Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

«Жаңа өмірге жол» акциясы 27.11.2025
«Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында 2025 жылдың 26 қарашасында ҚР ІІМ ҚАЖК-нің РММ «38-мекеме» базасында «Жаңа өмірге жол» атты іс-шара өтті.Сотталғандармен тәрбие және қайта әлеуметтендіру жұмысы шеңберінде ҚР ІІМ ҚАЖК«38-мекеме» РММ-де моральдық және рухани құндылықтарды қолдауға, позитивті ойлауды қалыптастыруға, құқықтық мойынсұнушылық мінез-құлыққа уәждемені арттыруға, сондай-ақ сотталғандарды жазасын өтегеннен кейін қоғамға оралуға дайындауға бағытталған іс-шара ұйымдастырылды.Іс-шараға нотариустар мен сот орындаушылары қатысты. Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1113417?lang=kk
Гонконгта қазақстандық экспортты ілгерілету мәселесі талқыланды 27.11.2025
Гонконг, 2025 жылғы 26 қараша –Қазақстан Республикасының Гонконг АӘА-дағы Бас консулдығы аймақтағы ең ірі және беделді дистрибьюторлық компаниялардың бірі «Uni-China Group»-пен ресми кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты екіжақты сауда байланыстарын нығайту және Қазақстанның азық-түлік экспортын Гонконг нарығына ілгерілету мәселелерін талқылау болды.Кездесу барысында Бас консул Қазақстанның сауда мүмкіндіктеріне арналған презентация ұсынып, экспорт мүмкіндігі жоғары салаларды атап көрсетті. Ауыл шаруашылығы секторына, азық-түлік өнімдеріне, фармацевтикаға, химиялық заттарға және жеңіл өнеркәсіпке ерекше назар аударылды. Қазақстан өнімдерінің жоғары сапасы және қажетті көлемде жеткізу сенімділігі атап өтілді.«Uni-China Group» компаниясының жоғарғы басшылығы Джеймс Линг (Төрағаның орынбасары), Эйприл Хуан (Бас директор) және Иван Тин (Аға менеджер) Қазақстан өнімдерін импорттау мүмкіндігін жоғары бағалады.Қызығушылық тудырған өнімдердің сапасымен танысу және Гонконгқа жеткізу мүмкіндіктерін талқылау мақсатында тараптар үлгілерді сынақтан өткізуге келісті. Бас консулдық Қазақстанның бұл ынтымақтастықты әр кезеңде ілгерілетуге дайын екенін білдірді және Азия-Тынық мұхиты аймағының Қазақстан саудасын дамытудағы стратегиялық маңыздылығын атап өтті.«Uni-China Group» компаниясының орташа жылдық айналымы 6 миллиард АҚШ долларды құрайды. Компания 1000-нан астам сауда нүктелерін басқарады және әлемнің 30 елімен серіктестік орната отырып, нарықтың әртүрлі секторларын қамтиды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hongkong/press/news/details/1113407?lang=kk
Қазақстанның Елшісі Дания Короліне сенім грамоталарын тапсырды 27.11.2025
Копенгаген, 2025 жылғы 26 қараша – «Christiansborg» сарайында Қазақстан Республикасының Елшісі Олжас Сүлейменовтің Дания Королі Фредерик X-ға сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.Рәсім барысында Қазақстан Елшісі Корольге Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемдері мен ізгі тілектерін жеткізіп, Қазақстанның Даниямен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейілді екенін атап өтті.Рәсімнен кейін өткен сұхбат барысында тараптар Қазақстан-Дания қарым-қатынасының қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. Қазақстан мен Дания арасындағы байланыстардың қарқынды дамып келе жатқаны, өзара сенім мен құрметке негізделгені аталып өтті.Қазақстан Елшісі Фредерик X-ға Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының басымдықтары, соның ішінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы жөнінде ақпарат берді.Сұхбат барысында экология және климат мәселелеріне айрықша назар аударылды. «Жасыл көшу» тақырыптары, сондай-ақ Жоғары Мәртебелінің патронажымен жүзеге асырылатын Данияның ұлттық «State of Green» жобасы талқыланды. Король Қазақстанның экология және тұрақты даму саласындағы саясатына ерекше қызығушылық танытты.Тараптар сондай-ақ Арал және Каспий теңіздерінің экожүйелерін сақтау мәселелері бойынша пікір алмасты, су және климат саласындағы сын-тегеуріндерді шешуде халықаралық ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.Сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ білім беру, ғылыми зерттеулер және климаттық тұрақтылық салаларындағы өзара іс-қимылға ерекше көңіл бөлінді. Екі елдің іскер топтары мен ғылыми орталықтары арасындағы байланыстарды нығайтудың маңызы аталып өтті.Король Фредерик X Қазақстан халқы мен Президентіне өзінің ең ізгі тілектерін жеткізіп, екіжақты қатынастардың оң динамикасын атап өтті және Елшіге табысты дипломатиялық қызмет тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1114342?lang=kk
Қазақстан СІМ-де «Әл-Джазира» телеарнасының өкілімен кездесу өтті 27.11.2025
Астана, 2025 жылғы 26 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Айбек Смадияров «Әл-Джазира» халықаралық телекомпаниясының өкілі Хафез Әл-Ауамен кездесті.Кездесу барысында сұхбаттастар медиа саласындағы өзара іс-қимылдың даму перспективаларын талқылады. Халықаралық ақпарат кеңістігін қалыптастыруда маңызды орын алатын шетелдік хабар тарату құрылымдарымен ынтымақтастықтың маңыздылығы аталып өтті.А.Смадияров Қазақстанның «Әл-Джазирамен» ықпалдастықты кеңейтуге ашық екенін жеткізіп, жаһандық аудиторияны еліміздің әлеуметтік-экономикалық үрдістері мен сыртқы саяси бастамалары туралы хабардар етуге бағытталған бірлескен жобаларды ұлғайтуға қызығушылық білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді диалогты жалғастыруға және ықпалдастықтың ықтимал бағыттарын қарауға дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1113384?lang=kk
