Enbekshi QazaQ

Қуқық

Қазақстан және Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестіктің практикалық кезеңі басталды 14.04.2025
Брюссель, 2018 жылғы 26 ақпан. – Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді (КӘЫК) іске асыру үшін Қазақстан «жол картасын» әзірлеуді ұсынады.2015 жылы қол қойылған Келісімді бүгінгі таңда Еуропалық Одаққа мүше көпшілік мемлекетратификациялады, сондай-ақ Еуропалық Парламент те мақұлдады. КӘЫК жаңа буындағы құжат болып табылады, ол ынтымақтастықтың 29 бағытын қамтиды. Әріптестіктің жаңа құрылымдары - «сауда конфигурациясындағы» ынтымақтастық комитеті, кеден мәселелерімен айналысатын кіші комитет, энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттың өзгеруі жөніндегі кіші комитет құрылды.«КӘЫК әлеуетін толық ашу Қазақстанның мүдделеріне сәйкес келеді, өйткені бұл құжат Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жан-жақты жаңғырту стратегиясын тиімді іске асыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті министр.Еуропалық Комиссияның және Еуропалық сыртқы әрекеттер қызметінің жоғары лауазымды өкілдері қатарынан жасақталған делегацияға қазіргі уақытта Еуропалық Одақ Кеңесінде төрағалық етіп жатқан Болгария Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Екатерина Захариева басшылық етті. Кездесу барысында делегациялар 2 ақпанда 25 жылдығы аталып өтілген Қазақстан мен ЕО арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың барлық мәселелерін қарастырды.Еуропалық Одақ елге тартылған тікелей инвестициялардың және Қазақстандық сыртқы сауданың жартысына жуығын құрайтын Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық әріптесі болып табылады. 2017 жылы Қазақстан мен ЕО арасындағы тауар айналымы 2016 жылмен салыстырғанда 25 пайызға артып, шамамен 30 млрд. АҚШ долларын құрады.Қазақстан тарапы атап өткендей, жаңа келісімді жүйелі түрде іске асыру, біріншіден, жоғары технологиялық өнімдерді сату арқылы айтарлықтай экономикалық өсу үшін жаңа мүмкіндіктер жасау мен жұмыс орындарын құруға, сауда айналымының көлемін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.«Өз кезегінде, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту азаматтардың еркін қозғалысын қамтамасыз етумен тығыз байланысты.ҚР-ЕО Ынтымақтастық Кеңесі КӘЫК-ке сәйкес құрылған ең жоғары үйлестіруші орган болып табылады. Кеңес жылына бір рет Қазақстанның Сыртқы істер министрлері мен ЕО-ға төрағалық етуші мемлекет деңгейінде кездеседі. Ол Келісімнің тұрақты түрде орындалуын, сондай-ақ, екіжақты немесе халықаралық мәселелерді қарастырады.Сол күні «Euractiv» еуропалық медиа-агенттігі Брюссельде «Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастарды дамыту перспективалары» тақырыбында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың, ЕО-ның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Питер Бурианның, Еуропалық Парламенттің мүшелері, Еуропалық сыртқы іс-әрекеттер қызметінің басшылары, еуропалық сарапшылар қауымдастығы және баспасөз өкілдерінің қатысуымен форум ұйымдастырды. Талқылауға қатысқандар ынтымақтастықтың барлық салаларында Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынастардың жоғары деңгейін және оны әрі қарай кеңейтудің маңызды перспективаларының бар екенін атап өтті. Сондай-ақ, форумда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде 2018 жылдың қаңтарында өткен Қазақстан төрағалығының нәтижелеріне жоғары баға берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27736?lang=kk
Қазақстан СІМ басшысы Брюссельде екіжақты кездесулер өткізді 14.04.2025
Брюссель, 2018 жылғы 26 ақпан - Брюссельде «Қазақстан-ЕО» Ынтымақтастық кеңесінің отырысы аясында Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Федерика Могеринимен әңгімелесу барысында тараптар қазіргі халықаралық және өңірлік мәселелер, Ауғанстандағы жағдай және Орталық Азия мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастық бойынша пікір алмасты.Еуропалық Комиссияның халықаралық ынтымақтастық және даму жөніндегі комиссары Невен Мимицамен кездесуі Орталық Азиядағы ЕО-ныңстратегиясын жаңарту үдерісін талқылауға арналды. Қ.Әбдірахманов Қазақстанның біздің өңіріміздің барлық елдерінің мүдделерін ескере отырып, оның ең жоғары тиімділігін қамтамасыз ету үшін жаңа құжат әзірлеуге белсенді түрде қатысуға дайын екендігін атап өтті. Тараптардың Ауғанстанға, оның ішінде білім беру саласына көмек көрсетудегі ынтымақтастығына ерекше көңіл бөлінді.Министрдің Еуропалық Парламенттің Орталық Азия бойынша делегациясының Ивета Григуле бастаған топ мүшелерімен сұхбаты мағыналы болды.Сыртқы саясат ведомствосы басшысы Бельгия Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы және еуропалық істер министрі Дидье Рейндерспен кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың келешегін, Қазақстанға Бельгиядан инвестициялар мен технологияларды тарту мәселесін талқылады. Бельгияны БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2019-2020 жылдарға кандидат ретінде ұсынуына байланысты, Қ.Әбдірахманов Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі және Президент Н.Назарбаевтың бітімгерлік бастамалары жөніндегі іс-қимылдары туралы баяндады.Сондай-ақ, Қ.Әбдірахманов Брюссельде Мальтаның сыртқы істер министрі Кармело Абеламен және Ирландияның сыртқы істер министрі Саймон Ковенимен кездесті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27735?lang=kk
МИНИСТР Қ. ҚАСЫМОВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРДІ 14.04.2025
Ішкі істер министрі Қ.Қасымов бастаған Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын насихаттау жөніндегі республикалық ақпараттық топ Қызылорда облысында өз жұмысын бастады. Қалмұханбет Қасымов Елбасы Жолдауының негізгі міндеттері талқыланған облыс әкімі Крымбек Көшербаевтың халыққа есеп беру кездесуіне қатысты.Түсіндіру жұмыстары шеңберінде өткізілген облыс активімен кездесу барысында министр басты құжатта көрсетілген негізгі басым бағыттарға сипаттама беріп, алға қойған мақсаттарды іске асыру бағытында ел Үкіметі қабылдап жатқан шаралар туралы әңгімеледі. Кездесуде Төртінші өнеркәсіптік революцияны іске асырудың маңызды бағыттарына, заманауи құқықтық және қауіпсіз қоғам құру мәселелеріне баса назар аударылды.Бұдан соң министрлік басшысы азаматтарға жеке қабылдау өткізіп, өңір тұрғындарының нақты мәселелерімен танысты, сонымен бірге азаматтарды алаңдатқан мәселелерді жедел шешу жөнінде тапсырма берді.Сапар барысында министр ішкі істер, төтенше жағдайлар және қылмыстық атқару жүйесі департаменттерінің жеке құрамымен кездесті. Бұл кездесуде Қ. Қасымов Жолдаудан туындайтын міндеттерді іске асыру үшін ішкі істер органдары қабылдайтын негізгі шараларға нақтырақ тоқталып, басым бағыттарды пысықтады. «Қазіргі заман талаптарына сай болу үшін Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы ішкі істер органдары қызметін жаңғыртуға және технологиялық дамуына жаңа серпін беруі тиіс»,- деп атап өтті ішкі істер министрі әріптестері алдында.Келесі кезекте Қ. Қасымов жергілікті полиция қызметінің, кезекші бөлімнің және қажетті құралдармен қамтамасыз етілген көшпелі полиция бекетінің жұмысымен танысты. Министр ғимараты толық қайта құрастырудан өткен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде болды. Мұнда бұрынғы жапсырмалап салынған үй-жайдың орнына халықаралық стандарттарға сәйкес сотталғандарды камералар бойынша ұстауға арналған жатақханалар тұрғызылған. Сонымен бірге министр сотталғандардың кәсіптік білім алуы және өңірдің бизнес құрылымдарын тарта отырып, қосымша жұмыс орындарын құру мәселелерін талқылады. Министрлік басшысының назарына ІІД оқу-жаттығу орталығының, Жалағаш АІІБ және Арал ауданындағы Сексеуіл полиция бөлімі құрылыстарының жобалары ұсынылды. Сонымен қатар Қ. Қасымов өткен жылы республика бойынша ұйымдастырылған слёттің жеңімпаздары болған жол қозғалысының жас инспекторларымен кездесіп, оларға жол қауіпсіздігі ережелерін жетік игергендері үшін алғысын білдіріп, олардың осынау ұлағатты істерімен қоғамдық тәртіпті нығайтуға өз үлестерін қосып отырғанын және бұл Президентіміз Н.Ә. Назарбаев белгілеген міндеттердің бірі болып табылатынын атап айтты. Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/27733?lang=kk
ЖҮРГІЗУШІ-ПОЛИЦЕЙ БОС ЛАУАЗЫМЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ 14.04.2025
