Enbekshi QazaQ

Қоғам

«Ашық есік күні»: БЖЗҚ жаңа инвестициялық портал ұсынады 20.04.2026
2026 жылдың 28 сәуірінде 10:00, 14:00, 15:30 «БЖЗҚ» АҚ барлық ниет білдірушілерді "Ашық есік күні" дәстүрлі онлайн-кездесуіне шақырады.  Іс-шара тақырыбы: "БЖЗҚ инвестициялық порталы – зейнетақы активтері туралы ақпарат". Кездесу барысында сіз келесі мәліметтермен таныса аласыз:платформа қалай жұмыс істейді;зейнетақы активтерін инвестициялау жүйесінің құрылымы қандай;инвестициялық көрсеткіштерді қалай талдап, стратегияларды қалай салыстыруға болады;басқарушыны таңдағанда неге назар аудару керек;өз мүмкіндіктеріңізді саралау үшін invest.enpf.kz порталын қалай пайдалануға болады;салымшылардың болашақ зейнетақыға әсер ету үшін қандай нақты құралдары бар.Негізгі күн тәртібінен бөлек, қатысушылар білікті мамандардан жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты барлық сауалдарына ақыл-кеңес ала алады. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Көрсетілген уақытта сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз Event-совещание/Event- жиналыс/Event meeting:Мероприятие «День открытых дверей» АО «ЕНПФ»/«Ашық есік күнінің»Адрес совещания для регистрации/Тіркелу үшін оқиға мекенжайы/Meeting address for registration:https://enpf.webex.com/weblink/register/r0cda11895a157fc6e053f764bb517a01https://enpf.webex.com/weblink/register/r923afe99b844791bf2f155e0f4c700b9https://enpf.webex.com/weblink/register/rd21ffe86b43a982317d5828ac80dbc64Дата и время/Күні мен уақыты/Date and time:10:00 - 11:00 вторник,28 апреля 2026 г. (UTC+05:00) Астана14:00 – 15:00 сейсенбі, 28 сәуір 2026 ж. (UTC+05:00) Астана15:30 – 17:30 вторник,28 апреля 2026 г. (UTC+05:00) АстанаНомер event-совещания/Event- жиналыс нөмірі/ Event meeting number:2513 932 24932514 533 04342511 277 0543Пароль event-совещания/Event- жиналыс паролі/ Event meeting password:145324457322773976   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-tarbagatay/press/news/details/1205528?lang=kk
Бос жұмыс орны туралы хабарландыру 20.04.2026
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті толық жұмыс күніне хатшы-референтті жұмысқа шақырады.Үміткерлерге қойылатын талаптар: мемлекеттік тілді білу және дербес компьютермен жұмыс істеу дағдылары.Анықтама үшін байланыс телефоны: 8 (7182) 53-54-37. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1204433?lang=kk
Заңды тұлғаларға арналған СӘАЖ Салық төлеушінің кабинетінде жаңа функционалдың іске қосылуы туралы 20.04.2026
Құрметті салық төлеушілер!Корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығын қоспағанда, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді дербес төлеуші деп тану туралы норма бөлігінде Қазақстан Республикасы Салық кодексінің ережелерін іске асыру мақсатында Мемлекеттік кірістер комитеті Cалық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесі Салық төлеушісінің кабинетінде (СӘИЖ СТК) жаңа функционалды іске қосты.Дербес төлеушілер деп танылған құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар құрылымдық бөлімшелерді дербес төлеушілер деп тану туралы шешімдерді міндетті түрде қалыптастыруы қажет. Қалыптастырылған шешімдер бойынша мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарына берілетін болады және нөлдік СЕН автоматты қалыптастыру кезінде пайдаланылатын болады (Салық кодексінің 115-бабының 6-тармағы).Функционал салық төлеушілермен электрондық өзара іс-қимылды кеңейтуге және салық заңнамасының нормаларын іске асыруға бағытталған.Функционалмен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық Көмек– анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған.СӘИЖ Салық төлеушінің жаңа кабинетіне кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.Сұрақтар туындаған жағдайда сіз knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы қолдау қызметіне жүгіне аласыз.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1204389?lang=kk
Республикалық конференцияда жаңа салықтық әкімшілендіру мәселелері талқыланды 20.04.2026
2026 жылғы 17 сәуірде Астана қаласында «Жаңа Салық кодексіне сәйкес салықтық әкімшілендіру» тақырыбында республикалық конференция өтті. Іс-шараға ҚР Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің, бизнес-қоғамдастықтың өкілдері, сондай-ақ аумақтық департаменттердің, соның ішінде Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары қатысты.Диалогтық алаңның ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қолдауымен Жаңа Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы (ЖҚСҚ) болды.Кездесудің негізгі мақсаты – жаңа салық заңнамасының нормаларын іске асыру тетіктерін пысықтау. Іс-шара барысында қатысушылар мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын жеңілдетуге, сондай-ақ бақылаудың цифрлық құралдарын енгізуге бағытталған әкімшілендірудегі негізгі өзгерістерді талқылады.Павлодар облысы бойынша МКД мамандарының мұндай іс-шараларға қатысуы өңірлік ведомство жұмысына өзекті өзгерістерді жедел енгізуге мүмкіндік береді. Конференция барысында Кодексті әзірлеушілерден алынған түсініктемелер мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету және біздің өңірдің салық төлеушілері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін пайдаланылатын болады. Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысыжәне Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1204420?lang=kk