Қазақстан мен Словения парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға ниетті 27.11.2025
Любляна, 2025 жылғы 26 қараша – Словения Ұлттық жиналысының Төрайымы Уршка Клакочар Зупанчич ханыммен (Urška Klakočar Zupančič) өткен кездесуде қазақ‑словен әріптестігінің кең ауқымды өзекті мәселелері, сондай-ақ парламентаралық ынтымақтастықтың ахуалы мен болашағы және елдеріміздің халықаралық сахнадағы өзара ықпалдастығы талқыланды.Елші Қазақстан Президенті Қасым‑Жомарт Тоқаев бастаған саяси жүйені жаңғырту бойынша ауқымды саясаты мен бағдарламасы, соның ішінде алдағы парламенттік реформалар, мемлекеттің негізгі сыртқысаяси жетістіктері мен басымдықтары туралы ақпаратпен кеңінен бөлісті.А.Әбибуллаев Қазақстанның еуразиялық мәртебесі Шығыс пен Батыстың ортақ өркениеттік құндылықтарын, бай ұлттық тарихымыз, мәдениетіміз бен дәстүрлеріміздің үйлесімді тоғысатынын атап өтті. Қазақстан Словения және ЕО құрылымдарымен жан‑жақты қатынастарды нығайтуға зор мән беруде.Қазақ дипломаты, Словения секілді, біздің елімізде де гендерлік теңдік қағидаттарының табысты ілгерілеуін, әйелдердің мемлекеттік органдарда, бизнесте, білім беру мен медицина жүйесінде, жалпы қоғамның белсенді дамуына атсалысып келе жатқанын ерекше атап өтті.Өз кезегінде Словен парламентінің спикері У.Клакочар Зупанчич ханым Қазақстанды Орталық Азиядағы негізгі әріптес ретінде қарастыратынын баса айтып, Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі парламенттік достық тобының словениялық құрамын құруды жеделдету жоспары туралы хабарлап, 2026 жылғы наурызда өтетін парламенттік сайлаулар қарсаңында негізгі парламенттік саяси фракциялардің саясатына жете тоқталды.Ол Қазақстан мен Словения арасындағы сенімді әрі өзара тиімді ынтымақтастық пен достықтың жоғары деңгейін зор ықыласпен атап өтіп, бұл қарым‑қатынастардың биылғы 31 наурыз – 1 сәуірде Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың шақыруымен Словения Президенті Наташа Пирц Мусар ханымның ресми сапары нәтижесінде сапалы жаңа деңгейге көтерілгеніне назар аударды. Парламент спикері Қазақстан Елшісіне Словенияның Орталық Азиядағы барлық мемлекеттер үшін сенімді әрі маңызды саяси және сыртқы сауда әріптесі болып қала беретінін жеткізді.Тараптар заң шығару органдары арасындағы тікелей байланыстардың тәжірибе алмасу және ынтымақтастықтың құқықтық негізін нығайту үшін маңыздылығын атап өтті.Кездесу соңында Ұлттық жиналыс Төрайымы Қазақстан халқы, Парламент Сенаты мен Мәжілісі басшылығы мен депутаттарына ең шынайы және ізгі тілектерін жолдап, парламентаралық ынтымақтастықты нығайту және әйелдердің өмірімен, халқымыздың көне мәдениетімен, дәстүрлері мен тарихымен жақынырақ жеке танысу мақсатында Қазақстанға ресми сапармен келуге ерекше қызығушылық танытты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1113387?lang=kk
Мемлекеттік қолдаумен Жамбыл облысында жаңа химия зауытының құрылысы басталды 27.11.2025
Жамбыл облысында жылына 25 мың тонна натрий цианидін өндіруге арналған жаңа химия зауытының құрылысы басталды. Бұл өндірістік кешен елдегі химия және қайта өңдеу өнеркәсібін дамытудағы маңызды жобалардың біріне айналмақ. Кәсіпорынды іске қосу 2027 жылдың наурызына жоспарланған.«Химпарк Тараз» арнайы экономикалық аймағында салынып жатқан зауыт ішкі нарықтағы сұранысты толық қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттық әлеуетті де арттырады. Кәсіпорын өнімін отандық тұтынушылардан бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Моңғолияға жеткізу көзделіп отыр.Жобаны жүзеге асыру еліміздің химия саласын айтарлықтай нығайтып, аммиак пен каустикалық сода бойынша ішкі нарықты шамамен 50 пайызға кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл бастама ілеспе салалардың дамуына да серпін беріп, жергілікті қамтудың артуына ықпал етеді.Кәсіпорын іске қосылған соң 108 тұрақты жұмыс орны ашылады, ал құрылыс кезеңінде 200-ге жуық адам уақытша жұмыспен қамтылады. Жобаның экономикалық әсері де айқын: жыл сайын республикалық бюджетке шамамен 500 млн теңге көлемінде салық түседі деп күтілуде.Инвестициялық жобаны «Altynalmas Reagents» ЖШС жүзеге асырып жатыр. Оның нәтижесінде Қазақстан мен Орталық Азиядағы тау-кен өндіру өнеркәсібіне қажетті шикізатты ішкі нарықтан тұрақты түрде қамтамасыз ететін өндірістік тізбек қалыптаспақ. Айта кетейік, осы салада натрий цианидіне деген сұраныс жыл сайын өсіп келеді.Құрылысты қаржыландыруды «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы қамтамасыз етіп отыр. Банк пен жобаны іске асырушы компания арасында несиелік желі туралы келісімге 2023 жылдың қыркүйек айында қол қойылған. Ал 2024 жылдың мамырында алғашқы қаржыландыру ашылды. Бөлінген қаражат көлемі – 98,8 млн еуро, бұл жобаның жалпы құнының 75 пайызына тең. Қаражат жобалаудан бастап құрылыс-монтаж және іске қосу-реттеу жұмыстарына дейінгі барлық негізгі кезеңдерді қамтиды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1113398?lang=kk
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Алматы облысының тұрғындарымен кездесті 27.11.2025
