Қуқық
Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу тәртібі кодексінің алғашқы жобасы таныстырылды 14.04.2025
Нью-Йорк, 2018 жылы 19 қаңтар - 18 қаңтарда БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу тәртібі кодексінің алғашқы жобасы таныстыруға арналған жоғары деңгейдегі арнайы іс-шара өтті. Құжатты Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ресми түрде жариялады.Іс-шара БҰҰ-да қызығушылық тудырды. Жобаны таныстыру мен оны талқылауға ұйымның 100-ден аса мүше-мемлекетінің делегациясы қатысты. Жоғары дәрежедегі қатысушылар арасында Кувейттің премьер-министрі – Сыртқы істер министрі шейх Сабах аль-Халед ас-Сабах пен Ауғанстан сыртқы істер министрінің орынбасары Хикмет Карзай болды. БҰҰ Бас хатшының орынбасары – Контртеррористік басқарма басшысы Владимир Воронков пен БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енча баяндама жасады.Қазақстаннның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қ. Әбдірахманов отырысты аша отырып, Қазақстанның халықаралық терроризмге қарсы күреске қосқан үлесі ретінде бастамашылық жасаған кодекс бойынша жұмыстың мақсаттары мен негізгі мазмұнын атап өтті. Құжаттың негізгі мақсаты – терроризмнен азат әлем құру мақсатында 2045 жылы БҰҰ-ның жүз жылдығына қол жеткізу және контртерроризм бойынша серіктес-елдердің кең халықаралық коалициясын құру.В. Воронков қауіпсіздікті қамтамасыз ету және оны тұрақты дамыту жолындағы Қазақстанның қосқан үлесін жоғары бағалады. Ол БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі Астананың рөлі мен жұмысын, әсіресе осы халықаралық қауіпсіздік жөніндегі басты жаһандық органдағы табысты төрағалығын және террористік құрылымдармен қарсы күрес мәселелерімен байланысты үш санкциялық комитетке басшылығын ерекше атап өтті. Жоғары лауазымдағы БҰҰ дипломатының пікірінше, контр-терроризм Бас хатшы Антониу Гутерриштің реформалары бағдарламасының ең негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Ол Жаһандық контртеррористік стратегияның (ЖКТС) іске асыру жақсы келісімділікті, әлеуетті нығайтуды және берік әріптестікті қамтамасыз ететініне сенім білдіреді.Осыған байланысты В. Воронков ЖКТС іске асыру бойынша Орталық Азиядағы Бірлескен іс-қимыл жоспарын (БІҚЖ) қабылдауды және Қазақстанның оның доноры ретінде қосқан үлесін құптады. Сонымен қатар, ол ЖКТС іске асырылуын кезекті екі жылдық шолуында және 2018 жылы маусым айының соңында БҰҰ ұйымдастырып отырған мүше мемлекеттердің контртеррористік құрылымдары басшыларының кездесуі барысында одан әрі пысықталатын Тәртіп кодексінің дайындығы бойынша Астананың бастамасына жоғары баға берді.М. Енча өзінің баяндамасында контртерроризм бойынша Қазақстан мен БҰҰ мақсаттарының сәйкес келетінін тілге тиек етіп, осы бастамада Астанаға сәттілік тіледі. Орталық Азиядағы превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталықты басқарған кезінде қабылдаған БІҚЖ 2011 жылғы тәжірибесімен бөлісе отырып, ол әлемнің басқа түпкірлері үшін үлгі ретінде жоспарды жоғары бағалады. Сонымен қатар, ол ұзаққа созылған қақтығыстардың, зорлық-зомбылық экстремизмі мен терроризмнің арасындағы байланысқа, сондай-ақ қазіргі заманғы әлемдегі қарулы қақтығыстарды алдын алу жөніндегі кешенді шараларды, атап айтқанда превентивті дипломатияны қолдану арқылы үнемі жаңарту қажеттілігіне басты назар аударылды.Ауғанстан сыртқы істер министрінің орынбасары Тәртіп кодексінің жобасына жоғары баға беріп, халықаралық ынтымақтастық пен БҰҰ контртеррористік архитектурасын нығайтудағы маңызды қадам екенін атап өтті. Террористік актілер үшін аумақты бермеу, терроризмге нөлдік толеранттылық, тұтастық көзқарас және терроризмді болдырмау сияқты құжаттың бірнеше маңызды тармақтары оған ерекше әсер қалдырды. Х.Карзай Тәртіп кодексі халықаралық қоғамдастықтың ұжымдық қолдауына лайық екенін атап, осы құжаттың мәтіні бойынша ашық пікірталастарға үміт білдірді.Отырыста сөз сөйлеген Қауіпсіздік Кеңесінің мүше-елдері делегациялары Қазақстанның бастамасын қолдады және болашақта жобаны жетілдіру мақсатында талқылауға, сондай-ақ терроризмге қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңызды негізі болуға бағытталған кешенді құжатты мақұлдауға дайын екендіктерін жеткізді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/28253?lang=kk
Қайрат Әбдірахманов Су мен бейбітшілік мәселелері жөніндегі ғаламдық жоғары деңгейлі топ қызметіне қолдау білдірді 14.04.2025
19 қаңтарда Нью-Йорк қаласында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың Су мен бейбітшілік мәселелері жөніндегі ғаламдық жоғары деңгейлі топ төрағасы, Словения Республикасының бұрынғы президенті Данило Тюркпен кездесуі өтті.Д. Тюрк жаһандық су проблемасы даму және адам құқықтарымен қатар, әлемдегі ең өзекті бейбітшілік, қауіпсіздік және жер бетінде өмірдің болуымен байланысты екендігі және шұғыл түрде кешенді және жан-жақты шешім қабылдауды талап ететіндігі атап өтілген топтың «Күн көріс мәселесі» атты есебін ұсынды.Қазақстанның сыртқы саяси ведомство басшысы су мәселесінің еліміз және Орталық Азия өңірі үшін маңыздылығын растай отырып, Жоғары деңгейлі топ қызметіне қолдау білдірдіСонымен қатар, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің арасында және Бас Ассамблея шеңберінде қол жеткізілген тұжырымдарды ілгерілетудің маңыздылығы атап өтілді. Халықаралық құқық пен түрлі өңірлердің тәжірибесі негізінде трансшекаралық өзендер мен су ресурстарын пайдалануға байланысты мәселелерді шешу маңызды болып табылады.Су мен бейбітшілік мәселелері жөніндегі ғаламдық жоғары деңгейлі топ (High Level Panel on Water and Peace) Швейцарияның бастамасымен 2015 жылы құрылды. Бүгінгі күні Мажарстан, Гана, Иордания, Испания, Қазақстан, Камбоджа, Колумбия, Коста-Рика, Марокко, Оман, Сенегал, Словения, Швейцария, Франция және Эстония топқа мүше мемлекеттер болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27932?lang=kk
Сомалидегі жағдай Қазақстанның төрағалығымен өткен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің брифингінде талқыланды 14.04.2025
Нью-Йорк, 2018 жылғы 24 қаңтар - Қазақстанның төрағалығымен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Сомалидегі жағдай бойынша брифинг өтті.Бас хатшының Сомалидегі Арнайы өкілі Майкл Китинг және Африка одағы Комиссарының Арнайы өкілі Франциско Мадейра негізгі баяндамашылар болды.Спикерлер Сомалидің жаңа федералдық билігінің халықаралық қоғамдастықтың көмегімен қол жеткізген жетістіктері туралы хабардар етті. Осылайша, ағымдағы қиындықтарға қарамастан, қаржылық реформаны жүргізу, жаңа жұмыс орындарын құру, халықты саяси процеске қатыстыру, қақтығысты шешу және қауіпсіздік секторын реформалауды көздейтін ұлттық күн тәртібі әзірленді. Саясатты қайта құру және орталық үкімет (Сомали Үкіметі) пен жергілікті биліктің өзара іс-қимылдың күшейту, сондай-ақ күрделі гуманитарлық жағдайды жақсарту мәселелері бойынша елеулі жетістіктерге қол жеткізілді.Спикерлер «Аш-Шабаб» террористік тобы елде бейбітшілік орнату мен егемендікті нығайтуға нұқсан келтіріп, елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретіндігін атап өтті. Сомали азаматтары үшін бірқатар күрделі саяси, гуманитарлық, сондай-ақ қауіпсіздік мәселелері туындайтындығы атап өтілді. Осыған орай, баяндамашылар елдегі прогресске үлес қосқан Сомалидағы Африка одағының миссиясы, ұлттық қауіпсіздік күштері мен халықаралық әріптестерінің рөлін атап өтті.Сонымен қатар, арнайы өкілдер Кеңеске өткен жылы Сомалидегі аштыққа жол берілмегендігін хабарлады. Сондай-ақ, қазіргі уақытта құрғақшылықтың салдарынан гуманитарлық жағдайдың нашарлауы байқалады.Брифингтен кейін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері өз баяндамаларында ұлттық қауіпсіздіктің жүзеге асырылуын жеделдету және жауапкершіліктің Сомалидегі Африка одағы миссиясынан елдегі ұлттық қауіпсіздік күштеріне біртіндеп көшу маңыздылығын растады.Қазақстанның Тұрақты өкілі Қайрат Омаров Кеңес мүшелерімен бірге Сомалидің экономикалық және саяси реформаларын және қауіпсіздік саясат айнымастығын құптады, сондай-ақ Сомали үкіметін Конституциялық шолу, сайлау, бюджеттік федерализм және билік пен ресурстарды үйлестіру сияқты негізгі мәселелер бойынша прогреске қол жеткізу үшін федерация субъектілерімен жоғары деңгейдегі диалогпен қамтамасыз етуге шақырды.Сомалиде аштық қаупіне байланысты миллиондаған адамдардың әсіресе, балалар мен мәжбүрлі қоныс аударушылар осалдығының жалғасуына алаңдатушылық білдірді, сондай-ақ гуманитарлық көмек көрсету жоспарына елеулі қолдау көрсету қажеттілігі анықталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27925?lang=kk
