Enbekshi QazaQ

Қуқық

Әскери-әуе күштерінің ұшқыштары А-400М ұшағын жаттығуда сынап көрді 24.01.2025
Әскери ұшқыштар Airbus Military авиаконцернінен Қазақстан әскерінің қару-жарақ қатарына жеткізілген әуе кемесін пысықтап, үйренуде.Қазақстан Қорғаныс министрлігінің еуропалық компаниямен А400М ұшағын жеткізуге арналған келісімшарты ұшу және инженерлік персоналды оқыту қызметтерін, сондай-ақ техникалық қолдауды қоса ұйымдастыруды көздейді. Сондықтан А400М көп мақсатты әуе кемесіндегі алғашқы ұшу оқу-жаттығуын Airbus Military концернінің мамандарымен бірлесіп пысықтады. Бұл жолы Алматы авиациялық базасының ұшу экипажы Алматы-Талдықорған бағыты бойынша және кері қарай ұшып жаттықты.Ұшқыштар әуеге көтерілуден бастап қонуға дейінгі барлық жаттығулар кешенін, соның ішінде белгіленген бағыт бойынша ұшуды және айналып маневр жасауды пысықтады. Одан бөлек ұшақты басқару дағдыларын жетілдіруге, экипаждың өзара іс-әрекетін пысықтауға және көлік міндеттерін қауіпсіз орындауды қамтамасыз етуге көңіл бөлінді.– Бірегей сипаттамаларымен ерекшеленетін А-400М ұшағы жедел-стратегиялық міндеттерді орындауға арналған. Күш-қуаты жағынан бір рейсі алты С-295 ұшағымен бірдей. Біздің ұшқыштар Испанияда оқып келді. Енді Airbus компаниясының мамандарымен ұшу жаттығуларын өткіземіз. Олар бізге ұшақтың бар мүмкіндіктерін көрсетеді. Қазірдің өзінде Балқаш, Ақтау, Атырау қалаларына ұшып жаттықты, – деді әскери-көліктік авиация эскадрильясы жедел жасағының командирі подполковник Асылбек Жұмабаев.Естеріңізге сала кетелік, көп мақсатты ұшақ 8000 шақырымға дейінгі құрлықаралық қашықтыққа ұшуға қабілетті. Оның ең жоғары жылдамдығы сағатына 802 шақырымды, ұшу биіктігі – 12 200 метрді. 37 тонна жүк көтере алады, шамамен 100 адам тасымалдайды. Мамандардың айтуынша, ұшақ ауыр техниканы, оның ішінде сауытты транспортерлерді, артиллериялық қондырғыларды және тікұшақтарды тасымалдауға арналған. Әуе көлігін төтенше жағдайда гуманитарлық көмекті жедел жеткізу және әскерлерді тасымалдау үшін пайдалануға болады.Әмбебап көлік тек бетоннан жасалған ұшу-қону жолағына ғана емес, арнайы дайындалмаған жерлерге де қона алады. Келесі Airbus A-400M әскери-көліктік ұшағын жеткізу жоспар бойынша Қазақстанға 2026 жылы жүзеге асады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/921772
Семейде әскерилер соғыс ардагерін туған күнімен құттықтады 24.01.2025
Абай облысында қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері 99 жасқа келген Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Иван Романович Шевцовқа құттықтауымен барды. Иван Шевцов Алтай өлкесінің Антоновка ауылында дүниеге келген. Соғыс жылдарында Қызыл әскер қатарына шақырылып, Польша мен Чехословакияны азат ету шайқастарына қатысты. Майдангер батырлығы мен ерлігі үшін II дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және адал еңбегі үшін медалімен марапатталған.Соғыстан кейін ол «Қазэлектромонтаж» кәсіпорнында учаске бастығы болып жұмыс істеп, онда өзін жауапты маман ретінде көрсетті.Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Қанат Шәріпханов ардагерді құттықтап, жеңіске қосқан үлесі мен жауынгерлік ерлігі үшін алғыс айтты. Әскери қызметшілер Иван Романовичке зор денсаулық, ұзақ өмір және бақ-береке тіледі.Әскери оркестрдің қойылымы туған күнге арналған ерекше сый болды. Музыканттар орындаған соғыс жылдарындағы әуендер майдангердің көңілін көтеріп, ерекше шабыт берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/921787
Десантшылар Алматы облысындағы ауылды су басу қаупінен сақтады 24.01.2025
