Қуқық
Әскери кафедра курсанттары әскери-есептік мамандық негіздерін тәжірибе жүзінде меңгеруде 06.04.2026
Астанадағы 68665 әскери бөлімінде Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті әскери кафедрасының студенттері үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды.Практикалық өзара әрекеттесу форматында өткен сабақтарға оқу-жаттығу тапсырмаларын орындауда тәжірибесі бар мерзімді әскери қызметшілер нұсқаушы ретінде қатысты.Бөлім командирінің орынбасары подполковник Ренат Қалидолдин студенттерді бөлімнің тәрбие жұмысы жүйесімен, материалдық-техникалық базасымен және қызмет жағдайларымен таныстырды.– Біздің міндетіміз – осындай кездесулерді мүмкіндігінше тиімді өткізу. Сол арқылы жастарға әскери өмірдің маңызын сезіндіру, – деп атап өтті подполковник Ренат Қалидолдин.Курсанттарға әскери киім үлгілері, қару-жарақ пен техника үлгілері көрсетіліп, әскери қызметшілердің күнделікті қызметі қалай ұйымдастырылатыны таныстырылды.Заманауи жаттығу кешені студенттердің қызығушылығын тудырды. Бұл жерде оқ-дәрі шығындамай, полигонға шықпай-ақ жауынгерлік және атыс дайындығы сабақтары өткізіледі.Студенттер баға жетпес тәжірибе алып, әскери қызметтің қыр-сырын жақыннан көруге мүмкіндік берген сабақтардың жақсы ұйымдастырылғанын атап өтті.– Мұндай іс-шаралар мамандықты меңгеруге көмектесіп, дұрыс таңдау жасауға деген сенімділікті нығайтады, – деді болашақ тәрбие құрылымдарының офицері, әскери кафедраның бірінші курс студенті Әлібек Закиров.Университеттің әскери кафедрасында ESIL University, «Тұран-Астана», Nazarbayev University, Maqsut Narikbayev University, Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы, А. Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты, Абай атындағы ҚазҰПУ, Satbayev University және Cardiff University Kazakhstan филиалдарының студенттері білім алатынын атап өту керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1194492?lang=kk
Алматы облысында сақман басталды 06.04.2026
Алматы облысында мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Ата кәсіптің өркендеуіне жер жағдайы мен ауа-райы да өте қолайлы. Өңірде мал басы бойынша Жамбыл ауданы бірінші орында тұр. Қазір мұнда сақман басталып кетті, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы Дүйсеналы Еңкелешовтың айтуынша, биыл 23 ауылдық округте 588 мыңнан астам саулық қой тіркелген. Оның 18500-і ауыл шаруашылық құрылымдарына, 455 мыңнан астамы шаруа қожалықтарына, 113800-і жеке тұрғындарға тиесілі. Биыл Жамбыл ауданындағы шопандар төлден шашау шығармай, жарты миллионнан астам (530 000 мың) қозы алуды жоспарлап отыр. Ол үшін 295 000 тонна шөп, 48 000 тонна жем азығы дайындалған.«Жыл сайын Жамбыл ауданындағы мал басы 5-10 пайызға артып келеді. Былтыр қой саны 1 млн 95 мың болса, биыл 1 млн 102 мыңға жетті. Төрт түлікті асылдандыру жұмысы тыңғылықты жүріп жатыр. Ауданда қазіргі таңда 260 мың бас асыл тұқымды қой бар. Негізгісі – қазақтың қылшықты, биазы және жартылай биазы жүнді қойлары. Жалпы санына шаққандағы үлесі – 18,6 пайыз. Оның 164 мыңы – саулық. Ендігі жоспар бұл көрсеткішті 30 пайызға жеткізу», – деді маман.Шопандардың айтуынша, биылғы қыс төрт түлікті өте жайлы болыпты. Мәтібұлақ, Талап, Үңгіртас, Ұзынағаш, Жамбыл, Теміржол, Қарасу, Айдарлы, Бозой, Сарытауқұм, Үлгілі ауылдық округінің шаруалары ақпан айының орта шегінен мал төлдететін қора-жайларына көшіп келген. Солардың бірі – Алмат Әлжанов. Ол өткен жылы 500 бас асылтұқымды гиссар қойын алып, шаруашылығын бастаған. Алдағы уақытта қой санын 3000-ға жеткізуді жоспарлап отыр. Мемлекет тарапынан бөлінетін субсидияға да өтініш беріпті.Айта кетейік, елімізде мал шаруашылығының дамуына ерекше көңіл бөлінген. Еті, сүті мен жүніне, мал бордақылау ісіне де жеңілдіктер қарастырылған. Әсіресе мал асылдандыруға ерекше қолдау көрсетіледі. Алматы облысында да бұл бағыттағы жұмыстар жоспарға сай жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1194419?lang=kk
Тәртіп пен тәрбие басты назарда: Қорғаныс министрінің орынбасары Гвардейск гарнизонында тәрбие жұмысының басым бағыттарын айқындады 06.04.2026
Гвардейск гарнизонында Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабековтың жетекшілігімен «Оңтүстік» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарының әскери бөлімдері командирлерінің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен оқу-әдістемелік жиын өтті.Іс-шараны ашқан Қорғаныс министрінің орынбасары тәрбиелік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарды айқындап, жүйелі тәсілді қамтамасыз ету, профилактикалық бағытты күшейту және лауазымды тұлғалардың әскери тәртіптің жай-күйі үшін жеке жауапкершілігін арттыру қажеттігіне назар аударды.Сабақтар барысында әскери қызметшілерге психологиялық қолдау көрсету, эмоциялық күйзелістің алдын алу және дағдарыстық жағдайлардың профилактикасы мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Проблемалық аспектілер қарастырылып, оларды шешу бойынша ұсыныстар әзірленді. Сонымен қатар әскерге шақырылғандармен, жас әскери қызметшілермен және динамикалық бақылау тобында тұрғандармен жұмыстың ерекшеліктері айқындалды.– Әскери тәртіп пен құқықтық тәртіп – жауынгерлік әзірліктің негізгі элементтерінің бірі. Бұл бағыт Қорғаныс министрлігі басшылығының ерекше бақылауында. Әрбір командир мен лауазымды тұлға өзіне сеніп тапсырылған бөлімшелердегі тәртіп үшін жеке жауапты. Құқық бұзушылықтың әрбір фактісі бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданады. «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға ортақ және мүлтіксіз сақталуға тиіс, – деп атап өтті Қорғаныс министрінің орынбасары.Жиын аясында гарнизон бөлімшелері командирлерінің орынбасарларымен кеңес өткізіліп, профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.Құрлық әскерлерінің оқу орталығында Қорғаныс министрінің орынбасары әскери қызметшілермен және командалық құраммен кездесулер өткізді. Кездесу барысында әскери қызмет өткеру жағдайлары, жауынгерлік және кәсіби даярлық деңгейі, сондай-ақ жеке құрамды әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды.Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша тәрбиелік және идеологиялық жұмыстың басым бағыттары айқындалып, оның ішінде профилактикалық жұмысты күшейту, тәрбие жұмысын жауынгерлік даярлық жүйесіне ықпалдастыру, лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдауды жетілдіру сұрақтары ерекше назарға алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1194380?lang=kk
