Enbekshi QazaQ

Қоғам

Өзбекстанның ІІМ делегациясы Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында болды 28.11.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығына Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми делегациясы келді. Сапар мақсаты – тәжірибе алмасу және күзет пен айдауыл қызметін ұйымдастырудың озық тәсілдерін зерделеу.Делегация құрамында Қараулдық әскерлер қолбасшылығы штабы бастығының орынбасары полковник Акбар Очилов, Күзету техникасын енгізу бөлімінің аға офицері подполковник Элбек Шайманов және Штабтың жауапты қызметкері подполковник Бахтиёр Рахимов болды.Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Қайрат Актановтың қатысуымен өткен жұмыс кездесуінде қызметтің негізгі бағыттары мен әскердің тиімділігін арттыру тетіктері талқыланды.Делегация әскери бөлімдердің жұмысы үйлестірілетін және заманауи мониторинг технологиялары қолданылатын Әскерлерді басқару орталығының қызметімен танысты.Айдауыл қызметіне де ерекше назар аударылды. Өзбекстандық мамандар 6636 әскери бөліміне барып, сотталғандарды және күзетпен ұсталатын адамдарды айдауылмен алып жүру үшін  қолданылатын арнайы вагонның жұмыс тәртібімен танысты.Сондай-ақ делегация Аршалыдағы  жеке атқыштар ротасына барып, қауіпсіздігі барынша жоғары түзету мекемесін  қорғау жүйесін және өндірістік процестерді зерделеді.Сапар екі елдің құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығын нығайтып, озық тәжірибе алмасуға бағытталған жүйелі жұмыстың жалғасы болды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1114790?lang=kk
15 қараша Қаржы мерекесіне орай арналған шара 28.11.2025
15 қарашада қаржы, экономика саласының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі Ұлттық валюта - теңге күнін атап өтеді.Аталған саланың Қазақстан экономикасының дамуындағы рөлі айрықша екені анық. Мыңдаған экономика, қаржы мамандары ел игілігі үшін тынымсыз еңбек етіп келеді. Солардың ішіндегі үздіктерін марапаттау, қолдау көрсету дәстүрге айналған.Биыл да кәсіби мерекеге орай, Атырау өңірінің әлеуметтік - экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар адамдар марапаттарға ие болды. Олардың ішінде басқарманың ардагерлеріде және де Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасының келесідей қызметкерлері бар.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің " Экономика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін" медалімен: басқарманың бөлім басшылары Курмангалиев Руслан Нурлыгайнович, Длмуханова Аякоз Кабекеновна.Қазақстан РеспубликасыҚаржы министрлігінің Алғыс хатымен: басқарманың бөлім басшысы Сарсекенов Ерқанат Махамбетұлы және басқарманың бас мамандары Кенжалиева Диляра Жоламановна, Жаумбаева Амина Сериковна, Кенешева Алима Елеусизовна, Абиева Нургуль Райповна, Джумагазиева Самал Мубараковна.Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінің Алғыс хатымен: басқарманың бөлім басшылары Бағытов Мақсот Орынбайұлы, Шмалиев Ермек Серікұлы.Атырау облыстық мәслихатының 30 жылдық мерекелік медальмен: басқарма басшысының орынбасарлары Курманова Эльмира Кабыловна мен Тлеугалиева Самал Кайратовна.Атырау облысы әкімінің Алғыс хатымен: басқарманың бас мамандары Каресова Акмарал Абатовна мен Аймагамбетова Назкен Нуржановнамарапатталды.Әріптестер, марапаттарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз табысты жалғаса берсін.      Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-economy/press/news/details/1114737?lang=kk
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Сен жалғыз емессің» акциясы 28.11.2025
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында «Сен жалғыз емессің» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша толығырақ түсіндіру жұмыстары жүргізілді. .📌 Кездесу барысында қатысушылар қажетті ақпараттар, сұрақтарына жауап алды және әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамтуға қатысты маңызды қырларын талқылады.🤝 Мұндай іс-шаралар азаматтарды ақпараттандыру деңгейін арттырады және мемлекеттік қызметтерді алуды қолжетімді әрі түсінікті етеді.     Посмотреть эту публикацию в Instagram           Публикация от Саран қаласының жұмыспен қамту бөлімі (@zhumyspen_qamty_bolimi_saran) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1114749?lang=kk
