Enbekshi QazaQ

Қуқық

ІІМ онлайн сатып алу кезіндегі ықтимал қауіптер туралы ескертеді 15.02.2025
Ішкі істер министрлігі азаматтарға үндеу жасады.Жаппай жеңілдіктер, әртүрлі мерекелерге арналған жалпы сатылымдар кезінде азаматтар алаяқтарға алданып қалуы мүмкін. Мысалы, ақпан айында көптеген елдерде "ғашықтар күні" атап өтіледі. Осыған орай адамдар өздерінің сүйіктілеріне сыйлық жасауды жоспарлап жатады. Қаражаттан айырылып қалмас үшін ІІМ қарапайым ережелерді сақтауды ұсынады:Тауарды тек тексерілген сайттардан немесе ресми маркетплейстерден сатып алыңыз.Тым төмен бағаға қызықпаңыз. Егер жеңілдік күмәнді көрінсе, бұл алаяқтық болуы мүмкін.Егер әлеуметтік желілерде "қызықты" ұсынысқа тап болсаңыз, дүкен немесе сатушы туралы мәліметтерді тексеріп алыңыз. Бұл жағдайда қалдырылған пікірлерге, тіркелушілердің санына және бөліп төлеу мүмкіндігіне назар аударған абзал. Алайда оның кепіл бола бермейтінін де есте ұстаған жөн.Сатушыға бейнеқоңырау шалу арқылы өнімнің бар екеніне көз жеткізіңіз. Дүкеннің мекенжайы мен орналасқан жерін көрсетуді талап етіңіз. Егер бұл алаяқтар болса, олар түрлі сылтаулармен талаптардан бас тартып, сендіру үшін геолокация жібереді, бірақ бұл ықтимал алаяқтың айласы.Төлем әдістерін тексеріңіз. Ақшаны жеке шоттарға жібермеңіз.Жеке деректерді қадағалаңыз. Ешқашан құпия сөздерді, SMS-кодтарды және карта деректерін бөгде адамдарға бермеңіз.- Мұқият болыңыз! Егер сізде күмән туындаса, ақпаратты тексеріңіз немесе сарапшылармен кеңесіңіз, - деді ІІМ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/938093
Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяны жеңді 15.02.2025
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы IX Қысқы Азия ойындарының финалдық матчында Оңтүстік Кореяны 3: 0 есебімен жеңді. Фото: Сали САБИРОВАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/938014
Хоккей: Қазақстан әйелдер құрамасы Харбин-2025 ойындарының күміс жүлдегері атанды 15.02.2025
Бүгін шайбалы хоккейден еліміздің әйелдер командасы Оңтүстік Кореядан басым түсіп, Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарының күміс жүлдесіне қол жеткізді. Шешуші матчтың есебі: 3-0.Бірінші кезеңде сан басымдығын тиімді пайдаланып шабуылшымыз, капитанның бірі Малика Алдабергенова есеп ашты. Ал шешуші айналымның басында Юлия Буторина жойқын соққымен есепті еселеді. Тағы бір шайбаның авторы - Дария Молдабай.Жалпы Қазақстан осы бәсекеде Қытайдың Гонконг (12-0), Таиланд (9-0), Қытайдың Тайпейі (5-1), Қытай (2-1), Оңтүстік Корея (1-0) командасын ұтып, тек Жапонияға (0-4) жол берді.Бұл - хоккейден әйелдер құрамасының Азия ойындарындағы 7-ші жүлдесі (3 алтын, 3 қола) және соның ішіндегі алғашқы күміс медалі.Тағы бір қызық жайт, Қазақстан құрамасы тарихындағы ең ірі жеңіс осы Оңтүстік Кореямен байланысты. 2003 жылғы ақ Азиадада біздің хоккейшілер бүгінгі қарсыластың қақпасына жауапсыз 19 шайба салған.Фото: Сали САБИРОВАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/938025
Қазақстан делегациясы Харбиндегі қысқы Азия ойындары аясында ОСА бас директорымен кездесті 15.02.2025
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Азия Олимпиада кеңесінің бас директоры әрі World Aquatics басшысы Хусейн әл-Мусалламмен кездесті.Ресми іс-шара барысында Хусейн әл-Мусаллам осы жылдың қаңтар айында Астанаға жасаған сапары аясында қонақжайлылық танытқаны үшін Қазақстан тарапына алғысын білдірді. Харбиндегі қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру деңгейін талқылай отырып Хусейн әл-Мусаллам Қазақстанда өткен 2011 жылғы қысқы Ойындарды ұйымдастыруда еліміздің оң тәжірибесін ерекше атап өтті. Сонымен қатар ол Қазақстанның ірі халықаралық жарыстарды ұйымдастырудағы әлеуетін жоғары бағалады.Кездесу соңында Хусейн әл-Мусаллам Қазақстан өкілдерін биыл 11 шілде мен 13 тамыз аралығында Сингапурда өтетін су спорты түрлерінен әлем чемпионатына құрметті қонақ болуға шақырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/938033
Қазаэронавигацияның Кәсіби дайындау орталығы авиация персоналын даярлау бойынша әлемдегі алдыңғы қатарлы оқу орталықтарының бірі болып танылды 15.02.2025
