Enbekshi QazaQ

Қуқық

Атырауда «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заң мен кадрлық үдерістерді цифрландыру мәселелері талқыланды 30.06.2026
Атырау облысында «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заңды түсіндіруге, сондай-ақ кадр саясатын жетілдіру мен қызметтік әдеп талаптарын сақтау мәселелеріне арналған кеңес өтті.Жиынға облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Еркебаев және басқарма жетекшілері қатысты.Кеңесте Агенттіктің облыстық департаменті басшысының орынбасары Айнұр Еңсегенова баяндама жасады. Ол мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыруға, мансаптық өсудің аралас үлгісін енгізуге, HR-үдерістерді цифрландыруға және мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын күшейтуге бағытталған жаңа заңның негізгі нормаларына тоқталды.Оның айтуынша, заңда мемлекеттік қызметке іріктеуді «E-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы цифрлық форматта жүргізу тәртібі бекітілген.– Конкурстық іріктеу толықтай онлайн форматта eqyzmet.gov.kz порталы арқылы өтеді. Бұл рәсімдерді жеңілдетуге, мерзімді қысқартуға және кадрлық үдерістердің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бір лауазым бойынша көлденең мансаптық өсу тетігі қарастырылған. «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілеріне лауазымдық деңгей белгіленбек, ол жалақы мөлшеріне әсер етеді – деді А.Еңсегенова.Кеңес барысында қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлық пен бюрократияға жол бермеу, әлеуметтік желілердегі мінез-құлық қағидалары, кибербуллингке және құмар ойындарға қатысуға тыйым салу мәселелеріне де ерекше назар аударылды.Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев жаңа заңның қабылдануы мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігіне қойылатын талаптарды күшейте түсетінін атап өтті.– Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл құжат мемлекеттік қызмет жүйесінің ашықтығын арттыруға, қызметшілердің жауапкершілігін күшейтуге және халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға бағытталған. Әр мемлекеттік қызметші мұны жете түсініп, күнделікті қызметте тиімді қолдануы тиіс, – деді ол.Жиын әрі қарай “сұрақ-жауап” форматына ауысып, мемлекеттік қызметшілер өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1229809?lang=ru
Атырауда 460-қа жуық кәсіпкерлік жобаға қолдау көрсетілді 30.06.2026
Бұл туралы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Атырау өңірлік филиалының директоры Берік Қадыров Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.Оның сөзінше, өңірде кәсіпкерлерге субсидиялау, кепілдік беру және жеңілдетілген несие беру бағыттары бойынша қолдау көрсетіліп келеді.- 2010 жылдан бері аймақта 11 700 жоба мемлекеттік қолдауға ие болды. Жалпы қолдау көлемі 622 млрд теңгені құрайды. Қазір кәсіпкерлер үшін «Іскер Аймақ» және «Өрлеу» бағдарламалары жүзеге асырылып жатыр, – деді Б.Қадыров.Брифинг барысында «Іскер Аймақ» бағдарламасы арқылы өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпкерлерге 200 млн теңгеге дейін қаржылай көмек көрсетілетіні айтылды. Ал «Өрлеу» бағдарламасы аясында өңдеу өнеркәсібі, туризм, IT және креативті индустрия бағыттарына 7 млрд теңгеге дейін жеңілдетілген несие берілмек.Сонымен қатар кәсіпкерлерге арналған мобильді фронт-офистер іске қосылып, шалғай аудандардағы кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1229816?lang=ru
Қызылордада шыны ыдыстар өндіретін зауыттың іргетасы қаланды 30.06.2026
Қызылордада облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, «Seven Rivers» серіктестігінің құрылтайшысы Ануар Үмбетаев, қорғау органдарының бірінші басшылары, құрылыс компанияларының директорлары, зиялы қауым өкілдері және ел ағаларының қатысуымен «Seven Rivers» компаниясы шыны ыдыстар зауытының капсуласын салу рәсімі өтті. Бұл – өңірдегі шыны кластерін дамытуға бағытталған маңызды өндірістік бастамалардың бірі. Зауыт әлемдік деңгейдегі «Horn» неміс технологиясымен жабдықталып, заманауи әрі экологиялық талаптарға сай өнім өндіреді.Рәсімде облыс әкімі аймақта инвестициялық жобалардың қарқынды жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.«Өткен аптада Мемлекет басшысының қабылдауында болып, инвестициялық жобаларды таныстырдым. Президентіміз бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыруға қатысты нақты тапсырмалар жүктеді.Жақында Премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған Нұрлыбек Машбекұлы облысты басқарған тұста өңір экономикасына 2,3 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Алдағы үш жылда 1,9 трлн. теңгеге 48 инвестициялық жобаны жүзеге асыру, 10 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Өткен аптада ғана «Марал Нұр» серіктестігінің вагон жөндеу және техникалық қызмет көрсету кешенін аштық. Бүгін испандық «Рока групп» компаниясының жылына 500 мыңға дейін санитарлық-техникалық өнім шығаратын жоғары технологиялық зауытының капсуласын салдық.Еліміз, өңіріміз үшін маңызды жаңа өндіріс орындары экономиканы әртараптандыруға, тұрғындарымыздың өмір сүру сапасын арттыруға жаңа серпін береді деп сенемін», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Шарада облыс прокуроры Ризабек Ожаров, «Seven Rivers» серіктестігінің құрылтайшысы Ануар Үмбетаев сөз сөйлеп, мемлекет және қоғам қайраткері Биғали Қаюпов бата берді.