Қуқық
«Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіптік одағы» ҚБ кезекті съезі өтті 25.01.2025
2025 жылғы 22 қаңтарда Астана қаласында «Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіптік одағы» ҚБ кезекті III есептік-сайлау съезі өтті, онда 2020-2024 жылдардағы жұмыстың қорытындылары шығарылды.Съезд жұмысына ҚР Энергетика Вице-министрі А.Ж.Жамауов, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Н.С.Өтешев, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Әкімшілік жұмыс басқармасының бастығы Б.К.Саматов және Халықаралық мұнай-газ құрылыс кәсіподақтары конфедерациясының президенті қатысты.III есептік-сайлау съезіне Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарынан «Қазақмұнайгаз кәсіподақә ҚБ мүшелік ұйымдарынан 82 делегат сайланды.2020-2024 жылдар кезеңіндегі «Қазақстан мұнай-газ салалық кәсіптік одағы» ҚБ жұмысы және 2025-2030 жылдарға арналған негізгі қызмет бағыттарының жобасы туралы төрйым Е.Е. Мұстафина есептік баяндама жасады.ҚР Энергетика Вице-министрі А.Ж. Жамауов өз сөзінде мемлекеттік органдар мен кәсіподақтар арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, «тиімді өзара іс-қимыл — бұл мұнай-газ саласындағы тұрақтылық пен прогресті қамтамасыз етудің кілті. Біз жұмысшылар мен олардың отбасыларының әл-ауқатын дамыту және жақсарту үшін жағдай жасау үшін бірлесіп жұмыс істеуді жалғастыруымыз керек.»«Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіптік одағы» ҚБ жаңа төрағасы болып бұрын кәсіподақ төрағасының орынбасары қызметін атқарған А.З. Бисенов сайланды. Сондай-ақ, «Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіптік одағы» ҚБ салалық кеңесі мен атқару комитетінің мүшелері сайланды.III съезд делегаттары ҚР Кәсіподақтар федерациясының атына өтініш қабылдады. Съезд жұмысы әлеуметтік әріптестерді, мүшелік ұйымдардың басшыларын және профактивистерді «Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіптік одағы» ҚБ Құрмет белгісімен марапаттаумен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/924260
Қазақстан мен Ресей отын-энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады 25.01.2025
2025 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрлері С.Қ. Есімхановтің және Е.Қ. Ақкенженовтің Ресей Федерациясы Энергетика министрінің орынбасары Р.А. Маршавинмен кездесуі болды.
Кездесу барысында қатысушылар отын-энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, оның ішінде мұнай-газ кен орындарын игеруге және электр энергетикасы жобаларына ресейлік тараптың қатысуын кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.
Мұнайды, мұнай және мұнай-химия өнімдерін жеткізу, сондай-ақ осы энергетикалық ресурстардың тасымалдау саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушылар осы салаларды одан әрі дамыту және екі ел арасындағы энергетикалық әріптестікті нығайту ниеттерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/924534
Қазақстан Арал теңізінің құрғаған ұлтанында орман отырғызу жұмыстарын жалғастыруда 25.01.2025
2025 жылы Қазақстан Арал теңізінің құрғаған ұлтанында экожүйені қалпына келтіру бойынша ауқымды жобаны жалғастыруда. Бұл жұмыстар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүргізілуде, оның мақсаты – қоршаған орта жағдайын жақсарту және аймақтардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету.Жобада КАТКО, француз мемлекеттік компаниясы «Orano Mining SA» мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» акционерлік қоғамының бірлескен кәсіпорны және басқа да ұлттық және жеке компаниялар орман отырғызу жұмыстарын ұйымдастыруда белсенді қатысуда. Жобаның негізгі мақсаты – жерлердің одан әрі деградациясының алдын алу, экологиялық жағдайды жақсарту.Бүгінгі күнге нәтижелер:522 тонна тұқым жинақталды.2024 жылғы 16-30 желтоқсан аралығында 12 000 гектарға егін егу жұмыстары жүргізілді.2025 жылғы қаңтар мен ақпан айларында 108 000 гектарға егін егу жоспарлануда.2025 жылғы наурызда 16 492 гектарға сексеуіл тұқымдас ағаштар отырғызу жоспарланған.Бұл жоба Арал экологиялық апатынан кейінгі салдармен күресу жөніндегі мемлекеттік стратегияның бір бөлігі болып табылады. Қазақстан экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында ішкі және халықаралық деңгейде белсенді жұмыс істеуде.Акция ұйымдастырушылары азаматтарды осы бастаманы қолдап, Арал өңірін қалпына келтіруге өз үлестерін қосуға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/920990
