Enbekshi QazaQ

Қоғам

«Отбасы – бақыт ұясы» атты тағылымды кездесу . 18.05.2026
15 мамыр – Отбасы күніне орай «Отбасы – бақыт ұясы» атты тағылымды кездесу ұйымдастырылып, көпбалалы өнегелі отбасы — Шаһарбек ата мен Бахты апаның шаңырағына барып, мерекелік құттықтау айтып, кішігірім сұхбат жүргізіп қайттық.Кездесу барысында ата мен апа ақ дастархан жайып, қонақжайлық танытып, отбасы тәрбиесі жайлы өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Балаларын адалдыққа, еңбекқорлыққа, үлкенді құрметтеп, кішіні сыйлауға тәрбиелегендерін айтып, отбасы — сыйластық пен мейірімнің, татулық пен бірліктің ордасы екенін ерекше атап өтті.Шаһарбек ата мен Бахты апа отбасы құндылығының маңызын түсіндіріп, берекелі шаңырақтың басты тірегі — өзара түсіністік пен қамқорлық екенін жеткізді. Осындай өнегелі отбасылар — кейінгі ұрпаққа үлгі, қоғамымыздың тірегі екені сөзсіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1222201?lang=kk
Қазақстан Республикасының сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы 18.05.2026
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 04 мамырдағы № 180 – н/қ бұйрығына сәйкес хабарлайды. Қазақстан Республикасының аумағынан сұйытылған мұнай газын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 12 970 0), пропанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 12 940 0) және бутанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 13 970 0) автомобиль және темір жол көлігімен алты ай мерзімге:1) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) не жер қойнауын пайдалану келісімшарты шеңберінде өндірісті жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 755-бабының 1-тармағына сәйкес салық режимінің тұрақтылығына ие жер қойнауын пайдаланушыларды әкетуге;2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қарашығанақ және Қашаған кен орнында өндірілген қазақстандық шикізаттан өндірілген (қайта өңделген) тауарларды әкетуге;3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде басталатын және аяқталатын алып өтілетін транзиттік тасымалдарға;4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек шеңберінде әкетуге тыйым салынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1222233?lang=kk
ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Ашық есік күні өтті 18.05.2026
2026 жылғы 15 мамырда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік» тақырыбында Ашық есік күні өтті. Іс-шараға Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушылары, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 4-курс студенттері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Іс-шараны ашқан Департамент басшысының орынбасары Қазыбек Қойшинов мемлекеттік кірістер органдарының елдің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мен халықтың әл-ауқатын арттырудағы маңызды рөлін атап өтті. Салық түсімдерінің есебінен мектептер, ауруханалар және басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандар салынатыны, мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым дамып жатқаны айтылды. Сонымен қатар спикер жастарды мемлекеттік қызметке қызығушылық танытуға шақырып, болашақ мамандарды мемлекеттік кірістер органдарында қызмет етуге үндеді.Кездесу барысында қатысушыларға мемлекеттік кірістер органдарының қызметі туралы ақпарат беріліп, салықтық және кедендік әкімшілендірудің өзекті мәселелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және профилактикалық шаралар түсіндірілді.Спикерлер ретінде Камералдық мониторинг басқармасының басшысы Гүлжанат Беркутова, Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасының басшысы Болатбек Жаманбаев және Адам ресурстары басқармасының бас маманы Мейір Күнтуғанов сөз сөйледі.«Адал Азамат» бағдарламасы аясында қатысушыларға салықтық сауаттылықты арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.Сондай-ақ қонақтар Департамент мұражайын аралап, өңірдегі мемлекеттік кірістер органдарының қалыптасу тарихымен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1222264?lang=kk
Шымкентте батыр полицейдің атына «Жас сақшы» сыныбы ашылды 18.05.2026
Шымкент қаласында №16 мектепте қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан полицей Ғазиз Байтасовтың атындағы «Жас сақшы» мамандандырылған сыныбының салтанатты ашылуы өтті.9 сыныптың 30 оқушысы жаңа кезеңге қадам басып, жас тәртіп сақшылары қатарына қосылды. Жоба жасөспірімдердің бойында патриоттық рухты, тәртіпті, заңға құрметті және жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталған.Салтанатты шара барысында полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрбол Мырзатаев оқушыларға Отанға адал қызмет етудің маңызын айтып, әділ болуға шақырды.«Жас сақшы» сыныбының оқушылары үшін құқықтық тәрбие, дене шынықтыру және полиция қызметінің қыр-сырын таныстыруға бағытталған арнайы сабақтар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, олар полиция қызметкерлерімен бірлескен патриоттық және профилактикалық іс-шараларға қатысады.Мамандандырылған сыныптың ашылуы - ұрпақтар сабақтастығының, ішкі істер органдары қызметкерлерінің ерлігіне құрметтің, және қоғам мен заңға қызмет етуге дайын жастарды тәрбиелеуге деген ұмтылыстың айқын көрінісі болды.