Астана, 2018 жылғы 1 ақпан - Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде өз жұмысын аяқтады. 14.04.2025
Астана, 2018 жылғы 1 ақпан - Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде өз жұмысын аяқтады.Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық делегация Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қауіпсіз, әділ және өркендеген әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығайтуға қазақстандық тұжырымдамалық көзқарас» атты саяси үндеуін, сондай-ақ прагматикалық принциптерге негізделген өз ұлттық мүдделерін басшылыққа алып, БҰҰ-ның негізгі органының жұмысына төрағалық етті.Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде БҰҰ Хатшылығының көмегімен Қауіпсіздік Кеңесінің үздіксіз күнделікті жұмысын қамтамасыз етті және мандатқа сәйкес жүктелген функцияларды орындады.Қазақстанның төрағалығы барысында консультациялар, брифингтер және пікірталастар форматында 30-ға жуық отырыс өткізілді және олардың қорытындылары бойынша Кеңес Төрағасының бұқаралық ақпарат құралдары үшін қарарлар мен мәлімдемелер қабылданды.18 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен өткен «Жаппай қырып-жою қаруын таратпау: сенім шаралары» тақырыбындағы жоғары деңгейдегі тақырыптық брифинг Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық етуінің басты іс-шарасы болды. Отырыс сенімді нығайту шаралары, сондай-ақ превентивті дипломатия құралдарын нығайту әлемдік державалар арасындағы саяси конъюнктура нәтижесінде уақытылы шешілмейтін көптеген маңызды мәселелер бойынша прогреске қол жеткізудің негізі бола алатындығын көрсетті.Отырыс қорытындысы бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасының № S/PRST/2018/1 мәлімдемесі (Presidential statement) жанжалдардың алдын алу кешенді стратегиясына арналған. Аталған құжатта превентивті өрістету, алдын-алу, татуластырушылық, бітімгершілік, жанжалдан кейінгі бейбітшілікті және есеп беру міндеттілігі шараларын нығайтумен қатар алғаш рет жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселесі қамтылды. Бұл қабылданған құжаттың бірегейлігі болып табылады.Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайланған Орталық Азиядағы бірінші мемлекет ретінде төрағалығы барысында аймақтағы барлық мемлекеттерінің мүдделерін ілгерілету бойынша белсенді жұмысын жалғастырды.БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың төрағалығымен 19 қаңтарда өткен «Қауіпсіздік пен дамудың өзара тәуелділігінің үлгісі ретінде Ауғанстан мен Орталық Азиядағы аймақтық серіктестікті құру» тақырыбында өткен министрлер деңгейіндегі тақырыптық пікірталастары негізгі іс-шаралардың бірі болды.Отырысқа Кувейт, Ресей, Польша, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның Сыртқы істер министрлері, Ұлыбритания, Нидерланд, АҚШ, Экваторлық Гвинея және Ауғанстанның сыртқы саяси ведомство басшыларының орынбасарлары, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің және Еуропалық Одақтың мүше мемлекеттерінің делегациялары қатысты. Баяндамашы ретінде БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш сөз сөйледі.Отырыс қорытындысы бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасының № S/PRST/2018/2 мәлімдемесі (Presidential statement) қабылданды. Құжатта Ауғанстан мен Орталық Азиядағы ұзақ мерзімді бейбітшілікті, тұрақтылықты және тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін өңірлік, аймақаралық және халықаралық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығы атап көрсетілген және өңір елдерінің бейбітшілік, өркендеу және ынтымақтастық аймағын кеңейтуге бағытталған бірлескен күштеріне қолдау білдірілген.12-15 қаңтарда ұйымдастырылған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі делегациясының Кабулға сапары Қазақстан төрағалығының маңызды іс-шарасы болды. Іс-шара барысында ел басшылығы, саяси партиялар мен азаматтық қоғам өкілдерімен кездесулер өткізілді. Сапар аясында Ауғанстан Үкіметінің кең ауқымды өзара байланысты мәселелерді шешу жөніндегі күштері қарастырылды сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің жергілікті күштерге қосымша жәрдемдесу жолдары анықталды.Кабулдағы далалық миссия 2010 жылдан бері Қауіпсіздік Кеңесінің Ауғанстанға алғашқы сапары болды және ол елдегі ағымдағы жағдайды қарастыруға, сондай-ақ мемлекет және оның азаматтарының мүдделері мен басымдықтарын объективті түсінуге мүмкіндік берді.18 қаңтарда Қазақстан БҰҰ аясында Терроризмсіз әлемге қол жеткізу жөніндегі әрекет ету кодексінің жобасын жүзеге асыру үшін жоғары деңгейдегі арнайы іс-шара өткізді. Аталған құжаттың негізгі мақсаты - 2045 жылға дейін терроризмсіз әлем және серіктес елдердің халықаралық коалициясын құру. БҰҰ басшылығы мен Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмге қарсы бөлімшелері, мүше-мемлекеттердің жүзден астам делегацияларының өкілдері Кодекстің өзектілігі мен маңыздылығын қолдады.Төрағалық аясында Таяу Шығыс пен Кипр, Конго Демократиялық Республикасы, Колумбия, Дарфур (Судан), Батыс Африка және Сахель, Ливия, Мали, Сомали және Оңтүстік Судандағы жағдай және БҰҰ Орталық Азиядағы Превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталығының қызметі бойынша жоспарланған іс-шаралары (брифингтер мен консультациялар) сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің АҚШ басшылығымен кездесу үшін Вашингтонға сапары өткізілді. 2 қаңтарда өткізілген салтанатты түрде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі залының алдында өздерінің ұлттық туларын орнатқан алты мүше мемлекеттер – Кот-д'Ивуар, Кувейт, Нидерланд, Перу, Польша, Экваторлық Гвинея БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне ресми қосылу рәсімі Қазақстанның төрағалығының ерекшілігі болды.Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде практикалық нәтижелерге қол жеткізуге және күн тәртібінде қарастырылған барлық мәселелер бойынша Кеңестің жұмысына конструктивті үлес қосуға ұмтыла отырып, бейтарап, ашық және транспарентті төрағалық етті.Көптеген жаһандық және өңірлік процестерге қатысуын, медиация мен сенімділікті нығайтудағы белсенді ұстанымын ескере отырып, Қазақстан көпжақты дипломатия аясында барлық халықаралық ұйымдар мен мемлекеттерге бейтараптылығы мен тиімді теңдестірілген тәсілімен белгілі адал келістіруші ретінде әрекет етуді жалғастырады.Қазақстан Республикасы мен Президентіміздің беделінің жоғары болуына байланысты қазақстандық делегация бастамашылық еткен іс-шаралардың табысты өткізілуі және олардың нәтижелері бойынша қорытынды құжаттардың қабылдануы еліміздің келісімшарттық әлеуеті мен бітімгерлік әлеуетінің өзектілігін, сондай-ақ қазіргі заманғы әлемнің ең өзекті мәселелерін шешуге қатысты тиімді тәсілдерін көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27886?lang=kk
