Enbekshi QazaQ

Қоғам

Назар аударыңыз, маңызды ақпарат! 25.05.2026
   Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарға қатысты «полигон куәліктерін міндетті түрде ауыстыру» және «зардап шеккендердің жаңа деректер базасы қалыптастырылып жатыр» деген ақпараттардың таралуына байланысты төмендегіні хабарлаймыз.   Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңына өзгерістер енгізілген жоқ.   Бұрын берілген үлгідегі полигон куәліктері жарамды болып табылады. Куәліктерді міндетті түрде ауыстыру, сондай-ақ азаматтарды қайта міндетті тіркеу заңнамада көзделмеген. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және eGov Mobile мобильдік қосымшасында зардап шеккен тұлға мәртебесін көрсету мақсатында азаматтар өз қалауы бойынша қажетті құжаттарды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне енгізу үшін ұсына алады.  Аталған жұмыстар тек мәліметтерді цифрлық форматта көрсету және мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуды жеңілдету мақсатында жүргізілуде. Қолданыстағы мемлекеттік есептің орнына қандай да бір «жаңа деректер базасы» қалыптастырылып жатқан жоқ.   Азаматтардан тек мемлекеттік органдардың ресми ақпаратына сенуді және халық арасында, әсіресе аға буын өкілдері арасында негізсіз алаңдаушылық тудыратын жалған мәліметтерді таратпауды сұраймыз.  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделгенін, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес жауаптылық қарастырылғанын еске саламыз.   Сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар ресми түсіндірме алу үшін тұрғылықты жері бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдарға жүгіне алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1227640?lang=ru
МОБИЛЬДІ АУДАРЫМДАР ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ ? 25.05.2026
2026 жылғы 1 қаңтардан мобильді аударымдарды бақылаудың жаңа өлшемшарты қолданысқа енді. 📌 Не өзгеруде?Бұрын тек аударымдар саны ескерілетін — 3 ай қатарынан 100 немесе одан да көп әртүрлі тұлғадан түскен жағдайда.Енді қосымша талап енгізіледі:👉 дәл сол 3 айда түскен қаражаттың жалпы сомасы 12 ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) асуы керек. 📌 Қашан кәсіпкерлік қызмет белгісі туындайды?Егер сіздің жеке (бизнеске арналмаған) шотыңызға 3 ай қатарынан әр айда:100 әртүрлі адамнан ақша түссе, жәнежалпы сома 12 ЕТЖ-дан асса,онда мұндай операциялар кәсіпкерлік табыс белгілері бар ретінде есептеледі.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1227655?lang=ru
Қазақстанның Қасиетті Тақ жанындағы Елшісі монсеньор Карел Кастелмен кездесті 25.05.2026
2026 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақ жанындағы Елшісі Тимур Пірімбетов Қасиетті Тақтың құрметті куриялық прелаты, Католик шіркеуінің белгілі әрі беделді қайраткері монсеньор Карел Кастелмен кездесті.Монсеньор К.Кастел әр жылдары Евангелизация жөніндегі дикастерияда, «Cor Unum» Папалық кеңесінде қызмет атқарып, Қасиетті Тақтың гуманитарлық көмек көрсетуге бағытталған көптеген халықаралық жобаларын үйлестірген, сондай-ақ Қасиетті Тақты дипломатиялық байланыстарда таныстырған.Әңгіме барысында Қазақстан Елшісі монсеньор К.Кастелді Қазақстанның дінаралық және өркениетаралық диалогты ілгерілету бағытындағы қызметі туралы хабардар етті. Әртүрлі конфессиялар мен мәдениеттер өкілдері арасындағы өзара түсіністікті, төзімділікті және ынтымақтастықты нығайтуға арналған бірегей халықаралық алаң ретінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің маңызына ерекше назар аударылды.Қазақстандық дипломат сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елімізде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғырулар туралы айтып, бұл реформалардың мемлекеттік институттарды нығайтуға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, қоғамдық келісім мен елдің орнықты дамуын ілгерілетуге бағытталғанын атап өтті.Монсеньор К.Кастел Қазақстанның діндер мен мәдениеттер арасындағы диалогты дамытуға қосып келе жатқан үлесін жоғары бағалап, бейбітшілікті, өзара құрметті және көпжақты ынтымақтастықты нығайту жолындағы бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.Сұхбаттастар Қазақстан мен Қасиетті Тақ арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, соның ішінде рухани-гуманитарлық саладағы байланыстарды одан әрі дамыту перспективалары жөнінде пікір алмасты.Кездесу достық әрі сенімді ахуалда өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vatican/press/news/details/1227665?lang=ru
