,3 мың га дәнді және дәнді бұршақты дақылдар, 89,7 мың га майлы дақылдар, 6,8 мың га картоп, 8,9 мың га көкөніс-бақша дақылдары, 97,3 мың га мал азығы дақылдары себіледі. Ал қант қызылшасын қант зауыттарының өндірістік қуатын ескере келе, 2025 жылға жалпы 12,2 мың гектарға егеміз, яғни өткен жылдан 1,5 мың гектарға кем себіледі. Жалпы осы алқаптан 550,0 мың тонна қант қызылшасын аламыз деп межелеп отырмыз. Жоспарланған қант қызылшасын себуге 17,1 мың себу бірілігі көлемінде тұқымы Көксу қант зауыты және «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы қамтамасыз етілетін болады», - делінген басқарманың хабарламасында.Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы техникаларына жөндеу жұмыстары жүргізілуде, бүгінге дейін көктемгі дала жұмыстарына қатысатын 20,6 мың бірлік техниканың, яғни трактор, соқа, сепкіш, қопсытқыш, пен жер тырмаларының 75% жөндеуден өтті. Жөндеу жұмыстары 15 наурызға дейін толығымен аяқталады деп жоспарланады деп жоспарланып отыр. Осы орайда көктемгі дала жұмыстарына 5,5 мың тонна дизель отыны бөлінген. Операторды анықтау жұмыстары жүргізілуде.Көктемгі егіске дайындық аясында «Аграрлық несие корпорациясы» 104 шаруашылықтан 3,0 млрд.теңгеге өтінімдер қабылдап, бүгінгі күнге 35 шаруашылыққа 942 млн.теңге несие берілді.Атап өтсек, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялау бойынша мемлекеттік қызмет түрлері 100 пайыз электронды форматта субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Мәселен, өткен жылы өңірде 11 мемлекеттік қызмет түрі бойынша аталған порталы арқылы 15 183 өтінімдер түсіп, мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Сол сияқты былтырдан бастап «Ауыл аманаты» бағдарламасы Amanatnesie.kz порталы арқылы жүзеге асырылуда. 2024 жылы осы порталға 2,6 млрд. теңгеден астам сомаға 342 өтінім енгізілген.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Фотосуреттер Жетісу облысы әкімі баспасөз қызметінің архивінен алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/935756
«Жарайсың, балам!»: Қорғаныс министрі сарбазды Азиададағы жеңісімен құттықтады 15.02.2025
Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Армия орталық спорт клубының мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгері Владислав Киреевті Харбинде өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарындағы жеңісімен құттықтады.Қорғаныс ведомствосының басшысы телефон арқылы Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубы спортшыларының жетістіктеріне мақтанатынын айтты.– Сенің жетістігің – тәртіптің, табандылық пен тынымсыз еңбектің спорттық аренада да, Отанға қызмет етуде де жеңіске жетудің кепілі екендігінің айқын дәлелі. Азиада алтынын алу – керемет нәтиже, дегенмен әр спортшының арманы – Олимпиада алтыны. Алда ол асуға да жетуіңе тілектеспін, – деді Қорғаныс министрі.Министр осындай лайықты ұл, спортшы және Отан қорғаушы тәрбиелегені үшін Владислав Киреевтің ата-анасына да алғысын білдірді. Қорғаныс ведомствосының басшысы одан бөлек шаңғы жарысында қола медаль иеленген шаңғышы Олжас Климинді және биатлоннан үздік ондыққа іліккен әскерилерді, рейтингтің алтыншы және жетінші қатарында тұрған Қарулы күштердің қызметшілері – Әсет Дүйсенов пен Александр Мухинді де құттықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/935877
Үкіметте көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы: тиімділігі жоғары дақылдар алқабын ұлғайту және қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылау мәселесі қаралды 15.02.2025