2025 жылғы 11 ақпанда Абу-Даби қаласында (БАӘ) өткен ИКАО жаһандық симпозиумында ИКАО Бас хатшысы Хуан Карлос Саласар Кәсіби дайындау орталығының директоры Жанот Уртембаеваға PLATINUM мәртебесін растайтын құрмет белгісін тапсырды. Бұл ИКАО TRAINAIR PLUS бағдарламасына қатысушылар арасында ең жоғары мәртебе болып табылады.PLATINUM мәртебесіне қол жеткізу үшін ИКАО бағдарламасының талабы бойынша ИКАО мақұлдаған стандартталған оқу курстарын өткізе отырып, күнтізбелік жыл ішінде кемінде 100 міндетті миль жинақтау қажет. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Кәсіби дайындау орталығына (КДО) 116 міндетті миль есептелді.ИКАО TRAINAIR PLUS бағдарламасы оқу ұйымдары мен салалық әріптестердің корпоративтік қоғамдастығы болып табылады. Қатысушылар ИКАО мақұлдаған оқу курстарын бірлесіп әзірлейді және өткізеді. TRAINAIR PLUS оқу орталықтарына стандартталған оқу-әдістемелік кешендердің жаһандық желісіне қолжетімділікті ұсыну, олардың техникалық сараптамасын жүзеге асыру, сондай-ақ авиация мамандарын даярлау сапасын қадағалау арқылы авиация персоналын оқытуды жаһандық стандарттауды қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда бұл бағдарламаға корпоративтік әріптестерді (жоғары оқу орындары мен халықаралық ұйымдар) қоса алғанда 120 қатысушы мүше болып табылады.PLATINUM мәртебесі авиациялық персоналды даярлауға ерекше көңіл бөлетін, өңірде немесе жаһандық деңгейде жетекші рөл атқаратын бағдарламаға қатысушыларға арналған. Бүгінде «Қазаэронавигация» РМК-да тек ИКАО сертификатын алған курс әзірлеушілер ғана емес, сонымен қатар ИКАО курстары әдіснамасының нұсқаушылары мен валидаторлары да бар.Қазіргі уақытта орталықта авиация персоналын даярлайтын 36 жоғары білікті маман жұмыс істейді, оның ішінде теориялық және жаттығу құрылғысында даярлайтын 18 нұсқаушы және диспетчерлік жаттығу құрылғысының 6 операторы бар. Кәсіби дайындау орталығы Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарына, сондай-ақ шетелдік тапсырыс берушілерге 67 оқу бағдарламасын ұсынады.2024 жылдың қорытындысы бойынша «Қазаэронавигация» РМК Кәсіби дайындау орталығында Қазақстаннан, таяу және алыс шетелдерден азаматтық авиация саласының 2821 маманы білім алды.Айта кету керек, ИКАО Еуропалық және Солтүстік Атлант бюросында PLATINUM мәртебесі тек 4, ал бүкіл әлемде 16 оқу ұйымына берілген және олардың бірі «Қазаэронавигация» РМК Кәсіби дайындау орталығы болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/938017
Абай облысының колледждері «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліне қатысуда 15.02.2025
11-15 ақпан аралығында Астана қаласындағы EXPO павильонында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтуде. Ауқымды шараға Абай облысынан төрт колледж қатысып, өздерінің білім беру жетістіктері мен заманауи оқу бағыттарын таныстырады. Фестивальдің ресми ашылуын ҚР Оқу-ағарту министрі өткізді. Іс-шара 15 бағыт бойынша түрлі көрмелерді қамтиды.Геологиялық барлау колледжі «Геологтар үйі» мен «Гидрогеологтар үйінде» өз жұмыстарын көрсетеді. «Геологтар үйі» ERG компаниялар тобымен бірлесіп ұйымдастырылған. Мұнда қатысушылар тау жыныстары мен минералдардың үлгілерімен танысып, олардың құрамындағы пайдалы қазбалар жайлы ақпарат ала алады. Ал «Гидрогеологтар үйінде» жерасты суларының қалыптасуы мен зерттеу әдістері ұсынылады.Р.Байсейітов атындағы қаржы-экономикалық колледжі «Болашақ мамандықтар» көшесінде орналасқан «Бағдарламашылар үйін» ұсынады, заманауи интерактивті жабдықтар мен құрылғыларды көрсетеді. Әлеуметтік серіктестер қатарында ТОО «Oner 3D» және АО «NITEK» бар. Көрмеде желілік құрылғылар, оптикалық талшықты дәнекерлеу құралдары мен 3D принтерлер секілді заманауи технологиялар таныстырылады.Электротехника колледжі «Энергетиктер мен Мұнайшылар көшесінде» орналасқан Атом әлемі үйінде жұмыс істеп жатыр. Колледж ұжымы «Kazatomprom» ұлттық атом компаниясымен бірлесіп, мектеп оқушылары мен студенттерге кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізеді.Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі Қазақстандағы осы сала бойынша жалғыз мамандандырылған оқу орны ретінде өз тәжірибесін бөліседі. Колледж «Аэрофотогеодезия» бағыты бойынша жер бетінің карталарын жасауға арналған заманауи технологияларды көрсетеді. Сондай-ақ дрондар, ұшақтар мен спутниктерден алынған суреттерді өңдеу арқылы жердің дәл координаталық мәліметтерін анықтау әдістері таныстырылады.13-14 ақпан күндері Абай облысынан 300-ге жуық делегация фестивальға қатысады. Делегация құрамында облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев, білім басқармасының өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, әлеуметтік серіктестер, мектеп директорлары мен студенттер бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/937491
Абай облысында құқықтық IT-шешімдер енгізілді 15.02.2025
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Әділет департаменті тұрақты негізде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндірме жұмыстарын бастады.Абай облысының Әділет департаментінің басшысы Ернар Сейдімбек өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында атап өткендей, 2024 жылы “Халық заңгері”, “Әділет кеңес бересі”, “Ашық есік күні” және “Тегін заң көмегі күні” акциялары жоспарға сәйкес жүйелі түрде ұйымдастырылды. Өткен жылы облыстың барлық өңірлерінде 6000-ға жуық халықты қамтитын 477 консультативтік-түсіндіру іс-шаралары өткізілген.– Ауылдық елді мекендер халқының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 80-ге жуық “құқық кабинеті” ашылды. Олар облыс әкімінің әрбір аудандық, ауылдық аппаратының ғимаратында орналасып “Egov” базасында қызмет атқарады. Нормативтік құқықтық актілерді қолдану мақсатында кабинеттерде “Ашық НҚА” порталы, “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесі, “Заң” дерекқоры орнатылған. Бұдан басқа, e-otinish платформасы арқылы мемлекеттік органдарға өтініштер жіберу, электрондық цифрлық қолтаңба алу үшін құқықтық кабинеттер қажетті толық техникамен жабдықталған, – деп атап өтті спикер.Сонымен қатар, ведомства басшысы “E-ZanKomegi” ақпараттық жүйесімен қатар “Zan Komegi” мобильді қосымшасы да қолжетімді екенін айтты. Онда азаматтар бейне қоңырау арқылы өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап ала алады.– Облыс бойынша мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне былтыр 55-ке жуық адвокаттар мен заң консультанттары қатысты. Өткен жылы 6 782 азаматқа мемлекет кепілдік аясында тегін заң көмегі берілді. Бұдан басқа, мүлікті басқаруға қатысты сенімхаттарды қоспағанда, ерлі-зайыптылардың сенімхаттары мен келісімдерінің барлық түрлерін беруге мүмкіндік беретін “Е-нотариат” бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі функционалуда, – деді департамент басшысы.Аталған жүйедегі тағы бір маңызды жаңалық – робот сот орындаушысын енгізу. Егер 20 АЕК-ке дейінгі әкімшілік айыппұлдар уақтылы төленбесе, уәкілетті орган мәліметтерді ТЖД қатысуынсыз өндірісті робот қозғайды.– Іс қозғалғаннан кейін азаматтар ол туралы мәліметті бар 1414-тен SMS-хабарлама және EGov Mobile-дан push-хабарлама ала алады. Барлық іс-шаралар онлайн режимінде жүргізілетіндіктен, азаматтар айыппұл сомасының 25%-ын қосымша төлеуден және сот орындаушысына барудан босатылады. Бүгінгі таңда цифрлық сот орындаушысы іске қосылған сәттен бастап Абай облысында роботпен 8 761 атқарушылық іс қозғалды, оның ішінде 2 203 ісі аяқталып, 44 677 588 теңге өндірілді, – деп қорытындылады Ернар Сейдімбек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/937508
Кирилл Бауэр сенімді ақтады 15.02.2025
Жерлесіміз Кирилл Бауэр биатлоннан Қазақстан ерлер құрамасы сапында Харбинде өтіп жатқан Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды.Әсет Дүйсенов, Александр Мухин, Владислав Киреевпен бірге квартет құраған Кирилл Жапониялық шаңғышыларды алға жіберіп алды.Жарысқа жеті елдің командалары қатысты. Нәтижесінде алтын жапондарға бұйырса, күміске қазақстандықтар, қола медалға Қытай құрамасы қол жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/937791
Кәсіпкерлер тәжірибе алмасуда 15.02.2025
