Жаңалықтар
Шымкентте халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жобалар жүзеге асырылуда 31.12.2025
Шымкентте халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жобалар жүзеге асырылуда Шымкент тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды үнемі жүзеге асыруда. Жаңа жыл қарсаңында бірқатар маңызды нысандар пайдалануға берілді. Тұрғын үй аудандарын кезең-кезеңімен газдандыру аясында Алтынтөбе мен Тассай табиғи газ желісіне қосылды. Алтынтөбеде 12 км-ден астам газ құбыры төселіп, 343 тұрғын үй газбен қамтамасыз етілді. Тассай шағын ауданында газ желілерінің жалпы ұзындығы 68 км-ден асып, 3341 үй шаруашылығына жетті. Жоба 2022 және 2025 жылдар аралығында үш кезеңде жүзеге асырылды. Табиғи газға қосылу жылу шығындарын азайтуға, қоршаған ортаны жақсартуға және өмір сүру жайлылығын арттыруға көмектеседі. Сонымен қатар, Бозарық шағын ауданындағы 203 отбасы жаңа пәтерлердің кілттерін алды. Тұрғын үй кезекте тұрғандарға «Отбасы банкі» АҚ арқылы «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдік бағдарламалары бойынша берілді. Жаңа тұрғындардың арасында әлеуметтік жағынан осал топтар мен мемлекеттік қызметкерлер бар. Мемлекеттік тұрғын үй саясаты аясында Бозарық шағын ауданында 444 пәтерлі 12 көпқабатты үй салынып жатыр, бөлу кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бұл жобаларды іске асыру Шымкенттің жайлы қалалық ортасын құруға және әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етеді.
Шымкентте тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жобалар іске асырылуда 31.12.2025
Шымкентте тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жобалар іске асырылудаШымкент қаласында тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Жаңа жыл қарсаңында бірқатар маңызды нысандар пайдалануға берілді.Қалада тұрғын алаптарды газдандыру жұмыстары жалғасып, Алтынтөбе және Тассай тұрғын алаптарына табиғи газ қосылды. Алтынтөбе алабында ұзындығы 12 шақырымнан асатын газ желісі тартылып, 343 тұрғын үй газбен қамтылды. Тассай шағынауданында газ құбырының жалпы ұзындығы 68 шақырымнан асып, 3 341 тұрғын үй көгілдір отынға қол жеткізді. Жоба 2022–2025 жылдары аралығында үш кезеңмен іске асырылды.Табиғи газға қосылу тұрғындардың жылу шығындарын азайтып, экологиялық қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, Бозарық шағынауданында 203 отбасы жаңа пәтер кілтін алды. Баспана «Отбасы банк» АҚ арқылы «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген бағдарламалары аясында баспана кезегінде тұрған азаматтарға берілді.Айта кетейік, Бозарық шағынауданында мемлекеттік тұрғын үй саясаты шеңберінде 444 пәтерлі 12 көпқабатты тұрғын үй салынуда. Пәтерлер кезең-кезеңімен бөлінетін болады.Аталған жобалар Шымкент қаласында қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастырып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етуде.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы елді Жаңа жылмен ерекше форматта құттықтады 31.12.2025
Жаңа жыл қарсаңында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы елорда төрінде дәлдік, үйлесімге негізделген ерекше мерекелік акция өткізді.Бейнероликте Ұлттық ұланның арнайы техникасы жұмылдырылды. Қызметтік автокөліктер бір сәтте сап түзеп, өткен жылды бейнелейтін 2025 саны түріндегі әсерлі композиция құрды.Кульминациялық кезеңде әсерлі көрініс жаңаша сипат алды. 5 саны біртіндеп 6 санына ауысып, композиция 2026 жылды бейнеледі. Бұл — жаңа жылдың, жаңа мақсаттардың және заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жолындағы қызметтің жалғасын білдіретін айқын нышан.Аталған бастама Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің жоғары ұйымдастырушылық деңгейін, темірдей тәртібін және болашаққа сеніммен қадам басуға дайын екенін көрсетті. Құқықтық тәртіп әскерінің жауынгерлері алдағы жылы да азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғау жолындағы жауапты міндеттерді абыроймен атқара бермек. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1135929?lang=kk
