Enbekshi QazaQ

Қуқық

«Кері перспектива»: Қарағандыда гуманитарлық колледж түлектерінің соңғы жарты ғасырдағы жұмыстары таныстырылады 15.02.2025
«Алтын ғасыр» арт-галереясында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі түлектерінің соңғы 50 жылда жасаған жұмыстары қойылады. «Кері перспектива» экспозициясында көркемсурет, графика, композиция және т. б. бар.Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі 50 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде ол мыңдаған суретшілер мен көркем сурет оқытушыларын дайындап, олардың көпшілігі шығармашылық жолын жалғастырды. Олардың жұмыстары көрмеге қойылады. Экспонаттардың бір бөлігін галереяға авторлардың өздері берген. Түлектердің ескі жұмыстары колледж мұрағаттарынан алынған.Көрмені ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай экспозициялар аз танылған дарынды суретшілерге назар аударуға, сондай-ақ әлі де қыл қалам мен бояуды қолына алуға батылы жетпей жүргендердің шығармашылық әлеуетін оятуға көмектеседі.«Кері перспектива» көрмесі Комиссаров көшесі, 35а мекен-жайы бойынша «Алтын ғасыр» галереясында 2025 жылғы 15-22-ақпан аралығында өтеді. Кіру тегін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/936414
Мықтылар шайқасы: Қарағандыда ММА бойынша Қазақстан чемпионаты өтеді 15.02.2025
Қарағандылықтарды Қазақстан чемпионатында ММА жауынгерлеріне қолдау көрсетуге шақырады. Ең басты республикалық шара 15–19 ақпанда Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында өтеді. Кіру тегін.Ұйымдастырушылардың мәліметінше, барлық облыстардан, Астана, Алматы және Шымкенттен 500-ден астам спортшы қатысады деп күтілуде. 16–17, 18–20 және 21+ жас санаттарындағы жауынгерлер чемпиондық және құрамадағы орын үшін күреседі.Қарағанды облысының құрамасы республикалық біріншілікке белсенді дайындалуда.– Біздің облысымыздан 60 жауынгер өнер көрсетеді. Олардың арасында әлем чемпиондары мен жүлдегерлері, Азия чемпиондары бар. Жеңіске жетеміз деп бел буып отыр. Бұл кіл мықтылардың шайқасы, сондықтан қарсыластарымыз да күшті. Менің ойымша, басты бәсекелестік аралас жекпе-жек өнері дамыған Алматы, Ақтөбе, Атырау спортшылары арасында болмақ, – дейді Қарағанды облысының ММА бойынша аға жаттықтырушысы Рашид Дагаев.Жарыс кестесі:15 ақпан – сағат 11:00–18:00 аралығында 16–17 жастағы жасөспірімдердің жарыстары мен ақтық сайыстары.16, 17 ақпан – 18–20 жастағы жастар арасында және ересектер арасында 21 + сағат 11:00-ден 20:00-ге дейін алдын ала жекпе-жек.18 ақпан – 18–20 жастағы жастар арасында және 21 + ересектер арасында 11:00-ден 20:00-ге дейін жартылай финалдық ұрыс.19 ақпан – 18–20 жастағы жастар мен 21 + ересектер арасындағы финалдық жекпе-жек, сағат 10:00 басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/936417
Қарағанды облысының дарынды балаларға арналған мектептеріне құжаттар қабылдау жүргізілуде 15.02.2025
Дарынды балаларға арналған мектептерге құжат тапсыруға болашақ бесінші және жетінші сынып оқушыларының ата-аналары шақырылады. Мұны онлайн форматта жасауға болады.Қарағанды облысында жеті мамандандырылған мектеп-интернат, екі лицей-интернат және облыстық музыкалық мектеп-интернат бар.Болашақ бесінші сынып оқушылары Қарағандыдағы бес мамандандырылған мектепке, Балқаштағы бір мектепке және Теміртаудағы бір оқу ордасына қабылданады.Қарағандыда бұл Жамбыл атындағы ММЛИ, Н. Нұрмақов атындағы ММЛИ, «Дарын» ММЛИ, «Мұрагер» ММЛИ, ақпараттық технологиялар ММЛИ; Балқашта – «Зияткер» МММ; Теміртауда – «Озат» МММ.Аталған мектептердің біріне түсуге құжаттарды 2025 жылдың 15 сәуіріне дейін www.qabyldau.daryn.kz сайтында тапсыруға болады.Жетінші сыныптан бастап қабылдауды Қарағандыдағы «Білім-инновация» екі лицей-интернаты жүргізеді. Онлайн-тіркеу және құжаттарды қабылдау www.bilemtihan.kz сайтында 2025 жылдың 12 сәуіріне дейін жүргізіледі.Мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатқа түсу үшін құжаттарды осы жылдың 15 сәуіріне дейін www.e.bilimal.kz сайтына тапсыруға болады.Дарынды балаларға арналған мектептерге қабылдау туралы қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: (8-7212) 41-22-88.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/936426
