Enbekshi QazaQ

Қуқық

Урбанистикадан жасанды интеллектке дейін: Алматыдағы «Талдау мектебі» жұмысын қорытындылады 11.07.2026
Алматыда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен және Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Талдау мектебі. Алматы» білім беру жобасы қорытындыланды.Жоба бес жылдан бері табысты жүзеге асырылып келе жатқан «Талдау мектебі» бастамасының өңірлік жалғасы ретінде қолға алынды. Оның мақсаты – сараптамалық ойлау мәдениетін дамыту, сарапшылар қауымдастығын қалыптастыру және Алматы қаласының өзекті мәселелеріне қатысты тиімді шешімдер әзірлеу.Жобаға қызығушылықтың жоғары болғанын іріктеу нәтижелері көрсетті. Өтінім қабылдау кезеңінде 218 өтінім түсіп, олардың ішінен 65 қатысушы бағдарламаға қабылданды. Қатысушылар қатарында ғылыми қауымдастық, жоғары оқу орындары, мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор, халықаралық ұйымдар, сараптамалық орталықтар, ІТ индустриясы, бизнес және азаматтық сектор өкілдері болды.Білім беру бағдарламасы Narxoz Business School базасында өтті. Алты апта бойы қатысушылар стратегиялық жоспарлау, деректерді талдау, мемлекеттік басқару, урбанистика, цифрлық трансформация, жасанды интеллект, экология, туризм және креативті экономика бағыттары бойынша білімін жетілдірді.Бағдарлама аясында аналитикалық құралдарды тәжірибеде қолдануға және Алматының тұрақты дамуына бағытталған шешімдерді әзірлеуге басымдық берілді.Жобаның спикерлері қатарында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Әсел Жанасова, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Төлеуов, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина, Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун, Yandex Qazaqstan басшысы Тимур Шалекенов, Freedom Telecom компаниясының бас директоры Қайрат Ахметов, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Ғазизов, халықаралық inDrive сервисінің негізін қалаушы Арсен Томский, сондай-ақ отандық және шетелдік жетекші сарапшылар болды.Оқу барысында қатысушылар жеті бағыт бойынша жұмыс істеді: «Мегаполисті ақылды басқару», «Креативті экономика және мәдени стратегия», «Туризм және халықаралық ілгерілету», «Урбанистика және кеңістіктік даму», «Экология және тұрақты қалалық орта», «Цифрлық экономика және инновациялық экожүйелер», сондай-ақ «Тұрақты даму және әріптестік».Бағдарлама қорытындысы бойынша командалар Алматыны дамытудың негізгі бағыттарына қатысты талдамалық жоба мен практикалық ұсыным әзірледі. Соңғы кезеңде қатысушылар «DATA-DRIVEN CITY іс жүзінде» тұжырымдамасы аясында деректі талдау мен заманауи қалалық басқару тәсілдеріне негізделген жоба қорғады.Жобаның жабылу рәсімінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов сөз сөйледі. Жобаларды қорғаудан кейін түлектерге сертификат табыстаудың салтанатты рәсімі өтті.Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Талдау мектебі. Алматы» қаланың тұрақты дамуына бағытталған практикалық шешімдер әзірлей алатын, заманауи аналитикалық тәсілдерді қолданатын және деректер мен сараптамалық білімге негізделген Алматының ұзақ мерзімді даму стратегиясын қалыптастыруға үлес қоса алатын жаңа буын мамандарын даярлайтын тиімді алаңға айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1246330?lang=ru
Алматыда спорттық резервті ғылыми қолдау бағдарламасы басталды 11.07.2026
Алматы қаласының Спорт басқармасы спорттық резерв спортшыларын функционалдық диагностикадан өткізу және ғылыми-медициналық қолдау жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруды бастады.Бүгінде спортшыны даярлау тек жаттығу мен жарысқа қатысумен шектелмейді. Спортшы ағзасының жүктемені қалай қабылдайтынын, қалпына келу деңгейін және шамадан тыс шаршау мен жарақат алу қаупінің бар-жоғын анықтау да аса маңызды. Сондықтан спорт ғылымының заманауи жетістіктері әлемдік тәжірибеде спортшыларды даярлаудың ажырамас бөлігіне айналып отыр.Бағдарлама аясында спортшылар спорттық медицина мен функционалдық диагностиканың озық әдістерін пайдалана отырып, кешенді тексеруден өтеді. Зерттеу барысында мамандар жүрек-қантамыр жүйесінің қызметін, тыныс алу жүйесінің жай-күйін, төзімділік деңгейін және ағзаның физикалық жүктемеден кейінгі қалпына келу қабілетін бағалайды. Ол үшін InBody аппараты арқылы дене құрамын талдау, электроэнцефалография (ЭЭГ), сондай-ақ нақты уақыт режимінде сымсыз электрокардиографиялық бақылаумен жүргізілетін эргоспирометриялық тестілеу сияқты заманауи диагностикалық технологиялар қолданылады.Жоба Trinity Corp спорттық медицина және диагностика орталығының базасында жүзеге асырылуда. Қол жеткізілген келісімдердің нәтижесінде алматылық спортшылар кешенді медициналық тексеруден арнайы шарттар негізінде өту мүмкіндігіне ие болды. Диагностика спортшылардың функционалдық мүмкіндіктерін объективті бағалауға арналған арнайы жабдықтардың көмегімен жүргізіледі.Бағдарламаның алғашқы қатысушылары спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері болды. Қазіргі уақытта 133 жас спортшы тереңдетілген диагностикалық тексеруден өтуде. Жыл соңына дейін жоба аясында республикалық және халықаралық жарыстарға қатысатын Алматының спорттық резервіндегі 200-ден астам спортшы тексеруден өтеді.Спорттық медицина дәрігерінің айтуынша, мұндай диагностиканың басты артықшылығы спортшының қазіргі физикалық дайындығын бағалаумен ғана шектелмейді.«Заманауи спорттық диагностика ағзаның шамадан тыс шаршаудың, қалпына келудің жеткіліксіздігін және спорттық нәтижелердің төмендеуіне не жарақатқа әкелуі мүмкін қауіп-қатерлерді ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Алынған мәліметтер жаттықтырушылар мен мамандарға жаттығу үдерісін неғұрлым тиімді жоспарлап, жүктемені әр спортшының ерекшелігіне сай реттеуге және оның жағдайын даярлықтың барлық кезеңінде бақылауда ұстауға көмектеседі», – дейді маман.Жоба аяқталғаннан кейін оның нәтижелеріне жан-жақты талдау жүргізіліп, Алматы қаласының спорттық резерв спортшыларын ғылыми қолдау жүйесін одан әрі жетілдіру бағыттары қарастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1246335?lang=ru
Робототехника, интеллект және спорт: «Айбын-2026» жиынында байқау сынақтары басталды 11.07.2026
