Қуқық
Қазақстан Қорғаныс министрі ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысты 03.04.2026
Мәскеуде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті. Оған Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының басшылары қатысты.Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов әріптестерімен әскери ынтымақтастықты дамытудағы негізгі бағыттарды талқылады.Тараптар қауіпсіздік пен аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша пікір алмасып, ТМД форматы бойынша көпжақты әскери ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.Отырыс қорытындысы бойынша ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің 2027 жылға арналған жұмыс жоспары мен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1193356?lang=kk
Әскери оқу орнының магистранттары мен докторанттары қорғаныс операцияларын стратегиялық деңгейде тәжірибеден өткізуде 03.04.2026
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде магистранттар мен докторанттардың теориялық білімін бекіту, практикалық дағдыларын дамыту және басқарушылық құзіретін қалыптастыру мақсатында стратегиялық командалық-штабтық әскери ойын өткізіліп жатыр.Аталған іс-шараға Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Бауыржан Әбжанов басшылық жасайды. Ол ойынның барлық кезеңдерін сапалы ұйымдастыру, оқушылардың білім деңгейін әділ бағалау және олардың функционалдық міндеттерді орындау кезінде практикалық дағдыларын тексеру маңызды екенін атап өтті.Магистранттар мен докторанттар Қарулы күштердің, басқа әскерлер мен әскери құралымдар әскери басқару органдарының лауазымды тұлғалары рөлінде қорғаныс операцияларын жедел-стратегиялық деңгейде дайындау мен жүргізуді пысықтайды. Сондай-ақ, басқарушылық шешімдер қабылдауға, бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыруға және әскерлерді жан-жақты қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді.Командалық-штабтық ойын жетекшісі университет бастығының бірінші орынбасары полковник Талғат Әжібаев басқару пункттеріндегі лауазымды тұлғалар үшін оқу-жаттығу жоспарына сәйкес өзара іс-қимыл жасаудың практикалық мәселелерін пысықтайтын негізгі тапсырмаларды анықтады.Командалық-штабтық ойын өткізу оқушыларға Қарулы күштерді қолдануға және жедел-стратегиялық басқаруды ұйымдастыру саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін тәжірибеден өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл ойын жедел басқармалар, жалпыәскери құрамалар мен бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл деңгейін арттыруға да септігін тигізеді.4 сәуірге дейін жалғасатын іс-шара заманауи әскери-стратегиялық жағдайда тиімді әрекет ете алатын жоғары білікті әскери мамандарды даярлаудың маңызды кезеңіне айналмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1192998?lang=kk
Серік Жұманғарин ЕЭК-пен кооперациялық жобаларды дамыту мәселелерін талқылады 03.04.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі Гоар Барсегянмен кездесті.Кездесу барысында Гоар Барсегян қарыз қаражаты бойынша, оның ішінде қазақстандық кәсіпорындардың қатысуымен пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды қарастыратын өнеркәсіптегі кооперациялық жобаларды қаржылық қолдау тетігін іске асыру туралы хабардар етті. Қазіргі уақытта ЕЭК-ке 15 жоба келіп түскен. Оның 5-еуі мақұлданса, қалғаны мақұлдаудың әртүрлі кезеңінде қарастырылып жатыр. Бұл жобалардың бірін Қазақстан өзі бастап ұсынса, тағы екеуіне қатысушы болып табылады.Атап айтқанда, 2025 жылғы қаңтарда Ақмола облысындағы «KAZROST Engineering Ltd.» ЖК базасында ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді ұйымдастыру жөніндегі қазақстандық кооперациялық жоба мақұлданды. Жоба жинақтаушы және технологиялық жабдық жеткізетін Ресей мен Беларусь кәсіпорындарымен кооперацияда астық жинайтын комбайн кабинасы өндірісін іске қосуды көздейді.Жобаны іске асыру кәсіпорынның өндірістік қуатын жылына 700-ден 1000 бірлікке дейін ұлғайтуға, өндірісті технологиялық қайта жарақтандыруға және жаңғыртуға, сондай-ақ 50 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.