Айта кету керек, «Қазақ-Герман» бизнес-форумы аясында ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға қол қойылып, 60 млрд теңгеге жылына 240 миллион дана шыны ыдыс өндіретін зауыт салу келісілген болатын. Кәсіпорында 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.Зауытқа барлық инженерлік инфрақұрылымы жүргізілген «Өндіріс» индустриялық аймағынан 38 гектар жер телімі бөлінді. Қаржыландыру мәселесі «Өнеркәсіпті дамыту қорының» «Жасыл даму» бағдарламасы аясында қарастырылуда. Ел аумағынан жиналған шыны қалдықтарын қайта өңдеу арқылы бәсекеге қабілетті өнім шығару және импортты алмастыру көзделген. Бұдан бөлек, өңірдегі жоғары сапалы кварц құмы, әк және доломит қорларын тиімді пайдалану арқылы шыны өндірісі төңірегінде жаңа ілеспе кәсіпорындарды дамытуға мүмкіндік туады.Жаңа өндіріс орны өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға, экспорт көлемін ұлғайтуға және тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға үлесін қосады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1229833?lang=ru
Аймақ басшысы Серік Шәпкенов тұрғындарды қабылдады 30.06.2026
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.Кезек тәртібімен қабылдауға келген тұрғындар денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, тұрғын үйге кезекке тұру және баспанамен қамту, жер телімін алу, ауылдардағы көлік қатынасына қатысты мәселелерді көтерді.Құрманғазы ауданының тұрғыны өзіне қызметтік тұрғын үй беруді сұрады. Оның айтуынша, аудан ауылдарының бірінде жұмыс істейді және күн сайын жұмыс орнына қатынау қиындық туғызады.Қабылдауда ерекше қажеттілігі бар азаматтарды тасымалдау мәселесіне де назар аударылды. Тұрғындардың бірі І топ мүгедектігі бар адамдарға Атырау қаласында электронды билет алу мүмкіндігі қарастырылғанымен, аудандарда мұндай жүйе жоқ екенін айтты. Өңір басшысы елді мекендер арасында кедергісіз қатынауды қамтамасыз ету үшін бірыңғай база мен ыңғайлы жүйе қалыптастыру қажет екенін атап өтті.Қабылдауға келгендер қатарында Ауған соғысының 71 жастағы ардагері де бар. Ол 2025 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрғанын айтып, пәтер алуға көмектесуді сұрады.Аймақ басшысы Отбасы банк арқылы тұрғын үй беру заңнамаға сәйкес кезек тәртібімен жүретінін түсіндіріп, банк өкілдеріне баспана алу тетіктері мен қолданыстағы бағдарламаларды жан-жақты түсіндіруді тапсырды.Серік Шәпкенов мұң-мұқтажын айта келген әр азаматты мұқият тыңдап, жауапты мемлекеттік органдарға әр өтініш бойынша заң аясында тиісті шара қабылдауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1229921?lang=ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Еуразиялық экономикалық форумда цифрлы шешімдерді таныстырды 30.06.2026
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі еліміздің ЕАЭО органдарына төрағалық ету аясында Астанада өтіп жатқан V Еуразиялық экономикалық форумға қатысып жатыр.Биылғы форум – Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде цифрлы технологиялар мен жасанды интеллектіні дамытуға арналды. ЕЭФ-2026 архитектурасы экономиканы цифрлы трансформациялауға, сервистерді интеграциялауға және еуразиялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірнеше тақырыпқа біріктірілген 30-ға жуық іс-шараны қамтиды.ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ЕАЭО елдерінде цифрлы сауда мен кеден қызметін басқаруды дамытуға бағытталған сессияларға қатысып, еліміздің тәжірибесі жөнінде айтып берді. Атап айтқанда, көпшілікке Қазақстанның қаржы мен сауда саласындағы цифрлы инфрақұрылымды дамытудағы тәсілдері, сондай-ақ бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылын жеңілдетуге бағытталған озық құралдар таныстырылды.Бұған қоса электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі мен тауарларды бақылау тетіктерін дамытуға ерекше назар аударылды. Бүгінде бұл жүйеде 1,7 млрд астам электронды шот-фактура мен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өзара саудасы аясындағы құжаттарды қоса алғанда, тауарларға арналған 96 млн жуық ілеспе жүкқұжат рәсімделді.Кеден саласын басқаруды талқылау аясында сыртқы өткізу пункттеріндегі цифрлы инфрақұрылымды жаңғырту нәтижелері ұсынылып, бұл өткізу қабілетін едәуір арттыру мен сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына тиісті рәсімдерден жылдам өтуге мүмкіндік бергені туралы айтылды.ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алу заңнамасы департаментінің директоры Ерлан Сеитов ЕАЭО елдерінде мемлекеттік сатып алуды цифрландыруға арналған сессияның модераторы болды. Қатысушылар сатып алу жүйелерін дамыту, рәсімдердің ашықтығын арттыру мен мемлекет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимылдың заманауи цифрлы тетіктерін құру жолдарын талқылады.ҚР Қаржы министрлігінің Еуразиялық экономикалық форумға қатысуы интеграциялық ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алысып, мемлекеттік қаржы жүйесі, кеден саласын басқару мен сатып алу процестерінде заманауи цифрлы шешімдерді ілгерілетуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1229985?lang=ru
Арман Әбеуов Халықаралық дзюдо федерациясының Әскери комиссиясының басшысы болып тағайындалды 30.06.2026
