Жаңалықтар
Актерлар мен ұландықтар тағы да сахнада қауышты: батыр қыздың 100 жылдығына арналған "Әлия" драмасының тұсауы кесілді 18.10.2025
М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған "Әлия" драмасының (Қ. Жүнісов, И. Седин) премьерасы өтті.Қойылым театр актерлары мен Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін бір сахнада біріктіріп, өнер мен әскери қызметтің шығармашылық ынтымақтастығының жарқын үлгісіне айналды.Естеріңізге сала кетейік, "Әлия" спектаклінің алғашқы көрсетілімі 6 наурызда сол театрда өткен еді және қоғамдық резонанс тудырған болатын. Сол жолы көрермендер ыстық ықыласпен тік тұрып қол шапалақтап, көпшілігі көз жасын жасырмады.Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған қойылым ҚР ІІМ Ұлттық ұланының бастамасымен "Жеңіске дейін 100 күн" акциясы аясында өтті.Ұлттық ұланның Ерлер хоры мен Үлгілі-көрсетімді оркестрі сахнаны ерлік пен патриотизмнің жанды энергиясымен толтырып, спектакльдің ерекше атмосферасын жеткізді. Музыкалық сүйемелдеу шығарманың драмасы мен эмоционалды тереңдігіне баса назар аударып, көрермендерге аңызға айналған кейіпкердің ерлігін сезінуге мүмкіндік берді."Әлия" драмасы жай ғана театрландырылған туынды емес, сөз, музыка және сахналық шеберлікті тоғыстыру арқылы Қазақстан тарихына өз есімін мәңгілікке жаза білген жас қыздың ерлігі мен жанқиярлығын баяндайтын ұрпақтардың шынайы диалогына айналды.Қойылым ҚР ІІМ Ұлттық ұланы мен М. Горький атындағы музыкалық-драма театры арасындағы ынтымақтастықтың өнер мен патриотизмді тұтастырған елорданың мәдени өміріндегі жарқын оқиға екенін тағы да растады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1088969?lang=kk
ІТ саласында ынтымақтастық талқыланды 18.10.2025
Бразилиа, 2025 ж. 17 қазан – Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Бразилия Ақпараттық технологиялар кәсіпқойлары қауымдастығының (ASSESPRO) Вице-президенті Роберт Майермен онлайн кездесу өткізді.Кездесу барысында екі тарап ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты орнату мен қазақстандық және бразилиялық IT-компаниялар арасындағы серіктестік жөнінде пікір алмасты.Қазақстан Елшісі өз сұхбаттасын Қазақстанның IT-секторындағы дамуы мен келешегі, АХҚО мен «Astana IT Hub» артықшылықтарымен таныстырды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған «Alem.ai» халықаралық жасанды интеллект орталығының қызметіне, сондай-ақ Астанада өткен «Digital Bridge 2025» халықаралық форумының нәтижелеріне басты назар аударылды.Қазақстандық дипломат сұхбат соңында байланыс орнатуға қажетті көмек көрсетуге дайын екенін жеткізіп, институтты Қазақстан-Бразилия Іскерлік кеңесіне қатысуға шақырды. Сондай-ақ, Елші ASSESPRO мен Қазақстандық IT-компаниялар қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюды ұсынды.Анықтамық: 1976 жылы құрылған Бразилия Ақпараттық технологиялар кәсіпқойлары қауымдастығы (ASSESPRO) бүкіл ел бойынша 1200-ден астам мүше компанияларды біріктіретін ақпараттық технологиялар саласындағы ең көне ұйым болып табылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1088951?lang=kk
Қазақстан Дүниежүзілік банк тобы және Халықаралық валюта қорымен ынтымақтастықты нығайтуда 18.10.2025
Вашингтон қ., 2025 жылғы 16 қазан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің жетекшілігімен қазақстандық делегация Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қоры жанындағы Швейцариялық кіші топтың отырысына қатысты.Өз сөзінде С.Жұманғарин Дүниежүзілік банк тобы мен Қазақстан арасындағы 30 жылдан астам уақытқа созылып келе жатқан стратегиялық серіктестік елдің тұрақты экономикалық өсіміне, кедейлікті төмендетуге және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған экономикалық реформаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарғанын атап өтті.Кездесуде Қазақстан мен Дүниежүзілік банк арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындайтын Серіктестік шеңберіндегі келісімге (Partnership Framework Agreement, PFA) ерекше назар аударылды. Аталған келісімді ратификациялау квазимемлекеттік сектор ұйымдарының Дүниежүзілік банктің стандарттарына толық сәйкес келетін қаржыландыру көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді.Сол күні С.