Абай облысының бір топ кәсіпкерлері Татарстанда жүр. 3 күндік сапар аясында жерлестеріміз алдыңғы қатарлы ет және сүт өндірумен айналысатын кәсіпорындар мен шаруашылықтардың жұмыс барысымен танысып, тәжірибе алмасады.«Бұл сапарымыз Абай облысы мен Татарстан Республикасы арасындағы достық қарым-қатынастың арқасында мүмкін болып отыр. Естеріңізде болса, осыдан біраз уақыт бұрын татарстандық делегация біздің облысымызға келіп қайтқан. Біз бұл жолы ауылшаруашылығы саласының ең үздік шаруашылықтарында болып, олардағы озық технологиялармен танысамыз. Сол арқылы өзіміздегі ет, сүт өндірісіне жаңашылдық енгізуді көздейміз», - дейді облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов.Татарстан Ресей нарығын ет пен сүтпен қамтамасыз етуде алдыңғы қатарға шығып отырған өңір. Өнім сапасын жақсарту мен ауылшаруашылығын цифрландыруда жаңалықтары көп.Абай облысының делегациясы Татарстан Раисы Рустам Миннихановтың қатысуымен өткен ауқымды көрмені де тамашалады. Көрмеде Татарстанның 2024 жылы ауылшаруашылығында жеткен жетістіктері көрсетіліп, 2025 жылғы жоспарлары талқыланды. Делегация құрамында барған арасында ет, сүт өңдеу зауыттарын, сүт-тауарлы фермасын ашуға, балық шаруашылығын өркендетуге ниетті кәсіпкерлеріміз бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/937798
Нұрдәулет Қилыбай Астанада швейцариялық инвесторлармен кездесті 15.02.2025
12 ақпан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Астана қаласында швейцариялық «Swiss Choice Holding» компаниясының өкілдерімен кездесті. Олар Түпқараған ауданында бекіре балығын өсіріп, уылдырық өндіруге бағытталған «Red Pearl» балық фермасы инвестициялық жобасының жүзеге асырылу барысын талқылады.Каспий теңізі жағалауында жылына 100 тоннадан 600 тоннаға дейін бекіре тұқымдас балық өсіріп, 100 тонна уылдырық өндіруді көздейтін жобаға әкімдік тарапынан грант арқылы 56 гектар жер бөлінді. Жалпы құны 5,7 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жобаның құрылысы 2025 жылдың бірінші тоқсанында басталып, 2026 жылдары пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бірінші кезеңде 100 тонна бекіре өсіру көзделген.Құрылыс жұмыстары басталған соң, 30-ға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Кәсіпорын өз өнімдерін ішкі нарыққа шығарып, шетелге экспорттауды жоспарлап отыр.Нұрдәулет Қилыбай кездесуде бұл жобаның өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын үлесін атап өтіп, әкімдік тарапынан толық қолдау көрсетілетінін жеткізді.- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономиканы әртараптандыруды және инвестиция тартуды күшейтуді тапсырды. Біз осы бағытта өңірде түрлі жобаларды жүзеге асыруға ниеттіміз. Бүгін талқылаған бекіре өсіру және уылдырық өндіру саласындағы бұл инвестициялық жоба өңіріміз үшін үлкен маңызға ие. Біз жобаның табысты іске асырылуына заң аясында жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді Нұрдәулет Қилыбай.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/937662
Бейнеу ауданы тұрғындарының өтініші орындалды 15.02.2025
Бейнеуде жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихан тапсыруға арналған арнайы кабинет ашылды.Аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) мамандандырылған секторы жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихан қабылдауды бастады. Енді аудан тұрғындары облыс орталығына бармай-ақ, өз өңірінде емтихан тапсыра алады.Бұл жоба облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың тапсырмасы негізінде жүзеге асты. 2024 жылы тұрғындармен кездесу барысында әкімге жүргізуші куәлігін алу процесін жеңілдету жөнінде ұсыныс айтылған болатын. Нәтижесінде, 2025 жылдың 20 қаңтарында Бейнеу аудандық ХҚКО-да теориялық емтихан тапсыруға арналған арнайы кабинет ашылды.Бейнеу аудандық ХҚКО секторының басшысы Алтынай Меденнің айтуынша, үміткер 40 минут ішінде 40 сұраққа жауап беруі тиіс, оның кемінде 32-сі дұрыс болуы қажет. Теориялық кезеңнен сәтті өткен үміткер практикалық емтиханға жіберіледі. Практикалық кезең Ақтау қаласындағы мамандандырылған ХҚКО бөлімінде өтеді.Теориялық және практикалық кезеңдерді сәтті аяқтаған азаматтар жүргізуші куәлігін ала алады. Ол үшін жеке куәлік, медициналық тексеруден өткені туралы анықтама, 1,25 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек және автомектепте оқу курсын аяқтағаны туралы куәлік ұсыну қажет.Айта кетейік, Бейнеу ауданындағы мамандандырылған сектор Қосай ата көшесі, 4/5 мекенжайында орналасқан. Бұған дейін мұнда тек көлік құралдарын тіркеу және қайта ресімдеу қызметтері көрсетілген болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/937667
