Қуқық
ТҮРКІСТАН: «КЕҢ ДАЛА» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖОБАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖҮРІП ЖАТЫР 17.01.2025
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар тиімділігін көрсетіп келеді. Солардың бірі – «Кең дала» бағдарламасы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, көктемгі егін егу, жиын-терім жұмыстарын ерте қаржыландыру мақсатында қысқа мерзімді жеңілдетілген несие беру қолға алынған-ды.Атап айтқанда, 2024 жылы Түркістан өңірінде 1623 жобаға несие беріліп, бағдарламаны іске асыру үшін 11,4 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ 2110 адам жұмыспен қамтылды.2025 жылы 12,3 млрд теңгені құрайтын 1700-ге жуық жобаны қаржыландырып, 2200-ден астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Жыл басынан бері 2 млрд теңге таратылып, 221 шаруа қожалығы қаржы алып үлгерді. Нәтижесінде 287 жаңа жұмыс орны құрылды.Өңірде аталған жұмыстарды үйлестіру «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-на қарасты «Оңтүстік» АИО» ЖШС және «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-не міндеттелген.Қазіргі таңда жоба қаржыландыру бойынша, құжаттар үздіксіз қабылдануда. Үміткерлер 500 мың теңгеден 300 млн теңгеге дейінгі сомада қаржылай қолдауға ие бола алады. Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5%-ды құрайды. Сондай-ақ, жеңілдікпен өтеу шарттары қарастырылған. Аталған жоба ең алдымен шаруаларға үлкен көмек көрсетуде. Сонымен қатар Түркістан өңіріндегі агроөнеркәсіпті ілгерілетуге мол ықпал жасауда.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/919169
ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ҚҰЛПЫНАЙ ПІСІП ЖАТЫР 17.01.2025
Кентау қаласына қарасты Құсшы ата елді мекеніндегі «Мұхаммед әли» шаруа қожалығы жыл бойына құлпынай өнімін алып отыр. Шаруашылық негізінен құлпынай және таңқурай өсірумен айналысады.Қожалық иесінің айтуынша, құлпынай өніміне тұтынушылар тарапынан сұраныс жоғары.– Алдағы уақытта өнім көлемін ұлғайтуды көздеп отырмыз. Біз егіп жатқан құлпынайдың сұрпы өте өнімді. Әр түптен мол өнім алуды жоспарлап отырмыз. Отбасылық шаруашылық болғасын жұмыс көзі кейде өзімізден артылмайды. Ал өнім көбейген сәтте жалдамалы жұмысшыларды жұмысқа тартамыз, – дейді шаруақожалық иесі.Бүгінгі таңда құлпынайды 21 соттық жерден өндіріп, жылына жобамен 1 тоннадан аса өнім алып отыр. Шаруақожалықта құлпынайдың 6 сорты егіледі. Оның «Азия», «клери», «лохти» түрлері жылына бір өнім береді. Бұлар ашық далада егіліп өндіріледі. Ал «мурана», «анабиал», «альбион» түрлері көпсалалы, яғни жыл бойына жылыжайда өнім береді.Шаруақожалық қажетті көшеттерді Алматы қаласынан алдырып, өзінің егіншілігінде көбейтіп отырады. Келешекте сұранысқа ие жеміс түріннің көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/919304
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 270 МЫҢНАН АСТАМ АДАМҒА ТҰМАУ МЕН ЖРВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕ САЛЫНДЫ 17.01.2025
Түркістан облысында 2024 жылы тұмау мен ЖРВИ-ға қарсы 271 348 дана «Гриппол+» екпесін тұрғындарға егу жұмыстары жүргізілді. Жалпы өңір тұрғындарының 12,9%-на екпе егілген. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткен брифингте облыстық санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бахтыораз Елемесов мәлімдеді.«Түркістан облысы бойынша 2024-2025 жылдардағы эпидемиялық маусымда 9 қаңтарға дейін ЖРВИ-дің 125 804 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 69 142 жағдай, 1 жасқа дейінгі балаларда - 9985, жүкті әйелдерде - 7143 ЖРВИ аурушаңдығы анықталды. Жалпы инфекциялық ауруларға, әсіресе ЖРВИ мен тұмауға қатысты эпидемиологиялық ахуал тұрақсыздығымен сипатталатыны жасырын емес. Аурушаңдық кез-келген уақытта тез көтеріліп, асқыну жағдайы орын алуы ықтимал. Бұған еліміздің алыс-жақын шетелдермен, оңтүстік-шығыс Азия елдерімен саяси-экономикалық, туристік қарым-қатынастың белсенді дамуы өз ықпалын тигізетіні айқын», - дейді спикер.Сондай-ақ, брифингке қатысқан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Бауыржан Сатыбалды қазіргі таңда аймақтағы эпид ахуал туралы баяндады.«Қазіргі таңда облыс бойынша 685 инфекциялық төсек-орын бар, оның ішінде ересектерге арналған - 240, балаларға арналған - 445. Бүгінгі күні инфекциялық төсек-орында жатқан науқас саны – 486, оның ішінде ересектер саны – 199 болса, жүті әйелдер – 66, сондай-ақ 221 бала тіркелген», - деді Бауыржан Нұрланұлы.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/919309