Жаңа жылға дайындық: елордалық ұландықтар өз күштерімен мұз қалашық жасады 31.12.2025
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының елордалық 5573 әскери бөлімінің аумағы жарқыраған, ертегідей әрі ерекше жылы атмосфераға толы нағыз мұз қалашыққа айналды.Ерекше жобаның бастамашылары мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген сарбаздардың өздері. Әскери қызметшілер бөлім қолбасшылығына жеке құрамға мерекелік көңіл күй сыйлайтын жаңа жылдық қалашықты өз күштерімен жасау жөнінде ұсыныс білдірген. Игі бастама қолдау тауып, әрі қарай жұмыс сарбаздардың ынтасы, еңбегі мен бірлігінің арқасында алға басты.Ұландықтардың мұз бен қардан жасалған мүсіндері әр жылдардың белгісін бейнелейді. Композицияда жылан мен жылқы бейнелері — өткен жыл мен келер жылдың символдары ретінде ерекше көзге түседі. Әрбір мүсін ұқыптылықпен, әр бөлігіне мән бере отырып жасалып, авторлардың шығармашылық көзқарасын айқын көрсетті.Сондай-ақ сарбаздар мерекенің басты белгісі — жаңа жылдық шыршаны да өз қолдарымен безендірді. Жарық шамдары, гирляндалар мен түрлі жарқыраған элементтер қалашыққа жылылық пен сиқырлы әсер беріп, бөлім аумағын мерекені күту атмосферасына бөледі.Бұл мұз қалашық әсемдік үшін ғана жасалмаған. Ол бастама мен командирлердің қолдауы, әскери ұжымның ауызбіршілігі болса, қыстың әр күндері де мерекеге айналатынын көрсетті. Қатаң әскери тәртіп аясында да шығармашылыққа, жақсы көңіл-күйге және жаңа жылдық қуанышқа әрқашан орын табылатынын дәлелдеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1135926?lang=kk
«Xinjiang Lihua» Қазақстандағы инвестиция көлемін 600 млн АҚШ долларына дейін ұлғайтады 31.12.2025
Астана, 2025 жылғы 30 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек «Xinjiang Lihua (Group) Co., Ltd.» компаниясының бас директоры Сюй Цземен кездесті.Тараптар Түркістан облысында мақта-тоқыма кластерін құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асырудың қазіргі жағдайын, сондай-ақ оны кеңейту жоспарларын талқылады. Жоба мақта өсіру мен бастапқы қайта өңдеуді, иірімжіп пен тоқыма өнімдерін шығаруды, тамшылатып суару жүйелерін және ілеспе материалдарды өндіруді қамтитын, 10-ға дейін өндіріс нысандарын біріктіретін толық циклді қалыптастыруды көздейді.Бастапқыда жобаның инвестиция көлемі 450 млн АҚШ доллары деңгейінде бағаланған болатын, алайда кездесу барысында өндірістік бағдарламаны кеңейту және қуаттарды ауқымдандыруға байланысты салымдардың жалпы көлемін 600 млн АҚШ долларына дейін ұлғайту ниеті расталды.Қазіргі таңда жоба аясында «TURAN» АЭА аумағында ПВХ құбырларын өндіретін зауыт пайдалануға берілді, иіру кәсіпорнында жабдықтарды монтаждау аяқталуға жақын, мақта тазалау бойынша екі зауыт жұмыс істеп тұр, сондай-ақ тамшылатып суару ленталарын өндіруде жабдықтарды орнату жүргізілуде. Барлық объектілерді толық іске қосу 2026 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған. Кластерді іске асыру 4 мыңнан астам жұмыс орнын құруға және өңірде жергіліктендіру деңгейі жоғары тұрақты индустриялық базаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.