Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Әскери мерген Ислам Сәтпаев Қазақстанға Азия чемпионатының жеңімпазы атанды 12.02.2026
Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубының әскери қызметшісі, спортшы-нұсқаушы лейтенант Ислам Сәтпаев Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында өтіп жатқан құрлықтық біріншілікте нысана көздеуден Азия чемпионы атанды.Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері 50 метр қашықтықтан кіші калибрлі винтовкамен жатып нысана көздеу сайысында жеңіске жетті.Осы бағдарламада Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Никита Шахторин күміс медаль иеленді. Ал командалық бәсекеде Ислам Сәтпаев, Никита Шахторин және Константин Малиновский үздік нәтиже көрсетіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.Жалпы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы үш алтын, екі күміс медаль жеңіп алып, құрлықтағы ең мықты командалардың бірі екенін тағы бір дәлелдеді.Биылғы додаға құрлықтың 20 елінен 320-дан астам спортшы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасы 47 мергенмен жарысқа түсті.Құрлықтық біріншілік 13 ақпанда аяқталады. Әскери спортшылардың жеңісі Қарулы күштердің отандық спортты дамытудағы және елдің халықаралық беделін нығайтудағы қомақты үлесін тағы бір мәрте айқындайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1160125?lang=kk
Ауыл академиясы» – жыр мен жүректің кеші 12.02.2026
С. Сейфуллин атындағы Жетісу облыстық орталық кітапханасында жетісулық жас ақын, Қазақстан Жазушылар одағының әдеби шеберлік мектебінің түлегі, облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі, республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы Санжар Сұлтанғазының «Ауыл академиясы» атты поэзиялық кеші жоғары деңгейде өтті.Шам жарығымен көмкерілген тыныш әрі сырлы атмосферада ұйымдастырылған бұл әдеби кеш поэзиясүйер қауымға ерекше рухани әсер сыйлады. Кеш барысында ақынның «Апа сен болмасаң...» атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтіп, әдеби орта өкілдері мен зиялы қауым ізгі тілектерін білдірді.Шараға Жетісу облысы әкімінің орынбасары, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Марлен Қапашұлы, Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сұлтанұлы Сүлейменов, Қазақстанның Құрметті жазушысы Нүсіпбай Әбдірахым, жазушы Есболат Айдабосын, ақын Жұматай Оспанұлы, сондай-ақ Алматы қаласынан арнайы келген ақын Қуаныш Жазай қатысып, жас ақынға ақ баталары мен ізгі тілектерін білдірді.Кеш иесі Санжар Сұлтанғазы өз өлеңдерін баяу музыкалық сүйемелдеумен оқып, көрермен жүрегіне жол тапты. Сонымен қатар Жетісулық қаламгерлер қауымы ақын шығармашылығына жоғары бағасын беріп, жүрекжарды лебіздерін білдірді. Поэзиялық кеш барысында ақын жырлары көркем оқылып, «Ақынға сауал» бөлімінде еркін пікір алмасу өрбіді. Әдеби рухты асқақтатқан әсерлі кеш соңында қатысушылар ақыннан қолтаңба алып, естелік суретке түсті. «Ауыл академиясы» – ауылдың аңқылдақ мінезін, ананың мейірімін, туған жердің сағынышын жырға қосқан шынайы кеш ретінде есте қалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1160128?lang=kk
Зейнетақы жинақтарының кесте бойынша төлемдері: қашан және қайда жүгіну керек 12.02.2026
        Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес «БЖЗҚ» АҚ-дан (БЖЗҚ, Қор) белгіленген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері зейнет жасына толған адамдарға (ерлер – 63 жас, әйелдер – 61 жас), сондай-ақ мерзімсіз уақытқа белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.Зейнет жасына жетуіне байланысты зейнетақы жарналарының міндетті түрлері есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен базалық және ынтымақты зейнетақы тағайындау үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) уақытылы жүгінуі қажет. Мұны зейнет жасына дейін 10 күн қалғанда жасауға болады. Зейнетақы төлемдерінің барлық түрлері өтініш берілген күннен бастап жүргізіледі. Егер алушы өтініш берген күні зейнет жасына толып қойған болса, өтініштің және қажетті құжаттардың ХҚКО-ға тіркелген күні өтініш берілген күн болып есептеледі. Ал азамат зейнетақы төлемін алуға зейнет жасына толғанға дейін, ертерек жүгінген болса, зейнет жасына толған күн – өтініш берілген күн болып есептеледі. Өткізіп алған уақыт үшін мемлекеттік бюджеттен, сондай-ақ БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемі тағайындалмайтынын есте ұстаған жөн. Сондай-ақ, бюджеттен зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін де уақытылы жүгіну маңызды, өйткені оларды тағайындау үшін алушы ұсынған құжаттар бойынша еңбек өтілін тексеру қажет. Айта кету керек, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша белсенді қызмет көрсету мақсатында зейнет жасына толған, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, бірақ зейнетақы төлеміне өтініш бермеген тұлғалар бойынша Қор жыл сайын Мемлекеттік корпорациямен бірлесіп осы азаматтардың жасына байланысты тағайындалған зейнетақы төлемдерінің және бюджет есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің болуы тұрғысынан салыстырып тексеруді жүргізеді.  