26 қараша күні, Қаскелең қаласындағы SDU University ғимаратында ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Алматы облысының тұрғындарымен кездесіп, ғылым және жоғары білім саласын дамыту мәселелерін талқылады.Кездесу барысында вице-министр өңір тұрғындарын ғылым және жоғары білім саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарымен, жүзеге асырылып жатқан реформалармен, жаңа стратегиялық бастамалармен таныстырды. Сондай-ақ Алматы облысындағы ғылыми-зерттеу ұйымдары мен жоғары оқу орындарының даму перспективалары қарастырылды.Талғат Ешенқұловтың айтуынша, Қазақстанда 2023-2029 жылдарға арналған Жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасы аясында бірқатар жүйелі шаралар қабылданды. Атап айтқанда, тең және қолжетімді білім беру жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында гранттар саны мен стипендия мөлшері арттырылып жатыр, «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі енгізіліп, сараланған гранттар мен жеңілдетілген білім беру несиелері іске асырылады.Вице-министр еліміздің жоғары оқу орындарының халықаралық бәсекеге қабілеттілігінің артып келе жатқанын атап өтті. QS World University Rankings рейтингінде 21 отандық жоғары оқу орны, ал Times Higher Education рейтингінде 5 университет ұсынылған. Сонымен қатар Назарбаев Университеті алғаш рет әлемдік ТОП-500 қатарына енді.«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және Жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл – отандық жоғары білім беру жүйесінің әлеуетін арттыруға, білім трансферін қамтамасыз етуге, үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуге, сондай-ақ шетелдік студенттер үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бүгінде елімізде 40 стратегиялық серіктестік бар, оның 33-і әртүрлі модель бойынша жұмыс істеп жатыр», – деді Талғат Ілиясұлы.Вице-министрдің айтуынша, бұл серіктестіктер өңірлердің сұранысына сай білікті әрі бәсекеге қабілетті кадрлар даярлауға ғана емес, жоғары оқу орындарының кадрлық және ғылыми әлеуетін нығайтуға, технологиялар трансферін, соның ішінде ғылыми технологиялар мен инновацияларды тартуға жол ашады.Кездесу барысында азаматтардың ұсыныстары мен сұрақтары тыңдалып, саладағы түрлі мәселелер бойынша тиімді кері байланыс орнатылды.Іс-шара қорытындысында вице-министр бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг өткізіп, азаматтарды жеке қабылдады. Ғылым және жоғары білім вице-министрі Алматы облысының тұрғындарымен кездестіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1113400?lang=kk
КІТАП ОҚИТЫН ҚАЛА: ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҚАЛЫПТАСУДА 26.11.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаппай кітап оқу мәдениетін қалыптастыру жөніндегі тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған «Кітап оқитын ұлт» жобасы Шымкент қаласында ерекше қарқынмен жүзеге асуда.Қала бойынша жобаға 66 000 адам қатысуда. Оның ішінде: 26 099 оқушы, 18 233 студент, 6 114 педагог, 15 510 отбасы және 546 мемлекеттік қызметкер бар.Жоба қатысушылары арасында шынайы интеллектуалды орта қалыптасып, кітап оқу күнделікті әдетке айнала бастады. Қалада жаңа мәдениет қалыптасып, әсіресе мектеп оқушылары мен отбасылар арасында қызығушылық артып отыр.Оқушылардың пікірі:М.Мәметова атындағы №35 мектептің 9-сынып оқушысы Шаттық Дидар:«Кітаптің маған ұнайтын тұсы – өмірмен байланыстылығы. Әр шығарма арқылы өзіме қажетті ой түйіп, болашақта қандай адам болғым келетінін тереңірек түсіне бастадым. Кейіпкерлердің таңдаулары өмірде дұрыс шешім қабылдаудың маңызын көрсетеді. Қазір М. Мағауиннің “Тазының өлімі” шығармасын оқудамын. Бұл кітапта адалдық, адамгершілік және табиғатпен үйлесім сияқты терең ойлар бар. Бұған дейін Ш. Мұртазаның “Қара маржан” шығармасын оқыдым – онда еңбек, адам тағдыры мен жауапкершілік мәселелері көрініс тапқан. Сондай-ақ Д. Исабековтың “Дермене” повесінде отбасы, дәстүр және адам өміріндегі таңдаудың маңызы ерекше көрсетілген».«Dostyq High School» мектебінің 10-сынып оқушысы Шаяхмет Балкерім:«Кітапты жүйелі түрде оқу әдеті қалыптасып, күн сайын жаңа нәрсе үйренуге деген қызығушылығым артты. Қазіргі таңда “Қаныш және ғылыми майдан” кітабын оқып жүрмін. Бұл шығарма Қаныш Сәтбаевтай ұлы тұлғалардың ғылым жолындағы табандылығын, еңбектің және елге қызмет етудің үлкен маңызын көрсетті».Студенттердің көзқарасы:Ж. Тәшенов университетінің 2-курс студенті Салтанат Азаматқызы:«Жоба аясында ұсынылған әрбір кітап студенттер үшін берері мол. Қазақ әдебиетінің классикалық туындылары арқылы ұлт руханияты мен адамгершілік құндылықтарын терең түсіндім. Мотивациялық шығармалар өз-өзімді дамытуға, уақытты тиімді пайдалануға және мақсатқа ұмтылуға үйретуде».М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 2-курс студенті Бекарыс Абылайханұлы:«Бұл жобаның пайдасы – жас ұрпақтың рухани дамуына, тіл мен мәдениетке деген құрметтің артуына ықпал етуінде. Менің ойымша, кітап оқуға дағдыланған ұлт – ең мықты ұлт, себебі ол тек сөзге емес, ойға бай ел болады. Сондықтан мен бұл жобаның алдағы жылдарда да жалғасқанын қалаймын және оны еліміздің жаңғыруының бір бөлігі деп білемін».Болашақ жоғары колледжінің 4-курс студенті Аружан Саримсак:«Қазір Дейл Карнегидің “Шешендік өнер” еңбегін оқып жүрмін. Бұл кітап көпшілік алдында еркін сөйлеуге, сенімділікке және коммуникациялық қабілетті дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және қоғаммен тиімді байланыс орнатуына ықпал етеді».«Кітап оқитын ұлт» жобасы Шымкентте оқуға деген қызығушылықты арттыруда. Жоба қатысушылары жаңа білім алып, ой-өрісін кеңейтіп, кітапты күнделікті өмірдің маңызды бөлігі ретінде қабылдауда. Бұл бастама жастар мен отбасыларға ойлануға, өзіне-өзі сенуге және жаңа тәжірибе жинауға мүмкіндік береді».Жобаны «Amanat» партиясының қолдауымен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры және Шымкент қаласы әкімдігі жүзеге асыруда. Өңірлік демеуші – «Азия Сервис» компаниясы.
