Қуқық
СҚО әкiмi инвесторларды өңiрге шақырды 14.04.2025
СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов ОКҚ алаңында баспасөз мәслихатын өткiздi. Өңiр басшысы «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағына инвесторларды шақырып, жаңа жобаларды жүзеге асыруға шақырды.«Қазiр Claas немiс концернi және YDA Holding түрiк компаниясымен келiсiм бар. Alageum Electric электротехникалық қондырғылар зауыты да салынады. Осы компаниялар 90 млрд. тг инвестиция әкелiп, 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады», — дедi Құмар Ақсақалов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/35653?lang=kk
СҚО әкiмi: «Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, мол астық жиналды» 14.04.2025
Солтүстiкқазақстандықтар ауыл шаруашылығы қызметкерлерi күнiн тойлауда. Биыл диқандар қамбаға 5,1 млн. тонна астық құйды. СҚО — әртараптандыру саласында көшбасшы.«Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, бiз мол астық жинадық. Гектар басынан 18 центрнер алынды. Бұл диқандардың қажырлы еңбегiнiң жемiсi. Осылайша, елiмiздiң азық-түлiк қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлуде», — дедi Құмар Ақсақалов.Өңiр басшысы 60 шақты агроөнеркәсiп саласының мамандарына марапат жасады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/35641?lang=kk
Линц қаласында өткен үкіметаралық комиссиясының отырысында Қазақстан мен Аустрия арасындағы экономикалық ынтымақтастығының кең спектрі талқыланды 14.04.2025
ЛИНЦ, 2019 жылғы 11 қараша – Қазақстан мен Аустрия арасындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нығайту мақсатында Линц қаласында Экономикалық, ауыл шаруашылық, экологиялық, техникалық, өнеркәсіптік және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Аустрия үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) тоғызыншы отырысы өтті.Отырыста қазақстандық тараптан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, аустриялық тараптан – Аустрияның Цифрландыру және экономика федералдық министрлігінің Сыртқы экономикалық саясат және еуропалық интеграция жөніндегі бас директоры Флориан Фраушер сөз сөйледі. Сонымен қатар, отырысқа екі елдің салалық министрліктері мен ведомстволарының өкілдері қатысты.Қазақстан мен Аустрия арасындағы қатынастарда аймақтық мәнмәтіні екі елдің дербес өңірлері арасында тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беретін маңыздылыққа ие болуда. Осыған байланысты ҮАК-тың кезекті отырысы Аустрияның астанасы Венада емес, Жоғарғы Аустрия федералдық мемлекетінің орталығы – Линцте өтті.«Қазақстан-Аустриялық ҮАК отырыстары, әдеттегідей, тарихи мәнге ие. Мәселен, 2016 жылғы қазанда Венадағы соңғы кездесу Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25-жылдығы және Қазақстан мен Аустрия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 25 жыл толуы қарсаңында өтті. Бүгінгі кездесу де маңызды, себебі ол тұңғыш рет елордада емес, аймақта өткізіліп отыр. Бұл екіжақты ынтымақтастықтың аймақтық аспектісінің өсіп келе жатқан маңыздылығын көрсетеді. Сонымен қатар, біздің ҮАК шеңберіндегі кездесулеріміз биыл 10 жылға жетті», – деді өз сөзінде Р. Василенко.ҮАК күн тәртібіне сәйкес, тараптар Қазақстан мен Аустрияның қазіргі экономикалық жағдайы, екі елдің үкіметтері экономиканы дамыту бойынша асырып жатқан шаралар туралы пікірлер алмасты. Өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі екенін растап, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, цифрландыру, коммуналдық шаруашылық және аймақтық ынтымақтастық саласындағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады.Қазақстанның тиісті ведомстволарының өкілдері аустриялық әріптестерін энергетика, қоршаған ортаны қорғау, қалдықтарды жою, көлік және коммуникация саласындағы қазіргі жағдаймен таныстырды. Бірқатар салаларда ынтымақтастық құруға өзара мүдделілігін білдіре отырып, ҮАК қатысушылары бірлескен басым бизнес-жобалардың тізімін жаңартты және экономиканың нақты салаларында екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға келісті.Қазақстанның «ашық аспан» режимін енгізуі аустриялық тарапты ерекше қызықтырды.Қазақстандық дипломат «2019 жылдың 1 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен еліміздің 11 әуежайында «ашық аспан» режимі енгізілді. Шетелдік компанияларға «ауа еркіндігінің» бесінші дәрежесі беріледі. Бұл режим 3 жылға дейін ұзартылу мүмкіндігімен іске асырылады», – деп атап өтіп, еліміздің Нұр-Сұлтан мен Вена арасында тікелей әуебағыт ашуға мүдделілігін растады.Өз кезегінде аустриялық тарап Қазақстан мен Аустрия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне тоқталды. Аустрияның бірқатар ірі компаниялары Қазақстан нарығында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жеңіл өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешені саласында табысты қызмет атқаруда. Алайда, екіжақты ынтымақтастықтың әлеуеті әлі толығынан асырылған жоқ, әрі тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қарқыны мен көлемін белсенді түрде арттыруды жалғастыруы қажет.«Қазақстан Аустрия үшін өте маңызды серіктес. Біз сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуына зор мән береміз. Қазақстан өкілдері бүгін Линцте өтіп жатқан Жоғарғы Аустрия Экспорттық күніне қатысқаны аса қуантады. Сондай-ақ, Қазақстанда 50-ге жуық аустриялық компания табысты жұмыс істеп жатқандығын ерекше қанағатпен атап өткім келеді. Мұның бәрі ҮАК-тың жұмысы оң қолданбалы әсерге ие екендігін білдіреді », – деді Аустрияның ҮАК тең төрағасы Ф. Фраушер.ҮАК отырысының соңында тараптар Қорытынды хаттамаға қол қойып, келесі 10-шы кездесуді Қазақстанда өткізуге келісті.Линцке сапары барысында Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Р. Василенко Жоғарғы Аустрия жер үкіметінің экономика және инфрақұрылым бойынша министрлері Маркус Ахляйтнер және Гюнтер Штайнкельнермен келіссөздер өткізді. Кездесулер барысында тараптар Қазақстан мен Аустрия облыстары арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту келешегін талқылады. Бұл тұрғыда сұхбаттасушылар Павлодар облысы мен Жоғарғы Аустрия арасындағы, сондай-ақ Вельс пен Орал қалалары арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы меморандумның мазмұнына егжей-тегжейлі тоқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/35636?lang=kk