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселелері қаралды. Ағымдағы жағдай туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, ҚР энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, сондай-ақ бірқатар өңірлердің әкімдері баяндады.2025 жылы 23,8 млн гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарлануда, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 518 мың гектарға артық. Дәнді және бұршақты дақылдардың егістік алқаптары шамамен 16,6 млн гектарды құрайды (2024 жылы – 16,7 млн га). Майлы дақылдардың ауданы 365 мың гектарға артып, 3,3 млн гектарға жетеді, оның ішінде күнбағыс дақылдары 50,6 мың гектарға өсіп, 1,3 млн гектарға дейін жетеді. Сондай-ақ картоп алқабын 14,9 мың гектарға ұлғайтып, аумақты 136,8 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда, ал қарақұмық дақылдары 41,5 мың гектарға артып, 147 мың гектарды құрайды. 2025 жылы қант қызылшасының ауданы 18,4 мың гектарды құрайды. Жемшөп дақылдарының ауданы 184 мың гектарға ұлғайып, 3,4 млн гектарға жетеді. Мақта дақылдары 135,2 мың гектарды, ал күріш – 90,2 мың гектарды құрайды.Биыл көктемгі-дала жұмыстарын ЖЖМ қамтамасыз ету үшін (МӨЗ-де өндіріс көлемін ескере отырып) 401 мың тонна дизель отыны бөлінді. Дизель отынын тиеп жөнелту бойынша МӨЗ-ге облыстарды бекіту кестесі бекітілді, сондай-ақ межелі стансаға дейін литріне 232 теңге мөлшерінде баға белгіленді.Операторлардың шығындарын ескере отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынының түпкілікті құны литріне 254 теңгені құрайды, бұл жанармай құю стансаларында литріне 295-300 теңгені құрайтын нарықтық бағадан 13-15%-ға төмен.Сонымен қатар Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров олардың өңірінде дала жұмыстарына кіріскенін хабарлады. Сондай-ақ Ақмола облысында, өңір әкімі Марат Ахметжановтың айтуынша, биыл картоп алаңын 352 гектарға ұлғайту жоспарлануда, ал жалпы картоп отырғызу 8,9 мың гектарды құрайды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 1,1 мың гектарға артық.Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы аграрлық секторды экономикалық өсудің флагмандарының бірі ретінде дамытуға ерекше назар аударатынын еске салды. Премьер-министр өз баяндамасында экспортқа шығатын және нарықта сұраныс жоғары, көбірек табыс әкелетін дақылдардық алқаптарын кеңейтуге басымдық беру қажет екеніне баса назар аударды. Биыл егіншілік саласын қаржыландыру көлемі 700 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Лизингке жұмсалатын қаражат 200 млрд теңгеге жеткізілді. Сондай-ақ жеңілдікпен 400 мың тоннадан астам дизель отыны бөлінді.Олжас Бектенов бұл шаралардың барлығы егіс науқанын ойдағыдай өткізуге бағытталғанын баса айтты.«Мемлекет егіс науқанын ойдағыдай өткізу үшін қажетті шаралардың барлығын қабылдады. Жұмыстарды нәтижелі әрі ұйымдасқан түрде жүзеге асыруымыз қажет. Ауыл шаруашылығы министрлігі жеңілдетілген несиені тиімділігі әрі жауапкершілігі жоғары диқандарды қолдауға бағыттауы керек», — деп атап көрсетті Премьер-министр. Бұл ретте ол бөлінген қаражаттың дұрыс жұмсалуы әкімдіктердің тұрақты бақылауында болуға тиіс екенін ескертті. Сонымен қатар оның айтуынша, егіншілерді сапалы және тексеруден өткен тұқым қорымен қамтамасыз ету маңызды. Ол үшін бірінші кезекте, отандық өндірушілерді ынталандыру қажет. Сондай-ақ көктемгі дала жұмыстарында агротехнологияларды қатаң сақтап, тыңайтқыштарды және өсімдіктерді қорғау құралдарын уақтылы қолдану керек. Қазақстанда тыңайтқыштар енгізу жоспары ғылыми негізделген норманың тек 59%-ын, ал ауыл шаруашылығы техникасының техникалық дайындығы – 75%-ды құрайды. Олжас Бектенов жаппай егін егу жұмыстары басталғанға дейін бұл көрсеткішті 100%-ға дейін жеткізіу қажет екенін атап өтті.Премьер-министр отырыс барысында министрліктер мен әкімдіктерге бірқатар тапсырмалар берді:Ауыл шаруашылығы министрлігі «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, егіншілерді тиімді мемлекеттік қолдау мақсатында несие мен субсидия беру рәсімдерін оңтайландыру және жеңілдету шараларын қабылдасын.Энергетика, ауыл шаруашылығы министрліктері мен өңір әкімдері арзандатылған отынның тиісті көлемін жеткізуді бақылауда ұстасын. Әкімдіктер бір апта мерзімде өңірлік операторлар бойынша толық деректерді берсін. Шаруаларға тиесілі отынның сатылып кетуіне жол беретін компаниялар мен жеке тұлғаларға қатысты қатаң шаралар қабылдауды тапсырамын.Су ресурстары министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен және әкімдіктермен бірге фермерлерді суармалы сумен үздіксіз қамтамасыз ету шараларын қабылдасын. Әкімдіктер қар тоқтату және су қорын жинау жұмыстарын жүргізуі қажет.Сондай-ақ Премьер-министр көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы жүргізуді ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/935738
