Жаңалықтар
Такси қызметін көрсететін тұлғаларға түсіндіру іс - шарасы 27.11.2025
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жолаушыларды тасымалдау қызметін, сондай-ақ курьерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті екенін хабарлайды.ЖК тіркеу eGov мобильді қосымшасы арқылы немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы жүзеге асырылады.Қосымша хабарлаймыз, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей қызметті жүзеге асыру заңнама талаптарын бұзу болып табылады және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеледі.https://www.instagram.com/p/DRg6u4RDP36/?igsh=cWs2dHhnbXhkM3BnАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1113598?lang=kk
мемлекеттік қызмет әдебі-қоғам сенімі 27.11.2025
Мемлекеттік қызмет – жай ғана жұмыс емес, ол мемлекет пен қоғам тарапынан көрсетілген ерекше сенім. Ол ел мүддесіне адал болуды, Қазақстан халқының тілдері, дәстүрлері мен салттарына құрметпен қарауды талап етеді. Мемлекеттік қызметшілер міндетті: мемлекеттік саясатқа берік болуға; өз қызметін адал, тиімді және кәсіби атқаруға; қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға; жоғары қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі осы қағидаларды бекітеді және адалдық пен кәсібиліктің негізі болып табылады. #МКДҚОСТАНАЙ #ДГДКОСТАНАЙ#Салықтар #Налоги #Кеден #ТаможняАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1113606?lang=kk
үшінші елдерден әкелінген автомобильдерді декларациялау 27.11.2025
Үшінші елдерден әкелінген автокөліктерді декларациялау Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 343-бабының 1-тармағына сәйкес жеке пайдалану үшін әкелінетін көлік құралдары Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік шекарасы арқылы кез келген тәсілмен өткізілген жағдайда кедендік декларациялауға жатады, ЕАЭО мүше мемлекеттерінде тіркелген көлік құралдарын қоспағанда 343-баптың 3-тармағына сәйкес, жеке пайдалану үшін әкелінетін тауарларды, соның ішінде Кодекстің 346-бабына сәйкес кедендік транзит рәсіміне орналастырылатын тауарларды декларациялау жолаушылардың кедендік декларациясын (ЖКД) пайдалану арқылы жүзеге асырылады.Кодекстің 339-бабының 7-тармағына сәйкес , егер жеке тұлғалар ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізетін тауарлар 39-тарауға сәйкес жеке пайдалану тауарларына жатқызылмаса, онда бұл тараудың ережелері қолданылмайды. Мұндай тауарлар Кодекстің басқа тарауларына сәйкес тәртіппен және шарттармен өткізіледі .Осыны ескере отырып, ЕАЭО-ның сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасында 8702, 8703, 8704 21 және 8704 31 тауар позицияларына жатқызылған көлік құралдарын (бұдан әрі – автомобильдер) жеке тұлғалар үшін үшінші елдерден ЕАЭО-ның Қазақстан бөлігіне әкелу кезінде кедендік декларациялау мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:Жеке пайдалану үшін әкелінген жағдайда – жеңілдетілген тәртіппен жолаушылардың кедендік декларациясын (ЖКД) тапсырып және 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешіміне сәйкес қосымша 2-де белгіленген мөлшерлемелер бойынша біріктірілген кедендік төлемді төлеу арқылы жүзеге асырылады;Кәсіпкерлік қызмет үшін әкелінген жағдайда – тауарларға декларация (ТД) тапсырып, ішкі тұтынуға шығару кедендік рәсіміне орналастыру арқылы жүзеге асырылады, мұнда: кедендік декларациялау үшін төлем , салықтар және ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифі бойынша баждар төленеді (ЕЭК Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №80 шешімі) ;немесе Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) төмендетілген мөлшерлемесі бойынша баждар төленеді (ЕЭК Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы №59 шешімі).#Кеден #АвтоИмпорт #КеденРеттеу #ЕАЭО #Қазақстан #АвтокөлікДекларациясы #ИмпортАвто #АвтоКеден #КеденКЗ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1113612?lang=kk