Жыл сайынғы салыстырып тексеру нәтижелері бойынша бюджет қаражаты есебінен тағайындалған зейнетақы төлемдері бар адамдар анықталған жағдайда, БЖЗҚ алушыларға мемлекеттік корпорациямен жасасқан тиісті келісім шеңберінде жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде ХҚКО-ға ұсынған банктік деректемелері бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру проактивті (өтінішсіз) қызметін көрсетеді. Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтары төлемін алу үшін БЖЗҚ бөлімшелеріне не электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, БЖЗҚ сайтындағы (enpf.kz)  немесе мобильді қосымшасындағы жеке кабинет арқылы жүгіну қажет.БЖЗҚ-да мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін көшпелі қызмет көрсетудің ұйымдастырылғанына назар аударамыз. Бұл ретте алдын ала ақыл-кеңес, оның ішінде қызметтерді қашықтан, ешқайда бармай-ақ алу мүмкіндігіне тексеру жүзеге асырылады.ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасы басталғанға дейін – 50 жастан бастап алуға болады. Бұған қоса, ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдері белгіленген мүгедектік тобы мен мерзіміне қарамастан мүгедектігі бар адамдарға да беріледі. Жасы бойынша немесе мүгедектікке байланысты ЕЗЖ есебінен төлемдер алуға өтінішті enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте онлайн-форматта беруге болады. Төлемдерді алу кестесін салымшы дербес белгілейді.Айта кету керек, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады. enpf.kz сайтындағы "Қызметтер – Зейнетақы төлемдері – Кесте бойынша төлемдер" бөлімінде зейнетақы төлемдерінің түріне, құжаттарды беру тәсіліне, оларды ресімдеуге қойылатын талаптарға байланысты құжаттардың тізбесі, өтініш бланкілері және оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгісі орналастырылған."БЖЗҚ" АҚ қауіпсіздік және салымшыларға қатысты алаяқтықтың алдын алу мақсатында төмендегілерді еске салады:Зейнетақы төлемдерін ресімдеу делдалсыз және комиссиясыз жүргізіледі;БЖЗҚ қызмет көрсету кезінде ақы алмайды, барлық төлемдер қатаң түрде заң бойынша жүзеге асырылады;Мемлекеттік органдардың, банктердің, құқық қорғау құрылымдарының, байланыс операторларының және БЖЗҚ қызметкерлері ешқашан телефон, электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы дербес деректерді, банк карталарының деректемелерін, SMS-кодтарды және өзге де құпия ақпаратты сұратпайды;Егер қоңырау шалушылар Сіздің аты – жөніңізді атап, тұрғылықты мекенжайыңызды және жұмыс орныңызды білсе, бұл олардың ресми тұлға екендіктерін білдірмейді. Қажетті деректердің барлығын әртүрлі тәсілдермен алуға болады.БЖЗҚ қатаң ескертеді! Ақпаратты ресми көздерден алыңыздар және тек заң шеңберінде әрекет етіңіздер. Жақындарыңызды, әсіресе қарт туыстарыңызды ақпараттық қауіпсіздік ережелерімен таныстырыңыздар.Сақтық шараларын алдын ала қабылдаңыз, осылайша сіз өзіңіздің жеке деректеріңіздің берік қорғалуын, қауіпсіздігін және құпиялылығын қамтамасыз етесіз. БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1160046?lang=kk
Қазақстан Елшісі ACCCIM-пен сауда-инвестициялық ынтымақтастық перспективаларын талқылады 12.02.2026
Қазақстанның Елшісі Болат Сүгірбаев Малайзияның Қытай сауда-өнеркәсіп палаталары қауымдастығының (ACCCIM) Бас хатшысының орынбасары, Халықаралық сауда және көрмелер комитетінің төрағасы Ир. Тер Леонг Ленгпен кездесті.Кездесу барысында Елші еліміздің бизнес ахуалы мен инвестициялық мүмкіндіктері туралы айтып, ACCCIM өкілдерін Қазақстанда бизнес жүргізу перспективаларымен танысуға шақырды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанға сауда-инвестициялық миссияның сапарын ұйымдастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/1160016?lang=kk
ЕАЭО-да санитарлық шараларды қолдану туралы Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы 299 шешімі 12.02.2026
Санитарлық шаралар халықтың денсаулығын қорғау және өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы реттеудің маңызды бөлігі болып табылады. Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) осы саладағы негізгі құжат Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімі болып табылады. Бұл құжат одақ кеңістігінде тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілдерін қалыптастыра отырып, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шараларды қолдануды реттейді. № 299 шешім ЕАЭО-да санитарлық шараларды іске асыру үшін іргелі негіз болып табылады. Оған мыналар кіреді:Бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптар: санитарлық бақылауға жататын өнімдерге қолданылады.Құрамында Азық-түлік, су, құрылыс материалдары, химиялық заттар және басқа объектілердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар тізімі бар.Сәйкестікті бағалау рәсімдері:Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу тетіктері белгіленді. Өнімнің сапасын бақылау белгіленген стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.