АӨК саласындағы статистикалық деректер нақтылығы, тұрақтандыру қорларындағы астық пен өнім қорларын есепке алу, ветеринариялық қауіпсіздік. Олжас Бектенов аталған мәселелерді толық цифрландыру арқылы толық шешуді тапсырды 15.02.2025
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру мәселесі қаралды. Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун баяндама жасады.Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы министрлігінің балансында 4 ақпараттық жүйе бар. Бұл ауылшаруашылық жануарларын сәйкестендіру (АЖС); «E-Agriculture» АӨК салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі (ББАЖ); Субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі (СМАЖ); «Ауыл аманаты» халыққа несие берудің ақпараттық жүйесі. Өсімдік шаруашылығын қадағалаудың ақпараттық жүйесі әзірленіп жатыр. АӨК саласында мемлекеттік қызметтің 93 түрі көрсетіледі, оның 98%-ы – электронды режимде. 2024 жылы 2,6 млн-нан астам электрондық қызметтер пайдаланылды. Бизнес-процестердің 11 тобы, оның 7-уі – жер ресурстары бойынша, қалғаны өсімдік шаруашылығы бойынша реинжиниринг жүргізілді.Нәтижесінде есеп беру үшін талап етілетін құжаттар саны 83%-ға қысқарды. Фермерлер үшін қадамдар саны 85%-ға, қызмет көрсету уақыты 97%-ға қысқарды.Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында АӨК-ті цифрландыру міндетін қойғанын атап өтті. Осыған байланысты Үкімет ауыл шаруашылығының барлық салаларына «ақылды» технология элементтерін енгізуге ерекше басымдық беріп отыр. Нақты мақсат-міндеттер мен негізгі бағыттар айқындалды.Цифрлық құралдарды қолдану арқылы қажетті қаражат мөлшері, есеп беру, егіс алқабы, мал басы туралы деректердің нақтылығын қамтамасыз еткен жөн. Премьер-министр цифрландыру мемлекеттік қолдау шараларының ашықтығы мен тиімділігін арттыруға ықпал етуі тиіс екеніне тоқталды.«Ауыл шаруашылығы жерлерін есепке алуда ІТ-құралдарды енгізу маңызды. Цифрландыру алқаптар мен жайылымдық жерлерді ұтымды пайдалануға, егін егу жұмыстарын тиімді жоспарлауға ықпал етуі қажет. Осыған орай, барлық ауыл шаруашылығы алқаптарына ғарыштық мониторингті кеңінен қолданып, дрондарды пайдалану керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Тағы бір маңызды мәселе мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін сәйкестендіру жүйесі болып саналады. Өнімді шыққан жерінен соңғы тұтынушыға дейін жеткізудің ашық тізбегін құру қажет. Бұл жүйе өндірілген өнімді есепке алуға, оның сапасына кепілдік беруге, биологиялық және ветеринарлық қауіпсіздікті бақылауға бағытталуға тиіс.Премьер-министр климаттық тәуекелдерді, өнімділік көлемін және азық-түліктің нарықтық бағасын болжау үшін цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектті кеңінен қолдану қажеттігіне тоқталды. Сонымен қатар жасанды интеллектіні қолдану арқылы егінді суару, өсімдіктерді қорғау құралдары мен тыңайтқыштарды қолдану, жемшөпті тұтыну, сондай-ақ ауылшаруашылығы техникалары паркін басқару процестерін оңтайландыру көзделеді.«Бүгінде мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, тұрақтандыру қорлары мен қоймалардағы астық пен өнім қорларын есепке алу, топырақтың ылғалдылығын анықтау және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша статистикалық деректердің нақтылығы өзекті проблема күйінде қалып отыр. Осы мәселелердің бәрін есепке алу жүйесін толық цифрландыру арқылы шешу керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Осыған байланысты Премьер-министр ауыл шаруашылығы және цифрлық даму министрліктеріне бірқатар тапсырмалар берді.Өңір әкімдіктерімен бірлесіп, 2025 жылдың соңына дейін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің цифрлық картасын әзірлеу;Әкімдіктермен 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін өсімдік шаруашылығындағы қадағалау жүйесін әзірлеуді аяқтау;Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жоспарланып отыр. Санақ қортындысының нәтижелерін толық цифрландыру, оған талдау жүргізу және алынған деректер базасын үнемі жаңартып отыру қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/935740