Бұдан бөлек, ЕЭК-тің қарауында Алматы облысында сэндвич-панель өндіру жобасы бар. Ол жұмыс істеп тұрған жоғары технологиялық зауытты жаңғыртуға арналған және материал жеткізу мен құрылыс жұмыстарын орындайтын Ресей мен Қырғызстан кәсіпорындарымен кооперацияда іске асырылуда. Жоба кемінде 30 жаңа жұмыс орнын құрып, өндірістік қуатты күшейтеді.Тараптар агроөнеркәсіптік кешендегі қаржылық қолдау тетігін тарату мәселесіне ерекше назар аударды. Қазақстан тарапынан Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК саласындағы бірлескен кооперациялық жобаларға қаржылық қолдауға қатысты 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама жобасына қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізеді.Серік Жұманғарин терілер мен жүнді қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы өнімін кеңінен өңдеу, сондай-ақ Қазақстанда импорттың жоғары үлесі бар тауарларды өндіру саласындағы бірлескен жобаларды басымдықпен дамыту қажеттігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1192984?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі Моңғолия Елшісін қабылдады 02.04.2026
Астана, 2026 жылғы 2 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Дорж Баярхууды дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай қабылдады.Кездесу барысында тараптар қазақ-моңғол ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Саяси диалогтың оң серпіні, сондай-ақ басым бағыттардағы өзара іс-қимылдың дәйекті түрде кеңеюі атап өтілді.Ағымдағы жылы жоспарланған екіжақты сапарлар мен түрлі деңгейдегі іс-шаралардың кестесіне, сондай-ақ тараптардың көпжақты құрылымдар аясындағы өзара ықпалдастығына ерекше назар аударылды.Өз кезегінде, Елші дипломатиялық миссиясы кезеңінде көрсетілген қолдау үшін ризашылығын білдіріп, Моңғолияның Қазақстанмен өзара құрмет пен сенімге негізделген ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.Кездесу соңында Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Дорж Баярхууға екіжақты қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін II дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1192937?lang=kk
Рекорд жаңартқан жеңіс: әскери қызметші ел чемпионы атанды 02.04.2026
Қазақстан Республикасының жеңіл атлетикадан өткен чемпионатында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшісі ефрейтор Ринат Кулыгин 10 шақырым қашықтыққа жүгіруден жеңіске жетті.Республикалық жарыс Алматы қаласында Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен өтті. Сайысқа еліміздің 40-тан аса үздік спортшысы қатысты. Ринат Кулыгин мәреге бірінші болып жетіп, өзінің жеке рекордын (31 минут 13 секунд) орнатты.Бұл жеңіс әскери қызметшінің ұлттық деңгейдегі кезекті жетістігі еді. Ринат Кулыгин – Қазақстанның 12 дүркін чемпионы, сондай-ақ Азия чемпионаттарының бірнеше мәрте жүлдегері. Оның Кувейт пен Корея Республикасында өткен халықаралық жарыстарға да қатысқан тәжірибесі бар.Ринаттың спорттық жолы Жамбыл облысы Меркі ауданында басталған. Ол балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы Дмитрий Иванчуковтың жетекшілігімен жаттыққан. Әскери қызметте болғанына қарамастан, спортшы бапкерімен ұдайы байланыста болып, жаттығу жоспарын орындап жүр.Ринат Кулыгин Қарулы күштер қатарында 2024 жылдың көктемінен бері қызмет етіп келеді. Ол Гвардейск гарнизонындағы кіші мамандарды даярлау оқу-жаттығу орталығында дайындықтан өтіп, танк бригадасында механик-жүргізуші болып тағайындалған. Қазіргі уақытта келісімшарт бойынша әскери қызмет атқарып, аға радиотелефонист лауазымында қызмет етуде.«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Ержан Ыбыраев әскери қызметшінің бұл жеңісі Қарулы күштердің беделін арттыруға және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға елеулі үлес қосатынын атап өтті.Алдағы уақытта Ринат Кулыгин биылғы жылдың шілде айында Қытайда 23 жасқа дейінгі жастар арасында өтетін Азия чемпионатына қатысуды, оған қоса дене дайындығы және жаттықтырушылық бағытта білімін жалғастыруды жоспарлап отыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1192624?lang=kk
