Enbekshi QazaQ

Қуқық

ҚР Үкіметінде білім беру мекемелерінде тамақтандыруды ұйымдастыру жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды 15.04.2025
Үкіметте ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаевтың төрағалығымен білім беру мекемелерінде балалардың сапалы және қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған кеңес өтті.Кеңес барысында қаржыландыру, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау, тамақ өнімдерінің сапасын бақылау, сондай-ақ оны тасымалдау шарттары мәселелерімен қатар мектеп және мектепке дейінгі тамақтандыру жүйесінің жұмыс істеуінің негізгі аспектілері қаралды.Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептер мен балабақшалардағы тамақтандыру жүйесінің қазіргі жағдайы туралы ақпаратпен бөлісті. Ведомство басшысының сөзінше, бүгінде 1,8 миллион оқушы тегін тамақпен қамтылған. Ол үшін 2024 жылы республикалық бюджеттен 205 миллиард теңге бөлінді. 2025 жылдан бастап білім беру ұйымдарында тамақтанудың жаңа стандарттары мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) ұсыныстарын ескере отырып әзірленген типтік ас мәзірі енгізіледі.Мониторинг нәтижесінде 677 білім беру ұйымында санитарлық-гигиеналық талаптардың бұзылуы дерегі анықталды. Мұндай фактілер балалардың денсаулығына тікелей қауіп төндіретіні алаңдаушылық тудырады. Сондықтан жедел әрекет етуді қажет етеді.Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев мектеп оқушыларын сапалы және қауіпсіз тамақтандырумен қамтамасыз ету – мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басым міндеттерінің бірі екенін, сондай-ақ санитарлық нормаларды бұзуға жол берілмейтінін жеткізіп, өнімнің сапасын қатаң бақылап қана қоймай, оларды сақтау және дайындау шарттарына мұқият қарау қажеттігін де атап өтті.«Гигиеналық талаптарды сақтамаумен байланысты кез келген тәуекелдерді жою маңызды. Біз мониторингтің заманауи сандық технологияларын енгізуге, сатып алу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етуге және сапасыз қызмет көрсеткен жеткізушілер үшін қарастырылған жауапкершілікті күшейтуге міндеттіміз», — деді Ермек Көшербаев.Мектеп және мектепке дейінгі тамақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында бейінді мемлекеттік органдарға мынадай тапсырмалар берілді:цифрлық шешімдер мен мониторинг жүйесін мемлекеттік деректер базасымен интеграциялауды енгізу механизмін әзірлеу;білім беру ұйымдарында азық-түлікті сақтау және тасымалдауды бақылауды күшейту;қосымша әкімшілік және ведомстволық шараларды әзірлеу, оның ішінде жоспардан тыс тексерулер жүргізу және жеткізушілердің шарттық және санитарлық міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілігін арттыру.Денсаулық сақтау министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері балалардың тамақтану саласын реттейтін нормативтік-құқықтық базаны жаңарту, сондай-ақ бұзушылықтарды бақылау мен алдын алудың жүйелі тетіктерін енгізу бойынша ұсыныстарын жеткізді.Кеңес нәтижесінде Премьер-министрдің орынбасары анықталған бұзушылықтарға дер кезінде ден қою үшін ведомствоаралық, оның ішінде құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды күшейту бойынша қосымша кешенді шаралар әзірлеуді тапсырды. Тамақтандыру қызметтерін ұйымдастыруға тартылған персоналдың біліктілігін арттыру, барлық деңгейдегі үрдістерге тұрақты мониторинг жүргізу қажеттілігіне назар аударылады.Үкімет білім беру ұйымдарында заманауи сапа, қауіпсіздік және ашықтық стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, тамақтандыруды ұйымдастыру жүйесін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырады. Цифрлық шешімдерді енгізу, бақылауды арттыру және қоғамның белсенді қатысуы тәуекелдерді барынша азайтуға, өскелең ұрпақтың денсаулығы мен әл-ауқатын қорғауға бағытталған жүйенің тұрақты жұмыс істеуіне көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/965566?lang=kk
«Таза Қазақстан»: «Таза қала» акциясына 88 мың адам қатысты 15.04.2025
Шара оңтүстік өңірлерде және Атырау облысында өткізілді.Ауқымды акция аула, саябақ, сквер, көше және қоғамдық орындарды қоса алғанда, қалалық аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізуге  бағытталған. Өз қаласын қоқыстан тазарту мақсатында жергілікті тұрғындар, оқушылар, кәсіпорын мен ұйымдар өкілдері, студенттер бірікті.Жұмыла істеген еңбек нәтижесінде 800 тоннадан астам қалдық жиналып, 23 мыңнан астам жасыл желек отырғызылды. Іс-шараға 88 мыңға жуық адам қатысты, оның ішінде 2 мыңнан астамы еріктілер.Естеріңізге сала кетейік, акция «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы аясында өткізілді. Іс-шаралардың негізгі мақсаты аумақтарды абаттандыру, жасыл аймақтарды ұлғайту және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру.Айта кетейік, 27 наурыз күні тағы 3 акция басталды:- «Таза кәсіп – таза аймақ» аясында оңтүстік және батыс өңірлердегі бизнес-субъектілердің аумақтарын жинау және көгалдандыру ұйымдастырылуда;- «Қала үшін ағаш» акциясы аясында оңтүстік және батыс өңірлердің кәсіпорындары мен ұйымдары ортақ пайдаланылатын аумақтарға ағаштар отырғызса, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда «Таза аймақ» акциясы басталды. Оның аясында барлық 14 ЕҚТА және оған іргелес елді мекендердің аумақтарында наурыз және сәуір айларының соңғы күндері тазалау жұмыстары жүргізіледі.Іс-шараларды сәтті орындау «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыруға елеулі үлес қоспақ – еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартумен қатар, болашағына қамқорлық танытуға дайын азаматтардың жаңа буынын тәрбиелейді.Барлығыңызды акцияларға  белсенді түрде қатысуға шақырамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/964830?lang=kk
