Жаңалықтар
Солтүстік Қазақстан облысында әскери қызметшілердің мектеп оқушыларымен және жұмысшы жастармен кездесулері өтті 22.11.2025
Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы Солтүстік Қазақстан облысында «Біртұтас ел – біртұтас жер» акциясы аясында бірқатар іс-шаралар өткізді. Топ құрамында бейінді департаменттердің өкілдері және ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының қызметкерлері бар.Петропавл қаласында әскерге шақырылушыларды шығарып салу рәсімі, аумақтық қорғаныс бойынша бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, сондай-ақ ірі кәсіпорындардың жұмысшы жастарымен кездесулері ұйымдастырылды. Қала мектептерінде офицерлер жоғары сынып оқушыларына әскери оқу орындарына түсу тәртібі және әскери борышын өтегендерге берілетін жеңілдіктер туралы айтып берді.– Мерзімді қызмет борышыңды өтеу ғана емес, ол білім алу мен жұмыспен қамтуға жол ашатын мүмкіндік, – деп атап өтті полковник Мұрат Ағыбаев.Новоникольск және Бескөл ауылдарында әкімшілік пен білім бөлімі өкілдерімен әскери-патриоттық тәрбие мәселелері талқыланды және оқушылармен кездесулер өтті. Әскери-тарихи музейдің қызметкерлері Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме экспозициясын және Қарулы күштер туралы бейнематериалдарды көрсетіп, орталықтың шығармашылық ұжымы концерт қойды.Қорғаныс министрлігінің офицерлері жергілікті БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, жергілікті әскери басқару органдарының қызметкерлеріне видеоконференция арқылы сабақ өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1110436?lang=kk
Облыстың барлық аудандарында жол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жалғасуда 22.11.2025
Өңірде көше-жол желесін жаңарту бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары тек қалаларда ғана емес, ауылдық елді мекендерде де жүзеге асырылуда. Бұл тәсіл қала мен ауыл тұрғындары арасындағы өмір сүру деңгейіндегі алшақтықты азайтып, сапалы инфрақұрылымға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.Қаржыландыру көлемінің айтарлықтай өсуіСоңғы үш жылда жол жөндеу жұмыстарына бөлінетін қаражат көлемі едәуір өсті.2022 жылы осы мақсаттарға 8,5 млрд теңге бөлінген.2023–2024 жылдары қаржыландыру жыл сайын 20 млрд теңгеге дейін өсті.Биылғы жылы 103 елді мекенде 400-ден астам көшені жөндеуге 29 млрд теңге бағытталған, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 3,6 есе көп.Қаржыландыру көлемі бойынша өңір елімізде көшбасшылардың қатарында, кейбір өңірлерді 9 есеге дейін озып отыр.Облыс орталығындағы жұмыстарАрнайы назар облыс орталығына аударылған. 2024 жылы Қостанай қаласының көшелері мен аула аумақтарын жөндеуге 8,2 млрд теңге бөлініп, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есе, ал 2022 жылмен салыстырғанда 3,6 есе көп.Жөндеу жұмыстары 85 көше бойында, жалпы ұзындығы 51 км көлемінде жүргізілді.Ірі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуыӨңірде республикалық маңызы бар жолдарда да жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Орталық–Батыс» жобасы жүзеге асырылуда — Астанадан Арқалық, Торғай, Иргиз арқылы Транскаспий халықаралық дәлізіне шығатын жаңа маршрут салынады.Жаңа бағыт 560 км қысқартады және 13 елді мекенді, шамамен 70 мың адамды қамтиды.Сонымен қатар, Арқалықтан Ұлытауға қарай жол жөндеу жұмыстары аяқталуда, қала әуежайын қалпына келтіру жұмыстары да жүргізілуде.Жыл қорытындылары және экономикалық әсеріЖалпы, биыл облыстың жол жағдайын жақсартуға 103 млрд теңге бөлініп, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 40% артық (2024 жылы — 73,8 млрд теңге). 1 300 км автожолдар жөнделді.Жол инфрақұрылымын дамыту тек жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, азаматтар мен бизнес үшін ыңғайлы жағдай жасайды. Оның үстіне, көлік ағынына оң әсерін тигізіп отыр: ағымдағы жылдың он айында жүк тасымалы көлемі 33,9% өсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1110434?lang=kk
Қазақстан мен Еуропалық одақ парламенттік ынтымақтастық комитетінің 22-отырысында диалогты нығайтты 22.11.2025
