Қоғам
Ақмола облысының аудандары мен қалаларының әкімдіктеріне инвестициялар бойынша жеткізілген KPI-ды орындау тапсырылды 04.03.2025
Ақмола облысының аудандары мен қалаларының әкімдіктеріне инвестициялар бойынша жеткізілген KPI-ды орындау тапсырылды Облыс әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен Ақмола облысы әкімдігінің отырысында инвестицияларды тарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәселелер қаралды.Инвестицияларды тарту бойынша ағымдағы жағдай және олардың тиімділігі туралы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының м.а. Бақытжан Сапар және «Ақмола Инвест» инвестицияларды дамыту орталығы» КММ директоры Айдос Жүргінов баяндады.Бақытжан Сапардың ақпаратына сәйкес, 2024 жылдың қорытындысы бойынша облыс экономикасына негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 562,8 млрд теңгені құрады. Жеке меншік үлесі инвестициялардың жалпы көлемінің 59,6% құрады.Бүгінгі таңда өңірде инвестиция тарту үшін бірқатар шаралар қабылдануда. Әр өңірдің үлесіне қарай 3 жылдағы орташа жылдық динамиканың болжамын ескере отырып, KPI-ге қол жеткізу үшін өңірлер бөлінісінде есептеу жүргізілді. 2025 жылы ШОБ саласын қоса алғанда, барлық салаларда 2,7 мың жұмыс орнын құра отырып, 279,3 млрд теңгеге 221 жобаны іске қосу жоспарлануда. Олардың ішінде Аршалы ауданында забутовка кірпішін өндіру, Зеренді ауданында Алексеев кен орнының каолин базасында тау-кен байыту комбинатын салу және т.б. жобалар бар. 2025 жылдан кейінгі инвестициялық жобалар пулына 720 млрд теңге сомасына «Dalian Hesheng Holdings» ЖШС қуаттылығы 1 млн тонна натрий глутаматын өндіретін астықты терең өңдеу өндірістік кешенін салу, Көкшетау қаласында 180 млрд. теңге сомасына «Ренэлл Көкшетау» ЖШС 630 орындық көпбейінді облыстық аурухана салу және басқа да жобалар кіреді. «Aqmola» республикалық аймағын дамытумен қатар облыста Целиноград ауданында және Көкшетау қаласында өңірлік индустриалдық аймақтар құрылуда. Бүгінде облыс орталығының әкімдігі болашақта Орта Азиядағы ең ірі мұнай сығынды зауытын салу үшін индустриялық аймақ шегінде жер белгіледі.Сондай-ақ, Ақмола облысының өңірлік инвестициялық бағдарламасы әзірленді, ол барлық шетелдік елшіліктерге таргеттелетін болады. Оған қоса облыста Өңірлік инвестициялық штаб құрылды.«Ақмола Инвест» инвестицияларды дамыту орталығы» КММ директоры Айдос Жүргінов облысқа инвесторларды тарту бойынша атқарылған жұмыстарды егжей-тегжейлі таныстырды. Атап айтқанда, инвестицияларды тарту орталығы облыстың инвестициялық тартымдылығын жеке және дербес дамытатын осындай жалғыз орталық болып табылады.«Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономиканың барлық секторларына инвестиция тартудың маңыздылығын атап өтті. Бүгінгі таңда сіз көрсеткен барлық инвестициялар әлі іске кіріспеді, нақты экономиканың дамуы жоқ. Инвестиция - бұл жай ғана қол жеткізу керек көрсеткіш емес, бәрі нәтижеге бағытталуы шарт. Инвестициялар бойынша беталысты түбегейлі өзгерту қажет. Қазір тез әрі батыл әрекет ету керек», - деп атап өтті өңір басшысы. Облыс әкімі инвестициялық белсенділік облыс дамуының, оның қазақстандық және шетелдік бизнес үшін тартымдылығының индикаторы екенін атап өтті.Отырыс қорытындысы бойынша кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына аудандар, қалалар әкімдіктерімен, салалық басқармалармен бірлесіп, негізгі капиталға инвестициялар бойынша жеткізілген KPI орындалуын, жер учаскесін алу кезеңінен бастап жобалық қуатқа шығуға дейін барлық инвестициялық жобаларды уақытылы іске асыруды және оларды сүйемелдеуді, 2025 жылға мәлімделген жалпыұлттық пулдың жобаларын пайдалануға беруді қамтамасыз ету, «Ақмола Инвест» орталығының толыққанды жұмысын қамтамасыз ету, басым секторларға инвесторларды тарту, өңірлерде жұмыс істеп тұрған бизнестің ірі субъектілерінің жаңа инвестициялық бастамаларын іске асыру тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/948735
Қобда қазақ орта мектебін қайта жаңғырту жұмыстары оқу процесін едәуір жақсартқан 04.03.2025