Елдің оңтүстік-шығысында күннің жылы болуы таудағы қардың еруіне себеп болды. Алматы облысының Іле және Қарасай аудандарының шекарасындағы Жармұхамбет ауылына су басу қаупі төнді. Су тасқынына қарсы іс-шараларда тәжірибесі бар Қарулы күштердің Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері ауыл тұрғындарына көмекке келді.Жармұхамбет ауылында шамамен 10 000 адам тұрады. Өткен аптада ауа-райы жылы болғандықтан өзендегі су деңгейі едәуір көтерілді. Кей жерлерде ол тұрғын үйлердің аулаларына жайылды. Іле ауданының әкімі өткізген шұғыл кеңестен кейін Қарулы күштердің Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының көмегіне жүгіну туралы шешім қабылданды.– Генерал-майор Алмаз Жұмакеев ауыл тұрғындарына өзеннің жағасын нығайту жұмыстарын жүргізу үшін 43 десантшы-әскери қызметшіні көмекке жіберді. Сарбаздар тынымсыз өте жылдам жұмыс істейді. Жармұхамбет ауылының тұрғындары оларға көмек көрсеткені үшін шын жүректен алғыстарын білдіріп жатыр, – деді Алматы облысы Іле ауданы әкімінің орынбасары Алмас Бөкенаев.Екі күнде тұрғын үй алаптарын су басуына жол бермеу мақсатында 800 метрден астам су бөгеу құрылыстары, оның ішінде 2500-ден астам қапшық төселді.Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың көктемінде Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысты. 300 десантшы Жайық, Шаған, Дерқұл өзендерінің жағалауларын және олардың Чапаев, Жайық, Теректі, Дарьин және басқа да қала маңындағы аудандардағы салаларын нығайтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/922070
Астанада Қарулы күштердің әскери инженерлеріне құрмет көрсетілді 24.01.2025
Елордалық Ұлттық әскери-патриоттық орталықта Инженерлік әскерлер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.Оған Ақмола өңірлік гарнизоны Инженерлік әскерлер басқару органдары мен бөлімшелерінің жеке құрамы, Ұлттық қорғаныс университетінің өкілдері, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің ұландары, Қарулы күштердің ардагерлері қатысты.Мерекелік іс-шарада көрсетілген фильмнің кадрлары қатысушыларға инженерлік әскерлердің қалыптасу кезеңдерін, жауынгерлік дайындықты, су тасқыны кезінде және әрдайым қауіп төндіретін аумақтарды тазарту кезінде жүргізілетін жұмыстарды еске салды.Іс-шараға қатысушылар әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан инженерлік-саперлік батальонның әскери қызметшілерін бір минут үнсіздікпен еске алды.Әскери инженерлерді ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Асан Жүсіпов құттықтады.Ол әскери инженерлер мен саперлерге Отанға адал қызмет еткендері үшін алғысын білдірді. Генерал-майор Асан Жүсіпов Арыс қаласындағы, Тоқырау және Сарыкемер кенттеріндегі оқ-дәрі қоймаларындағы өрттер мен жарылыстар нәтижесінде қалған жарылыс қаупі бар заттардан тазартудағы жауынгер-саперлердің аса қауіпті әрі жауапты жұмысын ерекше атап өтті. – Өткен жылдың көктемінде инженерлік әскерлер су тасқынының салдарын жою жөніндегі іс-шараларға тартылды. Халықты, техниканы және материалдық құралдарды понтон-көпір паркінің жиынтығымен эвакуациялау үшін олар Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында паром өткелдерін жабдықтады. Су басқан аудандар мен учаскелерден үш мыңнан астам адамды эвакуациялады, бір жарым мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасын тасымалдады және 400 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізді, – деген генерал-майор А. Жүсіпов көктемгі су тасқыны кезінде әскери инженерлердің халыққа көрсеткен көмегін ерекше атап өтті.Іс-шара кезінде әскери бөлімдер мен Голан жоталарындағы бітімгерлік ротасының инженерлік-саперлік тобының командирі байланысқа шықты. Олар өздерінің бейнеқұттықтауларында әскери инженерлер орындайтын жұмыстардың күрделілігі мен маңыздылығын атап өтіп, әріптестеріне зор денсаулық, табандылық және қызметте табыс тіледі.Кәсіби мерекеге орай төрт офицерге мерзімінен бұрын әскери атақ берілді. 22 әскери қызметші «минасыздандырудағы ерлігі үшін» ведомстволық төсбелгісімен марапатталды, 17 адамға грамота табысталып, 15-іне алғыс жарияланды.Қорғаныс ведомствосының басшысы атынан алғыс хаттармен инженерлік әскерлердің ардагерлері де көтермеленді.Өз кезегінде әскери инженерлердің аға буыны генерал-майор Мүсілім Дайыров пен полковник Анатолий Щербаков армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж кадеттеріне естелік сыйлықтар табыс етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/922102
Қарулы Күштерде қызметтік тұрғын үйді бөлу рәсімі автоматты режимге ауыстырылады 24.01.2025
