Қуқық
Өңірлік туризмді дамыту мәселелері талқыланды 17.01.2025
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен министрліктің кеңейтілген аппараттық кеңесі өтті. Жиынға министрлік өкілдері, өңірлік туризм саласына жауапты басқарма басшылары және ведомствоға бағынысты ұйымдардың жетекшілері қатысты.Кеңесте туризм саласының негізгі көрсеткіштер тыңдалып, отандық туризм саласының даму бағыттары мен өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды.Ербол Мырзабосынов туризм индустриясындағы оң өзгерістерді атап өтіп, ішкі және сыртқы туристік ағынның тұрақты өсіп келе жатқанын жеткізді. Мәселен, былтырғы 9 айдың көрсеткіші бойынша ішкі туристер саны 562 мыңға көбейіп, 6 млн адамға жетті. Шетелдік туристер легі 11,5 млн адамды құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда екі есе көп. Оның ішінде 969 мың шетелдік орналастыру орындарына тоқтаған.«Былтыр Мемлекет басшысы отандық туризмді дамыту мәселесіне арналған арнайы кеңес өткізген болатын. Сол жиында Президент туризмді дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берген еді. Бүгінгі кездесудің негізгі мақсаты – Президент тапсырмаларының орындалу барысын және өңірлік туризмнің мәселесін талқылау», – деді министр.Кеңесте өңірлерде кездесетін өзекті мәселелер көтеріліп, олардың шешу жолдары қарастырылды. Әсіресе, туристік инфрақұрылымды дамыту, жаңа бағыттарды ашу, мемлекеттік қолдау шаралары арқылы кәсіпкерлікті ынталандыру сияқты мәселелерге ерекше назар аударылды.Жиын қорытындысы бойынша еліміздің туристік әлеуетін арттыру, инвестиция тарту және халықаралық нарықтағы Қазақстанның беделін нығайту мақсатында нақты тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/920034
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫН ИНТЕРНАЦИОНАЛДАНДЫРУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТТАРЫНА ЖАСАЛҒАН ҚАДАМ 17.01.2025
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫН ИНТЕРНАЦИОНАЛДАНДЫРУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТТАРЫНА ЖАСАЛҒАН ҚАДАММемлекет басшысы 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында: «Үкімет жоғары білім саласын халықаралық білім беру кеңістігімен ықпалдастырып жатыр. Қазірдің өзінде елімізде шетелдің белгілі 23 жоғары оқу орны жұмыс жүргізе бастады. Оларға мейлінше қолдау көрсету керек. Атап айтқанда, маман даярлауға берілетін мемлекеттік тапсырысты біртіндеп көбейткен жөн», – деп атап өтті.34 шетелдік жоғары оқу орнымен серіктестік келісімдер жасалды. Бүгінгі таңда елімізде Ұлыбритания, Италия, Қытай, Ресей, АҚШ, Франция және Оңтүстік Кореяның 23 серіктес жоғары оқу орындары жұмыс істейді. 2025 жылы тағы 11 келісімді іске асыру қажет.Шетелдік серіктестік жоғары оқу орындарында қазақстандық студенттерге арналған 2 090 грант оқуға мемлекет бөлді.Бүгінгі таңда мыңдаған студент 34 мамандық бойынша білім алады, оның ішінде педагогикалық, инженерлік-техникалық және жасанды интеллект сияқты негізгі бағыттар бар. Бұл мақсаттарға мемлекеттік білім беру гранттары (бірлескен білім беру бағдарламалары және қос диплом бағдарламалары) және мемлекеттің қолдауымен оларға жағдай жасау арқылы инвесторлардың қаражаты бөлінеді.Шетелдік серіктес ЖОО-ларды іріктеу жекелеген салалардағы кадрлық қажеттілікке және өңірлердің сұраныстарына негізделеді.Шетелдік жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық атом өнеркәсібі, «жасыл» сутекті әзірлеу, Қазақстанда баламасы жоқ су қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты аса сұранысқа ие және тапшы мамандықтар бойынша мамандар даярлауға бағытталған.Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті базасында мұнай инженериясы, электр энергетикасы және компьютерлік инженерия бағдарламалары бойынша британдық Heriot Watt университетінің филиалы ашылды.Химия және химиялық технологиялар саласында кадрлар даярлау үшін М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті базасында Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің филиалы ашылды.Педагогикалық кадрларды даярлау мақсатында Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті базасында Гази университетінің (Түркия) филиалы жұмыс істейді.Бейжің тіл және мәдениет университетінің (ҚХР) филиалы Астана халықаралық университеті базасында жұмыс істейді.Квинс университетінің филиалы (Ирландия) Нархоз университеті базасында жұмыс істейді.2025 жылға дейінгі жоғары білім беруді интернационалдандыру стратегиясы шеңберінде шетелдік азаматтарға, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ диаспорасының өкілдеріне арналған стипендиялық бағдарлама іске қосылды.2024-2025 оқу жылында шетелдік азаматтарға арналған стипендиялық бағдарлама бойынша Қазақстанның 37 ЖОО-да 550 білім алушы қабылданды (бакалавриат - 490, магистратура - 50, докторантура - 10). Стипендиялық бағдарлама тегін білім алуды және ай сайынғы стипендияны қамтиды. Қазақстанда білім беру туризмін дамыту«Болашақ» халықаралық стипендиясы 30 жыл бойы жүзеге асырылып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясы техникалық, инженерлік, медициналық және педагогикалық бағыттарға қайта бағытталды.Осы жылдар ішінде стипендия 12 727 қазақстандыққа әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік берді, оның ішінде 55%-ы гуманитарлық, 36%-ы инженерлік-техникалық, 7%-ы медициналық, 2%-ы мәдениет және өнер бағыты бойынша білім алды.Түлектер әлемнің 30-дан астам елінде 400-ден астам жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында оқыды және тағылымдамадан өтті.2024 жылы бағдарлама түлектері 213 мың медициналық ота жасап, 145 мың білім алушы мен студенттерді оқытып, мыңнан астам ғылыми еңбектерін жариялады.2024 жылы ЖОО контингентіндегі шетелдік студенттердің үлесі 15%-ды құрады, әлемнің 23 елінен 97 университеттермен 245 қос диплом бағдарламасы іске асырылды.Шетелдік студенттер саны 93 елден 31 400 адамды құрады, бұл 2023 жылғы 82 елден 26 800 студентке қарағанда 4 600 адамға көп.Қазақстанның жоғары оқу орындарына оқытушылық қызметке 1600-ден астам шетелдік сарапшы тартылды.2024 жылғы білім беру бағдарламаларының нәтижесінде QS World University Rankings 2024 әлемнің үздік университеттерінің халықаралық рейтингіне 21 қазақстандық ЖОО кірді.