Курчатов қалалық мәслихаты шешімі жобасына арналған баспасөз хабарламасы 18.05.2026
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-9-тармағына сәйкес, Курчатов қалалық мәслихаты шешімі жобасын іске асыру үшін қаржылық шығындар талап етілмейді.Осы жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.Жобада мыналар көзделген:- әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын бекіту, оның мөлшерлерін белгілеу және көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау.Жоба мәтіні «Ашық НҚА» бөліміндегі «Электрондық үкімет» порталында орналастырылған. Барлық мүдделі азаматтар нормативтік құқықтық акт жобасын талқылауға қатыса алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1222164?lang=kk
Қармақшыда «Таза Қазақстан» акциясы қарқынды жүргізілуде 18.05.2026
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бүгін Қармақшы ауданында ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Тазалық шарасына аудан көлеміндегі барлық бөлім, мекеме қызметкерлері, еріктілер, жастар және тұрғындар белсенді қатысып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.Сондай-ақ бүгінгі сенбілік жұмысына аудан әкімі Жандос Еркінбек арнайы қатысып, тазалық акциясына белсене атсалысты. Аудан басшысы елді мекендерде жүргізіліп жатқан жұмыстарды аралап көріп, санитарлық тазалық пен абаттандыру бағытындағы жұмыстардың сапасын бақылады. Сонымен қатар жауапты сала басшыларына бұл бағытта тапсырмалар беріп, тазалық жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін атап өтті.Ауқымды шараға ауданға қарасты 2 кент және 12 ауылдық округ тұрғындары жұмыла қатысып, көше бойларын, қоғамдық орындар мен әлеуметтік нысандардың аумақтарын тазартты. Сенбілік барысында шөп шабу, ағаштарды әктеу, сырлау және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, жиналған қоқыстар арнайы белгіленген орындарға шығарылды.Таза әрі көрікті аудан қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Сондықтан әрбір азаматты тазалық шараларына белсене қатысып, туған өлкенің көркеюіне бірге үлес қосуға шақырамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1222031?lang=kk
Әділбек Серікбаевты еске алуға арналған республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті 18.05.2026
Бүгін дене шынықтыру - сауықтыру кешенінде аудан әкімінің тапсырмасымен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әділбек Серікбаевты еске алуға арналған 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасындағы самбодан республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.Жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттап, самбо спортын дамыту мақсатында ұйымдастырылған дәстүрлі спорттық додаға еліміздің әр өңірінен келген 200-ге жуық жас спортшы қатысып, өзара бақ сынауда.Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Диас Асылбекұлы, Қызылорда облысының самбо федерациясының президенті Алмат Әбдірахманұлы және Әділбек Үргенішбайұлының туыстары қатысты.Шара барысында Диас Асылбекұлы сөз сөйлеп: «Аға буынның үлгілі жолына негізделген маңызды бәсеке Әділбек ағамызға құрмет көрсету болса, екінші жағынан бұқаралық спортты дамытудың ерекше бағыты деп танимыз. Өйткені осы сайысқа қарап өскелең ұрпақ тәлім-тәрбие, үлгі - өнеге алары сөзсіз.2021 жылдан бастап еске алуға арналған бұл сайыс биыл ауданымызда алтыншы мәрте ұйымдастырылып отыр. Сондықтан бүгінгі турнир қатысушыларына батылдық, сарқылмайтын күш-қуат және жеңіске деген жігерлік тілеймін»,- деді.Ашылу салтанатында өнерпаздар патриоттық әндер орындап, жиналған көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар жарыстың алғашқы белдесулері өтіп, жас спортшылар өз шеберліктері мен дайындықтарын көрсетті.Айта кетейік екі күнге жоспарланған республикалық турнир 17 мамыр күні өз мәресіне жетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1222035?lang=kk