Аймақта 10 мыңнан астам түлек мектеп бітірді 25.05.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев оқу жылының аяқталуына орай Мырзабек Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейі түлектерінің салтанатты шарасына қатысты. Алтын ұядан ұшқалы тұрған мектеп бітірушілерге ақжолтай тілегін арнап, ұстаздар қауымын мерекемен құттықтады.Биыл аймақта 10 мыңнан астам жас түлек он бір жыл бойы білім алған мектебімен қоштасып, жаңа өмірге жолдама алды.«Шын мәнінде, ел мен елді, халық пен халықты теңестіретін – білім. Тек білім ғана кез келген адам үшін өмір жолын дұрыс таңдауға, өзіне деген сенімділік пен табысқа жетуге зор мүмкіндік береді.Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Мектеп – білім мен тәлім-тәрбиенің киелі ордасы. Өскелең ұрпақты білімпаздыққа баулу қаншалықты маңызды болса, оларға дұрыс жол көрсету, бағдар беру де соншалықты маңызды. Біз жастардың адал әрі еңбекқор болып өсуіне ерекше мән беруіміз қажет», – деген болатын.Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен өңірде 200-ден астам әлеуметтік нысан бой көтерді. Оның ішінде білім беру саласында ауқымды жобалар жүзеге асырылып, 45 жаңа заманауи білім беру нысаны ел игілігіне берілді.Президент бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 10 жаңа мектеп салынды. Соның бірі – өздеріңіз алғашқы түлегі атанып отырған Мырзабек Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейінің жаңа ғимараты. Бұл мектеп ашылған соң, «Арай» шағын ауданындағы мемлекеттік мектеп мәселесі толық шешімін тапты.Еліміздегі әрбір игілікті іс сіздердің кемел келешектеріңізге арналуда. Сіздер білімге деген ұмтылыс, адал еңбек пен табанды іс-әрекет арқылы елге қызмет ететін азамат болып қалыптасады деп сенемін. Қанаттарыңыз талмасын! Бейбіт еліміздің көгінде самғап, ата-аналарыңыздың үмітін ақтаңыздар! Әрдайым жолдарыңыз ашық болып, арман-мақсаттарыңызға жете беріңіздер!», – деді Мұрат Ергешбаев.Аймақ басшысы осы оқу жылында 100-ге жуық сырбойылық оқушы республикалық, халықаралық білім бәйгелерінде топ жарып, жүлделі орын иеленгені ұлағатты ұстаздардың ерен еңбегі екенін ерекше атап өтті.Биылғы оқу жылын өңірдің 320 мектебінде 1-11 сынып оқитын 189 288 оқушы аяқтады, 987 оқушы «Алтын белгіге», 1 141 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер. Ұлттық бірыңғай тестілеудің шешуші кезеңі 10 мамыр-10 шілде аралығында Қызылорда қаласы, Арал, Қазалы, Жаңақорған аудандарындағы тестілеу орталықтарында өтеді. Оған 11-сыныпты бітіруші 10 317 түлектің 9 250-і қатысады.Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру жоспарланған. Биыл 170 мыңнан астам оқушы жазғы тынығу лагерьлерінде, 150 мыңға жуық бала мектеп жанындағы лагерьлерде демалады. Жақында Президент саябағы аумағынан Мемлекет басшысының қолдауымен жыл бойы үздіксіз қызмет көрсететін оқу-сауықтыру орталығы ашылды.Салтанатты шарада облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев білім ұясынан қанат қаққан жастарға ақ жол тілеп, ізгі лебізін білдірсе, ата-аналар атынан сөз сөйлеген Мұхит Төребаев ұстаздарға ризашылығын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1227598?lang=ru
Электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны енгізу туралы 25.05.2026
Электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны енгізу туралыҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына енгізілетін өзгерістерге сәйкес электрондық сауда тауарларын электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны (ЭСТД) пайдалана отырып кедендік декларациялау енгізілетінін хабарлайды.Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 17 желтоқсандағы №143 шешімімен электрондық сауда тауарларына арналған декларацияның нысаны мен оны толтыру тәртібі бекітілді. Сонымен қатар, ЕЭК Алқасының 2024 жылғы 17 желтоқсандағы №144 шешімімен электрондық құжат түріндегі декларацияның құрылымы мен форматы бекітілді.Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелерде тиісті функционалды іске асыру жұмыстары аяқталды. «Кеден» ақпараттық жүйесінде «Электрондық сауда тауарларына арналған декларация» (ЭСТД) функционалы әзірленді.Аталған функционалды енгізу және ЭСТД қолдану 2026 жылғы 1 шілдеден бастап жүзеге асырылатын болады.Сонымен қатар, қазіргі уақытта Telegram қосымшасында арнайы чат іске қосылды:https://t.me/+guX61IzTzwU1YTcyАталған чатта тестілеуді өткізуге қатысты ақпарат жарияланатын болады.Тестілеуге электрондық саудаға қатысушылар, пошта байланысы операторлары, жедел жеткізушілер және сыртқы экономикалық қызметтің өзге де қатысушылары шақырылады.Жүйені пайдалану барысында қандай да бір ескертулер немесе ұсыныстар туындаған жағдайда, оларды көрсетілген чатқа жолдауға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1227607?lang=ru
Жамбыл Жабаев атындағы мектептің 95 жылдық мерейтойы 25.05.2026
Самар ауданындағы Көкжота ауылында Жамбыл Жабаев атындағы мектептің 95 жылдық мерейтойы аталып өтті. Білім ордасының іргесі 1931 жылы қаланып, содан бері талай буынға сапалы білім мен тәрбие беріп келеді.Мерейтойға орай Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов ұжымды, түлектерді және ауыл тұрғындарын құттықтап, мектептің аудан дамуына қосқан үлесін атап өтті.Салтанатты күні Күлпаш Райысова атындағы әдебиет кабинеті ашылып, түлектер мен 2026 жылғы бітірушілер мектеп алдында Түлектер аллеясына тал отырғызды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1227550?lang=ru