Қазақстан Орталық Азиядағы Еуропалық Одақтың өңірлік бағдарламаларын әзірлеуге белсенді қатысады 14.04.2025
НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 11 қараша – ЕО-ның Орталық Азия бойынша жаңа Стратегиясы шеңберінде Еуропалық даму бағдарламаларын іске асыруға Қазақстанның тиімді қатысуы біздің еліміздің және жалпы өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің маңызды құралдарының бірі болуы мүмкін. Бүгін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Астана клубының 5-ші мерейтойлық отырысына қатысу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласына сапармен келген ЕО-ның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Петер Бурианмен өткен келіссөздерінің негізгі арқауы осындай.Сұхбат барысында экология, цифрлық даму, гуманитарлық алмасу және тұрақты өзара байланыс мәселелері секілді перспективалы бағыттар бойынша Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы әріптестік қатынастарды нығайту мәселелерін қоса алғанда, халықаралық және өңірдің күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті. Сыртқы саясат ведомствосының басшысы 2019 жыл Орталық Азия бойынша жаңа Стратегияның қабылдануына және 2015 жылғы 21 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда қол қойылған ҚР-ЕО кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау рәсімінің аяқталуы екіжақты қарым-қатынастар тарихында маңызды оқиға болғанын атап өтті. «Біз Қазақстан-Еуропа қатынастарын сапалы жаңа кезеңінің басталуын білдіретін осы стратегиялық құжаттарға үлкен үміт артамыз. Олардың табысты жүзеге асырылуы, бірінші кезекте, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыруға алып келетініне сенім білдіремін», - деді ол. Еуропалық дипломат Қазақстан Орталық Азия бойынша жаңа стратегияны іске асыру бойынша Еуропада маңызды серіктес ретінде қабылданатынын атап өтті. П.Буриан еліміздің Орталық Азия мен Ауғанстандағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы рөліне ерекше тоқталып өтті. Осы орайда еуропалық тарап өңір үшін жалпы бюджеті 55,6 млн.еуроны құрайтын үш жаңа бағдарламаның іске қосылғаны туралы хабардар етті. Бұл жобалар Орталық Азиядағы инвестицияларды, бәсекеге қабілеттілікті және сауданы қолдауға бағытталған.Кездесу аясында жоғары деңгейдегі кездесулерді, ынтымақтастық кеңеске, конференциялар мен «дөңгелек үстелдерге» қатысуды қамтитын ҚР-ЕО және ҚР-ОА ынтымақтастық форматы бойынша 2020 жылға арналған іс-шаралардың перспективті күнтізбесіне ерекше назар аударылды. Келіссөздер қорытындысы бойынша, тараптар Еуропалық Одақтың Қазақстанмен және өңірмен сындарлы ынтымақтастық әлеуетін іске асыру мақсатында тұрақты жұмыс байланыстарын қолдауға уағдаласты.2019 ж. қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанның ЕО елдерімен сыртқы сауда айналымы 23,8 млрд. АҚШ долл. (экспорт – 18,8 млрд. АҚШ долл., импорт – 5 млрд. АҚШ). 2018 жылы тауар айналымы 37,7 млрд. (экспорт – 31 млрд. АҚШ долл., импорт – 6,7 млрд. АҚШ долл.) құрады.2019 ж. І жартыжылдығының қорытындысы бойынша ЕО елдерінен 5,4 млрд. АҚШ долл. тікелей инвестициялар тартылды. 2018 ж. Еуроодақтан жалпы ТШИ ағыны 11,6 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2017 ж. деңгейден 18,4% - ға жоғары (9,8 млрд. АҚШ доллары).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/35635?lang=kk
Сапарбаев Солтүстiк Қазақстан облысында қоныс аударушыларға арналған үйлердi аралады 14.04.2025
ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары Бердiбек Сапарбаев бастаған үкiметтiк жұмыс тобы Солтүстiк Қазақстан облысына келдi. Оның құрамында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Бiржан Нұрымбетов, Бiлiм және ғылым вице-министрi Шолпан Каринова, Денсаулық сақтау министрi Камалжан Надыров, мәдениет және спорт министрi Елдос Рамазанов, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрi Данияр Есин бар.Астаналықтардың жұмыс сапары Қызылжар ауданындағы еңбек күшi мол өңiрлерден қоныс аударушыларға арналған тұрғын үйлердi аралаудан басталды. Бұл үйлер өнiмдi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту «Еңбек» мемлекеттiк бағдарламасы аясында салынуда. Биыл облысымызға 688 отбасы қоныс аударды. Ондағы 2060 адамның 1031-i жұмысқа қабiлеттi жаста, 935 — жеткiншек, 57 — студент, 37 — зейнеткер. Облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуының кешендi жоспары негiзiнде 2142 үйдiң құрылысы қарастырылған. 428 үй биыл салынды. Екi жатын бөлме, зал және ас үй 120 шаршы метрдi құрайды.Бердiбек Сапарбаев Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылында тұрғызылған үйлердi аралап, қоныстанушылармен емен-жарқын әңгiмелестi. «Жылу үйге кiрiп, өмiр сүре беруге болады», — дейдi Руслан Насыров. Ол бұл ауылға мамыр айында әйелi және екi баласымен Түркiстан облысы Қазығұрт ауданынан қоныс аударып келген. Өз шешiмiнiң дұрыс екендiгiне көзi жеткен отағасы осы ауылды тұрақтап қалмақ.«Бұл өңiрдiң топырағын алғаш досыма қонаққа келiп басқан болатынмын. Менi көшуге көндiрген сол. Жұмыспен қамту орталығына барып, қандай бос жұмыс орындары бар екенiн сұрадым. Ондағы мамандар барлығын түсiндiрдi, шарттарға құлағдар еттi. Бiрнеше жұмыс орнын ұсынып, таңдау жасауға мүмкiндiк жасады. Баспана мәселесi оңай шешiлетiнiн айтты. Бiз — жас отбасымыз. Қол жеткiзуге тиiстi жоспарымыз да көп. Бәйтерек бiзге ұнады. Адамдары кеңпейiлдi, көмек қолын созға қашанда дайын, — дейдi Руслан Насыров.Жаңа үйлер жылы, жарық, қолайлы. Тұрғындардың көңiлiнен шығып отыр.