 ҚР Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжінің «Амандық» полигонында өтіп жатқан «Айбын-2026» XII халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны аясындағы жарыстарға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан келген мыңға жуық ұл-қыз қатысып жатыр.Жиынға қатысушылар далалық лагерьге бейімделіп, жарыс шарттарымен танысып үлгерді. Барлығы әскери тәртіпке келтірілген. Жас патриоттар керней үнімен оянып, таңғы дене шынықтыру жаттығулары жасайды. Одан соң таңғы ас ішіп, байқауларға, қызықты кездесулер мен мәдени-демалыс іс-шараларына қатысады.Жарыстар шет мемлекеттердің командалары, өңірлердегі әскери-патриоттық клубтар, күштік құрылымдардың командалары және әскери оқу орындарының командалары секілді төрт санат бойынша ұйымдастырылған.Smart Sarbaz байқауы аясында жас бағдарламашылар робототехника, ақпараттық технологиялар және ұшқышсыз жүйелер салалары бойынша авторлық жобаларын ұсынды. Мысалы, «Жас теңізшілер» командасы төтенше жағдайлар кезінде адамдарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялауға арналған роботтандырылған техниканы таныстырды. Робот-эвакуатор салмағы 100 келіге дейінгі зардап шеккен адамды көтеріп, тасымалдай алады. Сонымен бірге адам өміріне қауіпті аймақтарда барлау жүргізуге және миналарды іздеуге арналған автоматтандырылған кешендер де қазылар алқасының ерекше қызығушылығын тудырды. «Айбын дарыны» зияткерлік ойынына қатысушылар да тест тапсырмаларын, ребустар мен логикалық есептерді шешу барысында өздерінің білімділігі мен тапқырлығын көрсете білді.Ал ұлдар арасында белтемірге тартылуда, сондай-ақ қыздар арасында шалқалай жатып денені көтеру жаттығуларын орындау кезінде тартысты әрі қызықты бәсекелестік өрбіді.– «Айбын» жиынына үшінші рет қатысып отырмын. Жыл сайын алдыма сайыста ең жоғары нәтиже көрсету мақсатын қоямын. Өткен жылы бұл жаттығуды 67 рет орындаған едім, ал бүгін өз көрсеткішімді жаңартып отырмын. Шалқалай жатып, денені көтеруді 83 рет қайталап, жеке рекордымды орнаттым. Әрине, бұл жетістіктің артында айлар бойы жүргізілген тынымсыз жаттығулар, орасан зор еңбек пен темірдей тәртіп жатыр. Тәлімгерлерімнің үмітін ақтағаныма қуаныштымын, – деді «Сұңқар» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушісі Нұрдана Ерғазы. «Айбын жұлдызы» шығармашылық байқауында еліміздің әр өңірінен келген әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері өздерінің таланттары мен қабілеттерін паш етті.Жарыстар жалғасуда. Алда жас патриоттарға төзімділігін, тапқырлығын және командамен жұмыс істеу қабілетін көрсетуге мүмкіндік беретін жаңа сынақтар күтіп тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1246312?lang=ru
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді 11.07.2026
Көпшілік асыға күтетін «Қымызмұрындық – 2026» мерекесі 27 маусым күні Кеген ауданындағы Қарқара жайлауында өтеді. Аталмыш шара абыз баба Әлмерек Жаншықұлының 368 жылдығымен қатар ұйымдастырылмақ. Мерекеге елімізден, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қытай, Түркменстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан Республикасы және өзге мемлекеттерден 35 мыңға жуық қонақ келеді деп жоспарланып отыр.Қымызмұрындық – қазақ халқының атадан балаға мұра болып келе жатқан игі дәстүрлерінің бірі. Бұл – қонақжайлылықты, жомарттықты, ынтымақ пен бірлікті дәріптейтін мереке. Аталмыш шараның туризмді дамытуға да ықпалы мол болмақ.Қарқара жайлауында бұл мереке бұған дейін төрт рет ұйымдастырылған. Өткен жылы шараға 8 мыңнан астам адам қатысып, 40 киіз үй тігілген. Сондай-ақ 250-ге жуық шағын бизнес өкілдері тартылған болатын. Ал биыл 80-нен астам киіз үй тігіліп, келушілер саны бірнеше есеге артады деп күтілуде.«Қамызмұрындық – 2026» мәдени-көпшілік және спорттық іс-шарасы аясында ұлттық дәстүрлер мен ойындар паш етіліп, қолөнер көрмесі ұйымдастырылады. Атап айтқанда, ат бәйгесі, қазақ күресі, қыз қуу, теңге ілу, жамбы ату, қой көтеру сынды сайыстар өтеді. Сонымен бірге «Топжарған» этно-өнер орталығының шоу бағдарламасы, «Толағай» өнер орталығының қойылымдары, облыс өнерпаздары мен танымал эстрада жұлдыздарының концерті көпшілік назарына ұсынылады. Жастар үшін алтыбақан, арқан тартыс, қол күрес және ұлттық ойындар ұйымдастырылса, балаларға арналған арнайы аймақта аттракциондар, қуыршақ театры, қолөнер, сурет салу, шахмат және тоғызқұмалақ жарыстары өткізіледі.Қазіргі таңда Қарқара жайлауында дайындық қарқынды түрде жүргізілуде. Ұйымдастырушылар бәйге алаңын ретке келтіріп, көрермендерге арналған орындарды әзірлеген. Қонақтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында барлық ұйымдастыру шаралары жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1246247?lang=ru
Қарулы күштердің әскери қызметшілері Солтүстік Американың ең биік шыңына Қазақстан туын тікті 11.07.2026
Қазақстан Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің Тау дайындығы орталығының альпинистер тобы Солтүстік Американың ең биік шыңы – Деналиді бағындырды.6190 метр биіктікте әскери қызметшілер салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Арнайы операциялар күштерінің туын көтерді.Сәтті аяқталған экспедиция қазақстандық әскери қызметшілердің жоғары кәсіби даярлығын, төзімділігі мен рух күшін айқын көрсетті. Солтүстік Американың ең биік шыңын бағындыру олардың тамаша дене және психологиялық дайындығымен қатар, олардың отансүйгіштік, ерлік, табандылық қасиеттерін тағы бір паш етті.Еске сала кетейік, аңызға айналған Денали шыңы Алясканың орталық бөлігінің оңтүстігінде орналасқан және жергілікті ұлттық парк пен қорықтың құрамына кіреді. Денали сөзі үндістердің атабаска тілінен аударғанда «Ұлы» деген мағынаны білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1246128?lang=ru
Полиция қызметкерлеріне 94 қызметтік көлік табысталды 11.07.2026
Қазақстан полициясының кәсіби мерекесі күні Қызылорда қаласының орталық алаңында облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен полиция қызметкерлеріне 94 арнайы автокөліктің кілтін табыстау рәсімі өтті.Бүгінде өңірде құқықтық тәртіпті сақтау, қылмыстың алдын алу және оны ашу, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Осы жауапты міндеттерді атқаруда полиция қызметкерлерінің еңбегі ерекше.Құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттыру үшін полиция департаментінің жедел-салалық қызметтерінің материалдық-техникалық базасы заманауи техникалармен толықтырылды. Жаңа қызметтік көліктер тергеу, анықтау, жедел-криминалистикалық, табиғат қорғау, көші-қон және өзге де бөлімшелердің қызметтік міндеттерін жедел орындауына мүмкіндік береді.Аймақ басшысы тәртіп сақшыларының қоғам алдындағы жауапкершілігіне, ел тыныштығы жолындағы еселі еңбегіне тоқталды.«Президентіміз «Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, заңның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету – айрықша маңызды міндет» деп атап өтті. Бұл тәртіп сақшыларының күнделікті қызметіндегі басты бағдары болуы тиіс!Жергілікті атқарушы билік пен құқық қорғау органдары бірлесіп, үйлесімді жұмыс атқаруда. Кейінгі жылдары құқықбұзушылық азайып, өңірдегі қауіпсіздік пен жедел әрекет ету қызметтерінің жұмысы оң нәтиже берді.Егемен еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғауда, қоғамда «Заң мен Тәртіп» қағидатын орнықтыруда аянбай еңбек етіп, Өздеріңізге жүктелген міндетті абыроймен орындай беріңіздер! Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! Еліміз аман, халқымыз тыныш болсын!», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Айта кетейік, сәуір айында сол кездегі аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен полицияның патрульдік қызметкерлеріне 100 жаңа автокөлік табысталған болатын. Бүгінгі бастама құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық әлеуетін бұрынғыдан да нығайта түсті.Рәсімде ҚР ІІМ-нің Құрметті ардагері, Қызылорда қаласының құрметті азаматы Тастемір Рахимов, облыстық полиция департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы, запастағы полиция полковнигі Әмірбек Шаймағамбетов әріптестерін мерекемен құттықтап, ізгі тілек білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1246083?lang=ru