Қорғаныс министрлігінің Қызылорда облысындағы әскери-патриоттық акциясы бес жарым мың адамды қамтыды 06.04.2026
Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы Қызылорда облысының елді мекендеріндегі әскери-патриоттық тәрбие беру бағытындағы ауқымды жұмыстарын аяқтады. Іс-шараларға мектеп оқушыларын, студенттер мен жұмысшы жастарды қосқанда бес жарым мыңдай адам қатысты.Шиелі ауданында қорғаныс ведомствосының офицерлері Ыбырай Алтынсарин атындағы № 219 және № 47 орта мектептердің белсенділерімен кездесті. Ыбырай мектебінде биылғы түлектердің бесеуі еліміздің әскери жоғары оқу орындарына түсуге шешім қабылдаған екен. Жоғары сынып оқушыларына әскери оқу орындарына түсу тәртібі жан-жақты түсіндіріліп, әскери қызметшілерге көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары туралы егжей-тегжейлі айтылды.– Бұл кездесу мен үшін өте пайдалы болды. Қажетті ақпараттың бәрін алдым. Ағам Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында оқиды. Мен де соның жолын қуғым келеді, – деді № 219 мектептің 11-сынып оқушысы Дәурен Абаев.Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылындағы кездесу интерактивті форматта өтті. Оқушылар әскери қызметтің артықшылықтары туралы сұрақтарына нақты жауап алды. Мектеп ауласында ұйымдастырылған көрме де ерекше қызығушылық тудырды. Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың Алматы филиалының Жауынгерлік даңқ музейі Ұлы Отан соғысына қатысқан қызылордалықтарға арналған экспонаттарды ұсынды. Қару-жарақ көрмесі де оқушылардың назарын аударып, заманауи әскери жабдықтармен танысуға мүмкіндік берді.Іс-шаралар Жалағаш ауданындағы Оқушылар сарайы мен «Руханият» орталығында да өтті. Жастармен жүздесу әскери мамандыққа деген қызығушылықты көрсетті. Бұл жерде де әскери қызметті таңдауға ниеттілер саны көп болды.Кездесулер барысында жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне, білім беру ұйымдарының басшылары мен оқытушыларына жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге қосқан үлестері үшін алғыс хаттар табысталды. Іс-шараларды Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы шығармашылық ұжымының концерттік бағдарламасы сүйемелдеп отырды. Патриоттық әндер мен хореографиялық қойылымдар ерекше атмосфера қалыптастырып, елге деген мақтаныш сезімін арттырып, жастардың әскери қызметке қызығушылығын күшейтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1194121?lang=kk
Алматы облысының 29 дәрігері шетелде кәсіби біліктілігін арттырды 06.04.2026
Алматы облысының денсаулық сақтау саласының мамандары Ресей мен Беларусьтегі жетекші медициналық орталықтар мен оқу орындарында кәсіби тәжірибесін жетілдірді. Биыл облыстық медициналық ұйымдардан 29 дәрігер шетелдік озық тәжірибе мен жаңа технологияларды меңгеру мақсатында іс‑сапарға жіберілді.Дәрігерлер Санкт‑Петербургтегі В.А. Алмазов атындағы Ұлттық медициналық зерттеу орталығы, Санкт‑Петербург мемлекеттік педиатриялық медицина университеті және Беларусьтегі «Мать и дитя» республикалық ғылыми‑тәжірибелік орталығы сияқты жетекші ғылыми және клиникалық орталықтарда білімдерін арттырды. Олар балалардағы онкологиялық және гематологиялық аурулардың ерте белгілері, ерте даму және араласу, жедел кардиология, сондай-ақ хирургиялық ауруларды емдеудегі аз инвазивті технологиялар бағыттары бойынша практикалық дағдыларын жетілдірді.Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов: «Дәрігерлердің шетелдік тәжірибеден өтуі өңір тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттырудың маңызды бөлігі. Алынған білім мен тәжірибені әрбір аудан мен қалада тиімді қолданамыз, бұл әсіресе балалар мен созылмалы аурулары бар науқастар үшін өте маңызды», — деді.Барлық іс‑сапарлар облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен ұйымдастырылып, дәрігерлер алған білімін тұрғындардың денсаулығын жақсарту мен жаңа емдеу әдістерін енгізу үшін қолданатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1194106?lang=kk
Әскери бөлім қамқорлығындағы Ақтөбе мектебінің оқушылары Бакуден Бас жүлдемен оралды 05.04.2026
Тұңғыш қазақ генералы Жансен Керееев атындағы № 65 жалпы білім беретін мектептің «Жаубасар» сыныбының тәрбиеленушілері Әзербайжаннан жеңіспен оралды.Екі жыл бұрын бұл оқу орны 20709 әскери бөлімімен меморандумға қол қойған болатын. Осыған сәйкес әскери қызметшілер оқушылармен бірге оқу-жаттығу жиындарын, практикалық сабақтар, экскурсиялар мен кездесулер өткізіп келеді. «Жаубасар» сыныбында оқушыларға шығармашылық қабілеттерін дамытуға, дене дайындығын жақсартып, әскери-қолданбалы дағдыларды меңгеруге жақсы жағдай жасалған. Baku Art Festival – 2026 халықаралық балалар шығармашылығы байқауында Ақтөбе қаласындағы мектептің жетінші сынып оқушылары Бас жүлдені иеленді. Олар «Қазақ елім – байтағым» әнін орындап, вокалдық шеберлік пен сахналық мәдениеттің жоғары деңгейін көрсетті.Baku Art Festival – әртүрлі елдердің талантты балалары мен жастарын біріктіретін маңызды халықаралық алаңдардың бірі. Жас патриоттардың жетістікке жету жолы биыл наурыз айында өткен республикалық Art Fest байқау-фестиваліндегі жеңістен басталды. Сол байқауда «Жаубасар» командасы Қазақстанды халықаралық аренада таныстыру құқығына ие болған еді.– «Жаубасар» әскери-патриоттық сыныбы әскер мен білім беру ұйымдары арасындағы өзара тиімді іс-қимылдың айқын мысалы болып отыр. Еліміздегі бес мыңнан астам мектепте «Жас айбын» сыныптары ашылды. Олардың әрқайсысына тиісті әскери бөлімшелердің қарамағындағы қамқорлық бекітіледі, – деп нақтылады Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының басшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Әсенов.Ақтөбедегі оқушылар мен әскери қызметшілердің ынтымақтастығы тек Отанға қызмет етуге дайындықты қалыптастырумен шектелмейді, олардың жан-жақты дамуына да септігін тигізіп келеді. Халықаралық байқаудағы жеңіс бұл жұмыстардың тиімділігін тағы бір мәрте дәлелдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1194061?lang=kk
