Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

«Конституция: адами капитал. Адал азамат» тақырыбында республикалық онлайн семинар-тренинг 26.05.2026
Құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру және өскелең ұрпақты жалпыұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мәселелері бүгінгі күні педагогикалық қауымдастық назарындағы маңызды бағыттардың бірі болып отыр.Осы бағыттағы ауқымды іс-шаралардың бірі ретінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» ұлттық орталығы «Конституция: адами капитал. Адал азамат» тақырыбында республикалық онлайн семинар-тренинг өткізді.Ауқымды іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 6 мыңнан астам педагог қатысты. Пленарлық бөлімде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Карамбаев сөз сөйлеп, білім беру үдерісіне конституциялық қағидаттарды кіріктірудің өзекті міндеттерін атап өтті.Бағдарламаның мазмұнды бөлігі Шымкент қаласындағы «Өрлеу» филиалының директоры Меруерт Медетбекованың баяндамасымен ұсынылды. Ол өз сөзінде еліміздің негізгі заңы — Қазақстан Республикасының Конституциясы құндылықтарының «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының мазмұнымен өзара байланысын жан-жақты ашып көрсетті.Қазіргі кезеңде білім беру жүйесі құқықтық мәдениеті жоғары, отансүйгіштік рухы қалыптасқан және сыни ойлау қабілеті дамыған жаңа үлгідегі азаматты тәрбиелеудің негізгі құралына айналуда.Семинардың практикалық бөлімі еліміздің барлық өңірлеріндегі «Өрлеу» филиалдары базасында воркшоп форматында ұйымдастырылды. Оған білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтер мен әдіскерлер қатысты. Жұмыс барысында конституциялық құндылықтарды оқу сабақтары мен тәрбие жұмыстарының мазмұнына тиімді енгізу тетіктері ұсынылды.Педагогикалық қауымдастық алдында білім алушылардың бойында адалдық, жауапкершілік, отансүйгіштік және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді қалыптастыру міндеті тұр. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1228477?lang=ru
Қазақстан мен Таиланд іскерлік әріптестікті нығайтуда: Бангкокта Қазақстан-Таиланд бизнес-форумы өтті 26.05.2026
Бангкок, 2026 жылғы 25 мамыр – Таиланд Сауда палатасының штаб-пәтерінде екі елдің ресми және іскер топтарының қатысуымен Қазақстан-Таиланд бизнес-форумы өтті. Іс-шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы, Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Марғұлан Баймұхан, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ өкілдері, мемлекеттік органдар, іскерлік қауымдастықтар және Қазақстан мен Таиланд бизнес-қоғамдастығының өкілдері қатысты.Форум барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен, тамақ өнеркәсібі, көлік және логистика, цифрлық технологиялар, электрондық коммерция, туризм және тұрақты даму салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.Қазақстанның Орталық Азия, Қытай, Кавказ және Еуропа арасындағы негізгі көлік-логистикалық торап ретіндегі әлеуетін пайдалану мәселесіне, сондай-ақ қазақстандық өнімдерді Таиланд және АСЕАН-ның басқа да елдері нарықтарына ілгерілету перспективаларына ерекше назар аударылды.Қазақстан тарапынан құттықтау сөз сөйлегендер қатарында Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы және Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Марғұлан Баймұхан болды. Таиланд тарапынан Таиланд Сауда палатасының төрағасы доктор Пож Арамваттананонт, Таиландтың Қазақстандағы Елшісі Пияпин Нийомреркс, сондай-ақ Корольдіктің іскерлік қауымдастығының өкілдері қатысты.Форум аясында қазақстандық тарап елдің инвестициялық және экономикалық әлеуетін, инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларын, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының, Astana Hub-тың және Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымының мүмкіндіктерін таныстырды. Таиланд бизнесі тарапынан азық-түлік қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, туризм, жаңартылатын энергетика, цифрландыру және заманауи өндірістік тізбектерді дамыту салаларындағы ынтымақтастық перспективалары үлкен қызығушылық тудырды.Форумның практикалық нәтижесі ретінде Алматы облысының әкімдігі мен Таиландтың туристік қауымдастықтары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарды қоса алғанда, бірқатар екіжақты құжаттарға, сондай-ақ екі елдің шаруашылық субъектілері арасындағы бірқатар коммерциялық келісімдерге қол қойылды. Қол қойылған құжаттар іскер топтар арасындағы тікелей байланыстарды дамытуға, тай туристерін Қазақстан Республикасына тартуға, сауда-экономикалық және инвестициялық ақпарат алмасуға, бейінді компанияларды қолдауға және бірлескен бастамаларды ілгерілетуге бағытталған.Сондай-ақ тай бизнесі өкілдерінің тақырыптық презентациялары өтті. Оларда экспорттық-импорттық операциялар, сертификаттау, логистика және дистрибуция арналарын дамыту мәселелері қарастырылды. Іс-шара қорытындысы бойынша екі елдің компаниялары мен іскерлік бірлестіктері өкілдерінің B2B форматындағы екіжақты кездесулері өткізілді.Форумға қатысушылар сауда-экономикалық кооперацияны одан әрі кеңейтуге, бизнес-қоғамдастықтар арасындағы тікелей байланыстарды жандандыруға және қазақстан-таиланд ынтымақтастығын жаңа деңгейге шығаруға бағытталған бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға өзара мүдделіліктерін растады.Анықтама үшін: 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Таиланд арасындағы екіжақты тауар айналымының көлемі 255,1 млн АҚШ долларын құрап, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 8%-ға артты. Қазақстан Таиландтың Орталық Азиядағы негізгі сауда серіктесі мәртебесін сақтап отыр және Таиландтың өңір елдерімен саудасының 70%-дан астамын қамтамасыз етеді. Қазақстан экспортының негізін мұнай және мұнай өнімдері, металдар, химиялық өнімдер және ауыл шаруашылығы шикізаты құрайды, ал Таиландтан импорт азық-түлік тауарларынан, автомобиль жасау өнімдерінен, химия және электрондық өнеркәсіп өнімдерінен, сондай-ақ халық тұтынатын тауарлардан тұрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1228479?lang=ru
