Enbekshi QazaQ

Қоғам

Жамбыл облысы,Жамбыл ауданынан келген делегация Сырдария ауданында 11.11.2025
Сырдария ауданына Жамбыл облысы, Жамбыл ауданынан келген делегация жұмыс сапарымен келіп, алдымен Бесарық ауылына барды. Қонақтар ауылдағы инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысымен және ауылдың әлеуметтік нысандарының жұмысымен танысты. Делегация мүшелеріне атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде аудан әкімінің орынбасары Роллан Еспенбетов пен Сырдария аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Алмат Садуақасов жан-жақты ақпарат берді.Бұдан кейін делегация мүшелері Нағи Ілиясов ауылына барып, ауылдың әлеуметтік және мәдени нысандарын аралады. Қонақтар Нағи Ілиясов атындағы мұражайдың қызметімен танысып, өңірдің тарихы мен мәдени мұрасына қатысты мәліметтер алды. Мұражайдың жұмысын және экспозициялық қорына байланысты мәліметтер алды. Сонымен бірге, делегациямен бірге аудан әкімінің орынбасары Роллан Манарбекұлы ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары жөнінде ақпарат берді.Сапар барысында тараптар екі аудан арасындағы ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу және ауылдарды дамыту бағытында пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1102698?lang=kk
«Taza Qazaqstan» экологиялық акциясы сенбілік жұмыстары жүргізілді 11.11.2025
«Taza Qazaqstan» экологиялық акциясы аясында аудан орталығында және елді мекендерде санитарлық тазарту бойынша сенбілік өтті. Тазалық жұмыстарына аудандағы меншік түріне қарамастан барлық мекеме атсалысты. Сенбілік барысында әрбір мекеме қызметкерлері өздеріне бекітілген көше бойына көркейту-көгалдындыру жұмыстарын жүргізіп, аулаларды қоқыстан тазалады.Алдағы уақытта да сенбілік жұмыстары жалғасын табатын болады. Аудан тұрғындарын тазалық шараларына белсене қатысуға және тазалық сақтауға шақырамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1102709?lang=kk
Сырдария ауданында әлеуметтік қызметшілер үні салтанатты түрде атап өтілді 11.11.2025
Сырдария ауданында әлеуметтік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Шара барысында әлеуметтік сала ардагерлері мен қызметкерлері кәсіби мерекелерімен құттықталып, олардың еңбегі жоғары бағаланды.Іс-шараға Сырдария ауданының әкімі Сәрменбаев Берік Әбдіғаппарұлы және облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мыңбаев Азамат Амантайұлы қатысып, әлеуметтік сала қызметкерлеріне арналған құттықтау сөз сөйлеп, мерекеге орай бірқатар қызметкерлерді марапаттады. Аудан басшысы Берік Әбдіғаппарұлы әлеуметтік қорғау саласында көп жылдық тәжірибесі бар және өз ісіне адалдық танытып жүрген мамандарға алғыс хаттар табыстап, олардың кәсіби еңбегіне жоғары баға берді.Мерекелік жиында сондай-ақ әлеуметтік салада ұзақ жылдар бойы еңбек еткен ардагерлер мен үздік қызметкерлер марапатқа ие болды. Облыс көлемінде жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Үздік бөлім» атағына ие болды.Бүгінде ауданда 40-тан астам әлеуметтік қызметкер тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіп, түрлі өмірлік қиындықтарға тап болған азаматтарға көмек көрсетіп келеді. Олардың еңбегі – халықтың әлеуметтік қорғалуы мен өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды үлес болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1102664?lang=kk
Аудан әкімі Б.Сәрменбаевтың төрағалығымен күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары және қазіргі көрсеткіштер барысы талқыланды 11.11.2025