ҚАРАША АЙЫНА САЛЫҚТЫҚ КҮНТІЗБЕ 27.11.2025
2025 Ж. ҚАРАША АЙЫНА САЛЫҚТЫҚ КҮНТІЗБЕ ‼ САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТЕРІ ‼ 7 қараша: 101.03 және 101.04 нысандары – 3-тоқсанға резиденттер мен бейрезиденттердің табыстарынан төлем көзінен ұсталған КТС бойынша есептер; 200.00 нысаны – 3-тоқсанға ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларация; 300.00 нысаны – 3-тоқсанға ҚҚС бойынша декларация; 400.00 және 421.00 нысандары – қыркүйек айына акциз бойынша декларация және құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер бойынша есеп; 570.00 нысаны – 3-тоқсанға экспортқа рента салығы бойынша декларация; 590.00 нысаны – 3-тоқсанға пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларация; 710.00 нысаны – 3-тоқсанға ойын бизнесі салығы бойынша декларация; 880.00 нысаны – 3-тоқсанға цифрлық майнинг үшін төлем бойынша декларация; 913.00 нысаны – 3-тоқсанға бөлшек салықтың АСР бойынша декларация. 20 қараша: 328.00 нысаны – қазан айына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш. ‼ ТӨЛЕМДЕР ‼ 20 қараша: Қазан айына ЕАЭО-да ҚҚC; Қазан айына акциз, ЕАЭО-дан импортталған тауарларды қоса алғанда. 25 қараша: Қараша айына КТС бойынша аванстық төлемдер; Қазан айында төленген табыстардан төлем көзінен ұсталған КТС, ЖТС; Қазан айында төленген табыстардан КТС, ЖТС; Қазан айына арнайы мобильді қосымшаны қолдана отырып АСР қолданатын ЖК табыстарынан ЖТС; 3-тоқсанға бөлшек сауда салығының АСР қолданатын салық төлеушілерге КТС, ЖТС; 3-тоқсанға ҚҚС, экспортқа ренталық салық, пайдалы қазбаларды өндіру салығы, роялти, өндіру бонусы, ойын бизнесіне салық, цифрлық майнинг үшін төлем; Заңды тұлғалардың жер салығы және мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер; Радиожиілік спектрін пайдалану, жер учаскелерін пайдалану, сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастыру үшін ағымдағы төлемдер; Қазан айына бірыңғай төлем, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, МӘМС бойынша жарналар мен аударымдар, МЗЖ, МКЗЖ, ЖБМЗЖ. #МКДКОСТАНАЙ#ДГДКОСТАНАЙ #Салықтар #Налоги #Кеден #Таможня #Салықтық_күнтізбе #Налоговый_календарьАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1113614?lang=kk
Акцизделетін тауарлар экспортын растау 27.11.2025
Акцизделетін тауарлар экспортын растайтын құжаттар мыналар болып табылады:- экспортталатын акцизделетiн тауарларды беруге арналған шарт (келісімшарт);- акцизделетiн тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгiсi бар тауарларға арналған декларация немесе кеден органы растаған оның көшiрмесi.Акцизделетiн тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде магистральдық құбыржолдар жүйесiмен не толық емес мерзiмдiк декларациялау рәсiмiн қолдана отырып әкеткен жағдайда, кедендік декларациялауды жүргiзген кеден органының белгісі бар тауарларға арналған толық декларация экспортты растау болады;- Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы өткiзу пунктiнде орналасқан кеден органының белгiсi бар тауардың iлеспе құжаттарының көшiрмелерi.Акцизделетiн тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде магистральдық құбыржолдар жүйесiмен әкеткен жағдайда тауардың iлеспе құжаттары көшiрмелерiнің орнына тауарларды қабылдап алу-тапсыру актiсi ұсынылады;- салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ашылған Қазақстан Республикасындағы банктік шоттарына акцизделетiн тауарларды өткізуден түсетін түсімнің іс жүзінде түскенін растайтын төлем құжаттары мен банктің үзінді көшiрмесi.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1113626?lang=kk