Ауданға жұмыс сапары кезінде облыс әкімі Қобда ауылында орналасқан қазақ орта мектебіне барды.Білім ордасы тірек мектептер қатарына жатады. 2008 жылы бой көтерген. Былтыр білім ошағына 98,3 млн теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.Мектеп директоры Сания Срымованың айтуынша, облыстағы шағын жинақты ауылдық мектептерінің әлеуетін дамыту бойынша пилоттық жоба аясында цифрлық технологияларды пайдалана отырып, аталған оқу орны заманауи әмбебап кабинеттермен жабдықталған. Қаражат «Қазақстан халқына»қорынан бөлінді. Бұл жаңғыртулар оқу процесін едәуір жақсартуға мүмкіндік берді. Мектеп заманауи техникалық құралдармен жабдықталған 24 оқу кабинеті бар екі қабатты типтік ғимаратта орналасқан. Оқушылар үшін арнайы шеберханалар – қыздарға арналған тігін сыныбы және ұлдарға арналған металл және ағаш өңдеу шеберханасы бар. Сонымен қатар, жасөспірімдерге ғылым саласындағы білімдері мен дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін STEM зертханасын ашты. Заманауи технологиялардың арқасында мектепте робототехника оқытыла бастады. Сондай-ақ, мұнда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға сенсорлық кабинет ашылып, инклюзивті білім беру процесі енгізілді.Оқу кабинеттерін көріп шыққан облыс әкімі балалармен жасанды интеллектінің мүмкіндіктері туралы әңгімелесті. Мектеп жасындағы балалардың жасанды интеллект сияқты инновациялармен танысуы маңызды екенін, бұл оларға сыни ойлау мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор ықпал ететінін айтып, ал, бұл үшін олар білім алып жатқан мектепте барлық мүмкіндіктер бар екенін жеткізді.«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауылдық мектептерде жаңа технологиялар енгізіліп, инфрақұрылым мейлінше жақсартылып жатыр. Білім алу үшін ең қолайлы жағдайлар жасалуда. Әсіресе ауылдық жерлерде оқу орындарын заманауи жабдықтау, олардың әлеуетін дамытуда шешуші рөл атқарады. Біз әр балаға сапалы білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып олардың толыққанды дамуына мол мүмкіндіктер беру үшін мектептерді жаңғыртуды әлі де жалғастырамыз», - деді өңір басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/948761
Облыс әкімі Қобдада азаматтарды қабылдады 04.03.2025
Өңір басшысының қабылдауына келген тұрғындар ауданның әлеуметтік инфрақұрылымы мен дамуына қатысты мәселелерді көтерді.Аймақ басшысына жеке сұрағымен келген төрт тұрғынның бірі - Светлана Ашенова. Ол аудан орталығында орналасқан «Шұғыла» балабақшасын басқа жерге көшіруге рұқсат сұрады. Ал, Нұрлыбек Кереймағанбетов аудан орталығында айналма жол салу мәселесін көтерді. Бұл көлік жүктемесін азайтып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ауданның инфрақұрылымын жақсартуға көмектесетіндігін алға тартты. Ауыл тұрғыны Мақсат Бисембаев Жиренқопа бағытында 6 ауылдық округ пен 6 елді мекенді қамтитын газ құбырын салу туралы ұсыныс білдіріп, көгілдір отын мәселесін қаузады. Ауылдарды газбен қамтамасыз ету жергілікті тұрғындардың өмір сүру жағдайын едәуір жақсартатынын сөз етті.Облыс әкімі азаматтардың өтініштерін тыңдап, жауапты басқармаларға тиісті тапсырмалар берді. Сонымен қатар аталған мәселелердің барлығы Қобда ауданының әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын іске асыру аясында қаралатынын айтты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/948762
Төраға орынбасары Ұлытауда биыл жаңғыртылатын базарларға барды 04.03.2025
Базарларды жаңғырту жөніндегі Жол картасына сай биыл Ұлытау облысында 2 сауда базары жаңғыртудан өтеді. ҚР СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев Жазқазған қаласындағы «Мерей» және «Нарық» базарларына барды.Сауда субъектілері сәуір-мамыр айынан бастап жаңарту жұмыстарына белсенді кірісуге ниетті. Қазір 2 базарда құжаттамалық жұмыстар мен ішкі бөлу жұмыстары жүріп жатыр. Ернұр Жәутікбаев базар иелері және жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп жаңғырту жұмыстарын уақытылы аяқтауға кедергі келтіретін мәселелерді талқылады.«Жол картасына сәйкес елдегі барлық базарды жаңғырту жұмыстары жыл соңына дейін мерзімінде аяқталуы тиіс. Бұл туралы өздеріңіз де жақсы білесіздер. Бұл жұмыс – бірінші кезекте бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі екенін қайталап айтамыз. Дегенмен жергілікті әкімдік жаңғырту жұмыстарының белсенді жүруіне қолғабыс етуі керек», - деген Ернұр Жәутікбаев аталған базарлардағы туындаған инфрақұрылымдық мәселелерді шешуді әкімдікке тапсырды.Айта кету керек, Сауда заңнамасының талаптарына сай сауда базарлары бірнеше талаптарға сай келуі керек. Олардың ішінде ең маңыздылары – базардың өрт қауіпсіздік және санитарлық талаптарға сай болуы, тұтынушылардың онлай төлем жасауын қамтамасыз ету және өз аумағында көлік тұрағы болуы қажет. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Сауда заңнамасы талаптарына сай келмейтін базар иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/948522
Қазақстан мен Өзбекстан цифрлық таңбалау саласындағы ынтымақтастықты нығайтпақ 04.03.2025