2026 жылғы 22-25 мамырда Риддер қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері «Дауыс беру неге маңызды» эссе байқауына қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттады: «№1 мектеп-лицей» КММ - Батинова Сабина, Ишмуратова Залина, Оразбаева Амина, Сергиенко Екатерина, «№ 3 орта мектебі» КММ - Козловская Полина, «№10 орта мектеп» КММ - Назарова Дарья. Бұл белсенді өмірлік ұстанымы бар және не болып жатқанына жетілген көзқарасы бар, қала мен елдің болашағы әрқайсымызға байланысты екенін түсінетін балалар. Іс-шаралар Риддер қаласының жас сайлаушылар клубының іс-шаралар жоспары аясында өтті. 25.05.2026
2026 жылғы 22-25 мамырда Риддер қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері «Дауыс беру неге маңызды» эссе байқауына қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттады:«№1 мектеп-лицей» КММ - Батинова Сабина, Ишмуратова Залина, Оразбаева Амина, Сергиенко Екатерина,«№ 3 орта мектебі» КММ - Козловская Полина,«№10 орта мектеп» КММ - Назарова Дарья.Бұл белсенді өмірлік ұстанымы бар және не болып жатқанына жетілген көзқарасы бар, қала мен елдің болашағы әрқайсымызға байланысты екенін түсінетін балалар.Іс-шаралар Риддер қаласының жас сайлаушылар клубының іс-шаралар жоспары аясында өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1227564?lang=ru
«Тұлпар мініп, ту алған» облыстық жобасының жеңімпаздары анықталды 25.05.2026
Тобыл–Торғай өңірінде қыркүйек айында басталып, сәуір айына дейін жалғасқан «Тұлпар мініп, ту алған» облыстық жобасы өз мәресіне жетті. Жоба аясында жас ұрпақтың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жыр-дастандарды жатқа айту мәдениетін дамыту мақсат етілді.Ауқымды жобаға облыс бойынша 9 094 оқушы қатысуға өтінім білдірді. Байқау мектепішілік, аудандық және қалалық кезеңдер арқылы бірнеше сатылы іріктеуден өтті. Нәтижесінде финалдық кезеңге 44 үздік оқушы жолдама алды.Шешуші айналым таңертеңнен кешке дейін жалғасып, әр аудан мен қаланың үздік оқушылары өзара сынға түсті. Қазылар алқасы қатысушылардың жырды жатқа айту шеберлігімен қатар, мазмұнды терең түсінуі мен сахналық мәдениетіне ерекше назар аударды. Тәулік бойы жұмыс істеген қазылар құрамы да арнайы марапатталды.Жобаның бас жүлдесі Рудный қаласының 9-сынып оқушысы Ұлдана Жүрсінбаеваға бұйырды. Ол «Алпамыс батыр» жырының 98 бетін толық жатқа айтып, барлық кезеңде жоғары нәтиже көрсетті. Бас жүлде иегеріне Түркия Республикасының Стамбұл қаласындағы төрт апталық жазғы мектепке жолдама табысталды. Оның тәлімгері, А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлжазира Смағұлова су жаңа автокөліктің иегері атанды.ІІІ орын иегерлері ретінде Рудный қаласының оқушысы Әдемі Елебек пен Жангелдин ауданының өкілі Бақытбек Көшімбек марапатталды.ІІ орын Қостанай қаласының оқушысы Айдос Марат пен Қарабалық ауданынан қатысқан Даяна Мейірхановаға берілді.І орын Қарабалық ауданының оқушысы Томирис Ариповаға табысталды.«Тұлпар мініп, ту алған» жобасы өңір жастарының ұлттық әдеби мұраға деген қызығушылығын арттырып, дарынды оқушыларды анықтауға мүмкіндік берген маңызды мәдени-танымдық бастама ретінде бағаланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1227583?lang=ru
«Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет және бірегейлік» халықаралық симпозиумы 25.05.2026
2026 жылғы 19 мамырда Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Касым-Жомарт Токаев қатысуымен «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет және бірегейлік» тақырыбында халықаралық симпозиум өтті. Іс-шараға халықаралық ұйымдардың өкілдері, шетелдік және қазақстандық жетекші тарихшылар, археологтар, зерттеушілер мен Ұлы дала және Алтын Орда тарихына маманданған ғалымдарды қоса алғанда 350-ден астам делегат қатысты.Симпозиум барысында негізгі назар Алтын Орданың тарихи, саяси, экономикалық және мәдени мұрасына, сондай-ақ оның еуразиялық өркениетті қалыптастырудағы рөліне аударылды.Президент өз сөзінде тарихи ғылымға объективті әрі саясаттандырылмаған көзқарастың маңыздылығын, сондай-ақ Алтын Орданың өркениеттік мәнін атап өтті. Сонымен қатар ол Ұлы даланың ортақ мұрасын зерттеу саласындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтудың қажеттігін айтты.Қ.Тоқаев сондай-ақ Қазақстанның Жошы Ұлысының тарихи және интеллектуалдық мұрасын ғылыми зерттеулер, білім беру, цифрлық бастамалар және халықаралық мәдени ықпалдастық арқылы сақтау, жаңғырту және дәріптеу бағытындағы тұрақты күш-жігерін ерекше атап өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзіндегі негізгі тезистер Алтын Орданың тарихи маңызыАлтын Орда өз дәуіріндегі ең ірі саяси құрылымдардың бірі болып, Еуразияның ұлан-ғайыр аумағын қамтып, Шығыс пен Батысты байланыстырды.