Қуқық
Қостанай облысында KIA автозауытын салу – машина жасау саласындағы ең ірі инвестициялық жоба 05.04.2025
Қостанай облысында еліміздің өнеркәсіп тарихындағы маңызды инвестициялық жобалардың бірі – KIA автокөліктерін шығаратын зауыттың құрылысы жүргізіліп жатыр. Жоба Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып, шетелдік тікелей инвестицияларды тартуға және машина жасау саласын дамытуға бағытталған.Ресми делегацияның сапарыҚұрылыс барысымен Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов және KIA компаниясының ресми өкілдері танысты. Делегация құрамында:Со Догён – KIA Corporation (Корея) компаниясының вице-президенті, өндірістік технологиялар орталығының директорыИм Джэ У – KIA компаниясының Ресей және ТМД елдері бойынша президентіКим Дэ Ки – «KIA Qazaqstan» ЖШС-нің бас директорыСапар барысында делегация зауыт құрылысының барысымен, құрал-жабдықтарды монтажтау жұмыстарымен және өндірісті іске қосуға дайындық шараларымен танысты.Жобаның негізгі көрсеткіштеріЖобаның жалпы құны – 200 млн АҚШ долларыИнвестициялардың 80%-ы – тікелей шетелдік капиталӨндірістік корпустың ауданы – 100 000 шаршы метрЖобалық қуаттылығы – жылына 70 000 автокөлікЖұмыс орындарының саны – 1 500Бұл – KIA компаниясының Кореядан тыс жердегі алғашқы зауыты. Кәсіпорын 68 өнеркәсіптік роботпен жабдықталып, өндірістің жоғары деңгейде автоматтандырылуын және өнім сапасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Құрылыс алаңында Оңтүстік Корея мен Қытайдан келген 80 шетелдік маман жұмыс істеуде.Құрылыс барысыБүгінгі таңда:Негізгі өндірістік корпус толығымен салындыШатыр жабылып, сэндвич-панельдер орнатылдыКорея мен Қытайдан жеткізілген жабдықтардың бір бөлігі орнатылдыДәнекерлеу және бояу цехтарында монтаж жұмыстары жүріп жатырГаз, су, жарық, кәріз және байланыс желілері секілді сыртқы инженерлік инфрақұрылым аяқталдыТеміржол жолдары мен автомобиль жолдарының құрылысы жалғасуда (екі учаскеге асфальт төселген)Пилоттық автокөлік жинау – 2025 жылдың шілде айына,Сериялық өндіріс – 2025 жылдың қазан айына жоспарланған.Кадр дайындау және ілеспе жобаларЖобаның табысты жүзеге асырылуы үшін білікті кадрларды даярлау – басты басымдық. Қостанай облысының колледждері мен жоғары оқу орындарында машина жасау саласы бойынша 5 негізгі бағытта жаңа мамандықтар ашылып жатыр:Машина жасау технологиясыАвтоматтандыру және басқаруМашиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсетуҚара металлургияТокарь ісіОқу орындарының материалдық-техникалық базасы жаңартылып, студенттер тәжірибеден нақты өндіріс алаңдарында өтуде.Сонымен қатар, қазіргі уақытта «TEHNOPARK KZ» ЖШС-нің Локализациялау орталығының құрылысы жүргізілуде. Бұл орталық автокомпоненттерді өндіретін болады және оның өнімдері отандық автозауыттардың, соның ішінде KIA зауытының қажеттіліктеріне бағытталады.Келешекке бағытАталған жоба Қостанай облысын Қазақстанның машина жасау орталығы ретінде дамытуға тың серпін беріп отыр. Бұл – тек инвестиция мен технология ғана емес, сонымен қатар жаңа жұмыс орындары, заманауи өндірістік дағдылар және экономиканың тұрақты өсуінің негізі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/969258?lang=kk
2025 жылғы су тасқыны: барлық қатерлер жойылды 05.04.2025
Бұл туралы бүгін жедел штаб отырысында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді.Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жүргізілген мұқият дайындықтың арқасында өңір су тасқыны жағдайына тиімді әрекет етіп, 89 ауылдық елді мекен мен 3 қалада халық пен инфрақұрылым үшін қауіптің алдын алды.Биыл су тасқынына қарсы іс-шараларға 7,5 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп. Бұл қорғаныс құрылыстарын айтарлықтай нығайтуға, сондай-ақ қажетті техника мен материалдарды сатып алуға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, техниканы сатып алуға 860 миллион теңге бағытталды.Негізгі бағыттардың бірі – инженерлік нысандарды орнату және жөндеу болды. 2025 жылы 57 шақырым қорғаныс білігі салынды, 168 су өткізу құбыры орнатылды және 20 шақырым жаңа нөсерлі кәріз жүргізілді. Сонымен қатар, 27 гидротехникалық нысан жөнделді. Барлық қорғаныс құрылыстары өз функцияларын толық орындады.Барлық шараларды сәтті іске асыруға 3 мыңнан астам адам және 800 техника бірлігі тартылды. Ауқымды қар тазалау жұмыстары жүргізіліп, 1,2 миллион м³-тан астам қар шығарылды, бұл нөсерлік және дренаждық жүйелерге түсетін жүктемені тиімді азайтуға мүмкіндік берді. Ең осал учаскелерден 250 мың м³-тан астам су сорылып алынды, бұл да маңызды рөл атқарды.Ерекше назар Қарасу ауданында салынған 30 шақырымдық бұру арнасына аударылды. Бұл арна 2024 жылдың қазан айында аяқталып, су тасқыны қаупінің алдын алуға елеулі үлес қосты. Арна көлдердің қосылып, артық аумақтарды су басуының алдын алды. Қазіргі уақытта арна арқылы өтетін су көлемі секундына 12,2 текше метрді құрайды, бұл су деңгейін тиімді бақылауға мүмкіндік береді. Күніне арна арқылы өтетін су көлемі – шамамен 1,1 миллион м³, ал осы уақытқа дейін 700 миллион текше метрден астам су өткізілді.Сонымен қатар, Алабота көлі тасыған аймақтың айналасында ұзындығы 15 шақырым болатын 110 кВт жаңа электр беру желісі тартылды. Облыстың оңтүстік өңірлерінде де электр желілері қалпына келтіріліп, осал аудандарда да тұрақты энергиямен қамту қамтамасыз етілді. Жалпы алғанда, Амангелді, Жанкелдин аудандары мен Арқалық қаласында 693 электр бағанасы қалпына келтірілді.Нәтижелер: су тасқынына қарсы шаралардың табысыАтқарылған жұмыстардың нәтижесінде су тасқыны кезеңі ешқандай су басусыз, шығынсыз және зардапсыз өтті. Қорғаныс құрылыстары, сатып алынған техника және барлық қызметтердің үйлесімді жұмысы облыс тұрғындарының қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз етті.Сонымен қатар, сәтті дайындыққа еріктілер, әскери қызметшілер және жергілікті тұрғындар үлкен үлес қосты. Осы күштердің арқасында қауіптер барынша азайтылып, су тасқыны жағдайымен тиімді күрес жүргізілді.Облыс әкімі Құмар Ақсақалов дайындық пен өңір қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысқан барлық тұрғындарға, еріктілерге және қызметтерге алғысын білдірді.«Сіздердің белсенділігіңіз бен қатысуларыңыз бізге осы су тасқыны кезеңінен шығынсыз және зардапсыз өтуге көмектесті. Сіздердің қолдауларыңыз — біз үшін өте маңызды. Дәл осы еңбектеріңіздің арқасында өңір қорғалды», — деді ол.Бүгінгі таңда атқарылған жұмыстың арқасында елді мекендерге төнетін барлық қатерлер жойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/969251?lang=kk