ТҮРКІСТАН: ЖЕРГІЛІКТІ ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ 17.01.2025
Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Сарыағаш және Келес аудандарының шаруаларымен кездесіп, пікір алмасты. Шаруалар көкейдегі мәселелерін ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді.Мәжіліс барысында жеңілдетілген пайызбен несие алу, тыңайтқыш пен жанар-жағармайға өтінім беру барысында кездесетін кедергілер ашық талқыланып, аудан аумағындағы ағын су мәселесі, су арналарының жағдайы жөнінде сұрақтар қойылды.Облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Ермұхан Құралбеков агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін берілетін жеңілдетілген несиелер мен ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдаулар жөнінде баяндап, тәртібін тарқатып айтты.Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев салада атқарылған жұмыстарға тоқталды. 2024 жылы аудандағы «Құлтума», «54-тармақ», «Сифон» каналдары мен Жеміс қойма, Шеңгелді қашыртқыларына аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, жөндеуден өткен. «Тұран-су» МКК арқылы бөліп төлеу негізінде сатып алынған 3 бірлік техниканың көмегімен 172 шақырымды құрайтын 56 су нысаны механикалық тазалаудан өтті. Қазіргі таңда «47-тармақ» каналына қосымша су беру үшін аудандық бюджеттен қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары басталған.Сарыағаш ауданының Құркелес, Көктерек, Тегісшіл және Келес ауданының Біртілек ауылдық округтері аумағындағы коммуналдық меншіктегі «Шошым» каналын, Жібек жолы ауылдық округ аумағындағы коммуналдық меншіктегі «Шаншар-құлақ» каналын күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалау-сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамдан өткізілген.Нұрбол Тұрашбеков көтерілген мәселелер мен ұсыныстардың барлығы заң аясында зерделеніп, соған сәйкес шешім қабылданатынын атап өтті.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/919321
Қазақстан мен Түрікменстан СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы 17.01.2025
Астана, 2025 жылғы 16 қаңтар – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен телефон арқылы сөйлесті.Сұхбат барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты және өңірлік ынтымақтастықты одан әрі дамытудың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылады.Сонымен қатар министрлер ағымдағы жылы биік және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесін қарастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/918973
ҚР СІМ-де Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық әріптестік талқыланды 17.01.2025
Астана, 2025 жылғы 16 Қаңтар-Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Кэти Личпен кездесу өткізді.Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ұлыбритания Премьер-Министрі Кир Стармердің Бакудегі SOR29 алаңындағы кездесуін атап өтіп, 2024 жылғы екі елдің өзара іс-қимылының қорытындыларын талқылады. Тараптар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қою қорытындылары бойынша ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі жоспарларды, сондай-ақ алдағы іс-шаралар кестесін қарады.Тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы, ғылым мен білім беру саласындағы, оның ішінде Ұлыбританияның академиялық институттары мен университеттерін Қазақстанға тарту контекстіндегі серпінді өзара іс-қимылды құптады. Белсенді екіжақты байланыстарды қолдауға және сауда-инвестициялық кооперацияны кеңейту үшін жаңа қолайлы жағдайлар жасауға жалпы қызығушылық білдірілді.Әріптестікті нығайту жөніндегі одан арғы қадамдар аясында әңгімелесушілер қазақ-британ сияқты екіжақты тетіктердің жұмысын жалғастыруға ерекше назар аударды. стратегиялық диалог, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия және т.б. Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сирек жер металдары саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.Кездесу барысында тараптар климаттың өзгеруіне қарсы күрес және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі күш-жігерді қоса алғанда, өңірлік және халықаралық күн тәртібі мәселелері бойынша пікір алмасып, биоәртүрлілікті сақтау және "The Earthshot Prize" сыйлығына ие болған "Алтын Дала"Қазақ экологиялық бастамасының табысты тәжірибесін атап өтті.Анықтама: Ұлыбритания Қазақстанның маңызды сауда және инвестициялық серіктесі болып табылады. 2024 жылғы қаңтар-қарашадағы екіжақты тауар айналымы 800 млн. АҚШ долл. (экспорт – 389 млн., импорт – 411,9 млн.), 2023 жылы - 1,18 млрд. АҚШ доллары (экспорт-702,9 млн, импорт-478,7 млн). Ұлыбританиядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 2005 жылдан бері 17 млрд доллардан асты. Қазақстанда британдық капиталдың қатысуымен 550 кәсіпорын жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/919414
Неліктен Қазақстанды медициналық туризм үшін таңдайды? 17.01.2025
Неліктен Қазақстанды медициналық туризм үшін таңдайды? Сапалы медициналық көмекДиагностика мен емдеудің заманауи технологиялары мен әдістеріДамыған аурухана инфрақұрылымыЖоғары білікті дәрігерлерМедициналық қызметтердің құны шет елдерге қарағанда төмен2024 жылы UMC клиникаларының базасында 2000-нан астам шетелдік пациент емделдіОлар қымбат, жоғары технологиялық медициналық қызметтерді, хирургиялық араласуды, соның ішінде жүрек операцияларын, стоматологиялық көмекті, онкологияны емдеуді және буындарды протездеуді таңдайдыБізге қай жақтан емделуге келеді?Бұл Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Өзбекстан сияқты таяу шет елдерСонымен қатар, Түркия, АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Аустралия елдерінен келедіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/919315
Қазақстанда дарынды балаларға арналған «ABAI ULTTYQ MEKTEBI» алғашқы ұлттық мектебі ашылады 17.01.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматыда «ABAI ULTTYQ MEKTEBI» алғашқы ұлттық мектебінің құрылысы басталды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Жаңа білім ошағы Абай философиясына, оның ішінде «бес асыл» іс идеясына негізделеді. Оқу процесі қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқуға бағытталған. Ол үшін Алматыдағы Абай атындағы мектеп-интернатының әлеуеті толық көлемде қолданылады. «Республикалық дарынды балаларға арналған Абай атындағы арнайы мектеп-интернатын модернизациялау отандық білім саласының дамуына жаңа серпін беріп, өскелең ұрпақ арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға үлес қосады. «ABAI ULTTYQ MEKTEBI» заманауи білім кеңістігінде бәсекеге қабілетті жастар үшін оқу-ағарту орталығына айналуы қажет. Ол Мемлекет басшысының «Адал азамат» тұжырымдамасы мен Абайдың «Толық адам» іліміне сәйкес патриоттардың жаңа буынын қалыптастыруға, мемлекеттік басқарудың қазақстандық элитасын тәрбиелеуге бағытталған. Қазіргі уақытта біртұтас «ABAY-Programme» бағдарламасы әзірленуде, онда қазақ тілін және бірнеше шет тілін тереңдетіп оқуға басымдық берілген», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев. Айта кетейік, жаңа білім ошағының құрылысы былтыр қараша айында басталған еді. Жаңа ғимарат нысаны 900 оқушы орнына арналған. Оның инфрақұрылымында мектеп-пансион, мұғалімдер үйі, кітапхана, спорт кешені, жылыжай аумақтары және тағы басқа құрылыс нысандары қарастырылған. Білім ұйымын 2026 жылы қолданысқа беру жоспарланған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/918886
Астанада Қытайдың көпфункционалды орталығы ашылады 16.01.2025
