Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Қазақстан мен БАӘ арасындағы сарапшылық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды 13.07.2026
Абу Даби, 2026 жылғы 30 маусым – Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек Әмірліктердің Саяси орталығының негізін қалаушы әрі президенті Ибтисам Әл-Кетбимен кездесу өткізді.Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен БАӘ арасындағы сараптамалық-талдамалық саладағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Екі елдің талдау орталықтары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудың халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша білім алмасу, ортақ ұстанымдарды қалыптастыру және гуманитарлық байланыстарды дамыту үшін маңызды тетік екені атап өтілді.Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты мен Әмірліктердің Саяси орталығы арасында қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру мәселесіне ерекше назар аударылды.Тараптар аталған құжат аясындағы практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, оның ішінде бірлескен зерттеулер жүргізуге, сарапшылық консультациялар ұйымдастыруға, конференциялар өткізуге және мамандар алмасуға қызығушылық білдірді.Кездесу аясында халықаралық және өңірлік күн тәртіптегі өзекті мәселелер, оның ішінде Таяу Шығыстағы геосаяси ахуалдың дамуы жөнінде жан-жақты пікір алмасылды.Р.Жұмабек 2026 жылғы 6 қазанда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXIV отырысы аясында өтетін «Жаһандық тұрақсыздық дәуіріндегі діни құндылықтарға негізделген дипломатия» атты халықаралық дөңгелек үстелге қатысу жөнінде И.Әл-Кетбиге ресми шақыру хатты табыстады.Шақыру үшін алғыс білдірген И.Әл-Кетби алдағы іс-шараға қатысатынын растады және қазақстандық сарапшылық әрі ғылыми-талдамалық институттармен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1250877?lang=ru
701.01 нысаны туралы 13.07.2026
2026 жылы мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу мен төлеу, сондай-ақ 701.01 нысанын ұсыну міндетті есептелген мүлік салығының сомасы 300 АЕК-тен (2026 жылғы АЕК – 4325 теңге болғанда 1 297 500 теңге) асқан жағдайда жеке кәсіпкерлерде (оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатындарды қоспағанда) және заңды тұлғаларда туындайды.Салық төлеушілердің өзге санаттары үшін 2026 жылы мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу мен төлеу, сондай-ақ 701.01 нысанын тапсыру міндеті алып тасталды.Есептік сома салық кезеңінің басындағы бухгалтерлік есепте көрсетілген салық салу объектілерінің баланстық құнын салық мөлшерлемесіне көбейту арқылы айқындалады.2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 512- бабына сәйкес жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу және төлеу тәртібі алып тасталды. Осыған байланысты жер салығы бөлігінде 701.01 салық есептілігі нысанын ұсыну міндеті жойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1250886?lang=ru
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті 13.07.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы Парламент депутаттары, сыртқы саяси ведомство қызметкерлері мен қоғам өкілдерінің, қатысуымен өтті.Отырыс барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Қоғамдық кеңестің қоғам сенімін нығайтудағы және мемлекеттік басқарудың ашық жүйесін дамытудағы маңызды рөлін атап өтті. Сондай-ақ қазақ дипломаты 2025 жылғы министрліктің қызмет қорытындыларын таныстырып, инвестиция тарту, қоғамдық дипломатияны дамыту, консулдық қызметті жетілдіру және халықаралық-құқықтық ынтымақтастық бағыттарындағы нәтижелерге тоқталды.Қазақстан азаматтарын шетелде қорғау мәселесіне ерекше назар аударылды. Таяу Шығыстағы ахуалдың шиеленісуі кезеңінде министрлік пен шетелдегі мекемелердің үйлесімді жұмысының нәтижесінде Израильден, Ираннан, Газа секторынан, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктері мен Қатардан 1913 Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелері елге қайтарылды.Іс-шара барысында Қоғамдық кеңестің төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан Сыртқы істер министрлігі мен Парламенттің халықаралық келісімдерді ратификациялау бағытындағы бірлескен жұмысының нәтижелерін жоғары бағалады. Парламенттің төртінші сессиясы аясында Ұлыбританиямен стратегиялық серіктестік, Қытай Халық Республикасымен инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау, сондай-ақ Тәжікстан Республикасымен одақтастық қатынастарды нығайту туралы заңдарды қоса алғанда, жеті заң қабылданды.Сонымен қатар Алматы қаласында орналасқан Орталық Азия елдері мен Ауғанстанға арналған БҰҰ-ның Өңірлік орталығының қызметін қамтамасыз ететін заңдардың қабылдануы ерекше атап өтілді. Бұл Қазақстанның көпжақты дипломатияның өңірлік орталығы ретіндегі ұстанымын нығайта түседі.Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері Сыртқы істер министрі орынбасарының баяндамасын бірауыздАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/1255164?lang=ru