Қазақстан мен Қытай жылына 3 млн тоннаға дейін болат өндіретін комбинат салуға ниетті 02.04.2026
Фуцзянь провинциясында өндірістерді Қазақстанда орналастыру және қытайлық жаңа кәсіпорындарды іске қосу мәселелері талқылануда. Жоспарланған инвестиция көлемі 1,2 млрд АҚШ долларына дейін жетуі мүмкін. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің Фуцзянь провинциясына жасаған жұмыс сапарының қорытындысы бойынша мәлім болды. Сапар аясындағы басты келісімдердің бірі – қытайлық Fujian Hengwang Investment компаниясымен ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру мәселесін пысықтау. Жоба Қазақстанда жылына 3 млн тоннаға дейін болат өндіретін металлургиялық комбинат салуды көздейді. Инвестиция көлемі шамамен 1,2 млрд АҚШ долларын құрайды. Кәсіпорын іске қосылған жағдайда шамамен 2,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Өнім негізінен ішкі нарыққа бағытталып, сондай-ақ экспортқа шығарылмақ. Сонымен қатар Қазақстанда бірқатар салалар бойынша өндірістерді жергіліктендіру жобалары қарастырылып жатыр. Jinyuan тоқыма компаниясымен жіп иіру өндірісін іске қосу және шикізатты терең өңдеу бағыттары талқылануда. Weihua Heavy Machinery компаниясымен жүк көтергіш жабдықтар шығаратын өндіріс пен инженерлік орталықтар құру мәселесі қаралуда. Shenda Electric компаниясымен трансформаторлар мен электротехникалық өнімдер өндірісін ұйымдастыру мүмкіндігі талқыланса, Jinlun Hi-tech Fiber компаниясымен синтетикалық талшықтар мен химиялық өңдеу саласындағы жобалар пысықталуда. Жалпы алғанда, бұл бастамалар Қазақстан аумағында қосылған құны жоғары өндірістер тізбегін қалыптастыруға, жаңа технологияларды енгізуге, өндірісті жергіліктендіруге және сыртқы нарықтарға шығуға бағытталған. «Фуцзянь – Қытайдың жетекші өнеркәсіптік әрі экспорттық өңірлерінің бірі. Біз Қытаймен тұтас ел ретінде емес, нақты провинциялар деңгейінде жұмыс істейміз. Осы өңірдің порттары арқылы қазақстандық өнімдер Қытайдың оңтүстігіне және АСЕАН елдерінің нарығына шығуға мүмкіндік алады», – деді Арман Шаққалиев. QazTrade дерегіне сәйкес, 2025 жылы Қазақстан мен Фуцзянь провинциясы арасындағы тауар айналымы шамамен 522 млн АҚШ долларын құраған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1192626?lang=kk
Жаңақорғанда Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері оқушылармен кездесті 02.04.2026
Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобымен бірге Қызылорда облысының Жаңақорған аудан орталығындағы №169 мектепке барды.Әділет полковнигі Т. Басқожаев үшін бұл мектеп қабырғасы ерекше ыстық. Өйткені осы мектепте он бір жыл білім алды. Жерлестермен, мұғалімдермен және оқушылармен кездесу тамаша атмосферада өтті. Білім ордасындағы жылы естеліктер қозғалып, оның өсіп-өркендеуіне үлес қосқандарға алғыс айтылды.– Адам қандай жетістікке қол жеткізсе де, бәрінің бастауы мұғалімдердің берген білімі мен тәлімінде жатыр. Дәл қазір мектебіме келгеніме сондай қуаныштымын. Мен үшін Отанға деген сүйіспеншілік – туған жерге деген құрмет пен оны қорғауға әзір болу. Мұны әр ер азамат білуі тиіс, – деп атап өтті әділет полковнигі Т. Басқожаев.Ол мұғалімдер мен жерлестеріне деген ризашылығы мен құрметінің белгісі ретінде, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктің, уақыт пен ұрпақтар сабақтастығының өркен жаятын нышаны болсын деп мектеп ауласына жас көшеттер отырғызды.Жаңақорған кентінде ақпараттық-түсіндіру тобы №293 орта мектептің оқушыларымен және мұғалімдерімен кездесу өткізді. Қорғаныс министрлігінің офицерлері балаларға білімнің қаншалықты маңызды екені, Отан қорғау мамандығының беделі, мықты адамгершілік пен өшпес рух жайлы айтып берді.Ауқымды акция аудан орталығының Манап Көкенов атындағы мәдениет үйінде жалғасын тапты. Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін Қорғаныс министрінің орынбасары атынан жергілікті атқарушы органдардың бірқатар өкілдері алғыс хаттармен марапатталды.Әскери қызметке деген қызығушылықты арттыруға және армияның қоғаммен байланысын нығайтуға бағытталған шара соңы Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы дайындаған концертпен аяқталды.Жыл басынан бері ақпараттық-түсіндіру тобы Шымкент қаласы, Ұлытау облысы, Жамбыл, Түркістан және Маңғыстау өңірлерінде осындай кездесулер өткізгенін айта кеткен жөн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1192482?lang=kk