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаевтың Тәжікстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хайрулло Ибодзодамен кездесуі 25.01.2025
Бүгін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев Тәжікстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хайрулло Ибодзодамен кездесті.Кездесу барысында экология, қоршаған ортаны қорғау, биоалуантүрлілік және климаттың өзгеруі саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.Министр Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы экология және гидрометеорология саласындағы, оның ішінде 2023 жылғы мамырда қол қойылған Тәжікстан Үкіметі жанындағы қоршаған ортаны қорғау комитетімен өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде қолданыстағы жемісті ынтымақтастықты атап өтті.Сондай-ақ, Министр климаттық күн тәртібінің маңыздылығын, әсіресе 2025 жылдың халықаралық мұздықтарды сақтау жылы болып жариялануына байланысты атап өтті.Қазақстандық тарап экология, биоәртүрлілікті қорғау, климаттың өзгеруі саласында тәжірибе алмасу бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендігін білдірді. Бұдан басқа, 2026 жылы Қазақстанда өңірлік Климаттық саммит өткізуге дайындық процесінде белсенді ынтымақтасу уағдаластығына қол жеткізілді.Кездесу соңында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі жемісті дамуына үміт білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/922012
Маңғыстау облысының Ақтау қаласындағы бұрынғы Ақтау пластикалық масса зауытының аумағында орналасқан, республикалық меншікке берілген қауіпті қалдықтарды (химиялық қалдықтарды, материалдарды, реагенттерді, шикізатты) өткізу жөніндегі қайта конкурстың нәтижелері туралы хабарландыру 25.01.2025
Маңғыстау облысының Ақтау қаласындағы бұрынғы Ақтау пластикалық масса зауытының аумағында орналасқан, республикалық меншікке берілген қауіпті қалдықтарды (химиялық қалдықтарды, материалдарды, реагенттерді, шикізатты) сату жөніндегі қайта конкурс өткізілген жоқ деп танылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/924000
Маңғыстау облысының Ақтау қаласындағы бұрынғы Ақтау пластикалық масса зауытының аумағында орналасқан, республикалық меншікке берілген қауіпті қалдықтарды (химиялық қалдықтарды, материалдарды, реагенттерді, шикізатты) қатысушылар мәлімдеген баға бойынша сату жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру 25.01.2025
1. Конкурсты ұйымдастырушының атауы және конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау орнының мекенжайы:Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 373 бұйрығымен бекітілген Иесіз қалдықтарды басқару қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 9, 11, 12, 14-16, 42 тармақтарына сәйкес Маңғыстау облысының Ақтау қаласындағы бұрынғы Ақтау пластикалық масса зауытының аумағында орналасқан республикалық меншікке берілген қауіпті қалдықтарды (химиялық қалдықтар, материалдар, реагенттер, шикізат) қатысушылар мәлімдеген баға бойынша сату жөніндегі конкурс (бұдан әрі – конкурс) жарияланады.Конкурсқа қатысуға өтінімдер «Жасыл даму» АҚ, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 407 кабинет мекенжайы бойынша қабылданады.2. Конкурсты өткізу уақыты мен орны:Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 612 кабинет (конференц-зал), 2025 жылғы 11 ақпанда сағат 15.00-де өтеді.3. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталуы және аяқталуы:Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталуы: хабарландыру жарияланған күннен бастап. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың аяқталуы: 2025 жылғы 10 ақпанда сағат 15.00-де.4. Конкурстың негізгі шарттары:Конкурсты өткізу шарттары мен тәртібі қағидалармен айқындалады.5. Конкурсқа шығарылатын қалдықтар объектісінің орналасқан жері және қысқаша сипаттамасы:Лот 1 – «Димер-а-метилстирол». Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, бұрынғы Ақтау пластикалық масса зауытының аумағы, № 5 Өнеркәсіптік аймақ, «Маңғыстау индустриалды паркі» ЖШС аумағында, 1009 ғимарат, 38-бөлім. Саны: 7,7 тонна.Лот 2 – «Пирокатехин күлгін». Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, бұрынғы Ақтау пластикалық масса зауытының аумағы, № 5 өнеркәсіп аймағы, «Маңғыстау индустриалды паркі» ЖШС аумағында, 1009 ғимарат, 1-бөлім. Саны: 0,000187 тонна.Лот 3 – «Терфенилдер». Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, бұрынғы Ақтау пластикалық масса зауытының аумағы, № 5 Өнеркәсіптік аймақ, «Маңғыстау индустриалды паркі» ЖШС аумағында, 1009 ғимарат, 38-бөлім. Саны: 2,113 тонна.Лот 4 – «Полипропилен». Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы бұрынғы Ақтау пластикалық масса зауытының аумағы, № 5 Өнеркәсіптік аймақ, «Маңғыстау индустриалды паркі» ЖШС аумағында, 1009 ғимарат, 24-бөлім. Саны: 0,9 тонна.Лот 5 – «Техникалық силикагель». Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, бұрынғы Ақтау пластикалық масса зауытының аумағы, № 5 Өнеркәсіптік аймақ, «Маңғыстау индустриалды паркі» ЖШС аумағында, 1009 ғимарат, 1-бөлім. Саны: 0,016 тонна.Лот 6 – «Ф-Калий хлориді». Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, бұрынғы Ақтау пластикалық масса зауытының аумағы, № 5 Өнеркәсіптік аймақ, «Маңғыстау индустриалды паркі» ЖШС аумағында, 1009 ғимарат, 1-бөлім. Саны: 0,002 тонна.Лот 7 – «Хром оксиді». Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, бұрынғы Ақтау пластикалық масса зауытының аумағы, № 5 Өнеркәсіптік аймақ, «Маңғыстау индустриалды паркі» ЖШС аумағында, 1009 ғимарат, 1-бөлім. Саны: 0,000677 тонна.Лот 8 – «Пиридиний сульфаты». Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, бұрынғы Ақтау пластикалық масса зауытының аумағы, № 5 Өнеркәсіптік аймақ, «Маңғыстау индустриалды паркі» ЖШС аумағында, 1009 ғимарат, 1-бөлім. Саны: 0,09 тонна.Лот 9 – «Құрамында фторы бар мамандандырылған өнеркәсіптік ерітінді (фтор кремний қышқылының ерітіндісі)». Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, бұрынғы Ақтау пластикалық масса зауытының аумағы, № 5 Өнеркәсіптік аймақ, «Маңғыстау индустриалды паркі» ЖШС аумағында, 1009 ғимарат, 3-бөлім. Саны: 0,016 тонна.Лот 10 – «Этазол (2-пара-аинобензолсульфамид) 5-этил 1,2,3,тиадозол». Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, бұрынғы Ақтау пластикалық масса зауытының аумағы, № 5 Өнеркәсіптік аймақ, «Маңғыстау индустриалды паркі» ЖШС аумағында, 1009 ғимарат, 1 бөлім. Саны: 0,014 тонна.Лот 11 – «Тұз қышқылы». Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, бұрынғы Ақтау пластикалық масса зауытының аумағы, № 5 Өнеркәсіптік аймақ, «Маңғыстау индустриалды паркі» ЖШС аумағында, 1009 ғимарат, 1 бөлім. Саны: 30 л / 0,026 тонна.Лот 12 – «N,N ДИФЕНИЛГУАНИДИН (сим-дифенилгуанидин)». Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, бұрынғы Ақтау пластикалық масса зауытының аумағы, № 5 Өнеркәсіптік аймақ, «Маңғыстау индустриалды паркі» ЖШС аумағында, 1009 ғимарат, 1-бөлім. Саны: 0,004 тонна.Лот 13 – «3-пиколин (бета-пиколин, таза 3-метилпридин)». Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, бұрынғы Ақтау пластикалық масса зауытының аумағы, № 5 Өнеркәсіптік аймақ, «Маңғыстау индустриалды паркі» ЖШС аумағында, 1009 ғимарат, 3-бөлім. Саны: 9 л / 0,008 тонна.6. Ақы төлеу үшін деректемелерді көрсете отырып, қауіпті қалдықтар объектісінің бағалау құнының бір пайызын құрайтын конкурсқа қатысу құқығы үшін жарнаның мөлшері:Лот 1 – 791,71 теңге;Лот 2 – 0,02 теңге;Лот 3 – 822,76 теңге;Лот 4 – 0,5 теңге;Лот 5 – 0,01 теңге;Лот 6 – 0,01 теңге;Лот 7 – 0,01 теңге;Лот 8 – 0,13 теңге;Лот 9 – 0,06 теңге;Лот 10 – 14,62 теңге;Лот 11 – 0,01 теңге;Лот 12 – 0,03 теңге;Лот 13 – 0,43 теңге.Конкурсқа қатысу құқығы үшін жарнаны төлеуге арналған деректемелер:«Жасыл даму» акционерлік қоғамыБСН 040340008429БСК HSBKKZKXЖСК KZ046017111000000107 «Қазақстан Халық Банкі» АҚҚҚС бойынша куәлік: 18.04.2013 ж. 62001 сериясы, № 0028813, Кбе 167. Құжаттар топтамасын алу үшін электрондық сілтеме:https://cloud.mail.ru/public/wHWn/GCKVHLL8cБайланыс тұлғасы: Сарсенова Анар Ермековна, тел.: +7 707 520 90 78, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 407 кабинет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/924009
Финляндия Елшісімен кездесу 25.01.2025
Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев Финляндия елшісі Янне Хейсканенмен кездесті.Кездесу барысында тараптар өзара тиімді сауда-экономикалық әріптестіктің қозғаушы күші болып табылатын Үкіметаралық комиссияның жұмысын талқылады.2024 жылғы сәуірде өткен комиссияның кезекті отырысы барысында су ресурстарын басқару, жаңартылатын энергия көздері, тұрақты орман пайдалану және т. б. бағыттардың кең ауқымы талқыланды.Сонымен қатар, Министр Е. Нысанбаев Финляндияның ағашты сертификаттау және қадағалау саласындағы тәжірибесін зерделеу үшін сарапшылар деңгейінде онлайн кездесу өткізуді ұсынды.Сондай-ақ, кездесуде Париж келісімі бойынша міндеттемелерді орындау және Қазақстанда 2060 жылға дейінгі көміртекті бейтараптық стратегиясын іске асыру туралы толығырақ тоқталды. Климаттың өзгеруіне бейімделуге ерекше назар аударылады, өйткені біздің ел ауа-райының күрт өзгеруі, су тасқыны және экожүйелердің деградациясы сияқты қиындықтарға тап болады.Министр Финляндияны 2026 жылы БҰҰ қамқорлығымен өтетін Аймақтық климаттық каммиттің жұмысына белсенді қатысуға шақырды.Кездесу соңында тараптар нәтижелі өзара іс-қимылды және барлық аталған бағыттар бойынша әріптестікті одан әрі тереңдетуге дайындығын және біздің елдеріміздің күш-жігерін біріктіру климаттың өзгеруіне табысты бейімделуге, тәуекелдерді азайтуға және экожүйелердің тұрақтылығын нығайтуға ықпал ететініне сенімділігін атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/924285
"АУЫЛДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ЖАҢҒЫРТУ" ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ 25.01.2025
Бүгін Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Р.Сабденов ауылында Ақбұлақ дәрігерлік-амбулаториясы ашылып, ауыл тұрғындарының қолданысына берілді.Бұл - Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданында соңғы жылдары салынып, ел игілігіне берілген үшінші медициналық нысан.Ауылдықтарға медициналық қызмет көрсететін нысанда халыққа дәрігердің қабылдауы, ем-шара қабылдау, акушердің тарапынан пациент қабылдау, массаж, түрлі медициналық талдамалар жасау сынды көмек түрлері көрсетіледі.Мұнда тіркелген тұрғындардың жалпы саны - 2237 адам. 14 қызметкер жұмыс жасайтын емдеу мекемесі алғашқы және амбулаторлы ем көрсету үшін тиісті құрал-жабдықтармен қажетінше жабдықталған.Атап айтқанда, жүрек соғысын тексеру құрылғысы, электрондық аквадистиллятор, волюметриялық инфузиялық сорғы, хирургиялық электрлік сорғы, ультрадыбыстық терапияға арналған бір арналы құрылғы, сенсорлық экраны бар қос арналы магнитотерапия аппараты, ингалятор, мультифункционалды физиотерапиялық аппарат, оптикалық кольпоскоп және т.б. бар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/920417
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ АУЫР ЖРВИ БАР ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР БЕРДІ 25.01.2025
Денсаулық сақтау министрлігі жалпы практика дәрігерлеріне, инфекционистерге, терапевттерге, акушер-гинекологқа тұмау, ЖРВИ, АЖРИ, пневмония жағдайларында жүкті әйелдерге консультациялық - диагностикалық көмек көрсету бойынша ұсынымдар берді.Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының 300 медицина қызметкері үшін «Астана медицина университеті» КеАҚ профессоры, медицина ғылымдарының докторы, ҚР ДСМ бас инфекционисті Бақыт Көшерова мен Ұлттық шұғыл медицина орталығының (ҰШМҮО) бас маманы Ғұмырбек Ағыбаевтың қатысуымен оқыту семинарлары ұйымдастырылып, 10-нан астам жүкті және босанған әйелді қадағалап-қарау тәсілі бойынша консультация берілді.Мамандардың айтуынша, респираторлық инфекциялардың көтерілу маусымық аурудың дамуымен ғана емес, асқынулармен және қолайсыз болжамдармен де қауіп төндіреді.Қазіргі жағдайда респираторлық инфекциялармен қатар халықтың арасында пневмонияның тіркелуі, ауыр жіті респираторлық синдромның (АЖРИ) жағдайлары байқалады. Ауыр және күрделі курс бойынша ең осал контингент-жүкті әйелдер.МСАК дәрігерлері, стационарлардың қабылдау бөлімшелері үшін негізгі клиникалық белгілерді, оның ішінде жүкті әйелдердегі мазасыздық белгілерін білу өте маңызды, бұл ерте диагностика мен уақтылы терапияға ықпал етеді.Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту, заманауи жабдықтармен жабдықтау диагностикалық зерттеулердің кең спектрін жүргізуге мүмкіндік береді, оларды қолдану жүкті әйелдерде тұмау, ЖРВИ, АЖРИ, пневмония, сепсисті ерте диагностикалауға, уақтылы маршруттауға, зертханалық зерттеу әдістерін түсіндіруге және жеке терапияға мүмкіндік береді.Анестезиолог-реаниматологтар үшін жүкті әйелдерде қан кетуді емдеу, респиратордықолдау бойынша семинарлар өткізілді.Оқыту семинары дәрігерлердің тұмау, ЖРВИ, пневмония, қан кету және жүкті әйелдерді респираторлық қолдауды диагностикалау, сараланған диагностикалау және емдеу бойынша клиникалық құзыреттілігін арттыруға ықпал етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/920959