Астанада өткен «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінде өрт сөндірушілер мен құтқарушылар бұрышы көрсетілді 15.02.2025
2025 жылғы 11-15 ақпан аралығында Астанада Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі ел Президенті жариялаған жұмысшы мамандықтарының жылы аясында ұйымдастырған «Жұмысшы мамандықтар қаласы» республикалық фестивалі өтуде.Өткізу орны – «EXPO» халықаралық көрме орталығы, онда кәсіп түрлері бойынша тақырыптық көшелер ұсынылған.Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігі фестиваль аясында құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің мамандықтарына арналған бұрыш ұсынды. Құтқарушы мамандығының беделін арттыру және жастар арасында кәсіпке деген қызығушылығын туғызу мақсатында «Құтқарушылар көшесі» және «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар аймағы» ашылды. Бұл кеңістіктер қауіпсіздік және азаматтық қорғау саласындағы маңызды мамандықтармен танысу үшін жаңа мүмкіндіктер жасайды. Ашылу салтанатына ТЖ вице-министрі Кеген Тұрсынбаев қатысып: «Біздің мақсатымыз – жастарға құтқарушы мамандығының қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін көрсету. Біз заманауи жабдықтар мен техниканы ғана емес, сондай-ақ өскелең ұрпаққа патриотизм сезімін және күн сайын басқалардың қауіпсіздігі үшін өз өмірін қатерге тігетін қызметкерлерге деген құрмет сезімін тәрбиелей алатынымызды мақтан тұтамыз. Баршаңызды фестивальге қатысып, адамдарды құтқаруға және қорғауға көмектесетін жұмысымыз туралы көбірек білуге шақырамыз»,- деп атап өтті. «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар бұрышында» келушілер құтқарушылардың арнайы киімдерінің заманауи үлгілерін, өрт-техникалық қару-жарақтарды, тез салынатын өрт сөндіру бөлімінің макетін, жедел әрекет ету өрт сөндіру техникасын және Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері пайдаланатын медициналық жабдықтарды қамтитын экспозицияны көре алады. «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі жастар үшін жұмысшы мамандықтарының кең ауқымы туралы білуге, табысты және сұранысқа ие мансапқа жетелейтін жолды таңдауға тамаша мүмкіндік болып табылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/935698
Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Қостанай облысының су басу қаупі бар аймақтарымен танысты 15.02.2025
ТЖМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков жұмыс сапары аясында Амангелді, Жангелді және Науырзым аудандарында болып, су тасқыны кезеңіне дайындық пен су тасқынының алдын алу шараларын тексерді. Амангелді ауданында 12 елді мекенді су басу қаупі бар. Мұнда Қабырға өзені арқылы өтетін көпір жөнделді, Бижан бөгені қалпына келтірілді, Амантоғай ауылында гидротехникалық құрылыс салынып, бөгеттер нығайып, жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілді. Амангелді ауылында ұзындығы 2 360 м бөгет жағалауы салынды. Жангелді ауданында су тасқынынан қираған бөгеттерді қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда, оның ішінде Қостақта учаскесінде (1,5 км), Тентексай (1000 м) және Көлқамыс (2700 м) ауылдарында жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілуде. Албарбөгет бөгетінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жыл басынан бері облыс аумағынан 400 текше метр қар шығарылды. Науырзым ауданында 15 үйді су басу қаупі бар. Серік Жүнісбеков Дәмді ауылындағы Дамидинка өзені арқылы өтетін көпірдің жөндеу жұмыстарымен танысты. Мұз кептелісі мен еріген судың ағып кетуін болдырмау үшін жарылыс жұмыстары жоспарлануда. Комитет төрағасы Торғай және Амангелді ауылдарындағы өрт сөндіру бекеттерін де аралап, жеке құрамның дайындығын тексерді. Сапар қорытындысы бойынша бөгеттер мен жағалауларды қосымша нығайту, қарды дер кезінде шығару және алдын алу шаралары бойынша ұсыныстар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/935772
Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды 15.02.2025