Серік Жұманғарин Ақмола облысының фермерлерімен мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуді дамыту мәселесін талқылады 04.04.2026
Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қосшы қаласында Ақмола облысының фермерлерімен кездесті.Ақмола облысы – еліміздің жетекші аграрлық өңірінің бірі. Өңір өніміндегі ауыл шаруашылығының үлесі – шамамен 15%. 2025 жылы мұнда рекордтық астық өнімі жиналды – 7,6 млн тонна. Бұл республикалық көлемнің төрттен бірінен асады.Өңір сонымен қатар дақылдарды әртараптандыру динамикасын көрсетуде. 2025 жылы майлы дақыл алқабы алғаш рет 500 мың гектарға жетіп, 2,5 есе ұлғайды. Биыл 580 мың гектарға дейін кеңейту жоспарланып отыр. Жалпы егіс алқабы – 5,6 млн гектар. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 76 мың гектарға артық.Кездесудің негізгі тақырыбы – Салық кодексінің жаңа нормалары және Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыру. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин атап өткендей, жоспар саланың жүйелі мәселелерін, бүкіл өндірістік тізбек бойынша қолжетімді қаржыландыру тапшылығын шешуге бағытталған. Оны жүзеге асыруға 374 млрд теңге қарастырылған.Наурыздың басынан бері жылдық 6%-дан аспайтын белгіленген мөлшерлемемен «Игілік» және «Береке» жаңа несиелік өнімдері іске қосылды. Олар асыл тұқымды мал сатып алуға бағытталған:* «Игілік» – көлемі 100-ден 500-ге дейін ірі қара және 500-ден 1000-ға дейін ұсақ мал шаруашылығы үшін;* «Береке» – көлемі 500 бас ІҚМ және 1000 бас ұсақ мал болатын ірі шаруашылық үшін.Жақын арада ауыл шаруашылығы жануарларының басқа түрлері бойынша кредит беру бағдарламалары кеңейтіледі.Серік Жұманғарин импортқа тәуелділік сақталатын азық-түлік өндірісін дамыту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуді тереңдету басымдық ретінде қалып отырғанын баса айтты. Мемлекет бүгінде саланы қолдау құралдарын күшейтуде. Бұл ретте 2026 жылы мал шаруашылығын еліміздің бәсекелестік артықшылығы ретінде дамытуға басты назар аударылды.Кездесу барысында диқандар бірқатар ұсыныс айтты. «Отан» Агрофирмасы» ЖШС басшысы Иван Сауэр жер ресурстарына байланысты тиімділіктің нақты көрсеткішін белгілеуді және оны мемлекеттік қолдау көрсету кезінде ескеруді ұсынды. Сондай-ақ жыл бойы жайылымдық мал шаруашылығын дамыту қажет, бұл оның рентабельділігін сақтауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар аграрлық селекциялық жұмыстарды, атап айтқанда, қолдан ұрықтандыру ісін дамытуға, отандық және импорттық асыл тұқымды малды субсидиялау шарттарын теңестіруге баса назар аударылды. Оның айтуынша, отандық асылтұқымды мал сырт жердікінен кем түспейді және жергілікті жағдайға толықтай бейімделген.Бизнес өкілдері нақты мәселелерді қозғады. «Логос грейн» тобының директоры Арман Құдайбергенов ауыл шаруашылығы өнімін экспорттаушыларға ҚҚС өтеу тетігі бойынша сұрақ қойып, астықты экспортқа жеткізуге көліктік субсидия төлеу мерзімін нақтылады.«Agro Milk Projekt» ЖШС директоры Юрий Швец 2024 жылы ӘКК арқылы жеңілдікті несиеге сүтті мал сатып алып, 400 басқа арналған ТСФ құрылымын өз бетінше тұрғызғанын айтты. Жақын арада кәсіпорын кеңейтіліп, тағы 300-ге жуық сүтті мал сатып алуды жоспарлап отыр. Құрылыс-монтаж жұмысын жеңілдікпен несиелеу мүмкіндігі мәселесі көтерілді.Барлық сұраққа аграршылар толық жауап алды.Жұмыс сапары шеңберінде Серік Жұманғарин бірқатар кәсіпорынға да барды. «Алтын Қазық» ЖШС шикізатты өсіруден бастап дайын өнімді шығаруға дейінгі өңдеудің толық циклін жүзеге асырады. Кәсіпорын құрылымына бордақылау алаңы, сою цехы, ветеринарлық зертхана, көкөніс қоймасы, шұжық цехы кіреді. Ауыл шаруашылығы алқабының жалпы ауданы 12 мың гектар. Оның 1 мың гектары суармалы. Қайта өңдеу көлемі жылына 10 мың тонна ет өніміне жетеді. Кәсіпорын Катарға қой экспорттап, БАӘ нарығына шығуды пысықтауда.Сондай-ақ «IL-TOV» ЖШС (Aitas тобы) зауытында да мұздатылған жартылай фабрикаттарды қоса алғанда, тауық етін тереңдей өңдеуді өндіру жолға қойылған. Шығару көлемі жылына 3346 тонна. Алдағы үш жылда кәсіпорын өндірістік қуатты арттыруды жоспарлап отыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1194021?lang=kk
Бакуде түркі мәдениеті мен мұрасын сақтау, зерттеу және ілгерілету мәселелері талқыланды 04.04.2026
2026 жылғы 3 сәуір, Баку - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Түркі мәдениеті және мұрасы қорының (Қор) штаб-пәтеріне барып, Қор Президенті Ақтоты Раиымқұловамен келіссөздер өткізді.Келіссөздер барысында тараптар Қордың ағымдағы қызметін, перспективалық жобаларды іске асыру барысын, сондай-ақ түркі мәдениеті мен мұрасын сақтау, зерттеу және ілгерілету мәселелерін талқылады.Тараптар түркі мәдениетін әлемнің түрлі өңірлерінде танытуға бағытталған ірі халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды.Кездесу аясында сұхбаттастар Қордың институционалдық нығаюын одан әрі қамтамасыз ету және оның қызметін орта және ұзақ мерзімді кезеңге кешенді жоспарлау қажеттілігі жөнінде пікір алмасты.Түркі мәдениеті мен мұрасын сақтау қоры 2012 жылғы 23 тамызда құрылған. Қордың негізгі міндеттері – түрлі іс-шаралар, жобалар мен бағдарламаларды қолдау және қаржыландыру арқылы түркі мәдениеті мен мұрасын сақтау, зерттеу және ілгерілету. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1194010?lang=kk
Қазақстан мен Қытай ынтымақтастықты нығайтып келеді 04.04.2026