А. Ертаев Көші-қон саясаты тұжырымдамасының іске асырылуы туралы хабарлады 15.04.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстандағы ағымдағы көші-қон ахуалы және 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасының іске асырылу барысы туралы айтты.«Екі жыл бойы көші-қонның оң сальдосы сақталуда. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ол +17,2 мың адамды құрады. Қазақстанға 30 мың адам келді, елімізден 12,8 мың адам кетті. Елдер бөлінісінде көші-қон өсімі негізінен ТМД мен Қытайға тиесілі.Оң сальдо білім деңгейі бойынша да байқалады, елден шыққан адамдарға қарағанда елімізге білімді адамдар көптеп келген. Бұдан басқа, техникалық мамандықтар бойынша +1597 адам, педагогикалық мамандықтар бойынша +526 адам, ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша +151 адам, медициналық мамандықтар бойынша +295 адам оң сальдо қалыптасты», – деді Асқарбек Ертаев.Вице-министр сондай-ақ ішкі көші-қонда еңбек мобильділігі шеңберінде белсенділіктің өсуі байқалатынын атап өтті.«2024 жылы ел ішінде қоныс аударушылар саны 2023 жылмен салыстырғанда 1,5 еседен астам өскен. Мәселен, өткен жылы ішкі көші-қонға 1 млн 510 мың адам қатысты, оның ішінде 689,5 мың адам өңіраралық қоныс аударған.Мегаполистер ішкі мигранттарды тарту орталықтары болып қала береді (50%). Мәселен, қарастырылып отырған кезеңде Астана қаласына тұрақты тұруға 151 мыңнан астам адам, Алматы қаласына – 129 мың адам, Шымкент қаласына – 68 мың адам келді», – деп қосты Асқарбек Ертаев.Бұдан әрі вице-министр Көші-қон саясаты тұжырымдамасын іске асыру аясындағы жұмыстың негізгі бағыттары туралы хабарлады.«Қазақстандық жұмыскерлердің білімін трансферттеу және біліктілігін арттыру мақсатында сұранысқа ие шетелдік мамандарды тарту бойынша бірқатар кешенді шаралар қабылдануда.Шетелдіктердің Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін талап етілетін кәсіптердің тізбесі кеңейтілді. Қазақстан азаматтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Қазақстандық қызметкерлердің тәлімгерлігін ұйымдастыру қағидалары және шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге қойылатын талаптар бекітілді.Жеке тұлғалардың үй шаруашылықтарында жұмыс істеу үшін еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру тәртібі қайта қаралды.Жеңілдікті режиммен тарту үшін шетелдік қызметкерлердің санын анықтау бойынша бизнес-процесс автоматтандырылды», – деді Асқарбек Ертаев.Шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқықтарын қорғау саласында Қазақстан Үкіметі мен Қатар Үкіметі арасындағы осы мемлекетте республикамыздан жұмыскерлерді жұмысқа орналастыруды реттеу туралы келісімді ратификациялау бойынша жұмыс жүргізілуде.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Еңбектегі қанау мен заңнаманы бұзуға қарсы іс-қимыл қызметі (GLAA) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат Ұлыбритания аумағында Қазақстан азаматтарын уақытша жұмысқа орналастыру шарттары мен рәсімдері туралы ақпарат алмасуды көздейді.Қазақстаннан келген мигранттардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету үшін Сауд Арабиясы, БАӘ және Оңтүстік Кореямен келісімдер жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Олар осы елдердегі  еліміздің азаматтарының еңбек қызметі мәселелерін реттейді.Алматы, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарында қазақстандықтарды алдын ала оқыту орталықтары құрылды. Олардың негізгі міндеті – тілдік курстар өткізу, шетелде жұмысқа орналасқысы келетін кандидаттардың кәсіби біліктілігін арттыру.«Қазақстан азаматтарының шетелдегі еңбек қызметін ұйымдастыру бөлігінде жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің қызметін реттеу тетіктері пысықталуда.Министрлікке жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің заңнама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің қызметін реттеу қағидаларын әзірлеу бойынша құзырет беру бөлігінде заңнамалық түзетулер қаралуда. Аталған шаралардың барлығы шетелде жұмысқа орналасқысы келетін қазақстандықтардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған», – деп толықтырды вице-министр.Этникалық көші-қонды реттеу шеңберінде тарихи отанына қоныс аударған этникалық қазақтар үшін мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктері іске асырылуда.