Enbekshi QazaQ

Қуқық

Кёрлингтен әйелдер құрамасы айқын басымдықпен жеңіске жетті 14.02.2025
Кёрлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы Харбиндегі қысқы Азия ойындарында Қытайдың Тайпейінен басым түсті. Есеп: 14-0.Команда сапында Тылсымай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Эбауер, Екатерина Колыхалова, Регина Эбауер өнер көрсетті.Айта кетейік, әйелдер құрамасы осыған дейін Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Жапонияға жол берген.Бүгін Астана уақытымен 16:00-де еліміздің әйелдер құрамасы мен жарыс қожайыны Қытай 7-сессияда кездеседі. Ал ертең Филиппин және Қатар құрамасы қарсылас болады.Қатар өткен матчта Қытай Қатардан, ал Жапония Филиппиннен басым түсті.Фото: Сали САБИРОВАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934342
Фристайл-акробатикадан Ұлттық құрама күміс медаль жеңіп алды 14.02.2025
Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасы IX қысқы Азия ойындарында 2-орын алды.Командамыздағы Дінмұхаммед Райымқұл, Аяна Жолдас, Асылхан Асан, Шерзод Хаширбаев, Ардана Маханова жалпы алғанда 235.39 балл жинады.Үздіксіз үштікті Жапония акробаттары түйіндеді.Фото: Нұрғали ЖҰМАҒАЗЫАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934352
Олжас Климин - Харбиндегі Азиаданың қола жүлдегері 14.02.2025
Санаулы сəттер бұрын IX қысқы Азия ойындарында ерлер арасында 10 шақырымға еркін стильде шаңғы жарысынан бәсеке аяқталды.Ұлттық құрама спортшысы Олжас Климин 21 минут, 20,3 секундта мәреге жетіп, үздік үштікті түйіндеді. Алтын мен күміс Жапония өкілдерінде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934357
КЕСКІНДЕМЕ ЖӘНЕ БИ ӨНЕРІ МАЙТАЛМАНДАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ ӨТЕДІ 14.02.2025
Шымкент қаласында 7-20 ақпан аралығында А. Пушкин атындағы кітапханада «Кескіндеме және би өнері – Шымкент тарихынан» атты көрме өтеді.Көрме аясында өмірлері Шымкент қаласымен тығыз байланысты болған суретші Григорий Пономаренко мен балет әртісі, педагог Ұлан Мирсеидовтың шығармашылығы таныстырылатын болады.Көрмеде суретші Григорий Пономаренконың соғыстан кейін соңғы кеңестік кезеңге дейінгі негізгі жанрлардағы туындылары ұсынылады. Оның картиналарында 1950-1990 жылдардағы Оңтүстік Қазақстанның қалыптасуы зор сүйіспеншілікпен, шеберлікпен және тарихи шынайылықпен бейнеленген.Ұлан Мирсеидов (1952–2013), Шымкент қаласының тумасы, қазақстандық студенттер мен балет әртістеріне халықаралық байқауларға жол ашқан көрнекті педагог. Ұлан Мирсеидовты «чемпиондар ұстазы» деп атайды, өйткені оның шәкірттері халықаралық аренада алғаш рет жүлделі орындарға ие болды, ал қазақ балет мектебін әлемдік балет қауымдастығы мойындады. Ұлан Мирсеидов ұзақ жылдар бойы Қазақстанда ерлер классикалық биінің стилін қалыптастырды.Көрме Шымкент қаласы әкімдігінің, Түркістан облысы мәдениет басқармасының «Бейнелеу өнері мүзейі» МКҚК, А. Пушкин атындағы кітапхананың, «QazElles» Франциядағы қазақстандық әйелдер ассоциациясының, «MPL» компаниясының және жеке коллекционерлердің қолдауымен өткізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/931732
ШЫМКЕНТ: ЗАҢСЫЗ САЛЫНҒАН НЫСАНДАР БҰЗЫЛУДА 14.02.2025
