Қуқық
Астанада еріктілер зейнеткерлердің ауласын қардан тазартты 23.01.2025
Елордалық еріктілер қария кісілер тұратын үйлердің ауласының қарын күреу бойынша кезекті акция өткізді. Іс-шара «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері Байқоңыр ауданы әкімдігімен бірлесіп, «Таза Қазақстан» акциясы аясында қария кісілер тұратын үйлердің ауласын қардан тазартуды жалғастыруда. Бірер күн бұрын елордалық еріктілер зейнеткерлер үйлерінің маңын тазарту бойынша кезекті шара өткізді.«Таза Қазақстан» акциясы аясында біз қаланың қарт тұрғындарына аулаларының қарын күреуге үнемі көмектесеміз. Соңғы аптада қалада қар көп жауды, сондықтан біз тағы бір игі іс жасау үшін қайта жиналдық», - дейді еріктілердің бірі Ерасыл Төленді.Еріктілер Лермонтов көшесінде тұратын зейнеткерге қар кереуге көмектесті.«Еріктілерімізге алғыс білдіргім келеді. Олар ауланың қарын жылдам тазалайды. Осы игі акцияға қатысқандарға көп-көп рақмет», - деді Елена Николаева.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/923766
Оңалту, қолдау және отбасылармен жұмыс: елордалық орталық ретінде 23.01.2025
Бірнеше жылдан бері елордада психоневрологиялық патологиясы бар, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған, бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік-оңалту қызметтерінің тұтас кешенін көрсететін «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Сондай-ақ, мұнда мүмкіндігі шектеулі және психоневрологиялық ауруы бар кәмелетке толған азаматтарға көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Орталықта 640 балаға қызмет көрсетіледі.Басқа әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінен айырмашылығы «Жансая» мекемесі үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетумен ғана шектелмейді, сонымен қатар жартылай стационарлық жағдайда оңалту қызметін қосымша көрсетеді.Орталықтың негізгі мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар балаларға үйде арнайы әлеуметтік қызмет көрсету, олардың өмір сүру жағдайында тікелей жан-жақты күтім көрсету және қолдау көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қызметкерлердің білікті көмегін көрсету.Орталықтың әлеуметтік қызметкерлері тиісті дайындықтан өтіп, балаларға жеке сабақтар өткізеді, қамқорлық пен қолдауға, оның ішінде психоэмоционалды қолдауға және қоғамға әлеуметтік бейімделуге көмек көрсетеді.2024 жылы орталық қызметкерлері үйде 276 790 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетті.Жұмыстың негізгі бағыты орталық аумағында оңалту қызметін көрсету болып саналады. Білікті мамандардың – психологтардың, еңбек терапевтерінің, арнайы білім беру мұғалімдерінің, музыкалық терапевтердің, логопедтердің, массажистердің және ЛФК нұсқаушыларының көмегімен балалардың барынша дамуына, олардың әлеуметтік дағдылары мен өмір сүру сапасын арттыруға жағдай жасалуда. Кешенді оңалту қызметін көрсету нәтижесінде 2024 жылы 5 бала алғашқы қадамдарын жасай алды. Оңалту кезеңінде ата-аналар үшін тәрбиелік және консультативтік тренингтер өткізіледі. Оңалту кезінде тұрақты негізде «Аналар мектебі» ұйымдастырылып, онда 2024 жылы 174 іс-шара өткізілді.Орталықтың аумағында балаларға арналған арт-терапия, вокал және би үйірмесі жұмыс істейді.2024 жылдың басынан бері 1152 қызмет алушыға оңалту қызметі көрсетілді.Орталық сонымен қатар иппотерапия және сумен емдеу қызметтерін көрсетеді және бос уақытты өткізуге көп көңіл бөледі. Бір жыл ішінде «Жансая» орталығының 738 тәрбиеленушісі «Арғымақ» ипподромына 48 рет барды, сол сияқты 849 адам 82 рет бассейнге барды. Мәдени іс-шаралар әлеуметтік бейімделуді жақсартуға ықпал ететінін ескерсек, өткен жылы 57 іс-шара өткізіліп, 2469 қызмет алушы қамтылды. Бұл театрларға, кинотеатрларға, мұражайларға, цирктерге топпен бару, аттракциондар, табиғатқа саяхаттар, астананың көрікті жерлеріне экскурсиялар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/923768
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ» АЯСЫНДА ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ 23.01.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Осыған орай, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен жұмысшы тобының отырысы өтті. Онда «Жұмысшы мамандықтар жылын» өткізу бойынша іс-шара жоспары қаралып, толықтырулар еңгізу бойынша ұсыныстар тыңдалды.Облыс әкімінің орынбасары аудан, қала әкімдіктері мен салалық басқармаларға нақты жоспар жасап, жыл бойы жүйелі әрекет етуді тапсырды.– Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмаларының орындалуы жіті бақылауда тұр. Мемлекеттік механизмдерді біртұтас іске қосу үшін бізге осындай бастамалар қажет. Мұны «бірреттік шара» деп қабылдауға болмайды. Есеп үшін өткізілетін шаралар қажет емес. Жұмысты аса жанашырлықпен, жауапкершілікпен қолға алыңыздар. Еңбек адамдары біздің өңірде жеткілікті. Мемлекеттік грант арқылы кәсіп ашқан, «Ауыл аманаты» бағдарламасының рахатын көріп жатқан азаматтар мен облыс экономикасын дамытуға үлес қосып келе жатқан шаруалар бар. Олардың еңбегі елене бермейді. Жұмысшылардың беделін арттыру, еңбегін насихаттауға баса мән беру керек. Жәй сөз емес, сілкініс қажет, – деді Бейсенбай Дәулетұлы.