Қазақстан мен Әзербайжан әскери қызметшілері ақпаратты техникалық қорғау мәселелерін талқылады 05.04.2025
Ақпаратты қорғау және техникалық барлауға қарсы іс-қимыл саласындағы әскери мамандардың кездесуі ҚР Қорғаныс министрлігінің Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында өтті.Әскери қызметшілер техникалық барлауды анықтау мен оған қарсы іс-қимылдың заманауи жүйелерін қолдану тәжірибесін, сондай-ақ ақпарат алудың тиімді әдістерін бөлісті.– Бүгінгі таңда ақпараттық қауіпсіздіктің заманауи сын-тегеуріндерге қарсы тұруға озық технологиялар ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік құпияларды қорғау әдістерін жетілдіруге бағытталған халықаралық ынтымақтастық көмектеседі, – деп ҚР Қорғаныс министрлігі Мемлекеттік құпияларды қорғау департаментінің бастығы полковник Тимур Сәдуақасов кәсіби байланысты нығайтудың маңыздылығын айтты.Тараптар бірлескен оқу-жаттығулар өткізуді, тәжірибе алмасуды және ақпаратты техникалық барлаудан қорғауды қамтамасыз етуде жаңа тәсілдерді әзірлеумен қоса ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/968975?lang=kk
Аймақ басшысы бизнес өкілдерімен кездесті 05.04.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бизнес өкілдерімен кездесті. Жиынға құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.Аймақ басшысы бизнесті қорғау, инвесторлар мүддесін сақтау, инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы мәселелерге тоқталды.«Өткен жылы өңірімізде 37 млрд. теңгенің 21 жобасы іске қосылды. Маңызды әрі ірі жобаның бірі ретінде құны 20 млрд. 900 млн. теңгені құрайтын «Қорқыт Ата әуежайының» жаңа терминалын атап өтуіміз қажет. Қазіргі таңда әуежайдың қызмет көрсету салаларын дамыту, сенімгерлік басқаруға беру үшін вьетнамдық «Совико Групп» компаниясымен келіссөз жүргізілуде.Одан бөлек, шыны зауытының ішінен 5 млн. шаршы метр энергия үнемдейтін шыны шығару желісі, тамақ өнеркәсібінде 5 жоба, логистика саласында 1 жоба қосылды.Бұл жобалар құрылысынан бастап іске қосылғанға дейін «қолмен басқару» режимінде сүйемелденді, туындаған мәселелері дер кезінде шешілді.Республикалық инвестициялар тарту кеңесінде цемент зауытының санитариялық-қорғаныш аймағы, салынып жатқан жаңа жылу-электр орталығының қосылған құн салығы, шыны зауытының тауарлық газ бағасын төмендету мәселелері шешімін тапты.Өңірімізге инвестиция тарту мақсатында Корея, Италия, Испания, Қытай елдеріне жасаған жұмыс сапарларымыз алғашқы жемісін беруде.Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің базасында Кореяның СеулТех университетінің еліміздегі алғашқы Жасанды интеллект және информатика жоғары мектебі ашылды.Наурыздың 12-сінде Астана қаласында Үкімет басшысы Олжас Абайұлымен бірге испаниялық «Roca Group» компаниясының басшылығымен кездесіп, алдағы жоспарларды талқыладық. Испандық инвестормен санитарлық бұйымдар өндіру зауытын салу жобасы пысықталуда.Қытай Халық Республикаcымен 10 млрд. 800 млн. теңгенің 9 келісіміне қол қойылды. Алдағы уақытта келісімдердің нәтижесі көріне бастайды.Президентіміздің Катар еліне жасалған жұмыс сапары аясында өңірімізде 800 млрд. теңгеге қуаттылығы 1 100 МВт-ты құрайтын бу-газ қондырғысын салу келісілді. Жобаны орналастыру үшін 280 гектар жер телімі резервке алынды. Оның 100 гектарына газ-электр станциясы салынады, қалған аумақ перспективалық жобаларды жүзеге асыру үшін белгіленген.Инвестициялық жобалардың мәселелерін талқылап, шешу жолдарын қарастыратын өңірлік штаб менің төрағалығыммен тұрақты жұмыс жасауда.Одан бөлек, Өңірлік үйлестіру кеңесінде жер телімдері мен инженерлік инфрақұрылым жүйелерін жеткізуге қатысты шешімдер қабылданды. Құқық қорғау органдарымен бірлесіп, аймақтағы инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді, олардың мәселелерін шешуді, шағын және орта кәсіпкерлік үшін бизнес-ахуалды жақсартуды әрі қарай жүйелі түрде жалғастыратын боламыз», – деді Н.Нәлібаев.Соңғы 3 жылда кәсіпкерлікті қаржылай қолдау үшін (2022-2024 жж.) 16 700 жобаға әртүрлі қаржы көздерінен 206 млрд. теңге тартылды. Оның 40 млрд. 931 млн теңгесі мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау тапты. Биыл 29 млрд. теңгеге кәсіпкерліктің 4 800 жобасы қаржыландырылды. Бұл кәсіпкерліктің экономикадағы үлесін 21%-ға жеткізеді (2021 ж. – 18,3%, 2022 ж. – 19,1%, 2023 ж. – 19,9%, 2024 ж 9 ай – 20,5%).Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2023-2024 жылдары 748 жоба жүзеге асты, 1000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл бағдарлама аясында 815 жоба көзделуде.Агробизнес өкілдері шағын өндіріс орталықтарын құруға басымдық берген. Шаруашылық құрылымдарының әлеуметтік жауапкершілігі аясында кәсібін бастаушыларды ғимаратпен, кепілдікпен қамтамасыз етуде.Жиын соңында туындаған мәселелер талқыланып, кәсіпкерлер өз ойларын ортаға салды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/968615?lang=kk
Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы тағайындалды 05.04.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кадрлық өзгерістерге орай өткен актив отырысында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жаңа басшысы Жанмұрат Сейіловті таныстырды.Жанмұрат Жақсымұратұлы 1985 жылы Жамбыл облысы, Қаратау қаласында дүниеге келген. Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Тарих, құқық және экономика негіздері», Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша білім алған.Еңбек жолын Қызылорда облысы әкімі аппаратының инспекторы ретінде бастаған. Әр жылдары Қызылорда қаласының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы, қалалық мәслихаттың, қала әкімі аппаратының басшысы, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы лауазымдарында еңбек еткен. 2024 жылдың қыркүйек айынан осы күнге дейін Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымын абыроймен атқарып келді.Облыс әкімі жаңа басшыға өңірдегі тарихи-мәдени мұраларды сақтау жұмысын ұйымдастыруды, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлерді дамытуды жүктеді. Халық шығармашылығы, театр, кино өнері, музей жұмысын үйлестіруді, кітапханаларды ақпараттандыру орталығына айналдыруды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/968594?lang=kk