Мәжіліске Тереңөзек кенті және ауылдық округ әкімдері мен барлық тиісті мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник Жомарт Прназаров хабарлама жасап, күзгі шақыру науқанының көрсеткіштері мен кездесіп отырған проблемалар баяндалды. Қазіргі таңда аудан бойынша әскер қатарына жөнелту жұмыстары жоспарлы орындалуда. Дегенмен, әскерге шақыру қағазын алып, шақыру пунктіне келмей әскери борышын өтеуден жалтарып жүрген азаматтарға қатысты заң шеңберінде қатаң шаралар қабылдау тапсырылды. Сонымен қатар, аудандық полиция бөліміне әскери қызметтен жалтарып жүрген азаматтарды іздестіру жұмыстарын учаскелік полиция инспекторлары тарапынан күшейту жүктелді. Сондай-ақ, Тереңөзек кенті және барлық ауылдық округ әкімдеріне шақыру қағаздарын азаматтарға тұрақты тарату және медициналық тексеруге келуін қадағалау қатаң тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1102672?lang=kk
Түркияда Қазақстанның Ұлттық валютасына арналған көрме өтті 11.11.2025
Анкара, 2025 жылғы 10 қараша – Анкарада 15-қараша Ұлттық валюта күніне орай қазақ естелік ақшаларынан көрме ұйымдастырылды.Көк-Ту қазақ мәдениеті ұйымы мұрындық болған іс-шараға Түркияның Қазына және қаржы министрлігіне қарасты Түркия монета сарайының бөлім басшысы Яшар Чукур, Әділет және даму партиясының Түркі әлемі қатынастар басшысының орынбасары Джемиле Кынаджы Баран, түрік коллекционерлері,  Анкарадағы қазақ диаспора өкілдері мен студенттер қатысты.Іс-шарада көптеген сарапшылар түркі елдерінің ақша жасау технологиясы ұқсас екенін жеткізді. Яшар Чукур: «Қазақстанда жасалған монеталар біздің мәдениетке де ұқсайды. Сіздерде діни бейнелер, мемлекет қайраткерлері, географиялық аймақтар, ғалымдар бейнеленген. Бізде де солай. Монета технологиясы жағынан да ұқсастықтар бар. Монета басу тәсілдері бірдей. Тек ою-өрнектер әр түрлі. Бірақ процесс те, мақсат та бір. Бүгінгі монеталар 100, 200, 500 жылдан соң ерекше мәнге ие болады» деген ойын жеткізді. Дж.Кынаджы Баран өз сөзінде тарихта түркі елдеріндегі ақшаның ерекше рөлін атап өтіп, «теңге» атауы ортағасырлық түркілердің «денге» немесе «танга» күміс монеталарынан шыққанын алға тартты.Жалпы Түркияда қазақ естелік ақшаларына арналған көрме алғашқы рет ұйымдастырылды.Көрме барысында қонақтар студенттердің орындауындағы ұлттық күйлерді тыңдап, қазақтың дастарханынан дәм татты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ankara/press/news/details/1102646?lang=kk
Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы 11.11.2025
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 21 қазандағы № 370 бұйрығына сәйкесМыналарға:      Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары) 7404 00 - мыс қалдықтары мен сынықтарын, 7602 00 - алюминий қалдықтары мен сынықтарын, 7802 00 000 0 - қорғасынның қалдықтары мен сынықтарын, 8549 11 000 0 - қорғасын аккумуляторлардың, істен шыққан қорғасын аккумуляторлардың қалдықтары мен сынықтарын, 8549 12 000 0 - құрамында қорғасыны, кадмийі немесе сынабы бар өзгелерін, 8549 13 000 0 - химиялық типі бойынша сұрыпталғандарды және құрамында қорғасыны, кадмийі немесе сынабы жоқтарды, 8549 14 000 0 - сұрыпталмағандарды және құрамында қорғасыны, кадмийі немесе сынабы жоқтарды, 8549 19 000 0 - өзгелерін;      Қазақстан Республикасының аумағына жөндеу үшін әкелінетін және кері әкетілетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан жөндеу үшін әкетілетін және кері автомобиль көлігімен әкелінетін жылжымалы құрамның бұрын пайдаланылған элементтерін: ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 8607 12 000 - өзге де арбаларды, 8607 19 100 1 - бұрын пайдалануда болғандарды, 8607 19 100 9 - өзгелерін, 8607 19 900 9 - өзгелерін, 8607 21 100 9 - өзгелерін, 8607 21 900 9 - өзгелерін, 8607 30 000 0 - ілмектерді және өзге шынжыр құрылғыларын, буферлерді, олардың бөліктерін, 8607 99 800 0 - өзгелерін қоспағанда, ЕАЭО СЭҚ ТН коды 7204 - қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын, қайта балқытуға арналған қара металдардың құймаларын (шихта құймаларын), бұрын қолданыста болған теміржол төсемі мен жылжымалы құрамның