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Jiangsu Province SOHO Holdings Group Co. вице-президенті Дин Хаймен кездесті. Кездесуде Астана қаласында көп функционалды орталық салу мәселесі талқыланды. Бұл жоба қытайлық және қазақстандық тауарларды ұсынуға, іскерлік келіссөздер жүргізуге және халықаралық әріптестермен келісімшарттар жасауға, сауда келісімдерін жасауға, консалтингтік қызметтер көрсетуге арналмақ. Халықаралық сауда мен бизнесті дамыту үшін маңызды қадам болмақ.Астанада орталық ашу идеясы 2024 жылы Қытайдың Нанкин қаласында «Орталық Азия – Цзянсу» сауда орталығының ашылу тәжірибесіне негізделген. Министр Арман Шаққалиевтің айтуынша, Нанкиндегі сауда орталығы – Орталық Азия елдерінің, соның ішінде Қазақстан компанияларының өкілдері орналасқан бірегей алаң.«Бүгінде бұл алаңда қазақстандық компаниялар өз өнімдерін ұсынуда. Сонымен қатар олар стриминг арқылы тауарларды сату мүмкіндігіне ие болды. Сауда орталығы ашылғаннан бері Douyin электрондық коммерция платформасында нақты уақытта шамамен 600 мың юаньға өнім сатылды», – деп атап өтті министр.Jiangsu Province SOHO Holdings Group Co. вице-президенті Дин Хай жаңа көпфункционалды орталық құрамында сауда павильоны, мәдениет орталығы және Jiangsu SOHO Holdings Group Co. Ltd. компаниясының кеңсесі болатынын айтты. Сонымен қатар 2025 жылдың мамыр айында Астанада Цзянсу провинциясының экспорттық-импорттық көрмесі өтеді деп күтілуде.Сауда министрі Арман Шаққалиев Қазақстан жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде жан-жақты қолдау көрсететінін айтты. Орталықты дамытудағы негізгі серіктес – «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ болады. Министр сондай-ақ көрме өткізу бастамасын қолдап, оны ұйымдастыру үшін қажетті алаңды ұсынуға дайын екенін жеткізді.«Бұл жобаны жүзеге асыру Қазақстан мен Цзянсу провинциясы арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайту үшін маңызды қадам болады. Қытай – Қазақстанның стратегиялық маңызы бар сауда серіктесі, екіжақты тауар айналымы бойынша көш бастап тұр. Мемлекет басшысы Қытаймен өзара сауданы $100 млрд-қа дейін жеткізу міндетін қойды. Бүгінде Цзянсу провинциясымен ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын көріп отырмыз: 11 айда тауар айналымы екі есеге артып, $2,66 млрд-қа жетті, ал қазақстандық экспорт 3,4 есеге өсіп, $1,49 млрд-ты құрады», – деді Арман Шаққалиев.2024 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара сауда көлемі $27,1 млрд-ты құрады. Қазақстаннан Қытайға экспорт 1,6%-ға артып, $13,5 млрд-қа жетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/919425
ҚР АШМ бірыңғай цифрлық платформаға ауыл шаруашылығы техникасын есепке алу жүйесін енгізуде 16.01.2025
ҚР АШМ ЦДИАӨМ және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірге «2.0 ХҚКО» АЖ бірыңғай цифрлық платформасы шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасын есепке алу жүйесін құру жөніндегі жобаны іске қосады.Жоба Премьер-Министрдің ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу рәсімдерін жеңілдетуге, сондай-ақ аграршылар үшін мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталған тапсырмасына сәйкес бастамашылық етті.Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов «2.0 ХҚКО» АЖ-дағы ауыл шаруашылығы техникасын есепке алу жүйесі мемлекеттік қызмет көрсету уақытын қысқартуға, деректерді өңдеу кезінде қателерді барынша азайтуға және ауыл шаруашылығы техникасын есепке алу мен тіркеу үшін бірыңғай цифрлық кеңістік құруға мүмкіндік беретінін атап өтіп, жобаны іске асыру туралы айтты.Машиналарды бастапқы тіркеу жөніндегі функцияның пилоттық іске қосылуы 2024 жылғы тамызда Алматы және Қостанай қалаларында өтті. Жүйенің мүмкіндіктері, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушылар үшін әлеуметтік жеңілдіктерді ескере отырып, электрондық кезек арқылы өтінімдерді қабылдау, орталықтандырылған деректер базасы арқылы құжаттар мен техника туралы деректерді тексеру, цифрлық тіркеу құжаттарын беру бойынша сынақтан өткізілді.2025 жылдың екінші тоқсанынан бастап ауыл шаруашылығы техникасын есепке алу саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер ХҚКО арқылы көрсетілетін болады. Қызметтер тізбесіне техниканы тіркеу және қайта тіркеу, тракторшы-машинист куәліктерін беру, кепілдерді мемлекеттік тіркеу және техникалық байқау жүргізу кіреді.«Қызмет көрсетудің цифрлық форматы Қазақстанның ауыл шаруашылығын жаңғырту мен цифрландыруға жасалған маңызды қадам болып табылады, бұл ұзақ мерзімді перспективада өнімділікті жақсартуға және аграршыларды күнделікті қызметінде қолдауға ықпал ететін болады», - деп түйіндеді вице-министр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/918879