Арман Әбеуов Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) Әскери және полиция комиссиясы аясында жұмыс істейтін Әскери комиссиясының басшысы қызметіне тағайындалды.Бұл тағайындау оның кәсіби тәжірибесі мен спортты, әскери-патриоттық тәрбиені және дзюдо саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесінің жоғары бағаланғанын көрсетеді.Халықаралық дзюдо федерациясының Әскери комиссиясы әртүрлі мемлекеттердің қарулы күштері мен құқық қорғау құрылымдарында дзюдоны дамыту және насихаттау бағытында маңызды рөл атқарады. Комиссия қызметінің негізгі бағыттары – тәртіпті нығайту, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру, дене дайындығын жетілдіру, сондай-ақ құрмет, батылдық және қоғамға қызмет ету құндылықтарын дәріптеу.Қазіргі таңда Арман Әбеуов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Армия орталық спорт клубының бастығы қызметін атқарады. Оның жетекшілігімен Қарулы күштерде дене шынықтыру мен спортты дамыту, әскери қызметші-спортшыларды халықаралық жарыстарға даярлау, сондай-ақ әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.Қазақстан өкілінің осындай жауапты халықаралық қызметке тағайындалуы отандық дзюдо мектебінің беделі жоғары екенін, әскери спорт жетістіктерін және Қазақстанның әлемдік спорт қауымдастығындағы рөлінің артып келе жатқанын көрсетеді.IJF президенті Мариус Визер тағайындауға қатысты пікір білдіріп:“Арман Әбеуов дзюдоның әлемдегі әскери және мемлекеттік құрылымдарға бере алатын құндылықтарын айқын көрсетеді. Оның тәжірибесі, көшбасшылық қасиеттері және дзюдоға деген өмірлік адалдығы біздің әскери және полиция комиссиясының қызметін одан әрі дамытуға маңызды үлес қосады”, – деді.Арман Әбеуов – дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы, сондай-ақ Абу-Даби мен Лас-Вегаста өткен ардагерлер арасындағы әлем чемпионаттарының жүлдегері.Оның кәсіби жолы практикалық тәжірибені, басқарушылық даярлықты және спорт пен әскери қызмет саласындағы көпжылдық еңбекті ұштастырады. Құқықтану, қаржы және әскери спорт салаларындағы білімі ұлттық және халықаралық деңгейдегі міндеттерді тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Арман Әбеуовтің тағайындалуы Қазақстанның дзюдо мен спортты дамытуға қосқан үлесінің халықаралық деңгейде мойындалуы ретінде бағаланып, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және отандық спорттың беделін әлемдік аренада арттыруға қосымша серпін береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1230032?lang=ru
«Қайсар» мен «Елімай» арасында тартысты матч өтті 30.06.2026
Қызылордадағы «Қайсар Арена» стадионында жергілікті «Қайсар» мен Абай облысының «Елімай» футбол командалары арасында Қазақстан Премьер-лигасының 12-тур аясында кезекті матч өтті.Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев арнайы қатысып, жергілікті командаға қолдау білдірді. Ойын барысында «Қайсар» сапындағы Николла Цуцкич пен Имо Эзикель жасыл алаңда өз шеберліктерін танытып, гол авторы атанды. Дегенмен, аладоп бәсекесінің нәтижесі 3:2 есебімен аяқталып, қарсылас команда ұпай еншіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1230151?lang=ru
Өңір басшысы Аққайың ауданының дамуымен танысып, тұрғындармен кездесті 30.06.2026
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов аудандарды жыл сайынғы аралау және халықпен кездесу жұмыстарын бастады. Алғашқы кездесу Аққайың ауданында өтті.Жұмыс сапары барысында өңір басшысы «Крафт Агро» ЖШС-дегі егіс науқанының барысымен танысып, ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесті. Бүгінде көктемгі егіс жұмыстарының 80 пайызы аяқталған.Сондай-ақ сапар барысында бизнестің ауылдық елді мекендерді дамытуға қосып отырған үлесіне ерекше назар аударылды. 2026 жылы ауданда әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 1,1 млрд теңге бағытталған. Осындай мысалдардың бірі – Тоқушы ауылында өрт сөндіру бекетінің құрылысы. Бұл жобаға «Крафт Агро» ЖШС 200 млн теңге бөлді. Жаңа нысан бірнеше елді мекеннің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.Облыс әкімі Смирново ауылындағы «Икеа Тасс Групп» ЖШС құрамажем зауытына да барды. Бұл – қытайлық серіктестермен бірлесіп жүзеге асырылған ауданның ірі инвестициялық жобаларының бірі. Кәсіпорын бір ауысымда 300 тонна жемдік ұн өндіреді. Алдағы уақытта компания өнімді сақтау және жөнелту терминалын салуды жоспарлап отыр. Жаңа жобаға салынатын инвестиция көлемі 1,5 млрд теңгені құрайды.Аудандық емханада өңір басшысы материалдық-техникалық базаның жаңартылуымен танысты. Өткен жылы медициналық мекемеге жедел жәрдем көлігі сатып алынса, биыл тағы екі арнайы техника алынған. Сонымен қатар Қамышлово ауылында медициналық пункт пен мамандарға арналған тұрғын үй салынды. Бұл ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.Сапар аясында Ғауез Нұрмұхамбетов ұзындығы 16,8 шақырымды құрайтын «Астраханка – Смирново – Қиялы – Тайынша – Алексеевка» автожолына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысын да тексерді. Жалпы биыл аудандық маңызы бар 26,8 шақырым жол жөндеумен қамтылады.Жұмыс сапары Аққайың ауданы тұрғындарымен кездесумен және жаңа балалар ойын алаңын аралаумен аяқталды. Кездесу барысында инфрақұрылым, әлеуметтік сала және ауылдарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Тұрғындар тарапынан көтерілген барлық өтініштер мен ұсыныстар бақылауға алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1230217?lang=ru
