Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Министр Жаслан Мәдиев пен «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Бакановтың Байқоңыр ғарыш айлағында кездесуі өтті 04.03.2025
Байқоңыр ғарыш айлағында Министр Жаслан Мәдиев пен «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Бакановтың кездесуі өтті.Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Ресейдің ғарыш саласын дамытудың стратегиялық бағыты болып табылатын бірлескен «Бәйтерек» жобасын жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Бұл жоба жаңа зымыран ұшыру инфрақұрылымын құруға бағытталған, ол болашақ зымыран тасымалдағыштарын ұшыруды қамтамасыз етеді. Кездесу барысында қатысушылар жоба жүзеге асырылып жатқан нысандарды аралап, оның іске асу барысымен танысты.Сондай-ақ, биыл атап өтілетін Байқоңыр ғарыш айлағының 70 жылдығы ерекше назарға алынды. Кездесу барысында мерейтойға арналған негізгі іс-шаралар мен олардың ұйымдастыру мәселелері талқыланды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ғарышты зерттеу және ұшыру саласындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға, сондай-ақ ғарыш инфрақұрылымын дамытуға және пайдалануға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі екендіктерін растады.Еске салайық, Дмитрий Баканов 2025 жылдың 6 ақпанында «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры болып тағайындалған болатын. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/948137
Энергетика министрі Жамбыл облысының энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді 04.03.2025
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жылу беру маусымының өту барысын бағалау және өңірдің энергетикалық кешенін жаңғырту жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысу мақсатында жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды.Өңірді энергиямен қамтамасыз ететін негізгі объектілер – басты назарда. Министр тұтынушыларға қызмет көрсетудің сенімділігі мен сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берген 2024 жылғы жұмыс нәтижелерімен танысты.Қазақстанның оңтүстігі үшін стратегиялық маңызы бар Жамбыл ГРЭС-інде техниканы жаңарту бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Тараз тұрғындарының негізгі жылу энергиясы саналатын «Таразэнергоорталық» АҚ-да жылу беру маусымында жылу электр орталығының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Кең ауқымды бюджеттік қаржыландырудың арқасында «Таразтрансэнерго» МКҚК құбырлардың айтарлықтай бөлігін ауыстырды, бұл көлік шығындарын азайтуға және жүйенің тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. «Жамбыл электр желілері» ЖШС электр желілері мен қосалқы станцияларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, электрмен жабдықтау сенімділігін нығайтты. Тұрғындарды жылумен үздіксіз қамтамасыз етуге кепілдік беретін Қаратау және Жаңатас қалаларындағы қазандықтарды реконструкциялау жұмыстары аяқталып.«Жүргізіліп жатқан жұмыстар – Жамбыл облысын энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру жолындағы маңызды қадам. Министрліктің, жергілікті билік пен энергетиктердің бірлескен жұмысы нәтиже беріп жатқаны көрініп тұр. Бірақ біз мұнымен тоқтап қалуға болмайды, адамдар мен кәсіпорындар тұрақты энергиямен жабдықтауда сенімдлі болуы үшін біз жүйелі жұмысты жалғастыруымыз керек, жабдықты жаңғыртуымыз керек»,- деп атап өтті ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.Министр облыс басшылығымен және энергетикалық компаниялармен бірге 2025 жылға арналған жоспарларды талқылады. Генерациялайтын қуаттардың сенімділігін арттыру, жылу және электр желілерін одан әрі жаңғырту, сондай-ақ энергия ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру басым бағыттар болады. Алмасадам Сатқалиев жоспарланған жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуы қажеттігін баса айтты.Жиында сондай-ақ өңірдің энергетикалық кешенін дамытудың назар аударуды және жүйелі көзқарасты талап ететін өзекті міндеттері де айтылды. Энергетика министрлігі мен Жамбыл облысының әкімдігі өңірді энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру бойынша бірлескен жұмысты жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/948738
Қобда ауданында екі бөгет жөндеуден өткізіліп, үшінші бөгетке су бұру арнасы салынды 04.03.2025