Дін істері басқармасының басшысы тағайындалды 05.04.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге орай актив отырысы өтті. Оған селекторлық режимде қала, аудан әкімдері, басқарма, департамент басшылары мен ардагерлер қатысты. Мәжілісте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімімен Қызылорда облысының дін істері басқармасының басшысы лауазымына тағайындалған Мира Қазбекова таныстырылды. «Мира Жомартқызы - аймақтың әлеуметтік-саяси ахуалымен жақсы таныс, мемлекеттік қызметте мол тәжірибе жинақтаған, облыстың мәдени-рухани өмірін дамытуға зор үлес қосқан білікті маман. Басқарма мен оның басшысына маңызды міндеттер жүктеледі. Атап айтқанда, діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, өңірдегі діни тұрақтылықты толыққанды бақылау, діни бірлестіктердің, миссионерлердің, рухани білім беру ұйымдарының қызметін зерделеу және талдау керек. Жастарды діни экстремистік әрекетке тартуға жол бермеу, азаматтардың бойында деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру бағытында жұмыс атқаруды тапсырамын», -деді Н.Нәлібаев.Мира Жомартқызы 1984 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Экономика», «Болашақ» университетінде «Заңтану» мамандықтары бойынша білім алған. Еңбек жолын 2005 жылы мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында бастаған.Әр жылдары Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары, Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы лауазымдарында абыройлы еңбек еткен. 2023 жылдың қаңтар айынан осы күнге дейін Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы қызметін атқарып келді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/968578?lang=kk
Сиань қаласында өткен сауда экономикалық миссия қорытындысы бойынша қазақстандық кәсіпкерлер $98 млн-ға келісімшарт жасасты 05.04.2025
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 6,8%-ға артып, $43,8 млрд-қа жетті. Өткен жылы ШЫҰ саммитінде екі ел басшылары бұл көрсеткішті $80 млрд-қа жеткізу міндетін қойған болатын.2024 жылы Қазақстан мен Қытайдың Шэньси провинциясы арасындағы өзара тауар айналымы $382,3 млн-ды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ($157 млн) 2,4 есеге артты.Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің Шэньси провинциясының әкімшілік орталығы Сиань қаласына бизнес-делегацияны бастап баруы – Оңтүстік-Шығыс Азия бағытындағы экспорттық жолда маңызды көлік-логистикалық торап болып саналатын Шэньси провинциясымен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ықпал етті.Сапардың бірінші күні, 1 сәуірде, ҚКП партия комитетінің хатшысы, Шэньси провинциясы халық өкілдері жиналысының төрағасы Чжао Идэмен кездесу өтті.«Шанхай ынтымақтастық ұйымының отырысынан кейін әріптесіммен бірге бұл мақсатқа қалай қол жеткізуге болатынын талқыладық және бірлесіп парадигманы өзгерту қажет деген ортақ шешімге келдік. Тек сауда-саттықпен ғана шектелмей, инвестицияларға да көңіл бөліп, бірлескен өндірістерді іске қосуымыз керек. Осы арқылы тауар айналымын арттыру мүмкіндіктері кеңейеді. Біз өңірлендіру қағидатын қолдана бастадық», – деді Арман Шаққалиев.Нәтижесінде, өткен жылы СИМ басшысы Қытайдың жеті провинциясына сапар жасап, әрқайсысында 3-4 ірі компания анықталып, қытайлық тараппен бірлесіп өзара сауда, өндірістік кооперация және инвестиция тарту бойынша тауарлар тізімі жасалды.«Чэнду қаласында қол жеткізілген келісімдер нәтижесінде тауар айналымын 50%-дан астамға, ал Нанкинде – 3,5 есеге арттырдық. Шэньси провинциясымен де ынтымақтастық кеңейеді деп сенемін. Біз $490 млн астам сомаға 16 түрлі өнім бойынша ұсыныс әкелдік. 30 күнге дейін визасыз режимнің енгізілуі туризм мен іскерлік байланыстардың дамуына үлкен серпін береді», – деп атап өтті ҚР Сауда және интеграция министрі.Тараптар мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық бірқатар бағыттарда, соның ішінде көлік секторында белсенді дамып келе жатқанын айтты. Өткен жылы Қазақстан арқылы Қытайдан Еуропаға шамамен 300 пойыз жөнелтілсе, 2025 жылдың алғашқы екі айында 111-ден астам пойыз жіберілген.Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындарында Қазақстаннан 400-ден астам студент білім алуда. Қытайдың Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасындағы филиалы 56 магистрантты қабылдады.Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды. Ең алдымен, Қытай мен Еуропа арасындағы теміржол қатынасын дамыту жалғасын табады.«Бірінші бағыт бойынша біз теміржол қатынасы арқылы Қытай – Еуропа бағытында автокөлік, баламалы энергетика және ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша сауда саласындағы тауар айналымын кеңейте аламыз. Сонымен қатар, шетелдегі қойма инфрақұрылымын кеңейту бойынша да әріптестікті дамытуға болады. Екінші маңызды бағыт – ауыл шаруашылығы», – деп атап өтті Чжао Идэ.Ол қазақстандық жоғары оқу орындарын ШЫҰ университеттер альянсына және «Бір белдеу – бір жол» кәсіби университеттер альянсына қосылуға шақырды.Сонымен қатар, гуманитарлық-мәдени алмасу саласындағы ынтымақтастық та кеңейтіледі. Биыл Шаньси провинциясынан Сиань қаласынан Алматыға дейін алғашқы мәдени-туристік пойыз жолға шықпақ. Сондай-ақ «Жібек жолы» өнер фестивалін өткізу жоспарланып отыр.Партия комитетінің хатшысы атап өткендей, 2025 жылдың маусым айында Қытай мен Орталық Азия елдерінің екінші саммиті Астана қаласында өтеді. Оның аясында Қытай Іскерлік Кеңесінің отырысын өткізу жоспарлануда.Кездесу соңында ҚР Сауда және интеграция министрі Қытай бизнес өкілдерін 11-13 маусым аралығында Астанада өтетін экспорттық-импорттық көрмеге қатысуға шақырды. Бұл көрме саммит аясында ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда көрмеге 200-ге жуық қытайлық компания қатысуға ниет білдіріп отыр.Сонымен қатар, ҚХР кәсіпкерлерімен жеке кездесулер өтті.Shaanxi Foreign Economic and Trade Group компаниясының басқарма төрағасы Мяо Цянь өз сөзінде компанияның Шэньси провинциясында тауар айналымы бойынша үшінші орынды иеленетінін айтты. Компания көптеген салада жұмыс істейді, оның негізгі бағыты – тау-кен өнеркәсібіндегі сауда, оның ішінде түсті металдар, катодты мыс және алюминий.