«Сырлы әуен» тақырыбында облыстық байқау өтті 18.05.2026
Бүгін аудан әкімінің тапсырмасымен Шамшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде Қармақшы ауданының мәдениет саласының дамуына елеулі үлес қосқан талант иесі Абдулла Мырзабековты еске алуға арналған «Сырлы әуен» атты облыстық үрмелі аспапта орындаушылар байқауы өтті.Талантты музыканттарды қолдап, жас өнерпаздардың шығармашылық шеберлігін шыңдау мақсатында ұйымдастырылған өнер байқауына облыстың әр өңірінен келген жас өнерпаздар қатысып, өз өнерлерін көрермен назарына ұсынды.Салтанатты шара барысында аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев сөз сөйлеп: «Сыр елі – өнер мен мәдениеттің ордасы. Бұл өлкеден елге танылған талай өнер майталмандары шыққан. Солардың бірі – ауданның мәдениеті мен өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Мырзабеков Абдулла Ерділдәұлы.Дарыны мен пайымы үйлескен дара тұлғамыз талай шәкірт тәрбиелеп, олардың өнер жолына қадам басуына да себепкер болды. Сондықтан талантын танып, табына білген қасиетті Қармақшы елі барда Абдулла Ерділдаұлының есімі ешқашан өшпек емес»,- деп бүгінгі байқаудың өнер иесіне құрмет екенін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.Екі кезеңнен құралған сайыс барысында қатысушылар әлем композиторларының шығармалары мен еркін тақырыптағы туындыларды орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.Төрелік еткен қазылар алқасының шешімімен байқау қорытындысы бойынша үздік өнерпаздар анықталып, арнайы дипломдар мен марапаттарға ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1222039?lang=kk
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі қаралды 18.05.2026
Бүгін аудан әкімінің тапсырмасымен аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Жәнібеков баяндама жасап, қаралған мәселеге байланысты жүргізілген жұмыстар мен білім беру ұйымдарындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы шараларға тоқталды.Жиын барысында комиссия мүшелері мектептердегі тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуы, сынып жетекшілері мен мектеп психологтарының жауапкершілігі және оқушылар арасындағы мәселелер бойынша бірқатар сауалдарын қойды.Диас Асылбекұлы: «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – баршамызға ортақ міндет»,- деп атап өтіп, аудандық білім бөліміне, мектеп директорларына осы бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, ата-аналармен байланыс және оқушылармен жеке тәрбиелік жұмыстарды тұрақты жүргізу бойынша тапсырмалар жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1221930?lang=kk
Азаматтардың өтініштері – басты назарда 18.05.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықпен кері байланыс орнатып, азаматтардың өтініштері мен ұсынысына жедел әрі сапалы жауап беру жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеті екенін үнемі айтып келеді. Осы бағытта бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек тұрғындарға кезекті жеке қабылдауын өткізді.Қабылдау барысында тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына барып қатысуымен қатар, онлайн байланыс арқылы да өз мәселелерін жеткізді.