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ЕКІ ЖАҢА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ 25.01.2025
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде Ақтөбе облысының Ақсай және Алтықарасу ауылдарында екі жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды.Жаңа амбулаторияларда ауыл тұрғындары медицина қызметкерлерінен консультация ала алады, қажетті емдеу және диагностикалық ем-шаралардан өтіп, медициналық талдауларынан өте алады.Білікті медициналық персонал жұмыс істейтін мекеменің медициналық қызметі амбулаториялық медициналық көмек көрсету үшін заманауи жабдықтармен жарақталған.Атап айтқанда, жүрек соғу жиілігін өлшейтін құрылғылар, ингаляторлар, көпфункционалды физиотерапиялық аппараттар және басқа да қажетті медициналық құрылғылар бар.Ақсай және Алтықарасу ауылдарының тұрғындары аудан шегінен шықпай-ақ медициналық қызметтердің қажетті спектрін алуға болатын заманауи медициналық нысандардың құрылысына алғыстарын білдірді.«Бүгін біз үшін қуанышты күн. Жаңа жылда біздің ауылда амбулатория ашылды. Барлық кабинеттер заманауи жабдықтармен жарақталған. Мен мұнда 35 жыл жұмыс істедім және зейнетке шықтым. Қазір бізге жас мамандар - мейіргерлер, дәрігерлер келеді. Біз медицина қызметкерлері мен жаңа амбулатория халықтың игілігі үшін қызмет ететініне сенімдіміз», - деді Алтықарасу ауылының тұрғыны Гүлжан Мырзағұлова.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/920976
ОҚКА ҚАН ТАМЫРЛАРЫ ХИРУРГТАРЫ ЕШ КЕСУСІЗ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ АНЕСТЕЗИЯСЫЗ НАУҚАСТЫ ҚҰТҚАРДЫ 25.01.2025
Алматы Орталық қалалық клиникалық ауруханасына ауыр жағдайда науқас түсті.Жедел жәрдем бригадасы науқасты іштің аорта аневризмасының жыртылу және ретроперитонеалді гематома белгілерімен жеткізді.Науқастың жағдайы өте ауыр болды - гемоглобин деңгейі мен қан қысымы айтарлықтай төмендеп, оның өміріне қауіп төндірді.Шұғыл түрде компьютерлік томография жасалды, ол жыртылған аневризма мен ретроперитонеалді гематоманың болуын растады. Дәрігерлердің консилиумынан кейін жоғары технологиялық ота - стент-графтты имплантаттау туралы шешім қабылданды.Ота сәтті өтті. Ол 3 сағатқа созылды және жергілікті анестезиямен жүргізілді, бұл жалпы анестезиямен жасалатын дәстүрлі ашық араласумен салыстырғанда аз травматикалық әдіс. Шап аймағы арқылы шағын қолжетімдікті пайдалану үлкен кесусіз жасалады, бұл оңалту кезеңін едәуір қысқартады және науқастың денесіне жүктемені азайтадыОтаны қан тамырлары хирургтары Сұлтан Илиев пен Дәулет Алдакешев жүргізді. Олардың кәсібилігі мен озық технологияны қолдануының арқасында науқастың жағдайы тұрақтанды, ол өзін жақсы сезінеді және үйге шығуға дайындалып жатыр.Отаның бұл түрі жоғары технологиялық әдіс әрі қымбат ота түрі. Құны шамамен 5 миллион теңгені құрайды, алайда ол тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) шеңберінде тегін орындалды, бұл азаматтар үшін сапалы медицинаның қолжетімдігін тағы да растайды.Бұрын мұндай жағдай ашық ота көмегімен ғана емделіп, отадан кейінгі ауыр кезең және ұзақ қалпына келтірумен сипатталған.Бүгінде заманауи әдістерді қолдану науқастардың денсаулығына аз қауіп төндіріп, оларлың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/921138
РЕТТЕУДІҢ ЖАҢА ТЕТІГІ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ БАҒАСЫН ТӨМЕНДЕТУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ 25.01.2025
Қазақстанда ТМККК, МӘМС шеңберінде ем алатынпациенттерді қамтамасыз ету үшін және дәріханалардың бөлшек сауда желісінде сатылатын препараттардың шекті құнын төмендетуді көздейтін дәрілік заттардың бағасын реттеудің жаңа тетігі жұмыс істейтін болады, деп хабарлады Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз брифингі барысында. Дәрі-дәрмектің шекті құнын төмендету құралдарының бірі бұрын дәрі-дәрмектің құнына енгізілген қосымша шығыстарды алып тастау болады: маркетинг (30%-ға дейін), көлік (15%-ға дейін) және сапаны бағалау шығындары. Үстеме бағалардың регрессивті шкаласын қайта қарау нәтижесінде оларды қолдану шегі айтарлықтай төмендеді: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде олар 20%-ға дейін, көтерме сату үшін – 25%-ға дейін, ал бөлшек сауда үшін - 30%-ға дейін (бұрын 55%-бен салыстырғанда).