Қандастарды қоныстандыруды реттеу үшін аймақтар бойынша саралай отырып, өңірлер (аудандар мен елді мекендер бойынша) бөлінісінде қоныстандырудың интерактивті картасы әзірленді.2024 жылы жергілікті атқарушы органдар Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Абай облыстарында, 2025 жылы Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында бейімдеу және интеграциялау орталықтарын құрды. Қандастар мен қоныс аударушыларды толық сүйемелдеу «FSM Social» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.«Биылдан бастап қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу және ерікті қоныс аудару шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын көрсету жөніндегі мемлекеттік қызметтер электрондық форматта көрсетіледі. Осылайша, көрсетілетін қызметті алушылардың мансаптық орталықтардың қызметкерлерімен байланысы жойылады, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді», – деп хабарлады Асқарбек Ертаев.Осы мемлекеттік қызмет түрлерін цифрландыру қоныс аударуға қатысушылар мен еңбек мобильділігі орталықтары арасындағы шарттық міндеттемелердің орындалуына нақты мониторингті қамтамасыз етеді.Ерікті қоныс аударуға қатысушылар мен олардың отбасы мүшелерін тұрақты тіркеу арқылы «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесінде адамдардың еліміздегі ішкі тұруын ауыстырудың нақты есебі жүргізіледі. Бұл қоныс аударушылардың, қандастардың және олардың отбасы мүшелерінің тіркеу орнындағы өзгерістерін уақтылы анықтауға мүмкіндік береді.Мансап орталықтары өз еркімен көшіп кететін отбасыларға төленген материалдық көмекті сотқа дейінгі тәртіппен қайтару қажеттігі туралы хабарлама жіберетін болады.Сөз соңында вице-министр көші-қон процестерін реттеу жүйесін цифрландыру басым бағыттардың бірі болып табылатынын атап өтті.«Migration.enbek.kz порталы әзірленді, ол болу мақсатына қарамастан Қазақстанға келетін шетелдік азаматтардың бірыңғай есебін, сондай-ақ көші-қон ағындарының мониторингі мен бақылауын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жұмыс кезең-кезеңмен жүргізіледі. 2024 жылы 15 қызмет енгізілді, 2025 жылы 3 қызметті іске қосу жоспарлануда. Осы шаралардың барлығы «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін көшіп-қонушылардың қозғалысын есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құруды көздейді», – деп түйіндеді Асқарбек Ертаев.Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың қорытындысы бойынша коммерциялық секторда шетелдік мамандарды тартуға 14,5 мың рұқсат, сондай-ақ жеке тұлғалардың үйінде жұмыс істеуі үшін еңбек мигранттарына 293 мың рұқсат берілген.2024 жылы еңбек күші тапшы өңірлерге 8 950 адам немесе 2 544 отбасы қоныс аударды. Қоныс аударушылардың отбасыларына тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жалпы сомасы 7 млрд теңгеге 1 641 экономикалық ұтқырлық сертификаты берілді.Қазіргі уақытта «Ата жолы» картасы 68 этникалық қазаққа берілді, олардың 40-ы сұранысқа ие мамандық иелері және 28-і бизнес-иммигранттар болып табылады. «Ата жолы» картасын алушылар негізінен Астана және Алматы қалаларында тұрады.2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша шетелде 140 мыңға жуық қазақстандық еңбек етеді. Біздің азаматтар негізінен Ресей Федерациясында, Оңтүстік Кореяда, Түркияда, БАӘ мен Ұлыбританияда жұмыс істейді.Осы жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша елде пана іздеген 287 адам және 299 босқын тұрады, басым көпшілігі Алматы қаласында қоныстанған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/964814?lang=kk
Қазақстанның 13 өңірінде су тасқыны салдарының алдын алу үшін гидротехникалық құрылыстарды жөндеу бойынша 43 іс-шара іске асырылды 15.04.2025
Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында, Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі бекіткен жоспарға сәйкес, 13 өңірдегі гидротехникалық құрылыстарда су тасқыны салдарының алдын алуға бағытталған 43 іс-шара жүзеге асырылды.Атап айтқанда, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Абай және Жетісу облыстарында жұмыстар жүргізілді.«Жоспарға гидротехникалық құрылыстарды ағымдағы жөндеу, каналдарды тазарту және жағалау нығайту жұмыстары кірді. Мысалы, Ақмола облысында Шағалалы және Сілеті су қоймалары, сондай-ақ «Алва» лимандық суару жүйесі жөндеуден өтті. Абай облысында Шар су қоймасының қорғаныс бөгеті салынды. Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев гидроторабында жағалау нығайту жұмыстары жүргізілді», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/964338?lang=kk
Қазақстан энергетикасы: Министр 2035 жылға дейінгі даму жоспарын ұсынды 15.04.2025