Қазақстанның Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіповтың төрағалығымен өткен Қазақстан делегациясының Ташкентке жасаған сапары екі ел арасында цифрлық таңбалау және тауарларды қадағалау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда маңызды қадам болды. Делегация құрамында Қазақстанның Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төраға орынбасары, Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен», Қазақстанның Пивоварлар одағы және Қазақстанның Тауар таңбалаушы бірыңғай операторы «Цифрлық экономика дамуы орталығы» ЖШС өкілдері болды.Жұмыс сапарындағы маңызды шара - Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік салық комитетінің төрағасы Шерзод Қудбиевпен кездесу. Келіссөздер барысында тауар таңбалауы, тәжірибе алмасу және жаңа технологияларды енгізу мәселелері талқыланды. Әсіресе таптар цифрлық технологиялар мен электрондық қызметтер арқылы тиімді салықтық әкімшіліктендіруге ерекше назар аударды.Қазақстан делегациясы Өзбекстанның Asl Belgisi тауар қадағалау жүйесінің жұмысымен де танысты. Бұл жүйе тауардың өндірушілер мен импорттаушылардан бастап, тікелей бөлшек саудаға дейінгі қозғалысының толық ашықтығын қамтамасыз етеді. Бұл жүйе салық органдарының қызметкерлері үшін әкімшіліктендіруді едәуір жеңілдетеді және тиімділігін арттырады.Сапар барысында делегация UzCarlsberg зауытына барды. Делегация мүшелері өндіріс процесінің әр кезеңіндегі таңбалау жабдықтарымен, заманауи автоматтандыру құралдарымен және өнімге Data Matrix форматындағы арнайы таңбалау кодын қою жүйесімен танысты.Сапардың нәтижесінде делегация екіжақты ынтымақтастықты нығайту және цифрлық технологиялар саласында тәжірибе алмасуды жалғастыру туралы келісімге қол жеткізді. Бұл тек елдер арасындағы сауда қарым-қатынасын жақсартып қана қоймай, сондай-ақ ұлттық бақылау жүйелерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/948539
Жетісу облысының әкімі Қырғыз Республикасының Алматыдағы Бас консулымен кездесті 04.03.2025
Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Қырғыз Республикасының Алматыдағы Бас консулы Женишбек Асанкуловпен кездесті. Тараптар кездесу барысында екі жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Ресми делегацияны жылы қабылдаған облыс әкімі Бейбіт Исабаев өз сөзінде екі елдің арасындағы туыстық қарым-қатынасты тілге тиек ете келе, Жетісу облысының инвестициялық мүмкіндіктеріне қысқаша тоқталды.- Алатаудың арғы беті мен бергі бетін жайлаған туысқан қазақ-қырғыз халқының салт-дәстүрі де, көзқарастары да ортақ. Көрші елдермен достық қарым-қатынасты нығайтуға біз де мүдделіміз. Жетісу облысында қазіргі кезде ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп өндірісі, жасыл энергитика, туризм, көлік-логистика салаларына басымдық беріледі, - деген өңір басшысы Алакөл мен Балқаш көлдерін дамытуға, шекаралық аймақтарды өркендетуге көп көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. Өндіріс саласының әлеуетіне де тоқталып, қырғыз кәсіпкерлерінің бизнес жобалары болса, бірлесіп қарастыруға дайын екенін жеткізді.Өз кезегінде Қырғыз елінің ресми өкілі Женишбек Асанкулов келген сапарының мақсатына тоқталып, екі ел президенттерінің уағдаластығына байланысты өзара ынтымақтастықты дамытуда бірқатар ұсыныстарын білдірді. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін, бизнес форумдарды бірлесіп өткізу, туристік бағыттарды дамыту, сол сияқты мәдениет және білім беру салаларында өзара тәжірибе алмасуы жайлы сөз етті. Соның ішінде Жетісу облысы мен Қырғыз Республикасының Нарын облысының арасында нақты жобаларды қолға алу мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды.Кездесу қорытындысында облыс басшысы Бейбіт Исабаев Бас консул тарапынан айтылған ұсыныс-тілектерді қолдайтынын және оларды бірлесіп атқаруға, нақты жобаларды қарастыруға дайын екенін жеткізді. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фототілші: Дмитрий ЕрофеевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/948690
Астанада қалалық кәсіпорындардың қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтіп жатыр 04.03.2025
Астанада қалалық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир басталды. Шара «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында өткізіліп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Турнир Астана қаласы әкімдігінің кәсіптік-техникалық колледжінде өтуде.Жарыста төрт команда бақ сынайды: «Базис Астана» ЖШС, «Астана Тазалық» ЖШС, «Әскерилендірілген Темір жол Күзет» ЖШС және «ҚТЖ ҰК» республикалық темір жол көлігін басқару орталығының филиалы.Ұйымдастырушылар қонақтарға түрлі іс-шаралар, сыйлықтар мен сертификаттар дайындады.«Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Біз әрқашан осындай жарыстарды қолдап, белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болуға тырысамыз. Бұл турнир қала мен жастар үшін бірден бірнеше маңызды мәселелерді шешеді. Осылайша оны одан да маңызды етеді», - деп атап өтті «Базис Астана» командасының капитаны Кенже Жапаров.