Қорғаныс ведомствосы Қорғаныс және Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш министрлерінің бірлескен бұйрығының жобасын дайындады. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою», «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж азаматтық персоналын (қызметкерлерін) есепке қою» және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайын жалға алу шартын жасау және ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы (қызметкерлері) үшін проактивті форматта қызметтік тұрғын үйді автоматты түрде бөлу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы» ведомстволар басшыларының бірлескен бұйрық жобасы ҚР Қарулы күштерінің қызметтік тұрғын үй қорын бөлу процесін оңайлату мақсатында дайындалды. Бірлескен бұйрық бойынша үйді бөлу рәсімі автоматтандырылған форматқа көшуіне байланысты оған тұрғын үй комиссиясының мүшелері қатыса алмайды.Бірлескен бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде 2025 жылғы 4 ақпанға дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15407171 сілтеме бойынша танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/922393
Үкімет қаулысымен әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету қағидаларына өзгерістер енгізіледі 24.01.2025
Қорғаныс министрлігі «Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын дайындады.Нормативтік құқықтық акт «Резервтегі қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын іске асыру үшін әзірленді.Қаулы жобасымен әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, жоғарыда көрсетілген заңда көзделген нормалармен тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін, тағайындалуын, қайта есептелуін, жүзеге асырылуын, тоқтатылуын, тоқтатыла тұруын және қайта басталуын есептеу қағидаларын сәйкестікке келтіру ұсынылады.Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде 2025 жылғы 30 қаңтарға дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15401793Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/922398
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу шаралары талқыланды 24.01.2025
Азық-түлік тауарларына баға белгілеудің тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті.Облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменовтің төрағалығымен өткен өңірлік комиссияның кезекті отырысына кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, ауыл шаруашылығы басқармалары өкілдері, қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары, Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің, «Семей «ӘКК» АҚ төрағасы, сондай-ақ көтерме-бөлшек сауда өкілдері қатысты.Отырыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) бағаны ұстап тұру шаралары, өңірлік комиссия қызметінің нәтижелері және көкөніс өнімдерін, атап айтқанда, картопты сату бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы мәселелер қаралды.Отырыс барысында облысты әлеуметтік бағамен картоппен қамтамасыз ету, көкөніс өнімдерін, соның ішінде картоп егіс алқаптарын ұлғайту мүмкіндігін қарастыру жөнінде тапсырмалар берілді.Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары ӘМАТ бағасын ұстап тұруды ерекше бақылауға алуды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/923789
Аймақ басшысы Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті 24.01.2025
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар облыста инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық мәселесін талқылады.Банктің урбанизация мәселелері жөніндегі аға маманы Мохамед Нада қаржы ұйымы тарапынан инвестиция құюға болатын облыстың инфрақұрылымдық жобаларымен танысқысы келетінін атап өтті.Аймақ басшысы өңірді дамытуда ерекше басымдыққа ие жобалардың бар екенін айтып, олардың тұрғындар үшін қаншалықты маңыздылығына тоқталды. Қазіргі уақытта облысымызда жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс, энергетика, табиғи ресурстар және өзге де салаларға қатысты жобаларды қолға алу жоспарда бар.«Біз басымдық беріп отырған жобалардың қай-қайсы болмасын өңір тұрғындарының сұранысын қанағаттандыруға бағытталған. Олардың қатарында әлеуметтік нысандардың құрылысы, халықты ауыз сумен қамту, жылу, кәріз жүйелерін жаңғырту, қатты қалдықтар полигонын салу сияқты маңызды инфрақұрылымдық жобалар бар. Жиыны 60 -тан астам осы жобалармен танысып, ортақ бір шешім табамыз деген ойдамын», - деді облыс әкімі.Осыған сәйкес аймақ басшысы өз орынбасары Димитрий Гариковке банк өкілдерін облыстағы жобалармен мұқият таныстырып, әр сұрақты тиянақты қарауға тапсырма берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/923788
ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРҒА «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ОҚУ МҮМКІНДІГІ: СЕНАТОРЛАР ТИІСТІ ЗАҢДЫ МАҚҰЛДАДЫ 24.01.2025
ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРҒА «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ОҚУ МҮМКІНДІГІ: СЕНАТОРЛАР ТИІСТІ ЗАҢДЫ МАҚҰЛДАДЫБүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын мақұлдады.Заңның мақсаты мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, оның мәртебесін нығайту, баланың құқықтарын қорғау және білім беру саласындағы ұлттық заңнаманы одан әрі жетілдіру болып табылады.Аталған құжатпен «Мәдениет туралы» ҚР Заңына қазақ тілінің сөздік қорына қолжетімділікті қамтамасыз ететін мемлекеттік ақпараттық жүйе ретінде Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын құруды, қазақ тілінің барлық стильдері мен жанрларының мәтіндерін қамтитын ақпараттық-анықтамалық жүйе ретінде Қазақ тілінің ұлттық корпусын құруды, қазақ тіліндегі мәтіндерді өңдеу, генерациялау және талдау үшін жасанды нейрондық желіге негізделген қазақ тілінің сөздік қорына қолжетімділікті қамтамасыз ететін ауқымды тіл моделін қалыптастыруды көздейтін түзетулер енгізіледі.Сондай-ақ «Білім туралы» ҚР Заңында дарынды оқушыларды мемлекеттік қолдау және олардың ғылыми қызметін ынталандыру мақсатында халықаралық ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері үшін конкурстан тыс мемлекеттік білім беру гранттарын беру жөніндегі норма көзделеді.Заңның қабылдануы мемлекеттің мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі саясатын іске асыруға және білім беру салаларындағы заңнаманың сапасын жақсартуға ықпал ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/923125
Қазақстан мен Ұлыбритания Bett Show 2025 көрмесінде жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 24.01.2025
Қазақстан мен Ұлыбритания Bett Show 2025 көрмесінде жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтудаЛондонда әлемдегі ең ірі білім беру көрмелерінің бірі – Bett Show аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қазақстанның Ұлыбританиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мағжан Ілиясов, сондай-ақ Ұлыбританияның білім министрі Стивен Морганның ресми кездесуі өтті.Кездесудің негізгі тақырыбы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту болды. Министр Нұрбек Қазақстанды өңірдегі басты білім беру хабы ретінде таныту мақсатында іске асырылып жатқан «Study in Kazakhstan» жобасы туралы айтып өтті. Ол сондай-ақ болашақта бұл жобаға Қазақстанда жетекші британдық университеттердің қатысуын кеңейту жоспарланып отырғанын атап өтті.Стивен Морган министрге алғысын білдіріп, екі ел арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық жоғары деңгейде жалғасатынын атап өтті. Ол сондай-ақ 2025 жылғы сәуір айының басында үкіметаралық комиссияның жоспарлары туралы хабарлады.Bett Show-дағы кездесулер екі елдің студенттері мен оқытушылары үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы білім беру саласындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/923439
Маңғыстау облысында үздік мектеп ұжымына 3 лауазымдық жалақы мен қызметтік автокөлік беріледі 24.01.2025
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңірде білім сапасын арттыру мақсатында жыл сайын “Үздік мектеп ұжымы” рейтингін өткізуді тапсырды.- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерде білім сапасын арттыруға ерекше назар аударып келеді. Соның аясында облысымызда заман талабына сай Жайлы мектептер салынып жатыр. Енді сол мектептердегі білім деңгейін көтеру мақсатында жыл сайын рейтинг жасап, «Табысты мектеп» жобасын іске қосуды ұйғардық. Біз ұстаздар мен оқушылардың ынтасы мен жігерін арттыруды, шығармашылық қабілеттерін ашуды мақсат тұтып отырмыз, - деді облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай.Жобаның мақсаты - білім беру ұйымдарындағы үздік іс-тәжірибелерді насихаттау және мектептердің жетістіктерін анықтау, мектепаралық бәсекелестікті дамыту."