Түркістан облысындағы 50 колледждің 30-ында кәсіптік мамандық иелері даярланады. Жұмысшы мамандықтары оқытылады. 40 мыңнан астам студент техникалық және кәсіптік білім алады. Өңір колледждеріне биылғы оқу жылында да 15 мыңнан астам грант бөлінеді.Жиында Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Оның айтуынша, Түркістан облысында «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай 6 бағыт бойынша 60 іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Жоспарда әр басқармаға нақты міндеттер жүктелген. Атап айтқанда, кәсіби мерекелерді жоғары деңгейде атап өту, кәсіптік бағдар беру жұмысы мен экскурсиялар ұйымдастыру, жұмысшы мамандықтарының жас көшбасшыларының қатысуымен облыстық форумдар, шеберлік сайыстарын, кадрларды даярлау бойынша облыстық және республикалық деңгейде сессиялар өткізу, кадрларға қажеттіліктің өңірлік карталарын әзірлеу, жұмысшы адамның бейнесін танымал ету, үздік мамандар байқауларын өткізу жоспарлануда.«Жұмысшы мамандықтар жылын» өткізу бойынша атқарылып жатқан нақты жұмыстар облыс әкімінің тікелей қадағалауында болады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/923679
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АРНАЙЫ ТЕХНИКА ШЫҒАРУ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ 23.01.2025
Түркістан облысында машина жасау өнеркәсібін дамыту қолға алынды. Отандық шағын габаритті арнайы техника мен коммуналдық қондырма жабдықтарын шығаратын өндіріс орны өңірдегі шағын өндірістік паркте орналасқан. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров өңірдегі инвестициялық жобалар шоғырланған «SPK Turkistan» өндірістік паркін аралап көрді. Сауран ауданында орналасқан «BNK GROUP LTD» ЖШС кәсіпорнында болып, басшыларымен кездесті.Жұмыс жоспарына сәйкес, бұл зауытта жылына 1 мың арнайы техника шығару көзделген. Жоба биыл жүзеге асады деп жоспарланған. Айта кетейік, осы зауытта елімізде алғаш болып жаңбырлатып суару машиналары шығарыла бастады. Бүгінде Түркістанда жасалған өнімге сұраныс артқан. Кәсіпорын америкалық «Nelson Irrigation» компаниясымен бірлесіп, «BNK Irrigation» сауда белгісімен айналмалы және фронтальды жаңбырлатқыш машиналар өндірісін іске қосқан. Президент тапсырмасына сәйкес, бұл 2030 жылға дейін облыста 216,3 мың гектар жерге су үнемдеу технологиясын енгізуге мүмкіндік береді.Бұдан кейін облыс әкімі тоңазытқыш және мұздатқыш жабдықтарын өндіретін «Jasyl suyq Qazaqstan» кәсіпорнының өндіріс алаңына барды. Өнімдерін Орталық Азия елдеріне импорттап келе жатқан болгариялық «UBC Group» холдингі Түркістан облысында екі ірі өндіріс желісін ашу жөнінде шешім қабылдаған. Инвестор жобаның бірінші кезеңіне 5 млн еуро көлемінде қаржы құяды. «SPK Turkistan» аумағындағы өндіріс алаңында 350-ге жуық жұмыс орны ашылады. Ал «Тұран» арнайы экономикалық аймағында іске қосылатын екінші зауытқа 7,5 млрд теңге инвестиция салынады. Нәтижесінде айына 10 мыңға дейін тоңазытқыш жабдығын шығарып, мың адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.Сондай-ақ облыс басшысына көрме орталығының жобасы таныстырылды. Бұл жерде сауда, қызмет көрсету, компанияларды таныстыру, көрме ұйымдастыру және басқа да шаралар үшін пайдаланылатын арнайы ғимараттар салынады. Ол үшін барлық жағдай жасалады. Жоба еуропалық стандарттарға сай жүзеге асады.Өндірістік парктің құрылысы 100 гектар жерге салынады. Құрылыс екі кезең бойынша жүзеге асырылады. Жалпы 151 ғимарат салу жоспарланған. Құрылыс-монтаждау жұмыстары «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы және жеке инвестор есебінен жүргізілуде. Құрылыс екі кезең бойынша жүзеге асырылады. Индустриялық алаңның бірінші кезеңінде 30 гектар жер телімі бөлініп, тиісті инфрақұрылыммен және коммуникация желілерімен қамтамасыз етілді. Бүгінде парк аумағында 10 ғимараттың құрылысы аяқталды. Былтыр инвестиция көлемі 36,5 миллиард теңге болатын 8 өндіріс іске қосылып, 712 жаңа жұмыс орны ашылды. Маңызды жоба облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың жіті бақылауында болады.Өңір басшысы құрылыс барысын бақылап, жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.Биылғы бірінші тоқсанда 16 ғимаратты іске қосу жоспарланып отыр. Бір ғимараттың ауданы 1584 шаршы метрді құрайды, қажеттілікке қарай ғимараттың ауданы үлкейтіледі. Екінші кезеңде 2025-2026 жылдары 70 га аумақта 112 ғимарат соғу жоспарланған. Мұнда да өндіріс орындары ашылады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/923640
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНЫНДА "ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТІҢ" ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ 23.01.2025
