Қуқық
Орталық спорт клубының төрағасы жекпе-жек түрлерінен шеберлер арасында өтетін әлем чемпионатына жолдама алды 08.04.2026
Түркістан қаласындағы Olympic Center спорт кешенінде дзюдо, самбо және қазақ күресінен шеберлер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.Біріншілікке еліміздің барлық өңірінен жиналған 20 команданың құрамында мыңға жуық спортшы қатысуда. Жарыстар М1-ден М9-ға дейінгі жас санаттары бойынша өтіп жатыр. Әр санатта жеті салмақ дәрежесі бар.Қарулы күштер атынан турнирде ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов лайықты өнер көрсетті.Дзюдо жарыстарында ол 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде М-3 (40-44 жас) санатында алтын медаль жеңіп алды. Арман Әбеуов Ұлытау, Түркістан және Қарағанды облыстарының дзюдошыларыменкездесу өткізіп,иппонмен мерзімінен бұрын жеңіске жетті.Жарыстар 9 сәуірге дейін жалғасады. Турнир қорытындысы бойынша биыл күзде Босния және Герцеговинада шеберлер арасында өтетін әлем чемпионатына қатысушылар анықталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1196112?lang=kk
Мемлекеттік бюджеттің кірістері бойынша жоспар орындалып, инфляция алты айдан бері төмендеуде 08.04.2026
2026 жылғы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша бюджеттің кіріс бөлігінің бір мезгілде нығаюы және инфляциялық процестің баяулауы тіркеледі. Бұл көбінесе ҚҚС мөлшерлемесінің өзгеруінен туындаған бағаның қысқамерзімдік өсуін экономика 2025 жылдың аяғында – 2026 жылдың қаңтар-ақпанында сіңірген. Қазіргі уақытта инфляцияға әсер етпейді.Жедел деректер бойынша 2026 жылғы 1 тоқсандағы мемлекеттік бюджеттің кірістері бойынша атқарылуы (трансферттерді есептемегенде) 104,4%. Жоспардағы 6 176,2 млрд теңгенің орнына бюджетке 6 444,9 млрд теңге түскен. Асыра орындау – 268,7 млрд теңге.2025 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда мемлекеттік бюджеттің кірісі 930,6 млрд теңгеге немесе 16,9% - ға ұлғайды. Кірістер бойынша жоспарлардың асып кетуі республикалық және жергілікті бюджеттерде тіркелді. Айта кету керек, 2026 жылға арналған салық түсімдері бойынша республикалық бюджеттің кірістері 18,886 трлн теңге сомасында жоспарланып отыр. Бұл 2025 жылғы нақты түсімдерден 4,4 трлн теңгеге жоғары.Атап айтқанда, республикалық бюджеттің кірістері 101,8% - ға орындалды: жоспардағы 4 085,6 млрд теңгенің орнына 4 159,4 млрд теңге түсті. Өткен жылғы өсім 26,1% (+861,8 млрд теңге). Бұл көбінесе Қазақстанның негізгі экспорттық тауарларына әлемдік нарықтардағы бағалардың өсуіне, 2025 жылғы 4 тоқсанда ЭШФ жүйесінде тіркелген тауарлар мен қызметтерді өткізу көлемінің өсуіне, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіру нәтижелеріне байланысты.Республикалық бюджет кірісінің негізгі бөлігін құрайтын салықтық түсімдер (98%) 101,6% - ға орындалды: жоспардағы 4 012,8 млрд теңгенің орнына 4 077,6 млрд теңге түсті. Өткен жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 31,5%. Бұл ретте 2026 жылғы қаңтар-наурызға 2025 жылғы IV тоқсанға (2026 жылғы 25 ақпанға дейін) ҚҚС төлеу мерзімі келгенін ескеру қажет. Тиісінше, ҚҚС бойынша салық міндеттемелері 12% ставка бойынша жүргізілді.Өсім өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда импортталатын тауарларға КТС (+16,9%), ҚҚС (16% ставка бойынша есептелген) (+24,2%), пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық (+35,7%) сияқты ірі салықтар бойынша қамтамасыз етілді.Жергілікті бюджеттердің кірістері 109,3% - ға орындалды: жоспардағы 2 090,6 млрд теңгенің орнына 2 285,5 млрд теңге түсті. Өткен жылғы өсім 3,1% (+68,8 млрд теңге).Жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимінде 392 мың жеке тұлға тіркелген. ҚҚС төлеушілер саны 10 мың субъектіге артты.Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша инфляцияны төмендетудің тұрақты үрдісі сақталуда. Наурызда инфляция қарқыны қаңтар–ақпандағы 1,0–1,1% салыстырғанда 0,6% - ға дейін баяулады. Төмендеу алтыншы ай қатарынан байқалады: 2025 жылғы қыркүйектегі ең жоғары мәннен кейін (12,9%) инфляция біртіндеп баяулауға көшті және 2026 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша 11,0%. ҰЭМ болжамы бойынша, 2027 жылдың басында инфляцияның бір мәнді деңгейіне шығу ықтималдығы жоғары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1195944?lang=kk