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қытайға ресми сапарының аясында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы (ШҰАА) партия комитетінің хатшысы Чэнь Сяоцзянмен кездесті.Кездесу барысында ШҰАА-ның Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынастарда жүйеқұраушы рөл атқаратыны аталды. Аталған өңір екі ел арасындағы негізгі құрлықтық көпір және өзара сауданың елеулі бөлігін қамтамасыз етіп отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен ШҰАА арасындағы тауар айналымы шамамен 18,9 млрд АҚШ долларын құрады.Қытай тарапы ШҰАА-ның әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі қарқыны туралы ақпарат беріп, өңірдің тұрақты өсімін, сыртқы экономикалық байланыстарының кеңеюін және инфрақұрылымның белсенді жаңғыртылып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, ШҰАА Қазақстанмен өзара іс-қимылда негізгі шекаралық ынтымақтастық орталығы және транзиттік торап ретіндегі рөлін нығайтып келе жатқаны айтылды.Кездесуде көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру, теміржол бағыттарын жаңғырту, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобаларды үйлестіру шараларын талқылады.«Достық–Мойынты» учаскесін кеңейту, «Аягөз–Тачэн» теміржол өткелін салу, сондай-ақ «Қорғас» және «Алашанькоу» шекаралық тораптарын дамыту сияқты бастамаларды іске асырудың маңыздылығы атап өтілді. Өткізу қабілетін одан әрі арттыру және инфрақұрылымдық шектеулерді жою қажеттігі де ерекше айтылды.Сонымен қатар «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығын дамытуға, оның ішінде инфрақұрылымын жаңғыртуға және сауда мен инвестициялар мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше көңіл бөлінді.Басым бағыттар қатарында логистика, энергетика, туризм және шекара маңы саудасын дамыту да белгіленді.Тараптар Қазақстанның «Қытай–Еуразия» халықаралық ЭКСПО көрмесіне белсенді қатысуы жөнінде келісімге келді. Қазақстан бұл көрмеде құрметті қонақ мәртебесінде қатысады. Іс-шара биылғы жылдың 25–29 маусымы аралығында өтеді және өңірдегі сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, экспортты ілгерілетуге және Еуразия елдері арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға бағытталған негізгі халықаралық алаңдардың бірі.Сондай-ақ Қазақстанның шекара маңы өңірлерінің делегацияларының Үлкен Алтайдың екінші халықаралық конференциясына қатысуына қызығушылығын растады.«Шыңжаң шекаралық және транзиттік өзара іс-қимыл жүйесіндегі негізгі буын. Өңір арқылы тауар ағындарының басым бөлігі өтеді, бұл оны сауда, логистика және өнеркәсіптік кооперацияны дамытудағы Қазақстанның маңызды әріптесіне айналдырады», - деді министр. Министр Қытай тарапын Қазақстанда биылға жоспарланған Өңіраралық ынтымақтастық форумы мен Шекара маңы өңірлерінің достық диалогына қатысуға шақырды.Сондай-ақ өзара сауданы әртараптандыру, оның ішінде жоғары қосылған құны бар өнім үлесін арттыру, агроөнеркәсіптік экспортты дамыту және бірлескен өндірістерді іске қосу қажеттігіне ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инфрақұрылымдық, инвестициялық және өнеркәсіптік жобаларды қоса алғанда, ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін растады.Министр ШҰАА-мен өзара іс-қимылды дамыту Қазақстанның тұрақты сауда бағыттарын қалыптастыру және елдің Қытай, Орталық Азия және Еуропа арасындағы транзиттік-логистикалық хаб ретіндегі рөлін нығайту стратегиясының негізгі элементі екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1193984?lang=kk
Бас штаб бастығы «Батыл тойтарыс – 2026» оқу-жаттығуына және Сержанттардың жалпыәскерлік кеңесіне дайындықты тексерді 04.04.2026
Алматы, Гвардейск және Қонаев гарнизондарына жұмыс сапары барысында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров бөлімшелердің жауынгерлік даярлығын тексеріп, әскери инфрақұрылым нысандарын инспекциялады. Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында ол командалық құрамға оқу бағдарламаларын қазіргі заман талаптарына сәйкестендіру, олардың практикалық бағытын күшейту және цифрлық технологияларды енгізу қажеттігін атап өтті. Сапар аясында алғашқы парашюттік секіруді орындаған курсанттарға десанттық бауырластықтың нышандары – көгілдір берет пен тельняшка табыстау рәсімі өтті. Гвардейск гарнизонында Бас штаб бастығы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерімен өткізілген көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығудың қорытынды кезеңін бақылады. Оқу-жаттығу басқару жүйесінің тұрақтылығын арттыруға, штабтардың іс-қимылдарын үйлестіруге және заманауи атыс құралдары мен барлау, соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын тиімді қолдануға бағытталды. Жауынгерлік жағдайға барынша жақын жағдайда бөлімшелер траншеялық ұрыс жүргізу және шағын топтар құрамында әрекет ету дағдыларын пысықтады. Командалық-бақылау пункттерінің жұмысы, байланыс жүйесі, сондай-ақ техникалық және тылдық қамтамасыз ету тексерілді. Қорытындылай келе, генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров басқару жүйесін жетілдіру, бөлімшелердің ұтқырлығын арттыру бойынша міндеттер қойып, «Батыл тойтарыс – 2026» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуына дайындық жөнінде нақты тапсырмалар берді. Қонаев гарнизонында «Іле» полигонының оқу-әдістемелік жиындар мен Сержанттардың жалпыәскерлік кеңесін өткізуге дайындығы бағаланды. Әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, сондай-ақ қатысушыларды орналастыру және тамақтандыру нысандары қаралды. Сапар аясындағы инспекциялау бөлімшелердің дайындық деңгейін және олардың міндеттерді орындауға әзірлігін айқындауға мүмкіндік берді. Оның қорытындысы бойынша басқару жүйесін жетілдіру және жеке құрамның практикалық даярлығын арттыруды қамтитын басым бағыттар белгіленді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1193961?lang=kk
Заречный ауылындағы жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын 04.04.2026