Қазақстан мен Әзербайжан Сыртқы істер министрлері стратегиялық серіктестікті тереңдету бағытын растады 13.07.2026
Астана, 2026 жылғы 30 маусым – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен телефон арқылы сөйлесті.Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы қатынастардың қарқынды дамуын жоғары бағалап, стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге өзара бейілділігін растады.Тараптар екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі негізгі аспектілерді, оның ішінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) аясындағы ынтымақтастықты және 2026 жылғы қазанда Баку қаласында өтетін АӨСШК Саммитіне дайындық барысын талқылады.Министрлер саяси диалогты кеңейтуге және сауда мен инвестициялар, өнеркәсіптік кооперация, көлік және логистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, сондай-ақ басқа да басым бағыттар бойынша практикалық өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға дайын екендіктерін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1250870?lang=ru
«Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» ММ Ішкі аудит қызметінінің 2025 жылға жоспарлы жұмысын бағалаудың қорытындысы туралы 13.07.2026
«Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» ММ Ішкі аудит қызметі (бұдан әрі - ЖАО ІАҚ) қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Мемлекеттік аудит органдарымен өзара іс-қимыл басқармасымен Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі - ІМАД)  және Маңғыстау облысының полиция Департаменті қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өткізілді.Кеңесте ЖАО ІАҚ жоспарлы бағалау қорытындылары, сондай-ақ аудиторлық іс-шара материалдарына жүргізілген сапа бақылауы мәселелері қарастырылды.Объектілерді сапалы алдын-ала зерделемеу, тиісті көрсеткіштерге қол жеткізу тұрғысынан олардың қызметін талдаудың толық болмауы, сондай-ақ мемлекеттік аудит жүргізудің Стандарттары мен Қағидаларының жекелеген талаптарын сақтамау негізгі проблемалар мен жүйелі кемшіліктер болып табылады.Ішкі аудит қызменінің жұмысын бағалау қорытындысын ескере отырып, Комитетпен аудиторлық қызмет нәтижелілігінің сапасын арттыруға, ақпараттық дерекқорларға қол жеткізуді қамтамасыз етуге, Аудит жөніндегі кеңестердің рөлін күшейтуге, тексеру қамтуларын кеңейтуге, сондай-ақ оларды жүргізудің электрондық форматын пайдалануға бағытталған ұсынымдар әзірленді және берілді.Комитет ІАҚ қызметін үйлестіруді, оның ішінде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетуді жалғастыратын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvga/press/news/details/1250818?lang=ru
«Жеке тұлғалардың банкроттығы» туралы ТОП-5 сұрақ 13.07.2026
«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» ҚР Заңының қолданылу саласы?Жауап: Осы Заң дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген Қазақстан Республикасы азаматының төлемге қабілетсіз болуына байланысты туындайтын қатынастарға қолданылады.Ал, кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыра алмауына байланысты дара кәсіпкерлерде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасынмен реттеледі.Осы Заң азаматтардың банкроттықты қолдану рәсімдерінің қандай түрлерін көздейді?Жауап: Заңға сәйкес азаматтардың банкроттықты қолдану рәсімдерінің үш түрі көзделген:Соттан тыс банкроттық;Сот банкроттығы;Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі.Борышкерге қатысты банкроттық рәсімдеріне кім бастамашылық жасай алады?Жауап: Барлық үш рәсімді тек борышкердің өзі ғана бастамашылық (инициировать) ете алады, яғни несие берушінің борышкерге қатысты аталған рәсімдерді бастамашылық жасауға құқығы жоқ.Азаматтар соттан тыс банкроттықты қандай жағдайда қолдана алады?банктер,микроқаржыұйымдарыжәнеколлекторларалдындағыборыш5,5млн. теңгеден(1600АЕК)аспайтын кезде;банктер,микроқаржыұйымдары,коллекторларалдындағыміндеттемелер бойынша өтініш берілген күні қатарынан 12айішіндеөтеужоқ кезде;тіркелгенмүлік,оныңішіндеортақменшіктегі мүлік жоқ; 4. мерзімі өткен берешектібанкпенреттеужүргізілген кезде;банкроттық7жылбойықолданылмаған кезде.Сонымен қатар, заң жобасында ерекше жағдайлар қарастырылған: - АӘК алушылар 6 ай ішінде;- берешегі бес жылдан артық өтелмейтін азаматтар.Қандай табыс болған жағдайда төлем қабілеттілігін қалпына келтіру сотта қарыздарды төлеуге бөліп-бөліп төлеу мүмкіндігін көздейді (5 жылға дейін)? тұрақты табыс болған жағдайда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1261309?lang=ru
