Enbekshi QazaQ

Қуқық

Тамшылатып суару және ұңғымаларды бұрғылау: Жамбыл облысында ірі өндіріс ошағы іске қосылды 16.01.2025
Жамбыл облысында «Каз Каспий Гидро Сельхоз Технология» ЖШС тамшылатып суару жүйесін шығаратын өндірісті іске қосты.Өңір басшысы Ербол Қарашөкеев жаңа кәсіпорынды аралап, жұмысымен танысты.Жоба құны - 2,8 млрд. теңге. Мұнда жылына 20 мың гектарға дейінгі алқапты тамшылатып суаруға қажетті жабдықтар өндіріледі. 30 жаңа жұмыс орны құрылды. Өндіріс толық қуатына шыққаннан кейін жұмыс орындарының саны екі есеге артады.Қазіргі уақытта кәсіпорын келесі вегетациялық маусымға толығымен дайын. Фермерлерге 6 000 гектар суару жабдықтары беріледі. Сондай-ақ ұңғымаларды бұрғылауға арналған құрал-жабдықтар да жеткізілді.Ербол Қарашөкеев Мемлекет басшысының жан-жақты қолдауының арқасында елімізде инвесторлардың жұмыс жағдайын жақсарту бойынша жүйелі қадамдар жасалып жатқанын баса айтты.Облыс әкімі өндіріс ошағына қажетті қолдау көрсетілетінін, сондай-ақ шаруалар үшін дұрыс баға мен сапа арақатынасының маңыздылығын атап өтті. Суды үнемдейтін суару технологияларын енгізу су шығынын азайтып, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттырады.Бұдан бөлек, жергілікті тұрғындарды жұмысқа тарту мәселесіне де назар аударды.Облыста суармалы жердің көлемі 181,8 мың гектарды құрайды. Оның 127,3 мың гектары немесе 70,9 пайызы жерүсті әдісімен суарылады. Ал 28,5 мың гектар алқапқа жаңбырлатып суару, 11,5 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі пайдаланылады.2024 жылы 15,2 мың гектар алқапқа су үнемдеу технологиялары орналастырылған. Биыл 10 мың гектарға енгізіліп, облыс аумағындағы жалпы көрсеткіш 64,5 мың гектарға дейін жетеді деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/919434
Құқықтық оқу 16.01.2025
2025 жылғы 16 қаңтарда облыс әкімі аппаратында облыстық басқармалардың қызметшілерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы әкімшілік заңнамасын бұзғаны үшін азаматтардың жауапкершілігін арттыру туралы және «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған жол картасы мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті.Шақырылған спикер Қ. Кеншимбаев - полиция майоры, Қостанай облысы Полиция департаментінің әкімшілік тәжірибе бөлімінің бастығы Қазақстан Республикасы әкімшілік заңнамасына енгізілген өзгерістер, соның ішінде жазаны күшейту және айыппұлдар мөлшерін арттыру туралы баяндады.Президент, көлік құралдарының жеке түрлері, соның ішінде мопед, электромобильдермен жүруді ұйымдастыру саласында туындайтын мәселелерді құқықтық реттеуді қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды. Электромобильдер туралы Заң қабылды, зардап шеккендер болмаса және ұсақ ЖКО (ДТП) «Европротокол» мобильдік қосымша арқылы рәсімделген жағдайда жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігі болмайды.2024 жылғы 4 желтоқсаннан бастап халықаралық және республикалық манызы бар трассаларда «орташа жылдамдылықты» асырғаны үшін жауапкершілік енгізілді.Қостанай облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Сюндиков ҚР мемлекеттік қызметін дамыту жөніндегі 2024-2029 ж. арналған тұжырымдамасына сәйкес «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған жол картасы туралы ақпарат берді.Жол картасы мемлекетік қызметте кәсібилік пен патриотизмді көздейді. Күтілетін нәтижелер:Мемлекеттік қызметшілердің жұмысына халықтың қанағаттанушылығын арттыру;Әдептілік құқық бұзушылықтардың үлесін төмендету;Мемлекеттік қызметшілердің материалдық емес аспектілерді қоса алғанда, мотивациялық жүйеге қанағаттанушылықты арттыру;Мектеп және университет деңгейін қамтитын ерте кәсіптік бағдарлау институтын құру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/919269
Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды 16.01.2025