Қостанай облысында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Соның жарқын мысалдарының бірі – Қостанай ауданының Заречный ауылында салынып жатқан 250 орынға арналған жаңа емхана.Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталған. Ғимараттың сыртқы әрлеу жұмыстары, жертөле және кәріз жүйесін ретке келтіру жұмыстары ғана қалды. Мамандардың айтуынша, барлық жұмыстар жақын бір жарым ай ішінде толық аяқталып, нысан пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.Жаңа емхана пайдалануға берілгеннен кейін Қостанай ауданында медициналық қызмет көрсету сапасы айтарлықтай жақсарады. Бүгінде Қостанай аудандық ауруханасы 51 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді. Жаңа заманауи емхананың іске қосылуы бұл мәселелерді толық шешуге мүмкіндік береді. Дәрігерлер үшін қолайлы еңбек жағдайы жасалып, тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасы арта түседі.Осылайша, Заречный ауылындағы жаңа емхана – өңірдегі денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған маңызды жобалардың бірі болып табылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1193943?lang=kk
ҚР Сыртқы істер министрі Шығанақ елдерінің және Иорданияның елшілерін қабылдады 04.04.2026
Астана, 2026 жылғы 3 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың Шығанақтағы араб елдерінің және Иорданияның елшілерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар Таяу Шығыстағы қазіргі ахуалды талқылап, өңірдегі шиеленіс төңірегінде пікір алмасты.СІМ басшысы эскалацияның жалғасуына, оның ішінде достас араб елдеріне жасалған соққыларға байланысты елеулі алаңдаушылық танытты.Ол аймақтағы бейбіт тұрғындардың қаза табуына және азаматтық инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келтіріп жатқан барлық соғыс қимылдарын тез арада тоқтатудың маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты қазақстандық дипломат миссия басшыларына ҚР азаматтарын эвакуациялауға және олардың елімізге аман-есен оралуына жәрдем үшін алғыс білдірді.Министр Қазақстан тарапы Шығанақ елдері көшбасшыларының бейбіт саяси диалог орнату жөніндегі күш-жігерін, сондай-ақ Қытай мен Пәкістанның аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қалпына келтіруге бағытталған бірлескен бастамасын құптайтынын айтты. Сонымен қатар, ол Қазақстанның Түркістан қаласында бейбіт келіссөздер үшін алаң ұсынуға дайын екеніне назар аударды.Өз кезегінде араб дипломаттары аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша халықаралық күш-жігердің, соның ішінде Астанамен байланыстар мен үйлестіруді одан әрі нығайтудың маңыздылығын жеткізді. Олар саяси диалогты нығайту, жан-жақты ынтымақтастықты кеңейту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1193931?lang=kk
ҚР Сыртқы істер министрлігінде Өңірлік экологиялық саммитке дайындық барысы таныстырылды 03.04.2026
Астана, 2026 жылғы 2 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде 2026 жылғы 22–24 сәуірде Астана қаласында өтетін Өңірлік экологиялық саммитке дайындық тақырыбында дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған брифинг өтті.Іс-шара барысында Қазақстанның халықаралық басым бастамалары, оның ішінде Су жөніндегі халықаралық ұйым құру бастамасын ілгерілету және БҰҰ-ның сайланбалы органдарына мемлекеттің кандидатурасын ұсыну бағытындағы ағымдағы жұмыс таныстырылды.Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Саммиттің Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен шақырылып отырғанын атап өтіп, оның өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға, тұрақты дамуды ілгерілетуге және экология мен климат саласында практикалық шешімдер әзірлеуге бағытталғанын жеткізді.Қазақстандық дипломаттың пікірінше, елдің климаттық бейтараптыққа көшу, атом энергетикасын дамыту, сондай-ақ Арал теңізін қалпына келтіру және биоалуантүрлілікті сақтау бағытындағы ауқымды жобалары Қазақстанды «жасыл» күн тәртібі көшбасшыларының қатарына шығарады. Іс-шара БҰҰ-мен серіктестікте жүзеге асырылуда, 17-ден астам құрылым тақырыптық сессиялардың тең ұйымдастырушысы және салалық бағдарламалар мен жобалардың бастамашысы ретінде қатысады.Орталық Азия климаттық қоры Жобалық офисінің басшысы Ерлік Қаражан мазмұндық күн тәртібінің негізгі бағыттарын, оның ішінде өңірлік экологиялық жобалар портфелін қалыптастыру және «жасыл» инвестицияларды тарту мәселелерін таныстырды. Сондай-ақ, Саммитке дайындық барысы туралы хабарлап, халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін және жоғары деңгейдегі шетелдік делегациялардың қатысуы күтілетінін атап өтті.Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Зүлфия Сүлейменова Мемлекет басшысының БҰҰ жанынан Су жөніндегі халықаралық ұйым құру бастамасы бойынша жүргізіліп жатқан консультациялар туралы хабарлап, климаттық сын-қатерлер мен су ресурстары тапшылығы жағдайында халықаралық күш-жігерді шоғырландырудың маңыздылығына назар аударды.Сонымен қатар дипломатиялық корпусқа Ләззат Қалтаеваның 2027–2030 жылдар кезеңіне БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары жөніндегі комитетіне сайлану үшін ұсынылған кандидатурасы таныстырылды.Л.Қалтаева өз қызметінің басымдықтарын баяндап, білім алуға, жұмыспен қамтуға және әлеуметтік интеграцияға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге баса назар аударды, сондай-ақ инклюзивтілік, кемсітпеушілік қағидаттарына және Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ілгерілетуге бейілділігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1193867?lang=kk
Алматыда Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Василий Долбняны 99 жасқа толған туған күнімен құттықтады 03.04.2026