БҰҰ АзТМЭƏК-мен қол жеткізілген уағдаластықтарды практикалық іске асыру мəселелері ұйымның Бангкок қаласындағы штаб-пəтерінде талқыланды 26.05.2026
Бангкок, 2026 жылғы 22 мамыр — Қазақстан Республикасының БҰҰ АзТМЭƏК жанындағы Тұрақты өкілі Марғұлан Баймұхан БҰҰ Бас хатшысының орынбасары жəне АзТМЭƏК Атқарушы хатшысы профессор Армида Салсия Алисджабанамен Комиссияның Бангкок қаласындағы штабпəтерінде кездесті. Кездесу барысында тараптар 2026 жылғы 20–24 сəуір аралығында өткен Комиссияның 82-сессиясында қабылданған шешімдерді іске асыру мəселелерін талқылады. Кездесудің негізгі тақырыбы Алматы қаласында орнықты даму үшін БҰҰ АзТМЭƏК Цифрлық шешімдер орталығын құру туралы резолюцияны іске асырудың мерзімдері мен кезеңдерін келісу болды.БҰҰ жүйесіндегі аталған жаңа институтты құру туралы шешім Комиссияның 82-сессиясы барысында Ұйымға мүше 52 мемлекеттің консенсусымен қабылданды. Кездесу барысында сондай-ақ Қазақстанның 2026–2027 жылдарға арналған БҰҰ АзТМЭƏК-ның Технологиялар трансферті жөніндегі АзияТынық мұхиты орталығының (APCTT) Басқарушы кеңесінің мүшесі ретіндегі қызметі, оның ішінде технологиялар трансферті саласында өңірлік тəсілдердіəзірлеу жəне Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі технологиялық алшақтықты қысқартуға жəрдемдесу мəселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1228503?lang=ru
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар 26.05.2026
Еңтөменгіжеткіліктілік шектерін (ТЖШ) қайта қарау және жаңа мөлшерлерін қабылдаудың мақсаты қандай?ТЖШ есептеу әдістемесін қайта қараудың негізгі мақсаты – болашақтағы жинақтаушы зейнетақының жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету үшін қажетті ең төменгі зейнетақы жинақтарына қойылатын талаптарды күшейту, сондай-ақ салымшының зейнет жасындағы зейнетақы төлемдері есебінен кірісті алмастыру коэффициентін кезең-кезеңімен арттыру. Бұл ретте ең төменгі халықаралық стандарттар ескеріледі. Еске салсақ, Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) талаптарына сәйкес, кірісті алмастыру коэффициенті кемінде 40% болуы тиіс.Жаңа әдістеме бойынша ТЖШ мөлшерін есептеу нақты өмір жағдайлары және зейнетақымен қамсыздандырудың мақсатты параметрлеріне барынша жақындатылмақ. Бұл азаматтардың зейнет жасына жеткен кезде жеткілікті көлемде жинақсыз қалу қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Ең төменгі жеткіліктілік шектері қалай айқындалады? Қандай факторлар ескеріледі?Өзгерістерге сәйкес, ТЖШ мөлшері болашақ зейнетақы төлемдерінің мақсатты көрсеткіштеріне сүйене отырып анықталады және әрбір салымшының жасына қарай ай сайынғы төлемдердің келтірілген құнын есептеу формуласы негізінде есептеледі.Формула ұзақмерзімді демографиялық (ұлттық демографиялық кестелер) және қаржылық (кірістіліктің пайыздық мөлшерлемелері және төлемдерді индекстеу) факторларды қамтиды. Бұл тәсіл азаматтардың болашақ төлемдерінің тұрақтылығы мен болжамдылығын қамтамасыз етуге бағытталған.Төлемдердің келтірілген құнын есептеу формуласы халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылады. Ол мақсатты төлемдерді қамтамасыз етуге қажетті жинақ көлемін айқындауға мүмкіндік береді және макроэкономикалық көрсеткіштер болжамының өзгеруіне тәуелділікті азайтады деп күтілуде.Зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптар әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге негізделеді. Атап айтқанда: жасына байланысты ең төменгі зейнетақы, ең төменгі жалақы мөлшері. Бұл көрсеткіштер жыл сайын республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.Сонымен қатар, зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделуге пайдалану мүмкіндігі қарастырылған кезде, зейнетақы шотында болашақтағы төлемдерді қамтамасыз етуге жеткілікті сома қалатыны міндетті түрде ескеріледі. Қабылданып жатқан өзгерістер болашақтағы зейнетақы төлемдеріне қалай әсер етеді?Қолданыстағы ТЖШ есептеу әдістемесіне сәйкес, егер салымшы зейнетақы жинақтарын шектен асқан сомасын пайдаланса, болашақта зейнетке шыққанда шамамен 50 мың теңге көлемінде ғана төлем алуы мүмкін. Бұл қазіргі күнкөріс деңгейіне (КД) шамалас көрсеткіш. Бұл ретте қазіргі Әдістемеде салымшы зейнет жасына дейін міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты түрде төлей береді деген болжам қарастырылған. Алайда іс жүзінде жарналар тұрақты аударылмауы немесе мүлде төленбеуі мүмкін. Мұндай жағдайда қолданыстағы ТЖШ мөлшері күтілетін ең төменгі төлемдерді қамтамасыз ете алмайды. Соның салдарынан болашақтағы төлем көлемі күнкөріс минимумынан да төмен болуы ықтимал. Тіпті жарналар тұрақты төленіп, жинақтар қолданыстағы ТЖШ деңгейінде сақталған күннің өзінде, шамамен 50 мың теңге мөлшеріндегі жинақтаушы зейнетақы  қазіргі медиандық жалақының 15%-ына да жетпейді.