Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Алматыда «Тәртіпті өзіңнен баста!» тақырыбында жастармен кездесу ұйымдастырылды 19.05.2025
2025 жылғы 14 мамырында Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» идеясын насихаттау мақсатында «Тәртіпті өзіңнен баста!» акциясы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерімен кездесу өткізілді.Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік идеологиясын дамыту, заңдылық пен тәртіп принциптерін сақтау мәдениетін қалыптастыру және әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру. Іс-шараға студенттер, оқытушылар мен колледж қызметкерлері қатысты.Өз сөзінде Жарқын Ғалымов сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған мемлекеттік шаралар мен бастамалар туралы айтып, қоғамда адалдық пен әділдікті қалыптастыруда студенттер мен оқытушылардың рөлін атап өтті.Қоғамға сыбайлас жемқорлықтың теріс әсерін және оны болдырмаудың әдістерін көрсететін бейнемазмұндар көрсетілді. Іс-шара барысында қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, идеяларымен бөлісті.Іс-шараның соңында колледж ұжымы лекторға мазмұнды ақпарат үшін алғысын білдіріп, сыбайлас жемқорлық нормалар мен этикалық стандарттарды сақтау туралы өз шешімдерін жариялады. #ЗАҢ_МЕН_ТӘРТІП#ЗАҢ мен ТӘРТІП Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/995464?lang=kk
Қазақстан және Франция СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы 19.05.2025
Астана, 2025 жылғы 14 мамыр – Француз тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Француз Республикасының Еуропа және сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барромен телефон арқылы сөйлесті.Сұхбат барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-француз ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары талқыланды. Инвестицияларды тарту, сондай-ақ білім беру жобаларына ерекше назар аударылды.Министрлер өткен жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы қарашада Францияға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.Сыртқы саяси ведомстволар басшылары Астана мен Париж арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдету мен байланыстарды кеңейтуге өзара мүдделілік танытты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/995429?lang=kk
Қарағанды облысында заманауи сүт-тауар фермасы ашылды 19.05.2025
Қарағанды облысы Нұра ауданы Көбетей ауылында 1100 басқа арналған сүт-тауар фермасы ашылды. Нысан еуропалық стандарттар бойынша жабдықталған және өңірдегі ең ірі нысандардың біріне айналады.Инвестициялық жобаны «Рамадан МФ» ЖШС «Черниговское и К» ауылшаруашылық кәсіпорнымен бірлесіп жүзеге асырды. Толық қуаттылыққа шыққан кезде жылына шамамен 9 мың тонна сүт тапсырылатын болады. Бұл көлемге келер жылы қол жеткізу жоспарланып отыр.Өнім Қарағанды облысы мен Астана қаласының сүт өңдеу кәсіпорындарына жеткізілетін болады.Жаңа кәсіпорында облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев болып, ауыл тұрғындарын құттықтады.– Бүгін біз заманауи сүт-тауар фермасын ашудамыз - ол тек жаңа өндірістік буынға ғана емес, ауылдағы экономикалық белсенділіктің нағыз орталығына айналатын маңызды нысан. Мұнда шамамен 60 жұмыс орны құрылады. Бірақ ең маңыздысы – жастардың туған жерінде қалу, жұмыс істеу, даму және лайықты табыс табу мүмкіндігі. Дәл осындай жобалар ауылдың жаңа экономикасын қалыптастырады деп сенемін. Жұмыс бар жерде мектеп, балабақша, толыққанды өмір болады, – деді өңір басшысы.Ол жобаны іске асыруға қатысқандардың барлығына алғыс айтты.СТФ құрылысы 2023 жылдан бастап жүргізілді. «Рамадан МФ» ЖШС мал шаруашылығын дамыту жөніндегі директордың орынбасары Арман Нұржанов қазіргі уақытта голштин тұқымды сиырлардың бірінші партиясын сатып алғанын хабарлады. Ол әлемдегі ең сүтті сиырлардың бірі ретінде танымал.Ферма жануарларды асырау мен саууға арналған заманауи еуропалық жабдықтармен жабдықталған, барлық процестер автоматтандырылған, үй-жайларда климат-бақылау орнатылған. Сондай-ақ, жемшөп өндірісі де қарастырылған.