Жұманғарин Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша вице-президенті Антонелла Бассанимен кездесті. Тараптар химия өнеркәсібі, агроөнеркәсіп кешені өнімдерін терең және орташа өңдеу, көлік саласы, сондай-ақ сумен жабдықтау және ирригация жүйелерін жаңғырту бағыттарында бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін және алдағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады.Серіктестер Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыру, логистикалық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ жыл сайын кемінде 5% деңгейінде тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету және ұлттық экономиканы дамыту бойынша өзге де бағыттарға қызығушылық танытты.Бұдан бөлек, қазақстандық делегация Дүниежүзілік банк тобына кіретін Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) ұйымдастырған мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) мәселелеріне арналған воркшопқа қатысты. IFC өкілдері Сауд Арабиясы, Үндістан және Индонезия сияқты мемлекеттердің мемлекеттік компаниялары белсенді қатысқан МЖӘ жобаларын іске асырудағы халықаралық тәжірибемен бөлісіп, МЖӘ жобаларын дайындау және іске асыру тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1088960?lang=kk
Қазақстанның төрағалығымен ДСҰ-да Шри-Ланканың бесінші Сауда саясатын шолу өтті 18.10.2025
Женева, 2025 жылғы 17 қазан – 2025 жылғы 15 және 17 қазанда Женевада ДСҰ жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Қайрат Төребаевтың төрағалығымен Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының бесінші сауда саясатын шолу өтті.Шри-Ланка делегациясын сауда, азық-түлік қауіпсіздігі және кооперативтік даму министрі Васанта Самарасингхе басқарды. Отырыс барысында елдің экономикалық реформалары, макроэкономикалық тұрақтандыру және инвесторлардың сенімін арттыру шаралары талқыланды.Көптеген делегациялар Үкіметтің құрылымдық реформаларды жалғастыруға деген табандылығын атап өтті. Сондай-ақ қарызды қайта құрылымдау, ашықтықты арттыру және кедендік рәсімдерді цифрландыру бойынша жетістіктер айтылды. ДСҰ мүшелері тауардың шығу тегінің электрондық сертификаттарын енгізуді, «бірыңғай терезе» жүйесін дамытуды және Балық шаруашылығына субсидиялар туралы келісімді ратификациялауды құптады. Елдің экспортты әртараптандыруға және инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған күш-жігері атап өтілді.Талқылау барысында Шри-Ланка экономикасы 2024 жылы 5% ЖІӨ өсімін көрсеткені, ал өнеркәсіп өндірісі алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,2%-ға артқаны атап өтілді. Тауар экспорты ЖІӨ-нің 12,9%-ын құрады, ал Сауда рәсімдерін жеңілдету туралы келісімнің орындалу деңгейі 58%-ға жетіп, оны толық іске асыру 2027 жылға жоспарланған. Бұл көрсеткіштер экономиканың біртіндеп қалпына келіп жатқанын және жүргізіліп жатқан реформалардың тиімділігін айғақтайды.Қорытынды сөзінде Тұрақты өкіл Қайрат Төребаев талқылаулардың сындарлы өткенін атап өтіп, Шри-Ланка делегациясына ашық диалог пен транспаренттілікке бейілділігі үшін алғыс айтты.Ол ДСҰ-ның Сауда саясатын шолуы көпжақты сауда жүйесіндегі ашықтықты, болжамдылықты және сенімділікті қамтамасыз ететін маңызды тетік екенін атап өтті.Келесі шолу 2025 жылғы 28 және 30 қазанда өтеді және Ұлыбританияға арналмақ, бұл елдің Еуропалық одақтан шыққаннан кейінгі алғашқы сауда саясатын шолу болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1088933?lang=kk
Қазақстан мен Швейцарияның қаржылық барлау қызметтері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды 18.10.2025
Берн, 16 қазан – 14-16 қазанда Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы қаржылық барлауды дамытуға арналған Берндегі халықаралық конференцияға қатысты. Іс-шара Швейцарияның қаржылық барлау қызметінің қолғабысымен ECOFEL (Еуропалық қаржылық барлау бөлімшелерінің желісі) аясында өтті. Негізгі тақырыптар арасында жасанды интеллектті енгізу, деректерді қорғау және цифрлық дәуірдегі қаржылық барлаудың рөлі талқыланды.Конференция қорытындысы бойынша Агенттік төрағасы Жанат Элиманов пен Швейцарияның Қаржылық барлау қызметінің басшысы Антон Бренниман Қазақстанның Қаржы мониторингі агенттігі мен Швейцарияның Қаржылық барлау қызметі арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат кірістерді жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және осындай қылмыстарға байланысты қаржылық барлау ақпаратымен алмасу саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуды көздейді. Тараптар күдікті операциялар туралы ақпарат алмасуды кеңейтуге және талдамалық жұмысты үйлестіруге келісті.