Ә.Қуантыров «Xinjiang Lihua» жобасының ұлттық өңдеуші өнеркәсіпті дамыту және «Made in Kazakhstan» брендімен өнімді ілгерілету үшін маңызды екеніне тоқталды. «Біз үшін инвестиция тартумен қатар, ел ішінде жоғары қосылған құны бар толыққанды өндірістік тізбектерді қалыптастыру аса маңызды. Осындай ауқымды жобалар «Made in Kazakhstan» брендімен бәсекеге қабілетті өнім шығаруға негіз қалыптастырады, экспорттық әлеуетті нығайтады және өңірлердің дамуына ықпал етеді. Мемлекет барлық объектілердің уақтылы іске қосылуына мүдделі және инвесторға қажетті қолдау көрсететін болады», – деп мәлімдеді ҚР СІМ басшысының орынбасары.Компанияның жоспарларына пікір білдірген С.Цзе инвестиция көлемінің ұлғаюы инвестордың Қазақстандағы ұзақ мерзімді ниетін көрсететінін атап өтті. Оның айтуынша, компания Қазақстанды экспорттық әлеуеті бар өндірісті дамыту үшін негізгі алаң ретінде қарастыра отырып, жобаны кеңейту және жалпы инвестиция көлемін 600 млн АҚШ долларына дейін арттыру туралы шешім қабылдады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар «Kazakh Invest»-пен салалық мемлекеттік органдардың сүйемелдеуімен өндірістік қуаттарды синхронды түрде іске қосуға және жобаны белгіленген мерзімдерде тиімді іске асыруға бағытталған ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1135896?lang=kk
«Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ-на лицензия беру туралы 31.12.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы орынбасарының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № Б-341 бұйрығына сәйкес «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ-на бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға 2025 жылғы 29 желтоқсандағы №3.1.49 лицензиясы берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1135854?lang=kk
ЭСФ ақпараттық жүйесіне жаңа функцияларды енгізу туралы 31.12.2025
Құрметті есепке алу жүйелерінің әзірлеушілері және салық төлеушілер! Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылдың 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің өзгерістерін іске асыру шеңберінде «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесіне жаңа функциялар енгізіледі.Аталған өзгерістер мыналарды қамтиды:Резидент емес тұлға үшін ЭШФ жазып беруҚазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің нормаларын іске асыру шеңберінде, егер жұмыстар мен қызметтерді резидент емес тұлғадан сатып алу кезінде оларды өткізу орны Қазақстан Республикасының аумағы болып танылса, ҚҚС төлеуші салық төлеуші резидент емес тұлға үшін электрондық шот-фактура жазып беруге міндетті.ҚҚС сомаларын есепке жатқызуФункционал Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің алынған электрондық шот-фактуралар бойынша қосылған құн салығының сомаларын есепке жатқызу тәртібін реттейтін нормаларына сәйкес іске асырылды.ЭШФ ақпараттық жүйесінде ҚҚС-ты есепке жатқызу функционалы енгізілді.Түзетілген, қосымша және кері қайтарылған ЭШФ-ты алушының растауыҚазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің нормаларын іске асыру шеңберінде ЭСФ ақпараттық жүйесінде алушы тарапынан электрондық шот-фактураны растау механизмі енгізілді.ҚҚС төлеуші болып табылатын алушы ЭШФ-ты жазып беруді, сондай-ақ ЭШФ-ты кері қайтаруды растауға немесе қабылдамауға міндетті.Бұл ретте ҚҚС төлеуші болып табылмайтын тұлғалар үшін түзетілген, қосымша және кері қайтарылған ЭШФ-ты 10 күнтізбелік күн ішінде қабылдамаудың қолданыстағы тәртібі сақталады.