Анықтама үшін: Медиандық жалақы – бұл бүкіл ел үшін де, жекелеген аймақтар мен елді мекендер үшін де жалақыны есептеуге мүмкіндік беретін ел халқының кірістерін талдау үшін қолданылатын алғышарттардың бірі. Медиандық жалақы – бұл барлық жалақыны екі тең бөлікке бөлетін көрсеткіш: жұмысшылардың жартысы медианнан көп, ал екінші бөлігі бұл мәннен аз алады. Ол табыс жағдайын дәлірек көрсетеді. Алайда, ол әртүрлі факторлар, мысалы, экономикалық өсу, инфляция, еңбек нарығының жағдайы және саяси шешімдердің әсерінен өзгеруі мүмкін екенін ескеру қажет, Жаңа қабылданатын ТЖШ әдістемесіне сәйкес, егер салымшы жинақтарының төменгі жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін пайдаланса, болашақтағы зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшері медиандық жалақының шамамен 40%-ына жақындайды. Бұл ретте, жаңа Әдістемеде ТЖШ мөлшері болашақ жарналарға, көптеген макроэкономикалық көрсеткіштердің жыл сайынғы болжамды өзгерістеріне тәуелді болмайды. Есептеу ұзақмерзімді факторларға негізделеді. Олардың қатарында Біріккен Ұлттар Ұйымы ұлттық статистика негізінде тұрақты түрде жаңартып отыратын Қазақстан халқының демографиялық кестелері де бар. Соның нәтижесінде азаматтар үшін болашақ зейнетақы мөлшері анағұрлым болжамды болады әрі кезең-кезеңімен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің мақсатты көрсеткіштеріне жақындай түседі.Өзгерістерге сәйкес, ТЖШ мөлшері салымшының жасына байланысты белгіленеді. Салымшының жасы ұлғайып, зейнеткерлік жасқа жақындаған сайын болашақтағы зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне қойылатын талаптар да артады. Бұл азаматтардың зейнет жасына жеткен кезде халықаралық стандарттарға жақын деңгейдегі табыс алуына мүмкіндік беру мақсатында енгізіліп отыр.Осылайша, жаңа модель ТЖШ есептеу жүйесін нақты жағдайларға және зейнетақымен қамсыздандырудың мақсатты параметрлеріне барынша жақындатып, азаматтардың зейнет жасына жеткен кезде жеткіліксіз жинақпен қалу қаупін төмендетеді.  Өзгерістер зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге және емделуге пайдалану мүмкіндігіне қалай әсер етеді? Жинақты пайдалану қиындай ма? ТЖШ мөлшерінің ұлғаюына байланысты, азаматтардың пайдалана алатын жинақ көлемі қысқаруы мүмкін. Себебі зейнетақы шотында сақталуы тиіс ең төменгі сома көлемі артады. Сонымен бірге:зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге пайдалану тетіктері сақталады;тек ТЖШ-дан асатын қаражатты ғана пайдалануға болады;ТЖШ-ға қатысты шектеулер болашақта жеткілікті деңгейдегі зейнетақы жинақтары мен төлемдерін қамтамасыз етуге бағытталған.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1230916?lang=ru
Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы əлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады 26.05.2026
Astana AI Film Festival фестивалінің ресми сайты aaiff.ai əлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан халықаралық AI-фильмдер байқауына қатысуға өтінім қабылдауды бастады. Астанада өткен баспасөз конференциясында жобаның тұжырымдамасы, байқау бағдарламасы жəне іске қосу кезеңі таныстырылды.Фестиваль ұйымдастырушысы Алмас Жəлидің айтуынша, байқау бағдарламасы екі секциядан тұрады: «The future worth living in» («Өмір сүруге тұрарлық болашақ») тақырыбына арналған негізгі секция жəне үздік режиссура, визуалды тіл, оқиға, концепция жəне кейіпкер номинациялары бойынша ашық секция. Байқаудың негізгі талабы — фильмнің full AI технологиялары арқылы жасалуы. Яғни, жасанды интеллект қосымша құрал ретінде емес, туындыны жасаудың негізгі инструменті ретінде қолданылуы тиіс.«Фестиваль 2026 жылғы 28 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Астанада Astana AI Week — жасанды интеллект апталығы аясында өтеді. Бұл AAIFF-ті елдегі ірі технологиялық іс-шаралармен байланыстырып, фестивальдің халықаралық мəртебесін күшейтеді», — деді Алмас Жəли.Байқауға қатысу тегін жəне жас ерекшелігіне немесе кəсіби тəжірибесіне қарамастан барша ниет білдірушілерге ашық. Қатысушылар ұзақтығы 10 минутқа дейінгі қысқаметражды AI-фильм əзірлеп, оны жобаның сипаттамасымен бірге aaiff.ai фестиваль платформасына жүктеуі қажет.«Өтінім фестивальдің ресми сайты арқылы қабылданады. Жұмысты екі жолмен жіберуге болады: YouTube платформасына жүктеп,  сілтемесін  көрсету  немесе  Google  Drive  сервисіне ж ү к т е п , с і л т е м е с і н ж о л д а у . Б а р л ы қ ө т і н і м д е р ұйымдастырушылардың бірыңғай базасында тіркеледі жəне жүргізіледі. Сондықтан авторларға өтінім мəртебесін бақылауда ұстаудың қажеті жоқ», — деді жоба авторларының бірі Айзатулла Хуссейн.YouTube платформасына жүктелген видеолардың сипаттамасында міндетті түрде «Special for Astana AI Film Festival» тіркесі, автордың аты-жөні жəне #SpecialForAAIFF хэштегі көрсетілуі тиіс.Іріктеу қорытындысы бойынша AAIFF командасы мен халықаралық сарапшылар негізгі секциядан 10 жəне ашық секциядан 15 жұмысты таңдап алады. Финалистерді киноиндустрия, AI-қоғамдастық жəне creative tech саласының өкілдерінен құралған халықаралық қазылар алқасы бағалайды.Өтінім қабылдау 2026 жылғы 15 тамызға дейін жалғасады. Байқау финалистері қыркүйек айында жарияланып, көрсетілімдер мен жеңімпаздарды марапаттау рəсімі Astana AI Week аясында Астана қаласында өтеді.Аталмыш жоба - жасанды интеллект технологияларының көмегімен жасалған фильмдерге арналған халықаралық фестиваль. Алаң авторларды, digital-креаторларды, технологиялық компаниялар өкілдерін, сарапшылар мен инвесторларды біріктіреді. Фестивальдің жалпы жүлде қоры 1 миллион АҚШ долларын құрайды.Фестиваль аясында көрсетілімдер, AI-контентке арналған конференция, панельдік пікірталастар, сондай-ақ авторлар мен продюсерлерге арналған pitch-сессиялар ұйымдастырылады. Ұйымдастырушылар фестивальді жыл сайын өткізіп, оны AI-кино мен цифрлық шығармашылықтың жаңа бағыттарын дамытуға арналған тұрақты халықаралық платформаға айналдыруды жоспарлап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1229303?lang=ru
Бірыңғай сатып алу платформасын іске қосу туралы 26.05.2026