Сондай-ақ, Қазақстан делегациясының Швейцария прокуратура және полициясы өкілдерімен жеке кездесулері өтті, олардың барысында келісімді іске асырудың практикалық аспектілері, оның ішінде активтерді қайтару, құқықтық көмек және қатарлас тергеу жүргізу қаралды.Швейцариялық тарап криптовалюталар пайдалынған құқық бұзушылықтарды анықтауды қоса алғанда, Қазақстанның қаржы мониторингі саласындағы ілгерілеуіне оң баға берді, сонымен қатар, сарапшылармен алмасуды жалғастыру және тұрақты консультациялар өткізу арқылы одан әрі ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/1088934?lang=kk
ISO халықаралық стандарттары Алатау Сити дамуының негізі болмақ 17.10.2025
Жаңа Алатау Сити қаласы халықаралық ISO 37120 «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар» стандарты бойынша құрылмақ. Бұл стандарт қалалық ортаның сапасын экологиядан бастап, көлік, цифрлық және әлеуметтік қызметтерге дейін объективті көрсеткіштер арқылы бағалауға мүмкіндік береді. Бұған дейін 2024 жылы Астана осы стандарт бойынша сертификатталып, Орталық Азиядағы алғашқы қала атанған еді. Осындай маңызды бастамаларды Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстанға алғаш ресми сапарымен келген ISO халықаралық стандарттау ұйымының Бас хатшысы Серхио Мухикамен кездесуінде талқылады. Тараптар стандарттау саласындағы ынтымақтастықты дамыту, халықаралық тәжірибелерді енгізу және заманауи стандарттар бойынша мамандарды даярлау мәселелерін жан-жақты талқылады. Ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі — жасанды интеллект саласында ұлттық сынақ-эталон орталығын құру. Бұл орталықта «AI Standards Hub» - зертхана, сертификаттау және сынақ орталығы жұмыс істейді. Ол ISO-ның жасанды интеллект, блокчейн және цифрлық технологиялар саласындағы жаһандық стандарттарын енгізуге мүмкіндік береді. Қазақстан осы бағытта 18 стандартты бекітіп, халықаралық деңгейдегі ынтымақтастық алаңына айналуға дайын. Сондай-ақ тараптар Қазақстанның ISO халықаралық стандарттау ұйымының Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия аймақтарындағы өңірлік орталық ретіндегі рөліне ерекше мән берді. Биыл күзде Қазақстанның өкілі Қанат Тоқушев алғаш рет ISO өңірлік офицері болып тағайындалып, өңір елдерімен өзара әрекетті үйлестіреді. Қазақстан ISO қолдауымен экология, цифрландыру және инновациялар саласында жастардың шығармашылығын дамытуға арналған алғашқы студенттер олимпиадасын өткізуді ұсынды. Бұл шара жастарға өз идеяларын ұсынуға және болашақ стандарттардың қалыптасуына өз үлестерін қосуға мүмкіндік береді. Арман Шаққалиевтің айтуынша, Қазақстанның ұлттық стандарттарының 40 пайыздан астамы ISO құжаттарымен үйлестірілген. Бұл еліміздің экономикасын жүйелі түрде жаңғыртуға, отандық өнімдердің сыртқы нарықтарға шығуын жеңілдетуге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға негіз болады. ISO Бас хатшысы Серхио Мухика Қазақстанды аймақтағы маңызды серіктес ретінде атап, оның тұрақты даму мен цифрландыру саласындағы тәжірибесі Орталық Азияның басқа елдеріне үлгі екенін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/1088913?lang=kk
Конструктивный диалог: жители Илийского района задали более 40 вопросов на встрече с акимом Алматинской области 17.10.2025
Іле ауданының тұрғындары Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевпен өткен есептік кездесуде өңірдің өзекті мәселелерін көтерді. Іс шара 17 қазанда Өтеген батыр ауылындағы Мәдениет үйінде өтті.Кездесуге ауданның түрлі саласында еңбек ететін азаматтар — кәсіпкерлер, фермерлер, педагогтар, депутаттар, мәдениет және кітапхана қызметкерлері, сондай-ақ белсенді тұрғындар қатысты. Әкім мен тұрғындар арасындағы диалог мазмұнды әрі конструктивті өтті.Кездесу барысында 40-тан астам сұрақ қойылды. Оның ішінде:20%–ы жолдар мен көше жарығына қатысты;18%–ы білім саласы, үш ауысымды мектептер мен оқу кабинеттерінің жетіспеушілігі туралы;15%-ы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы;10%-ы денсаулық сақтау және санитарлық қауіпсіздік;қалған 37%-ы абаттандыру, қоғамдық көлік және экология мәселелерін қамтыды.Жергілікті халық нақты ұсыныстарын да жеткізді. Атап айтқанда, «Сокол» саяжай алабында мектеп салу, Өтеген батыр ауылында музыкалық мектеп ашу, Боралдай кентінде жаңа Мәдениет үйін тұрғызу және бірқатар ауылдық округтерде дәрігерлік амбулатория ашу ұсынылды.