Табысты мектеп" жобасы оқу жылының көрсеткіштері негізінде қорытындыланады.Көрсеткіштері жоғары үздік мектептерге:- 1 орынға - мектеп директорына қызметтік автокөлік беріледі және мектеп ұжымы (мектеп директорынан бастап кіші қызметкерлерге дейін) 3 лауазымдық жалақымен марапатталады;- 2 орынға - мектеп ұжымы (мектеп директорынан бастап кіші қызметкерлерге дейін) 2 лауазымдық жалақымен марапатталады;- 3 орынға - мектеп ұжымы (мектеп директорынан бастап кіші қызметкерлерге дейін) 1 лауазымдық жалақымен марапатталады.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/923210
Өңірдің көлік-логистика саласы қарқынды дамып келеді 24.01.2025
2024 жылы Ақтөбе облысында автомобиль көлігі қызметтерін 70 млн-нан астам жолаушы пайдаланған. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 114%-ға жоғары көрсеткіш. Автомобиль көлігі өткен жылы жүк тасымалында да жетекші орынға ие болды. Жыл қорытындысы бойынша автомобиль көлігімен 36 млн тоннадан астам жүк тасымалданған. Мұндай деректерді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ақтөбе облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайыр мәлімдеді.Басқарма басшысының айтуынша, көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар өз қызметiн коммерциялық негiзде жүзеге асырады.«Мемлекет басшысының көлік-логистика саласының әлеуетін толық пайдалану жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында өткен жылы облыста бірқатар шаралар атқарылды. Қазіргі таңда облыс бойынша 66 автобус бағыты ұйымдастырылып, қызмет етуде. Оның ішінде – 47 қалалық, 12 облысішілік, 2 облысаралық, 5 халықаралық маршруттар. Жолаушыларды қалааралық облысішілік тұрақты тасымалдау 12 бағыт бойынша жүзеге асырылады. 2024 жылы мамыр айында Ақтөбе – Шұбарқұдық, маусым айында Ақтөбе-Кенкияк, тамыз айында Ақтөбе – Бадамша бағыттарына автобус қозғалысы ұйымдастырылды. Әлеуметтік маңызы бар 8 облысішілік бағыт бойынша автобус тасымалдарын субсидиялауға 341,1 млн. теңге бөлініп, 331,6 млн. теңге игерілді» - деді Айбек Қайыр.Өңірдің көлік-логистика саласының бір тетігі – темір жол. Басқарма басшысының мәліметінше, 2024 жылы облыста теміржол көлігінің қызметтерін 1749,5 мың адам пайдаланып, темір жол көлігімен 37 млн тоннадан астам жүк тасымалданды. Атап өту керек, өткен жылы «Ақтөбе-Шалқар» әлеуметтік маңызы бар теміржол бағыты ұйымдастырылды. Пойыз 7 вагоннан тұрады. Қатынау жиілігі – аптаның 1,3,5,6,7-күндері. Аталмыш бағыт тасымалдаушысының шығындарын субсидиялау үшін 2024 жылы облыстық бюджеттен 433,2 млн. теңге бөлінген. Бүгінгі таңда бұл пойыздағы билет құны облыстық бюджеттен субсидиялау нәтижесінде осы бағыттағы басқа жолаушылар тасымалдайтын поездарға қарағанда 55%-ға арзан. Бұл – Шалқар және Мұғалжар ауданының тұрғындарына тиімді жағдай жасау үшін жүзеге асырылған жоба.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/923634
Заң және тәртіп: Астанада сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген маңызды өзгерістер талқыланды 24.01.2025
Астанадағы «Соғыстан кейінгі интеграциялық қоғамдастық» қоғамдық қорында Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған «Құқықтық тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында жиын өтті. Қатысушылар ел Президентінің тапсырмаларын жүзеге асырудың негізгі элементі болып саналатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы маңызды заңнамалық бастамаларды талқылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«Соғыстан кейінгі интеграциялық қоғамдастық» қоғамдық қорының бас директоры, отставкадағы полковник Рүстем Жантеновтің айтуынша, Астана қаласы әкімдігімен бірлескен жұмыс аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды жүзеге асыруға арналған жиын өтті.«Қор жұмысқа орналасуға көмектеседі, нетворкинг үшін қоғамдастық орнатады және пайдалы білім береді. Қатысушылар іскерлік білім алады әрі азаматтық ортаға жақсы бейімделу үшін жеке өсуіне жұмыс істейді. Қазіргі таңда қорда 40 пен 65 жас аралығында 500-ден астам адам бар», - деді Рүстем Жантенов.