Enbekshi QazaQ

Қуқық

Қазақстан ТЖМ басшысы республикалық кеңесте су тасқынынан қорғау шаралары туралы айтты 15.02.2025
Қазақстан Республикасының ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен су тасқынына қарсы іс-шаралар мәселелері жөніндегі республикалық кеңесте сөз сөйледі. Ведомство басшысы өз сөзінде су басу қаупін азайту мақсатында қабылданып жатқан шаралар мен су тасқыны маусымына дайындық туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Шыңғыс Әрінов өткен жылғы су тасқынынан кейін жасалған қорытынды негізінде алдын алу жүйесі айтарлықтай жақсарғанын атап өтті. Биыл су тасқыны қаупі бар аймақта 1 223 елді мекен бар. Оларды қорғау үшін 576 шақырым қорғаныш бөгендері мен біліктері тұрғызылды. 822 шақырым дренаж жүйелері, каналдар мен арықтар жөнделіп, салынды. Автомобиль мен темір жол қатынастарында 960 су өткізу құрылысы орнатылып, ауыстырылды, сондай-ақ қауіпті учаскелердегі өзен жағалаулары нығайтылып, арналары тереңдетілді. «Барлық өңірлерде алдын алу іс-шаралары толық аяқталған жоқ, бұл жекелеген елді мекендерге айтарлықтай қауіп төндіреді. Аталмыш жағдай Үкімет аппаратымен бірлескен тексерулер барысында анықталды. Жалпы су тасқынына қарсы іс-шаралардың іске асырылуын бақылауды Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті жүзеге асырады. Тіпті әкімдерді әкімшілік жауапкершілікке тартуға дейін тиісті шаралар қабылдайтын болады», - деп министр атап өтті. Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Оның барысында бөгендерді нығайту, инертті материалдарды дайындау шаралары, сондай-ақ халықты хабардар ету және эвакуациялау механизмдері тексерілді. Оқу-жаттығу Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінде өтті, осыған ұқсас іс-шаралар наурыз айында басқа облыстарда жоспарланған. Сонымен қатар мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен су тасқынын жою бойынша іс-қимыл алгоритмі пысықталды. Су тасқынына жедел ден қою үшін 37 мыңнан астам адам, 13 мыңнан астам техника күштер мен құралдар топтамасы құрылды. Зардап шеккендерді қабылдау үшін 3,5 мыңнан астам пункт дайындалды. Дайындық режимінде нақты уақыт режимінде ақпаратты үйлестіру мен беруді қамтамасыз ететін құтқару авиациясы мен жедел топтар бар. Қазгидрометтің мәліметінше еліміздің тоғыз облысында су басу қаупі жоғары болады деп болжануда. Осыған байланысты әкімдіктер мен мемлекеттік органдарға қарды уақтылы шығару, мұз кептелістерін болдырмау үшін өзендерде жару жұмыстарын жүргізу және бөгендер мен су қорғау объектілерін нығайту бойынша шаралар қабылдау тапсырылды. Барлық күштер мен құралдар дайын, қауіп төнген жағдайда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу мен халықты эвакуациялау үшін жедел жұмылдырылатын болады деп ТЖМ басшысы мәлімдеді. Төтенше жағдайлар министрлігі тасқын қауіпті кезеңде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы жұмыс істеуді жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/937562
Мемлекет басшысы «Құтқарушылар» бұрышында болды 15.02.2025
Елордада Қазақстан Республикасының Президенті жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылған «Жұмысшы мамандықтар қаласы» атты алғашқы ауқымды фестиваль өтуде. Бүгін 13 ақпанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев фестивальге қатысып, «Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер бұрышына» ерекше назар аударды. Онда құтқарушылардың заманауи арнайы киімдерінің үлгілері, өрт-техникалық қару-жарақ, жылдам салынатын өрт сөндіру бөлімінің макеті, жедел ден қою өрт сөндіру техникасы, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері пайдаланатын медициналық жабдықтар көрсетілді. ТЖ вице-министрі Серік Төленбергенов құтқарушылар бұрышымен таныстырып, қызметтің негізгі міндеттері мен ТЖ-ға ден қоюдың заманауи әдістерін енгізу туралы айтты. Ол құтқарушыларды жарақтандыру мен даярлауды тұрақты жетілдіру министрлік жұмысының басым бағыты екенін атап өтті. Мемлекет басшысы кәсіптік білім беру жүйесін реформалаудың маңыздылығын атап өтіп, азаматтардың қауіпсіздігін күнделікті қамтамасыз ететін құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің қызметін қоса алғанда, жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын атап өтті. Фестиваль өз жұмысын жалғастырып, қонақтарға техникалық білім беру перспективаларымен және Қазақстанның жұмысшы мамандықтарымен танысуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/937596
