Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Қазақстанның зейнетақы жүйесі 2025 жылғы Mercer CFA жаһандық зейнетақы индексі рейтингінде өз позициясын нығайтты 26.11.2025
2025 жылы Mercer институты CFA институтымен бірлесіп, үлесіне әлем халқының 65%-ы тиесілі 52 елдің (салыстырмалы түрде, 2024 жылы – 48 ел) зейнетақы жүйелеріне бағалау жүргізді. Mercer CFA Institute Global Pension Index (MCGPI) жыл сайынғы есебіне сәйкес, Қазақстанның зейнетақы жүйесі АҚШ, Испания, Италия, Австрия, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай және басқа елдерден озып, 26-шы орынға ие болды. Қазақстанның MCGPI индексіндегі қорытынды көрсеткіші 2024 жылғы 64,0 балдан 2025 жылы 65,0 балға дейін өсті, бұл Халықаралық Валюта Қоры жариялаған экономиканың өсімі туралы жаңартылған деректермен байланысты. Сонымен қатар Қазақстан өткен жылғы "С+" деңгейінен ілгерілей отырып, "В" тобына көтерілді. Бұл зейнетақы саясатының теңгерімділігі мен дәйектілігін көрсетеді.  Естеріңізге сала кетейік, зерттеу 50-ден астам индикаторды қамтитын "Лайықтылық", "Тұрақтылық" және "Тұтастық" үш қосалқы индексі негізінде жүргізіледі. Осы индикаторлар бойынша зейнетақы жүйелерін жан-жақты және объективті бағалау үшін, оның ішінде ЭЫДҰ, Дүниежүзілік банк, Халықаралық еңбек ұйымы, Economist Group зерттеу және талдау бөлімшесінің және т. б. деректерін қамтитын ашық халықаралық көздерден алынған мәліметтер пайдаланылды. 2025 жылы зейнетақы жүйесін талдау қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы көрсеткіші үлес салмағы бойынша өлшенген суб-индекстік бағалау нәтижелерін жинақтау жолымен қалыптасты:"Лайықтылық" қосалқы индексі бойынша 47,0 балл, салыстырмалы түрде алатын болсақ, 2024 жылы – 45,8 балл (үлес салмағының 40%: Қазақстан Оңтүстік Корея, Индонезия, Оңтүстік Африка және басқа елдерді артта қалдырды);"Тұрақтылық" қосалқы индексі бойынша 74,2 балл, 2024 жылы – 73,1 балл (үлес салмағының 35%: Қазақстан Швейцария, Жапония, Қытай, Жаңа Зеландия, Финляндия, Канада, Норвегия, Франция, АҚШ және басқа да көптеген елдердің көрсеткіштерінен асып түсті);"Тұтастық" қосалқы индексі бойынша – 81,1 балл, 2024 жылы – 80,4 балл (үлес салмағының 25%: Қазақстанның көрсеткіші Дания, Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея және басқа елдермен салыстырғанда жоғары). Халықаралық сарапшылардың ұсыныстары Өткен 2 жылдағыдай, Mercer CFA сарапшылары Қазақстанға зейнетақы жүйесін келесі бағыттар бойынша жетілдіруді жалғастыру қажет деген ұсыныс жасады:зейнеткерлердің неғұрлым осал санаттарын қолдаудың ең төменгі деңгейін арттыру;азаматтарды ерікті зейнетақы жарналарының көлемін ұлғайтуға ынталандыру;жүйенің ұзақ мерзімді әлеуетін сақтау үшін жинақтарды мерзімінен бұрын алуды шектеу;қарт азаматтардың белсенді еңбек қызметін ұзарту тетіктерін дамыту;жеке үзінді көшірмелерде салымшыларды болжамды зейнетақы төлемдері туралы хабардар ету тәжірибесін енгізу.  Жаһандық контекст 2025 жылғы рейтингте бірінші орынды Нидерланды (85,4 ұпай), одан кейін Исландия (84,0) және Дания (82,3) иеленді. Бұл елдер жыл сайын ең жоғары нәтижелерге ие болады. Биыл индекске алғаш рет төрт елдің – Кувейт, Намибия, Оман және Панаманың зейнетақы жүйелері кірді. Барлық елдер арасындағы орташа көрсеткіш 64,5 балды құрады, бұл демографиялық сын-тегеуріндер аясында зейнетақы жүйелерінің тұрақтылығы нығайып келе жатқанын  көрсетеді. MCGPI есебінде көрініс тапқан инвестициялық қызметтің маңызды аспектілері Mercer CFA Global Pension Index-тің 2025 жылғы есебінде әлем елдері жинақтардың сақталуын және Ұлттық зейнетақы жүйелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында зейнетақы қорларының инвестицияларын реттеп, шектеп отыратыны немесе басқаша әсер ететіні атап өтілді. Инвестицияларды реттеудің екі негізгі тәсілі бар:"парасатты инвестор" қағидаты – менеджерлер өз қаражаттарын басқарғандай, активтерді басқарудың белгіленген принциптерін басшылыққа ала отырып, сақтықпен әрекет етеді;активтердің нақты сыныптары және шетелдік инвестициялардың үлесіне инвестициялар бойынша шектеулер мен белгілі бір лимиттер қағидаты. Бұл ретте неғұрлым икемді реттелетін елдер рейтингте жақсы нәтиже көрсетті. Талданған 52 зейнетақы жүйесінің тек 12-сінде инвестицияларға қатаң шектеулер жоқ, олардың 9-ы рейтинг көшбасшыларының қатарына кірді. Есепте зейнетақы қорларының инвестицияларына шектеулердің екі мақсаты бар екендігі атап көрсетілген:зейнетақы жүйесінің сенімділігін және салымшылардың қаражатының сақталуын қамтамасыз ету – активтерді әртараптандыру, тәуекелдерді басқару және тәуекелді құралдарға салымдарды шектеу;жергілікті капитал нарығын нығайтуға, инфрақұрылымды дамытуға, қаржылық сауаттылықты арттыруға ықпал ететін ішкі қаржы нарықтарын дамытуды қолдау.