құбырларын, рельстерін, элементтерін: ЕАЭО СЭҚ ТН 7302 коды – теміржол немесе трамвай жолдары үшін пайдаланылатын қара металдардан жасалған бұйымдарды, рельстерді, қарсы рельстерді және тісті рельстерді, ауыспалы рельстерді, тұйық қиылыс айқаспаларды, ауыспалы штангаларды және өзге көлденең қосылыстарды, шпалдарды, түйіспе жапсырмалар мен төсемдерді, сыналарды, тірек тақталарын, ілгекті рельс бұрандаларын, төсемдер мен созғыштарды, тұғырларды, көлденең жақтаулар мен рельстерді қосуға немесе бекітуге арналған өзге де бөлшектерді, ЕАЭО СЭҚ ТН 7303 00 коды – шойынды құймадан жасалған құбырларды, түтіктерді және қуыс профильдерді, ЕАЭО СЭҚ ТН 7304 коды – жіксіз, қара металдардан жасалған құбырларды, түтіктерді және қуыс профильдерді (шойынды құймадан басқа), ЕАЭО СЭҚ ТН 7305 коды – дөңгелек қималы, сыртқы диаметрі 406,4 мм астам, қара металдардан жасалған құбырларды және өзге де түтіктерді, ЕАЭО СЭҚ ТН 7306 коды – қара металдардан жасалған өзге де құбырларды, түтіктерді және қуыс профильдерді, ЕАЭО СЭҚ ТН 8607 коды – теміржол локомотивтерінің немесе трамвайдың моторлы вагондарының немесе жылжымалы құрамның бөліктерін, арбаларды Қазақстан Республикасының аумағынан көліктің барлық түрлерімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.Осы бұйрықтың бірінші тармағының үшінші абзацында көрсетілген тауарлар бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тауарларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы орын ауыстыруының болжанатын күніне дейін бес жұмыс күні бұрын Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне жылжымалы құрам элементтеріне жөндеу жүргізуге арналған шарттарды (келісімшарттарды), тауарларға арналған декларацияны (ол бар болған кезде), сондай-ақ көрсетілген тауарлар Қазақстан Республикасының аумағына әкелінгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде орындалған жұмыстар актілерін ұсынады. Құжаттарды ұсыну тауарлардың орнын ауыстыруы жоспарланған Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пунктінің күні мен атауын көрсете отырып, сүйемелденеді.      Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, тауар, күні және тауарлардың орын ауыстыруы жоспарланған Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункті туралы хабардар етеді.Осы бұйрық 2025 жылғы 30 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1102626?lang=kk
«Елге қызмет» бағдарламасының эфирінде 11.11.2025
«Көкше ТВ» телерадиокомпаниясы «Елге қызмет»  бағдарламасының эфирінде Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы  Мәриям Құсайынова «Бизнеске және халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету» тақырыбында сұхбат берді.Бағдарлама барысында ол «Көкше ТВ» телеарнасының журналисі Арайлым Шытырымбектің сауалдарына жауап берді.Бағдарламанының толық нұсқасын https://kokshetv.kz/ru/videos/22282 жәнеhttps://www.youtube.com/watch?v=985Yk7RFkvg&t=30sсілтемелері бойынша көре аласыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1102576?lang=kk
Ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту: тұрғын үй мәселесі шешілуде 11.11.2025
Аудан әкімі Мәди Ихтиляпов өңірлік коммуникация алаңында өткен брифингте Науырзым ауданында тұрғын үй мәселесін шешу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.Биылғы мәлімет бойынша, тұрғын үй кезегінде 159 адам тұр. 2025 жылдың 25 мамырынан бастап тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды кезекке қою процесі orken.otbasybank.kz электрондық жүйесі арқылы жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта осы жүйеде кезектегі азаматтардың тізімін орналастыру, жаңарту және толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл әрбір азаматтың кезегін анық және ашық жүргізуге мүмкіндік береді.