АҢДАТПА 15.02.2025
2025 жылғы 14 ақпанда сағат 17:00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Су тасқыны кезеңіне дайындық туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді. Спикер ретінде ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының міндетін атқарушы Жылқайдаров Әсет Думанұлы сөз сөйлейді. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/937742
Бейбіт Исабаев облыстық БАҚ өкілдерімен кездесті 15.02.2025
Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорғандағы Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйіне арнайы барды. Онда облыстық БАҚ өкілдерімен кездесіп, «Jetisy» телеарнасының студиясында арнайы сұхбат берді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында облыс басшысы жергілікті журналистермен тілдесіп, олардың ұсыныс-тілектерін тыңдады. Сол сияқты облыстық БАҚ-тардың материалдық-техникалық базасымен танысты. Ақпарат құралдары қызметкерлерінің аймақты дамытудағы рөлін атап өткен өңір басшысы бұл салаға тұрақты қолдау көрсетілетінін айтты.Еске салсақ, өткен жылдың қорытындысы бойынша белсенді ақпараттық жұмысы үшін «Jetisy» телеарнасы «Үздік мекеме» атанып, жаңа студия сыйға тартылған болатын. Оған қоса, облыс басшылығының қолдауымен биылғы жылдың басынан облыстық БАҚ қызметкерлерінің жалақысы 30 % өскен еді. Ал бүгінгі кездесу барысында «Jetisy» және «Вестник Жетісу» газеттеріне ортақ қолданысқа шағын автобус сатып алып беру туралы шешім қабылданды.Журналистермен жүздесуде облыс әкімі Бейбіт Исабаев аймақтың негізгі даму бағыттары жайлы қысқаша айтып берді.Кездесуден кейін өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өткен жылғы қорытындылары мен алдағы жоспарлары туралы телеарна студиясында облыстық БАҚ жетекшілеріне кеңінен сұхбат берді.Осы ретте облыс әкімінің сұхбаты «Jetisy» телеарнасынан жексенбі, яғни 16 ақпан күні сағат 20.00-да эфирге берілетініне еске саламыз. Ал 17 ақпанда сағат 19.00-де сұхбат телеарна эфирінен қайталап көрсетіледі.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіФотограф: Жеңіс ЫсқабайАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/937747
Ақтөбедегі қайта жөнделген Әлия музейі заманауи технологияларын таныстырды 15.02.2025
Бүгін Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде музей қызметіне және экпозицияларға енгізілген заманауи цифрлық технологияларды таныстыру рәсімі өтті. Бұл ауқымды шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орайластырылған.Жаңа экспозицияның диорамаларында 3D-mapping, AR-технология, VR-көзілдірікті мультимедиялық технология, сандық сторителлинг, жасанды интеллект, голограмма пайдаланылған. «3D анимация» голографиясындағы Әлия бейнесіне виртуалды промоутер бес тілде сөйлейді, 3D форматтағы рельефті карта, бағдарламалық-интерактивті сенсорлық киоск енгізілген.Музейде батыр қыздың өмірі мен ерлік жолын көрсететін ақпараттар мен экспонаттар, музей жабдықтары, тума-туыстары мен оқыған жерлері, мергендік мектебі мен майдандағы өмірін көрсететін, Әлия есімімен аталатын мекемелер мен мектептер, музейлер, жыр арнаған ақын-жазушылар мен зерттеушілер, қойылған ескерткіштер,түсірілген фильмдер жайлы деректер қойылған.Облыс әкімі Асхат Шахаров реэкспозияланған музей залдарын аралап шықты.Музей жұмысымен және ондағы жәдігерлермен таныстырған мұражай директоры Жанар Мақсұтова қазір мұнда 11 мыңнан астам экспонат барын, алдағы уақытта қорды толықтыру және оның қызметін одан әрі жетілдіру басты міндет екенін жеткізді. Оның айтуынша, музей ғимараты 1987 жылы салынған. Бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан мұражайға былтыр жөндеу жүргізілген, сондай-ақ музей залдары реэкспозициядан өткен.Өңір басшысы музейге келген оқушылармен де тілдесті. Жастарға патриоттық тәрбие беру, ел үшін жанын қиған батырлардың есімін дәріптеу өте маңызды екенін жеткізді.«Бүгін, міне, Әлия апамыздың музейін аралап, батырдың ерлік істері мен өнегелі өмірі туралы көп мағлұмат алдық. Сіздерге, жастарға, айтарым — өшпес ерліктің символы болған осындай батырларымызды ұлықтап, олардың ерлігі мен өмірінен үлгі алып, Отанын шексіз сүйетінпатриот болыңыздар. Әскери борыштарыңызды өтеуден қашпаңыздар, ел үшін еңбек етіңіздер», — деген Асхат Шахаров мұражайға келген №51 мектеп-гимназияның «Мерген ару» сайысына қатысушыларына сәттілік тіледі.Айта кетейік, бұл орталыққа жыл сайын 40 мыңнан астам адам келіп, онда өтетін тарихи-танымдық іс-шараларға, ерлік сабақтарына дәрістерге қатысады.Биыл мұнда батыр қыздың туғанына 100 жыл толуына орай бірқатар іс-шара ұйымдастырылмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/937298