 Ауданға жұмыс сапары кезінде аймақ басшысы «Батыс», «Сауқайың» және «Орал-Ойыл» бөгеттерінің жағдайын көрді.Аудан әкімі Ізгілік Тынымгереевтің айтуынша, екі гидроқұрылысқа да жөндеу жұмыстарын «Авторитет құрылыс компаниясы» ЖШС жүргізген.Бұдан бөлек, аталған құрылыс компаниясы ұзындығы 4,9 шақырымды құрайтын «Орал-Ойыл» бөгетінде су бұру арнасын салды. Үш жоба бойынша жүргізілген жұмыстарға жалпы көлемі 900 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Стратегиялық маңызды үш нысан да техникалық және авторлық бақылаудан өтеді.Жалпы ұзындығы 9,2 шақырым гидротехникалық құрылымдар көктемгі су тасқыны кезінде су ағындарын тиімді реттеуге мүмкіндік береді және аудан орталығын су басудан қорғайды.Бөгеттердің жай-күйін қарап шыққаннан кейін облыс әкімі су тасқыны кезеңінде олардың жұмысын қамтамасыз ету үшін су бұру арналары мен бөгеттердің пайдаланылуына бақылауды күшейтуді тапсырды. Аудан әкіміне елді мекендерді су тасқынынан қорғау және су бұруды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу міндеттелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/948606
Алматыда Нұрпейіс Байғаниннің туғанына 165 жыл толуына орай мәдени іс-шара өтті 04.03.2025
ҚР мемлекеттік орталық музейінде халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің туғанына 165 жыл толуына орай «Ер туралы жыр» атты мәдени-танымдық іс-шара ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа ақынның шығармашылығын насихаттап, ұлттық құндылықтарды ұлықтау.Нұрпейіс Байғанин – ақын, жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ол 15-16 жасында «бала жыршы» атанып, айтысқа түсіп, батырлық жырларын жатқа айтатын болған. Ақынның «Қарасай – Қази», «Нарқыз», «Ақкенже» секілді белгілі дастандары бар.«Ер туралы жыр», «Жиырма бес» секілді поэмалары жауынгерлерге жігер беріп, Жеңіс күнін жақындатты.Іс-шара барысында көрерменнің назарына музей қорында сақталған Нұрпейіс Байғаниннің фотоқұжаттары ұсынылды.Сонымен қатар, кездесуде ақынның шөбересі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері сөз сөйледі. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/948712
Астанада «Академиялық мәтін жазу шеберханасы» кітабының тұсаукесері өтті 04.03.2025
Астанада өткен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының VIII құрылтайында «Академиялық мәтін жазу шеберханасы» кітабы таныстырылды.Кітапта мәтін жазудың негізгі ұстанымдары топтастырылып, тақырыпты түсіну, ойталқы жасау және әдебиет таңдау талаптарынан бастап, академиялық стильге тән сөз саптауға дейінгі тақырыптар қамтылған. Бұл кітап оқырманның академиялық жазу машығын дамытуға арналған.Айта кету керек, жарыққа шыққан еңбек алдағы уақытта ЖОО-лар мен ғылыми-зерттеуорталықтары кітапханаларының қорын толықтырады. Академиялық мәтін жазуға қызығатын көпшілік кітаптың электрондық нұсқасын ҚҚДИ-дің ресми сайтынан (kipd.kz) оқи алады.Кітапты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты әзірледі. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/948741
Облыс әкімі Шэньси провинциясының губернаторымен кездесті 04.03.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары кезінде Шэньси провинциясының басшысы Чжао Ганмен кездесті.Басқосуға жауапты сала басшылары, бизнес қауымдастық өкілдері қатысып, онда екі елдің ынтымақтастығы, сауда-экономикалық серіктестікті дамыту, инвестиция тарту мәселелері сөз болды.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қытайдың озық технологияларын өндіріске тарту тапсырмасы бойынша арнайы делегация жасақтап, іссапармен келдік.Шэньсиде Қазақстанның Бас консулдығының жұмыс жасауы бұл провинцияның біз үшін маңызды екенін білдіреді. Бүгінде Қазақстан – Қытайдың Орталық Азиядағы негізгі сауда-экономикалық серіктесі. Өзара тауар айналымы мен инвестициялар жыл сайын өсіп келеді.Қызылорда облысы Қытай инвесторларымен бірлесіп жұмыс істеуден мол тәжірибе жинақтаған өңір екенін атап өткім келеді.Мұнай-газ – өнеркәсіптің маңызды салаларының бірі және облыс экономикасының негізі. Аталған саланың үлесі өңірдің өнеркәсіптік өндірісінің 48,7% - дан астамын құрайды және 10 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтиды.Мұндағы ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, баламалы энергия көздері, құрылыс индустриясы, тау-кен өнеркәсібі, машина жасау салаларындағы озық технологиялар біз үшін аса құнды. Барлық саладағы жетістіктерді, тәжірибені игеруге қызығушылық танытып, арнайы келдік.