Брюссель, 2025 жылғы 20 қараша – Брюссельде «Қазақстан Республикасы – Еуропалық одақ» Парламенттік ынтымақтастық комитетінің (ПЫК) 22-отырысы өтті. Іс-шараның ұйымдастырылуы 2015 жылғы 21 желтоқсанда Астанада Қазақстан Республикасы мен ЕО және оның мүше мемлекеттері арасында қол қойылған Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің (КӘЫК) 10 жылдық мерейтойының қарсаңына сәйкес келді. Сол уақыттан бері бұл құжат саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларды, сондай-ақ парламентаралық байланыстарды қамти отырып, қазақстан-еуропалық стратегиялық әріптестікті нығайтуға арналған құқықтық негіз ретінде тиімді қызмет етіп келеді.ПЫК жұмысына тең төрағалар ретінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан және Еуропалық парламенттің Орталық Азиямен байланыстар жөніндегі делегациясының жетекшісі Джузи Принчи қатысты.Отырыс ашылуында тең төрағалар Қазақстан мен ЕО арасындағы стратегиялық әріптестіктің тұрақты сипатын атап өтіп, соңғы жылдары оның сапалы жаңа деңгейге көтерілгенін жеткізді. Сондай-ақ Астана мен Брюссель арасындағы реформалар, экономиканы трансформациялау және Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды жаңғырту мәселелері бойынша диалогтың айтарлықтай кеңейгені ортақ түрде атап өтілді.КӘЫК-тің практикалық іске асырылуы экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашатынына, кәсіпкерлік, инвестициялар және инновациялардың дамуына қуатты серпін беретініне ерекше назар аударылды.Дж.Принчи Еуропалық одақ Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға «айрықша мән» беретінін, әрі Қазақстанның «Еуропа үшін сенімді саяси әріптес» екендігін атап өтті. Ол жаһандық өзекті сын-қатерлер, соның ішінде климаттың өзгеруі, технологиялардың дамуы, орнықты өсімді қамтамасыз ету және басқа да мәселелер бойынша орнаған ашық әрі мазмұнды диалогты құптады.Еуропалық делегация басшысы Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды оң бағалап, еліміздегі институционалдық өзгерістер үдерісіне ЕО тарапынан әрі қарай да қолдау көрсетуге дайын екенін растады.Гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты тереңдету тұрғысынан Дж.Принчи қазақстандық және ЕО елдерінің университеттері мен ғылыми институттары арасындағы академиялық байланысты нығайтуға толық қолдау білдіріп, бұл бағыттағы өзара іс-қимылдың зор әлеуетін атап өтті.Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударды. Ол тұрақты кездесулер, тәжірибе алмасу және депутаттар арасындағы тікелей диалогтың арқасында нығайып келеді. Парламенттік дипломатия сенім қалыптастыруда, реформаларды қолдауда, демократиялық институттарды ілгерілетуде және халықтар арасындағы түсіністікті кеңейтуде маңызды рөл атқаратыны атап өтілді. Тараптар парламенттік комитеттердің жұмысын жандандыруға, тақырыптық алмасуларды кеңейтуге және көпжақты форматтардағы үйлестіруді күшейтуге дайын екенін білдірді.Сонымен қатар, шараға қатысушылар экономикалық әріптестіктің дамуын жан-жақты талқылады. Қазақстан – ЕО-ның Орталық Азиядағы ең ірі сауда серіктесі, ал Еуропалық одақ – Қазақстан экономикасындағы жетекші инвестор. Атап айтқанда, тараптар сауданы әртараптандыру, орнықты жеткізу тізбектерін дамыту, «жасыл» және цифрлық трансформация, инновациялар және шикізатты қайта өңдеу салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын қарастырды. 2022 жылы Қазақстан мен ЕО арасында қол қойылған маңызды шикізат материалдары бойынша ынтымақтастық туралы Өзара түсіністік жөніндегі меморандумның іске асырылу барысы ерекше қызығушылық тудырды.Еуропалық парламенттің Көлік және туризм комитетімен бірлесіп, көлік өзара байланыстылығы саласындағы ағымдағы жағдай мен ынтымақтастық перспективалары егжей-тегжейлі талқыланды. Оған логистикалық инфрақұрылымды кеңейту мен жаңғырту, мультимодальды тасымалдауды дамыту және Транскаспий халықаралық көлік бағытының («Орта дәліздің») әлеуетін арттыру мәселелері кірді.«Орталық Азия – Еуропалық Одақ» өңірлік ынтымақтастық форматы аясында су ресурстарын тиімді басқару, көлік және экономикалық өзара байланыстылықты кеңейту, сондай-ақ қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Тараптар табиғи ресурстарды тұрақты басқару және өңірлік тұрақтылықты нығайту бойынша бірлескен жұмысқа бейілдігін растады.Қазақстан мен ЕО делегаттары сондай-ақ адам құқықтары, заңның үстемдігі, тиімді мемлекеттік басқару және азаматтардың мобильдігі мәселелерін талқылады. Қазақстанда жүйелі реформаларды жалғастырудың, азаматтық қоғамды дамытудың, сондай-ақ білім беру бағдарламалары мен академиялық ұтқырлықты кеңейтудің, оның ішінде ЕО-ның «Erasmus+» бастамасы аясындағы жобалардың маңыздылығы атап өтілді.Отырыс соңында тараптар КӘЫК-тің он жылдық жүзеге асуының табысты нәтижелерін қанағаттанушылықпен атап өтіп, Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға, жаңа бірлескен бастамаларды іске асыруға және өңірлік әрі жаһандық сын-қатерлерге тиімді түрде жауап беруге өзара ұмтылысын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1110379?lang=kk