Al Karal жемшөп қоспалары мен тыңайтқыштар шығаратын зауытты іске қосты 16.01.2025
Black Biotechnology биокорпорациясы жылына 6000 тонна Al Karal брендімен жемшөп қоспалары мен тыңайтқыштар шығаратын зауыт іске қосылатынын жариялады.2020 жылдан бастап кәсіпорын мал мен құсқа арналған жемшөп қоспаларын, өсімдіктерге арналған органоминералды тыңайтқыштарды, үй жануарларына арналған биологиялық қоспаларды шығарады.Компания командасына жоғары білікті биологтар, органикалық химиктер, ветеринария және агрономия мамандары кіреді, бұл өнімнің жоғары сапасы мен инновациясын қамтамасыз етеді. Жемшөп қоспалары мен тыңайтқыштарды өндіру үшін олар көптеген зерттеулер мен сараптамалар жүргізеді. Барлық өнімдер компания ғалымдары мен инженерлері әзірлеген бірегей жабдықты пайдалана отырып шығарылады.Бастапқыда барлық өнім Алматыда қуаты айына 90 тоннаға дейін шағын кәсіпорында өндірілді. Алайда, алыс шетелдердің нарықтарына шығу жоспарларын ескере отырып, өндірісті кеңейту туралы шешім қабылданды.Ауданы 3 мың шаршы метр зауыт бір жылда Алматы индустриалды аймағының аумағында салынды. Оның қуаттылығы айына 500 тонна өнімді құрайды.Қазіргі уақытта зауытта заманауи жабдықтар орнатылуда, сондай-ақ экспорт географиясын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.«Al Karal өнімдерінің 40% -ы жақын және алыс шетелдерге экспортталады. 2024 жылы біз Вьетнаммен екі меморандумға, Қытаймен үш меморандумға қол қойдық, сондай-ақ Аргентина мен Бразилиямен уағдаластыққа қол жеткіздік. Біз сондай - ақ Катармен және БАӘ-мен келіссөздер жүргізіп жатырмыз», - деді компанияның негізін қалаушы Әсем Кенжебек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/919124
Қазақстанда жоғары технологиялық дрондар өндірісі жоспарлануда 16.01.2025
Yesil Technology Company компаниясы Алматы облысында жоғары технологиялық дрондар шығаратын кәсіпорын салуды жоспарлап отыр.Жобаны Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «KAZAKH INVEST» АҚ қолдауымен жүзеге асыру көзделген.Бүгін ҚР АШМ өкілдері мен инвесторлар арасында өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойылды.Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуы мен экономиканы әртараптандыруды қолдауға бағытталған жобаның құны шамамен 12 миллион АҚШ долларын құрайды.Өндірілетін дрондар Қазақстанның ішкі нарығына ғана емес, Орталық Азия елдеріне де экспортталатын болады.Өндірістік процеске халықаралық тәжірибесі бар жетекші инженерлер мен қазақстандық мамандар қатысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/919448
3,2 млн балық шабағы Атырау облысындағы Бақсай су арнасында құтқарылды 16.01.2025
Махамбет ауданына қарасты Х.Ерғалиев елді мекені маңындағы Бақсай су арнасында балық шабақтарын құтқару жұмыстары жалғасуда.Су арнасында балық шабақтарының жиналуы 13 қаңтарда анықталған.Жедел мәліметтерге сәйкес, 16 қаңтарда 1,2 миллионға жуық шабақ құтқарылды.Салмағы 5-6 грамм болатын құтқарылған қарабалық пен сазан шабақтары тірі күйінде Жайық өзеніне жеткізілуде.Жалпы, бірнеше күннің ішінде құтқарылған балық шабақтарының саны 3,2 миллионға жетті.Іс-шараларға 40 адам және 7 техника жұмылдырылған.Жағдай ерекше бақылауға алынған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/919451
2024 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 683 мыңнан аса адам қамтылды 16.01.2025
2024 жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 683,7 мың қазақстандық қатысты. 546,9 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 358,8 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты. Субсидияланатын жұмыс орындарына 188,2 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарында 15,5 мың адам, жастар практикасында 33,3 мың адам, қоғамдық жұмыстарда 110 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 9,6 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 420 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 19,2 мың адам жұмыспен қамтылды.Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 57,7 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 52,4 мыңы оқуды аяқтады.Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 60,3 мың адам қамтылды, оның ішінде 37,8 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.Қызмет саласын таңдау мақсатында 214,9 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.Бұдан басқа, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 2024 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына 400 АЕК дейінгі (1 476 800 теңге) мөлшерде 8 941 грант берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/918731