«Біз табиғи газ бен шикі мұнай импорттауға мүдделіміз. Шэньси провинциясының жыл сайынғы қажеттілігі 3,6 млн тоннаны құрайды. Сонымен қатар, біз EPC-келісімшарттар шарттарындағы күн және жел электр станцияларын салу бойынша бірлескен жобаларды іске асыруға, қойма инфрақұрылымын дамыту жобасына қатысуға қызығушылық танытып отырмыз», – деді Мяо Цянь.Өз кезегінде Ningxia State Farm компаниясының бас директоры Дуань Чжицян олардың кәсіпорны ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтінін және 400 миллиард еуродан астам активке ие екенін атап өтті. Ол компания 250 мыңнан астам ірі қара мал ұстайтынын айтып, осыған байланысты жем-шөп дақылдары мен минералды тыңайтқыштарға сұраныстың жоғары екенін, соның ішінде жоңышқа мен жүгеріні сатып алуға немесе бірлесіп өсіруге дайын екендігін білдірді.«Біздің компания 70 жылдан астам жұмыс істеп келеді. Біз сүт өндіру бағытында ірі қара мал тұқымын өсіруде озық тәжірибені енгізіп келеміз, қазіргі заманғы мал шаруашылығы жүйесі жолға қойылған. Жоңышқа мен азықтық жүгері өсіру бойынша В2В форматында үлкен тәжірибеміз бар. Сонымен қатар, өнімді бөлу мен су ресурстарын басқарудың заманауи «ақылды» жүйелері де бар», – деп атап өтті Дуань Чжицян.Өз кезегінде ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 260 млн гектардан асатынын және бұл көрсеткіш бойынша еліміз әлемде Австралия мен Канададан кейінгі үшінші орында екенін еске салды.«Әрине, біз ауыл шаруашылығын оффтейк-келісімшарттар қағидаты бойынша дамытуға мүдделіміз. Сіздер өз технологияларыңыз бен стандарттарыңыз бойынша өнімдерді өсіріп, қайта өңдеп, экспортқа шығара алатын боласыздар. АӨК саласындағы негізгі бағытыңызды ескере отырып, сіздерді Қазақстанға инвестор ретінде шақырамыз», – деді министр.Сапардың екінші күні – 2025 жылдың 2 сәуірінде Сиань қаласында Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы (СЭМ) өтті. B2B-кездесулердің қорытындысы бойынша қазақстандық компаниялар $98 млн сомасына экспорттық келісімшарттарға қол қойды.Бұл сауда миссиясы алғаш рет шетелдік мекеме – Қазақстан Республикасының Бас консулдығының базасында өткізілді. Екі жыл бұрын дәл осы ғимаратта Мемлекет басшысының қатысуымен қазақстандық тауарлардың шоурумы ашылған болатын. Миссияға Қазақстаннан 60-тан астам, Қытайдан 100-ден астам кәсіпкер қатысты.Сауда-экономикалық миссия аясында QazTrade ұйымдастырған көрме үш қазақ киіз үйі форматында өткізілді. Онда негізінен азық-түлік саласындағы 50-ге жуық қазақстандық компания өз өнімдерін таныстырды. Ұн, майлы және дәнді дақылдар – Қытай нарығында жоғары сұранысқа ие. Бұл өнімдер Қазақстанның Қытайға бағытталған стратегиялық экспортының негізін құрайды және отандық өндірушілер үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда.СЭМ қорытындысы бойынша QazTrade Шэньси провинциясы Халықаралық саудаға жәрдемдесу комитетінің Сауда-өнеркәсіп палатасымен және AIJU Grain and Oil Industry Group компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды. Бұл келісімдер Қазақстан мен Қытайдың бизнес өкілдері арасында тікелей байланыс пен тығыз әріптестік орнатуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/968505?lang=kk
РХБ қорғау мамандарының шынайы қауіп төнген жағдайдағы үйлесімді іс-қимылы тексерілді 05.04.2025
Алматы облысында ҚР Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлері оқу-жаттығу орталығында Десанттық-шабуылдау әскерлерінің, Ұлттық ұланның және ҰҚК Шекара қызметінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау мамандарының он күндік жиыны өтті.Әскери қызметшілер әскерлерді радиациядан, химиялық әсерден және биологиялық ластанудан қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау кезінде бірлескен іс-қимылдың негізгі элементтерін пысықтады. Есептеу-талдау станциясын пайдалана отырып, радиациялық, химиялық және биологиялық жағдай туралы ақпаратты жинауға және оларды өңдеуге, одан бөлек әскерлер қозғалысының бағыттары мен шоғырлану аудандарына РХБ барлау жүргізуге ерекше назар аударылды.РХБҚ мамандары арнайы және санитарлық өңдеу пунктін орналастырып, жылжымалы бақылау-тарату пункті есептобының іс-әрекетін пысықтады. Бұл кезеңде арнайы өңдеу пунктінде жеке құрамды, қару-жарақ пен әскери техниканы өңдеу тәртібі жіті қадағаланды.– Осындай ауқымдағы бірлескен жиындар біздің әскерлерді радиациялық, химиялық және биологиялық ластану жағдайындағы іс-қимылдарға дайындаудың маңызды кезеңі болмақ. Олар әскери қызметшілердің кәсібилігін арттыруға, әртүрлі күш құрылымдары арасындағы әрекетті жақсартуға және жеке құрам мен техниканы қорғаудың маңызды элементтерін тәжірибеде пысықтауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті лагерь жиынының бастығы подполковник Ахан Райымбеков.Ведомствоаралық жиынға 250-ден аса әскери қызметші қатысты, 20-дан астам арнайы техника жұмылдырылды. Бұл РХБ қауіп-қатерден қорғаудың барлық аспектілерін кешенді пысықтау үшін жағдай жасауға мүмкіндік берді. Жиынға қатысушылардың бәрі қойылған міндеттерді орындау кезінде барынша дайындалған, үйлесімді және жылдам іс-қимыл көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/968413?lang=kk
Армия орталық спорт клубында Олимпиада чемпионы Анатолий Храпатый залы ашылды 05.04.2025
Армия орталық спорт клубының Алматы филиалында Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов жаңа ауыр атлетика залын ашты. Қорғаныс ведомствосы басшысының Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Армия орталық спорт клубында ауыр атлетика федерациясының қолдауымен құрылған жаңа залдың салтанатты ашылуы өтті. Спорт нысанына Олимпиада чемпионы Анатолий Храпатыйдың есімі берілді. Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, спорт қоғамдастығы және АОСК-ның атақты спортшылары қатысты.Анатолий Храпатый – ауыр атлет, бес дүркін әлем чемпионы (1985-1987, 1989-1990), 1988 жылғы Олимпиада чемпионы, 1996 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.Өмірінің соңғы жылдарында ҚР Қорғаныс министрлігі АОСК спорт бөлімінің аға офицері болып жұмыс істеді. Спортшы 2008 жылдың тамызында қайғылы жағдайда қаза тапты.Сапар барысында министр күрделі жөндеуден өткен Жақсылық Үшкемпіров атындағы күрес залын, спортшылардың даңқ мұражайын, футбол алаңын, асхананы және басқа да инфрақұрылым нысандарын аралады. Қорғаныс министрі басшылықтың алдына Қарулы күштерде дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бірқатар тапсырмалар қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/968352?lang=kk