Жұмыс тобы атбасын тiреген келесi нысан — жергiлiктi мектеп болды. Қонақтар Бәйтерек ауылының тұрғындарымен кездесiп, жылы сөздер естiдi. Тұрғындар ауылының бiр орында тұрмай дамып, көркейiп келе жатқандығын мақтанышпен айтты. Су, коммуникация мәселесiнде еш қиындық жоқ. Тұрғындар үкiмет басшысының орынбасарына тек балабақшаның жiтiспейтiндiгiн айтып, осы мәселеге қолғабыс жасауды өтiндi.Вице-премьер Бескөл ауылында да болды. Аудан әкiмдiгiнде жұмыс тобының халықпен кездесуi ұйымдастырылды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Бiржан Нұрымбетов көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдаудың жаңа тәсiлдерi туралы егжей-тегжейлi айтып бердi.Бердiбек Сапарбаев жұмыс тобының басты мiндетi халықтың өмiр сүру сапасын бағалау және проблемалық мәселелердi шешуге жәрдемдесу деп атап көрсеттi. Әсiресе, бiлiм және денсаулық сақтау сияқты маңызды әлеуметтiк салаларға ерекше тоқталды.«12 жылдық бiлiм беруге көшуге келетiн болсақ, қазiр арнайы топ жұмыс iстеуде. Президент ең бастысы мектептердiң, мұғалiмдердiң, оқулықтардың дайындығын шешiп барып, асықпай орындауға тапсырма берген болатын, — деген вице-премьер сөзiн жалғап — Ауылдық жерлерде мұғалiмдердiң жетiспеушiлiгi болмаса, бұл салада басқа өзектi мәселе жоқ. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша бiз жергiлiктi атқарушы органдармен жұмысты ширатып, мұғалiмдерге тиiстi жағдайды қамтамасыз етуiмiз керек. Мектептердi зертханалармен, кабинеттермен жабдықтау бойынша жұмыстар қарқынды жалғасын табады».Сондай-ақ Бердiбек Сапарбаев азаматтарды мемлекет беретiн мүмкiндiктердi пайдалануға және мемлекеттiк бағдарламаларға қатысуға шақырды. «Түрлi салада 14 мемлекеттiк бағдарлама бар. Олар арқылы 500 мың теңгеге тегiн грант алу мүмкiндiгi бар, сондай-ақ жеңiлдiкпен микрокредит алуға да болады. Бiрақ, өкiнiшке орай, көпшiлiк қолжетiмдi механизмдердi пайдаланбайды. Бiреу бiлсе, бiреу бiлмейдi. Ең бастысы — адамның өз iсiн ашуға деген ниетi. Бiз бұл тетiктердiң халық үшiн жұмыс iстеуiн көздеймiз. Тұрғындар бұл көмектердi пайдаланып, жұмыс iстеп, ақша тауып, отбасыларын асырай алуы үшiн бағдарламаларды одан әрi жетiлдiре түсемiз, — деп атап өттi Бердiбек Сапарбаев.Кездесу соңында жұмыс тобының мүшелерi халықтың сұрақтарына жауап бердi. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/35439?lang=kk
Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министріне қандай сұрақтар қойылды? 14.04.2025
Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев "еститін мемлекет" тұжырымдамасын ілгерілету шеңберінде ұйымдастырылған Азаматтарды бірыңғай ұлттық қабылдау күнінде экология, қоршаған ортаны қорғау мəселесі толғандыратын қазақстандықтарды қабылдады.Азаматтар қойған сауалдардың ішінде мұнай тұнбаларын жою, су қоймаларын тазалау, қорықшылық қызмет жəне басқа да мəселелер бар."Барлық сұрақтарға түсіндірулер беріліп, кейбіреулері бойынша салалық комитеттерге неғұрлым кеңірек жұмыс істеуді тапсырдым. Өңірлердегі қабылдауларды экологиялық департаменттер басшылары жүргізді. Азаматтарды қабылдау тəжірибесі біздің ведомство үшін дəстүрге айналып, еститін мемлекет тұжырымдамасының нақты көрінісі болмақ",-деп жазды М. Мырзағалиев твиттерде азаматтарды қабылдау қорытындысы бойынша.Мəселен, Балтабеков Арманды Қазақстанның су қоймаларын биологиялық тазарту бойынша министрліктің қандай іс-шаралар жүргізіп жатқаны қызықтырады. Министр су қоймаларын тазарту қызметі ағымдағы жылы Су ресурстары комитетіне берілгенін түсіндірді. Қазіргі уақытта су қоймаларындағы төменгі шөгінділерді тазалау іс-шаралары жоспарын құру жұмыстары жүргізілуде. Еліміздің өңірлеріндегі қабылдауларды экология департаменттерінің басшылары өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/34954?lang=kk
Қызылордада кәсіпкерлер саны артып келеді 14.04.2025
Қызылорда облысында шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлердің саны 1393-ке көбейді. Жыл басында тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің ішінде жұмыс істеп жүргендерінің үлесі 86,32 пайызға ұлғайды.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Қожабергенов Фердоуси мәлімдеді. «Биыл аймақта жастарды қолдау мақсатында мемлекеттен гранттар беру конкурсын өткізу үшін жиырма бір миллион теңге қаржыландыруға берілді. Конкурсқа қатысуға 473 шағын кәсіпкерлік субьектілері өтінім түсіп, оның 84-і қаржылай қолдау тапты. Соның ішінде 44 жоба жас кәсіпкерлерге тиесілі»,- деді Фердоуси Әбілқасымұлы.Сондай-ақ, бүгін «Байқоңыр Star-UP 3» бизнес-идеялар конкурсы өтеді. Шарада аймақ жастары өз бизнес жоспарларын ұсынады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/34879?lang=kk
Қызылордада «Fly Arystan» әуе компаниясының тұрақты рейсі ашылды 14.04.2025
«Fly Arystan» әуе компаниясы 2020 жылдан бастап «Алматы–Қызылорда-Алматы», «Нұр-Сұлтан-Қызылорда-Нұр-Сұлтан» бағытында тұрақты рейсін енгізді. Билет құны 5 999 теңгеден басталады. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі басқармасы хабарлады. «Қызылорда қаласының тұрғындары мен қала қонақтары, келер 2020 жылдың наурыз айынан бастап «Fly Arystan» әуе компаниясының рейстері ашылады», – делінген хабарламада. Айта кетейік, рейс жиелігі аптасына 7 рет. Билеттер қаңтар айынан бастап сатылымда болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/34878?lang=kk
Әлем чемпионатында сыр спортшылары қола жүлдеге ие болды 14.04.2025
Бакуде грэпплинг ги, грэпплинг ноу ги спорт түрлерінен жасөспірімдер, кадеттер, жастар және ардагерлер арасында Әлем чемпионаты өтті.Грэпплинг ги түрінен жастар арасында қызылордалық Айғаным Бектібаева мен Нұртілеу Нұрадинов жəне грэпплинг ги бойынша ардагерлер арасында 92 келі салмақта Есіркеп Сейтбек қола жүлделерді иеленді.Жарысқа 25 мемлекеттен спортшылар қатысып, нəтижесінде Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте екінші орынды иеленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/34568?lang=kk