Әскери жоғары оқу орнының 160-тан астам түлегі офицерлік қызметке кіріседі 13.07.2026
Алматы қаласындағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтында жас офицерлердің салтанатты оқу бітіру рәсімі өтті.Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің өкілдері, институт басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрам, Қарулы күштер ардагерлері, сондай-ақ түлектердің ата-аналары мен жақындары қатысты.Жас лейтенанттарды Қарулы күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Асан Жүсіпов құттықтап, оларға Отанға адал қызмет ету, әскери антқа берік болу және Қазақстан армиясының үздік дәстүрлерін жалғастыру міндетін жүктеді.Салтанатты рәсім барысында 163 түлекке алғашқы офицерлік погон табысталды. Олардың ішінде ҰҚШҰ желісі бойынша білім алған үш түлек оқуын аяқтаған соң Қырғыз Республикасының Қарулы күштерінде қызметін жалғастырады.Биылғы жылдан бастап заңнамаға сәйкес, үздік бітірген түлектерге «аға лейтенант» әскери шені беріледі. Бұл атаққа Құрлық әскерлері әскери институтының үш түлегі – Ернар Әшімханов, Нұрдәулет Мұрат және Арман Ұндасынов ие болды. Оларға погондарды Астанада өткен Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шарада Президент табыстады.Шараның көркін 100 домбырашыдан құралған ансамбльдің орындауындағы ұлттық күйлер аша түсті. Ал жас түлектердің офицерлік вальсі салтанатқа ерекше көңіл-күй сыйлады.Алдағы уақытта әскери институт түлектері Қазақстан Қарулы күштерінің бөлімдерінде қызмет атқарып, бөлімшелерді басқарып, жеке құрамды даярлау және жауынгерлік дайындықты жетілдіру ісіне өз үлесін қосады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1250784?lang=ru
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасы жаңартылды: салықтық міндеттемелер - салық органына бармай-ақ 13.07.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «E-Salyq Business» мобильді қосымшасын жаңа Салық кодексіне сәйкес жаңартты. Енді дара кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар барлық негізгі салықтық рәсімдерді қашықтықтан телефон арқылы, кезексіз және артық құжаттарсыз орындай алады.Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін бәрі қарапайым, ДК ретінде тіркелудің және салықтық есептілікті тапсырудың қажеті жоқ. Әрбір алған кірісі бойынша «E-Salyq Business» қосымшасында чек қалыптастыру жеткілікті.Әр айдың қорытындысы бойынша қосымша автоматты түрде кірістер тізілімін қалыптастырып, әлеуметтік төлемдерді есептейді. Төлемдер банктік қосымша арқылы жалпы 4% мөлшерлеме бойынша жүргізіледі (міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) - 1%, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары (МӘМС) - 1%, әлеуметтік аударымдар (ӘА) - 1%, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) - 1%).Дара кәсіпкерлер үшін барлық кезеңдер бір қосымшада. «E-Salyq Business» арқылы:- ДК ретінде тіркелуге;- арнаулы салық режимін таңдауға;- чектерді қалыптастыруға және кірістерді есепке алуға;- 910.00-нысан бойынша салықтық декларацияны тапсыруға болады.Барлық іс-қимыл - мемлекеттік органдарға бармай-ақ.Жаңартудың мақсаты - салықтық міндеттемелерді орындауды оңайлату, қағаз құжат айналымын азайту және мемлекеттік қызметтердің электрондық форматта қолжетімділігін кеңейту.Арнаулы салық режимін қолданудың егжей-тегжейлі шарттары - ҚР Салық кодексінің 16-бөлімінде.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1252889?lang=ru
Smart Data Finance АЖ-салықтық әкімшілендіруді цифрлық трансформациялаудың жаңа кезеңі 13.07.2026
Smart Data Finance (SDF) ақпараттық жүйесі – салықтық және кедендік деректерді шоғырландыруға, өңдеуге және талдауға арналған мемлекеттік кірістер органдарының бірыңғай талдамалық платформасы.Жоба шеңберінде 13 функционалдық кіші жүйе, ішкі және сыртқы ақпараттық жүйелермен 107 интеграциялық өзара іс-қимыл, сондай-ақ мәліметтерді беру бойынша 12 сервис іске асырылды. Аталған сервистерге 36 мемлекеттік орган, екінші деңгейдегі банктер және өзге де ұйымдар қосылған. Өңделетін деректердің жалпы көлемі 2,3 петабайттан асады.Платформаның негізінде мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді шоғырландыруды, өңдеуді, сақтауды және талдауды қамтамасыз ететін Big Data технологиялары қолданылады. Осы деректер негізінде жеке және заңды тұлғалар үшін салық төлеушінің бірыңғай цифрлық бейіні қалыптастырылады. Бұл экономикалық қызмет туралы кешенді ақпарат алуға, салықтық тәуекелдерді басқаруды жетілдіруге және қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Big Data технологияларын пайдалану тәуекелге бағдарланған тәсілді дамытуға ықпал етеді. Бұл ретте бақылау тәуекелі жоғары операцияларға шоғырландырылады. Аталған тәсіл адал салық төлеушілерге түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және салық міндеттемелерін ерікті түрде орындау деңгейін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясатқа сәйкес келеді.