1 наурыздан бастап Қарағанды облысының барлық мектепке дейінгі ұйымдары ваучерлік қаржыландыруға көшеді 15.02.2025
Қарағандыда Қаржы орталығы мен Indigo порталының өкілдері ваучерлік қаржыландырудың жаңа жүйесінің ерекшеліктерін түсіндіре отырып, балабақшалардың басшыларымен кездесулер өткізуде. Ол мемлекеттік тапсырысты бөлу және мектепке дейінгі ұйымдарды қаржыландыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге, сондай-ақ бәсекелестік үшін жағдай жасауға бағытталған.«Қаржы орталығы» АҚ бюджеттік қаржыландыру департаментінің директоры Еламан Ильяс бұрын балабақша орнына кезек болса, енді ваучер алуға кезек болатынын түсіндірді. Ата-ана мектепке дейінгі мекемені таңдайды, содан кейін қаржыландыру жүргізіледі.Әзірге директорлардың сұрақтары көп, алайда бағдарлама операторлары болашақта өзінің оң нәтижелерін көрсететініне сенімді.Жаңа жүйенің артықшылықтарының бірі – енді ата-аналар лайықты балабақшаны өз бетінше таңдап, қажет болған жағдайда оны кезекке қоймай-ақ ауыстыра алады. Бұрын мемлекеттік тапсырыс нақты балабақшаларға бекітіліп, бөлінген орындар саны білім бөлімінің шешіміне байланысты болатын.– Қолданыстағы жүйеде ата-аналардың бір балабақшадан екіншісіне еркін көшуіне мүмкіндігі болмады. Енді бұл процесс жеңілдетілді, себебі ваучер мемлекеттік тапсырыс болып табылады, ол нақты балаға бекітіледі және бас тарту немесе жою сәтіне дейін іске асырылады, – деп түсіндірді Еламан Ильяс. – Бала қайда барса, қаржыландыру да сонда жіберіледі.Енді белгіленген нормаларға сәйкес келетін кез келген аккредиттелген балабақша мемлекеттік қаржыландыруға оның қуаттылығы қаншалықты мүмкіндік берсе, сонша баланы қабылдай алады.Ваучерді қаржыландыру бала балабақшаға нақты келген кезде жүзеге асырылады және ай сайынғы табельмен, оның ішінде ата-аналармен расталады. Сондай-ақ ваучер балақай ауырып қалса немесе ата-анасының демалысқа өтініші болған кезде сақталады. Алайда, егер бала дәлелсіз себептермен жылына 40 күннен астам уақыт бақшаға бармаса, қаржыландыру қайта қаралуы мүмкін.Ваучерлерді алу үшін ата-аналар ақпараттық жүйе арқылы өтініш береді және 21 санатқа бөлінеді, олардың әрқайсысының өз кезегі бар. Жылына бір рет тізімдер өзектендіріледі. Егер ваучерді алғаннан кейін екі күн ішінде ата-аналар балабақшаға бару ниетін растаса, онда бес жұмыс күні ішінде барлық құжаттарды жинап, мекемемен шарт жасасу қажет. Қалаған балабақшада орын болмаған жағдайда уақытша нұсқаны таңдап, өтінімді күту парағында қалдыруға болады.Ваучерлік қаржыландыру жобасы қазірдің өзінде Тараз, Шымкент, Орал және Түркістан қалаларында жұмыс істейді. Қаңтар айынан бастап ол Астанада жұмыс істей бастады. Тетікті апробациялау жүріп жатқанда, бағдарламаны жасаушылар барлық ұсыныстарды ескеріп, ата-аналарға да, мектепке дейінгі мекемелерге де барынша ыңғайлы әрі тиімді ету үшін жүйені жетілдіруді жалғастыруда.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/936974
Елордалық скрипкашы Қарағанды симфониялық оркестрімен өнер көрсетеді 15.02.2025
Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды симфониялық оркестрі 20 ақпанда сағат 18:30-да концертке шақырады. Солист – Асқар Дүйсенбаев (скрипка, Астана).Асқар Дүйсенбаев – профессор, халықаралық конкурстардың лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, медальмен және «Мәдениет саласының үздігі» атағымен марапатталған. Ол ҚР Мемлекеттік ішекті квартетінің алғашқы скрипкашысы, Metro-philarmonic (Мәскеу-Швеция) халықаралық жастар оркестрінің концертмейстері болды. Иордания, Германия, Швейцария, Испания, Италия, Франция, Швеция, Жапония, АҚШ, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан қалаларында гастрольдерде болды.Дирижерлік пультте Айдар Торыбаев.Бағдарламада скрипкамен оркестрге арналған П.И.Чайковскийдің концерті, ре мажор 35 шығ.; Симфония № 2, си-бемоль мажор, Франц Шуберт.Классикалық музыка әуендерін көрермендер «Шалқыма» концерт залында тамашалай алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/936986
60 жыл көлік жүргізген қария 15.02.2025
60 жылдан аса көлік тізгіндеген Қуаныш Бекшойынов техниканың тілін жатқа біледі. Бүгінде зейнет жасында болса да сүйікті кәсібінен ажырамай, елінің алғысын арқалап келеді.«Көлікке деген құмарлығым бала жастан бар. Ол кезде бүгінгідей көлік көп емес. Жүргізушілер даярлайтын арнайы мектепке жазылып, бітіріп шықтым. Содан бері техника менің сенімді серігіме айналды. Жасым келсе де көлігіме өзім күтім жасаймын», -дейді қария.Қуаныш Бекшойынұлының тақымында «ГАЗ 51» маркалы жүк көлігі. Ақсақал бұл көлікпен соңғы 50 жылдан бері бірге келе жатыр. Көлігін жаңартуды ойына да алмайды. 6 баладан 14 немере, 6 шөбере көріп отырған қария темір тұлпарымен мыңдаған шақырымды артқа тастап, ауылдастарына қызмет көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/936955
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті 15.02.2025
Абай облысының барлық қала мен аудандарында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.Оған 140-тан астам мекеме қатысып, 600-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылды. Жәрмеңкеде 700-ге жуық тұрғын қамтылды. Оның ішінде 50-ге жуық адам жұмысқа орналасуға жолдама алды.Жәрмеңке барысында қатысушылар тікелей сұхбаттасу, түйіндеме тапсыру, жұмысқа орналасу бойынша кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Мансап орталығының мамандары тұрғындарға бос жұмыс орындары бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/936957
Облыста көктемгі су тасқынына дайындық жүруде 15.02.2025
Ақсуат ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу үшін тиісті шаралар қолға алынуда. Қазірдің өзінде аудан бойынша 25 түрлі техника, 16 тасымалданатын су сору насосы (мотопомпа), 2 тіркемелі су сору насосы (мотопомпа) дайындалды.Сонымен қатар 10 000 (он мың) қап барлық ауылдық округтерге таратылып, инертті (күл, шлак, құм) материалдарға толтырылды. Қаптар су басу қаупі бар участоктерге қойылуда.Аудан аумағындағы республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда орналасқан 14 көпір, 207 су өткізгіш трубалар, тоғамдардың, ауыл ішіндегі арықтардың арналары мен көмейлерін қардан тазарту жұмыстары жүруде. Елді мекендерден қар шығару ағымдағы жылдың қаңтар айында басталып, 2500 текше метр қар шығарылды.Бесқарағай ауданы да су тасқыны кезеңіне дайындалуда. Елді-мекендерден қар шығару жұмыстары жалғасып, бүгінгі күні 2000 текше метр қар шығарылды. Ауданға қарасты ауылдардағы арықтар тазартылып, автомобиль жолдарындағы су өткізгіш трубалар қардан аршылды.Мақаншы ауданы бойынша көктемгі су тасқынын қаупін алдын алу мақсатында өткен күзде 11 ауылдық округтердің түрғындарымен бірлесе отырып, ауылдардағы арықтарды, каналдарды, көпірлерді тазалау жүргізілді.