Государственное учреждение «Учреждение автотранспортного обслуживания МВД Республики Казахстан» г. Астана, пр.Тәуелсіздік 1, объявляет конкурс на замещение вакантных должностей полицейских – водителей. Телефоны: 8(7172) 722112, 273550, электронная почта: mvd00@inbox.ru, факс: 714772.Должностные обязанности: Профессионально управлять служебной автомашиной. Содержать транспортное средство в надлежащем состоянии. Знать Правила дорожного движения, основы технического обслуживания автотранспортного средства.Требования к участникам конкурса: возраст не старше 35 лет, образование не ниже среднего, прошедшие воинскую службу, иметь Сертификат Агентства по делам государственной службы о прохождении тестирования на знание законодательства Республики Казахстан, водительское удостоверение категории «В и ВС», опыт работы водителем более 3 (трех) лет. Быть готовым для сдачи установленных нормативов по физической подготовке. Прием документов 10 дней с момента опубликования объявления.Реквизиты: ГУ «Учреждение автотранспортного обслуживания МВД РК»г.Астана, пр.Тәуелсіздік, 1. ИИК: KZ92070101KSN0000000 ГУ «Комитет Казначейства Министерства финансов РК»БИК: KKMFKZ2AБИН: 020940002309Приемная: тел. 8(7172) 722056 Эл.почта: mvd00@inbox.ru Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/27732?lang=kk
ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕСТЕ БІРЛІК КЕРЕК 14.04.2025
Ішкі істер министрлігіне екіжақты әріптестікті нығайту, жаңа технологияларды енгізудегі тәжірибе алмасу, сонымен қатар, ішкі істер органдары жұмысын жетілдіруде Қазақстанның тәжірибесімен танысу мақсатында Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрлігінің делегациясы келді. Делегация құрамында қырғыз елінің ІІМ Ақпараттық технологиялар бас басқармасының бастығы Алмазбек Бообеков, бөлім бастығы Ұлан Бақтығұлов болды. Кездесу барысында екі тарап қылмыстылыққа қарсы күресу, қоғамдық тәртіпті және азаматтардың бас бостандықтары мен құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету бағытында екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықты арттыру, трансұлттық сипаттағы қылмыстарға, әсіресе, телефон, көлік, мал ұрлығына қарсы күресті күшейту мәселелерін талқылады.«Телефон ұрлығына қарсы күресу үшін заңға өзгерістер енгізіледі. Мысалы, осыған дейін тек телефонға салынатын симкарта ғана сатып алушының атына тіркелсе, келесі жылдың қаңтар айынан бастап телефон да сол адамның атына тіркеледі. Яғни, ұрланған телефонды адамдар өз мақсаттарына пайдалана алмайтын болады. Өйткені, телефон ЖСН-і арқылы иесінің атына тіркеледі», – деді ІІМ Ақпараттық-аналитикалық орталығының бастығы Роза Закаргаева. Кездесу барысында мал ұрлығына қарсы күреске кеңінен тоқталды. Қазақстан Республикасы ІІМ тарапынан мал ұрлығына қатысты атқарылып жатқан шаралардан хабардар етті. «Біз бүгінде бұл бағытта Ауыл шаруашылығы министрлігімен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Атап айтқанда, төрт түлік малды сәйкестендіру (идентификация) жүргізіліп жатыр. Себебі, ұрланған малды сипаттама бойынша іздеу нәтиже бермей отыр. Екі елдің шекаралас аудандарында мал ұрлығы жиі орын алады, төрт түлік мал ұрланбаған күннің өзінде шекарадан өтіп кетіп жатады. Міне, осындай жағдайда Сіздерге жануардың «жеке деректерін» жіберу арқылы оны табуды жеделдетуге болады», – деді А. Назаров. Кездесу барысында көршілес елдің өкілдері республикамыздың ішкі істеро органдарында қолданылатын автоматтандырылған жүйелермен, оның жұмысын бағалау критерийлерімен және «Қауіпсіз қала» жобасын енгізу тәжірибесімен танысты.Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/27731?lang=kk
«КОНТРАФАКТ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ 14.04.2025
Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу және ашу, сонымен қатар, еркін саудаға тиым салынған өнімдерді заңсыз дайындайтын, басып шығаратын және тарататын адамдарды анықтау мақсатында жүргізілген «Контрафакт» жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды. Операция барысында ішкі істер органдарымен 167 құқық бұзушылық анықталды, олардың ішінде 115 фактісі авторлық және сабақтас құқық бұзушылық, ақпаратқа құқыққа сыйымсыз қол жеткізу, арнайы техникалық құралдарды заңсыз қолдану, интернет-пайдаланушыларға қатысты алаяқтық. Тыйым салынған еркін айналымнан 8,6 мың бірлік өнім, оның ішінде 8 мың контрафактілік CD-DVD-дискілер мен 11 флеш-карталар, 18 порнографиялық мазмұндағы тасымалдағыштар, 14 лицензиясы жоқ бағдарламалық қамтамасыз ету және 7 басқа ақпарат тасымалдағыштар алынды.Операция барысында Жамбыл облысында контрафактілік өнімдерді жасайтын цех анықталды.Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/27730?lang=kk
Қарағанды облысында «Оңалту түрмесі» пилоттық жобасы іске қосылады 14.04.2025
Жоба Қарағанды облысында орналасқан АК-159/18 (Қарабас к.), АК-159/20 (Долинка к.) мекемелерінде іске асырылатын болады. Бұл Елбасының «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам» Жолдауының 33-қадамын іске асыру шеңберінде атқарылып жатыр. Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Қайыржан Тлеубергенов өз сөзінде, жобаны әзірлеуге мүдделі мемлекеттік органдар, ұлттық және шетелдік сарапшылар, сондай-ақ, түрлі үкіметтік емес ұйымдардың және Еуропалық Кеңестің «Қазақстандағы әділ сотты жетілдіру» жобасы өкілдерінің қатысқанын атап өтті.  Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес сотталғандарды қайта әлеуметтендіру және оңалту тұрақты түрде жүзеге асып отырғанына қарамастан, аталған жоба маңызды жаңалық енгізгелі отыр.Біріншіден, жоба бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуына 6-12 ай қалғандар мен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандарға қатысты қолданылатын болады. Осы мақсатта «Оңалту түрмесінің» шеңберінде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің толықтай кешені қарастырылған.  Оқыту барысында пилоттық жобаны жүзеге асырушылардың құзыреттілігі мен дағдылары, мақсаттары мен міндеттері айқындалады. Сотталғандардың қажеттіліктері мен тәуекелдеріне (ашу-ызаны басқару, тәуелдіклікті емдеу, қаржылық сауаттылық, тұрғын-үй бағдарламалары, т.б.) бағытталған оңалту бағдараламаларын әзірлеу көзделіп отыр. Сотталғанды бостандыққа даярлаудың жаңа тәсілдері оларды әлеуметке қосуда тұрақты мотивация қалыптастыру, өмір сүру салтын өзгерту, дұрыс орта қалыптастыру және осы санаттағы адамдарға әлеуметтік көмек көрсету жүйесі болып табылады. Сонымен қатар, «Оңалту түрмесі» сотталғандардың әлеуметтік байланысын нығайтып, жоғалған құжаттарын қайта қалпына келтіруге бағытталады. Жоба соңында қайталама қылмыстың төмендеуі ғана емес, сондай-ақ бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды орындау кезінде туындайтын жағымсыз салдарды барынша болдырмау жағдайлары күтілуде. Атап айтарлығы, осы жобаны іске асыру кезінде АК-159/18 және АК-159/20 мекемелерінде ҚАЖ қызметкерлеріне арналып оқыту семинарлары ұйымдастырылды. Құқық қорғаушылар мен Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері пенитенциарлық жүйе қызметкерлерін бірқатар шетелдік тәжірибелермен таныстырды. Қарағанды облысының әкімдігімен бекітілген «Оңалту түрмесі» пилоттық жобасы 2018 жылдың І тоқсанында іске асырылататын болады.ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/27729?lang=kk
ІІМ «АВТОБУС» ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫНА ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАЛДЫ 14.04.2025
Ішкі істер министрлігі мен Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп өткізілген «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасына қорытынды жасалды. «Жолаушылар тасымалдау көлігі еліміздің бірыңғай көлік жүйесінің негізгі бөлігі және автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігін сақтау өзекті мәселелерінің бірі болып табылады- дейді Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тургумбаев. – Бұл жай емес – Қазақстанда жыл сайын автобус жүргізушілерінің кінәсінен 500-ден астам жол-көлік оқиғасы жасалады, нәтижесінде шамамен 60 адам қайтыс болып, 800-ден астам  адам жарақаттанады».Жолаушы көліктерінің апатына жасалған талдау көрсеткендей, қалыптасқан жағдайдың негізгі себебі көлік тәртібінің төмен болуы, тиісті бағытталған алдын алу жұмыстарының және лауазымдық тұлғалар мен бағытқа жолаушы автокөлігін шығаруға жауапты тұлғалардың тарапынан бақылау жүргізілмеуінен орын алғандығын дәлелдейді. Осындай бұзушылықтардың орны алғаны үшін сомасы 5,7 млн. теңгеден астам айыппұл салынған автобус паркінің 190 лауазымдық тұлғасы жауапкершілікке тартылды.