Биыл Шымкентте заңсыз салынған 10 бизнес нысаны бұзылады. Олардың ішінде “қызыл сызықта” бой көтерген және құрылыс талаптары ескерілмей, рұқсат құжаттарынсыз салынған ғимараттар бар.Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы мамандары Ж.Адырбеков көшесі, 18 шағын ауданы мекен-жайдағы жеке кәсіпкер К.А.Егембердиеваға тиесілі құрылыс нысанына тексеру жұмыстарын жүргізген болатын. Нәтижесінде, кәсіпкердің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне қатысты заңнама талаптарын бұзғаны анықталып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 316 бабы 1-бөлігі, 321-бабы және 463-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен аталған нысанды мәжбүрлеп бұзу туралы талап арыз қанағаттандырылып, бүгін 2 қабатты ғимарат бұзылуда.Қала аумағындағы заңсыз құрылыстарға қатысты 115 құрылыс нысаны бойынша 286 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, тиісті тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Былтырғы жылы сот шешімімен 4 құрылыс нысаны бұзылған. Биыл 8 құрылыс нысанын бұзу туралы сот шешімі қабылданған, сот шешімдерінің орындалуы сот орындаушылардың қарауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/931991
ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН ТЕКСЕРДІ 14.02.2025
Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Шымкенттегі энергиямен қамтамасыз ететін стратегиялық нысандарды аралап, қаланың активімен «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жоспарын іске асыру бойынша кеңес өткізді.Әкімдіктің мәліметі бойынша, бүгінде 29 км жылу желісі және 330 км электр желісі реконструкцияланды. Қазандықтар жөнделіп, 50 электр трансформаторлары ауыстырылды. Кеңес барысында тек желілердің ғана емес, электр подстанцияларының құрылысы да Ұлттық жобаға енгізілуі ұсынылып, мақұлданды. Осылайша, Шымкентте 400 км-ден астам ескірген электр желілерін ауыстыру және қуаты 125 МВт болатын жаңа «Қызылсу» электр подстанциясының құрылысы қарастырылып жатыр.Кейін Вице-премьерге әкімшілік-іскерлік орталықтағы қазандықтың жұмысын көрсетіп, қазіргі таңда ол қаланың 10%-ын жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етіп отырғаны жеткізілді. Жергілікті билік 2027 жылға дейін қолданыстағы 5 қазандыққа қоса жалпы қуаты 120 Гкал болатын 4 қазандық орнатуды жоспарлап отыр, бұл қалаға жылу беру көлемін 20%-ға арттырады (150-ден 530 үйге дейін).Сонымен қатар, Канат Бозумбаев өңірдегі жалғыз ТЭЦ-3 станциясын аралап, ол қалаға 70% жылу және 30% электр энергиямен қамтамасыз ететінін атап өтті. ТЭЦ-3-тің қалаға дейінгі жылу желісінің жалпы ұзындығы 60 км-ге жуық, ал олардың тозуы 90%-ды құрайды. Осыған байланысты, Ұлттық жобаға осы жылу желілерінің 17 км реконструкциялауын қосу туралы шешім қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/933090
ҚАЛА ӘКІМІ ФРАНЦУЗ КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ 14.02.2025
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге бастаған француз кәсіпкерлерімен кездесті. EDF, Veolia, AZ Syndicat, C3Medical, Dualest, СП ALMGT, Richel Group сынды жетекші француз компаниялары мен Франция-Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасының (CCIFK) өкілдері Шымкентте бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.Қала әкімі мегаполиске көрсетілген ықылас үшін француз делегациясына алғысын білдіріп, бизнес-форум аясында өткен B2B және G2B кездесулері ынтымақтастыққа жаңа серпін беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті.Кездесу барысында 2025–2028 жылдарға арналған ынтымақтастықты нығайтуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған Жол картасына қол қойылды. Құжатта мәдени және білім алмасуды дамыту, қала құрылысы, ауыл шаруашылығы және қала инфрақұрылымы салаларында озық француз технологияларын енгізу, сондай-ақ денсаулық сақтау, ғылым және білім беру салаларындағы әріптестікті арттыру қарастырылған.