Аудан әкімі атап өткендей, әлеуметтік осал топтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында биыл республикалық және облыстық бюджеттер есебінен 356,9 млн теңге бөлінді. Бұл қаражатқа Қараменді ауылында жалпы көлемі 1 258 шаршы метрді құрайтын 25 пәтер сатып алу жоспарланған. Жобаның мердігері – «Каиргожа и К» ЖШС. Қазіргі уақытта бұрынғы жатақхана ғимаратын қалпына келтіру және оны тұрғын үйге бейімдеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңартылған пәтерлер әлеуметтік осал азаматтарға беріліп, олардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған.Сонымен қатар, 2025 жылдың төртінші тоқсанында Қараменді ауылында, Победа көшесі, 1 мекенжайындағы бұрынғы жатақхана ғимаратын қайта жаңарту арқылы 1 300 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бұл жұмыстар аяқталған соң, ауданның жылдық тұрғын үй енгізу жоспары толық орындалып, көпшіліктің тұрғын үй мәселесі шешілетін болады.Аудан әкімдігі тұрғын үй мәселесін шешуде электрондық жүйені кеңінен қолдану арқылы ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз етуді, сондай-ақ әлеуметтік осал топтарға қолжетімді баспана беруді жалғастыра беретінін хабарлайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1102609?lang=kk
Қаржы көпірі Қазақстан-Сингапур: AIFC Connect 2025 бизнес көшбасшыларын біріктірді 11.11.2025
Сингапур Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің қолдауымен «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) AIFC Connect: Singapore 2025 атты іскерлік іс-шарасын Singapore FinTech Festival және Global Finance & Technology Network (GFTN) ұйымдастырған Insights Forum аясында өткізді.Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан мен Сингапур арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту және халықаралық инвесторларды АХҚО алаңы арқылы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға тарту.BIG Invest (BI Group Holding) инвестициялық платформасы мен OD Consulting компаниясының қолдауымен өткен форумға инвестициялық және қаржы ұйымдарының, банктердің, финтех және сақтандыру компанияларының өкілдері, сондай-ақ Сингапурдың жетекші қаржы орталықтарының, дипломатиялық корпус пен іскерлік қауымдастықтарының 150-ден астам қатысушысы жиналды.Талқылау барысында АХҚО Әкімшілігі Басқармасының төрағасы Бахтияр Тлеубеков, AFSA бас директоры Евгения Богданова, сондай-ақ Kazakh Invest және екі елдің қаржы секторларының өкілдері инвестициялық мүмкіндіктерді, капитал және цифрлық активтер нарығының дамуын, сондай-ақ АХҚО-ның өңірлік қаржы орталығы ретіндегі рөлін талқылады.Бүгінде АХҚО юрисдикциясында 48 сингапурлық компания тіркелген, олар қаржы, технология, сауда, өнеркәсіп және қызмет көрсету салаларында жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-singapore/press/news/details/1102563?lang=kk
Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданы, Қызылтал ауылында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту аясында жаңа мәдени-спорт кешені ашылды 11.11.2025
Жоба «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясының әлеуметтік инвестициялары шеңберінде жүзеге асырылды. Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысты.— Бұл нысанның іске қосылуы - ауылдың мәдени өмірі мен спорттық белсенділігін жаңа деңгейге көтереді. Ең бастысы - балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, денсаулығын нығайтып, өмірге деген құлшынысын арттыруға мүмкіндік береді. Бөрлі ауданынан шыққан спортшыларымыз халықаралық, әлемдік деңгейде еліміздің мәртебесін асқақтатып келеді, - деді облыс әкімі.Нысанның жалпы аумағы 830,49 шаршы метрді құрайды. Кешен ауыл тұрғындарының мәдени-спорттық әлеуетін арттыруға арналған заманауи талаптарға сай жабдықталды. Мұнда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға, мәдени іс-шаралар өткізуге және балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын дамытуға мүмкіндік жасайтын инфрақұрылым қалыптастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/1102569?lang=kk