ШЫМКЕНТТЕ БИЗНЕС ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІНІҢ ӨКІЛДЕРІ КЕЗДЕСТІ 15.02.2025
Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында жергілікті бизнес өкілдерінің ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергеновпен кездесуі өтті. Жиынның негізгі тақырыбы – алда қолға алынатын салық реформаларын, соның ішінде қосымша құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесін көтеруді талқылау болды. Кездесуге, сонымен қатар, әкімдіктің, мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері және мәслихат депутаттары қатысты.Кездесуді ашқан Кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова Президент салық жүйесіндегі өзгерістерді әзірлеу кезінде бизнестің пікірін ескеруді тапсырғанын еске салды.Үкіметтің ұсыныстары туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов баяндады.«Қазақстандағы ҚҚС мөлшерлемесі әлемдегі ең төмен мөлшерлеменің бірі саналады. ҚҚС табыстың маңызды көзі болып табылатынына қарамастан 2022 жылы ол жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) тек 4 пайызын құрады, бұл салыстырмалы кіріс деңгейі 7% болатын елдер бойынша орташа көрсеткіштен әлдеқайда төмен. Қосымша құн салығын нығайту кірісті арттырып қана қоймай, құбылмалы мұнай кірістеріне тәуелділікті азайтады және елдің инфрақұрылымы мен индустрияны дамыту бағдарламасын қаржыландыруға сеп болады», – деді вице-министр.Мемлекеттік органдар ҚҚС-тың жалпы мөлшерлемесін 16%-ға дейін ұлғайтуды, ал кейбір салалар үшін төмендетілген мөлшерлемені 10% мөлшерінде енгізуді ұсынып отыр Дегенмен, бұл салалардың нақты тізбесі әлі нақты айқындалмаған. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді салықтан толығымен босату жоспарлануда. Денсаулық сақтау саласы үшін салық жүктемесін азайту да қарастырылуда.Кездесу барысында кәсіпкерлер өңірдегі бизнес-қоғамдастықтың атынан сұрақтар мен ұсыныстар айтты. Олар салық жүктемесінің артуына алаңдаушылық білдіріп отыр.Нақты айтқанда, Шымкент қалалық Өңірлік кеңестің мүшесі, «Керемет-Оңтүстік» бөбекжай-балабақшасы» ЖШС басшысы Диана Караманова әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелерді ҚҚС-тан босатуды немесе қызметтердің қолжетімді болуы үшін салықтық жеңілдіктер беруді ұсынды. Ал «Шымкент қаласы мен Түркістан облысының жеке клиникалар қауымдастығының» басшысы Әнуарбек Маймақов медицина саласы бойынша 10% -20% ҚҚС мөлшерлемесін енгізу ұсынысы медициналық көмектің қолжетімділігін қиындатуы мүмкін екенін атап өтті.Кәсіпкерлер палатасы жанындағы салалық кеңестің мүшесі Дәулет Қанашаев ҚР Салық және кәсіпкерлік кодекстеріне өзгерістер енгізу кезінде жеңіл өнеркәсіптің ерекшелігін ескерудің маңыздылығын атап өтті. Атап айтқанда, ол қызметкерлердің орташа жылдық саны 500 адамнан асқан жағдайда ғана ірі кәсіпкерлік санатына ауысуды белгілеуді, ал орташа жылдық табыс көрсеткіштерін өзгеріссіз қалдыруды ұсынды.Кездесу барысында басқа да көптеген кәсіпкер сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.Барлық сұраққа жауап берген Бауыржан Құдайбергенов жиынды қорытындылай келе барлық ұсыныс жинақталып, талданатынына, алдағы жұмыс барысында ескерілетініне сендірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/937741
ҚАЛА ӘКІМІ ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ 15.02.2025