Бұдан бөлек, келісім туризмді дамытуға ықпал етеді. Оның ішінде Шымкентте Франция мәдениеті күндерін және Францияда Шымкент күндерін өткізу, сондай-ақ инвестициялық ахуалды жақсарту мен іскерлік байланыстарды кеңейту шаралары бар. Жол картасын іске асыру қала тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, оның тұрақты дамуына маңызды қадам болмақ.Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Шымкент әкімі Қазақстандағы Франция Елшісі Сильван Гиогемен кездесу өткізген болатын. Келіссөздер нәтижесінде Франция мен Шымкент компаниялары өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілген.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/934249
ФРАНЦУЗ КОМПАНИЯЛАРЫ ШЫМКЕНТТЕ БІРЛЕСКЕН ИНВЕСТЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ 14.02.2025
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге бастаған француз кәсіпкерлерімен кездесті. EDF, Veolia, AZ Syndicat, C3Medical, Dualest, СП ALMGT, Richel Group сынды жетекші француз компаниялары мен Франция-Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасының (CCIFK) өкілдері Шымкентте бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.Қала әкімі мегаполиске көрсетілген ықылас үшін француз делегациясына алғысын білдіріп, бизнес-форум аясында өткен B2B және G2B кездесулері ынтымақтастыққа жаңа серпін беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті.Кездесу барысында 2025–2028 жылдарға арналған ынтымақтастықты нығайтуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған Жол картасына қол қойылды. Құжатта мәдени және білім алмасуды дамыту, қала құрылысы, ауыл шаруашылығы және қала инфрақұрылымы салаларында озық француз технологияларын енгізу, сондай-ақ денсаулық сақтау, ғылым және білім беру салаларындағы әріптестікті арттыру қарастырылған.Бұдан бөлек, келісім туризмді дамытуға ықпал етеді. Оның ішінде Шымкентте Франция мәдениеті күндерін және Францияда Шымкент күндерін өткізу, сондай-ақ инвестициялық ахуалды жақсарту мен іскерлік байланыстарды кеңейту шаралары бар. Жол картасын іске асыру қала тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, Шымкенттің тұрақты дамуында маңызды қадам болмақ.Бұдан бөлек, шара аясында гастрономиялық кешкі ас ұйымдастырылды. Онда әйгілі француз шеф-аспазы Карлос Марсал мен қазақстандық шеф-аспаз Артём Канцев қонақтарға қазақ және француз тағамдарын заманауи үлгіде ұсынды.Бұл шара Париждегі Мишлен жұлдызына ие мейрамханалардың бірінде қазақ ұлттық асханасының таныстырылымы өткен халықаралық жобаның жалғасы болды. Кешкі астың басты мақсаты – екі елдің мәдени және гастрономиялық мұрасын біріктіру.Кездесу Мемлекет басшысының инвестиция тарту, инвестициялық климатты жақсарту және бизнес жүргізу шарттарын оңтайландыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ұйымдастырылды.Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Шымкент әкімі Қазақстандағы Франция Елшісі Сильван Гиогемен кездесу өткізген болатын. Келіссөздер нәтижесінде Франция мен Шымкент компаниялары өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілген.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/934250
Атырауда «Көктем-2025» командалық-штабтық оқу жаттығуы басталды 14.02.2025