Әлемдегі ең ірі кен орындарын ашушылар Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарын бастайды 15.02.2025
Торонто қор биржасында (TSX) жарияланған ресми хабарламаға сәйкес, әлемдегі жетекші тау-кен өндіруші компаниялардың бірі және 21-ғасырдағы ең ірі мыс кен орындарын ашушы Ivanhoe Mines Қазақстандағы Шу-Сарысу мыс бассейнінде – әлемдегі үшінші ірі шөгінді мыс бассейнінде барлау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлайды.Ivanhoe Mines компаниясы Ұлыбританиядағы Pallas Resources компаниясымен серіктестіктегі 16 000 км² аумақты қамтитын аймақтағы ең үлкен лицензиялық пакетті зерттеу үшін бірлескен кәсіпорын құрды. Бұл жоба Қазақстандағы мыс барлау тарихындағы ең ірі жобалардың бірі болып табылады және әлемдік тау-кен секторы үшін жаңа перспективалар ашады.Компанияның бағыты: Ivanhoe Mines Қазақстанда28 жыл бойы Ivanhoe Mines мыс барлау және бірегей, әлемдік деңгейдегі кен орындарын игеруде алғаш ашушы болып қала береді. Компанияның серпінді жаңалықтарына Конго Демократиялық Республикасындағы Kamoa-Kakula, Platreef кен орны және Ою  Толгой кіреді. Олар тау-кен өнеркәсібінің мүмкіндіктері туралы түсінікті өзгертті. Енді компанияның сапары игерілмеген орасан зор пайдалы қазбалар әлеуеті бар Қазақстанда жалғасын табуда. "Қазақстан әлемдегі жетекші тау-кен аймақтарының бірі және оның Шу-Сарысу бассейнінде әлі ашылмаған орасан зор мыс қоры бар. Біз әлемдік деңгейдегі мыс кен орындарын қалай табуға болатынын және оларды қалай игеруге болатынын білеміз. Африкадағы тәжірибеміз Қазақстанды жаһандық мыс өндірудің жаңа эпицентрі бола алатынын сенімді түрде айтуға мүмкіндік береді", - атап өтті Ivanhoe Mines атқарушы тең төрағасы Роберт Фридтер.Жобаның миссиясы: тұрақты даму және жаңа ашылуларIvanhoe Mines серіктестігінің бөлігі ретінде алғашқы екі жылда жобаны 18,7 млн доллар көлемінде қаржыландыруға міндеттелді, сондай-ақ табысты ашылған жағдайда оның үлесін 80% -ға дейін арттыруға құқылы.АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметтері бойынша, Шу-Сарысу бассейнінде 25 млн тоннаға дейін мыс болуы мүмкін, бұл аймақты әлемдегі ең перспективалы аймаққа айналдырады. Мұнда соңғы 40 жылда алғаш рет озық әуе геофизикалық технологиялары мен цифрлық деректерді талдау арқылы ауқымды геологиялық барлау жұмыстары басталады ."Бұл жоба жай ғана мыс іздеу емес, бұл Қазақстан, оның экономикасы мен халқы үшін жаңа мүмкіндіктердің ашылуы. Біз тұрақты дамуға, жұмыс орындарын құруға және геологиялық барлау мен өндіруде экологиялық таза технологияларды пайдалануға ұмтыламыз. Бұл жай ғана инвестиция емес, бұл жаһандық металлургияның болашағына салынған инвестиция", –  атап өтті Ivanhoe Mines президенті Марна Клете.Қазақстан – әлемдік тау-кен секторының картасындағы жаңа нүктеҚазақстан қазірдің өзінде әлемдік пайдалы қазбаларды өндіруде жетекші орынға ие:Уран өндіруден әлемде 1-ші орын.Хромит өндіру бойынша 2 орынМыс, мырыш, темір рудасы және көмірдің негізгі өндірушісіДегенмен, мемлекет мыстың жаңа табылулары тұрғысынан әлі де зерттелмеген. Ivanhoe Mines пен Pallas Resources бірлескен кәсіпорны осы олқылықтың орнын толтырып, жаһандық мыс өндіру картасын өзгерте алатын жаңа кен орындарын ашуды мақсат етеді.Ivanhoe Mines компаниясы туралыIvanhoe Mines – Африкадағы ірі мыс, платиноид, никель және мырыш кен орындарын игеруге және барлауға бағытталған канадалық тау-кен компаниясы. Компанияның негізгі жобаларының қатарында:1.    