ОҚАТЫН ҚАЛА: ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҚАЛЫПТАСУДА. 26.11.2025
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған кітап оқу мәдениетін жаппай дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған «Кітап оқитын ұлт» жобасы Шымкент қаласында қарқынды жүзеге асырылуда. Жобаға 66 000 адам қатысады, оның ішінде 26 099 мектеп оқушысы, 18 233 студент, 6 114 мұғалім, 15 510 отбасы және 546 мемлекеттік қызметкер. Жобаға қатысушылар арасында шынайы зиялы қауым қалыптасып, кітап оқу күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналуда. Қалада жаңа мәдени дәстүр пайда болып, әсіресе мектеп оқушылары мен отбасылар арасында қызығушылық артып келеді. Оқушылардың пікірі: Шаттық Дидар, М.Мәметова атындағы No35 мектептің 9 сынып оқушысы: "Мен кітапты өмірмен байланысы үшін жақсы көремін. Әрбір шығарма мен үшін қандай ойлардың маңызды екенін және болашақта қандай адам болғым келетінін түсінуге көмектеседі. Кейіпкерлердің таңдауы өмірде дұрыс шешім қабылдаудың маңыздылығын көрсетеді. Мен қазір М.Мағауиннің "Тазының өлімін" оқып жатырмын. Бұл кітап терең тақырыптарды қозғайды - адалдық, адамгершілік, адамгершілік. Еңбек, адам тағдыры, жауапкершілік мәселелерін қозғайтын «Қара маржан» Д.Исабековтің «Дерменінде» де отбасы, салт-дәстүр, өмірлік таңдаудың маңыздылығына ерекше мән берілген». Шаяхмет Балкерім, Достық орта мектебінің 10-сынып оқушысы: «Үнемі кітап оқуды әдетке айналдырдым, жаңа білімге деген қызығушылығым күннен-күнге артып келеді.Қазіргі таңда «Қаныш және ғылым майданы» кітабын оқып жатырмын.Бұл маған Қаныш Сәтбаев сынды ұлы тұлғалардың қайсарлығын, қажырлы еңбек пен елге қызмет етудің маңыздылығын танытты. Оқушылардың пікірі: Салтанат Азаматқызы, 2 курс студенті Ж. Тәшенов университеті: "Жоба аясында ұсынылған әрбір кітаптың студенттер үшін құндылығы өте зор. Қазақ әдебиетінің классикалық шығармалары арқылы мен ұлттық рухани мұра мен адамгершілік құндылықтарды тереңірек түсіндім. Мотивациялық кітаптар өзімді дамытуға, уақытты тиімді пайдалануға, мақсатқа ұмтылуға үйретті". Бекарыс Абылайханұлы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан ғылыми-зерттеу университетінің 2 курс студенті: "Жобаның пайдасы жастардың рухани дамуы мен тілге, мәдениетке деген құрметінің артуына байланысты. Менің ойымша, кітап оқуға дағдыланған ұлт - ең күшті ұлт, өйткені ол сөзге ғана емес, ойға да бай. Сондықтан жобаның алдағы уақытта да жалғасын тауып, еліміздің рухани жаңғыруының бір бөлігіне айналуын қалаймын". Аружан Сарымсақ, «Болашақ» колледжінің 4 курс студенті: «Мен қазір Дейл Карнегидің «Көпшілік алдында сөйлеу өнерін» оқып жатырмын. Бұл кітап көпшілік алдында сенімді сөйлеу дағдыларын, қарым-қатынас дағдыларын және өзіне деген сенімділікті дамытуға көмектеседі. «Кітап оқитын ұлт» жобасы Шымкентте кітап оқуды насихаттайды. Қатысушылар жаңа білім алады, ой-өрісін кеңейтеді, кітапты күнделікті өмірдің маңызды бөлігі ретінде қабылдайды. Бұл бастама жастар мен отбасыларға рефлексия жасауға, өзіне деген сенімділікті дамытуға және жаңа тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.
Қошқар ата өзенінің жандануы: Шымкент өзені заманауи демалыс аймағына айналуда. 26.11.2025
Шымкентте қоршаған ортаны жақсартуға және тұрғындарға жайлы қоғамдық кеңістік құруға бағытталған Қошқар ата өзенін абаттандыру жобасы қарқынды жүргізілуде. Қаланы көгалдандыру мен табиғи ресурстарды үнемді пайдалануға басымдық берген қала әкімдігінің бұл бастамасы қазірдің өзінде нақты нәтиже бере бастады. Қошқар ата – Шымкенттің тарихи-мәдени ландшафтының өзегі саналатын бірегей табиғи ескерткіш. Сондықтан өзенді қалпына келтіру жобасы тек инфрақұрылымды жаңартуды ғана емес, сонымен қатар экологиялық тепе-теңдікті сақтауды және халыққа қолайлы жағдай жасауды көздейді. Жоба өзеннің 3535 шақырымдық бөлігін жақсартуды қамтиды. Бұл учаскеде өзен арнасын жаңғырту және табиғи су ағынын реттеу жұмыстары жүргізілуде. Өзен арнасы мен жағалаулары қоқыстан тазартылуда, жағалауды нығайту топырақ эрозиясының алдын алады. Абаттандыру жұмыстарының тағы бір маңызды аспектісі – жаңбырлы маусымда өзен деңгейі көтерілгенде болатын су басу қаупін азайту. Мұрат Әбдірахманов, Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының орынбасары: "Биыл Жангелдин көшесінен бастап 3,5 шақырымдық жаға сызығын нығайту жұмыстары жүргізілді. Табиғи келбеті мен өсімдік жамылғысын барынша сақтай отырып, жағалау табиғи тастан нығайтылды. Сонымен қатар, тұрғындарға жайлы жағдай жасау үшін жаяу жүргіншілер жолы мен басқа да қажетті инфрақұрылымдар салынды", - деді ол. Абаттандыру жұмыстары тек табиғатты қорғау шараларымен шектелмейді. Өзен бойында заманауи инфрақұрылым құру – жобаның басты мақсаты. Осы мақсатта тұрғындардың қауіпсіз әрі ыңғайлы жүруін қамтамасыз ету үшін жаяу жүргіншілер жолы салынуда. Сонымен қатар, жағалауды толықтай жұмыс істейтін демалыс аймағына айналдыру үшін 139 орындық пен 360 энергия үнемдейтін шамдарды орнату жоспарлануда. Бұл жарықтандыру құрылғылары түнгі уақытта өзеннің айналасын жарықтандыру арқылы қаланың көркін жақсартып, қауіпсіздікті күшейтеді. Бұл шамдардың жетпісі қазірдің өзінде орнатылған. Жобаның маңызды бөлігі - өзеннің екі жағалауын қосатын сегіз жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы. Оның үшеуі салынып, іске қосылды. Жоба толығымен аяқталған соң Қошқар ата өзені шымкенттіктер мен қала қонақтары үшін тартымды демалыс аймағына айналады. Мамандар жаңартылған жағалау қаланың туристік әлеуетін арттырып, Шымкенттің заманауи мегаполис ретіндегі имиджін нығайтады деп есептейді.