«Университет пәндерін оқытудың мазмұны мен әдісін айтарлықтай жаңарту қажет. Болашақ мұғалімдер, дәрігерлер, агрономдар, заңгерлер және салалық мамандар жасанды интеллект бойынша базалық білімді міндетті түрде меңгеруі керек», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында еліміздің ғылыми ұйымдары мен ЖОО-на халықаралық дерекқорларға тегін қолжетімділік қамтамасыз етілді.Google компаниясымен бірлесіп еліміздің 15 жоғары оқу орнының 5000 студентіне арналған жасанды интеллект бойынша курстар іске қосылды.Coursera онлайн білім беру платформасы жобасы аясында қазақстандық студенттерге 40 мың лицензия бөлініп, 93 жоғары оқу орнынан 153 мың сертификат берілді.Корея мен Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарымен білім беру және мамандарды бірлесіп даярлау бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үш қазақстандық ЖОО базасында жасанды интеллект мектептері жұмыс істейді:Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Сеул Ұлттық Ғылым және технологиялар университетінің Жасанды интеллект және информатика мектебі ашылды.Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде City University of Hong Kong филиалы ашылды.Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Лу Бань шеберханасының базасында ЖИ бойынша халықаралық зерттеу орталығы және көлікті басқарудың ақылды технологиялар орталығы ашылды. Отандық жоғары оқу орындарында Google, NVIDIA, Huawei, Coursera және басқа да халықаралық технологиялық алпауыттарының тиісті курстары енгізілді.Coursera, Google, Nvidia, «Huawei Technologies Kazakhstan» LLP, 01 Edu System, Binance Kazakhstan-мен меморандумдарға қол қойылды.AstanaHub технопаркі базасында бағдарламада Қазақстанның 47 жоғары оқу орнынан 700 оқытушыны қамтитын ЖИ бағыттары бойынша ЖОО оқытушыларын оқытуға арналған толыққанды курстар іске қосылды.Жасанды интеллект (ЖИ) саласында университетаралық ЖИ стандарты қабылданды, 20 ЖОО-мен 20 білім беру бағдарламасы әзірленді.Қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде 148 миллиард токен негізінде KazLLM тілдік модельді оқыту аяқталды.Модель Nazarbayev University, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы және т.б. командасының қатысуымен әзірленді.Әзірлеуге 117 сарапшы, оның ішінде 40-тан астам ғылым кандидаттары, PhD және зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының магистрлері тартылды.Министрлік Мемлекет басшысына жасанды интеллект, бағдарламалау және стартап акселерациясын оқитын 100 мың студентті қамтитын басым мамандықтар бойынша барлық деңгейдегі студенттер арасында ЖИ саласындағы дағдыларды жан-жақты дамытуға бағытталған AI-Sana ЖИ бойынша пилоттық бағдарламаны ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/919551
Жасанды интеллектіге негізделген «Tilqazyna» қазақ тілін оқыту моделі» жарияланды 17.01.2025
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетіне қарасты «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жасанды интеллектіге негізделген «Tilqazyna қазақ тілін оқыту моделінің» алғашқы нәтижесін жариялады.Модель қазіргі кезде қазақ тілінің лексика, морфология және семантика т.б салаларындағы, оның ішінде, қазақ тілінде мәтінді генерациялау, перифраз жасау, контекстпен жұмыс істеу, ықшамдау, сонымен қатар грамматикалық және пунктуациялық қателерді түзету, фразеологизмдердің мәнін ашу, терминдерді аудару сияқты тапсырмаларды орындай алады. Бұл салалық LLM моделі бүгінде Hugging Face платформасына жүктелді. Яғни, ол барлық қолданушыға қолжетімді. Осы модельді қолдану арқылы жасанды интеллекті көмегімен жүзеге асырылатын көптеген қазақша IT өнімдер дайындауға болады. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында баса айтқанындай, “жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын және цифрлық технологияларды дамытып жатқан елге айналуға” зор мүмкіндіктер береді.Модельді жасау барысында «Тіл-Қазына» орталығы сарапшылары табиғи тілді өңдеу алгоритмдерін қолданып, үлкен көлемдегі деректерді мақсатты түрде өңдеді. Атап айтсақ,сөздерді тексеру мақсатына 684 876 сөзқолданыс (лексикалық бірлік) қолданылды;сөз тіркестерін тексеру жүйесін жетілдіру үшін 20 212 қатар сөз тіркесінің дұрыс және қате нұсқалары қолданылды;пунктуациялық қателерді түзету мақсатында 5 558 мәтін талданды;мәтін құрылымын түзету үшін 3 000 мәтіннің дұрыс/бұрыс нұсқасы әзірленді;сөйлемді ықшамдау функциясы үшін 6 000 сөйлемнің толық және ықшамдалған контент базасы жасалды;перифраз функциясы үшін 14 790 синонимдік қатар жинақталды;жалпы қазақ тілінің 35 ГБ өңделген корпусы қолданылды.Биыл модельге сөйлесу (дауыстық) функциясы қосылып, қолданушылар үшін ыңғайлы интерфейс әзірленеді. Сонымен қатар жоба A1, A2 және B1 деңгейлері бойынша тіл үйретуге қабілетті болса, 2026 жылы B2, C1 деңгейінде оқыта алады.Жобаның соңғы нәтижесі ретінде кез келген тіл үйренушінің деңгейіне сай жеке оқыту бағдарламасын дайындап, үйретуге қабілетті дауыстық көмекші жасалады. Ол IOS және Android жүйелерінде жұмыс істейтін мобильді қосымша түрінде ұсынылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/920165
FWA технологиясы арқылы 100-ден астам ауыл интернетпен қамтамасыз етіледі 17.01.2025
Елімізде сымсыз байланыс технологиясы (FWA) бойынша пилоттық жоба аясында 100-ден астам ауыл интернетпен қамтылады. Бірінші болып Алматы облысындағы Сарыбай би ауылы қосылды.Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев ауылдық елді мекендерді интернетпен қамтудың жаңа әдісінің артықшылықтарын бағалап, Сарыбай би ауылының тұрғындарымен әңгімелесті.Бұған дейін Сарыбай би ауылының тұрғындары ескірген ADSL технологиясы арқылы интернетке қосылып келген еді. Бұл технология жылдамдық пен қосылу сапасының шектеулігімен ерекшеленеді. Желі инфрақұрылымын құрудың жаңа тәсілі деректерді секундына 200-300 Мбит жылдамдықпен беруге, үлкен аумақтарды қамтуға және қолданушылар санының артуына қарамастан тұрақты қосылымды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.105 үй жаңа технологияға қосылып, оның артықшылықтары мен мүмкіндіктерін жоғары бағалады. Қазіргі уақытта тұрғындар белсенді түрде қосылуға өтінім беріп жатыр.«Бұл технологияның ең басты артықшылығы – қымбат оптикалық желіні жүргізудің қажеттілігінсіз тұрақты және жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізу. Бұл – қазақстандық ауылды цифрландырудың жаңа тәсілі, және біз бүгін Сарыбай би мысалында FWA технологиясының 5G негізінде қаншалықты тиімді әрі болашағы бар екенін көрдік. Енді осы ауылдың және басқа да ұқсас елді мекендердің тұрғындары қазіргі заманғы сервистер мен онлайн қызметтерді пайдалану мүмкіндігіне ие болады деп сенемін», – деп мәлімдеді ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.