Ол өркениеттердің қалыптасуына, мемлекеттік құрылымдардың дамуына және Ұлы даланың тарихи эволюциясына елеулі үлес қосты.Алтын Орда тарихы бүгінгі күні де Қазақстанның ұлттық тарихының, сондай-ақ адамзаттың ортақ тарихының маңызды бөлігі болып қала береді.Алтын Орда хроникасы бір ғана ұлттың айрықша мұрасы ретінде емес, барлық халықтарға ортақ мұраның бөлігі ретінде қабылдануы тиіс. Алтын Орда – өркениеттік феноменАлтын Орда дәуірі әскери қуат мұрасымен ғана шектелмей, институттардың дамуына, мемлекеттік басқаруға, дипломатияға және өркениеттік қалыптасуға терең із қалдырды.Ұлы дала тарихы көбіне әскери қақтығыстар тізбегі ретінде ұсынылады, бұл оның саяси, мәдени және зияткерлік жетістіктерін толық бағалауға мүмкіндік бермейді.Қазіргі заманғы пәнаралық зерттеулер Алтын Орда мұрасын терең әрі объективті түсінудің жаңа көкжиектерін ашуда.Ортақ тарихты зерттеу, әсіресе әлем белгісіздік пен бөлшектенуге тап болған кезеңде, халықтар мен мемлекеттерді байланыстыратын көпірге айналуы тиіс. Тарихи объективтілік және ғылыми жауапкершілікТарихи баға объективті, теңгерімді және саяси тұрғыдан бейтарап болуы керек.Алтын Орда тарихы тарихи шындықты бұрмалайтын тар немесе біржақты түсіндірмелерге дейін жеңілдетілмеуі тиіс.Қазақстан көшпелі өркениеттер мен дала империяларында мемлекеттілік пен тарихи маңыз болмаған деген ескірген таптаурындарды қайта қарастыруда.Тарихи интерпретацияны монополиялауға немесе ортақ мұраны тек ұлттық құбылысқа айналдыруға бағытталған әрекеттер ғылыми қызмет пен халықаралық сенімге нұқсан келтіреді.Ғ алымдар мен тарихшылар геосаяси шиеленіс кезеңдерінде диалог пен өзара түсіністікке ықпал ете отырып, қоғамдар мен мәдениеттер арасында көпір бола алады. Басқару және мемлекеттілікАлтын Орданың қуаты тек ұлан-ғайыр аумақпен шектелмей, тиімді басқару мен институционалдық орнықтылыққа негізделді.Империя ауқымды әрі алуан түрлі кеңістікте орнықтылықты қамтамасыз еткен озық құқықтық, әкімшілік және дипломатиялық жүйелер қалыптастырды.Мемлекеттің маңызды сипаттары меритократия, тәртіп, әділеттілік және түрлі этностық әрі діни қауымдардың бейбіт қатар өмір сүруі болды.Алтын Орда Еуразияның ірі мемлекеттерімен белсенді дипломатиялық байланыстар орнатып, кейінгі еуразиялық мемлекеттердің дамуына елеулі ықпал етті. Экономикалық және сауда дамуыҰлы далада көшпелі өмір салтына, саудаға және көшпелі мен отырықшы халықтардың тығыз өзара ықпалдастығына негізделген бірегей өркениеттік үлгі қалыптасты.Алтын Орда Еуразияның маңызды сауда жолдарын бақылап, даланы Шығыс пен Батысты байланыстыратын қауіпсіз транзиттік дәлізге айналдырды.Империя ауқымды теңге соғу өндірісін және гүлденуші сауда орталықтарын қамтыған дамыған ақша және сауда жүйелерін құрды.Дала дәстүрлері мен қалалық өркениет арасындағы тығыз байланыс Алтын Орданың өркендеуі мен бейімделгіштігінің басты факторы болды. Халықаралық академиялық ынтымақтастық және ЮНЕСКО-мен серіктестікСимпозиум Алтын Орданы жүйелі әрі жан-жақты зерттеу мақсатында халықаралық академиялық қауымдастықпен байланысты нығайту үшін ұйымдастырылды.Іс-шараның ЮНЕСКО қамқорлығымен өткізілуі Алтын Орда тарихи мұрасының жаһандық маңызын көрсетеді.Қазақстан материалдық және бейматериалдық мәдени мұраны сақтау мен дәріптеу саласындағы ЮНЕСКО-мен серіктестігін жоғары бағалайды.Алтын Орда кезеңіне қатысты тарихи жазбаларды қамтитын әрі халықаралық мойындауға ие болған «Хандар шежіресі» қолжазбасына ерекше назар аударылды.Симпозиумға түрлі елдердің ғалымдарының қатысуы Ұлы дала мен Алтын Орда тарихына халықаралық қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. Өңірлік ынтымақтастық және еуразиялық ықпалдастықДала мемлекеттілігі дәстүрлері ашықтық, әділдік және мәдениетаралық диалог қағидаттарына негізделген ретінде ұсынылды.Қазақстан түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және еуразиялық ықпалдастықты кеңейтуге қолдау білдіретінін тағы да мәлімдеді.Тарих халықтарды бөлудің немесе геосаяси текетірестің құралы емес, оларды байланыстыратын көпір болуы тиіс.Алтын Орда мұрасы әртүрлі мәдениеттер мен қоғамдардың бірыңғай саяси әрі өркениеттік кеңістік аясында қатар өмір сүре алатынының үлгісі ретінде сипатталды. Қазіргі заман үшін өзектілігіАлтын Орданы зерттеу оны тек әскери мемлекет ретінде қарастыратын дәстүрлі түсініктер шеңберінен шығып, оның кең ауқымды мәдени мұрасына назар аударуы тиіс.Бүгінде Алтын Орданың интеллектуалдық дәстүрлері, институттары, дипломатиясы мен экономикалық жүйелері Орталық Еуразиядағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен мен өзін-өзі анықтауды маңызды рөл атқаруды жалғастыруда. Интеллектуалдық және мәдени мұраАбу Наср әл-Фараби мен Қожа Ахмет Ясауи секілді ойшылдар түркі-мұсылман әлемінің маңызды философиялық және рухани негіздерін қалады.