Майдангерді мерейлі жасымен құттықтауға Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері, қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері және Медеу ауданы «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері келді.Ардагерге ерлігі, қайсарлығы және Отанға деген адалдығы үшін шынайы алғыс айтылып, құрмет көрсетілді. Қорғаныс министрінің атынан әскери қызметшілер Василий Ивановичке құттықтау хат пен естелік сыйлықтар табыстап, зор денсаулық және ұзақ ғұмыр тіледі.– Ең бастысы – бейбітшілік пен ынтымақ. Ашық аспан астында өмір сүру үшін қызмет еттік. Жастардың тарихты ұмытпай, қадірлейтініне қуаныштымын, – деді ардагер.Василий Иванович Долбня 1927 жылғы 2 сәуірде Алматы облысы Коғалы ауылында дүниеге келген. 1944 жылы әскер қатарына шақырылып, Башқұртстанда әскери дайындықтан өткен. Содан кейін Қиыр Шығысқа жіберіліп, Қытай мен Маньчжурия аумағында милитаристік Жапонияға қарсы шайқастарға қатысқан.Ардагер ерлігі мен батылдығы үшін І дәрежелі Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жж. соғыс ардагері» төсбелгісімен және басқа да наградалармен марапатталған.Соғыстан кейін Василий Иванович 207-ші жеке барлау ротасының құрамында барлау қызметін жалғастырды. 1951 жылы әскерден босатылып, туған жеріне оралды.Жұбайы Нина Долгихпен 67 жыл бірге өмір сүріп, үш бала тәрбиелеп өсірген. Бүгінде ардагердің төрт немересі бар.Әскери қызметшілер ардагерлердің ерлігін ұлықтау және олардың өнегесін жас ұрпаққа жеткізу Қарулы күштердің тәрбиелік жұмысының маңызды бағыты болып қала бермек деді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1193800?lang=kk
Заманауи цифрлық өңірге айналу – маңызды міндет 03.04.2026
Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен Қостанай облысының Цифрлық штабының отырысы өтті.Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады.Күн тәртібі аясында Қостанай облысында «ақылды қалалар» құру стратегиясын іске асыру мәселесі қаралды.Баяндамамен Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Азамат Қашиев сөз сөйледі. Қосымша баяндамашылар ретінде Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев, Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Сабыржан, сондай-ақ «ЭКОСЕРВИС-2030» ЖШС директоры Виталий Сиухов баяндама жасады.Отырыс барысында Қазақстан Республикасының «Smart City» эталондық стандарты аясында жүзеге асырылып жатқан Қостанай қаласы мен облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын цифрландырудың ағымдағы нәтижелері ұсынылды.2025 жылдың қорытындысы бойынша облыс орталығында жалпы сомасы шамамен 242 млн теңгені құрайтын 6 негізгі цифрлық жоба іске асырылғаны атап өтілді. Басым бағыттардың қатарында – Ситуациялық орталық пен «AiKey» ақпараттық жүйесін дамыту, коммуналдық салада цифрлық бақылау сервистерін енгізу, сондай-ақ тұрғындарға арналған 78 қызметті біріктіретін «Smart Qostanai» қалалық цифрлық платформасын дамыту бар.Отырыс барысында қалалық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, көшелерді жарықтандыруды автоматтандыру, бағдаршам нысандарын жаңғырту, «ақылды» аялдамаларды енгізу, коммуналдық қызметтерді есепке алуды цифрландыру, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру шаралары қаралды.Сонымен қатар 2026 жылға жоспарланған жобалар талқыланды. Олар жасанды интеллект технологияларын одан әрі енгізуді, бейнебақылау жүйелерін дамытуды, сондай-ақ «ақылды» көлік пен қалалық ортаны мониторингтеу саласындағы пилоттық шешімдерді іске асыруды қамтиды.Отырыс барысында облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңірді цифрландырудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті:«Біз заманауи цифрлық өңірге айналу үшін жоспарлы түрде күш салуымыз керек. Осы жылдың аясында кәсіпорындарда озық технологияларды, оның ішінде жасанды интеллект саласындағы шешімдерді енгізу бойынша бірқатар жобаларды іске қосу көзделіп отыр. Бұл ретте олардың сапасы мен өңір экономикасына әкелетін нақты пайдасы да маңызды. Облыста 900-ден астам өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді, KIA және KamlitKZ зауыттарында 117 өнеркәсіптік «ақылды» робот жұмыс істейді (2023 жылы – небары 3). Тау-кен өндіру кәсіпорындарында да 28 робот енгізілген. Бүгінде егістік жерлердің 100%-і, жайылымдардың 90%-і және шабындықтардың 95%-і цифрландырылған. Мал шаруашылығында 7 заманауи «ақылды» сүт-тауарлы ферма жұмыс істейді, ал өсімдік шаруашылығында дәлме-дәл егіншілік технологиялары енгізілген. Smart City бағыты бойынша да айтарлықтай ілгерілеу байқалады – соңғы үш жылда облыстың Жедел басқару орталығына қосылған камералар саны 2023 жылғы 102-ден 2025 жылы 285-ке дейін өсіп, 2,8 есеге артты».Отырыс қорытындысы бойынша халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, қалалық басқару тиімділігін күшейтуге және заманауи, қауіпсіз әрі технологиялық қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталған цифрландыру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1193644?lang=kk
Мемлекеттік қызметке орналасу бойынша бос орындар жәрмеңкесіне шақырамыз 03.04.2026
Іс-шара аясында сіз келесі мүмкіндіктерге ие боласыз: мемлекеттік органдардағы ағымдағы бос орындармен танысу;мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі туралы кеңестер алуға;үміткерлерге қойылатын талаптар мен конкурстық іріктеу кезеңдері туралы білу;мемлекеттік органдардың өкілдеріне сұрақтар қою. 📅 Күні: 2026 жылғы 10 сәуір📍 Орналасқан жері: Пушкин көшесі, 98 (Ай-көмек ғимараты)🕒 Уақыты: 11:00 Қатысуға оқу орындарының түлектері, жас мамандар, жұмыссыз жастар, барлық ниет білдірген азаматтар шақырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1193620?lang=kk
Ұлттық экономика министрлігі халықтың нақты табысы туралы: статистикалық деректерді талдау және Үкіметтің әл-ауқатты арттыру шаралары 03.04.2026