Шымкентте Қошқар ата өзенін абаттандыру жобасы жаңа қарқынмен жүзеге асуда 26.11.2025
Шымкент қаласында экологиялық ахуалды жақсартуға және тұрғындарға жайлы қоғамдық кеңістік қалыптастыруға бағытталған Қошқар ата өзенін абаттандыру жобасы белсенді түрде іске асып жатыр. Қаланы көгалдандыру мен табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалану мәселесін басым бағыт еткен мегаполис әкімдігінің бастамасы бүгінде нақты нәтижесін бере бастады.Қошқар ата — Шымкенттің тарихи-мәдени ландшафтының өзегі саналатын ерекше табиғи нысан. Сондықтан өзенді қалпына келтіру жобасы тек инфрақұрылымдық жаңарту ғана емес, сонымен қатар экологиялық тепе-теңдікті сақтау мен халыққа қолайлы орта құруды көздейді. Жоба шеңберінде өзеннің жалпы ұзындығы 3,535 шақырымды құрайтын бөлігін қалпына келтіру қарастырылып отыр. Бұл бағытта арнаның құрылымы қайта жасалып, табиғи су ағымын реттеу жұмыстары жүргізілуде. Өзен табаны мен жағалауы қоқыстан тазартылады, жағалауды бекіту арқылы су шайылуының алдын алу көзделген.Абаттандыру жұмыстары тек экологиялық шаралармен шектелмейді. Өзен бойында заманауи инфрақұрылым қалыптастыру – жобаның негізгі міндеттерінің бірі. Осы мақсатта жаяу жүргіншілер жолы салынып, тұрғындардың қауіпсіз және ыңғайлы қозғалуына жағдай жасалуда. Сонымен бірге, өзен жағалауын толыққанды демалыс аймағына айналдыру үшін 139 орындық орнату, энергия үнемдейтін 360 шам қою жоспарланған. Бұл шамдар түнгі уақытта өзеннің айналасын жарықтандыру арқылы қала келбетін жақсартып, қауіпсіздікті күшейтеді.Мұрат Әбдірахманов, Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының орынбасары:- «Осы жылы Жангелдин көшесінен бастау алған 3,5 шақырымға созылған жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді. Жағалау табиғи тастармен бекітіліп, оның табиғи қалпы мен өсімдіктер жамылғысы барынша сақталды. Бұдан бөлек, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында жаяу жүргіншілер жолы және өзге де қажетті инфрақұрылым элементтері салынды»,- деп атап өтті.Өзеннің екі жағын байланыстыратын 8 жаяу жүргінші көпірі салынуы да жобаның маңызды бөлігі. Қазіргі таңда соның үшеуі салынып бітті және тұрғындардың игілігіне ұсынылды. Сондай-ақ 70 жарық шамы орнатылып, инфрақұрылым біртіндеп толыққанды қалалық кеңістікке айналып келеді.Қалалық мамандардың айтуынша, бұл абаттандыру жұмыстарының тағы бір маңызды аспектісі – жауын-шашын маусымында өзен деңгейінің көтерілуінен туындайтын су басу қаупін азайту. Арнаның реттелуі мен жағалаудың бекітілуі осы тәуекелді тиімді төмендетеді.Жоба толық аяқталған соң, Қошқар ата өзені шымкенттіктер мен қала қонақтары үшін тартымды рекреациялық аймаққа айналады. Мамандардың пікірінше, жаңғыртылған жағалау қаланың туристік әлеуетін арттырып, Шымкенттің заманауи мегаполис ретіндегі келбетін күшейтеді. Табиғат пен қалалық инфрақұрылымның үйлесімділігі қаланың экологиялық тұрақтылығына да оң әсер етеді деп күтілуде.
Кишиневте молдавандардың Қазақстандағы тың жерлерді игеруге қатысуы тақырыбында дөңгелек үстел өтті 26.11.2025
Кишинев, 2025 жылғы 24 қараша – МР Ұлттық мұрағат агенттігі мен Ұлттық кітапханасы Қазақстан Елшілігімен бірлесіп «Молдавандардың 1950-1960 жылдары Қазақстанда тың жерлерді игеруіне қатысуы: әлеуметтік-тарихи контекст, барысы, салдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.Дөңгелек үстел аясында ұйымдастырушылар қатысушылардың назарын Қазақстан және Молдова үшін де маңызды тарихи оқиғаға аударуға тырысты, оны тиісті әлеуметтік-саяси контексте, екі қоғамның дамуы үшін құқықтық база мен салдарларды талдай отырып ұсынды.Іс-шара осы тақырып бойынша мұрағат, кітапхана, мұражай және университет материалдарын академиялық және мәдени пайдалану мүмкіндіктері мен перспективаларын талқылауға арналған алаң ретінде әрекет етті. Дөңгелек үстел барысында Қазақстанның тың жерлеріне келген Молдовадан келген еріктілердің жұмыс жағдайларына, жұмыс күндеріне ерекше назар аударылды.Баяндамашылар тың жерлерді игерудің алғашқы жылдарында Қазақстанға жүздеген мың КСРО азаматтары, соның ішінде Молдова КСР тұрғындарының едәуір бөлігі келгенін атап өтті. 1954-1960 жылдардағы мелиорациялық жұмыстардың нәтижесінде 41 836 мың га жаңа жер игерілді, оның ішінде 25 484 мың га (61 %) - Қазақ КСР аумағында, негізінен солтүстік облыстарда: Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Торғай және Целиноград облыстарында.ҚР Елшісі Алмат Айдарбеков өз сөзінде тарихты еске түсіріп қана қоймай, Қазақстан мен Молдова жаңа байланыстар мен адам көпірлерін тапқан адамдарға дауысын қайтаруға мүмкіндік берген бұл іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ол тың жерлерді игерудің Қазақстан мен Молдова үшін демографиядан мәдени байланыстарға дейінгі ұзақ мерзімді салдарын зерттеуді ұсынды.МР бұрынғы Жастар және спорт министрі Октавиан Цыку «Естелік эскпедициясы» аясында Қазақстанға сапары, оның барысында молдавандардың Қазақстанның тың жерлерін игеруге қатысуына қатысты зерттеулер жүргізгені туралы айтты. Сонымен қатар, ол қазіргі уақытқа дейін байланыстырушы рөл атқаратын молдовандықтар мен қазақстандықтар арасындағы қалыптасқан тығыз, жеке-мәдени қарым-қатынастарды атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kishinev/press/news/details/1113367?lang=kk
Астанада өлімге әкелетін автономды қару жүйелеріне қатысты өңірлік ұстаным талқыланды 26.11.2025
Астана, 2025 жылғы 25 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық қауіпсіздік департаментінің директоры Арсен Омаров Халықаралық Қызыл Крест комитеті өткізген өлімге әкелетін автономды қару жүйелері (ӨАҚЖ) бойынша өңірлік дөңгелек үстелге қатысты.Дипломаттар, әскери сарапшылар және академиялық өкілдер әскери салада жасанды интеллектті пайдаланумен байланысты гуманитарлық, құқықтық және этикалық қиындықтарды талқылады. Кездесу барысында адамның араласуынсыз нысаналарды өз бетінше таңдай және соққыға жығый алатын автономды қару жүйелері есеп берушілікке, ашықтыққа және халықаралық гуманитарлық құқықты сақтауға қатысты елеулі алаңдаушылық тудыратыны аталып өтті.А.Омаров өз сөзінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда жасанды интеллекттің дамуын жеделдету жөніндегі бастамаларын атап өтті және елдің ӨАҚЖ реттеу жөніндегі ұстанымын егжей-тегжейлі баяндады. Ол Астананың толық автономды қаруға алдын ала тыйым салуды және қазіргі заманғы қару-жарақты әзірлеуде жасанды интеллектті енгізу кезінде әскери қажеттілік пен этикалық стандарттар арасындағы ақылға қонымды тепе-теңдікті сақтауды жақтайтынын атап өтті. Қазақстанның Өлімге әкелетін автономды қару жүйелерін реттеуге арналған заңды күші бар құрал ретінде Ізгіліксіз қару туралы конвенцияның VI Хаттамасын әзірлеуді қолдайтынын айтты.Дөңгелек үстелге Аустрияның Қазақстандағы Елшісі Андреа Бахер (Аустрия – БҰҰ Бас Ассамблеясының ӨАҚЖ бойынша екі қарарының бастамашысы) және Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның сыртқы саясат және қорғаныс министрліктерінің өкілдері қатысты. Іс-шара Орталық Азия мемлекеттері арасында ӨАҚЖ бойынша біріктірілген ұстанымды қалыптастыруға арналған платформа бола алатыны аталып өтті.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1113354?lang=kk