Алтын Орда дәуірі түркі әдебиетінің, музыкалық және эпикалық поэзиясының «алтын ғасырының» қалыптасуына ықпал етіп, оның мұрасы бүгінгі күнге дейін аймақ мәдениетіне әсерін сақтап келеді Дәстүрлер, инновациялар және цифрлық трансформацияҚазақстан тарихи мұраны инновациялармен, біліммен, ғылыммен және озық технологиялармен ұштастырудың маңызын атап көрсетеді.Ел ауқымды жаңғырту бағдарламасы аясында жасанды интеллектке, цифрлық инфрақұрылымға, көлік дәліздеріне және деректерді сақтау орталықтарына белсенді инвестиция салуда.Қазақстанда ЮНЕСКО аясында 100 елдің өкілдері қатысатын жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада өтеді.«Цифрлық көшпенділер» тұжырымдамасы дала өркениетінің тарихи мобильділігі мен серпінділігінің заманауи көрінісі ретінде аталды Ғылыми зерттеулер, білім беру және халықаралық бастамаларҚазақстанда Алтын Орда зерттеулерімен айналысатын алғашқы мамандандырылған ғылыми мекеме – Жошы Ұлысын зерттеу институты құрылды.Дала өркениетін дәріптеу жөніндегі халықаралық oрталық құру ұсынылды.Алтын Орда бойынша шетелдік сарапшылардың қатысуымен халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге және ауқымды баспа жобаларын жүзеге асыруға шақыру жасалды.Симпозиум зерттеу саласындағы ғылыми диалог пен өзара ықпалдастықтың тұрақты халықаралық алаңына айналады деп күтілуде. Тарихи сабақтастық және ұлттық бірегейлікҚазақстан өзін Алтын Орда мен Ұлы дала мемлекеттілік дәстүрлерінің тікелей мұрагері ретінде қарастырады.Тарихи сабақтастық пен мәдени мұраны сақтау ұлттық жаңғыру мен болашақ дамудың маңызды шарты ретінде аталды.«Мәңгілік Ел» тұжырымдамасы Алтын Орда дәуірінен бастау алатын негізгі тарихи және мемлекеттік идея ретінде сипатталды.Қазақстан Алтын Орда мұрасын ғылыми зерттеулер, мәдени жобалар, басылымдар, фильмдер, көрмелер және ескерткіштер арқылы дамытып, дәріптеп келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1227545?lang=ru
Орталық Азия елдері Оңтүстік Кореямен зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде 25.05.2026
Сеул, 2026 жылғы 20 мамыр – Қазақстан Елшісі Асет Исенали Орталық Азия елдерінің елшілерімен Корея Республикасының Зияткерлік меншік министрі Ким Ён Сунның алғашқы «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне дайындық аясында өткен кездесуіне қатысты.Кездесу барысында тараптар С5 + Корея Республикасы форматында зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты нығайту перспективаларын, оның ішінде озық тәжірибе алмасу, бейінді ведомстволар арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту, сондай-ақ цифрлық экономиканың дамуы негізінде зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады.Қазақстан Елшісі Қазақстанда жүргізіліп жатқан белсенді цифрлық трансформацияны ескере отырып, цифрлық және зияткерлік меншікті қорғау мәселелері ерекше өзектілікке ие екенін атап өтті. Аталған бағыт инвестициялар тартумен, инновацияларды дамытумен және қолайлы іскерлік орта қалыптастырумен тікелей байланысты екені айтылды.Корея тарапы өңірдің өсіп келе жатқан экономикалық, инвестициялық және инновациялық әлеуетін ескере отырып, Қазақстанмен және Орталық Азия елдерімен өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті. Осыған байланысты инновациялық экожүйені дамытуға, бизнесті қолдауға және зияткерлік меншік құқықтарын қорғау деңгейін арттыруға бағытталған бірлескен бастамаларды ілгерілету мүмкіндіктері қарастырылды.Кездесу Орталық Азия елдері мен Корея Республикасы арасындағы әріптестікті нығайту жолындағы кезекті қадам болып, алдағы Саммит қарсаңында тараптардың нақты нәтижелерге қол жеткізуге өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1227534?lang=ru
Достық ән кеші 25.05.2026
2026 жылғы 19 мамырда Рим қаласындағы «Санта-Чечилия» мемлекеттік консерваториясының Үлкен академиялық залында Рим Папасы XIV Лев понтификатының бір жылдық мерейтойына және Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақ жанындағы Елшілігінің ашылуына орайластырылған «Музыка үндестігі» атты достық концерті өтті.Концертті Қазақстанның Қасиетті Тақ жанындағы Елшілігі, «Санта-Чечилия» мемлекеттік консерваториясы және «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры бірлесіп ұйымдастырды.Бағдарламаға музыкалық жауһарлар, ұлы итальян және қазақ композиторларының танымал шығармалары енгізілді. Концертке қазақстандық және әлемдік опера сахнасының жұлдыздары Мария Мудряк пен Медет Чотабаев қатысты.«Санта-Чечилия» консерваториясы мен «Астана Опера» театрының солистері Джузеппе Верди мен Джакомо Пуччинидің, Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің операларынан ариялар мен музыкалық үзінділерді, сондай-ақ Абай Құнанбайұлының лирикалық шығармаларын орындады. Қазақстандық дирижер Элмар Бөрібаевтың жетекшілігімен «Санта-Чечилия» консерваториясының симфониялық оркестрі бірнеше шығарманы ұсынды.