Сондай-ақ өзге аудандардағы сияқты арнасы таяз өзендер тереңдетіліп, кейбір өзендердің арнасымен қар суын бұру жұмыстары қолға алынды. Өзен жағалауларын бекіту шаралары да назардан тыс қалған жоқ.Көкпекті ауданы бойынша 13 көпір, 102 су өткізгіш құбырлар бар. Олардың дені республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында орналасқан. Бүгінгі таңда аталған учаскелерде көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су тасқыны қаупін азайтуға бағытталған қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде.Ақпан айының 3-11 аралығында Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының синоптиктері, Ертіс бассейндік инспекциясы және облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары Семей қаласы, Жарма, Көкпекті, Ақсуат, Аягөз, Үржар, Бородулиха аудандарын аралап, осы өңірлерге түскен қардың мөлшерін анықтады. Арнайы топ сапар қорытындысы бойынша әкімдіктерге алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстар алгоритімін ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/936959
Қалбатауда компьютерлік томография іске қосылды 15.02.2025
Абай облысында ауылдық жерлердегі медицинаға да көңіл бөлінуде. Аудан орталықтарындағы ауруханалар заманауи медициналық қондырғылармен жарақтануда. Мәселен, бүгін Жарма аудандық ауруханасы компьютерлік томографияны іске қосты. Шараға аудан әкімі Нұрлан Борсықбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Сәбитов, аурухана ұжымы мен ардагер дәрігерлер қатысты.«Компьютерлік томография аппаратына ауданымыз алғаш рет қол жеткізіп отыр. Бұрын емделушілерді қалаға жіберетінбіз. Енді сырқатқа диагностикалауды өзімізде жасай аламыз. Қажетті дәрігеріміз бар. Жергілікті маманды аппараттың қыр-сырын меңгеру үшін арнайы Астана қаласында оқытып жатырмыз», -деді аудандық аурухананың бас дәрігері Ерік Исабеков.Компьютерлік томография ішкі органдар мен тіндер бейнелерінің жоғары дәлдігі мен нақтылығын қамтамасыз етеді. Бұл дәрігерлерге әртүрлі ауруларды неғұрлым дәл диагностикалауға және мониторингілеуге мүмкіндік береді.Бүгінгі таңда Жарма ауданы бойынша орталық ауруханадан бөлек 3 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт, 10 медициналық пункт тұрғындарға қызмет көрсетеді.Естеріңізде болса, өткен жылдың соңында дәл осындай компьютерлік томография аппараты Мақаншы ауданына қойылған болатын. Енді кезекте Ақсуат ауданына орнату жоспарда тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/936961
Абай облысында қайтарылған активтер есебінен Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы салынады 15.02.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңыз бар жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты жалғастыруда.Үкімет Семей қаласындағы 100 орындық медициналық-әлеуметтік мекеменің құрылысына 2,6 млрд теңге бөлді, бұл азаматтарды сапалы медициналық көмекпен қамтуды арттыруға мүмкіндік береді.Бүгінгі таңда Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар 13 нысанның құрылысына шамамен 59,4 млрд теңге бөлді. Олардың қатарында Атырау облысындағы Жамансор, Жетісу облысының Рудничный және Көксай, Ұлытау облысындағы Мыңадыр және Қаражал ауылдарындағы мектептер, Түркістан облысы Темірлан ауылындағы музыкалық мектеп, Ақмола және Алматы облыстарындағы Зеренді және Жалағаш ауылдарындағы спорт кешендері, Риддердегі көпсалалы аурухана кешені, Шымкенттегі жатақхана, Ақтөбе мен Петропавлдағы 2 балабақша бар.Сонымен қатар «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңда көзделген субъектілердің қаражаты есебінен Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған спорт кешені, Астана қаласында тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Алматыда ерекше қажеттіліктері бар жандарға арналған жаттығу орталығының құрылысы жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/936962