Іс-шараның негізгі мақсаты – бұқаралық спортты кеңінен насихаттау және жұмысшы мамандарды дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысуға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттердің алдын алу. Турнир сондай-ақ жұмысшы жастар арасында спорттық командаларды дамыту, қала кәсіпорындарының қызметкерлері арасында үздік футболшыларды анықтау, осы жылдың сәуір айында өтетін қала әкімінің кубогы үшін турнирге қатысатын спортшыларды іріктеу арқылы байланысты нығайтуға ықпал етеді.Спорттық шараны «Ali Group» компаниясы Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» мемлекеттік мекемесімен және қалалық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, елордалық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырды.«Біздің міндетіміз – есірткі заттарының таралуына қарсы іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру аясында жас қызметкерлердің басын қосу ғана емес, сонымен қатар бүгінгі күні кәсіподақтар алдында тұрған еңбек ұжымдарының өзекті мәселелерін шешу. Біз тек турнирлер өткізуге ғана емес, сонымен қатар еңбек мәселелерін шешуде консультативтік көмек көрсетуге ұмтыламыз. Кәсіпорындар мен ұйымдарда болашақ кадрлық резерв қалыптастырып, ұрпақтар сабақтастығын сақтау – басты мақсатымыз», – дейді «Ali Group» компаниясының басшысы Салтанат Әли.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/948110
Астана кафелерінде кальян шеккен тағы бес адам жазаланды 04.03.2025
Астанада кезекті рет кальян шегушілерді анықтау мақсатында түнгі рейд жүргізілді. Сарайшық ауданындағы ойын-сауық мекемелерінде тексеру өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Рейдті аудан әкімдігі мен полиция басқармасының өкілдері жүргізді. Олар қоғамдық орындарда кальянды пайдаланудың алдын алу мақсатында 6 ойын-сауық мекемесін тексерді.«Екі мекемеде заң бұзушылықтар анықталды. Мекемеге келген 5 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдың жалпы сомасы 294 900 теңгені құрады», - деп хабарлады Сарайшық ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.Тыйым салынған орындарда кальян пайдаланғаны үшін ойын-сауық мекемелерінің тұтынушыларына ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабына сәйкес айыппұлдар өндірілді.Рейдтік іс-шаралар «Заң және тәртіп» аясында өткізіліп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/948282
Астанада «Esil Run» жүгіру іс-шарасы өтеді 04.03.2025
Астана қаласында 2 наурыз күні «Астана – есірткісіз қала» ұранымен «Esil Run» жүгіру іс-шарасы өткізiледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Іс-шара Ботаникалық саябақта өтеді. Жарыстың жалпы қашықтығы – 1300 метр.Жарысқа қатысуға денсаулығы жарамды 16 жасқа дейнігі балалар қатыса алады. Барлық қатысушыларға естелік медальдар беріледі. Қатысушылар лимиті – 500 адам.Барлық елорда тұрғындары мен қонақтарын бұқаралық шаңғы жүгірісіне қатысуға шақырамыз!Іс-шара 2 наурыз күні сағат 10:00-де басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/948743
Уран өндіру және машина құру зауыттары, мектептер мен ауруханалар: елордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі қалай өтті 04.03.2025
Елордада бір алаңда түрлі салалардан 100 жұмыс берушіні жинаған кең ауқымды бос орындар жәрмеңкесі өтті. 1500 үміткер 500-ден астам жұмыс орнына сұхбат өтуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Ниет білдірушілерге мұғалім, бухгалтер, кенші, электрик, арнайы техника жүргізушісі, механик, инженер, байланысшы, санитар, заңгер, мобилограф, маркетолог және тағы да басқа жұмыс орындары ұсынылды.«Жәрмеңке қала тұрғындарына әр түрлі деңгейдегі жұмыс орындары мен еңбек жағдайлары туралы білуге мүмкіндік берді. Жалақының орташа деңгейі лауазымға байланысты өзгереді, бірақ көптеген позиция жұмыс тәжірибесінсіз де қолжетімді. Жұмыс іздеушілердің қызығушылығын ыңғайлы кестесі мен карьералық өсу мүмкіндігі бар бос орындар тудырды», - деді Астана қаласы Нұра ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы Руслан Сәбитов.Қызметкерлерді іздеуге мемлекеттік органдар, уран өндіру, машина құру зауыттары, коммуналдық мердігерлік ұйымдар, банктер, супермаркеттер, бөлшек сауда дүкендері, емханалар, балабақшалар мен мектептер қатысты.«Біз тіпті тәжірибесі жоқ, карьерасын жаңадан бастағандарға да жұмыс ұсынуға дайынбыз. Кейбір орындар үшін тәжірибе қажет емес. Бастысы – оқуға деген ұмтылыс. Мысалы, біздің бөлшек сауда саласында тағылымдама қарастырылған. Біз қазірдің өзінде бірнеше сұхбат жүргіздік және әлеуетті қызметкерлерді өзімізге қарастырдық. Жақын арада оларды іріктеудің соңғы кезеңіне шақырамыз», - деді елорданың ірі кәсібінің өкілі Нұржан Сардаров.