Бүгінгі мүмкіндікті пайдаланып, қытайлық компанияларды Қазақстанға инвестиция салуға шақырамын. Біздің тараптан барлық қажетті жағдай жасалады. Инженерлік инфрақұрылым жеткізіп береміз, жеңілдіктер бар, өндірілген өнімді өткізуге атсалысамыз», – деді Н.Нәлібаев.Өз кезегінде Чжао Ган мырза екі ел арасындағы байланысты нығайтып, инвестициялық жобаларды қолдауға дайын екенін жеткізді.Қытай – Қызылорда облысының ең ірі сауда серіктесі және өңірдің сыртқы сауда көлемінің шамамен 60%-ын құрайды, одан соң Ресей – 23,3% және Еуропа елдері – 8%. Қытайға негізінен мұнай өнімдері, майлы дақылдардың тұқымы, балық өнімдері және өңделмеген алюминий экспортталады. Импорттың негізгі позициялары – машиналар, жабдықтар, полимерлер және құрылыс материалдары.Аймақ басшысы бастаған облыс делегациясының жұмыс сапарын ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі ұйымдастырған. Келіссөздер басқа қалаларда да жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/947421
Облыс әкімі Нинься-Хуэй провинциясының губернаторымен кездесті 04.03.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегацияның Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары жалғасуда. Аймақ басшысы Нинься-Хуэй провинциясының губернаторымен кездесті. Басқосуға жауапты сала басшылары, бизнес қауымдастық өкілдері қатысып, онда екі елдің ынтымақтастығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, баламалы энергия көздері, құрылыс индустриясы, тау-кен өнеркәсібі, машина жасау мәселелері талқыланды.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қытайдың озық технологияларын отандық өндіріске тарту тапсырмасы бойынша арнайы делегация іссапармен келдік. Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстар Ұлы Жібек жолы арқылы ғасырлар бойы дамып, бізді Батыс пен Шығысты жақындастыруға негіз болған тығыз сауда-экономикалық қатынастар біріктірді. Бүгінде «Бір белдеу – бір жол» бастамасы осы бағытты жандандырып қана қоймай, оның әлемдік аренадағы рөлін күшейтті. Сауда керуендері әлі де жаңа Жібек жолы – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі арқылы өтіп, Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдерін байланыстырады.Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, баламалы энергия көздері, құрылыс индустриясы, тау-кен өнеркәсібі, машина жасау салаларындағы озық технологияларды, тәжірибені игеруге қызығушылық танытып, өзімізбен бірге облыстың инвестициялық әлеуеті туралы және 60 инвестициялық жобаның тизерін әкелдік. Біздің тараптан барлық жағдай жасалады. Инженерлік инфрақұрылым жеткізіп береміз, жеңілдіктер ұсынылады, өндірілген өнімді өткізуге атсалысамыз»,– деді аймақ басшысы.Облыста 15 мұнай өндіруші компания жұмыс істейді, оның 8-і –қытайлық кәсіпорын. Қытайлық инвесторлардың қатысуымен пайдалануға берілген және тұрақты жұмыс істейтін ірі индустриялық жобалар іске асырылуда.2018 жылдың желтоқсанында «Чайна Гежуба» компаниясымен бірлесіп, жалпы құны 137,8 млн. АҚШ доллары, қуаттылығы жылына 1 млн. тонна цемент өндіретін зауыт іске қосылды. 2022 жылдың қазан айында «Чайна Гласс» компаниясының қатысуымен құны 90,4 млн. АҚШ. доллары, қуаттылығы жылына 197 мың тонна табақша шыны өндіретін Қазақстандағы алғашқы шыны зауыты ашылды. Зауыт іске қосылғалы бері 31,4 млн. шаршы метрден астам, 76,7 млн. АҚШ. долларының өнімін өндірді. Оның 30%-ы ішкі нарыққа өткізіледі, ал 70%-ы Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Грузияға экспортталады.Бүгінде шыны кластерін құруға және түрлі шыны бұйымдарын өндіруге бағытталған жаңа ілеспе жобалар шеңберінде белсенді жұмыс жүргізілуде. Былтыр маусым айында жылына 5 млн. шаршы метр энергия үнемдейтін әйнек шығаратын жаңа желі іске қосылды. Одан бөлек, айна, шыңдалған шыны, автомобиль әйнегі мен шыны бөтелке өндірісі бойынша жобалар бар.Сондай-ақ, қуаттылығы 141 МВт-тық 4 күн және 1 жел электр станциясының құрылысы жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/947441