Сарапшылардың пікірінше, шамадан тыс шектеулер кірісті төмендетіп, әртараптандыруға кедергі келтіруі мүмкін. Есепте сондай-ақ инвестициялық қызметті жүзеге асыру кезінде зейнетақы жүйесіне қатысушылардың мүдделері мен елдің ұлттық мүдделері арасындағы теңгерімді құрудың сегіз қағидаты келтірілген:салымшыларды лайықты зейнетақы табысымен қамтамасыз ету;зейнетақы активтерін сенімгерлік басқарудың адалдығы;ұзақ мерзімге негізделген кірістер мен тәуекелдердің арақатынасын ескере отырып, сенімді және ашық инвестициялық басқару;зейнетақы қорларының қаржы нарықтары мен инвестициялық мүмкіндіктерге толық қолжетімділігі;зейнетақы жүйесіне қатысушылардың мүдделерін және зейнетақы қорларының шешімдерін ескере отырып, мемлекеттің ұлттық жобаларға инвестиция салуын ынталандыру;инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейту үшін зейнетақы қорларының мемлекетпен ынтымақтастығы;мемлекеттің зейнетақы қорларының инвестициялық мүмкіндіктерін шектемей, портфельдердің құрамы, кірістілігі мен тәуекелдері туралы ақпаратты жария түрде ашу арқылы қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету;макроэкономикалық ахуалды есепке алу, яғни зейнетақы активтерінің мемлекет экономикасында елеулі рөл атқаратын кезінде өзінің фискалдық және әлеуметтік саясаты мен зейнетақы қорларының инвестициялары және олардың зейнеткерлерге әсері арасындағы өзара байланыс ескерілуі тиіс. Есепте Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметтері бойынша қаржылық қауіпсіздік халықтың жаһандық қартаюына және өмір сүру ұзақтығының ұзаруына байланысты демографиялық және экономикалық сын-қатерлерді шешуде шешуші рөл атқаратыны атап өтілді. Аталған форумда азаматтардың зейнетақы деңгейіне барынша әсер ететін 3 басым бағыт көрсетілген:- барлығына базалық (кепілдендірілген) зейнетақыны қамтамасыз ету;- тиімді басқарылатын және үнемді зейнетақы жоспарларының қолжетімділігін арттыру;- зейнетақы жарналарының мөлшерін ұлғайтуға бағытталған бастамаларды қолдау. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1126303?lang=kk
«Зейнетақы навигаторы»: Қазақстанның зейнетақы жүйесі туралы сарапшылармен эксклюзивті сұхбат 26.11.2025
«БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) мен Business FM іскерлік радиостанциясының бірлескен жобасы іске асырылды. Бағдарлама жүргізушілері Рустам Мақсұтов пен Ерланби Дәулетияр БЖЗҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сарапшыларымен бірге елдің зейнетақы жүйесіне қатысты ең өзекті тақырыптарды аудио және бейне подкаст форматында талқылады. Радио тыңдаушылар мен көрермендерге осы саладағы әлемдік үрдістер туралы баяндап, күрделі нәрселерді қарапайым және түсінікті тілде түсіндірді.  Сұхбат барысында жаһандық демографиялық трендтер, әлем бойынша жинақтаушы құрамдас бөлікке көшу, зейнетақыны ұзақ мерзімді жоспарлау, қызметкерлерді жинақтарды қалыптастыруға ынталандыру мәселелері көтерілді. Сондай-ақ, зейнетақы активтерін басқару тақырыптары, жинақтарды инвестициялық портфельді басқарушыларға беру мүмкіндіктері, инвестициялық стратегияларды қалыптастырудың жаңа ережелерін енгізу, сондай-ақ зейнетақы төлемдерінің түрлері және зейнетақы заңнамасындағы соңғы өзгерістер қозғалды. Жоба қазақстандықтардың зейнетақы жүйесі саласындағы қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Бағдарлама кәсіпкерлерге, бизнесмендерге, сондай-ақ өздерінің зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға және тиімді басқаруға мүдделі барлық адамдарға арналған. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне "Зейнетақы навигаторы" бағдарламасының бейне подкасттарын көріп шығуға кеңес береміз. Бұл – Қазақстанның зейнетақы жүйесі туралы шынайы, объективті және кәсіби материалдар дайындауға қажетті өзекті ақпаратты қайнар көзден алудың таптырмас тәсілі. Төмендегі тақырыптар бойынша түсірілген 2025 жылғы бейнеподкасттарды тиісті сілтемелерден табасыздар:Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өзекті мәселелері (Сәуле Егеубаева, "БЖЗҚ" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары) орыс тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=FdqbJ0_3fnM Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өзекті мәселелері (Мұрат Шәріпов, "БЖЗҚ" АҚ Басқарушы директоры) қазақ тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=vw24C2CQTMA&t=64s Инвестициялық қызмет (Нұржан Нұрғазин, ҚРҰБ Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары) қазақ тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=IYo6Yh2Pmog Зейнетақыны жоспарлау және оны ұлғайту жөніндегі шаралар (Айжан Темірлан, "БЖЗҚ" АҚ Стратегиялық даму департаменті Стратегия және талдау басқармасының бастығы) орыс тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=EyRFcdyWXlk Зейнетақы капиталын басқару мүмкіндіктері (Ләззат Әмірғалиева, "БЖЗҚ" АҚ Инвестициялық портфельді талдау басқармасының бастығы) орыс тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=9-Jc4pG5iAo БЖЗҚ-дан берілетін төлем түрлері (Гүлнұр Ағайдарова, "БЖЗҚ" АҚ Төлемдерді ұйымдастыру және хабарландыру департаменті Төлем әдістемесі басқармасының бастығы) қазақ тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=Eq_wL_G-02M "Зейнетақы навигаторы" бағдарламалары Business FM және БЖЗҚ YouTube арналарында, сондай-ақ Google, Yandex және iTunes подкасттарында қолжетімді. Қазақстанның зейнетақы жүйесін қалыптастыру және дамыту туралы диалогтар БЖЗҚ YouTube-каналында дәстүрге айналды. Мұнда Григорий Марченко, Болат Жәмішев, Қадыржан Дамитов, Анвар Сайденов, Елена Бахмутова және т.б. сияқты танымал қазақстандық қаржыгерлер, сондай-ақ белгілі халықаралық мамандар өз пікірлерімен бөліседі. Жаңалықтарды бірінші болып білу және сарапшылардан эксклюзивті ақпарат алу үшін БЖЗҚ-ның YouTube-арнасына жазылыңыздар. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).              Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1113227?lang=kk