Бүгін Қырғызстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Жеңісбек Асанқұловпен кездесті. Кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту, инвестиция тарту және түрлі салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды.Сонымен қатар Шымкент пен Ош қалалары арасында 2023 жылы бауырлас қалалар мәртебесін орнату жөнінде қол қойылған меморандум аясында 2025–2028 жылдарға арналған бірлескен Жол картасын әзірлеу және бекіту туралы шешім қабылданды. Бұл құжат бизнес-форум өткізу, сондай-ақ Шымкент пен Ошта екі қаланың өндірушілерінің өнімдері ұсынылатын сауда үйлерін ашуды көздейді.Бұдан бөлек, Шымкентте қырғыз этномәдени бірлестігін құру мүмкіндігі, сондай-ақ Қырғыз Республикасының азаматтарының құқықтық мәртебесі мен қала аумағында заңды түрде тұруы мәселелері қарастырылды.Кездесу соңында әкім Ғабит Сыздықбеков екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/937748
Азиада-2025: Армия орталық спорт клубының қоржыны күміс және қола жүлдемен толықты 15.02.2025
Харбинде өткен IX қысқы Азия ойындарында Биатлон жарысының соңғы күні ерлер құрамасы күміс жүлдеге, ал әйелдер құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді. Ерлер арасындағы 4×7,5 шақырымдық эстафетада құрамында Қарулы Күштердің әскери қызметшілері Кирилл Бауэр, Әсет Дүйсенов, Александр Мукин және спорт ротасының әскери қызметшісі Владислав Киреев бар құрама үздік үштікке ілініп, күміс медальмен марапатталды. Эстафетада бірінші орынды жапондықтар, үшінші орынды қытайлық спортшылар алды. 4×6 шақырымдық эстафетада қатарында армиялық спортшылар Дарья Климина мен Арина Крюкова, сондай-ақ Ольга Полторанина мен Елизавета Белецкаядан тұратын биатлоннан әйелдер құрамасы қытайлық және оңтүстік кореялық қарсыластарына жол беріп, қола жүлдеге ие болды. Осылайша, Азия құрлығының ойындарында ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының спортшылары алтын, екі күміс және үш қола жүлдені иеленді.Фото авторы: Нұрғали ЖұмағазыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/937495
Ербол Хамитов пен Надежда Морозованың спорттық жетістіктері 15.02.2025
Солтүстікқазақстандық спортшылар жанкүйерлерді қысқы спорт түрлеріндегі жетістіктерімен қуантуда.  Параатлет Ербол Хамитов Словенияда өткен парабиатлоннан әлем чемпионы атанды, сондай-ақ ерлер арасындағы спринтте үшінші орын иеленді. Оған қоса, Ербол Әлем кубогының қола жүлдегері және парашаңғы жарысынан әлем чемпионы. Бұл жеңістер – оның тынымсыз еңбегі мен жоғары кәсібилігінің жемісі. Ербол - батылдық мен жігердің үлгісі.  Қысқы Азия ойындарында конькимен жүгіру шебері Надежда Морозова жақсы нәтиже көрсетті. Ол командалық спринтте қола жүлдеге ие болды. Надежда – атақты спортшы, төрт құрлық чемпионы, қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы. «Жеңімпаз спортшыларымыз бен олардың бапкерлерін лайықты жетістіктерімен құттықтаймын! Оларға әлемдік аренада жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілеймін», - деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/937343
КҮН САНЫ 15.02.2025
КҮН САНЫ 2024 жылы табиғи жауын–шашынды имитациялайтын жаңбырлатып суару жүйелері енгізілген жер көлемі56 мың гаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/937815
2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Ақмола облысы бойынша «Қазсушар» филиалы инертті материалдар дайындау, бөгеттердің жоталарын және гидротехникалық құрылыстардың аумақтарын қардан тазарту жұмыстары жүріп жатыр. 15.02.2025
2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Ақмола облысы бойынша «Қазсушар» филиалы инертті материалдар дайындау, бөгеттердің жоталарын және гидротехникалық құрылыстардың аумақтарын қардан тазарту, сондай-ақ жабдықтар мен арнайы техниканы дайындау жұмыстарын жүргізіп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/937822
Болат Бекнияз студенттер мен оқушыларға еліміздің су ресурстарын сақтау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді 15.02.2025
Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз «Жұмысшы мамандықтар қаласы» республикалық фестивалі аясында студенттер және мектеп оқушыларымен кездесті. Вице-министр Арал теңізі мен Балқаш көліне су жіберу, халықаралық келісімдер және су саласы мамандықтарының мәртебесін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.Қазақстанда су шаруашылығы саласында 10 мыңнан астам адам еңбек етеді. Былтыр 7000-ға жуық маманның еңбекақысы орта есеппен 25%-ға өсті.2024 жылы 500-ден астам су саласының қызметкері мамандандырылған орталықтарда біліктілік арттырды. Биыл тағы мыңға жуық жұмысшының біліктілігін арттыру жоспарланып отыр. Оның ішінде 105 маман Қытайға барып, тәжірибе алмасады.