Камила Азия ойындарының күміс жүлдегері 15.02.2025
Бүгін IX қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысынан әйелдер командасы арасындағы эстафета өтті. Бұл сынға (4×5 км) қатысқан Ұлттық құрама қыздары мәреге Қытайдан кейін келді. Үздік үштікті Жапония шаңғышылары түйіндеді. Жарыс жолына жерлесіміз Камила Елғазиновадан бөлек Ксения Шалыгина (классикалық әдіс), Ангелина Шурыга мен Надежда Степашкина (еркін әдіс) шықты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/936963
Қазақстан мен Ұлыбритания еңбек көші-қоны мәселелері бойынша ынтымақтастық орнатады 15.02.2025
Лондонда өткен «Қазақстан – Ұлыбритания» стратегиялық диалогы шеңберінде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Еңбектегі қанау мен заңнаманы бұзуға қарсы іс-қимыл қызметі (GLAA) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат тараптардың еңбек көші-қоны саласындағы өзара іс-қимылын көздейді.Меморандумға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Ұлыбританияның Еуропа, Солтүстік Америка және шет елдер істері жөніндегі мемлекеттік министрі Стивен Даути қол қойды.Құжат тараптардың келесі бағыттар бойынша ынтымақтастығын көздейді:- Ұлыбритания аумағында Қазақстан Республикасының азаматтарын уақытша жұмысқа орналастыру шарттары мен рәсімдері туралы ақпарат алмасу;- Қазақстан Республикасынан еңбек қызметі үшін Ұлыбританияға жұмыскерлерді жіберетін жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің қызметі туралы ақпарат алмасу, сондай-ақ қабылдаушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес олардың қызметін растау;- Қазақстан Республикасы азаматтарының Ұлыбритания аумағындағы еңбек қызметі кезеңінде, оның ішінде Тier-5 маусымдық жұмыс визасы (seasonal worker visa) шеңберінде еңбек және әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге және қорғауға бағытталған өзара ынтымақтастық;- сұранысқа ие жұмысшы мамандықтары және Қазақстан Республикасы азаматтарының қажетті кәсіптік даярлығы туралы ақпарат алмасу.Осы Меморандумға қол қою Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы еңбек құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/935947
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлар 4,7 мыңға жуық жұмыскердің құқығын қорғады 15.02.2025
2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 16 кәсіпорнында 1,1 мыңнан астам жұмыскерге 318,2 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 499 еңбек құқығының бұзылуы анықталды.Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 240 ұйғарым берілді және 24,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 890 жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 81,3 млн теңге төленді.Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.2025 жылғы 1 ақпандағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 389 тексеру жүргізді, оның барысында 499 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 466; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 31; халықты жұмыспен қамту бойынша – 2.Қабылданған шаралардың нәтижесінде 3,8 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/935155
2024 жылы 19 мыңнан астам адам «Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналасты 15.02.2025