«Заң және Тәртіп» нарративі аясында халыққа білікті құқықтық көмек көрсету мақсатында азаматтарды қабылдау өткізілді. 27.11.2025
2026 жылғы 18 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті РММ-нің «№4 ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының мемлекеттік сот орындаушысы Исаканова Ж.Б. жеке сот орындаушысы А.Ж. Мұқашевамен бірлесіп, «Заң және Тәртіп» нарративі аясында халыққа білікті құқықтық көмек көрсету мақсатында азаматтарды қабылдау өткізді.Іс-шара барысында азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялар беріліп, заңгерлік көмек көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1164811?lang=kk
Лингвистикадан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі 27.11.2025
2025 жылдың 24 қараша 8-11 сынып оқушыларына арналған лингвистикадан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде Шыңгыс Қалиев Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы 3 орынға иеленді. Жүлделі орынмен құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1113514?lang=kk
Аққайың ауданының Смирнов әлеуметтік қызмет көрсету орталығында халыққа тегін заңгерлік көмек көрсету акциясын өткізілді. 27.11.2025
«Заң және Тәртіп» нарративі аясында 2025 жылғы 26 қарашада нотариус Пыльская Н.В., адвокат Калиева А.М. және мәжбүрлеп орындату жөніндегі ауданаралық аумақтық бөлімнің №2 бөлімінің аға сот орындаушысы Байтеленов М.С. Аққайың ауданының Смирнов әлеуметтік қызмет көрсету орталығында халыққа тегін заңгерлік көмек көрсету акциясын өткізді.Іс-шара барысында азаматтарға өзекті құқықтық мәселелер бойынша кеңестер беріліп, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау тәртібі мен тетіктері түсіндірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1113527?lang=kk
ТОП 5 сұрақ-жауап. 27.11.2025
ТОП 5 сұрақ-жауап.#ҚРҚММКК #КГДМФРК #САЛЫҚТАР #НАЛОГИ #кеден таможняАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1128858?lang=kk
ТОП 5 сұрақ-жауап 27.11.2025
ТОП 5 сұрақ-жауап.#ҚРҚММКК #КГДМФРК #САЛЫҚТАР #НАЛОГИ #кеден #таможня Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1113552?lang=kk
Бухгалтер күні құтты болсын 27.11.2025
Құрметті бухгалтерлер!Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бухгалтер күнімен шын жүректен құттықтайды!Сіздердің еңбектеріңіз – еліміздің экономикасының тұрақтылығы мен ашықтығын қамтамасыз ететін маңызды тірек.Есеп пен тәртіп, нақтылық пен жауапкершілік – сіздердің күнделікті еңбектеріңіздің басты қағидалары.Сіздерге зор денсаулық, кәсіби табыс, мол жетістіктер және жаңа биіктерге жетуді тілейміз!Есеп-қисаптарыңыз әрдайым дәл, табыстарыңыз тұрақты болсын!Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті#БухгалтерКүні #ҚостанайДГД #Мемкірістердепартаменті #Құттықтау #БухгалтерлерАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1113561?lang=kk
«Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті басшысы Е.Е. Рашкалиевпен 2025 жылдың 26 қарашасында Есіл ауданының тұрғындарымен Амангелді ауылының ауылдық әкімдіктің ғимаратында кездесу өткізілді. 27.11.2025
📌Кездесу барысында азаматтардың назарына азаматтарға құқықтық кеңес беруге арналған жасанды интеллект агентін пайдаланып, мүдделі мәселелер бойынша толық заңгерлік кеңес алу туралы ақпарат жеткізілді.▫️Кездесу соңында азаматтардың жеке қабылдауы өткізілді. Жеке қабылдауда азаматтар әділет органдарының қызметіне байланысты сұрақтарға толық жауап алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1113578?lang=kk
БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫНДАҒЫ 30 ЖЫЛ 27.11.2025