Платформаны практикалық қолданудың негізгі бағыттарының бірі ретінде экспорттаушыларға қосылған құн салығын қайтару кезінде цифрлық теңгені пайдалана отырып жүзеге асырылатын «Цифрлық ҚҚС» пилоттық жобасы іске асырылды. Ақпараттық жүйеде пилоттық жобаға қатысушылардың өзара іс-қимылын автоматтандыруды, ҚҚС қайтару мерзімін 10 жұмыс күніне дейін қысқартуды (бұрын – 55 күн), сондай-ақ пилоттық жобаны 2026 жылдың соңына дейін ұзартуды көздейтін заңнамадағы өзгерістерді қолдауды қамтамасыз ететін функционал іске асырылған.Салықтық, кедендік және өзге де мемлекеттік деректерді бірыңғай талдамалық платформада шоғырландыру салықтық тәуекелдерді айқындаудың жаңа тәсілдерін қолдануға мүмкіндік берді. Әртүрлі ақпараттық жүйелердің мәліметтерін салыстыру нәтижесінде бұрын қолжетімсіз болған салық төлеушілер қызметін бағалаудың қосымша талдамалық өлшемшарттары қалыптастырылды. Бұл түсімдерді төмендетіп көрсету және кассалық тәртіпті сақтамау фактілерін анықтауға, салықтық әкімшілендіру шараларын уақтылы қабылдауға және мемлекеттік бюджетке қосымша түсімдердің түсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.Жобаны іске асыру барысында ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Smart Data Finance ақпараттық жүйесі ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі бойынша Мемлекеттік техникалық қызметтің сынақтарынан сәтті өтіп, ақпаратты қорғау жөніндегі белгіленген талаптарға сәйкестігін және пайдалануға дайын екенін растады.Smart Data Finance мемлекеттік кірістер органдарының ведомствоаралық өзара іс-қимылын дамытуды, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды және салықтық әкімшілендіруді одан әрі цифрлық трансформациялауды қамтамасыз ететін заманауи технологиялық негізді қалыптастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1250757?lang=ru
Гаджеттерді әкелудің жаңа тәртібі: декларациялау кезінде IMEI-кодты көрсету міндетті 13.07.2026
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мобильді құрылғыларды Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік шекарасы арқылы өткізу ережелерінің өзгергені туралы хабарлайды.2026 жылғы 19 сәуірден бастап Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының № 34 Шешімімен бекітілген өзгерістер өз күшіне енді. Бұдан былай жеке пайдалану үшін девайстарды әкелетін жеке тұлғалар кедендік құжаттарда олардың бірегей халықаралық идентификаторын тіркеуге міндетті.Азаматтар нені білуі керек?Жолаушылар кедендік декларациясын толтыру кезінде ұялы байланыс құрылғыларына қатысты «Тауардың атауы және оның сипаттамасы» деген бағанда IMEI-код міндетті түрде көрсетілуі тиіс.Бұл талап гаджеттердің келесі санаттарына қолданылады:Смартфондар мен ұялы телефондар;Ұялы байланыс қолдауы бар планшеттер;Жылжымалы байланыс желілерін пайдаланатын және жеке IMEI-коды бар кез келген басқа да құрылғылар.Бірегей кодты көрсету байланыс және кедендік реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техниканы кейіннен сәйкестендіру және тексеру (верификациялау) үшін қажет.Тәуекелдер мен жауапкершілікКедендік декларациялау кезінде толық емес немесе анық емес мәліметтерді ұсыну ЕАЭО мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жауапкершілік шараларына әкеп соғатынына назар аударамыз.Шекарада кідірістерді болдырмау үшін азаматтарға әкелінетін гаджеттің IMEI-кодын (ол қорапта, корпуста немесе құрылғының баптауларында көрсетіледі) алдын ала біліп алу және оның жолаушылар кедендік декларациясына дәл енгізілуін қамтамасыз ету ұсынылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1250736?lang=ru
Ақтөбеде жаңа Салық кодексінің негізгі өзгерістері талқыланды 13.07.2026