Полиция қызметкерлері жедел алдын алу шараларын өткізу барысында барлығы қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 19 мың құқықбұзушылықты анықтап, тиісті шара қолданды. Атап айтқанда, еңбек пен демалыс режимі бұзылған – 166 жағдай, 245 тиісті куәліксіз жүргізу фактісі, жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың болмауы бойынша – 594, жылдамдықты асыруда – 1 135 факті, көлік құралын жүргізу барысында ұялы телефонды пайдалану бойынша 3,5 мыңнан астам факті, жолаушыларды заңсыз тасымалдауға байланысты 195 факті анықталды.«Өздерінің жолаушыларына ғана емес, өздеріне де жауапты автобус жүргізушілерінің көлік құралын масаң күйде жүргізуінің 14 фактісі анықталды. Сонымен қатар, есірткіге масайған күйінде автобус жүргізген жүргізуші ұсталған фактілер де бар»- деп белгіледі министр орынбасары. -Ақтөбе облысында есірткімен масаю күйінде жолаушы көлігін басқарған жүргізуші ұсталды, қалалық бағытта қызмет көрсеткен оның автобусында жолаушылар болған».Тексерілген әрбір алтыншы көлік құралында техникалық ақауы бар бола тұра,  олардың жартысынан көбінде рейс алды бақылаудан өткені туралы белгісі болған. 312 заңсыз қайта жабдықтау фактісі анықталды, сонымен қатар көптеген фактілерде отыру орындары алынып тасталған және жатын орындарға айналдырылған немесе жүк қоятын бөлікке айналдырылған. Мысалға, Қарағанды облысында полицейлер Алматыдан Екібастұзға бағытталған автобусты тоқтатқан кезде тексеру барысында барлық артыңғы секторы кереуеттермен жабдықталған, ал жүргізушіде қажетті рұқсат беру құжаттары мен лицензиясы болмаған.Сонымен қатар, жедел-алдын алу шарасы барысында рейс алдындағы тексеруден өтпеген 65 автобус анықталды, міндетті түрде техникалық қараудан өтпеген автобусты жүргізудің 780 фактісі анықталды.Айқындалған бұзушылықтар, жүйелі емес тасымалдауды ұйымдастырудың бірыңғай талаптарының болмауы және автокөлік құралын рейс алдында тексерудің үстірт өткізілетінін көрсетеді.«Автобус» операциясының нәтижелері бойынша қауіпсіздікті және жолаушыларды автомобильдік көлікпен тасымалдау жағдайын жақсарту жөнінде ұсыныстар жасалды, олар көлік және коммуникациялар саласында уәкілетті орган ретінде ИДМ-ға одан әрі қарай жетілдіру үшін жолданатын болады.Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/27728?lang=kk
«КӨКТЕМ-2018» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ 14.04.2025
Басқару органдары, азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарының көктемгі кезеңге әзірлігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылғы 5-6 наурызда оқу-жаттығудың басшылық штабы Өскемен қаласында, «Көктем-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізіледі. Оқу-жаттығудың мақсатына сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылдары мен құлақтандыру, Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық және салалық кіші жүйелерінің көктемгі кезеңдегі ТЖ қатері төнген және туындауы кезінде мақсаты бойынша міндеттерді орындауға жоғары дайындық режиміне ауыстыру мәселелерін пысықтауды жоспарлануда. Оқу-жаттығуға орталық мемлекеттік органдардан (азаматтық қорғаудың республикалық қызметтері), жергілікті атқарушы органдардан (төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялары), азаматтық қорғаудың аудандық және қалалық қызметтері, авариялық-құтқару қызметтері, Қорғаныс министрлігімен келісе отырып Ұлттық Ұланның әскери бөлімдерінен жедел топтарды тарту жоспарланған. Ағымдағы жылғы 5 наурызда су тасқыны кезеңіндегі ТЖ қатері туындауы кезінде басқару органдары мен азаматтық қорғаныс күштерін дайындауға шешім қабылдау және Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындауға шешім қабылдау бойынша азаматтық қорғаудың республикалық және облыстық қызметтерімен штабтық жұмыс жүргізілетін болады. Ағымдағы жылғы 6 наурызда барлық облыстарда, Астана мен Алматы қалаларында көктемгі кезеңдегі ТЖ–ға ден қою бойынша авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізудің практикалық іс-қимылдарын пысықтау бойынша авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары бөлімшелерімен, азаматтық қорғаудың облыстық қызметтерімен арнайы- тактикалық оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізілетін болады. Практикалық іс-қимылдарды пысықтау тікелей су басуға ұшырағыш елді мекендерде өтетін болады. Бұл шұғыл ден қою жасақтарының тікелей су басуға ұшырағыш орындарда нақты су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізіп, жаттығуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оқу-жаттығу орындарындағы сапалы іс-қимылдарды пысықтау және алдын алу шараларын жүргізу бұдан әрі қарай ТЖ болдырмау және тасқын сулардан келетін нұқсанды төмендетуге мүмкіндік береді.«Көктем-2018» РКШОЖ республикалық жедел штабы   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/27722?lang=kk
«ҚАЗАҚША КҮРЕС» КҮРЕС БОЙЫНША АҚПАРАТ 14.04.2025
Ағымдағы жылғы 16 наурызда «Алатау» СК-де Министрліктің орталық аппараты Спартакиадасы шеңберінде «Наурыз-Мейрамын» мерекелеуге арналған «Қазақша күрес» күрес бойынша сайыс өтті. Сайыста ІІМ орталық аппаратынан және оның құрылымдық бөліністерінен 12 команда қатысты. Сайыстың нәтижесі бойынша жалпы командалық сынақта Арнайы даярлық департаментінің командасы – бірінші орынды, ҚР ІІМ «Алатау» РМК командасы – екінші орынды иеленді, Мемлекеттік күзет қызметі басқармасы және Жедел бөліністерінің командалары өзара үшінші орынды бөлісті. АРНАЙЫ ДАЯРЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІ    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/27717?lang=kk
ҚР ІІМ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЮРИЙ ИЛЬИН ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУ БАСҚАН АУДАНДАРЫН ӘУЕДЕН БАҚЫЛАУДА 14.04.2025
27 наурызда су тасқыны жағдайын зерделеу мақсатында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Шығыс Қазақстанға жұмыс сапарымен келді. Ол өңірлік штабқа жұмыс кеңесін өткізіп, сондай-ақ облыстық әкімдікте ҚР Үкіметінің отырысына қатысты.Қазіргі таңда ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары ШҚО әкімімен бірге өңірдегі су басқан аумақтарды аралауда. Юрий Ильин Глубокое және Шемонаиха аудандарындағы су тасқыны жғдайын бағалады. Ішкі істер министрінің орынбасары жағдай шиеленісіп тұрған – Прогресс, Глубокое, Предгорное, Шемонаиха, Верх-Уба ауылдарына ерекше назар аударды. Барлық елдімекендер құтқару бөлімшелерінің жіті назарында, авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Қосымша күштер топтары жоспарланып, жұмыс істеуде, адамдарды қорғаумен қатар олардың тіршілігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. Қазіргі таңда облыстың эвакуациялық пунктерінде шамамен 100 шақты адам бар екендігін, 900-шақтысы туыстарында екенін еске саламыз. Кейбір адамдар эвакуациядан бас тартуда. Азаматтарға азық-түлік әкеліп, орындарда психологиялық көмек өрсету жүргізілуде.ШҚО ТЖД    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/27716?lang=kk
Классиканың жаңа дауыстары 14.04.2025
Бұл кеште дарынды музыканттар, халықаралық байқаулардың лауреаттары, «Астана Опера» Симфониялық оркестрінің әртістері – скрипкашы Әсел Жақиянова мен виолончелист Ботагөз Қалиева, сонымен қатар пианист Жанна Здорнова елорда тұрғындары мен қонақтарына өз өнерлерін ұсынады.- Аталған концерт аясында біздің триомыздың тұсауы кесіледі, бұл біз үшін үлкен жауапкершілік. Мұндай музыка ойнау біздің күнделікті ісімізден ерекшеленеді, біз үшін сонысымен де қызық. Әрбір аспаптың рөлі мен маңызы зор, сөйте тұра олар өзара үндесуі тиіс. Бірнеше айдан бері концертке дайындық жұмыстары жүргізілуде. Танымал шығармалармен қатар сирек орындалатын туындылардан тұратын бұл бағдарламаны құруға біз айтарлықтай уақыт жұмсадық, көп көңіл бөлдік. Мәселен, А.Пьяццолланың триоға арналған «Революциялық тангосы» Астанада алғаш рет шырқалмақ. Сөзсіз, толқыныс та, шығармашылық құлшыныс та бар. Тыңдарманға осы бір музыканың әсемдігін жеткізе білу, оны орындау кезіндегі сезімдеріміз әрі эмоцияларымызбен бөлісу біз үшін өте маңызды, - деді Әсел Жақиянова.Әртіс бірлесіп шығармашылық жасау туралы ойдың достық әңгіме барысында туғанын атап өтті.- Ботагөз Қалиевамен бірге «Астана Опера» театрының Симфониялық оркестрінде жұмыс жасаймыз, ол Қазақстандағы үздік виолончелистердің бірі, бірнеше рет Италия, Германия, Испания, Жапония, Ресей т.б. елдерде өнер көрсетті. Пианист Жанна Здорнова екеуміз Қазақ ұлттық өнер университетінің түлектеріміз, ал қазіргі уақытта М.Глинка атындағы Новосібір мемлекеттік консерваториясында бірге оқып жатырмыз, - деп пікірімен бөлісті Әсел Жақиянова.Ауқымды концерттік бағдарламаға романтик-композиторлардың шығармалары, сондай-ақ құштарлыққа толы танго енді. Ф.Мендельсон-Бартольдидің №1 фортепианолық триосы, ре минор, оp.49, 1-бөлім, Ф.Шуберттің Скрипка мен фортепианоға арналған сонатасы, ля мажор, оp.162, 1-бөлім, И.Брамстың №1 виолончель мен фортепианоға арналған сонатасы, ми минор, оp.38, 1-бөлім, Ф.Крейслердің «Сыған каприччиосы», А.Пьяццолланың триоға арналған Revolucionario («Революциялық танго»), П.Чайковскийдің триоға арналған «Жыл мезгілдері» топтамасынан «Маусым» (Баркарола), С.Рахманиновтың виолончель мен фортепианоға арналған «Вокализ», ор.34, № 14 және А.Скрябинның Поэмасы, ор. 32, № 1 және № 2 шырқалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/27692?lang=kk