Сондай-ақ жеке қабылдауға келген 10-нан аса азамат тұрғын үй, тұрақты немесе қоғамдық жұмысқа орналасу, егістік мәселесі, әлеуметтік қолдау және өзге де жеке мәселелер бойынша өтініштерін айтты.Тұрғын үй мәселесі бойынша келген азаматтарға заң талаптарына сәйкес баспана өз кезеңімен жүргізілетіні түсіндірілсе, жұмыс сұраған азаматтарға бос жұмыс орындары мен қоғамдық жұмыстарға орналасу мүмкіндіктері ұсынылды.Қабылдау барысында аудан басшысы әрбір тұрғынның өтінішіне жеке тоқталып, көтерілген мәселелерді жан-жақты қарап, жауапты бөлім басшыларына заң аясында қарастыру үшін бірқатар тапсырмаларын жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1221932?lang=kk
Жастар арасында облыстық футбол турнирі ұйымдастырылды 18.05.2026
Ақтөбе ауылдық округінде аудан әкімінің тапсырмасымен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту мақсатында футболдан облыстық турнир ұйымдастырылды.Дәстүрлі спорттық додаға облыс көлемінен жастар ұйымдары мен әр ауданның жастар ресурстық орталықтарының командалары қатысып, жалпы 7 командадан 100-ге жуық жас спортшы бақ сынады. Турнир барысында командалар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті.Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев, облыстық «AMANAT» партиясының төрағасы Жандос Базартай қатысушыларға және жарыстың жоғары деңгейде өтуіне сәттілік тіледі.Жарыс қорытындысы бойынша І орынды «Жастар рухы» командасы иеленсе, ІІ орын Жалағаш ауданына, ІІІ орын Сырдария ауданының командасына бұйырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар жарыс аясында үздік ойын көрсеткен қатысушыларға арнайы «Үздік қорғаушы», «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы» және «Үздік қақпашы» номинациялары табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1221936?lang=kk
Елші Пәкістанның ірі өнеркәсіптік орталығында Гуджрат қаласында сапармен болды 18.05.2026
Гуджрат, 2026 жылғы 15 мамыр – ҚР ПИР-дағы Елшісі Ержан Қыстафин елдің ірі индустриялық орталықтарының бірі болып табылатын Гуджрат қаласына жұмыс сапарымен барып, Сауда-өнеркәсіп палатасының (СӨП) басшылығымен және мүшелерімен келіссөздер жүргізді, сондай-ақ құрылыс материалдары мен жиһаз өндіретін бірқатар кәсіпорындардың қызметімен танысты.Сауда-өнеркәсіп палатасындағы кездесу барысында Елші ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың биыл ақпанда Пәкістанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындылары туралы ақпарат берді. Ол Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-экономикалық байланыстар мен инвестициялық әріптестікті одан әрі кеңейту мақсатында қолайлы іскерлік ахуалды қалыптастыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде хабардар етті. Е.Қыстафин көлік-логистикалық дәліздерді дамыту және банк секторындағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударды.Өз кезегінде Сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығы екіжақты қатынастардың даму қарқынына жоғары баға беріп, соңғы жылдары Гуджрат қаласы кәсіпкерлерінің қазақстандық бизнес өкілдерімен іскерлік байланыстарының айтарлықтай артқанын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша Сауда-өнеркәсіп палатасы Қазақстанға кезекті делегация жіберу ниетін білдірді. Бұл қадам өзара сауданы одан әрі кеңейтуге және инвестициялық мүмкіндіктерді зерделеуге бағытталмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1221919?lang=kk
Ауданның экономикалық даму бағыттары талқыланды 18.05.2026