Алматы облысының жағажайлары шомылу маусымына дайын 30.06.2026
1 маусым күні Алматы облысында шомылу маусымы ашылады. Жауапты органдар рұқсат етілген арнайы орындарды бекітті. Онда қажетті қауіпсіздік шаралары толығымен қамтамасыз етілген. Яғни су түбі зерттеліп, тазартылған, қоршаулар мен ескерту белгілері орнатылған, құтқарушылардың кезекшілігі ұйымдастырылған. Қауіпсіздік және санитарлық талаптар сақталған осындай жағажайларда ғана шомылуға рұқсат етіледі, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Әсіресе Қонаев қаласындағы коммуналдық жағажайларды дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Мәселен, №5 жағажай өткен жылы толық абаттандырылып, пайдалануға берілді. Аумағында футбол, волейбол және балалар ойын алаңдары, воркаут-аймақтар, фудкорттар, пирс, душ кабиналары, киім ауыстыратын орындар мен автотұрақ қарастырылған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құтқару бекеттері, медициналық пункт, SOS батырмаларымен жабдықталған бейнебақылау жүйесі жұмыс істейді. Ал №6 және №7 коммуналдық жағажайларда абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр.Капшағай су қоймасы жағалауында орналасқан жекеменшік демалыс аймақтары мен ойын-сауық кешендері де тұрғындар мен туристерге қызмет етеді. Олардың қатарында «Delmare», «На море», «Home Club», «Comfort» және өзге де демалыс орындары бар.Сонымен қатар Іле ауданында орналасқан «Первомайские пруды», Талғар ауданындағы «Park Resort Восемь озер» кешендерінде де қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасалған.Айта кетейік, рұқсат етілмеген жерлерде, ағысы қатты аймақтарда, сондай-ақ шағын кемелерге жақын маңда шомылуға қатаң тыйым салынады. Себебі бұл азаматтардың өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Қазіргі таңда Төтенше жағдайлар департаменті мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, шомылу маусымына дайындық бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде. Прокуратура, полиция және көлік инспекциясының қатысуымен, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып, жүйелі түрде рейдтер өткізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1230289?lang=ru
Қазақстан Жаһандық басқару мәселелері жөніндегі достар тобының отырысына қатысты 30.06.2026
Нью-Йорк, 2026 жылғы 28 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев БҰҰ штаб-пәтерінде Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван Идің төрағалығымен өткен «Жаһандық басқаруды реформалау және жетілдіру; жаһандық сын-қатерлерге бірлесіп ден қою» тақырыбындағы Жаһандық басқару мәселелері жөніндегі достар тобының отырысына қатысты.Өз сөзінде Е.Ашықбаев Қазақстанның көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға, БҰҰ-ның орталық рөлін қолдауға және неғұрлым әділетті, инклюзивті әрі теңгерімді жаһандық басқару жүйесін ілгерілетуге бейілділігін растады. Цифрлық алшақтықты қысқарту, жаңа технологияларға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету және жасанды интеллект саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Осы тұрғыда қазақстандық дипломат Алматы қаласында құрылып жатқан БҰҰ АзТМЭӘК қамқорлығындағы Орнықты даму мүддесіндегі Азия-Тынық мұхиты цифрлық шешімдер орталығын және Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның ОДМ жөніндегі Өңірлік орталығын таныстырды.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ аясында Су мәселелері жөніндегі халықаралық ұйым құру бастамасының өзектілігі атап өтілді.Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар көпжақтылықты, халықаралық құқықты және жаһандық басқару жүйесіндегі БҰҰ-ның орталық рөлін нығайтуға бейілділікті растайтын бірлескен коммюнике қабылдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1230295?lang=ru
ЕАЭО мен ТМД әріптестігін дамыту: Астанада экономикалық өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары талқыланды 30.06.2026
Елордада V Еуразиялық экономикалық форум шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) мен ТМД Атқарушы комитетінің «ЕАЭО – ТМД: прогресс жолындағы экономикалық әріптестік» атты бірлескен сессиясы өткізілді. Алаң сауда кедергілерін жою, цифрландыруды жеделдету және ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылау үшін ЕЭК өкілдерін, Достастық елдерінің үкіметтерін, сондай-ақ жетекші сарапшыларды біріктірді.Талқылауға интеграциялық кеңістіктің негізгі спикерлері: ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі алқа мүшесі (Министр) Данияр Иманалиев, ТМД Экономикалық сотының төрағасы Герман Нұрбаев, РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкин және ТМД Бас хатшысының орынбасары Денис Трефилов қатысты.Сессия қатысушыларына арнаған сөзінде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев күн тәртібін уақтылы жаңартқаны үшін ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, әлемдік нарықтың терең трансформациясы дәуірінде аймақ мемлекеттерінің тұрақтылығы олардың ресурстарды, инфрақұрылымды және технологиялық құзыреттерді жедел біріктіру қабілетіне тікелей байланысты екенін атап өтті.