Төтенше жағдайдың алдын алуда оқуды үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Атырауда орналасқан. Мұнда екі күн бойына профилактикалық іс-шаралар өткізіледі.Тасқын кезінде күштер мен объектілерді басқаруда жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекетін пысықтау, жедел басқару ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау мақсатында ұйымдастырылған оқу-жаттығу жиынына облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев, ҚР ТЖ вице-министрі Кеген Тұрсынбаев және күштік құрылымдар мен еріктілер қатысты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Оқу-жаттығу жиынын ашқан Қайрат Нұртаев облыста төтенше жағдайлардың алдын алу үшін атқарылған жұмыстарға тоқталып, штаб жұмысына сәттілік тіледі.- Атырау облысы әкімдігі тарапынан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің материалдық-техникалық жарақталуына аса мән беруде. Өрт сөндіру деполары пайдалануға беріліп, лизинг арқылы 30 бірлік техника мен құрал-жабдықтар және республика көлемінде 24 қабатқа дейінгі биіктікте су шашатын арнайы техника сатып алынды. Атырау қаласының судан құтқару бөлімшесіне жаңа ғимарат пайдалануға беріліп, қажетті техникалармен жарақтандырылды. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Атырау облысы әкімдігі мен Төтенше жағдайлар министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде іске асырылуда,-деді Қ.Нұртаев.Кейін төтенше жағдай туралы сирена іске қосылды. Бұл арқылы «Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығы тексерілді.Кейін Бесікті ауылы тұсындағы Жайық өзені бойында шұғыл авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Мұнда жаға бекітіліп, бөгеттер нығайтылды. Бесіктінің тұрғындарын «Күншуақ» балабақшасына эвакуациялап, тіркемелі мотопомпалармен су сору жұмыстары жасалды. Сондай-ақ ауыл тұсындағы Жайық өзенінен автокөлікпен мұздан өтіп, суға түскен адамды құтқару бойынша іс-қимылдар пысықталады. Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Жетісу облыстарында ТЖ жою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша командалық-штабтық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен практикалық іс-қимылдар өткізіледі.Былтыр Жайық өзені бойында 590 км бөгет, республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда 49 су өткізгіш қондырғы орнатылды. Өзен учаскелерінде 7 км жағалау нығайтылып, 121 км түбі тереңдетілді.Нөпір судың салдарымен күреске 1510 адам, 244 техника, соның ішінде жүзу құралдары мен тікұшақтар дайын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/933028
2025 жылдың 4 ақпан күні Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәжіліс залында облыстық, қалалық, аудандық аумақтық сайлау комиссиялары мүшелерінің қатысуымен семинар өткізілді. 14.02.2025
Семинар барысында аумақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссияларының біліктілігін арттыру бағытындағы оқыту жұмыстары, 2025 жылдың 2 ақпанында өткізілген 3 ауылдық округ әкімінің сайлау қорытындысы (Исатай ауданы Зинеден а/о, Қызылқоға ауданы Ойыл, Тасшағыл а/о), ағымдағы жылдың 30 наурызына тағайындалған бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша (Атырау қаласы №12, №18, Қызылқоға №4, №9, Мақат №11, Махамбет №1 округтері) мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлау өткізу бағытындағы мәселелер қаралды. Сонымен қатар, Дүниежүзілік сайлау күніне арналған-іс-шараларға шолу жасап, Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ә.Қыстаубаева сайлау комиссияларында тұрақты негізде жұмыс жасап жүрген әріптестерді Дүниежүзілік сайлау күні – кәсіби мерекемен құттықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/934064
Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтарға шолу 14.02.2025