Жайлы мектептерді дамыту бойынша семинарға 1500-ге жуық педагог қатысты 16.01.2025
Елімізде заманауи жайлы мектептер үшін педагогтердің жаңа лебін даярлау жұмыстары жалғасып жатқандығы туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығына сілтеме жасап хабарлайды. «Жайлы мектептің педагогикалық ұжымы: ынтымақтастық, даму және қолдау» тақырыбында өткен бірінші семинар-тренингке Шымкент қаласы, Ақмола, Алматы, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарынан жайлы мектептерде жұмыс жасайтын 1500-ге жуық педагог қатысты. «Оқыту - қолайлы білім беру ортасын құруға және жаңа ұжымдарды қалыптастыру процестерінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін жайлы мектептердегі басшылар мен педагогтер арасындағы тиімді тұлғааралық коммуникацияларды дамытуға бағытталған. Оның аясында педагогтер қазіргі стереотиптерге талдау жүргізді, командалық өзара іс – қимылды оңтайландырудың негізгі бағыттарын анықтады және кәсіби міндеттерді шешуге өздерінің қатысу деңгейін арттырды», - деп атап өтті «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының төрағасы Айдана Шилибекова. Сонымен қатар семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берілді. Мұндай тәжірибе басқа өңірлерде де жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/919106
Ақмола облысының әкімі «KOKSHE» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясында кеңес өткізді 16.01.2025
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «KOKSHE» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында (ӘКК) кеңес өткізді. Бұл корпорация өңір үшін маңызды «Кең дала 2» және «Ауыл Аманаты» бағдарламаларын, сүт-тауар фермаларын салу бойынша инвестициялық жобаларды, «Цифрлық теңге» пилоттық жобасын, тұрғын үй қорын жаңғырту сынды ауқымды бастамаларды іске асырады.«KOKSHE» ӘКК басқарма төрағасының орынбасары Еркебұлан Баяхметов 2024 жылы «Кең дала 2» бағдарламасы аясында 11 млрд теңгеге 35 өтінім мақұлданып қаржыландырылғанын атап өтті. 2025 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына дайындықты бастау үшін жеңілдетілген несиелерге өтінім қабылдау өткен жылдың желтоқсан айынан басталды. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мен «KOKSHE» ӘКК арасында 32 млрд теңгеге негіздемелік келісім жасалды. Фермерлер жеңілдетілген несиелер алып, егіс жұмыстарына дайындалуда.Сонымен қатар, ӘКК төрағасының орынбасары өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру, әлеуметтік маңызы бар тауарлар өндірушілері мен қайта өңдеу кәсіпорындарын форвардтық қаржыландыру, сондай-ақ сүт-тауарлы фермалар құрылысына бағытталған жеті инвестициялық жоба туралы баяндады.Негізгі көрсеткіштер бойынша есептерді тыңдағаннан кейін Марат Ахметжанов мемлекеттік қолдау ретінде жеңілдетілген несиелер мен субсидиялар алған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өнімділік пен сапа бойынша жоғары нәтижелер көрсетуі тиіс екенін атап өтті. Ол тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін аудан әкімдіктерінің аграрийлермен және «KOKSHE» ӘКК-мен үйлесімді жұмыс істеуі қажет екенін ескертті.«KOKSHE» ӘКК өңіріміз үшін маңызды міндеттерді шешуі керек. «Ауыл Аманаты» және «Кең Дала 2» несие беру бағдарламаларына ерекше назар аудару қажет. Бұл несиелеу бағдарламалары өз салаларында ауыл шаруашылығы мен жалпы экономиканың тұрақты дамуының негізі болып табылады. Сондықтан бағдарлама қатысушыларын белсенді ақпараттандыруды қамтамасыз етіп, несиелеуге өтінімдерді жедел беру мен қарау үшін барлық қажетті жағдайларды жасау қажет», – деп атап өтті М. Ахметжанов.