«Сайлау күні учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» 20.04.2026
     2026 жылғы 17 сәуірде Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы «Сайлау күні учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізді.    Семинарға Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, сондай-ақ учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасарлары және хатшылары қатысты.    Семинар барысында қатысушылар сайлаушылар тізімдерімен жұмыс жүргізу, сайлау күні учаскелік сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру, мүгедектігі бар адамдар үшін сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ бақылаушылармен, сенім білдірілген тұлғалармен және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша практикалық жұмыстар орындады. Семинар соңында сертификаттар табысталып, белсенді комиссия мүшелері марапатталдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1204362?lang=kk
The Regional Ecological Summit 2026 (RES 2026) 20.04.2026
Factsheet on the Regional Ecological SummitOverviewThe Regional Ecological Summit 2026 (RES 2026), taking place in Astana on 22–24 April 2026, will convene heads of state, senior policymakers, international organisations, financial institutions, and experts to advance coordinated responses to environmental and climate challenges in Central Asia. Hosted by the Government of Kazakhstan in partnership with the United Nations and international stakeholders, the Summit is designed as a high-level platform for aligning regional priorities, strengthening cooperation, and promoting practical solutions across interconnected systems of water, energy, land, and food.By bringing together political leadership, technical expertise, and financing partners, the Summit will focus on translating shared challenges into coordinated policies, targeted investments, and scalable cross-border initiatives. General InformationDates: 22–24 April 2026Location: Astana, Republic of KazakhstanHost: Government of the Republic of KazakhstanPartners: United Nations, alongside regional and international organisations, development partners, and financial institutionsFormatHigh-level plenary sessions at head-of-state levelMore than 20 thematic and country sessions focused on policy coordination and practical solutionsMulti-stakeholder platform bringing together policymakers, experts, financial institutions, private sector representatives, and civil societyParticipantsHeads of state and senior government representatives from Central Asia and partner countriesLeaders of international organisations and United Nations agenciesInternational financial institutions and development partnersScientific community, private sector, civil society, and youth representativesKey SpeakersPolitical leadershipKassym-Jomart Tokayev – President of the Republic of KazakhstanShavkat Mirziyoyev – President of the Republic of UzbekistanEmomali Rahmon – President of the Republic of TajikistanVahagn Khachaturyan – President of the Republic of ArmeniaUkhnaagiin Khürelsükh – President of MongoliaMultilateral / institutional leadershipLi Junhua – United Nations Under-Secretary-General for Economic and Social AffairsFeridun H. Sinirlioğlu – Secretary General of the Organization for Security and Co-operation in Europe (OSCE)Tedros Adhanom Ghebreyesus – Director-General of the World Health OrganizationCeleste Saulo – Secretary-General of the World Meteorological OrganizationDoreen Bogdan-Martin – Secretary-General of the International Telecommunication UnionMedia PartnershipCNN serves as an official media partner of the Regional Ecological Summit 2026Why the Summit Is Taking PlaceRising Environmental Pressures in Central AsiaCentral Asia is facing accelerating environmental challenges, including water scarcity, glacier retreat, land degradation, and biodiversity loss.These pressures are compounded by climate change, increasing demand for natural resources, and the legacy of outdated infrastructure and management systems.Implications for Economic Stability and Human SecurityEnvironmental risks are increasingly shaping the region’s economic resilience, food and energy systems, and long-term development prospects.Water stress and shifting climate patterns are affecting agriculture, industrial output, and cross-border resource management.Need for Regional CoordinationMany of these challenges are transboundary in nature, requiring coordinated responses across national borders.Existing