Аудан әкімі Жандос Еркінбектің қатысуымен өткен мәжілісте ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен негізгі салалардағы атқарылып жатқан жұмыстардың барысы қаралды.Жиында аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанар Ниматулла ауданның экономикалық көрсеткіштері, бюджеттің орындалуы және қаржы саласындағы атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.Сонымен қатар ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Әсет Омаров саладағы жүзеге асырылып жатқан жобалар және аграрлық бағыттың даму көрсеткіштерін атап өтсе, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Рауан Әбдіқасов Қармақшы ауданындағы кәсіпкерлік саласының даму деңгейі мен өнеркәсіп саласындағы негізгі көрсеткіштерге тоқталды.Аудан басшысы жауапты салаға басшылық ететін орынбасары Шыңғыс Сыдықовқа жұмыстарды сапалы әрі уақытылы орындауды, негізгі салалардың қызметін арттыру бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1221921?lang=kk
Отбасы құндылықтарын ұлықтаған тағылымды кеш 18.05.2026
Ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық құндылықтардың алтын діңгегі - отбасы. Берік қоғамның негізі ретінде бұл ұғым 1993 жылдан бастап 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні ретінде ресми түрде атап өтіліп келеді.Осыған орай бүгін «Руханият» орталығында аудан әкімінің тапсырмасымен «Бір шаңырақ астындағы шексіз махаббат» атты салтанатты кеш ұйымдастырылды.Отбасы құндылықтарын дәріптеп, жанұя институтының қоғамдағы маңызын насихаттау мақсатында өткізілген тағылымды шараға аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы қатысып, айтулы мерекеге орай ізгі тілегін білдірді.Сондай-ақ мереке аясында ауданымыздың дамуына үлес қосып жүрген өнегелі отбасылар аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.Мерекелік шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков жылы лебізін білдіріп, бірлік пен ұрпақ тәрбиесінің маңызын атап өтті.Татулық пен сыйластықты ту етіп, жас ұрпаққа өнеге болған - «Гаухар той» иегерлері де бүгінгі күннің маңыздылығын айтып, көрсетілген құрметке өз алғыстарын білдірді.Отбасы құндылықтарын ұлықтаған берекелі басқосуда ән мен жырдан шашу шашылып, аудан өнерпаздары тағылымды кешке ерекше көңіл-күй сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1221924?lang=kk
Петропавлда қоян-қолтық ұрыстан Ұлттық ұлан чемпионаты өтті 18.05.2026
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері арасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері капитан Азамат Нұрпейісовты еске алуға арналған чемпионат мәресіне жетті. «Береке» спорт кешенінде өткен жарыста 50 ұландық жауынгер күш сынасты. Үш күнге созылған сайыста жеті команда өкілдері жеті салмақ дәрежесіндегі жүлделерді сарапқа салды. Татами төріне шыққан жігіттер алғашқы күннен-ақ қоян-қолтық ұрыстан шеберліктерін байқатып, сайыстың көркін қыздырды. Биыл бесінші рет өткізіліп отырған турнирде талантты жастар көп көзге түсті. Финалдық кездесулер де тартысқа толы болды.Жалпы командалық есепте I орынды «Батыс» өңірлік қолбасшылығының командасы иеленді. ІІ орын Ұлттық ұлан академиясына бұйырды. Ал «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы ІІІ орынға тұрақтады.Жеңімпаздарды Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Бекайдар Қазкеев, «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы полковник Нұрлан Мұхамедов және Азамат Нұрпейісовтың әкесі Ерік Қабдуллаұлы бастаған құрметті қонақтар марапаттады.Айта кетейік, жекелей сында жеңімпаз атанған спортшылар алда болатын Қазақстан кубогына дайындалады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1221911?lang=kk