Кәсіподақ ұйымының 120 жылдық мерей тойына орай 28.11.2025
Кәсіподақ ұйымдарының қоғам өміріндегі рөлі зор.Бұл түрлі сала қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғайтын құрылым ғана емес, азаматтық қоғамның аса маңызды институттарының бірі.Бүл тұрғыда Қазақстанның кәсіподақ ұйымдар жүйесінің 120 жылдығы елімізде кеңінен аталып өтті. Кәсіподақ күні мерекесіне орай ұйымдастырылған шаралар аясында қажырлы еңбегімен, кәсіби шеберлігімен көзге түсіп жүрген адамдар марапатталды.Соның ішінде, "Қызмет " Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы төрағасының Алғыс хатымен Экономика және қаржы басқармасының қызметкерлері марапатталғанын мақтанышпен атап өтеміз: Елеусінова Шынар Мақсотқызы - бөлім басшысы, Құмарғалиева Ақмарал Бағытжанқызы - бөлім басшысы.Әріптестер, құттықтаймыз! Еңбектерің жемісті болсын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-economy/press/news/details/1114722?lang=kk
Мүгедектігі бар адамдарға  арналған құқықтар мен жеңілдіктер 28.11.2025
Қазақстан Республикасында мемлекет мүгедектігі бар адамдар үшін тіршілік әрекетінің шектеулерін өтеуге, тең мүмкіндіктер жасауға және қоғамға кірігуге бағытталған құқықтар мен жеңілдіктер кешенін белгілейді. Негізгі нормативтік акт ҚР Әлеуметтік кодексі болып табылады.1,2,3 топтағы мүгедектердің мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға құқығы бар. Жәрдемақы мөлшері мүгедектік тобына байланысты.Мүгедектігі бар жұмыс істейтін адамдар, егер ол үшін сақтандыру аударымдары жасалса, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан қосымша төлемдер ала алады.Жүріп-тұруы қиын 1-топтағы мүгедек адамдарға жеке көмекшінің қызметтері ұсынылады.1-топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдар үшін төлемдер бар.Оңалту бағдарламасы шеңберінде есту қабілеті бұзылған адамдарға жесттау аудармашысының көмегі ұсынылады.Мүгедектігі бар адамдардың медициналық - әлеуметтік сараптамаға, абилитация мен оңалтудың жеке бағдарламасын (бұдан әрі - АЖЖ) әзірлеуге құқығы бар, оларды медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері береді.Әлеуметтік оңалту шеңберінде мүгедектігі бар адамдар: протездік-ортопедиялық көмекпен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен, техникалық көмекші құралдармен (сурдоқұралдар, тифлоқұралдар, гигиеналық құралдар) қамтамасыз етіледі .Ұсынылады: санаторий-курорттық емдеу, Оңалту орталықтары, жеке көмекшінің және жестау тілі маманының қызметтері.Мүгедектігі бар адамдар «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген өтініш берілген күн бойынша қалыптастырылатын кезектілікке сәйкес жыл ішінде әлеуметтік қызметтермен және техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етіледі.Әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын арттыру және оңалту құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі - Портал) іске қосылды, ол мүгедек адамдарға оңалту құралдары мен әлеуметтік қызметтерді мемлекет кепілдік берген бағалар бойынша тікелей жеткізушілерден өз бетінше сатып алуға мүмкіндік беретін автоматтандырылған жүйе болып табылады. Қосымша порталда азамат оларды таңдаған кезде қосымша ақы төлеген жағдайда неғұрлым қымбат тауарлар мен қызметтерді сатып алу мүмкіндігі ұсынылады.Жергілікті бюджет қаражатынан мүгедектігі бар адамдарға қосымша мынадай көмек көрсетіледі:оқу кезеңіне ай сайын (қыркүйек-мамыр) үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға 8 АЕК мөлшерінде жәрдемақы төленеді;   барлық топтағы мүгедектерге байланысты шығындарды өтеу үшін біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:-оңалту орталықтарына және кері қайтуына 3 АЕК мөлшерінде;нақты шығындар мөлшерінде дәрілік заттарды сатып алумен, 30 АЕК-тен аспайды;Жедел емдеуге 50 АЕК мөлшерінде.