Жол қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық перспективалары бельгиялық Safety Product компаниясымен талқыланды 22.11.2025
Олен, Бельгия, 2025 жылғы 21 қараша – Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі Елшісі Роман Василенко Safety Product компаниясының бас директоры Каролин Виллемспен кездесу өткізді.Келіссөздер барысында тараптар жол қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты дамыту, инновациялық инженерлік шешімдерді енгізу және компаниясының озық технологияларын ҚР-да локализациялау мүмкіндіктерін талқылады. Елші Қазақстан көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға, жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға және пассивті қауіпсіздік технологияларын қоса алғанда, қауіпсіздік стандарттарын енгізуге бағытталған ауқымды реформаларды дәйекті түрде іске асырып жатқанын атап өтті.Ерекше назар компанияның жетекші әзірлемесі – жарықтандыру тіректеріне, жол белгілеріне және смарт-инфрақұрылым элементтеріне арналған болат энергосіңіргіш «ZIPpole» жүйесіне аударылды. Бұл технология беріктік, коррозияға төзімділік және пассивті қауіпсіздікті үйлестіре отырып, жол-көлік оқиғаларының салдарын едәуір төмендетеді.Р. Василенко Қазақстанның жол желісін кешенді жаңғырту үшін жоғары технологиялық шешімдері бар халықаралық компанияларды тартуға мүдделі екенін атап өтті. Ол 2024 жылы Қазақстанда 12 мың км-ден астам жол салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша рекордтық көлем орындалғанын, бұл заманауи және қауіпсіз инфрақұрылымдық шешімдерге сұранысты арттыратынын айтты.Елші шетелдік инвесторлар үшін Қазақстанда жасалған қолайлы жағдайлар туралы ақпарат берді, соның ішінде салықтық жеңілдіктер, өнеркәсіптік инфрақұрылымға қолжетімділік және жоғары технологиялық өндірістерді қолдау бағдарламалары. «Біз Safety Product компаниясымен ынтымақтастықты дамытуға үлкен әлеует көріп отырмыз, оның ішінде пассивті қауіпсіздік жүйелерін локализациялау және бірлескен зерттеу жобалары», – деді Р. Василенко.Өз кезегінде К. Виллемс Қазақстанның көлік қауіпсіздігін арттыру бағытындағы күш-жігерін жоғары бағалап, инженерлік тәжірибемен алмасудан бастап өндірісті локализациялауға дейінгі ынтымақтастық мүмкіндіктері бойынша диалогқа дайын екенін білдірді. Safety Product сондай-ақ қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес келетін технологияларды енгізу және жол жиектерін жаңғырту жобаларына қатысу арқылы қазақстандық ұйымдармен тұрақты әріптестік орнатуға ниетті екенін атап өтті.Анықтама: Safety Product – 2011 жылы құрылған бельгиялық компания, ол жарықтандыру тіректеріне, жол белгілеріне, бақылау камераларына, күн панельдеріне және инфрақұрылымның басқа элементтеріне арналған энергосіңіргіш ZIPpole тіректерін өндіруге маманданған. Компания технологиясы халықаралық краш-сындардан өткен, EN 12767 еуропалық стандартына сәйкес келеді және «қауіпсіз жол жиегі» тұжырымдамасы аясында қолданылады. ZIPpole өндірісі 25 жылдық кепілдікпен ұсынылады және серіктес елдерде локализациялауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1110390?lang=kk
Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінде Алматы облысының оқушысы үздіктер қатарынан көрінді 22.11.2025
17–21 қараша аралығында Астана қаласында жаратылыстану-математика бағыты бойынша XVIII Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі өтті.Еліміздің ең үздік оқушылары бас қосқан білім додасында Алматы облысының намысын қорғаған «Арыстан» мамандандырылған лицейінің 11-сынып оқушысы Нұржан Өтешқалиев жүлделі II орынға ие болды. Бұл жоғары нәтиже — оқушының алғырлығы мен жүйелі еңбегінің, сондай-ақ ұстаздарының қажырлы дайындығының жемісі.Білім басқармасы Нұржан Өтешқалиевті арнайы құттықтап, жас дарынның алдағы уақытта да білім мен ғылым жолында жаңа биіктерді бағындыруына тілектестік білдірді.Алматы облысының білімді жастарының мұндай жетістіктері — өскелең ұрпақтың еліміздің ғылым әлемінің болашағына лайықты үлес қосуға дайын екенін дәлелдейтін жарқын көрсеткіш.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1110393?lang=kk
Амазония штатымен сауда-инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды 22.11.2025