Сондай-ақ, Қараой ауылдық округінің тұрғындары сібір жарасы ошағы анықталған жағдай бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау шаралары жайында түсіндіру жұмыстарын сұрады.Марат Сұлтанғазиев әрбір көтерілген мәселеге жеке тоқталып, толыққанды жауап берді.«Кездесу қорытындысы бойынша нақты мерзімі мен жауапты тұлғалары көрсетілген іс-шаралар жоспары әзірленеді. Тұрғындардың барлық өтініштері аудан мен облыс әкімдіктерінің басым бағытына енгізіледі», — деді облыс әкімі.Сондай-ақ ол мұндай кездесулердің барлық аудандарда өтіп жатқанын атап өтті.«Мұндай кездесулер халықтың өтініш-тілектеріне жедел жауап беруге, олардың пікірін тікелей естуге және өңірді дамыту жоспарларын нақтылауға мүмкіндік береді», — деді Марат Сұлтанғазиев.Кездесуден кейін өткен жеке қабылдауда 12 тұрғынның өтініші тыңдалды. Барлығы 24 әлеуметтік, инфрақұрылымдық және коммуналдық сипаттағы мәселе қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1088915?lang=kk
Қарағанды облысында еңбек заңнамасы мәселелері талқыланды 17.10.2025
Қарағанды облысында бизнес, мемлекеттік органдар мен кәсіподақтар өкілдерінің қатысуымыен еңбек заңнамасын сақтау және бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін талқылау жөнінде кездесуі өтті. Талқылау барысында, қатысушылар қызметкерлердің құқықтарын қамтамасыз ету, жалақыны уақытылы төлеу және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Өндiрiстiк жарақаттанудың алдын алуға және кәсiпорындарда еңбектi қорғау мәдениетiн арттыру жөнiндегi шараларға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, қызметкерлерді міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру және бизнес пен мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мәселелері қаралды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар еңбек жағдайларын жақсарту және бұзушылықтар санын азайту үшін одан әрі ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1088897?lang=kk
ТМД мемлекеттерінің салық қызметтері басшыларының үйлестіру кеңесінің XXXII отырысы өтті 17.10.2025
2025 жылғы 14-16 қазан аралығында Санкт-Петербург қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД КСРНС) қатысушы мемлекеттердің салық қызметтері басшыларының сарапшылары мен үйлестіру кеңесінің XXXII отырысы өтті. Жұмысқа Әзербайжан Республикасының, Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының, Өзбекстан Республикасының және Түрікменстанның делегациялары, сондай — ақ Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы ТМД Атқарушы комитеті мен қаржы Университетінің – ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің салық саласындағы кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі базалық ұйымының өкілдері қатысты және салық салу. Қазақстан делегациясын ҚР ҚМ министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов басқарды. Отырыс барысында салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге, ынтымақтастықты нығайтуға және ТМД – ға қатысушы елдердің салық қызметтері арасында ақпарат алмасуға қатысты көптеген мәселелер талқыланды. Талқылаудың негізгі тақырыптары: - салық органдарының жұмысында клиентоцентризм қағидаттарын енгізу және ТМД елдеріндегі шағын бизнес субъектілері мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаларға салық салу көрсеткіштерін талдау (баяндаманы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Д. Ш. Көшібаева ұсынды); - ашық сауданы қамтамасыз ету және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес құралы ретінде тауар ағындарының қозғалысын бақылау жүйесін дамыту (МКК өтпелі мониторинг басқармасы басшысының орынбасары С. Сақауовтың баяндамасы); - салық инспекторы мамандығының болашағы және оны дайындаудың заманауи тәсілдері ("салық инспекторы: бүгін және ертең") — МКК Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Е.К. Қожабергеновтың баяндамасы. Отырыс қорытындысы бойынша ТМД КСРНС құрамына өзгерістер бекітілді, кеңестің 2024-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарын орындау қорытындысы шығарылды және 2025-2026 жылдарға арналған жоспар бекітілді. Кеңестің келесі, XXXIII отырысының өтетін күні, орны және негізгі тақырыбы айқындалды. Қабылданған шешімдер ТМД елдерінің салық органдарының өзара іс-қимылын одан әрі дамытуға, салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ Достастық кеңістігінде ашықтықты, әділ бәсекелестікті және орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін ақпарат алмасуды нығайтуға бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1088894?lang=kk
Мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес өкілдері, Алтай қаласының әкімі және «ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Рабочая көшесіндегі көпірде жүргізіліп жатқан жол жұмыстарының барысымен танысты. 17.10.2025
Іс-шара барысында қатысушылар нысанның қазіргі жағдайымен танысып, жұмыс процесінің ұйымдастырылуын, қалпына келтіру технологияларын және жұмыс кестесінің сақталуын талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1088840?lang=kk
Қазақстан мен Пәкістан дінаралық ынтымақтастықты талқылады 17.10.2025
Исламабад, 2025 жылғы 17 қазан – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин мен Пәкістанның Дін істері және конфессияаралық үйлесім жөніндегі федералды министрі Сардар Мұхаммад Юсуфтің кездесуі өтті.Елші Ержан Қыстафин әріптесіне екіжақты күн тәртібінің негізгі бағыттары, соның ішінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту туралы баяндады.Министр Сардар Мұхаммад Юсуф биыл Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне қатысуын ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдіріп, бұл халықаралық форум жоғары деңгейде және ауқымды өткенін атап өтті. Оның сөзінше, Съезд отырыстары мазмұнды және жемісті болғанын, ал форумның өзі қазіргі әлемдегі келісім мен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған өркениетаралық диалогтың жарқын үлгісіне айналды.Министр өз жұмысы аясында бірқатар бастамаларды, соның ішінде Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бастамаларды жүзеге асыруға ниетті екенін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар биыл және келесі жылы Исламабадта бейбітшілік мақсатындағы конфессияаралық диалогты нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1088856?lang=kk
Алтай ауданы мәслихатының депутаттары, Қоғамдық кеңес өкілдері және Алтай қаласының әкімі С.В. Охременко Грехово кентіндегі автокөлік жолындағы су өткізу құрылғысын қарап шықты. 17.10.2025
Бұл учаске ұзақ уақыт бойы қанағаттанарлықсыз жағдайда болған. Тұрғындардың көптеген өтініштері бойынша депутаттар атқарушы билікке бірнеше рет осы жол учаскесін жөндеу мәселесін көтеріп, депутаттық сауалдар жолдап, шаралар қабылдауды талап еткен болатын.Биыл жөндеу жұмыстары сәтті жүргізіліп, белгіленген мерзімде аяқталды. Нысан қалпына келтіріліп, толық көлемде жұмыс істеп тұр.Грехово кентінің тұрғындарынан ұзақ уақыт назардан тыс қалған мәселенің шешілгені үшін алғыс сөздері келіп түсуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1088819?lang=kk
Алтай ауданы мәслихатының депутаттары Қоғамдық кеңес мүшелерімен, Алтай қаласының әкімімен және "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысымен бірге Гастелло көшесіндегі автокөлік көпірінің ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысын бақылау мақсатында көшпелі мониторинг жүргізді. 17.10.2025
Айта кету керек, Алтай қаласындағы көпірлерді жөндеу мәселесі мәслихат депутаттары тарапынан бірнеше рет көтеріліп, қала және аудан әкімдерімен кездесулерде талқыланды. Сонымен қатар, бұл мәселе Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының тарапынан облыстық деңгейде көтеріліп, түрлі органдарға депутаттық сауалдар жолданған болатын. Нысанды аралау барысында қатысушылар орындалған және алдағы жұмыстармен танысып, аяқталу мерзімдері мен техникалық талаптардың сақталуын талқылады. Сонымен қатар, жоба сапасын және іске асыру қарқынын арттыруға бағытталған ұсыныстар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1088821?lang=kk
Қорғаныс министрлігінде запасқа шығарылған әскери қызметшілерді әлеуметтік интеграциялау мәселелері талқыланды 17.10.2025