approaches remain fragmented, limiting the effectiveness of national-level policies and investments.From Dialogue to ImplementationWhile environmental cooperation has featured in regional discussions, there is a growing need to move toward practical, coordinated action.The Summit is designed to provide a platform to align policies, mobilise resources, and advance joint initiatives at the regional level.Objectives of RES 2026Strengthening Regional CooperationEnhance coordination among Central Asian countries and international partners on climate and environmental priorities.Support the development of shared approaches to managing transboundary resources and environmental risks.Mobilising Finance and InvestmentIdentify the region’s green financing needs to support climate adaptation and environmental protection.Facilitate engagement with international financial institutions and development partners to unlock investment.Advancing Practical SolutionsPromote the deployment of low-carbon technologies and sustainable resource management practices.Support the development of scalable, cross-border projects addressing shared environmental challenges.Aligning Policy and ImplementationEncourage greater alignment between national policies, regional frameworks, and international development strategies.Strengthen mechanisms for translating policy commitments into coordinated, measurable outcomes.Supporting Long-Term ResilienceContribute to building more resilient energy, water, and food systems across the region.Reinforce the region’s capacity to respond to environmental risks and adapt to changing climatic conditions.Key ThemesClimate Resilience and AdaptationStrengthening regional capacity to respond to climate-related risks, including extreme weather events, drought, and shifting environmental conditions.Promoting adaptation strategies tailored to the region’s specific geographic and climatic vulnerabilities.Water, Land, and Food SystemsAddressing the interdependence of water resources, land use, and agricultural production.Improving efficiency and sustainability in resource management across sectors critical to regional stability.Energy Transition and Natural ResourcesSupporting the transition toward lower-carbon energy systems while ensuring energy security.Enhancing sustainable management of natural resources, including minerals and ecosystems.Green Finance and Implementation MechanismsExploring tools and frameworks to support the financing of climate and environmental initiatives.Strengthening institutional and policy mechanisms required to deliver large-scale projects.Technology, Innovation, and Knowledge SharingPromoting the use of digital solutions, data systems, and innovation to improve environmental management.Encouraging collaboration between governments, research institutions, and the private sector.Significance of the SummitA First-of-Its-Kind Regional PlatformRepresents one of the most comprehensive efforts to convene Central Asian countries around a shared environmental agenda at head-of-state level.Establishes a structured forum for sustained engagement on climate and sustainability issues.Bridging Regional and Global AgendasConnects Central Asia’s environmental priorities with broader international climate and sustainable development frameworks.Enhances the region’s visibility and engagement within global environmental governance processes.Advancing Practical Regional CooperationMoves beyond high-level dialogue by focusing on coordination, joint problem-solving, and implementation pathways.Supports the development of more integrated approaches to shared environmental challenges.Strengthening Multi-Stakeholder EngagementBrings together public, private, and international actors within a single platform.Facilitates collaboration across policy, finance, science, and technology communities.Positioning Central Asia as a Collective ActorReinforces the region’s role as an emerging actor capable of addressing transboundary challenges through cooperation.Demonstrates the potential of regional approaches in managing complex environmental systems.Environmental Initiatives and Achievements of KazakhstanBiodiversity Conservation and Ecosystem RestorationRecovery of the Saiga antelope population from near collapse to several million, one of the world’s largest wildlife restoration successesReintroduction of the Przewalski’s horse into native steppe habitatsOngoing programme to restore the Caspian tiger ecosystem in Central AsiaLand Restoration and Desertification ResponsePartial restoration of the North Aral Sea following the Kok-Aral Dam, improving water levels, fisheries, and local climate conditionsLarge-scale land rehabilitation and anti-desertification programmes across arid and semi-arid regionsNational afforestation programme, including large-scale tree planting to improve carbon