        2026 жылғы 30 маусымда Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті сараптамалық қоғамдастықпен бірлесіп Mybuh.kz "халық бухгалтері" ақпараттық-түсіндіру акциясы аясында бизнес өкілдері, бухгалтерлік қоғамдастық және салық төлеушілер үшін ашық семинар өткізді.       Іс-шара Мемлекеттік кірістер органдары мен кәсіпкерлер арасындағы ашық диалогтың кезекті алаңына айналды. Оның негізгі міндеті-салық төлеушілерге салық заңнамасының жаңалықтарын түсінуге көмектесу, жаңа Салық кодексін қолданудың ең өзекті сұрақтарына практикалық түсініктемелер мен жауаптар алу.       Семинар барысында қатысушыларға салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер, салықтық әкімшілендіруді жетілдіру және Мемлекеттік кірістер комитетінің заманауи цифрлық құралдары туралы егжей-тегжейлі айтылды. Электрондық сервистерді дамытуға, салық төлеуші кабинетінің жаңа мүмкіндіктеріне, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне, сондай-ақ салық міндеттемелерін орындауды жеңілдетуге және салық есептілігін автоматтандыруға бағытталған цифрлық шешімдерге ерекше назар аударылды.     Семинардың тәжірибелік бөлігі ашық талқылау форматында өтті, онда қатысушылар кәсіпкерлік қызметті жүргізу барысында туындайтын нақты жағдайлар бойынша сұрақтар қойып, мемлекеттік кірістер органдарының мамандары мен шақырылған сарапшылардан қажетті түсініктемелер алды.      Мұндай іс-шараларды өткізу салық сауаттылығын арттыруға, жаңа Салық кодексінің нормаларын біркелкі түсінуді қалыптастыруға және мемлекет пен бизнес арасындағы сындарлы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1250720?lang=ru
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды 13.07.2026
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы ғылым, шығармашылық және қоғамдық қызмет салаларында жемісті еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ спортта жоғары нәтижелер көрсеткен дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында тағайындалады.Байқау «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы» атты 10 номинация бойынша өтеді.Мемлекеттік сыйлыққа халықаралық және республикалық деңгейдегі байқаулар мен фестивальдердің лауреаттары, спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ аталған салалар мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейінгі азаматтары үміткер бола алады.«Дарын» жастар сыйлығын алуға кандидатураларды орталық, жергiлiктi және өзге де мемлекеттік органдар, қоғамдық бiрлестiктер және Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген басқа да заңды тұлғалар іріктейді. Үміткерлер мынадай құжаттарды қағаз және электронды түрде жіберуі қажет:1) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;2) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алуға арналған тіркеу өтінімі;3) өтінішхат пен сыйлық алуға ізденушінің жетістіктері туралы анықтама;4) марапаттау дипломдарының, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері (болған жағдайда);5) кандидаттың немесе кандидат туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмелері (болған жағдайда);6) банктік шоттың болуы туралы анықтаманың көшірмесі;7) кандидаттың жетістіктерін растайтын материалдар (болған жағдайда).Жеңімпаздарға «Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі. Мемлекеттік сыйлық иегерлері дипломмен, төсбелгімен, сондай-ақ қаржылай сыйлықпен марапатталады.«Дарын» жастар сыйлығы 1992 жылы тағайындалған. Әр жылдары аталған сыйлықты түрлі саладағы 380-дан астам азамат иеленген болатын.Конкурсқа қатысуға құжат 2026 жылғы 17 маусымнан 17 қыркүйек аралығында (қоса алғанда) қабылданады. Құжаттың қағаз нұсқасын мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» ғимаратының 14-кіреберісі. Электронды нұсқа daryn2026kz@gmail.com поштасы арқылы қабылданады.Анықтама телефондары: 8 (7172) 74-05-25, 8 (7172) 74-18-43, (жұмыс күндері, сағ. 9:00-ден 18:30-ға дейін). «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының қағидасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1250698?lang=ru
Францияда қазақстандық жауынгерлердің жерленген орындарын іздестіру жұмыстары жалғастырылды 13.07.2026
Страсбург, Нанси, Мец, 2026 жылғы 28-29 маусым – Франция өңірлеріне жұмыс сапары аясында Қазақстан-Британ техникалық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, Академиялық пальма орденінің кавалері Гульнара Мендикулова Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Францияны азат ету жолында қаза тапқан қазақстандық сарбаздардың тағдыры мен жерленген орындарын анықтауға бағытталған кешенді ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізді.Жұмыс, Страсбург қаласының Оңтүстік зиратында басталып, онда Қазақстан тумалары болуы ықтимал екі кеңестік сарбаз жерленген орындары анықталды.Зерттеудің келесі кезеңі Нанси қаласындағы Мёрт және Мозель департаменттік мұрағаттарында жүргізілді. Профессор Г.Мендикулова Франция аумағында қаза тапқан Қазақ КСР әскерлердің мұрағат қорларын, картотекаларын және жеке істерін зерттеді. Мұрағаттық құжаттарды талдау қазақстандық жауынгерлердің жерленген орындары туралы деректерді нақтылауға, сондай-ақ іздестіру жұмыстарының бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.Жұмыс соңында профессор Г.