Жәрмеңкеге 20-50 жас аралығындағы тұрғындар келді.«Мен биыл университетті бітіремін. Бүгін жәрмеңкеге мамандық бойынша жұмыс табу үшін келдім. Өзіме бірнеше қызықты ұсынысты қарап, сұхбаттасуды жоспарлап отырмын», — деп бөлісті іс-шараға қатысушылардың бірі Арман Досжанов.Бос орындар жәрмеңкесі сұранысқа ие мамандықтарды насихаттауға және халықты жұмыспен қамтуды қолдауға бағытталған жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтті. Іс-шараны Нұра ауданының әкімдігі мен Астана әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығы ұйымдастырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/948745
Министр Жаслан Мәдиев пен «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Бакановтың Байқоңыр ғарыш айлағында кездесуі өтті 04.03.2025
Байқоңыр ғарыш айлағында Министр Жаслан Мәдиев пен «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Бакановтың кездесуі өтті.Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Ресейдің ғарыш саласын дамытудың стратегиялық бағыты болып табылатын бірлескен «Бәйтерек» жобасын жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Бұл жоба жаңа зымыран ұшыру инфрақұрылымын құруға бағытталған, ол болашақ зымыран тасымалдағыштарын ұшыруды қамтамасыз етеді. Кездесу барысында қатысушылар жоба жүзеге асырылып жатқан нысандарды аралап, оның іске асу барысымен танысты.Сондай-ақ, биыл атап өтілетін Байқоңыр ғарыш айлағының 70 жылдығы ерекше назарға алынды. Кездесу барысында мерейтойға арналған негізгі іс-шаралар мен олардың ұйымдастыру мәселелері талқыланды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ғарышты зерттеу және ұшыру саласындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға, сондай-ақ ғарыш инфрақұрылымын дамытуға және пайдалануға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі екендіктерін растады.Еске салайық, Дмитрий Баканов 2025 жылдың 6 ақпанында «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры болып тағайындалған болатын. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/948137
Энергетика министрі Жамбыл облысының энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді 04.03.2025
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жылу беру маусымының өту барысын бағалау және өңірдің энергетикалық кешенін жаңғырту жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысу мақсатында жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды.Өңірді энергиямен қамтамасыз ететін негізгі объектілер – басты назарда. Министр тұтынушыларға қызмет көрсетудің сенімділігі мен сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берген 2024 жылғы жұмыс нәтижелерімен танысты.Қазақстанның оңтүстігі үшін стратегиялық маңызы бар Жамбыл ГРЭС-інде техниканы жаңарту бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Тараз тұрғындарының негізгі жылу энергиясы саналатын «Таразэнергоорталық» АҚ-да жылу беру маусымында жылу электр орталығының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Кең ауқымды бюджеттік қаржыландырудың арқасында «Таразтрансэнерго» МКҚК құбырлардың айтарлықтай бөлігін ауыстырды, бұл көлік шығындарын азайтуға және жүйенің тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. «Жамбыл электр желілері» ЖШС электр желілері мен қосалқы станцияларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, электрмен жабдықтау сенімділігін нығайтты. Тұрғындарды жылумен үздіксіз қамтамасыз етуге кепілдік беретін Қаратау және Жаңатас қалаларындағы қазандықтарды реконструкциялау жұмыстары аяқталып.«Жүргізіліп жатқан жұмыстар – Жамбыл облысын энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру жолындағы маңызды қадам. Министрліктің, жергілікті билік пен энергетиктердің бірлескен жұмысы нәтиже беріп жатқаны көрініп тұр. Бірақ біз мұнымен тоқтап қалуға болмайды, адамдар мен кәсіпорындар тұрақты энергиямен жабдықтауда сенімдлі болуы үшін біз жүйелі жұмысты жалғастыруымыз керек, жабдықты жаңғыртуымыз керек»,- деп атап өтті ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.Министр облыс басшылығымен және энергетикалық компаниялармен бірге 2025 жылға арналған жоспарларды талқылады. Генерациялайтын қуаттардың сенімділігін арттыру, жылу және электр желілерін одан әрі жаңғырту, сондай-ақ энергия ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру басым бағыттар болады. Алмасадам Сатқалиев жоспарланған жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуы қажеттігін баса айтты.Жиында сондай-ақ өңірдің энергетикалық кешенін дамытудың назар аударуды және жүйелі көзқарасты талап ететін өзекті міндеттері де айтылды. Энергетика министрлігі мен Жамбыл облысының әкімдігі өңірді энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру бойынша бірлескен жұмысты жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/948738