Ақмола облысы әкімінің өкімімен Нұрбек Бақтыбайұлы Бадырақов Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды.Нұрбек Бадырақов 1988 жылы 11 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін және Қазақстан халықтар достығы университетін бітірген.Еңбек жолын 2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасында статист болып бастаған. 2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және жаңа технологияларды енгізу бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеді.2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының егіншілік және су шаруашылығы бөлімінің басшысы, 2013-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.2016-2017 жылдары «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымдарының қызметін талдау және дамыту департаментінде бас менеджер, ҚР Парламенті Мәжілісінде депутат көмекшісі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы, Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы болып еңбек етті.2018 жылдың шілдесінен 2022 жылдың шілдесіне дейін Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2022-2023 жылдары Ордабасы ауданының әкімі болды.Тағайындалғанға дейін Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/919131
2024 жылы Қазақстан мен Қытай арасында теміржол көлігімен тасымалданған жүк көлемі 32 миллион тоннадан асып, тарихи көрсеткішті көрсетті 16.01.2025
Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті хабарлады.Сонымен қатар, Қазақстанның экспорт көлемі 1 миллион тоннаға артып, 13,7 миллион тоннаны құрады. Негізгі экспортталған жүктердің қатарында темір және түсті металл кендері, қара және түсті металдар, астық өнімдері бар.Импорт 5%-ға өсті, ал Қазақстан арқылы транзиттік тасымал 19%-ға артып, 15,3 миллион тоннаны құрады.Контейнерлік транзит көлемі Еуропа бағытында 43%-ға өсті.Айта кетейік, өсімнің маңызды факторы ретінде Сиань Халықаралық құрғақ портындағы қазақстандық терминалдың ашылуы әсер етті.2024 жылы осы терминал мен Ақтау порты арқылы 300-ден астам контейнерлік пойыз өтті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 30 есе көп.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/919297
ҚР ЭЫДҰ өкілдері Каспий теңізінің экожүйесін қалпына келтіруге бағытталған жобаны талқылау шеңберінде Дүниежүзілік банк және UNOPS өкілдерімен онлайн-кездесуге қатысты 16.01.2025
2025 жылғы 15 Қаңтарда онлайн форматта "Каспий теңізінің экожүйесін қалпына келтіру: ластануды басқару және биологиялық әртүрлілікті сақтау саласындағы әлеуетті құру" жобасының ұлттық құрамдас бөліктерін бекіту үшін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Дүниежүзілік банктің және БҰҰ жобаларға қызмет көрсету басқармасының (UNOPS) өкілдері арасында кездесу өтті ("Blueing the Caspian Sea: Building Capacities for Pollution Management and Biodiversity Conservation"), Жаһандық Экологиялық Қордың гранттық қаражаты есебінен қаржыландырылады.Кездесуге Қазақстан Тарапынан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің, "Қазгидромет" РМК және су ресурстарын бағалау халықаралық орталығының қызметкерлері қатысты.Кездесу барысында қатысушылар жобаның күтілетін нәтижелерін бағалаудың ұлттық компоненттерін, индикаторлары мен әдістерін егжей-тегжейлі талқылады. Қазақстандық тарап Каспий теңізінің экологиялық және гидрологиялық мониторингі жүйесін жетілдірудің, Каспий маңы елдері арасындағы ғылыми-зерттеу қызметін дамытудың, сондай-ақ Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүргізудің маңыздылығын атап өтті.Бұл жобаны Каспий маңы елдерінде (Әзірбайжан, Қазақстан, Түрікменстан) жалпы бюджеті шамамен 12 млн. АҚШ. Жоба ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында іске қосылады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/919168
ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ- МАҢЫЗДЫ 16.01.2025
Шымкент университетінде құқықтық сауаттылықты арттыру және жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Заңды білу – заман талабы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Шараға Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Заңғарбек Усупахметов, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Марат Спатаев, Қаратау ауданы прокурорының орынбасары Ерлан Сәдібеков, Шымкент қаласы Қаратау ауданы прокуратурасының прокуроры Дінислам Әлжан, Шымкент қаласы экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы Дәурен Тұрғынбай, және Шымкент университетінің ректоры Нұрлыбек Сейтқұлов қатысты.Дөңгелек үстел барысында спикерлер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырудың маңыздылығына ерекше назар аударып, олардың қоғамдағы рөлін айқындауға бағытталған пікірлерімен бөлісті. -Құқықтық сауаттылық – әрбір азаматтың өз құқықтарын қорғауы мен міндеттерін орындауы үшін қажет маңызды құрал. Біздің қоғамда жастардың құқықтық білімін жетілдіру арқылы ғана құқық бұзушылықтардың алдын алуға болады. Құқық бұзушылықтардың басым бөлігі құқықтық сауаттың төмендігімен байланысты. Сондықтан жастарды ерте жастан заңға құрметпен қарауға және заңды дұрыс түсінуге үйретуіміз керек, – деп атап өткен Дәурен Тұрғынбай, жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың статистикасына тоқталды.