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданында 300 орындық мектеп пайдалануға берілді 11.11.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған мектептің ашылу салтанатына облыс әкімі мен БҚО құрылыс басқарма басшысы қатысты.Облыс әкімі Нариман Төреғалиев аудан жұртшылығын жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, өңірде білім беру инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жұмыстарға тоқталды.— Жаңа білім ошағы — өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына, ғылым мен техника жетістіктерін игеруіне, шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталған нағыз заманауи инновациялық мектеп болмақ. Жалпы облыс бойынша оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасау мақсатында соңғы үш жылда облысымызда 9 206 орынға 27 мектеп салынды. Оның ішінде 1 338 орынға 16 мектеп Қарашығанақ петролеум оперейтинг б.в. компаниясының әлеуметтік инвестициялық жобасы аясында, 1060 орындық 3 мектеп жергілікті бюджет есебінен және 508 орындық 2 мектеп білім инфрақұрылымын дамыту қоры есебінен берілді. «Келешек мектептері» жобасы аясында ашылып отырған бүгінгі білім ордасы сияқты 6300 орынға есептелген 6 «Келешек мектебі» пайдалануға берілді, — деді облыс әкімі.2025–2026 оқу жылында білім ордасында 28 сынып-комплектінде 394 оқушы білім алуда. Оның 194-і қазақ тілінде, 200-і орыс тілінде оқиды. Сонымен қатар мектепалды даярлық тобында 3 сынып-комплектінде 36 бала тәрбиеленуде. Мектепте 51 педагог қызмет етеді. Олардың қатарында 9 педагог-зерттеуші, 15 педагог-сарапшы, 15 педагог-модератор бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/1102543?lang=kk
«Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен мерзімдерін бақылау» тақырыбында семинар өткізілді. 11.11.2025
2025 жылғы 10 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімі мемлекеттік сот орындаушыларымен «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен мерзімдерін бақылау» тақырыбында семинар өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1102510?lang=kk
Самар ауданында әдеп жөніндегі уәкіл жаңа мемлекеттік қызметкерлермен кездесу өткізді 11.11.2025
Самар ауданында әдеп жөніндегі уәкіл Рауан Жампеисов алғаш рет мемлекеттік қызметке қабылданған қызметкерлермен кездесу өткізді.Кездуге Палатцы ауылдық округінің  бас маманының м.а. Мақанұлы Дархан және  бас маман-хатшының м.а. Увальжанова Райгуль Алибековна қатысты.Рауан Жампеисов этикалық нормаларды сақтау, жауапкершілік пен азаматтарға құрмет көрсетудің маңыздылығын атап өтіп, бұл мемлекеттік қызметшінің беделі мен билікке сенімділіктің негізі екенін ерекше айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1102487?lang=kk
Облыс әкімі Еңбекшіқазақ ауданындағы инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуымен танысты 11.11.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Еңбекшіқазақ ауданына жұмыс сапары мазмұнды әрі нәтижелі өтті. Өңір басшысы облыстық басқарма басшыларымен және аудан әкімімен бірге ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар нысандарды аралады.Сапардың алғашқы нысаны Балтабай ауылындағы «Baltabai Den» кәсіпорны болды. Мұнда жүгері дәндерін кептіру және консервілеу жүзеге асырылады. Өндірісте 30-ға жуық жергілікті тұрғын жұмыс істейді. Кәсіпорында төрт астық кептіргіш орнатылған, ал қабылданған жүгері дәндерінің көлемі 20 мың тоннаға жеткен.Шелек өңірінде әкімдік өкілдері инженерлік желілердің құрылысы мен қайта жаңарту жұмыстарының барысы туралы баяндады. Шелек ауылында ұзындығы 124 шақырым болатын су құбыры желісін салу аяқталуға жақын. Жобаның құны — 5,1 млрд теңге. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін шамамен 8 мың абонент орталықтандырылған су жүйесіне қосылады.Сонымен қатар ұзындығы 21 шақырым болатын кәріз жүйесін қайта жаңарту жұмыстары да аяқталуға таяу. Ағынды суларды жинау қоймасы салынды, биологиялық тазарту станциясының жабдықтарының 95%-ы орнатылды. Ұзындығы 144 шақырым электр желілерін қайта құруға жобалық-сметалық құжаттама дайындалған, 1,7 млрд теңгеге қаржыландыруға өтінім берілді. Бұдан бөлек, құны 1,3 млрд теңге болатын сегіз блокты-модульді қазандық салу жобасы әзірленген.Сапар барысында облыс әкімі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуымен де танысты. «QazEcoDan» компаниясының директоры Қазбек Қайралапин астық және майлы дақылдарды қабылдау, кептіру, сақтау, сондай-ақ құрама жем өндіру бойынша заманауи кешеннің құрылысын таныстырды. Жобаның инвестициялық көлемі шамамен 10 млрд теңгені құрайды. Кешен Қазтай Ұлтарақұлы ауылы маңында, теміржол және автожол торабына жақын орналасқан, бұл тиімді логистиканы қамтамасыз етеді.«Басты мақсатымыз — өңдеу кәсіпорындарының, қоймалардың және астық қабылдау пункттерінің қуатын арттыру. Бұл егінді кептіру мен сақтауға жағдай жасап, жаңа жұмыс орындарын ашуға және мамандардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Ең бастысы — бұл жоба дәнді және майлы дақылдардың егіс алқабын ұлғайту мен өнім көлемінің артуына серпін береді», — деді Қазбек Қайралапин.Өз өнімін «Qazaq Global Food JV» компаниясы да таныстырды. Компания басшысы Ержан Жұматаевтың айтуынша, көлемі 9 млрд теңгеден асатын жеміс-жидек пен көкөніс өңдейтін зауыттың құрылысы жүргізілуде. Кәсіпорын жылына 6,2 мың тонна концентратталған шырын және 6,7 мың тонна пюре өндіретін болады.Зауыттың Еңбекшіқазақ ауданында салынуы — қолайлы орналасуымен және шикізат жеткізушілерге жақындығымен байланысты. Дайын өнімді экспорттау бойынша Түркияның Goknur Gida компаниясы стратегиялық серіктес болып табылады. Қазақстанның Даму банкімен несие желісін ашу туралы келісім жасалған. Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін 100-ден астам жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылады.Тағы бір жоба — жеке кәсіпкер «Тұржан Дәулетхан Мәжитұлы» жүзеге асырып жатқан 612 бас голштин тұқымды сиырға арналған сүт-тауарлы ферма құрылысы. Жоба 85%-ға орындалған. Қондырғылардың басым бөлігі жеткізілген, алдағы уақытта сауу залы мен көң шығару жүйесін орнату басталады. Ферма 2026 жылдың көктемінде пайдалануға берілмек.Инвестжобалардың құрылтайшылары облыс әкімдігі тарапынан көрсетіліп жатқан кешенді қолдауды — жер телімдерін бөлу мен инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді атап өтті.«Алматы облысы инвестиция тарту бойынша алдыңғы қатардағы өңірлердің бірі. Инвесторлармен өзара іс-қимыл жүйесі нақты әрі үйлесімді жұмыс істеуі қажет. Мұндай жобаларды сүйемелдеу — біздің басым міндетіміз», — деп атап өтті Марат Сұлтанғазиев.«Әрине, жобаларды іске асыру кезінде түрлі қиындықтар туындауы мүмкін, біз оларды шешуге көмектесеміз. Тәуекелдерді азайту мен бюрократиялық кедергілерді жою — инвестициялық климатқа тікелей әсер етеді. Ең маңыздысы — сіздердің бастамаларыңыз ауыл шаруашылығы өндірушілеріне нақты пайда әкеледі. Олар өнімін тек өсіріп қана қоймай, өңдеуге мүмкіндік алады, бұл табыстылықты арттырып, шығынды азайтады», — деді облыс әкімі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1102480?lang=kk
Каспий жағалауында 200-ден аса матрос Отанға адал болуға ант берді 11.11.2025