Қобда ауданында екі бөгет жөндеуден өткізіліп, үшінші бөгетке су бұру арнасы салынды 04.03.2025
Ауданға жұмыс сапары кезінде аймақ басшысы «Батыс», «Сауқайың» және «Орал-Ойыл» бөгеттерінің жағдайын көрді.Аудан әкімі Ізгілік Тынымгереевтің айтуынша, екі гидроқұрылысқа да жөндеу жұмыстарын «Авторитет құрылыс компаниясы» ЖШС жүргізген.Бұдан бөлек, аталған құрылыс компаниясы ұзындығы 4,9 шақырымды құрайтын «Орал-Ойыл» бөгетінде су бұру арнасын салды. Үш жоба бойынша жүргізілген жұмыстарға жалпы көлемі 900 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Стратегиялық маңызды үш нысан да техникалық және авторлық бақылаудан өтеді.Жалпы ұзындығы 9,2 шақырым гидротехникалық құрылымдар көктемгі су тасқыны кезінде су ағындарын тиімді реттеуге мүмкіндік береді және аудан орталығын су басудан қорғайды.Бөгеттердің жай-күйін қарап шыққаннан кейін облыс әкімі су тасқыны кезеңінде олардың жұмысын қамтамасыз ету үшін су бұру арналары мен бөгеттердің пайдаланылуына бақылауды күшейтуді тапсырды. Аудан әкіміне елді мекендерді су тасқынынан қорғау және су бұруды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу міндеттелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/948606
Алматыда Нұрпейіс Байғаниннің туғанына 165 жыл толуына орай мәдени іс-шара өтті 04.03.2025
ҚР мемлекеттік орталық музейінде халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің туғанына 165 жыл толуына орай «Ер туралы жыр» атты мәдени-танымдық іс-шара ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа ақынның шығармашылығын насихаттап, ұлттық құндылықтарды ұлықтау.Нұрпейіс Байғанин – ақын, жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ол 15-16 жасында «бала жыршы» атанып, айтысқа түсіп, батырлық жырларын жатқа айтатын болған. Ақынның «Қарасай – Қази», «Нарқыз», «Ақкенже» секілді белгілі дастандары бар.«Ер туралы жыр», «Жиырма бес» секілді поэмалары жауынгерлерге жігер беріп, Жеңіс күнін жақындатты.Іс-шара барысында көрерменнің назарына музей қорында сақталған Нұрпейіс Байғаниннің фотоқұжаттары ұсынылды.Сонымен қатар, кездесуде ақынның шөбересі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері сөз сөйледі. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/948712
Астанада «Академиялық мәтін жазу шеберханасы» кітабының тұсаукесері өтті 04.03.2025
Астанада өткен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының VIII құрылтайында «Академиялық мәтін жазу шеберханасы» кітабы таныстырылды.Кітапта мәтін жазудың негізгі ұстанымдары топтастырылып, тақырыпты түсіну, ойталқы жасау және әдебиет таңдау талаптарынан бастап, академиялық стильге тән сөз саптауға дейінгі тақырыптар қамтылған. Бұл кітап оқырманның академиялық жазу машығын дамытуға арналған.Айта кету керек, жарыққа шыққан еңбек алдағы уақытта ЖОО-лар мен ғылыми-зерттеуорталықтары кітапханаларының қорын толықтырады. Академиялық мәтін жазуға қызығатын көпшілік кітаптың электрондық нұсқасын ҚҚДИ-дің ресми сайтынан (kipd.kz) оқи алады.Кітапты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты әзірледі. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/948741
Облыс әкімі Шэньси провинциясының губернаторымен кездесті 04.03.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары кезінде Шэньси провинциясының басшысы Чжао Ганмен кездесті.Басқосуға жауапты сала басшылары, бизнес қауымдастық өкілдері қатысып, онда екі елдің ынтымақтастығы, сауда-экономикалық серіктестікті дамыту, инвестиция тарту мәселелері сөз болды.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қытайдың озық технологияларын өндіріске тарту тапсырмасы бойынша арнайы делегация жасақтап, іссапармен келдік.Шэньсиде Қазақстанның Бас консулдығының жұмыс жасауы бұл провинцияның біз үшін маңызды екенін білдіреді. Бүгінде Қазақстан – Қытайдың Орталық Азиядағы негізгі сауда-экономикалық серіктесі. Өзара тауар айналымы мен инвестициялар жыл сайын өсіп келеді.Қызылорда облысы Қытай инвесторларымен бірлесіп жұмыс істеуден мол тәжірибе жинақтаған өңір екенін атап өткім келеді.Мұнай-газ – өнеркәсіптің маңызды салаларының бірі және облыс экономикасының негізі. Аталған саланың үлесі өңірдің өнеркәсіптік өндірісінің 48,7% - дан астамын құрайды және 10 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтиды.Мұндағы ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, баламалы энергия көздері, құрылыс индустриясы, тау-кен өнеркәсібі, машина жасау салаларындағы озық технологиялар біз үшін аса құнды. Барлық саладағы жетістіктерді, тәжірибені игеруге қызығушылық танытып, арнайы келдік.