Қостанай облысында жаңа өндірістер: инвестициялар, технологиялар, жұмыс орындары 05.04.2025
Бүгін Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов «KamLitKZ» ЖШС-не барып, өңірдегі ірі индустриялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Өткен жылы мұнда шойын құю зауыты іске қосылған болатын, ал қазір екінші зауыттың құрылысы аяқталуға жақын. Бұл кәсіпорын жүк көліктеріне арналған жетекші белдік редукторларын шығаратын болады. «Бұл – өңірдегі машина жасау кластерін дамытудағы маңызды қадам. Өндіріс заманауи, жоғары технологиялық өнім шығаруға бағытталған. Ол тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де сұранысқа ие болады. Бұл жоба жаңа жұмыс орындарын құруға және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Қостанай облысының әкімі. Ірі инвестициялар және жаңа жұмыс орындары «KamLitKZ» жобаларына салынған инвестиция көлемі 238 млрд теңгеден асады:•78,2 млрд теңге – 2024 жылдың қарашасында іске қосылған шойын құю зауытына жұмсалды.•82,5 млрд теңге – 2025 жылы пайдалануға берілетін жетекші белдік редукторларын шығаратын зауыт құрылысына бағытталған.•78 млрд теңге – 2025 жылы жүзеге асырылатын «Балка локализациясы» жобасына инвестицияланды. Осы жобалар аясында 1150 жаңа жұмыс орны ашылады:✅ 500 жұмыс орны – шойын құю зауытында;✅ 550 жұмыс орны – жетекші белдік редукторларын шығаратын зауытта;✅ 100 жұмыс орны – «Балка локализациясы» жобасы бойынша. Кәсіпорында жұмысшылардың орташа жасы – 27 жас, негізінен жастар еңбек етуде. Кадрлар жергілікті оқу орындарының, соның ішінде Қостанай автожол колледжінің базасында даярланады. Заманауи технологиялар және халықаралық нарыққа шығу Жаңа зауыт жылына 74 мың жетекші белдік редукторын шығаруды жоспарлап отыр. Өндіріс прецизионды қалыптау технологиясына негізделген, бұл бөлшектердің беріктігі мен ұзақ мерзімділігін қамтамасыз етеді. Барлық жабдық Италия, Испания және Германияның жетекші еуропалық өндірушілерінен алынған. «KamLitKZ» өнімдері ТМД және Еуропа нарығына бағытталған, бұл өңірдің экспорттық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді. Машина жасау саласын дамыту – Қостанай облысы үшін басым бағыттардың бірі. Жаңа жобалар, жұмыс орындары және озық технологияларды енгізу өңірдің өнеркәсіптік қуатын арттырып, экономикалық өсімге серпін береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/968286?lang=kk
Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар басталды 05.04.2025
Қазақтың әйгілі композиторы, дирижер, Қазақстанның халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар Алматы облысында салтанатты түрде бастау алды. Биылғы мерейтой ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтпек.Осыған байланысты облыста арнайы жоспар бекітіліп, халықаралық және республикалық деңгейдегі мәдени іс-шаралар өткізу көзделген. 1 сәуір күні мерейтой аясындағы алғашқы шаралар Жамбыл ауылында ұйымдастырылды. Делегация Қонаев қаласынан шығып, Жамбыл ауданына жеткен соң, аудан әкімі Нұрлан Ертас бастаған жергілікті билік өкілдері мәртебелі қонақтарды құрметпен қарсы алды. Іс-шара Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейінде жалғасын тауып, ақынның ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, рухына Құран бағышталды. Тағзым рәсіміне Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, ауданның Құрметті азаматы Серік Еркінбайұлы және облыстың бас имамы Мадияр Тағабайұлы қатысты.Бұдан кейін Нұрғиса Тілендиевтің ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті. Алматы облысының әкімі мен өңірдің Құрметті азаматы Әбдіманап Абаев композитордың қазақ музыка өнеріне қосқан өлшеусіз үлесін атап өтті. Қонақтар сондай-ақ Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейін аралап, ақын өмірі мен шығармашылығына қатысты тың деректермен танысты. Мерекелік шаралар Ұзынағаш ауылында жалғасты. Аудандық Мәдениет үйінде өткен салтанатты жиынға облыс басшылығы, зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері, сондай-ақ жергілікті тұрғындар қатысты.Салтанатты жиында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтау сөз сөйлеп, мерейтойдың қазақ мәдениеті үшін маңыздылығына тоқталды: “Баршаңызды қазақ өнерінің жарық жұлдызы, күйші, дирижер, Қазақстанның халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ел тарихында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсету – ұлттық бірегейлігімізді нығайта түседі», – деп атап өткен болатын.Бұл мерейтой – ұлы композитордың шығармашылығын ұлықтап, кейінгі ұрпаққа насихаттаудың жарқын көрінісі. ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтетін бұл айтулы датаға орай, облысымызда арнайы жоспар қабылданып, халықаралық және республикалық деңгейдегі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Оның ішінде «ТҮРКСОЙ» ұйымымен бірлескен жобалар, ауқымды концерттер, сондай-ақ Іле ауданында еңселі ескерткіш орнату, мәдениет ошақтарына, көшелер мен білім беру мекемелеріне Нұрғиса Тілендиевтің есімін беру жоспарланған.Халқымыздың жүрегіне ән болып енген, рухын асқақтатқан дара перзентінің мұрасы мәңгі жасай бермек. Ұлы тұлғаның есімі мен еңбегі келер ұрпаққа үлгі болып, қазақ өнері өркендей берсін!” – деді өңір басшысы. Жиында қоғам қайраткері, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нағашыбек Қапалбекұлы да сөз алып, Нұрғиса Тілендиевтің ұлттық мәдениетке қосқан сүбелі үлесі жөнінде тағылымды ойларымен бөлісті.Салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, көрермендерге Нұрғиса Тілендиевтің мәңгілік шығармалары орындалған әсерлі кеш ұсынылды. Айта кетейік, ұлы тұлғаның 100 жылдығына арналған мәдени шаралар жыл бойы еліміздің түкпір-түкпірінде жалғасын таппақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/967017?lang=kk
Қалдықтардан – ресурсқа: қалдықтарды қайта өңдеудің жаңа жобалары 05.04.2025
Қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) – бүгінгі күннің өзекті экологиялық мәселелерінің бірі. Жыл сайын қоқыс көлемі ұлғайып, оны тиімді сұрыптау мен қайта өңдеу жүйесі болмаса, қоршаған ортаға үлкен қауіп төндіреді. Алматы облысында бұл мәселенің шешімі табылды: алдағы жылдары өңірде жеке инвестициялар есебінен қалдықтарды қайта өңдейтін жаңа кәсіпорындар ашылады.Өңірде жалпы төрт ауқымды жоба іске асырылады. Олар полигондарға түсетін қалдықтар көлемін азайтып қана қоймай, экономикалық тиімділік әкеліп, жаңа жұмыс орындарын ашуға және тіпті электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді.Экология үшін заманауи технологиялар“Kaz Waste Conversion” ЖШС Айтей ауылындағы полигон аумағында заманауи кешен салуды жоспарлап отыр. Бұл нысан жылына 450 мың тонна қалдықты сұрыптауға қауқарлы, бұл полигондарға кететін қоқыс көлемін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.✔ Жоба құны: 8,87 млрд теңге✔ Қаржыландыру көздері: 1,77 млрд теңге – жеке қаражат, 7,1 млрд теңге – қарыз қаражаты✔ Күйі: Жоба Өнеркәсіпті дамыту қорының қарауында Алатау қаласында “ADC Taza Al’em” ЖШС түрік “INEVA” компаниясымен бірлесіп қоқыс өңдейтін зауыт пен техноэкопарк салуды көздеп отыр. Бұл кәсіпорын қалдықтарды өңдеп, олардан электр энергиясын өндіреді.✔ Өндіріс қуаты: жылына 350 мың тонна✔ Энергия генерациясы: 16 мВт/сағат✔ Жоба құны: 32 млрд теңге (8,25 млрд – жеке қаражат, 24,35 млрд – қарыз)✔ Жұмыс орындары: 70✔ Іске асыру мерзімі: 2025-2026 жылдар “Food Waste” ЖШС жобасы жылына 36,5 мың тонна азық-түлік қалдықтарын органикалық тыңайтқыштар мен ұн өндіруге бағытталған. Бұл тек полигондарға түсетін жүктемені азайтып қана қоймай, фермерлерге сапалы табиғи өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.✔ Өнім көлемі: 2,3 мың тонна ұн, 14,6 мың тонна органикалық тыңайтқыш✔ Жоба құны: 1,78 млрд теңге✔ Жұмыс орындары: 116✔ Іске асыру мерзімі: 2025-2026 жылдар4. Қытай инвестициясы және қалдықтарды қайта өңдеуЕңбекшіқазақ ауданының Балтабай ауылында Гуандун Сучунь қытайлық компаниясы жылына 400 мың тонна қоқыс өңдейтін зауыт салуды жоспарлауда. Қазіргі таңда жер телімін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.✔ Жоба құны: 3 млрд теңге✔ Іске асыру мерзімі: 2025-2026 жылдар Бұл жобалар қалдықтардың қайта өңделуін арттырып, қоршаған ортаның ластануын азайтады және жаңа жұмыс орындарын ашады.Заманауи технологиялар қалдықтарды ресурсқа айналдыруға мүмкіндік береді: электр энергиясы, тыңайтқыштар, жаңа өндірістерге арналған шикізат. Осындай бастамаларды жүзеге асыру Алматы облысын экологияға жауапкершілікпен қарайтын және тұрақты дамуға ұмтылатын өңір ретінде көрсетеді.Болашақ – таза қалалар мен табиғатты аялауға мүмкіндік беретін технологияларда!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/968157?lang=kk
Алматыда әскери қызметшілер соғыс ардагерін құттықтады 05.04.2025
Екінші сәуірде Ұлы Отан соғысының қатысушысы Василий Иванович Долбня 98 жасқа толды.Бұл күні майдангерге Медеу ауданы қорғаныс жөніндегі басқармасының, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери қызметшілері және «Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ Алматы филиалының өкілі отставкадағы полковник Төлеген Мұстафин барды.Василий Ивановичке Қорғаныс министрінің құттықтау хаты оқылды. Әскери қызметшілер соғыс жылдарында көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін ризашылығын білдіріп, оған зор денсаулық пен амандық тіледі. Василий Иванович Долбня 1927 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1944 жылы ол әскери қызметке шақырылып, Қиыр Шығысқа жіберілді, онда ол милитаристік Жапонияға қарсы шайқастарға қатысты.Соғыс аяқталғаннан кейін оның дивизиясы таратылды. Василий Иванович 207-ші жеке барлау ротасының құрамында барлау қызметін жалғастырды. 1951 жылы мамырда үйіне оралды.Ардагер жауынгерлік қызметі және сіңірген еңбегі үшін Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы соғыс ардагері» белгісімен және басқа да көптеген наградалармен марапатталды. Василий Ивановичтің үш баласы, олардан көрген 4 немере және 4 шөбересі бар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/968074?lang=kk
ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысын және «Орталық Азия – Ресей» форматындағы VIII сыртқы істер министрлері кездесуін ақпараттық сүйемелдеу үшін журналистерді аккредиттеу туралы 05.04.2025
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері! 2025 жылғы 11 сәуірде Алматы қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы және «Орталық Азия – Ресей» форматындағы VIII сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді.ТМД СІМК барысында Достастық аясындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған мәселелердің кең ауқымы талқыланады. Саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өзара іс-қимылдың өзге де салаларында күш-жігерді үйлестіру мәселелеріне ерекше назар аударылады.«Орталық Азия – Ресей» форматындағы сыртқы істер министрлерінің кезекті кездесуі аясында сауда-экономикалық және инвестициялық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы өңір елдерінің өзара іс-қимылының өзекті мәселелері талқыланады.2025 жылғы 11 сәуірде БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз орталығы Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 506/99 мекенжайы бойынша орналасқан «Rixos Almaty» қонақ үйінде жұмыс істейді.Аккредиттеуден өту үшін тіркелу формасын 2025 жылғы 7 сәуір күні сағат 12:00-ге дейін толтырып, mfakzaccreditation@gmail.com электрондық поштасына жолдау қажет.Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда ҚР СІМ Баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз:- Ерлан Өтегенов, ұялы тел.: +7 (777) 0418865.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/967782?lang=kk
Ақтөбе гарнизонында сарбаздар Жауынгерлік тумен қоштасты 05.04.2025