Көрнекті қазақ композиторы Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына орай «Санта-Чечилия» консерваториясының үлкен симфониялық оркестрі «Астана Опера» театрының дирижері Элмар Бөрібаевтың басқаруымен «Абай» операсынан би сюитасын орындады. Белгілі серб скрипкашысы Илья Маринкович Ахмет Жұбановтың скрипка мен оркестрге арналған ариясын орындады.Көрермендер әртістердің өнерін жылы қабылдап, оларды ұзаққа созылған қошеметпен қарсы алды. Концерт жоғары көркемдік деңгейде өтіп, көрермендерге терең сезімдік әсер қалдырды және мәдениеттерді, халықтар мен жүректерді біріктіретін музыканың құдіретін айқын көрсетті.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vatican/press/news/details/1227473?lang=ru
📢 Электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны енгізу туралы 25.05.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына енгізілетін өзгерістерге сәйкес электрондық сауда тауарларын электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны (ЭСТД) пайдалана отырып кедендік декларациялау енгізілетінін хабарлайды.📄 Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 17 желтоқсандағы №143 шешімімен электрондық сауда тауарларына арналған декларацияның нысаны мен оны толтыру тәртібі бекітілді. Сонымен қатар, ЕЭК Алқасының 2024 жылғы 17 желтоқсандағы №144 шешімімен электрондық құжат түріндегі декларацияның құрылымы мен форматы бекітілді.💻 Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелерде тиісті функционалды іске асыру жұмыстары аяқталды. «Кеден» ақпараттық жүйесінде «Электрондық сауда тауарларына арналған декларация» (ЭСТД) функционалы әзірленді.📅 Аталған функционалды енгізу және ЭСТД қолдану 2026 жылғы 1 шілдеден бастап жүзеге асырылатын болады.🤝 Сонымен қатар, қазіргі уақытта Telegram қосымшасында арнайы чат іске қосылды:https://t.me/+guX61IzTzwU1YTcy📌 Аталған чатта тестілеуді өткізуге қатысты ақпарат жарияланатын болады.Тестілеуге электрондық саудаға қатысушылар, пошта байланысы операторлары, жедел жеткізушілер және сыртқы экономикалық қызметтің өзге де қатысушылары шақырылады.✅ Жүйені пайдалану барысында қандай да бір ескертулер немесе ұсыныстар туындаған жағдайда, оларды көрсетілген чатқа жолдауға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1227491?lang=ru
Алматы облысында оқушылар мен студенттер жазда 350 мың теңгеге дейін табыс таба алады 25.05.2026
Алматы облысында 14 жастан асқан оқушылар мен студенттер жазғы үш айлық каникул кезінде уақытша жұмысқа орналасып, 350 мың теңгеге дейін табыс таба алады. Яғни жазғы демалысты тиімді пайдаланып, ай сайын шамамен 118 мың теңгеге дейін жалақы алу мүмкіндігі бар, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Ол үшін Enbek.kz электрондық еңбек биржасына кіріп, «Менің жазғы каникулым» бөліміне тіркеліп, түйіндеме жүктеу қажет. Кейін жастар өзіне ыңғайлы бос жұмыс орындарын таңдап, өтінім бере алады. Ал 14–15 жастағы оқушылар үшін платформадағы жеке кабинетке ата-анасы немесе заңды өкілі тіркеледі.Бағдарлама Еңбек мобильдігі орталығы арқылы, «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Жасөспірімдерді уақытша жұмыспен қамту бағдарламасы маусым айында басталады. Жоба аясында биыл 800-ге жуық оқушы мен студент жұмысқа қабылданады.Жастар дүкен көмекшісі, курьер, аниматор, промоутер, кітапхана немесе лагерь жетекшісінің көмекшісі, SMM маманы секілді жеңіл әрі қауіпсіз жұмыстарды атқарады. Олар күніне шамамен 7 сағатқа дейін жұмыс істей алады.ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, 14–16 жас аралығындағы жасөспірімдердің жұмыс уақыты аптасына 24 сағаттан, ал 16–18 жас аралығындағы жастар үшін 36 сағаттан аспауы тиіс.«Біздің басты мақсатымыз – жастарға қауіпсіз еңбек жағдайында алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік беру. Бағдарлама еңбек мәдениетін қалыптастырып, болашақ мамандықты таңдауға да ықпал етеді. Жұмысқа орналастыру толықтай Еңбек кодексі аясында жүргізіледі. Жобаға 14 жастан бастап қатысуға болады. Алайда 14–15 жастағы жасөспірімдер жұмысқа ата-анасының немесе заңды өкілінің нотариалды куәландырылған келісімімен ғана қабылданады. Ал 16–18 жас аралығындағы жастар платформаға өз бетінше тіркеліп, бос жұмыс орындарына өтінім бере алады. Жұмысқа қабылданғаннан кейін еңбек шарты мен жұмысқа орналасқаны туралы хабарлама ата-аналардың телефонына автоматты түрде жіберіледі. Жалақы Алматы облысының еңбек мобильділігі орталығы арқылы төленіп, қаражат тікелей жеткіншектің банк картасына аударылады», – деді Алматы облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асыл Ваисов.