Жиын барысында әділет майоры, «Соғыстан кейінгі интеграциялық қоғамдастық» қоғамдық қорының тең құрылтайшысы және бас директорының орынбасары Ернар Жанахметов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша заң жобасының негізгі бағыттарына тоқталды.«Құқықтық тәртіп» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді жүйесін құруға және азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайтуға бағытталған.«Кездесуде біз заңнамадағы өзгерістерді талқыладық, бұл – өте маңызды тақырып. Мен мұнда бәрін егжей-тегжейлі білу үшін арнайы келдім. Бізге барлық ақпарат берілді, бұл ерекше пайдалы болды. Өзімнің қоятын сұрақтарым болды, оларға жауап алдым, бұл бізге ең өзекті оқиғалардан үнемі хабардар болуға мүмкіндік береді», - деп өз әсерімен бөлісті астаналық Алтынай Байғожина.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/923411
Астанада 3000-ға жуық студент жұмыспен қамтылады 24.01.2025
Астанада «АМАNАТ» партиясының «Әйелдер қанатының» Астана қалалық филиалының ықпалымен елордалық колледждер мен ірі кәсіпорындар келісімге келіп, «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Атап айтсақ, Астана қаласындағы «ASTANA POLYTECHNIC жоғары колледжі», «Технологиялық колледжі», «Техникалық колледжі», «Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі», «Жоғары көлік және коммуникациялар колледжі», «Құрылыс-техникалық колледжі» мен «ЛС Групп», «Paving Stone Company», «Digital System Service», «Бірыңғай Шоғырландыру Орталығы», «DAT KZ», «Мастер кофе» COMMUNITY, «Ақмол холдинг» ЖШС биыл бірге жұмыс істеуді көздеп отыр.Қос тарап студенттерге екі жақты қолдау білдіру мақсатында алдымен студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуін ұйымдастырып, артынша жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.«Жұмысшы мамандықтар» жылында «AMANAT» партиясының ықпалымен атқарылып отырған бұл – алғашқы ірі қадамдардың бірі. Алдағы уақытта партия жұмысын тоқтатпайды. Керісінше, жастарға қолдау білдіру мақсатында әртүрлі бастамаларды іске асыруды көздейміз», - дейді партияның хатшысы Шолпан Каринова.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/923630
«Біртұтас тәрбие»: елордада мектеп оқушыларымен кездесу өтті 24.01.2025
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы жоспарының орындалуына сәйкес «Заң және Тәртіп» айы құндылығы бойынша №8 мектеп-лицейінде мектеп оқушыларымен кездесу өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Жиынға Астана қаласы Байқоңыр АПБ ӘПБ бастығы Д.Абдрахманов, Астана қаласы Байқоңыр АПБ КПБ кибер қылмысына қарсы күрес бөлімінің бастығы полиция майоры Е.Кусетов, ЮПБ инспекторы полиция капитаны К.Зарапов және Байқоңыр ауданы прокурорының өкілі А.Әлімбаев қатысты.Астана қаласы Байқоңыр АПБ КПБ кибер қылмысына қарсы күрес бөлімінің бастығы өз сөзінде кісі өліміне бармай-ақ банктерді тонап, мекемелер қорындағы қаражаттарды қолды ететін қылмыскерлердің пайда болғанын айтып, осындай алаяқтықтан сақ болуға шақырды.Сонымен қатар, жиында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі сағат 22:00-де ойын-сауықтарда отыруы, сондай-ақ түнгі сағат 23:00-ден кейін көшеде жүруге болмайтынын, түнде жүрген кезде бірінші ескерту беріліп, сосын айыппұл салынатындығын, егерде осы аталғандар орындалмаған жағдайда есепке алынатынын айтты.Кездесу соңында «Заң және тәртіп» айына байланысты атқарылған жұмыстармен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/923707
Астанада екінші ауысымдағы оқушылар мен колледждің 1-2 курс студенттері онлайн форматқа ауыстырылды 23.01.2025
Астанада ауа райына байланысты мектеп оқушылар мен колледждің 1-2 курстың студенттері онлайн форматқа көшірілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«2025 жылғы 23 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген Білім басқармасының хабарламасында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/923107
Астанада зейнеткерлер «Қысқы қиял» атты көрме ұйымдастырды 23.01.2025
Астанадағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері қиялдарындағы қыстың әдемі келбетін қағаз бетіне түсіріп қана қоймай, «Қысқы қиял» атты арнайы көрме ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Орталықтың Алматы ауданына қарасты филиалындағы арт-студияда дәріс алып жүрген 30 зейнеткер «Қыс келбеті» тақырыбында өз картиналарын ұсынды.Бүгінде зейнеткерлердің қолымен дайындалған сурет көрмесін орталыққа келуші қызмет алушылар мен қала тұрғындары тамашалауда.Зейнеткерлер «Қысқы қиял» көрмесіне дайындықты үш ай бұрын бастаған. Алғашқы қар түскен уақыттан бастап олар қысты, алғашқы қарды, мұзды, қар үйінділерін, таңғажайып уақытты, табиғаттың сұлу құбылыстарын аңғарып, қағаз бетіне түсіре білген.«Арт-терапияның егде жастағы адамдар үшін пайдасы зор. Сурет арқылы адамның ішкі шығармашылығын іске қосуға, есте сақтау қабілетін, зейінін жақсартуға болады. Біз бейнелеу сабақтарын күн сайын өткіземіз. Студиямызға сурет салуды үйренгісі келетін зейнеткерлер келеді. Олардың арасында зейнет жасында сурет салуды үйренген, белсенді, әрі қабілетті зейнеткерлер де бар. Әсіресе, Мәдени Асатова, Мария Серимова, Салтанат Мырзабаева мен Гауһар Камалиева ынтасын ерекше атап өткім келеді», - деді үйірме жетекшісі Айгүл Қожахметова.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/923408
Астанада бүлдіршіндердің балабақшадан мектепке жылдам бейімделуі бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр 23.01.2025
Астанада мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындауға бағытталған жоба белсенді түрде жүзеге асырылуда. Ол әртүрлі білім беру кезеңіндегі мұғалімдердің өзара қарым-қатынасын жақсартуға және балалардың мектеп өміріне бейімделуіне қолайлы жағдай жасауға ықпал ететін бірнеше бағыттан тұрады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Жоба аясында жақын маңдағы мектептерге балабақшалар қосылған «Білім беру аудандары» құрылады. Бұл білім беру мекемелері арасындағы байланысты нығайтып, балалардың балабақшадан мектепке кедергісіз өтуіне ықпал етеді.Бағдарламаның негізгі элементі жыл сайын жүзеге асырылатын «Педагогикалық SABAQTASTYQ» шағын жобасы болып саналады. Басты мақсат – балаларды мектепке дайындаудың кешенді жүйесін құру, мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш мектептің мақсаттары мен міндеттерінің сәйкестігін қамтамасыз ету.Соның аясында елордада балабақша тәрбиешілері мен бастауыш сынып мұғалімдерінің қатысуымен олардың өзара қарым-қатынасын дамытуға бағытталған семинарлар топтамасы ұйымдастырылды.Осылайша, 20-24 қаңтар аралығында қаладағы барлық балабақшада «Балаларды мектепке тәрбиелеу» атты бірыңғай семинар өтіп жатыр.Іс-шараға мектеп директорының бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасарлары мен алдағы 2025-2026 оқу жылында бірінші сыныпқа қабылдайтын төртінші сынып мұғалімдері қатысуда. Семинар барысында мектеп жасына дейінгі балалар болашақ педагогтармен кездеседі, сонымен қатар олардың балабақшадағы жетістіктері мен дағдылары көрсетеді.Бастауыш сынып мұғалімдері балабақша тәрбиешілерімен балалардың білімдері мен қажеттіліктерін ескере отырып, мектеп өміріне бейімдеудің тиімді әдістерін талқылайды.Мәселен, елордада №37 «Арман» бөбекжай-балабақшасы мен Әлімхан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицей арасында ынтымақтастық нығайып келеді.«Біздің міндетіміз – балабақша мен мектеп біртұтас оқу процесі ретінде жұмыс істейтін жүйе құру. Бұл мақсатқа жету үшін балабақша тәрбиешілері мен бастауыш сынып мұғалімдері арасында тығыз ынтымақтастық орнату маңызды», - деп атап өтті №37 «Арман» балабақшасының меңгерушісі Айгүл Софиева.Шағын жоба аясында бірлескен әдістемелік кеңестер, консультациялар, ашық сабақтар ұйымдастырылып, педагогтар мектепке дейінгі мекемелерде қолданылатын тәрбие мен оқыту әдістерімен танысады.Балаларды балабақшаға дайындау бірнеше негізгі бағытты қамтиды. Бұл танымдық қабілеттерді дамыту, қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, логикалық ойлау мен сөйлеуді дамыту. Балаларды қоршаған әлеммен, табиғатпен, маусымдық өзгерістермен таныстыруға да маңызды көңіл бөлінеді. Сабақтар балаларға 10-ға дейін санауды, негізгі түстер мен пішіндерді ажыратуды, кеңістікте шарлауды және ересектердің қарапайым нұсқауларын орындауды үйренуге көмектеседі.Бағдарламаның тағы бір маңызды элементі – сәуір және мамыр айларында өтетін Бейімделу күндері жобасы. Бұл шара болашақ бірінші сынып оқушыларын сыныптармен, мұғалімдермен және мектептің ішкі құрылымымен таныстырады, бұл стресс деңгейін төмендетуге және оларды мектеп өміріне дайындауға көмектеседі.Сонымен қатар, жаз мезгілінде балабақшаларда балаларды бірінші сыныпқа қосымша дайындауға мүмкіндік беретін «Бөбек мектебі» курстары ұйымдастырылады.Бағдарламаның маңызды бөлігі болашақ бірінші сынып оқушылары үшін оқу жылының соңында өткізілетін экскурсиялар болып саналады. Балалар оқу бөлмелерін, спорт залын, кітапхананы және басқа да мектеп үй-жайларын аралайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/923414