Қазақстан энергетикасының даму мәселелері республикалық кеңесте Екібастұз қаласында Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен талқыланды. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов қатысушыларға елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту және электр энергиясына өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру мақсатында кешенді жоспарды ұсынды.Министрдің айтуынша, Бірыңғай энергетикалық жүйе тұрақты жұмыс істегенімен, жұмыс істеп тұрған 227 станцияның орташа тозуы қазіргі уақытта 56%-ды құрайды, бұл тұтыну мен жаңа өндірістік жобаларды іске қосу аясында шұғыл шараларды талап етеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, электр энергиясын өндіру көлемі 4%-ға артты, алайда болашақ сұранысты жабу үшін ауқымды инвестициялар қажет.«Біздің алдымызда тек өсіп келе жатқан сұранысты ғана емес, сонымен қатар экономикамыздың болашақ дамуына және экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік беретін қор құру міндеті тұр. Жоспарымыз бойынша 2035 жылға дейін шамамен 26 ГВт жаңа электр станцияларының қуаты енгізіледі. Бұл жаңғырту, түрлі типтегі жаңа станцияларды салу және желілерді дамыту сияқты кешенді көзқарасты қамтиды», – деді Ерлан Ақкенженов.Жұмыс қарқынының дәлелі ретінде министр 2024 жылы 771 МВт жаңа қуаттар енгізілгенін хабарлады. Белгілі жобалар қатарында – Екібастұз ГРЭС-1-де №1 энергоблокты (540 МВт қуаттылықта) қалпына келтіру, Атырау ЖЭО-дағы №6 турбинаны (65 МВт қуаттылықта) ауыстыру, Жезқазған ЖЭО-дағы №8 қазандықты ауыстыру (генерацияға +43 МВт қосу), сондай-ақ жаңартылған энергия көздерінен (ЖЭК) 163 МВт қуат енгізу жобалары бар. Сонымен қатар, 14 инвестициялық келісім-шарттар жасалған, олардың жалпы қуаты шамамен 2 ГВт құрайды.Ағымдағы жылы 621 МВт қуат енгізу жоспарланып отыр, ал 2026 жылы бұл көрсеткіш 2,6 ГВт-қа жетеді. 2029 жылға дейін 68 жоба іске асырылып, 2035 жылға дейін қуаты 4,2 ГВт болатын  станциялардың модернизациялануы, қайта құрылуы және кеңейтілуі жоспарлануда.Модернизациямен қатар, газ станцияларының құрылысы және халықаралық инвесторлармен ірі ЖЭК бойынша жобалар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, Қатар мен Ресейден жаңа станциялар салу жөнінде халықаралық ынтымақтастық күшейтілуде.«Біз диверсификация мен экологиялық жауапкершіліктің маңыздылығын түсінеміз. 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жолында біз көміртегі төмен көздерді қарастырамыз. Алайда, біздің көмір қорымызды ескере отырып, одан толық бас тарту тиімсіз. Екібастұздағы  ГРЭС-3 сияқты жаңа көмір жобалары, сондай-ақ Семей, Өскемен және Көкшетаудағы заманауи көмір станциялары қоршаған ортаға әсерін азайтатын таза көмір технологияларына негізделетін болады», – деп атап өтті министр.Министр аталған жоспарларды жүзеге асыру тек экономиканың және халықтың электр энергиясына өсіп келе жатқан қажеттіліктерін толық қанағаттандырып қана қоймай, Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін нығайтып, елдің әрі қарай тұрақты дамуына және экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді деп мәлімдеді.Сенімді қамтамасыз етудің маңызды бөлігі – желілердің дамуы. Кеңесте АО «KEGOC» 220-500 кВ-ты құрайтын 2 мың шақырымнан астам электр желілерін қайта жаңартқандығы айтылды. Биыл KEGOC Батыс аймақтың электр желілерін БЭЖ-бен біріктіру үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастауы қажет, жұмыс 2027 жылы аяқталуы тиіс.«Президент энергетиканы өзін-өзі қамтамасыз ететін және бәсекеге қабілетті ел құрудың басты бағыттарының бірі ретінде атады. Бұл жаңа әлемдегі тұрақты прогрестің негізгі факторы, ол цифрландыру мен жасанды интеллектінің кеңінен енгізілуіне тікелей әсер етеді. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның үлкен мүмкіндіктері бар. Дегенмен, жоспарланған жобалардың уақытында іске аспауы экономиканың дамуын тежейді. Мұндай жағдайға жол беруге болмайды. Біз белсенді түрде жұмыс істеуіміз керек.  Көптеген ірі жобаларға энергия қазірдің өзінде қажет», - деп атап өтті ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов.Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министр бірқатар тапсырмалар беріп, көмір-химия саласын дамытуға ерекше назар аударды. Ол көмірді өңдеудің инновациялық технологияларын белсенді түрде пайдаланып, жоғары деңгейлі өнім өндірісін арттыруды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/964140?lang=kk
СҚО-да донаттар шығаратын зауыт салынуда 15.04.2025
СҚО әкімдігінің отырысында  «Бейкертон» компаниясының бас директоры Марина Баяндина Петропавлда донаттар өндіру зауытын салу барысы туралы баяндады.Зауыттың құрылысы «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағының аумағында жалғасуда, қазір темірбетонды негіздер орнату жұмыстары аяқталуға жақын, сондай-ақ металл құрылымдарын орнату басталды. Жобаға 37 миллиард теңге инвестиция салынады, 380 жаңа жұмыс орны ашылады.«Бұл зауытта  толық автоматтандырылған екі желі іске қосылмақ. Толық қуатына шыққанда  жылына 15 мың тонна өнім өндіретін болады. Мемлекеттік органдар тарапынан жобаға толық қолдау көрсетілуде», – деді Марина Баяндина.Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов осы жобаның перспективалы екенін атап өтіп, мемлекет «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағының субаймақтарына инженерлік инфрақұрылымды жеткізетінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/964060?lang=kk