Бақылауға жататын өнімдердің тізбесі: Санитарлық нормаларға сәйкестігін растауды талап ететін тауарлардың санаттары анықталды. Азық-түлік, сұлулық өнімдері, балалар өнімдері және медициналық өнімдер кіреді.Қатысушы елдер арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі: Реттеледі санитарлық тәуекелдер туралы ақпарат алмасу. o қауіпті өнімді ЕАЭО аумағына әкелудің алдын алу үшін бірыңғай жағдайлар жасалады. Санитарлық шаралардың мақсаттары мен міндеттері санитарлық шаралар:* Азаматтардың өмірі мен денсаулығын зиянды факторлардан қорғау.* Нарыққа шығатын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.* Жұқпалы аурулардың таралу қаупін азайту.* ЕАЭО-ға қатысушы елдер арасындағы сауда үшін қолайлы жағдайлар жасау. Бұл мақсаттарға реттеу тәсілдерін біріздендіру және сапаны бақылаудың жоғары стандарттарын енгізу арқылы қол жеткізіледі.№ 299 шешім шеңберінде санитарлық шараларды қолдану:* Сауда рәсімдерін оңайлату: бірыңғай санитарлық талаптар ЕАЭО елдері арасында тауарларды өткізу кезінде қосарланған бақылаудан өту қажеттілігін жояды.* Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту: өнімге қойылатын қатаң талаптар денсаулыққа қауіпті азайтады.* Өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру: жоғары стандарттарға сәйкестік Одақтың басқа елдерінің және одан тыс жерлердің нарықтарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Көптеген артықшылықтарға қарамастан, санитарлық шараларды қолдану бірқатар қиындықтарға тап болады:Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімі ЕАЭО-дағы санитарлық реттеу жүйесінің негізгі элементі болып табылады. Оны іске асыру азаматтардың денсаулығын тиімді қорғауға, өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қатысушы елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты ынталандыруға мүмкіндік береді. Осы салада одан әрі табысқа жету үшін санитарлық шараларды ұдайы жетілдіру және Одақ мемлекеттері арасындағы өзара іс-қимылды нығайту қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1159963?lang=kk
Қазақстанда әрекетке қабілетсіз азаматтардың мүлкіне билік етуге рұқсатты қалай алуға болады 12.02.2026
       Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекітті.Жаңа қағидаларға сәйкес, 2024 жылғы 6 желтоқсаннан бастап мемлекеттік қызметті әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар көрсетеді.Қызмет тегін көрсетіледі және оны Мемлекеттік корпорация арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық не қағаз түрінде рәсімдеуге болады.Рұқсат алу үшін өтініш беруші жеке басын куәландыратын құжатты, мүлікке құқықты растайтын құжаттарды, сондай-ақ қамқорлықтағы немесе қорғаншылықтағы адамның табыстары туралы ақпаратты қоса бере отырып, өтініш тапсыруы тиіс. Егер өтінішті үшінші тұлғалар берсе, сенімхат ұсынылуы қажет. Барлық құжаттарды «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық форматта тапсыруға болады.Өтініш тапсырылғаннан кейін қызмет бес жұмыс күні ішінде қаралады. Құжаттар тексерілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде мүлікке билік етуге немесе әлеуметтік төлемдерді алуға рұқсат беру туралы бұйрық шығарылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1159972?lang=kk
Ақмола гарнизонында Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің жауынгерлік дайындығы тексерілді 12.02.2026
Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабеков жұмыс сапарымен Ақмола гарнизонында орналасқан 44813 әскери бөлімінде болды.Сапар барысында ұлттық қауіпсіздік жүйесінің негізгі буындарының бірі саналатын әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшесінің жауынгерлік дайындығына ерекше назар аударылды. Министрдің орынбасары жауынгерлік кезекшіліктің ұйымдастырылуымен, әскери бөлім инфрақұрылымының жай-күйімен және жеке құрамның қызмет өткеру жағдайымен жан-жақты танысты.Сапар аясында бөлімшелердің жауынгерлік дайындығы іс жүзінде тексерілді. Кезекші күштердің еліміздің әуе кеңістігін қорғау кезіндегі іс-қимылдары барынша шынайы жағдайда пысықталды. Жеке құрамның үйлесімділігі мен кәсібилігін атап өткен генерал-майор Асқар Мұстабеков қырағылық, тәртіп және тұрақты дайындық мемлекеттің әуе кеңістігін сенімді қорғаудың негізі екенін атап өтті.Жеке құраммен кездесу барысында әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалу мәселелеріне айрықша көңіл бөлінді. Қорғаныс министрлігінің өкілдері әлеуметтік пакетке енгізілген соңғы өзгерістерді, соның ішінде «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға енгізілген жаңа түзетулерді жан-жақты түсіндірді.– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдау шаралары мен тұрғын үй мәселелерін шешу тетіктері кезең-кезеңмен жетілдірілуде. Бұл жеке құрамның ертеңгі күнге деген сенімін нығайтып, Отанға адал қызмет етуіне жағдай жасайды, – деп атап өтті генерал-майор Асқар Мұстабеков.