«Қазақтелеком» компаниясы өзінің жаңа «Ауылтелеком» еншілес кәсіпорны арқылы табысты сынақтардың қорытындысы бойынша осы жобаны республикадағы басқа ауылдарда да енгізуді жоспарлап отыр.Жаңа технология 7 ауылға енгізіліп, 200-ден астам үй шаруашылығын қамтыды. 2025 жылы 100-ден астам ауылды қосып, ауылдық елді мекендердегі 10 000-нан астам тұрғынды заманауи интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда.«Біз еншілес ұйымдардың бірінің жұмысын ауылдық жерлерде жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге бағыттадық. Ауылтелеком қазіргі уақытта ең оңтайлы технологияларды анықтап, ауыл тұрғындарына сапалы интернетке қол жеткізу мүмкіндігін ұсыну үшін жұмыс істеуде. Сарыбай би ауылындағы тестілеу көрсеткендей, заманауи сымсыз технологиялар – FWA ауылдық жерлерде интернетке жоғары жылдамдықты қосылу мәселесін тиімді шеше алады», – деді «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин.Цифрлық даму министрімен кездескен бірқатар тұрғындар жаңа байланыс технологиясына қатысты пікірлерін білдірді. Дәстүрлі оптикалық желілерді алыс аймақтарда жүзеге асыру қиын әрі қымбат болған жағдайда, FWA технологиясы минималды инфрақұрылым шығындарымен интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етеді. ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/919709
Телекоммуникациялар туралы ҚР жаңа Заңын әзірлеу бойынша стратегиялық сессия: Қазақстан технологиялық болашақтың негізін қалап жатыр 17.01.2025
17 қаңтарда Astana Hub алаңында «Телекоммуникациялар және деректерді өңдеу туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңын әзірлеуге арналған стратегиялық сессия өтті. Бұл заң цифрлық әлемнің шындығына бейімделу және уақыт талаптарына сай экожүйе құру жолында маңызды қадам болмақ.Сессияны Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) және QazTech қауымдастығы ұйымдастырды. Бір алаңда телекоммуникация саласының жетекші сарапшылары, мемлекеттік органдардың, бизнес пен қоғамдық ұйымдардың өкілдері бас қосты. Кездесудің басты мақсаты — алдағы онжылдықтарда телекоммуникация саласын дамыту жолдарын анықтау болды.Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбектің айтуынша, қолданыстағы заң 20 жыл бойы саланы сенімді түрде қолдап келді, алайда оны жаңарту уақыты келді. Қазақстанға алдағы 20–30 жылда қандай технологиялар мен реттеуші шаралар қажет болатынын анықтап, бизнеске қолайлы жағдай жасап, халыққа көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ету қажет.Заңнамалық өзгерістер байланыс инфрақұрылымын дамытуға, оның қолжетімділігін және сапасын арттыруға бағытталған. Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева атап өтті:«Заң шығарушы ретінде мен бұл процеске қатысып, оны қолдаймын. Өзгерістер сала дамуына, тұтынушылар үшін қолайлы жағдайлар жасауға, операторлар үшін оңтайлы шешімдер ұсынуға бағытталуы тиіс. Сонымен қатар, реттеуші органның тиімділігін қамтамасыз ету маңызды. Бұл – жауапты жұмыс, және мен біздің бірлескен күш-жігеріміз оң нәтиже береді деп сенемін».Бұрын тек телефония мен пошта байланысын реттеген заң енді интернет, Wi-Fi, радиожиіліктер және 5G сияқты жаңа технологияларды ескере отырып қайта қарауды талап етеді.ЦДИАӨМ-нің Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков жұмыс тобы нарық қатысушыларынан түскен ұсыныстарды белсенді түрде талқылағанын атап өтті. Қазіргі уақытта саладағы реттеуді жақсартуға бағытталған заң жобалары әзірленуде. Радиожиіліктерге және 5G мен Wi-Fi сияқты технологияларға ерекше көңіл бөлінуде.Заң жобасында ұғымдық аппаратты өзектендіру, деректер орталықтары үшін критерийлерді жаңарту, интернет трафигімен алмасудың жеке нүктелерін енгізу, геостационарлық емес орбиталарды пайдалану шарттарын жаңарту, телекоммуникация инфрақұрылымын салуға қатысты нормаларды және басқа да түзетулерді қарастыру жоспарлануда.«Біз байланыс инфрақұрылымының трансформацияланып жатқанын көріп отырмыз. Бұрын инфрақұрылым негізінен мыс желілер мен телефон қосылымдарына негізделген классикалық үлгіде болатын. Бүгінгі күні инфрақұрылым конвергентті болып қалыптасты: ол оптикалық-талшықты және сымсыз технологияларға негізделген және телефон байланысы, интернет, Wi-Fi, 5G, бейнебақылау, IoT сияқты қызметтерді қамтамасыз етеді», – деді ол.«Жауапты байланыс операторлары қымбат және резервтелетін инфрақұрылымды салады, ол айтарлықтай капиталды инвестицияларды және өзін-өзі ақтау мерзімін талап етеді. Бұл парадигма аясында ірі және шағын компаниялар жұмыс істейді. Алайда инфрақұрылымға ешқандай инвестиция салмай, жасанды бәсекелестік тудыратын псевдооператорлар да бар, бұл нарыққа зиян келтіреді. Осыған байланысты, мен интернет қызметтерін ұсынуға лицензиялауды қайтаруды ұсындым», — деп пікірін білдірді «Қазақтелеком» АҚ-ның стратегия және сыртқы активтерді басқару жөніндегі бас директоры Нұрлан Мейірманов.Жеке байланыс операторларын қолдау және олардың одан әрі дамуына жағдай жасау мәселесіне ерекше назар аударылды.«Ең маңызды мәселе — жергілікті байланыс операторларын қолдау. Жоғары бәсекелестік жағдайында операторлардың тек аман қалуы ғана емес, сонымен қатар дамуы үшін қолайлы жағдай жасау маңызды. Егер нарықта тек ірі ойыншылар ғана қалатын болса, бұл қызмет көрсету сапасының төмендеуіне және тұтынушылар үшін таңдау мүмкіндігінің шектелуіне әкеледі. Сондықтан жергілікті нарықтарда тиімді жұмыс істей алатын шағын және орта операторларды қолдау қажет.«Заңнама мен реттеудегі барлық өзгерістер нарықты дамытуға, тұтынушылар үшін қызмет сапасын жақсартуға және саланың тұрақты өсуіне жағдай жасауға бағытталуы тиіс. Біз инвесторлармен, сарапшылармен және операторлармен белсенді жұмыс істеп, технологиялық және заңнамалық деңгейде даму қамтамасыз ететін шешімдер әзірлеуіміз қажет», — деді өз сөзінде ҚР Президентінің кеңесшісі Қуанышбек Есекеев.Жаңартылған заң телекоммуникация саласының тиімді дамуының негізіне айналды. Ол бизнес үшін қолайлы жағдай жасап, Қазақстан азаматтары үшін қызметтердің сапасын арттырады.Сарапшылардың, операторлардың және мемлекеттік органдардың бірлескен күш-жігерінің арқасында Қазақстан өңірдегі технологиялық көшбасшы ретіндегі позициясын нығайта береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/920256
«XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ»: талай жүйріктің тұсауын кескен тележоба экранға қайта оралады 17.01.2025
Көпшілік көрерменге танымал оқушылар арасындағы «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойыны телеэкранға жаңа форматта қайта шығады. «Хабар» агенттігі мен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО бірлесіп, мегажобаны қайта жаңғыртуға кірісті. Жоба көктемнен бастап «Хабар» телеарнасының эфирінен көрсетіле бастайды.Аталмыш жоба еліміздің болашақ көшбасшыларын тәрбиелеуге бағытталған жастар қозғалысы. Қазірдің өзінде жүздеген дарынды оқушы шақыруды қабылдап, қызықты интеллектуалдық ойынның қатысушыларына айналды. Әр облыстағы іріктеу кезеңдері 2024 жылдың қазан айында басталып, 2025 жылдың ақпан айына дейін жалғасады. Өңірлерден іріктелген ең үздік бес оқушы республикалық кезеңге қатысуға мүмкіндік алады, ол осы жылдың наурызынан бастап маусым айына дейін өтеді.Жас дарындардың білімдері мен қабілеттерін жалпы бұқараға көрсетуге мүмкіндік беретін телевизиялық жоба «Хабар» Агенттігінің 30 жылдығына орай өткізіліп отыр. Ең үздік үш жеңімпазға еліміздің жоғары оқу орындарында оқуға гранттар табысталады.Қазірдің өзінде Павлодар, Қарағанды, Абай, Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Қызылорда, Атырау және Маңғыстау облыстарынан, сондай-ақ Астана және Шымкент қалаларынан республикалық турға қатысатын үздік бестіктер анықталды. Алматы, Ақтөбе, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында және Алматы қаласында іріктеу кезеңдері қаңтар-ақпан айларында өтеді.«XXI ғасыр көшбасшысы» — жас дарындарға жаңа мүмкіндіктер беретін бірегей алаң. Интеллектуалдық ойын білімді әрі талантты жастарды қоғамға таныстырып қана қоймай, шалғай елді мекендерден шыққан дарынды жасөспірімдер үшін үлкен әлеуметтік лифт болатынына сенім бар.Тележоба алғаш рет 25 жыл бұрын ұсынылған. Осы уақыт ішінде ол отандық телевизиядағы үздік жобалардың бірі ретінде танылды. Бүгінде осы жобаға қатысқан көптеген жастар өз жолдарын тауып, өнер мен мәдениеттен бастап қоғамдық қызмет пен бизнеске дейін түрлі салада кәсіби мамандар ретінде танылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/920115
Пластикалық қалдықтарды түгендеу: Қазақстандағы нәтижелер, мәселелер және ұсыныстар 17.01.2025
Пластикалық қалдықтар қазіргі заманның ең өткір экологиялық мәселелерінің бірі болып табылады. Олар жергілікті экожүйелерге де, тұрақты даму бойынша жаһандық күш-жігерге де әсер етеді. Қазақстан да көптеген елдер сияқты пластикалық қалдықтардың өсуімен байланысты экологиялық қауіпсіздік үшін елеулі қиындықтарға тап болуда.«Қазақстан мен Өзбекстанның шалғай және таулы аймақтарындағы пластикалық қалдықтар» өңірлік жобасы аясында, Базель, Роттердам және Стокгольм конвенциялары (BRS) хатшылығының қолдауымен «Тұрақты даму орталығы» (https://csd-center.org/) жүзеге асырып жатқан бастама шеңберінде, 2013 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңдегі пластикалық қалдықтардың ауқымды түгендеуі жүргізілді. Өзбекстанды да қамтитын бұл жоба Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрлігінің белсенді қатысуымен іске асырылып, қалдықтарды басқару саласында тұрақты шешімдер қалыптастыруға бағытталған.Түгендеу пластикті қолдану көлемдерін, оның салалар бойынша бөлінуін және қалдықтардың пайда болу динамикасын егжей-тегжейлі талдап көрсетті. 2013 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан нарығына шығарылған пластикалық өнімдер көлемі 387 мың тоннадан 855 мың тоннаға дейін өсті, бұл 121,6%-дық өсімді құрайды. Пластиктің негізгі тұтынушылары – орау, құрылыс және көлік салалары. Орау секторы көш бастап тұр, жалпы пластик тұтынудың 23%-дан астамы осы салаға тиесілі, бұл орау материалдарының қысқа қызмет ету мерзімімен байланысты. 2022 жылы орау үшін қолданылған пластик көлемі шамамен 196 мың тоннаны құрады. Құрылыс секторы 19% (167 мың тонна) үлеспен екінші орында, мұнда пластик ұзақ мерзімді материалдар, мысалы, құбырлар мен оқшаулау өндіру үшін қолданылады. Көлік секторы шамамен 17% пластик тұтынады, бұл көлік құралдарын өндірудің артуымен және олардың салмағын азайту үшін пластикалық компоненттерді қолданумен байланысты.Пластик тұтыну көлемінің артуымен қатар, пластикалық қалдықтардың түзілу көлемі де өсуде. 2022 жылы ол 296 мың тоннаға жетіп, 2013 жылмен салыстырғанда екі еседен астам артты. Қалдықтардың негізгі көзі – орау материалдары, олар жалпы көлемнің 66%-ын құрайды. Бұл бір реттік қаптамаларды кеңінен пайдаланумен және қайта өңдеу жүйелерінің тиімсіздігімен байланысты. Құрылыс және көлік сияқты басқа салалар пластик өнімдерінің ұзақ қызмет ету мерзіміне байланысты қалдықтарды аз мөлшерде өндіреді. Қазақстанда кеңінен қолданылатын полимерлер арасында полиэтилен (38%), полипропилен (23%) және полиэтилентерефталат (14%) көш бастап тұр, әрі олар қалдықтардың да негізгі үлесін құрайды.Түгендеу барысында пластикалық қалдықтарды тиімді басқаруды қиындататын бірқатар мәселелер анықталды. Негізгі қиындық – өсіп келе жатқан қалдық көлемін игере алмайтын жеткіліксіз инфрақұрылым. Қалдықтарды бөлек жинау жүйесінің болмауы сұрыптау қуаттарына түсетін жүктемені арттырып, қайта өңделетін шикізат сапасын төмендетеді. Халық арасында экологиялық мәдениеттің төмен деңгейі де мәселені ушықтырады, себебі көптеген азаматтар қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеудің маңыздылығы туралы жеткілікті ақпараттандырылмаған. Сонымен қатар, қайта өңдеу қуаттарының өңірлер бойынша теңсіздігі қалдықтарды тиімді басқару мүмкіндіктерін шектейді, әсіресе шалғай және таулы аймақтарда.Түгендеу нәтижелері негізінде анықталған мәселелерді шешу үшін ұсыныстар әзірленді. Тұрақты түрде түгендеулер өткізу пластикалық қалдықтардың көлемі мен түрлері туралы өзекті деректерді сақтау мен тиімді басқару стратегияларын әзірлеуге мүмкіндік береді. Инфрақұрылымды дамыту, жаңа кәсіпорындар ашу және бар қуаттарды жаңғырту қалдықтар көлемін азайтуға бағытталған маңызды қадам болады. Қалдықтарды бөлек жинау жүйесін енгізу қайта өңдеу сапасын жақсартып, сұрыптау шығындарын азайтады. Кең ауқымды білім беру науқандары халықтың экологиялық мәдениетін көтеруге және азаматтарды қайта өңдеу бастамаларына қатысуға ынталандыруға көмектеседі. Заңнаманы жетілдіру, оның ішінде бір реттік пластиктің қолданылуын шектеу және қайта өңделген материалдарды қолдануды ынталандыру, айналым экономикасына көшу үшін жағдай жасайды.