Сонымен қатар, кездесу барысында мамандар жастарға зиянды заттардың қауіптілігі, жаңа психоактивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды мәліметтер беріп, одан аулақ болып, жеңіл ақша табудың құрбандарынан, сондай-ақ интернет алаяқтық, микрокредит сияқты заңсыз істерден мысалдар келтірді.Шара барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқықтық кеңес алды. Сонымен қатар, жастар арасындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жолдары, заңнамалық өзгерістер мен жаңа бастамалар талқыланды.Дөңгелек үстел соңында қатысушылар қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру үшін жастардың белсенділігі мен саналы азаматтық ұстанымының маңыздылығын атап өтіп, құқықтық білім беру жұмыстарын жалғастыру қажет екенін айтты.Мамандар алдағы уақытта да ауқымды шараларды ұйымдастырып, студенттердің заңды білуге деген қызығушылығы арттыруға, олардың қоғамдағы рөлін айқындалуына өз үлестерін қосуға ниетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/919408
Қызылорда қаласында «Жайлы мектеп» ашылды 16.01.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы 600 орындық мектептің ашылу рәсіміне қатысты. Білім ошағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынған.Оған облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, қоғамдық кеңес төрағасы Әріп Хожбанов, зиялы қауым өкілдері мен жауапты сала басшылары және қала тұрғындары қатысты.Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты еңселі де сәулетті мектептің ашылуымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.«Президентіміз «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды» деген болатын.Жаңа мектептердің ашылуы – бұл жай ғанағимараттардың салынуы емес, жаңа дәуірде білім алатын оқушыларға жаңа мүмкіндіктер сыйлау. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде 6 900 орынға арналған 10 мектеп салу жоспарланып, оның алғашқы 900 оқушыға арналған мектебін өткен жылдыңқазан айында сол жағалаудан табыстадық.Осы айдың басында Жаңақорған ауданының Жаңарық ауылында және Арал қаласында 300 орындық 2 жайлы мектеп ашылды. Бұл арқылы Жаңарық ауылындағы бейімделген ғимаратта орналасқан, Арал қаласындағы үш ауысымды оқытуға көшуі мүмкін мектептердегі орын тапшылығы мәселесі шешімін тапты.Бүгін міне, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының үйлестіруімен жүзеге асқан, құны 4 млрд 732 млн теңге болатын 600 орындық «Жайлы мектепті» шәкірттер мен ұстаздаригілігіне береміз. Жаңа нысанды салу арқылыбейімделген ғимаратта орналасқан Әбу Құдабаев атындағы №197 орта мектептің мәселесін шештік. Құрылыс басталғалы бері балаларымызға қала ішіндегі басқа мектепте оқуына тура келді. Ұрпақ игілігіне бағытталғанортақ істе түсіністік танытқан барша ата-аналарға алғысымызды білдіреміз. Жасампаз істердің жаршысы болатын жеткіншектерімізенді қолайлы әрі қауіпсіз, заманауи жабдықталған, кең де жайлы мектепте білім алатын болады. Бүгін табысталған жаңа білім ғимаратынан алдыңғы буынның ізгі жолын жалғаған білімді, талантты шәкірттер шығатынына сеніміміз мол. Санасы сергек, ойы ұшқыр, бәсекеге қабілетті оқушыларымыз көп болғай», – деді аймақ басшысы.Салтанатты іс- шарада білім саласының ардагері, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Қызылорда қаласының Құрметті азаматы Алтынсары Шүренов жиылған жұртшылықты құттықтады. Еңбек ардагері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Қорғанбек Қайроллаұлы батасын берді. Сондай-ақ, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар мен құрылыс мекемесінің мамандары марапатталды.Айта кетейік, 2024 жылы білім саласына бөлінген қаржы 264 млрд теңгеге, алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,3 пайызға ұлғайды. Саланың биылғы бюджеті 308 млрд 134 млн теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,9 пайызға арттық.Былтыр аймақта 6 мектеп, 5 мектепке қосымша ғимарат салынып, іске қосылды.Нәтижесінде Арал ауданы Тоқабай ауылындағы №248, Шиелі кентіндегі №252 және Жансейіт ауылындағы №133 апатты мектептердің мәселесі шешілді.