Астананың коммуналдық қызметі тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қалада қар күреу жұмысы үздіксіз жүргізілуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.11 ақпанда күндізгі ауысымда қар тазалау жұмысына 2 649 жол жұмысшысы және 1 350-ден астам арнайы техника шықты.11 ақпанға қараған түні елордадан 1 957 рейспен қар полигондарына 25 мың текше метрден астам қар шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бастап қаладан 451 095 ауыр жүк рейсімен 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/935376
«Бір тапсырыстан кемі 300 мың теңге табамын»: елорда тұрғыны JOLTAP арқылы табысты жұмысқа орналасты 15.02.2025
Елордада жүзеге асырылып келе жатқан JOLTAP бағдарламасы табыс көзін іздеген қала тұрғындары үшін қолжетімді қолдау болып отыр. Қаржылық қиындыққа тап келіп, одан шығудың жолын іздеген немесе кәсіп үйреніп, нәпақасын табуға ұмтылған елордалықтарға осы бағдарлама негізінде қаланың жер-жерінде ашылған «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктерінің есігі әркез ашық, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Joltap бағдарламасы туралы естіп, «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктерінің біріне бас сұққан елордалықтардың бірі – Қанат Тасболатов. Ол бағдарлама ұсынған қысқа мерзімді тегін курстардың ішінен «Корпустық жиһаз жасаудың негіздерін» таңдаған.«Мен Joltap бағдарламасы арқылы «Корпустық жиһаз жасаудың негіздері» курсын екі аптада тәмамдадым. Көптеген ұсыныс болды, солардың ішінен өз таңдауымды жасап, жиһаз цехына жұмысқа орналастым. Бастапқыда бір жобаның құнының 15 пайызын еңбекақы ретінде алатын болып келістік. Мұндағы бір жобаның өзі 1-2 млн тұратынын ескерсек, бізге оның кемінде 200-300 мың теңге жобасындағы сома тиесілі болады. Ал тапсырыс аз емес. Бұл дегеніміз – біздің табысымыз да мол болады деген сөз. Өйткені, курс жетекшіміз айтқандай, жаңа үйге көшу үшін кем дегенде бір асүй жиһазы, бір шкаф қажет. Ал елордамызда баспана алып, жиһаз жасатамыз деушілердің қарасы мол», - дейді жоба қатысушысы Қанат Дулатұлы.Осылайша жоба қатысушысы курсты сәтті аяқтап, сапалы жиһаз жасап, тұтынушыларын қуантып, отбасының табысын еселеуде.Ол өзі тәрізді тегін кәсіп игеріп, табыс табуға ниетті барлық елордалықты жобаның игілігін көруге шақырды.Яғни «Баршаға мүмкіндік» модульдік пункттері арқылы қысқа мерзімді оқуға жазылуға, jumystap.kz сайтына тіркелуге және жоба серіктестерінен жұмыс табуға мүмкіндік қарастырылған. Сондай-ақ, 52 мемлекеттік қолдау шарасы бойынша кеңес алуға болады, оның ішінде жастарға арналған несие, тұрғын үй кезегі, АСП алу және т.б. кеңестер беріледі. Сонымен бірге ЭЦҚ алу, кезекте қызметтері сияқты цифрлық көмек көрсетіледі.Бүгінде жұмысшы және цифрлық дағдылар бойынша қысқа мерзімді оқытудың 18-ден астам авторлық оқу бағдарламасы арқылы 10 мыңнан астам түлек тегін курстарды тәмамдады.Жұмыс іздеу және қызметкерлер табу үшін арналған JUMYSTAP платформасында – қаланың 2 мың жұмыс берушісінен 3 мыңнан астам вакансия ұсынылған. Аталған платформаның 14 мыңнан астам бірегей қолданушысы бар.Ал қосымша сұрақтар бойынша +7 (707) 221-31-31 нөмірлі Call-орталықтарға хабарласуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/935464
Елордалық кітапханада тазалық пен экология тақырыбында викторина өтті 15.02.2025
Елорданың №1 бұқаралық кітапханасында «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» акциясы аясында мектеп оқушыларына арнап «Таза Қазақстан – экологиялық жасалған» викторинасы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Іс-шара барысында кітапханашылар экология, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму бойынша әдебиеттердің тақырыптарын таңдауды ұсынды. Мектеп оқушылары қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелерін, оларды шешу жолдарын, қазіргі әлемдегі экологиялық мәдениеттің маңыздылығын ашатын басылымдармен танысты. Кітапқа көз жүгірткеннен кейін оқушылар Қазақстанның экологиялық бастамалары туралы білімдерін тексеру үшін викторинаға қатысты.