Swissgrow зауыты 26.11.2025
Астанадағы №1 Индустриялық паркте орналасқан Swissgrow зауыты жыл сайын 15 мың тонна минералды тыңайтқыштар өндіріп, еліміздің егіншілік саласына орасан үлес қосып келеді.Отандық фермерлер ғана емес, көршілес елдерге де пайдасын тигізіп отырған кәсіпорын бүгінде тыңайтқыштардың сан түрін өндіреді. Олар өз кезегінде топырақтың құнарын арттырып, өсімдіктерді алуан түрлі аурудан қорғайды.https://www.instagram.com/p/DRgucC-jK-a/?hl=ru#Қазақстандажасалған #Астана #индустриялықпаркАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1113355?lang=kk
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік төлемдер 26.11.2025
Шығыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге, мемлекеттік кірістер органдары салықтар мен төлемдердің бюджетке толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету бойынша маңызды міндеттерді орындаумен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасына және Салық кодексіне сәйкес әлеуметтік төлемдерді есептеу, ұстап қалу және аудару бойынша міндеттерді де атқаратынын хабарлайды (Салық кодексінің 18-бабының 1-тармағының 2 және 3-тармақшалары).Әлеуметтік төлемдер – бұл міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес төленетін әлеуметтік аударымдар, Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңына сәйкес төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар мен аударымдар (Салық кодексінің 1-бабының 3-тармағы).Әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелер, олардың мөлшерлері мен ставкалары Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі мен Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңымен айқындалады. Төлем түріТөлеушіҚұқықтық негізСтавкаМіндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ)ЖұмысшыҚР Әлеуметтік кодексі №224-VII10%Міндетті кәсіби зейнетақы жарналары (МКЗЖ)Жұмыс берушіҚР Әлеуметтік кодексі №224-VII5%Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ)Жұмыс берушіҚР Әлеуметтік кодексі №224-VII2024 – 1,5%2025 – 2,5%2026 – 3,5%2027 – 4,5%2028 – 5%Әлеуметтік аударымдар (ӘА)Жұмыс берушіҚР Әлеуметтік кодексі №224-VII2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 5%Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдар (МӘМС)Жұмыс берушіҚР «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы №405-V2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 3%Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар (МӘМСЖ)ЖұмысшыҚР «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы №405-V2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 2% Сонымен қатар, тәжірибе көрсеткендей, барлық кәсіпкерлер табысқа ие бола тұра өз міндеттемелерін адал орындамайды, әлеуметтік төлемдерді уақытында немесе толық төлемей немесе мүлдем төлемей жатады.Хабарлаймыз, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған:зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы бұзу (ҚР ӘҚБтК 91-бабының 7-бөлімі);міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы заңнаманы бұзу (ҚР ӘҚБтК 92-бабының 2-бөлігінің 2-тармақшасы);Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңын бұзу (ҚР ӘҚБтК 92-1-бабы).Шығыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерді өздерінің салықтық міндеттемелерін және әлеуметтік төлемдерді төлеуді адал орындауға шақырады. Әлеуметтік төлемдерді төлеу ең алдымен зейнетақымен, медициналық және әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1113284?lang=kk
Қазақстан Ежелгі Олимпиядағы Олимпиада алауын жағу рәсіміне қатысты 26.11.2025
2025 жылғы 26 қараша Ежелгі Олимпия – Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тимур Сұлтанғожин Ежелгі Олимпия муниципалитетінің шақыруымен Олимпиада алауын жағу рәсіміне қатысты. Іс-шара халықаралық олимпиадалық қозғалыс үшін маңызды мәдени маңызы бар ежелгі қасиетті орынның тарихи аумағында өтті.Рәсімге Грекия Республикасының Президенті Константинос Тасулас, дипломатиялық миссиялардың басшылары және Ежелгі Олимпияның бауырлас қалаларының ресми өкілдері қатысты. Қазақстан тарапынан құрметті қонақ ретінде Тараз қаласының әкімі Бахытжан Орынбеков қатысты.Сапар шеңберінде Елші Т. Сұлтанғожин мен Әкім Б. Орынбеков Ежелгі Олимпия муниципалитетінің мэрі Аристидис Панайотопулоспен кездесу өткізді. Елші Қазақстан тарапын рәсімге шақырудың маңыздылығын атап өтті және Қазақстан мен Грекия арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтудың өзектілігін ерекше белгіледі.Тараптар сондай-ақ мәдени ынтымақтастықты дамыту және бауырлас қалалар арасындағы байланыстарды тереңдету перспективаларын, оның ішінде мәдени алмасу мен жастар бастамалары саласындағы жобаларды талқылады. Ежелгі Олимпия мэрі муниципалитеттің Тараз қаласымен ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін растады.Анықтама: Ежелгі Олимпия – әрбір Олимпиада ойындары қарсаңында Олимпиада алауын жағу рәсімі өткізілетін дәстүрлі орын.2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары 2026 жылғы 6–22 ақпан аралығында Италияда өтеді. Негізгі жарыстар Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында ұйымдастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/1113297?lang=kk
Жас отандастарымыз 25,11 млн доллардан астам қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсарту және білім алу ақысын төлеуге пайдаланды 26.11.2025