«ҚазГермұнай» компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі «Оқушылар сарайы»,Жаңақорған ауданында «Оқушылар үйі» мен «Өнер мектебі» ел игілігіне табысталды.Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын шыңдау мақсатында облыс орталығынан «Шығармашылық академиясы», дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты, «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен музыкалық колледждің жаңа ғимараты бой көтеруде. Жыл ішінде Шиелі ауданында да «Оқушылар үйі»мен «Өнер мектебі» жұмысын бастайды.Биыл «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен Арал ауданының Жалаңаш ауылынан 150 орындық мектеп салынады.Былтыр 8 мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді. Мемлекет басшысының 1300 мектепті күрделі жөндеу тапсырмасына сәйкес 3 жыл ішінде облыстағы 51 мектеп, биыл соның 9-ы күрделі жөндеуден өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/919423
АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ: 280-НЕН АСА ӨТІНІШ ҚАРАЛДЫ 16.01.2025
Шымкент қаласының әкімдігінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өтті. Қала әкімі мен басқарма басшылары 280-нен астам тұрғынның өтініштері мен ұсыныстарын қарастырды.Қабылдау барысында негізінен, тұрғын үй, жер, денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек, сондай-ақ қаланы абаттандыру, жол жөндеу және күтіп ұстау мәселелері пысықталды. Мегаполистің дамуын қолдайтын белсенді азаматтар жайлы ортаны дамыту бағытындағы бастамаларын да ортаға салды.Сала басшыларына азаматтардың барлық өтінішін заң аясында қарастырып, оңтайлы шешім шығару бойынша мерзім бекітілді.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/919413
Мүгедектігі бар қазақстандықтар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өткен жылы 1,1 миллионнан астам тапсырыс берген 16.01.2025
2024 жылы Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 1,1 млн-нан астам тапсырысы орындалды, оның ішінде: оңалтудың техникалық құралдарына (ОТҚ) шамамен 974,6 мың, ымдау тілі қызметтеріне 8,8 мың, жеке көмекшінің қызметтеріне 27,1 мың, шипажай-курорттық емдеу қызметтеріне 99,9 мың тапсырыс.Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.Қазіргі уақытта Порталда 856 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуші (бөлімшелер), 845 ОТҚ жеткізуші, 31 мыңнан астам жеке көмекші, 763 ымдау тілі және 116 шипажай-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.Порталды пайдалану бойынша консультацияларды қолдау байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы хабарласып, алуға болады.Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/918664
Қарағанды облысының қобызшысы Қытайдағы халықаралық байқауда бірінші орынға ие болды 16.01.2025
Бұқар жырау ауданы Ботақара кентінен шыққан қобызшы Шахназе Ілиясова Санья қаласында (Қытай) өткен "жасыл айдаһар" байқау-фестивалінің жеңімпазы атанды. Ол Батырхан Шөкеновтің "Отан-Ана" композициясын өз түсіндірмесінде орындады.Байқау жеңімпаздары бірнеше номинациялар бойынша таңдалды: Ұлттық аспаптарда ойнау, вокал, хореография, хор, театр шеберлігі, дизайн және бейнелеу өнері.Шахназе Ілиясова "Ұлттық аспаптарда ойнау" номинациясында бірінші болды. Ол прима-қобызда ойнайды. - Байқауда мен жеке өнер көрсеттім. Батырхан Шөкеновтің "Отан-Ана" композициясын ойнады, бірақ өзіндік өңдеуінде түпнұсқадан өзгеше болды. Мен бірінші орынды аламын деп күткен жоқпын, бұл Мен үшін үлкен тосын сый болды. Осы жеңістің арқасында мен қазір "жасыл айдаһар"фестивалімен бірдей ұйымдастырушылар өткізетін кез келген халықаралық байқауға тегін қатысуға құқығым бар. Олардың келесі байқаулары, мысалы, Испания мен Венгрияда болады, бірақ мен қайсысына баратынымды әлі шешкен жоқпын, – деді Шахназе Ильясова.Қазір ол Ботақардағы "Рухани" қосымша білім беру орталығында қобызда ойын үйретуде. Оннан астам бала ұлттық аспапқа ие болуды үйренеді.Шахназе Ілиясованың "Жасыл айдаһардағы" жеңісі жалғыз емес. Өткен жылы ол golden time Talent халықаралық онлайн байқауында бірінші орынға ие болды, сонымен қатар жаһандық таланттар конфедерациясының Гауһар одақтастарының тізіміне енді. Оның есебінде облыстық және республикалық конкурстарда көптеген жеңістер бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/918707