«Министрлік еліміздегі 9 жоғары оқу орнымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осының нәтижесінде былтыр 80 студент «Қазсушар» филиалдарында өндірістік тәжірибеден өтті. Биыл «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында «Наурыз жұмыскер» жаңа ипотекалық бағдарламасы іске қосылды. Аталған бағдарлама бойынша су саласының мамандары да жеңілдетілген пайызбен баспана сатып ала алады»,- деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз.Елордада өтіп жатқан «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі 15 ақпанға дейін жалғасады. Іс-шара аясында болашақ талапкерлер су саласындағы жұмысшы мамандықтар және өздері қызығушылық танытқан оқу орындары туралы толық ақпарат ала алады. Сондай-ақ шеберлік сыныптары, панельдік пікірталастар және бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/937825
ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ҚАЛАСЫ: МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 15.02.2025
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Астанадағы ЭКСПО аумағында орналасқан «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінің алаңында медициналық бұрышқа барды.Жас келушілердің, медицина саласындағы болашақ мамандардың қызығушылығын жүрек - өкпе реанимациясын жүргізуге арналған робот манекендер, Пироговтың анатомиялық планшеті, VR көзілдірігі бар Академикс 3Д интерактивті тірегі және limstar телемедициналық жабдықтары мен жабдықталған жедел медициналық жәрдем станциясы сияқты инновациялық жабдықтардың түрлері тудырды.Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық ауруханасының бас дәрігері Мақсат Құдратуллаев әр девайс туралы, оның қаншалықты тартымды екенін және дәрігерлерге пациенттерге медициналық көмек көрсетуде қалай тез және тиімді көмектесетінін егжей-тегжейлі айтып берді.Президент медициналық колледж студенттерінен оқудағы жетістіктерін сұрады, медицинаны оқудың маңыздылығын атап өтті және мамандықты игеруде барлық жетістіктерді тіледі.11-15 ақпан аралығында Елбасы жариялаған жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде елордада «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтуде.Бұл болашақ мамандардың, жұмыс берушілердің, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өзара іс-қимылы үшін қарым-қатынас алаңына айналды.Бірнеше күн бойы мұнда түрлі семинарлар, мұнай және энергетика өнеркәсібі тақырыптары бойынша хакатон, мамандықтар шеруі, бос орындар жәрмеңкесі, стартаптардың тұсаукесерлері, мастер-кластар, концерттер, халықаралық аккредиттелген колледждердің тренингтері және т. б. өтеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/937805
Таза Қазақстан: Жамбыл облысында биыл 200 мыңға жуық көшет отырғызу жоспарлануда 15.02.2025
Жамбыл облысында өткен жылы республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды жұмыстар атқарылды.Атап айтар болсақ, 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер аумағы, 829 шақырым канал мен арық жүйесі, 137,5 мың аула мен 4,8 мың шақырым көше жолы тазартылды. 30 875 тонна қоқыс шығарылып, 60 мыңға жуық көшет отырғызылды.Өңір тұрғындары аптаның 5 күнінде өтетін сенбіліктерге белсенді қатысты. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны тазарту, көгалдандыруға қомақты үлес қосты.Акция аясында «Үлгілі ауыл» байқауы ұйымдастырылды. 8 ауылдық елді мекен жеңімпаз деп танылып, ақшалай сертификаттарға ие болды. Бұл қаржыға әлеуметтік нысандардың құрылысы, сондай-ақ ауылдағы ғимараттарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.2025 жылы да облыста ауқымды іс-шараларды іске асыру көзделген.Тарихи-мәдени ескерткіштер, саябақ пен сквер аумағына санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.Сонымен бірге 1 000 шақырым канал мен арық жүйесі, 200 мың аула мен 10 мың шақырым көше жолы күл-қоқыстан тазартылады. Бұдан бөлек, 200 мыңға жуық көшет отырғызылады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/937610
Ұлытау облысындағы бизнес-қоғамдастықпен Салық кодексіндегі түзетулер талқыланды 15.02.2025