Манаус қ., 2025 жылғы 20 қараша - Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Амазония штатына жұмыс сапары аясында Амазония Парламентінің вице-спикері Марио Сезар мырзамен кездесті. Кездесу Бразилияның СОР30 климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясына төрағалығы аясында штат үкіметінің шақыруымен ұйымдастырылды.Заң шығарушы Ассамблеяның басшылығымен өткен келіссөздер барысында бразилиялық тарап ұсынған сауда және инвестициялар саласындағы бірқатар жобалар талқыланды. Ауыл шаруашылығы мен тау-кен өндірісі, сондай-ақ орман шаруашылығы мен экология салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Вице-спикер Марио Сезар қазақстандық компанияларды Манаус еркін экономикалық аймағы негізінде ынтымақтастық орнатуға шақырды. Елші Болат Нүсіпов өз кезегінде, штат компанияларын 2021 жылы Бразилияның Ұлттық өнеркәсіп конфедерациясы (CNI) мен Қазақстанның «QazIndustry» индустрия және экспорт орталығы негізінде Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінің бастамасымен құрылған «Қазақстан–Бразилия» іскерлік кеңесінің жұмысына қатысуға шақырды.Заң шығарушы Ассамблеяның вице-спикері Амазония штатының Қазақстанның ірі орман ресурстары бар өңірлерінің бірімен серіктестік қатынастар орнату бастамасын қолдап, Манаус қаласында еліміздің Құрметті консулы лауазымына өңірдің танымал кәсіпкері Жозе Кардозо Нетто мырзаның кандидатурасын ұсынды. Сонымен қатар, тараптар келер жылы әлеуетті серіктес өңірге баруды қамтитын Амазония штатының Қазақстанға бизнес-миссиясын ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізді.Өңіраралық ынтымақтастық екіжақты ықпалдастықтың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Қазіргі уақытта Қарағанды облысы мен Баия штаты (2022 ж.), Алматы облысы мен Рио-Гранде-ду-Сул штаты (2024 ж.), Шығыс Қазақстан облысы мен Санта-Катарина штаты (2025 ж.) арасында серіктестік байланыстар орнатылған. Бразилияның Амазонас штаты, ел аумағының 18%-дан астамын алып жатқан Бразилиядағы ең үлкен штат. Мұнда тау-кен өнеркәсібі, мал шаруашылығы, ауыл және орман шаруашылығы, сондай-ақ балық шаруашылығы жақсы дамыған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1110417?lang=kk
Қазақстан СІМ басшысы «Kazzinc Holdings» жетекшілерімен кездесу өткізді 21.11.2025
Астана, 2025 жылғы 21 қараша – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев «Kazzinc Holdings» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Гэвин Хиллмен және осы компанияның бас директоры Жанат Жанботинмен кездесу өткізді.Сұхбат барысында компанияның қолданыстағы жобаларын жүзеге асырудың ағымдағы мәселелері қаралды және жаңа кен орындарын дамыту перспективалары, геологиялық барлау жұмыстары жөніндегі жоспарлар, өндірістік қуаттарды одан әрі кеңейту және қолданыстағы активтерді жаңғырту мәселелері талқыланды.Орнықты даму, экологиялық стандарттарды сақтау, логистиканы оңтайландыру және шикізатты жеткізудің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар сондай-ақ Қазақстанның тау-кен металлургия секторына қосымша инвестициялар тарту, кадрлық әлеуетті дамыту және заманауи технологиялық шешімдерді енгізу мүмкіндіктерін талқылады.Қазақстан СІМ басшысы «Kazzinc» көптеген жылдар бойы саланы дамытуға, өндірістерді жаңғыртуға және елдің экспорттық әлеуетін нығайтуға елеулі үлес қосып келе жатқан Қазақстанның тау-кен металлургия кешенінің негізгі қатысушыларының бірі екенін атап өтті. Министр компанияның Қазақстандағы қызметін кеңейту және жаңа жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарларын құптап, Үкімет тұрақты жұмыс пен қосымша инвестициялар тарту үшін қажетті жәрдем көрсететінін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1110378?lang=kk
Астанада алғаш рет Отандас ғалымдар форумы өтті 21.11.2025