2024 жылы зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі «Күміс жас» жобасын іске асыру шеңберінде 19 199 адам жұмысқа орналастырылды.Жұмысқа орналасқандардың ең көп саны Түркістан (2 441 адам), Жамбыл (1 845 адам) және Қарағанды (1 471 адам) облыстарында байқалады.Жобаға қатысатын әйелдердің үлесі 55,2% немесе 10,6 мың адамды, ауыл тұрғындарының үлесі – 11,3 мың адамды немесе 59,1% құрайды.Бұл жобаға 50 жастан асқан жұмыссыз адамдар зейнеткерлік жасқа толғанға дейін қатыса алады. Жобаға қатысу үшін мансап орталығына өтініш беру қажет.«Күміс жас» жобасын қаржыландыруды еңбек мобильділігі орталығы жұмыс берушінің жоба шеңберінде жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеуге субсидиялар беру жолымен жүзеге асырады.Субсидиялар мөлшері жұмыстың алғашқы жылында жалақы мөлшерінің 70% (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың екінші жылында жалақы мөлшерінің 65% (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың үшінші жылында жалақы мөлшерінің 60% (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын) құрайды.«Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші зейнеткерлік жасқа толмаған адамды кемінде 1 жыл мерзімге тұрақты жұмыс орнына, сондай-ақ зейнеталды жасқа дейінгі адамды зейнетке шыққанға дейін жұмысқа орналастыруға міндетті.Көптеген қазақстандықтар жоба туралы оң пікір білдіруде.«Мен «Күміс жас» жобасы бойынша «Зерде» дәріханасына жұмысқа орналастым. Жұмыс айтарлықтай ауыр емес, еңбекақымызды уақтылы алып жатырмыз. Қазіргі кезде біз сияқты 50 жастан асқан адамдарға жұмыс табу оңай емес. Осындай жобалардың арқасында көптеген азаматтар «екі қолға бір күрек» табуда», – деп, Түркістан облысының тұрғыны Зейнекүл Бүркітбай өз ойымен бөлісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/935942
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ШАҒЫН ӨНЕРКӘСІПТІК ПАРК» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП КЕЛЕДІ 15.02.2025
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданындағы шағын өндірістік паркке кезекті рет барып, жұмыс барысымен танысты. Бүгінде мұнда 8 кәсіпорын іске қосылып, жұмысын бастап кеткен. Инвесторларға қолайлы жағдай жасау және жаңа өндіріс орындарын ашу мақсатында зауыттарға қажетті ғимараттарды салу жұмысы қарқынды жүріп жатыр.– Ғимараттардың құрылысына жауапты басшылар мен мердігерлер жұмысты уақтылы әрі сапалы атқаруы тиіс. Жедел инвесторлар тартып, жобаларды жүзеге асырған жөн. Өндірістік парк аумағын көгалдандыру жұмыстары да тұрақты жүргізілсін, – деген Нұралхан Көшеров тиісті тапсырмалар беріп, ғимараттарды аралап көрді.Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысында инвестициялық жобаларды арттыру мақсатында 30 гектар жерге 3-кезеңді қамтитын 39 ғимараттан тұратын «Шағын өндірістік парктің» құрылысы жүргізілуде. Жобаның құны 17 млрд теңге болса, инвестиция көлемі – 131 млрд теңгені құрайды. 3 кезең бойынша жалпы 1450 жұмыс орны ашылады.2024 жылы инвестиция көлемі 31 млрд теңгені құрайтын 10 ғимараттың құрылысы аяқталып, 8 өндіріс орны іске қосылды. Атап айтқанда, жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйесін шығаратын, мектепке арналған жиһаздар және өнеркәсіптік тоңазытқыштар өндіретін кәсіпорындар ашылды.Екінші кезеңде инвестиция көлемі 40 млрд теңге болатын 13 ғимараттың құрылысы аяқталып, 2025 жылдың 1-тоқсанында 10-ы пайдалануға берілсе, 3-еуі 3-ші тоқсанда пайдалануға беріледі. Үшінші кезеңде инвестиция көлемі 61 млрд теңгені құрайтын 16 ғимараттың құрылысы салынуда.Айта кетейік, отандық өндірісті дамыту және қайта өңдеуді қолдау мақсатындаТүркістан облысы, Сауран ауданында 100 гектар аумақта «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы жүзеге асырылуда. Болашақта жоба кеңейтіліп, 308 млрд теңге инвестиция тартылып, 150-ден аса өндірістік ғимарат салынады және 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/936631
ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ АЛМАСАДАМ СӘТҚАЛИЕВТІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ БАСТАЛДЫ 15.02.2025