ЭШФ бланкісіне 9-өрісті қосуҚазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің нормаларын іске асыру шеңберінде ЭШФ бланкісіне өзгерістер енгізіліп, «В. Жеткізушінің деректемелері» бөліміне 9-өріс – «ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылған күні» қосылды.ОЖА, ТІЖ, ЭШ және ЭШФ бланкілеріне ҚҚС-тың 5% және 10% мөлшерлемелерін қосуҚазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің нормаларын іске асыру шеңберінде «ҚҚС мөлшерлемесі» бағаны жаңа мөлшерлемелермен толықтырылды (ТІЖ, ЭШФ, ОЖА және ЭШ бланкілерінде).Аталған процестер туралы толығырақ ақпаратты тиісті сілтеме арқылы алуға болады https://kgd.gov.kz/ru/content/dokumenty-po-esf-1Әзірлеушілерге арналған жинақ (жаңартылған SDK) Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында жүктеуге қолжетімді:https://kgd.gov.kz/ru/content/api-interfeys-elektronnye-scheta-faktury-1Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда esfsd@kgd.minfin.gov.kz электрондық поштасына немесе +7 (7172) 72-51-61 телефон нөмірі арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1135842?lang=kk
ШЫМКЕНТТІҢ ЕКІ ТҰРҒЫН АЛАБЫНА ТАБИҒИ ГАЗ ҚОСЫЛДЫ 31.12.2025
ШЫМКЕНТТІҢ ЕКІ ТҰРҒЫН АЛАБЫНА ТАБИҒИ ГАЗ ҚОСЫЛДЫШымкент қаласында тұрғын алаптарды кезең-кезеңімен газдандыру жұмыстары жалғасуда. Жаңа жыл қарсаңында Алтынтөбе және Тассай екі ірі шағынауданына табиғи газ жүйесі қосылды. Іске қосу рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, тұрғындарды алдағы мерекемен құттықтады, шаңырақтарына жылу мен жайлылық тіледі. Алтынтөбе тұрғын алабына тартылған газ құбырының жалпы ұзындығы 12 шақырымнан асады. Нәтижесінде 343 үй көгілдір отынға қосылу мүмкіндігіне ие болды. Құрылыс-монтаж жұмыстары бір жыл көлемінде жүргізілді. Осы күні қаланың ең ірі әрі қарқынды дамып келе жатқан аудандарының бірі — Тассай шағынауданына да газ қосу рәсімі өтті. Мұндағы газ құбырының ұзындығы 68 шақырымнан асады, жоба аясында 3 341 үй қамтылған. Айта кетейік, Тассай тұрғын алабын газдандыру кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бұған дейін алғашқы екі кезеңде 2 566 абонент табиғи газға қол жеткізсе, үшінші кезеңде тағы 775 үй қосылып отыр. Газдандыру жұмыстары 2022–2025 жылдар аралығында жүргізілді. Алтынтөбе және Тассай тұрғын алаптарына табиғи газ жүйесінің қосылуы қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, жылу шығындарын азайтуға және экологиялық қауіпсіздікті жақсартуға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-energetika-kommunal/press/news/details/1135755?lang=kk
Атамекен ауылдық округі аумағында орналасқан кәсіпкерлік нысан иелеріне түсінік жұмыстары жүргізілді. 31.12.2025
Атамекен ауылдық округі аумағында орналасқан кәсіпкерлік нысан иелеріне тазалық жұмыстарын жүргізу және нысанның сырт келбетін күтіп ұстау бойынша ескерту беріліп міндеттері түсіндірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-atameken/press/news/details/1135757?lang=kk
Атамекен ауылдық округі «Арман» тұрғын үй массивінің орталық жолдарында грейдер жол (ЩПГС) салу жұмыстары толықтай аяқталды. 31.12.2025
Атамекен ауылдық округі «Арман» тұрғын үй массивінің орталық жолдарында грейдер жол (ЩПГС) салу жұмыстары толықтай аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-atameken/press/news/details/1135741?lang=kk
🎄 Бесқарағай ауданында аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті 🎄 31.12.2025