Облыста жылу желілеріндегі апаттар 6 есеге азайды 08.04.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен жылыту маусымының өтуі және аяқталуы жөнінде аймақ әкімдігінің отырысы өтті.Мемлекет басшысы жылытумаусымын кедергісіз өткізу туралы бірнеше рет тапсырма берді.Біздің облыста жылыту маусымы штаттық режимде өтуде және де аяқталуға жақын. Ірі апаттар тіркелмеді. Бұл, әрине, былтырғы жазда алдын ала жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесі.Жыл сайын жылумен қамтамасыз ету нысандарын және инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға айтарлықтай қаражат жұмсалады.Нәтижесінде, облыс бойынша жылу желілеріндегі апаттар 6 есеге азайып, 2022-2023 жылыту маусымындағы 830-дан биыл 134-ке дейін төмендеді.Ел Президенті 2029 жылдың аяғына дейін жылу желілерінің тозуын 42%-ға дейін төмендету міндетін қойды.2022-2025 жылдары біз желілердің тозуын 50%-тен 43%-ке дейін азайттық.«Тағы бір мәселе – тарифке қатысты. Адамдар жылу, су және электр энергиясын тұтынғаны үшін әділ тариф төлеуі тиіс. Бұл жылу, су және электр энергиясын есептейтін, деректерді қашықтан беру функциясы бар заманауи есептеу құралдарын орнату арқылы мүмкін болады. Заманауи есептеу құралдарын қолдану тұтыну көлемін дәл есептеуге, сондай-ақ есептіліктің ашықтығын қамтамасыз етеді. Автоматты құралдарды қолданысқа енгізу өсіп келеді: 2023 жылы автоматты есептегіш 433 үйде болса, 2025 жылы 1 132 үйге орнатылып, өсім 3 есеге жетті. Есептегіш құралдар тұтынуды реттеу арқылы үнемдеуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде тұрғындар көктемнің жылы күндері басталғанда терезелерін ашып, жылу далаға кетіп жатыр. Соған қарамастан, олар жылу үшін толық көлемде төлем жасауды жалғастыруда. Бұл дұрыс емес. Біздің міндетіміз – өз кәсіпорындарымыздың, жергілікті өндірушілердің қатысуымен жылу есептеу тораптарын көбірек орнату. Мұндай құрылғылар қазірдің өзінде облыс аумағында жұмыс істеп тұр», – деді аймақ басшысы.Биылғы жылыту маусымында бір көпқабатты үйдегі үнемділік 890 мың теңгені құрады. Бұл – азаматтарымыздың қалтасында қалатын қаражат. Облыс әкімі есепке алу құралдарын орнату жұмыстарын осы қарқынмен жалғастырып, 100% қамтамасыз ету керектігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1196263?lang=kk
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың су тасқыны кезеңінің аяқталуына орай аймақ тұрғындарына жасаған үндеуі 08.04.2026
Құрметті аймақ тұрғындары! Облысымызда су тасқыны кезеңі аяқталды.Осы ретте барлық уәкілетті органдардың үйлесімді жұмысын ерекше атап өткім келеді. Қабылданған шаралардың арқасында елді мекендер көктемгі су тасқынынан қорғалды. Бірде-бір тұрғын үйді су баспады. Төтенше жағдайлар тіркелмеді.Алдын ала қорғаныс инженерлік құрылыстары жүргізілді:- 92 елді мекенде ұзындығы 54 км болатын 32 қорғаныс бөгеті тұрғызылды және нығайтылды; - 38 су өткізу құбыры орнатылды; - 78 км кәріз жүйесі тазартылды; - облыс бойынша 1600-ден астам жеке тұрғын үй қардан тазартылды. Аталған жұмыстарға 3600 адам және 500-ден астам техника күш салды. Өзендерде тәулік бойы гидробекеттер жұмыс істеп, су деңгейін тұрақты бақылауда ұстады.Осылайша, Қостанай облысында су тасқыны қаупі бар кезең қалыпты режимде өтті.Мұның барлығы біздің бірлесе атқарған жұмысымыздың нәтижесі.Осы орайда барша атсалысқан азаматтарға, төтенше жағдайлар қызметіне, әскерилерге, волонтерлерге және жастарға ерекше алғыс білдіремін. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1196315?lang=kk
Департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғады: сот өтпеген концерт үшін 5,3 млн теңгеден астам қаражатты өндіріп алды 08.04.2026
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында қабылданған маңызды сот шешімі туралы хабарлайды.Петропавл қаласының №2 соты Департаменттің жеке кәсіпкерге қатысты тұтынушылардың пайдасына ақшалай қаражат өндіру туралы талап арызын толық көлемде қанағаттандырды.Сотқа жүгінуге 2025 жылғы 25 қазанда Қостанай қаласында өтуі жоспарланған «Akmal» орындаушысының концертіне билет сатып алған азаматтардың көптеген өтініштері негіз болды. Іс-шараның тоқтатылуына байланысты жауапкер тұтынушыларға ақшаны қайтару бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған (ішінара қайтарған).Істі қарау барысында көптеген тұтынушылардың төленген қаражатты толық көлемде алмағаны анықталды. Кәсіпкерге сотқа дейінгі талап жолданғанына қарамастан, анықталған бұзушылықтар жойылмаған.Тұтынушылардың оннан астамының құқықтары бұзылғанын ескере отырып, Департамент Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгісіз тұлғалар тобының мүддесін қорғау үшін сотқа жүгіну құқығын іске асырды.Қол жеткізілген нәтиже Департамент мамандарының үйлесімді әрі жүйелі жұмысының арқасында мүмкін болды, олар азаматтардың өтініштерін тиімді қарауды және істі сот органдарында тиісті сүйемелдеуді қамтамасыз етті.Сот шешімімен жауапкерден жәбірленуші азаматтардың пайдасына 5 380 126 (бес миллион үш жүз сексен мың жүз жиырма алты) теңге өндірілді. «Қабылданған сот шешімі тұтынушылардың құқықтарын мемлекет тарапынан кепілдендірілген қорғаудың маңыздылығын растайтын маңызды құқық қолдану тәжірибесі болып табылады. Қызмет көрсету нысанына қарамастан, оның ішінде электрондық платформаларды пайдалану кезінде де, кәсіпкерлік субъектілері тұтынушылар алдындағы өз міндеттемелерін тиісінше және толық көлемде орындауға міндетті.Бұл нәтиже сондай-ақ Департамент қызметкерлерінің жоғары тиімділігі мен кәсібилігін көрсетеді, олардың үйлесімді жұмысы азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.Департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады және анықталған әрбір бұзушылыққа қағидатты түрде әрекет етеді» - деп атап өтті Департамент басшысының міндетін атқарушы Ғ. Абаев. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1196326?lang=kk