Түркістан облысына ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жұмыс сапарымен келді. Мақсат – Мемлекет басшысының 28 қаңтар күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы тапсырмаларын орындау, аймақтың инфрақұрылымын дамытып, энергетикалық әлеуетін көтеру.Облыс әкімдігінде өткен мәжілісте Алмасадам Сәтқалиев өңірдегі энергетика саласына қатысты мәселелерді шешу жолдары туралы ой қозғап, маңызды жобаларды талқылады.Түркістан облысың әкімі Нұралхан Көшеров облыста энергетика тапшылығын жою, жаңа қуат көздерін өндіретін станциялардың құрылысына қатысты ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда, Түркістан және Кентау қалаларының жылу желілерін қайта құру, Түркістан қаласындағы «Яссы» және «Орталық» қосалқы станциялардың арасындағы 110 кВ электр желілерінің құрылысы, облыс тұрғындарын газбен қамтамасыз ету жұмысын жалғастыру және өзге де мәселелер айтылды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов инфрақұрылым, газ, электр салаларында атқарылған жұмыстарды баяндады.Айта кетейік, өткен жылы Кентаудағы Жылу станциясы жаңғыртылып, қазандықтары жаңарды. Жылу мәселесі шешілді. Облыстың электр энергия қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында Сайрамда 1000 МВт бу-газ станциясы, Түлкібаста 320 МВт, Кентауда 240 МВт газ турбина станцияларын, сонымен қатар, Сауран, Сайрам аудандарында 785 МВт күн, Бәйдібек ауданында 350 МВт жел электр станцияларын салу жоспарлануда. Облыста 278,6 МВт қуатты құрайтын 24 жаңартылатын энергия көздері нысандары жұмыс істеуде. 2024 жылы Келес ауданында «Қызыләскер», Түркістан қаласында 110 «Солтүстік» қосалқы станциялары электр желілерімен қоса жүргізіліп, пайдалануға берілді. 2024 жылы 53 елді мекен (81 мың халық) газдандырылды. Нәтижесінде газбен қамтылған елді мекендер саны 563-ке жеткізілді. Аймақта элекр желілерін жаңарту, елді мекендерді сапалы электрмен қамту жұмыстары жалғасады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/936740
UAE SWAT Challenge турнирінде топ жарған тәртіп сақшылары марапатталды 15.02.2025
Ішкі істер министрлігінде Дубайда өткен UAE SWAT Challenge турнирінде бақ сынап, үздік нәтиже көрсеткен тәртіп сақшылары марапатталды.Әлемдік аренада ел абыройын асқақтатқан жауынгерлерді бұл жетістіктерімен министр Ержан Саденов құттықтады.- Біздің арнайы жасақтар осы сайыста жоғары шеберлікті, табандылықты және командалық рух пен жеңіске деген талпынысты көрсетті.Заң мен тәртіпті ту еткен сіздер нағыз батырсыздар, - деді Ішкі істер министрі.Айта кету керек, ақпанның 1-5 аралығында өткен дүбірлі додаға Қазақстан атынан 12 команда қатысса, оның алтауы полиция ведомствосынан болды. Олар "Сұңқар", "Арлан", Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ пен "Бүркіт" бөліністерінің намысын қорғады."Сұңқар" арнайы бөлінісі турнирдің күміс жүлдегері атанды. Министрлікке қарасты Ұлттық ұланның бір командасы үздік ондықтың қатарынан көрінді.Сонымен қатар биыл еліміз үшін тағы бір қуанышты жаңалық – "Томирис" әйелдер командасының халықаралық жарысқа алғаш рет қатысуы. Нәзік жандылар ерлерден қалыспай, ептілігі мен кәсібилігінің арқасында көрермен жүрегінен орын алды.Спортқа жақын, қызметіне адал, салауатты өмірді ту еткен қызметкерлердің құрметіне арналған іс-шара мерекелік концертке ұласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/936579
Қазақстан мен Франция ІІМ екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда 15.02.2025