«ТІЛЕКТЕР ШЫРШАСЫ» АКЦИЯСЫ 14.04.2025
Үстіміздегі жылдың 20 желтоқсанында елордада Астана мейірімділер клубы (Клуб Добряков Астаны) мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Тілектер шыршасы» акциясының ашылуы болды. Іс-шараның мақсаты – психикалық-неврологиялық ауытқуы бар және қимыл-тірек аппараты ауруларына шалдыққан балалардың жаңа жылдық тілектерін орындау және оларға әлеуметтік қолдау көрсету. Акцияның ашылуы ерекше балалардың тілектері жазылған жаңа жылдық шырша қойылған «Сарыарқа» ОСО-да өтті. Қайырымдылық шарасын ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев және Астана мейімділер клубының (Клуб Добряков Астаны) негізін қалаушы Гүлмира Абдрашева ашып, балаларға жаңа жылға Аяз Атадан алғысы келген сыйлықтарын табыс етті. Астана қаласында Жаңа жылдық шыршаларға қатыса алмайтын аталған ауру түрлеріне шалдыққан балалар саны өте көп. Осыған байланысты 10 күн ішінде Астана мейімділер клубының (Клуб Добряков Астаны) еріктілері мен ІІМ қызметтері, өңірлік ішкі істер, төтенше жағдайлар, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері балалардың тілектерін орындап, үйлеріне сыйлықтарын апарады. Тілектер шыршасы 19-29 желтоқсан аралығында «Сарыарқа» сауда-ойын сауық орталығының 3-қабатында тұратын болады. Барлық қала тұрғындары мен қонақтары балалардың жаңа жылдық тілектерін орындауға атсалыса алады. Шыршаға бекітілген арнайы конверттерде балалардың тілектері жазылған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/27855?lang=kk
Оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып сотталғандар білім алатын болады 14.04.2025
Алматыда жоғары оқу орындарында сотталғандарды қашықтықтан оқытуға қатысты мәселе талқыланды. Сотталғандарды қайта әлеуметтендіру бойынша мемлекет ҮЕҰ-мен 55 млн.теңгеге шарт жасады Елбасының Ұлт Жоспарының 33 қадамын орындау мақсатында бір жыл бұрын Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясы (2016ж.8 желтоқсанда) бекітілді.Стратегия шеңберінде «Қақпа алдында кездесу» жобасы іске асырылды, сотталғандардың отбасыларымен бейнекездесулер, азаматтарды қайта әлеуметке қосу процесіне волонтерлер белсенді тартылды. Сотталғандарды қайта әлеуметке қосу саласындағы ҮЕҰ және қоғамдық бірлестіктермен 292 меморандум жасалды, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жалпы сомасы 55 млн.теңгеге 15 шарт жасалған.Алматы және Павлодар облыстарында оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, сотталғандардың білім алуы жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруы жоспарланып отыр. Осы оқыту білім берудің тек дәстүрлі жүйесінің жағдайымен ғана емес, сонымен қатар жаңа технологиялар пайдаланылатын болады. Бір сөзбен айтқанда, сотталғандарға жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқуға мүмкіндік берілетіні жоспарланып отыр. Сотталғандарды оңтайлы оқыту нысаны интернет және кейс-технологиялар арқылы қашықтықтан оқыту болып табылады.Осы және басқа да мәселелер, сондай-ақ оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, сотталғандардың білім алуы жөніндегі жоба мәселесін қарастыру үшін бүгін Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері және осы университет комиссияның көшпелі отырысы өтті. Отырыста әлеуметке қосудың негізгі факторі болып білім және мамандық алу, жұмысқа орналасу екендігі атап өтілді. Сотталғандарды қайта әлеуметке қосу – бұл көкейкесті мәселелердің бірі, оның шешімі тек құқық қорғау органдары емес, нақты мемлекет және азаматтық қоғам институттарына тәуелді. Бұл жағдайда Білім және ғылым министрлігі мен жоғары оқу орны. Шетелдік тәжірибені пайдалана отырып, Қазақстан осы тұлғаларды әлеуметтік бейімдеудің жеке процесін ойлап шығарды. Бұнда басты элемент болып ҚАЖ мекемелерінде оқыту жүйесі, яғни барлық азаматтары үшін еңбек нарығындағы талаптарды, бәсекеге қабілеттілік, құзыреттілік, қойылған міндеттері шеше білу қабілеттілік ескеріледі.Жобаны әзірлеуге мемлекеттік органдардың өкілдері, ұлттық және Орталық Азиядағы Penal Reform International (Халықаралық түрме реформасы) өкілдік атынан шетелдік сарапшылар, сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тартылған. Пилот ретінде Алматы облысының Заречный кентіндегі ЛА-155/8 және Павлодар қаласында орналасқан АП-162/3 мекемелері белгіленген.Жоба өз жұмысын 2018 жылдың 1-ші тоқсанда бастайды.Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/27854?lang=kk
ЖЫЛ БАСЫНАН БАСТАП 13,8 МЫҢ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗУ ФАКТІСІ АНЫҚТАЛДЫ 14.04.2025
ІІМ табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша әртүрлі жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізіп тұрады. Таяуда республика аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтауға, жолын кесуге, аң аулау, сондай-ақ аңшылық атыс қаруын сақтау және алып жүру ережелерін сақтауға бағытталған «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.Іс-шаралар нәтижелері бойынша 2,3 мыңнан астам табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталды. Осы бұзушылық фактілері бойынша 165 сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды. 2119 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 43,4 млн.теңгеге айыппұл салынды. Құқық бұзушылардан 160 текше метрден астам заңсыз дайындалған домалақ ағаш, 11,3 тонна балық, оның ішінде 2 тоннаға жуық бекіре тұқымдас балық, 248 құқық бұзу құралы, 3 мың метрге жуық ау, 67 бірлік аңшылық атыс қаруы алынды. Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша мемлекетке келтірілген зиян сомасы 5,3 млн.теңгеден асады.Мысалы, Қызылорда облысының ІІД-сі Қызыл кітапқа енгізілген 5 қарақұйрықты атқаны үшін үш жергілікті тұрғындарды ұстады, олардың үстінен Қылмыстық кодекстің 337-бабының 4-бөлігімен (Заңсыз аң аулау) қылмыстық іс қозғалды.Жамбыл облысының ІІД БАӘ-нің төрт азаматтарын, олар Оңтүстік Қазақстан облысының екі тұрғынымен бірге Қызыл кітапқа енгізілген 2 дуадақ және 2 бұлдырық құстарын атқандары үшін ұстады.Анықтама ретінде: Жыл басынан бері полиция 13,8 мыңға жуық (2016 жылы - 14 мың) табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтады, 1800 жуық (1950) қылмыстық құқық бұзушылық тіркеді, 12 мыңдай (12,1 мың) құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты, 87,5 млн.теңге (81,2 млн. теңге) айыппұл салынды. Құқық бұзушылардан 200 тоннаға жуық (301,1 тонна) заңсыз ауланған балық, оның ішінде 7 тонна бекіре тұқымдас балық, 1100 текше метрден астам заңсыз дайындалған ағаш, 2679 құқық бұзу құралы (307 бірлік аңшылық атыс қару және 166 жүзу құралы) алынды.Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/27852?lang=kk
ІІМ 2012 ЖЫЛДАН БАСТАП ХАЛЫҚТАН 30 МЫҢНАН АСТАМ АТЫС ҚАРУЫН САТЫП АЛДЫ 14.04.2025