Қарағанды облысында тұратын әйелдерді онкологтардан тегін кеңес алуға шақырады 16.01.2025
№ 3 көпбейінді аурухана – онкологияда 18 қаңтарда жатыр мойны обырының ерте диагностикасы мен алдын алуына арналған ашық есік күні өтеді.Облыста тұратын әйелдерді онкологтардан кеңес алуға шақырады. Қабылдау сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін кезек күту тәртібімен жүргізіледі. Сондай-ақ, тұрғылықты жері бойынша терапевтің жолдамасымен келуге болады.Ашық есік күні жатыр мойны обыры туралы хабардар болу айлығы аясында өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/918755
Қарқаралы ауданында жабағы жарыс өтті 16.01.2025
Қарқаралы ауданының Қоянды және Ақшоқы ауылдарының он үш жас тұрғыны жарысқа қатысты. Олардың бәрі жабағыларын мініске үйретіп, өздері жаратқан.Жарысқа 1975 жылы Қоянды ауылының жалпы білім беретін мектебінің түлектері демеушілік етті.– Түлектеріміз бұл жарыстарды жастарымыздың ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылығын арттыру үшін ұйымдастырды. Қазіргі заманғы балалар көптеген қолжетімді ойын-сауықтардың, технологиялардың арқасында дәстүрден алшақтап кетті. Біз бұлай болғанын қаламаймыз. Өткен жарыстар қатысушыларға да, қонақтарға да ұнады. Менің ойымша, жасөспірімдердің ат жарысымен айналысуға деген ықыласы арта түседі, – дейді Қоянды ауылының спорт нұсқаушысы Нұрлыбек Қалиев.Жарыс қорытындысы бойынша Шыңғыс Рымхан мен оның Көгершін атты жабағысы бірінші орынға ие болды. Шыңғыс дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.Екінші орынды Ернар Қуанышбек пен оны Мустанг атты жабағысы иеленді. Ернарға қолдан жасалған қамшы сыйға тартылды.Үздік үштікті Айдос Исмаил мен Тайбурыл тұйықтады. Үшінші орын үшін Айдосқа жылқы сулығы табыс етілді.Қалған қатысушылар да құр қол қайтпады.Ауыл әкімшілігі мен меценаттар алдағы уақытта да осындай жарыстар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Келесі жарыс ақпан айының ортасына жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/919053
Ермағанбет Бөлекпаев: "Сіздерге үмітіміз зор! Жұмыс қолдары жетіспейді" 16.01.2025
Қарағанды облысы жұмысшы мамандарды даярлау орталығына айналуға ұмтылуда. Өңірде тірек орындарын айқындай отырып, колледждерді кластерлеу басталды. Сұранысқа ие мамандықтарды даярлау үшін білім мен өндіріс арасындағы байланыс нығайтылады.Аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев жетекші колледждердің басшыларымен кездесу барысында жұмысшы мамандықтардың имиджін арттыру, кадрлар даярлауды жетілдіру үшін не қажет екенін талқылады.– Мемлекет басшысы биылғы жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Біз үшін бұл өте маңызды – индустриялық өңір, жаңа өндірістер ашылып, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Сіздерге үмітіміз зор! Жұмысшылар жетіспейді. Жергілікті мектеп түлектерін оқыту ғана емес, колледждерге басқа облыстардан оқуға келушілердің санын арттыру міндеті тұр, – деді облыс әкімі. – Біз бұл үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайынбыз. Егер біз тірек колледждерді таңдасақ, оларды толық жарақтандыру керек. Содан кейін оқытудың сапасы мен жұмысқа орналастыруды талап ету керек.Облыста 52 колледж 126 мамандық бойынша жұмысшы кадрлар даярлайды. Кадрларды бiрлесiп даярлауға 300-ден астам орта және iрi кәсiпорындар қатысады.«Жас маман» жобасы бойынша колледждер базасында заманауи жабдықтармен жабдықталған 14 құзыреттілік орталығы жұмыс істейді. Биыл су шаруашылықтары бойынша Теміртау жоғары политехникалық колледжінде, өрт сөндіру-құтқару пәндері мен парамедицина бойынша Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде екі жаңа мектеп ашу жоспарлануда.Кездесуде материалдық-техникалық базаға, дуальды оқытуды дамытуға, жатақханалардың жетіспеушілігіне қатысты проблемалық мәселелер де көтерілді.Колледж басшылары алдағы жоспарлар мен әлеует туралы айтып берді.– Атауға сүйене отырып, кейбіреулер біз ауыл шаруашылығы үшін мамандар дайындаймыз деп ойлайды. Бірақ олай емес. Бұл сала бойынша бізде бір ғана мамандық бар: механизаторлар, сондай-ақ дәнекерлеушілер, механиктер, аспаздарды оқытамыз. Пришахтинскіде орналасқанбыз, негізінен жергілікті балалар оқиды, – дейді Қарағанды агротехникалық колледжінің директоры Мүбарак Хасенов. – Кәсіби бағдар беру жұмыстарын қайда дүниеге келсем, сол жерде керек болғаным қағидасымен жүргіземіз. Біз жергілікті өндіріске талдау жасадық, Пришахтинскіде қызмет көрсететін кәсіпорындар көп екенін байқадық. Олармен байланыс орната бастадық, келісімшарт жасаймыз.