Штат қазірдің өзінде мамандармен жасақталған. Жұмысшыларды қабылдау кезінде жергілікті тұрғындарға басымдық берілген.– Біздің ауданда осындай үлкен сүт-тауар фермасының ашылғаны қуантады. Бұрын барлық аудан тәулігіне 27 тонна сүт беретін болса, енді бір ферма сонша береді, – деп атап өтті Қарағанды облысы мен Нұра ауданының құрметті азаматы Георгий Прокоп. – Мұнда бәрі бір алаңда жүзеге асырылған. Азық базасы құрылды. Жаңа жұмыс орындары пайда болды. Бұл бизнесмендер өз мойнына алған әлеуметтік жауапкершілікті білдіреді.Жалпы, жоба облыстың аграрлық секторын дамытуға әсер етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/995408?lang=kk
Мемлекеттік қызметкерер арасындағы облыстық спартакиада 19.05.2025
2025 жылдың 12 мамыр мен 1 маусым аралығында облыста ауқымды спорттық іс-шара – мемлекеттік қызметкерлер арасындағы спартакиада өтуде. Шара Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың Бірыңғай өңірлік күнтізбесіне сәйкес ұйымдастырылуда.Спартакиаданың басты мақсаты – мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттап, корпоративтік рухты нығайту. Спорттық жарыстар арқылы билік өкілдері мемлекеттік қызметтің беделін арттыруды, дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға жағдай жасауды, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер арасындағы өзара байланысты күшейтуді көздейді.Биыл жарыстар төрт жерде Қостанай, Лисаков, Тобыл қалалары мен Әулиекөл ауданында өтуде. Бағдарламада тоғыз спорт түрі қамтылған: мини-футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, жүзу, шахмат, қазақ күресі, арқан тарту және 3х3 баскетбол.Әр спорт түрінің өз ерекшелігі бар. Мысалы, мини-футболда 12 адамнан тұратын командалар Тобылда 30 мамыр мен 1 маусым аралығында жүлделі орындар үшін бақ сынайды. Волейболшылар 12–13 мамырда Қостанайда кездеседі. Әр команданың алаңда міндетті түрде екі әйел ойыншысы болуы тиіс. Арқан тарту жарысы 17–18 мамырда Лисаков қаласында өтеді. Онда да командалар құрамында екі әйел болуы керек (барлығы 7 адам).Тоғызқұмалақ пен шахмат жарыстары швейцарлық жүйе бойынша өтеді. Мұнда әр қатысушының жеке нәтижесі командалық есепке әсер етеді. Жүзу сайысы 18 мамырда Қостанайда ұйымдастырылады, ал қазақ күресіне жанкүйерлер 23–24 мамырда Әулиекөлде жиналады. Спартакиада заманауи форматтарды да қамтиды – мысалы, жастар арасында кең тараған және Олимпиада ойындарына енгізілген 3х3 баскетбол.Жарыстарға тек дәрігерден анықтама алған немесе жеке жауапкершілік туралы қолхатқа қол қойған саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер ғана қатыса алады. Бір елді мекенде орналасқан мекемелердің біріккен командаларына рұқсат беріледі.Спартакиада – жай ғана жарыс емес, ведомстволар арасындағы байланысты нығайтатын және ішкі командалық әлеуетті арттыратын алаң. Мұндай іс-шаралар қоғамға үлгі бола алатын белсенді, жауапты әрі дені сау мемлекеттік қызметкерлер қауымдастығын қалыптастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/995418?lang=kk
Кеше Тәуелсіздік көшесіндегі № 45-47 үйлердің тұрғындарымен кездесу өтті 19.05.2025
    Кеше қала әкімі Б.Абдралиевтың Тәуелсіздік көшесіндегі 45-47 үйлердің тұрғындарымен кездесуі өтті, оның барысында тараптар – тұрғындар мен коммуналдық қызметтердің инженерлік желілерді пайдалану мен күтіп ұстауға қатысты міндеттері түсіндірілді, сонымен қатар ауланы абаттандыру жоспарлары талқыланды.Атап айтқанда, ауланы абаттандыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Мен оны жақсартуға бағытталған жоспарлармен бөлістім. Бұл жұмыстар тұрғындар үшін жайлы, қауіпсіз және қолайлы орта құруға бағытталады. Үй маңындағы тазалық пен тәртіп — барлық тұрғындардың ортақ міндеті екенін еске салдым. Үй аумағының тазалығын сақтау, қоқысты рұқсат етілмеген орындарға тастамау және ортақ мүлікке ұқыпты қарау өте маңызды.Кездесу соңында өсіп келе жатқан ұрпаққа бар нәрсеге ұқыпты қарап, олар үшін жасалып жатқан дүниелерді бағалай білуге тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/995381?lang=kk