Өткен жылдан бастап бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға ілесіп жүретін адамдарға тұру және тамақтану үшін нақты шығындар мөлшерінде жылына 1 рет санаторий - курорттық емделуге жұмсалған шығындарды өтеу бойынша әлеуметтік көмек көрсетіледі, бірақ кепілдік берілген соманың 70% - нан аспайды.Мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оңалту шеңберінде ауданда меншік нысанына қарамастан жыл сайын аудан кәсіпорындарында жұмыс орындарына квота белгіленеді. Қостанай облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілетін жұмыс орындарының жалпы санының 50 адамнан астамы - 2%, 100 адамнан астамы -3%, 250 адамнан астамы-4% жұмыс істейтін штат санымен.Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары шеңберінде барлық топтағы мүгедектігі бар адамның 400 АЕК мөлшерінде өз ісін ашу үшін грант алуға құқығы бар.Салық жеңілдіктері:Мүгедектігі бар жеке тұлғалар, сондай-ақ мүгедектігі бар балалардың, «Бала кезінен мүгедек» деп танылған адамдардың ата-аналары (қамқоршылары, асырап алушы ата-аналары) ЖТС төлеуден босатылмайды. Алайда, ҚР СК 346-бабы бойынша олар күнтізбелік жылға 882 АЕК мөлшерінде қосымша салық шегеріміне құқылы (2025 жылы = 3 468 024 теңге).       1 және 2 топтағы мүгедектер, егер мүгедектік белгіленген болса, міндетті зейнетақы жарналарынан мерзімсіз босатылады;барлық топтағы мүгедектер сондай ақ бала кезінен мүгедектің немесе мүгедек баланың ата анасының бірі жер салығынан босатылады;       1,2,3 топтағы мүгедектер өздеріне тиесілі барлық салық салу объектілерінің құнынан 1500 АЕК шегінде мүліктік салықтан босатылады;        1,2,3 топтағы мүгедектер бір көлік құралына салынатын салықтан босатылады.          Медициналық қамтамасыз ету:      Барлық топтағы мүгедектер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқылы. Барлық топтағы мүгедектердің МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы бар, себебі мүгедектігі бар адамдар мемлекет жарналарды төлейтін санатқа жатады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1114666?lang=kk
Салық кодексіндегі өзгерістерді түсіндіру: 2026 жылға дайындық 28.11.2025
2025 жылдың 27 қарашасында Департаментте жаңа Салық кодексіндегі негізгі жаңалықтар мен өзгерістер қаралған техникалық оқыту өткізілді . Оқыту жұмысын Түсіндіру жұмыстары және байланыс орталығы басқармасының басшысы Бекмұхамедова Зарина Серімжанқызы жүргізді .Кездесу барысында жаңа Кодекстің негізгі қағидалары жан-жақты түсіндірілді, оның ішінде:корпоративтік табыс салығына қатысты өзгерістер ;салықтық есептілікті оңтайландыру және цифрландыру ;салық төлеушілерге жүктелетін жаңа міндеттемелер мен қарастырылған жеңілдіктер ;әкімшілендіру рәсімдерін жеңілдету және ашықтықты арттыру ;бизнеске түсетін жүктемені азайту және кәсіпкерлік қызмет үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған шаралар .Жаңа Салық кодексі экономиканың ашықтығын арттыруға, салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге және бизнес жүргізуге қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған .#СалықКодексі2025 #ТүсіндіруЖұмыстары #Департамент #СалықЖаңалықтары #Цифрландыру#ҚОСТАНАЙМКДАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1114624?lang=kk
Самар ауданының аудандық ауруханасының медицина қызметкерлері семинар өткізді 28.11.2025
Самар ауданының аудандық ауруханасының медицина қызметкерлері фельдшерлік-акушерлік пункттердің мамандарына, «Жанұя» отбасын қолдау орталығының мамандарына, мектептер мен кітапхана қызметкерлеріне арналған семинар өткізді.Кездесу барысында маңызды тақырыптар қаралды: «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» акциясы аясындағы цифрлық зорлық-зомбылық, ЖИТС-пен күресудің дүниежүзілік күні, сондай-ақ тұмаудың алдын алу шаралары. Онлайн-зорлық-зомбылықтың да аса қауіпті екендігі және оның ұзақ мерзімді салдарға әкелуі мүмкін екені ерекше атап өтілді.Семинар денсаулық мәдениетін нығайту мен кез келген зорлық-зомбылық түрінің жолын кесу туралы ақпараттылықты арттыру алаңына айналды. Қоғам денсаулығы мен қауіпсіздігі әрқайсымызға байланысты екені еске салынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1114591?lang=kk