Астанада Қазақстан-Бавария өнеркәсіптік кооперациясын дамытуы талқыланды 08.04.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Баварияның халықаралық ынтымақтастық және Еуропа істері жөніндегі мемлекеттік министрі Эрик Байсвенгермен кездесті.Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан-Германия ынтымақтастығының қазіргі жағдайын және екіжақты қарым-қатынастарды кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.Әлібек Қуантыров маңызды шикізатты өндіру және өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыру саласындағы өзара тиімді серіктестіктің әлеуетін атап өтті.«Біз Германияны өнеркәсіптік әлеуетімізді жаңғыртудағы негізгі серіктес деп санаймыз. Германия инвестицияларының шамамен 90%-ы өнеркәсіп секторына бағытталғанын атап өткен жөн», – деді министрдің орынбасары.Ол Қазақстанның халықаралық қатынастар жүйесіндегі рөлін үнемі нығайтып келе жатқанын атап өтті.Қазақстан халықаралық қатынастардағы рөлін үнемі нығайтып келеді. Қазақстан БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты қоса алғанда, қазіргі көпжақты күн тәртібі бойынша Германиямен екіжақты ынтымақтастыққа дайын екенін растады. Жоспарланған жоғары деңгейдегі кездесулер және бірқатар екіжақты іс-шаралар арқылы саяси диалогты нығайтып, бірнеше деңгейдегі серіктестік қатынастардың дамуына жемісті әсер етеді деп күтілуде.Эрик Бейсвенгер екі ел арасындағы жоғары өңделген өнімдерді әзірлеу саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын сипаттап, Германияның шикізатты өңдеудегі оң тәжірибесі туралы айтты.Келіссөздерден кейін тараптар экономикалық серіктестікті екіжақты және Еуропалық Одақ пен Орталық Азияның аймақтық форматтары аясында одан әрі дамытуға деген міндеттемелерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1196134?lang=kk
Қазақстан мен Әзербайжан одақтастықты жан-жақты нығайтып, ынтымақтастықты жаңа мазмұнмен толықтыруға ниетті 08.04.2026
Баку, 2026 жылғы 8 сәуір – Бакуге ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевты Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев қабылдады.Кездесу барысында Е.Көшербаев Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі мен ізгі тілектерін жеткізді. «Елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне ең әуелі жоғары деңгейдегі сенімді диалогтың арқасында қол жеткізілді», – деп атап өтті Министр.Осы тұрғыда Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың 2024 жылғы наурызда Бакуге, Әзербайжан Президенті И.Әлиевтің 2025 жылғы қазанда Астанаға жасаған өзара мемлекеттік сапарлары, сондай-ақ Жоғары мемлекетаралық кеңестің (ЖМК) Екінші отырысының өткізілуі елдеріміз арасындағы одақтастық қатынастарға жаңа серпін беріп, оларды сапалы жаңа деңгейге шығаруға ықпал етті.«Қазақ-әзербайжан қатынастары орнықты әрі кезең-кезеңімен даму сипатына ие және айтарлықтай әлеуеті бар. Біз бауырлас Әзербайжанмен одақтастықты одан әрі жан-жақты нығайтуға және ынтымақтастықты жаңа мазмұнмен толықтыруға берік ниеттіміз», – деп атап өтті Е.Көшербаев.Кездесу барысында халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері де талқыланды. Қазақстан мен Әзербайжанның көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылының жоғары деңгейі, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту жолындағы бірлескен күш-жігерді жалғастырудың маңыздылығы аталып өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1196410?lang=kk
Гвардейск гарнизонында әскери қызметтің заңдылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар енгізілуде 08.04.2026
Гвардейск гарнизонында әскери қызметтің заңдылығын, тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді практикалық шараларды іске асыру басталды. Негізгі назар цифрлық шешімдерді енгізуге және бөлімшелердегі профилактикалық жұмысты күшейтуге аударылды.Әскери бөлімдер кезең-кезеңмен заманауи бейнебақылау жүйелерімен жабдықталып жатыр. Камералар тек казармалар мен қызметтік үй-жайларда ғана емес, тұрмыстық аймақтарға, жуыну бөлмелеріне, спорт залдарына, баспалдақ алаңдарына, сондай-ақ қару-жараққа қызмет көрсету және мүлікті сақтау орындарына да орнатылды. Бұл үздіксіз бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар профилактикалық шаралар да күшейтілді. Бөлімшелерде құқық бұзушылықтардың алдын алуға арналған қосымша құралдар енгізілді, тәртіп деңгейі мен лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігіне баса назар аударылды. Қару-жарақты қауіпсіз қолдану және оны сақтау талаптарын қатаң қадағалау мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.Аталған шешімдерді енгізу барысы мен оларды одан әрі дамыту қадамдары Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабековтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық кеңесте талқыланды. Жиынға Гвардейск гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі Расул Ризабекұлы, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Ержан Ибраев, Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары полковник Арынғали Ақышев, әскери бөлім командирлері мен олардың орынбасарлары, құқық қорғау органдарының басшылары, әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс жүргізетін қызметкерлер және психологтар қатысты.