Қорғаныс министрінің орынбасары Қарағанды облысындағы әскери гарнизондардың инфрақұрылымын тексерді 11.07.2026
 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары генерал-майор Алмаз Джумакеев Қарағанды, Балқаш және Приозерск гарнизондарына жұмыс сапарымен барып, әскери қызметшілердің қызмет өткеру жағдайымен және әскери инфрақұрылым нысандарының жай-күйімен танысты.Жұмыс сапары барысында генерал-майор Алмаз Джумакеев «Астана» өңірлік қолбасшылығында, Қарағанды, және Приозерск гарнизондарына қарасты әскери бөлімдерде, авиациялық базада, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында, сондай-ақ әскери лазаретте болды. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету, әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру, медициналық қызмет көрсету және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Қорғаныс министрінің орынбасары мерзімді әскери қызметшілердің киім-кешек мүлкімен қамтамасыз етілуін тексеріп, жеке құрамның тұрмыс жағдайымен, медициналық бөлімшелер мен тылдық қамтамасыз ету нысандарының жұмысымен танысты. Сонымен қатар екі гарнизондағы әскери техника, қару-жарақ және әскери инфрақұрылым нысандарының жай-күйіне инспекция жүргізілді.Әскери қызметшілермен және бөлім командирлерімен кездесулер барысында Алмаз Джумакеев қызметті ұйымдастыруға қатысты өзекті мәселелер мен шешуді қажет ететін кемшіліктер жөніндегі баяндамаларды тыңдады. Көтерілген әрбір мәселе бойынша оларды жоюға бағытталған нақты шаралар айқындалды.– Қолбасшылықтың басты міндеті – әскери қызметшілерге лайықты қызмет жағдайын жасау, сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру, уақтылы медициналық көмек көрсетуді және сенімді материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жолға қою. Бұл бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігі мен қойылған міндеттердің тиімді орындалуына тікелей әсер етеді, – деп атап өтті Қорғаныс министрінің орынбасары.Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша генерал-майор Алмаз Джумакеев әскерлерді тылдық қамтамасыз ету жүйесін одан әрі жетілдіруге, әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға және әскери бөлімдердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1245789?lang=ru
Алматыда Саин көшесінде қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ іске қосылады 11.07.2026
20 маусымнан бастап Саин көшесінің Рысқұлов даңғылынан Мұстафин көшесіне дейінгі бөлігінде пилоттық режимде қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ жұмыс істей бастайды. Бұл туралы Алматы қаласының Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының өкілдері айтты.Жобаны іске қосу аясында жол қызметтері арнайы сары түсті жолақтарды сызу және тиісті жол белгілерін орнату жұмысын бастап кетті. Барлық жұмысты 19 маусымға дейін аяқтау жоспарланып отыр.Басқарма өкілдерінің мәліметінше, арнайы жолақты енгізудің мақсаты – қоғамдық көлік қозғалысының тиімділігін арттыру, жол қозғалысын реттеу және қаланың ең қарқынды көлік дәліздерінің бірінде қауіпсіздікті күшейту.Жаңа қозғалыс схемасы автобустардың тұрақты әрі болжамды қозғалысын қамтамасыз етуге, жалпы көлік ағынындағы кідірісті азайтуға және маршруттардың қозғалыс кестесінің сақталуын жақсартуға мүмкіндік береді деп күтілуде.Пилоттық режим қабылданған шаралардың тиімділігін бағалауға және жол қозғалысына қатысушылардың өзгеріске кезең-кезеңімен бейімделуіне жағдай жасауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты жүргізушілерден жол белгілері мен жол таңбаларына мұқият назар аударып, бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1245759?lang=ru
Қазақстан мен Еуропалық Одақ көлік байланыстылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 11.07.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов «Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы байланыстылықты нығайту: Транскаспий халықаралық көлік бағытының перспективалары мен стратегиялық әлеуеті» атты бизнес-конференцияға қатысты.Конференция жұмысына Еуропалық комиссияның, Еуропалық парламенттің, халықаралық қаржы институттарының, көлік-логистика компанияларының, сондай-ақ Қазақстан мен Еуропалық Одақтың іскер топтарының өкілдері қатысты.Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қатынастар үшін стратегиялық маңызына арналған бірінші сессиясында А. Исетов Қазақстан мен Еуропалық Одақты ондаған жылдарға созылған сенімді диалог пен өзара тиімді ынтымақтастық байланыстыратынын атап өтті.Қазақстандық дипломат бүгінде ТХКБ дәстүрлі транзиттік дәліз шеңберінен шығып, Орталық Азия мен Еуропаның мүдделеріне қызмет ететін ауқымды геоэкономикалық жобаға айналуда екеніне тоқталды.Жаһандық жеткізу тізбектерінің трансформациясы және сенімді әрі әртараптандырылған бағыттарға сұраныстың артуы жағдайында Қазақстан Шығыс пен Батыс арасындағы ашық, орнықты және өзара тиімді байланыстылықты дамыту бағытын дәйекті түрде қолдап келеді.ТХКБ-ны Еуропалық Одақтың «Global Gateway» бастамасымен ұштастыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Көлік инфрақұрылымын жаңғырту, цифрлық шешімдерді енгізу және логистикалық үдерістерді жетілдіру екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге қосымша мүмкіндіктер ашатыны аталып өтті.Іс-шара қорытындысы бойынша көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға және аталған бағыттағы Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірқатар келісімдерге қол қою рәсімі өтті.Еуропалық Одақ Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі. Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің 10 жылдығы қарсаңында екіжақты қатынастар тұрақты оң серпін көрсетуде. 2025 жылы өзара сауда көлемі 45,1 млрд АҚШ долларына жетсе, ЕО-ға мүше мемлекеттерден тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жиынтық көлемі 200 млрд АҚШ долларынан асты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1245598?lang=ru
Қостанай облысында ауылдық жерлерде тұрғын үй құрылысы қарқынды дамуда 10.07.2026