Қазақстандағы пластикалық қалдықтарды түгендеу қалдықтарды басқарудың тұрақты жүйесін құруға маңызды қадам болды. Зерттеу пластикалық қалдықтардың көлемін азайту, қайта өңдеуді арттыру және олардың қоршаған ортаға әсерін азайту бойынша тиімді шараларды әзірлеуге қажетті деректерді ұсынды. Өзбекстандағы ұқсас зерттеу нәтижелерімен бірге жоба пластикалық ластануды шешуде аймақтық ынтымақтастық пен интеграцияланған тәсілдің маңыздылығын атап өтеді. Ұсынылған шараларды жүзеге асыру Қазақстанға Орталық Азияда экологиялық тұрақты қалдықтарды басқару саласындағы көшбасшы ретінде өз орнын нығайтуға және айналым экономикасына көшу процесін қолдауға мүмкіндік береді.2025 жылы пластикалық қалдықтарды түгендеу нәтижелері Базель, Роттердам және Стокгольм конвенцияларының хатшылығының ресми сайтына жүктеледі: https://www.brsmeas.org/ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/919742
"Жайлы мектеп" жобасын және "Таза Қазақстан"экологиялық акциясын іске асыру барысы талқыланды 17.01.2025
Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды төрағалығымен өткен отырыста "жайлы мектеп" ұлттық жобасын және "Таза Қазақстан"республикалық экологиялық акциясын іске асыру мәселелері талқыланды."Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында облыста 12 300 орындық 21 мектеп салу жоспарлануда, оның ішінде 6 900 орындық 10 мектеп 2025 жылы пайдалануға берілуі тиіс. 2023 жылы жайлы мектептердің құрылысына 19,6 млрд теңге бөлінді, олар "Самұрық-Қазына Констракшн"АҚ шотына аударылды. 2024 жылға 21,3 млрд теңгені пайдалану жоспарланған болатын. Қызылорда облысының бюджетінен инфрақұрылымдық жұмыстарды жүргізу және мемлекеттік сараптама жүргізу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға 118,4 млн. теңге бөлінді.Бұдан әрі жергілікті бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 10 мектеп бойынша инфрақұрылымдық жұмыстар аяқталды. Іргелес аумақтарды абаттандыру және жол салу үшін 2 млрд 80 млн теңге бөлінді. Мердігерлер анықталды, жұмыстар жүргізілуде.Өткен жылдың қазан айында облыс республикада алғашқылардың бірі болып Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында 900 орындық мектепті пайдалануға берді. Қаңтар айының басында тағы екі мектеп ашылды. Бүгін Қызылорда қаласында ҚБИ тұрғын ауданында 600 орындық оқу корпусы ашылды. Алдағы күндері Жаңақорған кентіндегі Саяжай тұрғын ауданында 600 орындық мектеп пайдалануға беріледі. Қалған 5 мектептің құрылысы биыл аяқталады.Өңір сондай-ақ "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясын іске асыру бойынша өңірлік жоспар әзірлеп, кешенді жұмыстар жүргізуде. Демеушілік қолдаудың арқасында Қызылорда қаласындағы 28 көппәтерлі үйдің қасбеті заманауи панельдерді пайдалана отырып жаңартылды, сондай-ақ 20 көппәтерлі үйдің аулаларын абаттандыру жүргізілді.Қызылорда қаласының орталық алаңын реконструкциялауға демеушілер облыстық бюджеттен 1 млрд. теңге және 1 млрд. теңге бағыттады. Теміржол вокзалының ғимараты мен перроны күрделі жөндеуден өтті. Балаларға арналған 80 ойын және спорт алаңдары салынды. Жаңақорған ауданының Жаңақорған ауылында демалыс саябағы ашылды, Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылында — "еңбекшілер паркі", Қармақшы ауданының Жаңажол ауылында — орталық алаң, Жалағаш ауданының Таң ауылында — абаттандырылып, көшелер жарықтандырылды.Облыстық бюджеттен көппәтерлі үйлердің 17 ауласын абаттандыруға, 14 спорт және ойын алаңдарын салуға және 7 ойын алаңын жөндеуге қаражат бөлінді. Демеушілердің қолдауымен 63 көппәтерлі үйдің және 2 әлеуметтік нысанның қасбеттері заманауи материалдармен жаңартылуда. Сондай-ақ, ауылдық аудандарда көшелерді абаттандыру, ойын алаңдары мен скверлер салу жұмыстары жүргізілуде.Облыс орталығындағы және басқа да елді мекендердегі барлық ғимараттар, соның ішінде мекемелер, аулалар, ойын алаңдары, аялдамалар мен жарықтандыру бірыңғай сәулет стандарттарына сәйкес келтірілген.Жыл сайын өңірде "Үздік ауыл"байқауы өткізіледі. 2024 жылы осы мақсаттарға 1,5 млрд. теңге бөлінді, жеңімпаз елді мекендерге 48 бірлік арнайы техника берілді. Биыл бұл мақсаттарға 564,4 млн теңге қарастырылып, оған 19 бірлік коммуналдық техника сатып алынады. Өткен жылы коммуналдық кәсіпорындар мен абаттандыру мекемелері 73 техникамен жарақтандырылды, жыл соңына дейін тағы 33 бірлік алу жоспарлануда.Облыс орталығында және барлық аудандарда дәстүрлі түрде "Үздік аула"байқауы өткізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/920009
Білім беру ұйымдарында жайлы орта қалыптастыру барлық білім алушылар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін негізгі фактор – Ғани Бейсембаев Қазақстанда инклюзивті және арнайы білім беруді дамыту туралы 17.01.2025
Оқу-ағарту министрі «Талдау мектебі – Школа аналитики» қоғамдық жобасының қатысушыларымен кездесіп, инклюзивті және арнайы білім беру мәселесін талқылады. Ғани Бейсембаевтың айтуынша, 2024 жылы елімізде ерекше білім беруді қажет ететін балалардың саны 230 мыңнан асты. Барлық білім беру ұйымдарында бірдей инклюзиялық білім берудің қажеттілігі мен маңыздылығын ескере отырып, министрліктің құрылымында алғаш рет Инклюзивті және арнайы білім беру департаменті құрылды.«Өткен жылы ғылыми қауымдастық және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп қыруар жұмыс атқарылды. Инклюзиялық және арнайы білім беру саласындағы барлық нормативтік құжатқа талдау жүргізіліп, нәтижесінде 15 нормативті-құқықтық акт қабылданды. Осыған орай баланың дүниеге келген сәтінен бастап оқу оқып, мамандық алған кезіне дейін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің үш деңгейлі үлгісі енгізілді, қолдау кабинеттері үшін жаңа талаптар бекітілді, ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс үшін жеке бағдарламалар әзірленді, одан бөлек педагог-ассистент, арнайы педагог, жеке көмекші секілді жаңа лауазымдар пайда болды», - деп бөлісті бұл туралы әлеуметтік желідегі өз жазбасында министр. Сондай-ақ министрлікпен Ұлттық үздіксіз инклюзивті білім беру орталығын құру туралы шешім қабылданды. Оның мақсаты педагогтерге әдістемелік сүйемелдеу көрсету, білім берудегі қиындықтарды анықтау және алдын алу бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметін үйлестіру жұмыстарын жүзеге асыру.