Бүгін Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы күні бұрынғы қорытынды бойынша халықтың нақты табысы индексін жариялады. Халықтың нақты табысының төмендеуінің себебін түрлі талқылаулар мен түсіндірулердің болуын ескере отырып, Ұлттық экономика министрлігі статистикалық көрсеткіштер мен оларды қалыптастыру әдістемесін, сондай-ақ халықтың табысын арттыру жөніндегі шараларды егжей-тегжейлі талдап, ұсынып отыр.ҰСБ деректері бойынша 2025 жылғы қаңтар-желтоқсанның қорытындысы бойынша халықтың нақты кіріс индексі өткен жылғы деңгейге 98,9%-ды көрсетті. Жан басына шаққандағы орташа табыс 238 070 теңге. Табыстың номиналды өсімі +10,2%, ал нақты өсім (инфляцияны ескергенде): -1,1%.Нақты кірістің төмендеуі, экономиканың өсуі әлі де халықтың әл-ауқатына толық әсер етпейтіндігін көрсетеді. Яғни пайданы қайта бөлу мәселесі туындайды. Мұндай жағдай жұмыспен қамтуды арттыру, тұрақты жұмыс орындарын құру, сондай-ақ жаңартылған Халықтың табысын арттыру бағдарламасында қаралған жалақыны арттыру жөніндегі шаралардың өзектілігін көрсетеді.Жылдық динамика және нүктелік мәндерНақты кірістер жағдайы туралы объективті көріністі тек жылдық көрсеткіш беретінін бірден атап өтеміз. Ол маусымдық ауытқулар мен бір реттік инфляциялық ахуалды жұмсартады. Бұл нақты ұзақмерзімді трендті көрсетеді. Желтоқсанда қызу талқыланған халықтың нақты табысының -6% деңгейінде төмендеуі туралы тезис жедел деректерге және «Желтоқсан-желтоқсанға» қағидаты бойынша негізделген. Яғни бір жылдағы жиынтық динамика емес, бір ай шеңберіндегі көрсеткіштің өзгеруін көрсетеді. Бір айдағы деректі (атап айтқанда, желтоқсандағы жедел деректі) экономикалық тұрғыдан жыл бойына сипаттама ретінде пайдалану негізсіз және әдіснамалық тұрғыдан дұрыс емес.Неліктен нақты табыс ЖІӨ-мен бір уақытта өспейдіХалықтың нақты табыс индексінің төмендеу себебінің бірі, жалақы бизнестің пайдасына қарағанда баяу қарқынмен өсуде. Сарапшылардың бағалауы бойынша, компаниялардың 50%-дайы жалақыны үнемдеп, 10%-дан асырмаған. Кейбіреулері бұрынғы деңгейде қалдырған. Бұл алшақтықты тудырады: ЖІӨ өнеркәсіп, қызмет көрсету және экспорт арқылы өссе де, бірақ нақты жұмысшының жалақысына бұл ақша кідіріспен келеді.Неліктен жалақының өсу қарқыны бәсеңдеп отырЕңбекақы қоры компаниялардың тұрақты шығындарын білдіреді. Бюджетті қалыптастыру кезінде көбінесе ірі кәсіпорындар, шығынға ықтимал тәуекелдерді салады. Бұлар бүгінде негізінен сыртқы сипатқа тәуелді. Олардың ішінде логистикалық тізбектің үзілуі, тұрақсыз геосаяси жағдай, санкциялық шектеу, әлемдік бағалар мен валюта бағамының құбылмалылығы және басқалары бар. Бизнес әсер ете алмайтын осы факторлардың барлығы жалақыны белсенді түрде арттыру мүмкіндігін шектейді.Жүйелік проблема: Қазақстанда жалпы экономикадағы (ЖІӨ) жалақының үлесі шамамен 31%. (2024 жылғы қорытынды бойынша). Салыстыру үшін: дамыған елдерде бұл көрсеткіш 40%-дан жоғары. Үкіметтің міндеті – кірістерді әділ бөлу, бизнес тек дивидендтерге ғана емес, кірісті еңбекақыға да көбірек жұмсауы тиіс.Сонымен қатар, халықтың табысы жалақы есебінен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік трансферттер мен басқа да кірістер есебінен қалыптасады. Оның динамикасы экономиканың өсу қарқынынан өзгеше болуы мүмкін.2025 жылғы 4 тоқсанның қорытындысы бойынша жалдамалы емес жұмыстан түскен табысқа халық табысының 8,3%, зейнетақыға 17,9%, жәрдемақыға 3,3% және т. б. сәйкес келді.Үкіметтің халықтың нақты табысын арттыру жөніндегі басымдықтары мен жоспарларыАзаматтарымыздың нақты табысының өсуін қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басты басымдығы. Үкіметтің, Ұлттық Банктің және ҚНРДА-ның 2028 жылға дейінгі бірлескен іс-қимыл жоспары іске асырылуда. Оның мақсаты нақты кірістердің +2-3% деңгейінде өсуін қамтамасыз ету. Бұған инфляция деңгейін 2026 жылы 9-11%-ға, 2027 жылы 5,5 - 7,5% - ға, 2028 жылы 5-7% - ға дейін төмендетуге бағытталған шаралар кешені арқылы қол жеткізу жоспарлануда. Бағалар баяу өскен кезде жалақы да көп болады.Бұл үшін бірқатар кешенді шаралар жүзеге асырылуда.1. Теңдестірілген тарифтік саясат.Үкімет өткен жылғы қазанда енгізген коммуналдық қызметтер мен ЖЖМ тарифін көтеру мораторийі өз міндетін орындады. Үкімет инфляцияны тұрақтандырды. Ол алтыншы ай қатарынан баяулап, өткен жылғы қыркүйектегі 12.9%-дан наурызда 11.0%-ға дейін төмендеді. Реттелетін қызметтерге қатысты бұл табиғи монополиялар субъектілерінің операциялық шығындарын оңтайландыру есебінен жүзеге асырылды.Мораторий кезінде ҰЭМ ТМРК «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде қайта есептеу жүргізді.1 сәуірден бастап тарифтік саясат ұстамды түрде жүргізілетін болады. Азаматтарға қаржылық жүктеме мейлінше аз болмақ. ӘМАТ өндірушілері үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімі бағасын ұстап тұру үшін, ал олардың кеңейтілген тізіміндегі 31 түріне (бұл азық-түлік себетінің 23.4%) электр энергиясы мен темір жол тасымалы тарифті 70%-ға дейін төмендететін болады. Әлеуметтік осал топ үшін коммуналдық қызметке жұмсалатын шығынды өтеу арқылы атаулы қолдау шаралары сақталады.Nota bene: Реттелетін қызмет тарифі мен ЖЖМ бағасының өсуінен инфляцияға салым ағымдағы жылы 0,35 пайыздық тармақтан аспайды.2. Бюджет шығыстарын қатаңдатуКонтрциклдік бюджет саясаты шеңберінде республикалық бюджет шығыстарының және Ұлттық қордан трансферттердің өсуін шектеу жөніндегі Бюджет кодексінде көзделген фискалдық қағидалардың қатаң сақталуы қамтамасыз етіледі.Республикалық бюджет шығыстарының ұстамды өсуі және олардың тиімділігін арттыру есебінен олардың ЖІӨ-ге үлесі 2026 жылы 15,1%-ға дейін қысқарады.Ұлттық қордан берілетін трансферттер көлемін қысқартудың жүйелі саясаты жалғастырылады. 2026 жылы соңғы 5 жылда алғаш рет республикалық бюджет Ұлттық қордан нысаналы трансферт бөлінбей, орындалуда. Салыстыру үшін: 2025 жылы 3 трлн 250 млрд теңге нысаналы трансферт бөлінді. Осылайша, ағымдағы жылы бұл қаражат фискалдық арна арқылы экономикаға қосымша инфляциялық қысым көрсетпейді. Бұл ретте Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт 2 770 млрд теңге мөлшерінде айқындалды.Республикалық бюджет тапшылығы 2026 жылы ЖІӨ-ге 2,5%-дан 2028 жылы ЖІӨ-ге 0,9%-ға дейін төмендетіледі.Бюджет шығыстарын оңтайландырудың осы көрсеткіштерінің барлығы бюджет саясатының тиімділігін арттыруға және бюджеттің кіріс базасын кеңейтуге бағытталған шараларды іске асыру есебінен қамтамасыз етілетін болады. Атап айтқанда, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл, қолданыстағы және тиімсіз салық жеңілдіктерін тексеру, банк секторының қауіпсіздік қорын арттыру және үй шаруашылықтарының артық борыштық жүктемесіне жол бермеу, цифрлық технологияларды қолдана отырып, халықтың әлеуметтік осал топтарын атаулы қолдау шараларын күшейту жөніндегі шаралар кешені есебінен.