Мемлекет басшысы бастамашылық еткен "жайлы мектеп" жобасын іске асыру аясында Түркістан облысында 29 білім беру мекемесі салынуда. Отырар ауданының Шәуілдер ауылдық округінде бірыңғай үлгідегі заманауи мектеп салынды.Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Отырар ауданына жұмыс сапары барысында жаңа мектеп құрылысының барысын тексеріп, жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.- Әлеуметтік нысандардың құрылысы қатаң бақылауда. Ғимараттың, жабдықтың және жиһаздың сапасына байланысты кез-келген проблеманы болдырмау қажет. Білікті кадрлармен жасақтау мәселесі де назарда болуы тиіс, - деп атап өтті Нұралхан Оралбайұлы.600 орындық мектеп құрылысы "Samruk-Kazyna Construction"АҚ тапсырысы бойынша жүзеге асырылды. 3 гектар аумақта орналасқан білім беру мекемесі инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталды, қабылдау-тапсыру іс-шаралары жүргізілуде. Мектепте 115 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/923663
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА 150 ОРЫНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ 23.01.2025
Түркістан облысында 264 мәдениет үйі мен клуб қызмет көрсетеді. Мәдениет саласындағы инфрақұрылымын дамыту мақсатындағы тапсырмаға сәйкес, өңірде мәдени ошақтар бой көтеріп жатыр. Осы ретте Отырар ауданында орналасқан М. Шойманов атындағы 150 орындық Мәдениет үйі пайдалануға берілді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жаңа мәдени ошақтың ашылуына қатысып, ауыл тұрғындарын заман талабына сай бой көтерген мәдениет үйінің ашылуымен құттықтады.- Отырарды білмейтін қазақ жоқ. Осындай қасиетті топырақтан болашақта әлемге танымал өнерпаздар шыға берсін. Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Жайлы мектеп» жобасы аясында ауданда мектеп салынды. Өндіріс дамып жатыр. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында әлеуметтік нысандар құрылысы ел игілі үшін жүзеге асуда. Инфрақұрылымды дамыту да назардан тыс қалмайды, – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров.Өнерге қанат қаққан ауыл жастарының талабын шыңдап, түрлі мерекеде халыққа рухани азық сыйлау мақсатында жаңадан бой көтерген мәдениет ошағының жалпы алаңы – 76 гектар. Мұнда білікті мәдениет өкілдері еңбек етеді.Заманауи үлгіде салынған рухани ордада кітапхана, үлкен зал және би залы орналасқан. Хореография, домбыра үйірмелері жұмыс істейді. Мұнда ұлдар мен қыздарға арналған киім ауыстыру және жуыну бөлмелер бар. Қызметкерлерге арналған кабинеттер барлық керекті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да жағдай жасалған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/923678
ШЫМКЕНТ ӘЛЕМНІҢ ТҮКПІР-ТҮКПІРІНЕН КЕЛГЕН ПАЦИЕНТТЕРГЕ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨМЕК ҰСЫНА ОТЫРЫП, МЕДИЦИНАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ОЗЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРІНЕ АЙНАЛУДА 23.01.2025
Шымкент қаласы медициналық туризмді дамыту бағытында жоғары технологиялық мамандандырылған медициналық көмек көрсететін алдыңғы қатарлы қалаға айналып келеді. Өткен, 2024 жылы шет елден мегаполиске 100-ден аса адам ем іздеп келген.Шекара асып Шымкентке ем іздеп келгендердің басым бөлігіне №2 қалалық ауруханада күрделі нейрохирургиялық операциялар жасалды. Науқастар Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия, Швейцариядан келгендер. Аталған ауруханада Ресей және басқа да елдерден келіп, жоғары мамандандырылған медициналық көмек алды. Барлық операциялар ерекше күрделі санатқа жатады және тәжірибелі дәрігерлердің жоғары кәсібилігі мен шеберлігінің арқасында сәтті аяқталды.Сондай-ақ №1 қалалық ауруханада Қытай, Өзбекстан, Ресейден келген науқастарға күрделі ота жасалып, емдеу-диагностикалық тексерулері жасалған. Жалпы №1 ауруханаға еліміздің өзге қалаларынан келген 500-ге жуық науқасқа ем жүргізілді.Шымкент қаласындағы диагностикалық орталық медициналық туризмді амбулаториялық-емханадлық деңгейде жоғары технологиялық құрал-жабдықтарды кәсіби бейінді мамандардың қолдануы арқылы мамандандырылған медициналық көмек көрсетумен дамытып келеді. Мекеме Орталық Азия, Еуропа, Ресей, АҚШ елдерінен келген науқастарға денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды және халықаралық зертханалық ИСО СТ РК 15-189 стандарттарын ендіру жолымен сапалы қызмет көрсетуде. 2024 жылы мекемеде 50-дан астам шетел азаматтарына консультативтік-диагностикалық атап айтқанда, зертханалық, радиологиялық, эндоскопиялық қызметтер көрсетілді.Жыл сайын шетелдерден консультативтік-диагностикалық қызметтерге жүгінетін азаматтар саны 10-15 адамға артып отыр.Диагностикалық орталық медициналық қызмет көрсетуде заманауи жоғарытехнологиялық МРТ, КТ, видеоэндоскопиялық және премиум класты ультрадыбыстық аппараттар секілді медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.Сондай-ақ «Шымкент жүрек орталығы» шетелдік серіктестерімен ынтымақтастық және медициналық туризм саласында белсенді жұмыс істеп жатыр. 2024 жылы емдеу мекемесінде АҚШ, Ресей, Ауғанстан, Тәжікістан елінен келген азаматтарға жоғары технологиялық оталар жасалған.Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/923410