«Бүгінде ЕАЭО мен ТМД арасындағы өзара іс-қимыл — бұл аймақтық күн тәртібі ғана емес, еуразиялық экономиканың жаңа архитектуралық іргетасы. Әлемдік экономика терең трансформация кезеңін бастан кешіруде: өндірістік тізбектер қайта құрылып, маршруттар өзгеруде, инвестиция мен адами капитал үшін бәсекелестік күшеюде. Мұндай жағдайда ЕАЭО мен ТМД жұмысын үндестіру ресми институционалдық үдеріске емес, экономикалық өсудің тәжірибелік құралына айналуда», - деді Асан Дарбаев.Асан Дарбаев Қазақстан үшін бизнес пен азаматтар үшін декларациядан нақты нәтижеге көшу аса маңызды екенін ерекше атап өтті. Бұл өзара сауданың өсуі, өнеркәсіптік кооперацияны бастау, транзиттік әлеуетті кеңейту және шығындарды азайту туралы. Алдағы жылдары ЕАЭО – ТМД маршруттарында кедендік рәсімнен өту уақытын қысқартуға тиіс өтпелі цифрлық өзара іс-қимылды енгізу өте маңызды келесі қадам болады.Мемлекеттердің экономикалық өзара байланысының жоғары деңгейі ресми статистика дерегімен расталады. 2025 жылғы қорытынды бойынша, Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы шамамен 31 млрд, ал ТМД-ның барлық мемлекетімен, 38 млрд доллардай. Салалық ынтымақтастық тұрақты өсуді көрсетеді. ЕЭК деректері бойынша, 2020-2024 жылдары аймақтың өнеркәсібі 15%-ға өскен. Ал ЕАЭО-дағы ауыл шаруашылығы өндірісі өткен жылдардағы 10%-дан кейін, 2025 жылы тағы да 4,6%-ға өсті.Асан Дарбаев күш-жігерді сәтті үндестірудің эталоны ретінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ немесе «Орта дәліз») дамытуды мысалға келтірді. Соңғы жеті жылда ТХКБ бойынша тасымалдау көлемі 5 еседен аса, 800 мыңнан 4,5 млн тоннаға дейін өскен. 2030 жылға қарай дәліз бойынша контейнерлік тасымалдау көлемін ұлғайту жоспарлануда.Сөз соңында вице-министр еңбек ресурстарының ұтқырлығы мен трансшекаралық қаржы сервистері көші-қон және азаматтардың әлеуметтік құқығын қорғау саласында неғұрлым тығыз үйлестіруді талап ететінін атап өтіп, қаржылық өзара іс-қимыл мәселесін қозғады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1229842?lang=ru
Голан жоталарында қазақстандық бітімгерлердің жоспарлы ротациясы өтті 30.06.2026
БҰҰ миссиясының жауапкершілік аймағындағы Фауар базасында Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Ұлан Нұрғазиевтің жетекшілігімен қазақстандық бітімгерлік контингенттердің ротациясы өтті.БҰҰ-ның «Бөлінген аумақты бақылау күштері» миссиясы қолбасшысының резервіндегі екінші және үшінші бітімгерлік роталардың командирлері подполковниктер Жәнібек Нұрланов пен Ілияс Алматов Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшылығының өкіліне әскери контингенттердің ауысқаны жайлы баяндады.Саптық алаңдағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын тапсырудың салтанатты рәсімі алдыңғы құрамның қызметті аяқтап, жаңа контингент миссиясының басталғанын білдірді.Үшінші бітімгерлік контингент ротасының қолбасшылығын қабылдаған подполковник Ілияс Алматов дайындық барысында меңгерілген кәсіби дағдылар әскери қызметшілерге жүктелген міндеттерді тиімді орындауға мүмкіндік беретінін атап өтті.Миссияны орындау кезеңінде екінші бітімгерлік контингент мыңнан астам іс-шара өткізді. Инженерлік-саперлік топ төрт мыңға жуық жарылыс қаупі бар зат пен қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны жойды.Бітімгерлер бақылау бекеттеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, аумақты патрульдеді, гуманитарлық жүктерді алып жүрді, эвакуация жұмыстарын жүргізіп, жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсетті.Базаға келген үшінші бітімгерлік контингенттің әскери қызметшілері орналасуға және істерді қабылдау жұмыстарына кірісіп кетті. Рота штабы жеке құрамның қызметтік міндеттерін нақтылап, БҰҰ-ның мандатында көзделген тапсырмаларды орындауға дайындықты ұйымдастыратын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1230483?lang=ru
900-ден астам қазақстандық әскери қызметші БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына қатысты 30.06.2026
Бүгін – Қазақстан Республикасының Бітімгер күні. Биылдан бастап елімізде бекітілген бұл кәсіби мереке БҰҰ-ның Халықаралық бітімгерлер күнімен тұспа-тұс келіп отыр.БҰҰ-ның бітімгерлік қызметіне қатысу – Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды бағыттарының бірі. Бұл еліміздің халықаралық беделін нығайтып, әлемдік қауымдастық тарапынан сенімді арттыруға ықпал етеді.Халықаралық міндеттемелерді іске асыру аясында 2014 жылдан бері 900-ден аса әскери қызметші БҰҰ-ның түрлі миссиялары құрамында қызмет атқарды.Қазіргі таңда 154 қазақстандық әскери қызметші Таяу Шығыс пен Африка құрлығындағы БҰҰ-ның 11 миссиясының 7-уіне қатысуда. Бітімгерлер Батыс Сахарада, Орталық Африка Республикасында, Конго Демократиялық Республикасында, Ливан Республикасында және Оңтүстік Суданда әскери бақылаушы және штаб офицерлері ретінде қызмет атқарып жүр.Қорғаныс министрлігі Мемлекет басшысының қазақстандық бітімгерлердің БҰҰ миссияларына қатысу ауқымын кеңейту және оны әртараптандыру жөніндегі тапсырмасын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.Осылайша, 2024 жылдан бастап ұлттық контингент Голан жоталарындағы «БҰҰ-ның бөлінген аумақты бақылау жөніндегі күштері» миссиясы аясында міндеттерін орындауда. Контингентті орналастыру алдында әскери қызметшілер БҰҰ стандарттарына сәйкес кешенді даярлық пен бағалаудан өтті.