Терроризмге қарсы аудандық комиссия отырысы өтті 28.11.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы аудандық комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысына тиісті мекеме басшылары қатысты.Күн тәртібінде негізгі үш мәселе қаралды. Бірінші мәселе – облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелерімен аудан аумағында жүргізілген қарсы насихаттық іс-шаралардың тиімділігі туралы болса, екінші мәселе – аудан аумағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы бойынша қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша баяндама жасалды. Күн тәртібінде аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның және комиссия жанындағы жұмысшы тобымен ағымдағы жылы атқарылған жұмыстар бойынша да есеп тыңдалды.Аудан басшысы баяндамашылардың ақпараттарын тыңдап, қауіпсіздік деңгейін арттыру, нысандардың терроризмге қарсы қорғалуын жетілдіру мен алдын алу шараларын күшейту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1114511?lang=kk
Ақжарма ауылын газдандыру жұмыстары жүргізілуде 28.11.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікеновпен бірге Ақжарма ауылындағы газдандыру жұмыстарымен танысты.– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Үкімет газ тартылған елді мекендердің санын барынша арттыруға және 1700 шақырым газ желісін жаңғыртуға тиіс. Бұл 300 мыңнан астам адамды көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» деп атап өтті. Осыған орай, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың тапсырмасымен елді мекендерді газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл облысымыздың газдандыру көрсеткішін 83 пайызға жетті. Ауданда осы жылы Н.Ілиясов және Шаған ауылдары табиғи газға қосылды. Енді Ақжарма ауылын газдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.Жалпы жоба құны – 1 млрд. 881 млн теңгені құрайды. «Алия Сервис» ЖШС құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі уақытта қажетті техникалар жұмылдырылып, жұмыстар жоспарға сәйкес атқарылуда.Аудан әкімі бұл Ақжарма ауылы халқының көптен күткен жаңалығы екенін атап, жұмыстың сапалы әрі уақытылы орындалуының маңыздылығына тоқталып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1114520?lang=kk
КҮЗГІ КЕШТІ ӘУЕНМЕН ӘСЕМДЕЙІК! 28.11.2025
Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясы Сіздерді ерекше музыкалық кешке шақырады! “КҮЗГІ ӘУЕН” атты жанды дауыстағы концерт Өтетін күні: 28 қарашаБасталуы:18:30,  Мекенжайы: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы,Дәнеш Рақышев атындағы филармониясы, Абылай хан көшесі, 153Билет бағасы: 2000 тенге,  Байланыс нөмірлері: 8-747-787-88-81, 8-701-567-48-07Сахнада — кәсіби әншілер, көркем ансамбльдер мен ұлттық музыкалық аспаптардың үйлесімі.Жанды дауыс, әсем әуен, ерекше атмосфера — бәрі осы кеште!Өнер сүйер қауым, сапалы музыкамен рухани демалыс сыйлайтын кешті өткізіп алмаңыз! Күзгі саз – көңілдің мазмұны!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1114525?lang=kk
Төретам кентіндегі жүргізіліп жатқан құрылыс-жөндеу жұмыстарына бақылау жүргізілді 28.11.2025
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Төретам кентіне жұмыс сапарымен барып, маңызды инфрақұрылымдық нысандардың барысын бақылады.Алдымен аудан басшысы «Төретам теміржол вокзалындағы» жөндеу жұмыстарының қарқынын тексерді. Қазір вокзалдың сыртын қаптау жұмыстарының орындалуда. Ішкі демонтаж жұмыстары толығымен аяқталған. Аудан әкімі халыққа қолайлы қызмет көрсету- басты мақсат екенін атап өтіп, жұмыстың сапалы орындалуын жауапты сала мамандарына тапсырды.Сондай-ақ Төретам кентіндегі барлық көшелердің жай-күйі мен балалар ойын алаңдары да назардан тыс қалмады.Сапар барысында аудан әкімі аудандық маңызы бар «Төретам–Ақай» айналма автомобиль жолының (Бармин көшесі) жөндеу жұмыстарын да бақылады. Ұзындығы 5,3 шақырым болатын жолға күрделі жөндеу жүргізілуде. Бүгінде жол жиегіне тас төсеу және жол белгісін орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.Аудан әкімі жауапты мердігерлерге жұмыстың сапасына ерекше мән беруді және бекітілген мерзімде аяқтауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1114532?lang=kk