🔹Бүгін Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын қорытындылауға арналған «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының форумы өтті.🔹ҚХА Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгеруші Марат Әзілхановтың жетекшілігімен өткен телекөпірде жыл ішінде атқарылған ауқымды жұмыстар мен іске асқан жобалар сараланып, алдағы межелі мақсат-міндеттер айқындалды.🔹Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінде» ұйымдастырылған телекөпірге барлық өңірлер қосылды. Елдің ішкі бірлігін бекемдеу, этносаралық татулықты тұғырынан түсірмеу жолындағы кешенді жобалар мен іске асқан мазмұнды іс-шаралар талқыланған қорытынды форумда ҚХА құрылымдарының жетекшілері сөз сөйледі. Ал атаулы жылы өңірлерде ассамблея жобалары, ассамблея жастары, қайырымдылық, этномедиация сынды түрлі бағыттар бойынша атқарылған жұмыстар баяндалды.🔹Телекөпірге қалалық ішкі саясат басқармасының басшылығы, қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, «Ассамблея жастары» ұйымының белсенділері мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің жауапты қызметкерлері қатысты.Айта кетейік, мерейтойлық жыл аясында Шымкентте қалалық ассамблеяның ұйытқы болуымен 334 мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылды. Қалалық ассамблея жанындағы Этномедиация кеңесінің бастамасымен «Құқық қорғау және татуласу орталығы», Достық үйінен комьюнити орталығы ашылды. Этномұражай жаңғыртудан өтті. 🔹Қайырымдылық бағытта әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған 1400 отбасыға көмек ұсынылды. Түрлі форматта өткізілген іс-шаралар мен жобалар жайлы БАҚ пен әлеуметтік желіде 4 мыңнан астам материал жарияланды.🔹Межеленген жоспарлы жұмысты атқаруға қала әкімдігінің, салалық басқармалар мен аудан әкімдіктерінің, «Қоғамдық келісім» мекемесі мен қалалық этномәдени бірлестіктердің, қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың, жоғары оқу орындары мен колледждердің және БАҚ-тың әлеуеті жұмылдырылды.#ҚХА30жыл #30летАНК #Шымкент #Shymkent
Жекелеген тас өнімдерінің түрлерін әкелуге уақытша тыйым салу туралы 27.11.2025
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің тас өнімдерін әкелуді реттеуге өзгерістер енгізетін 2025 жылғы 25 қарашадағы № 506 бұйрығы қабылданғаны туралы хабарлайды.Құжатқа сәйкес, жекелеген тас өнімдерінің түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына барлық көлік түрлерімен үшінші елдерден үш ай мерзімге әкелуге тыйым салынады.Тыйым салу табиғи тастан жасалған брусчаткаға, бордюр тастарға және төсем тақталарға (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 6801000000), сондай-ақ жылтыратылған, безендірілген немесе өзге де өңдеуден өткен гранитке (нетто-салмағы 10 кг немесе одан да көп) және ескерткіштерге немесе құрылысқа арналған гранитке (коды 6802939000) қолданылады.Аталған тыйым салудың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне жүктелген.Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан жеткізілімдерді жоспарлау кезінде осы өзгерісті ескеруді сұраймыз.Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1113476?lang=kk
СҚО әкімдігі ішкі саясат басқармасының қоғамдық даму бөлімінде «ҚР-дағы Авторлық құқық» атты дәріс өткізілді. 27.11.2025
🗓️Ағымдағы жылдың 25 қарашасында бөлім басшысы М.Томас СҚО әкімдігі ішкі саясат басқармасының қоғамдық даму бөлімінде «ҚР-дағы Авторлық құқық» атты дәріс оқыды. Осы бағыттағы өзгерістер, құқықтарды ұжымдық басқару саласында бірыңғай цифрлық платформаны енгізу мәселелері қозғалды.📌Сондай-ақ, «Заң және Тәртіп» әңгімесі аясында М.Томас дропперлік үшін жауапкершілік және онлайн кеңістікте сатып алу кезінде сақтық туралы еске салды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1113492?lang=kk
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап салық заңнамасындағы өзгерістер бойынша семинарлар өткізу кестесі 27.11.2025