05.02.ӨЗБЕКСТАН1 қазанға дейін Өзбекстан Қазақстанға 16 млрд текше метр су жібереді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млрд-қа көп. Нұржан Нұржігітов Өзбекстан Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраевпен осы жөнінде келісімге келді.04.02.ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНұржан Нұржігітов Түркістан облысының тұрғындарымен кездесіп, өңірдегі ірі су шаруашылығы нысандарын аралады. Түркістан облысының тұрғындары министрге ирригация және дренаж жүйелерін реконструкциялау, жекелеген гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі, суармалы суды бөлу және шаруаларға субсидия беру жөнінде сұрақтарын қойды.04.02.ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫҚаңтар айында Сырдария өзені арқылы Шардара су қоймасына 2,6 млрд текше метр су келді. Бұл бастапқы болжамнан 100 млн текше метрге артық.04.02.ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫСу ресурстары министрлігі Көксарай контрреттегішін қайта қалпына келтіреді. Нәтижесінде, нысан 1,5 млрд текше метрдің орнына 3 млрд текше метр су жинай алады.07.02.АСТАНАСу ресурстары және ирригация министрлігі Ислам Даму Банкімен ынтымақтастық аясында Жамбыл облысында жаңа су қоймасын салуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, 76 канал мен жұмыс істеп тұрған 1 су қоймасы жөнделеді.03.02.ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫСу ресурстары және ирригация министрлігі алдағы 4 жылда Қ.Сәтбаев атындағы каналдың 19 сусорғы агрегаты мен электр жабдықтарын ауыстыруды жоспарлап отыр. Канал Қарағанды, Павлодар облыстары мен Астана қаласын ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр.07.02.АСТАНАСу ресурстары және ирригация министрлігі биыл мыңға жуық су шаруашылығы маманын қайта даярлау үшін біліктілік арттыру курстарын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, министрлік қытайлық Power China компаниясымен қазақстандық мамандарды ҚХР-да біліктілік арттыру курстарынан өткізу туралы келісімге келді.03.02.АСТАНАБылтыр қазақстандық шаруалар 158 мың гектар жерге су үнемдеу технологияларын енгізді. Атап айтқанда, 56 мың гектар егіс алқабына табиғи жауын–шашынды имитациялайтын жаңбырлатып суару жүйелері, 44 мың гектарға суды өсімдіктердің тамырына тікелей жеткізетін тамшылатып суару жүйелері енгізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/934325
ҚҰРМЕТТІ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ! 14.02.2025
Үкімет Ұлытау өңірінде жаңа мектеп салу үшін қайтарылған активтерден 1,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлді📌 Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет Ұлытау облысының Қаражал қаласында 80 орындық мектеп салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 1,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.🔷 Білім беру нысаны «Вокзал» шағын ауданында салынады. Бүгінде шағын ауданда тұратын балалардың басым бөлігі қаланың басқа аудандарындағы мектептерде білім алуда. Олар екі ауысымда автобуспен тасымалданады. Жаңа білім ошағының құрылысы балаларды заман талабына сай оқытуға қолайлы жағдай жасап, білім алуға қол жеткізуін арттыруға мүмкіндік береді.🔵 Бүгінгі таңда Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар нысандардыі салуға шамамен 56,6 млрд теңге бөлді. Олардың қатарында Атырау облысының Жамансор, Жетісу облысының Рудничный және Көксай ауылындағы мектептер, Түркістан облысының Темірлан ауылындағы музыкалық мектеп, Ақмола облысының Зеренді ауылындағы спорт кешені, Риддердегі көпсалалы аурухана кешені, Шымкенттегі жатақхана және Ақтөбе мен Петропавлдағы 2 балабақша бар.Арнаулы мемлекеттік қорға ақша қаражатын аударудан басқа, «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң субъектілерінің қаражаты есебінен Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған спорт кешені, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Алматыда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жаттығу орталығының құрылысы жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/931247