Мендикулова Мёрт және Мозель департаменттік мұрағаттарының директоры Савье Лоран және мұрағатшы Жюли Денанмен кездесу өткізді. Кездесу барысында Г.Мендикулова зерттеу жұмыстарына көрсеткен қолғабыс пен тарихи құжаттарға қол жеткізу мүмкіндігі үшін француз әріптестеріне алғыс білдірді. Тараптар қазақстандық әскери қызметшілердің тағдырларын анықтау және Францияны азат ету жолында қаза тапқан жауынгерлердің есімін ұлықтау бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделі екендіктерін растады. Зерттеу жұмысы сондай-ақ, Мец қаласындағы (Мозель департаменті) Шамбьер әскери қорымда жалғасты, мұнда кеңестік әскери жерленімдер орналасқан. Атап айтқанда, ү.ж. мамыр айында ҚР Франциядағы Елшісі Г.Арыстанкулова бастаған қазақстандық делегация бұл жерде кеңестік бауырлас зираттарда жерленген қазақстандық жауынгерлерді еске алып, олардың рухына тағзым еткен болатын.Сапар барысында профессор Г.Мендикулова Ле-Петан әскери қорымға барып, Францияның Ардагерлер істері және соғыс құрбандары жөніндегі ұлттық басқармасымен (ONaCVG) ынтымақтастық нәтижесінде қазақстандық азаматтардың жерленген орындары туралы деректерді нақтылау жұмыстарын жалғастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1250688?lang=ru
Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшісі Қытайда өткен турнирде қола жүлдеге ие болды 13.07.2026
Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшісі лейтенант Аян Тұрсын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасында ушу-саньдадан өткен халықаралық турнирде қола жүлдені жеңіп алды. Жарыс Қытай Халық Республикасының Аньлу қаласында өтті.Турнир қорытындысы бойынша лейтенант Аян Тұрсын үшінші орынға ие болып, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Арнайы операциялар күштерінің намысын лайықты қорғап, қазақстандық әскери спортшылардың жоғары дайындық деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.Аян Тұрсын спорттық жолын олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде таэквондомен айналысудан бастады. Кейін аралас жекпе-жекке ауысып, өз мүмкіндігін толықтай жүзеге асыра білді.Лейтенант Аян Тұрсын – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің түлегі. Спорттық мансабы барысында республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізді.Оның жетістіктері қатарында әуесқойлар арасындағы ММА бойынша Қазақстанның VI чемпионатындағы жеңісі, ММА-дан Азия чемпионатының күміс жүлдесі, ушу-саньдадан Қазақстанның екі дүркін чемпионы және татамиден бес дүркін Қазақстан чемпионы атақтары бар. Сонымен қатар, ол таэквондо, ушу және жекпе-жек түрлері бойынша спорт шебері.Он жылдан астам уақытқа созылған спорттық мансабында Аян Тұрсын түрлі деңгейдегі 56 медаль жеңіп алған. Оның ішінде 25 алтын, 16 күміс және 15 қола медаль бар. Бұл жетістіктер – көп жылғы табанды еңбектің, жоғары тәртіптің және спорт пен әскери борышқа деген адалдықтың нәтижесі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1250674?lang=ru
Үкіметаралық комиссияның отырысын өткізуді дайындау 13.07.2026
Қазақстан–Израиль Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының қызметін жандандыру мақсатында ағымдағы жылдың 8 маусымында Комиссияның тең төрағалары – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен Израиль Мемлекеті Қаржы министрлігінің министрі Зеэв Элькиннің онлайн кездесуі өтті.Кездесудің негізгі тақырыбы биыл Израильде, алдын ала қараша айына жоспарланған Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысына дайындық мәселелері болды.Тараптар екіжақты байланыстардың жоғары қарқыны мен мазмұнды сипатын атап өтті. Атап айтқанда, Израиль Сыртқы істер министрі Гидеон Саардың өкілді бизнес-делегациямен бірге Астанаға жасаған жуырдағы сапары, сондай-ақ инновациялар, киберқауіпсіздік және жасанды интеллект салаларындағы жетекші мемлекеттік агенттіктер мен компаниялардың басшыларын бастап келген Израиль Президенті Ицхак Герцогтың сапары ерекше аталып өтті.Екіжақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасын кеңейту, сондай-ақ цифрландыру, киберқауіпсіздік және жасанды интеллект, су ресурстарын басқару, жоғары технологиялық ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және басқа да басым бағыттардағы бірлескен жобалар мен бастамаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Тараптар Үкіметаралық комиссия екіжақты күн тәртібін ілгерілетудің негізгі тетіктерінің бірі болып табылатыны жөнінде ортақ пікірге келді.    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tel-aviv/press/news/details/1250679?lang=ru
Ұлттық ұланда қару-жарақ пен әскери техниканың дайындығы тексерілді 13.07.2026