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында запасқа шығарылған әскери қызметшілер мен арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін әлеуметтік бейімдеу мәселелері жөнінде дөңгелек үстел отырысы болды. Іс-шара Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары вице-адмирал Серік Борамбаевтың төрағалығымен өтті. Талқылауға Қорғаныс, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ұлттық ұланның, Мемлекеттік күзет қызметінің өкілдері, сонымен бірге «Әскерден кейінгі интеграция қоғамдастығы» қоғамдық қорының негізін қалаушылар қатысты.Вице-адмирал Серік Борамбаев әскерден босатылған әскери қызметшілерді азаматтық өмір жағдайларына бейімдеуге, отбасылық тұрақтылықты сақтауға, психологиялық және құқықтық қолдау көрсетуге бағытталған кешенді және үйлесімді жұмысты әзірлеу қажеттігін атап өтті.– Қаралып отырған мәселе ведомствоаралық өзара іс-әрекетті нақты реттеуді, ресурстарды ұтымды үйлестіруді және нәтижеге бағдарланған көрсеткіштер жүйесін енгізуді талап етеді, – деп атап өтті Қорғаныс министрінің орынбасары.Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті психологиялық және әскери-әлеуметтік жұмыс басқармасының бастығы подполковник Арман Қалышев айтып берді.Оның айтуынша, жасына, денсаулығына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты запасқа шығарылған әскери қызметшілер бейімделуге құқылы. Қызметтер пакетіне әскери қызметшінің өзі есебінен жүзеге асырылатын азаматтық мамандық бойынша кәсіптік қайта даярлау, мектептерде АӘД оқытушысы болып жұмыс істеу үшін тегін педагогикалық қайта даярлау және психологиялық қолдау кіреді.«Әскерден кейінгі интеграция қоғамдастығы» қоғамдық қорының басшысы запастағы полковник Рүстем Жантенов ұйымның қаржылық сауаттылық бойынша тренингтер өткізетінін, запасқа шығарылған әскери қызметшілерге психологиялық, құқықтық және заңгерлік көмек көрсететінін атап өтті.Отырыс соңында Қорғаныс министрлігі мен «Әскерден кейінгі интеграция қауымдастығы» қоғамдық қоры ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1088813?lang=kk
Су ресурстары саласындағы Қазақстан-Словакия ынтымақтастығының жаңа перспективалары 17.10.2025
Братислава, 2025 жылғы 16 қазан – Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Словак Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі өкілдерінің, сондай-ақ «WaterSlovakia» қауымдастығына кіретін бірқатар словакиялық компаниялардың басшыларының қатысуымен онлайн-келіссөздер өтті.Кездесу барысында тараптар су ресурстарын басқару және су шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Әңгіме барысында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мен СР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюға дайындық, сондай-ақ еуропалық қаржы институттарының қатысуымен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды.Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындайтын бірлескен «талаптар картасын» әзірлеу және словакиялық компаниялардың Қазақстанға сапарын ұйымдастыру жөнінде уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1088784?lang=kk
Экономикалық саясатты, соның ішінде жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру жөніндегі кездесу 17.10.2025
2025 жылғы 17 қазанда экономикалық саясатты, соның ішінде жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру мақсатында бизнес өкілдерімен, жергілікті атқарушы органдар мен мәслихат депутаттарымен кездесу өткізілді.Кездесуге Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Сағнаев Ерлан Ермекұлы, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Смағұлов Олжас Мұхтарұлы, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Нұржанов Жәнібек Мәулетбекұлы қатысты.Барлығы 80 адам қатысты. Кездесуде бизнес-қоғамдастық өкілдері, мәслихат депутаттары, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басқармаларының басшылары болды.Кеңесте көтерілген негізгі мәселелер:- салық жүйесін жеңілдету;- КТС бойынша сараланған мөлшерлемелер;- ЖТС бойынша прогрессивтік мөлшерлемелер;- арнаулы салықтық режимдерді оңтайландыру;- ҚҚС мөлшерлемесін арттыру себептері;- ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін қолдау;- өткен жылы сатып алынған ТМҚ-ның өзіндік құнын КТС мақсатында шегерімге жатқызу мүмкіндігі;- тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімі (44 ЭҚЖЖ), оңайлатылған декларация бойынша салық мөлшерлемесі;- арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілермен операциялар бойынша жалпыға бірдей тәртіптегі ұйымдардың шығыстарын шегерімге жатқызу.Кездесу барысында конструктивті диалог орнады, бизнес өкілдерінің ұсыныстары әрі қарай қарастыру үшін тіркелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1088728?lang=kk
Жекелеген қызмет түрлері бойынша есепке қою тәртібі туралы 17.10.2025