absorption and land stabilityFlagship Conservation InitiativesAltyn Dala Conservation Initiative recognised with Prince William’s Earthshot Prize for steppe ecosystem restoration and species protectionSites such as Saryarka – Steppe and Lakes of Northern Kazakhstan are recognised globally for their ecological importance, particularly for migratory bird habitatsIntegrated approach combining habitat restoration, wildlife conservation, and community engagementWater Systems and Regional CooperationActive engagement in stabilisation of regional water systems, including cooperation related to the Caspian SeaPolicy focus on sustainable management of transboundary water resources and long-term water securityGreen Economy and Climate PolicyAdoption of a national Green Economy Strategy focused on resource efficiency, emissions reduction, and sustainable developmentCommitment to carbon neutrality by 2060Expansion of renewable energy capacity, particularly in wind and solarGreen Finance and Sustainable InvestmentAstana International Financial Centre Green Finance Centre supporting green bonds and ESG investment frameworksGrowing role in mobilising capital for climate and environmental projectsInternational Environmental LeadershipHosting of Expo 2017 Astana, focused on sustainable energy, advancing global dialogueActive participation in UN-led environmental and climate initiativesАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1204335?lang=kk
Алматы облысында орман қоры ұлғаюда 20.04.2026
Алматы облысының Кеген ауданы – қарағай өсіруден елімізде көш бастап тұрған аймақтардың бірі. Тау бөктерін жасыл-желекке бөлеген осындай сұлулықты сақтау үшін орман шаруашылығы қызметкерлері жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Қазіргі кезде орманшылардың діттеген басты мақсаты – жергілікті табиғатқа тән Шренк шыршасының санын көбейту, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.«Кеген орман шаруашылығы» КММ директоры Айболат Сұлтанғазиевтің айтуынша, бүгінде 154,4 гектар аумаққа 1 069 920 қылқан жапырақты ағаш отырғызылған. Одан бөлек 110 гектар аумаққа 118 мың ағаш көшеті егілген. Бұл жұмыстар топырақтың тозуына жол бермейді. Орманшылардың жұмысы отырғызылған көшеттердің санымен емес, олардың жергілікті аумаққа бейімделу деңгейімен бағаланады. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 75-80 пайызды көрсетіп отыр.Орманның алтын қоры тұқым өсіру станциялары және дендрарийлерде дайындалады. 2021-2025 жылдар аралығында орман шаруашылығы мамандары 1400 келіден астам іріктелген тұқым жинаған. Осылайша, сырттан көшет әкелмей-ақ, жергілікті жерде әзірленген тұқым арқылы орман алқабы одан сайын жайқалып келеді.Бұл бағыттағы негізгі нысан – дендрарий. Мұнда 3,25 гектар аумақта бірнеше жыл ішінде 2 879 000 көшет өсірілген. Бұл Саты ауылы маңындағы орманды толықтыруға арналған. Сонымен қатар көшеттер Алматы облысының өзге де аймақтарына жіберіледі. Болашақта дендрарийде өсірілген үш миллионға жуық ағаш орманнан орын тауып, экологиялық тұрақтылықты сақтауға оң әсерін тигізбек.Бүгінде жалпы аумағы 89 941 гектар болатын Орман шаруашылығында 109 адам еңбек етеді. Қажетті техникамен толық қамтамасыз етілген. Олардың қатарында жол талғамайтын 19 патрульдік автокөлік, 62 жылқы, 2 өрт сөндіру көлігі, 3 жүк көлігі, 6 дөңгелекті және 5 шынжыр табанды трактор, 1 шағын трактор және 1 экскаватор бар.Соңғы жылдары бұл салаға жас мамандар көптеп келуде. Бұған жалақының өсуі мен материалдық-техникалық құралдардың тұрақты жаңартылуы оң әсерін тигізіп отыр. Аталған жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың екі миллиард ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасына сәйкес іске асуда. Сондай-ақ өңірдің экотуризмін дамытуға және табиғи байлығын сақтауға серпін беруде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1204341?lang=kk
Куала-Лумпурдағы Наурыз: достық пен қазақ дәстүрлерінің жарқын мерекесі 20.04.2026
Қазақстанның Малайзиядағы Елшілігі Пенангтағы Қазақстанның Құрметті консулы Луис Нгтің қолдауымен Куала-Лумпурда Наурыз мерекесіне арналған ауқымды мәдени іс-шара ұйымдастырды.Іс-шараға 200-ден астам қонақ қатысты. Олардың қатарында қазақ диаспорасының өкілдері, қазақстандық студенттер, Малайзияның мемлекеттік органдарының өкілдері, дипломатиялық корпус мүшелері, сондай-ақ Әзербайжан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның Малайзиядағы елшілері болды.Іс-шараның ашылуында Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Болат Сүгірбаев Наурыздың жаңару, бейбітшілік, келісім мен бірліктің символы ретіндегі маңызын атап өтті. Сонымен қатар, бұл мереке Қазақстанның терең мәдени дәстүрлерін бейнелеп, елдер арасындағы мәдени диалогты нығайтуға зор үлес қосатынын жеткізді.Қонақтарға мазмұнды мәдени бағдарлама ұсынылды: қазақтың дәстүрлі әндері мен билері, домбыра мен қобызда орындалған музыкалық шығармалар, «Арқан тарту», «Асық ату» ұлттық ойындары, армрестлинг, сондай-ақ «Тұсау кесу» атты қасиетті қазақ рәсімі көрсетілді.Іс-шара барысында қонақтар қазақтың дәстүрлі тағамдарынан дәм татып, Наурыз көжеден ауыз тиді – бұл мерекенің басты асы, молшылық пен берекенің символы. Сонымен қатар, мереке аясында палаудың тікелей дайындалуы ерекше қызығушылық тудырып, қонақтарға Орталық Азия асханасындағы ең танымал тағамдардың бірінің әзірлену үдерісін тамашалауға мүмкіндік берді.Куала-Лумпурда өткен Наурыз мерекесі қазақ мәдениетінің байлығын айқын көрсетіп, халықтар арасындағы достықты нығайтуға және өзара түсіністік пен мәдениетаралық құрметті ілгерілетуге ықпал етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/1204327?lang=kk