Жұмыс 2025–2028 жылдарға арналған «Цифрлық профилактика» және «Заң мен тәртіп» бағдарламалары аясында жүргізіліп жатыр. Бұл бағдарламалар Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан, ҰҚК Шекара қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігінің бірлескен бұйрығы негізінде жүзеге асырылуда. Ведомствоаралық формат профилактика мен құқықтық тәртіп мәселелеріне бірыңғай көзқарасты қамтамасыз етеді.Кеңесте сондай-ақ әскери қалашықтардың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту және әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін қолдау деңгейін арттыру шаралары да қарастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1196430?lang=kk
Арнайы операциялар күштерінің әскерилері қоян-қолтық ұрыстан тоғыз медаль олжалады 08.04.2026
Қарағандыда қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионаты өтті. Оған 16 облыстың, сонымен қатар Астана, Алматы және Шымкент қалаларының спортшылары қатысты.Тартысты жекпе-жекте 300-ге жуық спортшы бағын сынады. Төрешілік ерлер арасында 8 салмақ дәрежесінде, ал әйелдер арасында 5 салмақ дәрежесінде ұйымдастырылды.Турнир қорытындысы бойынша Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері үш алтын, бір күміс және бес қола жүлде еншіледі. Әйелдер арасында 53 келі салмақта Аян Тұрсын алтын алды, қола жүлде 58 келі салмақтағы Жұлдызай Ыбыраеваға бұйырды. Ерлер арасында 57 келі салмақта Жандос Мәдехиянов, 62 келі салмақта Арнат Нәметов чемпион атанды. Тұғырдың екінші сатысына 97 келіден жоғары салмақтағы Ағалы Хасанов көтерілді. 62 келі салмақта Аман Шәкіртов, 73 келіде Олжас Ержан, 97 келіде Азамат Асылбекұлы, 97 келіде Еламан Қуатов қола жүлдегер атанды.Республикалық біріншіліктің қорытындысы бойынша осы спорт түрінен Азия чемпионаты мен әлем кубогына қатысатындар іріктелетінін айта кетелік.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1196488?lang=kk
Қазақстан мен Әзербайжан стратегиялық әріптестіктің жаңа деңгейіне шығып келеді 08.04.2026
Баку, 2026 жылғы 8 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Әзербайжан Республикасына ресми сапары аясында Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен келіссөздер жүргізді.«Мемлекеттер басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында соңғы үш жылда қазақ-әзербайжан қатынастары өзара іс-қимылдың сапалы жаңа деңгейіне көтерілді», - деп атап өтті Е. Көшербаев.Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды, атап айтқанда екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық, энергетикалық, транзиттік-көліктік және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың басым бағыттары қарастырылды.Екіжақты қатынастарда басты ден сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қойылуда. Экономикалардың ресурстары өзара сауда ауқымын соның ішінде инвестициялар мен өнеркәсіптік кооперация есебінен ұлғайту әлеуетіне ие.Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың нақты іске асырылу барысын егжей-тегжейлі қарастырды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы бес жылда өзара сауда көлемі 5 есе өсіп, 2025 жылы 470,7 млн АҚШ долларын құрағаны аталып өтті, сонымен бірге министрлер осы көрсеткіштің 1 млрд АҚШ долларына дейін жетуіне жәрдемдесуге келісті.Тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағыты, сондай-ақ Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық байланыс желісін және терең су асты электр кабелін тарту сияқты флагмандық инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысын талқылады.Қазақстандық энергоресурстардың әлемдік нарықтарға Әзербайжан аумағы арқылы транзиті, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік кооперация және телекоммуникация салаларындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Осыған байланысты қазақ-әзербайжан Тікелей инвестициялар қорының өсіп келе жатқан рөлі аталып өтті.Сұхбаттастар мәдени-гуманитарлық байланыстардың дамуына қанағаттанушылық білдіріп, Қазақстанда өткен Әзербайжан мәдениетінің күндері мен Әзербайжанда өткен Қазақстан мәдениеті күндерінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Сондай-ақ білім беру саласындағы өзара іс-қимылдың жандануы, атап айтқанда, қазіргі уақытта Әзербайжанда өтіп жатқан Қазақстанның жоғары білім күндері оң бағаланды. Туризм саласында да оң серпін байқалады: екі елдің қалалары арасында аптасына шамамен 30 әуе рейсі жүзеге асырылады.Кездесу барысында Министрлер өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «ұстанымдарын» салыстырып, көпжақты құрылымдар, оның ішінде БҰҰ, ТМҰ, АӨСШК, ТМД, ИЫҰ, Каспий саммиті шеңберіндегі одан арғы тығыз ынтымақтастыққа деген бейілділігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1196572?lang=kk