«Әсіресе, балалардың әлеуметтік бейімделуіне ерекше көңіл бөлінуде. Міне, дәл осы мақсатта Алматы қаласындағы Арнайы және инклюзивті білім беру орталығын трансформациялау қолға алынуда. Маңыздылығына баса назар аударар тағы бір жаңалық — былтырдан бастап техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін квота саны өсті. Онымен қоса «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға кешенді қолдау көрсету туралы» жаңа заң жобасы әзірленуде. Білім беру ұйымдарында жайлы орта қалыптастыру барлық білім алушылар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін негізгі фактор», - деп қорытындылады министр. Естеріңізге сала кетейік, елімізде бүгінгі таңда 500-ге жуық арнайы білім беру ұйымы жұмыс істейді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ел аумағындағы мектептердің 90%-да инклюзивті білім алуға жағдай жасалды, ал балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамту 80%-ға жетті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/919723
Қызылорда облысында жаңадан су қоймасы мен каналдар салынады 17.01.2025
Су ресурстары және ирригация министрлігі Қызылорда облысына жаңадан су қоймасы мен каналдар салуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, 2 су торабы мен 4 гидротехникалық құрылысқа реконструкция жасалады. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов аймақтың су шаруашылығы өкілдерімен кездесті.Ведомство басшысы министрліктің негізгі бағыттар бойынша атқарған жұмысы туралы баяндады. Бүгінгі таңда, Қызылорда облысында жалпы ұзындығы 232 шақырымға жуық 5 каналда суды есепке алудың автоматтандырылған жүйесін орната отырып, су жинау станцияларын реконструкциялау жобасы іске асырылып жатыр. Оған қоса, ұзындығы 2600 шақырымнан асатын 16 магистральдық және шаруашылықаралық арналарды автоматтандыру үшін жобалау- сметалық құжаттама әзірленуде.Облыста су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша да жұмыс жалғасуда. Мәселен, өткен жылы Қызылорда облысының шаруалары су үнемдеу технологияларын енгізудің нәтижесінде 200 млн текше метрге жуық су үнемдеді.«Көршілес елдермен екіжақты және үшжақты келіссөздер мен қабылданған шешімдердің нәтижесінде 2024 жылы Шардара су қоймасына 15 млрд текше метрден астам су келді. Оның 4,8 млрд текше метрі суару кезеңінде, ал 10,3 млрд текше метрі вегетацияаралық кезеңде жиналды. Қаратерең су бекеті арқылы Солтүстік Аралға 2,6 млрд текше метр су жіберілді. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2022 жылы Аралға бар болғаны 816 млн текше метр су жіберілген еді» ,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/919521
Қарағанды елдегі сауда-логистикалық орталыққа айналуда 17.01.2025
Қарағанды облысы онлайн-сату бойынша еліміздегі көшбасшылар үштігінде. Бүгінгі таңда өңірде бірнеше танымал электрондық алаңдар жұмыс істейді, олардың ішіндегі ең ауқымдысы – өткен жылдың қарашасында ашылған Teez маркетплейсі. Қазірдің өзінде оның базасында 350 адам жұмысқа орналастырылды, ал болашақта бүкіл Қазақстан бойынша жұмыс орындарының санын 8 мыңға дейін арттыру жоспарланып отыр.Teez маркетплейсі кәсіпкерлерге заманауи инфрақұрылымдық және логистикалық ресурстарға қол жеткізуге мүмкіндік береді, сатуды ұйымдастыруды және сатып алушылармен өзара іс-қимылды жақсартуға жол ашады. Бұл платформаға Қарағанды облысынан мыңнан астам бизнесмен қосылды.Кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары Абзал Рахымбаев жаңа цифрлік құралдар жергілікті бизнесмендерге ұлттық нарыққа шығуға мүмкіндік беретінін, жәнеде сол кәсіпкерлерді қолдауға баса назар аударылатынын айтады.– Біздің басым міндетіміз – тек реселлерлерді ғана емес, жергілікті өндірушілерді де қосу. Олар үшін бұл тамаша мүмкіндік, – деп атап өтті Абзал Рахымбаев.Электрондық сауданы дамыту логистика, курьерлік қызметтер, қоғамдық тамақтану сияқты аралас салаларға да оң әсер етеді, шағын және орта бизнес үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.Қазір Teez маркетплейсімен бүкіл Қазақстан бойынша 22 мың тауар сатушы ынтымақтастық құрған.– Біздің маркетплейстің ерекшелігі – орталықтандырылған логистикалық тәсілді пайдалану: тауарлар Қарағандыдағы негізгі қоймада жиналады, онда өңделеді және Қазақстан бойынша алушыларға бір күн ішінде жіберіледі, – дейді Teez қойма логистикасы басқармасының басшысы Антон Иванов. – Қарағанды еліміздің орталығында болуының және елордаға жақын орналасуының арқасында тамаша логистикалық инфрақұрылымға ие, бұл елдің кез келген нүктесіне тауарларды тиімді жеткізуге мүмкіндік береді.Осылайша, облыс орталығы еліміздің негізгі сауда-логистикалық хабының біріне айналып келеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/919504
Жамбыл облысының шалғай ауылында спорт кешені пайдалануға берілді 17.01.2025
Қордай ауданына қарасты Қарасай ауылында денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталып, салтанатты түрде ел игілігіне берілді. Заманауи спорт нысанында кәсіби және әуесқой спортшыларға қолайлы жағдай жасалған.Жаңа әлеуметтік нысанның ашылуына аудан әкімі Бегзат Болатбеков, ардагер спортшылар мен ауыл тұрғындары қатысты.- Спорт кешені халыққа қолжетімді болуы тиіс. Нысанның мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, жарыстар мен жаттығулардың ордасына айналдыру - маңызды. Спортшыларға жеңісті, жемісті күндер тілеймін! – деп атап өтті аудан басшысы құттықтау сөзінде.Қарасайлықтардың атынан Құрманғазы Жетігенов сөз алды. - Балаларымыздың спортпен тыңғылықты айналысуына жол ашылғанына қуаныштымыз! Мемлекет қолдауына ауыл ақсақалдарының атынан алғыс білдіреміз! – деді ол.Ғимараттың лентасы қиылған соң қонақтар мекеменің ішін аралап көрді.Екі қабатты кешен 2 негізгі бөлікті қамтиды. Мұнда футбол манежі, спортзалы және ауыр атлетика, бокс, күрес залы бар. Сонымен қатар киім ауыстыратын, жуынатын бөлмелер, жаттықтырушылар мен медицина қызметкеріне кабинет қарастырылған.Айта кетейік, Қордай ауданында 3 спорт мектебі, 2 спорт клубы, 11 спорт кешені бар. Бүгінде аудан тұрғындарының 41 пайызы спортпен тұрақты түрде шұғылданып келедіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/919485