Бесқарағай ауданында балаларға арналған дәстүрлі аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасы ұйымдастырылды. Мерекелік шараға ауданның түкпір-түкпірінен келген балалар қатысып, көтеріңкі көңіл-күй мен ертегі әлеміне бөленді. Шара барысында театрландырылған қойылымдар көрсетіліп, ән-күй мен би орындалды. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ділдар Қалиқанұлы және аудандық білім бөлімінің басшысы Медет Кәдірбекұлы балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, оларға арнайы сыйлықтар табыстадыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1135708?lang=kk
Қарулы күштерде әскери қызметшілердің 47 мыңнан астам баласына жаңа жылдық мереке ұйымдастырылды 31.12.2025
Жаңа жыл қарсаңында еліміздің барлық гарнизондарында мектеп жасына дейінгі және мектеп оқушыларына арналған жаңа жылдық ертеңгіліктер мен театрландырылған қойылымдар өтті.Шымкент қаласындағы № 2 Оқушылар сарайында 36814 әскери бөлімінде қызмет ететін әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдың балаларына арналған, байқаулар мен ойындарға, ертегі кейіпкерлеріне толы мерекелік ертеңгілік ұйымдастырылды. Әскери бөлім қолбасшылығы мен мекеменің шығармашылық ұжымы бірлесіп дайындаған бұл іс-шараға жүзден астам бала қатысты.Жаңа жылдық ертеңгіліктер Ақтауда да өтті. Н. Жантөрин атындағы драма театрында Әскери-теңіз күштері әскери қызметшілерінің балаларына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. 120-дан астам жас көрермен Аяз ата мен Ақшақармен бірге шеңбер жасап билеп, ән салып, өлең оқып, түрлі ойындарға қатысты.Ақтау қаласындағы Қуыршақ театрында теңіз жаяу әскерлері бригадасы әскери қызметшілерінің балалары да жаңа жылдық мерекені тамашалады. Кәсіби актерлер қатысқан театрландырылған қойылым, жарқын декорациялар мен ертегі кейіпкерлері балаларға ұмытылмас әсер сыйлады.«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасының әскери қызметшілері де бүлдіршіндерді қуантудан қалыс қалмады. Олар жеке құрамның балалары үшін аниматорлар қатысқан, интерактивті ойындар мен байқауларға толы ертеңгілік өткізді.Қарағанды гарнизонында да жаңа жылдық көңіл-күй сезілді. Қдаыртасқан дәстүрге сай Нұркен Әбдіров атындағы авиациялық базаның әскери қызметшілері «Әсем» балалар үйінің тәрбиеленушілерін арнайы барып құттықтады. Балалар алдын ала Аяз атаға хат жазып, өз тілектерін білдірген болатын. Ал сиқыршының көмекшілері рөлін иықтарында погондары бар әскери қызметшілер ықыласпен атқарды. Кездесу жылы, шынайы атмосферада өтіп, алғыс ретінде тәрбиеленушілер қонақтарға музыкалық нөмірлер ұсынып, өз таланттарын паш етті.Теміртау қаласында да мерекелік көңіл-күй. 55524 әскери бөлімінің әскери қызметшілері № 8 мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары үшін спектакль ұйымдастырды. Танымал ертегінің желісімен қойылған театрландырылған қойылым залды күлкі мен қошеметке бөлеп, әрбір балаға жаңа жыл мерекесін сезінуге мүмкіндік берді.Балалар мен отбасыларға қамқорлық жасау Қарулы күштер қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала беретінін айта кету керек. Бұл олардың тек мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуші ғана емес, сонымен қатар қоғамның сенімді тірегі ретіндегі рөлін айқындай түседі.Жалпы алғанда, Қарулы күштердегі әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жүргізетін бөлімдер мен қызметтердің үйлесімді еңбегінің арқасында жаңа жылдық іс-шараларға 47 мыңнан астам бала қатысты. Әсіресе көпбалалы және толық емес отбасыларға, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған жанұяларға ерекше назар аударылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1135666?lang=kk