«Айбын-2026» халықаралық жастар жиынында он бес оқушы Алматының намысын қорғайды 07.04.2026
Алматыда Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжінде «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысушыларды іріктеудің қалалық кезеңі өтті.Шараны қорғаныс істері жөніндегі департаменті, білім басқармасы, Десанттық-шабуылдау әскерлері, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының қолдауымен дене шынықтыру және спорт оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.Іріктеу кезеңіне 14 пен 17 жас аралығындағы 210 жоғары сынып оқушылары – әскери-патриоттық клубтар мен мамандандырылған сыныптардың атынан шығып жүрген аудандық турлардың жеңімпаздары қатысты. Жарыс барысын алғашқы әскери және технологиялық дайындықтың тәжірибелі оқытушылары бақылап отырды.Ұлдар мен қыздар әскери-қолданбалы пәндер бойынша машықтарын көрсетті. Атап айтқанда, АК-74 автоматын бөлшектеп, жинау, пневматикалық мылтықтан ату, күш жаттығулары және командалық эстафета. Зияткерлік сынақтарда қатысушылар робототехника және әскери-техникалық әзірлемелер саласындағы жобаларын таныстырды.– Біз мықты дайындықты ғана емес, жастардың әскери қызмет пен заманауи технологияларға деген шынайы қызығушылығын көрдік. Құрама команданың ішіне іріктеуден өткен 10 жігіт және 5 қыз, яғни нағыз мықтылар кірді, – деп атап өтті Алматыдағы «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы филиалының төрағасы запастағы подполковник Марат Қанатов.Командалық және жеке сынақтардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Жарыс қорытындысы бойынша 15 мықты оқушыдан құралған құрама жасақталды. Олар Ақмола облысы Щучинск қаласында өтетін «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында Алматының атынан сайысқа шығады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1195366?lang=kk
Астанада 140 сарбаз Жауынгерлік тумен қоштасты, оның 20-сы келісімшарт қызметін таңдады 07.04.2026
Елордадағы 68665 әскери бөлімінде былтырғы көктемде әскерге шақырылған 140 сарбаз Жауынгерлік тумен қоштасты. Салтанатты рәсімге әскери бөлім қолбасшылығы, Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері, Қарулы күштердің, Ауған соғысының және жергілікті қақтығыстардың ардагерлері қатысты. Жиында сөз алған «Қарулы күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов Отан қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы екенін атап өтті. Ол сарбаздардың ел алдындағы адал қызметіне жоғары баға беріп, бірқатар әскери қызметшілерді грамотамен марапаттады.Бір жыл ішінде жас жауынгерлер заманауи әскери техниканы меңгеріп, қару-жарақтың барлық түрінен ату шеберліктерін шыңдады. Сондай-ақ түрлі оқу-жаттығуларға қатысып, әскери дайындық деңгейін арттырды.Бөлім командирі полковник Абай Әлібеков сарбаздардың қызметіне алғысын білдіріп, алдағы азаматтық өмірлеріне сәттілік тіледі.– Сендер әскери қызмет барысында тәртіпке бағынып, кәсіби білім мен дағдыларды игердіңдер. Соның нәтижесінде Отан қорғауға дайын, саналы азамат болып қалыптастыңдар. Бұл тәжірибе алдағы өмір жолдарыңда өздеріңе зор пайдасын тигізетініне сенімдімін. Баршаңа сәттілік тілеймін, – деді ол.Бөлім қолбасшылығы барлық әскери қызметшілерге адал қызметі үшін алғыс айтып, грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етті.Дәстүр бойынша Жауынгерлік тумен қоштасу құрметі үздіктердің үздігі қатардағы жауынгер Сағи Рахатқа берілді. Бұл – оның әскери қызметтегі табандылығы мен жетістіктерінің айқын дәлелі.Әскерге дейін спортпен айналысқан ефрейтор Жанайдар Жақыпов үшін бөлімдегі бір жыл табысты болды. Ол жуырда ғана Шымкент қаласында Арнайы операциялар күштері қолбасшысының кубогы үшін өткен армиялық қоян-қолтық ұрыста 65 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынды иеленген болатын. Бүгінгі іс-шарада Жанайдарға чемпион белдігі, үздік дәрежелі «Жауынгер спортшы» төсбелгісі және кші сержант әскери атағы салтанатты жағдайда табыс етілді. Сонымен бірге аталған байрақты бәсекеде 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде аға лейтенант Тойыр Досов екінші, ал 90 келі салмақ дәрежесінде келісімшарт қызметінің сержанты Дәурен Шырынханов үшінші орынды иеленгенін айта кету керек. Екі жеңімпаз да 68665 әскери бөлімінің әскери қызметшілері.Бүгінде Жанайдар Жақыпов келісімшарт негізінде қызметін жалғастыру туралы нақты шешім қабылдаған. Жалпы, бөлімде мұндай ниет білдірген сарбаздар аз емес. Полковник Абай Әлібековтің айтуынша, 140 жауынгердің жиырмаға жуығы келісімшартпен қызметте қалуға ниетті. Сонымен қатар запасқа шығарылған сарбаздардың шамамен 15 пайызының мемлекеттік грант негізінде жоғары білім алуға мүмкіндігі бар.Астаналық арнайы мақсаттағы 68665 әскери бөлімі құрылған күннен бастап елдің маңызды стратегиялық нысандарын қорғау міндетін абыроймен атқарып келеді. Бөлімнің әскери қызметшілері кез келген тапсырманы орындауға қабілетті екенін талай мәрте дәлелдеді. Бүгінде бұл әскери бөлім елордадағы ең үздік, элиталық құрамалардың бірі саналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1195275?lang=kk
Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту – маңызды қадам 07.04.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жылыту маусымының аяқталу қарсаңында Қостанай қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің жылумен жабдықтау желілерінің жай-күйімен танысты.«Мемлекет басшысы жылыту маусымын кедергісіз өткізу туралы бірнеше рет тапсырма берген. Біздің облыста жылыту маусымы штатты режимде өтуде. Ірі апаттар тіркелмеді. Болған жағдайда да олар жылу сапасына әсер етпеді. Бұл, әрине, алдын ала жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесі. Бұл өткен жылыту маусымында қазандық жабдықтарына байланысты және магистральдық желілердегі апаттық жағдайлар орын алғанын ескере отырып, біз дұрыс қорытынды жасағанымызды көрсетеді», – деді аймақ басшысы.Мемлекет басшысы энергетика және коммуналдық секторларды жаңғыртудың маңыздылығын ерекше атап өтеді. Ол 2029 жылдың қорытындысы бойынша жылумен жабдықтау желілерінің тозуын 42%-ға дейін төмендету міндетін қойды.Жыл сайын жылумен жабдықтау нысандары мен инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға қомақты қаржы бөлінуде. Нәтижесінде:жылу желілеріндегі ақаулар саны 84%-ға азайды: 2022–2023 жылғы маусымдағы 830 жағдайдан осы жылыту маусымында 134 жағдайға дейін төмендеді; тозу деңгейі 2022 жылғы 50%-дан 2025 жылы 43%-ға дейін қысқарды.Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі Ұұлттық жоба аясында бұл жұмыс әрі қарай да жалғасады. Ал қазіргі маусым аяқталуға жақындаған тұста келесі жылыту кезеңін сәтті бастау үшін қажетті қадамдарды қазірден жоспарлау маңызды.«Келесі тоқталғым келетін мәселе – тариф мәселесі. Халық жылу, су және электр энергиясы үшін нақты тұтынған көлемі бойынша төлеуі тиіс. Бұл тек «ақылды» есептеу құралдарын орнату арқылы мүмкін болады. Егер стационарлық есептегіш құралдармен қамту деңгейі жоғары болса, автоматтандырылған жүйелер бойынша біз әлі бастапқы кезеңдеміз. Қазіргі таңда облыста мұндай есептегіштерді орнату қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, 2023 жылы 433 үйге орнатылса, 2025 жылы 1 132 үйге орнатылып, шамамен 3 есеге өсті. Есептегіштерді орнату тұрғындарға жылу қызметін үнемдеуге мүмкіндік береді. Алайда бізде бұл мүмкіндік толық пайдаланылып жатқан жоқ. Мысалы, көктемгі жылы күндер басталғанда көптеген тұрғындар терезелерін ашып, жылуды сыртқа шығарады, яғни «көшені жылытады». Соған қарамастан, жылу үшін толық көлемде төлем жасайды. Бұл дұрыс емес», – деді Құмар Ақсақалов.Халықта пәтерішілік және жалпыүйлік есептегіш құралдар болуы тиіс. Олар автоматтандырылған болуы қажет, яғни көрсеткіштер адам араласуынсыз қашықтан берілуі керек. Бұл деректерді бұрмалау, нақты көрсеткіштермен сәйкессіздік және соның салдарынан қызмет құнының негізсіз жоғарылауын болдырмайды. Ал мұндай жағдайлар халықтың сенімсіздігіне, наразылығына және төлем жасаудан бас тартуына әкеледі.«Біздің міндетіміз – жылу есептеу тораптарын барынша көп орнату. Бұл іске кәсіпорындар мен жергілікті өндірушілер де белсенді қатысуы тиіс. Облыс аумағында мұндай кәсіпорындар бар. Барлық бұл шаралар үнемдеуге бағытталған. Қазіргі жылыту маусымында бір көпқабатты үйден 890 мың теңгеден астам үнемделді. Бұл – тұрғындардың қалтасында қалатын қаражат», – деді облыс әкімі.Сонымен қатар, жылу өндіруші кәсіпорындар да аз шығын жұмсайтын болады. Есептегіштер саны артқан сайын отын шығыны мен жылу шығындары да азаяды. Бұл жылуды 100% есепке алу кезінде мүмкін болады.Есептеу құралдарын орнату жұмыстары осы қарқынмен жалғасады. Бұл алдағы 5 жыл ішінде 100% қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1195181?lang=kk
Қарулы күштердің әскери қызметшілері көлік ішінде құлыпталып қалған баланы құтқарып алды 07.04.2026
Алматы өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының әскери қызметшілері аға лейтенант Ержан Әбдібаев пен ефрейтор Әлібек Оқанов екі жастағы сәбиі көлік ішінде қамалып қалған әйелге көмек көрсетті.Оқиға туралы баланың анасының әлеуметтік желіде жариялаған жазбасынан белгілі болды.Оның айтуынша, көліктің кілтін абайсызда ішінде қалдырып кеткен. Дабыл жүйесі іске қосылып, есіктер автоматты түрде құлыпталып қалған. Ал машина ішінде екі жасар ұлы қалып қойған. Ол жазбасында:– Мен абдырап, не істерімді білмей, қатты қорқып кеттім. Әскери формадағы адамдарды көріп, солардан көмек сұрадым, – дейді. Қызметтен қайтып келе жатқан әскери полиция өкілдері жағдайды бірден бағалап, көлікті ашуға кіріскен. Олар 10-15 минуттың ішінде көліктің есігін ашып, баланы аман-есен сыртқа алып шыққан. Сәбиге медициналық көмек қажет болмапты.Баланың анасы көрсеткен көмегі үшін аға лейтенант Ержан Әбдібаев пен ефрейтор Әлібек Оқановқа алғысын білдіріп, олардың жедел қимылы мен жанашырлығын ерекше атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1195151?lang=kk
Гвардейск гарнизонында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында 500 түп ағаш егіледі 07.04.2026
Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабеков әскери қалашықтағы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы аллеяда өткен ағаш ағаш егу акциясына қатысты. Жалпы мамыр айының соңына дейін гарнизонда 500 түп ағаш егу жоспарланып отыр.– Көгалдандыру – тек аумақты абаттандыру ғана емес. Бұл – адамдардың денсаулығына және экологиялық қауіпсіздікке қосылған үлес. Әскери қызметшілер мен мектеп оқушыларының бірлескен акциялары жас ұрпақтың жауапкершілік сезімін нығайтып, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастырады, – деп атап өтті генерал-майор Асқар Мұстабеков.Қорғаныс министрінің орынбасары жұмыс сапары барысында гарнизондағы әлеуметтік нысандардың жағдайымен де танысты. Ол мектеп, балабақша, госпиталь, гарнизондық кітапхана және Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың филиалын аралады.Балалардың білім алуы мен тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінді. Бауыржан Момышұлы атындағы № 43 орта мектепте және мектепке дейінгі мекемелерде генерал-майор Асқар Мұстабеков материалдық-техникалық базаның жағдайын, тамақтандыру мен жылумен қамтамасыз етуді, сондай-ақ кадрлармен қамтылуын бағалады. Әскери қалашықта жалпы сыйымдылығы шамамен 500 орын болатын үш балабақша жұмыс істейді.– Балалардың бойында жас күнінен бастап жауапкершілік сезімін, әскери қызметке деген құрмет пен Отан қорғауға әзірлікті қалыптастыру маңызды. Бұл бағытта алғашқы әскери дайындық сабақтарының және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының әлеуетін барынша тиімді пайдалану қажет, – деп атап өтті ол.Сапар қорытындысы бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары әлеуметтік инфрақұрылымды одан әрі дамыту, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері үшін қолайлы жағдай жасау жөнінде тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1195112?lang=kk
Рудныйда жалпы қалалық сенбілік өтті 07.04.2026
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Рудный қаласында алғашқы жалпы қалалық сенбілік ұйымдастырылды.Ауқымды тазалық шарасына мыңға жуық адам қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлері, жастар, еріктілер және қала тұрғындары бар. Әртүрлі буын өкілдері бір мақсатқа бірігіп, туған қаланың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.Сенбілік барысында қала аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, көшелер, аулалар мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылды. Нәтижесінде шамамен 280 тонна қоқыс жиналып, арнайы полигондарға шығарылды. Жұмыстарға 18 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.Іс-шара барысында ардагерлер ұйымының белсенділігі ерекше атап өтілді. Олар өздерінің азаматтық ұстанымдары мен туған жерге деген жанашырлықтарын нақты істерімен көрсетті.Мұндай игі бастамалар қаланың санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға да ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1195101?lang=kk
Қазақстан мен Иордания көпқырлы ынтымақтастықты нығайтуда 06.04.2026
Астана, 2026 жылғы 6 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Иордания Королі сарайындағы саяси департаменттің директоры Моаз Аз-Зубимен кездесті.Кездесу барысында тараптар көпжақты әріптестікті одан әрі дамыту мәселелерін, соның ішінде жоғары деңгейдегі алдағы іс-шараларды, сондай-ақ көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады.Ә.Бақаев Қазақстан өкілдерінің «Акаба процесі» жұмысына (2025 жылғы 14–15 қазан, Рим) қатысу мүмкіндігі үшін иордан тарапына ерекше ризашылығын білдірді.Өз кезегінде М.Аз-Зуби қазақстандық тарапқа қонақжайлылық үшін алғыс айтып, өзекті мәселелер бойынша жан-жақты өзара іс-қимылға дайын екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1195037?lang=kk
Астанада десантшы сарбаздарды салтанатты түрде қарсы алды 06.04.2026
Елордадағы теміржол вокзалында Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 61993 әскери бөлімінде борышын өткерген сарбаздарды қарсы алу рәсімі өтті. Қуанышты сәтке олардың ата-аналары, жақындары, қала тұрғындары және қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері жиналды.– Бүгін біз 38-ші бригадада қызмет атқарған 37 сарбазды қарсы алып отырмыз. Өткен жылы бұл бөлімге тек үздіктердің үздігі іріктеліп алынған болатын, – деді Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі запастағы полковник Ғани Артықов. – Сендер әскерден шыңдалып, шымыр болып оралдыңдар. Осындай азаматтарды тәрбиелеген ата-аналарға алғысымды білдіргім келеді.Жиналған көпшілік атынан запасқа шыққан жауынгер Нұрмұхамед Кәрімжанның апасы Дәмеш Кеңесбаева сарбаздардың алдағы азаматтық өміріне ақ жол тілеп, батасын берді.Маусым айының соңына дейін өткен жылдың көктемінде әскерге шақырылған 1200-ге жуық азамат елордаға оралады. Ал наурыз–маусым айлары аралығында олардың орны 1400-ге жуық астаналықпен толығады.