Реттеу, шекті бағалар мен үстеме бағаларды қалыптастыру қағидаларының жаңа редакциясында генериктерге бағаны бастапқы дәрілік зат бағасынан 30 %-ға төмендету көзделген. Егер бастапқы препарат нарықта болмаған жағдайда, отандық аналогтың шекті құны импортталатын дәрілердің орташа бағасынан аспауға тиіс. Мұндай саясат бәсекелестікті ынталандыруға және барлық тараптар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ете отырып, отандық өндірушілер үшін жағдайларды жақсартуға мүмкіндік береді. Жүйенің ашықтығын арттыру үшін мемлекеттік ақпараттық порталдармен, атап айтқанда, Мемлекеттік кірістер комитетімен интеграция енгізілетін болады. Бұл шара дәріханалардың кедендік декларациялары мен кассалық чектерінің деректерін мониторингтеу арқылы дәрілік заттардың бағасын тиімді бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, референттік елдердің тізімі қайта қаралды: 16-ның орнына Түркия, Ресей, Польша, Беларусь және басқалары сияқты экономикалық жағынан салыстырмалы 10 мемлекет кіреді. Бұл әлемдік тәжірибені ескере отырып, бағаларды дәлірек және өзекті талдауға мүмкіндік береді.Ержан Нұрлыбаев атап өткендей, халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласындағы заңнамалық бастамалардың негізгі міндеті - бұл дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуін тежеуге, нарықтың ашықтығы мен әділ бәсекелестікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін баға белгілеудің тиімді тетіктерін қалыптастыру. Вице-министр сондай-ақ фармацевтикалық нарықта дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі монополияға қарсы органмен бірлесіп, Жол картасы шеңберінде көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін дәрілік заттардың бағасын кезең-кезеңімен реттеу жөніндегі іс-шаралар жүргізіліп жатқанын еске салды. Осылайша, 2023 жылы бәсекелестік ортаға рецептсіз сатылатын дәрілік заттардың 302 атауы, ал 2024 жылы – рецептсіз сатылатын дәрілік заттардың 952 атауы шығарылды. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-247/2020 міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға шекті бағаларды және үстеме бағаны реттеу, қалыптастыру қағидаларына тиісті өзгерістер (бұдан әрі – Қағидалар) қазірдің өзінде ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25 желтоқсандағы № 110 бұйрығымен бекітілген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/921706
ҚАЗАҚСТАНДА ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІ ТІРКЕУ ПРОЦЕСІН ОҢТАЙЛАНДЫРУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 25.01.2025
Дәрілік заттарды тіркеу процестерінің реинжинирингі - тиімді және ашық жүйені құрудың негізгі қадамы. Рәсімдерді жеңілдету мен автоматтандырудыңарқасында препараттардың нарыққа шығу мерзімі 5 жылдан 2 жылға дейін қысқарады, бұл реттесараптамалық жұмыстардың сапасы артады.Барлық процестерді цифрландыру фармацевтикалықбизнес үшін жағдайды жақсартады және денсаулықсақтауды одан әрі дамыту үшін негіз болады. Бұл өзгерістер мемлекеттің басымдығын – азаматтардың денсаулығына қамқорлық жасауды жәнезаманауи және сапалы дәрі-дәрмектерге қол жеткізудікөрсетеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/921771
ҚАЗАҚСТАНДА ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ЖАҚСАРТУ ҮШІН МАҢЫЗДЫ БАСТАМАЛАР ІСКЕ АСЫРЫЛУДА 25.01.2025
Бірыңғай дистрибьютор қазірдің өзінде 1 581 дәрілікзаттар мен медициналық бұйымдарды сатып алды, бұл жылдық жоспардың 91,5 %-ын құрайды.2025 жылғы 5 қаңтардан бастап медициналық ұйымдарға 18,14 млрд теңге сомасына дәрі-дәрмектерді жөнелтубасталды. Сатып алу қорытындысы бойынша бюджеттіүнемдеу 56,6 млрд теңгеден асты. Бұл қаражат басым бағыттар бойынша препараттарды сатып алуғабағытталатын болады. Бір мезгілде белгілі бір аурулары бар азаматтардытегін және жеңілдікпен қамтамасыз ету үшін дәрілікзаттар мен бұйымдардың тізбесін өзектендіружүргізілуде. Өзгерістердің негізі халықаралық тәжірибеболды және медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыратын пациентке бағытталған тәсілгебаса назар аударылды. Қажеттіліктерді дәл есепке алу үшін Министрлік дәрі-дәрмектерді автоматтандырылған есептеудің жаңаәдістемесін әзірледі.Учаскелік дәрігерлер ақпараттықжүйелердегі пациенттер туралы деректердітолтырады, бұл дербестендірілген тәсілді жәнеуақтылы толықтыруды қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/921776
163 MILLION PACKAGES OF MEDICINES HAVE BEEN LABELED IN KAZAKHSTAN SINCE JULY 1, 2024 25.01.2025