2024 жылғы 1 ақпаннан бастап 2025 жылғы 1 қарашадағыжағдай бойынша барлығы 25,11млн АҚШ долларынан астам сомаға 171 938өтініш орындалды (уәкілетті операторларға өтініш берушілердің банк шоттарына есептеу үшін аударылды).Оның ішінде:·     тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында15,88 млнАҚШ доллары сомасына 107 390 өтініш;·     білім алу ақысын төлеуге – 9,24 млн АҚШ доларына 64 548 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды (НЖ) алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Пайдаланылмаған қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) сақталады.  Қаржыны тұрғын үй жағдайларын жақсартубойынша ең көп қолданылған қосалқы мақсаттар: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (15,55 млн АҚШ долларына 104 975 өтініш), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – 112,10 мың АҚШ долларына 816 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу)  76,15 мың АҚШ долларына 588 өтініш орындалды.  Білім алу ақысын төлеу бойынша ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (8,44 млн АҚШ долларына 57 996 өтініш орындалды), білім алу үшін жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім алу жинақтау салымын толықтыру (554,86 мың АҚШ долларына 4 636 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының оқыту қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (201,65 мың АҚШ долларына 1 567 өтініш орындалды).           Нысаналы жинақтар төлемін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалану бойынша уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады. Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына сай Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50%-ы жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған, Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балалар арасында бөлінеді. 2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары есептелгенін хабарлаймыз. 2006 жылы туған азаматтарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға биыл 3,04 АҚШ долларымөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинағындағы қаражат 100,52 АҚШ долларына тең болса, 2007 жылы туған баланың НЖШ-да 232,94  АҚШ доллары жинақталды.Кәмелетке толған азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс, содан кейін уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашып, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін НЖ төлеміне онлайн-өтініш беру үшін жүгіне алады. kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OMсілтемесі бойынша көруге болады.   БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).          Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1115269?lang=kk
NeoPro.Meta бағдарламалық-аппараттық кешенін «Қостанай-Су» КМК-на енгізу мәселесін талқылау 26.11.2025
Бүгін «НеоПро» ЖШС өкілдері «Қостанай-Су» КМК-на жұмыс сапарымен келді. Жұмыс кеңесі барысында NeoPro.Meta бағдарламалық-аппараттық кешені таныстырылып, оның негізгі модульдері: NeoPro.IoT, Billing, Client, CEO және Scada көрсетілді.Талқылау мен демонстрацияға «КТЭК» КМК өкілдері, Қостанай қаласы әкімдігінің ТКШ бөлімі, сондай-ақ «Қостанай-Су» КМК мамандары қатысты.Қатысушылар кәсіпорынның жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған жүйені енгізу, цифрландыру және оның мүмкіндіктеріне қатысты сұрақтар қойды.«Қостанай-Су» КМК компанияға жан-жақты презентациясы мен сындарлы диалогы үшін алғыс білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1113237?lang=kk
Қазақстанның зейнетақы жүйесі 2025 жылғы Mercer CFA жаһандық зейнетақы индексі рейтингінде өз позициясын нығайтты 26.11.2025
2025 жылы Mercer институты CFA институтымен бірлесіп, үлесіне әлем халқының 65%-ы тиесілі 52 елдің (салыстырмалы түрде, 2024 жылы – 48 ел) зейнетақы жүйелеріне бағалау жүргізді. Mercer CFA Institute Global Pension Index (MCGPI) жыл сайынғы есебіне сәйкес, Қазақстанның зейнетақы жүйесі АҚШ, Испания, Италия, Австрия, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай және басқа елдерден озып, 26-шы орынға ие болды. Қазақстанның MCGPI индексіндегі қорытынды көрсеткіші 2024 жылғы 64,0 балдан 2025 жылы 65,0 балға дейін өсті, бұл Халықаралық Валюта Қоры жариялаған экономиканың өсімі туралы жаңартылған деректермен байланысты. Сонымен қатар Қазақстан өткен жылғы "С+" деңгейінен ілгерілей отырып, "В" тобына көтерілді. Бұл зейнетақы саясатының теңгерімділігі мен дәйектілігін көрсетеді.  Естеріңізге сала кетейік, зерттеу 50-ден астам индикаторды қамтитын "Лайықтылық", "Тұрақтылық" және "Тұтастық" үш қосалқы индексі негізінде жүргізіледі. Осы индикаторлар бойынша зейнетақы жүйелерін жан-жақты және объективті бағалау үшін, оның ішінде ЭЫДҰ, Дүниежүзілік банк, Халықаралық еңбек ұйымы, Economist Group зерттеу және талдау бөлімшесінің және т. б. деректерін қамтитын ашық халықаралық көздерден алынған мәліметтер пайдаланылды. 2025 жылы зейнетақы жүйесін талдау қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы көрсеткіші үлес салмағы бойынша өлшенген суб-индекстік бағалау нәтижелерін жинақтау жолымен қалыптасты:"Лайықтылық" қосалқы индексі бойынша 47,0 балл, салыстырмалы түрде алатын болсақ, 2024 жылы – 45,8 балл (үлес салмағының 40%: Қазақстан Оңтүстік Корея, Индонезия, Оңтүстік Африка және басқа елдерді артта қалдырды);"Тұрақтылық" қосалқы индексі бойынша 74,2 балл, 2024 жылы – 73,1 балл (үлес салмағының 35%: Қазақстан Швейцария, Жапония, Қытай, Жаңа Зеландия, Финляндия, Канада, Норвегия, Франция, АҚШ және басқа да көптеген елдердің көрсеткіштерінен асып түсті);"Тұтастық" қосалқы индексі бойынша – 81,1 балл, 2024 жылы – 80,4 балл (үлес салмағының 25%: Қазақстанның көрсеткіші Дания, Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея және басқа елдермен салыстырғанда жоғары). Халықаралық сарапшылардың ұсыныстары Өткен 2 жылдағыдай, Mercer CFA сарапшылары Қазақстанға зейнетақы жүйесін келесі бағыттар бойынша жетілдіруді жалғастыру қажет деген ұсыныс жасады:зейнеткерлердің неғұрлым осал санаттарын қолдаудың ең төменгі деңгейін арттыру;азаматтарды ерікті зейнетақы жарналарының көлемін ұлғайтуға ынталандыру;жүйенің ұзақ мерзімді әлеуетін сақтау үшін жинақтарды мерзімінен бұрын алуды шектеу;қарт азаматтардың белсенді еңбек қызметін ұзарту тетіктерін дамыту;жеке үзінді көшірмелерде салымшыларды болжамды зейнетақы төлемдері туралы хабардар ету тәжірибесін енгізу.  Жаһандық контекст 2025 жылғы рейтингте бірінші орынды Нидерланды (85,4 ұпай), одан кейін Исландия (84,0) және Дания (82,3) иеленді. Бұл елдер жыл сайын ең жоғары нәтижелерге ие болады. Биыл индекске алғаш рет төрт елдің – Кувейт, Намибия, Оман және Панаманың зейнетақы жүйелері кірді. Барлық елдер арасындағы орташа көрсеткіш 64,5 балды құрады, бұл демографиялық сын-тегеуріндер аясында зейнетақы жүйелерінің тұрақтылығы нығайып келе жатқанын  көрсетеді. MCGPI есебінде көрініс тапқан инвестициялық қызметтің маңызды аспектілері Mercer CFA Global Pension Index-тің 2025 жылғы есебінде әлем елдері жинақтардың сақталуын және Ұлттық зейнетақы жүйелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында зейнетақы қорларының инвестицияларын реттеп, шектеп отыратыны немесе басқаша әсер ететіні атап өтілді. Инвестицияларды реттеудің екі негізгі тәсілі бар:"парасатты инвестор" қағидаты – менеджерлер өз қаражаттарын басқарғандай, активтерді басқарудың белгіленген принциптерін басшылыққа ала отырып, сақтықпен әрекет етеді;активтердің нақты сыныптары және шетелдік инвестициялардың үлесіне инвестициялар бойынша шектеулер мен белгілі бір лимиттер қағидаты. Бұл ретте неғұрлым икемді реттелетін елдер рейтингте жақсы нәтиже көрсетті. Талданған 52 зейнетақы жүйесінің тек 12-сінде инвестицияларға қатаң шектеулер жоқ, олардың 9-ы рейтинг көшбасшыларының қатарына кірді. Есепте зейнетақы қорларының инвестицияларына шектеулердің екі мақсаты бар екендігі атап көрсетілген:зейнетақы жүйесінің сенімділігін және салымшылардың қаражатының сақталуын қамтамасыз ету – активтерді әртараптандыру, тәуекелдерді басқару және тәуекелді құралдарға салымдарды шектеу;жергілікті капитал нарығын нығайтуға, инфрақұрылымды дамытуға, қаржылық сауаттылықты арттыруға ықпал ететін ішкі қаржы нарықтарын дамытуды қолдау.