Елорда тұрғындары мен қонақтарына Турандот өз жұмбақтарын жасырады 14.04.2025
«Турандот» операсының негізінде ХІІ ғасырдағы Турандот пен Калафтың махаббаты жайлы хикая жатыр. Кезінде бұл оқиға драматург К.Гоццидың назарына ілігіп, соның негізінде ол ертегі жазады, ал жанына жақын келген осы әңгіме бойынша композитор Дж.Пуччини әлемдік опера өнерінің қазынасына енген баға жетпес туынды жасап шығарады.«Турандоттың» әлемдік премьерасы 1926 жылдың 25 сәуірінде Миланда өтті. Композитор опера бойынша жұмысын аяқтай алмай, дүниеден озған еді, бұдан кейінгі барлық көрсетілімдер автордың естеліктері негізінде Франко Альфаномен жазылған қорытынды дуэтпен және финалмен аяқталып отырды.Итальяндық комедиялардағы «бетперделі» кейіпкерлер осынау операда есепшіл қытай шенеуніктерінің бейнесінде көрініс табады, оларды Қытай ұлттық опера театрының солистері орындайды. Бұл операда Турандот (драмалық сопрано Мартина Серафин мен қазақстандық опера дивасы Жұпар Ғабдуллина) қатігездік пен қол жеткізбес сұлулық кейпінде жүзеге асады. Барлық ерлер қауымынан кек қайтару үшін ол сөз салып келген үміткерлерге сынақ ойлап табады – оның жасырған үш жұмбағына жауап бере алмаған жандар жазаға тартылады. Оған өлердей ғашық болған белгісіз ханзада Калаф қана (болгарлық тенор Камен Чанев) сынақтан сүрінбей өтеді. Өзінің ептілігі мен күш-жігерінің арқасында ол барлық үш жұмбақтың түйінін шешеді, бірақ қыз бейтаныс жігіттің есімін атаса ғана, адуынды ханшайымның жүрек отын жағуға дайын.Турандоттың жұмбақтарыЖұпар Ғабдуллина – Турандот – алдағы премьераға қызу дайындалуда. Әртіс бұл партияны баяғыдан орындап жүргенін айтты, енді мизансценаларды жаттап, Давиде Ливермордың ойындағы ниеттерін жүзеге асыру қалды.- Менің кейіпкерімнің асқан сұлулығынан ханзадалардың басы алынуда. Калафқа дейін ханшайымның жүрегін жаулауға келген 14 үміткер өмірімен қош айтысты. Осы партияны орындап жүрген басқа да көптеген спектакльдерде Турандоттың сахна төріне шығуы маңайына салғын ызғарын таратқан мұз іспеттес еді. Либретто бойынша ол бар-жоғы 14 жаста, сондықтан осы қойылымдағы оның іс-әрекетін режиссер психологиялық тұрғыдан түсіндіреді. Бір кездері әжесіне жат жерліктер қорлық көрсеткен, содан Турандот барлық ерлерден кек алуды бастаған. Туған кезінен бастап оған бірде-бір ер адам қол ұшын тигізген емес. Калафтың барлық жұмбаққа берген дұрыс жауаптары оған ауыр соққы болып, күйзелтеді. Ханшайым: «Мен сені жіберемін, өз жолыңмен кете бер» дейді, алайда қарсылыққа тап болады. Бас кейіпкер жігіттен шешімін таба алмайтын жұмбақ қабылдайды. Бұл шынымен де өте күрделі рөл, бейнені жасап, көрермендерге режиссердің негізгі ойын жеткізуге тырысамын. Давиде Ливермордың пайымынша, Турандот нәзік, биязы, оның барлық қозғалыстары әсем әрі көрікті, сол арқылы ерлер қауымын еліктіруде. Вокалдық тұрғыдан қарағанда да, жеңіл жұмыс емес, - деді Жұпар Ғабдуллина.Мартина Серафин де Турандот партиясын әзірлеуде. Әлемге әйгілі опера әншісі Астанадағы жұмысынан алған әсерлерімен бөлісті.- «Астана Опера» – өте әдемі театр, мұнда бәрі керемет ұйымдастырылған. Маған, опера әншісі ретінде акустикасы маңызды болды, бұл жердің акустикасы өте тамаша. Дирижермен, қазақстандық вокалист әріптестеріммен, сонымен қатар дыбысталуы айрықша оркестрмен жұмыс жасаудан ләззат аламын, себебі олардың бәрі – өз ізінің хас шеберлері. Режиссер Давиде Ливермор осы қойылымға жанын салуда, солистермен жұмыс жасағандай әрбір хор әртісімен де қажырлы еңбек етуде. Кейіпкерлердің көңіл-күйіне ерекше басымдық береді. Турандот – менің сүйікті әрі көп орындайтын рөлім, өзімнің қызықты интерпретациямды беруге тырысамын. Барша қазақстандықтарды елордасының 20 жылдық мерейтойымен құттықтағым келеді, осынау спектакльдің айтулы мерекеге орайластырылғанын білемін, осы оқиғаның бір бөлшегі болып, үлесімді қосқаныма қуанышым шексіз, - деді Мартина Серафин.Калафқа жауапсыз ғашық күң Лиу партиясын Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы мен осынау бейнені әлемнің түрлі сахналарында сомдап жүрген Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай орындайды.Опера дивасы Майра Мұхамедқызы аталған партияны бірінші рет орындамақ.- Ішкі жан-дүниесі қуатқа толы қорғансыз қызға таңғалдым. Осындай құдіретті махаббатты жер бетінен сирек кездестіресіз, мұндай сезімді барша жан басынан кешіре бермейді.  Лиу көрермендердің жадында өзінің батыл да батыр әрекетімен есте қалады. Мен орындайтын барлық үш ария – өте күрделі. Біріншісі нәзік, сезімтал, мұнда ол Калафқа махаббатын білдіріп, оған деген сезімі жайлы сыр шертеді. Екінші арияда мен кейіпкерімнің жан-дүниесінде толқып, асауланған сезімдерді жеткізуім керек, себебі оның ғашығы бір көргеннен Турандоттың сұлулығына тәнті болып, одан басқа жанды көргісі де, естігісі де келмейді. Лиу бұл жайтқа көне алмайды, алайда оның жүрегі тек ханзада деп соғады. Тағдырдың жазғанымен олардың бірге болуы бұйырмаған, сондықтан Лиу Калафты құтқара отырып, өзіне қол жұмсайды. Осылайша, эмоцияға толы әрі қайратты Лиу – қарама-қарсы кейіпкер, ол – салқын қанды Турандотқа кереғар бейне. Бұл партияны орындаудың күрделілігі неде? Бір мезетте драмалық ойынды жүзеге асыру әрі вокал, техникалық күрделі сәттер жайлы ұмытпау, - деп атап өтті Майра Мұхамедқызы.Қоюшы режиссер Давиде Ливермор «Астана Опера» театрында әлемге танымал «Опералия Пласидо Доминго 2017» вокалистер байқауында қазылар мүшесі ретінде жұмыс жасаған еді. Ол Дж.Пуччинидің «Турандот» операсын қою үшін театрдан шақырту алғанына риза болған.- Осы жерде болғаныма әрі қос елдің мәдени көпірмен байланысқанына зор қуаныштымын. Осындай керемет театрда тағы да жұмыс жасауға мүмкіндік бергені үшін театр басшылығына алғысым шексіз. 6 жасымда алғаш рет «Турандот» операсымен бетпе-бет келдім. Әкем операның жазбасы жазылған дискті сыйға тартқан еді, сол кезде балалар хорының орындаған бөлігіне таң қалдым. Сол үзіндіні жаттап алып, өз бөлмемде жиі айтатынмын. Сондықтан, бұл опера бала кезімнен бері менімен бірге десем болады. Операда ерекше кейіпкерлер орын алған, меніңше, жер бетіндегі әрбір адам осындай ханзада болуы мүмкін, өмірінің басқа кезеңінде Пинг, Понг, Пангтың кескін-келбетін өз бойынан табуы ықтимал. Ал қазіргі таңда маған жақыны – Калаф. Ол сияқты мен де тағдырды сынап, махаббатқа сенгім келеді, - деп бөлісті Давиде Ливермор.Керемет көрініске лайық...Қоюшы сценографтар Софья Тасмағамбетова мен Павел Драгунов спектакльді көркемдік безендірудің қызықты тұжырымдамасын ұсынды, онда стильдерді араластыра отырып, негізгі элемент ретінде қытай символикасын қалдыру көзделген. Халық либретто авторымен суреттелгендей таңғажайып Қытайды көреді, сондықтан қоюшылар үшін қиялға қанат бітіретін сәт туындайды. Алғаш рет әртүрлі керемет әсерлер жасайтын осы заманға сай технологиялар пайдаланылмақ. Сахнаның таңғажайып трансформациясы, айдаһар мен жылқылардың пайда болуы спектакльдің бейнелілігін арттыра түседі.Сценографтардың идеяларын тәжірибелі басшы Виктор Караренің жетекшілігімен көркемдік-өндірістік кешен шеберлері іске асырды.- Алғаш рет сахнада спектакль бойы жылжытылып отыратын әрі ені  24 метр, ал биіктігі 15 метр болатын экран түріндегі алдыңғы арьер-проекцияға қосымша ретінде қызмет ететін LED-кулисалардағы бейнепроекцияны қатар қолданатын боламыз. Бірінші бөлімде көрерменді таңғалдырып, нағыз судан жаңбыр жауып өтеді. Жарық пен бейнеконтенттің керемет үйлесімі қайталанбас театрлық сиқыр тудырады. Айта кету керек, бұл қойылымда жарықтың атқаратын рөлі зор. Бұдан бөлек, жер астынан пайда болып, 3 метр биіктікке жоғарылайтын (!) бас кейіпкерді көтеруге арналған механизмдерді құрастырдық. Қалпына келтіру-ұсақ-түйек жұмыстар цехы сарайлар мен бағаналар жасау жұмыстарын аяқтауда, бутафорлар мен реквизиторлар да ауқымды жұмыс көлемін атқарды. Әр қойылым сайын біз театрдың қайталанбас тарихын жазамыз, тәжірибе жинақтаймыз, бұл бізге адам сенгісіз жобаларды ең жоғарғы деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік береді, мұның бәрі бізге келген көрерменнің ерекше әлемге тап болғандай сезімге бөленуі үшін жасалады, - деп атап өтті Виктор Караре.