Kamoa-Kakula кешені: Конго Демократиялық Республикасында (КДР) орналасқан бұл жоба әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан және жоғары сапалы мыс кен орындарының бірі болып саналады. 2024 жылы кешендегі мыс өндірісі 437 061 тоннаға жетті, кеңейтудің үшінші кезеңі аяқталғаннан кейін жылдық өндіріс 600 000 тоннадан асады деп күтілуде.2.    Platreef кен орны: Оңтүстік Африканың Лимпопо провинциясында орналасқан. Бұл кен орнында платина, палладий, никель, мыс, родий және алтын бар. Platreef әлемдегі ең ірі платина кеніштерінің біріне айналады деп күтілуде.3.    Kipushi кеніші: КДР-да, Кипуши қаласына жақын жерде орналасқан . Тарихи тұрғыдан бұл кеніш мыс пен мырыш өндірісімен танымал болған. Біраз әрекетсіздіктен кейін Айвенхоу Майнз кеніште мырыш өндірісін қалпына келтіру үшін Gécamines мемлекеттік компаниясымен жұмыс істеуде. Дамудың алғашқы бес жылында мырыштың орташа құрамы 36,4% құрайды деп күтілуде.4.    Ою Толгой әлемдегі ең ірі игерілмеген мыс және алтын кен орны болып саналады. Ол Гоби шөлінде, Қытаймен шекаралас Моңғолиядан солтүстікке қарай 80 км жерде орналасқан. Ivanhoe 2008 жылғы наурыздағы деректері бойынша кен орнының қоры 35,74 млн тонна мыс пен 45,2 млн унция алтынға бағаланады.Одан бөлек, Ivanhoe Mines компаниясы өзінің Конго Демократиялық Республикадағы Kamoa-Kakula кешенінің жанында Батыс етегіндегі (Western Foreland) лицензиялары бойынша жаңа мыс кен орындарын белсенді түрде барлауда.Осы тізім Орталық Азиядағы ең ірі мыс барлау бағдарламасы болып табылатын Қазақстандағы Шу-Сарысу жобасымен толықтырылды .Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/937795
Алматыда Ескендір Хасанғалиевтің 85 жылдығына арналған концерт өтті 15.02.2025
Бүгін республика сарайында МАМ қолдауымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі ұйымдастырған «Айналдым елім» атты концерт өтті.Іс-шара белгілі әнші, композитор Ескендір Хасанғалиевті 85 жылдығына арналды.Оның әндері патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншіліктің символына айналды. Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін бұл туындылар – Қазақстанның мәдени мұрасының ажырамас бөлігі.Әнші шығармашылығындағы халықтың ыстық ықыласына бөленген «Атамекен» әні ерекше бағаланады. Бұл ән тыңдаушылардың жүрегінен орын алып, қазақ музыкасының алтын қорына қосылды.Концерт аясында Ескендір Хасанғалиевтің бірқатар шығармалары орындалды.Оркестрдің бас дирижері - мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Абылай Тілепберген. Көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батыржан Мықтыбаев. Концертке белгілі қазақстандық өнерпаздар қатысты. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/937916
Михаил Шайдоров - Харбин-2025 ойындарының қола жүлдегері 15.02.2025
Мәнерлеп сырғанаудан Ұлттық құрама көшбасшысы Михаил Шайдоров Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды.Ол бүгін еркін бағдарламада 169.26 ұпайға ие болды. Кеше қысқа жаттығудағы 76.75 балл жинаған. Осылайша, 246.01 ұпай оның үшінші сатыға көтерілуіне жол ашты.Ал Диас Жиренбаев жалпы есепте 186.18 ұпаймен 9-орыннан көрінді.Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Оңтүстік Корея өкілі Чха Жунхван чемпион атанды. Ал әлем чемпионатының 3 дүркін күміс жүлдегері, жапон Юма Кагияма 2-орында.Бұл мәнерлеп сырғанаудан ақ Азиададағы Қазақстан қоржынына түскен 6-жүлде.Фото: Сали САБИРОВАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/937888
Кёрлингтен әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола медалі үшін таласады 15.02.2025
Бүгін кёрлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы Харбиндегі қысқы Азия ойындарының жартылай финалдағы ойынын аяқтады.Біздің спортшылар әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, 2018 жылғы Олимпиаданың финалисі Оңтүстік Кореяға жол берді. Есеп: 2-10.Командамыздың құрамы - Тылсымай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Эбауер, Екатерина Колыхалова (Регина Эбауер резервте).Енді ертең Қазақстан қола жүлде үшін Жапония немесе Қытай ойыншыларымен шеберлік байқасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/937892