Бүгінгі мүмкіндікті пайдаланып, қытайлық компанияларды Қазақстанға инвестиция салуға шақырамын. Біздің тараптан барлық қажетті жағдай жасалады. Инженерлік инфрақұрылым жеткізіп береміз, жеңілдіктер бар, өндірілген өнімді өткізуге атсалысамыз», – деді Н.Нәлібаев.Өз кезегінде Чжао Ган мырза екі ел арасындағы байланысты нығайтып, инвестициялық жобаларды қолдауға дайын екенін жеткізді.Қытай – Қызылорда облысының ең ірі сауда серіктесі және өңірдің сыртқы сауда көлемінің шамамен 60%-ын құрайды, одан соң Ресей – 23,3% және Еуропа елдері – 8%. Қытайға негізінен мұнай өнімдері, майлы дақылдардың тұқымы, балық өнімдері және өңделмеген алюминий экспортталады. Импорттың негізгі позициялары – машиналар, жабдықтар, полимерлер және құрылыс материалдары.Аймақ басшысы бастаған облыс делегациясының жұмыс сапарын ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі ұйымдастырған. Келіссөздер басқа қалаларда да жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/947421
Облыс әкімі Нинься-Хуэй провинциясының губернаторымен кездесті 04.03.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегацияның Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары жалғасуда. Аймақ басшысы Нинься-Хуэй провинциясының губернаторымен кездесті. Басқосуға жауапты сала басшылары, бизнес қауымдастық өкілдері қатысып, онда екі елдің ынтымақтастығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, баламалы энергия көздері, құрылыс индустриясы, тау-кен өнеркәсібі, машина жасау мәселелері талқыланды.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қытайдың озық технологияларын отандық өндіріске тарту тапсырмасы бойынша арнайы делегация іссапармен келдік. Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстар Ұлы Жібек жолы арқылы ғасырлар бойы дамып, бізді Батыс пен Шығысты жақындастыруға негіз болған тығыз сауда-экономикалық қатынастар біріктірді. Бүгінде «Бір белдеу – бір жол» бастамасы осы бағытты жандандырып қана қоймай, оның әлемдік аренадағы рөлін күшейтті. Сауда керуендері әлі де жаңа Жібек жолы – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі арқылы өтіп, Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдерін байланыстырады.Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, баламалы энергия көздері, құрылыс индустриясы, тау-кен өнеркәсібі, машина жасау салаларындағы озық технологияларды, тәжірибені игеруге қызығушылық танытып, өзімізбен бірге облыстың инвестициялық әлеуеті туралы және 60 инвестициялық жобаның тизерін әкелдік. Біздің тараптан барлық жағдай жасалады. Инженерлік инфрақұрылым жеткізіп береміз, жеңілдіктер ұсынылады, өндірілген өнімді өткізуге атсалысамыз»,– деді аймақ басшысы.Облыста 15 мұнай өндіруші компания жұмыс істейді, оның 8-і –қытайлық кәсіпорын. Қытайлық инвесторлардың қатысуымен пайдалануға берілген және тұрақты жұмыс істейтін ірі индустриялық жобалар іске асырылуда.2018 жылдың желтоқсанында «Чайна Гежуба» компаниясымен бірлесіп, жалпы құны 137,8 млн. АҚШ доллары, қуаттылығы жылына 1 млн. тонна цемент өндіретін зауыт іске қосылды. 2022 жылдың қазан айында «Чайна Гласс» компаниясының қатысуымен құны 90,4 млн. АҚШ. доллары, қуаттылығы жылына 197 мың тонна табақша шыны өндіретін Қазақстандағы алғашқы шыны зауыты ашылды. Зауыт іске қосылғалы бері 31,4 млн. шаршы метрден астам, 76,7 млн. АҚШ. долларының өнімін өндірді. Оның 30%-ы ішкі нарыққа өткізіледі, ал 70%-ы Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Грузияға экспортталады.Бүгінде шыны кластерін құруға және түрлі шыны бұйымдарын өндіруге бағытталған жаңа ілеспе жобалар шеңберінде белсенді жұмыс жүргізілуде. Былтыр маусым айында жылына 5 млн. шаршы метр энергия үнемдейтін әйнек шығаратын жаңа желі іске қосылды. Одан бөлек, айна, шыңдалған шыны, автомобиль әйнегі мен шыны бөтелке өндірісі бойынша жобалар бар.Сондай-ақ, қуаттылығы 141 МВт-тық 4 күн және 1 жел электр станциясының құрылысы жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/947441