ҚР Ұлттық құрамасының IX қысқы Азия ойындарындағы жарыс кестесі: 10 ақпан 14.02.2025
ҚР Ұлттық құрамасының IX қысқы Азия ойындарындағы жарыс кестесі: 10 ақпанАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934307
Астанада «Жұмысшы мамандықтар қаласы» республикалық фестивалі өтеді 14.02.2025
Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында 11-15 ақпан аралығында елордада ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтеді. Фестиваль болашақ мамандардың, жұмыс берушілер мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өзара ынтымақтастық алаңына айналады. Жұмысшы мамандықтары қаласының қонақтары арнайы тақырыптық көшелерді аралап, таныса алады: тау-кен, металлургия көшесі, машина жасау және көлік көшесі, ауыл және су шаруашылығы көшесі, құрылысшылар көшесі, болашақ мамандықтар көшесі, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер бұрышы және т.б. Бірнеше күн бойы түрлі семинарлар мен шеберлік сыныптары, мұнай және энергетика салаларындағы тақырыптар бойынша хакатондар, мамандықтар шеруі, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, стартап жобалардың таныстырылымы, машина жасау бойынша шеберлік сыныптары, концерттер, халықаралық аккредиттелген техникалық және кәсіптік оқыту курстары және тағы басқа көптеген іс-шаралар өтеді.   Фестивальге кіру тегін. Күн сайын сағат 10:00-ден 18:30-ға дейін ашық. Мекен-жайы: «EXPO» Халықаралық көрме орталығы, Мәңгілік ел, 53/1   Толығырақ mamanfest.kz парақшасындаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/934291
ТЖ алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков Қостанай облысының су тасқынына дайындықпен танысу іссапарын бастады 14.02.2025
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің ТЖ алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков Қостанай облысына жұмыс сапарымен келіп, өңірдің көктемгі су тасқынына дайындық деңгейін бағалауды бастады. Сапар Арқалық қаласынан басталды. Онда су тасқынын болдырмауға бағытталған алдын алу шараларымен танысты.2024 жылдың наурыз айында Арқалық қаласында 453 тұрғын үй су астында қалды. Су тасқынының ықтимал себептері ретінде жердің ылғалдылығының жоғары болуы, қар көлемінің қалыптан тыс артуы және ауа температурасының күрт көтерілуі аталды. Өткен жылғы жағдайдың қайталанбауы үшін Арқалық қаласы мен ауылдарында алдын алу шараларының кешені жүзеге асырылды.Сапар барысында Серік Жүнісбеков шұғыл әрекет ету топтарының дайындық деңгейін және су тасқынымен күресу үшін қажетті техникалық жабдықтарды тексерді. Сондай-ақ, ол Северный, Родина және Новый ауылдарына барып, онда жаңадан салынған нөсерлік кәріз жүйелері, 50-ден астам әртүрлі диаметрдегі су өтетін құбырлар мен арық жүйелерінің салынғанын көрді. Бұл жұмыстар су тасқынының салдарын азайтуға бағытталған. Сонымен қатар, ол қарды шығару полигонының жағдайымен танысып, оның су тасқынының алдын алу мақсатында қажетті көлемдегі қарды қабылдай алу мүмкіндігін бағалады.ТЖ алдын алу комитетінің төрағасы №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімін аралап, оның қызметкерлерімен кездесіп, көктемгі су тасқынына дайындықтарын талқылады.Сапардың қорытындысы бойынша Қостанай облысының әкімдігі мен ТЖ департаментінің басшыларымен бірлескен жұмыс кеңесі өткізілді. Кеңес барысында төтенше жағдайлардың алдын алу және су тасқынынан халықты қорғау шаралары талқыланды. Қарды уақытында шығару және су тасқынының ықтимал салдарын азайту үшін бөгеттің биіктігін арттыру бойынша ұсыныстар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/934306