📢 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап «Халық бухгалтері» акциясы басталады 31.12.2025
ҚР ҚМ жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне арналған «Халық бухгалтері» акциясын іске қосады. 🗓 Өткізу мерзімі:2026 жылғы 5 қаңтар – 30 маусым 👥 Кімдерге арналған:Жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне 💬 Қандай көмек көрсетіледі:Келесі мәселелер бойынша түсінікті әрі практикалық кеңестер беріледі: бухгалтерлік есеп; салықтық есептілік; ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу. 📍 Жұмыс форматы:Негізгі формат — қалалар мен облыс орталықтарындағы мемлекеттік кірістер басқармалары базасында офлайн қабылдау. ⏰ Кеңес беру кестесі:▪️ 2026 жылғы қаңтар–ақпан — аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) сағат 10:00–13:00▪️ 2026 жылғы наурыздан бастап — аптасына 2 рет Қабылдау орындары мекенжайы мен жұмыс кестесі көрсетілген «Халық бухгалтері» арнайы тақтайшаларымен белгіленеді. 👨💼 Кеңес берушілер: кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар; бухгалтерлік қауымдастықтардың өкілдері; заңнама нормаларын түсіндіру үшін мемлекеттік кірістер органдарының тәжірибелі қызметкерлері. 🏙 География: Астана, Алматы және Шымкент қалаларында — жеке кеңес беру алаңдары (мүмкіндікке қарай қаланың барлық аудандарында); өңірлерде — аудандық деңгейде, қажет болған жағдайда мамандардың көшпелі қабылдауы ұйымдастырылады. 📞 Қосымша мүмкіндіктер: бейнекеңестер мен телефон арқылы байланыс; ресми ресурстар арқылы онлайн кеңес беру; вебинарлар (онлайн және офлайн); есептілік кезеңдерінде тақырыптық кеңес беру сессиялары. 📘 Сонымен қатар, заңнама нормаларын қарапайым тілмен түсіндіретін және ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу бойынша қадамдық нұсқаулықтары бар буклеттер дайындалады, Call-орталыққа арналған материалдар жаңартылып, SalykBot Telegram-арнасы ақпаратпен толықтырылады. ➡️ «Халық бухгалтері» акциясы — салық төлеушілермен жұмыс істеуде бақылау моделінен сервистік сүйемелдеуге көшу жолындағы алғашқы қадам.Алдағы уақытта құқық бұзушылықтардың алдын алуға және консультациялық қолдаудың сапасын арттыруға бағытталған қосымша шаралар іске асырылатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1135701?lang=kk
Қарулы күштердің әскери бөлімінде «Айқас» атты тазы қызмет етеді 31.12.2025
Ақмола облысындағы 44813 әскери бөлімінде әскери қызметшілермен бірге Айқас есімді көне тазы тұқымынан шыққан ит оқу-жауынгерлік міндеттерді атқарып жүр.Айқасты бөлімге командирдің жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары майор Нұрлыбек Жаманғарин 2020 жылы Қызылорда облысы Арал қаласынан алып келген.– Тазы иті көшпелілердің үйлесімді өмірін бейнелейтін «жеті қазынаның» қатарына жатады. Айқас менімен бірге бесінші жыл қызмет етіп келеді. Біз үшін маңызды жетістік – Ақмола облысында өткен «Алтын қазына» республикалық тазы жарысында жеңіске жетуіміз және Ақтөбе облысындағы «Салбурын» далалық сынағында жүлделі орын алуымыз, – деді майор Н. Жаманғарин.Бес жыл ішінде Айқас бөлімшенің күнделікті өміріне толықтай бейімделді. Оның күн тәртібі нағыз сарбаздікіндей. Таңертең тұру, ас ішу және оқу-жаттығулар ол үшін қалыпты жағдай.Әскери тәртіпке үйренген төрт аяқты «жауынгер» саптық жиындарға да қатысады. Ол плацқа бірінші болып келіп, командирдің бұйрығымен ту тұғырының жанында отырады. Салтанатты рәсімдерде Айқас ел рәміздеріне құрмет білдіріп, Мемлекеттік әнұранның әуеніне өзінше үн қосады.Қызмет барысында Айқас тазы тұқымының ең жақсы қасиеттерін айқын көрсетті. Ол шапшаң, төзімді және тез үйренгіш. Сарбаздармен бірге әуе кеңістігін қорғау міндетін атқаратын әскери бөлім аумағын патрульдеуге шығады. Қырағылығы мен сезімтал есту қабілеті оған күзет міндеттерін тиімді орындауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1135702?lang=kk
Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтары! 31.12.2025
Өткен 2025 жыл күрделі болды, депутаттар қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыру үшін бірқатар маңызды шешімдер қабылдады.Қаланың құрметті азаматтары, соғыс қимылдарының ардагерлері, кәмелетке толмағандар үшін қоғамдық көлікте тегін жол жүру енгізілді. Сондай-ақ, шағын бизнес субъектілері үшін бөлшек салық мөлшерлемесі 4% - дан 2% - ға дейін төмендетілді және басқа да шешімдер қабылданды. Менің ойымша, бұл шаралар 2026 жылы қаладағы өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.Жаңа жыл да әрине, мінсіз болмайды, бірақ ол даму мүмкіндіктерін беретініне, нәтижелі және табысты болатынына сенімдімін.Сізге бұл мерекені жақындарыңыздың ортасында қуанышпен және жылы шыраймен қарсы алуды тілеймін. Жаңа жыл бейбітшілікті сақтап, әр үйге қуаныш әкелсін, өмірде махаббат пен жақсы қарым-қатынас көп болсын!Келе жатқан 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймын, Жаңа жылда ең мейірімді және жақсы тілектер орындалсын!Өскемен қалалық мәслихатыныңтөрағасы А. СветашАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1135644?lang=kk
Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді келе жатқан Жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймын! 31.12.2025
Бұл мереке бізді игі өзгерістерге деген үмітпен, жаңа мүмкіндіктерге деген сеніммен және жарқын болашаққа деген үмітпен біріктіреді. Өтіп бара жатқан жылды шығарып салып, оның қорытындыларын ризашылықпен атап өтіп, алдағы күндерге сеніммен қадам басамыз.Өтіп бара жатқан жыл ауданымыз үшін жүйелі әрі нәтижелі еңбектің кезеңі болды. Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты қызметі қамтамасыз етіліп, ірі инвестициялық жобаларға бастау берілді. Әлеуметтік сала мен инфрақұрылымды дамыту бағытында жоспарлы жұмыстар жалғасын тапты — бұл өзгерістер тұрғындар күнделікті өмірінде нақты сезінетін маңызды салалар.Қол жеткізілген барлық нәтижелер — аудан тұрғындарының, еңбек ұжымдарының, кәсіпкерлер мен түрлі сала мамандарының бірлескен еңбегінің жемісі. Ауданымыздың дамуына қосқан еңбектеріңіз, белсенділіктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз үшін баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін.Қадірлі жерлестер!Келе жатқан Жаңа жыл әр шаңыраққа тыныштық, жылулық пен молшылық әкелсін. Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, тұрақтылық, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс және ертеңгі күнге деген сенім тілеймін. Ең ізгі тілектер орындалып, жаңа мүмкіндіктер ашылып, барлық бастамаларыңыз сәтті жүзеге ассын.Келе жатқан 2026 Жаңа жыл құтты болсын! Аудан әкімі Қ. МыржақыповАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1135620?lang=kk
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы У.Умирзактың Жаңа жылмен құттықтауы. 31.12.2025
Құрметті Әріптестер!Сіздерді Жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін! Жаңа жыл мерекелі, берекелі болып, мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспін!Ізгі ниетпен, У.Е. УмирзаковЖетісу облысы бойынша МКД басшысыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1135595?lang=kk