- «Турандот» - өте бай көркемдік материал. Ең алдымен, біз барынша пайдаланғымыз келген режиссердің көзқарасына, сахнаның техникалық жабдықталуына сүйендік. Кеңістік бірде ұлан ғайыр кең, бірде шағын болып өзгереді. «Турандоттың» қойылу тарихын зерттей келе, спектакліміздің бұған дейінгі әлемдік нұсқалардың бірде-бірін қайталамайды деп нақты айта аламын. «Астана Опера» театрының қойылымы азиялық және қытайлық стильдердің жарасымды үйлесуімен бірегей болмақ, яғни сценографияда  осы екі мәдениеттің символикасы да көрініс таппақ, - деп түсінік берді қоюшы сценограф Софья Тасмағамбетова.Костюмдер мен декорациялардың түстер гаммасына айтарлықтай ұстамдылық тән, алайда мұның өзінде белгілі бір мән жатыр. Бұл «солғындық», керісінше, басты дүниеге – әрекетке айқын мән беруге жол ашады. Қара-ақ түстер ерекше көлеңкелік акцент тудырады.- Костюмдер тігу үшін біз жібек матаны, бірақ көбінесе қымбат бағалы маталардың бірі - жаккардты пайдаландық. Бұл ретте әшекейлеу екінші орында, ал жиектеме, түймелеу тіпті бұл қойылымға тән емес. Қиындық тудырған ерекше қытайлық пішу үлгісі, мұны тігін цехының шеберлері тамаша меңгерген. Бұдан бөлек, костюмнің пішінін сақтап тұратын матаның фактурасы маңызды болатын. Бас кейіпкер Турандот үнемі халықтың көз алдында болады, яғни бұл жаңа міндет жүктейді – оның киімін ауыстыру сахнаның қақ ортасында жүзеге асырылуы тиіс. Сөйтіп, негізгі киімді әртүрлі төрт жамылғы толықтыратын болады. Ханшайымның соңғы көйлегі қызыл түсті. Біз ұзын саны 247 костюм тіктік, оған 2 мың метрден астам мата жұмсалды. Хор әртістерінің киімдерін ауыстыру нәтижесінде осындай көлемді іс жасадық, бастапқыда көріністің басынан аяғына дейін олар бір киімде болады деп жоспарланды, кейін тағы бір костюм ауыстыру есебінен оларды ұлғайтуға шешім қабылданды, - деп сөзін қорытындыларды сценограф.Ұсақ-түйектер жайлы нақтырақБутафор цехының алдында маңызды міндет тұрды – көптеген ұсақ бөлшектер жасау, көзінің майын тауысып, министрлердің костюмдер жағасының қайырмаларына сән беріп тұратын ордендерді ойып жасау, ханзадаларға арналған медальдар құю. Айта кету керек, бұл ретте әскери тақырып арқау болған, оған дәлел – жендеттер мен қарауылшыларға арналған айбалталар, әскери семсерлер, металл мен ағаштан жасалған қысқа, салттық, имек қылыштар. Бутафорлар қарудың саптарын мұқият қайрайды, ал ұшын жасауға кәдімгі болаттың орнына алюминийді пайдаланады. Кейіннен барып осынау керемет дүние сәнделіп, былғарымен өңделеді. Бұған қоса, шеберлер би көріністерінде пайдаланылатын шыбықтағы қарлығаштарды әзірледі. Ұшу әсерін беру үшін, олардың қанаттары материалдан жасалды.Қолшатырлар, желпуіштер, асатаяқтарды әзірлеу технологиясы ұзақ уақытты талап етеді, олардың түстері шығыс мәдениетіне тән. Дәстүрлі қытай сабан қалпақтарын жасау да қажырлы еңбекті қажет етеді, олар папье-машеден жасалды, төбесі баумен сәнделген олардың ерекше пішіні ескерілді. Мұндай бас киімнің салмағы шамамен 400 грамды құрайды! Сауыт әзірлеу де ерекше назар аудартады, бұлардың саны 22 дана, әрбіреуіне 200 кесек былғары жұмсалады.Музыкалық әлемҚоюшы дирижер Алан Бөрібаевтың жетекшілігіндегі «Астана Опера» симфониялық оркестрі мен хор шебер дыбысталуы үшін бірнеше ай бойы дайындық жүргізді. Осынау операда аса маңызды рөлге ие хорға айрықша жүк артылмақ. «Астана Операның» бас хормейстері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов елордалық театрдың хор әртістерінің ғана шеберлігін шыңдап қоймай, Қытай ұлттық опера театры әртістерінің де өнерін ұштады.Дж.Пуччинидің «Турандот» операсы бойынша жұмыстары 1920 жылдың жазынан бастап 1924 жылға дейін, композитордың қайтыс боларына дейін жалғасқаны белгілі. Ла Скаладағы опера премьерасы кезінде қорытынды бөлімнің ортасында кенеттен музыка тоқтап қалды: Артуро Тосканини өзінің дирижерлік таяқшасын қойып, көрермен қауымға бұрылып: «Осы жерде сұм ажал композиторды өнерден мәңгілікке ажыратты» деген. Осыған дейін жиырма жыл бұрын «Воскресение» операсымен халықаралық атаққа ие болған Пуччинидің досы Франко Альфано сазгерден қалған қорытынды дуэт жазбаларын пайдаланып, «Турандотты» соңына жеткізді. Дәл осы финал нұсқасы елордалық театр сахнасынан шырқалмақ.«Турандот» операсы – «Астана Опера» театрының жиырма төртінші премьерасы, оны сөзсіз ғаламат туынды деуге болады. Қойылым тобының аса зор жұмысының арқасында, айрықша көріністі спектакль елорда тұрғындары мен қала қонақтарының көңілінен шығып, талғамына сай болары анық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/27544?lang=kk
Сирия бойынша Астана процесі кепілгер елдерінің министрлік кездесуі туралы 12.04.2025
Сирия бойынша Астана процесінің кепілгер елдерінен келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Иран Ислам Республикасының, Ресей Федерациясының және Түркия Республикасының сыртқы істер министрлері 2018 жылғы 16 наурызда Қазақстанның елордасында кездеспек.Келіссөздер барысында қатысушылар Сириядағы ахуалды реттеу бойынша ынтымақтастықтың алғашқы жылы ішінде қол жеткізілген нәтижелерді талдауға, сондай-ақ одан әрі бірлескен іс-қимылдарды белгілеуге ниетті.Кездесу қарсаңында, яғни ү.ж. 15 наурызда, аға лауазымды тұлғалардың, сондай-ақ Бірлескен жұмыс тобы мен Тұтқындарды босату, қаза тапқандардың денелерін табыстау және із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру бойынша жұмыс тобының кездесулерін өткізу жоспарлануда.Астанадағы министрлік кездесу байқаушыларсыз және сириялық тарапсыз өткізілуі жоспарланып отыр. Ресей сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, кездесуге БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Стаффан де Мистура шақырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27429?lang=kk
Қазақстан делегациясы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде: Осы күзде Астанада «Ауғанстан әйелдері үшін мүмкіндіктерді кеңейту» атты халықаралық конференция өтеді 12.04.2025
Нью-Йорк, 2018 жыл 8 наурыз. Ауғанстан бойынша арнайы өкіл, Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші Станислав Василенко бастаған Қазақстан делегациясы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Ауғанстан мәселелері туралы отырысына қатысты.Іс-шара барысында Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Ауғанстандағы жағдайға берген бағаны қамтыған және осы елге көмек бойынша БҰҰ өкілдігінің мандатын тағы бір жылға ұзартқан 2405 қарарын қабылдады. Бұл іс-шара БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарларының ережелерін іске асыру қажеттілігіне байланысты, елдегі саяси оқиғаларды талқылау үшін тоқсан сайын өткізіледі. Бұл кездесуде бейбіт жолмен реттеу үдерісіне әйелдердің қатысу маңыздылығы басты назарда болды.Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері 2018 жылдың қаңтар айында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің Қазақстан төрағалығымен Ауғанстанға жасаған сапарын жоғары бағалады. Бұл сапар елдегі жағдайды тереңірек түсінуге мүмкіндік берген. Сонымен қатар, ү.ж 19 қаңтарда БҰҰ ҚК-дегі Қазақстанның жетекшілігімен ұйымдастырылған «Қауіпсіздік пен дамудың өзара тәуелділік үлгісі ретінде Ауғанстан мен Орталық Азияда өңірлік серіктестікті құру» деп аталатын Ауғанстан жөніндегі пікірталастардың маңыздылығы мен тиімділігі аталып өтті.С. Василенко өз сөзінде Ауғанстан тап болған саяси және экономикалық проблемалар, сондай-ақ қауіпсіздікке төнген қауіп-қатер өңірдегі елдердің, халықаралық қауымдастықтың және Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты көмегін талап етеді деп мәлімдеді. Елдегі қақтығыстарды шешудің барлық кезеңдерінде әйелдер жастармен бірге маңызды рөл ойнайтыны айтылды.Осыған қатысты, 2018 жылы күзде Астанада «Ауғанстан әйелдері үшін мүмкіндіктерді кеңейту» атты халықаралық конференциясын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, «Біздің еліміз Еуропалық одақ пен өзге әріптестердің ортақ қаржыландыруымен ауған азаматтарына білім беру бағдарламасын жалғастыру бастамасын көтерді. Жалпы құны 50 миллион доллар болатын білім беру бағдарламасының аясында 2010-2021 жылдары аралығында Қазақстан Жоғарғы оқу орындарында Ауғанстанның мыңға жуық азаматтары білім алатын болады», - деді С. Василенко.Қазіргі уақытта Еуропалық одақ БҰҰ «UN Women» ұйымымен бірлесе жүзеге асыратын, елімізде ауған қыздарын оқытуға бағытталған ортақ жобаның алғашқы кезеңін қаржыландыруға кірісті.С.Василенко БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Ауғанстанға жасаған сапары барысында ауған үкіметі мен елдегі қоғамдық-саяси топтардың, соның ішінде бірінші ханым Рула Гани бастаған әйелдер ұйымдарының негізгі өкілдерімен кездесулер өткенін атап өтті.Қазақстан делегациясы жанжалдардан шығудың үш бірлікті стратегиясының маңыздылығына баса назар аударды. Ол, ең алдымен, қауіпсіздік пен даму мәселелерінің өзара байланысын қамтиды. Онда елдегі тұрақты бейбітшілік пен қауіпсіздікке қол жеткізу үшін тұрақты даму бағдарламаларын қоса іске асыру қажет. Екіншіден, трансшекаралық проблемалар мен қауіп-қатерлерді еңсеру үшін өңірдегі елдердің тығыз ынтымақтастығын қажет ететін өңірлік көзқарас, өйткені қазіргі уақытта әртүрлі қауіп-қатерлер мен проблемаларды бір мемлекеттің шегінде ғана шешуге болмайды. Үшіншіден, «Бірлескен БҰҰ» қағидаты, оның мәні БҰҰ жұмысының үйлестігі мен тиімділігін орталықта және аймақтарда арттыру болып табылады.Жанжалдарды реттеуде әйелдер рөлінің маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан өкілі өз сөзін қазақтың мынадай мақалымен аяқтады: «Әйел бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербейді».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27399?lang=kk