Аудан әкімдеріне «Ауыл Аманаты» бағдарламасының әлеуетті қатысушыларын анықтау үшін елді мекендерді скринингтен өткізу және әрбір қарыз алушыны сүйемелдеуді қамтамасыз ету тапсырылды. Бұл бағдарламаны іске асыруға 1,8 млрд теңге бөлініп, 391 жаңа жұмыс орнын құруға жол ашатын кемінде 308 шағын несие беру жоспарлануда.Сонымен қатар, облыс әкіміне Көкшетаудағы тұрғын үй қорын жаңарту туралы баяндалды. Уәлиханов – Гоголь, Саин – Быковский көшелерінің шаршысында алты ескі үй сүріліп, екі көпқабатты үйдің іргетасы құйылып, мұнаралы крандар орнатылды.«Сіздің тапсырмаңыз бойынша бұл бағдарламаны екі кезеңге бөлдік: бірінші кезең – 2025-2027 жылдар, екінші кезең – 2028-2030 жылдар. Нүктелі құрылысқа сәйкес келетін екі кварталды аймақты қарастыруды ұсынамыз. Вернадский 11 мекенжайындағы апатты үй мәселесі ескеріліп отыр. Екінші орын: Абай-Тәшенов-Әуезов-Пушкин көшелерінің шаршысы. Бұл жерде 66 пәтер бар, қазір меншік иелерімен жұмыс жүргізілуде, олар пәтерлерін сатуға дайын», – деп атап өтті ӘКК төрағасының орынбасары Әли Әлиев. Ол тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасы халық арасында жақсы пікірлер туындатып қана қоймай, құрылыс компаниялары арасындағы әлеуетті инвесторларды да тартқанын тілге тиек етті.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов кеңес қорытындысы бойынша аталған жобалар өңір экономикасын айтарлықтай жақсартуға қабілетті екенін атап өтіп, жұмысты белсенді жалғастыруды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/919483
Жетісу облысында жыл соңына дейін орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету деңгейі 92,5%-ға жетеді 16.01.2025
Жетісу облысында 2025 жылдың қорытындысы бойынша орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету деңгейі 92,5% немесе 331 елді мекенге жетеді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметтері бойынша қазіргі кезеңде өңірде 321 ауылды қоса алғанда, 358 елді мекеннің 327-сі немесе 91,3 пайыз орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген.- Өткен жылы сумен жабдықтау жүйелерін салу және қайта жаңарту бойынша 9 жаңа және 13 өтпелі жобаны қоса алғанда, 22 жобаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттерден 7,7 млрд.теңге бөлінді. Нәтижесінде 267 шақырым желі салынды, 14 елді мекенде ауыз судың сапасы жақсарды. Сондай-ақ, Алакөл ауданындағы 2 ауыл орталықтандырылған су жүйесіне қосылды. Бұл ретте 6 елді мекенде жобалар өтпелі болып табылады. Сонымен қатар, Алакөл ауданы Теректі, Қоңыр, Лепсі, Ескелді ауданы Жалғызағаш, Қаратал ауданы Ұмтыл, Кербұлақ ауданы Ақбастау, Тастыөзек, Панфилов ауданы Қырыққұдық, Шолақай, Керімағаш ауылдарында және Көксу ауданы Көксу станциясында, сондай-ақ Талдықорған және Текелі қалаларында 2025 жылға республикалық бюджеттен 14 жобаны іске асыру үшін осы кезеңде 3,4 млрд. теңге қарастырылған. Нәтижесінде 2604 адам тұратын Алакөл, Қаратал, Ақсу, Панфилов аудандарының 4 ауылы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі. 267 шақырым сумен жабдықтау желілері салынып, қайта жаңартылады, - деп мәлімдеді басқарма өкілдері.Жалпы, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Жетісу облысында орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету деңгейі 92,5% немесе 331 елді мекенге жетеді.Айта кетсек, өңірдегі су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 3 935 шақырым. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі Суреттер архивтен алынғанАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/918734
Ақмола облысында Чаглинка өзенінің арнасы тереңдетіліп жатыр 16.01.2025
Ақмола облысында көктемгі су тасқынына дайындық белсенді түрде жүргізілуде, әсіресе су айдындарын тереңдету және тазарту жұмыстарына ерекше назар аударылуда.Зеренді ауданындағы Шағалалы (Чаглинка) өзенінде бірінші шұңқырды қазу жұмыстары аяқталып, топырақ пен құнарлы өсімдік қабаты алынды. Екінші шұңқырды қазу жұмыстары аяқталуға жақын. Жақын күндері мердігер үшінші шұңқырды қазуға кіріседі. Жұмыстарды осы жылдың наурызына дейін аяқтау жоспарлануда.«Qazaq Union» ЖШС директоры Ұлан Қабдиннің айтуынша, көктемгі су тасқыны кезінде құрылыс техникасының кезекшілігі ұйымдастырылады. Жұмыстар екі ауысымда жүргізіліп, шамамен 20 техника жұмылдырылған. Жұмыстардың жалпы орындалу көлемі 75%-ды құрайды.