30238 әскери бөлімінде өткен жылдың көктемінде әскерге шақырылған әскери қызметшілерді шығарып салу рәсімі салтанатты түрде өткізілді. Әскери борышын өтеген 150-ге жуық сарбаз үйлеріне оралады. Жауынгерлік тумен қоштасу рәсіміне бөлімнің басшылығы, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сарбаздардың туған-туыстары қатысты. Салтанатты сәт әскери оркестр музыканттарының іс-шараны сүйемелдеуімен өтті.– Қызмет барысында сендер әскери дағдыларды меңгеріп, мықты әрі сенімді бола түстіңдер. Отан алдындағы борыштарыңды ойдағыдай аяқтадыңдар, алдағы уақыттағы барлық істеріңе сәттілік тілеймін, – деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Елдос Бозғұлов запасқа шығарылған сарбаздарға арнаған сөзінде.Отан алдында борышын өтеген азаматтарды Сарбаздар аналары комитетінің өкілі Олеся Старых құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.– Жыл бойы біздің комитет ата-аналарға балаларымен байланыста болуға септігін тигізді. Әскерге жаңа келгендерге бейімделу кезеңі біраз қиындау болатыны анық. Сондықтан біз осы процестерді зерделеп, оларға көмектестік. Десе де бүгін біздің алдымызда шыныққан, шымыр жігіттер тұр, оларға ақ жол тілеймін, – деді ол.Запасқа шығару рәсімінде қызметте ерекше көзге түскен әскери қызметшілер грамоталармен, алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.Одан бөлек запасқа шығарылғаннан кейін жастар ҰБТ тапсырусыз жоғары оқу орындарына түсетінін, ал үздік деп танылғандар тегін білім беру гранты бойынша оқи алатынын айта кеткен жөн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/967608?lang=kk
«Eco Park Alatau» тұрғын үй кешені аумағында көшпелі кеңес 05.04.2025
Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев «Eco Park Alatau» тұрғын үй кешені аумағында көшпелі кеңес өткізіп, құрылыс компаниясы және жергілікті атқарушы органдармен үлескерлер мәселесін шешу жолдарын талқылады.Жоспарланған төрт тұрғын үйдің екеуі әлі аяқталмаған. Құрылыс салушы мен үлескерлер арасында тек ниет хаттамаларына қол қойылғаны анықталды, бұл қосымша заңдық қиындықтар туғызады.Әсет Масабаев құрылыс жұмыстары заң аясында аяқталуы тиіс екенін атап өтті. Құрылыс компаниясы тұрғын үйлердің құрылысын аяқтап, оларды пайдалануға беру міндетін өз мойнына алды. Әкімдік өз тарапынан инженерлік инфрақұрылым бойынша қажетті қолдау көрсетеді, алайда құрылысты аяқтау құрылыс компаниясының жауапкершілігінде қалады.2023 жылдың желтоқсанында бекітілген Жанатұрмыс ауылының Бас жоспарына сәйкес, кешен аумағы көпқабатты тұрғын үйлер, таунхаустар және мектеп салуға арналған.Жұмыс кездесуі барысында Әсет Масабаев құрылыс жұмыстарын орындау бойынша жол картасын әзірлеп, бекітуді, сондай-ақ олардың іске асырылу кестесін айқындауды тапсырды.Үлескерлермен ашық диалог орнатып, бақылауды қамтамасыз ету мақсатында әр апта сайын жиын өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл кездесулерде жол картасының орындалу барысы мен жобаны іске асыруға қатысты өзекті мәселелер талқыланатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/967598?lang=kk
Командалық-штабтық ойындар: ҰҚУ-нің магистранттары қауіпсіздік стратегияларын игеруде 05.04.2025
ҚР Ұлттық қорғаныс университетін бітіруші магистранттар мемлекеттің қоғамдық және әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жыл сайын өтетін командалық-штабтық әскери ойындарға қатысып жатыр. Ойындар профессорлық-оқытушылар құрамының тікелей қатысуымен екі кезеңде өткізіледі. Командалық-штабтық ойынның мақсаты – әскери басқару органдарының іс-қимыл алгоритмін пысықтау, әртүрлі стратегиялық бағыттардағы әскери іс-қимылдарды жоспарлау және ұйымдастыру барысында генералдар мен офицерлердің кәсіби деңгейін тексеру.Әскери ойын барысында қарқындылығы әртүрлі қақтығыстардағы міндеттерді орындау кезінде әскерлерді жедел және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің барлық түрлерін ұйымдастыру мәселелері пысықталады.Алғашқы кезеңде дағдарыс жағдайында мемлекеттік органдар мен әскери басқару органдарының өзара іс-қимылы мәселелерінде теориялық білімді кеңейтуге баса назар аударылмақ.Бұл ретте магистранттар мемлекеттік және әскери басқару органдарының басшылары рөлінде әлемдегі, өңірдегі әскери-саяси жағдайды бағалап, министрліктер мен ведомстволардың қызмет бағыттарына байланысты оны тұрақтандыру жөніндегі шараларды ұсынады.Екінші кезеңде командалық-штабтық әскери ойынның жоспарына сәйкес магистранттар әскери басқару органдарының лауазымды адамдары ретінде қорғаныс сипатындағы әскери іс-қимылдарды дайындау мен жүргізу мәселелерін пысықтайды.Алынған тәжірибе ҚР Ұлттық қорғаныс университеті түлектерінің магистрлік жобаларын іске асыруға негіз болатынын атап өту керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/967470?lang=kk
Қостанайлық жас спортшылар әлемдік тұғырдан көрінді 05.04.2025
2025 жылдың 1 сәуірі күні облыс әкімі Калгари (Канада) қаласында өткен шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері Полина Омельчук, Анастасия Галечинамен кездесті. Кездесуге Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы да қатысты.Бұдан бөлек Анастасия Галечина Калгаридағы чемпионатта 2000 метрлік эстафетадан қола жүлдені иеленсе, Полина Омельчук 2024 жылғы жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада қола медаль алды. Осы жылы қысқы спорт түрлерінен облысымызда ауыз толтырып айтарлықтай жаңалықтар көп. Оның қатарына Қытайда өткен IX қысқы Азия ойындарында шорт-тректен жүлдегер Глеб Ивченко мен шаңғы жарысынан қола жүлдеге ие болған Наиль Башмаков, Владислав Ковалевты айта кету керек.Әкім спортшыларымыздың жаттықтырушылары Анатолий Галечин, Илья Коробейников, Николай Федоренкоға алғысын білдіре отырып, жас шорт-трекшілердің нәтижелерімен мақтанатынын айтты. «Соңғы жылдары жерлестеріміз жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүргендігі қуантады. Алда Миланда қысқы Олимпиада өтеді. Әрдайым лицензия мен жүлделерге таласуға мүмкіндігі бар спортшыларымызды қолдаймыз»,-деді әкім өз сөзінде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/967458?lang=kk
Әскери-теңіз күштері: 32 жыл еліміздің теңіз шебінің сенімді күзетінде 05.04.2025