Саранда оқушылар үшін дәнекерлеу ісі бойынша бейінді сыныптар ашылмақ. Бұдан басқа, индустриялық аймақтың дамуымен бұрын ешқашан дайындалмаған мамандар қажет болды.– Жаңа кәсіпорындар салынуда. Біз де заман талабына сай жаңа мамандықтар ашуға тырысамыз. Saran индустриалды аймағының кәсіпорындарымен тығыз байланыста жұмыс істейміз. «Полимерлік өндіріс технологиясы», «Тоңазытқыш компрессорлық машиналар мен қондырғыларды монтаждау және пайдалану», «Құбыр өндірісі» мамандықтарын ашуды жоспарлап отырмыз. Саран жастарының басқа өңірлерге бармауын, бізге басқа қалалардан келуін қалаймыз, – деп бөлісті Саран техникалық колледжінің директоры Алина Есімханова.Ермағанбет Бөлекпаев тірек колледждер бойынша Жол картасын әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ мемлекеттік тапсырысты дұрыс қалыптастыру үшін еңбек нарығының әлеуетін кешенді талдау қажеттігі туралы айтылды. Алдағы уақытта аймақ басшысы колледж басшыларымен кездесулерін тұрақты түрде жалғастырмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/919094
Бұқар жырау ауданындағы барлық ауылдар 2025 жылдың соңына дейін орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілмек 16.01.2025
Бұқар жырау ауданында биыл сапалы ауыз су мәселесін толық шешу көзделген. Бес ауылда жұмыстар жүргізілуде.2024 жылдың қорытындылары мен биылғы жоспарлар туралы аудан әкімі Ерлан Құсайын Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді.– Елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету - басты міндеттердің бірі. Бүгінде біздің ауданда халықтың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі 99% -ды құрайды. Мақсат - таяу уақытта көрсеткішті 100% -ға жеткізу. Өткен жылы Ақжар, Астаховка, Доскей, Трудовое, Аюлы, Алабас ауылдарында және Қушоқы кентінде су құбырларын жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл Ескі Тұзды, Стан және Севан ауылдарында суды тазартудың кешенді блок-модульдері орнатылады. Жаңаауыл және Бірінші Май ауылдарында су құбыры желілері жөнделеді. Осылайша, жыл соңына дейін ауданның барлық елді мекендерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланған, – деп хабарлады Ерлан Құсайын.«Ауыл – Ел бесігі» жобасы да өңірдің инфрақұрылымын жақсартуға көмектесуде. Бұқар жырау ауданының 68 елді мекенінің 46-сы осы жобаға енгізілген. Өткен жылы 19 жоба іске асырылды. Мысалы, Ғабиден Мұстафин ауылында дене шынықтыру-сауықтыру орталығы ашылды, Үштөбе және Доскей ауылдарында клубтар салынды. Сегіз елді мекенде жолдар жөнделді.Биыл жобаны жүзеге асыру жалғасады. 14 жоба жоспарланған. Олардың қатарында Қушоқы ауылындағы ДСК, Көкпекті ауылындағы клуб құрылысының аяқталуы бар. Жолдарды жөндеу Новоузенка, Жаңаталап, Ақбел, Ақтөбе, Петровка, Центральное, Көкпекті, Атамекен ауылдарында жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/919349
ШҚО-да мемлекеттік рәміздерді қолдану стандарттары талқыланды 16.01.2025
Өскеменде Мәдениет және ақпарат министрлігінің геральдикалық жұмыс басқармасының басшысы Гүлдана Мәлікқызының қатысуымен маңызды семинар өтті. Іс-шараға мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік емес ұйым өкілдері, қалалық және аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары мен мемлекеттік рәміздердің қолданылуына мониторинг жүргізетін мамандар қатысты.Семинар барысында мемлекеттік рәміздерді насихаттау ғана емес, оларды қолданудың заңдық талаптары мен стандарттары талқыланды.– Біздің негізгі мақсатымыз – Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерін заң талаптарына сәйкес қолдану және оларды насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Семинар аясында мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер, акционерлік қоғамдар, жеке кәсіпкерлер мен аудандық әкімдіктердің жұмысын тексеру, мониторинг жүргізу жоспарланған. Анықталған кемшіліктер бойынша ескерту беріліп, қажет жағдайда Әкімшілік немесе Қылмыстық кодекс аясында жауапқа тарту шаралары қолданылады, – деді Гүлдана Мәлікқызы.Семинарда айтылған мәліметке сәйкес, 2024 жылы Қылмыстық кодекске мемлекеттік рәміздерді қорлауға қатысты өзгеріс енгізілген. Қазіргі таңда рәміздерді қорлағаны үшін 3 мың АЕК (11 млн теңгеден астам) көлемінде айыппұл салынады. Әкімшілік кодекс бойынша да елеулі айыппұлдар қарастырылған.