Екінші дүниежүзілік соғыс батырлары атындағы спорт нысандары 15.02.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ҚР Туризм және спорт министрлігі Екінші дүниежүзілік соғыс батырлары атындағы спорт нысандары туралы ақпаратты назарларыңызға ұсынады.  Кеңес Одағының батыры Бауыржан МОМЫШҰЛЫ атындағы орталық стадион. Бұл – Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының орталығындағы негізгі нысандардың бірі. 2022 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында стадионға жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Стадион аумағында заманауи стандарттарға сай кіші және үлкен футбол алаңдары, стрит-воркут алаңқайлары, волейбол және баскетбол алаңдары, жүгіруге арналған арнайы жолақтар бар. Кеңес Одағының батыры Нұркен ӘБДІРОВ атындағы спорт сарайы. Спорт нысаны Қарағанды қаласының орталығында орналасқан. Ғимараттың іргетасы 1958 жылы қаланған. Мұнда су добы, дзюдо, қазақ күресі, еркін күрес, грек-рим күресі, кикбокс, жүзу және басқа да спорт түрлерінен тұрақты түрде оқу-жаттығу өтеді. Халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстар да негізінен осында ұйымдастырылады.Кеңес Одағының батыры Махмет ҚАЙЫРБАЕВ атындағы ұлттық спорт түрлері спорт клубы. Павлодар қаласында орналасқан клуб Ертіс-Баян өңіріндегі ұлттық спортты дамытуға ерекше үлес қосып отырған мекемелердің бірі саналады. Мұнда 150-ден астам спортшы жаттығады. Ұлттық спорт түрлерінен облыстың негізгі құрамын жасақтайтын мекеменің өкілдері республикалық және халықаралық жарыстарда аймақ намысын абыроймен қорғап жүр. Кеңес Одағының батыры Әлия МОЛДАҒҰЛОВА атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтің мектеп-интернат-колледжі. Қарағанды қаласындағы білім ордасының негізі 1971 жылы қаланған. 1988 жылы оған Әлия Молдағұлованың есімі берілді. Өңірдегі спортқа бейім жеткіншектердің басын біріктіріп отырған мекемеден есімдері елге мәлім спортшылар тәрбиеленіп шыққан. Кеңес Одағының батыры Қазбек НҰРЖАНОВ атындағы жеңіл атлетика манежі. Қарағанды қаласында орналасқан манежге 2023 жылы жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі спортшылардың алаңсыз жаттығуына қолайлы жағдай жасалды. Мәселен, былтыр Парижде өткен Паралимпиада ойындарында қола жүлдегер атанған пара жеңіл атлет Дастан Мұқашбеков осы жерде жаттығады. Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Шоқыр БӨЛТЕКҰЛЫ атындағы Маңғыстау облыстық жоғары спорт жетістіктері мектебі. Қазақ боксының негізін қалаған тұлғаның атын иеленген мектеп Ақтау қаласында орналасқан. Мұнда спорттың олимпиадалық түрлерінен облыстың негізгі құрамы жасақталып, жаттығады. Мектепті бокстан 2012 және 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов басқарады. Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Сары ХАСЕНОВ атындағы стадион. Бұл – Жамбыл облысы Шу ауданындағы негізгі спорттық нысанның бірі. Жеткіншектер мұнда футбол, шағын футбол, жеңіл атлетика және басқа да спорт түрлерімен айналысады. Стадионда спортшылардың кәсіби дайындықтан өтуіне қолайлы жағдай жасалған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/937894
ІХ қысқы Азия ойындары – 2025: 13 ақпандағы жарыс нәтижелері 15.02.2025
Биатлон: Әйелдер арасындағы эстафетада (4×6 км) Ұлттық құрама мәреге үшінші келіп, қола жүлдегер атанды. Жарыс жолына Ольга Полторанина, Арина Крюкова, Дарья Климина мен Елизавета Белецкая шықты.Ал ерлер құрамасы (4×7.5 км) Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Жарыс жолына Әсет Дүйсенов, Александр Мухин, Кирилл Бауэр, Владислав Киреев шықты.Шайбалы хоккей: Ерлер құрамасы Қытайды жеңіп (3:1), финалға жолдама алды. Бас жүлде үшін Жапониямен сынға түседі.Әйелдер командасы Қытайдан басым түсті - 2:1.Керлинг: Қазақстан әйелдер құрамасы 9-сессияда Гонконг спортшыларын 6:3 есебімен жеңсе, жартылай финалда Кореяға есе жіберді - 2:10.Ал ерлер құрамасы Гонконгтан айласын асыра алмады - 2:10.Мәнерлеп сырғанау: Ерлер арасындағы жекелей сында Михаил Шайдоров қола жүлдегер атанса, Диас Жиренбаев 9-орынға табан тіреді.Әйелдер сайысында Софья Самоделкина жарысты 4-орынмен, София Фарафонова 10-орынмен аяқтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/937896