ТҮРКІСТАН ТЕАТРЫНЫҢ ЖАС ӘРТІСІ ЖЫЛДЫҢ АЛҒАШҚЫ ПРЕМЬЕРАСЫН САХНАЛАЙДЫ 17.01.2025
Бұл туралы бүгін Түркістан музыкалық драма театрында өткен баспасөз жиынында баяндалды. Шығармашылық ұжым «Жалдамалы пәтер» спектаклінің тұсауын кесіп, көрермен назарына ұсынғалы отыр.Мұзафар Ғалымжанұлы өзінің тырнақалды туындысы туралы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне тарқатып айтып берді. Театр ашылғалы бері еңбек етіп келе жатқан талантты жас әртіс бүгінде өзін автор әрі режиссер ретінде жаңа қырынан сынамақ. Оның айтуынша алғашқы идея жертөледе пайда болған. Содан соң көптің қолдауымен толықтырылып, жүзеге асырылып отыр.Баспасөз жиынында шығармашылық ұжым көптің сұрақтарына жауап берді. Бүгінде биылғы жылдың алғашқы премьерасына қызу дайындық жүргізілуде. Екі құрамда ойнайтын әртістер дайындық барысындағы қиын да қызықты сәттерімен бөлісті.Қойылымның көтерер тақырыбы да өзекті. Тіршіліктің қамытын киіп, күнделікті күйбеңмен жүрген қаншама жан бәз біреудің босағасында пәтер жалдап күн кешуде. Жалдамалы пәтер жанға сая бола ма? Ал егер ол үйден күтпеген жерден тағдырыңды жолықтырсаң ше? Жұмбақ жағдайда танысқан қыз бен жігіттің арасын өнерге деген құштарлық жақындата ала ма? Музыкалық драма мен комедия жанрларын ұштастырған махаббат хикаясының әрі қарай қалай өрбитінін 18-19 қаңтар күндері қойылымнан тамашалай аласыздар.Басты рөлдерде Қадыржан Төреханов, Аяжан Жұмабек, Досымжан Арқабеков, Аида Серикова, Темірлан Еркінғалиев, Ақ-Сұлтан Әнуарбек, Ұлан Әділбек, Мейіржан Тұрсынов, Ақбала Ыбырайқызы, Болатбек Оспан, Мерей Құдайберген сынды театрдың әртістері ойнайды. Қойылымның композиторы – Ербол Нариманұлы, көркемдік жетекшісі – Мадина Мұратпекова.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/919323
СІЗДІҢ ДАУЫСЫҢЫЗ ҚАУІПСІЗДІК ҮШІН: ТЖМ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ САУАЛНАМА 17.01.2025
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі барлық азаматтарды маңызды сауалнамаға қатысуға шақырады. Мақсаты-ТЖМ жұртшылықпен өзара іс-қимыл деңгейін, сондай-ақ ведомство қызметі туралы ақпараттың қолжетімділігі мен ашықтығын бағалау. Сіздердің жауаптарыңыз бен ұсыныстарыңыз халықпен қарым-қатынасты жақсартуға, ТЖМ жұмысының тиімділігін арттыруға және қауіпсіздік шаралары туралы өзекті ақпаратпен қамтамасыз етуге көмектеседі. Сауалнамадан бірнеше минут ішінде өтуге болады. Алынған барлық деректер тек министрліктің баспасөз қызметінің жұмысын талдау және одан әрі жақсарту үшін пайдаланылатын болады. Сауалнама 2025 жылғы 16-31 қаңтар аралығында ТЖМ ресми сайтында қолжетімді. Сауалнамаға қатысып, өз пікіріңізбен бөлісіңіз! Сіздің белсенділігіңіз біздің жұмысымызды одан да тиімді етуге көмектеседі. Сауалнама сілтемесі: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/survey/2012?lang=kk. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/919235
Жетісу облысында оңалту орталығы ашылды 17.01.2025
Бүгін Жетісу облысында 3 пен 18 жас аралығындағы неврологиялық диагнозы бар балаларды кешенді оңалтуға бағытталған «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды. Бұл шара Мемлекет басшысының мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту бойынша маңызды әлеуметтік міндетті шешуге үкіметтік емес секторды тарту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында жүзеге асырылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Оңалту орталығы Сарқан аудандық ауруханасының ғимаратында ашылды. Бірқатар қоғамдық қордың демеушілігінің арқасында және бюджеттен қаржы бөлініп, орталық аурухана ғимаратының біріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, заман талабына сай жабдықталды. Жаңа нысанда емдік дене шынықтыру кабинеті, шунгит, тұз және интерактивті кабинеттер, сондай-ақ шомылу ванналарын қабылдау бөлмесі бар. «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева айтуынша, орталық Сарқан ауданынан бөлек, жақын маңдағы Ақсу және Алакөл аудандарының тұрғындары да ем алады.– Мемлекет басшысы атап өткендей, оңалту қызметінің сапалы болуы және оның ерекше балалар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету маңызды. Осыған орай ауданда заманауи оңалту орталығының ашылды. Біз мамандарды даярлау мен олардың біліктілігін арттыруға көмектесеміз, – деді Л. Шыңғысбаева.Орталықта невропатолог, реабилитолог, педиатр және терапевт, ортопед, логопед, дефектолог, психолог сияқты білікті мамандар қызмет істейді. Мұнда өзге облыстан келген мамандар да бар.– Жұмысқа Атырау қаласынан арнайы келдім. Оңалту орталығында баланың әлеуметтік бейімделуі мен танымдық саласының дамуы үшін барлық жағдай жасалыпты. Мамандығым бойынша мен реабилитологпын. Өз тарапымнан оңалту сапасын жақсартуға бар күшімді саламын, – деді Әсем Нұрқасымова.Айта кетейік, жоба орталық жүйке жүйесі зақымданған балаларды оңалтуға, оларды әлеуметтік бейімдеуге және ерте мүгедектіктің алдын алуға бағытталған. Бір жылдың ішінде орталық 21 күндік сауықтыру курсын ұсынып, 600 баланы қабылдай алады. Бұл ретте үздіксіз ем алу үшін балалардың 2-3 ай сайын оңалтудан өтуіне мүмкіндік бар. Орталықта ай сайын сал ауруы, шала туылу, даун синдромы, үдемелі бұлшықет дистрофиясы, босану кезіндегі жарақат сияқты диагнозы бар 50 баланы қабылдауға мүмкіндік бар.– Менің балам церебральды сал ауруымен ауырады. Балама оңалту кешенін жүргізу үшін алдымен Талдықорғанға, сосын Алматы мен Астанаға баруға тура келді. Ауырған баланы әр қалаға тасу оңай емес. Оған жан-жақты және тұрақты оңалту қажет. Енді қаламызда заманауи оңалту орталығының ашылуымен жұмыс әлдеқайда жеңілдеді. Басқа қалаға бармаймыз, – дейді қала тұрғыны Майра Тұрсынова.Балаларды оңалту орталығы облыс басшылығы мен қайырымдылық қорлардың бірлескен жұмысының арқасында ашылғанын айта кеткен жөн. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі Фототілші: Қанат БайдрақымовАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/919489
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ЖҮЗЖЫЛДЫҚТАР ҚҰРМЕТКЕ ИЕ БОЛДЫ 17.01.2025