Халық пен бизнес қауымдастығы арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 2025 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының өңірлерінде жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіруге арналған көшпелі семинарлар басталды. Мақсат – 2026 жылдан бастап күшіне енетін салық заңнамасындағы негізгі өзгерістермен қатысушыларды таныстыру, сондай-ақ оларды қолдануға қатысты практикалық ұсынымдар беру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1113447?lang=kk
Қазақстан бизнесі Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге қатысуды күшейтеді 27.11.2025
Астанада "Орталық Азия-орнықты дамуға арналған жаңа Жібек жолы" форумы өткізілді.Іс-шара ұлттық әріптестер мен бизнестің қолдауымен БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігімен бірлесіп, БҰҰ-ның Жаһандық шарты-Орталық Азия желісі ұйымдастырған жоғары деңгейдегі негізгі аймақтық алаңға айналды.Форум өңірдегі инновациялардың, жасыл трансформацияның және инклюзивті өсудің катализаторы ретінде жеке сектордың өсіп келе жатқан рөлін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанның жауапты бизнесін байланыстыратын аймақтық хаб ретінде БҰҰ Жаһандық шарты-Орталық Азия желісін таныстырды.Қазақстандағы бизнес қоғамдастық 2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізудегі негізгі қатысушының біріне айналуда. Осылайша, елде қоршаған ортаға ұқыпты қарау, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқарудың жоғары сапасы (ESG тетігі) қағидаттары бойынша 150-ден астам компания жұмыс істейді.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Шегай Виктория, БҰҰ Қазақстандағы Тұрақты өкілі Раднаарагча Саранго, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Әлеуметтік сала, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің директоры Жанназарова Нұргүл және басқалар құттықтау сөз сөйледі.Виктория Шегай ХЕҰ 26 негізгі конвенциясын және БҰҰ Мүгедектердің құқықтары туралы Факультативтік хаттамасын ратификациялау туралы, 2029 жылға дейінгі еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасын және 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясатты қабылдау туралы хабардар етті. Сондай-ақ Орнықты даму мақсаттары бойынша прогрестің жеделдеуін атап өтті.Жанназарова Нұргүл өз сөзінде мемлекет пен жеке сектордың күш-жігерін біріктіре отырып, ұлттық және жаһандық деңгейде Орнықты даму мақсаттарын іске асыруда нақты және жүйелі нәтижеге қол жеткізуге болатынын атап өтті. Ортақ мақсатқа жету жолындағы бірлескен іс-қимылдар ғана елдің орнықты дамуына серпін береді.Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты үйлестірушісі Раднаарагча Саранго өз сөзінде Қазақстанның ОДМ-ға қол жеткізудегі оң динамикасын, сондай-ақ Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ-ның осы бағытта белсенді ынтымақтастық көрсеткенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1113449?lang=kk
2025 Ж. ҚАРАША АЙЫНА САЛЫҚТЫҚ КҮНТІЗБЕ 27.11.2025
2025 Ж. ҚАРАША АЙЫНА САЛЫҚТЫҚ КҮНТІЗБЕ________________________________________‼️ САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ БОЙЫНША ‼17 қараша-СЕН 400.00 – Акциз бойынша декларация-СЕН 421.00 – Құрылымдық бөлімше бойынша акциз есебі-СЕН 200.00 – Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларация-СЕН 570.00 – Экспортқа салынатын ренталық салық бойынша декларация-СЕН 710.00 – Ойын бизнесіне салынатын салық бойынша декларация-СЕН 860.00 – Беткі су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем бойынша декларация-СЕН 300.00 – Қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша декларация-СЕН 590.00 – Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша декларация-СЕН 870.00 – Қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлем бойынша декларация-СЕН 913.00 – Бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация-СЕН 