2025 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, сатып алу рәсімдерін оңайлатуға, сондай-ақ саланы одан әрі цифрландыруға бағытталған «Мемлекеттік сатыпалу туралы» жаңа Заң қолданысқа енгізілді.Негізгі жаңалықтардың бірі мемлекеттік сатып алудың және «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Заңға сәйкес жүзеге асырылатын сатып алудың электрондық қызметтеріне бірыңғай қолжетімділік нүктесін ұсынатын мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі – Бірыңғай сатып алу платформасын құру болды.«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңды іске асыру үшін мемлекеттік сатып алу веб-порталымен, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ алаңдарымен (goszakup.gov.kz, mitwork.kz, zakup.sk.kz)интеграцияланған Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды.Реттелетін сатып алулар бойынша мәліметтерді талдау және шоғырландыру мақсатында, 2025 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы мен білім алушылардың тамақтануын сатып алу(goszakup.gov.kz) қызметтерінің рәсімдерін, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу порталын (fms.ecc.kz), медициналық ұйымдарға арналған сатып алу веб-порталын (med.ecc.kz), табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алу алаңдарын (eurasiantech-tender.kz, caspytender.kz, zakup-besk.kz, etbemp.kz, ets-tender.kz, sic.kz, mp.kz, e-port.kz) интеграциялау бойынша жұмыстар аяқталды.Осымен, 2026 жылғы 28 сәуірдегі жағдай бойынша Бірыңғай сатып алу платформасында 46 793 пайдаланушы тіркелді.Ағымдағы жылы жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу алаңымен (tizilim.gov.kz) интеграциялауды қоса алғанда, Бірыңғай сатып алу платформасының функционалдығын кеңейту жөніндегі іс-шаралар жоспарлануда.Бұл шаралар «бір» терезе қағидаты бойынша барлық реттелетін сатып алуларға бірыңғай қолжетімділікті ұсыну арқылы пайдаланушылардың жұмысын жеңілдетуге бағытталған.Жалпы алғанда, Бірыңғай сатып алу платформасын іске қосу Қазақстанның сатып алу жүйесін цифрлық трансформациялаудың маңызды кезеңі болып табылады. Жаңа модель рәсімдердің ашықтығын арттыруға, бәсекелестікті дамытуға және сатып алу процесінің барлық қатысушылары үшін заманауи, ашық және тиімді ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-goszakup/press/news/details/1228448?lang=ru
KazAID пен Эль-Сальвадордың ESCO агенттігі екіжақты ынтымақтастық келешегін талқылады 26.05.2026
Астана, 2026 жылғы 25 мамыр – «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы Ж. Асанов пен Эль-Сальвадор халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (ESCO) Стратегия және халықаралық келіссөздер бөлімінің басшысы Ф. Флорестің танысу кездесуі өтті.Іс-шараға Эль-Сальвадор Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ю.П. Сантакрус Пердомо қатысты.Кездесу барысында тараптар өздерінің қызметі туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. KazAID өкілдері ESCO қызметкерлерін Агенттік қызметінің басым бағыттарымен, сондай-ақ халықаралық серіктестермен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан бағдарламалармен және жобалармен таныстырды.Әңгімелесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын қарастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1228421?lang=ru
Профориентациялық кездесу өткізілді 26.05.2026
 22 мамырда Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  Адам ресурстар басқармасының бас мамандары Қаламкас Ахметова мен  Гүлнар Имамбаеваның қатысуымен Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде түлектерді тарту және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша профориентациялық кездесу өткізілді.Іс-шара барысында олар мемлекеттік кірістер органдарына мемлекеттік қызметке орналасуға үміткерлерді таңдау, біліктілік талаптары және басқа да аспектілерімен таныстырды.Шара барысында келіп түскен сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1228368?lang=ru
Ақтөбеде Еуразиялық интеграцияланған жасыл мыс өнеркәсібі зауытының құрылысы басталды 26.05.2026
Ақтөбе, 2026 жылғы 25 мамыр - «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағының аумағында Еуразиялық интеграцияланған жасыл мыс өнеркәсібі жобасының іргетасын қалау рәсімі өтіп, құрылыс жұмыстарына ресми түрде бастау берілді. Ауқымды өнеркәсіптік жоба Ақтөбе облысы әкімдігі және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен, қытайлық Beijing Jinyi Yuanfang Holding Group инвестициясы және «Phoenix Industrial Group» ЖШС серіктестігі аясында жүзеге асырылуда.Іс-шараға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сұлтанғали Кенжеқұлов, Қытай Халық Республикасының Ақтөбедегі Бас консулы Го Юй, Jin Yi Yuan Fang Holding Group бас кеңесшісі Фэнг Сонг, Guda Wire and Cable (Group) Co., Ltd. атқарушы президенті Ли Хаодие, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, бизнес қауымдастықтың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.Бұл оқиға Ақтөбе облысы үшін ғана емес, тұтас ел үшін де маңызды кезең саналады. Қазақстан тау-кен металлургиясы саласында толыққанды өндірістік тізбек қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Жылына 25 000 тонна тазартылған мыс катанкасын өндіруге арналған жаңа зауыт еліміздің өңірлерінде жиналған мыс сынығын терең өңдеумен айналысады және Ақтөбені мыс өнеркәсібінің өңірлік хабына айналдыруға мүмкіндік береді.Ақтөбе облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов өз сөзінде жобаның стратегиялық маңыздылығына тоқталып өтті:«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бүгінде өңдеу өнеркәсібін дамытуға ерекше басымдық берілуде. Осы бағытта өңірге инвестиция тарту, импортқа тәуелділікті төмендету және өндірісті дамыту мақсатында Ә. Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай аумағында жалпы көлемі 858 гектарды құрайтын «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағы құрылған болатын. Бұл жоба — жыл басында Қытай Халық Республикасына жасаған жұмыс сапарымыз барысында жүргізілген келіссөздердің нақты нәтижесі әрі аталған арнайы экономикалық аймақта іске асырылатын алғашқы зауыт. Сондықтан бұл бастама өңір экономикасының жаңа өсу нүктесіне айналып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға серпін береді. Біз бұл жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара сенім мен тиімді экономикалық ынтымақтастықтың жарқын үлгісіне айналады деп сенеміз», — деді облыс әкімінің орынбасары.«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сұлтанғали Кенжеқұловтың айтуынша, бүгінгі күні қытайлық тараптан салынған инвестициялардың жалпы көлемі 25 млрд долларды құрайды, ал елімізде шамамен 250 инвестициялық жоба іске асырудың әртүрлі кезеңінде тұр. Орталық Азияға келетін қытайлық инвестициялардың 60 пайызы Қазақстанның үлесіне тиесілі – бұл өте жоғары көрсеткіш. Алдағы 3-5 жыл ішінде жалпы инвестициялар көлемі 100 млрд долларға жетеді деп жоспарлануда.Жобаның жалпы инвестициялық көлемі шамамен 100 млн АҚШ долларын құрайды. Кәсіпорынды іске қосу 2027 жылға жоспарланған. Жоба аясында 250 тұрақты жұмыс орны ашылады. Өндірілетін өнім - мыс катанкасы мен кабельдік бұйымдар. Дайын өнім ішкі нарыққа да, Еуразиялық экономикалық одақ және Еуропа Одағы елдерінің нарықтарына да экспортталатын болады.Жоба мемлекеттің индустрияландыру және экономиканы әртараптандыру саясатына толық сәйкес келеді. Өндірісті «Ақтөбе» АЭА аумағында орналастыру инвесторға жеңілдетілген салықтық және кедендік режимдерді, сондай-ақ дамыған көлік-логистикалық инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Шикізат ретінде мыс сынығын пайдалану «жасыл» металлургия қағидаттарына сай келіп, саланың көміртек ізін азайтуға ықпал етеді.Жобаны іске асыру өндірісті локализациялау деңгейін арттыруға, елдің экспорттық әлеуетін күшейтуге, Ақтөбе облысының өнеркәсіп секторына қосымша тікелей шетелдік инвестициялар тартуға және жоғары қосылған құнға ие жаңа өндірістік тізбектер қалыптастыруға мүмкіндік береді.АНЫҚТАМАЛЫҚ АҚПАРАТ«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ - Қазақстанға инвестиция тартуға жауапты ұлттық компания. Компания жобаларды іске асырудың барлық кезеңінде, жобаалды дайындықтан бастап операциялық қызметке дейін, шетелдік және отандық инвесторларға кешенді қолдау көрсетеді.Beijing Jinyi Yuanfang Holding Group - металлургия саласындағы халықаралық өнеркәсіптік жобаларды іске асыруға маманданған қытайлық инвестициялық холдинг.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beijing/press/news/details/1228379?lang=ru
Абай гарнизонында армияның пайдалану бөлімшелерін дамыту мәселелері талқыланды 26.05.2026
 Семей қаласында Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары генерал-майор Алмаз Жұмакеевтің жетекшілігімен аудандық пайдалану бөлімшелері бастықтары мен жол-пайдалану учаскелері жетекшілерінің жиыны өтті.Жиында жылыту маусымының қорытындылары шығарылып, әскери инфрақұрылым нысандарын алдағы қыс маусымына дайындау мәселелері қаралды. Әсіресе қазандық жабдықтарын дайындау, газдандыру жұмыстары, инженерлік желілер мен коммуналдық жүйелердің, сондай-ақ әскери қалашықтардың тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының жағдайына ерекше көңіл бөлінді.— Әскери инфрақұрылым нысандарының тұрақты әрі үздіксіз жұмыс істеуі Қарулы күштердің жауынгерлік дайындығына тікелей әсер етеді. Біздің міндетіміз – әскери қызметке заманауи әрі қауіпсіз жағдай жасап, пайдалану бөлімшелерінің жұмыс тиімділігін арттыру, – деді генерал-майор Алмаз Жұмакеев.Тыл мамандары әскери нысандарды пайдалану және күтіп ұстау, пайдалану бөлімдерінің жұмысын жетілдіру, сондай-ақ жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастырудағы заманауи тәсілдерді енгізу мәселелерін талқылады.Жиынның тәжірибелік бөлімінде жиһаз дайындайтын үлгілік учаскелердің жұмысы, техникалық қызметкерлер мен апаттық жөндеу топтарын орналастыру тәртібі, кезекші автокөліктерді жабдықтау, материалдық құндылықтар мен жанар-жағармай қорларын сақтау жүйесі көрсетілді.Қатысушылар арнайы техниканы сақтау жағдайымен танысып, заманауи қоршаулар шығаратын өндірістік цехтың, сондай-ақ бақылау-техникалық және медициналық пункттердің жұмысын қарады.Тәжірибе алмасқан жиын қатысушылары күнделікті қызмет барысында кездесетін мәселелерді талқылап, пайдалану бөлімшелерін одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.Жиын қорытындысы бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Алмаз Жұмакеев әскери инфрақұрылым нысандарын күтіп ұстау мен олардың тұрақты жұмысын жетілдіруге бағытталған нақты тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1228411?lang=ru
Риддер қаласы тұрғындары мен қонақтарының назарына! 26.05.2026
Риддер қаласы тұрғындары мен қонақтарының назарына! ҚР ТЖМ ШҚО ТЖД «Риддер қаласының Төтенше жағдайлар Басқармасы» РММ «Өрт-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізуіне сәйкес ағымдағы жылдың 28 мамырда сағат 11.00-де қаланың барлық электр сиреналарын іске қосу жолымен халықты орталықтандырылған құлақтандырудың автоматтандырылған жүйесіне техникалық тексеру жүргізілетінін хабарлайды.Барлығынан тыныштықты сақтауды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1228301?lang=ru
онаевта Алматы облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті ғимаратының құрылысы басталды 26.05.2026