ҚР Ұлттық құрамасының IX қысқы Азия ойындарындағы жарыс кестесі: 14 ақпан 15.02.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/937905
ТЖМ балаларға төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік негіздерін үйретуде 15.02.2025
Республика бойынша Төтенше жағдайлар департаменттерінің қызметкерлері балаларға төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік шараларын үйретуге бағытталған білім беру іс-шараларын белсенді өткізеді. Бұл іс-шаралар әртүрлі, соның ішінде жер сілкінісі, өрт қауіпсіздігі және балалардың жалпы қауіпсіздігін қамтамасыз ету салаларын қамтиды. Алматыда ТЖД мамандары жалпы білім беретін мектептердің оқушыларымен жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарға арналған қауіпсіздік бойынша онлайн-сабақ ұйымдастырды. Сабаққа қаланың 67 мектебінен 16 мыңнан астам оқушы қатысты. Оқыту жер сілкінісіне практикалық дайындықты, сейсмикалық жаттығуларды жүргізу және оқу кабинеттерінен эвакуациялау әдістемесін қамтыды. Шығыс Қазақстан облысында ТЖД қызметкерлері оқушыларға арналған дәрістер сериясын өткізді, соның ішінде Өскеменде «от үйі» көрсетілімі өтті, онда балаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың қауіптілігі көрсетілді. Жылыту маусымы басталғаннан бері 800 мыңнан астам баланы қамтыған 140-қа жуық сабақ өткізілді. Сондай-ақ интерактивті сабақтар ұйымдастырылып, балалар қауіпсіздік туралы жаднамалар алды. Батыс Қазақстан облысында балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру аясында «Балалардың көзімен өрт қауіпсіздігі» тақырыбында суреттер байқауы өтті. Сырым ауданындағы ауыл мектебінің оқушылары шығармашылық арқылы өрт сөндірушілердің жұмысымен және қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығымен танысты. Байқау жеңімпаздары жүлделер мен алғыс хаттар алды. Маңғыстау облысында бастауыш сынып оқушылары үшін өрт қауіпсіздігіне арналған «Сен және мен немесе отпен достық туралы шынайы оқиға» атты бірегей қуыршақ қойылымы ұйымдастырылды. 5 мыңнан астам бала мен мектеп жасына дейінгі балалар осы театрландырылған қойылымға қатысты, онда жарқын кейіпкерлер өрт кезінде қалай дұрыс әрекет ету керектігін және эвакуация ережелерін сақтау қаншалықты маңызды екенін нақты көрсетті. Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері Оқушылар сарайымен және Қызыл жарты аймен бірлесіп «Қауіпсіздік бірінші кезекте: ТЖ-да дұрыс әрекет етеміз!» атты оқушылар арасында қауіпсіздік шаралары біліміне квест-ойын ұйымдастырды. Ойынның ерекше форматы балаларға қауіпсіздіктің маңызды аспектілерін игеруге, стресстік жағдайда сауатты әрекет етуге және басқаларға көмек көрсетуге мүмкіндік берді. Квест бірнеше интерактивті станциялардан тұрды (өрт қауіпсіздігі, алғашқы көмек, су қауіпсіздігі). Іс-шараға Павлодар қаласындағы мектептердің 7-8 сыныптарынан алты команда қатысты. Олар әр түрлі интерактивті станциялардан өтіп, сұрақтарға жауап беріп, қандай да бір жағдайда қалай дұрыс әрекет ету керектігі туралы тапсырмаларды орындады. Сондай-ақ практикалық кезеңдерде қатысушылар команданың ептілігін, жылдамдығы мен үйлесімді әрекетін көрсететін тапсырмаларды орындады. Жеңімпаздар анықталды, барлық қатысушылар мен жүлдегерлер дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Түркістан облысында ТЖД қызметкерлері мектеп жасына дейінгі балаларға арналған іс-шаралар өткізді. Ордабасы және Қазығұрт аудандарының балабақшаларында өрт қауіпсіздігі бойынша ашық сабақтар өтті, онда балаларға ойындар мен бейнероликтер арқылы өрт туындаған жағдайда қалай әрекет ету керектігі түсіндірілді. Балабақша қызметкерлері мекемелерде қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша педагогтар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл іс-шаралар балалар арасындағы қауіпсіздік мәдениетін арттыру және оларды төтенше жағдайларға дайындау бойынша тұрақты жұмыстың бір бөлігі болып табылады, бұл өскелең ұрпақ үшін қауіпсіз ортаны құруға көмектеседі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/937346