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қару қолдана отырып жасалған қылмыстардың алдын алу мақсатында республика аумағында 2017 жылғы сәуірден бастап желтоқсанға дейін халықтағы заңсыз сақтаудағы атыс қаруды, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы өткізілді.Жүргізілген іс-шаралар нәтижелері бойынша ішкі істер органдарына 2 166 азамат жүгінген, олар жалпы сомасы 147,9 млн. теңгеге ерікті түрде 2 944 бірлік атыс қару, 60 087 дана ойық қару патрондарын, сондай-ақ 1 дана жарғыш құрылғы және 14 кг жарылғыш зат тапсырды.Заңсыз сақтаудағы атыс қаруды, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды ерікті түрде өтемді тапсыру бойынша Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды және Қостанай облыстары ең көп белсенділік танытты.ІІМ 2012 жылдан бастап халықтан қару-жарақ заттарын сатып алу бойынша іс-шаралар өткізіледі, бұл кезеңде жалпы сомасы 1 млрд. 36 млн. теңге азаматтармен ерікті түрде 30,4 мың бірлік атыс қаруы, 130 жарғыш құрылғы, 1 млн. данадан астам ойық ұңғылы қаруға патрондар тапсырылған.Қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі туралы соңғы 5 жылда атыс қаруын қолдана отырып жасалған қылмыстардың саны 55%-ға азайғаны куәландырады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша атыс қаруын қолдана отырып жасалған қылмыстардың саны 1,2%-ға азайды.Акция бойынша іс-шараларды жақын арадағы 2 жылда өткізіледі, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 234,1 млн. теңге ақшалай қаражат бөлінген. Акцияның басталуы туралы азаматтар БАҚ арқылы ақпараттандырылатын болады.Халықтағы заңсыз сақтаудағы атыс қаруды, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды ерікті түрде өтемді тапсыру тәртібі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет ресурсында орналастырылған.Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/27813?lang=kk
ҚР мен ЕО арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылуының 25-жылдығына орай бірлескен мәлімдеме 14.04.2025
2018 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 25 жыл толды. Осы күннен бастап екі тарап арасында тығыз әрі өзара тиімді ынтымақтастық қалыптаса бастады.Ширек ғасыр ішінде Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында қарым-қатынастың берік шарттық-құқықтық базасы құрылды. Оның іргетасы 2015 жылғы 21 желтоқсанда қол қойылған ҚР мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық келісімі болып табылады.2016 жылғы 1 мамырдан бастап жартылай қолданысқа енген бұл құжат екіжақты қарым-қатынастың жаңа кезеңге бет алғанын көрсетеді және халықтарымыздың игілігі үшін көптеген салалардағы ынтымақтастықтың құқықтық негізін елеулі кеңейтті. Қазақстан ЕО-мен осындай Келісімге қол қойған Орталық Азияның бірінші мемлекеті болды.Келісім Қазақстан мен Еуропа арасындағы ұзақ мерзімді байланыстарды қарқындатудың локомотиві болуға арналған. Құжат сауда, экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасауға, сондай-ақ саяси диалогты және адам құқықтары саласындағы диалогты кеңейтуге бағытталған.Қазақстан мен Еуропалық Одақ Орталық Азия бойынша ЕО Стратегиясының іске асырылуына бірлесе қолдау білдіруде. Адами капиталды дамыту, білім беру, қоршаған ортаны қорғау, су ресурстарын ұтымды пайдалану, өңірдің тиімді көліктік-логистикалық инфрақұрылымын қалыптастыру, қауіп-қатерлерге қарсы күрес мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп отыр.Қазақстан мен Еуропалық Одақ одан әрі ортақ құндылықтарға негізделген өзара іс-қимыл жасау үшін зор әлеуеттің бар екендігіне сенімді және әріптестік пен ынтымақтастықтың барлық нысандарын дәйекті жетілдіруді жалғастыруға дайындығын білдіріп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27805?lang=kk
Қазақстан мен Грекия екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды, сауданы кеңейтуді көздеуде 14.04.2025
Астана, 2018 жылғы 5 ақпан. Қазақстан-Грекия экономикалық және технологиялық ынтымақастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының төрағалары, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко және Астанаға жұмыс сапармен келген Грек Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Георгиос Катругалос екіжақты саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті аспектілерін талқылады. Грек делегациясының құрамына іскер топтардың өкілдері кірді.Келіссөздер Астана мен Афина арасында екіжақты ынтымақтастықтың барлық кешені бойынша өзара түсіністікті растады. Бірлескен жұмыстың перспективалық бағыттары анықталып, экономикалық және инвестициялық өзара әрекеттестікті тереңдету жобалары қарастырылды.Еуропалық Одақтың Қазақстан азаматтары үшін визалық тәртіпті жеңілдету мәселесіне де назар аударылды. Тараптар визалық рәсімдерді оңайлату Еуроодақ пен Қазақстан арасында іскерлік, білім, мәдени және туристік байланыстарды кеңейтуде өзара мүдделерге сай келетінін бірауыздан белгіледі.Халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша кеңінен пікір алмасылды, соның ішінде Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметі, Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі Астана процесі, ЕО мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы өзара әрекеттестіктің перспективалары және т.б. бағыттар.Сапар шеңберінде ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов пен Г.Катругалостың қатысуымен екі елдің 100-ге жуық кәсіпкерлерін біріктірген Қазақстан-грек бизнес-форумы өткізілді. Іс-шара барысында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы және «SEV» грек кәсіпорындары федерациясы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.Сонымен қатар, Г.Катругалостың ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаевамен және «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовпен кездесулері өтті.Г.Катругалос Қазақстанның Митрополиттік аймағының әкімшілік орталығы мен Успенский кафедралы соборына барды. Оларды аралау барысында грек қонағы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен салынған құрылыстың тарихымен танысты. Грекия Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары еліміздің ұлтаралық бейбітшілік пен дінаралық келісімді нығайту бойынша жетістіктерін жоғары бағалады.Анықтама: 1) 2017 жылы Қазақстан мен Грекия арасындағы тауар айналымы 2016 жылмен салыстырғанда 10,6% өсті (980,6 млн. долл.: Қазақстаннан Грекияға экспорт көлемі – 964 млн. долл., ал Грекиядан Қазақстанға импорт көлемі – 16,6 млн. долл.). 2016 ж. тауар айналымы 886 млн. долл. құрады (экспорт – 872,8 млн. долл., импорт – 13,2 млн. долл.).Қазақстаннан Грекияға негізгі экспортталатын өнімдер көмірсутектер, дәнді дақылдар, тұз, топырақ, тас, гипс, цемент, мыс және т.б. болып табылады.Өз кезегінде, Грекиядан Қазақстанға химиялық және металлургиялық өнеркәсіп өнімдері, пластик, тон және трикотаж бұйымдары, аяқ-қиім, механизм мен жабдықтар, электрондық материалдар, велосипед және т.б. импортталады.2) Өткен жылы өзара байланыстар жанданған болатын:2017 ж. 24-27 мамырда Грекия Жоғарғы сотының Бас прокуроры К.Димитриудың Астанаға сапары өтті. Сапар шеңберінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Грек Республикасының Бас прокуратурасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды;2017 ж. 21 шілдеде «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі шеңберінде өткен Грекияның Ұлттық күнінің ашылуына ГР Экономика және даму министрі Д.Пападимитриу қатысты;2017 ж. 27-30 тамызда 2017 ж. 27-30 тамызда спорт саласындағы ынтымақтастық туралы Декларация мен Заманауи Олимпиядалық бітім Декларациясына қол қою мақсатында ГР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Дж.Вассилиадис Астанада сапармен болды;2017 ж. 9-10 қазанда Афинада ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Василенко «ЕО-Еуразия-Қытай» конференциясына қатысты;2017 ж. 19-20 қазанда Қазақстан-Грекия парламентаралық достық тобының басшысы А.Тасболатов пен достық тобының мүшесі А.Қоныровтың Грекияға сапары өтті.3) Қазіргі уақытта Қазақстанда шамамен 10 мың этникалық гректер тұрса, ал Грекияда тығыз байланыстар жасалып келетін 60 мыңға жуық Қазақстанның бұрынғы азаматтары тұрады.Сонымен қатар, «Филия» (грек тілінен аудармасы «Достық») Қазақстан грек қоғамы қауымдастығы қызметін атқарып келеді.vАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27803?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі Еуропалық Одақ елшілерімен ынтымақтастық жоспарларын талқылады 14.04.2025