Қазақстан сыртқы істер министрі мен Еуропалық Одақ Өкілдігінің басшысы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады 12.04.2025
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астанадағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің басшысы, Елші Траян Христеаны Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастарды 2018 жылғы 26 ақпанда Брюссельде өткен Қазақстан - Еуропалық Одақ Ынтымақтастық кеңесінің 16-шы отырысында қол жеткізілген уағдаластықтар тұрғысында одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.Тараптар 2015 жылғы 21 желтоқсанда Астана қаласында қол қойылған Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді (КӘЫК) іске асыру үшін бірлескен қадамдарды көрсететін жол картасын әзірлеу жұмыстарын бастау қажеттігі туралы келісті. (Қазіргі кезде КӘЫК-ті ЕО-ға мүше барлық 28 мемлекет ратификациялауға дейін уақытша қолдану режимінде қолданып келеді: бұл ретте, ЕО-ға мүше 23 мемлекет және Еуропалық Парламент оны бекітті).Сонымен қатар, Қ.Әбдірахманов және Т.Христеа Еуразия құрлығындағы өзара байланыс және көліктік-логистикалық қатынастардың перспективалық бағыттарын, сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықтың ағымдағы оң үрдістерін қарастырды. Еуропалық Одақ Өкілдігінің Басшысы әзірленіп жатқан Еуропа мен Азия арасындағы өзара байланыс жөніндегі Еуропалық Одақтың стратегиясын осы жылдың қазан айында өтетін «Азия-Еуропа» Форумы Саммитіне (АСЕМ) дейін бекіту күтіліп отырғанын айтып өтті. Сонымен қатар, өңір елдері, оның ішінде Қазақстан белсенді қатысып отырған Орталық Азия бойынша ЕО-ның жаңа Стратегиясын әзірлеу процесі жалғасуда. ЕО-ның жаңа стратегиясы 2019 жылдың екінші жартысында қабылданады деп болжануда.Ауғанстандағы тұрақты дамуға жәрдемдесу мәселелерінде ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. ЕО Елшісінің айтуынша, қазақстандық тараптың тиісті бастамасына жауап ретінде Еуропалық Комиссия 2010 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан Қазақстанның Ауғанстан үшін білім беру бағдарламасын дамыту шеңберінде Қазақстанның жоғары оқу орындарында ауған әйелдерін оқыту жобасын қаржыландырудың бірінші кезеңін дайындауға кірісті.Кездесу барысында еуропалық дипломат қоғамдық өмірдің түрлі салаларындағы құқық үстемдігі мен заңнаманы жетілдіруге бағытталған Қазақстанның институционалды реформаларын іске асыру барысы туралы хабардар болды.Қ. Әбдірахманов экономикалық даму үшін жаңа ынталандыру шараларын, орта тапты нығайту және елдің адами әлеуетін одан әрі дамытуға бағытталған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасымен егжей-тегжейлі таныстырды.Осы орайда, тараптар аталған бастамаларды іске асыруда Қазақстан мен Еуропалық Одақтың өзара ықпалдасу жолдарын талқылай отырып, осылар ҚР мен ЕО ынтымақтастығының негізгі бағыттарына, оған мүше мемлекеттердің және қаржы институттарының, атап айтқанда Еуропалық қайта құру және даму банкінің негізгі бағыттарына толық сәйкес келетіндігіне назар аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27273?lang=kk
Қ. Әбдірахманов Астана процесінің кепіл мемлекеттер министерлерінің отырысын ашты 12.04.2025
Астана қаласы, 2018 жылғы 16 наурыз – Астанада Иран Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу қатысуларымен Сирия бойынша Астана процесінің кепіл мемлекеттерінің министрлік отырысы өтті.Отырысты ашу барысында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астанада 2017 жылғы қаңтарда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен басталған Сириядағы жағдайды реттеу бойынша келіссөздер процесі бейбіт өмірді қалпына келтіру үшін зор мүмкіндіктер ашып, зорлық-зомбылық деңгейін және қарулы қақтығыстар ауқымын едәуір қысқартуға мүмкіндік бергенін атап өтті.«Қиындықтарға қарамастан, Астана процесі жанжалдың барлық тараптарына өз пікірлерін білдіруге, ең бастысы, нақты қадамдар туралы келісуге мүмкіндік беретін тұғырнама ретінде өзінің тиімділігін дәлелдеді. Белгіленген төрт деэскалация аймағы мен атысты тоқтату режимін бақылау механизмі нәтижесінде елдегі зорлық-зомбылық деңгейін төмендетуге және Сирияның азаматтық тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетуге мүмкіндік туды», - деді Қ.Әбдірахманов.Қазақстандық дипломаттың айтуынша, Астана процесінің шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтар қағаз түрінде қалмауы керек және барлық мүдделі тараптарды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2401 қарарын және мәнсіз қантөгіске жол бермеу үшін атысты тоқтату режимін сақтауға шақырды. Өкінішке орай, мұндай жағдай Шығыс Гутада орын алды. «Тараптар арасында тікелей және инклюзивті диалог арқылы ғана Сириядағы дағдарыстың түпкілікті шешілуіне қол жеткізуге болады», - деді министр.Пленарлық отырыста сөз сөйлеген Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бір жыл бұрын Ресей, Иран және Түркия құрған Астана форматының өзектілігі дәлелденгендігін мәлімдеді. «Астана процесінің басталуымен Астана халықаралық күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелердің бірі – Сириядағы жағдайды реттеу туралы шешімдер қабылданатын маңызды тұғырнамаға айналды. Баспасөзде Қазақстан астанасының атауы аталған жағдайда, миллиондаған сириялықтар Астанаға үміт артады», - деді Сергей Лавров.Кездесу барысында Иран, Ресей және Түркия сыртқы саяси ведомство басшылары Астана процесі басталған сәттен бері қол жеткізілген нәтижелер туралы пікір алмасты және Сириядағы жағдайды реттеу бойынша алдағы қадамдарды белгіледі. Кездесу қорытындысы бойынша министрлер бірлескен мәлімдеме қабылдады. Жуырда Астанада келіссөздердің сегізінші кезеңінің қорытындысы бойынша бекітілген тұтқындалғандармен және қаза тапқандардың мәйіттерімен алмасу, хабарсыз кеткендерді ісдестіру жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.Отырыс аясында Қ.Әбдірахманов Иран және Түркия Сыртқы істер министрлерімен екіжақты кездесулер өткізді, олардың барысында қазақ-иран және қазақ-түрік қатынастарының өзекті мәселелері талқыланды.Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иран, Ресей және Түркия сыртқы саяси ведомстволарының басшыларын қабылдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27264?lang=kk
Nomad Way 2018 халықаралық көшпенділер мəдениетің фестивалі Астанада өтеді 12.04.2025