Ақай ауылдық округі мен Байқоңыр қаласындағы жобалар аудан әкімінің бақылауында 28.11.2025
Аудан әкімі Жандос Еркінбек жұмыс сапары аясында Ақай ауылдық округі мен Байқоңыр қаласындағы нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылады.Алдымен аудан басшысы Ақай ауылындағы «Төле би, Жанқожа батыр және К.Күншығаров» көшелерінде жүргізілген орташа жөндеу жұмыстарын қадағалады. Жөндеу жұмыстары биылғы жылдың қазан айында басталып, бүгінде толық аяқталды. Қазіргі таңда көшелерге жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілуде.Сондай-ақ аудан әкімі Ақай ауылдық округіндегі Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты. Кешенде бүгінгі таңда баскетбол, волейбол, таеквандо, үстел теннисі және басқа да спорт түрлерінен 212 оқушы тұрақты жаттығады. Аудан әкімі балалар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына жасалған жағдаймен танысып, аталған орталықтың жұмысын бағалады.Жұмыс сапары барысында Жандос Еркінбек Байқоңыр қаласындағы 50 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысын бақылады. Қазір тұрғын үйлерде ішкі әрлеу және ауланы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын толық аяқтау ағымдағы жылдың желтоқсан айының соңына жоспарланған.Аудан әкімі барлық нысандар бойынша мердігер мекемелерге жұмысты сапалы орындап, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1114534?lang=kk
Рәсімдерді оңайлату және тауар айналымын жеделдету: Қазақстанда кедендік әкімшілендіру қалай жұмыс істейді 28.11.2025
Рәсімдерді оңайлату және тауар айналымын жеделдету: Қазақстанда кедендік әкімшілендіру қалай жұмыс істейді Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) шекарасы арқылы өткізу міндетті кедендік әкімшілендіруді талап етеді. Кеден органдарының басым міндеті-тауарларды шекара арқылы жылдам және кедергісіз өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасау. Қазақстанда 2018 жылдан бастап "АСТАНА-1" электрондық кедендік декларациялау жүйесі жұмыс істейді, бұл процесті едәуір жеңілдетті. Декларацияны электрондық түрде елдің кез келген нүктесінен, тәуліктің кез келген уақытында өз бетінше де, кеден өкілдері арқылы да беруге болады.Кедендік бақылау "жасыл", "сары" және "қызыл" дәліздердің халықаралық тәжірибесіне негізделген тәуекелдерді басқару жүйесін (ТБЖ) пайдалана отырып іріктеп жүзеге асырылады. "Жасыл" дәліз физикалық бақылаусыз тауарларды автоматты түрде шығаруды білдіреді, бұл тіркеу уақытын азайтады. "Сары" дәліз 4 сағатқа дейін созылатын құжаттық бақылауды қамтиды. "Қызыл" дәліз кедендік тексеруді қарастырады. 2025 жылдың 10 айында "Семей КРО" мәліметіне сәйкес тауарларға арналған 6091 декларацияның (ТТ) 78,5% (4785) "жасыл" дәліз бойынша, 20,1% (1229) "сары" және 1% (56) "қызыл"бойынша шығарылды.Бақылауды Мемлекеттік кірістер комитетінің бас диспетчерлік басқармасы, аумақтық департаменттер мен кеден бекеттерін қоса алғанда, жұмыс істеген тәуекел бейіндеріне байланысты кеден органдарының әртүрлі бөлімшелері жүзеге асыра алады. Ақпараттық жүйе бақылаудың көлемі мен дәрежесін автоматты түрде анықтайды, бұл экспорттық-импорттық операциялардың уақытын қысқартады.ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті тұрақты негізде әкімшілендіруді жақсартуға және Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге ерекше назар аударады. 2026 жылы қазақстандық IT-компаниялар әзірлеген және басқа мемлекеттік органдармен интеграцияланған "Кеден" жаңа ақпараттық жүйесін толық пайдалануға беру жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1114535?lang=kk