Цифрлық технологиялардың даму жағдайындағы қашықтықтан оқыту 20.04.2026
Біліктілікті арттыру бойынша қашықтан оқыту жобасы аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – КВГА) ішкі мемлекеттік аудит жүйесі қызметкерлерін «Халықаралық аудит бойынша сертификат (CertIA, ACCA)» бағдарламасы бойынша оқытуды ұйымдастырды.Бағдарламаның негізгі мақсаты - тыңдаушыларда аудиттің халықаралық стандарттарын қолдану бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ ішкі аудит функциясын ұйымдастырудың жалпыға бірдей қабылданған талаптарын пайдаланып, ішкі мемлекеттік аудит саласындағы кәсіби құзыреттерді дамыту болып табылады.Оқыту толықтай онлайн форматта заманауи цифрлық платформалар мен бейнеконференция құралдарын қолдана отырып өткізілді. Оқу процесіне интерактивті әдістер, соның ішінде онлайн-тестілеу, практикалық кейстерді талдау және нақты аудиторлық жағдайларды модельдеу енгізілді. Оқу материалдары электрондық форматта ұсынылып, тыңдаушыларға білім беру ресурстарына үздіксіз қол жеткізу қамтамасыз етілді.Оқытуға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ Қаржы министрлігінің бейінді департаменттерінің 560 қызметкері қатысты. Топтарды қалыптастыру және сабақтарды өткізу оқу процесін цифрлық ұйымдастыруды ескере отырып жүзеге асырылды, бұл бірнеше тыңдаушылар ағынын бір мезгілде оқытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.Жобаны іске асыру мемлекеттік аудит кадрларын даярлауда қашықтан білім беру технологияларының тиімділігін көрсетті. Цифрлық шешімдерді қолдану оқытудың ауқымдылығын қамтамасыз етуге, білім беру ресурстарының қолжетімділігін арттыруға және білім мен тәжірибе алмасуға арналған бірыңғай кәсіби кеңістік қалыптастыруға мүмкіндік берді.Халықаралық аудит стандарттарын енгізу цифрлық оқыту форматтарымен үйлесімде мемлекеттік қаржылық бақылау сапасын арттыруға, ашықтықты күшейтуге және Қазақстан Республикасының ішкі мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі дамытуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvga/press/news/details/1204304?lang=kk
Қорғаныс министрлігі бастапқы әскери дайындық оқытушыларына арналған онлайн қайта даярлау бағдарламасын іске қосты 20.04.2026
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі запасқа шығарылатын әскери қызметшілерге арналған онлайн қайта даярлау бағдарламасын енгізді. Бағдарлама бастапқы әскери дайындық (АӘД) пәнінің оқытушысы болуды жоспарлаған азаматтарға бағытталған.Бастама жаңартылған бастапқы әскери дайындық қағидалары аясында Әскери білім және ғылым департаменті тарапынан жүзеге асырылуда. Оқу үдерісі қашықтан ұйымдастырылған, бұл тыңдаушыларға қызметтен қол үзбей педагогикалық біліктілік алуға мүмкіндік береді.Бағдарлама қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес әзірленген. Курс мектептер мен колледждер үшін мамандар даярлауға бағытталған. Оқу мазмұнына оқыту әдістемесі, педагогика және психология негіздері, сондай-ақ әскери-патриоттық тәрбиенің заманауи стандарттары кіреді.Оқуды аяқтағаннан кейін қатысушыларға белгіленген үлгідегі сертификат беріледі, ол бастапқы әскери дайындық пәнін оқытуға ресми құқық береді.Қазіргі уақытта алғашқы топ оқуын бастап кетті. Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Мұрат Олжабаевтың айтуынша, онлайн форматқа көшу әскери қызметшілердің әлеуметтік бейімделу мүмкіндіктерін кеңейтіп, олардың әрі қарай кәсіби тұрғыда жүзеге асуына ықпал етеді.Ведомствода бастапқы әскери дайындық жүйесіне кадр даярлау жұмысы жалғасатыны атап өтілді. Бағдарлама Қарулы Күштер мен білім беру саласы арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ оқу орындарын білікті тәлімгерлермен қамтамасыз етуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1204287?lang=kk