Арқалықта 18 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді 02.04.2026
Арқалық қаласында тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында биыл тағы бір маңызды жоба жүзеге асты.Атап айтқанда, Шақшақ Жәнібек көшесі, №51 мекенжайында орналасқан 18 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріліп, баспанаға мұқтаж отбасылар қоныс тойын атап өтуде.Айта кету керек, бұл бағыттағы жұмыстар қалада кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. 2025 жылы Байтұрсынов көшесі, №13 мекенжайындағы 48 пәтерлі тұрғын үй жөндеуден өткізіліп, халықтың әлеуметтік осал топтарына берілген болатын. Ал 2026 жылы Байтұрсынов көшесі, №12 мекенжайында орналасқан 55 пәтерлі тұрғын үй 983 миллион теңгеге сатып алынып, тиісті санаттағы азаматтарға табысталды.Жаңа пайдалануға берілген көппәтерлі тұрғын үй де заман талаптарына сай толықтай қайта жаңғыртудан өтті. Нысан әлеуметтік осал санаттағы тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 281 миллион 967 мың теңгеге сатып алынған. Үйде 12 екі бөлмелі және 6 үш бөлмелі пәтер қарастырылған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1192474?lang=kk
Алматы облысында әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті 02.04.2026
Облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаевтың төрағалығымен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегіүйлестіру кеңесінің отырысы өтті.Отырыс барысында халықтың аз қозғалатынтоптары үшін әлеуметтік және көлікинфрақұрылымы нысандарын бейімдеу, инклюзивтібілім беруді енгізудің мәселелері мен перспективалары, сондай-ақ мүмкіндігі шектеуліадамдар үшін мәдениет мекемелері мен мәдени-көпшілік іс-шаралардың қолжетімділігі және басқа да өзекті мәселелер қаралды.Отырысқа Алматы облысы бойынша мүгедектігібар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелеріжөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшелері, облыстықбасқармалар басшылары, аудан және қала әкімдерініңорынбасарлары, жұмыспен қамту және әлеуметтікбағдарламалар бөлімдерінің басшылары, әкімдердіңмүгедектік мәселелері жөніндегі штаттан тыскеңесшілері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуорталықтарының басшылары қатысты.Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттікоргандардың өкілдеріне қаралған мәселелербойынша тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1192455?lang=kk
Серік Жұманғарин Украина Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті 02.04.2026
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Украина Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Мищенкомен кездесті.Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективасын, сондай-ақ Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссияның қызметін қайта бастау мүмкіндігін талқылады.Екі ел арасындағы негізгі өзара іс-қимыл бағытының бірі агроөнеркәсіп кешені болып қала береді. Кездесуде Қазақстанның бірнеше өңіріндегі сүт шаруашылықтарының бірнеше жылдан бері Украина сүт өндірушілері қауымдастығымен асылтұқымды сүтті малды жеткізу, тауарлы сүт фермаларын басқару саласындағы қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру жөніндегі ынтымақтастығы атап өтілді.2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымы $415,8 млн-ға жетті. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 5,4%-ға артық ($394,3 млн). Қазақстаннан Украинаға экспорт негізінен ферроқорытпа, тыңайтқыш, күріш және басқа да тауарлардан тұрады. Ал импорт бойынша шоколад және құрамында какао бар басқа да өнімдер, ұн және кондитерлік өнімдер, дәрілік заттар, сүзбе мен ірімшіктер және тағы да басқалар жеткізіледі.Кездесу соңында тараптар іскерлік байланысты жандандырып, МАК қызметін жаңғыртуды пысықтау, сондай-ақ басым секторлардағы, әсіресе, агроөнеркәсіп кешеніндегі ынтымақтастықты арттыру жөнінде келісті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1192448?lang=kk