Миссия атқару үшін қызметке қажетті жабдықтарымен, заманауи қару-жарақ және әскери техника үлгілерімен жан-жақты қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыстар іске асырылды. Әскери қызметшілерді даярлау Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығының базасында жүргізіледі. Бітімгерлер халықаралық гуманитарлық құқықты, ағылшын тілін, әскери медицинаны, минасыздандыру негіздерін меңгеріп, патрульдеу мен тосқауыл бекеттерінде қызмет атқару машықтарын пысықтайды.Қазақстан БҰҰ-дан бітімгерлік миссияға қатысуға дербес мандат алған посткеңестік кеңістіктегі алғашқы әрі жалғыз мемлекет.Голан жоталарында алғашқы ұлттық контингенттің орналастырылуы Қарулы күштеріміздің құзыреттілігі, жауапкершілігі және жоғары дайындық деңгейінің халықаралық деңгейде мойындалғанының айқын дәлелі болды.Миссия қолбасшылығы да өз тарапынан қазақстандық әскери қызметшілердің жоғары кәсібилігі мен бітімгерлік қызметке қосқан үлесін жоғары бағалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1230089?lang=ru
«Roca group» компаниясы мен облыстық құрылысшылар қауымдастығы меморандумға қол қойды 30.06.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте «Roca Group» компаниясымен серіктестік орнату мәселелері талқыланды.Оған «Roca Group» компаниясының бас директоры Даниэль Хурадо Эрнандес, облыстық құрылысшылар қауымдастығының төрағасы Манарбек Еспенбетов пен құрылыс компанияларының басшылары қатысты. Жиында Мұрат Нәлқожаұлы инвестициялық әлеуетті арттыру және шикізат өндірісін дамытуда алдағы міндеттерді атап өтті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізде жаңа инвестициялық кезеңді бастауды, әсіресе заманауи өндірістер ашуды тапсырғаны белгілі. Осының айқын көрінісі ретінде бүгін аймағымыз үшін маңызды жоба – «Roca Group» компаниясының заманауи санитарлық-техникалық бұйымдар шығару зауытының іргетасын қаладық.Компания 170 елде орналасқан 78 өндірістік алаңды басқарады, өнімдерінің жоғары сапасымен, инновацияларымен және еуропалық стандарттарға сәйкестігімен танымал.Зауыт құрылысының басталуы – Қызылорда облысының өндірістік әлеуетін арттырып қана қоймай, аймаққа жаңа технологиялар мен халықаралық тәжірибені алып келетін маңызды қадам. Қазіргі уақытта мемлекеттік қолдау ретінде 24 гектар жер телімі бөлінді. Компания жыл соңына дейін смесительдер мен инсталляциялық жүйелерді құрастыратын өндірісті іске қосады», – деді Мұрат Нәлқожаұлы. Мәжілісте «Roca Group» компаниясының өкілдері жұмыстарын таныстырып, Қызылорда облысының құрылысшылар қауымдастығы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1230530?lang=ru
«Өрт – 2026» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары 30.06.2026
Өңірімізде «Өрт – 2026» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті. Ауқымды шараға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.Ірі орман өрті оқиғаларының алдын алу және болдырмау мақсатында облыс аумағында материалдық-техникалық базаны нығайту және жаңарту жұмыстары жүргізілуде. 51 өрт сөндіру автокөлігі, 86 трактор, 36 орман өртін сөндіру кешені, 26 патрульдік автокөлік, 16 тіркемелі жабдық және 2 тіркемелі өртке қарсы жабдық сатып алынды. Біз орман мекемелерін заманауи арнайы техникамен және байланыс құралдарымен жабдықтау жұмыстарын жалғастыра береміз.«Биыл «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында облыста 18 жаңа өрт сөндіру бекетін ашу және 12 бекетке жаңғырту жүргізу жоспарланып отыр. Аймақтың 34 мыңнан астам тұрғыны бар 75 елді мекенінің қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі», – деді аймақ басшысы.Оқу-жаттығулар ерте анықтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, ғарыштық мониторинг пен орманды-дала аймақтарын патрульдеуді күшейтуге, сондай-ақ өрт ошақтарын алғашқы сағаттарда жою мүмкіндігін арттыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1230544?lang=ru
БҰҰ миссиясындағы ең үздік нәтиже: қазақстандық бітімгерлердің екінші контингенті Голан жоталарындағы қызметін аяқтады 30.06.2026
БҰҰ-ның «Бөлінуді бақылау жөніндегі күштері» миссиясы құрамында Голан жоталарында қызмет атқарған бітімгерлердің екінші тобын Алматыда салтанатты түрде қарсы алды.Олардың елге оралуы Қазақстан Республикасының Бітімгер күнімен тұспа-тұс келді. Биылдан бастап бұл кәсіби мереке 2002 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен бекітілген Халықаралық БҰҰ бітімгерлері күнімен бір күнде аталып өтеді.69 бітімгерді салтанатты қарсы алу рәсімі 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында өтті. Іс-шараға Құрлық әскерлері, Десанттық-шабуылдау әскерлері, Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығының қолбасшылығы, ардагерлер, әріптестері, қоғам өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және әскери қызметшілердің отбасы мүшелері қатысты.Бітімгерлік контингент ротасының командирі подполковник Жәнібек Нұрланов Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаевқа екінші бітімгерлік контингенттің елге аман-есен оралғаны туралы баяндады.Құрмет қарауыл ротасы мен әскери оркестрдің сүйемелдеуімен әскери қызметшілер Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, қазақстандық жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.Жиналған қауымды Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев құттықтады. Ол бітімгерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, елден жырақта жауапты міндеттер атқарған әскери қызметшілерге түсіністік танытып, қолдау көрсеткен отбасыларына алғыс білдірді.