Облыс аумағында мемлекеттік рәміздерді қолданатын 835 мекеме бар. Оларда 1700 Ту мен 1461 Елтаңба орналастырылған. Әрбір рәмізге күнделікті тексеру жүргізіліп, олардың жарамдылығы қадағаланады.Облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Арнагүл Омарбаева болашақта шекара бекеттерінде Ту тұғырларын орнату жоспарланып отырғанын жеткізді. Сонымен қатар, мемлекеттік рәміздердің тізілімі жасалып, әкімдік өкілдері рәміздердің жағдайын нақты уақытта бақылай алатын болады.Қазіргі таңда тұрғындар арасында Туға деген құрметтің артқаны байқалады. Азаматтар үйлерінің балкондарында, көліктерінде Туымызды іліп, өз патриотизмдерін көрсетіп жүр.Семинарға қатысушылар мемлекеттік рәміздерді күтіп ұстау, қолдану және насихаттау бойынша өзекті сұрақтарды талқылап, тәжірибе алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/918672
Алматыда Ермек Серкебаевтың ескерткіші ашылды 16.01.2025
Бүгін Алматы қаласында көрнекті опера әншісі, актер, педагог Ермек Серкебаевқа арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті.Ашылу салтанатына Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, әншінің ағасы Мұрат Серкебаев пен ұлы Байғали Серкебаев, сондай-ақ шығармашылық зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.Ескерткіш Абылай хан даңғылының бойында, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі ғимаратының алдында орнатылған.Министр Аида Балаева ескерткіштің ашылуы елінің ұлы перзентіне деген құрметі екенін атап өтіп, Ермек Серкебаевтың бай рухани мұрасы ұлт жадында мәңгі сақталатынына сенім білдірді.«Ермек Серкебаев – сирек кездесетін талант иесі, кәсіби шеберлігі жоғары музыкант. Ол миллиондаған өнерсүйер көрерменнің шынайы махаббатына бөленді. Бүгінгі қазақ операсын Ермек Серкебаевсыз елестету қиын. Оның ғибратты ғұмыры – мәдениетіміздің тарихындағы тұтас бір тарау. Көпшілік білмеуі мүмкін, бірақ ол қоғамдық-саяси өмірде де белсенділік танытып, Тәуелсіздігіміздің қалыптасуы мен нығаюына зор үлес қосты. Сонымен қатар, Ермек Бекмұхамедұлы дарынды музыканттар әулетінің негізін қалады. Балалары мен немерелері оның ісін лайықты жалғастырып, қазақ өнерін әлемнің әр түкпірінде дәріптеуде», – деді Мәдениет және ақпарат министрі.Ведомство басшысы Ермек Серкебаевтың бейнесін қоладан сомдаған мүсіншілер – Айдос Бүркітбаевқа, Тимур Ермұхаметовке, Ақылбек Орманбековке және Қуаныш Асылбайға ерекше алғыс білдірді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/918720
Аида Балаева зиялы қауымды Президент айқындаған ұлттық құндылықтарды ілгерілетуге шақырды 16.01.2025
Бүгін, 16 қаңтарда Алматыда ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен Алматыда тұратын әдебиет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендияларды табыстау салтанаты өтті.Мемлекет басшысының Өкіміне сәйкес 2024 жылы олардың иегерлері 75 адам болды.Аида Балаева Алматы стипендиаттарын құттықтап, олардың қазақ мәдениетін дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті. Шығармашылық зиялы қауым, деп атап өтті министр, мәдени бірегейлікті сақтауда, бірлікті нығайтуда және жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілетуде шешуші рөл атқарады."Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық рухты нығайтуға ерекше назар аударып, оның қазіргі мемлекеттілікті құрудағы орасан зор рөлі мен әлеуетін атап өтті. Оның жыл сайынғы халыққа Жолдаулары, ұлттық құрылтайдағы бастамалары мен сұхбаттары Тәуелсіздік пен Патриотизм, бірлік пен келісім, әділдік пен жауапкершілік, Заң мен тәртіп, жасампаздық пен инновация сияқты негізгі құндылықтарға толы. Ұлтаралық келісімді нығайту және өскелең ұрпаққа лайықты құндылықтарды сіңіру – біздің ортақ міндетіміз", – деді министр.Аида Балаева Президенттің барлық бастамалары ең алдымен ұлттық бірлікті қалыптастыруға, мемлекетті нығайтуға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын атап өтті."Мемлекеттілік мәртебесін көтеруде сіздерге, мәдениет шеберлеріне үлкен жауапкершілік жүктеледі. Мәдениет қайраткерлері Мемлекет басшысы үшін сенімді тірек, оның идеяларын жеткізуші болғанына және болып қала беретініне күмәніміз жоқ. Мемлекет өз кезегінде өнер қайраткерлеріне жүйелі қолдау көрсетуді жалғастырады", - деп түйіндеді министр.Стипендия иегерлері қатарына Асанәлі Әшімов, Бибігүл Төлегенова, Олжас Сүлейменов, Иранбек Оразбаев, Нұрғали Нүсіпжан, Тунгішбай Жаманқұлов, Меруерт Өтекешова, Амандос Ақанаев, Дулат Исабеков, Төлен Әбдікұлы, Татьяна Тарская, гүлвер Разиева және басқалар. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/919070