Десантшылар әскери борышын аяқтады: елордада сарбаздарды салтанатты түрде қарсы алды 02.04.2026
Алматы қаласынан шыққан пойызбен Қарулы күштердің 35-ші гвардиялық десанттық-шабуылдаушы бригадасында әскери борышын өтеген 27 сарбаз келді.Оларды қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері мен сарбаздардың ата-аналары, жақындары ерекше қуанышпен қарсы алды.Сап басшысы Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі запастағы полковник Ғани Артықовқа Қонаев қаласындағы 32363 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын абыроймен орындап келгенін баяндады.Салтанатты қарсы алу рәсімінде департамент өкілі ата-аналарына нағыз азаматтарды тәрбиелегендері үшін алғыс айтып, ал сарбаздарға жүрекжарды тілегін білдірді:– Сендер еліміздің беделді әскери бөлімінде Отан алдындағы міндеттеріңді адал атқардыңдар. Әскерден кәсіп қыларлық мамандық үйрендіңдер. Алда алған тәжірибені кәдеге жаратып, ел игілігі үшін еңбек етіп, қоғамға үлгілі азамат болады деп сенемін, – деді.Әскери рәсім аяқталған сәттен кейін кезек балаларын тағатсыздана күткен ата-аналары мен жақындарына да келді.– Немеремді аман-есен қарсы алдым. Азамат болып оралды. Әскер – ер азаматты шыңдайтын үлкен мектеп қой, – деді Әлімхан Жантурлиннің атасы Қойшан Тоқаев немересін көрген сәттегі қуанышын жасыра алмай.Жаңа ғана пойыздан түскен запастағы жауынгер Медет Төлеуханның анасы Мейрамкүл Ибраева үшін бұл күн ерекше толқып, бір жыл бойы үйден жырақ жүріп, Отан алдындағы міндетін аман-есен атқарып келген баласын құшағына алып, сағынышын басқан күн.Перрондағы әрбір сәт патриоттық рухтың, елге деген сүйіспеншіліктің жарқын көрінісіне айналды.Әскерден жаңа оралған гвардия сержанты Кеңесхан Ильяс та командирлеріне алғысын білдіріп, армия оған үлкен өмір мектебі болып, жауапкершілік пен тәртіпке үйренгенін, енді алған тәжірибесімен елге қызмет еткісі келетінін айтты.Әскери қызметтен өткен азаматтар үшін жұмысқа орналасу мен жоғары білім алуда жаңа перспективалар бар екенін атап өткен жөн. Борышын өтегендер жоғары оқу орындарына ҰБТ тапсырмай түсуге құқылы. Ал жауынгерлік дайындық үздіктері грантпен тегін жоғары білім ала алады.Жалпы, көктем мезгілінде мерзімді әскери қызметін аяқтаған «Көктем-2025» шақырылымының 21 мыңдай сарбазы үйлеріне қайтады, оның ішінде елордаға 1200-ден астамы оралмақ. Олардың әрқайсысы – елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына өз үлесін қосты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1192402?lang=kk
Бейімбет Майлин ауданы: тасқыннан қауіп жоқ 02.04.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Бейімбет Майлин ауданындағы Әйет және Варваринка ауылдарында жұмыс сапарымен болып, су тасқынының алдын алу жұмыстарымен танысты. Аймағымыздың елді мекендерін су тасқынынан қорғау мақсатында жағалауды бекіту жұмыстары, қорғаныс валдарын салу және нығайту, су бұру арналарының құрылысы, сондай-ақ жер үйінділерін тұрғызу бойынша іс-шаралар жүргізілді. Қазіргі уақытта ықтимал су тасқынының алдын алу жұмыстары жалғасуда. Облыста бірде-бір аула су астында қалған жоқ.Өңірдегі сыйымдылығы 1,4 млрд м³ екі ірі су қоймасының толуы 70% (939,51 млн м³) деңгейін сақтап тұр.Су тасқыны мен су басу салдарын жою үшін 2 815 адам, 392 техника, 123 жүзу құралы және 336 мотопомпадан тұратын күштер мен құралдар тобы айқындалды.Ағымдағы жылдың наурыз айының басынан бастап су өткізу құрылыстары тазартылды. Су тасқыны қаупі бар учаскелерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.Су тасқыны жағдайы ерекше бақылауда.Бейімбет Майлин ауданы аумағындағы Әйет өзенінде екі жерде мұз кептелісі болған, біріншісі Әйет селосы тұсында, екіншісі Май ауылында.Өткен жылы тазалау мен түбін тереңдету және биылғы алдын алу жұмыстарының нәтижесінде 1 сәуір күні кешке Әйет өзеніндегі екі аумақтың да мұзы қозғалып, судың ағысы қалпына келді. Жоғары тәуекел кезеңнің шарықтау шегінен өттік. Жағдай тұрақты, алаңдауға негіз жоқ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1192361?lang=kk