– Голан жоталарындағы операцияға қатысу Қазақстанның толыққанды бітімгерлік әлеуеті бар мемлекеттердің қатарына кіретінін көрсетті. Сіздер халықаралық аренада еліміздің Қарулы күштерін таныстырып, Қазақстанның көгілдір туын абыроймен алып жүрдіңіздер. Жоғары кәсібилік, тәртіп және әскери борышқа адалдық таныттыңыздар. Сіздер жинаған бірегей тәжірибе аса құнды. Оны сақтап қана қоймай, жас әскери қызметшілерге үйретіп, үздік тәжірибелерді жауынгерлік даярлық жүйесіне енгізу маңызды, – деді ол.Қазақстандық контингенттің қызметіне БҰҰ басшылығы  және БҰҰ Бас хатшысының бітімгерлік операциялар жөніндегі орынбасары Жан-Пьер Лакруа жоғары баға берді.Өз сөзінде бітімгерлік контингент ротасының командирі подполковник Жәнібек Нұрланов БҰҰ-ның кешенді тексерістері нәтижесінде ұлттық контингент 100 балдың 98-ін жинағанын айтты. Бұл – соңғы үш жылдағы миссия құрамындағы барлық контингенттер арасындағы ең үздік нәтиже.– Миссияны орындау кезеңінде екінші ұлттық бітімгерлік контингент мыңнан астам іс-шара өткізді, ал инженерлік-саперлік топ төрт мыңға жуық жарылғыш зат пен қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды жойды, – деп нақтылады ол.Кәсіби мереке құрметіне Армия үйінде ауқымды бағдарлама ұйымдастырылды. Қонақтар әскери техникалардың үлгілерімен, Қазақстанның бітімгерлік операцияларға қатысу тарихына арналған фотосуреттер мен мұрағат құжаттарының көрмесімен танысты.Іс-шара Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы филиалының шығармашылық ұжымы дайындаған концертпен аяқталды. Бағдарламадағы вокалдық, аспаптық және хореографиялық қойылымдар патриоттық рухты, әскери дәстүрлер сабақтастығын және Отан қорғаушылардың ерлігін қастерлеуді әсерлі түрде көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1230760?lang=ru
Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Еуразиялық патенттік ведомствоның Президенті Григорий Ивлиевпен кездесті 30.06.2026
Кездесу барысында тараптар өнеркәсіптік меншік саласындағы еуразиялық ынтымақтастықты дамытудың, патенттік рәсімдерді цифрландырудың және патенттік ведомстволар қызметіне заманауи технологияларды енгізудің өзекті мәселелерін талқылады.Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды конституциялық реформаны атап өтті, оның аясында зияткерлік меншік мәселелері алғаш рет конституциялық деңгейде маңызды құқықтық құндылық ретінде бекітілді. Аталған өзгерістер ұлттық зияткерлік меншік жүйесін одан әрі жетілдіру және инновациялық экономиканы дамыту үшін қосымша негіз қалыптастыратыны атап өтілді.Ведомстволар арасындағы электрондық өзара іс-қимылды дамытуға, патенттік сараптамада жасанды интеллект технологияларын қолдануға, сондай-ақ өтініш берушілерді қолдау тетіктерін жетілдіруге және сараптама қызметінің сапасын арттыруға ерекше назар аударылды.Қазақстандық тарап цифрлық сервистерді дамытуды, заңнаманы жетілдіруді және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды қоса алғанда, ұлттық зияткерлік меншік жүйесін жаңғырту жөніндегі дәйекті жұмысты атап өтті. Зияткерлік меншікті қорғау заманауи инновациялық экономика мен орнықты технологиялық дамуды қалыптастырудың маңызды элементі ретінде қарастырылатыны атап өтілді. Тараптар сондай-ақ патенттеу саласындағы еуразиялық тетіктерді одан әрі жетілдіру, ұлттық ведомстволар арасындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ цифрландыру және мамандарды кәсіптік оқыту саласындағы бірлескен бағдарламаларды дайындау мәселелері бойынша пікір алмасты. Кездесу қорытындысы бойынша практикалық өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға және еуразиялық кеңістік шеңберінде бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара мүдделілік расталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1230787?lang=ru
Қазақстан мен Ресей биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша ведомствоаралық консультациялар өткізді 30.06.2026
Мәскеу, 2026 жылғы 29 мамыр - Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кезекті ведомствоаралық екіжақты консультациялар өтті.Консультациялар барысында тараптар биологиялық қауіпсіздік саласындағы өңірлік және жаһандық деңгейдегі ағымдағы жағдай туралы өзекті ақпаратпен алмасты, сондай-ақ екіжақты, өңірлік және көпжақты форматтарда ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру бастамасын ілгерілету контекстінде өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.Тараптар ғылыми алмасу, бейінді мамандарды даярлау, сондай-ақ шекаралас аумақтардағы эпидемиологиялық жағдайды мониторингтеу бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге өзара мүдделілік танытты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1230995?lang=ru
Ақтөбе облысында 78 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі 185,1 мың тұрғынды жұмыспен қамтып отыр 30.06.2026