Ауылдық аумақтарды дамыту Қостанай облысындағы басым бағыттардың бірі болып қала береді. Бұл ретте тұрғын үй салуға, инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға және ауыл тұрғындары үшін қолайлы өмір сүру жағдайларын жасауға ерекше көңіл бөлінуде.Соңғы жылдары өңірде ауылдық жерлердегі тұрғын үй құрылысының көлемі айтарлықтай артты. 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыста 517,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 5,4 мыңнан астам отбасы баспаналы болды. Оның ішінде 63,7 мың шаршы метр тұрғын үй ауылдық елді мекендерге тиесілі, бұл жалпы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің 12,3 пайызын құрайды.Тұрғын үй құрылысы ауыл тұрғындарының баспана жағдайын жақсартып қана қоймай, ауылдардың жас мамандар мен жас отбасылар үшін тартымдылығын арттыруға да ықпал етеді. Қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру ауылдық аумақтардың тұрақты дамуы мен кадрлық әлеуетін сақтаудың маңызды факторы болып табылады.Тұрғын үй құрылысымен қатар өңірде инженерлік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілуде. Маңызды бағыттардың бірі – халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Бүгінде облыстағы барлық ауылдық елді мекендер орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылған. Ендігі міндет – суды әрбір үйге жеткізу.Соңғы үш жылда ауылдық жерлерде орталықтандырылған су жүйесіне қосылған үй шаруашылықтарының саны 48,3 мыңнан 63 мыңға дейін өсті. Жалпы Қостанай облысының ауылдық елді мекендерінде 80,6 мың аула бар.Сондай-ақ ауылдық елді мекендердің көлік қолжетімділігін арттыру бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. 2023–2025 жылдары 185 ауылға кіреберіс жолдар мен мыңнан астам ауыл көшесі жөнделді. Бұл тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы қозғалуына мүмкіндік беріп, логистиканы жақсартады және аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосымша серпін береді.Ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған кешенді шаралар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, заманауи өмір сүру жағдайларын қалыптастыруға және Қостанай облысы ауылдарының әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1245228?lang=ru
Осы жазда қайда баруға болады: Алматы облысының іс-шаралар күнтізбесі 10.07.2026
Осы жазда Алматы облысы еліміздегі ірі мәдени, спорттық және ойын-сауық шаралары өтетін басты алаңдардың біріне** айналады. Үш ай бойы өңірде халықаралық фестивальдер, спорттық турнирлер, этномәдени мерекелер, танымал өнерпаздардың концерттері және ауқымды open-air жобалар ұйымдастырылады.Іс-шаралардың басым бөлігі облыстың танымал туристік орындарында — Қапшағай су қоймасының жағалауында, таулы аймақтарда және өңірдің өзге де көрікті жерлерінде өтеді. Бұл қонақтарға жарқын шараларға қатысумен қатар саяхат жасап, өлкенің табиғи және мәдени мұрасымен танысуға мүмкіндік береді. МАУСЫМ27 маусым – Қымызмұрындық-2026 және Абыз-Баба Әлмерек Жаншықұлының 368 жылдығы27 маусым күні Кеген ауданында Алматы облысындағы ең ірі этномәдени мерекелердің бірі – Қымызмұрындық-2026 өтеді. Іс-шара Абыз-Баба Әлмерек Жаншықұлының 368 жылдығына арналады.Бағдарламада «Бие байлау» дәстүрлі рәсімі, Қарқара жәрмеңкесі, қолөнер шеберлері мен суретшілер көрмесі, шеберлік сағаттары, қымыздан дәм тату және ұлттық ойындар ұйымдастырылады.Қонақтар ұлттық ат спорты түрлерінен «Қыз қуу», «Теңге ілу», аламан бәйге, топ бәйге және құнан бәйге жарыстарын тамашалай алады. Мереке «МузАРТ», «Меломен», «Алашұлы» топтары мен әнші Диана Исмаилдың қатысуымен өтетін гала-концертпен аяқталады.📍 Қарқара жайлауы, Кеген ауданы🕙 Басталуы: 10:00🎟 Кіру: тегін 27 маусым – SATISFACTION Festival27 маусым күні Алматы облысындағы «Тортуга» демалыс аймағында Орталық Азиядағы ең ірі open-air музыкалық фестивальдердің бірі — SATISFACTION Festival өтеді.Бір сахнада Fedde Le Grand, Matisse & Sadko, Sam Martin, Burak Yeter, Dannic, Aura Dione және Akcent сияқты әлемдік жұлдыздар өнер көрсетеді.Концерттік бағдарламамен қатар қонақтарды арт-кеңістіктер, гастрономиялық аймақтар, жағажай демалысы, chill-out алаңдары және ашық аспан астындағы ауқымды шоу күтеді.📍 «Тортуга», Первомай тоғандары, Іле ауданы🕐 Басталуы: 13:00🎟 Билет бағасы: 25 000 теңгеден бастап 27 маусым – OCTAGON 8827 маусым күні Қонаев қаласында OCTAGON 88 халықаралық аралас жекпе-жек турнирі өтеді.Турнир аясында Қазақстан мен шетелдің үздік спортшылары октагонға шығып, көрермендер тартысты жекпе-жектер мен әсерлі шоу-бағдарламаны тамашалайды. Кештің арнайы қонағы — танымал орындаушы Andro.📍 ASP Arena, Қонаев қаласы🕗 Басталуы: 20:00🎟 Билет бағасы: 10 000 теңгеден бастап ШІЛДЕ 4 шілде – Oceanman Kazakhstan 20264 шілде күні Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасының жағалауында Oceanman Kazakhstan 2026 халықаралық ашық суда жүзу турнирі өтеді.Дәстүрлі түрде жарысқа түрлі елдерден кәсіби спортшылар мен жүзу әуесқойлары қатысып, жағалауды үлкен спорт мерекесінің алаңына айналдырады.📍 Қапшағай су қоймасының жағалауы, Қонаев қаласы🎟 Көрермендер үшін кіру тегін🎟 Қатысушылар үшін тіркелу OCEANMAN және RockTheSport ресми сайттарында 4–5 шілде – OYU FEST4–5 шілде күндері «Первомай тоғандары» аумағында OYU Fest 2026 мерейтойлық фестивалі өтеді.Екі күн бойы қонақтарды танымал әртістердің жанды орындаулары, арт-кеңістіктер, фудкорттар, көше маркеттері, шеберлік сабақтары және интерактивті алаңдар күтеді.4 шілдеде Berkut & Aisha, Sadraddin, Alpha, Kunzharyq, AYAU, M’Dee, Rusha, Yenlik, ARO және Almas өнер көрсетеді.5 шілденің хедлайнері — Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева. Сонымен қатар Dequine, Rin’Go тобы, Orynkhan, Ken Dala, Zere, Dudeontheguitar, Samrattama және abdr сахнаға шығады.📍 «Первомай тоғандары», Іле ауданы🎟 Билеттер: фестивальдің ресми ресурстарында және Ticketon платформасында 10 шілде – Райымбек ауданының 90 жылдығы10 шілде күні Нарынқол ауылында Райымбек ауданының 90 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтеді.Мерекенің басты оқиғасы Еркеш Хасен, Әбдіжаппар Әлқожа, Нұрсұлтан Нұрбердиев және BAYANSULU қатысатын үлкен концерт болады.📍 Нарынқол ауылы, Орталық алаң🕔 Басталуы: 17:00🎟 Кіру: тегін 10–12 шілде – Nomad Spirit Fest 2026Көшпенділер мәдениеті, этникалық музыка және белсенді демалыс фестивалі.Қонақтарды этноауыл, қолөнер жәрмеңкелері, гастрономиялық алаңдар және мазмұнды ойын-сауық бағдарламасы күтеді.📍 Көшпенділер қаласы, Қонаев қаласы🎟 Билет бағасы: 10 000 теңгеден бастап 11 шілде – «Хан Тәңірі қазынасы» фестивалі11 шілде күні көркем Шалкөде жайлауында Райымбек ауданының 90 жылдығына арналған басты мерекелік іс-шара – «Хан Тәңірі қазынасы» фестивалі өтеді.Бағдарламада бәйге, аударыспақ, түйе палуан сайыстары, суретшілер мен халық шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылады.Мерекелік концертте Диана Исмаил, Ғазизхан Шекербек, Nurbullin және Мөлдір Әуелбекова өнер көрсетеді.📍 Шалкөде жайлауы, Райымбек ауданы🕙 Басталуы: 10:00🎟 Кіру: тегін 16–18 шілде – Central Asia Drift Show16–18 шілде аралығында Қонаев қаласындағы ASP Arena аумағында Central Asia Drift Show халықаралық сериясының үшінші кезеңі өтеді.Жарысқа Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің үздік пилоттары қатысып, жеке және жұптық сайыстарда автокөлікті басқару шеберліктерін көрсетеді.Спорттық бағдарламадан бөлек, қонақтарды автокөлік көрмесі, дрифт-такси, автограф-сессиялар және түрлі ойын-сауық шаралары күтеді.📍 ASP Arena, Қонаев қаласы🕛 Басталуы: 12:00🎟 Билет бағасы: 10 000 теңгеден бастап 24–26 шілде – Drive Forum Great Orda 202624–26 шілде аралығында Қонаев қаласында Drive Forum Great Orda 2026 ірі автомобиль форумы өтеді.Форум автокөлік әуесқойларын, саяхатшыларды және туризм саласының өкілдерін біріктіреді. Бағдарлама аясында автокөлік көрмесі, туристік маршруттардың таныстырылымы, саяхатшылар мен сарапшылармен кездесулер, сондай-ақ түрлі ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады.Форум тәжірибе алмасуға, автосаяхаттарға арналған жаңа бағыттармен танысуға және ішкі туризмді дамытуға мүмкіндік береді.📍 Арна шағын ауданы, Қонаев қаласы🎟 Ересектер билеті: 27 000 теңгеден бастап🎟 Балалар билеті: 8 000 теңгеден бастап 25 шілде – TOYLA Music Festival25 шілде күні Первомай тоғандары аумағында TOYLA Music Festival 2026 өтеді.Бұл – жыл сайын мыңдаған көрермен мен заманауи музыканың жанкүйерлерін жинайтын Қазақстандағы ең ірі тәуелсіз open-air музыкалық фестивальдердің бірі.Биыл фестиваль сахнасында Ұлыбританияның Hurts тобы, Ресейдің «Аигел» тобы, канадалық әнші Alice Glass, сондай-ақ қазақстандық орындаушылар Dudeontheguitar, DJ AKI және Meow Dammit өнер көрсетеді.Қонақтарды арт-кеңістіктер, гастрономиялық аймақтар, фестивальдік маркет және ашық аспан астындағы мазмұнды ойын-сауық бағдарламасы күтеді.📍 Первомай тоғандары, Іле ауданы🕒 Уақыты: 15:00–23:00🎟 Билет бағасы: 21 000 теңгеден бастап ТАМЫЗ 15 тамыз – SUAQ аудиоэкспедициясы15 тамыз күні Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында SUAQ аудиоэкспедициясы өтеді.Бұл музыка, заманауи өнер мен табиғи ландшафттарды біріктіретін ерекше мәдени жоба.Қатысушылар Қазақстанның ең танымал табиғи орындарының бірін дыбыс, атмосфера және көркем бейнелер арқылы жаңаша танып-білу мүмкіндігіне ие болады.Жоба аудиоспектакль, экскурсия және иммерсивті өнер элементтерін біріктіріп, табиғат пен мәдени кеңістікпен өзара әрекеттесудің ерекше тәжірибесін ұсынады.📍 Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі🎟 Билет бағасы: 10 000 теңгеден бастап⸻ 16 тамыз – «Байсерке аспаны – 2026» әуе шоуы16 тамыз күні Талғар ауданындағы Байсерке әуеайлағында «Байсерке аспаны – 2026» әуе шоуы өтеді.Бұл өңірдегі ең ірі авиациялық іс-шаралардың бірі саналады.Бағдарламада авиациялық техниканың көрсетілім ұшулары, жоғары пилотаж элементтері, парашютпен секірулер, күмбезді акробатика, авиамодельдер шоуы, ұшақтар мен тікұшақтардың статикалық көрмесі, сондай-ақ ашық аспан астындағы авиация мұражайы ұсынылады.Қонақтар үшін концерттік бағдарлама, балалар аймақтары, шеберлік сабақтары, интерактивті алаңдар, фотозоналар және фудкорттар ұйымдастырылады.📍 Байсерке әуеайлағы, Талғар ауданы🕙 Басталуы: 10:00✈️ Ашық аспан астындағы авиациялық шоу және отбасылық фестиваль🎟 Билет бағасы: 8 000 теңгеден бастап⸻ 21–23 тамыз – Park Live Kazakhstan 202621–23 тамыз аралығында Первомай тоғандары аумағында Park Live Almaty 2026 халықаралық музыкалық фестивалі өтеді.Жыл сайын бұл шара Қазақстаннан және шетелден келген ондаған мың көрерменді жинайды.Үш күн бойы сахнада АҚШ, Ұлыбритания және Үндістаннан келген рок, альтернативті музыка, панк-рок, хип-хоп, метал және электронды музыка бағытындағы әртістер өнер көрсетеді.Фестивальдің хедлайнерлері — америкалық рок-музыкант Jack White, британдық виртуалды жоба Gorillaz және АҚШ-тың аңызға айналған панк-рок тобы The Offspring.Сонымен қатар бағдарламада The Kills дуэті, CeeLo Green, De La Soul, үнділік Bloodywood металл тобы және америкалық Glassjaw пост-хардкор тобының өнер көрсетуі жоспарланған.Фестиваль дәстүрлі түрде өңірдегі ең ірі музыкалық оқиғалардың бірі болып саналады және Орталық Азияның түкпір-түкпірінен заманауи музыка жанкүйерлерін жинайды.📍 «Первомай тоғандары», Іле ауданы🎟 Билеттер: фестивальдің ресми сайтында және Ticketon платформасында⸻ 28–30 тамыз – Family Rock Festival 202628–30 тамыз аралығында Қонаев қаласындағы ASP Arena аумағында Family Rock Festival 2026 өтеді.Бұл жаз маусымындағы ең ірі музыкалық фестивальдердің бірі.Үш күн бойы сахнада «Комната Культуры» және Женя Трофимов, КняZz, Нейромонах Феофан, «Танцы Минус», «Мураками» және The Hatters топтары өнер көрсетеді.Концерттік бағдарламадан бөлек, қонақтарды демалыс аймақтары, гастрономиялық алаңдар және ашық аспан астындағы ерекше фестиваль атмосферасы күтеді.Фестиваль Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен және шетелден келетін жанды музыка сүйер қауымды жинайды деп күтілуде.📍 ASP Arena, Қонаев қаласы🎟 Үш күндік билет бағасы: 56 000 теңге  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1245248?lang=ru
Бурабайда «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны жалауын көтерді 10.07.2026
 Ақмола облысында «Айбын» XII халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өз жұмысын бастады. Биылғы ауқымды іс-шараға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінен келген 1000-ға жуық жас патриот қатысып жатыр.53 команда бақ сынап жатқан жарыстар Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледждің «Амандық» оқу полигоны базасында ұйымдастырылуда. Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Қарулы күштердің ардагерлері, қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Жарысқа қатысушыларға арнаған сөзінде Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабеков «Айбын» жиынының маңыздылығына тоқталды.– Халықаралық «Айбын» жиыны – әртүрлі мемлекеттердің жастары арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтатын, отансүйгіштік рухты қалыптастыратын, көшбасшылық қабілеттерді дамытып, әскери дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелейтін бірегей алаң. Бұл жиын әрбір қатысушы үшін жаңа тәжірибе, жаңа таныстықтар мен үлкен жетістіктерге бастайтын маңызды қадам болады деп сенемін, – деді ол.Ашылу күні қонақтар мен жас қатысушылар заманауи әскери техника және атыс қаруларының үлгілерімен танысып, олардың техникалық және жауынгерлік мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.Сонымен қатар ұйымдастырушылар «Жас сарбаз – Конституция қорғаушысы» атты зияткерлік ойынын өткізді. Аталған шара барысында әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері Қазақстан Республикасының Конституциясы, құқықтық мемлекеттің қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін көрсетті.Зияткерлік сайыс жастардың елдің басты заңына деген құрметін арттырып, мемлекеттік құрылым негіздері мен азаматтық жауапкершілік ұғымдарын терең түсінуге мүмкіндік берді.Жарыстар шетелдік командалар, өңірлердің әскери-патриоттық клубтары, күштік құрылымдар және әскери оқу орындарының командалары арасында төрт бағыт бойынша өтетінін айта кету керек.Бүгінгі сайыс бағдарламасында қатысушылар дене дайындығы бойынша өз мүмкіндіктерін сынайды. Ұлдар белтемірге тартылу жаттығуын орындаса, қыздар шалқасынан жатқан қалыпта денені көтеру нормативін тапсырады. Сондай-ақ «Айбын дарыны» зияткерлік ойыны мен Smart Sarbaz робототехника жарыстары ұйымдастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1245261?lang=ru