Жұмыстың интерактивті форматы іс-шараны тек танымдық қана емес, сонымен қатар қызықты өткізуге мүмкіндік берді.Викторина мектеп оқушылары арасында экологиялық білімді насихаттауға, олардың табиғатқа саналы көзқарасын дамытуға және экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға септігін тигізді. №1 бұқаралық кітапхана экологиялық сауаттылықты арттыру жұмыстарын жалғастыруда және алдағы іс-шараларға қатысуға шақырады.Еске салайық, 2025 жылдың басынан бері Астананың көптеген кітапханасында заманауи «Таза Қазақстан» бұрыштары пайда болды. Бұл бұрыштарда экологиялық ағарту, қоршаған ортаны қорғау және мәдени орындарды сақтау туралы кітаптар, журналдар мен ақпараттық материалдар бар. Бұл ретте кітапханаларда экология бойынша лекциялар мен шеберлік сабақтары өткізіліп, бірлескен сенбілік, іргелес аумақтарды көгалдандыру, қоқыс шығару жұмыстары ұйымдастырылуда. Барлық іс-шара қала тұрғындарының экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/935480
Есірткі қылмысына қарсы күрес: елорданың құқық қорғау органдары бойжеткендерге ескерту жасады 15.02.2025
Соңғы жыл ішінде 8 000-нан астам есірткі қылмысы анықталды, олардың арасында қылмыскерлердің бейтаныс адамдарға, әсіресе қыздарға, сусындарына есірткі заттарын қосу жағдайлары жиі кездеседі. Елорданың Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы осылай деп ескерту жасады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Мамандар өзіңіз бен жақындарыңызды қорғау үшін арнайы есірткі заттарын анықтайтын тест-жолақтарын бірге алып жүруді ерекше қозғап өтті.Айта кетейік, мұндай жолақтар дәріханаларда қолжетімді, кішкентай, көп орын алмайды және ең бастысы – бір минут ішінде қауіпті заттардың бар-жоғын анықтауға көмектеседі.Бұл – қылмыстың алдын алудың және өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етудің қарапайым, бірақ тиімді тәсілі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/935626
Жылу жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары: елордада жер үйлерге тексеру жүргізілді 14.02.2025
Елорданың Есіл ауданында жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр. Мемлекеттік органдардың өкілдері тұрғындарға қауіпсіздік шараларын еске түсіріп, жылыту құралдарын тексеру үшін жер үйлерді кезекті рет аралап шықты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Есіл ауданының әкімдігі Төтенше жағдайлар департаменті және полиция қызметкерлерімен бірлесіп, жеке секторға тағы да рейд жүргізді.Мемлекеттік органдардың өкілдері Пригородный тұрғын алабындағы 50-ге жуық үйді аралап, пеш жабдықтары мен электр сымдарын тексерді, сонымен қатар өрттің алдын алу бойынша түсіндірме жүргізді.Есіл ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері Санжар Жақсыгелді жер үйлерде өрттің алдын алу жұмысы тұрақты жүргізіліп жатқанын атап өтті.Тексеру нәтижесінде тұрғын үйлердің жылу жүйесіндегі, электр желілері мен жабдықтарындағы ақаулар анықталып жатыр.«Мұндай ақаулар өртке себеп болып, адам өміріне қауіп төндіреді. Әкімдіктің қолдауымен жылу беру маусымында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Күн сайын 50-ге жуық үйді аралаймыз», — деді Санжар Жақсыгелді.Мамандар үйлердегі жылу жүйелерінің жағдайын тексереді.«Негізгі назар жылыту пештері мен электр жабдықтарына аударылады, өйткені олар өртке жиі себеп болып жатады. Қыс мезгілі басталған сәттен және аязды күндері жылу пештерінің ақауы қайғылы жағдайға апаруы мүмкін. Акция барысында өрт қауіпсіздігі шаралары туралы жадынамалар түріндегі буклеттер таратылады», - деп қосты Санжар Жақсыгелді.Құтқарушылар сақтық шараларын да еске салды. Осылайша, пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету, электр желілерін шамадан тыс күш түсірмеу, электр сымдарының жұмысқа жарамдылығын қадағалау, стандартты емес үйде жасалған электр жылыту құралдарын қолданбау, жанғыш материалдар мен төсеніштерді жанып тұрған пештің үстіне кептірмеу, сондай-ақ балаларды үйде ересектердің қарауынсыз қалдырмау қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/935628
Елорданың Алматы ауданына мурал мен граффити салғысы келетін суретшілер шақырылады 14.02.2025