Маркетплейстердің салық органдарына деректер ұсынуы: бұл азаматтар мен бизнес үшін нені білдіреді 20.04.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті елде электрондық сауда саласына бақылау күшейтіліп жатқанын хабарлайды.Салық кодексіне сәйкес интернет-платформалар (маркетплейстер) иелері ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-інен кешіктірмей мемлекеттік кірістер органдарына сатылған тауарлар, көрсетілген қызметтер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғаларға жүзеге асырылған төлемдер туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.Аталған норма Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 614 бұйрығымен бекітілген Қағидаларда көзделген.Бүгінгі таңда 23 маркетплейс мемлекеттік кірістер органдарына қажетті мәліметтерді ұсынды. Олардың қатарында сатушылар туралы, сатылған тауарлар мен көрсетілген қызметтер туралы, сондай-ақ жүзеге асырылған төлемдер туралы ақпарат бар.Мұндай мәліметтерді ұсыну онлайн-сауданың ашықтығын арттыруға, көлеңкелі айналымды қысқартуға және бюджетке салықтардың толық түсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Салық төлеушілер салықтық есептілікті тапсырғаннан кейін мемлекеттік кірістер органдары камералдық бақылау жүргізіп, маркетплейстердің деректерін декларациялармен салыстырады.Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда салық төлеушіге бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы хабарлама жіберілетін болады.Осылайша, жаңа шаралар электрондық саудаға қатысушылардың барлығы үшін әділ және тең жағдайлар жасауға, сондай-ақ онлайн-нарыққа деген сенімді арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1204255?lang=kk
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер: әрбір мемлекеттік қызметші мен азамат не білуі керек? 20.04.2026
Мемлекеттік қызметте болу — бұл тек өкілеттік емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілік. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы (12-бап) мүдделер қақтығысын болдырмау үшін нақты шектеулерді белгілеген.Бұл ережелер кімге қатысты?Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға және оларға теңестірілген тұлғаларға.📍 6 негізгі шектеу:Қызметті үйлестірмеу: мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.Туыстардың бірге жұмыс істемеуі: жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың немесе жекжаттардың (ерлі-зайыптылардың туыстары) бір-біріне тікелей бағынысты лауазымдарда бірге жұмыс істеуіне жол берілмейді.Ақпаратты пайдаланбау: ресми таратуға жатпайтын қызметтік ақпаратты жеке пайда табу мақсатында қолдануға болмайды.Сыйлықтарға тыйым салу: мемлекеттік қызметшінің өкілеттігіне кіретін іс-әрекеттері үшін сыйлықтар, ақшалай сыйақы немесе қызметтер алуға тыйым салынады.Шетелдік шоттар: ҚР шегінен тыс жердегі шетелдік банктерде шоттар ашуға, иелік етуге және қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауға тыйым салынады.Құмар ойындар: құмар ойындарға және бәс тігуге (казиноларда да, онлайн да) қатысуға қатаң тыйым салынған.👨‍👩‍👧‍👦 Отбасы мүшелері үшін маңыздыШектеулер тек шенеуніктерге ғана емес, олардың отбасы мүшелеріне де (ері/зайыбы, ата-анасы, балалары) қатысты. Оларға мемлекеттік қызметшінің іс-әрекеті үшін сыйлықтар немесе қызметтер алуға болмайды.⚖️ Салдары қандай?Жұмысқа қабылдаудан бас тарту — егер үміткер бұл шектеулерді жазбаша түрде қабылдамаса.Жұмыстан босату — егер шектеулер бұзылса немесе оларды сақтаудан бас тартса.💰 Сыйлық немесе ақша «байқаусызда» түскен жағдайда не істеу керек?Ақша: хабарсыз түскен қаражатты анықтағаннан кейін 2 апта ішінде республикалық бюджетке аудару қажет.Сыйлықтар: 7 күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға өткізілуі тиіс.Қызықты дерек: Мемлекеттік қызметші өзі тапсырған сыйлықты нарықтық құны бойынша мемлекеттен сатып алуға құқылы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1204262?lang=kk
Қалалық мәслихат аппараты "Мәдени мұраны бірге сақтайық" республикалық акциясына қатысты. 20.04.2026
Мемлекет басшысының тапсырмасын және "Таза Қазақстан" ауқымды жалпыұлттық бастамасын орындау аясында аппарат қызметкерлері ТКШ бөлімінің өкілдерімен бірлесіп Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орайластырылған Жамбыл Жабаев атындағы саябақта экологиялық тазалық жұмыстарын жүргізді. Іргелес аумақтар ретке келтіріліп, ескерткіштің элементтері тазартылды.Тарихи-мәдени мұраны сақтау-болашақ ұрпақ алдындағы ортақ борышымыз. Мұндай акциялар қаланың келбетін жақсартып қана қоймай, әр адамға біздің тарихымызға ұқыпты қараудың маңыздылығын еске салады. ‎Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1204222?lang=kk
ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМ ТІРЕГІ 20.04.2026
Шымкент қаласының прокуратурасы қоғам өміріндегі заң мен тәртіптің маңыздылығына назар аудартады. Күнделікті өмірде көп жағдайда біз байқамайтын басты құндылық – осы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін заң.Егер заң мен тәртіп бір сәтке тоқтаса, оның салдары ауыр болмақ. Бұл тек тәртіптің бұзылуына емес, сонымен қатар қауіпсіздік пен қоғамдық сенімнің жоғалуына әкеледі. Заң жоқ жерде әрбір азамат бейберекет жағдаймен бетпе-бет келеді.Заң – жай ғана ережелер жиынтығы емес. Ол – әр азаматтың құқығы мен қауіпсіздігінің кепілі. Сондықтан заң мен тәртіп қоғамның тұрақты дамуы мен тыныштығының негізі болып табылады. Заңсыз тәртіп болмайды, ал тәртіпсіз қауіпсіздік қамтамасыз етілмейді.