Көшпелі халықтардың мəдени мұрасын сақтап, кеңінен таратуды мақсат еткен Nomad Way 2018 көшпенді мəдениеттің халықаралық фестивалі елордада маусымның 22 мен 24 аралығында Есіл өзені жағасындағы амфитеатрда өтеді.  Іс-шараны Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлігі The Spirit of Tengri жобасымен бірлесе Астана қаласының 20 жылдығы аясында ұйымдастырып отыр.Nomad Way көшпенді мəдениеттің халықаралық музыкалық фестивалі бүгінде еліміздегі ең жарқын мəдени мерекелердің біріне айналды. Шараны 2017 жылы The Spirit of Tengri жобасы ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.Жыл сайын Қазақстан Ұлы Дала жеріндегі бауырлас халықтардың музыкалық мəдениетінің өкілдерін қарсы алады.Биыл Nomad Way фестивалі көрермен назарына ethno-world жанрының ең танымал орындаушылары қатысатын 3 күндік шоу ұсынбақ.Бұл фестивальдың басты ерекшелігі - əлемнің 20 мемлекетінен келетін əртістер негізгі бағдарламаларынан бөлек, қазақтың халық əндері мен шығармаларын да орындайды.Фестиваль қонақтары мен көрермендері тек қана жанды дауыс, керемет жарық шоуы, дəстүрлі аспаптардың үніне толы, келушілерге ерекше энергия сыйлайтын 3 күндік музыка мерекесіне куə болады. Фестиваль көшпенді халықтардың мəдени мұрасын сақтап, танымал етуді мақсат тұтады.Nomad Way фестивалінің қатысушылары өз елдерінің музыкалық мəдениетінің ең атақты өкілдері.Биыл Астананың 20-жылдығына орайластырылып отырған Nomad Way 2018 фестивалінің сахнасына  Еуразия құрлығының түкпір-түкпірінен келген 19 өзгеше музыкалық ұжым шығады. Қатысушылар құрамы (19 ұжым):Aldaspan (Қазақстан)Tilla Török's Band (Мажарстан)Арғымақ (Башқұртстан)Gulzada (Қырғызстан)Abbos (Өзбекстан)Namgar (Бурятия)Radik Tyulyush & Chalama Project (Тува)Ислам Сатыров (Ставрополь аймағы)Khoomei Beat (Тува)Zaman (Башқұртстан)Shono (Бурятия)Baba Zula (Түркия)Болот Байрышев & Белуха Jam (Алтай)Avesto (Тəжікстан)Группа «Айархаан» / Чылтыс Таннагашева / DJ Nariman Issenov (Якутия / Таулы Шория / Қазақстан)Svjata Vatra (Украина / Эстония)Yedil & Satzhan project (Қазақстан)Huun Huur Tu & DJ Carmen Rizzo (Тува / АҚШ) Nomad Way 2018 көшпенді мәдениеттің музыка фестивалін қазақстандық «Алдаспан» этно-рок тобы ашады. Бұл – электр домбыраларда ойнайтын бірегей ұжым. Топтың атауы айтып тұрғандай, өнер ұжымы әндерінің басым бөлігі ер-азаматтардың намысын оятып, рух беруге бағытталған. Топ репертуары батырлардың ерлігін жырлайтын, күш-жігерге толы көне түркі әскери эпостар мен жыр-дастандардан тұрады. AVESTO – өз елінің ең танымал этно-джаз ұжымдарының бірі. AVESTO музыкасы стилі жағынан әр алуан: онда дәстүрлі әуендер де, заманауи свинг те, "джаз-рок", модальды джаз, "би-бо", "фри-джаз" да бар. Топ өз шығармашылығында заманауи джаз музыкасын шығыстың этникалық әуендерімен әдемі үйлестіреді. «Арғымақ» этно-рок тобы - Башқұртстанның заманауи этникалық музыкасындағы көшбасшы ұжым. Өз шығармашылығында башқұрттың курай, думбыра, кубыз, кыл-кубыз секілді дәстүрлі аспаптарын, көмеймен ән айту шеберлігін гитара, бас, ұрмалы аспаптармен және әлемнің түрлі елдерінен жиналған этникалық аспаптармен қатар қолданады.Nomad Way фестивалінде қырғыздың музыкалық мәдениетін осымен әнші Гүлзада ұсынбақ. Гүлзада Рысқұлова өз шығармашылығында қырғыздың дәстүрлі музыкасын түрлі жанрлармен үйлестіре отырып, орындайды. Халық әндерін рок, джаз, электроникамен әрлеп, шебер шырқайды.Abbos ұжымы Nomad Way көшпенді мәдениеттің музыкалық фестивалінде өзбектің музыкалық мұрасын паш етеді. Abbos тобының шет мемлекеттерде танымал болуына бірден-бір себепкер – оның негізін қалаушы, дойра мен өзге де халық аспаптарының майталманы Аббос Касимов. Ұжым мүшелері карнай, сурнай, рубоб пен танбур сияқты аспаптарды да қолданады.Биыл Nomad Way көшпенді мәдениеттің музыкалық фстивалінде буряттардың музыкалық мәдениетін тағы да Namgar жобасы ұсынады. Топтың атауы ұжым вокалисі Намгар Лхасаранованың есімімен байланысты қойылған. Ол – керемет әнші ғана емес, буряттың үні ерекше ұлттық аспабы – ятагада ойнайтын майталман музыкант.Nomad Way фестивалінің екінші күнінің шымылдығын әйгілі тувалық музыкант, көмеймен ән айтудың хас шебері Радик Тюлюш пен оның Chalamа атты жобасы ашады. Тувалық жұлдызды бас-гитарист Сергей Калачев пен үнді дауылпаздары-таблада ойнайтын музыкант Геннадий Лаврентьев сүйемелдейді.  Nomad Way көшпенді мәдениеттің музыка фестивалінде алғаш рет Ислам Сатыров өнер көрсетеді. Музыкант өз бастауын Алтын Орда дәуірінен алатын, тарихы терең түркітілді көне тайпа – ноғай этносының мәдениетін паш етпек. Ислам Сатыровтың шығармашылығы – этника мен заманауи музыкалық стильдердің синтезі. Музыкант шығармаларының басты тақырыбы – тарихи-патриоттық композициялар мен махаббат лирикасы.Тувалық музыканттардың жаңа буын өкілдері - Khoomei Beat ұжымы Nomad Way көшпенді мәдениеттің музыка фестивалі сахнасына алғаш рет шығады. Музыканттар экспрессивті рок пен жеңіл поп-музыканы микстеу шеберлері.ZAMAN этно-жобасы - World Music жанрында өнер көрсететін және көбіне тек башқұрт тілінде ән шырқайтын топ. Топ репертуары авторлық композициялар мен башқұрттың заманауи өңдеуден өткен халық әндерінен тұрады.Бурятиядан келген Shono тобы Nomad Way көшпенді мәдениеттің музыка фестиваліне екінші рет қатысқалы отыр.Топтың негізін қалаушы – әнші, әрі көмеймен ән айту өнерінің майталманыАлександр Архинчеев. Оған қоса, Александр ішекті этникалық аспаптар: морин-хур, сух-хур және үрмелі аспап лимбэде ойнайды.Қазақстандық көрерменнің ерекше ықыласына бөленіп үлгерген Түркияның әйгілі BaBa ZuLa ұжымы Nomad Way көшпенді мәдениет фестивалінде тағы да өнер көрсетеді. Топтың әр өнер көрсетуі – ерекше рәсім. Ол – музыка, би мен поэзияның үндестік табуы. Түрік ұжымы венециялық биеналле, Дания, Чикаго, Берлин мен Амстердамда өткен «Roskilde» фестивальдары сияқты әлемдік шараларға қатысқан.Болот Байрышев – Алтай Республикасы мен Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі. Алтайдың «кай» атты көмеймен ән айту техникасын және барлық ұлттық аспаптарды меңгерген. БЕЛУХА JAM — дәстүрлі Алтай музыкасын заманауи рок-өңдеуде орындайтын Таулы Алтайдан шыққан музыкалық ұжым.Музыканттар Алтай халқының ұлттық эпостарын, «алкыш» деп аталатын шығармаларын және орыс, алтай тілдеріндегі авторлық әндерді орындайды.Мажардың халық музыкасында классикалық скрипкамен қатар, мажарша «кобоз» деп аталатын лютня аспабының орны ерекше. Топ солисі Tilla скрипканы да, лютняны да тамаша меңгерген.Tilla Török  мажардың халық музыкасы, көшпелі халықтардың әуендерін заманауи өңдеуден өткізіп, тыңдарманға ұсынады.«Айархаан» тобы – көптеген халықаралық конкурстардың, этникалық фестивальдардың лауреаты. Тек қана дауыс пен хомус аспабының арқасында музыканттар жан-жануарлардың, құстардың, табиғаттың дауысын шығара алады.Чылтыс Таннагашева – Таулы Шорияда көмеймен ән айту техникасын меңгерген алғашқы  әйел адам. Музыкант – бірқатар байқаудың жүлдегері: 2008 жылы "Устуу-Хурээ" атты жанды дауыстағы халықаралық фестиваль 2008 – Тыва р.; Сібір, Солтүстік және Қиыр Шығыс халықтарының "Икенипке" фестивалі 2009 – Мәскеу; "Риду риду" Халықаралық фестивалі 2014 - Норвегия.The Spirit Of Tengri және Nomad Way фестивальдарында түрлі этно-музыканттармен бірге өнер көрсетіп, көрермендерді ерекше туындылармен тәнті еткен қазақстандық DJ Nariman Issenov биыл да көшпенді мәдениеттің фестиваліне атсалысады. Үшінші концерттік күні ол сахнаға якутиялық «Айархаан» триосымен және Таулы Шориядан келген өте талантты орындаушы Чылтыс Таннагашевамен бірге шығады.«Svjata Vatra» – эстон-украиндық “fire-folk” тобы. Украина мен Эстония музыканттары қосылған ұжым халық музыкасын, Балтық мелодияларын ойнайды.Эстониядағы концерттерінен бөлек, Svjata Vatra Франция, Ресей, Украина, Швеция, Финляндия, Латвия, Германия, Чехия, Румыния, Нидерланд сахналарында өнер көрсеткен.Қазақстандық көмеймен ән айту шебері, әрі қазақтың көне музыкалық аспаптарын меңгерген майталман музыкант Еділ Құсайынов Nomad Way музыкалық фестивалінің сахнасына тағы да шығады. Еділ Құсайыновтың шығармашылығы – көне мен жаңаның үндестігі, ерекше синтезі."Хуун-Хуур-Ту" тобына ғана тән әуендерді бүкіл әлемдегі музыка сүйер қауым біледі. Музыканттар тувалық дәстүрлі әндерді тыңдарманға ерекше әсер ете отырып орындайды. "Хуун-Хуур-Ту" шығармашылығының басты ерекшелігі – тувалық көмеймен ән айту өнері. Осыдан бірер жыл бұрын "Хуун-Хуур-Ту" АҚШ-та аса танымал  диджей Carmen Rizzo-мен бірге жұмыс жасай бастады. Carmen Rizzo "Грэмми" жүлдесіне екі мәрте номинант болған. "Хуун-Хуур-Ту" тобымен бірге жоба жасауды диджейжің өзі ұсыныпты.  The Spirit of Tengri фестиваліне қатысты мəліметThe Spirit of  Tengri  -  заманауи этникалық музыка жанрындағы  ең ірі əлемдік жобалардың бірі, ұлттық ауқымдағы мəдени бренд мəртебесіне ие болған мульти-мəдени жоба.Оның мақсаты – Ұлы Дала жəне күллі əлем халықтарының мəдени мұрасымен таныстыру, Қазақстан жерінде заманауи этникалық музыка өнері жұлдыздарының басын қосу.Жобаның негізін 2012 жылы Tengri FM ұлттық радиостанциясы қалады. Қазіргі уақытта фестивальға қатысушылар қатарында əлемнің 70-тен астам мемлекетінен шыққан музыкалық ұжымдар бар. Фестиваль өткізілген уақыт аралығында шараны 100 мыңнан астам адам тамашалады.The Spirit of Tengri жобасы аясындағы концерттер – ақпараттық-көркем материалдармен, видео-контентпен əрленетін музыкалық шоу. Яғни, концерттердің ойын-сауықтық қана емес, танымдық маңызы бар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/27244?lang=kk
Қазақстан Ташкентте Ауғанстан жөніндегі халықаралық конференцияға қатысты 12.04.2025