Тасқынға тосқауыл: аумақтық қорғаныс бригадалары бөгеттерді нығайту жұмыстарын жүргізуде 02.04.2026
«Астана» өңірлік қолбасшылығының 150 әскери қызметшісі жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындарға су тасқынына қарсы іс-шараларға көмек көрсетіп жатыр.Бірлескен жұмыстар күшейтілген режимде жүргізіліп, қауіпті учаскелерде тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылған. Тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандарын су басып қалмау үшін инженерлік және профилактикалық шаралары кешенді түрде жүзеге асырылып жатыр.99265 және 99260 әскери бөлімдерінің сарбаздары инертті материалдар салынған қапшықтар төсеп, бөгеттерді нығайтып жатыр. Сондай-ақ су ағатын арналарды қар мен мұздан тазалау жұмыстарын жүргізілуде.Ақмола, Қостанай облыстарының аумақтық қорғаныс бригадаларының күшімен 13 тұрғын үйдің ауласы қардан тазартылды. Ал бөгеттерге 3 мыңнан астам қапшық төселді.Азаматтық қызметтермен бірлескен өзара іс-қимыл жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1192249?lang=kk
Шонжы ауылындағы кітапхана заманауи талаптарға сай жаңартылды 02.04.2026
Шонжы ауылындағы аудандық кітапхана жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде заманауи талаптарға толық сай келетін нысанға айналды. Кітапхана жаңа технологиялармен жабдықталып, оқырмандарға қолайлы жағдай жасалды.Ғалия Тоқабаева, Алматы облыстық Орталық әмбебап кітапханасының директоры: «Ұйғыр ауданында, Шонжы ауылында үлкен аудандық кітапхананың модернизациядан өтіп жатқанын бәріміз көріп отырмыз. Жалпы облыс бойынша бұл – екінші кітапхана. Былтыр мұндай жоба Қонаев қаласында жүзеге асса, биыл Шонжыда жалғасын тапты. Алдағы уақытта, келесі аптада Қарасай ауданындағы Жандосов ауылында және Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек ауылдық кітапханаларында да осындай жаңғыртылған нысандар ашылады».Жаңартылған кітапхана тек кітап оқитын орын ғана емес. Мұнда балаларға арналған бөлімдер, оқу залдары, сондай-ақ жастарға арналған коворкинг орталығы жұмыс істейді.Мақсат Кенешов, Алматы облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры: «Бұл – жастар үшін үлкен мүмкіндік. Осы жерде олар өздерінің шығармашылық идеяларын дамытып, жаңа бастамаларын жүзеге асырып, тіпті бизнес жобаларын да қолға ала алады. Мұндай орталықтар жастардың мақсаттарына жетуіне жол ашады».Кітапхананың жаңаруы аудан тұрғындары үшін үлкен серпін болып отыр. Енді бұл нысан түрлі мәдени және білім беру шаралары өтетін маңызды орталыққа айналады. Аудандық кітапхана қоры 68 мыңнан астам кітаптан тұрады, қазіргі таңда 10 мың оқырман тіркелген. Жалпы кітапханада 39 қызметкер еңбек етеді, оның ішінде 29-ы – кітапханашы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1192237?lang=kk
Теңіздегі тегеурін: бүгін – Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің құрылған күні 02.04.2026
2 сәуір – еліміздің әскери теңізшілері үшін ерекше күн. 1993 жылдың дәл осы күні Президент Жарлығымен Қазақстанның Әскери-теңіз күштері құрылған болатын.Қарулы күштердің бұл түрі Каспий теңізінің қазақстандық секторында мемлекеттің егемендігін, аумақтық тұтастығын, экономикалық мүдделерін қорғайды.Әскери теңізшілер теңізде жүзудің навигациялық-гидрографиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Олар Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, іздестіру-құтқару операцияларын жүргізеді. Сондай-ақ, мемлекеттік органдарға табиғатты қорғау мен бақылау функцияларын орындауға көмек көрсетеді.Бүгінде Әскери-теңіз күштері отандық және шетелдік өндірістің заманауи кемелерімен жарақтанған. Сонымен бірге жаңа заманғы тренажерлермен жабдықталған оқу орталығы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасы, орналастыру пункттері және жоғары дайындық деңгейін қамтамасыз ететін басқа да негізгі элементтерді қамтитын дамыған инфрақұрылымы қалыптасқан.