ШЫМКЕНТ: КӨКСАЙ ШАҒЫН АУДАНЫН ЖАҢҒЫРТУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ АЯСЫНДА АЛТЫ ОТБАСЫНА ЖАҢА ПӘТЕРЛЕР БЕРІЛДІ 23.01.2025
Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен өткен жылы Көксай шағын ауданын жаңғырту тұжырымдамасын жүзеге асыру қолға алынған болатын. Бірінші кезеңде Реновация бағдарламасы аясында көппәтерлі үйлердің тұрғындарын көшіру болып табылады.Бүгін қала әкімі Нұрлыбаев көшесінде тұратын тағы алты отбасыға жаңа пәтерлердің кілтін табыс етті. Пәтерлер «Green City» тұрғын үй кешенінде орналасқан. Қала тұрғындарын қоныс тойларымен құттықтаған қала басшысы бұл шаралар қаланың көркейіп, тұрғындардың жағдайын жақсартудағы маңызды қадам екенін атап өтті.Айта кету керек, тозығы жеткен тұрғын үй иелері жаңа ғимараттан көлемі мен бөлмелері бірдей пәтер алады. Тұрғын үй дайын күйінде беріледі. Осылайша, өткен жылы қолға алынған шағын ауданды жаңғырту тұжырымдамасы тұрғын үй қорын жаңартудың заңды жалғасы болды. Нәтижесінде 14 отбасы тұрмыстық жағдайын жақсартты.Еске салайық, Көксай шағын ауданын дамыту тұжырымдамасы аясында аумақты кезең-кезеңімен абаттандыру, сондай-ақ аудан әкімдігінің ғимараттары мен басқа да бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізу жоспарланған.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/923509
Алматыда 1 200-ден астам жұмысшы мен 573 бірлік техника қар тазалауға жұмылдырылды 23.01.2025
Алматыда «Қазгидромет» деректеріне сәйкес тәулігіне 18 см қар жауды, бұл қаңтардағы норманың 31% -ын құрайды. Каменское платодағы қар 21 см, ал Медеуде – 12 см.Түнгі уақытта көшелерді тазалау үшін 573 арнайы техника, сондай-ақ 711 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Қар шығаруға 203 самосвал тартылды. 23 қаңтар күні таңертең 9 600 текше метр қар сыртқа шығарылды.22 қаңтардың кешінен бастап 26 техника колоннасы жол полициясының патрульдік машиналарымен бірге қар күреу жұмыстарын жүргізді. 23:30-да басталған қалың қардан кейін қарды қайта сыпыру таңғы 4:00-ден бастап ұйымдастырылды.Күндізгі уақытта 475 бірлік арнайы техника мен 1280 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Шағын көлемді техниканың 95 бірлігін пайдалана отырып, тротуарларды, қоғамдық кеңістіктерді және әлеуметтік маңызы бар объектілерге кіреберістерді механикаландырылған тазалау жүргізіледі. Сондай-ақ, қоғамдық көлік аялдамалары мен жер үсті өткелдерін қолмен тазалау жұмыстары жүргізілуде.Аудан әкімдіктерінде қар тазалау жұмыстарын бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.Алматыда 22 қаңтарда таңертең қар жауа бастады. «Қазгидромет» РМК болжамы бойынша бүгін, 23 қаңтарда сағат 16:00-ден бастап тәуліктің соңына дейін қар жауады деп күтілуде. Ауа температурасы күндіз -5...-7°С болады, 24 қаңтарда жауын-шашынсыз бұлтты. Түнде ауа температурасы -18... -20°С, күндіз -12...-14°С дейін төмендейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/923244
Алматыда «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында алғаш рет қарды ерітетін экологиялық таза технология қолданылды 23.01.2025
Алматыда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша басталған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру аясында елімізде алғаш рет қар еріту пункті ашылды. Жобаның ерекшелігі-Қазақстан үшін бірегей тәжірибе болып табылатын әрі, қарды ерітудің пайдаланылатын экологиялық таза технологиясы.Технология қар жауған кезде қаланы тазарту уақытын қысқартып қана қоймай, қоршаған ортаға экологиялық зиянды азайтуға мүмкіндік береді. Бұрын қала көшелерінен қар мұзға қарсы материалдармен, соның ішінде тұзды ерітінділермен бірге топыраққа түсетін. Топырақты қалпына келтіруге қосымша ресурстар жұмсалатын. Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы көріктендіру бөлімінің басшысы Бекежан Алмырза атап өткендей, қар еріту пунктін іске қосу — экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі және мегаполисте өмір сүру сапасын жақсартудағы маңызды қадам. Бұл шешім қаладан тыс жерлерге қар шығаруға жұмсалатын уақыт пен ресурстарды едәуір азайтуға, сондай-ақ экологияға теріс әсерді азайтуға мүмкіндік береді.Жаңа пункттің жұмысымен және қарды кәдеге жаратудың инновациялық технологияларымен қала әкімдігі кадрлар даярлау туралы меморандум аясында ынтымақтасатын Қазақ автомобиль жолдары институтының (ҚазАЖИ) оқытушылары мен студенттері танысты. Студенттер жұмыстың негізгі кезеңдерін және инновациялық технологияларды оқу үстінде.