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери бөлімдерінде қару-жарақ пен әскери техниканы байқау аяқталды. Іс-шара ағымдағы жылға арналған жауынгерлік және жедел дайындық жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.Бірнеше күн бойы мамандар броньды техника мен арнайы автокөліктердің техникалық жай-күйін бағалап, олардың толық жарақталуын, сыртқы жағдайын және қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындауға дайындығын тексерді. Сондай-ақ пайдалану құжаттамасының болуы мен оның талапқа сай жүргізілуіне ерекше назар аударылды.Құқықтық тәртіп әскерлері үшін қару-жарақ пен әскери техниканың техникалық жарамдылығы айрықша маңызға ие. Себебі бұл бөлімшелердің жедел қимылдау қабілетіне, қойылған міндеттердің уақытылы орындалуына және әскери қызметшілердің қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.Техникалық байқау барысында мамандар әрбір техника бірлігінің жай-күйін мұқият зерделеп, оны пайдалану және техникалық қызмет көрсету талаптарының сақталуын жан-жақты тексерді. Мұндай жүйелі бақылау ықтимал кемшіліктерді дер кезінде анықтап, оларды жоюға, сондай-ақ техниканың тұрақты әзірлік деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Тұрақты өткізілетін техникалық тексерулер қару-жарақ пен әскери техниканың сенімді әрі жарамды күйде сақталуына ықпал етіп, жеке құрамның сеніп тапсырылған мүлікке деген жауапкершілігін арттырады және әскери тәртіптің нығаюына негіз болады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1250671?lang=ru
Зейнетақы жинақтарының көлемі одан әрі ұлғаюда:12 айдағы өсім – 4,33 трлн теңге 13.07.2026
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі  2026 жылдың 1 маусымына27,67 трлн теңгеден асты.12 айдағы өсім –4,33 трлн теңге(немесе 18,6%).Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігін көлемі 25,81 трлн теңгеге жеткен міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған қаражат құрайды. 12 айда олар 3,93 трлн теңгеге (немесе 18,0%) өсті.Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары 12 айда 13,3%-ға ұлғайып, 754,69 млрд теңгеге жетті. Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақ көлемі де ұлғайды: 2026 жылғы 1 маусымға оның көлемі10,13 млрд теңгеболып, 12 айда 19,8%өсім көрсетті.Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) да ұлғаюда. Былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 2,6 есеге ұлғайып, 2026 жылдың 1 маусымына 1097,48 млрд теңге болды.ТүсімдерЗейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2026 жылдың алғашқы 5 айында салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 1 487,96 млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 14,4%-ға (немесе 186,95 млрд теңгеге) артық.МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 маусымға дейін 1 143,82млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 6,9%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 63,14 млрд теңге (өсім – 10,3%), ЕЗЖ – 815,51 млн теңге түсті. 12 айдағы ЖМЗЖ есебінен жарналар 280,19 млрд теңгені құрады.     Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына түскен таза инвестициялық кіріс 01.06.2026ж. жағдай бойынша834,86 млрд теңгені құрады. Төлемдер мен аударымдар2026 жылғы қаңтар-мамыр айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 693,53 млрд теңгені құрады. Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 115,37млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 38 890 теңге.   2026 жылдың басынан бері тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 307,75млрд теңге, мұрагерлік бойынша 47,55 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 17,54 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 1,48 млрд теңге, жерлеуге – 3,93 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 199,91 млрд теңге аударылды. ЖЗШ саны2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 18,68 млн бірлік (12 айдағы өсім – 1,09 млн бірлік немесе 6,2%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 маусымында 12,78 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,34 млн - МЗЖ бойынша, 781,88 мыңы - МКЗЖ бойынша, 460,21 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Айта кетейік, МЗЖ есебі жүргізілетін шоттардың жалпы санына (11,34 млн бірлік) елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алу үшін жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарын мұраға ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2016 жылдан бастап зейнетақымен мемлекеттік қамсыздандырылуға толық ауыстырылған әскери қызметшілердің және шоттарына Қазақстан заңнамасына сәйкес жарналар түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттарының шоттары кіреді.БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны -  5,90 млн бірлік. Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1250650?lang=ru
Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақ жанындағы Елшілігі Ватикандағы салтанатты іс-шараларға қатысты 13.07.2026
2026 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақ жанындағы Елшілігі Ватикандағы Әулие Петр Базиликасында Рим қаласының және Рим епархиясының қамқоршылары – қасиетті апостолдар Петр мен Павел мерекесіне орай өткен салтанатты қасиетті құлшылық ету (месса) рәсіміне қатысты.Қасиетті мессаны Рим Папасы XIV Лев басқарды. Рәсім барысында жаңадан тағайындалған митрополит-архиепископтарға паллийлерді табыстаудың дәстүрлі рәсімі өтті.Өз уағызында Рим Папасы XIV Лев бірлік, өзара құрмет, ынтымақтастық, диалог және ортақ игілікке қол жеткізу жауапкершілігі мәселелеріне ерекше назар аударып, қазіргі әлемде бейбітшілік пен келісімді нығайтудың маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vatican/press/news/details/1250643?lang=ru
Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тамим бен Хамад Аль Тани Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Арман Исағалиевті оның елдегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады. 13.07.2026
Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тамим бен Хамад Аль Тани Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Арман Исағалиевті оның елдегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады.Кездесу барысында Әмір екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға қосқан зор үлесі үшін Елші А. Исағалиевке алғыс айтып, оны Қатар Мемлекетінің жоғары марапаттарының бірі – «Әл-Уажба» орденімен марапаттады және алдағы қызметіне табыс тіледі.Өз кезегінде Елші жоғары марапат үшін шынайы ризашылығын білдіріп, Қатар басшылығына миссиясын атқару кезеңінде көрсеткен қолдауы мен қонақжайлылығы үшін алғыс айтты.Тараптар Қазақстан мен Катар арасындағы байланыстардың стратегиялық серіктестік деңгейіне жеткенін қанағаттанушылықпен атап өтіп, өзара тиімді ынтымақтастықты түрлі салаларда одан әрі тереңдетуге бейілділігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1250616?lang=ru
Қазақстан Дүниежүзілік кеден ұйымының Қаржы комитетінің құрамына сайланды 13.07.2026
        2026 жылғы 25 - 27 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің делегациясы Бельгия Корольдігінің Брюссель қаласындағы Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) штаб-пәтерінде өткен Ұйым Кеңесінің 147-ші және 148-ші сессияларына қатысты.       Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Жандос Дүйсембиев басқарды.      Сессиялар барысында ДКҰ-ға мүше мемлекеттер халықаралық кедендік ынтымақтастықты дамыту, кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, кеден қызметтерін цифрлық трансформациялау, заңды халықаралық саудаға жәрдемдесу, жаһандық жеткізу тізбектерінің қауіпсіздігін нығайту, сондай-ақ кедендік құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру мәселелерін қарастырды.      Сессиялар аясында Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Иэн Сондерспен, Ұйым Хатшылығының басшылығымен, сондай-ақ Болгария, Мажарстан, Польша, Түркия, Корея Республикасы, Эстония және Жапония кеден әкімшіліктерінің басшылары мен өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.      Тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, кедендік әкімшілендіру, тәуекелдерді басқару, кадрлар даярлау салаларындағы тәжірибе алмасу мәселелерін, сондай-ақ Дүниежүзілік кеден ұйымы аясындағы бірлескен жобалар мен бастамаларды іске асыруды талқылады.      Қазақстанның ДКҰ Кеңесінің жұмысына қатысуы еліміздің халықаралық кедендік ынтымақтастықты нығайтуға және шетелдік кеден әкімшіліктерімен практикалық өзара іс-қимылды дамытуға деген берік ұстанымының кезекті дәлелі болды.      Сессияның маңызды қорытындыларының бірі - Қазақстан Республикасының 2026 - 2027 қаржы жылына арналған Дүниежүзілік кеден ұйымының Кірістер комитетінің құрамына сайлануы болды. Бұл шешім Еуропа өңірінің «Шығыс» кіші тобына мүше мемлекеттердің Қазақстанға деген жоғары сенімін білдіреді және еліміздің Дүниежүзілік кеден ұйымы қызметіне белсенді қатысуының мойындалғанын көрсетеді.       Қазақстанның Кірістер комитетінің құрамына енуі елімізге Ұйымның бюджеттік саясаты, қаржы ресурстарын бөлу және оның қызмет тетіктерін жетілдіру мәселелерін қарауға тікелей қатысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл Қазақстанның халықаралық кедендік ынтымақтастықты дамытудағы рөлін одан әрі күшейтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1250603?lang=ru