Ауданның экологиялық мәдениетін қалыптастыруға үлес қосқандар марапатталды 28.11.2025
Ауданымызда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы қарқынды түрде жүргізіліп, бүгінде кент және ауылдық округтерде кең ауқымды тазалық жұмыстары жүзеге асырылып отыр. Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында осы жұмыстардың қорытындысы жасалып, бірқатар қызметкерлер марапатталды. Қабылдауда аудан әкімі Жандос Еркінбек төрағалық етіп, шарада белсенділік танытқан азаматтарға алғысын білдірді.«Әрбір мекеме, әрбір бөлім және ауылдық округтің қызметкерлері үлкен ынтымақтастық танытып, ауданымыздың кез келген іс-шарасын жоғары деңгейде өткізуге үлес қосты. Тазалықпен қатар, пайдалануға берілетін нысандарды жаңғырту жұмыстары да сапалы орындалды. Осындай бірлік пен жауапкершілік – біздің басты күшіміз», – деп атап өтті.Шара барысында ауданның абаттандыру жұмыстарына белсенді атсалысқан бірқатар қызметкерлерге аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды.Сонымен қатар аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов және құрылыс саласының ардагері Қаршыға Есдәулетов құттықтау лебіздерін білдірді.Шарада аудан әкімі бірлесе еңбек еткенде ғана жақсы нәтижеге қол жеткізілетінін атап өтіп, қызметкерлерге денсаулық, отбасылық амандық және жұмыстарына табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1114537?lang=kk
Зейнетақы жинақтары 12 айда 20% дерлік ұлғайды 28.11.2025
2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі  25,84 трлн теңгеге жетті. 12 айда 4,27 трлн теңгеге немесе 19,8%-ға артты.2025 жылдың 1 қарашасында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 24,46 трлн теңге. Бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 18,0% артық. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 727,11 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 14,7%. Бір жыл ішіндегі ең үлкен өсім ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) еншісінде. Жарналардың бұл түрі 30,0% артып, көлемі 9,56 млрд теңгеге жетті.Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2025 жылдың 1 қарашасына 642,07 млрд теңге болды. ТүсімдерЗейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды.2025 жылдың 10 айында салымшылардың шоттарына 2,64 трлн теңге мөлшерінде зейнетақы жарналары түсті (өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 17,2%-ға немесе 385,86 млрд теңгеге артық.МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2025 жылдың басынан бастап 1 қарашасына дейін 2157,36 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 9,5%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 111,11 млрд теңге (өсім – 17,6%), ЕЗЖ – 1,96 млрд теңге түсті. 2025 жылдың 10 айында ЖМЗЖ 365,22 млрд теңгені құрады.   Төлемдер мен аударымдар2025 жылдың 10 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 1 539,97 млрд теңгені құрады. Бұл былтыр жасалған төлемдер көлемінен 1,6 есе немесе 550,06 млрд теңгеге көп.Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 12 айда 18,5% ұлғайып, 01.11.2025ж. 203,37 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 35 728 теңге.  Жыл басынан бері 01.11.2025ж. дейін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) де жүзеге асырылды – 919,55 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 54,14 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 36,57 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 2,60 млрд теңге, жерлеуге – 8,87 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 314,87 млрд теңге аударылды. Жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны2025 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 18,06 млн. бірлік (12 айдағы өсім – 1,13 млн бірлік немесе 6,7%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 қарашасына 12,68 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,27 млн - МЗЖ бойынша, 756,18 мыңы - МКЗЖ бойынша, 462,23 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, бір жыл ішінде кемінде бір рет болса да жарна түскен ЖЗШ белсенді шот болып есептеледі. 