Қытайлық компаниялармен екіжақты келісімге қол қойылды 04.03.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегацияның Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында елшілікте бірнеше маңызды келісімге қол қойылды. «Саутс-Ойл» ЖШС мен Қытайдың «Carrie Technology Holding Limited» компаниясы арасында мұнай саласындағы ынтымақтастық, «Абзал және К» ТС мен «Hubei Yongxiang Food Processing Machine» компаниясы арасында күріш өндірісі саласындағы келісім және «Алтын орда» ЖШС мен «Jiangsu Hanpu Mechanical Technology» компаниясы арасында тұз өндіру саласындағы әріптестік орнатылды.Аймақ басшысы облыс әкімдігі тарапынан тиісті қолдау көрсетілетінін айтып, Қытай компанияларын бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.«Қызылорда облысында минералды шикізат ресурстарының, атап айтқанда мұнай, газ, полиметалл және уран қоры мол. Тау-кен металлургия саласындағы ерекше назар аударатын жобалардың бірі «Шалқия Цинк LTD» акционерлік қоғамының полиметалл кен орындарын игеру бойынша арнайы ұсынысымыз бар. Бүгінгі кездесуге компания директоры Асқар Тлеулин мырза да арнайы қатысуда. «Шалқия Цинк» жобасы бойынша жылына 4 миллион тонна кен өңдеу жоспарланған.Қазіргі уақытта жерасты жұмыстары басталды. Жобаға 309 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды. Өндіріс осы жылдың II тоқсанында, ал байыту фабрикасы 2026 жылы іске қосылады. Оған дейін «Шалқия» кені еліміздегі басқа байыту фабрикаларында өңделетін болады.Қазір кәсіпорында 500-ден астам адам жұмыс істейді, ал фабриканы іске қосқаннан кейін 1500-ге артады. Бұл өз кезегінде аймақтың еңбек нарығына оң әсер етеді.Сіздерді бірлесіп жұмыс жасауға шақырамыз. Облыс әкімдігі тиісті жер телімін беруге, инженерлік-инфрақұрылым жеткізуге, өндірілген өнімді сату үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайын», – деді Н.Нәлібаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/947720
Қарағандылық теннисші Әмір Омарханов Тунистегі турнирдің ширек финалына шықты 04.03.2025
Қарағандылық Әмір Омарханов Монастирдегі (Тунис) ITF санатындағы теннис турнирінің 1/4 финалына жолдама алды, деп хабарлайды olympic.kz.Екінші айналымда ол италияндық Лука Констаньоланы (738 АТР) жеңді. Кездесу 7:5, 6:2 есебімен аяқталды.Ширек финалда Әмір неміс Том Гентцпен (472 АТР) ойнайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/948067
Теміртауда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды 04.03.2025
Теміртауда қазіргі заманғы техника және жабдықтармен жабдықталған жаңа өрт сөндіру депосы ашылды, бұл құтқарушыларға төтенше жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Онда 48 маман жұмыс істейтін болады.Депо ашу қажеттілігі бұрыннан бар. Қалалық өрт сөндіру бөлімінің жүктемесі үлкен. Жазғы кезеңде құтқарушылар шақыруларға тәулігіне 30–35 рет шығады. Мәселе облыс әкімдігінің қолдауымен шешілді. 1993 жылы салынған бұрынғы өрт сөндіру бөлімінің ғимаратын күрделі жөндеуге қаражат бөлінді.Депоның ашылуына Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арынов қатысты.– Қосымша қаражат депоны заманауи техникамен және жабдықтармен жарақтандыруға, сондай-ақ құтқарушылардың жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді. Біз ТЖ қызметінің материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайтуды жалғастырамыз, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.Төтенше жағдайлар министрі құтқарушыларға жаңа арнайы техниканың кілтін табыс етті. Депо паркі төрт автоцистернамен, жедел әрекет етуге арналған екі қызметтік автомобильмен, қайықпен, сондай-ақ заманауи автосатымен толықтырылды.– Теміртауда мұндай өрт сөндіру бөлімі болған емес. Көлемі, техникамен жабдықталуы, атқарылған жұмыстардың деңгейі мен сапасы тұрғысынан да мұнда құтқарушыларға жағдай жасалған, пәтерлер, жатақхана бар. Осының бәрі жедел әрекет етуге серпін беріп, қызметтеріміздің сапасын арттыруға тиіс, – деп атап өтті Шыңғыс Арынов. – Жаңа өрт сөндіру депосының ашылуы – қаланың, оның тұрғындарының және өнеркәсіптік кешеннің қауіпсіздігіне қосқан үлесі.Ғимаратты қайта жөндеу кезінде өрт сөндіру депосының қызметкерлері үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударылған. Үшінші қабатта әкімшілік блок орналасқан.Бірінші және екінші қабаттар оқу сыныптарына, акт және тренажер залдарына, жуыну бөлмелеріне, асханаға берілген. Сондай-ақ, депо ғимаратында екі қызметтік пәтер бар, олар толық жабдықталған.Онда екі жас отбасы тұрады.– Енді барлық құтқарушылар бір жерде тұрады. Мұнда Теміртау ТЖ басқармасының қызметкерлері, өртке қарсы қызмет, өнеркәсіптік қауіпсіздік, тау-кен құтқарушылары болады. Бұл барлық міндеттерді жедел шешуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Теміртау ТЖБ бастығының орынбасары Владислав Карушулаков.