Аудандағы әлеуметтік- экономикалық бағытындағы бірқатар маңызды мәселелер талқыланды 26.11.2025
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен кезекті мәжіліс өтті. Жиында Үкімет басшысы және облыс әкімінің қатысуымен өткен мәжілісте қаралған екі негізгі мәселе – трансшекаралық хабтарды дамыту және қалдықтарды басқарудың 2026–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы қозғалды.Сондай-ақ ауданда атқарылатын «Таза Қазақстан» акциясы аясында санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының сапалы әрі тұрақты жүргізілуі қажет екені айтылып, барлық сала басшыларына бақылауды күшейту жүктелді.Жиында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесі де қаралды. Осыған сәйкес аудан басшысы тиісті бөлімге баға мониторингін күшейтуді, заңнамаға сай бақылау шараларын жүргізуді тапсырды.Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі мәселелері де назарда екені айтылып, аудан аумағындағы өрт кезеңіне дайындық, өрт сөндіру бекеттерінің жұмысын күшейту, техникалардың дайындығын тексеру жөнінде тапсырмалар берілді.Мәжіліс соңында аудан әкімі алдағы атқарылатын жоспарларға тоқталып, тұрғын үйлердің, әлеуметтік нысандардың, оның ішінде білім беру ошақтарының жай-күйі қатаң бақылауда болуын тапсырды.«Халыққа қызмет ететін әрбір нысанның қауіпсіздігі мен жағдайы – менің жеке бақылауымда. Нысандарды өзім де тұрақты аралап отырамын», – деді Жандос Еркінбек.Берілген тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуы барлық бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне жүктелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1113147?lang=kk
Жаңа Салық кодексіндегі өзгерістер 26.11.2025
2025 жылғы 25 қарашада Самар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы алаңында жаңа Салық кодексіндегі өзгерістерге арналған Ашық есік күні өтті.Іс-шара барысында келесі мәселелер бойынша кеңейтілген түсініктемелер берілді:әлеуметтік салық;шағын және орта бизнеске арналған арнайы салық режимдері (СНР);корпоративтік табыс салығы (КТС);қосылған құн салығындағы (ҚҚС) өзгерістер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1113160?lang=kk
Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың Халықаралық күні жыл сайын 25 қарашада атап өтіледі. 26.11.2025
Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың Халықаралық күні жыл сайын 25 қарашада атап өтіледі. Ол 1998 жылы 29 шілдеде Қазақстан Республикасы ратификациялаған Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы Конвенцияның ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Курчатов қаласының аумағында "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн"акциясы өткізіледі.Акцияның негізгі мақсаты халықтың қалың жігін әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу жөніндегі шаралармен таныстыру, аталған проблемаға қоғам назарын аудару болып табылады. Егер сіз бірінші қауіп кезінде гендерлік, жыныстық немесе тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне тап болсаңыз, Курчатов қ. ПБ нөмірі 3-38-02 немесе сенім телефоны (вотсап) 8-747-542-06-16 арқылы хабарласыңыз. Егер сіз полицияға баруға дайын болмасаңыз, онда "Nur Otan" партиясына 3-48-76, "аналар кеңесі", "Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссия" +7 705 155 85 18 телефондары арқылы хабарласуға болады, онда сізге психологиялық және құқықтық қолдау көрсетіледі. Сізден талап етілетін нәрсе — тек көмек сұрау.Сіздің басты міндетіңіз – зиянды әсерден аулақ болу және өзіңізді және жақындарыңызды қорғау. Бұл жолдағы алғашқы қадам – тұрмыстық зорлық-зомбылық "отбасылық іс" немесе тұрмыстық жанжал емес, ауыр қылмыс екенін түсінуАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1113165?lang=kk
Құрметті Жетісу облысының бизнес өкілдері! 26.11.2025
2025 жылдың 27 қарашасында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова бизнес өкілдерімен кездесу өткізеді және азаматтарды жеке қабылдайды.Өтетін орны: Жетісу облысы, “Тіл сарайы” Қаратал ш.а. 36, 2-қабатХалықпен және бизнес өкілдерімен кездесу сағат 15:00 - 16:30;Азаматтарды қабылдау – сағат 16:30 - 17:00;Сіз Сауда және интеграция бірінші вице-министрімен кездесуде сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды WhatsApp-қа жібере аласыз: +7 701 786 3919 (СИМ).Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін мына телефонға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 701 786 3919 (Азиза Нұрпейісова).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1113142?lang=kk