Қала көшелерінен жиналған қар алдын ала сұрыптау үшін арнайы қабылдау құрылымына түседі, содан кейін еріту қондырғыларына жіберіледі. Маңызды аспект-жылы ағынды сулар қалалық кәріз желісі арқылы ағып, сорғы қондырғылары жүйесі арқылы еру үшін қажетті жылу мөлшерінен өтеді. Қар еріту құрылғысының қуаты - тәулігіне 1200 текше метр қарға дейін.Қарды еріту процесі қысыммен жүреді, бұл процесті жылдамдатуға және жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қар ерігеннен кейін алынған еріген су құмнан және басқа ұсақ бөлшектерден сүзіліп, бірнеше тазарту сатыларынан өтеді. Сайып келгенде, еріген су қалалық кәріз желісіне қайта оралады, бұл экологияға жүктемені азайтады және қала ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.Қазақ автомобиль жолдары институтының (ҚазАЖИ) ректоры Дәурен Есентай көлік және экологиялық технологияларды оқитын студенттер үшін қар еріту пунктіне бару танымдық сипатқа ие және болашақта пайдалы болатынын атап өтті.«Біз қоршаған ортаға теріс әсерді айтарлықтай азайтатын экологиялық таза технологияның іс жүзінде қалай қолданылатынын көре алдық. Мұндай тәжірибе өте бағалы, әсіресе экология мен инфрақұрылым мәселелерін жедел шешу қажет заманауи қала жағдайында. Студенттер болашақта осы технологияларға сүйеніп, оларды инфрақұрылымдық нысандарды жобалауда ескеруі мүмкін», - деп атап өтті ректор.«Көлік техникасы және технологиясы» мамандығы бойынша оқитын 1 курс студенті Сұлтан Сайлауғазы қар еріту пунктіне баған кезде алған ақпараттың болашақта қаланың экологиялық және инфрақұрылымдық тиімділігін арттыруға үлес қосуға көмектесетінін атап өтті.«Біз кәріз желісі арқылы судың түсуінен бастап еріген судың соңғы сүзілуіне дейінгі барлық процесті зерттедік. Бұл қалалық қызметтердің жүктемесін азайтумен қатар экологиялық тәуекелдерді төмендетуге де көмектеседі. Менің осыған қатысты алған білімім болашақта экологиялық менеджмент саласында жұмыс істейтін кезде өте пайдалы болатынына сенімдімін. Мен алған білімімді экология мен табиғи ресурстарды басқарудың тиімді шешімдерін әзірлеу үшін пайдалануды жоспарлап отырмын», - деді студент.В свою очередь студент 1-го курса Бакытжан Алмабай, обучающийся по специальности «строительство автомобильных дорог», отметил, что посещение снегоплавильного пункта стало для него настоящим открытием.«Автомобиль жолдарын салу» мамандығы бойынша білім алып жатқан 1 курс студенті Бақытжан Алмабай, қар еріту пунктіне бару өзі үшін нағыз жаңалық болғанын атап өтті.«Мен жаңа технологиялар қалалық инфрақұрылымды жақсартуға қалай әсер ететінін білдім. Бұл жобаның қарды қаладан тыс жерге тасымалдау қажеттілігін және көлік шығындары мен атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын азайтуға көмектесетіні ерекше маңызды. Біз бұл білімді кәсіби қызметімізде міндетті түрде қолданатын және қаламыз үшін неғұрлым тиімді шешімдер әзірлеуге ұмтылатын боламыз», - деп өз ойымен бөлісті жас жігіт.Айта кетейік, қар еріту пунктіне Алматының Әуезов, Алмалы және Бостандық аудандарының аумақтарынан қар әкелінеді. Бұл аудандарда қар үйінділері тым көп, соның салдарынан тығыз трафик орталық көшелерден қарды тиімді шығаруға мүмкіндік бермейді. Пункт іске қосылған кезден бастап 24,4 мың текше метр қар еріді.Қар еріту пунктін құру қарды кәдеге жарату жөніндегі өзекті мәселелерді шешу және «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қоршаған ортаны қорғаудың ауқымды стратегиясын іске асырудағы маңызды қадам болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/923334
Алматыда стихиялық саудамен күресу және заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нысандарын (СЕСН) жою бойынша шаралар қабылдануда 23.01.2025
Мемлекеттік қор жерінде заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нысандарын (әрі қарай – СЕСН) жою және ретсіз саудамен күресу мақсатында Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы 2025 жылдың 27 қаңтары мен 17 ақпаны аралығында СЕСН жаппай бұзу жұмыстарын жоспарлап отыр.Қаланың барлық ауданында арнайы жұмыс комиссиясы құрылды. Олардың құрамына мемлекеттік органдардың, Алматы қаласы Полиция департаментінің өкілдері, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері және «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері кірді. Сонымен қатар қала прокуратурасы көше саудасының заңдылығын қамтамасыз ету бойынша шараларды күшейтті.Бұзу барысында инженерлік-коммуникациялық желілерден, электр қуатынан және сумен жабдықтау жүйелерінен ажырату көзделген. Полиция департаменті аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, сүру орнында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.Бүгінде қалада мемлекеттік қордың жерінде 500 жуық заңсыз орнатылған СЕСН бар. Олар бойынша ерікті түрде бұзу керектігі жайлы ескертулерді беру жұмыстары басталды. СЕСН-ның алғашқы 200-ден астам иесі жазбаша ескерту алды.