Заң және тәртіп: Астанада түнгі уақытта серуендеген ондаған жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салынды 23.01.2025
Жыл басынан бері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында елорданың алты ауданында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Полиция қызметкерлері аудан әкімдіктерінің, қалалық прокуратураның, білім басқармасының және Астана қаласы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қызметкерлерімен бірлесе отырып, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің қылмыс жасау фактілерін анықтау мақсатында көшелер мен ойын-сауық орындарын тексеруде.Елорданың Сарыарқа ауданында жүргізілген рейд барысында мобильді топ сағат 23:00-ден кейін ересектердің қарауынсыз көшеде жүрген, сондай-ақ кешкі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарын аралаған 17 жасөспірімді анықтады. Олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ата-аналармен және жасөспірімдермен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, ресми ескертулер жасалды. Бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда заңды өкілдерге айыппұл салынуы мүмкін.Есіл ауданында мониторингтік топ қызметкерлерімен 10 рейд жүргізілді, оның барысында ҚР ӘҚБтК 442-бабы бойынша 68 кәмелетке толмаған жасөспірім жауапкершілікке тартылды.Байқоңыр ауданында жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында кәмелетке толмаған 57 жасөспірім анықталып, жергілікті полиция бөлімшелеріне жеткізілді. Бұл балалардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарды жібергені үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 132-бабына сәйкес ойын-сауық мекемелерінің иелері де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Нұра ауданының аумағы бойынша рейдтік іс-шаралар кезінде мынадай құқық бұзушылықтар анықталды: 92 жасөспірім сағат 23.00-ден кейін ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болды, ол үшін 442-бап бойынша ескерту алды; 14 ата-ана 127-бап бойынша жауапкершілікке тартылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салды.Рейд барысында Алматы ауданында мобильді топ кәмелетке толмаған жасөспірімдердің ересектердің еріп жүруінсіз түнгі уақытта болған 6 жағдайын анықтады. Қорытындысы бойынша ата-аналарға хаттама мен әкімшілік айыппұл салынды.Еске салайық, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабына сәйкес, сағат 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде заңды өкілдерінсіз жүруіне немесе олардың кіруіне рұқсат етілмейді, сондай-ақ сағат 23.00-ден 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйлерінен тыс жерде болуына тыйым салынады;Айта кетейік, Астана қаласы прокуратурасының, Құқық қорғау және мемлекеттік органдардың үйлестіруімен, Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерімен және аудандық әкімдіктермен бірлесіп, түнгі уақытта қала көшелерінде және ойын-сауық орындарында кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша рейдтер жалғасуда.«Заң және тәртіп» әңгімесі аясындағы іс-шаралар Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен өткізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/923453
Астанада мектеп оқушылары мен колледждің 1-2-курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылды 23.01.2025
Астанада ауа райына байланысты мектеп оқушылары мен колледждің 1-2-курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«2025 жылғы 24 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген Білім басқармасы таратқан хабарламада.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/923689