Астанада Ішкі істер министрі Ержан Саденов Францияның Ішкі істер министрінің арнайы өкілі Патрик Стефанинимен және Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сильван Гиогемен кездесті.Кездесу барысында Қазақстан мен Франция ІІМ арасындағы қызмет бағыттары, оның ішінде көші-қон саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі қаралды.Сондай-ақ тараптар өткен жылдың қараша айында Қазақстан мен Франция арасында қол қойылған адамдардың реадмиссиясы туралы үкіметаралық келісімді іске асыру мәселелерін талқылады.Кездесуге қатысушылар бірлескен іс-қимылды жалғастыруға ниет білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/936619
Алматыда Орталық Азия мен Қытайдағы цифрлық журналистика тақырыбында дөңгелек үстел өтеді 15.02.2025
2025 жылдың 26 ақпанында Алматыда «Орталық Азия мен Қытайдағы цифрлық журналистика: жергілікті сын-қатерлер мен жаһандық трендтер» атты дөңгелек үстел өтеді.Іс-шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Narxoz университеті, БҰҰ-ның ҚР-дағы жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілдігі – БҰҰ-ның ҚР-дағы Ақпараттық Бюросы және Орталық Азия-Қытай журналистік зерттеулер қауымдастығы ұйымдастырады.Жетекші сарапшылар, зерттеушілер мен журналистер Орталық Азия мен Қытайдағы медиа кеңістіктің дамуына жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың әсерін талқылайды.Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2025 жылға арналған халықтың медиа сауаттылығын арттыру және Медиасфера мамандарының біліктілігін көтеру жоспары шеңберінде ұйымдастырылады.Дөңгелек үстел аясында келесі мәселелер талқыланады:- Цифрлық трансформация және жасанды интеллект жағдайындағы журналистиканың болашағы туралы пікірталас;- Бұқаралық ақпарат құралдарында үлкен деректер мен автоматтандырылған талдауды қолдану;- Сандық дәуірдегі медианың халықаралық тәжірибесі мен даму перспективалары.Іс-шараға журналистер, оқытушылар, студенттер, медиа зерттеушілер, БАҚ өкілдері және журналистика мен коммуникацияның болашағына қызығушылық танытқандар шақырылады.Басқа аймақтарда жұмыс істейтін және курсқа қатысу мүмкіндігі жоқ қатысушылары үшін ZOOM платформасында онлайн трансляциясын көруге болады:https://zoom.us/j/96766258430?pwd=bLLsL7Hne76bHhZmSqwS4x8BaSCIIq.1(конференция идентификаторы: 967 6625 8430, кіру коды: 12345678)Барлық сұрақтар бойынша келесі байланыс телефондарына хабарласуға болады +7 7172 740186. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/936571
Астанада тарихи комикстің алғашқы шығарылымы таныстырылды 15.02.2025
«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Әлихан мен Әйкерімнің саяхаты» тарихи комиксінің алғашқы шығарылымы таныстырылды.Іс-шараға шығармашылық зиялы қауым, ғылыми қоғамдастық өкілдері мен елорданың жалпы білім беретін мектептерінің педагогтары қатысты.Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мәдени саясатының 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, еліміздің әдебиетін оқуға және насихаттауға балалар мен жасөспірімдерді тарту бойынша қазақ батырлары, тарихи оқиғалар, мифология және өзекті трендтер тақырыбында ұлттық сипаты бар балалар комикстерін жасау бойынша жұмыс жүргізілуде.Халықаралық тәжірибе негізінде «Бозоқ» музей–қорығы жас оқырмандарға арнап кітап шығарды. Комикс мәтіні қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде басылды.Комикстерді салған суретші – Жапаров Бекен Байзақұлы, «Бозоқ» музей-қорығының дизайнері.Кітаптың негізгі сюжеттік идеясы ортағасырлық Бозоқ қалашығының археологиялық қазбаларының тарихи мәліметтеріне негізделген.Іс-шара аясында қатысушылар өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырудағы балалар әдебиетінің маңызын, тарихи-мәдени мұраны насихаттау және балалар білім берудегі жобаларды дамыту перспективаларын талқылады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/936664