Еске сала кетейік, Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 27 тамыздағы №3/469 «Алматы қаласы аумағында стационарлық емес сауда нысандарын орналасу орнын анықтау және бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, қалада 157 СЕСН орналастыруға арналған 142 орын бекітілген. Стационарлық емес сауда нысандарында заңды негізде қызметін жалғастыруға ниет білдірген кәсіпкерлер Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына 390 21 30 телефоны арқылы хабарласа алады.Сонымен қатар, қалада ретсіз сауда деңгейін төмендету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мониторинг нәтижесінде қаланың 49 жерінде ретсіз сауданың жаппай шоғырланған орындары анықталды (ірі базарлар, саябақтар мен алаңдардың маңында), бұл жерлерде 1,2 мыңнан астам саудагер заңсыз орналасқан. Ретсіз саудаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы («Белгіленбеген орындарда сауда жасау») және 505-бабы («Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу») бойынша әкімшілік шаралар қолданылады. 2024 жылы полициямен бірлескен рейдтер барысында 1,9 мыңнан астам ретсіз сауда субъектісіне әкімшілік жауапкершілік жүктелді.Анықтама үшін:Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы Е-өтініш платформасында, Open Алматы және әлеуметтік желілерде тұрғындардың шағымы мен өтініші бойынша жүргізген мониторинг барысында заңсыз орнатылған СЕСН тарапынан көріктендіру ережелерін, өрт қауіпсіздігі және санитарлық нормаларды бұзу, нысандардың дизайн-кодқа және қаланың эстетикалық келбетіне сәйкес келмеу фактілері анықталды.Еске сала кетейік, «Алматы қаласының аумағында және қала маңы аймағында стационарлық емес сауда нысандарын орнату қағидаларына» сәйкес, сауда нысандары жер телімін жалға алу құқығы туралы шарт негізінде орнатылуға тиіс. Мына сілтеме арқылы ережемен толығырақ танысуға болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V23R0001707 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/923737
ҚР Туризм және спорт министрі Швеция Елшісімен екі жақты ынтымақтастықты талқылады 23.01.2025
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Швеция Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ева Пуланомен кездесіп, туризм және спорт саласындағы ынтымақтастық әлеуетін талқылады.Кездесуде тараптар қысқы спорт түрлерін дамыту, бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу және спортшылар арасында тәжірибе алмасу сияқты өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін пысықтады.«Спорт саласындағы екі елдің ынтымақтастығы жыл өткен сайын дамып келеді. Швеция қысқы спорт түрлері бойынша әлемдегі алпауыт елдердің бірі саналады. 2024 жылғы наурызда шаңғыдан Қазақстан құрама командасы Швецияның Фалун қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Спортшыларымыз мол тәжірибемен оралды. Алдағы уақытта да қысқы спорт түрлері бойынша тәжірибе алмасып, бірлескен оқу-жаттығу жиындарын жиі өткізуді ұсынамыз», – деді Туризм және спорт министрі.Сондай-ақ Ербол Мырзабосынов туризм саласындағы байланыстарды дамытудың маңызына тоқталып, аталған саланың экономиканың дамуына елеулі әсер ететінін айтты.Министр Қазақстан Швециямен туризм және спорт саласындағы жаңа бірлескен жобаларды дамыту бойынша жұмысты жалғастыруға ниетті екенін және ұзақ мерзімді әрі өнімді серіктестікке үміт артатынын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/923266
Өңірлік спорт басқармаларының басшысын тағайындау: ҚР Туризм және спорт министрлігі Ақтөбе облысының кандидатын келісті 23.01.2025
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі іріктеу комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырыста Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығы бекітуге ұсынған кандидатура қаралды.Талқылау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері "республикалық футбол федерациясы және футзал Сурдо" қоғамдық бірлестігінің президенті Махамбетов Мейрамбек Жанболатұлының кандидатурасын келісті. Отырыс барысында комиссия кандидаттың спорт саласындағы тәжірибесін, сондай-ақ оның өңірдің спорт саласын дамыту жөніндегі нақты жоспарларын зерделеді. Сонымен қатар, спорт ғылымы мен менеджмент негіздеріне қатысты сұрақтар қойылды.Айта кетейік, кандидаттарды жергілікті атқарушы орган ұсынады, ал тағайындау туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның оң қорытындысын алған кезде ғана жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/923153
Орал қаласы Круглоозерный кенті, Бөрлі ауданы Ақсай қаласы және облыстың 6 ауылдық округі әкімдерін сайлау 23.01.2025
NoneАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/923415
Ақмола облысының әкімдігінде ардагерлерді әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды 23.01.2025