Қ.Ысқақов: Мерзімінде жүзеге асырылмаған индустриялық жобалардың жерлері мемлекет меншігіне қайтарылады 14.04.2025
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Қ.Д. Ысқақовтың төрағалығымен «Индустриалды даму» бағытында партиялық тыңдау өтті. Аталмыш бағдарлама аясында Қызылорда, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған аудандарында атқарылған жұмыстар туралы баяндалды.Қармақшы ауданында бағдарламаның бірінші бесжылдығында «Қорқыт ата зиярат ету орталығы» жобасы жүзеге асқан. Аталмыш жоба 2013 жылы пайдалануға берілген. Орталықтың жылына 1500 туристті қабылдауға мүмкіндігі бар. Ал, индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында «Қуаттылығы жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасын ашу» жобасы іске асырылуда. « І және ІІ бесжылдықтарда индустрияландыру картасына ауданнан 1 жобадан енгізілген, көрсеткіш төмен. Сонда 10 жылда екі ғана жоба. Биылғы жылдың басында «Дорстрой» серіктестігі «Қорқыт ата» кешенін жеке кәсіпкерге жалға берген. Бұл кәсіпорында жоспарға сәйкес 15 жұмыс орны құрылу керек болса, қазіргі таңда кірістер департаментінің мәліметіне сәйкес 3 адам жұмыс істеуде. Сонымен қатар, екінші жоба бойынша кәсіпорынның 6 жыл бұрын ашылғанын, жобалық қауаттылықты игергенін ескере отырып, қалған жұмыс орнының ашылуын бақылауға алыңыз»,- деп нақты тапсырма берді аймақ басшысы.Шиелідегі индустрияландыру бағытындағы атқарылған жұмыстар турасында аудан әкімі Әшім Оразбекұлы баяндама жасады. Бағдарламаның бірінші бесжылдығы аясында картаға 2 жоба енгізілген. ЖК «Палжанов» - кірпіш өндірісі, 2012 жылы іске қосылған, кәсіпорын тұрақты жұмыс істейді. Ал, екінші жоба «Алтын бала-08» ЖШС – қамыс тақтайлар өндірісі. Құрылтайшылар арасындағы дау дамайға байланысты жұмыс уақытша тоқтатылып, өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен индустрияландыру картасынан шығарылған. Бағдарламаның екінші бесжылдығы аясында ауданда құны 149,2 млрд.теңгені құрайтын 5 жоба жүзеге асырылады деп жоспарлануда. «Неліктен бағдарлама аясында екі ғана жоба мақұлданған, басқа жобалар неге ұзақ қаралуда? Жеңіл және жиһаз өнеркәсіптері саласында мүлдем жоба қамтылмаған. Биыл 9 айдың қорытындысымен ауданда жеңіл өнеркәсібі саласында төмендеу байқалған. Осы кемшілікті жою үшін неге бағдарлама аясында жеңіл өнеркәсіп жобаларының қаржыландырылуы қамтамасыз етілмеген? Аудан әкімі бұл мәселені басты назарға алуыңызды тапсырамын»,- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/34564?lang=kk
Дәленов Ресей мен Қазақстан екіжақты ынтымақтастығының оң қарқыны қалай сақталып келе жатқанын баяндады 14.04.2025
Қазақстан мен Ресей арасындағы транзиттік мүмкіндіктерді кеңейту туралы Омбыдағы XVI Өңіраралық форумда сөз болды. Оған Қазақстан делегациясының құрамында сауда-экономикалық миссиямен ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов қатысты. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.ҚР Экономикалық ведомство басшысының айтуынша, Ресей Қазақстанның ірі және басты сауда серіктестерінің бірі болып табылады.Форум қатысушыларына арнаған сөзінде ҚР ҰЭМ басшысы өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көрсеткіштерінің тұрақты өсуі байқалғанын атап өтті. Тауар айналымы 13%-ке артып, шамамен 19 млрд. АҚШ доллары болды.«Ресей де Қазақстанның басты инвестициялық серіктестерінің бірі болып табылады. Инвестициялардың негізгі ағыны өңдеу және тау-кен өнеркәсібі, көтерме және бөлшек сауда, қаржы қызметі, көлік және логистика салаларына тиесілі», - деп атап өтті Министр.Сонымен қатар, Руслан Дәленов өңіраралық ынтымақтастық пен шектес аумақтарымыздың іскерлік байланыстарын дамытуда қол жеткізілген елеулі табысқа назар аударды.«Бұл біз бірлесіп дамытатын, соның ішінде сауда рәсімдерін оңайлату, өзара инвестицияларды ұлғайту, көлік және ілеспе инфрақұрылымды жақсарту арқылы дамып келе жатқан үлкен нарық. Әлемдік экономикадағы сын-қатерлерді ескере отырып, бізге өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты белсенді түрде өсіріп, бірлескен өсу нүктелерін іздестіру қажет. Аймақаралық ынтымақтастық өзгелер үшін көшбасшы және үлгі болуы тиіс» - деді спикер.Қазақтар: «Туыс ата-бабадан, көрші құдайдан» дейді. Біздің тату көршілігіміз, өзара сенімді қарым-қатынасымыз терең құрмет пен бірлескен тарихқа негізделген», - деді Ұлттық экономика министрлігінің басшысы.Анықтама:Делегаттар өнеркәсіп, цифрлық технологиялар, шикізаттық емес экспорт салаларындағы мемлекетаралық кооперацияның перспективаларын қарады.Үкіметаралық, аймақтық және коммерциялық екіжақты маңызды құжаттарға қол қойылды.Іс-шараға қатысушылар арасында министрліктер мен ведомстволардың басшылары, Ресей Федерациясы мен Қазақстан облыстарының бірқатар субъектілерінің басшылары, сондай-ақ екі елдің іскер топтарының өкілдері бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/34281?lang=kk
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дегеніміз не? Руслан Дәленов 1 МЖӘ Форумын ашты 14.04.2025
Астанада Азиялық Даму Банкінің қолдауымен ҚР Ұлттық экономика министрлігі ұйымдастырған Бірінші инвестициялық мемлекеттік-жекешелік әріптестік форумы өткізілуде.Экономикалық ведомство басшысы Руслан Дәленов форум қатысушыларына арнап сөз сөйлей келіп, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің экономикалық өсуді ынталандыратын тиімді әрі прогрессивтік құрал екенін атап өтті. Бұл, тиісінше, жұмыс орнының көбеюі мен халықтың өмір сүру сапасын арттыру.«Мен бүгінгі форумды біздің қызметіміздің нәтижелері туралы айта алатын және шақырылған МЖӘ саласындағы халықаралық сарапшылармен, оның ішінде Азиялық даму банкі, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссия, БҰҰ ЭСКАТО және басқалармен жоспарларымызды талқылай алатын маңызды іс-шара деп санаймын», - деді министр. Өз сөзінде Ұлттық экономика министрлігі басшысы Қазақстанның МЖӘ-ні дамыту саласындағы халықаралық сарапшылар бірнеше мәрте атап өткен тәжірибесін тағы да атап көрсетті: «Біздің еліміз өзіндік «МЖӘ кітапханасына» айналуда. Онда Орталық Азия аймағындағы МЖӘ жобаларын іске асыру туралы ақпарат, білім мен тәжірибе шоғырландырылып, кең ауқым алуда».Анықтама: МЖӘ Форумы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңының қабылданған күніне арналды (2015 жылғы 31 қазан).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/34274?lang=kk