Салтанатты рәсімнен кейін сарбаздар ата-аналарымен, жақындарымен қауышты. – Немерем әскерден оралып жатыр. Оны қарсы алуға отбасымызбен келдік. Өзім де кезінде елден жырақта әскери борышымды өтегенмін. Бүгін немеремнің тәуелсіз елімізде қызмет етіп келгеніне қуаныштымын. Әскер - ер жігітті шыңдайтын мектеп, – деді сарбаз Нұржан Тілеулестің атасы Төлеген Жұманов.Іс-шараның ең әсерлі сәттерінің бірі – әскерден оралған сарбаздың сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасауы болды. Қыз келісімін беріп, көпшілік қуанышты сәттің куәсі болды.Әскерден запасқа шыққан кіші сержант Абдулла Пералы әскери қызмет ол күткендей қиын емес, керісінше шыңдалуға мүмкіндік берді дейді. Бір жыл ішінде бауыр басқан десант жауынгерлер бірін-бірі қимай қоштасып, үйлеріне тарқады.Айта кету керек, әскери қызметтен өткен азаматтарға жаңа мүмкіндіктер бар. Олар жоғары оқу орындарына ҰБТ тапсырмай түсе алады. Жауынгерлік даярлықта үздік нәтиже көрсеткендер мемлекеттік грант иегері атанады.Әскерден оралған әр жігіт борышын өтеп келген сарбаз ғана емес, өмірдің жаңа кезеңіне қадам басқан, тәртіп пен жауапкершілігі мықты азамат.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1195007?lang=kk
Электр энергиясы нарығы үшін электронды шот-фактура жазып беру мерзімі салалық ерекшелікті ескере отырып кейінге шегерілді 06.04.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық Кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 11-ші отырысы бұрған дейін қосымша пысықтауға жолданған мәселелерді қарауға арналды.Бірінші мәселе «Электр қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ және «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС үшін шот-фактураларды жазып беру мерзімін қайта қарауға қатысты болды. Бұған дейін бұл мәселе жобалық кеңсенің 9 отырысында қаралып, оның қорытындысы бойынша қосымша талдау туралы шешім қабылданған еді.Мерзімдерді өзгерту қажеттілігі электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс ерекшелігіне байланысты болып отыр: тұтыну туралы нақты дерек пен есептік көрсеткіш есептік айдан кейінгі айдың 20-сынан кейін ғана қалыптасып, қолжетімді болады.Осыған байланысты нарық қатысушылары алдымен құжаттарды күні бұрынғы мәліметтер бойынша ұсынуға, кейін нақты мәні белгілі болғанда қайта түзетуге мәжбүр.2026 жылдан бастап түзетілген электронды шот-фактураны алушы тараптың міндетті түрде растауы талап етілетіндіктен, қолданыстағы мерзім құжаттардың дұрыс ресімделуінде тәуекел туғызып отыр.Осыған байланысты салалық ерекшелікті ескере отырып, ЭШФ-ны жазып беру мерзімін ауыстыру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.Талқылау қорытындысы бойынша мерзімдерді ауыстыру туралы ұсыныс қолдау тапты. Нарық операторы мен Бірыңғай сатып алушы үшін шот-фактураларды жазып берудің жаңа мерзімі есептік айдан кейінгі айдың 27-не дейін деп белгіленді. Тиісті өзгерісті Салық Кодексіне ретроспективті түрде енгізу, яғни 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолдану жоспарлануда.Сондай-ақ, отырыста тау-кен-металлургия секторында салық нормаларын, атап айтқанда, кокстелетін көмірге пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты (ПҚӨС) қолдану мәселесі қаралды. Мәселенің күрделілігі мен көпфакторлылығын ескере отырып, келісілген шешімдерді егжей-тегжейлі зерделеу мен әзірлеу үшін оны қарау тағы бір айға ұзартылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1194800?lang=kk
Қазақстан Қорғаныс министрлігінің курсанттары халықаралық олимпиададан жүлдемен оралды 06.04.2026
Ресей Федерациясының Воронеж қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттер жоғары әскери оқу орындарының курсанттары арасында өткен X халықаралық информатика олимпиадасы аяқталды.Зияткерлік сайыстың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үздік үштікке енді. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары халықаралық аренада ел намысын қорғады. Олимпиадаға Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Ресей және Тәжікстан елдерінен алты команда қатысты. Үш кезеңнен тұратын жарыс әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды шешуді қамтыды. Бірінші кезеңде қатысушылар алгоритмдік ойлау қабілеттерін көрсетсе, екінші кезеңде ақпараттық технологиялар саласындағы білімдерін дәлелдеді. Ал соңғы кезеңде бағдарламалау мен жүйелік талдау элементтерін біріктіретін кешенді тапсырмаларды орындады.Тартысты бәсекеге қарамастан, Қазақстан командасы жақсы нәтиже көрсетті. Қатысушылар үшін отандық әскери оқу орындарында қолданылатын жүйеден өзгеше операциялық жүйені пайдалану қиындық туғызғанын айта кету керек.Команда жетекшісі, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының басшысы Раушан Игілікова атап өткендей, курсанттардың жаңа техникалық жағдайларға тез бейімделу қабілеті шешуші рөл атқарды. Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының командасы үшінші орынды иеленді. Ал Ресей Федерациясы жеңіс тұғырына көтерілсе, екінші орын Беларусь Республикасына бұйырды.Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, бағалы сыйлықтармен және құрмет грамоталарымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1194678?lang=kk