Ақмола облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлерге қолдау көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде.2024 жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен Чернобыль АЭС апатын жоюшыларға, Ауған соғысының ардагерлеріне, ТМД-ның тәжік-ауған шекарасында қызмет еткендерге, Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан 1439 ардагерге естелік күндер мен мерекелік күндерге орай біржолғы әлеуметтік төлемдер ретінде 198 млн теңгеден астам қаражат бөлінді.2025 жылға осы санаттағы 1426 ардагерге біржолғы әлеуметтік төлемдерге облыстық бюджеттен шамамен 140 млн теңге бөлу көзделіп отыр.Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова ардагерлердің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерімен әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша кездесу өткізді.Кездесу барысында ардагерлер санаторий-курорттық емделу, тіс протездеу, коммуналдық қызметтерге төлемақы мөлшерін облыстың барлық аймақтарында өтеу сомасын арттыру мәселелерін көтерді.Айта кету керек, әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына сәйкес, ардагерлерге келесі қосымша қолдау шаралары ұсынылады:Жылына 1 рет санаторий-курорттық емделу шығындарын өтеу – 40 АЕК-ке дейін (157 280 теңге).Жылына 1 рет емделуге бару шығындарын өтеу:облыстың кейбір аудандарының ардагерлері үшін 20 АЕК-ке дейін (78 640 теңге).Жақсы және Жарқайың аудандарының ардагерлері үшін 10 АЕК-ке дейін (39 320 теңге).Жылына 1 рет тіс протездеуге жұмсалған шығындарды өтеу – 30 АЕК-ке дейін (117 960 теңге).Облыстың бес ауданында коммуналдық қызметтерді өтеу өтемақысы.Айта кету керек, Ақмола облысы бұл нормалар толық көлемде іске асырылатын Қазақстан Республикасының үш аймағының қатарына кіреді (соның ішінде Астана қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысы бар).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/923396
Үржар ауданында қар тазалау жұмысы жүргізілуде 23.01.2025
Үржар ауданында қыс мезгілінде жол қатынасын үздіксіз қамтамасыз ету және білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелерін қардан тазарту жұмыстары тұрақты жүргізілуде.Ауданының автомобиль жолдары мен елді-мекендердегі көшелердің жалпы ұзындығы 690,2 шақырымды құрайды. Оның ішінде аудандық маңызы бар жолдары 288, елді-мекен көшелері 402,2 шақырым.Аудандық бюджет есебінен автомобиль жолдары және елді-мекен көшелерін қысқы күтіп ұстауға қаржы бөлініп, жұмыс жүйелі атқарылуда.Жолдарды қыс мезгілінде күтіп ұстау мақсатында жыл соңына дейін мердігерлермен келісімшарт жасалды. Қардан тазалауға 70-тен астам арнайы техника және 84 адам жұмылдырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/923226
1 келісі — 130 теңге: «Тараз» ӘКК арқылы 80 тоннадан астам картоп арзан бағамен сатылуда 23.01.2025
Жамбыл облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша «Тараз» ӘКК, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бірлескен күш-жігерімен жүйелі негізде кешенді жұмыс жүргізілуде.Тұрақтандыру қоры халықты қол жетімді көкөністермен қамтамасыз ете отырып, жыл бойы тауарлық интервенция жүргізеді.Қазіргі уақытта әлеуметтік дүкендерде картоп жеткілікті мөлшерде және нарықтық бағадан төмен.Маусымаралық кезеңде 3 050 тонна картопқа форвардтық келісімшарттар дер кезінде жасалды.Тараз қаласының аумағындағы сауда нүктелеріне 800 тонна картопқа тауарлық интервенция жүргізу бойынша тапсырма берілді.Тараз қаласындағы әлеуметтік дүкендерге, 64 сауда орнына барлығы 82,8 тонна картоп белгіленген бағамен килограммы 130 теңгеден жеткізілді. Оның ішінде «Вкусная Корзинка», «Нұрислам», «Фиркан» дүкендері бар.– Әлеуметтік базардан картоп, пияз, жұмыртқа және басқа да өнімдерді қолжетімді бағамен сатып аламыз, — дейді Тараз қаласының тұрғыны Бибіхадиша Отарова.– Картоп 130 теңгеден, сәбіз 90 теңгеден – әлеуметтік дүкенде сізге қажет тауарды үнемі төмен бағада таба аласыз, — деп атап өтті Нұрсұлтан Батырбаев.– «Тараз» ӘКК бізге көкөністерді тұрақты түрде жеткізеді. Жақында 1 килограмы 130 теңге болатын картоп алдық. Тұрғындар тауардың сапасына риза, — дейді әлеуметтік дүкеннің сатушысы Асыл Жалынбет.Мұнда күніне әр сатушыдан 3-4 қап картоп сатып алынады.Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына күнделікті мониторинг жүргізіледі. Әлеуметтік азық-түлік өнімдеріне заңда белгіленген сауда үстемесінің асып кету фактілері бойынша кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.Базарларда және өзге де сауда нүктелерінде картоп 300 теңгеден жоғары саудалануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/923081
Алматы облысында екі апта ішінде жеті заңсыз құрылыс анықталды 23.01.2025