Мемлекет басшысы «Оқу мәдениетін дамыту және оқитын ұлт қалыптастыру шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды 18.05.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев «Оқу мәдениетін дамыту және оқитын ұлт қалыптастыру шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды.Құжат адам капиталын дамытуға, қоғамның интеллектуалдық және мәдени әлеуетін нығайтуға, сондай-ақ оқу мәдениетін білім беру, тәрбие және ағартудың маңызды бөлігі ретінде насихаттауға бағытталған.Жарлықтың негізгі мақсаттары:* оқитын ұлт қалыптастыру;* кітап пен әдебиетке қызығушылықты арттыру;* балалар мен жастар арасында оқу мәдениетін дамытуға жағдай жасау;* кітапханалар мен баспа саласын қолдау;* шығармашыл, жасампаз әрі бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1221871?lang=kk
Майдангерлерге көше атауы берілді 18.05.2026
Кеген ауылындағы бірнеше көшеге Ұлы Отан соғысының ардагерлері - Бегімбетов Нұрмұғанбет, Оңғарбеков Оразша, Сыбантаев Бекен Баянбайұлы, Дауталиев Сарсенбай, Жылгелдиев Ибраймбай, Бұланбаев Арғынбек аталарымыздың есімдері берілді. Бұл - ел үшін от кешкен ерлерге көрсетілген зор құрмет пен тағзымның айқын көрнісі. Көше атауларының ашылу рәсіміне майдангерлердің ұрпақтары, ауыл тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері қатысыты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/1221858?lang=kk
Қазақстан мен Канада өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуда 18.05.2026
Калгари, Торонто, 2026 жылғы 15 мамыр – Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов агроөнеркәсіптік кешен, инвестициялар және туризм салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында Канадаға жұмыс сапарымен барды.Онтарио провинциясындағы бағдарлама аясында өңір басшысы Онтарионың Ауыл шаруашылығы, азық-түлік және агробизнес министрлігінің, сондай-ақ Канаданың мемлекеттік экспорттық-несиелік агенттігінің басшылығымен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, ауыл шаруашылығы машина жасау және өңірдің өнімділігі мен экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған агроөнеркәсіптік кешенге заманауи шешімдерді енгізу салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.Альберта провинциясында Ақмола облысының әкімі дәлме-дәл егіншілік жүйелерін енгізу, цифрлық мониторинг, өндірістік процестерді автоматтандыру және заманауи ирригациялық шешімдер мәселелері бойынша жетекші агротехнологиялық компаниялардың өкілдерімен бірқатар келіссөздер жүргізді.Сонымен қатар делегация Канаданың агротехнологиялық әзірлемелер саласындағы жетекші орталықтарының бірі — Олдс колледжіне (Олдс қ.) барды. М.Ахметжанов автономды ауыл шаруашылығы техникасын қолдану тәжірибесімен, тыңайтқыштарды дәлме-дәл енгізу технологияларымен, егістік алқаптарын цифрлық картографиялау және нақты уақыт режимінде деректерді талдау жүйелерімен танысты.Сондай-ақ сапар аясында өңір басшысы Ниагара (Онтарио) және Банф (Альберта) ұлттық парктеріне барып, аталған нысандардың әкімшіліктерімен кездесті. Кездесулер барысында Ақмола облысында, оның ішінде Бурабай курорттық аймағында қызмет көрсетудің жақсарту және туризмді дамыту мақсатында Канаданың ұлттық парктеріндегі озық технологияларды қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.Жалпы алғанда, қазақстандық делегацияның сапары Қазақстан мен Канада өңірлері арасындағы ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және туризм салаларындағы практикалық ынтымақтастықты нығайтуға тараптардың өзара мүдделілігін көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ottawa/press/news/details/1221822?lang=kk