Елордада Алматы ауданының әкімдігі қызықты мурал мен граффити салғысы келетін суретшілер мен өнер сүйер қауымның ұсыныстарын қабылдап жатқанын мәлімдеді. Бұл бастама вандализмнің алдын алуға бағытталған, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Қала тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық кеңістікке құрмет көрсетуге және Заң аясында әрекет етуге шақырамыз. Заңсыз граффити қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады.Талантты азаматтардың креативті идеясы мен ұсыныстары ескерілетін болады.Қатысу үшін сізге қажет:1. Жобаңыздың эскизін дайындау қажет;2. Өзіңіздің идеяңыз бен тұжырымдамаңызды, атап айтқанда, өнеріңіз арқылы қандай хабарларды жеткізгіңіз келетінін сипаттаңыз.Эскизіңіз бекітілгеннен кейін авторға жобасын орындауға рұқсат беріледі және қабырға суреті немесе граффити орналасатын жер анықталады.Өтінімдерді қабылдау тұрақты негізде жүзеге асырылады және оларды іріктеу үшін арнайы комиссия құрылады.Өтінімдерді қабылдау жөнінде сұрақтар бойынша Алматы ауданы әкімдігіне (Тәуелсіздік даңғылы, 7) немесе Instagram @almaty_audany парақшасы арқылы хабарласуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/935658
«Бұл – біздің жұмысымыз»: полиция капитаны адам өмірін қалай құтқарып қалған туралы айтты 14.02.2025
Елордалық полицей адам өмірін құтқарғаны үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Астана қалалық ПД Патрульдік полиция полкінің аға инспекторы Дулат Идрисов адам өмірін құтқарып қалғаны үшін Президенттің «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.Полицей оқиғаның қалай болғаны жөнінде ой бөлісті. Оның айтуынша, құтқару қызметін күтетін уақыт болмағандықтан, жылдам әрекет етуге тура келген көрінеді.«Бізге бір адамның жүрегі ауырып, есікті өз бетімен аша алмай қалғаны туралы қоңырау түсті. Жақын жерде болғандықтан дереу көмекке ұмтылдық. Оқиға орнына жетіп, есікті өз бетімізбен ашпақ болған ойымыз жүзеге асқан жоқ. Ал құтқару қызметі мен жедел жәрдем шақырмақ болғанымызбен, уақытымыз тығыз болды. Сондықтан терезе арқылы екінші қабаттағы терезе арқылы кіруге тура келді.Біздің қызметімізде түрлі жағдайлар болып жатады. Сол себепті, біз, полиция қызметкерлері, тәртіпті күзетіп, халық игілігі үшін қызмет етуге қашанда дайынбыз. Біз бұл ісімізді ерлік деп санамаймыз. Бұл – біздің жұмысымыз», - дейді полиция капитаны.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/935697
ШҚО-да жұмысшы мамандықтар жәрмеңкесі өтті 14.02.2025
Жұмысшы мамандықтар жылына орай және бірыңғай республикалық акция аясында Өскеменде кең ауқымды бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.- Президент Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Бүгін республика бойынша бос орындар жәрмеңкесін өткізілуде. Мұндай шаралар облысымыздың барлық аудандарында ұйымдастырылды. Өскемендегі мансап орталығында да азаматтарға бос жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді жинадық, - деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Мусинова.Ресми деректерге сүйенсек, өңірдің жұмыспен қамту орталықтарында 17 мыңнан астам адам тіркелген, ал "Электрондық еңбек биржасы" цифрлық платформасында 3,5 мыңнан астам өзекті бос жұмыс орындары бар.Жәрмеңкеге барлығы 180-ден астам жұмыс іздеуші қатысты. Жұмыс тапқан облыс тұрғындары туралы ақпарат пен жәрмеңке қорытындысы күннің соңында белгілі болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/935707
Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Қазақстанның азаматтық авиация саласын 2050 жылға дейін дамытудың стратегиялық бас жоспарын әзірлейді 14.02.2025