Астана, 2025 жылғы 21 қараша – «Отандастар қоры» КеАҚ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен алғашқы Отандас ғалымдар форумын өткізді.Іс-шара шетелдік ғалымдарды елдің ғылыми-инновациялық дамуына тартуға және халықаралық аренада Қазақстанның зияткерлік әлеуетін ілгерілетуге бағытталған. Форумға әлемнің түрлі елдерінен қырық ғалым, сондай-ақ жүзден астам қазақстандық зерттеушілер мен сарапшылар қатысты. Қонақтар арасында ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының және БАҚ өкілдері болды.Форумды ашқан ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы – Ресми өкілі Айбек Смадияров сыртқы саяси ведомство шетелдегі отандастарды біріктіру, ғылыми ынтымақтастықты кеңейту және Қазақстанмен байланысты нығайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, отандас ғалымдардың алғашқы форумын өткізу тәжірибе алмасуға, жаңа бастамалар мен ел дамуына бірлескен үлес қосуға алаң құруда.Іс-шара аясында пленарлық сессиялар, сондай-ақ «Ұлы дала» халықаралық кітап басылымдар конкурсының тұсаукесері өтті.Сөз сөйлеу барысында отандас ғалымдар жасанды интеллект, атом энергетикасы, биотехнология, хирургия, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы соңғы әлемдік жетістіктерді ұсынды. Сонымен қатар қатысушылар Қазақстанда озық технологиялар мен шешімдерді енгізу бойынша бірқатар іс жүзінде қолдануға болатын бастамаларды ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1110363?lang=kk
Латвия-Қазақстан «Іскерлік көпірі»: экономикалық ынтымақтастықты нығайту 21.11.2025
Рига, 2025 жылғы 21 қараша – Қазақстан Республикасының Елшілігі Industra Bank және Балтық-Орталық Азия Экономикалық даму қауымдастығымен бірлесіп «Қазақстан-Латвия: Business Bridge 2025/2026» іскерлік кездесуін өткізді.Іс-шараны аша отырып, Елші Дәурен Кәріпов екі елдің сауда-экономикалық байланыстарын одан әрі нығайту, ең алдымен бірлескен жобаларды іске асыру арқылы жұмысты жандандыру қажеттілігін атап өтті. Осы тұрғыда Қазақстанның экономикалық әлеуеті мен инвестициялық ахуалы, сондай-ақ Мемлекет басшысы белгілеген ел дамуының басымдықтары туралы хабардар етті.Қазақстандық тараптың өкілдері «Astana Hub», АХҚО және «QazTrade», сондай-ақ қарқынды дамып келе жатқан Шымкент мегаполисінің мүмкіндіктерін таныстырды. Қазіргі бизнес-орта, шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдау және қазақстандық өнімді экспорттау тетіктері туралы хабарлады.Тараптар екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымын талқылады. Екі елдің транзиттік-көліктік әлеуетін ашудың маңыздылығына назар аударылды. Осыған байланысты Қазақстан мен Латвия арқылы халықаралық жүктердің, сондай-ақ Латвия порттары арқылы қазақстандық тауарлардың транзитінің көлемін ұлғайту үшін нақты ұсыныстар әзірленді.Қазақстандық өнімді Балтық өңіріне жеткізу номенклатурасын кеңейту, IT-ынтымақтастығы мен технологиялар алмасуды жолға қою бойынша пікір алмасты. Жеке блок өңірлік өзара іс-қимылға, сондай-ақ агроөнеркәсіп пен өндірістік сектордағы бастамаларға арналды.Қазақстан тарапынан: Шымкент қаласының әкімдігі, «QazTrade», «Astana Hub», «Астана» Халықаралық қаржы орталығының өкілдері, Қазақстанның «Kazlogistics» көлік одағының және т.б. қатысты.Іс-шараға Латвияның іскер топтарының 80 өкілі қатысты. Оның ішінде Рига, Лиепай және Вентспилс еркін порттарының Басқармасы, Оlpha АҚ, Sonora ЖШС, Latvijas pasts (Латвия поштасы), Bio-Venta ЖШС, Stena Line, Uzvara-Lauksa ЖШС, Dobeles Dzirnavnieks АҚ және The Untitled инвеcтициялық қоры қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riga/press/news/details/1110344?lang=kk
Қазақстан өкілі Еуропа Кеңесінің жастар саласындағы жоғары деңгейлі отырыстарына қатысты 21.11.2025
Страсбург, 2025 жылғы 17-19 қараша – Еуропа Кеңесінің штаб-пәтерінде Жастар департаменті ұйымдастырған Еуропа Кеңесі Жастар бойынша Еуропалық басқарма комитетінің 76-шы отырысы және Жастар бойынша Біріккен кеңестің 53-ші отырысы өтті. Іс-шараларға Қазақстан атынан «Kazakhstan–EU Gateway» Қоғамдық бірлестігінің Президенті В.Бахретдинов қатысты.Отырыстар барысында Қазақстанның жастар саясаты саласындағы негізгі реформалар, соның ішінде «Жастар саясаты туралы» заңға енгізілген жаңартулар мен «Мемлекеттік жастар саясатын дамыту тұжырымдамасының» іске асырылу барысы таныстырылды.Еуропа Кеңесі тарапынан Директорат басшылары Қазақстан өкілінің іс-шараларға белсенді қатысуын жоғары бағалап, жастар саясаты саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және жастар ресурстық орталықтарымен өзара іс-қимылды нығайтуға дайын екендіктерін білдірді. Тараптар климаттың өзгеруіне қарсы күреске жастардың қатысуын кеңейту, Еуропа мен Орталық Азия арасындағы ортақ жобаларды дамыту және жастардың саяси сауаттылығын арттыру бағыттарының маңызын атап өтті.Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы бірлескен жобалардың әлеуеті талқыланып, келешекте ортақ бастамаларды іске асыру мүмкіндіктері қарастырылды.Пленарлық отырыс қорытындысы бойынша В.Бахретдинов Еуропа Кеңесі Жастар бойынша Еуропалық басқарма комитеті Бюросының мүшесі ретінде тағы екі жыл мерзімге қайта сайланды. Бұл шешім Қазақстанның халықаралық аренадағы беделінің және елдің бейбітшілікке бағытталған сыртқы саясатының жоғары бағаланатынын көрсетті.Отырыстардың жалпы қорытындысында тараптар Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы өзара іс-қимыл деңгейін жоғары бағалап, демократиялық құндылықтарды, адам құқықтарын және заң үстемдігін ілгерілету бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1110320?lang=kk