Жаңа өрт сөндіру депосы Теміртаудың шығыс және оңтүстік-батыс бөлігі тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, соның ішінде көп пәтерлі және жеке тұрғын үйлер, әлеуметтік маңызы бар нысандар, Qarmet болат департаменті және Шығыс аймағының өнеркәсіптік кәсіпорындары бар.Сондай-ақ, депоның орналасқан жерін ескере отырып, ол республикалық трассаға жақын орналасқан, қызметкерлер жолда қиын жағдайға тап болған адамдарға тез арада көмек көрсетуге бара алады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/948071
Қарағандыда қысқы Азия ойындарының жеңімпаздары марапатталды 04.03.2025
Қарағандылық биатлоншы Владислав Киреев Қытайдың Харбин қаласында өткен қысқы Азия ойындарында екі медаль жеңіп алды. Ол 10 шақырымдық спринтте жеңіске жетіп, жеке жарыста чемпион атанды. Ал квартет құрамында күміс алды. Алтын медаль жеңіп алған Қазақстанның ерлер құрамасының құрамында қарағандылық Александр Борисевич ойнады.Қарағанды облысының әкімдігінде Азия ойындарының чемпиондары мен олардың жаттықтырушыларына құрмет көрсетілді.Олар ақшалай сертификаттармен марапатталды.Аймақ басшысы мен қарағандылықтардың атынан спортшыларды облыс әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей құттықтады.– Сіздер Қарағанды өңірінің спорттық дәстүрі мықты екенін тағы да дәлелдедіңіздер. Сіздердің жетістіктеріңіз - өңірдің жақсы имиджі ғана емес, сонымен қатар ең алдымен өскелең ұрпақ үшін үлгі және спортпен айналысуға ынталандыру. Болашақта да біздің облысымызды, елімізді ұлықтауды жалғастырасыздар деп күтеміз, – деп атап өтті Әлібек Әлденей.Теміртау тумасы, Қарағанды облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің өкілі Владислав Киреев биатлонмен 16 жыл айналысып келеді. Ол Раис Хайрутдиновтың жетекшілігімен жаттығады. Республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше мәрте жүлдегері және жеңімпазы. 2022 жылы Пекинде өткен XXIV қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан.– Харбиндегі жеке жарыстарда жеребе тастау нәтижесінде соңғы болып өнер көрсететін болдым. Бұл тиімді позиция болды. Мәреге жеткен бетте құттықтай бастады. Бірақ толқуым ұзаққа созылды. Подиумға шыққаннан кейін ғана «жеңдім!» дегенге сене бастадым. Оның үстіне бұл күні Қазақстанда екі медаль болды, – деп бөлісті Владислав Киреев. – Астана әуежайында бізге салтанатты кездесу ұйымдастырылды. Бізді қолдағаны қуантады. Одан әрі нәтижелер тек өседі деп үміттенемін.Басты мақсат – 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға қатысу. Алда биатлоннан Әлем кубогының үш кезеңі күтіп тұр – Чехия, Словения және Норвегияда. Алдағы халықаралық жарыстар 6 наурызда басталады.Александр Борисевич қарағандылық хоккейдің барлық жүйесінен өткен. Кезінде түрлі халықаралық турнирлерде Қазақстан жастар құрамасының намысын қорғаған. Ұлттық құраманың құрамында ол алғаш рет өнер көрсетіп отырған жоқ және ұзақ уақыт тұрақтауға үміттенеді.– Қысқы Азия ойындарында бірінші орын алу міндетіміз болды, оны орындадық. Финалда жапондармен ауыр ойын болды, бірақ біз жеңдік. Бұған дейін турнир иелері - Қытай құрамасын жеңген болатынбыз. Мамыр айында Швеция мен Данияда хоккейден әлем чемпионаты өтеді. Ұлттық құрамаға іріктеуден өтуге үміттенемін, – деді Александр Борисевич. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/948083
Таза Қазақстан: Атырау облысына экологиялық сананы қалыптастырудың маңызы 04.03.2025
28 ақпанда қала мектептерінде облыстағы оқушыларға арналған ашық сабақ өткізілді, онда өскелең ұрпақтың экологиялық санасын қалыптастырудың маңызы талқыланды.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы ашылды. Бұл шараның мақсаты – әрбір қазақстандықтың экологиялық мәдениетті қалыптастыруға атсалысуын қамтамасыз ету.Бағдарламаға Абай орталығының оқушылары да белсене қатысуда. Дәстүрлі түрде өтетін «Таза жағалау» шарасы аясында сәуір айының соңында көгалдандыру жұмыстары басталмақ.- Біздің орталықтың №3 бірлестігінде сәуір-мамыр айларында өсімдіктердің көшеттерін отырғызу қолға алынады. Биылғы оқу жылында жоспарланған көгалдандыру жұмыстарының алғашқы кезеңі 2024 жылғы сәуірде «Табиғат – балалар көзімен» атты сурет көрмесімен басталды. Онда оқушылардың экология тақырыбына арналған шығармашылықтары ұсынылған. Туындыларда табиғат пен экологияның маңыздылығын айқындайтын бейнелер көрсетілген,- деді Абай атындағы Атырау қаласының оқушылар орталығы директорының орынбасары Самал Мұратқалиева.