Қытайлық компаниялармен екіжақты келісімге қол қойылды 04.03.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегацияның Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында елшілікте бірнеше маңызды келісімге қол қойылды. «Саутс-Ойл» ЖШС мен Қытайдың «Carrie Technology Holding Limited» компаниясы арасында мұнай саласындағы ынтымақтастық, «Абзал және К» ТС мен «Hubei Yongxiang Food Processing Machine» компаниясы арасында күріш өндірісі саласындағы келісім және «Алтын орда» ЖШС мен «Jiangsu Hanpu Mechanical Technology» компаниясы арасында тұз өндіру саласындағы әріптестік орнатылды.Аймақ басшысы облыс әкімдігі тарапынан тиісті қолдау көрсетілетінін айтып, Қытай компанияларын бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.«Қызылорда облысында минералды шикізат ресурстарының, атап айтқанда мұнай, газ, полиметалл және уран қоры мол. Тау-кен металлургия саласындағы ерекше назар аударатын жобалардың бірі «Шалқия Цинк LTD» акционерлік қоғамының полиметалл кен орындарын игеру бойынша арнайы ұсынысымыз бар. Бүгінгі кездесуге компания директоры Асқар Тлеулин мырза да арнайы қатысуда. «Шалқия Цинк» жобасы бойынша жылына 4 миллион тонна кен өңдеу жоспарланған.Қазіргі уақытта жерасты жұмыстары басталды. Жобаға 309 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды. Өндіріс осы жылдың II тоқсанында, ал байыту фабрикасы 2026 жылы іске қосылады. Оған дейін «Шалқия» кені еліміздегі басқа байыту фабрикаларында өңделетін болады.Қазір кәсіпорында 500-ден астам адам жұмыс істейді, ал фабриканы іске қосқаннан кейін 1500-ге артады. Бұл өз кезегінде аймақтың еңбек нарығына оң әсер етеді.Сіздерді бірлесіп жұмыс жасауға шақырамыз. Облыс әкімдігі тиісті жер телімін беруге, инженерлік-инфрақұрылым жеткізуге, өндірілген өнімді сату үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайын», – деді Н.Нәлібаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/947720
Қарағандылық теннисші Әмір Омарханов Тунистегі турнирдің ширек финалына шықты 04.03.2025
Қарағандылық Әмір Омарханов Монастирдегі (Тунис) ITF санатындағы теннис турнирінің 1/4 финалына жолдама алды, деп хабарлайды olympic.kz.Екінші айналымда ол италияндық Лука Констаньоланы (738 АТР) жеңді. Кездесу 7:5, 6:2 есебімен аяқталды.Ширек финалда Әмір неміс Том Гентцпен (472 АТР) ойнайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/948067
Теміртауда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды 04.03.2025
Теміртауда қазіргі заманғы техника және жабдықтармен жабдықталған жаңа өрт сөндіру депосы ашылды, бұл құтқарушыларға төтенше жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Онда 48 маман жұмыс істейтін болады.Депо ашу қажеттілігі бұрыннан бар. Қалалық өрт сөндіру бөлімінің жүктемесі үлкен. Жазғы кезеңде құтқарушылар шақыруларға тәулігіне 30–35 рет шығады. Мәселе облыс әкімдігінің қолдауымен шешілді. 1993 жылы салынған бұрынғы өрт сөндіру бөлімінің ғимаратын күрделі жөндеуге қаражат бөлінді.Депоның ашылуына Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арынов қатысты.– Қосымша қаражат депоны заманауи техникамен және жабдықтармен жарақтандыруға, сондай-ақ құтқарушылардың жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді. Біз ТЖ қызметінің материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайтуды жалғастырамыз, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.Төтенше жағдайлар министрі құтқарушыларға жаңа арнайы техниканың кілтін табыс етті. Депо паркі төрт автоцистернамен, жедел әрекет етуге арналған екі қызметтік автомобильмен, қайықпен, сондай-ақ заманауи автосатымен толықтырылды.– Теміртауда мұндай өрт сөндіру бөлімі болған емес. Көлемі, техникамен жабдықталуы, атқарылған жұмыстардың деңгейі мен сапасы тұрғысынан да мұнда құтқарушыларға жағдай жасалған, пәтерлер, жатақхана бар. Осының бәрі жедел әрекет етуге серпін беріп, қызметтеріміздің сапасын арттыруға тиіс, – деп атап өтті Шыңғыс Арынов. – Жаңа өрт сөндіру депосының ашылуы – қаланың, оның тұрғындарының және өнеркәсіптік кешеннің қауіпсіздігіне қосқан үлесі.Ғимаратты қайта жөндеу кезінде өрт сөндіру депосының қызметкерлері үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударылған. Үшінші қабатта әкімшілік блок орналасқан.Бірінші және екінші қабаттар оқу сыныптарына, акт және тренажер залдарына, жуыну бөлмелеріне, асханаға берілген. Сондай-ақ, депо ғимаратында екі қызметтік пәтер бар, олар толық жабдықталған.Онда екі жас отбасы тұрады.– Енді барлық құтқарушылар бір жерде тұрады. Мұнда Теміртау ТЖ басқармасының қызметкерлері, өртке қарсы қызмет, өнеркәсіптік қауіпсіздік, тау-кен құтқарушылары болады. Бұл барлық міндеттерді жедел шешуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Теміртау ТЖБ бастығының орынбасары Владислав Карушулаков.Жаңа өрт сөндіру депосы Теміртаудың шығыс және оңтүстік-батыс бөлігі тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, соның ішінде көп пәтерлі және жеке тұрғын үйлер, әлеуметтік маңызы бар нысандар, Qarmet болат департаменті және Шығыс аймағының өнеркәсіптік кәсіпорындары бар.Сондай-ақ, депоның орналасқан жерін ескере отырып, ол республикалық трассаға жақын орналасқан, қызметкерлер жолда қиын жағдайға тап болған адамдарға тез арада көмек көрсетуге бара алады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/948071