2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы демографиялық жағдай туралы 26.11.2025
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Абай облысының халық саны 597,3 мың адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 374,4 мың адам (62,7%), ауыл тұрғындары – 222,9 мың адам (37,3%). 2025 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 5,5 мың адамға немесе 0,9%-ға азайды.Халықтың табиғи қозғалысыАбай облысы бойынша 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында халықтың табиғи өсімі 2229 адамды құрады, бұл 2024 жылдың қаңтар-қыркүйегімен (3142 адам) салыстырғанда 29,1%-ға аз. Халықтың табиғи өсімінің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 4,98 адамды құрады.АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілеріндегі мәліметтерге сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында туғандар саны 6200 адамды құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (7231 адам) 14,3%-ға аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,84 туғанды құрады.Есепті кезеңде қайтыс болғандар саны 3971 адамды құрады, бұл 2024 жылдың қаңтар-қыркүйегімен (4089 адам) салыстырғанда 2,9%-ға аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 8,86 қайтыс болғанды құрады.2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында облыста 1 жасқа дейінгі 37 сәби өлімі тіркелді, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (58 сәби) 36,2%-ға азайды. Сәбилер өлімінің коэффициенті 1000 туғанға шаққанда 5,97 жағдайды құрады.Халықтың көші-қоныКөші-қон қызмет органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында облысқа келгендер саны – 23624 адам, облыстан кеткендер саны – 31393 адам болды. Сыртқы және ішкі көші-қон нәтижесінде 7769 адамдық теріс сальдо қалыптасты.Негізгі сыртқы көші-қон алмасуы ТМД елдерімен жүреді. ТМД елдерінен келгендер саны – 68 адам немесе жалпы мигранттардың 66%-ы, кеткендер – 140 адам немесе 89,7%-ы. Келгендер мен кеткендердің негізгі бөлігі Ресей Федерациясына тиесілі.Алыс шетелдермен көші-қон бойынша оң сальдо қалыптасты: облысқа 35 адам келді, 11 адам кетті.Өңіраралық көші-қон бойынша келгендер саны – 9947 адам, кеткендер – 17663 адам, теріс сальдо – 7716 адамды құрады._________________________________________________________________________________________________________________Әдіснамалық түсіндірмелерХалықтың табиғи өсімі - белгілі бір кезеңде тірі туылғандар мен өлгендер санының арасындағы  айырмашылығына тең. Халықтың табиғи қозғалысы жөніндегі деректер АХАТ органдарында тіркелген азаматтық хал актілерінің жазулары негізінде жиналады және өңделеді. Туылғандар санына тек тірі туылғандар енгізілген.Туудың жалпы коэффициенті - бала туылу қарқындылығының барлық халыққа қатынасы бойынша анықталатын көрсеткіш. Кезең бойына тірі туылғандардың жалпы санының халықтың кезеңдік орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте, 1000 халыққа  шаққанда есептеледі.Өлімнің жалпы коэффициенті - халықтың өлімінің қарқындылығын анықтайтын көрсеткіш. Кезең бойына өлгендердің жалпы санының халықтың кезеңдік орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте 1000 халыққа шаққанда есептеледі.Нәресте өлімінің коэффициенті - 1 жасқа дейінгі балалар өлімінің деңгейін анықтайтын көрсеткіш. 1 жасқа дейінгі өлгендер саны тірі туылғандар санына қатынасымен есептеледі. Нәрестелер өлімі коэффициенті 1000 тірі туғандарға  есептелінеді.Халықтың көші-қоны - тұрған жерін ауыстыруға байланысты қандайда болса өңірдің шекарасы арқылы адамдардың (көшіп-қонушылардың)  орын ауыстыруы.Көшіп-қонушы - тұрақты тұратын жерін ауыстырумен көші-қон жасайтын адам.Келгендер саны - есепті кезеңде сырттан осы өңірге көшіп келген адамдар саны.Кеткендер саны – есепті кезеңде сыртқа осы өңірден көшіп кеткен адамдар саны. www.stat.gov.kz / Официальная статистика / По отраслям / Демографическая статистикаӘлеуметтік және демография статистикасы бөлімінің  басшысы: С.А. КондратьеваТел. +7 7222 36-25-49Мекен-жайы:180000, Cемей қаласыМәңгілік ел көшесі, 25 © Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1113105?lang=kk
Алматы облысы, Балқаш ауданының әкімдігі (мекен-жайы: 040300, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі 64) 10 жыл мерзімге жалға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін төмендегі тізімде көрсетілген лоттарға сәйкес конкурс өткізетіндігін хабарлайды. 26.11.2025
Алматы облысы, Балқаш ауданының әкімдігі (мекен-жайы: 040300, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі 64) 10 жыл мерзімге жалға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін төмендегі тізімде көрсетілген лоттарға сәйкес конкурс өткізетіндігін хабарлайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balkhash-zhideli/press/news/details/1113044?lang=kk