Кезекті кездесу аясында қала әкімі Б.Абдралиев № 2 мектеп түлектерімен кездесті 19.05.2025
      Кезекті кездесу аясында қала әкімі Б.Абдралиев  №2 мектептің түлектерімен кездесті. Кездесу барысында жастарды толғандыратын маңызды тақырыптар талқыланды: болашақ мамандықты таңдау, жеке және кәсіби дамудың мүмкіндіктері, қаланы дамытудағы жас ұрпақтың рөлі.Мектеп оқушыларына Курчатов қаласын дамытуға бағытталған қазіргі жобалар мен жоспарлар туралы, білім алу, жұмысқа орналасу және кәсіпкерлікпен айналысу бойынша туған қалада жасалып жатқан жаңа мүмкіндіктер жөнінде айтты. Курчатовтың дамуы үшін белсенді, білімді және бастамашыл жас мамандар қажет екенін, олардың қаланың болашағына өз үлесін қосуға дайын болуы керектігін атап өтті. Түлектер сұрақтар қойып, өз жоспарларымен және армандарымен бөлісті, сондай-ақ ересек өмірдің басында мемлекет пен жергілікті биліктің қолдауының маңыздылығы жөнінде пікір алмасты.Маңыздысы — түлектер қай қалада, тіпті шетелде білім алса да, туған қаласын ұмытпауы керек, себебі туған қала оларды әрдайым күтеді. Біліміңіз бен қабілетіңізді осы қалада қолданып, бірге Курчатовты одан да жақсы қалаға айналдырайық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/995359?lang=kk
Қолайлы іскерлік климат қалыптастыру мақсатында 19.05.2025
 Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңірдің бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесіп, кәсіпкерлікті дамыту, инвестициялық ахуалды жақсарту және қолайлы іскерлік климат қалыптастыру мәселелерін талқылады. Форумның мақсаты - бизнесті дамыту, инвестиция тарту, стратегиялық жобаларды іске асыру сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің заңды құқықтары мен мүддесін қамтамасыз етудің неғұрлым өзекті мәселелері бойынша ашық және құрылымды диалог құру болды.Кездесу өңірдің кәсіпкерлік саласын дамытуға серпін беретін маңызды іс-шара болды. Мемлекет басшысы Төртінші ұлттық құрылтайда атап өткендей, мемлекет бизнесті қолдады және қолдайтын болады, бұл жерде күмән болмауы керек. Бизнес, өз кезегінде, Үкіметтің қолдауына ие болу және тұтастай алғанда тиісті жеңілдік алу үшін жауапты және ең бастысы заңға бағынатын болуы тиіс.Кездесуге орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдері, кәсіпорын жетекшілері мен инвесторлар қатысты.Осындай кездесулер бизнесті қолдау бойынша нақты құралдарды әзірлеу үшін тиімді алаң болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/995300?lang=kk
«Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдаланудың жолдары» облыстық онлайн-семинар 19.05.2025
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2025 жылғы 14 мамырда мектеп директорлары мен директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдаланудың жолдары» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өткізді.Семинардың мақсаты: Оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін тиімді қолдану арқылы білім сапасын арттыру.Семинар барысында ШҚО ББ Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің «№1 Марқакөл орта мектебі» КММ, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№10 мектеп-гимназиясы» КММ, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№7 орта мектебі» КММ, ШҚО ББ Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі» КММ, ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Кайсенов кентінің орта мектебі» КММ –лерінің мектеп директорлары мен директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/995263?lang=kk