Екінші кезеңде шәкірттерге «Таза Қазақстан» бағдарламасы туралы ақпарат беріліп, көгалдандыру жұмыстары жалғасты. Білім алушылар біржылдық және көпжылдық сәндік аула гүлдерінің, көкөніс дақылдарының тұқымдарын отырғызды. Олар барқытгүл, циния, баялды, тәтті бұрыш, қызанақ және арша, бозарша сияқты өсімдіктердің көшеттерін екті.- Бұл шараға қаңтар айынан бастап қатысып келемін. Сабақта тұқымдарды, түрлі жемістерді егеміз. Топырақ салып, егінімізді егіп, үстіне су шашамыз. Осылайша, табиғатты аялауға аздаған болса да үлесімізді қосамыз,-деді оқушы Амина Абат.Шара соңында шәкірттер «Табиғат және біз» тақырыбында табиғат қорғауға арналған жыр жолдары мен әндерді орындап, акцияны қорытындылады.«Таза Қазақстан» бағдарламасы еліміздегі экологиялық ахуалды жақсарту және жас ұрпақтың экологиялық білімін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Педагогтардың сөзінше, орталық оқушыларының бұл шараға белсене қатысуы еліміздің болашағына деген жауапкершілік пен қамқорлықтың белгісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/948419
Нұрлан Есембаев ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды 04.03.2025
Нұрлан Абайұлы 1980 жылы 11 маусымда Павлодар облысы Успен ауданының Богатырь ауылында дүниеге келген. Павлодар университетін (2003 ж.), Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын (2006 ж.), С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін (2016 ж.) «автомобиль және автомобиль шаруашылығы», «дене шанықтыру және спорт» және «саясаттану» мамандықтары бойынша тамамдаған. Еңбек жолын 2004 жылы Павлодар облысы Константиновка орта мектебінде өндірістік білім беру шебері болып бастаған. Әр жылдары аймақта спорт және дене шынықтыру саласында қызмет атқарды: Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы болып жұмыс істеген; Павлодар облысы туризмді және спортты дамыту басқарма басшысының орынбасары міндетін атқарушы, кейін басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/948709
ІІМ басшысы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасын таныстырды 04.03.2025
Мемлекет басшысының жарлығымен Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы болып Абай Серікұлы Қайырбеков тағайындалды. Ол ішкі істер органдарында көп жылғы тәжірибеге ие, түрлі оперативті және жетекші лауазымдарды, 2023 жылдан бері ҚАЖ комитетінің орынбасары қызметін атқарды.Ішкі істер министрі Ержан Саденов жаңа басшысын ІІМ ҚАЖ комитетінің жеке құрамына жедел кеңес барысында таныстырды.Министр ІІМ қызметінің басты принциптері заң мен тәртіп екенін атап өтті.Министр сонымен қатар, түрмедегі заңдылықты қамтамасыз ету, сотталғандарды еңбекпен қамту, олардың әлеуметтік бейімделуін арттыру, пробация қызметі бойынша есепке алынған тұлғаларға бақылауды күшейту және цифрлық шешімдерді кеңінен енгізу мәселелеріне ерекше назар аударды.Сонымен қатар Министр жазаны орындау жүйесін дамыту бойынша басым міндеттерді белгілеп, жаңа басшыға ведомстваның жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/948707
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі инфрақұрылымда полимерлік құбырларды қолдану мәселесін талқылады 04.03.2025
Бүгін Polytech Astana зауытында ҚР Энергетика министрлігінің қолдауымен KMG PetroChem ұйымдастырған көшпелі кеңес өтті. Кеңеске ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Аккенженов қатысып, полимерлерді қайта өңдеуді дамыту және заманауи шешімдерді инфрақұрылымдық жобаларда қолданудың маңыздылығын атап өтті.Вице-министр заманауи полимерлік шешімдерді құрылыс пен инженерлік желілерді жаңғыртуда қолдану олардың қызмет ету мерзімін ұзартуға, пайдалану шығындарын қысқартуға және бюджетке түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ, ол өндірістік әлеуеті жеткілікті отандық өндірушілерге қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті.Негізгі шешімдер:Отандық өндірушілерді ынталандыру және оларды мемлекеттік сатып алуларға қатысуға қолайлы жағдай жасау механизмдерін әзірлеу.Полимерлік құбырлардың сапасын бақылау шараларын күшейту және жалған өнімдермен күресу.