1993 жылдың екінші сәуірі – Қазақстанның әскери теңізшілері үшін ерекше күн. Бұл күні Қазақстан Президентінің Жарлығымен Әскери-теңіз күштері құрылды.Қарулы күштердің бұл түрі қалыптасу мен дамудың түрлі күрделі әрі даңқты кезеңінен өтті. Бүгінгі таңда елдің Әскери-теңіз күштері мемлекеттің теңіздегі қуаты, сенімді және жоғары технологиялық құрамдас бөлігі болып табылады. Әскери-теңіз күштерінің бөлімшелері мемлекеттік шекараны қорғау, Ақтау, Баутино, Құрық порттарын, жасанды аралдарды, Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы құбырлар мен кен орындарын күзету міндеттерін орындайды.Әскери-теңіз күштері заманауи зымыран-артиллериямен, мина тартқыш корабльдермен, гидрографиялық кемелермен және десанттық катерлермен жабдықталған. Өткен жылы отандық десанттық «Шапшаң» қайығы іске қосылды. Жылдам жүзетін қайық теңізде операциялар жүргізуге, жағалауға десант түсіруге, оларды атыспен қолдауға, медициналық эвакуациялауға және апатқа ұшырағандарға көмек көрсетуге арналған.Корабльдер экипаждарын шетелдегі жетекші әскери оқу орындарында оқыған офицерлер басқарады. Былтыр әскери теңізшілер Италия мен Түркия әскери-теңіз күштерінің корабльдері мен кемелерінде тағылымдамадан өтті. Оларға Үндістанда, Түркияда, Пәкістанда және Оңтүстік Кореяда тілдік курстар ұйымдастырылды.Әскери теңізшілер өздерінің кәсіби шеберлігі мен әскери-теңіз дағдыларын «Бірлестік» халықаралық оқу-жаттығуында, республикалық оқу-жаттығуларда және Каспий теңізі бойынша жиын-жорықтарда айқын дәлелдеп жүр.Жауынгерлік әзірлікті нығайту, теңіз машығын жетілдіру және озық технологияларды меңгеру міндеттерін орындай жүріп, әскери теңізшілер кәсіби деңгейін, жауынгерлік даярлықты, берік рухты және өз істеріне адалдықты көрсетуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/967448?lang=kk
Қазақстан СІМ жанындағы диалог алаңында гендерлік теңдік және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күрес мәселелері талқыланды 05.04.2025
Астана, 2025 жылғы 28 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Надірқұлованың төрағалығымен «Адам өлшемі жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органының отырысы өтті. Отырыста күн тәртібіндегі екі негізгі мәселе – гендерлік теңдік пен ерлер мен әйелдер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, сондай-ақ әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күрес талқыланды.Іс-шараға Парламент Мәжілісі депутаттары, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың (Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының), мүдделі мемлекеттік органдардың (Мәдениет және ақпарат министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және т.б.), әйелдердің құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰ ДБ) мен БҰҰ-Әйелдер секілді халықаралық ұйымдардың байқаушылары қатысты.Отырыс Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Лира Раисованың баяндамасымен ашылды. Ол Қазақстанның әділеттілік пен инклюзивтілік қағидаттарына берік ұстанымын және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету жөніндегі жаһандық бастамаларды белсенді түрде ілгерілетіп отырғанын атап өтті. Халықаралық серіктестер Қазақстанның «Теңдік ұрпағы» форумының Іс-қимыл коалицияларын жүзеге асыруға және «Пекин+30» процесіне қосқан жаһандық үлесін жоғары бағалайтыны айтылды.Қатысушылар Қазақстанда әйелдердің мүддесі үшін ұлттық заңнаманы жетілдіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілгені туралы хабардар етілді. 2024 жылғы 16 маусымда «Әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша» ҚР Заңы күшіне енгені аталып өтті. Осы заңның арқасында Қазақстан ТМД-да әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы озық шараларды енгізген алғашқы ел болды.Күн тәртібіндегі бірінші мәселені талқылау барысында Ұлттық экономика министрлігінің Әлеуметтік сала, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің директоры Саят Кенебаев әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту бойынша негізгі шараларды таныстырды. Оның ішінде мемлекеттік қатысы бар компаниялардың басқару органдарында әйелдердің үлесін кезең-кезеңімен 30%-ға дейін арттыру көзделген. Басқарушылық деңгейде әйелдердің өкілдігін арттыруға бағытталған нысаналы көрсеткіштер айқындалды – бұл тек атқарушы лауазымдарда ғана емес, сондай-ақ компаниялардың директорлар кеңесінде де жүзеге аспақ. 2024 жылдың соңында шағын және орта бизнес субъектілеріндегі әйелдердің үлесі 48,1%-ды құрағаны айтылды, бұл олардың ел экономикасына қосып отырған үлесінің артып келе жатқанын көрсетеді.Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілі Ажар Сүлейменова Омбудсмен кеңсесі дайындаған тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы арнайы баяндама туралы хабарлады. Ол шалғай өңірлерде дағдарыс орталықтарының жеткіліксіз қамтылу мәселесіне назар аударды. Сондай-ақ қолайсыз отбасыларды жедел анықтау және оларға мақсатты көмек көрсету үшін ведомствоаралық үйлестіруді күшейту ұсынылды. Бұдан бөлек құқық бұзушылармен жұмыс істеудің маңыздылығы аталып өтіп, агрессорларға арналған түзету бағдарламаларын кеңейту және жалғастыру қажеттігі айтылды.Отырыста Ішкі істер министрлігінің өкілі Әсемгүл Алибаева жаңа заңнамалық шараларды іске асыруына жан-жақты тоқталды. 2024 жылғы сәуірде қабылданған заңның тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау тетіктерін едәуір күшейткені айтылды. Қылмыстық кодекске қайта енгізілген өзгерістердің ішінде көмекке мұқтаж немесе материалдық тұрғыдан тәуелді адамдарға қатысты жасалған ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру үшін жауапкершілік қарастырылған баптар бар – олар көбінесе тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларында қолданылады. ІІМ мәліметінше, Президенттің тапсырмасы бойынша әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы полиция бөлімшелерінің жұмысы қайта жанданды. Сонымен қатар жыныстық қылмыстарды тергеу үшін әйел-тергеушілер институты енгізілуде.Отырыс барысында Мемлекет басшысының Қылмыстық кодекске адаммен некеге тұру мақсатында ұрлауға («қыз алып қашу») байланысты жеке бап енгізу туралы бастамасы ерекше қызығушылық тудырды. Осы ұсыныс Бас прокуратураның қолдауына ие болды және қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен бірге тиісті түзетулер әзірленіп жатыр.Жалпы, отырыс ашық және конструктивті түрде өтті. Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері пікір алмасып, бар мәселелерді айқындап, оларды жүйелі деңгейде шешу бойынша нақты ұсыныстар ұсынды.«Адам өлшемі жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органы 2013 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен құрылған. Бұл алаң үкімет пен азаматтық сектор арасындағы диалогты дамытуға арналған тиімді құрал ретінде өз жұмысын атқаруда. Мұнда адам құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық корпус өкілдерінің (БҰҰ ДБ, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы, ЕҚЫҰ және т.б.) байқаушылар ретінде қатысуымен талқыланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/967420?lang=kk