📌 Ұлытау облысында ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Темірбековтің өңірдегі бизнес-қоғамдастықпен кездесуі өтті. Жиынға 200-ден астам кәсіпкер қатысты.🔵 Кездесу барысында жергілікті кәсіпкерлер салық заңнамасына енгізілетін өзгерістерге қатысты өз пікірлерін білдірді. Бизнес-қоғамдастық атынан Ұлытау облысының Кәсіпкерлер және өнеркәсіпшілер қауымдастығының төрайымы Надежда Ким, Өңірлік кеңес мүшесі, «Жангаскинова» ЖК негізін қалаушы Шолпан Жангаскинова, Жаңаарқа ауданы мәслихатының депутаты, «Ералиев» АӨК төрағасы, «Қоғалы көл» шаруа қожалығының басшысы Жанболат Жуанышбаев және басқа да кәсіпкерлер сөз сөйледі.➡️ Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Гүлмира Қаженова өңірлік бизнес өкілдерімен мұндай кездесулер «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жұмыс істеп жатқанын көрсететінін айтты. Өз кезегінде, «Атамекен» ҰКП әрбір заңнамалық бастама кәсіпкерлер мен инвесторлардың мүдделерін ескере отырып, жан-жақты талданады деп күтеді.🔵 Кездесу қорытындысы бойынша өңірлердегі бизнес өкілдерінің пікірі салық реформаларын одан әрі жетілдіру барысында міндетті түрде ескерілетіні атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/937552
Атырау облысының тасқынға қарсы дайындығы 15.02.2025
Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің төрағалығымен селекторлық мәжіліс өтіп, тасқынға дайындықтың жәйі пысықталды. Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов су тасқынының алдын алу мақсатында аймақта қандай жұмыс жүріп жатқанын баяндады.Өңір басшысының айтуынша, алдын ала бағалау жұмыстары бүгінгі ахуалдың былтырғы сценарий бойынша өрбіп отырғанын көрсетеді. Осы орайда бұған дейін соғылған бөгеттер реконструкцияланып, қалыпқа келтірілуде, қажетті қаржы қарастырылған. Материалдық-техникалық резервтер толық жинақтаулы.-Жол инфрақұрылымын қалыпқа келтіру аясында үкіметтік резерв қаржысы мен жергілікті бюджет есебінен 30 шақырым жол жөнделіп, 4 көпір қалыпқа келді. Бұған қоса, 13 мал өткелі салынып, бұрын су шәйіп кеткен 49 учаскеге су өткізу құбырлары қондырылды, - деді облыс басшысы.Атырау облысындағы тасқынға қарсы шаралар аясында Жылыой ауданында Жем өзені мен Құрсай арнасының түбін тереңдету жұмыстары жүріп жатыр (95 шақырымның 80,3 шақырымы орындалды), сондай-ақ жоспарланған 61 шақырым бөгеттің 29 шақырымы соғылды. Қызылқоға ауданының 9 ауылдық округі мен 5 елді мекенінде 41,9 км бөгет нығайтылуда. Индер ауданында қолданыстағы 34,5 шақырымдық бөгеттің қорғаныстық құрылыстары күшейтілсе, Махамбетте 105 шақырым бөгет салынды. Биыл қосымша 29,9 км бөгет нығайтылып, 12,4 км жаңа бөгет тұрғызылмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/937550
Өңірдің цифрлық аспаны: дрондар құрылыс, ТКШ және Ақмола облысының табиғи ресурстарын бақылауда 15.02.2025
Ақмола облысында Мемлекет басшысының бірыңғай дрондар инфрақұрылымын енгізу жөніндегі тапсырмасы аясында пилоттық жоба іске қосылды.«Бірыңғай дрондар инфрақұрылымы» атты бұл жоба мемлекеттік және инфрақұрылымдық жобаларды басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Жүйе мектептер мен жолдардың құрылысын бақылауға, жылу желілерінің жай-күйін қадағалауға, жер қойнауын пайдалану саласындағы заңбұзушылықтарды анықтауға және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жұмысының сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.Облыс әкімдігінде өткен жиында Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп жобаны облыс әкіміне таныстырды. Презентация барысында пилотсыз ұшу аппараттарын жедел бақылау мен талдау жүргізуде пайдалану мүмкіндіктері көрсетілді.Облыс әкімі бұл бастаманы қолдап, пилоттық кезең аясында дрондар Көкшетау және Қосшы қалаларында қолданылатынын атап өтті. Сонымен қатар, шалғай елді мекендерді тексеру үшін мобильді дрондар пайдаланылады.«Цифрлық технологиялар мемлекеттік басқару саласында маңызды рөл атқарады. Инновациялық шешімдер көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар ықтимал қауіп-қатерлерді азайтуға мүмкіндік береді. Ақмола облысы осындай озық жобаларды енгізуде пилоттық өңір болуға дайын», – деді облыс әкімі Марат Ахметжанов.Жобаның негізгі артықшылықтарының бірі – жылу желілерінің жағдайын дрон арқылы қашықтан бақылау. Бұл жылу шығындарын анықтап, оларды жою бойынша уақтылы шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, дрондар жер қойнауын пайдалану саласындағы заң бұзушылықтарды тіркеп, экологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді.«Қазіргі технологияларды пайдалану әлеуметтік нысандар – мектептер мен жолдардың құрылысы барысын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Бұл процестердің ашықтығын қамтамасыз етіп, тиімділігін арттырады және басқарушылық шешімдерді жедел қабылдауға ықпал етеді», – деп атап өтті Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Мағжан Ержан.Жобаны жүзеге асыру аясында Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Мағжан Ержан мен «Қазақтелеком» АҚ-ның цифрлық бизнес дивизионының бас директоры Абылайхан Оспанов өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.Айта кетейік, цифрлық технологияларды дамыту және заманауи мониторинг құралдарын пайдалану – өңірді дамытудың басым бағыттарының бірі. Егер «Бірыңғай дрондар инфрақұрылымы» пилоттық жобасы сәтті жүзеге асса, оны бүкіл облыс аумағында кеңейту жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/937160
Қазақстанда тростық тосқауылдар сынақтан өтуде 15.02.2025
Бұл Көлік министрлігі мен ғалымдардың бірлескен эксперименті.Қарағанды облысындағы республикалық маңызы бар «Астана-Карағанды» (KAZ01) тас жолының қар басу қаупі жоғары учаскелерінің бірінде жол қоршауының инновациялық түрі, яғни тростық тосқауылдардың аралық сынағы өтіп, сәтті аяқталды. Аталған сынақтар Теміртау қаласының маңында орналасқан ұзындығы 500 метрді құрайтын тәжірибелік-эксперименттік учаскеде жүргізілді. Аталған тростық жабдық Қарағанды қаласының бағытындағы жолдың бойында, нақтылап айтқанда жолақтарды бөліп тұратын белдеуде және жолдың оң жақ жиегінде орнатылды. Сынақтардың нәтижесінде бұл құрылғы ауа райының қолайсыз жағдайында (боран кезінде) жоғары тиімділікті көрсетті.Тростық қоршаулар дәстүрлі металл кедергілерден қарағанда айтарлықтай артықшылықтарға ие. Әсіресе қалың қар мен қатты жел жағдайларында өте тиімді. Олар қардың тростар арқылы еркін өтуіне мүмкіндік береді. Бұл оның бөлу жолақтары мен жолдың жиектерінде жиналуына жол бермейді. Сондай-ақ мұндай қоршаулар жолдарды механикалық тазалау шығындарын азайтуға ықпал етеді. Сөз етілген қоршау түрлері АҚШ, Жапония және Еуропада экономикалық тиімділігіне байланысты белсенді түрде қолданылады.Жоба ҚазжолҒЗИ мамандарының ғылыми-техникалық жетекшілігімен жүзеге асырылып жатыр. Олар әртүрлі ауа райы және пайдалану жағдайларында тростық қоршаулардың тиімділігіне екі жылдық мониторинг жүргізбек. Тәжірибе оң нәтиже берген жағдайда, тростық қоршаулар қар басу қаупі жоғары учаскелерде дәстүрлі металл кедергілерге балама бола алады. Аталған қоршаулар қыс мезгілінде қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етеді деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/937493
ҚР Көлік министрлігінің Қоғамдық кеңесі 2025 жылы алғашқы отырысын өткізді, онда Қоғамдық кеңестің алдағы жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды 15.02.2025
12 ақпанда Көлік министрлігінің Қоғамдық кеңесінің биылғы бірінші отырысы өтті, оның барысында 2024 жылғы жұмыс қорытындылары талқыланып, қоғамдық кеңестің 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.Бекітілген жұмыс жоспары кешенді және жан-жақты, бірнеше ауқымды бағыттарды қамтиды, атап айтқанда теміржол, автомобиль тасымалы нарығын тұрақтандыру, кеме қатынасын дамыту, автомобиль жолдарын салу саласындағы проблемалар, республикалық бюджетті игеру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, 2030 жылға дейін көлік-логистикалық әлеуетті дамыту және 2029 жылға дейін теміржол көлігін дамыту тұжырымдамаларында көзделген іс-шаралар жоспарларын іске асыру жүк және жолаушылар теміржолы, авиация, автомобиль тасымалдары саласындағы бизнестің проблемалары, жұмысшы кәсіптерінің жылын өткізу барысы туралы, Теміржол көлігін реформалауды іске асыру барысы туралы, жүк теміржол тасымалдары саласындағы бәсекелестікті дамыту.2024 жылдың ішінде Кеңес заңнаманы жетілдіру, азаматтардың өтініштерін қарау және Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарымен өзара іс-қимыл бойынша ұсыныстар әзірлеумен айналысты.Қоғамдық кенес мүшелері бюджеттің атқарылуына үнемі талдау жүргізді, салалық форумдарға белсенді қатысты және мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта мәселесін көтерді және инклюзивті қоғамды қалыптастыру үшін жағдай жасады.Сондай-ақ, қоғамдық кенес отырысында 5 салалық комиссиясының құрамы бекітілді: Азаматтық авиация мәселелері, Т/Ж және су көлігі мәселелері, автомобиль көлігі мәселелері, автожол мәселелері, бюджет мәселелері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Комиссия.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/937580