АӨСШК пен Мысыр аймақтық қауіпсіздік пен көпжақты ынтымақтастықты талқылады 18.05.2026
Каир, 2026 жылғы 8 сәуір — Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің қолдауымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) Бас хатшысы, Елші Қайрат Сарыбайдың Каирге жұмыс сапары орын алды. Сапар барысында ол Араб мемлекеттері Лигасының Бас хатшысы Ахмед Абулгейтпен, МАР Сыртқы істер, халықаралық ынтымақтастық және шетелдегі мысырлықтар жөніндегі министрінің орынбасары Амр Шербинимен, МАР бұрынғы Сыртқы істер министрі және АӨСШК Ақылмандар алқасына кандидат Мохамед әл-Орабимен және Каир халықаралық қақтығыстарды шешу, бейбітшілікті нығайту және бейбітшілік орнату орталығының директоры Сейф Кандилмен кездесті.Қайрат Сарыбай Араб мемлекеттері Лигасының Бас хатшысымен өткізген  келіссөздер барысында Лиганың 2002 жылдан бері АӨСШК-ға бақылаушы ретіндегі ұзақ мерзімді рөлін жоғары бағалап, АӨСШК-қа сегіз араб мүше-мемлекеттері байланыстарды нығайтуға және аймақтық ынтымақтастықты дамытуға айтарлықтай үлес қосып отырғандарын атап өтті. Екі тараптың басшылары аймақтық интеграцияның тірегі ретінде көпжақты ынтымақтастық пен қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге деген бейілділіктерін растады.МАР Сыртқы істер, халықаралық ынтымақтастық және шетелдегі мысырлықтар жөніндегі орынбасары А.Шербинимен кездесу барысынрда Қ.Сарыбай Мысырдың 2025 жыл бойы түрлі салаларда сенім шараларын жүзеге асыруға белсенді қатысуын жоғары бағалады.Тараптар АӨСШК-тің институционалдық дамуы мен Әзербайжан төрағалығының басымдықтарын талқылады, осы аптада Астанада өткен Аға лауазымды тұлғалар комитеті отырысының нәтижелеріне және Бакудегі 7-ші саммит қарсаңында АӨСШК жарғысының нақтылануына назар аударды. Сондай-ақ, тараптар Батыс Азиядағы қауіпсіздік жағдайының өзгеруін және Мысырдың АӨСШК пен Африка байланыстарын нығайтудағы рөлін қарастырды.Қ.Сарыбай Мысырдың бұрынғы Сыртқы істер министрі және АӨСШК Ақылмандар алқасына кандидат Мохамед әл-Орабимен Батыс Азиядағы геосаяси даму мен қауіпсіздік перспективаларын талқылады. Олардың диалогы АӨСШК-тың Ақылмандар алқасы, Әйелдер кеңесі, Жастар кеңесі және Талдау орталықтары форумы сияқты негізгі институттары арқылы аймақтық сенімді нығайтудағы рөліне бағытталды. Тараптар сондай-ақ Әзербайжанның төрағалығының басымдықтарын және алдағы Баку саммитінде АӨСШК-ты толыққанды халықаралық ұйымға айналдыруды талқылады.Каир халықаралық қақтығыстарды шешу, бейбітшілікті нығайту және бейбітшілік орнату орталығының директоры Сейф Кандилмен келіссөздер барысында әйелдер мәселелері, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік саласындағы күн тәртібі және жастардың дерадикалдануына назар аударылды. Екі тарап АӨСШК Жастар кеңесі мен Асуан форумы арасындағы әлеуетті арттыру мүмкіндіктерін зерттеуге келісті.9 сәуірде Бас хатшы Қ.Сарыбай жұмыс сапары барысында Каир университетінде «Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Таяу және Орта Шығыс» монографиясының араб тіліндегі аудармасының тұсаукесеріне қатысты.Кітаптың авторы – Қазақстан мен Таяу Шығыс арасындағы байланысты нығайтуға және ислам ынтымақтастығын дамытуға өз мансабын арнаған көрнекті қазақстандық дипломат, марқұм Елші Асқар Мусинов.Қ.Сарыбай автормен ұзақ мерзімді кәсіби және жеке қарым-қатынасына ой жүгірте отырып, кітапты араб әлемінде және одан тыс жерлерде өзара сенім мен ынтымақтастықты нығайта беретін дипломатиялық көпір қызметін атқаратын мемлекет қайраткерінің интеллектуалдық мұрасы деп сипаттады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-cairo/press/news/details/1221831?lang=kk