Жиделі ауылдық округінің ақсақалдар алқасы кеңесінің құрамын қайта құру бойынша жиын өткізілді. 26.11.2025
Жиделі ауылдық округінің ақсақалдар алқасы кеңесінің құрамын қайта құру бойынша жиын өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balkhash-zhideli/press/news/details/1113013?lang=kk
Сайлау және сайлаушылардың Конституциялық құқығы 26.11.2025
2025 жылғы 26 қарашада каскадтық оқыту жоспарына сәйкес «Сайлау және сайлаушылардың Конституциялық құқығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға Курчатов қаласының Тілдерді оқыту орталығының тыңдаушылары (сайлаушылар) қатысты. Кездесу барысында сайлау құқығының негізгі қағидаттары, сайлаушылардың құқықтары талқыланып, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, пікір алмасу жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1113024?lang=kk
Қазақстан мен Вануату цифрлық шешімдер саласындағы әріптестік үшін негіз жасайды 26.11.2025
Бангкок, 2025 жылғы 26 қараша - БҰҰ АзТМЭӘК штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Вануату коммуникациялар және цифрлық трансформация департаменті арасында АКТ және электрондық үкімет саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.Қазақстан тарапынан аталған Меморандумға Таиландтағы Қазақстанның Елшісі, БҰҰ АзТМЭӘК жанындағы Тұрақты Өкілі Марғұлан Баймұхан қол қойды. Құжат цифрлық инфрақұрылым, цифрлық мемлекеттік қызметтерді енгізу, тәжірибе және озық практикалармен алмасу саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ кадрлық әлеуетті дамыту және технологиялар трансферті бойынша бірлескен жобаларды жүргізуді көздейді. Заманауи цифрлық шешімдерге ие және мемлекеттік басқаруды жаңғыртуда елеулі тәжірибесі бар Қазақстан Вануату серіктестеріне консультациялық және технологиялық қолдау көрсетуге дайын.Қазақстанның Таиландтағы Елшісі, БҰҰ АзТМЭӘК жанындағы Тұрақты Өкілі М.Баймұхан Меморандумға қол қою екі мемлекет арасындағы цифрландыру саласындағы ұзақ мерзімді және өзара тиімді әріптестіктің негізін қалайды деп атап өтті.Өз сөзінде БҰҰ АзТМЭӘК жанындағы Вануатуның Тұрақты өкілі Мэтью Хервиллард бұл әріптестік Вануату үшін Қазақстан көптеген жылдар бойы жинақтаған дәлелденген тәжірибе мен озық цифрлық мүмкіндіктерді пайдаланудың маңызды мүмкіндігін білдіретінін атап өтті.Екі тарап та ынтымақтастықты ұйымдастыруға жәрдемдескені үшін БҰҰ АзТМЭӘК-на алғыс білдірді. Ұйымның мемлекетаралық байланыстарды нығайтудағы жетекші рөлінің арқасында екі ел сындарлы диалог құрып, осы екіжақты құжатқа қол қоюға қол жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1112978?lang=kk
Құрметті салық төлеуші (салық агенті)! 2026 жылға салықтық есептілігін табыс ету бойынша. 26.11.2025
Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 1 қантардан бастап жаңа Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы  12.11.2025 года № 695 бұйрығымен 2026 жылға арналған салық есептілігінің нысандары олардың жасалу барысын және оларды ұсыну қағидаларынтүсіндіре отырып бекітілгенін   хабарлаймыз.Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы  12.11.2025 года № 695 бұйрығымен 2026 жылға арналған 328.00 «Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш» нысаны бойынша салық есептілігі  бекітілді.Есептіліктің жаңа нұсқасын жариялау туралы «Салық төлеушінің кабинеті», «СТ СЕӨЖ» АЖ-да жүйелік жаңалықтар арнасында, сондай-ақ уәкілетті органдардың (kgd.gov.kz) интернет-порталында хабардар боласыз.Осыған байланысты, салық міндеттемелерін уақытылы орындау мақсатында салықтық есептілігінің жаңа нұсқасын жариялау алдында, салықтық есептілігін табыс ету кезінде Салық төлеушінің кабинетінде, «СТ СЕӨЖ» АЖ-да және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (kgd.gov.kz) веб-порталында қолжетімді нысандар қолданылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1112994?lang=kk
Ұландықтарға «Сарбаз 2.0» бағдарламасы аясында тағы 400 білім сертификаты берілді 26.11.2025
Астанада ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілеріне «Сарбаз 2.0» республикалық бағдарламасының қорытындысы бойынша білім гранттарын табыстау рәсімі өтті.Биыл ұландықтарға жалпы саны 1300-ге жуық білім гранты берілді, соның ішінде 15 сертификат осы салтанатты рәсімде табысталды.Сонымен қатар  «Синергия» университетінің өкілдері офицер-магистранттарға қосымша 5 грант бөлді.Сертификаттарды ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков табыстады. Ол бұл жобаның жас әскери қызметшілердің болашағы үшін үлкен мүмкіндік екенін атап өтті:— Биылғы шақырылымдағы республика бойынша 400 ұландық, оның ішінде елордалық бригаданың 48 өкілі еліміздің жоғары оқу орындарында тегін білім алуға мүмкіндік беретін сертификаттарға ие болды. Бұл – жай ғана марапат емес. Бұл – сіздердің қызметтегі үлгілі тәртібіңізге, білімге деген ұмтылысыңызға және жоғары нәтижелеріңізге берілген баға. Мемлекет жастарға, әскер мектебінен абыроймен өткен азаматтарға сенім артады. Сенім үдесінен шығып, сапалы білім алып, ел дамуына үлес қосып, кейінгі буынға үлгі болатыныңызға сенемін, — деді А. Балтабеков.