Жұмыс сапары аясында министрдің орынбасары мерзімді әскери қызметшілермен кездесіп, «Сарбаз 2.0» бағдарламасының мүмкіндіктерін талқылады. Аталған бастама жастардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал етіп, әскери қызметтен кейін білім алу мен кәсіби өсу мүмкіндіктерін кеңейтетіні айтылды.Өткен жылы әскерге шақырылған бірқатар әскери қызметшінің қызметін келісімшарт негізінде жалғастыру туралы шешім қабылдағаны ерекше атап өтілді. Солардың бірі – 20 жастағы кіші сержант Ерасыл Мұратов.– Мен өткен жылдың мамыр айында мерзімді әскери қызметке шақырылдым. Бірнеше айдан кейін келісімшарт бойынша қызметімді жалғастыруға шешім қабылдадым. Қазір бөлімше командирімін және бағыныстыларым үшін жауапкершілікті саналы түрде атқарып келемін, – деді кіші сержант.Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша әскери бөлім қолбасшылығына тәрбие жұмысын одан әрі жетілдіру, жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайын нығайту және елдің әуе шебінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді бұлжытпай орындау туралы нақты тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1159941?lang=kk
📢АҢДАТПА! 12.02.2026
📢АҢДАТПА!📌2026 жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасының Салық кодексін түсіндіру туралы семинары өтеді.⏰ Өту уақыты мен күні:20.02.2026 ж., 10:00-де📍 Өтетін орны: Шымкент қаласы, Нұрсат тұрғын алабы 119, Қаратау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимараты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-shymkent/press/news/details/1159944?lang=kk
Салық есептілігін тапсыру және төлемдер мерзімі 12.02.2026
Салық есептілігін тапсыру және төлемдер мерзімі📌 5 ақпанға дейін 🔹Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жеке табыс салығы 📌 16 ақпанға дейін ұсынылады:🔹101.03 нысанРезиденттің табысынан төлем көзінде ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есеп🔹200.00 нысан Жеке табыс салығы және әлеуметтік салығы бойынша декларация 🔹300.00 нысан Қосылған құн салығы бойынша декларация 🔹400.00, 421.00 нысандар Акциздыі салық декларациясы 2026 жылдың желтоқсанына, құрылымдық бөлімшелер бойынша есеп🔹701.01 нысан Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерге арналған салық есебі🔹710.00 нысанОйын бизнесі салығы бойынша декларация 🔹860.00 нысанЖер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларация🔹870.00 нысанҚоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша декларация🔹880.00 нысанЦифрлық майнинг үшін төлемақы бойынша декларация 🔹910.00 нысанШағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация 🔹913.00 нысан Арнайы бөлшек сауда салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация📌 20 ақпанға дейін ұсынылады:🔹328.00Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш🔹851.00 нысанЖер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдер сомаларының есебі🔹Акциз/құрылымдық бөлімшелер үшін акциз🔹ЕАЭО шеңберінде импортталатын тауарларға жанама салықтар.📌 25 ақпанға дейін төленеді:🔹Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер.🔹Жеке (копоративтік) табыс салығы (910.00, 913.00 нысандар бойынша)🔹Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы 🔹Әлеуметтік салық🔹Қосылған құн салығы 🔹Ойын бизнесі салығы 🔹Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер 🔹Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдері 🔹Жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы 🔹Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем 🔹Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы 🔹Әлеуметтік аударымдар🔹Міндетті зейнетақы жарналары 🔹Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары 🔹Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне аударымдар 🔹Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша міндетті зейнетақы жарналары   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-shymkent/press/news/details/1159935?lang=kk
Берешекті қайта құрылымдау рәсімі 12.02.2026
«Оңалту және банкроттық туралы» ҚР Заңына сәйкес борышкер оңалту немесе банкроттық туралы сот қозғаған істер болмаған жағдайда, уақытша төлем қабілетсіздігі туындаған кезде өз берешегін қайта құрылымдау туралы шешім қабылдауға құқылы. Борышкер уақытша төлем қабілетсіздігі туралы куәландыратын құжаттарды қоса бере отырып, берешекті қайта құрылымдау туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.Борышкерге қатысты берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы сот шешімі шығарылған күннен бастап борышкерге мүлікті иеліктен шығару бойынша қандай да бір мәмілелер жасауға тыйым салынады.Берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде борышкер барлық кредиторлармен берешекті қайта құрылымдау туралы келісім жасасуға міндетті.Берешекті қайта құрылымдау туралы келісімде келісімнің шарттары, борышкердің кредитор (кредиторлар) алдындағы міндеттемелерін орындау тәртібі, тәсілдері мен мерзімдері туралы ережелер қамтылуға тиіс. Берешекті қайта құрылымдау туралы Келісім үш жылдан аспайтын мерзімге жасалады.Берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап мынадай салдыр басталады:Борышкер берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлдарды, айыппұлдарды) есептеу және сыйақы тоқтатылады;Борышкердің шоттары бойынша мемлекеттік органдар қойған барлық шектеулер оларды қойған тиісті органдардың шешім қабылдауынсыз алып тасталады;Төлеу мерзімі берешекті қайта құрылымдау туралы келісім жасасқаннан кейін басталған, моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды есепке алмай, өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін борышкер жауаптылықта болатын азаматтарға төленетін төлемдерді қоспағанда, соттардың бұрын қабылданған шешімдерін, төрелік шешімдерін орындау тоқтатылады;Борышкердің мүлкіне жаңадан тыйым салуға және оның мүлкіне билік етуге өзге де шектеулер қоюға мәмілені жарамсыз деп тану және мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен алуды талап ету туралы борышкерге қойылған талап қоюлар бойынша ғана жол беріледі.ЩҚО бойынша 2024 жылы қайта құрылымдау рәсімінде жалпы берешек сомасы 2,3 млрд. тенгеге 6 кәсіпорын болды, оның ішінде ағымдағы сәтте 5 кәсіпорын бекітілген өтеу кестесіне сәйкес берешекті тұрақты түрде өтейді, 1 кәсіпорын бойынша берешекті өтеу кестесін орындамауға байланысты рәсім тоқтатылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1159905?lang=kk
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер: ЖТС және әлеуметтік салық бойынша маңыздысы 12.02.2026
2026 жылдан бастап Қазақстанда жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша маңызды өзгерістер күшіне енеді. Ең бастысы ⬇️🔹 ЖТС: прогрессивті мөлшерлеме енгізіледіЕнді мөлшерлеме табыс деңгейіне байланысты болады:▪️ 8 500 АЕК-ке дейінгі табыс — 10%▪️ 8 500 АЕК-тен жоғары — 15% (тек асқан бөлігіне)👉 Табыс жоғары болған сайын салық мөлшері де артады. Бұл салық салудың әділ жүйесіне көшу қадамы.🔹 Жеке тұлғаларға арналған салықтық шегерімдерЖеке тұлғалар төмендегі шегерімдерді қолдана алады:✔️ Әлеуметтік төлемдер бойынша шегерімдер (МЗЖ, МӘМС жарналары, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша әлеуметтік аударымдар)✔️ Негізгі шегерім — айына 30 АЕК, бірақ жылына 360 АЕК-тен аспайды✔️ Әлеуметтік санаттарға арналған қосымша шегерімдер:мүгедектігі бар адамдармүгедек балалары бар ата-аналар мен қамқоршыларҰОС және жауынгерлік іс-қимыл ардагерлеріасырап алушылар, қабылдаушы ата-аналар және т.б.❗ Негізгі шегерім тек бір салық агенті арқылы және қызметкердің өтініші негізінде қолданылады.🔹 Әлеуметтік салық: жаңа тәсілдер📍 Салық салу объектісі — жұмыс берушінің қызметкерлер табысы бойынша шығыстары📍 Объектіден МЗЖ, МӘМС жарналары және Салық кодексінде көзделген кейбір табыстар алынып тасталады📊 Әлеуметтік салық мөлшерлемелері:▪️ 6% — жалпы мөлшерлеме (әлеуметтік аударымдарға байланыссыз)▪️ 1,8% — ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өз өнімін қайта өңдеу үшін👤 ЖК және жеке практикамен айналысатын тұлғаларӨзі үшін — 2 АЕКӘр қызметкер үшін — 1 АЕК🌾 Шаруа қожалықтары (ШҚ)Өзі үшін — 0,6 АЕКӘр қызметкер үшін — 0,3 АЕК📎 Өзгерістер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Табыс пен салық жүктемесін жоспарлау кезінде осы нормаларды ескеру маңызды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1159871?lang=kk
Шаруа және фермер қожалықтарына арналған арнайы салық режимін қолдану ерекшеліктері 12.02.2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енді, оған сәйкес ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін ең тиімді режимдердің бірі – арнаулы салық режимі (АСР) сақталды.✅ Кімдер қолдана алады:Меншік немесе жер пайдалану құқығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бар шаруа және фермер қожалықтары.📏 Жер көлеміне шектеулер:Аумақтық аймаққа байланысты –5 000 / 3 500 / 1 500 / 500 гектарға дейін.Егер жер учаскелері әртүрлі аймақтарда орналасса – ең жоғары лимит қолданылады.🌱 АСР қолданылатын қызмет түрлері:ауыл шаруашылығы өнімін өндіруөз өнімін өткізуөз өндірген өнімді қайта өңдеу және сату🚫 Акцизделетін тауарларға қолданылмайды.💸 Салықтар мен төлемдер:🔹 ЖТС (жеке табыс салығы) – табыстың 0,5%🔹 жер, мүлік, көлік және әлеуметтік салықтардан босату🔹 ҚҚС-тан босату (импорт пен резидент еместер үшін ҚҚС-тан басқа)🔹 қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлем жоқ🗓 Есептілік:Декларация жылына 1 рет – 31 наурызға дейін.📌 2026 жылы АСР фермерлер мен ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдаудың тиімді әрі қолайлы құралы болып қала береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1159850?lang=kk
2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы 12.02.2026