АСТАНА, 2018 жылғы 16 ақпан – Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың елімізде аккредиттелген Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен өткізген жұмыс кездесуі барысында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықтың негізгі қорытындылары, сондай-ақ ағымдағы жылға арналған жоспарлар талқыланды.Сыртқы саясат ведомствосы басшысының ЕО елдерінің елшілерімен кезекті жұмыс кездесуінің күн тәртібі екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін қамтыды.Министр өз сөзінде Еуропалық Одақ елдерінің белсенді қатысуларымен өткен, өткен жылдың басты оқиғаларының бірі Халықаралық мамандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесінің қорытындыларына егжей-тегжейлі тоқтады. Алдағы кезеңнің негізгі міндеті ретінде EXPO мұрасын сақтап қалу қажеттілігін атап айтты. Бұл тұрғыда, Министр еуропалық дипломаттарға «Астана» Халықаралық қаржы орталығының, «Болашақ энергиясы» Халықаралық орталығының және IT-стартаптар Халықаралық паркінің болашақ қызметтері туралы айтып берді.Шет елдердің ресми өкілдері мен іскерлік топтарымен әріптестік орнату үшін туындайтын жаңа мүмкіндіктерді ескере отырып, Қ. Әбдірахманов еуропалық серіктестерді осы жаңа платформалар негізінде ынтымақтастық орнатуға шақырды.Кездесу қатысушылары Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығының қорытындыларын талқылап, оның басты іс-шаралары ретінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен жаппай қырып-жою қаруын таратпау саласындағы сенім шараларын нығайту бойынша жоғары деңгейдегі тақырыптық брифингті, сондай-ақ Ауғанстан мен Орталық Азия тақырыбы бойынша министрлік пікірталасты атап өтті. Дипломаттар аталған іс-шаралардың қорытындылары бойынша қабылданған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі төрағалығының мәлімдемелері осы беделді құрылымдаға Қазақстан төрағалығының табысты өтуіне зор ықпал жасағанын атап айтты.Еліміздің өткен жылдағы сыртқы саясатының басқа да жетістіктері қатарында «Астана үдерісі» аясында Сирия дағдарысын реттеуге бағытталған келіссөздердің жалғасуы және 2017 жылғы тамызда өткен Атом Энергетикасы жөніндегі Халықаралық Агенттігінің Төмен байытылған уран Банкінің ашылуы туралы сөз қозғалды.Жалпы, еуропалық дипломаттар Қазақстанда және шетелде өткізілген іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айта келе, олардың нәтижелері ел алдында одан да биік мақсаттар қоятынына назар аударды.Министр 2018 жылы сыртқы саясаттың басымдықтары ретінде еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігін лайықты түрде аяқтауды, Қазақстанның әртүрлі көпжақты форматтағы жоғары деңгейдегі кездесулерін, соның ішінде Каспий жағалауы мемлекеттерінің саммитін ұйымдастыру, Астананың 20-жылдығын мерекелеуге шетелдік әріптестердің қатысуын қамтамасыз ету, сондай-ақ, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезін өткізуді атап өтті.Кездесудің маңызды бөлігі Еуропалық Одақпен ықпалдастықтың серпінді дамуына арналды. Еуропалық Одақ Қазақстанның ірі сауда-экономикалық және инвестициялық әріптесі болып қала беретіндігі аталып өтті (Еуропалық Одақ Қазақстанның сауда серіктестері арасында жалпы 49,8% үлеске ие; 2017 жылы Қазақстан мен ЕО арасындағы тауар айналымы 6 млрд. долларға артып, жалпы 30 млрд. доллардан асты). Қазақстанның ЕО-мен сауда-саттықты әртараптандыруға мүдделілігі және Қазақстаннан Еуропа елдеріне шикізаттық емес экспортты кеңейтудің ықтимал жолдарын іздестіру қажеттілігі айтылды.Ынтымақтастықтың маңызды нәтижелерінің бірі 2015 жылы Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылуы, оны 2016 жылдың мамыр айынан бастап жартылай қолданылуының басталуы, сондай-ақ ЕО-ға мүше мемлекеттерімен ратификациялауының оң қарқыны (ЕО-ның 28 мүше-мемлекеттерінің 21-і ратификациялады) және оның Еуропалық Парламенттімен мақұлдануы. Келісімнің толық күшіне енуі үшін құжатты ЕО-ның барлық елдерінің ратификациялауы қажет.Министр Еуропа елдерінің өкілдерін Мемлекет басшысының «Төртінші индустриалды революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауына енген модернизациялау, цифрландыру, инновациялық технологияларды енгізу және іскерлік ахуалды жақсарту сияқты перспективалы салаларда қолжетімді мүмкіндіктерді белсенді пайдалануға және ЕО-ның мүдделі компанияларын Қазақстанға тарту бойынша жұмыс жүргізуге шақырды.Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамытудың тағы бір маңызды міндеті визалық режимді жеңілдету болып табылады, ол үшін Қазақстан мен Еуропалық Одақ осы мәселені шешуде елеулі қадам жасауға ықпал ететін белсенді консультациялар жүргізеді.Талқылау барысында еуропалық дипломаттар Қазақстанда заңның үстемдігін қамтамасыз ету және қоғамдық өмірдің түрлі салаларында заңнаманы жетілдіру үшін институционалдық реформа жүргізу бойынша сұрақтарына жауап алды. Сыртқы істер министрі елшілердің қазақстандық биліктің халықаралық мәселелер бойынша сарапшылармен және құқықтық мәселелер бойынша мамандандырылған үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықта ашық екенін көрсететіндігіне назарын аударды. Кез келген қызығушылық тудыратын жағдайда, сындарлы өзара әрекеттесуге және түсіндіру жұмыстарына ерекше мән беріледі. Қазақстанның бұл ұстанымы көптеген шетелдік серіктестер арасында түсіністік пен қолдау табады.Кездесу қатысушылары 2019 жылы аяқталуы жоспарланған ЕО-ның Орталық Азия үшін Стратегиясының жаңарту процесін құптады. Қ. Әбдірахманов Қазақстанның өңірдегі барлық елдердің мүдделерін ескере отырып, Стратегияның тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында оны жетілдіру жөніндегі жұмысты белсенді түрде жалғастыруға дайын екендігін атап өтті. Қазақстандық тарап басымды бағыттардың қатарында шағын және орта бизнестің дамуы, көліктік-логистикалық инфрақұрылым, энергия тиімділігі, қоршаған ортаны қорғау, білім беру және басқаларын да атап өтті.Еске салайық, 2018 жылғы 2 ақпанында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарының орнағанына 25 жыл толды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27798?lang=kk
Алматыда БҰҰ-ның Қазақстандағы Кеңсесінің 25-жылдығын атап өтті 14.04.2025
АЛМАТЫ, 2018 жылғы 16 ақпан – Біріккен Ұлттар Ұйымымен өзара іс-қимыл тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыты болып табылады. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Алматыда өткен «Қазақстан-БҰҰ: тәжірибе, жетістіктер мен ынтымақтастықтың келешегі» атты жоғары деңгейдегі жиналыс барысында сөйлеген сөзінде айтты. Іс-шара БҰҰ-ның Қазақстандағы алғашқы кеңсесіашылуының 25 жылдығына арналды.Қ.Әбдірахманов өз сөзінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың негізгі халықаралық бастамалары дәл осы БҰҰ-ның трибунасынанұсынылғанын атап өтті. Жаһандық ұйым Мемлекет басшысының кең ауқымды ядроға қарсы және соғысқа қарсы бастамаларын насихаттаудың басты алаңы.«БҰҰ ұйымдары мен бағдарламалары Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып,бұл дәстүрді жалғастыруда. Сонымен бірге, БҰҰ біздің елімізге бұрынғы Семей ядролық полигонын сауықтыру, Арал теңізін қалпына келтіру секілді маңызды жобалар аясында техникалық және қаржылық көмек көрсетті», - деді өз сөзінде Қ. Әбдірахманов.Сыртқы істер министрі Қазақстан мен БҰҰ гендерлік теңдікті ілгерілету, балалардың құқықтарын қорғау, денсаулық сақтау, экология, көші-қон, есірткі тасымалына қарсы күрес және басқа да салаларда бірлесіп, белсенді жұмыс атқарып жатқандығын атап өтті.Қ. Әбдірахманов ең беделді орган – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі Қазақстанның жуырдағы төрағалығынаерекше назар аударды. Төрағалық аясында Президент Н. Назарбаевтың бітімгерлік бастамаларына және Орталық Азияда бейбітшілік, қауіпсіздік пен даму аймағын құру бойынша шараларына екпін қойылды.Сонымен қатар, кездесу барысында Алматы қаласында2030 жылға дейін Орталық Азияда Тұрақты дамудың мақсаттарын жүзеге асыруға жәрдемдесуге бағытталған БҰҰ хабын құру жөніндегі Қазақстанның идеясына БҰҰ тарапынан қолдау білдірілетіні атап өтілді.Елдегі және аймақтағы БҰҰ қызметі туралы пікір алмасу қатысушыларға Ұйымның көп қырлы жұмысын жүйелеуге және отырыста мақұлданған2018-2020 жылдарға арналған Қазақстан-БҰҰ бірлескен іс-қимылдар жоспары аясында өзара әрекеттесудің келешегін айқындауға мүмкіндік берді.Сонымен қатар, мерейтойлық іс-шараға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Қазақстандағы БҰҰ агенттіктерінің басшылары, дипкорпустың өкілдері, дипломатиялық қызмет ардагерлері, академиялық және сарапшылық қауымдастықтардың өкілдері қатысты. СІМ басшысы мен Алматы Әкімі БҰҰ Кеңсесі осыдан 25 жыл бұрын елімізде өз жұмысын бастаған «Қазақстан» қонақ үйінде естелік тақтайды ашты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27797?lang=kk