Әскер мен еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы серіктестік 2023 жылдан бері жүзеге асып келеді. Келісімдерге сәйкес, мерзімді әскери қызметін абыроймен өткерген азаматтар мемлекеттік білім гранттарына қол жеткізе алады. Бұған қоса, байқау жеңімпаздарына шәкіртақы, жатақханада тегін тұру және әскери кафедраға конкурстан тыс қабылдану құқығы беріледі.Биыл құқықтық тәртіп әскері қатарындағы төрт мыңға жуық мерзімді қызмет сарбазы байқауға қатысуға өтінім берді. Олардың ішінен жауынгерлік дайындық, тәртіп және арнайы тапсырмаларды орындау көрсеткіштері бойынша үздік нәтиже көрсеткендер жеңімпаз атанды. Гранттардың бөлінуін қорытынды рейтинг айқындады.5573 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Сұңғат Шәмші өз әсерімен бөлісті:«Қызмет пен оқу барысындағы жетістіктерім маған осы мүмкіндікті берді. Енді білімімді жалғастырып, Ел игілігі үшін қызмет еткім келеді».Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанның 70-тен астам жоғары оқу орны байқау жеңімпаздарын қабылдауға қатысты меморандумдарға қол қойған.Білім гранттарын табыстау рәсімі құқықтық тәртіп әскері қатарында қызмет етудің беделін арттырып қана қоймай, жас сарбаздардың жеке және кәсіби дамуына кеңінен жол ашатын маңызды ынталандыру тетігіне айналды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1113000?lang=kk
Жыл басынан бері қазақстандықтар ауылшаруашылық жәрмеңкелерінен 7,9 мың тонна өнім сатып алған 26.11.2025
Өткен демалыс күндері еліміздің барлық өңірінде республикалық ауылшаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Іс-шараға 1300-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші мен кәсіпкер қатысып, жәрмеңкелерге келгендердің жалпы саны 170 мыңға жуықтады. Негізгі сұраныс ет өнімдеріне бағытталды. Барлығы 300 тоннадан астам ет сатылды. Сиыр еті бағасы келісіне 2 500–3 500 теңге аралығында болды.Астанада жәрмеңке барысында 20 тонна сиыр еті 3 000–3 500 теңгеден сатылды. Сонымен қатар 1 тонна құс еті (1 500 тг/кг), 1 тонна ұн (280 тг/кг), 0,5 тонна макарон (300 тг/кг), 0,5 тонна күріш (400 тг/кг) және 0,2 тонна қарақұмық (250 тг/кг) саудаланды. Күнбағыс майы 900 теңгеден 0,1 тонна, ал сары май 4 000–4 200 теңгеден 0,2 тонна көлемінде сатылды. Алматы қаласының тұрғындары шамамен 20 тонна ет өнімдерін сатып алды. Шымкентте жәрмеңкеге 258-ге жуық кәсіпкер қатысты. Олардың қатарында Түркістан облысының ет өндірушілері, көтерме жеткізушілер және шаруа қожалықтары болды. Тұрғындар әлеуметтік маңызы бар сиыр еті бағасының қолжетімді екендігін атап өтті. Сонымен бірге барлық санаттағы сиыр етіне, соның ішінде жұмсақ бөліктеріне де бағаны төмендету жөнінде ұсыныстар білдірілді. Басқа әлеуметтік тауарлар бойынша бағалар нарықтық және бөлшек сауда желілеріне қарағанда әлдеқайда қолайлы деп бағаланды.Республика бойынша өткен жәрмеңкелерде ет өнімдерімен қатар көкөністер, жеміс-жидек, жарма түрлері және сүт өнімдері ұсынылды. Ең қолжетімді тауарлар картоп, сәбіз және пияз болды. Картоптың орташа бағасы – 200 теңге, сәбіз – 250 теңге, пияз – 220 теңге. Келушілер жәрмеңкенің ыңғайлылығын, бағаны салыстыру мүмкіндігін және сапалы өнімді төмендетілген бағамен алу артықшылығын атап өтті.Батыс Қазақстан облысында ауылшаруашылық жәрмеңкелері екі орында өтті. Өңірдің тауар өндірушілері ұсынған өнім қатарында кондитерлік және шұжық өнімдері, күнбағыс майы, сүт тағамдары, жұмыртқа, бал және басқа да тауарлар болды. Шаруа қожалықтары картоп, құс еті, үйрек, қаз, түйетауық, сондай-ақ сиыр, жылқы және шошқа етін саудалады. Барлық өнім жоғары сапасымен және қолжетімді бағасымен ерекшеленді. Мәселен, сиыр және жылқы еті 2 700–2 800 теңгеден, картоп 130 теңгеден, пияз бен қырыққабат 100 теңгеден, С1 санатындағы жұмыртқа 52 теңгеден ұсынылды.Өскемен қаласында сенбі күні бес ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Марқакөл ауданынан келген фермерлер 2 тонна сиыр етін 3 000 теңгеден, 3 тонна жылқы етін 2 800 теңгеден және 3 тонна қой етін 3 200 теңгеден жеткізді. Бұдан бөлек, бал, сүт өнімдері, ірімшік, сары май және басқа да тауарлар да тиімді бағамен сатылды. Қаланың өзге жәрмеңкелерінде де түрлі ет өнімдері, сүт тағамдары, бал, көкөніс, жеміс-жидек және табиғи өнімдер кеңінен ұсынылды. Бір күн ішінде шамамен 5 тонна сиыр еті, 4 тонна жылқы еті, 5 тонна қой еті, 10 тонна көкөніс, 2 тонна құс еті және бірнеше тонна басқа да ауылшаруашылық өнімдері сатылды.Жәрмеңкелердегі бағалар нарықтық деңгейден төмен болды: картоп – 200 теңге, сәбіз – 150 теңге, қырыққабат – 140 теңге.Жыл басынан бері елімізде 504 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп, онда жалпы көлемі 7,9 мың тонна өнім 5,3 млрд теңгеге саудаланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1113010?lang=kk
Әскери ғалым атындағы аудитория ашылды 26.11.2025