Қонаев қаласында Алматы облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті ғимаратының құрылысы қарқын алды. Осыған орай бүгін нысан іргетасына уақыт капсуласын салу рәсімі өтті. Жоба аясында 2 гектар жер теліміне 5 қабатты әкімшілік ғимарат, заттай дәлелдемелерді сақтау қоймасы, спорт зал, шағын футбол алаңы, бақылау өткізу пункті, фронт-офис, саптық алаң және автотұрақ салу жоспарланған. Құрылыс жұмысы 11 ай бойы жүргізіледі, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Шара барысында аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев пен ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастығы Әлібек Төлепбергенов ғимарат іргетасына уақыт капсуласын салды.  Марат Елеусізұлы өз сөзінде аталған нысан құрылысының басталуы өңірдегі құқықтық тәртіп пен экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадамдардың бірі екенін атап өтті.«Мемлекет басшысы еліміздің қауіпсіздігі мен заң үстемдігін нығайтуға, мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға ерекше мән беріп келеді. Осы бағытта жүзеге асырылып жатқан бұл жоба – өңірдің инфрақұрылым әлеуетін арттырып қана қоймай, қаржылық қауіпсіздік саласындағы қызметтің сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Жоспарланып отырған кешен заман талабына сай жабдықталып, қызметкерлердің тиімді жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалмақ.Уақыт капсуласын салу – тек символдық рәсім ғана емес, болашақ ұрпаққа жолданған сенім мен жауапкершіліктің белгісі. Бұл нысан адалдық пен әділдік қағидаттарына қызмет ететін маңызды орталықтардың біріне айналады деп сенемін.Осы маңызды жобаның жүзеге асуына атсалысып жатқан барша азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Құрылыстың сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуына тілектеспін», – деді облыс әкімі.Қазіргі таңда жер қазу жұмыстары толық аяқталған. Үш блокты ғимараттың екеуінің іргетасы қаланып біткен. Құрылыс алаңында 12 техника жұмыс істеп тұр. 20-ға жуық адам еңбек етуде. Алдағы уақытта олардың саны 130-ға көбейеді. Құрылыс жұмысы келесі жылы аяқталады деп жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1228304?lang=ru
Самар ауданында соңғы қоңырау соғылды 26.05.2026
Самар ауданының барлық мектептерінде бүгін соңғы қоңырау соғылды. Түлектер үшін бұл күн өмірлеріндегі маңызды кезеңнің аяқталып, жаңа белестің басталуын білдіретін ерекше мереке болды.Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов Самар №1 мектебіндегі салтанатты жиынға қатысып, түлектерді оқу жылының аяқталуымен құттықтады. Ол жас түлектерге сәттілік, өз күштеріне сенім және алға қойған мақсаттарына жетулеріне тілектестік білдірді.Биыл Самар ауданында 79 оқушы мектеп бітіруде. Оның ішінде 9 түлек «Алтын белгіге» үміткер болса, 3 оқушы үздік аттестатқа үміткер атанып отыр.Аудан мектептеріндегі мерекелік шаралар салтанатты әрі жылы атмосферада өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1228223?lang=ru
АҢДАТПА! Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің «Мобильді аударымдарды әкімшілендіру сұрағы бойынша түсіндіру» тақырыбына тікелей эфирі 26.05.2026
Құрметті салық төлеушілер!2026 жылғы 26 мамырда сағат 15:00-де Департаменттің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_mkd парақшасында «Мобильді аударымдарды әкімшілендіру сұрағы бойынша түсіндіру» тақырыбына тікелей эфир өтеді.Тікелей эфирдің спикері әрі модераторы – Түсіндіру жұмыстары және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Шаймарданов Төлеген Біләлұлы.Трансляцияны жіберіп алмау үшін Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Instagram парақшасы – pavlodar_mkd жазылыңыз. Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысыжәне Байланыс-орталығы басқармасы   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1228158?lang=ru
«Keden» ақпараттық жүйесінде VIN-код арқылы кедендік тазартуды тексеру модулі іске қосылды 26.05.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 11 сәуірден бастап «Keden» ақпараттық жүйесінде «Тауарларға декларация» модулі іске қосылғанын хабарлайды. Аталған модуль аясында тауарларға арналған декларацияны немесе жолаушылар кедендік декларациясын пайдалана отырып рәсімделген көлік құралдарының кедендік тазарту фактісін VIN-код бойынша қарау функциясы іске асырылды.Сонымен қатар, жүйеде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың тізілімдері, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізілімі, зияткерлік меншік объектілерінің мемлекеттік тізілімі, мемлекеттік тіркеу куәліктерінің тізілімі, құжаттар мен лицензиялар базасы, сәйкестікті бағалау құжаттары мен техникалық реттеу саласындағы аккредиттеу субъектілерінің тізілімі, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары қалыптастыратын кедендік тізілімдер қолжетімді.Аталған функционал лауазымды тұлғалар мен уақытша сақтау қоймаларының иелеріне кедендік декларациялар мәртебелерін салыстыруды және тиісті құжаттарды қадағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Қосымша ретінде, тауарларға арналған декларация мәртебесін оны басып шығару кезінде QR-код арқылы тексеру мүмкіндігі қарастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1228068?lang=ru
Қаржы басқарушысы 26.05.2026
Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабiлетiн қалпына келтiру және банкроттығы туралы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес. Қаржы басқарушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламасы Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілген Қазақстан Республикасының азаматы қаржы басқарушысы бола алады.Қаржы басқарушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаны:1) қызметін «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асыратын әкімші;2) кәсіби бухгалтер;3) аудитор;4) заң консультанты.Қаржы басқарушысының өз өкілеттіктерін:1) оның борышкерге немесе оның кредиторларына қоятын талаптары немесе міндеттемелері болған;2) егер ол борышкердің немесе кредитордың жақын туысы, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туысы болып табылса.