Кабулда су ресурстарын басқару саласындағы алғашқы Қазақстан-Ауғанстан білім беру және ғылыми-зерттеу орталығы құрылады 10.07.2026
Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті және Кабул университеті арасында су ресурстарын басқару мен ирригация, климаттың өзгеруі жағдайында ауыл шаруашылығын орнықты дамыту саласындағы ынтымақтастық бойынша ниеттестік туралы тиісті келісім жасалды. Құжатқа вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегацияның Ауғанстанға сапары шеңберінде қол қойылды.Орталықты Кабул университетінің базасында құру жоспарланған. Бұл – су ресурстары, ирригация, орнықты ауыл шаруашылығы саласындағы алғашқы оқу-зерттеу мекемесі. Жаңа орталық маман даярлау, білім алмасу, бірлескен зерттеу жүргізу мен су-аграрлық секторда заманауи шешімдер енгізудің тәжірибе алаңына айналады. Қазақстандық ғалымдар мен сарапшылар білім беру бағдарламалары мен ғылыми сүйемелдеу жүргізеді.Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумында сөз сөйлеген Серік Жұманғарин су дипломатиясы, су ресурсын ұтымды пайдалану мен осы саладағы аймақтық ынтымақтастықты нығайту мәселесіне Қазақстан ерекше назар аударатынын атап өтті.  Орталық су қауіпсіздігі, орнықты ауыл шаруашылығы, климаттық бейімделу, экологиялық мониторинг пен азық-түлік қауіпсіздігі бағытын біріктіретін университетаралық зерттеу платформасы ретінде дамиды деген болжам бар. Кешенді тәсіл аймақтың орнықты дамуы үшін тәжірибелік шешімдер әзірлеуге мүмкіндік береді.Кабул университеті – Ауғанстандағы 1932 жылы құрылған ең көне, ең ірі мемлекеттік жоғары оқу орны. Университетте 22 факультет, пәнаралық ынтымақтастыққа арналған ауқымды академиялық база бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1245401?lang=ru
Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық, азот зауытын жаңғырту, кинологтар даярлау: Серік Жұманғарин Ауғанстанның ішкі істер министрі Сираджуддин Хакканимен кездесті 06.07.2026
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Кабулға ресми сапары шеңберінде Ауғанстанның ішкі істер министрі Сираджуддин Хакканимен кездесу өткізді.Ауғанстанның ішкі істер министрі Қазақстанға және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ауған халқына көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді. Ол аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өзара сенім мен құрметтің, сындарлы іс-қимылдың маңызды екенін атап өтті.Серік Жұманғарин де өз тарапынан Ауғанстан Қазақстанның Орталық және Оңтүстік Азиядағы маңызды әріптесі екенін жеткізді. Қазіргі уақытта екі елдің бейінді ведомстволары есірткі бизнесі мен экстремизм секілді трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесін пысықтауда. Қазақстандық тарап тікелей байланыс орнатуда тиісті ынтымақтастық туралы меморандум жасауға дайын екендігін білдірді. Вице-премьердің айтуынша, қауіпсіздікті қамтамасыз ету сауда-экономикалық байланысты кеңейтудің, инвестиция тарту мен бірлескен жобаларды жүзеге асырудың негізгі факторының бірі.Тараптар кинологиялық қызмет мамандарын даярлау саласындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударды. Серік Жұманғарин бұған дейін ауған тарапы екі елдің есірткіге қарсы бөлімшелері арасында тәжірибе алмасу жөнінде бастама көтергенін еске салды. Осыған байланысты Қазақстан ІІМ Алматыдағы ІІМ Кинологиялық орталығының базасында ауған кинологтарын оқытуды ұйымдастыруға дайын. Қазақстан биыл бес маман даярлап шығарса, келесі жылы ауған тарапына бес қызметтік ит беруді ұсынып отыр.Кездесу барысында Ауғанстанның ішкі істер министрлігінің қарамағындағы Мазари-Шарифтегі азот өндіру зауытын жаңғыртуға қазақстандық мамандардың қатысуы талқыланды. Қазақстандық инженерлер кәсіпорынға барған болатын. Келесі кезеңде нысанға техникалық тексеру жүргізіледі. Жабдықты жаңғырту қажеттілігі анықталып, жұмыс құны бағаланады. Қазақстандық кәсіпорындар өндірісті технологиялық жаңарту, инжиниринг, жабдық жеткізу мен іске қосу, жөндеу жұмысын сүйемелдеу саласында қажетті құзыретке ие. Осыған байланысты тараптар жобаны қаржыландыру, міндеттемені орындау кепілдігі, сондай-ақ логистиканы, мамандардың өндірістік алаңға қол жеткізуі мәселесін талқылады.Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделі екендерін растап, қауіпсіздік кепілдігі, сенімді логистикалық қатынас, құқық қорғау органдарымен жедел өзара іс-қимыл ұзақмерзімді экономикалық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті жағдай екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1245199?lang=ru
Актив отырысында облыс әкімінің орынбасары таныстырылды 06.07.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен актив отырысында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және облыс әкімінің өкімімен облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған Нұриддин Аманқұл таныстырылды.Мұрат Нәлқожаұлы жаңа орынбасарына өңірдің кәсіпкерлік, туризм және аграрлық әлеуетін арттыруға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруды тапсырды.Нұриддин Аманқұлұлы 1986 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. К.Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған, экономика ғылымдарының магистрі.Еңбек жолын 2007 жылы Халықаралық саясат институтында сарапшы ретінде бастап, кейін мемлекеттік және халықаралық инвестициялық-қаржылық ұйымдарда жауапты қызметтер атқарған.2012-2018 жылдары «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігінде департамент директоры, басқарушы директор және Ыстанбұл қаласындағы инвестициялық өкіл болған.2018-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінде шетелдік инвестициялар тарту басқармасын басқарды, сондай-ақ Қазақстанның Түркия Республикасындағы елшілігінде бірінші хатшы және кеңесші лауазымдарында еңбек етті.2023 жылдың маусым айынан осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Бас консулы қызметін атқарды.Мәжілісте облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, облыстық сот төрағасы Әділхади Шығамбаев, облыс прокуроры, өңірлік инвестициялық штабтың тең төрағасы Ризабек Ожаров сөз сөйлеп, облыс әкімі орынбасарының жауапты қызметіне сәттілік тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1245008?lang=ru