Дәленов: 2025 жылға қарай, ең көп жұмыс орны туризм, көлік және сауда саласында пайда болады 14.04.2025
«Бүгінде еңбек нарығы көптеген өзгеріске ұшырауда. Халықаралық сарапшылардың дерегіне сәйкес, әлемдік еңбек нарығына мынадай трендтер әсер етпек:-АКТ цифрландыру мен дамыту;-Жұмыс орнының күрделендірілуі;-Жұмыспен қамтудың иекмді түрлерін енгізу;-Демографиялық өзгерістер», – деп санамалап өтті бүгін Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы баяндай келіп.Министрдің айтуынша, еңбек нарығы мынадай факторлардың әсерімен өзгереді:Жылына 5% деңгейіндегі және одан да жоғары ЖІӨ жаңа сапалы өсуіне көшу.Экономиканың басым салаларындағы сапалы жұмыс орындарына сұранысты арттыратын бірнеше инвестициялық жобаны іске асыру.ЖІӨ-нің 35%-іне дейін өсетін шағын және орта бизнестің үлесін арттыру.Еңбек нарығының икемділігін ұлғайту. Бұл – макроэкономикалық және басқа да еліміздегі және әлемдегі өзгерістерге икемділік.Дәленов 2025 жылға дейінгі 41,6 трлн.теңгенің инвестициялық жобалар пулы бүгіннің өзінде құрылғанын хабарлады. «Бұл пулды басшылыққа алсақ, 2025 жылға дейінгі жаңа дайындалған кадрларға сұраныс 1,3 млн. адам деңгейінде бағаланады», - деді министр.Көп жұмыс орны туризм, көлік, АӨК, сауда және АКТ салаларында жоспалануда. Бұл көптеген білікті кадр дайындауды талап етеді.Тұтастай алғанда, Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша, 2019-2025 жылғы кезеңде 2,6 млн. жаңа жұмыс орны құрылады. Оның жартысы 41,6 трлн. теңгенің жаңа инвестициялық жобаларын іске асыру есебінен пайда болады. 2,6 млн. жаңа жұмыс орнындағы 600 мың адам таза жұмыс күшінің өсуімен, 2 млн.-ы экономика салаларындағы жұмыс күшінің ағылуымен қамтамасыз етіледі.«Жұмыспен қамтылған халықтың саны 2018 жылы 8,7 млн. адамнан 2025 жылға қарай 9,3 млн. адамға артады. Онымен бір уақытта еңбек нарығы құрылымында сапалы өзгерістер орын алады. Мәселен, өзін-өзі жұмыспен қамтитын адамдардың үлесі 7,5%-ке азайып, АӨК, ОЭК және өңдеу өнеркәсібіндегі ірі инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен экономиканың нақты салаларындағы жұмыспен қамтылғандар үлесі 3% -ке өседі. Туризм мен көрсетілетін қызметтер саласының үлесі 2%-ке артады», - деді ҰЭМ басшысы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/34273?lang=kk
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының тетіктерін жетілдіріп, 2025 жылға дейінгі еңбек нарығын дамыту шараларын әзірлеуді тапсырды 14.04.2025
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы қаралды.ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов ел экономикасындағы жоспарлы құрылымдық қайта құрулардың еңбек нарығына және кәсіпкерліктің дамуына әсері туралы, «Еңбек» бағдарламасын іске асыру туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі А. Сарбасов, ауылдағы шағын несиелендіру туралы ҚР ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Э. Жұмағазиев, өңірлердің азаматтарды жұмысқа орналастыру жөніндегі жұмысы туралы Павлодар облысының әкімі Б. Бақауов және Маңғыстау облысының әкімі С. Тұрымов баяндады.Үш жылда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 1,7 млн адам қатысқан, оның ішінде осы жылдың басынан бері – 500 мың адам, оның 178,8 мыңы – жастар, 12,6 мыңы – мүмкіндігі шектеулі жандар, 15,7 мыңы – аз қамтылған азаматтар. Жыл басынан бері 23,7 мыңнан астам адам қысқа мерзімді оқудан өтті, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 45,4 мың адам оқытылды, 11,6 мың шағын несие берілді, оның 90%-ы — ауылды жерлерде.«Біздің басты міндетіміз – нәтижелі жұмыспен қамтуды күшейту есебінен азаматтардың әл-ауқатын арттыру. 2017-2019 жылдар аралығында “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. 1,3 млн адам жұмысқа орналасты, 51 мың адам жеке бизнесін ашты, 248 мың адам біліктілігін арттырды, 53 мың жас азамат алғашқы кәсіптерін игеруде», — деді А. Мамин.Премьер-Министр осы жылдың соңына дейін еңбек нарығын 2025 жылға дейін кешенді дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеуді, сондай-ақ, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының әрекет етіп тұрған тетіктерін жетілдіруді тапсырды.«Қысқа мерзімді оқыту кепілді жұмысқа орналастыру негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Шағын несие беру және гранттар алу кезіндегі шарттардың орындалуын нақты бақылау қажет», — деді Үкімет басшысы.Премьер-Министр жастардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлді.«Жастардың әлеуетін дамыту мақсатында “Жас кәсіпкер”, “Жас маман” жобалары іске асырылып жатыр. Жастардың жұмыспен қамтылуына ерекше назар аудара отырып, осы бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет. “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасына нақты индикаторларды көрсете отырып, жастарды жұмыспен қамту бойынша жеке блокты енгізуді тапсырамын», — деді А. Мамин.Үкімет басшысы тұрақты жұмыс орындарын құру әкімдер мен салалық министрліктер жұмысының негізгі басымдығы болып қала беретінін атап өтті.Дерек көзі: primeminister.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/34272?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН DOING BUSINESS РЕЙТИНГІ БОЙЫНША 25 ОЗЫҚ ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНА ЕНДІ 14.04.2025