Студенттер «Заң мен тәртіп» үшін! 21.11.2025
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы еліміздің болашағы болып табылатын жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударады.Осы мақсатта прокуратура қызметкерлері мен ардагерлер мектеп оқушылары және студенттермен үнемі кездесіп, дәрістер мен пікірталастар өткізіп, жас ұрпақты мазалайтын сұрақтарға жауап береді. Статистика көрсеткендей, қазіргі уақытта қылмыстың 60%-дан астамын колледж студенттері жасайды.Осыған байланысты, «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында прокурорлар облыс орталығындағы алты колледждің (Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі, Өскемен құрылыс-техникалық колледжі, Өскемен технология және қызмет көрсету колледжі, Көлік және тіршілік қауіпсіздігі колледжі, Қ.Нұрғалиев атындағы жоғары колледжі және Өскемен көпсалалы колледжі) студенттерімен «Жастар және заң: кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу» тақырыбында кездесулер өткізді.Іс-шараға 500-ден астам студент қатысты. Мұндай кездесулердің негізгі мақсаты - жастарды заңдылық пен тәртіпті сақтауға тарту және ынталандыру.Студенттермен талқы қызу диалог түрінде өтті, онда прокурорлар қазіргі қоғамдағы мәселелер мен қылмыстардың, мысалы, қорқыту, құмар ойындар, алаяқтық, есірткіге тәуелділік және т.б. салдарын түсіндірді.Диалог барысында студенттер өз сұрақтарына жан-жақты жауаптар мен түсініктемелер алды. Жалпыалғанда, кездесулер студенттерден оң пікірлералды.Мұндай іс-шаралар жастар арасында құқықтық сана мәдениетін нығайтады және мемлекеттік органдар мен жасөспірімдер арасындағы сенімді диалогты қалыптастырады. Облыс прокуратурасы аталған саладағыжұмыстарын әрі қарай да жалғастыруда. Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1110327?lang=kk
Ұлы Жеңіс күні – ұрпақтар сабақтастығының символы 21.11.2025
Қазақстан өзінің көпғасырлық тарихымен және сан қырлы мәдени мұрасымен әділетті түрде мақтанады.Көкшетауда Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығына және Ұлттық валюта күніне орай Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері конференции «Ғылыми таным. Музейлік жады. Ұрпақтар сабақтастығы» республикалық ғылыми конференцияға қатысты.Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова, Мәлік Ғабдуллиннің шәкірттері Уәлихан Қалижан мен Серік Негимов,азаматтық қорғаныс Академиясының ұжымы мен курсанттары, , батырдың туған-туыстары қатысты.Шарада мың қырлы, мың сырлы ұлы даланың қасиеттері, ғибраттары Мәлік Ғабдулиннің шығармашылық еңбегі ерекше атап өтілдіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1110299?lang=kk
"Ауыл аманаты" бағдарламасын түсіндіру жұмыстары. 21.11.2025
Батыр ауылдық округінің әкімі және әкімнің орынбасары "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында, 2,5% несие алу бойынша ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-batyr/press/news/details/1110315?lang=kk
«Мұрағаттық анықтамалар, мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін немесе мұрағаттық үзінділерді беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша семинар-оқыту 21.11.2025
2025 жылғы 19 қарашада Рудный қалалық мемлекеттік архивінің архившісі А. М. Хаетова "Электрондық үкімет" порталы арқылы "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері үшін "Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінді көшірмелер беру", сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама туралы мемлекеттік қызметін көрсету бойынша семинар-оқыту өткізді. Қатысып отырған мамандардың назарына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін жеткізді, "Электрондық үкімет" порталында еңбек өтілі мен жалақысын растауға сұрау салуды ресімдеу тәртібін түсіндірді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауды және алушыларға мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде архив саласында "Электрондық үкімет" порталы арқылы өз бетінше алу мүмкіндігін танымал етуді ұсынды. 15 адам қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1110273?lang=kk