Заңсыз құрылыспен күрес Алматы облысында жалғасуда. Соңғы екі апта ішінде мониторингтік топтар рұқсат құжаттары жоқ жеті нысанды анықтады. Құрылыстардың тағдыры енді сот шешімімен айқындалады. Барлық жиналған материалдар сотқа жолданды.«Заңсыз құрылыс – тек заң бұзушылық қана емес, тұрғындар қауіпсіздігіне төнетін қатер және қоршаған ортаға зиян. Біз бұл мәселеге немқұрайлы қарамаймыз және өз бетінше құрылыс салудың кез келген әрекетін қатаң тоқтатамыз», – деді Алматы облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ғабиден Узенбаев.Жергілікті тұрғындар да бұл мәселеге алаңдаулы. Олар заңсыз құрылыстардың көбейіп бара жатқанын, бұл жағдайдың елді мекендердің көркін бұзып, өмір сүру сапасына кері әсерін тигізіп отырғанын айтады. Әлеуметтік желілерде заңсыз құрылыстардың суреттері мен бейнежазбалары жиі жарияланып, наразылық пікірлер туғызуда.Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы тексеру жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді. Заң бұзушылар айыппұл төлейді, ал заңсыз құрылыстар бұзылады. Айта кетейік, тек соңғы айдың өзінде құрылыс саласындағы заң бұзушылықтар үшін 8 843 324 теңге көлемінде айыппұл салынған.«Облыс тұрғындарын сақ болуға және заңсыз құрылыстың кез келген фактісі туралы хабарлауға шақырамыз. Тек бірлескен күш-жігермен ғана бұл теріс үрдісті тоқтатып, қолайлы өмір сүру ортасын сақтай аламыз», – деп қосты Ғабиден Узенбаев.Басқарма ресми сайты немесе сенім телефоны арқылы жасырын өтініш беру мүмкіндігі бар екенін еске салды. Әрбір өтініш мұқият тексеріледі. Аймақ билігі заңсыз құрылыспен күресуге бел буып, барлық тұрғындарды белсенді ынтымақтастыққа шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/923641
Биыл Абай облысы Үржар ауылындағы әуежай терминалы жаңғыртылады 23.01.2025
Абай облысы көлік инфрақұрылымын, соның ішінде әуе, автомобиль және теміржол тасымалдарын белсенді дамытуда. Бұл өңірлер арасындағы байланысты жақсартып, туризм мен экономиканы өркендетуге ықпал етеді. Өңірде екі әуежай жұмыс істейді. Семей мен Үржардағы әуежайлар жолаушыларды тасымалдауда үлкен маңызға ие.1983 жылы салынған Семей қаласының әуежайы 2016-2018 жылдары қайта жаңғыртылғаннан кейін халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Соның арқасында заманауи ұшақтарды қабылдай алады. Бүгінде нысан «Fly Arystan» және «Южное небо» авиакомпанияларының Астана, Алматы және Үржар бағыттары бойынша рейстеріне қызмет көрсетеді.2025 жылдың наурыз айынан бастап жолаушылар үшін туристік маусым қарсаңында ұшақтардың ұшу жиілігін арттыру және ұшу кестесін жаңарту жоспарланған. Сондай-ақ әуежай терминалын қайта жаңғырту үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Бұл өткізу қабілетін едәуір арттыруға және жолаушыларға қолайлы жағдай тудыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта әуежайға мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған амбулаториялық лифт және жолаушылардың қолайлығы үшін автобус сатып алынды.«Абай облысының көлік инфрақұрылымын дамыту - инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, туризмді дамытуға бағытталған. Рейстердің көбеюі, әуежайларды қайта жаңғырту және қызмет көрсету сапасын жақсарту аймақ тұрғындары мен қонақтар үшін пайдалы. Туристік маршруттарды кеңейту, авиарейстерді субсидиялау және инфрақұрылым нысандарын жаңғырту өңірдің тұрақты дамуын және оның жалпыұлттық көлік желісіне кірігуін қамтамасыз етеді», - дейді Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков.1978 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Үржар ауылының әуежайы да облыс үшін маңызды көлік торабы болып табылады. Ұшу-қону жолағы, жарық-сигналдық жабдық және бейнебақылау жүйелерін қайта жаңғырту сынды екі ірі жобадан кейін әуежай сыйымдылығы 100 жолаушыға дейінгі заманауи әуе кемелерін қабылдай алады. 2024 жылы жолаушылар терминалын қайта жаңғырту үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Жобаны іске асыру жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсартады. Қазірдің өзінде терминал сағатына 80-100 адамға дейін қызмет көрсетеді. Ал есептік өткізу қабілеті 35 адам.Жазғы туристік маусымда, 2025 жылғы 1 маусым мен 31 тамыз аралығында «Scat» әуекомпаниясы «Астана-Үржар – Астана» және «Алматы – Үржар – Алматы»бағыттары бойынша Bombardier CRJ – 200 әуе кемесі арқылы рейстерді орындауды жоспарлап отыр.Бұдан басқа, «Южное небо» әуекомпаниясы «Семей – Үржар – Семей» бағыттары бойынша рейстерді тұрақты негізде жүзеге асырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/923043
Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды 23.01.2025
Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау аясында Абай облысы әкімінің орынбасары Қанат Әділбайдың төрағалығымен кеңес өтті. Кеңеске Абай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті және Мемлекеттік кірістер Департаментінің өкілдері қатысты.Кеңес барысында көлеңкелі экономика деңгейін төмендетуге бағытталған алдын алу шараларын әзірлеу мәселелері талқыланды.Алдағы уақытта көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік кешенді іс-шаралар жоспары бекітілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/923337