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, жекелеген қызмет түрлерін (ЖҚТ) жүзеге асыратын тұлғалар салық төлеуші ретінде міндетті тіркеу туралы хабарлайды.Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюға мынадай қызмет түрлерін: 1) бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын, экологиялық отынды өндіруді; 2) бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын, экологиялық отынды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді; 3) этил спиртін және (немесе) алкоголь өнiмдерін өндiруді; 4) алкоголь өнiмдерiн көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді; 5) темекi бұйымдарын өндiрудi және (немесе) көтерме саудада өткізуді; 6) ойын бизнесiн; 7) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес акциз төлеу жүргізілген акцизделетін тауарлардың импортын қоспағанда, сондай-ақ өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болған кезде, осы Кодекстің 462-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, жинауды (жинақтауды); 8) тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер жатады. Тіркеу 3 жұмыс күні ішінде жүргізіледі:хабарлама тапсырылған күннен бастапнемесе elicense.kz жүйесінен мәліметтер алынған күннен бастап Процесстерді автоматтандыру:2025 жылғы сәуірден бастап СӘИЖ және elicense.kz жүйелері арасында деректер алмасу автоматтандырылған түрде жүзеге асырылады. Дұрыс алмасуды қамтамасыз ету үшін мекенжайдың тіркеу коды (МТК) пайдаланылады. МТК қайдан алуға болады:сәулет және қала құрылысы бөлімдеріненнемесе eGov.kz порталы арқылы Сондай-ақ жылжымайтын мүліктің мекенжайын нақтылау немесе беру бойынша онлайн-қызмет те қолжетімді:https://egov.kz/cms/ru/services/pass668_mir Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1088679?lang=kk
Мәдениет көпірі: «TURAN» қазақ ансамблі румын көрерменінің жүрегін жаулап алды 17.10.2025
Бухарест, 2025 жылғы 16 қазан – Қазақстан Республикасының күні қарсаңында Бухарестте Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «TURAN» этно-фольклорлық ансамблінің салтанатты концерті өтті Елші Ерлік Әли концертті ашып, құттықтау сөзінде ансамбльдің жоғары кәсіби шеберлігін, зор жетістіктері мен бай халықаралық тәжірибесін атап өтті. Елші «TURAN» ансамблі қазіргі қазақстандық этномузыканың жарқын өкілі ретінде әлемнің ең беделді сахналарында өнер көрсетіп, ондаған елдерде зор табысқа жетіп, кең көрермен қауымның ықыласына бөленіп, Қазақстанның мәдени мұрасын халықаралық деңгейде насихаттауға айрықша үлес қосқанын атап өтті. «TURAN» ансамблінің музыканттары көрермендерге түркі және қазақ музыкалық мәдениетінің сан ғасырлық мұрасын бейнелейтін әсерлі әрі өзіндік концерттік бағдарламасын ұсынды. Ежелгі дәстүрлі аспаптардың үні заманауи музыкалық нақыштармен үйлесіп, ұрпақтар арасындағы рухани жалғастық пен мәңгілік мәдени байланысты айқын сездірді. Ансамбльдің жоғары кәсібилігі, орындау шеберлігі мен терең эмоциялық әсері тыңдармандардың жүрегін баурап, Ұлы Дала рухын зор шабытпен жеткізді. Мәдени кеш нағыз достық көпіріне айналып, румын зиялылары мен дипломатиялық корпустың өкілдерін, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін, өнер және бизнес саласының өкілдерін, сондай-ақ Румынияда тұратын қазақ студенттері мен отандастарды біріктірді. Іс-шараның жылы да рухты атмосферасы залды баурап алды, ал концерт соңында көрермендер музыканттарды ұзақ қол шапалақпен қарсы алып, ыстық ықылас пен шынайы қошемет көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bucharest/press/news/details/1088649?lang=kk
ПРЕЗИДЕНТ ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ 17.10.2025
Мемлекет басшысы бейбіт күннің батырларына шынайы ризашылығын білдіріп, азаматтық қорғау саласының еліміз үшін стратегиялық маңызы ерекше екенін атап өтті.– Конституциямыздың алғашқы бабында «Адам және адамның өмірі – мемлекеттің ең қымбат қазынасы» екені анық көрсетілген. Азаматтық қорғау саласының әр қызметкері ел қауіпсіздігі және азаматтарымыздың амандығы үшін қажырлы еңбек етуде. Шын мәнінде, құтқарушы болу – кез келген төтенше жағдайға дайын тұру, ешқандай қауіп-қатерге қарамастан адам өміріне араша түсу деген сөз. Бұл – әрине, өте абыройлы іс, жауапты қызмет. Халқымыз өздеріңіз сияқты батыл, ержүрек және ең бастысы, нағыз отаншыл азаматтарды әрдайым мақтан тұтады. Сіздердің адал қызметтеріңіз – өскелең ұрпақ үшін өте жақсы үлгі-өнеге, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Президент соңғы жылдары еліміз бастан өткерген табиғи апаттардың ең ауыр салмағы құтқарушыларға түскенін айтты.