Қазақстан Республикасы Конституцияның 44-бабының 10) тармақшасына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:1. 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізілсін. 2. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы: «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал қойылып, республикалық референдумға шығарылсын.   3. Осы Жарлық пен Конституцияның жобасы 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялансын.4. Республикалық референдумға дайындық пен оны өткiзу Референдумның орталық комиссиясының қызметiн атқаратын Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелсiн. 5. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен, Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын.6. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының                Президенті                                                                 Қ.Тоқаев Астана, Ақорда, 2026 жылғы 11 ақпан                   № 1170Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-urzhar/press/news/details/1159822?lang=kk
Қостанай облысында жеті ірі инвестициялық жоба жүзеге асты 12.02.2026
Қостанай облысы әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны бойынша республикадағы жетекші өңірлердің бірі ретінде оң динамиканы сақтап келеді. Мемлекет басшысы алға қойған жыл сайынғы экономикалық өсімді кемінде 6 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету міндетін Тобыл өңірі 8 пайыздық нәтижемен орындап, жоспарлы көрсеткіштен жоғары межеге қол жеткізді.Соңғы үш жылда облыс бюджеті 1,5 есеге ұлғайды. Орташа жалақы көлемі де 1,5 есеге өссе, негізгі капиталға салынған инвестициялар 1,6 есеге артты. Осы кезеңде өңірге тартылған шетелдік инвестициялар көлемі 1,5 млрд АҚШ долларына жетті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша да облыс экономикасының өсімі республикалық деңгейден жоғары қалыптасты.Жұмыспен қамту саласында да оң өзгерістер бар. Өткен кезеңде 47 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, 26,4 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар саны 23,7 пайызға қысқарды.Өнеркәсіп саласында өндіріс көлемі 3,5 трлн теңгеге жетті. Өңірде жалпы құны 322 млрд теңгені құрайтын жеті ірі инвестициялық жоба іске асырылды. Солардың ішіндегі ең ауқымдысы – КІА автозауыты. Кәсіпорында кореялық брендтің 13 түрлі моделі құрастырылып, 1500 жаңа жұмыс орны құрылды.2025 жылы тағы екі ірі жоба – жүк көлігі бөлшектерін шығаратын зауыт пен өндірісті желіліктендіру орталығы пайдалануға берілді. Аталған жобалар аясында 650 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.Қазіргі уақытта облыс орталығында «Тобыл» халықаралық көлік-логистика кешенінің құрылысы жүргізілуде. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 64 млрд теңгені құрайды. Бүгінде оның 6 млрд теңгесі игеріліп, 26 мың шаршы метр жүк тиеу-түсіру алаңы салынды, 2,7 шақырым теміржол желісі төселді. Аталған кешен іске қосылғаннан кейін жүк тасымалы көлемін 20 пайызға арттыруға мүмкіндік береді.Ауыл шаруашылығы саласында да бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Өңірде 7 заманауи өнеркәсіптік сүт-тауар фермасы ашылды. Биыл тағы 5 ферма пайдалануға беріледі. Бұл шаралар сүт өндірісін екі есеге арттыруға ықпал етеді.Сонымен қатар, елдегі ең ірі кондитерлік кәсіпорын – «Кондитерлік астана» фабрикасының құрылысы аяқталуға жақын. Жаңа өндіріс орны өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, экспорттық әлеуетін арттыруға серпін бермек.Қостанай облысында жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобалар өңір экономикасын әртараптандыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1159784?lang=kk
Үздік жауынгерлердің керемет жекпе-жегі! 12.02.2026
Қарағандыда 13-15 ақпан аралығында жекпе-жектен облыстық ашық чемпионат өтеді. Жеңімпаздар белбеуі үшін Алматы, Астана, Қостанай және Павлодардан спортшылар келеді. Турнирдің өтетін орны – «Basket Hall» спорт клубы (Механическая көшесі, 4). Біздікілерге жанкүйер болуға келіңіз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/1159711?lang=kk
Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері Германия Федералдық Президентімен кездесті 12.02.2026
Берлин, 2026 жылғы 11 ақпан – Германия Федеративтік Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлерін «Орталық Азия – Германия» (С5+1) форматындағы кездесуде қабылдады. Кездесуге Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев қатысты.Кездесу барысында Орталық Азияның тұрақтылық, сындарлы диалог және өсіп келе жатқан халықаралық жауапкершілік өңірі ретіндегі айрықша маңыздылығы аталып өтті. Федералдық Президент Германияның өзара құрмет, сенім және ұзақ мерзімді өзара іс-қимыл қағидаттарына негізделген Орталық Азия елдерімен серіктестікті дамытуға дәйекті назар аударғанын ерекше айтты.Өңір елдерінің сыртқы істер министрлері «С5+1» форматын Германия мен аймақ мемлекеттері арасындағы жүйелі диалогты қалыптастыруға ықпал ететін маңызды саяси алаң ретінде жоғары бағалады. Бұл формат өңірлік мәселелерді кешенді түрде, Орталық Азия елдерінің ортақ мүдделері мен басымдықтарын ескере отырып қарастыруға мүмкіндік беретіні аталып өтті.Өз сөзінде Министр Е.Көшербаев Германияның Орталық Азия үшін негізгі еуропалық серіктес әрі өңірдің тұрақты дамуын қолдаушы ел екенін атап өтті. Қазақстанның «С5+1» форматына нақты практикалық мазмұн енгізуге белсенді үлес қосуға дайындығы расталды.