Жұмыстардың барысымен облыс әкімі Марат Ахметжанов танысып, құрылыс сапасы мен қарқынын жоғары бағалады. «Шағалалы өзені облыс орталығына жақын орналасқан. Сондықтан барлық жұмыстар сапалы және уақытында орындалуы тиіс», – деп атап өтті М. Ахметжанов.«Бұл бөгеттер – біздің ауылдық округіміздің ұзақ уақыт шешілмей келе жатқан ең өзекті мәселелерінің бірі. Өңір басшылығының қолдауымен бұл шараның жүзеге асырылып жатқанына қуаныштымын. Бөгет құрылысы мен өзен жағалауын нығайту біз, ауыл тұрғындары үшін оң әсерін тигізеді», – деді Қабыкен Дүйсенов.Айта кетейік, қазіргі уақытта өңірде Жабай, Шағалалы және Колутон өзендерінің жағалауын нығайту және түбін тереңдету, Жібек Жолы ауылында қорғаныс бөгеттерін салу жұмыстары жүргізілуде, бұл су тасқыны суларын тасуын болдырмауға және жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, Шортанды ауданының Дамса ауылында және Жақсы ауданының Чапаевская бөгетінде су өткізу құрылыстарын олардың өткізу қабілетін арттыру және су басу қаупін азайту мақсатында қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Іс-шаралар «Демеу Қазақстан қоры» корпоративтік қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/919481
Ішкі істер министрі елорданың полиция департаментінде кеңес өткізді 16.01.2025
Ішкі істер министрі елорданың полиция департаментінде кеңес өткізді.Ішкі істер министрі Ержан Саденов Астана қаласы полиция департаментінің қызметтері мен бөліністерінің басшыларымен жұмыс кеңесін өткізді. Кеңесте жедел-қызметтік жұмыс нәтижелері қаралып, басым міндеттер айқындалды.Министр Астана – мемлекеттің бас қаласы және визиттік карточкасы ретінде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп мәселелеріне мұқият қарауды талап ететінін атап өтті.– Елорда тұрғындарының саны қазірдің өзінде бір жарым миллионнан асты, ал мегаполис өскен сайын полицияның жауапкершілігі де арта түседі. Заң және тәртіп – сіздердің жұмыстарыңыздың негізі. Тұрғындардың әл-ауқаты сіздердің кәсібиліктеріңіз бен ұйымдастырушылық қабілеттеріңізге байланысты, – деді Ержан Саденов.Кеңес барысында Ішкі істер министрі Астана қаласы ПД мен оның аудандық бөліністері басшыларының есептерін тыңдап, мемлекет басшысы әділдік қағидаттарын енгізу міндетін қойғанын және профилактиканы қызметтің басты бағыты ретінде айқындағанын атап өтті.– «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң қабылдануы жоспарлануда. Профилактика – барлық қызметтердің міндеті. Сіздердің алдарыңызға қылмыстардың алдын алу деңгейіне жету мақсаты қойылды, яғни қылмыстар олардың ойластырылу кезеңінде тоқтатылуы қажет. Бұл үйлесімділікті, бастамашылықты және нақты ұйымдастыруды талап етеді, – деді министр.Кеңес қорытындысы бойынша Ержан Саденов елордалық полицияның жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын қатаң бақылау қажеттігін ерекше атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/918880
ІІМ: Заңсыз көші-қон арналары жойылды 16.01.2025
Ішкі істер министрлігі елге түрлі қылмыстық және террористік элементтердің енуіне жол бермеу мақсатында заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністерімен осындай бірнеше қылмыстық топ ұсталды.Түркістан және Жамбыл облыстарында қолдан жалған құжаттар жасау және оларды бұрмалау арқылы шетелдік азаматтардың заңсыз көші-қонын ұйымдастыруға қатысы бар үш қылмыстық топтың жолы кесілді.Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында шетелдіктерді іргелес мемлекеттің аумағына шекараның қиылысқан жерлері арқылы заңсыз тасымалдауға ниет білдірген қазақстандықтарға қатысты қылмыстық істер тергелуде.Қызылордада ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп, шетелдіктердің Қазақстан аумағында заңсыз болуы үшін жалған анықтамалар дайындау бойынша «делдалдық» қызметтер көрсетумен айналысқан адамдар тобы ұсталды.– Барлық көрсетілген фактілер бойынша 20-дан астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Олардың мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылуы мүмкін. Заңсыз көші-қон арналарын жою жұмыстары жалғасуда, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/918890