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Балқаш қаласында семинар өткізді. 21.11.2025
2025 жылғы 21 қарашада Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Балқаш қаласы Мемлекеттік кірістер басқармасының қатысуымен салық төлеушілер үшін көшпелі семинар өткізді, олардың мақсаты салық заңнамасындағы өзекті өзгерістерді ақпараттандыру және түсіндіру болып табылады. Іс-шара аясында салық төлеушілерге 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін салық кодексіндегі инновациялар бойынша егжей-тегжейлі кеңес берілді.Кездесулер барысында қатысушылар салық заңнамасындағы алдағы өзгерістермен танысуға, бұл инновациялардың олардың бизнесіне немесе жеке міндеттемелеріне қалай әсер ететінін түсінуге, сондай-ақ өз сұрақтарын қоюға және жауап алуға мүмкіндік алды. Іс-шара жұмыстың ашықтығын және қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға ықпал ететін салық төлеушілермен ашық қарым-қатынас үшін диалог алаңын құруға ұмтылысын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1110179?lang=kk
Мемлекеттік қызмет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі 21.11.2025
Бүгін мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасуға қызығушылық танытқан тұрғындар мен жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.Іс-шара қалалық әкімдік тарапынан ұйымдастырылып, құқық қорғау органдары мен түрлі мемлекеттік мекемелерді қамтыған шамамен 15 жұмыс беруші қатысты.Жәрмеңке қонақтары әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға арналған өзекті бос жұмыс орындарымен танысып, мемлекеттік қызметке кіру тәртібі бойынша кеңес алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.Мұндай жәрмеңкелердің мақсаты — халықтың жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыру, жастардың кәсіби өсуіне қолдау көрсету және мемлекеттік қызметтің кадрлық әлеуетін нығайту.Қостанай қаласының әкімдігі мемлекеттік қызметте кәсіби мансап құруға ниетті азаматтар үшін ашық әрі қолжетімді жағдай жасауды одан әрі жалғастыруды жоспарлап отыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1110186?lang=kk
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ақтоғай ауданы бойынша семинар өткізді 21.11.2025
2025 жылғы 21 қарашада Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Балқаш қаласы Мемлекеттік кірістер басқармасының қатысуымен салық төлеушілер үшін көшпелі семинар өткізді, олардың мақсаты салық заңнамасындағы өзекті өзгерістерді ақпараттандыру және түсіндіру болып табылады. Іс-шара аясында салық төлеушілерге 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін салық кодексіндегі инновациялар бойынша егжей-тегжейлі кеңес берілді.Кездесулер барысында қатысушылар салық заңнамасындағы алдағы өзгерістермен танысуға, бұл инновациялардың олардың бизнесіне немесе жеке міндеттемелеріне қалай әсер ететінін түсінуге, сондай-ақ өз сұрақтарын қоюға және жауап алуға мүмкіндік алды. Іс-шара жұмыстың ашықтығын және қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға ықпал ететін салық төлеушілермен ашық қарым-қатынас үшін диалог алаңын құруға ұмтылысын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1110190?lang=kk
Хэн Файн Вонг: Алатау қаласы озық технологиялар трансферін және инновацияларды кең ауқымда таратуды қамтамасыз етеді 21.11.2025
Алатау қаласы жалпы құқықтың жаңа жүйесі мен ынталандырудың арнайы режимдерін енгізудің нәтижесінде халықаралық корпорациялар үшін бірегей жағдай жасамақ. Бұл туралы Asia Infrastructure Solutions Singapore компаниясының төрағасы, Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңестің мүшесі Хэн Файн Вонг мәлімдеді.Оның айтуынша, жаңа қала шетелдік бизнеске таланттар мен капиталды еркін тартуға мүмкіндік беретін түбегейлі өзгеше жұмыс моделін ұсынады. Бұл үдерісте «Астана» халықаралық қаржы орталығымен тығыз интеграцияланатын Gate District қаржы кластері ерекше рөл атқармақ.«Бұл қазақстандық ЖІӨ-нің өсуіне елеулі үлес қосады деп ойлаймын. Көптеген өзге де жағдайлардағы сияқты бірнеше мәрте мультипликативті әсер беруі мүмкін. Мұның бәрі қаржы индустриясының қай секторын таңдап алатынымызға байланысты. Біз PropTech-ті, сондай-ақ криптовалюталар мен жаңа цифрлық активтерді бағдар етіп аламыз. Бұл қазіргі уақытта Қазақстанның басқа еш жерінде жоқ индустрияның жаңа түрі», — деп атап өтті Хэн Файн Вонг.