Ақтауда Әскери ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті. Аталған рәсім алғаш рет 15-ші шағын аудандағы Амфитеатр алаңында ашық аспан астында өтті.Іс-шараға Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Бекзат Жүсіп, Әскери-теңіз базасының басшылығы, Қарулы күштердің ардагерлері, Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарынан шақырылған әскери қызметшілердің туған-туыстары қатысты.Ар-намыс пен ерлік туының астында 200-дің үстінде жауынгер Отанға адал болуға ант берді.– Сендер ант берген соң Отанға қызмет етуге кірісесіңдер. Әрқайсың айбынды ту мен ел алдындағы антқа адал болыңдар. Абыроймен қызмет етіп, аман-есен отбасыларыңа оралуларыңа тілектеспін, – деді әскери-теңіз базасының командирі 1-дәрежелі капитан Есенғали Байботаев.Ант қабылдау рәсімі аяқталған соң көрермендерге әскери теңізшілер қоян-қолтық ұрыс техникасын, саптық дайындық элементтерін және көздерін байлап автомат құрастыру шеберлігін көрсетті.Салтанатты маршпен қаланың жағалау бойымен жүріп өткен сарбаз ұлдарына ата-аналары сүйсіне қарап тұрды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1102479?lang=kk
Елші С. Сайлауқызы мен Абделла Бен Меллук экономика және туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықты талқылады 11.11.2025
2025 жылғы 7 қарашада Елші Сәулекүл Сайлауқызы Марокко Сыртқы істер, африкалық ынтымақтастық және шетелде тұратын марокколықтар жөніндегі министрлігінің Экономикалық дипломатия және мәдениетті ілгерілету департаментінің Бас директоры Абделла Бен Меллукпен кездесуде екі ел арасындағы экономика және туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың жұмыс жоспарын талқыладыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1102411?lang=kk
Қазақстан мен ЕҚЫҰ ДИАҚБ ынтымақтастықтың келешегін талқылады 11.11.2025
Вена, 2025 жылғы 6 қараша – Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры (ДИАҚБ) Мария Телалианмен кездесті.Тараптар Қазақстан мен ДИАҚБ арасындағы демократияны дамыту, адам құқықтарын қамтамасыз ету және құқық үстемдігі салаларындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын талқылады.Елші Тілеуберді Бюро басшысына Қазақстандағы саяси реформалардың барысы туралы, оның ішінде Президент Қ.К. Тоқаевтың 2027 жылы республиканың бір палаталы Парламентке көшу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізу туралы бастамасы туралы хабардар етті.Директор Телалиан өз кезегінде қазақстандық тарапқа Бюро қызметін қолдағаны үшін алғысын білдіріп, өңірдегі өзара іс-қимыл мен өнімділіктің көрсеткіші ретінде Астанамен екіжақты қатынастарды дамытудың басымдығын атап өтті. Осы тұрғыда келесі жылы Қазақстанға ресми сапармен баруға дайын екендігін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1102465?lang=kk
Венада Жәния Әубәкірованің концерті өтті 11.11.2025
Вена, 2025 жылғы 7 қараша - Әлемге әйгілі Вена филармониясының ғимаратында көрнекті қазақ пианисті, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Жәния Әубәкірованың концерті өтті. Салтанатты іс-шара Республика күніне орай ұйымдастырылды, Қазақстан мен Аустрия арасындағы байланысты нығайтатын маңызды мәдени оқиға болды.Салтанатты кешке Аустрияның дипломатиялық корпусының, БАҚ, іскерлік және мәдени қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ Венада тұратын қазақ диаспорасының мүшелері қатысты. Іс-шараны ашу рәсімінде Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді мемлекеттің егемендігініне 35 жыл толғанын атап өтті. Сонымен қатар Елші Жәния Әубәкіроваға ұлттық және әлемдік музыкалық өнердің дамуына қосқан зор үлесін атап өтіп, мерекеге қатысқаны үшін алғысын білдірді.Іс-шара барысында жиналған қауымға Қазақстан Республикасының Төменгі Аустрия федералдық жеріндегі жаңа Құрметті консулы, көлік саласындағы аустриялық ірі кәсіпкер Александр Ширхубер ұсынылды. Құрметті консулдың патентін салтанатты түрде тапсыра отырып, Елші М.Тілеуберді А.Ширхубердің Қазақстан мен Аустрия арасындағы сауда-экономикалық және мәдени салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.Құрметті консулдар институты халықаралық байланыстарды кеңейтуде маңызды рөл атқарады. Құрметті консулдар Қазақстанның мүдделерін өзінің болу өңірлерінде ілгерілетуге ықпал етеді, экономикалық және гуманитарлық байланыстарды дамытуға жәрдемдеседі, сондай-ақ Қазақстан азаматтарына шетелде қолдау көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1102466?lang=kk