«Астана Опера» атақты «Богема» операсын Қарағандыда ұсынады 14.04.2025
- Егер бес үздік итальяндық опера тізімін құрастыратын болсақ, онда Дж.Пуччинидің «Богема» операсы сөзсіз соның қатарына кірер еді, сондықтан гастрольге атақты композитор Дж.Пуччинидің танымал шығармасын таңдауды шештік. Дж.Пуччини өз уақытындағы қарапайым адамдардың шынайы өмірі туралы әңгімелейді және бір ғасырдан астам уақыт бойы осы опера әлемдік репертуардағы үздік туындылардың бірі болып қалуда. Театр труппасы спектакльге бар күш-жігерін салып дайындалуда, біз Қарағандылық көрермендерге нағыз мереке сыйламақшымыз. Сонымен қатар, 27 мамырда қарағандылық әріптестерімізді өз гастролімен күтетінімізді айта кеткім келеді. Олар «Астана Опера» Үлкен залының сахнасында «Қарағандыдан жалынды сәлем» концертін ұсынады, мұнда ХХ ғасыр композиторларының жарқын симфониялық жауһар туындылары шырқалады, - деп атап өтті «Астана Опера» МОБТ директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров.Мими партиясын Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай, Рудольф – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Бекмұхамбетов, Марсель – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талғат Мұсабаев, Коллен – Шыңғыс Расылхан, Шонар - Евгений Чайников, Мюзетта– Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі Альфия Каримова, Альциндор - Болат Есімханов, Бенуа – Талғат Ғалеев, Парпиньоль –Бейімбет Таңарықов, Сержант – Нұрлыбек Қоспармақов орындайды.«Богема» –таңқаларлық нәзік сезімталдығымен ерекшеленетін итальяндық опера. Оның оқиғалар желісі Париждің Латын кварталында Рождество қарсаңында өрбиді. Опера кейіпкерлерінің бәрі жастар. Бұлар кедей зиялы қауым, париждегі мансарда тұрғындары: ақын Рудольф, суретші Марсель, музыкант Шонар және философ Коллен. Өмірлерінің серігіне айналған мұқтаждыққа қарамастан, олар көңілдерін түсірмей, қиындықтарды әзілмен қарсы алады. Күнделікті өмірлері қуаныш пен поэзияға, достық пен махаббатқа толы.Еске салар болсақ, «Астана Опера» театрының Қарағандыдағы алғашқы гастролі 2017 жылдың 20-21 сәуірде өткен еді, сол кезде қарағандылық көрермендерге К.Орфтың әйгілі туындысы – «Кармина Бурана» кантатасы және Гала-концерт ұсынылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/27791?lang=kk
Қ. Әбдірахманов: Елбасының Қазақстан халықына Жолдауы және еліміздегі іске асырылып жатқан жаңғырту үрдістері Еуропалық Одақпен ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашуда К. Абдрахманов: Акценты Послания Президента народу Казахстана и проводимая модернизация открывают новые горизонты сотрудничества с Европейским Союзом 14.04.2025
Астана, 2018 жылғы 22 ақпан – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы және елімізде іске асырылып жатқан саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларды біріктіретін жаңғырту үрдістері Еуропалық Одақпен сандық экономика құру, энергияны тиімді пайдалану, білім беру саласын жетілдіру және басқа да көптеген салаларда ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашуда. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов бүгін Астанада өтіп жатқан «Еуропалық Одақ – Орталық Азия арасындағы қарым-қатынастарының 25 жылдығы: өткеннен келешекке» атты халықаралық конференцияның ашылуында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.ЕО-ның Орталық Азия бойынша 2007 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан Стратегиясын жаңарту процессі шеңберінде ұйымдастырылған конференция жұмысына Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша Арнайы өкілі Питер Буриан, Еуропалық сыртқы іс қимылдар қызметінің делегациясы, мемлекеттік органдары, үкіметтік емес ұйымдар және дипломатиялық корпус өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның және Орталық Азия мен Еуропа елдерінің беделді зерттеулер орталықтары мен жоғары оқу орындарының мамандары қатысты.ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов өз сөзінде Қазақстан Еуропалық Одақтың Орталық Азияға арналған ЕО Стратегиясын жаңарту туралы шешімін қолдайды және оны өзектендіру бойынша нақты ұсыныстар жасауға дайын екендігін атап өтті.Бағдарламалық құжат 2019 жылдың ортасына қарай дайын болады деп күтілуде. Онда ынтымақтастықты одан әрі дамытудың негізгі басымдықтары белгіленетін болады.Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында қойылған міндеттерді орындауда Еуропалық Одақпен әріптестікке ерекше назар аударады.Қазақстан ЕО-ның Орталық Азияға арнаған жаңа Стратегиясын әзірлеу кезінде аймақ елдерінің қажеттіліктерін ескере отырып бағдарламалық құжаттың практикалық әсерін арттыруға баса назар аударуға шақырды. Ынтымақтастықтың басым бағыттары ретінде жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту аталды.«Біз ЕО-ның Орталық Азиядағы әртүрлі жобаларға жеке еуропалық капиталды тартуға көмектесетін жаңа механизмдерді әзірлеуді ұсынамыз. Бұл еуропалық компаниялардың өңірлік нарыққа шығуына және аймақтағы ЕО-ның ұстанымын нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады», - деді ҚР СІМ басшысы.Энергия тиімділігін арттыру, білім беру саласындағы ынтымақтастықты жалғастыру, қоршаған ортаны қорғау, су ресурстарын ұтымды пайдалану және климаттың өзгеруіне қарсы тұру саласындағы ынтымақтастық бағыттары перспективалық болып табылады. Соңғы әлемдегі тенденцияларды ескере отырып, сандық ортаны құру ынтымақтастықтың ерекше басымдығы болуы тиіс.Транзиттік-көліктік әлеуетті дамыту туралы айта келе, Министр Орталық Азияның тек транзиттік аймақ болып қала бермеу қажеттілігін атап өтті. Орталық Азия елдерінің экономикаларын тиімді әртараптандыру және жоғары сұранысқа ие жоғары технологиялық өндірістер құру үшін Еуропалық Одақтың тәжірибесін және көмегін пайдалану қажет.Бұған қоса, Қазақстан қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту Орталық Азия мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықтың маңызды басымдықтарының бірі болуы тиіс деп санайды. Осы мәнмәтінде еліміздің сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстанның 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі, соның ішінде Кеңестегі қаңтарда өткен төрағалығыныңбасымдықтарына назар аударды.Министр Еуропалық Одақты аймақаралық ынтымақтастықтың практикалық әсерін арттыру үшін Орталық Азияда неғұрлым өршіл болуға және өзінің өңірлік үдерістерге қатысуын арттыруға шақырды.Қ.Әбдірахманов Ауғанстан азаматтары үшін ауқымды білім беру бағдарламасын жалғастыру түріндегі осы елді одан әрі қолдау жөніндегі Астананың жоспарларын іске асыруда еуропалық тараптың әлеуетті рөлін ерекше атап өтті.Конференция қатысушылары ЕО-ның еліміздегі және аймақтағы қызметін қамтитын кең ауқымды мәселелер бойынша, сондай-ақ Орталық Азия елдері мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастық пен ортақ жетістіктер бойынша пікір алмасуға мүмкіндік алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27789?lang=kk