2025 жылдың 10 айында МЗЖ 7,03 млн ЖЗШ-ға түсті, бұл жарналар енгізілуі тиіс 12,23 млн ЖЗШ-ның 57,5% құрайды. Бұған сондай-ақ 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін ашылған шоттар мен есепті кезең ішінде ашылған жаңа шоттар кіреді. Бұл санға елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинағын алу туралы өтінішпен жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарына мұрагерлік ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2017 жылдан бастап толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға аударылған әскери қызметшілердің және шоттарына қазақстандық заңнамаға сәйкес жарналар түспеуі керек басқа да санаттағы салымшылардың (алушылардың) шоттары кірмейді.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес БЖЗҚ-ға аударылған ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны -  5,39 млн бірлік.  Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1124527?lang=kk
2014 жылдан бергі таза инвестициялық кіріс 13,6 трлн теңгеден асты 28.11.2025
Зейнетақы активтері «БЖЗҚ» АҚ-ға (БЖЗҚ, Қор) шоғырландырылған 2014 жылдан бастап 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жинақталған таза инвестициялық кіріс 13,60 трлн теңгеге тең. Зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі үлесі жүзеге асырылған төлемдерді қоса алғанда 42,3% жетті. Бұл азаматтардың зейнетақы жинақтарын қалыптастыруда инвестициялық қызметтің елеулі орын алатынын білдіреді.  Зейнетақы активтерінің қысқа мерзімді жеке кезеңдердегі кірістілігі оларды басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. Өйткені қаржы құралдары мен басқа операциялар бойынша сыйақы түріндегі қысқа мерзімде есептелген кірістер осы кезеңдегі бағалы қағаздар мен валюта бағамдарының өзгеруін әрдайым жаба бермейді. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдауды кем дегенде бір жылдық көрсеткіш бойынша жасаған жөн.  2024 жылдың қарашасынан бастап 2025 жылдың қазанына дейінгі 12 ай ішінде есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 2,82 трлн теңге болды, осы кезеңдегі кірістілік – 12,58%. 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен зейнетақы активтерінің кірістілігі соңғы 12 айда 7,51% құрады.   Орта және ұзақ мерзімді келешекте зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) табыстылығы қамтамасыз етіледі. Мәселен, 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2025 жылғы 1 қарашаға дейін жинақталған инвестициялық кірістілік 1062,38% болды, ал бүкіл кезеңдегі инфляция 925,20%.Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына бірегей кепілдік берілетінін еске саламыз. Салымшының төлемге құқығы басталған кезде жинақталған кірістілігіне кері әсерін тигізген жекелеген кезеңдердегі кірістіліктің төмендеуі жағдайында айырманың өтемақысына мемлекет кепілдік береді.Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алу жүйесі толықтай ашық: әрбір салымшының  enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетінен өзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Статистика және аналитика/Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде жарияланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1121727?lang=kk
Тұрғындардың өтініштері басты назарда 28.11.2025
Аудан бойынша мал шаруашылығы саласын дамыту мақсатында Қармақшы ауылдық округінде «Қожатай» су тоспасы бөгелуде.Бөгеу жұмыстарының барысымен аудан әкімі Жандос Еркінбек арнайы барып танысып, мал шаруашылығымен айналысып жүрген тұрғындармен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.Сонымен қатар «Қожатай» су реттегіш тоспасының құрылысын салу мәселесі пысықталып, сала мамандарына нақты тапсырмалар берілді.Қараөзек арнасындағы «Қожатай» су тоспасын қалпына келтіру арқылы аймақта орналасқан Досымкөл, Қызылкөл, Жайынкөл, Тасқын, Кетебай-Масақ, Қаракөл-1, Қаракөл-2 және тағы да басқа көлдерді сумен толтырып, балық шаруашылығын өркендетуге қол жеткізіледі, қолайлы экологиялық жағдай қалыптасады.Бұл аумақтағы мал шаруашылығы саласының дамуының негізгі бағыттарын ет, шұбат және қымыз өндіру жұмысына арнаған тиімді болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1114492?lang=kk