Сарапшылардың пікірінше, шамадан тыс шектеулер кірісті төмендетіп, әртараптандыруға кедергі келтіруі мүмкін. Есепте сондай-ақ инвестициялық қызметті жүзеге асыру кезінде зейнетақы жүйесіне қатысушылардың мүдделері мен елдің ұлттық мүдделері арасындағы теңгерімді құрудың сегіз қағидаты келтірілген:салымшыларды лайықты зейнетақы табысымен қамтамасыз ету;зейнетақы активтерін сенімгерлік басқарудың адалдығы;ұзақ мерзімге негізделген кірістер мен тәуекелдердің арақатынасын ескере отырып, сенімді және ашық инвестициялық басқару;зейнетақы қорларының қаржы нарықтары мен инвестициялық мүмкіндіктерге толық қолжетімділігі;зейнетақы жүйесіне қатысушылардың мүдделерін және зейнетақы қорларының шешімдерін ескере отырып, мемлекеттің ұлттық жобаларға инвестиция салуын ынталандыру;инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейту үшін зейнетақы қорларының мемлекетпен ынтымақтастығы;мемлекеттің зейнетақы қорларының инвестициялық мүмкіндіктерін шектемей, портфельдердің құрамы, кірістілігі мен тәуекелдері туралы ақпаратты жария түрде ашу арқылы қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету;макроэкономикалық ахуалды есепке алу, яғни зейнетақы активтерінің мемлекет экономикасында елеулі рөл атқаратын кезінде өзінің фискалдық және әлеуметтік саясаты мен зейнетақы қорларының инвестициялары және олардың зейнеткерлерге әсері арасындағы өзара байланыс ескерілуі тиіс. Есепте Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметтері бойынша қаржылық қауіпсіздік халықтың жаһандық қартаюына және өмір сүру ұзақтығының ұзаруына байланысты демографиялық және экономикалық сын-қатерлерді шешуде шешуші рөл атқаратыны атап өтілді. Аталған форумда азаматтардың зейнетақы деңгейіне барынша әсер ететін 3 басым бағыт көрсетілген:- барлығына базалық (кепілдендірілген) зейнетақыны қамтамасыз ету;- тиімді басқарылатын және үнемді зейнетақы жоспарларының қолжетімділігін арттыру;- зейнетақы жарналарының мөлшерін ұлғайтуға бағытталған бастамаларды қолдау. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1126303?lang=kk
«Зейнетақы навигаторы»: Қазақстанның зейнетақы жүйесі туралы сарапшылармен эксклюзивті сұхбат 26.11.2025
«БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) мен Business FM іскерлік радиостанциясының бірлескен жобасы іске асырылды. Бағдарлама жүргізушілері Рустам Мақсұтов пен Ерланби Дәулетияр БЖЗҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сарапшыларымен бірге елдің зейнетақы жүйесіне қатысты ең өзекті тақырыптарды аудио және бейне подкаст форматында талқылады. Радио тыңдаушылар мен көрермендерге осы саладағы әлемдік үрдістер туралы баяндап, күрделі нәрселерді қарапайым және түсінікті тілде түсіндірді.  Сұхбат барысында жаһандық демографиялық трендтер, әлем бойынша жинақтаушы құрамдас бөлікке көшу, зейнетақыны ұзақ мерзімді жоспарлау, қызметкерлерді жинақтарды қалыптастыруға ынталандыру мәселелері көтерілді. Сондай-ақ, зейнетақы активтерін басқару тақырыптары, жинақтарды инвестициялық портфельді басқарушыларға беру мүмкіндіктері, инвестициялық стратегияларды қалыптастырудың жаңа ережелерін енгізу, сондай-ақ зейнетақы төлемдерінің түрлері және зейнетақы заңнамасындағы соңғы өзгерістер қозғалды. Жоба қазақстандықтардың зейнетақы жүйесі саласындағы қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Бағдарлама кәсіпкерлерге, бизнесмендерге, сондай-ақ өздерінің зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға және тиімді басқаруға мүдделі барлық адамдарға арналған. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне "Зейнетақы навигаторы" бағдарламасының бейне подкасттарын көріп шығуға кеңес береміз. Бұл – Қазақстанның зейнетақы жүйесі туралы шынайы, объективті және кәсіби материалдар дайындауға қажетті өзекті ақпаратты қайнар көзден алудың таптырмас тәсілі. Төмендегі тақырыптар бойынша түсірілген 2025 жылғы бейнеподкасттарды тиісті сілтемелерден табасыздар:Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өзекті мәселелері (Сәуле Егеубаева, "БЖЗҚ" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары) орыс тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=FdqbJ0_3fnM Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өзекті мәселелері (Мұрат Шәріпов, "БЖЗҚ" АҚ Басқарушы директоры) қазақ тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=vw24C2CQTMA&t=64s Инвестициялық қызмет (Нұржан Нұрғазин, ҚРҰБ Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары) қазақ тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=IYo6Yh2Pmog Зейнетақыны жоспарлау және оны ұлғайту жөніндегі шаралар (Айжан Темірлан, "БЖЗҚ" АҚ Стратегиялық даму департаменті Стратегия және талдау басқармасының бастығы) орыс тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=EyRFcdyWXlk Зейнетақы капиталын басқару мүмкіндіктері (Ләззат Әмірғалиева, "БЖЗҚ" АҚ Инвестициялық портфельді талдау басқармасының бастығы) орыс тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=9-Jc4pG5iAo БЖЗҚ-дан берілетін төлем түрлері (Гүлнұр Ағайдарова, "БЖЗҚ" АҚ Төлемдерді ұйымдастыру және хабарландыру департаменті Төлем әдістемесі басқармасының бастығы) қазақ тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=Eq_wL_G-02M "Зейнетақы навигаторы" бағдарламалары Business FM және БЖЗҚ YouTube арналарында, сондай-ақ Google, Yandex және iTunes подкасттарында қолжетімді. Қазақстанның зейнетақы жүйесін қалыптастыру және дамыту туралы диалогтар БЖЗҚ YouTube-каналында дәстүрге айналды. Мұнда Григорий Марченко, Болат Жәмішев, Қадыржан Дамитов, Анвар Сайденов, Елена Бахмутова және т.б. сияқты танымал қазақстандық қаржыгерлер, сондай-ақ белгілі халықаралық мамандар өз пікірлерімен бөліседі. Жаңалықтарды бірінші болып білу және сарапшылардан эксклюзивті ақпарат алу үшін БЖЗҚ-ның YouTube-арнасына жазылыңыздар. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).              Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1113227?lang=kk