Бүгін Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов Көксайек ауылдық округінің 100 жастан асқан тұрғындарын мерейтойлық туған күндерімен құттықтады.- Сіздің ұрпақтарыңыз Сіздің үмітіңізді ақтап, сіздің мақтанышыңызға айналсын. Сіздерге немерелеріңіз бен шөберелеріңіздің бақытынан ләззат алып, қуаныш пен мағынамен бөлінген жылдарды өткізулеріңізді тілеймін. Сіздің үйіңізде әл — ауқат болсын, ал Сіздің денсаулығыңыз мықты болсын, - деді аудан әкімі.105 жастағы Құралай Оразбаева қаңтардың алғашқы күндерінде дүниеге келді, ал 101 жастағы Пернекүл Бектемірова 15 қаңтарда дүниеге келді. Жастығын еңбек майданына арнаған қарт әйелдер аудан әкіміне құттықтаулары үшін алғыс айтып, баталарын берді.Құралай Оразбаева-3 ұл мен 4 қыз тәрбиелеген көп балалы ана. Оның үлкен ұлы 78 жаста, ал кенжесі 60 жаста. 70 жасқа дейін Сәкен Сейфуллин атындағы колхозда еңбек етті. Бүгінде ол 30 немересінің, 31 шөбересінің және 4 шөбересінің қуанышына бөленеді.Пернекүл Бектемірова-1 ұл мен 2 қыздың анасы. Ол 7 немересін, 27 шөбересін және 5 шөбересін мақтан тұтады. Оның ұлы Есентай Тойбеков 77 жасқа, ал қызы Оразкүл Тастемірова 75 жасқа толды.Айта кету керек, Төлеби ауданында 100 жылдық межеге жеткен және одан өткен 10-ға жуық жүзжылдықтар тұрады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/919015
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті 17.01.2025
Инвестициялық штаб отырысында Негізгі кәсіпорындарды жаңғыртуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және инновациялық өндірістерді дамытуға бағытталған инвестициялар туралы келісімдердің негізгі талаптары қаралып, мақұлданды.«Qarmet» АҚ-мен Инвестициялар туралы келісім мақұлданды. «Qarmet» АҚ. 2024 жылы компания өзінің инвестициялық міндеттемелерін орындау шеңберінде жоғары қайта бөлу кластерлерін құру үшін зауытты жаңғыртуға және инфрақұрылымды дамытуға $1,3 млрд инвестициялады. Бұл ретте, ұзақ мерзімді стратегия шеңберінде кәсіпорын 2028 жылдың соңына дейін инвестициялық жобаларды іске асыруға $3,5 млрд бағыттауды жоспарлап отыр. «Qarmet» АҚ зауытын жаңғырту өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызды қадам болмақ.Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысында «Ultradecor Trading Kazakhstan» ЖШС бағдарланған жоңқа және ламинатталған ағаш-жоңқа тақталарын шығаратын зауыт салу бойынша инвестициялар туралы келісім жасасу мақұлданды. Жобаны іске асыру өңдеу өнеркәсібін дамытудың мультипликативтік әсерін тудырады және экономикаға шамамен 82 млрд теңге инвестиция әкеледі.Сондай-ақ Түркістан облысындағы Өгем өзенінде су электр стансалары каскады бар су құбырын салу жобасы мақұлданды. Жобаға салынған инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 190 млрд теңгені құрайды. Жобаның мақсаты – Түркістан облысының 1 млн-ға жуық тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Жоба сонымен қатар өңірдегі электр энергиясының тапшылығын жабуға, санитарлық-гигиеналық жағдайларды және жергілікті халықтың жалпы өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.Бұл бастамалар заманауи технологияларды енгізуге, жоғары ақы төленетін жұмыс орындарын құруға және ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетінің сенімді дамуын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/919017
ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ 17.01.2025
Кентауда алтын құрсақты аналарға құрмет көрсетілді. Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов ұрпақ санын арттырып, ел демографиясына үлес қосқан ардақты аналарға ізгі тілегін жолдап, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне төсбелгілерін табыстады.«Балаларды тәрбиелеудегі еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Ұл-қыздарыңыз тәуелсіз еліміздің дамуына үлес қосар білімді азамат болуына тілектеспін!» – деді қала басшысы.Айта кетейік, Кентау қаласы бойынша 4491 көпбалалы ана тұрады. Оның 498 – і «Алтын алқа», 1086 – і «Күміс алқа» иегерлері. Батыр аналар – 26 болса, 1-2 дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталған аналар саны – 45 құрайды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/919019
ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ «ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕН» АРҚЫЛЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ 17.01.2025
Сапалы медицинаның қолжетімділігін қамтамасыз ету, қатерлі ісік ауруларының алдын алу мақсатында бейінді мамандар «Жылжымалы медициналық кешен» арқылы Ордабасы ауданына қарасты Шұбар, Бадам, Қараспан, Төрткүл, Бөржар, Көктөбе, Қайнар, Бөген, Жеңіс, Қарақұм ауылдарының тұрғындарына медициналық-профилактикалық тексерістен өткізу жұмысын жүргізуде. Осы жылдың басында Шұбар ауылынан басталған бұл іс-шара қаңтар айының соңына дейін жалғаспақ.Бір ай көлемінде «Жылжымалы медициналық кешен» ауылдарды аралап, білікті жоғарғы санатты дәрігерлер пациенттерді профилактикалық тексерістерден өткізеді. Атап айтқанда, хирург, гинеколог, рентген лаборант, лаборант, стоматолог, окулист, лор дәрігерлері қабылдау жүргізеді.«Жылжымалы медициналық кешен» пациенттерге толық медициналық тексеру жүргізу үшін қажетті барлық заманауи цифрлық зерттеу құрылғыларымен жабдықталған 7 мамандандырылған кабинеттен тұрады. Нақтырақ айтқанда, жалпы қабылдау аймағы, анализдер қабылдау және глюкометр, гематологиялық анализатор жүргізу аймағы, акушер-гинеколог кабинеті, функционалды диагностика кабинеті (ЭКГ), флюрографиялық зерттеулер жүргізетін арнайы қорғаныс сәулелі диагностика бөлмесі бар.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/919022
ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА БЕЛГІЛЕНБЕГЕН ОРЫНДАРҒА ҚОҚЫС ТАСТАҒАНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНУДА 17.01.2025
Кентау қаласында «Таза Қазақстан» шарасы аясында сенбіліктер ұйымдастырылып, тұрғындар арасында тазалық сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Алайда қала көлемінде тұрмыстық қалдықтарды тастауға рұқсат етілмеген жерлерде қоқыстар ретсіз шашылып жатқаны анықталуда.Осы мақсатта жауапты сала мамандары мен қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде аулалардағы белгіленбеген орынға түрлі тұрмыстық қалдықтарды тастап жатқан азаматтар анықталып, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес хаттамалар толтырылып, айыппұл салынды.Тұрмыстық қалдықтарды ортақ пайдаланылатын орындарға, саябақтарға, аула маңына, оның ішінде белгіленбеген орындарға тастаған тұлғалар анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің талаптарына сәйкес хаттамалар толтырылып, айыппұл салынатыны ескертіледі.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/919025