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ОНКОЛОГИЯМЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРДЫ ЕМДЕУ ҮШІН СҮЙЕК КЕМІГІ ЖАСУШАЛАРЫНЫҢ ДОНОРЫ БОЛУ МҮМКІНДІКТЕРІ ТУРАЛЫ АЙТТЫ 14.02.2025
Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінде «Әрбір қан тамшысындағы өмір» акциясының шеңберінде трансфузиолог дәрігерлерді, онкогематологтарды шақыра отырып, отандық сүйек кемігі донорлығы институтын дамыту тақырыбында дәріс өтті.Дүниежүзілік балалар обырына қарсы күрес күні қарсаңында Қазақстанда сүйек кемігінің донорлығын насихаттауға бағытталған кең ауқымды ақпараттық науқан басталды.Бастаманың мақсаты - қоғамның назарын сүйек кемігінің донорлығын дамытуға және онкогематологиялық аурулары бар пациенттердің өмірін сақтауға аудару.«Қазақстанда қан обырымен ауыратын 8000-нан астам пациент есепте тұр, жыл сайын 1500-ге жуық жаңа жағдай тіркеледі, оның ішінде балалардың 600-нде жаңа жағдай тіркелді. Олардың көпшілігі үшін қалпына келтірудің жалғыз үміті сүйек кемігін трансплантаттау болып табылады, дегенмен туыс емес донорлар мен реципиенттердің арасындағы үйлесімділік ықтималдығы 10 000 жағдайға шаққанда 1-еу ғана. Сондықтан қан аурулары бар онкологиямен ауыратын науқастарды сәтті емдеу үшін қазақстандық тіркелімде туыс емес донорларды іздеу мүмкіндіктерін кеңейту қажет», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова.«Қазақстанда сүйек кемігі донорларының ұлттық тіркелімі 2011 жылы Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының базасында құрылды. 2025 жылғы 4 ақпандағы жағдай бойынша оның 12 742 әлеуетті доноры бар, өткен жылы тіркелімді 1 673 жаңа донор толықтырды. Өзінің ұлттық тіркелімінен 16 трансплантаттау жасалды және тағы біреуі осы айда жүргізіледі. Қоғамда сүйек кемігі донорлығының айналасында көптеген аңыздар мен алалаушылықтар бар, бірақ бұл шын мәнінде денсаулыққа зиян келтірмейтін және біздің дәрігерлердің қатаң бақылауымен жүргізілетін мүлдем ауыртпалықсыз емшара», - деп атап өтті ҚР ДСМ Трансфузиология ұлттық ғылыми-өндірістік орталығының жетекшісі, жоғары санатты трансфузиолог дәрігер Сәния Әбдірахманова.С. Әбдірахманованың айтуынша, бірнеше онжылдықтың ішінде елдердің арасында дің жасушаларымен алмасу практикасы қалыптасқан. Біздің донорлар шетелдік пациенттерге сәйкес келуі мүмкін және керісінше. Қазақстан 4 трансплантатты шетелге берді, осы жағдайлардың бірінде біздің донор итальяндық пациент үшін әлемдегі жалғыз қолайлы донор болып шықты.Сүйек кемігі донорларының әлемдік тіркелімінде 40 миллионнан астам адам бар, атап айтқанда Германияда тіркелімде 10 миллионнан астам дің жасушаларының донорлары бар, 2500 байланысты емес аллогендік сүйек кемігін трансплантаттау жүргізілді.Бүгінгі таңда балаларға сүйек кемігі жасушаларын трансплантаттау бойынша операциялар екі орталықтың базасында – Алматы қаласының Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында және «UMC» КҚ-да жүргізіледі, онда 2012 жылдан бастап 470-ке жуық гемопоэздік дің жасушаларын трансплантаттау жүргізілген.«UMC КҚ-да гемопоэздік дің жасушаларын трансплантаттау бойынша 200-ден астам операция жүргізілді. 2024 жылы пациенттеріміздің өмір сүруінің бес жылдық шегі 86%-ды құрады», - деді дәріс барысында «UMC» КҚ ГДЖТ бөлімшесінің меңгерушісі Балжан Өмірбекова.Акция шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен еліміздің барлық өңірлерінің Денсаулық сақтау басқармалары қызметкерлерінің қатысуымен жергілікті жерлерде «Сүйек кемігінің донорлығы» тақырыбында дәрістер оқылып, ГДЖ донорлар тізіліміне кіруге ниет білдірушілерден қан алу өткізіледі.