Қазақстанның БҰҰ- дағы тұрақты өкілі: Астаналық уағдаластықтар қатаң түрде орындалуы тиіс 14.04.2025
Қазақстанның БҰҰ жанындағы делигациясы Сириядағы гуманитарлық жағдай бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында сөз сөйледі. «Астанада қол жеткізген келісімдердің ешқайсысы қағазда қалмауы тиіс, олардың барлығы қатаң түрде орындалуы тиіс»,- деп мәлімдеді Қазақстан өкілі. Қауіпсіздік Кеңестің отырысы Ресей делегациясының бастамасымен 22 ақпанға шақырылған болатын.Қазақстан делегациясы қақтығыстың барлық тараптарын Шығыс Гуттеде әскери іс-қималдарды тоқтату мен деэскалация аймақтарында атысты тоқтату тәртібін күшейтуге көмектесуге шақырды. Халықаралық құқыққа сәйкес жаралыларға медициналық эвакуация жүргізу мен гуманитарлық көмек көрсетуге мүмкіндік беру үшін қатысушы және мүдделі тараптарға барлық Сирия аумағында әскери іс-қимылдарды тоқтату үшін күш біріктіру қажеттігі жөнінде мәлімденді.Қазақстан қазіргі таңда Кеңестің мүшесі бола отырып, консенсусқа қол жеткізудің маңыздылығы мен Сирияда әскери іс-қимылдарды тоқтату жөніндегі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің резолюциясының тезірек қабылдануына тоқталды.Отырыс барысында Женевадан бейне байланыс арқылы брифинг жасаған БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер бойынша орынбасары Марк Лоукоктың баяндамасы тыңдалды.Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Сириядағы, оның ішінде Шығыс Гуттедегі, Идлиб, Солтүстік Хама, Рукбане және Ракке провинцияларындағы гуманитарлық жағдайдың нашарлауына байланысты өздерінің алаңдаушылықтарын білдірді. Қазіргі уақытта Сириядағы 13,1 миллионнан астам адамға медициналық көмекпен бірге гуманитарлық көмек қажет, оның ішінде олардың 6,1 миллионы - ел ішіндегі қоныс аударушылар, 2,5 миллион адам қол жетімсіз жерлерде тұрады, ал жүздеген мың адам әлі де қоршауға алынған аудандарда жүр.Қазақстан БҰҰ төтенше көмегінің Үйлестірушісі М. Лоукоктың 2018 жылдың 11 қаңтарындағы Сирияға сапарының нәтижесінде анықталған «бес өтінішті» қолдады және Қауіпсіздік Кеңесінің резолюцияларында қарастырылған 2018 жылы Сирияға гуманитарлық көмек жеткізуді тұрақты жақсартуды қамтамасыз ету үшін тараптарды оларды жүзеге асыруға көмектесуге шақырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27787?lang=kk
Эцио Фриджерионы Қазақстанмен мызғымас достық байланыстырады 14.04.2025
Айтулы сценографтың есімі барша әлемге әйгілі. Эцио Фриджерионың өнерге қосқан үлесі ұшан-теңіз. Заманауи хореографияның дамуындағы елеулі оқиға – оның музыкалық театр саласындағы жұмыстары. Фриджерионың Джорджо Стрелермен бірге жүзеге асырған Дж.Вердидің «Симон Бокканегра» (1971 ж.) және «Фальстаф» (1980 ж.), Р.Вагнердің «Лоэнгрин» (1981 ж.), В.А.Моцарттың «Фигароның үйлену тойы» (1973 ж.) және т.б. опера қойылымдары әлемдік танымалдылыққа ие болып, ХХ ғасырдағы опера театрының классикасына айналды.Ол «Астана Опера» театры сахнасындағы көптеген атақты балет және опера спектакльдерінің сценографиясын жасады. Өзінің жұбайы – «Оскар» сыйлығының иегері, костюмдер бойынша суретші Франка Скуарчапиномен бірге қазақстандық музыкалық театрдың дамуына елеулі үлес қосты. Елордалық театрдағы қойылымдарға жасаған бірегей жұмыстарының қатарында – А.Жұбанов, Л.Хамидидің «Абай», Дж.Пуччинидің «Мадам Баттерфляй», Ж.Бизенің «Кармен», С.Прокофьевтің «Ромео мен Джульетта», П.Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару», «Аққу көлі», Б.Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы», М.Петипаның «Баядерка», Л.Минкустың «Дон Кихот» туындылары бар.- Сіздің «Астана Опера» театрына арнап жасаған спектакльдеріңіз – қазақстандық өнеріміздің маңдай алды туындылары. Олар опера және балет жауһарларының әлемдік қазынасына енері сөзсіз. Одан әрі жемісті серіктестікке сенім білдіре отырып, сізге ұзақ өмір, зор денсаулық тілейміз, - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.Өз кезегінде, Эцио Фриджерио еліміздің басшылығына, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына, «Астана Опера» театрының дирекциясына осынау жоғары марапат үшін алғысын білдіріп, «Достық» орденімен марапатталған тұңғыш итальяндық атануы ол үшін үлкен мәртебе екенін атап өтті. Сценограф Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстандағы мәдениетті қолдаудағы маңызын ерекше баса айтты. Қоюшы сценографтың сөзінше, соңғы жылдары Қазақстан мен Италия арасындағы мәдени көпір нығайып, одан сайын берік бола түскен.Еске салар болсақ, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Эцио Фриджерио халықтар арасындағы бeйбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ciңipгeн ерен еңбегі үшін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталған еді. Достық ордені – Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаты. Онымен қоғамдағы өзара келісімді сақтау жөніндегі жемісті жұмысы, бeйбiтшiлiктi нығайтуға cіңірген еңбегі үшін марапатталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/27770?lang=kk
Жазбен бірге келген балалар мерекесі! 14.04.2025
- Шамамен екі ай бойы осы концертке дайындық жүргізіліп келді. Жаңа бағдарламаға әртүрлі нөмірлерді, соның ішінде Ж.Бизенің «Кармен» операсынан марш, «Япырай» қазақ халық әні, сонымен қатар жақын арада Үлкен зал сахнасында тұсауы кесілетін Дж.Пуччинидің «Турандот» операсынан үзінді енгіздік. V театр маусымының репертуарын да ішінара көрсететін боламыз. Студиямыздың ашылған сәтінен бастан күні бүгінге дейін шығармашылықпен айналысатын балалар, сондай-ақ соңғы екі-үш жылда келіп қосылған балалар да бар. «Астана Опера» сахнасында өнер көрсетіп, тәлім алып жатқан Балалар студиясының тәрбиеленушілері осы бес жыл ішінде ұжымның қарқынын арттыруда. Балаларда асқақ өнерге деген ұмтылыс бар, көпшілігі алдағы уақыттағы қызметтерін театрмен байланыстырып, өздері үшін осылай шешім қабылдап қойған,- деді хор студиясының жетекшісі Алтынғаным Ахметова.Бұл концертте бірнеше ұл бала алғаш рет жеке нөмірлермен өнер көрсететін болады. Кіші топтағы ұлдар итальян әншісі Робертино Лореттидің репертуарынан танымал Santa Lucia, O sole mio, Funiculi funikula және тағы басқа туындыларды орындайды. Жасы үлкен топтағы қыздар күрделі бағдарлама даярлаған, олар көп дауыспен шырқалатын шығармаларды ұсынады. Балет студиясының жас әртістері кең ауқымды бағдарлама әзірлеген. «Шолпы» қазақ халық биі, Й.Байердің «Қуыршақтар перісі» балетінен вариация, Л.Минкустың «Баядерка» балетінен полька, Л.Минкустың «Дон Кихот» балетінен Китридің вариациясы және өзге де нөмірлер кештің көркін қыздыра түспек.«Астана Опера» Балалар студиясының мақсаты – балалардың өз шығармашылық әлеуетін ашып, дарынын дамыта алуы.- Алғашқы мерейтойда жас әртістер үлкен жетістіктерге қол жеткізді: қазіргі таңда студия тәрбиеленушілері Қазақстанның, алыс-жақын шетелдердің жоғары оқу орындарында білім алып жатыр. Жас әншілер мен бишілер ересек әртістермен бірге концертттік бағдарламаларға, спектакльдерге қатысып, тіпті гастрольдік сапарларға да шығады. Студияда өнерге деген қызығушылығы мол, сахналық дарыны мен музыкалық қабілеті бар балалар білім алуда. Студияның ең жас қатысушысылары бүгінде 7 жаста. Балалардың тұлға ретінде қалыптасуына көмек беру біз үшін өте маңызды. Егер бала саналы өмірінде әртіс немесе музыкант мамандығын таңдайтын болса, ол үлкен табыстарға жетеді, ал егер бұл жолға түспесе, онда олар басқа салаларда жетістіктерге ие болары сөзсіз, себебі балалық шағында қалыптаса бастаған актерлік шеберліктің арқасында ол өзін ерікті әрі еркін сезіне алады. Осының бәрі оған есейген шағында биік шыңдарды бағындырып, талай асуларды алуына көмектеседі, - деп түсінік берді «Астана Опера» театрының режиссері Наталья Кагадий.