Қызметтің басталуы туралы хабарламада көрсетілген деректер өзгерген кезде қаржы басқарушысы деректер өзгерген күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға көрсетілген өзгерістер туралы хабарлама жіберуге міндетті.Қызмет тоқтатылған кезде қаржы басқарушысы уәкілетті органға қызмет тоқтатылған кезден бастап он жұмыс күні ішінде тиісті хабарлама жіберуге міндетті.Қаржы басқарушысының хабарламасын рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алып тастауды уәкілетті орган осы баптың 9-тармағында белгіленген жағдайлар анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.Уәкілетті орган хабарламаны рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алып тастаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде борышкерге және кредиторға қаржы басқарушысын осындай тізілімнен алып тастау туралы және жаңа қаржы басқарушысын тағайындау туралы ақпарат жібереді.Уәкілетті орган хабарламасын рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алып тастаған тұлға алып тастау себептері жойылған жағдайда, бірақ алып тасталған күннен бастап кемінде үш жылдан кейін қаржы басқарушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаны қайта беруге құқылы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1250506?lang=ru
Азаматтардың соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану шарттары 26.05.2026
2023 жылдың 3 наурызында «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) күшіне енді. Бұл Заң Мемлекет басшысының халықтың берешек ауыртпалығынан азайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қабылданды.Заңның мақсатына – төлем қабілетсіз азаматты міндеттемелерден босату – барынша қол жеткізу үшін Заң азаматты банкрот деп жариялаудың жеңілдетілген тәртібін – соттан тыс банкроттық рәсімін көздейді.Бұл рәсім мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызмет болып табылады.Көрсетілген тәртіпті қолдануға өтініш берудің міндетті шарттарының бірі - ортақ меншіктегі мүлікті қоса алғанда, мүлікке меншік құқығының болмауы.Көрсетілген шарттың сақталуы тіркеуші мемлекеттік органдар мен ұйымдардың деректерін тексеру арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрінің «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары мен нысандарын бекіту туралы» 2023 жылғы 28 ақпандағы №218 бұйрығының 7-тармағы).Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ «Бағалы қағаздардың депозитарийі және тіркеуші жүйесі» ақпараттық жүйесіне сәйкес, борышкерге қаржы құралдары түрінде тіркелген бағалы қағаздары, мысалы, биржалық ноталар.Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 115-бабына сәйкес, қаржы құралдары мүлік ретінде жіктеледі.Жоғарыда аталған жағдай соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тартуға өсеуне әкелді, өйткені Заңның 5-бабаның талаптарына сәйкес, соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудың міндетті шарттарының бірі - ортақ меншіктегі мүлікті қоса алғанда, мүлікке меншік құқығының болмауы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1250508?lang=ru
Салық төлеушілердің назарына 26.05.2026
2026 жылы 2025 жыл үшін 270.00 нысаны бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны мына тұлғалар тапсырады:мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары;заңды тұлғалардың басшылары және олардың резидент-жұбайлары;жарғылық капиталдағы үлестің (акционерлік қоғам акцияларының) 10 пайызынан астамын иеленетін заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың резидент-жұбайлары, коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшыларын (қатысушыларын) қоспағанда;Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңдарына сәйкес банктің ірі қатысушылары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушылары, сондай-ақ олардың резидент-жұбайлары;жеке практикамен айналысатын адамдар;кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістерді қоспағанда, жеке тұлғаның есепті салық кезеңінде дербес салық салынатын кіріс алған, тұлғалар;Қазақстан Республикасынан шегінен тысқары жерде орналасқан шетелдік банктердегі банк шоттарында айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомада ақшасы бар тұлғалар;шетелде мүлкі бар тұлғалар;меншігінде цифрлық активтері бар тұлғалар;есепті салық кезеңінде Қазақстан Республикасында және (немесе) оның шегінен тысқары жерде жиынтық құны 20 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын мүлік (жылжымайтын мүлік; механикалық көлік құралдары мен тіркемелер; заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестері; бағалы қағаздар; туынды қаржы құралдары; тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері; инвестициялық алтын) сатып алған тұлғалар;өзге шегерімдердің алдын ала сомасы түріндегі салықтық шегерімдерді қолдану туралы салық агентіне өтініш берген тұлғалар (01.01.2026 ж. бастап – 2025 жылғы өтініштер бойынша).Декларацияны тапсыру мерзімі – 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін.Декларацияны электрондық форматта «Салық төлеушінің кабинеті ИСНА», «Электрондық үкімет» веб-порталдары, «e-salyqAzamat», Halyk, Bank CenterCredit, Kaspi мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады.Сонымен қатар, азаматтар декларацияны қағаз түрінде пошта арқылы, ХҚКО арқылы немесе мемлекеттік кірістер басқармасында тікелей тапсыруға құқылы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1228096?lang=ru
Банкроттықтың соттан тыс рәсімі бойынша банкроттың қаржылық жай-күйінің мониторингі 26.05.2026