Ұзақ мерзімді оффтейк-келісімшарттарды енгізуді қарастыру, бұл тұрақты сұранысты қамтамасыз етіп, бағаның құбылуын азайтады.Полимерлік құбырлардың артықшылықтары туралы мемлекеттік тапсырыс берушілер мен өндірушілердің хабардарлығын арттыруға бағытталған білім беру бағдарламалары мен семинарлар өткізу.Полимерлік құбырларды инфрақұрылымдық жобаларға енгізу бойынша кешенді шаралар әзірлеу, соның ішінде талдамалық материалдар мен сараптамалық қорытындылар дайындау.Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар әрі қарай ынтымақтастықты жалғастыруға және белгіленген қадамдарды іске асыруға дайын екендіктерін білдірді. Қабылданған шешімдерді енгізу инженерлік желілердің сенімділігін арттырып, отандық өндірісті дамытуға серпін беріп, инфрақұрылымды пайдалану бойынша мемлекеттік шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жұмыс салалық қауымдастықтар және бизнес-қауымдастықпен бірлесе жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/948714
Қазақстанда 1300 мектепті кезең-кезеңімен реновациялау басталды 04.03.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес таяудағы үш жыл ішінде Қазақстанда 1300-ге жуық мектеп реновацияланады, оның жартысынан көбі (54%) ауылдық жерлерде орналасқан. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Жоба қазіргі заманғы білім беру стандарттарына сәйкес келетін тоғыз негізгі бағыт бойынша іске асырылуда. Реновациядан өткізу мектептерді күрделі жөндеу, заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтау, мектеп жиһаздарын жаңарту, кітапханалар мен асханаларды жаңғырту, спорт залдарын салу немесе реконструкциялау, рекреациялық аймақтар мен қоғамдық кеңістіктерді жабдықтау, сондай-ақ жаңа қауіпсіздік жүйелерін енгізу көзделген. «Мемлекет жыл сайын мектеп инфрақұрылымын жақсартуға қаражат бөледі. 2025 жылы жаңарту 262 мектепті қамтиды, оның 141-і ауылдық жерлерде орналасқан. Жаңартылған ғимараттарда 200 мыңға жуық оқушы білім алады», - деп атап өтті инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының орынбасары Роза Сембаева. Жұмыстар аясында шатырды ауыстыру, қасбеттер мен терезелерді жаңарту, инженерлік коммуникацияларды — жылыту, сумен электрмен жабдықтау, кәріз бен желдету жүйелерін күрделі жөндеу жоспарланған. Сондай-ақ мектеп аумақтарын көркейту және көгалдандыру жүргізіледі. Жоба үш жылға есептелген: 2025 жылы 262 мектеп жаңартылады, 2026 жылы – 436, 2027 жылы – 466. Сонымен қатар 2028-2029 жылдары Жамбыл облысында тағы 67 мектепті жаңарту жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/948063
Қазақстанда «Тілге бойлау» қазақ тілінің бірегей жобасы жүзеге асырылуда 04.03.2025
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының VIII құрылтайына қатысты. Өз сөзінде ол мемлекет тарапынан қазақ тілін оқыту сапасын арттыру және мектептерде қолайлы тілдік орта қалыптастыру мақсатында жасалып жатқан шараларға тоқталды.Өткен жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда балаларға ерте жастан мемлекеттік тілді үйретуге бағытталған «Тілге бойлау» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Министр атап өткендей, бұл инновациялық тәсіл халықаралық тәжірибеге негізделген, балаларға тілді тезірек меңгеруге көмектесіп қана қоймай, олардың оқуға деген ұмтылысын, шығармашылық дамуын ынталандырады. Қазіргі уақытта жоба еліміздің бес өңірінде сәтті жүргізілуде. «Тілге бойлау» жобасы аясында оқулар күн сайын ұйымдастырылады және әртүрлі әдіс-тәсілдерді қамтиды. Әдістің негізгі ерекшеліктерінің бірі - балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталуы. Ол шектемейді, керісінше, әр баланың қабілеттерін ашады, бұл сөйлеуі мен ауызша-логикалық ойлауына оң әсер етеді. Жоба ата-аналардың сұраныстарын ескере отырып жасалды. Ол осы жылдан бастап мектеп жүйесіне кезең-кезеңімен енгізіле бастайды», — деді оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев. Білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқыту сапасына ерекше көңіл бөлінеді. 2024 жылы 5,5 мыңға жуық қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Алғаш рет 5-8 және 10 сынып оқушылары үшін қазақ тілінен емтихан тапсыру енгізілді, ол оқу бағдарламасын тереңірек меңгеруге және бекітуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/948717
Ақмола облысының жұртшылығымен кездесу 04.03.2025