2024 жылғы 1 шілдеден бастап дәрілік заттардың163 млн. қаптамасына, оның ішінде 96,4 млн.импорттық препаратқа, 66,4 млн. қаптама – отандық өндіріске таңбалау кодтары енгізілді.Бүгінгі таңда 163 млн. таңбаланған дәрі-дәрмекқаптамасының 67,5 млн. қаптамасы айналымғаенгізілді. Бұл мәліметтер Бірыңғай таңбалауоператорының ақпараттық жүйесінде бақыланады.Денсаулық сақтау жүйесінің ерекшелігін ескереотырып, ДЗ таңбалануы мен қадағалануы пациентке бағдарланған дәрілік қамтамасыз ету жүйесін құруға, көлеңкелі нарық үлесін төмендетуге, дәрілікқамтамасыз етудің деңгейі мен ашықтығын жаңадеңгейге көтеруге және бюджет қаражатын едәуірүнемдеуге мүмкіндік береді. Дәрі-дәрмектерді электрондық беру бойынша «Әлеуметтік әмиян» сервисін енгізу шеңберіндепациенттер QR-код арқылы республика бойынша 700-ден астам медициналық ұйым қатысатын 1, 7 млн рецепттің негізінде препараттар алды. «Әлеуметтік әмиянды» пайдалану азаматтардыамбулаториялық деңгейде тегін дәрілік заттарменқамтамасыз ету саласының қолжетімділігі мен толықашықтығына жағдай жасайды.обеспечения граждан бесплатными лекарственными средствами на амбулаторном уровне. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/921781
ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ №2 АУРУХАНАСЫНДА 50-ДЕН АСТАМ ШЕТЕЛДІК АЗАМАТТАРҒА НЕЙРОХИРУРГИЯЛЫҚ ОТА ЖАСАЛҒАН 25.01.2025
Шымкентте шетелдік науқасқа күрделі оталардың бірі жасалып, бас миынан 6 см ісік алынды. Тәжікістаннан арнайы ем іздеп келген 18-жасар науқасты бас ауруы көптен бері мазалап жүрген. Ал соңғы жылдары дерт тіптен асқынып, шыдатпайтын халге жеткен. Мидан алынған ісіктің көлемі үлкен болғандықтан, ота кезіндегі қауіп те басым болған. Ақ халаттылардың айтуынша, мұндай ауру сирек кездеседі.«Қазіргі таңда науқастын жағдайы бір қалыпты. Есін біледі, сөйлейді. Жақсы өзгерістер болып жатқаны байқалуда. Енді Алла жазса келесі сейсенбі науқасты өз отаны Тәжікістанға жіберу алдағы мақсатымыз. Ары қарай ол науқасқа Тәжікістанда, я болмаса осы Шымкент қаласында өздерінің қалауларына байланысты ары қарай реалибитациялық көмек қажет болады», - дейді нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Марат ҚұлмырзаевСоңғы кездері елімізге ем іздеп келетін шетелдіктер саны артқан. Науқастар арасында нейро және кардиохирургия, перинаталды медицина, нейрология, ортопедия, стоматология саласына сұраныс жоғары дейді дәрігерлер.«Қазіргі таңда Шымкент қалалық №2 ауруханасында біз медициналық туризімді өте белсенді түрде дамытып келе жатырмыз. Соның жақын көрінісі ретінде нейрохирургиялық операциялар, нейрохирургиялық диагностикалар. Мысалы ретінде біздің ауруханада былтырғы жылы Молдова, Швецариядан, Тәжікістаннан, Өзбекстаннан көптеген науқастар келіп диагностикадан өтіп, біздің дәрігерлер операцияларын жасап отыр», дейді Шымкент қалалық №2 ауруханасының бас дәрігері Бақытжан Позилов.Айта кетейік, елімізде соның ішінде Шымкент қаласында шет елден ем іздеп келіп, дертінен айығып кеткен азаматтардың қатары көбейген. Дәрігерлер мұны медицина сапасының жақсаруымен және қызмет көрсету жағындағы бәсекелестіктің мықты болуымен байланыстырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/924320
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ БОСАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ 25.01.2025
Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығының (ҰТЕО) базасында еліміздің 20 өңірін қамтитын босандыру ұйымдарының мультидисциплиналық командалары мамандарының білімі мен дағдыларын бағалау бағдарламасы басталды.
Тестілеу мен тренингтердің негізгі мақсаты аналар мен жаңа туған нәрестелерге медициналық көмек көрсету саласындағы мамандардың негізгі дағдыларын дамыту және кәсіби құзыреттерін жетілдіру болып табылады. Бағдарламаның шеңберінде жоғары білікті сарапшылар мен бейінді медициналық қауымдастықтардың өкілдерінен тұратын жаттықтырушылар тобы құрылды.
Заманауи әдістер мен халықаралық стандарттарға негізделген бұл тәсіл пациенттердің қауіпсіздік деңгейін арттыруға және перинаталдық медицинада үздік практикаларды енгізуге ықпал етеді.
Соңғы 10 жылдың ішінде алғаш рет 2024 жылы ана мен бала денсаулығын сақтау саласында нәресте өлімін 6,7%-ға, ана өлімін 11,4%-ға төмендету бойынша ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілді. Босандыру қызметінің барлық мамандарының кәсіби және үйлесімді жұмысының арқасында өткен жылы әйелдерді 367 мың қауіпсіз босандыру жүргізілді.