Халықтың табысын арттырудың кешенді бағдарламасыҚазір Үкімет жұмыспен қамтуды ынталандыру, жалақыны арттыру, кәсіпкерлікті дамыту және тұрақты жұмыс орындарын құру жөніндегі шараларды қамтитын 2029 жылға дейін халықтың табысын арттырудың кешенді бағдарламасын қалыптастыруда. Бұл шаралар:- коммуналдық сала қызметкерлерінің, азаматтық қызметшілердің және ауыл шаруашылығының жалақысын ұлғайту,- еңбекақы төлеу қорының үлесінің өсуі,- өңдеу өнеркәсібінде жаңа жұмыс орындарын құру,- экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды қолдау,- комиссиялар мен төлемдер арқылы халықтың қаржылық ауыртпалығын төмендету,- ірі кәсіпорындардың әлеуметтік жобаларын іске асыру және басқалар.2026 жыл біздің азаматтарымыздың табыстарының өсу трендін қалыптастыруға қатысты айқындаушы болады. Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік деректердің ашықтығы мен дұрыс түсіндірілуін қамтамасыз ету үшін әдіснаманы үнемі түсіндіру тәжірибесін жалғастырады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1193554?lang=kk
180 жылдыққа 180 көшет отырғызылды 03.04.2026
Алматы облысындағы Жамбыл ауылында жыр алыбының 180 жылдық мерейтойына орай игі шара өтті. Ақынның мұражай-үйі маңына 180 түп жеміс ағашы отырғызылды. Экологиялық акцияға 40-қа жуық тұрғын атсалысты,-деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Ауыл әкімі Бақытжан Жайламысов бұл бастама Жамбыл Жабаевтың айтулы мерейтойына орай «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткізілгенін айтты.- «Шараға ақсақалдардан бастап, жастар, түрлі мекеме қызметкерлері қатысты. Бұл – тұрғындардың ауызбіршілігінің, ауылға деген сүйіспеншілігінің көрінісі. Алдағы уақытта жол жиегіне қайың ағашын отырғызу жоспарда бар. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады», – деді ауыл әкімі.Отты жырларымен халық жүрегіне жол тапқан Жамбыл Жабаев осы мұражай маңында жерленген. Ал, оның жанында өзінің өтініші бойынша әйгілі күйші, сазгер Нұрғиса Тілендиев те тыныштық тапқан. Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, мұнда алыс-жақын елдімекендер мен шетелдерден қонақтар көп келеді. Сондықтан да мұндай экологиялық шараларды жиі өткізу өте маңызды.Акцияға қатысқан Шолпан Ахмедиева бұл жай ғана ағаш отырғызу емес, Жамбыл Жабаевтың әруағына көрсетілген құрмет екенін айтты. Осындай мәнді шараға өз үлесін қосқанына қуанышты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1193466?lang=kk
Қытайдың Ухань қаласында QazTrade өкілдігі ашылды 03.04.2026
Ухань – Қытайдағы негізгі көлік-логистикалық тораптардың бірі, «тоғыз провинцияның тоғысқан жері» ретінде белгілі. Қазіргі таңда QazTrade-тің серіктес кеңселері Хэфэй, Сиань, Чанша, Нанкин, Тяньцзинь, Чэнду және Циндао сияқты бірқатар маңызды қалаларда жұмыс істейді. Уханьдағы өкілдік Қытайдағы QazTrade жұмысының тағы бір тірек нүктесіне айналады деп күтілуде. «Қазір біз жұмысты бизнес тек келіссөзге келіп кетпей, Қытай нарығында тұрақты жұмыс істей алатындай етіп құрып жатырмыз. Ол үшін Қытай бойынша осындай кеңселер желісі қажет. Біз компанияларды тек сүйемелдеп қоймай, қытайлық серіктестермен тікелей, сол жерде жұмыс істеуге мүмкіндік береміз. Ухань осы тұрғыда маңызды нүкте. Бұл бірнеше өңірдің сұранысы тоғысатын ірі логистикалық хаб»,-деді QazTrade бас директоры Айтмұхаммед Алдажаров. Сондай-ақ Уханьға сапар аясында QazTrade пен Қытайдың GuanYu International Supply Chain компаниясы арасында келісімге қол қойылды. Компания ҚХР нарығында шетелдік өнімдерді логистика және ілгерілету бағытында жұмыс істейді. Құжат Орталық Қытайда қазақстандық өнімдерді ілгерілетуді, B2B кездесулер ұйымдастыруды, келіссөздерді сүйемелдеуді және жеткізілімдерді қолдауды көздейді. Іс-шараға QazTrade басқарушы директоры Айнұр Әмірбекова, Цзянся ауданы халық үкіметі басшысының орынбасары Не Кайтянь, ауданның сыртқы істер басқармасының директоры Фу Цзюнь, коммерция басқармасының басшысы Гэ Цзэнлай, сондай-ақ инвестициялық-технологиялық топтың басқарма төрағасы Хань Вэй және қытайлық компаниялардың өкілдері қатысты. QazTrade деректеріне сәйкес, Ухань қаласы орналасқан Хубэй провинциясымен тауар айналымы 2025 жылы 163,6 млн АҚШ долларын құрап, 12,1%-ға өскен. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1193455?lang=kk
Егіс алқаптарына соқа түсті 03.04.2026
Жамбыл ауданының шаруалары көктемгі дала жұмыстарына қарқынды кірісіп кетті. Биыл ауа райының қолайлы болуынан егістік ертерек басталған, –деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Қайрат Тойшыбековтың айтуынша, биыл аудан бойынша 106,4 мың гектар жерге дән себіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1702 гектарға көп.Оның ішінде 50 мың гектардан астам алқапқа дәнді дақыл, 46 мыңнан астамына мал азығы, 5500 гектар жерге майлы дақылдар және қалған аумаққа картоп, көкөністер мен бақша дақылдары егіледі. Көктемгі егіс науқанына 1065 техника жұмылдырылды. Оның 75 пайызы жаңартылған.«Топырақ құнарын арттыру үшін барлық егіс алқабына 13,6 мың тонна минералды тыңайтқыш керек. Қазіргі таңда оның 4200 тоннасы сатып алынды. Биыл аудан бойынша 13,3 мың тонна тұқым себіледі. Сондай-ақ қазіргі таңда тұқым өндіру бағыты бойынша жұмыстар қолға алынуда. Мысалы, Бозой ауылының шаруашылығы майлы дақыл мен жүгерінің тұқымын өндірумен айналысуды жоспарлап отыр. Құжаттарын толық рәсімдегеннен кейін іске қосылады», – деген агроном арзандатылған жанар-жағармай алу жайына да тоқталды. Айтуынша, биылғы көктемгі және күзгі дала жұмыстары үшін 46 шаруадан жалпы көлемі 751 тонна дизель отынына өтінім түскен. Шаруалар қажетті жанармайды нарықтағы бағадан әлдеқайда арзанға сатып алады.Шаруашылық иелері тамшылатып және жаңбырлатып суғару технологиясын пайдалануға бет бұрып келеді. Ауданда барлығы 22 мың гектар суармалы жер бар болса, бүгінде оның тең жартысына су үнемдеу технологиясы енгізілген. Биыл тағы 1500 гектар аумақ қосылады деп жоспарлануда. Ол үшін мемлекеттен арнайы субсидия бөлінеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1193459?lang=kk