Қолданыстағы Еңбек кодексіне сәйкес, кәмелетке толмағандарға ауыр және қауіпті жұмыстарда, түнгі ауысымда, сондай-ақ алкоголь мен темекі өнімдері сатылатын орындарда еңбек етуге тыйым салынады. Сондықтан жүйе заң талаптарына сәйкес келмейтін вакансияларды автоматты түрде бұғаттайды.Мансап орталығы жұмыс берушілердің қызметіне күн сайын мониторинг жүргізеді. Жұмыс берушілер еңбек порталында жұмыс уақыты туралы мәліметтерді әр айдың 25-іне дейін тапсырып отыруы тиіс.Айта кетейік, 2025 жылғы жазғы демалыс кезеңінде өңірдегі 500-ге жуық оқушы мен студент уақытша жұмыспен қамтылған болатын. Оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек алатын және әлеуметтік осал санаттағы отбасылардан шыққан жастарға басымдық берілді.Бағдарлама жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, еңбек тәжірибесін жинақтауына және әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған.Алматы облысы әкімініңбаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1227496?lang=ru
Бақбақты ауылында жаңа спорт кешені ашылды 25.05.2026
Алматы облысының Бақбақты ауылында сужаңа спорт кешені ел игілігіне берілді. Салтанатты рәсімге ауыл жұртшылығы тегіс жиналып, қуанышты сәттің куәгері болды. Аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев те айтулы шараға арнайы барып, халықтың қуанышына ортақтасты, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Жаңа нысан ауылына жанашыр жомарт жандардың жеке қаржысына салынған. Ғимараттың жалпы аумағы –1007.05 шаршы метр. Кешенде футбол, баскетбол және волейболға арналған әмбебап алаң, жекпе-жек түрлерінен шынығатын күрес залы, техникалық жайлар бар. Ашық аспан астындағы заманауи жаттығу алаңы да қарастырылған. 250-ге жуық спортшыны қабылдай алады.Марат Елеусізұлы жаңа нысан жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын айтып, ел мерейін асыратын спортшылар тәрбиеленіп шығатынына сенім білдірді.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үнемі өз сөзінде «Жастарымыз дені сау, мықты азамат болып өсуі керек. Сондықтан ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спорттың маңызы айрықша» деп атап көрсетеді. Осылайша Президентіміз бұқаралық спортты дамытуға, жастардың салауатты өмір салтын ұстануына және ауылдық жерлерде спорт инфрақұрылымынарттыруға ерекше көңіл бөліп келеді. Бүгінгі ашылып отырған спорт кешені осы бағыттағы жүйелі жұмыстардың нақты нәтижесі. Балқаш ауданынан еліміздің абыройын асқақтатып жүрген көптеген дарынды спортшылар шыққан. Ауыл жастарының игілігіне беріліп отырған спорт кешені алдағы уақытта жаңа чемпиондарды тәрбиелеп, биік белестерді бағындыруына жол ашады деп сенеміз», – деді аймақ басшысы. Сондай-ақ құрылыс жұмыстарын межелі уақытында тапсырып, ел алғысына бөленген «Bereket-ТК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұжымына, осындай сүбелі іске үлес қосқан азаматтарға алғысын білдірді.Ауыл жастары жаңа спорт кешені жыл бойы тоқтаусыз жаттығып, биік шыңдарды бағындыруға мүмкіндік беретінін айтты. Сонымен қатар тұрғындар ауылда мұндай заманауи спорт нысанының ашылуы жасөспірімдердің спортқа қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға серпін беретінін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balkhash-bakbakty/press/news/details/1227460?lang=ru
Талқылаудан нақты шешімдерге 25.05.2026
Талқылаудан нақты шешімдерге: ҚАЖ комитетімен 2026 жылғы 21-22 мамыр күндері Қарағанды қаласында «ҚАЖ мекемелеріндегі тәрбие жұмысын жетілдіру» тақырыбында семинар өткізілді.Семинардың негізгі мақсаты – сотталғандардың құқыққа бағынушылық мінез-құлқын қалыптастыруға, әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға және босатылғаннан кейін табысты бейімделуіне бағытталған тәрбие процесінің тиімділігін арттыру болды.Баяндамалармен ҚАЖ комитетінің, Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің, ІІМ-нің Қарағанды және Қостанай академияларының, Қарағанды облысы әкімдігінің, ҚАЖ мекемелерінің қызметкерлері сөз сөйлеп, практикалық тәжірибелерімен бөлісті, тәрбие жұмысының нысандары мен әдістерін жетілдіру бойынша пікірлер мен ұсыныстар алмасты.Семинар барысында Қарағанды облысындағы ҚАЖ мекемелеріне, сондай-ақ қатысушылар өңірдің тарихымен танысқан КарЛАГ музейіне бару ұйымдастырылды.Осындай іс-шараларды өткізу қызметкерлердің кәсіби дамуына, сондай-ақ сотталғандарды түзеу және әлеуметтік бейімдеу жұмыстарының нәтижелерін арттыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/1227431?lang=ru
Заңнамалық өзгерістер түсіндірілді 25.05.2026