Алайда, қол жеткізілген жетістіктерге қарамастан, қызмет мамандарының біліктілігін арттырудың есебінен ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы медициналық көмектің сапасын жақсарту бойынша жұмыс жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/924485
Таза Қазақстан: қар тазалау қарқынды 25.01.2025
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы облысымызда үздіксіз жалғасуда. Қаңтардың қытымыр аязы мен жауған қарына қарамастан әр ауданда жұмыс қарқынды жүруде.Көкпекті ауданының коммуналдық қызметтері қыс келген сәттен күшейтілген режимде қызмет етуде. Қар күреуге 24 техника және 500-ге жуық адам жұмылдырылды. Аудан аумағынан 3 мың текше метр қар шығарылды. Бұл жұмыс наурыз айының соңына дейін жалғасады. Одан бөлек аудан аумағында жастар ұйымдары мен мектеп оқушылары 33 жалғызбасты қарияға көмек қолын созды.Жаңасемей ауданында да ішкі көшелер мен подъездік жолдарды тазарту тұрақты түрде жүргізілуде. Бұған арнайы техника тартылған. Аудан бойынша 478,5 шақырым жол қардан тазартылған. Қазіргі таңда жаяу жүргіншілер жолдарына құм мен тұз қоспасын себілуде. Атқарылған жұмыстар әлеуметтік желілер арқылы тұрғындарға жеткізіліп жатыр.«Таза Қазақстан» республикасы акциясы аясында Бородулиха ауылында аудан әкімі Айдар Ибраев бастаған мемлекеттік қызметкерлер сенбілік ұйымдастырып, хоккей кортын қардан тазартты. Коньки тебушілерге ыңғайлы болу үшін биыл мұз айдыны жанынан аяқ киім ауыстырып, жылынуға болатын арнайы орын салынды.«Ел көлеміндегі акцияға бородулихалықтар алғашқы күннен атсалысуда. Жаз айларында көшет отырғызу, абаттандыру, қоқыс шығару жұмысын атқарсақ, қазір қардан тазалауды жалғастырып жатырмыз. Акция барлығымызды біріктіреді. Сондықтан бей-жай қарамай, атсалысуға шақырамын», - деді Бородулиха ауданының әкімі Айдар Ибраев.Мақаншы ауданында қар биыл жылдағы мөлшерден кем түскен жоқ. Соған қарамастан аудан әкімдігі мен жергілікті коммуналдық қызмет 15 арнайы техника мен 60-тан астам жұмысшы жұмылдырып, қардан тазартуда. Мердігер мекемелер түнгі ауысымда жолдардың тазалығын қамтамасыз етуде.Дәл осындай жұмыс Бесқарағай ауданында да жүргізілуде. Көшелерден бөлек саябақ пен қоғамдық орындар қардан аршылуда.Курчатов қаласында 300 текше метрден астам қар шығарылды. Қаланы тазалауға «Курчатов Водоканал» МКК техникалары мен жұмысшылары тартылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/924525
Азық-түлік келісім шарт корпорациясының астық базалары 2024 жылы астықты қабылдау және жөнелту көлемін ұлғайтты 25.01.2025
Азық-түлік келісімшарт корпорациясының «Астық қоймалары» ЖШС еншілес кәсіпорнының астық базалары 2024 жылы астық қабылдау көлемін екі есеге арттырды.2024 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейін ауыл шаруашылығы өндірушілері төрт астық қабылдау пунктінің элеваторларына 411,7 мың тонна астық тапсырды, бұл өткен жылдан 185,7 мың тоннаға артық. 2024 жылғы егінді жеткізуде 3-сыныпты бидай басым болды.Жыл ішінде кәсіпорынның астық қоймаларынан 346,4 мың тонна астық пен майлы дақылдар жөнелтіліп, тасымалданды. 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда «Астық қоймалары» астық базаларында жөнелту көлемі 17,9%-ға (немесе 62 мың тонна) өсті.Кәсіпорынның астық қабылдау пункттері Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында орналасқан. 2025 жылғы 20 қаңтардағы жағдай бойынша төрт нан базасында 288,6 мың тонна астық сақталуда.«Астық қоймалары» ЖШС мамандары АҚП-де орналасқан ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапа параметрлерінің сақталуына тұрақты бақылау жүргізеді. Астықты сақтау шараларын күшейту үшін астық базалары IP-бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған, кәсіпорында өндірістік процестерді бейнетіркеу жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/921726
8,5 млн шабақ Атырау облысындағы Бақсай су арнасында құтқарылды 25.01.2025
Бақсай су арнасында шабақтарды құтқару шаралары жалғасуда. 21 қаңтар таңына дейін 2 млн-нан астам шабақ құтқарылды. Жалпы, бірнеше күн ішінде 8,5 млн шабақ құтқарылды.Жұмысқа 45 қызметкер мен 8 техника бірлігі жұмылдырылған. Құтқарылған, салмағы 5-6 грамм болатын балықтар тірі күйінде Жайық өзеніне жеткізілуде.Шаралар жалғасып жатыр. Жағдай Жайық-Каспий аймақаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бақылауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/921732