Нұрдәулет Қилыбай ауыл шаруашылығы өкілдерімен кездесті 16.01.2025
Бүгін, 15 қаңтарда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ауыл шаруашылығы өкілдерімен кездесу өткізіп, саланы дамытудағы шараларды талқылады.Кездесуге мемлекеттік органдардың басшылары, қала, аудан әкімдері, “Қазмұнайгаз” АҚ, ҚТЖ өкілдері, шаруа қожалықтарының иелері қатысты.Төрт сағатқа созылған жиында ауыл шаруашылығын дамыту, инфрақұрылымды жетілдіру, субсидиялар мен жеңілдіктерді көбейту, жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану, малды ауылдарға телефон байланысын орнату және т.б мәселелер көтерілді.Облыс әкімі барлық көтерілген сұрақтар назардан тыс қалмайтынын айтып, ата кәсіпті дамытудағы қажетті шаралар заң аясында қабылданатынын жеткізді.- Ауыл шаруашылығы – біздің ата кәсібіміз. Азаматтардың көтерген мәселелері назардан тыс қалмайды. Барлық ұсыныстар мұқият қаралып, тиісті шаралар қабылданады, – деді Нұрдәулет Қилыбай.Әкім бүгінгі кездесуде көтерілген мәселелер күн тәртібінен түспейтінін айтты. Мәселелер шешімін тапқанша ай сайын орындалысын баяндап отыруды тапсырды. Сонымен қатар өңір басшысы жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/918871
Маңғыстау облысының әкімі үлескерлерді қабылдады 16.01.2025
Бүгін, 16 қаңтарда, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласында үлескерлердің есебінен бой көтеріп жатқан көппәтерлі тұрғын-үй кешендерінің салымшыларымен және қаладағы тұрғын үйге қатысты мәселелерімен келген азаматтарды жеке қабылдады.Тұрғындармен кездесуге құқық қорғау органдарының өкілдері, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы, сондай-ақ, сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің басшылары қатысты.Салымшылар тұрғынүй құрылыстарының тұралап қалғанын айтып, құрылыс процесіне қойылған негізгі талаптары орындалмағанына шағымданды.Қабылдауға келген азаматтардың бірі құрылыс компаниясының директоры болған ұлының үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша көмек көрсетуді сұрап, тиісті қолдау шараларын қарастыруды өтінді.Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай заң талаптарына сәйкес, құрылыс компанияларына қойылатын талаптар күшейтіленінін айтып, салымшылардың мүдделерін қорғау үшін жауапты мекемелерге тиісті шаралар қабылдау жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/919096
Ақтөбеде «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығы 600-ден астам консультация өткізді 16.01.2025
Қазіргі таңда қоғамда эмоционалдық және психологиялық мәселелер жиі кездесіп, әсіресе, балалар арасында келеңсіз жағдайлардың орын алып отырғаны жасырын емес. Бұл өз кезегінде ата-ана, бала және мұғалім арасындағы қарым-қатынасқа әсер етіп, оқу процесінде қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру қажеттілігін туындатады.Осы мақсатта Ақтөбе қаласында 2024 жылдың 6 мамырында Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы негізінде «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығы ашылды. Орталық білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар, ата-аналар мен қамқоршыларға психологиялық көмек көрсетуді мақсат етеді. Ашылғаннан бері орталық 600-ден астам консультация өткізіп, мазасыздық, қорқыту және басқа да стресстік жағдайларға ұшырағандарға қолдау көрсетті.Орталық мамандары тек балалармен жұмыс істеп қана қоймай, олардың ата-аналарымен де тұрақты байланыс орнатады. Сонымен қатар, орталыққа анонимді жолығу мүмкіндігі қарастырылған: онлайн-консультациялар және жедел желі арқылы мамандардан құпия түрде көмек алуға болады.«Психологиялық көмекке жүгіну – ұят емес, бұл жақындарыңызбен жайлы орта қалыптастыруға жасалған қадам. Біз сіздердің психологиялық саулығыңызды қамтамасыз етеміз. Құпиялылыққа толық кепілдік береміз», – дейді орталық директоры Айбек Айтбаганбетов.Ата-аналар мен оқушыларға психологиялық көмек беруге арналған байланыс нөмірі:8 702 031 25 22. Жедел желі тәулік бойы жұмыс істейді және құпиялылық сақталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/918968