22 мамырда «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде «Әлеуметтік кодекс аясындағы әлеуметтік саладағы өзгерістер» тақырыбында «Ашық есік күні» өтті.Шараға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Міндетті медициналық сақтандыру қорының, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің, Еңбек инспекциясының, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері қатысты.Шарада Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Шынар Мусина салық заңнамасына енгізілген өзгерістерді түсіндірді.Кәсіпкерлерді қолдау және бухгалтерлік пен салықтық есепті жүргізу сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Халық бухгалтері» акциясын өткізуде – дейді өз сөзінде Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Шынар Мусина.      «Халық бухгалтері» — жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне арналған тегін консультациялық көмек.Ақмола облысы бойынша іс-шара Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында аптасына 2 рет (сейсенбі, бейсенбі) сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өткізіледі. Шара барысында келіп түскен сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1227443?lang=ru
Кеген аудандық әкімі Тенізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы ауыл тұрғындармен кездесуі! 25.05.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/1227446?lang=ru
Қызғаныштан қоғамдық жұмысқа дейін: мыңға жуық қазақстандық жазасын еңбекпен өтеп жүр 25.05.2026
⚖️ Қызғаныштан қоғамдық жұмысқа дейін: мыңға жуық қазақстандық жазасын еңбекпен өтеп жүрЖыл басынан бері Қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметтерінің есебінен қоғамдық жұмыстарға сотталған 2300-ден астам адам өтті. Бүгінде қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар жасаған мыңға жуық адам сот тағайындаған сағаттарды қоғам игілігі үшін еңбекпен өтеп жүр.Сотталғандар көшелерді, саябақтарды, аулаларды, балалар алаңдарын тазалау, көгалдандыру және аумақтарды абаттандыру жұмыстарымен айналысады. Мұндай жұмыстар арнайы білім мен біліктілікті талап етпейді. Олар күніне пробация қызметкерлерінің бақылауымен төрт сағаттан артық жұмыс істемейді.Осындай жағдайлардың бірі Павлодар облысында болды. Ер адам жаңа көңілдесіне қызғанған туысымен жанжал барысында оған жеңіл дене жарақаттарын салған. Сот оған 60 сағат қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады.Жазасын өтеу барысында сотталған азамат барлық белгіленген сағаттарды толық өтеп, тәртіп бұзушылықтарға жол бермеген және пробация қызметінің есебінен шығарылды. Қызметкерлердің айтуынша, ол өз әрекетіне қорытынды жасап, мінез-құлқын қайта қараған.Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде қоғамдық жұмыстардың басты мақсаты — адамды еңбек арқылы түзеу және қайталама құқықбұзушылықтардың алдын алу екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/1227389?lang=ru
Тактикалық медицинадан ҰҰА-на дейін: өңірлерде алғашқы әскери дайындық оқытушыларына арналған жиындар өтті 25.05.2026
Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша Абай, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында алғашқы әскери дайындық оқытушыларына арналған оқу-әдістемелік жиындар өтті. Іс-шаралар Оқу-ағарту министрлігімен және өңірлік білім басқармаларымен бірлесіп ұйымдастырылды.Жиындарға жүзге жуық алғашқы әскери дайындық оқытушысы қатысты. Негізгі назар әскери-патриоттық тәрбиенің заманауи талаптары мен қазіргі қарулы қақтығыстар сипатының өзгеруін ескере отырып, әскерге дейінгі жастарды даярлау мазмұнын жаңартуға аударылды.Педагогтерге 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енетін заңнамадағы жаңартылған нормалар таныстырылды. Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаменті бастығының орынбасары майор Людмила Перякинаның айтуынша, заңнамаға «әскерге дейінгі даярлық» ұғымы енгізіліп, АӘД оқытушыларына әскери қызмет өтілінің болуы жөнінде жаңа талап қойылған.Оның сөзінше, сабақтар жаңартылған оқулықтар бойынша заманауи симуляторларды пайдалана отырып өткізілетін болады. Оқу бағдарламасына ұшқышсыз ұшу жүйелері, қару-жарақ пен әскери техниканы қолдану негіздері, оқ-дәрілер, медициналық және психологиялық даярлық енгізілген.Жиынға қатысушылармен практикалық сабақтарды қызметтік тәжірибесі мол және заманауи әскери-технологиялық білімді жетік меңгерген Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері өткізді.Жиын бағдарламасы өзекті қауіп-қатерлер мен жастарды даярлаудың заманауи тәсілдерін ескере отырып жасалды. Оқытушыларға қазіргі қарулы қақтығыстарды жүргізу ерекшеліктері, тактикалық және атыс даярлығы, ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану және оларға қарсы іс-қимыл тәсілдері, жергілікті жерде бағдарлау, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану, сондай-ақ тактикалық медицина элементтері таныстырылды.Ұйымдастырушылар жастардың бойында жоғары азаматтық жауапкершілік, патриотизм және Отанды қорғауға дайындық қасиеттерін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Қорғаныс министрлігінде болашақ әскерге шақырылушыларды сапалы даярлау мемлекет, білім беру ұйымдары мен азаматтық қоғамның тығыз өзара іс-қимылы арқылы ғана мүмкін екені атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1227361?lang=ru