Қазақстан ядролық державалар арасындағы диалогты қайта жаңғыртуға шақырды 11.11.2025
2025 жылғы 10 қараша, Вена – Қазақстан делегациясы Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТШ) Дайындық комитетінің 65-сессиясына қатысты.ҚР Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді өз сөзінде жаһандық геосаяси шиеленістің артуы аясында әскери риториканың күшеюі мен ядролық сынақтарды қайта жаңғырту белгілеріне алаңдаушылық білдірді. Елші ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу мақсатын дәйекті түрде қолдайтын мемлекет ретінде, Қазақстан ядролық сынақтардың қайта жандануына бағытталған кез келген қадамды халықаралық тұрақтылыққа төнген елеулі қауіп және жаңа қарулану жарысын тудыруы мүмкін фактор ретінде қарастыратынын атап өтті.Осыған байланысты Қазақстан Елшісі БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған ядролық державалар арасындағы жоғары деңгейдегі диалогты тез арада қайта бастау жөніндегі үндеуді еске салды. Қазақстан мұндай келіссөздерді ұйымдастыру мен өткізуге жәрдем көрсетуге дайын екендігін хабарлады.Ядролық сынақтардан тікелей зардап шеккен мемлекет ретінде Қазақстан зардап шеккендерге көмек көрсету және қоршаған ортаны қалпына келтіру бағытындағы ұстанымды дәйекті қолдап келеді. Осы тұрғыда Елші Қазақстанның Кирибатимен бірлесе отырып, ядролық қаруды қолдану немесе сынақтардың салдарын еңсеру туралы тарихи маңызы бар БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарын ұсынғанын атап өтті. Бұл қарар БҰҰ Бас Ассамблеясы 80-сессиясының Бірінші комитетінде қабылданды.Қазақстан бұл ортақ күш-жігердің кең халықаралық қолдауға ие болатынына және ядролық әділдікке қол жеткізуге, сондай-ақ ядролық қарудан азат және қауіпсіз әлем құруға серпін беретініне сенімді.Ағымдағы ЯСЖТСШ Дайындық комитетінің сессиясы аясында ұйымның жыл сайынғы бюджеті мен Шарттың верификация режимінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған өзге де маңызды шешімдер қабылдануы күтілуде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1102468?lang=kk
Қазақстанның Эстониядағы Елшісі Алтай Көлгінов Эстонияның Әділет және цифрлық технологиялар министрі Лиза Пакостамен кездесу өткізді 10.11.2025
Таллин, Эстония – 2025 жылғы 10 қарашада Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алтай Көлгінов Эстонияның Әділет және цифрлық технологиялар министрі Лиза Пакостамен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша сағаттарды салыстырып, Эстония Президентінің Қазақстанға алдағы мемлекеттік сапарының ұйымдастырушылық аспектілерін талқылады.Тараптар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және цифрлық трансформация саласындағы әріптестікті нығайтуға ерекше назар аударды. Елші А.Көлгінов Эстония тарапының IT-секторды дамытудағы елеулі тәжірибесін жоғары бағалады және осы саладағы өзара іс-қимылды жандандыруды ұсынды.Елші Қазақстанда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің жақында құрылғаны туралы Пакост министрін хабардар етіп, ел басшылығы үшін осы бағыттың басымдығын атап өтті.Сұхбаттасушылар казіргі әлемдегі цифрландырудың шешуші рөлін, оның экономиканың әртараптандырылуы мен тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін маңыздылығын атап өтті.Тараптар бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара мүдделілік білдірді және цифрлық саладағы өзара іс-қимылдың нақты бағыттары бойынша консультацияларды жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tallin/press/news/details/1102395?lang=kk