Көрермендер Дж.Пуччинидің «Богема», «Тоска», Ж.Бизенің «Кармен», сондай-ақ Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек», М.Төлебаевтың «Біржан – Сара» операларынан хор студиясының тәрбиеленушілерін көре алады, ал балет студиясының жеткіншектері «Дон Кихот» қойылымында аты аңызға айналған миландық Ла Скала театры әртістерімен, сонымен қатар Мариин театрының гастролі аясында Рихард Вагнердің «Рейн алтыны» операсында майталмандармен бірге сахнада өнер көрсетті. Хор және балет студиясының тәрбиеленушілері симфониялық оркестрмен, сонымен бірге ересек әртістермен бірге тұңғыш рет «Пер Гюнттің саяхаты» атты бірегей жобасына қатысқан. Хор студиясының жетекшісі – Алтынғаным Ахметова, балет жетекшісі – Әмина Әлиева. «Астана Опера» театрының режиссері, балалар театралдық студиясының актерлік шеберлік сабақтарының оқытушысы – Наталья Кагадий.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/27754?lang=kk
Ирактағы жағдай БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде талқыланды 14.04.2025
2018 жылғы 20 ақпанда ҚР Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді бастаған Қазақстан делегациясы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Ирактағы жағдайға арналған отырысына қатысты. Аталған іс-шарада БҰҰ Бас хатшысының Ирактағы Арнайы өкілі Ян Кубиш осы елдің халқы «ИШИМ/ДАИШ» лаңкестік ұйымын жеңгеннен кейінгі Ирактағы жағдай бойынша баяндама жасады.Өз сөзінде М.Тілеуберді Ирак қауіпсіздік күштері мен халықаралық коалицияның «ИШИМ/ДАИШ» лаңкестік ұйымымен күрестегі еңбегін атап өтті. Сондай-ақ БҰҰ-ның Иракқа көмек көрсету жөніндегі миссиясы және Арнайы өкіл Ян Кубиш бастаған Ирактың аумағындағы БҰҰ-ның басқа мамандандырылған мекемелерінің қызметіне оң баға берді. Қазақстанның делегациясы түрлі саяси партиялар мен қозғалыстар арасында дінаралық және ұлтаралық келісімге қол жеткізудегі БҰҰ-ның Иракқа көмек көрсету жөніндегі миссиясы жұмысының маңыздылығын атап өтті.Ирактың БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Мухаммед Аль Улум АҚШ бастаған халықаралық коалицияға, Ресейге және басқа мемлекеттерге «ИШИМ/ДАИШ» лаңкестік ұйымына қарсы тиімді күрес үшін алғыс білдірді. Ирак өкілі Қауіпсіздік Кеңес мүшелеріне Ирак Үкіметі әзірлеп жатқан 2018 - 2022 жылдарға арналған елдің әлеуметтік-экономикалық даму жоспары туралы мәлімдеді. Сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңес мүшелеріне ағымдағы жылы 12-14 ақпанда Кувейтте өткен Халықаралық донорлар конференциясының нәтижесінде олардың Иракты қалпына келтіруге 30 млрд. АҚШ доллар бөлуге дайын екендігін хабарлады. Сонымен қатар, Ирак өкілі 2018 жылғы қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде Қазақстанға халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге еліміздің қосқан маңызды үлесі үшін алғыс білдірді.Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Ирак билігін инклюзивтілік принципін ұстануға және жаңа бейбіт Ирак құруда ұлттық және діни азшылықтардың мүдделерін ескеруге шақырды. Кеңес елдегі түрлі шағын тайпалар мен басқа да қарулы топтарға қолжетімді қарудың барлық арсеналын Ирак Премьер-Министрінің басшылығындағы арнайы комитеттің бақылауына беру маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27748?lang=kk
Астанада қиял-ғажайыпқа толы «Турандот» операсының тұсауы кесіледі 14.04.2025
Қойылым тобы аты шулы есімдерден құралған: қоюшы дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, айтулы маэстро Алан Бөрібаев, қоюшы режиссер – атақты итальян режиссері Давиде Ливермор, қоюшы суретшілер – танымал қазақстандық сценографтар Софья Тасмағамбетова, Павел Драгунов.«Турандот» операсының алғашқы қойылымы 1926 жылдың 25 сәуірі Миланда өтті. К.Гоццидың аттас пьесасы негізінде либретто жазған авторлар – Джузеппе Адами мен Ренато Симони. Олар алыс елге таңсық болған: іс-әрекет Бейжіңде (Қытай) орын алады. Айла-шарғысы мол Турандот ханшайым ханзадаларға үш жұмбақ жасырады, егер олар жауап бере алмаса, басынан айырылады, ал шешімін тапқан жанға өмірлік жар болады. Қайткен күнде де Турандоттың жүрегін жаулауға бел буған Калаф ханзада барлық сауалдың түйінін шешіп, өз жұмбағын жасырады – қыз оның есімін атауы керек.К.Гоццидың ертегісінде Дж.Пуччини зорлық-зомбылыққа қарсы наразылық пен қараңғылықты жеңген жарықтың мәңгілік идеясын байқайды.- Меніңше, бұл «Астана Опера» үшін өте маңызды қойылым. Айта кететін жайт, әртістердің орасан көп саны қатысатын гранд операмен репертуарын толықтыруға барлық театрдың мүмкіндігі туындай бермейді. «Турандот» 300 жыл бойы дамып, жалғасып келе жатқан итальян операларының ұлы дәстүрін түйіндейді. Осынау операны жазуға қадам басу үшін композитор көп жылдар бойы ізденісте болды, бұл туындыны Дж.Пуччинидің талап-ізденісінің жиынтығы, қорытындысы деуге болады. Барша интернационалдық қауымдастықта осы сынды опера бұдан былай жасалған жоқ. Онда хор ерекше рөл атқарады, ол үнемі сахна төрінде, - деді қоюшы дирижер Алан Бөрібаев.Қоюшы режиссермен маэстро А.Бөрібаев бұрыннан таныс, алайда бұл олардың бірлескен алғашқы жобасы болмақ. Давиде Ливермор жайлы «Астана Операның» бас дирижері өте жылы лебіз білдіруде. Еске салар болсақ, режиссер Давиде Ливермор Еуропаның жетекші сахналары мен Италияның театрларында өткен 22 жылдық шығармашылық мансабы жолында әр алуан театралдық мамандықтарды меңгерді: қоюшы режиссер, сценограф, костюмдер бойынша суретші және жарық бойынша суретші... болды. Атақты орындаушылармен, атап айтқанда Лучано Паваротти, Пласидо Доминго, Хосе Каррерас, Мирелла Френимен, әйгілі режиссерлер – Лука Ронкони, Андрей Тарковский және Чжан Имоумен, сондай-ақ әлемдік жұлдыз – маэстро Зубин Метамен бірге жұмыс жасаған. Итальяндық режиссердің соңғы жұмыстарының бірі – Гендельдің «Тамерлан» операсы аты аңызға айналған Ла Скала театрында орасан зор жетістікпен өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/27742?lang=kk
Астанада Қазақстан мен Қатар арасындағы СІМ-аралық консультациялардың бірінші раунды өтті 14.04.2025
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрілігі мен Қатар Мемлекетінің Сыртқы істер министрлігі арасында саяси консультациялардың бірінші раунды барысында екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.Қазақстан делегациясына сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов басшылық етті, Қатар делегациясына ‑ Қатар Мемлекеті Сыртқы істер министрлігінің бас хатшысы Ахмад бен Хасан әл-Хамади.Тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты дамыту және кеңейту, қазіргі заманның өзекті мәселелерін шешу мен ұстанымдарын үйлестіруде халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңбрінде өзара әрекеттесу, сондай-ақ сыртқы саяси бастатмаларын өзара қолдау мүмкіндіктері жолдарын айқындады. Осы тұрғыда Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты емес мүшелігін назарға ала отырып, БҰҰ шеңберінде екі елдің бірлескен іс-қимылының маңыздылығы айрықша атап өтілді.Қазақстан экономикасына инвестицицялар тарту мақсатында бірлескен жобаларды жүзеге асырудың және Жоғары деңгейдегі бірлескен комиссия қызметін жандандыру арқылы сауда-экономикалық және инвестициялық бағыттардағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығы аталып өтті.Тараптар екіжақты байланыстарды одан әрі кеңейтумен қатар, мәдениет, білім және ғылым салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27738?lang=kk