101.03 – Төлем көзінен ұсталған резидент табысынан корпоративтік табыс салығы бойынша есеп20 қараша-СЕН 328.00 – Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш‼️ ТӨЛЕМДЕР БОЙЫНША ‼️5 қарашаға дейінгі мерзімде-Жеке тәжірибемен айналысатын тұлғаның жеке табыс салығы (ЖТС)20 қараша-Акциз және құрылымдық бөлімше бойынша акциз-ЕАЭО аясында импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар сомасы25 қараша-Төлем көзінен ұсталған жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары-Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер-Сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем-Төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы-Экспортқа салынатын ренталық салық бойынша төлем-Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша төлем-Беткі су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем-Қосылған құн салығы-Цифрлық майнинг үшін төлем-Жер салығы мен мүлік салығы бойынша ағымдағы төлем-Ойын бизнесіне салынатын салық-Бөлшек салық-Мобильді қосымшаны пайдалана отырып арнайы салық режимі бойынша ЖТС және әлеуметтік төлемдер-Қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлемнің ағымдағы төлемі-Шетелдік интернет-компаниялардан түсетін ҚҚС-Еңбекақыдан ұсталатын бірыңғай төлем-ЖБМЗЖ – Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1113430?lang=kk
«Жаңа өмірге жол» акциясы 27.11.2025
«Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында 2025 жылдың 26 қарашасында ҚР ІІМ ҚАЖК-нің РММ «38-мекеме» базасында «Жаңа өмірге жол» атты іс-шара өтті.Сотталғандармен тәрбие және қайта әлеуметтендіру жұмысы шеңберінде ҚР ІІМ ҚАЖК«38-мекеме» РММ-де моральдық және рухани құндылықтарды қолдауға, позитивті ойлауды қалыптастыруға, құқықтық мойынсұнушылық мінез-құлыққа уәждемені арттыруға, сондай-ақ сотталғандарды жазасын өтегеннен кейін қоғамға оралуға дайындауға бағытталған іс-шара ұйымдастырылды.Іс-шараға нотариустар мен сот орындаушылары қатысты. Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1113417?lang=kk
Гонконгта қазақстандық экспортты ілгерілету мәселесі талқыланды 27.11.2025
Гонконг, 2025 жылғы 26 қараша –Қазақстан Республикасының Гонконг АӘА-дағы Бас консулдығы аймақтағы ең ірі және беделді дистрибьюторлық компаниялардың бірі «Uni-China Group»-пен ресми кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты екіжақты сауда байланыстарын нығайту және Қазақстанның азық-түлік экспортын Гонконг нарығына ілгерілету мәселелерін талқылау болды.Кездесу барысында Бас консул Қазақстанның сауда мүмкіндіктеріне арналған презентация ұсынып, экспорт мүмкіндігі жоғары салаларды атап көрсетті. Ауыл шаруашылығы секторына, азық-түлік өнімдеріне, фармацевтикаға, химиялық заттарға және жеңіл өнеркәсіпке ерекше назар аударылды. Қазақстан өнімдерінің жоғары сапасы және қажетті көлемде жеткізу сенімділігі атап өтілді.«Uni-China Group» компаниясының жоғарғы басшылығы Джеймс Линг (Төрағаның орынбасары), Эйприл Хуан (Бас директор) және Иван Тин (Аға менеджер) Қазақстан өнімдерін импорттау мүмкіндігін жоғары бағалады.Қызығушылық тудырған өнімдердің сапасымен танысу және Гонконгқа жеткізу мүмкіндіктерін талқылау мақсатында тараптар үлгілерді сынақтан өткізуге келісті. Бас консулдық Қазақстанның бұл ынтымақтастықты әр кезеңде ілгерілетуге дайын екенін білдірді және Азия-Тынық мұхиты аймағының Қазақстан саудасын дамытудағы стратегиялық маңыздылығын атап өтті.«Uni-China Group» компаниясының орташа жылдық айналымы 6 миллиард АҚШ долларды құрайды. Компания 1000-нан астам сауда нүктелерін басқарады және әлемнің 30 елімен серіктестік орната отырып, нарықтың әртүрлі секторларын қамтиды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hongkong/press/news/details/1113407?lang=kk