Такси қызметін жүзеге асыратын азаматтардың назарына! 31.12.2025
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап патент негізіндегі және мобильді қосымшаны пайдалану арқылы қолданылған арнайы салық режимінің күшін жоятыны туралы хабарлайды. Оның орнына жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ қолдануға болатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған жаңа арнайы салық режимі енгізіледі.Өзін - өзі жұмыспен қамтығандарға арналған жаңа режимнің артықшылықтары: салықтық есептілік пен табыс салығы жоқ; тек 4% мөлшерінде әлеуметтік төлемдер төленеді; «E - Salyq Business» мобильді қосымшасы арқылы жұмыс жүргізіледі, бақылау-кассалық машиналарды қолдану талап етілмейді.Бұл ретте режимді қолданудың басталу күні «E - Salyq Business» мобильді қосымшасында түбіртектер қалыптастырылған ай болып табылады. Салықтар мен әлеуметтік төлемдер есепті айдан кейінгі айдың 25-іне дейін төленуі тиіс.Интернет - платформалар арқылы жұмыс істейтін такси жүргізушілері мен басқа да өзін - өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар үшін әлеуметтік төлемдерді платформа операторы ұстап, төлейді.2025 жылы патент негізіндегі немесе арнайы мобильді қосымшаны қолдану арқылы арнайы салық режимін қолданған, сондай-ақ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режимін қолдануды жоспарлаған тұлғалар жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден өз бетінше шығуы қажет.Қосымша ақпаратты Мемлекеттік кірістер комитетінің бірыңғай Байланыс орталығынан келесі телефон нөмірлері арқылы алуға болады: +7 705 956 53 88 8 (7172) 735 515Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1135554?lang=kk
2026 жылғы 1-2 қаңтардағы Қазақстан-Қытай шекарасының жұмыс уақыты 31.12.2025
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Жаңа жыл мерекесіне байланысты 2026 жылғы 1-2 қаңтарда Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Алакөл», «Нұр жолы» автомобиль өткізу пункттерінде және «Қорғас» ШХЫО-да тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын хабарлайды. "Алтынкөл-жол", "Теміржол", "Қорғас ШХЫО" өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1135473?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде 2025 жылды қорытындылады 31.12.2025
Астана, 2025 жылғы 30 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде өткен салтанатты іс-шара барысында сыртқы саяси ведомствоның басшысы Ермек Көшербаев министрліктің биылғы жылғы қызметінің негізгі қорытындыларына тоқталып, 2026 жылға арналған жоспарларды айқындады.СІМ басшысы 2025 жыл стратегиялық серіктестіктерді нығайту, экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, халықаралық қауіпсіздікті арттыру және ел мүдделерін жан-жақты ілгерілету бағытындағы дипломатиялық қызметтің белсенді әрі нәтижелі кезеңі болғанын атап өтті. Ведомствоның жұмысы сыртқы саясаттың негізгі басымдықтары – егемендік пен қауіпсіздікті нығайтуға, шетелдегі ҚР азаматтарын қолдауға және көпжақты форматтар шеңберінде сындарлы ынтымақтастыққа негізделді.Е.Көшербаев 2026 жылға арналған басым міндеттерді де атап өтіп, олардың қатарында экономикалық дипломатияны дамыту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, ведомствоаралық үйлестіруді күшейту және Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларын ілгерілету бар екенін мәлімдеді.Министр СІМ ұжымына келер жылы жаңа кәсіби табыс, амандық пен береке тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1135445?lang=kk