Ташкент, 2018 жыл 27 наурыз. Қазақстан Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру бойынша халықаралық күш-жігерді қолдайды және мүдделі тараптарды бейбіт келіссөздерді тез арада бастауға шақырады. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Өзбекстан Үкіметінің бастамасымен ұйымдастырылған Ташкенттегі «Бейбітшілік үдерісі, қауіпсіздік және өңірлік ынтымақтастық саласындағы ынтымақтастық» атты жоғары деңгейдегі конференция барысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.Конференцияны Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Ауғанстан Президенті Мохаммад Ашраф Гани ашты.Конференцияның басты мақсаты Ауғанстандағы жағдайды бейбіт жолмен реттеудің негізгі қағидаттарын үйлестіру, Ауғанстан үкіметі мен қарулы оппозиция арасындағы келіссөздерді бастау тетігін әзірлеу, сондай-ақ осы үдерісті қолдау үшін әлемдік қоғамдастықтың бірлескен әрекеттерін үйлестіру болды.Қазақстан Сыртқы саясат ведомствосының басшысы бейбітшіліктің, қауіпсіздіктің, ынтымақтастықтың және дамудың өңірлік аймағының үлгісін Орталық Азияда қалыптастыру, соның ішінде Ауғанстанға экономикалық және әлеуметтік дамуда көпжақты көмек көрсету, бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген қауіпке қарсы тұру, сондай-ақ оның әлеуетін нығайту Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмысы басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті.Тұрақты дамудың осы және басқа мақсаттарына қол жеткізу үшін халықаралық қоғамдастық тарапынан кеңінен қолдау тапқан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бастамалары бағытталған.19 қаңтарда қазақстандық делегация БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде «Қауіпсіздік пен дамудың өзара тәуелділігінің үлгісі ретінде Ауғанстанда және Орталық Азияда өңірлік әріптестікті құру» тақырыбында министрлік пікірталастарын өткізді, оның қорытындылары бойынша біздің өңірімізде БҰҰ құрылымдары, агенттіктері қызметінің және бағдарламаларының тиімділігін арттыруға және үйлестіруге бағытталған Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының бәтуаластық мәлімдемесі қабылданды», – деп қосты министр.Ташкент конференциясының қатысушылары алдында сөйлеген сөзінде Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде осы кездесуді шақырудағы бастамасы үшін шын жүректен алғысын білдірді.«Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандырудың негізі елдегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді, білім беру деңгейін және басқа да адами стандарттарды жақсартуға бағытталған реформалар болуы тиіс деп санаймыз», - деді министр.Қазақстанның Еуропалық Одақ пен басқа да серіктестерінің бірлесіп қаржыландыру көмегімен Ауғанстан азаматтарына білім беру бағдарламасын жалғастыру туралы бастамасын ұсынғаны белгілі. 2010 жылдан бастап Қазақстан өзінің оқу орындарында жалпы құны шамамен 50 миллион долларды құрайтын ауған азаматтарына білім беру бағдарламасын жүзеге асырады. Осы бағдарламаның аясында 2010 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезең аралығында 1000-ға жуық ауған азаматтары Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында алуда.«2018 жылдың күзінде Астанада Қазақстан «Ауғанстандағы әйелдердің мүмкіндіктерін арттыру» туралы халықаралық конференциясын өткізуді жоспарлап отыр («EmpoweringWomeninAfghanistan»). Оның басты мақсаттарының бірі – Ауғанстанның бейбіт дамуындағы әйелдердің рөлі мен үлесін, ауған әйелдерінің құқықтары мен мүмкіндіктерін елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси салаларында олардың мемлекеттік және жеке секторларға қатысуын арттыру арқылы кеңейту мәселелерін талқылау, сондай-ақ осы елдегі әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған нақты ұсыныстарды әзірлеу», - деді Қ.Әдірахманов.Қазақстан Ауғанстанға жыл сайын мыңдаған тонна гуманитарлық жүк, оның ішінде азық-түлік, жанар-жағармай материалдары және әртүрлі жабдықтар жеткізе отырып, екі жақты келісімдер мен көпжақты нысандағы келісімдердің аясында Ауғанстанға техникалық және гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыратыны ерекше аталып өтті.Ауғанстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына ұжымдық көмек көрсетудің жаңа мүмкіндіктері Қазақстан Президентінің төрағалық етуімен 15 наурызда Астанада өткен Орталық Азия мемлекет басшыларының жұмыс бабындағы (консультациялық) кездесуінің сәтті нәтижелеріне жол береді.Өзбекстанның астанасында өткен конференцияға Ресей, Қытай, АҚШ, Үндістан, Иран, Пәкістан, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Қатар, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Жапония, БҰҰ, Еуропалық Одақ, ҰҚШҰ, ШЫҰ, НАТО және басқа елдердің сыртқы істер министрлері мен жоғары өкілдері қатысты.Конференцияның қорытындысы бойынша Ташкент декларациясы қабылданды, онда Ауғанстандағы жағдайды саяси тұрғыдан реттеудің одан арғы қадамдары көрсетіліп, саяси реттеу үдерісіндегі ауған тарапының негізгі және үйлестіруші рөлі бекітілді.Халықаралық конференцияның аясында К.Әбдірахманов АҚШ пен Иран делегацияларының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді.АҚШ Мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Томас Шэннонмен кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту жолдары талқыланды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың қаңтар айында АҚШ-қа жасаған ресми сапарының барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Тараптар Ауғанстанды тұрақтандыру және экономикалық тұрғыдан қалпына келтіру жөніндегі халықаралық күш-жігерді қолдауға дайын екендіктерін растады. Американдық тарап Қазақстанның Ауғанстанның бейбіт дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады. Сонымен қатар тараптар Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы аймақтық ынтымақтастықты нығайту жөнінде пікір алмасты.Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Аракчимен кездесу барысында Қазақстан-Иран ынтымақтастығының өзекті мәселелері, оның ішінде сауда, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастығы талқыланды. Кездесудің басты тақырыбы халықаралық және өңірлік ұйымдардың, соның ішінде АӨСШК, ШЫҰ, сондай-ақ, Сириядағы қақтығысты реттеу жөніндегі Астаналық үдерістің аясында өзара әрекеттесу болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27198?lang=kk
«Астана Операда» бір бөлімді балеттердің әлемдік премьерасы орын алмақ 12.04.2025
«Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі, Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратова елордалық театрдың репертуарын әлемдік хореография жауһарларымен толтыруын жалғастыруда. А.Асылмұратованың бастамасымен көрермен қауымға балет әлемінің бірегей жаңашылдықтары ұсынылмақ. Айтулы балетмейстерлердің ерекше әрі теңдесі жоқ хореографиясы асқақ өнерді сүйетін жандардың көңілінен шығары сөзсіз.«Заманауи хореография кеші» екі бөлімнен тұрады. Раймондо Ребектің «How long is Now?» («Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?») бір бөлімді балетінде көрерменді уақыт пен оның жекелеген сәттері туралы пәлсапалық ой-толғау күтуде.Хореографтың сөзінше, өмірдің сан алуан кездерінде Қазіргі сәт әртүрлі уақытқа созылуы мүмкін. Ғашық жанға сүю сәті тоқтаусыз болып көрінер, ал махаббат азабы мәңгілік жадында сақталып немесе із-түзсіз өшуі мүмкін…Р.Ребектің балетінде бишілердің үш жұбы адам өмірінің әр кезеңін бейнелейді. Дарынды хореограф уақыт ағымы мен оны сезіне білу мәселелерін хореографиялық әдістер арқылы зерттеуге бірегей талпыныс жасайды.Хореография кешінің екінші бөлімінде – Ақтоты Райымқұлованың музыкасы мен Адам Капановтың «Аспан көші» либреттосының желісімен қойылған Ксения Звереваның «Sounds of Time» («Заман тынысы») бір бөлімді балеті.Балеттің негізінде қос ғашықтың тарихы жатыр, олардың әкелері – кәдімгі қарапайым адам болса, аналары – аспан көшін кезген арулар. Көне сиқыр күшіне ие екенінен бейхабар бас кейіпкерлер Аңсар мен Нұрия таңғажайып оқиғаларды бастап кешіріп, алдарынан жақсылық пен жамандықты, махаббат пен өшпенділікті, қайсарлық пен өзімшілдікті кездестіреді. Дегенмен, сиқыр құдіреті мен уақыт тынысына толы осынау ғаламат оқиға қазіргі кезге ауысады. Қаһармандардың тылсым күштері мен сиқырлы бойтұмарлары басқа пішінге еніп, кейіпкерлердің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері бүгінгі таңдағы көрерменге әбден түсінікті болады. Спектакль қазіргі заманғы өмірді, оның өзекті мәселелері мен адамдардың өзара қарым-қатынасын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік топтар мен олардың құндылықтарын бейнелейді. Осы арқылы қиял мен шынайылық шиеленіскен балеттің қанық сюжеті, қандай жағдай болса да, уақытқа бағынбайтын ең басты әрі маңызды идеяларға жетелейді. Басталуы сағат 18.00-де.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/27123?lang=kk