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Көкшетау қаласында Ақмола облысының тұрғындарымен және коммерциялық емес ұйымдарының өкілдерімен кездесу өткізді.Өңір тұрғындарымен кездесу барысында экология, экологиялық мәдениетті, орман шаруашылығын дамыту, қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу және т.б. мәселелерге ерекше назар аударылды.Ведомство басшысы негізгі аспектілердің бірі атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын бақылаудың автоматтандырылған жүйесін орнату болып табылатынын атап өтті. Мұндай жүйелер облыстың 5 ірі кәсіпорнында орнатылуда, 2-де орнатылған («Көкше-Цемент» ЖШС, «Степногор ЖЭО» ЖШС).Облыста 535 заңсыз қоқыс орны анықталып, олардың барлығы жойылды.Бұдан басқа, «Eco-Dump» ЖШС (Эко-Дамп) Щучье-Бурабай курорттық аймағында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау кешенін салу бойынша пилоттық жобаны іске асыру жоспарлануда.Жалпы, Ақмола облысы бойынша экологиялық жағдай тұрақты.Өңірдің орман шаруашылығын дамытуға қатысты Министр 2021-2024 жылдар аралығында республика бойынша барлығы 1 миллиард 150 миллион көшет, оның ішінде Ақмола облысында - 77,1 миллион көшет отырғызылғанын атап өтті.Сонымен қатар, Ақмола облысында жабық тамыр жүйесі бар отырғызу материалын өсіру бойынша орман тұқымы кешенінің құрылысы жоспарланған. Бұл жобаға 3,5 млрд. теңге қарастырылған.Е.Нысанбаев іс-шараға қатысушылардың барлық өзекті сұрақтарына, сондай-ақ азаматтарды жеке қабылдау кезінде түскен сұрақтарға жауап берді.Соңында БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/948546
Экология министрі Ақмола облысының бірқатар өндірістік объектілеріне барды 04.03.2025
Ақмола облысына жұмыс сапары барысында ҚР Экология және табиғи ресурстар Министрі Ерлан Нысанбаев бірқатар өндірістік кәсіпорындарда болды: "Новопэк" ЖШС, "Нитро-Продакт" ЖШС, "Altyntau Kokshetau" АҚ, "Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы" ЖШС."Нитро-Продакт" ЖШС-де ведомство басшысы өндірістік қуаты жылына 1200 тонна болатын полимерлерді қайта өңдеу процесімен танысты.Келесі нысан "Новопэк" ЖШС жылдар бойы полимерлі қаптаманы өндіру бойынша көшбасшы болып табылады. Зауыт Австрия, Италия, Түркия және Тайваньның заманауи жабдықтарымен жабдықталған, ал өндірісте полимерлі шикізат пен жоғары сапалы шетелдік қоспалар қолданылады. Толық циклді өндіруші кәсіпорын бола отырып, айына 8 млн. данадан астам дайын өнім өндіру қуаттылығына ие."Altyntau Kokshetau" АҚ Зеренді ауданында орналасқан Қазақстанның ірі алтын өндіруші компаниясы. Аталмыш кәсіпорын қызметкерлері өндіріс, экологиялық заңнаманы іске асыру мақсатында қабылданатын шаралар, сондай-ақ эмиссия көлемі турасында айтты. Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Е. Қожықов кәсіпорын бірінші санаттағы объект бола отырып, ластаушы заттардың шығарындыларын азайтуды қамтамасыз етуі, ең үздік қолжетімді техниканы енгізуі және кешенді экологиялық рұқсат алу үшін материалдарды дайындау рәсімін бастауы тиіс екенін атап өтті."Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы" ЖШС 2010 жылы құрылған және "Вираж" холдингінің еншілес кәсіпорны болып табылады, ауыл шаруашылығы, мамандандырылған және коммуналдық техниканы өндіру (құрастыру) және жеткізу саласында қызмет етеді.Қазақстандық Агро Инновациялық корпорация ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші болып табылады және өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері жүйесіне қатысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/948718
Әділет министрлігі заң консультанттарының қызметін реттеуді талқылауды жалғастыруда 04.03.2025
Астана, 2025 жылғы 27 ақпан – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Кәсіпкерлік кодексінің 83-бабына сәйкес заң консультанттарының қызметін реттеудің реттеушілік ықпалын талдауды жалғастыруда.Кеше Әділет министрлігінің алаңында заң консультанттарының қызметін реттеу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысы өтті. Жиын барысында жаңа ұсыныстар қаралып, заң консультанттары институтын одан әрі дамыту жолдары талқыланды.Жұмыс тобы реттеу тетіктерін жан-жақты қарастырып, кәсіби қоғамдастықтың мүдделері мен азаматтардың қажеттіліктерін ескеруге баса назар аударуда. Әділет министрлігі ашық диалог жүргізуге дайын және барлық мүдделі тараптарды талқылауға қатысуға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/948706