«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 2-тармағына сәйкес борышкер банкрот деп танылғаннан кейін үш жыл бойы уәкілетті орган банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізеді.Банкроттың қаржылық жағдайына мониторингті кредиторлар да жүргізуге құқылы.Банкроттың мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікті, оның ішінде ортақ бірлескен мүлікті сатып алу фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті орган кредиторларға банкроттың қаржылық жағдайына мониторингтің нәтижелерін жібереді.Кредиторлар уәкілетті органнан ақпаратты алған кезде сотқа борышкерді банкрот деп танудың күшін жою және Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне сәйкес банкроттық рәсімін қайта бастау туралы жүгінуге құқылы.Банкроттың қаржылық жағдайын бақылау тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 10 наурыздағы №254 «Борышкердің және банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» бұйрығымен (бұдан әрі - Бұйрық) бекітілген.Қаржылық мониторинг нәтижелері бойынша уәкілетті орган соттан тыс банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін банкроттың мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде ортақ бірлескен мүлікті сатып алуы туралы қорытынды (бұдан әрі - Қорытынды) немесе соттан тыс банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін банкроттың мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде ортақ бірлескен мүлікті сатып алу фактісінің болмауы туралы анықтама (бұдан әрі - Анықтама) жасайды.Бұйрықтың 16-тармағына сәйкес, Қорытынды 3 (үш) данада жасалады, бір данасы уәкілетті органның номенклатуралық істерінде сақталады, екіншісі банкротқа, ал үшіншісі кредиторларға жасалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жолданады.Анықтама 1 (бір) данада жасалады және уәкілетті органның номенклатуралық істерінде сақталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1228098?lang=ru
Қаржы басқарушысының төлем қабілеттілігін немесе сот банкроттығын қалпына келтіру рәсімін жүргізу кезіндегі өкілеттіктері 26.05.2026
Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабiлетiн қалпына келтiру және банкроттығы туралы Заң (бұдан әрi - Заң) Қазақстан Республикасы азаматының төлем қабiлетсiздiгi кезiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, төлем қабiлетiн қалпына келтiру рәсiмiн, сондай-ақ соттан тыс және сот банкроттығы рәсiмдерiн қолдану үшiн негiздер, оларды жүргiзудiң тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.Заңның 23-бабына сәйкес уәкілетті орган төлем қабілеттілігін немесе сот банкроттығын қалпына келтіру рәсімін қозғау туралы сот ұйғарымы шыққан күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қаржы басқарушылары қызметінің басталғаны туралы хабарламалары Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілген тұлғалар арасынан қаржы басқарушысын тағайындайды.Қаржы басқарушысы:1) ол тағайындалғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан банкрот, оған тиесілі (тиесілі) мүлік туралы ақпаратты және оған сұрау салу берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей өтеусіз негізде ұсынылуға тиіс растайтын құжаттардың көшірмелерін талап етеді;2) ол тағайындалғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органнан банкроттың банктік шоттарының болуы және нөмірлері туралы ақпаратты сұратады, ол сұрау салу берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өтеусіз негізде берілуге тиіс;3) банкрот алдында берешегі бар адамдар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей осы берешекті сот тәртібімен өндіріп алу туралы талап қоюға;4) осы Заңның 14-бабында көрсетілген мән-жайлар кезінде борышкер жасаған мәмілелерді анықтайды және осындай мәміле анықталған күннен бастап екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде оларды жарамсыз деп тану туралы не мүлікті сот тәртібімен, оның ішінде осындай мәмілені анықтаған кредитордың өтініші бойынша қайтару туралы талап қояды;5) сату жоспарына сәйкес банкроттың мүлкін сатуды жүзеге асырады;6) кредиторлар талаптарының тізілімін жүргізеді;7) борышкердің пайдасына ақша түскеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей кредиторлармен есеп айырысуды жүзеге асырады, сондай-ақ кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігіне сәйкес кредиторлармен есеп айырысуды жүргізеді;8) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде банкроттық рәсімін жүзеге асыру барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпаратты уәкілетті органға ұсынады;9) банкроттық рәсімнің жүзеге асырылу барысы, борышкердің қаржылық жай-күйі туралы кредиторға оның жазбаша сұрау салуы негізінде сұрау салу келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлайды;10) банкроттың және оның кредиторларының мүдделерін қозғайтын сот актісі шығарылған жағдайда, оны алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде осы сот актісіне шағым жасау туралы мәселені қарайды;11) банкроттық рәсімнің аяқталғаны туралы сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оның көшірмесін уәкілетті органға жібереді;12) борышкерді банкрот деп тану туралы сот актісінің күші жойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде борышкерге мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды, сондай-ақ материалдық және өзге де құндылықтарды береді. Кепіл нысанасы болып табылатын мүлік болған жағдайда мұндай мүлікке құқық белгілейтін құжаттар кепіл кредиторына берілуге тиіс;13) қаржы басқарушысы шеттетілген жағдайда ол тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жаңадан тағайындалған қаржы басқарушысына банкроттың мүлкіне, банкроттыққа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарға құқық белгілейтін құжаттарды, сондай-ақ банкроттың банк шоттарының болуы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы қолда бар ақпаратты береді;14) осы Заңға сәйкес өзге де өкілеттіктерді орындайды.Осы Заңмен қаржы басқарушысына жүктелген өкілеттіктерді өзге тұлғаларға беруге болмайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1250528?lang=ru