Мысырда Асқар Мусиновтың кітабының тұсаукесері өтті 18.05.2026
Каир, 2026 жылғы 9 сәуір — Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігінің ұйымдастыруымен көрнекті дипломат Асқар Мусиновтың «Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Таяу және Орта Шығыс» атты кітабының араб тіліндегі басылымының тұсаукесері тарихи және әлемге танымал Каир университетінде өтті.Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Асқар Жеңіс кітаптың тұсаукесер рәсіміндегі өзінің кіріспе сөзінде Асқар Мусиновтың қазақ дипломатиясындағы алатын орны мен жас ұрпаққа қалдырған өшпес еңбегі туралы айтты.Сондай-ақ Қазақстан мен Мысыр арасындағы қатынастардағы өзекті мәселелерге тоқталып, оны тереңірек дамытудағы атқарылып жатқан жұмыстарға шолу жасады. Іс-шараға арнайы келген қонақтарға өзінің алғысын білдірді.  Салтанатты іс-шараға қазақ дипломатиясының беделді тұлғалары, АӨСШК Бас хатшысы Қ.Сарыбай мен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің Кеңесшісі, Елші Б.Батыршаев Сыртқы саяси мекеме басшысының жеке тапсырмасына орай қатысты.Қ.Сарыбай өзінің сөзінде А.Мусиновтың өмірбаянына тоқталып өтіп, оның Қазақстанның араб мемлекеттерімен қатынасының дамуына қосқан зор үлесін айтты.Министрдің Кеңесшісі Б.Батыршаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің арнайы жолдаған сәлемдемесін жеткізіп, А.Мусиновтың еңбек жолына тереңірек тоқталды. Сондай-ақ, аталған шара барысында АҚИҰ Бас директоры Б.Арынның жолдаған сәлемдеме бейне ролигі көрермен назарына ұсынылды. Өзінің сәлемдемесінде ол  А.Мусиновтың Ислам әлеміндегі атқарған еңбегі туралы айтып, жалпы өмірбаянынан маңызды сәттеріне шолу жасады. Мысырлық тараптан қатысқан құрметті қонақтардың арасында араб әлемінің көрнекті саясаткері, Мысырдың бұрынғы Сыртқы істер министрі әрі Араб мемлекеттері Лигасының экс-Бас хатшысы Амр Мұса болды және ол ресми шарада кітаптың тұсауын кесу мәртебесін иеленді.  Сонымен қатар, шараға қатысқан МАР бұрынғы Сыртқы істер министрі  Мохаммед әл-Ораби қазіргі таңда өзекті мәселелерді қамтыған кітапты араб тіліне аудару бойынша атқарылған ауқымды жұмысты атап өтіп, әрбір Таяу Шығыс тақырыбына қызығушылық танытатын зерттеуші мен ғалымдарға таптырмас мұра екенін айтты.  Бұрынғы Мысыр Сыртқы істер министрінің орынбасары және қазіргі таңда Мысырдың Сыртқы істер жөніндегі кеңестің директоры Елші Еззат Саад әл-Сайед өзінің сөзінде А.Мусиновтың 1999-2002 жж. аралығында Мысырда Елші қызметін атқарған кезеңдегі еңбегіне тереңірек тоқталып, екі ел арасындағы саси маңызды оқиғалардағы атқарған рөлін жоғары бағалады.  Қызыл теңіз провинциясының бұрынғы губернаторы және қазіргі таңдағы Қазақстан-Мысыр достық Қауымдастығының Төрағасы Ахмед Абдуллах та автордың елдер арасындағы қарым-қатынасының дамуына қосқан үлесін айтты.Кітаптың тұсаукесер рәсіміне Қазақстаннан арнайы келген Елші А.Мусиновтың отбасы Елшіліктің кітапты аудару бойынша атқарған жұмысына ризашылығын білдіріп, қатысқан құрметті қонақтарға өздерінің кәде-сыйлықтарын табыстады. Тұсаукесер аясында көрермендерге А.Мусиновтың өмімбаяны туралы бейне фильм ұсынылды. Сонымен қатар іс-шараға қатысқан қонақтарың арасында Мысырда аккредиттелген шетелдік Елшілер, жергілікті жазушылар, саясаткерлер  мен БАҚ өкілдері болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-cairo/press/news/details/1221832?lang=kk