СҚО жарты триллион теңге инвестиция тартты 15.04.2025
СҚО әкімдігінің отырысында инвестициялар тарту мәселесі қаралды. Өткен жылы өңір экономикасына 556 миллиард теңге инвестиция тартылды, оның 420 миллиард теңгесі жеке инвесторлардың қаражаты.Биыл инвестиция тартуда басты назар өңдеуші өнеркәсіп саласындағы жобаларды іске асыруға аударылады. 87 миллиард теңге көлемінде 11 жаңа жобаны іске қосу жоспарлануда, бұл 1,1 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Олардың арасында кондитерлік өнімдер өндіретін зауыт, көтеру-тасымалдау жабдықтары мен көпір крандарын шығаратын зауыт, сондай-ақ ағаш өңдеу кәсіпорнын салу бар.Ауыл шаруашылығында 72 миллиард теңге көлемінде 35 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл – сүт фермалары, суару жобалары, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және басқа да маңызды бағыттар.Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі Гауез Нұрмұхамбетов өңірдің инвестициялық әлеуетін толыққанды ашу үшін қажетті шараларды қабылдауды, негізгі салаларға бағытталған инвесторларды тарту бойынша кешенді стратегиялық жоспар әзірлеуді және қолдау шаралары бар перспективалы инвестициялық жобалар тізімін құруды тапсырды. Өңір басшысы аудан әкімдерін инвесторларды тарту бойынша жұмысты жүйелі түрде жүргізу керектігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/964057?lang=kk
А. Ертаев Алматыдағы ҮЕҰ-мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау мәселелерін талқылады 15.04.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев Алматы қаласына жұмыс сапары аясында 20-дан астам үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бейресми кездесу өткізді.Кездесуде арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау, инватакси қызметтерін ұсыну, мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) оңалту құралдарымен қамтамасыз ету және т.б. мәселелер талқыланды.Сондай-ақ, 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды.Сонымен қатар, Асқарбек Ертаев Алматы қаласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне орта мерзімді кезеңде әлеуметтік саясатта жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы айтып берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/963817?lang=kk
ҚазАгроҚаржы лизингтің тағы бір жеңілдетілген бағдарламасын қайта іске қосты 15.04.2025
Қазақстандық шаруалар үшін ауыл шаруашылығы техникасын тиімді шарттармен лизингке сатып алудың тағы бір мүмкіндігі туды. «ҚазАгроҚаржы» АҚ отандық өндіріс техникасы мен көлік құралдарын сатып алу үшін «Қазақстанда жасалған» жеңілдетілген бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдауды бастады.2024 жылы «Қазақстанда жасалған» бағдарламасы бойынша шаруалар 10,5 млрд теңге сомасына 336 бірлік техника сатып алды. Әсіресе, тракторлар мен комбайндарға сұраныс көп түскен. Жалпы алғанда, бағдарлама іске қосылғаннан бастап агробизнесмендер а/ш техникасының екі мыңнан астам бірлігін сатып алған.2025 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ «Қазақстанда жасалған» бағдарламасының шарттарын өзгеріссіз қалдырып отыр.Отандық өндірісті қолдау мақсатында фермерлерге отандық өндірілген/құрастырылған а/ш техникасы мен көлік құралдары мынадай жеңілдетілген шарттар бойынша қолжетімді: қаржыландыру мерзімі – 10 жылға дейін (басқа бағдарламаларда 7 жыл), жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемесі - 6%, аванс - 15% бастап. Сондай-ақ, бірінші лизингтік төлемді субсидиялар есебінен төлеуге болады.Ағымдағы жылы «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы да қолданыста екенін атап кетеміз. Шаруалар ауыл шаруашылығы техникасын жылдық 5% мөлшерлемемен, 7 жылдан аспайтын мерзімге, бірінші лизингтік төлемді 2025 жылғы 1 желтоқсанға дейін кейінге қалдыру мүмкіндігімен сатып ала алады. Бұл  бағдарламаға 200 млрд теңге бөлінген. «Қазақстанда жасалған» және «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламалары бойынша өтінімдер қабылдау https://t.me/kaz_agro_finance_bot сілтемесі бойынша telegram-бот арқылы жүзеге асырылады. Өтінім берген соң клиент 5 жұмыс күні ішінде құжаттардың толық пакетін «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалына тапсыруы тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/963811?lang=kk
Евней Бөкетовтың 100 жылдығына орай Ғылыми кеңестің салтанатты отырысы өтті 15.04.2025
ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитетінің «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» ШЖҚ РҚМ филиалы Ж.Әбішев атындағы Химия-металлургия институтында Ғылыми кеңестің салтанатты отырысы өтті. Іс-шара химия-металлургия мектебінің негізін қалаушының, көрнекті ғалым-химик және металлург, талантты жазушы, аудармашы және әдебиеттанушы Евней Бөкетов туғанына 100 жыл толуына арналған. Оның өмірі мен қызметі ғылым мен әдебиет синтезінің жарқын мысалы болды, ол қиындықтарға толы, сонымен бірге жетістіктерге толы болды.Ғалым-химиктің маңызды әзірлемелерінің бірі марганец және темір кендерін кешенді пайдалану тәсілдерін зерттеу, сондай-ақ Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі үшін жаңа серпін берген мыс электролитінен мышьяк алу болды. Оның элементар фосфорды бөлу әдісі Бөкетов-Баешев әдісі ретінде белгілі болды және өндіріс процестерін едәуір жеңілдетті.Салтанатты Ғылыми кеңестің отырысына Евней Бөкетовтың шәкірттері, туыстары мен әріптестері қатысты. Бұл оқиға оның ғылымға қосқан үлесі туралы жылы сөздер мен естеліктер алаңына айналды.Оқушылар мен әріптестер Евней Арстанұлы идеялары оларды өз зерттеулеріне қалай шабыттандырғаны туралы естеліктерімен бөлісті. «Ол ғылым әлеміндегі нағыз шамшырақ болды», – атап өтті Кеңес мүшелері.    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/963626?lang=kk
Ұлытау облысында 90 000 га жайылым жер қайтарылды 15.04.2025
ҚР АШМ ЖРБК Ұлытау облысының Жер ресурстарын басқару департаменті Ұлытау ауданында орналасқан жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.Тексеру барысында 90 000 гектар жайылым жер ұзақ уақыт пайдаланылмағаны анықталды.Серіктестікке учаскені игеру туралы ұйғарым берілді, алайда талаптар белгіленген мерзімде орындалмады. Осыған байланысты департамент жер учаскесін мәжбүрлеп қайтару жөнінде сотқа жүгінді.Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот Департаменттің талаптарын қанағаттандырды. Ұлытау облысының соты апелляциялық шағымды қабылдамай, шешімді күшінде қалдырды.Шешім заңды күшіне еніп, жер учаскесі мемлекет меншігіне берілді. Пайдаланылмаған ауылшаруашылық жерлерін қайтару жұмыстары жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/963526?lang=kk
«Еңбек Жолы» республикалық конкурсына қатысыңыз! 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлтық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы және жергілікті атқарушы органдар «Еңбек жолы» конкурсынын өткізу бойынша  іс-шаралар жоспарына сәйкес «Еңбек Жолы» конкурсын 2025 жылы өткізу туралы хабарлайды.«Еңбек Жолы» конкурсы жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау, көбейту мақсатында және үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындауға мүмкіндік береді. Конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді.Конкурсты өткізу мақсаттары:1) ұрпақтар сабақтастығын сақтау;2) еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау;3) қазақстандықтарда Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу;4) жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу;5) «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» аясында еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру.Конкурс жыл сайын 2 (екі) кезеңде өткізіледі: өңірлік және республикалық.Конкурсқа мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, салаға қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады.Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдар негізінде конкурс жеңімпаздарын анықтау жөніндегі республикалық және өңірлік комиссиялар мынадай номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды:1) Үздік еңбек әулеті.Бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады.Еңбек әулеті– бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады.Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс;2) Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері.Бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.3) Өндірістің үздік жас маманы.Бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:Конкурсқа қатысушылар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына екі данада қағаз және электрондық жеткізгіштерде келесі материалдарды ұсынады:1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінішті;2) жеке куәліктің көшірмесін;3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан артық бейнероликті  (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі жәнет.б.) 1 минуттан аспайтын компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама);6) жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыным хат.Бар болған жағдайда (келесі құжаттардың көшірмелері): мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса).Осыған сәйкес, республикалық «Еңбек Жолы» конкурсына  белсенді ат салысуларыңызды сұраймыз.Нақты   ақпарат   пен  кеңесті Ақтөбе қаласы, Маресьев  көшесі,  101 мекен-жайында орналасқан Ақтөбе облысының жұмыспен  қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 305 каб., тел.: 56-81-26,  басқарманың веб-сайты: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social/press/news/details/950448?lang=ru«Еңбек Жолы» республикалық конкурсына қатысыңыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/963467?lang=kk
Көлік министрі Марат Қарабаев «Çalık Holding» түрік компаниясының басқарма Төрағасы Ахмет Чалықпен кездесті 15.04.2025