Алатау сондай-ақ Smart City және «төмен биіктіктегі экономика» саласын дамыту үшін де негізгі платформа ретінде қарастырылып отыр, оның ішінде пилотсыз ұшу аппараттары мен роботтандырылған таксилерді пайдалану бастамалары бар. Осы мақсаттар үшін арнайы реттеу режимі қолданылатын болады.«Егер бұл жоба Алатау қаласында «құмсалғыш» форматында сәтті жүзеге асса, оны бүкіл Қазақстан бойынша таратуға болады. Бұл елдің ішіндегі қызметті айтарлықтай жандандырады. Мысалы, цифрлық активтер саласында жер мен жылжымайтын мүлікті токенизациялаудың жаңа түрлері пайда болады, бұл шетелдік және жергілікті инвесторлар үшін қолайлы», — деп атап өтті Хэн Файн Вонг.Сондай-ақ қаланың халықаралық сауда үшін стратегиялық маңызы да атап өтілді. Хэн Файн Вонг Алатаудың Қытай мен Еуропа арасындағы жолдардың түйіскен жерінде орналасуы батыс Қытайдан шығатын жүктерді, босамай жатқан шығыстағы порттарына апармай, тіке тасымалдауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл Транскаспий халықаралық көлік бағыты шеңберінде жұмыс істеп жатқан қазақстандық компаниялар үшін кең ауқымды перспективалар туғызады.📱 @KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1110175?lang=kk
Алматыда Франция Премьер-министрінен Академиялық Балауса Орденінің Кавалері құрметті марапатымен рәсімі өтті 21.11.2025
2025 жылғы 21 қарашада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің Сорбонна–Қазақстан Институтының директоры Айнұр Сабитованы Француз Республикасының Премьер-министрі тағайындаған Академиялық Балауса Орденінің Кавалері құрметті марапатымен салтанатты рәсіміне қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Елші А. Сабитованың Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени және ғылыми байланыстарды нығайтуға қосқан үлесін атап өтіп, халықаралық ынтымақтастықты дамыту жолындағы одан арғы табыстарын тіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1110094?lang=kk
Алматы облысының әкімі Алатау қаласының ағымдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады 21.11.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Алатау қаласының ағымдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.Алатау қаласының бюджеті үш есеге өсіп, 8,8 млрд теңгеге жетті. 10 айда өнеркәсіптік өндіріс көлемі 17%-ға артып, 115,6 млрд теңгені құрады. Бұл ретте инвестиция көлемі 13%-ға өсіп, бүгінде шамамен 46,4 млрд теңгеге жетті. Пул 21 мыңнан астам жұмыс орнын ашуды көздейтін 41 инвестициялық жобаны қамтиды. Қазіргі уақытта құны 1 трлн теңге болатын 18 жоба жүзеге асырылуда. Бұл – PepsiCo, United Hygiene, «Молочная долина», АСП арена, QazQon Hub, АВЗ, Исткомтранс сияқты басқа да ірі компаниялардың логистика, АӨК, тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы жаңа өндіріс орындары.Жалпы ауданы 97,9 мың гектарды құрайтын еліміздегі ең ірі Аlatau АЭА құру жұмыстары жүргізілуде. Оның 24 мың гектардан астамы қала сыртында орналасқан және АӨК өнімдерін қайта өңдеудегі маңызды жобаларды қамтиды. Осы өндіріс орындарына кепілдіктерді сақтау және жаңа кәсіпорындарды іске қосу мақсатында жаңа өнеркәсіптік-логистикалық АЭА құру жөніндегі әкімдіктің ұсыныстары қаралды. Болашақта бұл Алматы облысында индустриялық, логистикалық, туристік және энергетикалық кластерлердің дамуына ықпал етеді.Бас жоспарды жүзеге асыру аясында Алатаудың сәулет келбеті мен заманауи қала құрылысына қатысты шешімдерге ерекше назар аударылды. «Caspian Group» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Юрий Цхай Iconic building іскерлік орталығының көрнекті ғимараты құрылысын қамтитын, Gate District ауданында жаңа іскерлік ауданды дамыту жөніндегі жобаны таныстырды. Биылғы қыркүйек айында Мемлекеттер басшыларының қатысуымен өткен Қазақ-қытай іскерлік кеңесі аясында аталған жоба бойынша үшжақты келісімге қол жеткізілді.Жалпы, Алатауда тұрғын үй құрылысы қазіргі таңда оң қарқын көрсетіп отыр. Биыл 103 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Халықаралық сарапшыларды тарту және әлемнің жетекші мегаполистері тәжірибесін зерделеу арқылы қаланың дизайн-коды және кешенді көлік схемасы әзірленуде.Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-министр тиісті министрліктер мен Алматы облысы әкімдігіне жұмыстарды жеделдету және сапалы жүзеге асыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1110103?lang=kk