Қазақстан Дүниежүзілік банк тобының Doing Business 2020 рейтингінде үш позицияға көтеріліп, тұңғыш рет 25 озық елдің қатарына енді.Дүниежүзілік банктің есебіне сәйкес, Қазақстан бір жыл ішінде үш позицияға және соңғы екі жыл ішінде 11 позицияға (2017 – 36 орын, 2018 – 28 орын) көтеріліп, 25 орынды иеленген.«Бизнес жүргізу» баяндамасы осымен 17 рет жасалып, 190 елді қамтыды. Ол бизнестің дамуына ықпал ететін немесе кедергі келтіретін реттеу нормаларын, оның ішінде кәсіпорын құру, бизнес жүргізу, сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру, салық төлеу, сондай-ақ инвесторлардың құқығын қорғау деңгейін қоса алғандағы қызмет әрекетінің барлық кезеңдерін зерттейді.Қазақстан барлығы 10 негізгі индикатор бойынша бағаланды. Еліміз 10 негізгі индикатордың 3-еуі бойынша позициясын жақсартып, 1 индикатор бойынша позициясын сақтады.Дүниежүзілік банктің хабарлауынша, Қазақстан «Кредит алу» (+35 позиция), «Кәсіпорындарды тіркеу» (+14 позиция), «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» (+9 позиция) индикторлары бойынша едәуір өсуді көрсетіп, «Келісім шарттардың орындалуын қамтамасыз ету» индикаторы бойынша позициясын сақтады (4 орын).Қазақстан рейтингте Австрияны (27 орын), Испанияны (30 орын), Францияны (32 орын), Португалияны (39 орын), Нидерландыны (42 орын), Италияны (58 орын) және басқа да елдерді басып озған.Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің арасында (ТМД) ҚАЗАҚСТАН КӨШБАСШЫЛЫҚ ПОЗИЦИЯНЫ ИЕЛЕНДІ. Одан кейін Ресей (28 орын), Әзірбайжан (34 орын), Армения (47 орын), Молдавия (48 орын), Беларусь (49 орын), Өзбекстан (69 орын), Қырғызстан (80 орын), Тәжікстан (106 орын) тұр.Doing Business рейтингінің басында Жаңа Зеландия орналасқан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/34268?lang=kk
Дәленов: Инвестиция тарту көзі – МЖӘ 14.04.2025
«1 қазанда МЖӘ жобаларының жалпы саны 1 253, сомасы 3,5 трлн. теңге. Оның ішінде 1,6 трлн. теңгеге 615 шарт жасалды. 1,9 трлн теңге сомасындағы 638 жоба дайындық сатысында», - деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов бүгін Үкімет отырысында Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндай келіп.ҚР ҰЭМ басшысы атап өткендей, көптеген жоба білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларына тиесілі.Көп қаражатты қажет ететін жобалар көлік және инфрақұрылым, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім беру, мәдениет және спорт саласында.«Ағымдағы жылғы мамырда саннан сапаға көшу мақсатында МЖӘ жобаларын санаттарға бөлу енгізілді.МЖӘ жобалары бюджеттен өтеу бойынша шартты түрде 3 санатқа бөлінді:I санат –жеке әріптестің инвестициялары мен операциялық шығындарын бюджеттен толықтай өтеу.II санат –бюджет есебінен инвестицияларды ішінара өтеу.III санат – бюджеттен өтеусіз. Өтеу негізінен нарық есебінен орын алады», - деді министр.Сол арада, Ұлттық экономика басшысы Министрлік қабылдаған жергілікті жердегі жобалардың сапасын үйлестіру мен бақылау шараларына назар аударды. Бұлар:– ЖАО өтеу лимиттері;– жоспарланған жобаларды мониторингілеу;– жобалардағы маржаны бақылау;– жасалған және жоспарланған жобалардың қолжетімділігі мен ашықтығы.Министрліктің деректері бойынша, МЖӘ жобаларына жеке инвестиция тартуға қолайлы жағдай туғызу үшін мынадай жаңа шаралар ұсынылады:1. МЖӘ «бірыңғай терезесі»;2. «Пакеттік шешімдер»;3. «Қайтарымды» МЖӘ;4. МЖӘ процестерін цифрландыру.Экономикалық ведомство осы жаңалықтарды іске асыру үшін заң жобасының тұжырымдамасын жасап, заңнамалық түзетулер жобасын дайындауда.Бүгінгі күні МЖӘ орталығы базасында МЖӘ жобалары бойынша «Бір терезе» құрылды. «Бір терезе» офисінің міндеті – инвесторлармен өзара іс-қимыл, МЖӘ жобалары бойынша ақпараттық-консультациялық сүйемелдеу, сондай-ақ МЖӘ және концессия саласындағы заңнама нормаларын түсіндіру.Қазіргі уақытта МЖӘ орталығының сайтында инвесторлар үшін жобалар базасы және МЖӘ мен концессиялар жөніндегі заңнамаларға сілтемелер орналастырылған «Бір терезе» жеке қойындысы жұмыс істеуде. Инвесторлар жоспарланып жатқан болсын, іске асырылып жатқан жобалар болсын, өздерін қызықтырған кез келген ақпаратты өз бетінше ала алады.«МЖӘ-ні одан әрі жетілдіру мақсатында барлық рәсімдерді электрондық форматқа көшіру ұсынылып отыр. МЖӘ шарттарын жоспарлау, тендерлік рәсімдеу, әзірлеу, тіркеу мен орындау үдерісі цифрландыру мақсатында электрондық форматқа көшіріледі. Бұл жұмыстарды мемлекеттік тапсырыстар порталымен біріктіру көзделуде», - деді министр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/34267?lang=kk
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік форумы аясында бірнеше келісім жасалды 14.04.2025
«Бүгінгі таңда Қызылорда облысы бойынша 34 млрд теңгеден астам сомаға 116 мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобасы жүзеге асырылуда. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет, энергетика, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және т.б. салаларындағы жобалар»,– деді Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай.БАҚ өкілдері құрылыс жұмыстарының кезеңдерін көріп, әрбір нысан бойынша толық ақпарат алды.Маңызды жобалардың бірі – «Тарлан» спорт кешені. «Тарлан батырлары» ЖШС МЖӘ шарты бойынша дене шынықтыру-сауықтыру кешенін пайдалануды қамтамасыздандырады. Мұнда 2 жыл бойы 350 балаға спорттың үш түрі бойынша сабақтар жүргізілуде, олар: бокс, ауыр атлетика және таэквандо.Облыстағы МЖӘ аясында жүзеге асырылған оңтайлы жобаның бірі – жаңа емхана. Бір ауысымда 400 келушіге арналған емхананың ашылуы 43 мыңға жуық адамды медициналық қызметпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Жаңа мекеме заманауи медициналық жабдықтардың арқасында диагностика мен емдеудің жаңа әдістерін енгізді, сондай-ақ медициналық қызметтердің сапасын жақсартты. Бұл жоба бір ауысымда 500 келушіге арналған емхана құрылысы бойынша концессиялық жобаның орнына іске асырылды. Осылайша, өңір 3,6 млрд. теңге сомасында бюджет қаражатын үнемдеп, 2 жылға арналған жобаны іске асыруды жылдамдатты.Сондай-ақ, биыл облыста қоқыс сұрыптау кешенінің қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы және Қызылорда қаласында сыртқы инженерлік желілерді жүргізу басталды. МЖӘ жобасының мақсаты – ҚТҚ кәдеге жарату деңгейін арттыру, сондай-ақ қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету үшін қалдықтарды жинау, тасымалдау, кәдеге жарату және көму бойынша тиімді, сенімді және әлеуметтік қолайлы қызметтер кешенін құру.Жалпы, Қызылорда облысында МЖӘ жобаларының 60%-дан астамы инвесторларды тартуда қиындығы бар ауылдық елді мекендерде жүзеге асырылған.30 қазан мен 1 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстандағы МЖӘ және инвестициялаудың ESG факторлары» Форумы аясында Қызылорда облысы студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жобаларына қол қоюды жоспарлап отыр. Мұндағы мақсат – Қызылорда қаласындағы студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/34265?lang=kk