Тараптар Қазақстанның көлік - логистика саласындағы инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.Түрік тарапы Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) инфрақұрылымын дамыту мақсатында бірқатар жобаны іске асыруға қызығушылық танытты.Көлік ведомствосының басшысы Марат Қарабаев инвесторлар үшін барлық қажет жағдай жасалатынын атап өтті.Екіжақты кездесу соңында түрік тарапы «Çalık Holding» экономиканың түрлі салаларындағы жобаларды белсенді түрде іске асырып жатқанын, сондай-ақ ТХКБ әлеуетін арттыру аясында көлік саласындағы жобаларды неғұрлым өзекті деп санайтынын атап өтті.Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті одан әрі дамытуға ниет білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/963461?lang=kk
Спорт саласын реформалау 15.04.2025
ҚР Туризм және спорт министрлігі «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңға өзгерістер енгізді. Құжаттағы маңызды өзгерістің бірі ретінде вертикальді басқару жүйесінің енгізілуін атап өтуге болады. Енді өңірлік спорт басқармаларының басшылары Туризм және спорт министрлігінің жанынан құрылған арнайы комиссияның келісімімен бекітіледі. Бүгінгі таңда 11 облыстың спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/968334?lang=kk
ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев «Орталық коммуникациялар қызметінде» өткен «Спорт саласын реформалау» тақырыбындағы баспасөз конференциясына қатысты 15.04.2025
ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев «Орталық коммуникациялар қызметінде» өткен «Спорт саласын реформалау» тақырыбындағы баспасөз конференциясына қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/963420?lang=kk
Заңнаманы жетілдіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі – туризм және спорт вице-министрі 15.04.2025
Қазіргі уақытта салалық заңға өзгерістер мен толықтырулардың екінші пакеті әзірленіп жатыр. Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың айтуынша, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру ұғымдары мен өкілеттіктерін айқындау, уәкілетті органға әдістемені, жан басына шаққандағы қаржыландыру қағидаларын, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің мемлекеттік тапсырысын орналастыру қағидаларын және балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін аккредиттеу қағидаларын бекіту бойынша құзыреттер беру қарастырылып жатыр.«Бұл бағыттағы тиісті жұмыс басталып кетті. Бұл мәселе Республикалық бюджеттік комиссияның отырысында қаралып, оң шешімін тапты. Оны 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу көзделген», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.Бұдан бөлек, жаңартылған бірыңғай спорттық стандарттар бойынша бағдарламаларды іске асырғаны үшін жаттықтырушылардың орташа еңбекақысын шамамен 30%-ға артады.@ortcom_kz #CCSАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/963419?lang=kk
Басқарудың вертикальді жүйесі шеңберінде 11 өңірде спорт басқармалары басшыларының кандидатуралары келісілді 15.04.2025
ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың айтуынша, спорт саласына вертикальды басқару жүйесін енгізу мәселесі қаралуда. Бүгінгі күні республикалық аккредиттелген спорт федерацияларының жұмыстары да тыңдалды. Нәтижесінде 8 федерацияға жаңа басшылар тағайындалды.«Министрлік жанынан өңірлік спорт басқармасы басшыларын келісу бойынша арнайы комиссия құрылды. Комиссия отырысымен 11 өңірдің басқарма басшыларының кандидатуралары тыңдалып, келісілді», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. @ortcom_kz #CCSАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/963417?lang=kk
Туризм және спорт министрлігінің өкілі спорт саласын реформалау туралы айтты 15.04.2025
ҚР Туризм және спорт министрлігі әзірлеген «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заң жобасы 2025 жылғы 29 қаңтарда Мәжілістің екінші оқылымында мақұлданып, Сенаттың қарауына енгізілді. Заң жобасында спорт саласына бірқатар өзгерістер енгізу көзделген. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев хабарлады.«Атап айтқанда, кәсіби ойын спорты клубтарын ұстауға бөлінетін бюджет қаражатына лимит бекіту; ҚР азаматтығын алмаған спортшыларды бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салу; «спорттың басым түрлері» ұғымын анықтау, сондай-ақ олардың өңірлік тізбесін бекіту; аккредиттелген спорт федерациясына діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу үшін шаралар қабылдауды міндеттеу; спорт федерацияларын аккредиттеу талаптарын белгілеу қарастырылған», - деді вице-министр ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.Сонымен қатар, Заң жобасында «мүгедектігі бар спортшыны сүйемелдеуші» ұғымын енгізу, мемлекеттік дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшыларын ротациялау көзделген. Сондай-ақ, заңнама жобасына сәйкес 49 заңға тәуелді актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, 10-нан астам жаңа заңға тәуелді акті дайындалды.@ortcom_kz #CCS Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/963416?lang=kk
ШҚО студенттері отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы оқу сотын өткізді 15.04.2025