Ұлттық қорғаныс университетінің Ұлттық ұлан факультетінде еліміздің әскери ғылымына елеулі үлес қосқан көрнекті ғалым полковник Қанат Төлеңгітовтің есімі берілген оқу аудиториясы ашылды. Іс-шараға Ұлттық ұлан қолбасшылығы, әскери білім ордасының басшылығы, құқықтық тәртіп әскерінің ардагерлері, ғалымның әріптестері мен шәкірттері, отбасы мен жақындары қатысты.Ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары генерал- полковник Руслан Жақсылықов, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Бауыржан Әбжанов, Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков және басқа да қызметтес болған әскери қайраткерлер естеліктерімен бөлісті.- Қанат Файзрахманұлын әскери педагогика саласының белсенді архитекторы деп есептеймін. Оның идеялары, еңбектері мен оқу-зерттеулері, әскери ғылымға деген көзқарасы - кадрлық офицерлер даярлау жүйесіне тірек болды деп нық сеніммен айтуға болады. Сондықтан да, ғалымның есімін ұлықтауды - оның кәсіби мұрасын жас буынға үлгі ету және ел мүддесіне адал қызмет етудің құндылығын дәріптеу деп түсіну керек, - деді генерал-майор Б.Әбжанов.Ғалым атын иеленген аудиторияда полковник Қанат Төлеңгітовтің ғылыми еңбектері, әскери қызметтегі жетістіктері мен өмір жолы туралы баяндалған тақта орналастырылған. Аталмыш аудитория болашақ офицерлерді даярлау ісінде, ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізуде және әскери-патриоттық тәрбиені нығайтуда маңызды рөл атқаратын болады.Айта кетелік, полковник Төлеңгітов Қанат Файзрахманұлы — педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор,  Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының мүшесі, Ресей Федерациясы Әскери Ғылым Академиясының мүшесі. 2008-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер комитетінің (қазіргі Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының) Жауынгерлік даярлық басқармасы оқу және ғылыми жұмыс бөлімінің бастығы қызметін атқарған. Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясының, Ұлттық қорғаныс университетіндегі Ұлттық ұлан факультетінің ашылуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқан. 100-ден аса ғылыми зерттеулердің авторы. Еңбектері әскери білім беру саласында бүгінгі күні де тиімді қолданылуда. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1113012?lang=kk
2025 жылғы 25 қарашада Алтай ауданы мәслихатының кезектен тыс отыз төртінші сессиясы ZOOM форматында өтті. 26.11.2025
 Отырыс барысында депутаттар күн тәртібіне енгізілген бірнеше маңызды мәселелерді қарастырды:Алтай ауданында оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолданған кезде салық мөлшерлемелерін төмендету туралы.Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтарға бөлінген жерлер үшін жер салығының базалық ставкаларын арттыру туралы.Алтай ауданы бойынша жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы.Алтай ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жеке құрамы туралы.2016 жылғы 10 маусымдағы № 4/4-VI «Алтай ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының жеке құрамын бекіту туралы» мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы.2025 жылғы 8 мамырдағы № 28/18-VIII «Алтай ауданының терроризмге қарсы комиссиясының жеке құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.2015 жылғы 13 наурыздағы № 40/9-V «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның жеке құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1112919?lang=kk
«Халықтық заңгер» 26.11.2025
Құрметті ауыл тұрғындары мен қонақтары!2025 жылғы 27 қарашада, сағат 16:00-де Қоржинкөл ауылдық округінде, Лесное ауылы, Қоржинкөл жалпы білім беретін мектеп «Халықтық заңгер» акциясы аясында азаматтарды қабылдау өтеді.Сондай-ақ 28 қарашада, сағат 16:00-де Қосарал ауылдық округінде, Кенерал ауылы, Кенерал жалпы білім беретін мектеп қабылдау жалғасады.Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Әрбір азамат еліміздің тәжірибелі заңгерлерінен қажетті кеңесті тегін ала алады. Олардың қатарында адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және өзге де мамандар бар.Байланыс телефоны: 22-0-65 (Фёдоров аудандық прокуратурасы)Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1112956?lang=kk
Қазақстанда «Жасанды интеллект туралы» Заң қабылданды 26.11.2025
Қостанай облысы әкімдігінің цифрландыру басқармасының басшысы Азамат Кашиев Қазақстан Республикасы Президентінің Орталық Азияда және елімізде алғаш рет «Жасанды интеллект туралы» Заңға қол қоюына байланысты өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарына түсініктеме берді.Пікір білдіру барысында жаңа заң цифрлық технологияларды жауапты әрі қауіпсіз дамыту жолындағы маңызды қадам екені атап өтілді.Құжат жасанды интеллектті экономикаға, мемлекеттік қызметтерге және әлеуметтік салаға енгізуге құқықтық негіз қалыптастырады. Сондай-ақ авторлық құқық мәселелеріне ерекше назар аударылды.Ведомство басшысы нейқауіпсіздік жүйесіндегі жіктеу мәселесіне тоқталып, негізгі терминдерді түсіндіріп, ұлттық платформаны дамыту келешегін талқылады.Азамат Кашиев өңірлік органдар жаңа нормативтік талаптарға сәйкес ақпараттық жүйелерді бейімдеуге дайындықты бастап кеткенін атап өтті. Сонымен бірге жасанды интеллект технологияларын өмірдің өзге салаларына енгізу мәселелері де қарастырылып жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1112881?lang=kk