Кеме экипаждары елімізде және шетелдерде өтетін әскери оқу-жаттығуларға тұрақты қатысып тұрады. Теңізде қызмет ету тек батыл әрі төзімді, әскери достықтың құны мен қатаң тәртіпті бағалай білетін адамдарға ғана тән қасиет. Терең білім, жоғары кәсіби шеберлік және жауынгерлік дайындық әскери теңізшілерге кез келген жағдайда үйлесімді әрекет етіп, теңіз шекараларын сенімді қорғаудағы ең күрделі деген тапсырмаларды тиімді шешуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1192174?lang=kk
Қазақстан мен Украина Астанада ведомствоаралық консультациялар өткізді 01.04.2026
Астана, 2026 жылғы 1 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен Украина Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Мищенконың төрағалығымен екіжақты ведомствоаралық консультациялар өтті.Іс-шара барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.Кездесу аясында өзара тауар айналымын ұлғайтудың маңыздылығына, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, логистиканы жақсартуға және экспортты әртараптандыруға ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы диалогты одан әрі жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1192136?lang=kk
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясы Корольдігінің Елшісін қабылдады 01.04.2026
Астана, 2026 жылғы 1 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Файсал Әл-Кахтаниді қабылдады.Кездесу барысында тараптар Таяу Шығыстағы жағдайды қоса алғанда, аймақтық және жаһандық өзекті мәселелерді, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылады.Е.Көшербаев аймақта қалыптасқан қауіпті әскери шиеленіске қатысты алаңдаушылығын білдіріп, жанжалды халықаралық құқық қағидаттарына сәйкес дипломатиялық жолмен шешудің маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты, Корольдіктің шиеленісті тоқтату мен жағдайды тұрақтандырудағы маңызды рөлі атап өтілді.ҚР Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясы аумағынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялауға көмектескені үшін Елшіге алғысын білдірді. Отандастардың қауіпсіздігін және Қазақстанға оралуын қамтамасыз ету біздің еліміз үшін басымдық болып табылатыны атап өтілді.Өз кезегінде, саудтық дипломат сан қырлы ынтымақтастығымызды тереңдету үшін Қазақстанның сыртқы саяси мекемесімен тығыз серіктестікті одан әрі қуаттауға дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1192128?lang=kk
Өңірдегі су тасқыны кезеңіне әзірлік жұмыстары 01.04.2026
Көктемгі су тасқыны кезеңінің басталуына байланысты облыс аумағында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілді. Облыстағы су тасқыны жағдайы аймақ басшысының бақылауында.“Бүгінгі таңда сыйымдылығы 1,4 млрд текше метрді құрайтын екі ірі су қоймасындағы судың жалпы көлемі 939,5 млн м³ (толу деңгейі 70%). Тасқын мен су басу салдарын жою үшін 2 815 адам, 392 техника, 123 жүзу құралы, 336 мотопомпадан тұратын күштер мен құралдар тобы анықталды”, – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.Автомобиль жолдарында 3 жерде су басу дерегі тіркелді: 1 республикалық, 2 аудандық маңызы бар жолдар. Амангелді ауданы Қарынсалды ауылына баратын автожолдағы су қайтып, көлік қатынасы қалпына келтірілді.Қазіргі уақытта көлік қатынасынсыз қалған – Арқалық қаласының Мирный елді мекені.Облыс аумағында жолдардың шайылуы мен жеке тұрғын үйлерді су басу жағдайы да анықталған жоқ. Салынған бөгеттер судың жақын маңдағы үйлерге жетуіне жол бермеді.Өңір бойынша 1,3 млн текше метрден астам қар шығарылды.3 арық пен 51 су бұру каналы тазартылды, 2 515 метр қорғаныс біліктері нығайтылды, 1 578 ауладан қар шығарылды, 8 500-ден астам қап инертті материал төселді.Өзендер мен су айдындарында мұзды қопсытуға арналған жарылыс жұмыстары толық аяқталды. Жұмыстар көлемі 225 мың текше метрді құрады.Су тасқынының алдын алу және қол күші мен құралдарды алдын ала шоғырландыру мақсатында 16-27 наурыз аралығында Арқалық қаласына, Амангелді, Жангелдин, Науырзым, Қарасу және Әулиекөл аудандарына 272 адам, 32 техника, 7 жүзу құралынан тұратын топтар жіберілді.Су басу қаупі бар ауылдық елді мекендерде эвакуация, тамақтандыру және халықты уақытша орналастыру пунктері дайындалды. Қазіргі уақытта облыстың тасқын қаупі бар учаскелерінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, жағдай тұрақты бақылауда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1192124?lang=kk