ШЫМКЕНТ – ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТАРЫНДА 20.04.2026
Шымкент қаласында цифрландыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілуде. 2025 жылдың қорытындысы мен 2026 жылдың алғашқы тоқсаны көрсеткендей, қала цифрлық трансформация бойынша республикада алдыңғы қатарға шықты.Есепті кезеңде Smart City көрсеткіші 76 пайыздан 82 пайызға дейін өсіп, 6 пайыздық оң динамика тіркелді. Бұл нәтиже Шымкенттің республика бойынша 3-орынға көтерілуіне мүмкіндік берді. Сонымен қатар, «Ашық үкімет» көрсеткіші 100 пайызға жетіп, толық ашықтық қамтамасыз етілді.Цифрлық шешімдерді енгізу бағытында да нақты ілгерілеу бар. Documentolog жүйесі 381 мекемеде енгізіліп, қамту деңгейі 90 пайызға жетті. Денсаулық сақтау саласында PULS AI және CEREBRA AI жобалары іске қосылып, медициналық қызметтердің сапасы мен тиімділігі артты. Әлеуметтік қызметтерді цифрландыру аясында 103 қызмет онлайн форматқа көшірілді.Қаланың цифрлық инфрақұрылымы да қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда 3 100 бейнебақылау камерасы орнатылып, 5 дрон арқылы мониторинг жүргізілуде. 161 мектеп жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылып, 38 қоғамдық орында тегін Wi-Fi желісі іске қосылған.Байланыс инфрақұрылымы да нығая түсті. Мобильді базалық станциялар саны 1 752-ге жетіп, осал байланыс аймақтары қысқарды. Оның ішінде 373 станция 5G желісінде жұмыс істеуде. Жалпы алғанда, Шымкент қаласы цифрландыру бағытында тұрақты даму жолына түсіп, еліміздегі жетекші цифрлық орталықтардың біріне айналып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-sandyk/press/news/details/1204135?lang=kk
Салықтық тексеруді жүргізу тәртібі мен мерзімдері 20.04.2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында салықтық тексерулерді жүргізу тәртібіне өзгерістер енгізілді, Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі күшіне енді. Салықтық тексеру жүргізу туралы нұсқама салық төлеушіге жазылып берілген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етілуге тиіс. Бұл ретте нұсқамаға шағым жасалған жағдайда тексеруді тоқтата тұруға жол берілмейді. Аталған шара бақылау рәсімдерінің созылуын болдырмауға және оларды уақтылы аяқтауды қамтамасыз етуге бағытталған.Салықтық тексерудің барлық құжаттары (құжаттарды ұсыну туралы талап, салықтық тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабархат, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама), нұсқаманы қоспағанда, салық төлеушінің кабинеті арқылы электрондық тәсілмен табыс етіледі.Салық органының нұсқамасында көрсетілетін салықтық тексеру мерзімі, егер Қазақстан Республикасының Салық кодексінде өзгеше белгіленбесе, нұсқама табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.Құжаттарды ұсыну туралы талаптарды орындау мерзімдері 10 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Салық төлеуші (салық агенті) құжаттарды ұсыну үшін қосымша мерзім қажеттігі туралы өтініш берген жағдайда, салық органы сұратылған құжаттардың көлеміне қарай орындау мерзімін отыз жұмыс күніне дейін ұзарта алады. Микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін мұндай талаптардың саны тексеру кезеңінде екі реттен аспауға тиіс. Бұл норма мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері мен тексерілетін салық төлеушілер тарапынан тексеру мерзімдерін негізсіз созу жағдайларын болдырмауға бағытталған.Тексерулерді жүргізу мерзімдері қайта қаралды: оларды ұзарту мерзімдері қысқартылды (5-тен 20 жұмыс күніне дейін), мониторингтегі салық төлеушілерді қоспағанда. Микро, шағын және орта бизнес субъектілері үшін тексерудің жалпы мерзімі оның басталған күнінен бастап 180 күнтізбелік күннен аспауға тиіс. Бұл шектеу ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық шеңберінде шет мемлекеттерге сұрау салу жағдайларына қолданылмайды. Тексеру аяқталғанға дейін талап қою мерзімін ұзарту көзделген, сондай-ақ оның аяқталуына 30 күнтізбелік күн қалғанда тексеруді тағайындауға тыйым салынған.Жалпы алғанда, қабылданған өзгерістер салықтық бақылаудың тиімділігін арттыруға және бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1203985?lang=kk
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ақтау–Құйылыс бағытындағы автомобиль жолының бойына «Таза Мұнайлы» МКК техникалары мен қызметкерлерінің көмегімен тазалық жұмыстары жүргізілді. 20.04.2026