– Былтыр алапат су тасқыны кезінде сіздер жұртты қауіпсіз жерге көшіріп, апаттан аман алып қалдыңыздар. Қостанайда, Семейде және басқа да аймақтарда болған орман өртіне қарсы тұрып, тілсіз жаумен күрестіңіздер. Төтенше жағдай болған аймақтарға өзім де арнайы бардым. Ерлікке бергісіз нағыз еңбекті өз көзіммен көрдім. Сондықтан азаматтық қорғау саласы мамандарының кәсіби шеберлігі және табанды еңбегінің арқасында біз бір ел болып барлық қиындықты еңсердік деп толық сеніммен айтуға болады. Жалпы, құтқарушыларымыз соңғы 5 жылда 225 мыңға жуық адамның өмірін сақтап қалды. Сондай-ақ шетелдегі гуманитарлық миссияларға қатысып, кәсіби деңгейі жоғары озық маман екенін дәлелдеді. Сол арқылы еліміздің халықаралық беделін арттыруға атсалысты. Осы орайда бүгін мен еліміздегі барлық құтқарушыларға тағы да зор алғысымды айтамын, – деді Мемлекет басшысы.Сонымен қатар, «Құтқарушы еліміздегі ең беделді мамандықтың біріне айналуға тиіс»- деп атап өткен Мемлекет басшысы мемлекет азаматтық қорғау саласын күшейте түсуге баса мән беретінін айтты.– Осыдан бесжыл бұрын Төтенше жағдайлар министров құрылды, ал осы салаға республикалық бюджетен бөлинетин қаржы екі жарым есе көбейді. Бір сөзбен, нақты және тиімді шаралар қабылдана бастады. Атап айтқанда, 1700-ден астам арнайы техника алинды. 42 өрт сөндіру депосы және құтқару станции салынды. Аудандық төтенше жағдай бөлімшелері заман талабына сай жаңғыртыла бастады. Құтқарушылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту жұмысы да басты назарда. Соңғы екі жыл ишінде сала мамандарының еңбекақысы 77 пайызға өсті, энди оларға арнайы үстемеақы теленетін болды. Сондай-ақ тұрғын үй төлемдері мен әлеуметтік жеңілдіктер беріле бастады. Жалпы, бұл жұмыс миндетті түрде өз жалғасын табады. Осындай шаралардың арқасында азаматтық қорғау саласының кадрлық әлеуеті артып келеді, – деді Президент.Мемлекет басшысы жер жүзінде түрлі самптерге байланысты табиғи жэне техногендік апаттар көбейіп кеткеніне тоқталып, кәсіби тұрғыдан білікти, мықты мамандарды, яғни жаңа заман құтқарушыларын даярлауға ерекше назар аудару қажет екенин тілге тиек етті.– Осы мақсатпен Көкшетау техническиелық институты Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғауясы академии болып қайта құрылды. Құтқарушы еліміздегі ең беделді мамандықтың біріне айналуға тиіс. Мемлекеттік органдар құтқарушыларға қоғамда лайықты баға берілуі үшін барынша шара қабылдауға міндетті. Өте қиын, қауіпті, бір емес, бірнеше бахытта дайындықты қажет ететин осынау мамандықты насихаттауға бұқаралық ақт пара құралдары, өнер адамдары үлес қоса алады. Нағыз құтқарушылар әскери іс, экономика, құрылыс және басқа да көптеген саладағы арнайы білімді мегагерген. Олардың арасында спортшылар да аз емес, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
KazGASA Мадрид политехникалық университетімен академиялық ынтымақтастықты нығайтуда 17.10.2025
Мадрид, 2025 жылғы 16 қазан – Халықаралық білім беру корпорациясының (KazGASA) ректоры Б.Сабденалиев Испанияға сапары аясында Мадрид политехникалық университетінің Жолдар, арналар және порттар инженерлері жоғары мектебінің директоры Х.М. Атьенсамен кездесті.Кездесу барысында ректор KazGASA университетінің қызметі, білім беру бағдарламалары, ғылыми зерттеулері және халықаралық жобалары туралы ақпарат берді. Б.Сабденалиев студенттердің шетелдік университеттерде білім алуына, халықаралық тәжірибе жинақтауына және кәсіби құзыреттерін дамытуына мүмкіндік беретін «Қос диплом» және «Академиялық ұтқырлық» бағдарламаларының табысты жүзеге асып жатқанын атап өтті.Өз кезегінде Х.М. Атьенса испандық университеттің тарихы мен қазіргі жетістіктері туралы хабарлады. Ол университеттің студенттер мен оқытушылар алмасуын, сондай-ақ бірлескен зерттеу бастамаларын қамтитын халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытып келе жатқанын ерекше атап өтті.Келіссөздер қорытындысы бойынша KazGASA мен UPM арасында академиялық серіктестікті нығайтуға, білім беру және ғылыми жобаларды дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.Тараптар инженерлік және сәулет білімі, орнықты даму жобалары және студенттер мен оқытушыларға арналған алмасу мен тағылымдамалар бағдарламалары салаларында одан әрі ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1088602?lang=kk