Қазақстан-Американдық Еркін Университетінің (ҚАЕУ) заң мамандығының студенттері "Заң және тәртіп" қағидаты аясында тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбында сот процесінің үлгісін өткізіп, өз шешімдерін шығарды.Жыл басынан бері облыстық жастар ресурстық орталығы өңір жастарына есірткімен күрес, лудомания, тұрмыстық зорлық-зомбылық сынды әлеуметтік маңызды тақырыптар бойынша түрлі кездесулер, жиындар, тренингтер мен семинарлар ұйымдастырып келеді. Осындай ауқымды іс-шаралардың бірі – ҚАЕУ студенттерінің тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін заңнамалық тұрғыда талқылауы болды.– Бұл шара «Заң және тәртіп» тақырыбы аясында өткізіліп отыр. Оның мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ашық сот процесі арқылы студенттерге қоғамдағы өзекті мәселені түсінікті әрі тәжірибелік тұрғыда көрсетуге тырысамыз, – деді ШҚО Жастар ресурстық орталығының маманы Ермек Асқаров.Іс-шара барысында заң мамандығының студенттері теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану үшін арнайы сот залында шынайы сот процесінің үлгісін қойды. Олар ҚР заңнамасы аясында құқықтарын қорғап, теориялық тұжырымдарын дәлелдеуге тырысты.– Біз оқу-сот процесін өткізу арқылы студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, құқықтық сауаттылығын арттыруды көздейміз. Сонымен қатар, елімізде зорлық-зомбылыққа қатысты қандай бағдарламалар қолданылып жатқанын зерттеп, түсіндіруге тырысамыз, – деді ҚАЕУ Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі Қайрат Әлімбаев.Студенттер мұндай тәжірибелік сабақтардың пайдалы екенін атап өтті. Олар сот процесі барысында қорғаушы, прокурор, судья рөлдерін өзара бөлісіп, шынайы жағдайларды талдады.– Мұндай тәжірибелік сабақтар бізге көп нәрсе үйретеді. Өткен жолы мен судья рөлін атқарсам, бұл жолы жауапқа тартылушының орнында отырмын. Бүгінгі сот процесі барысында Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты істер қалай қаралатынын, қандай мәселелер көтерілетінін және неге баса назар аудару керектігін жан-жақты талқыладық, – деді 3-курс студенті Салауат Ешимгелдиев.Оқу-сот процесі студенттердің құқықтық білімдерін жетілдіруге және заң саласындағы кәсіби дағдыларын дамытуға ықпал етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/963181?lang=kk
Шекара бойындағы ынтымақтастық – әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың жаңа мүмкіндіктері 15.04.2025
Қостанайда осы тақырыппен әйелдер форумы өтті. Шараны Қостанай облысының әкімдігі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясының қолдауымен ұйымдастырды. Форумның күн тәртібіне Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аумақтарының қазіргі байланыстарын нығайту және жаңа түрлерін қалыптастыру, шекаралас аумақтарда туризмді дамыту, шекаралас ауылдық аумақтардағы кәсіпкер-әйелдер арасындағы іскерлік байланысты кеңейту және басқа да өзекті мәселелер кірді. Жиынға Ресей Федерациясының Қорған, Орынбор, Челябі облыстарын, сондай-ақ еліміздің Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарын танытатын мемлекеттік органдарының, квазимемлекеттік секторларының және екі елдің шекаралас аумақтарындағы іскерлік ортаның 250 өкілі қатысты.Форум жұмысына облыс әкімі А.Б.Мұхамбетов, Ұлттық комиссияның мүшелері, Ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика, Мәдениет және спорт министрліктерінің басшылары қатысты.Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Е.И.Тарасенко форумды аша отырып, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «шекаралас өңірлерде сыртқы саяси, экономикалық, мәдени және басқа да көптеген мәселелерді қоса алғанда, өмірлік маңызды мәселелер тоғысады, көршілер арасындағы және мемлекеттер арасындағы өзара қарым қатынастар нығайып, берік бола түседі» деген сөзін атап өтті.Қазір елімізде, ЕАЭҚ жұмысының шеңберінде Ресеймен шекаралас облыстардың қазақстандық кәсіпкерлерінің жағдайларын жақсарту жөніндегі жұмысы белсенді түрде жүргізілуде. Көршілес елдер кәсіпкерлерінің экономикалық ынтымақтастығы олардың ұлттық экономикаларының дамуына қосымша серпін беруге және азаматтар өмірінің деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік туғызады. Бұл үдерісте 500 мың шағын және орта бизнес нысандарын басқарып отырған кәсіпкер-әйелдердің рөлі аз емес. Өз сөзінде облыс басшысы Архимед Мұхамбетов 2017 жылдың қорытындысы бойынша Қостанай өңірі мен Ресей Федерациясы арасындағы сауда айналымы 1 млрд АҚШ доллардан асқанын атап өтті. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 30 пайызға артық. «Облыс экономикасының дамуына шағын және орта бизнестегі кәсіпкер әйелдердің де қосар үлесі орасан. Өңірде 49 619 бизнес субъектісі тіркелген болса, соның 23 449-ын, яғни 47,3 пайызын нәзік жандылар басқарып отыр» - деді А.Мұхамбетов.Форум шеңберінде түрлі тақырыптарда сессиялар өткізілді. Қатысушылар бірлескен жобаларды іске асырудың жаңа мүмкіндіктері мен болашағын талқыға салды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/13133?lang=kk