Заңсыз смартфондарды бұғаттау: Қазақстанда IMEI верификациясы қалай өтеді? 15.02.2025
2025 жылғы 24 наурыздан бастап абоненттік ұялы байланыс құрылғыларын тіркеу ережелеріне енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Жаңа ережелер тек 24.03.2025 жылдан кейін елге әкелінген жаңа құрылғыларға ғана қатысты. Қазақстан аумағында бұрыннан бар және Идентификациялық кодтар дерекқорына (ИКД) енгізілген телефондар автоматты түрде «ақ тізімге» енеді және ешқандай шектеусіз жұмысын жалғастырады.Бұл жаңашылдықтар тіркеу жүйесін одан әрі жақсартып, алаяқтықпен күресуге, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және мобильді құрылғыларды пайдалану қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.Бүгінгі таңда Қазақстанда шамамен 3,7 миллион қайталанған IMEI-коды бар құрылғылар тіркелген. Олардың заңсыз әкелінуі айтарлықтай экономикалық және әлеуметтік мәселе туындатады. Бұндай мобильді құрылғылар нарығы құрылғылардың заңды айналымын бақылауды қиындатып, телефон ұрлығының көбеюіне ықпал етеді және әділетсіз бәсекелестік туғызады.Осы мәселелерді шешу мақсатында жаңа ережелер енгізіліп, мобильді құрылғылар нарығының ашық әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз ету қарастырылған.Негізгі жаңашылдық – мобильді құрылғыларды верификациялау процедурасыЖаңа ережелерге сәйкес тіркеу кезінде арнайы жүйе келесі параметрлерді тексереді:Құрылғының IMEI-кодының түпнұсқалығыIMEI-кодтың GSMA халықаралық базасында ұрланған, бұғатталған немесе жоғалған құрылғылар тізімінде болмауыҚұрылғының Қазақстан аумағына заңды түрде әкелінгеніЕскерту: Өзгерістер тек Қазақстан аумағына жаңадан әкелінген құрылғыларға қатысты. Бұрыннан бар және ИКД базасына енгізілген мобильді телефондар автоматты түрде «ақ тізімге» енеді және ешқандай шектеусіз жұмысын жалғастырады.Қандай тізімдер пайда болады?Верификация нәтижесінде мобильді құрылғылар үш санатқа бөлінеді:Ақ тізім – сәтті верификациядан өткен құрылғылар, олар ешқандай шектеусіз тіркеледі.Сұр тізім – уақытша рұқсат етілген құрылғылар. Олардың иелері 30 күн ішінде құрылғының заңды түрде әкелінгенін растауы тиіс.Қара тізім – заңсыз әкелінген, жалған немесе ұрланған құрылғылар. Олар бұғатталады.Бұл қолданушыларға қалай әсер етеді?Қазақстанда бұраннан қолданыста бар телефондар ешқандай шектеусіз жұмыс істей береді. Қосымша әрекет қажет емес.Жаңа құрылғыларды сатып алушылар 2025 жылдың 24 наурызынан кейін құрылғы сатып алмас бұрын, IMEI-кодты imei.rfs.gov.kz сайтынан тексере алады. Қазіргі уақытта сайт жаңа ережелерге сәйкес жаңартылуда.«Сұр тізімдегі» құрылғы иелері құрылғыны 30 күн бойы қолдана алады. Осы уақыт ішінде операторлар SMS хабарлама арқылы құрылғыны верификациядан өткізу қажеттілігі туралы ескертеді. Хабарламада арнайы анкетаға сілтеме беріледі, оны толтыру қажет.Шетелден әкелінген құрылғы иелері шекарадан өткен күнді көрсетуі керек.Егер пайдаланушы 30 күн ішінде верификациядан өтпесе, кез келген уақытта хабарламадағы сілтеме арқылы анкетаны толтырып, растау процесін аяқтай алады.Бұл шаралар тұтынушыларға заңды әрі сапалы құрылғыларды сатып алуына сенімділік береді. Бизнеске әділ бәсекелестік үшін ашық жағдай жасалады, ал мемлекет импортты қатаң бақылап, заңсыз телефондар санын азайтып, алаяқтық деңгейін төмендетеді.Қашан күшіне енеді?Жаңа ережелер ресми жарияланған күннен бастап 60 күн өткен соң – 2025 жылғы 24 наурызда күшіне енеді.Азаматтарға уайымдауға ешқандай негіз жоқ – ресми тіркелген құрылғылардың иелеріне қосымша әрекет жасап қажет емес. Министрлік жаңа ережелерді енгізу бойынша ақпараттық жұмыстарды одан әрі жалғастырады.Дереккөз: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми сайтыЗаңсыз смартфондарды бұғаттау: Қазақстанда IMEI верификациясы қалай өтеді?Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/937485