«Ұлт саулығын ұлықтаған дәрігер» атты салтанатты шара өтті 06.07.2026
«Өнер орталығында» Медицина қызметкерлері күніне арналған «Ұлт саулығын ұлықтаған дәрігер» атты салтанатты шара өтті.Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп, Бекбол Орынбасаров, Амангелді Есбай, құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері және сала ардагерлері қатысты.Аймақ басшысы ұлт саулығын нығайтуда қажырлы еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандарды құттықтады.«Денсаулығымыздың қорғаны, адам жанының арашасы, мейірім мен ізгіліктің жаршысы болған ақ халатты абзал жандардың еңбегі қашанда елеулі.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Ұлт саулығы – еліміз үшін бәрінен қымбат құндылық. Сондықтан медицина саласын дамыту мемлекеттің стратегиялық міндеті саналады. Осы орайда, дәрігердің ел өміріндегі орны айрықша екені сөзсіз» деген болатын.Бүгінгі мерейлі мерекеге орай ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Сіздерге арнайы құттықтауын жолдады.Еліміздің денсаулық сақтау саласында ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген сырбойылық дәрігерлерімізді ерекше мақтанышпен айтамыз.Қазақстанның Еңбек Ері, Сыр перзенті Юрий Владимирович Пя бес мыңнан астам ашық жүрек отасын жасады. Еліміздің бас хирургі, профессор, жерлесіміз Болатбек Баймаханов жетекшілік еткен мамандар тобы медицина тарихында тұңғыш рет бір мезетте үш науқасқа үш донордың бүйрегін трансплантациялау бойынша аса күрделі операцияны сәтті жүзеге асырды. Болатбек Бимендіұлы кеше Президентіміздің қолынан екінші дәрежелі «Барыс» орденін алды. Жерлесімізді жоғары марапатымен барша Сыр жұртшылығының атынан құттықтаймын!Былтыр облыс тарихында алғаш рет бауыр, 10 науқасқа бүйрек трансплантациясы жасалды. Отаның 6 жаңа түрі тәжірибеге енгізілді. Бұл – Сыр медицинасының мүмкіндігі мен мамандардың біліктілігін айқындайтын жарқын мысалдар. Дәрігер – ең ізгі, ең қастерлі мамандық иесі. Халыққа әрдайым адал қызмет етіп, абыройлы болыңыздар!», – деді аймақ басшысы.Рәсімде саланың дамуына елеулі үлес қосқан мамандар «Парасат», «Құрмет» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат», ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медальдарымен, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағымен, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасарының және облыс әкімінің Алғыс хаттарымен, Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен марапатталды.Іс-шара соңында ардагерлерге гүл шоқтары тарту етіліп, мерекелік бағдарлама ұсынылды.Президенттің, Үкіметтің қолдауымен 2022 жылдан бері аймағымыздың денсаулық сақтау саласына 625 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлініп, 41 медицина нысаны ел игілігіне берілді. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында барлық ауданда 28 медицина нысаны салынды.Облыс орталығында емханасы мен онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың, 400 және 500 келушіге арналған емханалардың, 200 орындық перинаталдық орталықтың құрылысы жүріп жатыр.Алдағы жылдары тағы бірқатар медицина нысаны қайта жаңғыртылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1244838?lang=ru
Алматы облысында жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды 06.07.2026
Алматы облысының Талғар ауданында №15 өрт сөндіру бөлімі пайдалануға берілді. Нұра ауылында бой көтерген жаңа нысан жақын маңдағы 10 мыңнан астам халыққа қызмет етеді. Өрт сөндіру бөлімі – автоцистерна, автосаты және жедел-құтқару автокөлігі сияқты арнайы техникалармен жабдықталған – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Салтанатты рәсімге ҚР Төтенше жағдайлар министрі, генерал лейтенант Шыңғыс Әрінов, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, құтқарушылар мен аудан тұрғындары қатысты.Шыңғыс Сайранұлы өз сөзінде өрт сөндіру бөлімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында салынғанын айтып, оны жүзеге асырған облыс әкімдігіне ризашылығын білдірді.«Нұра ауылында бұрын өрт сөндіру бөлімі болмаған. Төтенше жағдай кезінде тұрғындар Талғар мен Іле ауданындағы өрт сөндіру қызметіне жүгінетін. Бүгінде Алматы облысында мұндай жаңа нысандардың жиі ашылып жатқанының куәсі болып жүрміз. Бұл – қарқынды жұмыстың нақты нәтижесі. Мемлекет басшысының қолдауымен еліміздің әр аймағында, оның ішінде Алматы облысында да жаңа бөлімдер бой көтеріп, жаңа техникалар, өрт сөндірушілерге арналған киімдер сатып алынып жатыр. Алдағы уақытта мұның бәрі халық игіліне қызмет ететін болады», – деді генерал лейтенант.Марат Елеусізұлы да тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құтттықтап, Нұра ауылында атқарылған айтулы шаралар туралы баяндады.«Соңғы уақытта Нұра ауылы жақсы өзгерістердің жаршысы болып жүр. Жақында ғана жаңа көпір мен медициналық нысан пайдалануға берілді. Алдағы қыркүйек айында жаңа мектеп есігін айқара ашады. Енді тек газ мәселесі өзекті болып тұр. Бұл да жақын арада шешімін табады. Ал қолданысқа берілген бұл өрт сөндіру бөлімі төтенше жағдай кезінде Нұра ауылы мен оның айналасындағы 4 елдімекен тұрғындарына жедел көмек көрсетеді. Құтқарушыларға жағдай жасау – ел Президентінің тікелей тапсырмасы. Сондықтан қызметкерлердің жай-күйі мен халықтық қауіпсіздігі әрқашан біздің бақылауымызда», – деген аймақ басшысы төтеншеліктердің алдағы жұмысына сәттілік тіледі.Өрт сөндіру бөлімінің лентасы қиылғаннан кейін қонақтар нысанды аралап көрді. Замануи депо жаңа технологиялармен толық қамтамасыз етілген. Мұнда диспетчерлік пункт, оқу сыныптары мен спорт аймағы қарастырылған. Қызметкерлердің демалыс, киім ауыстыру және дайындық бөлмелері бар. Олардың жұмыс істеуі мен кәсіби даярлығына барлық жағдай жасалған. Қазіргі таңда 20-ға жуық қызметкер еңбек етеді.Нұра маңындағы Дулат ауылының тұрғыны Жанар Иманқұлова осы салтанатты рәсімге арнайы келгенін айтты.«Өрт сөндіру бөлімінің ашылуын асыға күттік. Себебі өрт тұтанған кезде құтқарушыларды ұзақ күтіп қалатынбыз. Халықтың талап-тілегін ескеріп, осындай жаңа нысан салып берген жандарға алғысым шексіз. Алдағы уақытта халыққа мінсіз қызмет етеді деп сенеміз», – деді тұрғын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1244773?lang=ru
Балқашта жаздың басты туристік оқиғасына 75 мың қонақ жиналды 06.07.2026