Ресейлік бизнес ҚР Сауда министрлігінен көмек сұрауда 14.04.2025
ҚР мен РФ шекараға жақын облыстарында өзара сауда жасанды шектеулердің әсерінен төмендеуде. Ресейлік бизнес Мәскеуде жауап жоқ екендігін айтты және Қазақстаннан мемлекет басшыларының назарына «біздің кедергілерді жоюға деген ниетімізді» жетізу үшін көмек сұрауда.Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы XVI форумы шеңберінде Қазақстандық-Ресейлік «Экономикалық шоғырландырудың заманауи аспектілері» іскерлік кеңесі отырысында саудадағы кедергілердің бар болуы талқылаудың басты тақырыбы болды.Сауда және интеграция министрлігінің Экономикалық интеграция департаменті Жантасов Темірлан: «Кедергілердің сақталу себебі жекелеген мемлекеттердің интеграциялық процестерден өз пайдасын көру мен өз нарығын ашуға ниет білдірмеуі болып табылады. Бұл жағдайды өңірлік деңгейде әртүрлі кедергілердің қолданылуы қиындатуда».Жантасов «ЕАЭО ішкі нарығында кедергілердің бар болуы экономикалық белсенділіктің төмендеу факторларының бірі болып табылады» деп қоса айтып кетті.Мәселен, Қазақстан мен Ресейдің шекара жанындағы өңірлерінің тауар айналымы соңғы жылы төмендеп кетті.Егер 2018 жылғы қаңтар-тамыз айларында біздің елдердің шекара маңындағы өңірлерінің өзара саудасы 1,3 млрд долл. құраса, онда ағымдағы жылдың 8 айында ол бар болғаны 1,2 млрд долл. құрады. Бұл төмендеудің себебі Ресейдің шекара маңындағы облыстарында қазақстандық өнімдерге қатысты қолданатын қазақстандық өнім үшін сауда кеңістіктерін шектеу түріндегі жасырын шараларына да байланысты.Қазақстан тарапынан да, Ресей тарапынан да сөз сөйлеген өкілдер қазақстандық-ресейлік мемлекеттік шекараның бойында орналасқан, қазақстандық өнімге қатысты ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау жүзеге асырылатын алдын ала хабарлау пункттерінің қызмет етуінің заңсыз екенін атап өтті.Бұған дейін трансшекаралық саудадағы проблемаларды талқылай отырып, Ресей Федерациясы Сауда-Өнеркәсіп палатасының Вице-президенті Владимир Падалко «Біз неге өзіміз зардап шегетін осы шараларды тудырамыз?» - деп Ресей билігінің өкілдеріне өтініш білдірген болатын. Және қазақстандық Сауда және интеграция министрлігінің өкілінен Мәскеумен болатын келіссөздерде көмек сұрады: «Ресей мен Қазақстан Президенттеріне ресейлік бизнестің өтінішін, біздің кедергілерді жою ниетімізді жеткізуді сұраймыз".ҚР Сауда және интеграция министрлігінің департамент директоры Сауда және интеграция министрлігі үшін жұмыстың басты көрсеткіші-тауарлардың ортақ нарыққа тосқауылсыз шығуы екенін атап өтті: «Сондықтан ресейлік бизнес тарапынан кедергілерді жою мәселесіндегі біздің ұстанымымызға қолдау көрсету маңызды фактор».«Біздің елдерімізде өндірілген тауарлар ортақ нарыққа тосқауылсыз шығуы тиіс», - деп Жантасов түйіндеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/34231?lang=kk
Бақыт Сұлтанов Сауда министрлігі мен бизнес туралы: біз маңызды нарықтарға бірге шығуымыз керек 14.04.2025
2003-Форумнан 2019-Форумға дейін: тауар айналымы 3,5 есеге өсті Сауда және интеграция министрлігінде Қазақстан мен Ресей арасындағы 2003 жылы Омбыда басталған Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының бірінші форумынан бастап сауда-саттықтағы жағдайдың қалай өзгергеніне талдау жүргізілді.Содан кейін, 2005 жылдан бастап ресейлік және қазақстандық қалаларда: Челябинск, Орал, Новосибирск, Ақтөбе, Орынбор, Өскемен, Астрахань, Павлодар, Екатеринбург, Атырау, Сочи, Астана, Челябинск, Петропавл қалаларында кезекпен өтті.Бақыт Сұлтанов форум алаңында журналистермен кездесіп, тауар айналымы осы жылдар бойы өсім көрсеткенін атап өтті2003 жылы өңіраралық ынтымақтастықтың бірінші форумын өткізу уақытынан бастап (15 жыл ішінде) біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы 3,5 есе өсті (2003 жылы - 5 245,5 млн. АҚШ $, 2018 жылы - 18 517,3 млн. АҚШ $), оның ішінде Ресейге біздің жеткізілімдеріміз 2,6 есеге өсті (1 967,7 млн. АҚШ $ - 5 279,9 млн. АҚШ $).Практикалық шешімдер, нақты көмек және нақты ұсыныстар! – бұл іскерлік Форум алаңында жұмыс істегісі келетін адамдардың кездесуінде өтіп жатқан жағдай. Бұл Форум ұйымдастырылуының негізгі себебі. Сондықтан, бүгін журналистермен сөйлесе отырып, Бақыт Сұлтанов форумдағы networking алаңының маңыздылығын атап өтіп, бірінші форумнан бастап, көптеген шешімдер, 100-ден астам түрлі келісімдерге қол жеткізілгендігін атап өтті. Негізінен, бұл, әрине, кәсіпорындар арасындағы келісімдер - бұл өңіраралық ынтымақтастықтың міндеті.- Бүгін біз мемлекет басшылары деңгейіндегі өңіраралық форуммен қатар біздің кәсіпорындар ұсынылған бизнес-форум өткізіп отырмыз.Қазірдің өзінде белгілі бір нәтижелер бар. Бірқатар келісімдер бүгінде шамамен 40 млн $ сомасына жасалады.Бірақ бұл тек бастамасы – кешегі күнге және бүгінге.Сондықтан біз осындай бизнес-форумдардың арқасында кәсіпкерлердің қосымша мүмкіндіктері пайда болады деп үміттенеміз.Біз осындай жұмыс барысында кооперациялық байланыстар құруға кәсіпорындарды, кәсіпкерлерді шақырамыз.