ГДЖ донорларының ұлттық тіркелімі: негізгі фактілер🔹 Ұлттық тіркелімнің донорлары халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жоғары ажыратымдылықтағы 5 локус бойынша типтеуден өтеді.ҰБТ Ұлттық тіркелімде 30-дан астам ұлттың өкілдері ұсынылған, бұл оны Қазақстан халқы үшін этникалық жағынан өкілді етеді.Тіркелім құрылғаннан бері пациенттерге донор іздеуге 271 сұраныс түсті. Нәтижесінде 16 туыс емес трансплантаттау, оның ішінде 4-і шетелдік пациенттер үшін (Ресей – 3, Италия-1) жасплды.ГДЖ доноры кім бола алады?Гемопоэздік дің жасушалары донорларының ұлттық тізілімі - трансплантаттауды қажет ететін пациенттермен үйлесімділігін тексеруге болатын әлеуетті сүйек кемігі донорларының дерекқоры. 18 жастан 45 жасқа дейінгі, салмағы 50 килограмнан асатын, ауыр аурулардан (онкология, В және С гепатиттері, стенокардия, бастан өткерген миокард инфарктісі, туберкулез, аутоиммунды аурулар және т.б.) зардап шекпейтін қазақстандықтар сүйек кемігінің доноры бола алады.Сүйек кемігі донорларының Ұлттық тізіліміне қалай кіруге болады?ГДЖ донорларының ұлттық тіркеліміне кіру ерікті және өтеусіз негізде өтеді және бірнеше қарапайым кезеңдерді қамтиды:✅Жақын жердегі қан орталығына бару керек;✅Сауалнаманы толтыру, келісімге қол қою;✅HLA-типтеу үшін тамырдан 1 шыны аспапқа (9 мл) қан тапсыру;Егер донор мен пациенттің арасындағы фенотиптер сәйкес келсе, донор сүйек кемігі донорларының тіркелімінің дерекқорында болады, тіркелім міндетті түрде донормен байланысады.ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы және «Әсел Байсейітова атындағы Қайырымдылық қоры» Қоғамдық Қоры «Әрбір қан тамшысындағы өмір» акциясын ұйымдастырушылар болып табылады.»Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/931974
ЖЕКЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КІТАПШАЛАР ҚАЗІР ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ ҚОЛЖЕТІМДІ 14.02.2025
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жеке медициналық кітапшалардың (санитариялық кітапшалардың) электрондық форматы енгізілді. Азаматтар енді egov mobile мобилдік қосымшасындағы «E-Densaulyk» сервисі арқылы медициналық тексеру нәтижелері мен өздерінің санитариялық кітапшасы туралы деректерді ала алады, бұл медициналық тексеруден өту уақытын едәуір қысқартады және терапевтке қайта бару қажеттілігін болдырмайды. Санитариялық кітапша дайын болған кезде азаматтар 1414 нөмірінен СМС-хабарлама алады.Жұмыс берушілер үшін артықшылықтарЖұмыс берушілер қызметкерлердің медициналық кітапшаларының өзектілігін hr.enbek.kz тегін еңбек ресурстары порталы арқылы тексере алады, бұл санитариялық нормалардың сақталуын бақылауды жеңілдетеді және ықтимал қателіктердің алдын алады.Медициналық кітапшаны кім алуға міндетті?Электрондық жүйе қоғамдық тамақтандыру, дәріханалар, санаторийлер қызметкерлерін, сондай-ақ қызмет көрсету қызметкерлері мен медицина қызметкерлерін қоса алғанда, қызметкерлердің 15 санатын қамтиды. Бұл санаттар үшін тұрақты медициналық тексерулер жылына бір рет немесе алты айда бір рет өткізіледі.Жеке медициналық кітапшаларды электрондық форматқа көшіру арқылы оларды тексеру процесі азаматтар мен жұмыс берушілер үшін оңайырақ және жылдамырақ болды.Бұрын хабарланғандай, азаматтарға ыңғайлы болу үшін медициналық кітапшалар мен аурухана парақтарын қоса алғанда, медициналық анықтамалардың 8 түрі қағаз тасығыштан электрондық форматқа ауыстырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/933380