Аудан әкімі жаяу жүргіншілер жолдары мен нысандардағы жөндеу жұмыстарын бақылады 28.11.2025
Қазіргі уақытта ауданымызда жаяу жүргіншілерге арналған инфрақұрылымды жақсарту бағытында бірқатар көшелерде жүйелі жұмыстар жүргізіліп отыр. Осыған орай бүгін аудан әкімі Y. Томанов, Х.Жомартов және Е.Қойшыбаев көшелеріндегі жаяу жүргіншілер жолының жұмыс барысын бақылады. Мердігер мекемелермен келісілген есепке сәйкес, үш көшедегі жаяу жүргіншілер жолдары желтоқсан айының соңында толық аяқталуы жоспарланып отыр. Жандос Еркінбек атқарылып жатқан жұмыстың сапасына назар аударып, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында жауапты басшыларға барлық талаптың сақталуын қатаң тапсырды.Аудан әкімі жұмыс сапарын жалғастырып, Жосалы кентіндегі теміржол вокзалы ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарын тексерді. Құрылыс барысында ғимараттың сыртын қаптау жұмыстары, ішкі демонтаж жұмыстары, сондай-ақ, шатыр жабу жұмыстары аяқталуға жақын. Жауапты мердігер мекемемен атқарылған жұмысқа барлығы 46 адам тартылған. Аудан басшысы нысанның жөнделуі қоғам үшін маңызды екенін атап өтіп, барлық жұмыстардың сапалы әрі уақытылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.Жалпы аудан әкімі атқарылып жатқан барлық жұмыстарды тұрақты бақылап келеді және барлық нысандардың сапасы мен уақытын қатаң қадағалайтынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1114495?lang=kk
«Заң мен Тәртіп — жауапты ұрпақтың таңдауы!» атты интеллектуалдық ойын 28.11.2025
2025 жылдың 27 қарашасында «Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттері үшін Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған интеллектуалдық ойын өткізілді.Қатысушылар зияткерлік меншік, атқарушылық іс жүргізу, нотариат, адвокатура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сияқты маңызды бағыттар бойынша жоғары дайындықтарын көрсетті.Ойын қызықты форматта өтіп, әр команда тек білімдерін ғана емес, сондай-ақ логикалық ойлау қабілеттерін және командада жұмыс істей алу дағдыларын танытты.Іс-шараның мақсаты — жастардың құқықтық білімін нығайту, құқықтық мәдениетке деген қызығушылығын арттыру және заңға саналы көзқарасты қалыптастыру.Құқықтық сауаттылық – өз құқығыңды қорғаудың кепілі. Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1114474?lang=kk
Қазақстан-Польша: конфессияаралық байланыстарды нығайту жолында 28.11.2025
Варшава, 2025 жылғы 27 қараша - Қазақстанның Польшадағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Польшаның «Ортақ тамырлар» дінаралық ынтымақтастық қорының президенті Марек Олендскимен және қордың негізін қалаушы Александр Загилмен кездесті.Кездесу барысында тараптар конфессияаралық байланыстарды нығайтудағы Қазақстан-Польша ынтымақтастығының жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.Осы орайда Қазақстан Елшісі сындарлы диалог үшін тұрақты халықаралық конфессияаралық платформаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің маңызды рөлін ерекше атап өтті. Поляк қорының Қазақстандық халықаралық конфессияаралық және дінаралық диалог орталығымен ынтымақтастығы өзара іс-қимылдың жаңа нүктелерін анықтауға және келісілген шешімдерді әзірлеуге ықпал ететіні баса айтылды.Өз кезегінде польшалық сұхбаттасушылар діндерді, мәдениеттерді және халықтарды жақындастыру мақсатында қазақстандық серіктестермен ынтымақтастықты дамытуға мүдделілік танытты. Олар Қордың мақсаты диалогты ілгерілету, білім беруді қолдау, сенім, мәдениет пен ынтымақ келісім мен бірлікке жетелейтін кеңістік құру екенін атап өтті. Осыған байланысты олар мұндай ынтымақтастықтың жемісті әрі сындарлы болатынына сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1114433?lang=kk