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) 2025 жылғы 10-12 ақпанда Абу-Даби қаласында (БАӘ) өтіп жатқан ИКАО-ның 2025 ж. енгізуді жаһандық қолдау жөніндегі Жаһандық Симпозиум шеңберінде (GISS-2025, Global Implementation Support Symposium) Қазақстанның азаматтық авиация саласын дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиялық Мастер-жоспарын әзірлеу жөніндегі тиісті құжатқа қол қойды.Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын дамытудың бас жоспары Қазақстанның азаматтық авиация саласын одан әрі жоспарлаудың кешенді стратегиясы мен алгоритмін әзірлеуге мүмкіндік береді, онда әуежайларды, аэронавигацияны, әуекомпанияларды дамыту, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік деңгейін арттыру, әуе көлігінің қолжетімділігі мен ырықтандыруы және т.б. қарастырылған.Айта кету керек, ИКАО ең білікті сарапшыларға ие және ИКАО-ға мүше мемлекеттердің даму стратегияларын әзірлеуде мойындалған көшбасшы болып табылады.Қазақстан Орталық Азия мен ТМД кеңістігінде транзиттік-көліктік әлеуетті дамыту және Қазақстанды ірі байланыстырушы өңірлік авиациялық хабқа айналдыру жөніндегі ұлттық міндеттерге сәйкес Қазақстанның авиациялық секторын тұрақты дамыту, жаңғырту және тиімді пайдалану көзқарасын және ИКАО-мен стратегиялық ынтымақтастық орнатқан бірінші мемлекет болғанын ерекше атап өткен жөн.Қазақстандық тараптың атынан келісімге ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, ал ИКАО атынан Ұйымның Бас хатшысы Хуан Карлос Салазар қол қойды.Қол қою рәсіміне сондай-ақ ИКАО Кеңесінің Президенті Сальваторе Шаккитано мырза және Қазақстан Республикасының ИКАО жанындағы Тұрақты өкілі Тимур Тілегенов мырза қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/935256
Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Қазақмыс» корпорациясы меморандумға қол қойды 14.02.2025
Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Қазақмыс» корпорациясы меморандумға қол қойдыБүгін, 11 ақпан күні, «Заманауи сілтілеу әдістері және оларды Қазақстанның тау-кен металлургия кешенінде қолдану перспективалары» атты ғылыми-технологиялық сессиясы аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Қазақмыс» корпорациясы стратегиялық әріптестік туралы меморандумға қол қойды.Құжатқа Ғылым комитетінің төрағасы Ғалымжан Жанқуатов пен «Қазақмыс» корпорациясының тұрақты даму жөніндегі директоры Сәкен Шаяхметов қол қойды.Ынтымақтастықтың мақсаты – ғылыми-индустриялық кооперацияны күшейту, заманауи технологиялық шешімдер әзірлеу және отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.Әріптестік аясында бірлескен қолданбалы зерттеулер жүргізу, ғылыми-технологиялық сессиялар өткізу, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттарымен және жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимыл жасау жоспарланған.Бұл қадам Қазақстандағы қолданбалы ғылымды қолдауға және өзекті технологиялық мәселелер бойынша ғылыми шешімдер іздеуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/935747
Азиададағы тағы бір күміс жүлдені ақмолалық биатлоншы жеңіп алды 14.02.2025
Ақмолалық спортшы Вадим Куралес IX қысқы Азия ойындарында биатлоннан спринтерлік жарыста тағы бір күміс жүлдені жеңіп алды.Ақмола облысының әкімі спортшыны жеңісімен құттықтады.«Вадим Вадимовичті, жаттықтырушылар штабын және барлық биатлон жанкүйерлерін құттықтаймыз. Сіздің табандылығыңыз, кәсіпқойлығыңыз және жеңіске деген ұмтылысыңыз жанкүйерлер мен биатлонға қызығушылық танытатын жандарды шабыттандырады. Сізге жаңа жеңістер, тұрақты нәтижелер және халықаралық жарыстарда жарқын табыстар тілейміз», – делінген құттықтауда.Айта кетейік, IX қысқы Азия ойындарында ақмолалық спортшылар жалпы 11 медаль жеңіп алды.8 ақпанда Никиша Денис пен Жақсыбаев Мерсаид, Хан Яна мен Тихонова Ольга 2000 метрге аралас эстафетада шорт-тректен күміс жүлдеге ие болды. Классикалық стильдегі шаңғы жарысында Константин Борцов екінші орын алды.9 ақпанда жерлестеріміз Хан Яна мен Тихонова Ольга 3000 метрлік әйелдер эстафетасында екінші орынға ие болса, Никиша Денис пен Жақсыбаев Мерсаид 5000 метрлік эстафетада еліміз үшін тарихи алтын жүлдені жеңіп алды. Бұл – Қазақстан құрамасының осы ойындардағы алғашқы алтыны.10 ақпанда Олжас Климин 10 км қашықтыққа шаңғы жарысында қола медаль жеңіп алды.Осылайша, Ақмола облысының спортшылары ел құрамасының медаль қоржынына 1 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль салды.Жалпы, Қазақстан құрамасы сапында Ақмола облысынан 14 спортшы қатысуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/935565