Сонымен қатар, ұлттық тауар өндірушілерді үлкен экспортқа шығару туралы айта отырып, Сауда министрі қазақстандық делегациямен ҚХР-ға барған сапардың ірі нәтижелері туралы айтты. Ол 130 млн. $ деңгейіндегі санды атады - бұл қазақстандық кәсіпкерлер Қытайда тапқан келісімшарттардың сомасы:- Сондықтан осындай жұмыстың арқасында біз кооперациялық байланыстар құрып, осындай маңызды нарықтарды бірге сынап көруіміз керек. – деп Министр атап өтті.Форум – бұл өңірлерге бір-бірімен келісімдер жасауға мүмкіндік беретін жалғыз алаң.2019 жылғы Форумның тиімділігі мен пайдалылығы туралы айта келе, Мемлекет басшыларының қатысуымен өткен жалпы отырыстың қорытындысы бойынша 8 екіжақты құжатқа, сондай-ақ форум алаңында 12 коммерциялық келісімге қол қойылғанын атап өткен жөн:Пленарлық отырыста «Қазақстан – Ресей» шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасының тұжырымдамасына қол қойылды.Сондай-ақ, мемлекеттік органдар арасында:- Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Ресейдің жастар ісі жөніндегі федералдық агенттігі (Росмолодежь) арасындағы жастар саясаты саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;- Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі мен Ресейдің Мәдениет министрлігі арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы;- Қазақстан-Ресей шекарасында өткізу пункттерінің жұмыс істеуі бойынша Қазақстан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Ресейдің Көлік министрлігі арасындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасы.Әкімдіктер арасындағы келісімдер:- Қостанай облысы мен Челябі облысының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, мәдени гуманитарлық ынтымақтастық туралы;- Павлодар облысы мен Қорған облысының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық және өзге де салалардағы ынтымақтастық туралы;- Павлодар облысының әкімдігі мен Новосибирск облысының әкімшілігі арасындағы сауда-экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;- «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен Ресейдің шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау банкі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.Коммерциялық құжаттар бойынша:- «Айсберг ПВ» ЖШС мен «Еуразия» сауда үйі арасындағы жартылай фабрикаттарды;- «Казмясопродукт» ЖШС мен «Еуразия» Т арасындағы шұжық өнімдерін жеткізу туралы келісімдер.- «KSP Steel» сауда үйі («KSP Steel» ЖШС қазақстандық компаниясының серіктесі) және KazakhExport;- «Контрол Лизинг» ЖШҚ және KazakhExport;- Москоммерцбанк және KazakhExport;- С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті мен Омбы мұнай өңдеу зауыты және мемлекеттік техникалық университеті;- Павлодар мұнай-химия зауыты мен Омбы мұнай өңдеу зауыты;- БҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы және Саратов облысының Сауда-өнеркәсіп палатасы;- Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен Омбы облысының өнеркәсіп, байланыс, цифрлық және ғылыми-техникалық даму министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдер.«АЗАМ-КС» ЖШС мен «Титан-Агро» ЖШҚ арасындағы ынтымақтастық ниеті туралы келісім.Қарағанды, Қостанай облыстарының Қоғамдық кеңесі мен Свердлов облысының Қоғамдық палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумдар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/34229?lang=kk
Қазақстан Республикасының Адам құқықтары бойынша Әмбебап кезеңдік шолу шеңберіндегі үшінші Ұлттық кезеңдік баяндамасын қорғау жөніндегі 14.04.2025
2019 жылғы 7 қарашада Женева қ. БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңестің Әмбебап кезеңдік шолу (ӘКШ) рәсімі аясында Қазақстанның адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау туралы үшінші Ұлттық баяндамасы сәтті қорғалды.Қазақстандық делегация құрамында Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, Әділет, Ішкі істер, Сыртқы істер, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ақпарат және қоғамдық даму, Білім және ғылым, Ұлттық экономика, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның өкілдері болды.Өз сөзінде қазақстандық делегацияның басшысы Қазақстан Республикасының Әділет министрі М.Б. Бекетаев ӘКШ процедурасының мемлекеттің өзінің адам құқықтары бойынша міндеттемелерін қалай орындайтынын бағалаудың сыртқы құралы ретіндегі маңыздылығын, сондай-ақ БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің ең жақсы халықаралық стандарттары мен тәжірибелерін ұстанатынын атап өтті.Қазақстан 2014 жылы ӘКШ шеңберінде екінші Ұлттық баяндаманың ұсыныстарын іске асыруда айтарлықтай жетістіктерге жетті: Үкіметтің қоғам алдындағы есеп беруін арттыру саясаты жүргізілуде; ТДМ шеңберіндегі халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдануда; сот-құқықтық жүйелері жаңғыртылды; балалар мен әйелдердің құқығын қорғауда, конфессияаралық келісім мен сыйластықты күшейту бойынша шаралар қабылдануда.БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері интерактивті сұхбат барысында қазақстандық делегацияның жоғары деңгейін, сұхбат пен ынтымақтастыққа ашықтығы мен дайындығын, сондай-ақ Қазақстанның адам құқықтарын қорғау және ілгерілету саласындағы жетістіктерін атап өтті.Атап айтқанда, жүздеген қазақстандықтарды Сириядан қайтарған «Жусан» арнайы операциясының сәтті өткізілгені үшін жоғары баға берілді. Өз кезегінде Делегация басшысы терроризммен күрес тәжірибесін басқа елдермен бөлісуге дайын екендігін білдірді.Қазақстан Үкіметінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына өтуі оң бағаланды, оның мақсаты барлық салаларда адам құқықтарын ілгерілету және қорғау, сондай-ақ қоғамды өзекті жалпы мемлекеттік міндеттерді талқылауға тарту болып табылатын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды.Өз сөзінің соңында Әділет министрі Қазақстан Республикасы адам мен балалардың құқықтарын қорғау және ынталандыру, инклюзивті қоғам құру және тиісті институционалдық құрылымдарды нығайту жөніндегі шараларды одан әрі жетілдіруді жалғастыратынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/34214?lang=kk