75 мың қонақ, көл үстінде қалықтаған мыңдаған жарық, рекорд жаңартқан қазыбургер және түнге дейін жалғасқан мерекелік көңіл күй. Balkhash Tour Fest – 2026 Балқаш жағалауын еліміздегі жазғы демалыстың ең тартымды орталықтарының біріне айналдырып, Қазақстандағы ең ауқымды туристік іс-шаралардың бірі ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте айқындады.Екі күн бойы көл жағалауы спортты, шығармашылықты, отбасылық демалысты және жарқын әсерлерді тоғыстырған үлкен мерекелік кеңістікке айналды. Фестивальдің алғашқы күнінде ғана шамамен 35 мың адам келсе, жалпы екі күн ішінде шараға 75 мыңға жуық қонақ қатысты. Олардың қатарында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген демалушылармен бірге шетелдік туристер де болды.Фестивальдің ең әсерлі бағдарламаларының бірі – белгілі қазақстандық балуан Сергей Цырульниковтың қазақтың даңқты батырларына арналған шоуы болды. Ал кешкі уақытта көрермендерді бұдан да ерекше тосынсый күтіп тұрды. Балқаш тарихында алғаш рет көл айдынының үстінде ауқымды дрон-шоу ұйымдастырылды. Аспанға көтерілген 500 ұшқышсыз аппарат жарық арқылы Қазақстан мен Балқаштың тарихы мен келбетін бейнелейтін көркем композициялар құрды.Дегенмен фестивальдің мазмұны тек әуе шоуымен шектелген жоқ. Екі күн бойы алаңда ондаған тақырыптық аймақ қатар жұмыс істеп, әр жастағы қонақтарға өз қызығушылығына сай демалыс түрін таңдауға мүмкіндік берді.Фестиваль аясында ерекше гастрономиялық рекорд та тіркелді. Сахна төрінде салмағы 86,4 келі болатын Қазақстандағы ең ірі қазыбургер әзірленді. Бұл жетістікті ресми тіркеу үшін Қазақстан рекордтар кітабының бас редакторы арнайы шақырылды.Спорт сүйер қауымды Cuprum Swim жаппай жүзу жарысы біріктірді. Бір және үш шақырымдық қашықтықтарға еліміздің әр өңірінен келген 300-ге жуық қатысушы шықты. Әуесқойлар ашық суда өз мүмкіндіктерін сынаса, кәсіби спортшылар жүлделі орындар үшін бақ сынады. Қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бүкіл бағыт бойында құтқарушылар кезекшілік атқарды.Екі күнге созылған би турнирі Қазақстан мен Ресейден келген жас дарындардың басын қосты.Қатысушылар басты жүлде – Шанхай қаласындағы халықаралық FRESH DANCE CAMP би лагеріне жолдама үшін бақ сынады.Байқау қорытындысы бойынша орындаушылық шеберлігі мен сахналық мәдениеті арқылы қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған астаналық биші Rufina Lu Гран-при жүлдесін жеңіп алды.Фестиваль танымал қазақстандық өнерпаздардың қатысуымен өткен ауқымды гала-концертпен түйінделді. Мыңдаған көрермен сүйікті әндерін бірге шырқап, ерекше атмосфераның куәсі болды. AYAU мен фестивальдің хедлайнері 6ELLUCCI-дің өнер көрсетуі кештің шарықтау шегіне айналды. Ал Балқаштың түнгі аспанын жарқыратқан мерекелік отшашу фестивальді әсерлі қорытындылады.Алайда фестиваль тарихы мұнымен аяқталмайды. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта Balkhash Tour Fest – 2027 фестиваліне дайындық жұмыстарын бастамақ.Сонымен қатар фестиваль өткен алаң жаз бойы бос тұрмайды. Демалыс күндері мұнда концерттер, дискотекалар, көрмелер, отбасылық мерекелер және басқа да бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл бастама қала тұрғындарының бос уақытын мазмұнды өткізуіне мүмкіндік беріп қана қоймай, Балқашқа келетін туристердің демалысын одан әрі қызықты ете түспек.Бүгінде Балқаш тек жағажай туризмімен шектелмейді. Фестиваль аясында жұмыс істеген туроператорлар павильонында Балқаш өңірі бойынша жаңа туристік бағыттар таныстырылды. Солардың бірі өңірдің табиғи жауһары саналатын тораңғы тоғайларына арналды.Бүгінде Balkhash Tour Fest жай ғана жазғы мереке емес. Ол – Балқаш өңірінің туристік әлеуетін арттыруға, өңірдің тартымдылығын күшейтуге және ішкі туризмді жүйелі түрде дамытуға бағытталған маңызды жобалардың біріне айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1244697?lang=ru
Қазақстандық арнайы жасақ сарбаздары Беларусьтегі парашют спорты турнирінде жоғары нәтиже көрсетті 06.07.2026
Брест қаласында Беларусь Республикасы Арнайы операциялар күштерінің бастамасымен ұйымдастырылған халықаралық парашют спорты турнирі өз мәресіне жетті.Жарысқа ұйымдастырушы елдің үздік командаларымен қатар Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның құрамалары қатысты. Турнирде жалпы саны 32 команда бақ сынады.Қазақстан атынан жарыста Десанттық-шабуылдау әскерлері, Арнайы операциялар күштері және Арнайы операциялар күштері мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әйелдер құрамасы бақ сынады.Тартысты бәсекенің қорытындысы бойынша Қазақстан Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің командасы ІІ орынды иеленіп, өздерінің жоғары кәсіби шеберлігін, төзімділігі мен жауынгерлік рухын тағы бір мәрте дәлелдеді.Әскери қызметшілерімізді осы лайықты жетістігімен құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1244700?lang=ru
Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлер Әкелер күніне орай отбасыларынан құттықтау алды 06.07.2026
Қазақстан Республикасында атап өтілетін Әкелер күніне орай Голан жоталарында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бақылау күштері (UNDOF) құрамында бейбітшілік сақтау миссиясын атқарып жүрген ұлттық контингент әскери қызметшілері жақындарынан ерекше сый алды.Ұлттық контингент басшылығының бастамасымен бітімгерлерге отбасы мүшелерінен келген құттықтау хаттары табысталды. Шынайы тілектер мен жүрекжарды қолдау сөздері әскери қызметшілерге отбасы жылуын және олардың Отанға аман-есен оралуын күтіп жүрген жақындарының сағынышын жеткізді.Бұл акция отбасылық құндылықтарды нығайтуға, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға және әкенің бала тәрбиесі мен қоғамның дамуына қосатын үлесінің маңызын арттыруға бағытталды.Көптеген әскери қызметшілер үшін Отанға адал қызмет етудің үлгісі өз әкелері болды. Бітімгерлік миссияға қатысушылардың бірі, гвардия 3-сыныпты сержанты Жанат Қайранбаев әскери мамандықты таңдауына әкесі Нұржан Жексенбековтың өнегесі зор әсер еткенін айтты. Әкесі Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет атқарып, 2013 жылы еңбек жолын аяқтаған.- Бала кезімнен әкемнің өз қызметі мен борышына үлкен жауапкершілікпен қарайтынын көріп өстім. Оның өнегесі мені өмірімді әскери қызметпен байланыстыруға себеп болды. Мерзімді әскери қызметтен өткеннен кейін Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусына оқуға түстім. Кейін Қонаев қаласындағы 32363 әскери бөлімінде қызметімді жалғастырдым. Бүгінде мен Голан жоталарындағы БҰҰ бітімгерлік миссиясы құрамында қызмет етіп жүрмін, - деді әскери қызметші.Қазіргі уақытта қазақстандық бітімгерлік контингент миссияның жауапкершілік аймағында бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындауды жалғастырып, Қазақстан Қарулы күштерінің халықаралық аренадағы беделін лайықты  дәлелдеп келеді.Әкелер күніне орай жеткен құттықтаулар әскери қызметшілер үшін туған-туыстарымен үзілмес байланыстың белгісіне айналып, жүктелген міндеттерді адал атқаруға қосымша жігер берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1244701?lang=ru