Қазақстан Елшісі Лунд қаласына жұмыс сапарымен барды 26.11.2025
25 қараша ж., Лунд қ. – Қазақстан мен Швеция арасындағы өңірлік ынтымақтастықты дамыту шеңберінде Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Елшісі О.Сүлейменов Лунд қаласына жұмыс сапарымен барды.Сапар бағдарламасы Елшінің Лунд қаласының мэрі А.Алмгренмен кездесуінен басталды. Әңгімелесу барысында ынтымақтастық перспективалары, орнықты және «ақылды» қалалық шешімдерді енгізу, жасыл технологиялар мен инновациялық инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды. Екі елдің технологиялық парктері мен инновациялық экожүйелері арасындағы ықтимал өзара іс-қимылға, оның ішінде іскерлік, зерттеу және білім беру іс-шараларын ұйымдастыруға ерекше назар аударылды.Бұдан әрі Қазақстан Елшісі Лунд университетінің профессорларымен келіссөздер жүргізді. Лунд университеті гидрология, су ресурстарын басқару, гидрологиялық модельдер және климаттық аналитика салаларында Еуропаның жетекші ғылыми орталықтарының бірі болып табылады. Оның зерттеу топтары су мониторингінің цифрлық технологияларын әзірлеу, су тасқынын болжау және гидрологияда жасанды интеллектті қолдану бағыттарында алдыңғы позицияларды иеленеді.Талқылау барысында тараптар су технологиялары, климаттық зерттеулер, цифрлық аналитика және кадрлар даярлау салаларындағы ынтымақтастықтың айтарлықтай әлеуетін атап өтті. Академиялық ұтқырлықты кеңейту және су секторын цифрландыру жөніндегі перспективалық бастамаларды қоса алғанда, бірлескен зерттеу жобаларын іске асыру мәселелері жеке қарастырылды.Сапардың қорытынды бөлімінде Елші Лунд университетінің қазақстандық магистранттары және докторанттарымен кездесті. Академиялық бейімделу, студенттердің ғылыми және мәдени бастамаларға қатысуы, сондай-ақ олардың Елшілікпен одан арғы өзара іс-қимылы мәселелері талқыланды.Сапар қорытындылары бойынша академиялық, муниципалдық, инновациялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара қызығушылық расталды. Анықтама: Лунд университеті 1666 жылы құрылған, қазіргі Швеция аумағындағы екінші ежелгі университет. Университетте жеті факультет бар, онда 50 түрлі мамандық және 800 жеке курс шеңберінде 34 мыңнан астам студент білім алады. Лунд университеті кең ауқымды ғылыми зерттеулер жүргізетін университеттерді біріктіретін Universitas21 әлемдік желісінің құрамына кіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-stockholm/press/news/details/1112872?lang=kk
«Салық төлеушілердің таратылуы, қайта ұйымдастырылуы және қызметін тоқтатуы кезінде салықтық міндеттемені орындаудың кейбір мәселелері туралы» № 654 бұйрық бойынша түсіндіру 26.11.2025
Бірқатар БАҚ-та жарияланған материалдарда Қаржы министрінің «Салық төлеушілердің таратылуы, қайта ұйымдастырылуы және қызметін тоқтатуы кезінде салықтық міндеттемені орындаудың кейбір мәселелері туралы» №654 бұйрығы заңнамаға қайшы келеді және компания құрылтайшыларына жаңа міндеттер жүктейді деген пікір айтылды. Осыған байланысты МКК ресми түсініктемесін жариалауда. №654 бұйрық ешқандай жаңа талап енгізбейді. Бұл бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Салық кодексінің нормаларын іске асыру үшін қабылданған. Онда компаниялар жойылғанда немесе қызметін тоқтатқанда салықтық міндеттемелерді қалай орындауы керектігі айқындалған. Негізгі қағида бұрынғыдай қалады:🔹 компанияның салықтық берешегі болса – ол Салық кодексінде көзделген тәртіппен өндіріледі; 🔹 компания мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда – құрылтайшылардың жауапкершілігі тек Қазақстан Республикасының заңдарымен тікелей белгіленген жағдайларда ғана туындайды. Бұл қағида бұрыннан бар – Салық кодексінде, Азаматтық кодексте және Банкроттық туралы заңда көрсетілген. №654 бұйрық осы нормаларды қайталайды және мемлекеттік кірістер органдарының өкілеттіктерін кеңейтпейді. Құрылтайшы қашан жауапкершілікке тартылады.Құрылтайшы субсидиарлық (бірлескен) жауапкершілікке тек ұйым банкрот деп танылғаннан кейін және нақты құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда тартылады, мысалы:- ұйымды әдейі банкроттыққа әкелу;- мүлікті шығару немесе жасыру;- таратылатын компанияның құжаттарын тапсырмау;- мүлкі жеткіліксіз кезде сотқа банкроттық туралы өтініш бермеу. Неліктен түсінбеушілік пайда болды.Кейбір жарияланымдар бұйрықтың бір тармағын құрылтайшылардың жауапкершілігін кеңейтеді деп түсіндірді. Алайда бұл тармақ Салық кодексінің 75-бабының нормаларын ғана қайталайды және қолданыстағы ережелерді өзгертпейді. Маңызды ақпарат✔ №654 бұйрық заңды бұзбайды және құрылтайшыларға жаңа міндеттер жүктемейді.✔ Ол мемлекеттік кірістер органдарына жаңа өкілеттік бермейді.✔ Ол тек бұрыннан заңдарда бекітілген рәсімдерді жүйелейді және нақтылайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1112850?lang=kk