Кеден қызметтері бойынша мәселелерге жедел әрекет ету үшін «қызыл түйме» жүйесі енгізілді 19.05.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  адамға бағытталған тәсілді енгізу және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыс жалғасып жатқанын хабарлайды.Осы мақсатта барлық кеден бекеттері мен кедендік ресімдеу орталықтарында (КРО) «қызыл түйме» орнатылды — QR-кодты сканерлеу арқылы азаматтар мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туындаған мәселе бойынша Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасына тікелей жүгінуге мүмкіндік алады.Бұл құрал — кеден қызметтерін алу кезінде туындайтын қиындықтарға жедел әрекет етуге және қызметкерлер тарапынан әдепсіз мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған.Өтінімді беру формасы қарапайым әрі түсінікті, оны бірнеше минут ішінде толтыруға болады. Қалауыңыз бойынша өтінімді анонимді түрде жолдауға мүмкіндік бар.Біз азаматтармен және бизнес-қоғамдастықпен ашық әрі әділ диалог орнатуға ұмтыламыз. Әрбір келіп түскен өтінім қысқа мерзімде қаралып, тиісті шаралар қабылданады.Кедергілерге немесе сапасыз қызмет көрсетуге тап болған әрбір адамды осы мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз. Сіздің дауысыңыз — тиімді, ашық әрі клиентке бағытталған кедендік әкімшілендіру жүйесін қалыптастырудың маңызды бөлігі. Мемлекет пен қоғамның бірлескен күші ғана сервистің сапасы мен сенім деңгейін арттыра алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/995230?lang=kk
Малайзиядағы қазақ дипломаттары Екінші дүниежүзілік соғыс батырларын еске алды 19.05.2025
Куала-Лумпур, 2025 жылғы 9 мамыр – Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Болат Сүгірбаев Куала-Лумпурдағы кеңес жауынгерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шара Бейбітшілік пен бостандық үшін өз өмірін қиған сарбаздардың ерлігіне терең құрмет рухында өтті.Салтанатты іс-шараға Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елшілері мен дипломаттары қатысты. Фашизмді жеңуге баға жетпес үлес қосқандарға алғыс пен ризашылық сөздері айтылды.Соғыс жылдарында Қазақстан Майданға 1,2 миллионнан астам ұл-қызын жіберді, бұл сол кездегі Қазақ КСР-нің барлық халқының 20% құрады. Қазақстанда әскерді қару-жарақпен, техникамен және азық-түлікпен қамтамасыз ететін 200-ден астам эвакуацияланған зауыттар мен фабрикалар орналастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/995175?lang=kk
Есірткі қылмысы үшін құқықтық салдарлар 19.05.2025
Қазақстанда жастар арасында нашақорлық мәселесі барған сайын өткір бола түсуде, ал есірткінің таралу ауқымы мен халықты оған тәуелді ету деңгейі қауіпті сипатқа ие болуда.Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті жұмысының негізгі бағыттарының бірі есірткі қылмысына қарсы күрес және нашақорлықтың алдын алу болып қала береді.Кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлық проблемасының өзектілігін ескере отырып, ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ ШҚО ПД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкері полиция майоры Сағатбек Қуатбекұлы Малтугеловпен бірлесіп, кәмелетке толмағандар арасында «Есірткі қылмысы үшін құқықтық салдарлар» тақырыбында интерактивті сабақ өткізді.Сағатбек Қуатбекұлы өз бөлімшесінің басым міндеттері мен жұмыс бағыттары туралы, есірткі қылмыстары үшін қандай жаңалықтар күшіне енгені туралы, оны алғаш рет жасаған есірткі салушылар үшін жазаны жеңілдету жағына қарай заңды қайта қарау туралы айтып, біздің облыста жиі кездесетін есірткі құқық бұзушылықтар бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің баптарын түсіндіруге тоқталды. есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілік неше жастан басталатынын, және біздің облыста 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қалай өтетінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/995123?lang=kk
Халықпен кездесуі 19.05.2025
2025 жылғы 28 мамырда  Меңдіқара ауданы әкімі Ғ.М.Бекбаевтың Ломоносов ауылдық округінің  тұрғындармен  кездесуі  өткізіледі.Өткізілетін орны: Касқат ауылы, мектеп ғимараты, сағат 12:00          Тұрғындармен  кездесуге дайындық барысында тұрғындардан сауалдар түсуде.  Сұрақтар мен ұсыныстар 8-705-162-80-27 нөмірі бойынша  WhatsApp чаттары арқылы қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/995054?lang=kk
БАӘ спорт министрлігінің өкілдерімен кездесу 19.05.2025
Спорттық дипломатия аясында Біріккен Араб Әмірліктерінің Спорт министрлігі, Шахмат федерациясы және Ұлттық Олимпиада Комитетінің өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында мәдени-спорттық байланыстарды нығайту мүмкіндіктері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/995030?lang=kk