Қарасу ауданы: су тасқынынан қауіп жоқ 01.04.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қарасу ауданындағы Қарамырза және Октябрь ауылдарында жұмыс сапарымен болып, су тасқынының алдын алу жұмыстарымен танысты. Ауданда 20 мың қап, 450 мың инертті материал дайындалды, 110-нан астам адам, 20 техника жұмылдырылған.Қазіргі уақытта Қарамырза ауылында тұрғын үйлерді су басу фактілері тіркелген жоқ.2025 жылдың көктемінде Қарамырза ауылындағы су басу қаупі бар 56 аулаға қорғаныс үйінділері жасалды. Қазіргі таңда ауылды қосымша қорғаныс жұмыстарымен нығайту жалғасуда. 1000 қап төселді.Сонымен қатар, Тімтуір өзеніне ағатын арналар тазартылуда. Тімтуір өзенінде бірінші және екінші табалдырық гидротехникалық құрылыстары су жүру жүйесін реттеп отыр.Бірінші табалдырық 1956 жылы, екіншісі 1972 жылы пайдалануға берілген.Ұзақ жылдар пайдаланылуына байланысты нысандар айтарлықтай тозған. Тасқын суды қауіпсіз өткізу және су басудың алдын алу мақсатында 2025 жылы гидротехникалық құрылыстарға жөндеу жұмыстары жүргізілді.Жөндеу жұмыстары 2025 жылдың желтоқсанында аяқталды. Нысандар қалпына келтіріліп қана қоймай, олардың пайдалану мерзімін ұзартуға және жақын аумақтарды су басу қаупінен қорғауға мүмкіндік берді.Қазіргі уақытта гидротехникалық құрылыстардағы кезекшілікте 8 ауыр техника мен 10 адам жұмылдырылған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1192123?lang=kk
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс қимыл жөніндегі өңірлік штабтың кезекті отырысы өтті 01.04.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен құқық қорғау және мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен, сондай-ақ облыстың қалалары мен аудандары әкімдерінің бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуымен нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік штабтың кезекті отырысы өтті. Статистикаға сәйкес ағымдағы жылдың алғашқы екі айында есірткіге қатысты тіркелген құқық бұзушылықтар саны төмендеді, сонымен бірге айналымнан алынған заттардың көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 есеге (220 кг-нан астам) өсті, қылмыстық схемаларға тартылған 2,3 мыңнан астам банк картасы және 703 криптоәмиян бұғатталды, 38 қылмыстық іс бойынша 371 млн теңге сомасына мүлікке тыйым салынды.Мұндай динамика профилактикалық іс-шаралар нүктелі жедел жұмыстармен бірге қылмыстық белсенділікті бейтараптандырып, есірткі таратудың ірі арналарын, соның ішінде криптовалютаны пайдаланатын арналарды бұғаттап, жақсы нәтиже беретінін көрсетеді. 2026 жылғы 2 наурызда күшіне енген «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» Заңды іске асыру шеңберінде өңір басшысы жазалау шараларынан гөрі профилактика мен «тәуекел тобындағы» жастарға көмек көрсетуге баса назар аударылуы тиіс екенін атап өтті. Қалалар мен аудандардың әкімдеріне үкіметтік емес ұйымдардың аталған іс-шараларға нақты қатысуын қамтамасыз ету, жастар ресурстық орталықтарының есірткі граффитиі мен интернет-жарнаманы бұғаттау жөніндегі қызметін күшейту, есірткі тұтынуға қатысты саналы иммунитетті қалыптастыру үшін қоғамдық пікір көшбасшылары мен сарапшыларды тарту тапсырылды.Мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың күш-жігерін біріктіре отырып, қазіргі заманғы, атаулы және неғұрлым тиімді кешенді әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, біз есірткі қаупіне тиімді қарсы тұра аламыз және азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1192086?lang=kk