Министр Қазақстанның биыл 35 жылдық Тәуелсіздігін атап өтуде екенін, осы жылдар ішінде елдің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып, модернизация мен ауқымды реформалар жолында нық қадам жасағанын, нәтижесінде әлемдегі 50 ірі экономика қатарына енгенін жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан саяси модернизацияның жаңа кезеңіне қадам басып отыр.«Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде өзінің рөлін тұрақты түрде күшейтіп келеді. Германиямен ұзақ мерзімді және көпқырлы ынтымақтастықтың тұрақты дамуын қуана бағалаймыз. Сонымен қатар Казахстан сыртқы экономикалық байланыстарды әртараптандыру, экономикалық өсудің жаңа нүктелерін қалыптастыру және экономиканың негізгі салаларында – энергетикада, өнеркәсіпте, мобильділікте, цифрландыруда – «жасылға» көшу үдерісін ілгерілету бағытында еліңіз үшін жетекші серіктес болуға барлық алғышарттарға ие», – деді Е.Көшербаев.Сонымен қатар Министр 11 ақпанның символдық мәніне тоқталды. Дәл осы күні, 34 жыл бұрын Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар орнатылған.Берлин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы желтоқсанда сайланғаннан кейін барған алғашқы еуропалық астанасы болғанына назар аудара отырып, Е.Көшербаев Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге Мемлекет басшысының жолдауын табыс етті.Кездесу барысында тараптар экономикалық және инвестициялық, энергетикалық және табиғи ресурстар, өнеркәсіп және технология, транспорттық және логистикалық инфрақұрылымды дамыту, климат және қоршаған орта мәселелері, сондай-ақ адам капиталын дамыту, білім беру және ғылыми алмасу бағыттарындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.Арнайы назар өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздік, сондай-ақ Орталық Азияның Еуропа мен Азия арасындағы маңызды байланыстырушы рөлі мәселелеріне аударылды. Кездесуге қатысушылар көпжақты диалог пен өзара әрекеттің геосаяси күрделі жағдайда маңыздылығын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Германия мен Орталық Азия елдері арасындағы серіктестікті одан әрі нығайтуға өзара мүдделілік білдіріп, «Орталық Азия-Германия» форматында жоғары деңгейлі тұрақты диалогты жалғастыруға дайын екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/press/news/details/1160679?lang=kk
Белградта халықаралық қауіпсіздік мәселелері саласындағы ынтымақтастық талқыланды 12.02.2026
Белград, 2026 жылғы 11 ақпан – Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов Сербия Сыртқы істер министрінің халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік ететін көмекшісі Милош Йончичпен кездесу өткізді.Тараптар екі ел арасындағы саяси байланыстардың белсенді серпінін және жаһандық қауіпсіздікті қолдауға бағытталған дипломатиялық бастамаларға өзара қолдауды атап өтті.Сондай-ақ, тараптар Қазақстан мен Сербия арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, өзара іс-қимылдың кең ауқымы бойынша екіжақты жобалардың белсенді ілгерілеуіне қанағаттанушылық білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты деңгейде тығыз диалог пен консультацияларды жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1159724?lang=kk
Қазақстан мен Германия CІМ басшылары Берлинде кездесу өткізді 12.02.2026
Берлин, 2026 жылғы 11 ақпан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың Берлинге сапары аясында Германия Федеративтік Республикасының Сыртқы істер министрі Йоханн Вадефулмен кездесу өтті.Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан-Германия қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейілділігін растады. Саяси диалогты кеңейтуге, экономикалық салалардағы өзара іс-қимылды дамытуға, сондай-ақ тұрақты даму бағытындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.«Германия – Қазақстанның Еуропада ғана емес, жаһандық деңгейдегі де негізгі серіктесі. Сонымен қатар қазіргі геосаяси жағдайларда Қазақстан өзара тиімді дипломатияны ілгерілете отырып, халықаралық қатынастар жүйесінде барған сайын белсенді рөл атқаруда. Еліміз сенімді әрі жауапты актор, Орта держава ретінде өңірлік және халықаралық негізгі мәселелер бойынша теңгерімді ұстанымда. БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы көпжақты күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша неміс тарапымен жұмыс істеуге дайынбыз», – деді келіссөздер барысында Е.Көшербаев.Й.Вадефуль Германия үшін Қазақстан Орталық Азиядағы экономикалық, саяси және стратегиялық тұрғыдан тірек ел екенін атап өтті.Сондай-ақ тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты, көпжақты алаңдарда күш-жігерді үйлестіруге мүдделілігін растады.Министрлер саяси алмасуды одан әрі нығайтуға, тұрақты байланыстарды қолдауға және ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделілік білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Астана мен Берлин арасындағы екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты нығайтуға уағдаластыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/press/news/details/1160682?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі «Орталық Азия – Германия» форматындағы кездесуге қатысты 12.02.2026