Су объектілеріндегі қауіпсіздік шаралары 19.05.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/995033?lang=kk
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің делегациясының сапары 19.05.2025
Астана қалалық полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев жетекшілік еткен Қазақстан Республикасының ІІМ делегациясы 13-15 мамыр аралығында Дубай қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік полиция саммитіне қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/995014?lang=kk
Қорғаншылар мен қамқоршылар eGov.kz порталы арқылы өздерінің қамқорлығындағы азаматтардың мүлкіне билік етуге және әлеуметтік төлемдерге рұқсат ала алады 19.05.2025
eGov.kz порталында қорғаншылар мен қамқоршыларға қамқорлығындағы адамдардың мүлкіне және әлеуметтік төлемдеріне билік етуге рұқсат алуға мүмкіндік беретін жаңа көрсетілетін қызмет іске қосылды. Көрсетілетін қызмет сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған кәмелетке толған азаматтардың заңды өкілдеріне арналған. Ол тегін ұсынылады және қорғаншылардың мүлкіне билік етуге ресми рұқсат алуға мүмкіндік береді.Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграция арқылы электрондық өтініш беру процесі жеңілдетілді. Қажетті мәліметтер цифрландырылған болса, олар өтініш толтырылған кезде автоматты түрде жүктеледі, қателіктер қатерін азайтып, деректерді қайта енгізу қажеттілігін жояды.Көрсетілетін қызметті пайдалану үшін: eGov.kz порталында тіркеліп, «Азаматтарға» - «Әлеуметтік қамсыздандыру» - «Отбасыларға көмек» бөліміне өтіңіз;«Мүлікке билік етуге рұқсат беру, зейнетақыны, жәрдемақыны, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның есебінен алынған әлеуметтік төлемдерді алу және сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру» қызметін таңдап, «Көрсетілетін қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесін басыңыз;қажетті өрістерді толтырыңыз;тапсырма түрлерінің бірін таңдап, қажетті алаңдарды толтырыңыз;өтінішке қолжетімді қол қою әдістерінің бірімен қол қойыңыз.Өтінімді қарау нәтижесінде өтініш берушінің жеке кабинетінде электрондық түрде бұйрық немесе уәжді бас тарту көрсетіледі. Шешім бес жұмыс күні ішінде беріледі.Жаңа қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ынтымақтастығымен жүзеге асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-irgiz/press/news/details/995396?lang=kk
Оқушылар арасында робототехника бойынша "Robotek Grand Tournament"халықаралық чемпионатына қатысу 19.05.2025
2025 жылғы 13 мамырда Астана қаласында оқушылар арасында робототехника бойынша "Robotek Grand Tournament"халықаралық чемпионаты өтті. Осакаров ауданынан 2 команда қатысты.Жарыс қорытындысы бойынша "Робо Баскетбол" санатында І орынды Кенжебаев Диас, Сансызбаев Аслан (жаттықтырушы - Темірбай С.Т.) оқушыларынан құралған "№8 жалпы білім беретін мектеп" КММ "Dragon" командасы иеленді.Құттықтаймыз!!!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/994970?lang=kk
Жазда су айдындарындағы жүріс-тұрыс қағидалары 19.05.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/994930?lang=kk
Таныс емес және тыйым салынған жерлерде шомылмаңыз 19.05.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/994945?lang=kk
ҚР ҚМ МКК кері байланысты күшейтуде: кеден қызметтері бойынша мәселелерге жедел әрекет ету үшін «қызыл түйме» жүйесі енгізілді 19.05.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті адамға бағытталған тәсілді енгізу және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде. Осы мақсатта барлық кеден бекеттері мен кедендік ресімдеу орталықтарында (КРО) «қызыл түйме» орнатылды — QR-кодты сканерлеу арқылы азаматтар мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туындаған мәселе бойынша МКК Төрағасына тікелей жүгінуге мүмкіндік алады. Толығырақhttps://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/989996 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/996734?lang=kk