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында бизнес қауымдастығының өкілдерімен, салалық қауымдастықтармен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесу өткізді.Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Досжан Әлібеков баяндады. Оның айтуынша, Ақтөбе облысы тұрақты даму қарқынын сақтап, жоғары инвестициялық әлеуетке ие өңірлердің бірі болып табылады.2026 жылдың қаңтар–сәуір айларында өңір экономикасына235,4 млрд теңге инвестиция тартылып, нақты көлем индексі 106,5%-ды құрады. Жыл соңына дейін жалпы құны шамамен 242,77 млрд теңгені құрайтын 7 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда.Ағымдағы жылдың қаңтар–ақпан айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 470,4 млрд теңгені құрады.Өңірде шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінде облыста 78,3 мың кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істеп, 185,1 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. ШОБ-тың жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 28,8%-ға жетті. 2025 жылы екінші деңгейлі банктер арқылы бизнесті қолдауға 13,1 млрд теңге бағытталып, 800-ден астам жобаға қолдау көрсетілді.Кездесу барысында қатысушылар салықтық әкімшілендіру, кадрларды мемлекеттік тапсырыс аясында даярлау, бизнесті мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ әлеуметтік және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар кәсіпкерлердің қаржылық құралдарға қолжетімділігін кеңейту және мемлекет, бизнес пен үкіметтік емес сектор арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сапар аясында Ерлан Сағнаев өңірдегі бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.Бағдарламаның маңызды нысандарының бірі – өнімдері ТМД елдері мен алыс шетел нарықтарына тұрақты экспортталатын еліміздегі химия өнеркәсібінің ірі кәсіпорны – «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ болды.Сондай-ақ вице-министр 2024 жылы іске қосылған «Автокомп» ЖШС өндірістік алаңына барды. Кәсіпорын құрылыс конструкциялары мен алюминий қорытпаларын өндіруге маманданған. Оның өндірістік қуаты бір ауысымда 200 тоннаға дейін өнім шығаруға мүмкіндік береді. Кәсіпорында шамамен 30 маман еңбек етеді.Сондай-ақ, вице-министр «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағының қызметімен танысты. Сапар барысында инвестицияларды тарту, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру мәселелері қаралды.Сапардың соңғы нысаны балаларға ABA-терапия, нейротүзету және басқа да заманауи әдістер арқылы жоғары технологиялық көмек көрсететін «JAS URPAQ & EVENTUM» түзету орталығы болды. Бүгінде Ақтөбе қаласында осындай төрт орталық табысты жұмыс істеп, өңір тұрғындары тарапынан жоғары сұранысқа ие. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1231008?lang=ru
Қазақстан мен Еуропалық Одақ әріптестікті тереңдетудің жаңа стратегиялық мақсаттарын айқындады 30.06.2026
Астана, 2026 жылғы 29 мамыр – Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары Арман Исетовтің және еуропалық тараптан Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің Шығыс Еуропа және Орталық Азия жөніндегі басқарушы директорының орынбасары Одроне Перкаускененің төрағалығымен Ынтымақтастық комитетінің саяси конфигурациядағы 23-ші отырысы өтті.Тараптар Қазақстандағы саяси реформалардың серпінін, сондай-ақ тиімді мемлекеттік басқару, сот реформасы және заң үстемдігі салаларындағы диалогты егжей-тегжейлі талқылады.Сауда-экономикалық өзара іс-қимыл мәселелеріне, оның ішінде Global Gateway бастамасын іске асыруға ерекше назар аударылды. Қазақстан мен Еуропалық Одақ көлік-логистикалық өзара байланыстылықты күшейту, жасыл энергетика, қоршаған ортаны қорғау, маңызды шикізат материалдарын жеткізу және Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетін кеңейту сияқты салалардағы әріптестікті одан әрі нығайтудың стратегиялық бағдарларын айқындады.Сондай-ақ академиялық ұтқырлықты арттырудың, Erasmus+ және Horizon Europe бағдарламалары аясындағы ғылыми-зерттеу институттары арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.«Еуропалық Одақ Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық әріптесі болып қала береді. Өткен жылы өзара сауда көлемі 45 млрд АҚШ долларына жетті. 2005-2025 жылдар аралығында Қазақстан экономикасына тартылған еуропалық капиталдың көлемі 200 млрд АҚШ долларынан асты. Қазіргі уақытта елімізде 4 мыңнан астам еуропалық компания табысты жұмыс істеп жатыр. Біз еуропалық бизнестің Қазақстанға және тұтастай өңірімізге Еуропа мен Азияны байланыстыратын стратегиялық транзиттік хаб ретінде артып отырған қызығушылығын жоғары бағалаймыз», - деп атап өтті А. Исетов.Өз кезегінде О. Перкаускене Қазақстанмен стратегиялық әріптестіктің қазіргі серпінін жоғары бағалап, Еуропалық Одақтың барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және ортақ халықаралық сын-қатерлерді еңсеру үшін күш-жігерді біріктіруге мүдделі екенін атап өтті.Күн тәртібінің жеке тармағы ретінде Қазақстан Республикасы азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету перспективалары талқыланды. Тараптар консулдық-визалық саладағы диалогты жандандырудың және өзара іс-қимылды одан әрі ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.Отырыс қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы екіжақты өзара іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша әріптестікті одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растады.Аталған диалог алаңы Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықтың өзекті күн тәртібін талқылау және салалық мемлекеттік органдардың кең ауқымды мәселелері бойынша ұстанымдарды өзара үйлестірудің белсенді тетігі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1231015?lang=ru