Берлин, 2026 жылғы 11 ақпан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев «Орталық Азия – Германия» (С5+1) форматындағы сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысты.«Орталық Азия әлемдік экономиканың жаңа өсу нүктесіне айналды. Оның халықаралық субъектілігі мен жаһандық үдерістердегі рөлі артып келеді. «Орталық Азия – Германия» форматын ортақ сын-қатерлерге бірлескен жауаптар әзірлеу және бүкіл өңірдің игілігіне бағытталған нақты жобаларды іске асыру үшін стратегиялық платформа ретінде қарастырамыз», – деді Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы өз сөзінде.Е.Көшербаев Орталық Азия елдерінің экономикалары бірін-бірі толықтыратынын, алказах олардың жиынтық ресурстық әлеуеті Германияның озық технологияларымен ұштасқанда өзара тиімді серіктестік үшін қуатты негіз қалыптастыратынын атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан үшін энергетика және табиғи ресурстарды игеру салаларындағы экономикалық өзара іс-қимыл мен өзара байланыстылық ерекше маңызға ие екені айтылды.Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы өз сөзінде Германиямен сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге, герман инвестицияларын тартуға және өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға мүдделілікті растады. Германияның жетекші технологиялық серіктес әрі маңызды инвестор ретіндегі рөлі, сондай-ақ энергетика саласындағы, оның ішінде энергия ресурстарын жеткізу, «жасыл» энергетиканы дамыту және декарбонизация жобалары бойынша ынтымақтастықтың перспективалары ерекше аталып өтті.ҚР СІМ басшысы Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы негізгі транзиттік торап ретіндегі артықшылықтарына назар аударып, орнықты көлік-логистикалық дәліздерді, оның ішінде Орта дәлізді дамыту мәселелері бойынша Германиямен ынтымақтастықты тереңдетуге қызығушылық білдірді.Сонымен қатар кездесу барысында Орталық Азияның стратегиялық тұрақтылық өңірі екені аталып өтті. Қазақстан үшін өңірлік ынтымақтастықты нығайту – сыртқы саясаттың басымдығы, ал Германиямен өзара іс-қимыл – орнықты дамуды қамтамасыз ету, су ресурстарын басқару және трансшекаралық тәуекелдердің алдын алу тұрғысынан маңызды бағыт.Қазақстан климаттық күн тәртібіне бейілділігін растап, қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруіне бейімделу, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және экологиялық таза технологияларды енгізу салаларында Германиямен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілік білдірді.Гуманитарлық өлшемді дамытуға, оның ішінде білім беру, ғылым, кадрларды кәсіптік даярлау және академиялық алмасуларға ерекше назар аударылды.Пленарлық кездесудің қорытындысы бойынша қатысушылар «Орталық Азия – Германия» форматын нақты бастамалармен және практикалық жобалармен одан әрі толықтыруға мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/press/news/details/1160686?lang=kk
Мексика Бас конгресінің депутаттарына Қазақстандағы конституциялық реформалар таныстырылды 12.02.2026
Мехико, 2026 жылғы 10 ақпан – «Қазақстан – Мексика» парламенттік достық топтарының 2025 жылғы қарашадағы алғашқы онлайн-кездесуінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Мексикадағы Елшісі Алмұрат Тұрғанбековтің мексикалық достық тобының төрайымы, депутат Марибель Мартинес Руиспен жұмыс кездесуі өтті.Келіссөздер барысында қазақ-мексика ынтымақтастығының қазіргі деңгейі талқыланып, 2026 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары келісілді. Сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға, саяси және мәдени диалогты дамытуға, сондай-ақ парламентаралық өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аударылды.Өз кезегінде М.Мартинес Руис 2025 жылы екі елдің парламенттерінде «Қазақстан – Мексика» достық топтарының құрылуы екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін беретініне сенім білдірді.А.Тұрғанбеков Қазақстан мен Мексика арасындағы қатынастардың бірізді дамуын атап өтіп, бірлескен бастамаларды ілгерілетудің тиімді құралы ретінде парламентаралық байланыстарды жандандырудың маңыздылығын атап өтті.Сонымен қатар, Елші Қазақстандағы конституциялық реформаның қазіргі барысы мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға, институттарды нығайтуға және орнықты экономиканы қалыптастыруға бағытталған саясаты туралы жеке ақпарат берді.Бұдан бөлек, мексикалық тарапқа Қазақстанның цифрландыру және жасанды интеллектті дамыту саласындағы стратегиясы таныстырылды. Елшінің айтуынша, 2026 жыл елде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланып, оның негізгі басымдықтары еңбек өнімділігін арттыру, экспортқа бағдарланған салаларды қалыптастыру және Қазақстанды цифрлық экономиканың жаһандық тізбектеріне интеграциялау кезеңі болмақ.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы іс-қимыл жоспары жөнінде практикалық ұсынымдар әзірлеуге және тұрақты байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-mexico/press/news/details/1159740?lang=kk