  «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ақтау–Құйылыс бағытындағы автомобиль жолының бойына «Таза Мұнайлы» МКК техникалары мен қызметкерлерінің көмегімен тазалық жұмыстары жүргізілді.Іс-шара барысында жол жиегінде жиналған тұрмыстық қатты қалдықтар мен өзге де қоқыстар тазартылып, қоршаған ортаның санитарлық жағдайын жақсарту бағытында жұмыстар атқарылды.Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жол бойы қоқыстан тазартылып, аймақтың экологиялық ахуалының жақсаруына оң әсерін тигізді.Баршаңызды тазалықты сақтауға, белгіленбеген орындарға қоқыс қалдықтарын тастамауға шақырамыз.Табиғатты аялау баршамыздың міндетіміз.⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.#ТазаҚазақстанЭкологиялықАкциясы☘️Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1203986?lang=kk
4-сынып оқушылары арасында «Ақылдылар мен ақылдылар-2026» аудандық олимпиадасы 20.04.2026
2026 жылдың 17 сәуірінде «№9 гимназиясының базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ базасында 4-сынып оқушылары арасында қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, жаратылыстану орыс және қазақ тілдерінде пәндері бойынша «Тапқырлар мен ойшылдар-2025» аудандық олимпиадасы өтті. Сондай-ақ, бастауыш сынып мұғалімдері өздерінің педагогикалық тәжірибелерін қорытындылап, әріптестерімен жұмыстың тиімді әдістері мен тәсілдерімен бөлісті.Барлық қатысушылар сертификаттармен және грамоталармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1203989?lang=kk
Мемлекеттік кірістер комитетінің делегациясы Корея Республикасындағы салық семинарына қатысты 20.04.2026
            Сеул, 2026 жылғы 16 сәуір – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің делегациясы 2026 жылғы 14–16 сәуір аралығында Сеул қаласында өткен халықаралық салық салу мәселелері жөніндегі өңірлік семинарға қатысты. Іс-шараны Азия даму банкі, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, сондай-ақ ЭЫДҰ-ның Корея салық орталығы ұйымдастырды.       Семинар аясында қатысушылар халықаралық салық салу саласындағы заманауи тәсілдерді, сондай-ақ жаңа салық тетіктерін қолданудың практикалық мәселелерін талқылады. Шарттық-құқықтық базаны жетілдіру, тәжірибе алмасу және салықтық әкімшілендірудің тиімді тәсілдерін әзірлеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.         Іс-шараға қатысу Мемлекеттік кірістер комитетінің делегациясына халықаралық озық тәжірибемен танысуға, шетелдік сарапшылармен пікір алмасуға және салық базасын қорғауға, сондай-ақ салықтық реттеудің тиімділігін арттыруға бағытталған тәсілдерді зерделеуге мүмкіндік берді.        Жүргізілген жұмыс халықаралық салық саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және жаһандық үрдістерді ескере отырып, ұлттық салық саясатын жетілдіруге ықпал ететін болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1204016?lang=kk
«Адал азамат – Тәуелсіз ел тірегі. Тарих сабағындағы құндылыққа негізделген білім» тақырыбындағы тарих пәні мұғалімдеріне арналған облыстық семинар 20.04.2026
2026 жылғы 17 сәуіріндегіШҚО ББ  Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Сауыр жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Адал азамат – Тәуелсіз ел тірегі. Тарих сабағындағы құндылыққа негізделген білім» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.Семинар жұмысына ШҚО аудандарының жалпы білім беретін мектептерінің тарих пәні  мұғалімдері мен жауапты  әдіскерлер қатысты.Мақсаты: «Адал азамат – Тәуелсіз ел тірегі қағидасын негізге ала отырып, тарих сабақтарында құндылыққа бағдарланған білім беруді жетілдіру, оқушылардың отансүйгіштік, адалдық, жауапкершілік сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарын қалыптастыруда тиімді әдіс-тәсілдерді тәжірибе алмасу арқылы дамыту. Тарих пәні бойынша білім сапасын арттыруға бағытталған ұтымды әдістермен тәжірибе алмасу.Семинар оқушылардың қатысуымен «Өлкем-тұнған шежіре» аты тарихи көрініспен ашылды. Көріністі шебер ойнай отырып, оқушылар туған жердің жай ғана мекен емес, ол – тарих, тағдыр, рухани мұра екенін ұғынды, семинарға қатысушыларға- Зайсан өлкесінің әр тасы мен жерінің өзіндік тарихы бар екені туралы ой тасталды.Практикалық бөлім аясында:- Х. Мұстафина атындағы мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші  Т.Раисова «Туған өлке тағылымы» атты - шығармашылық топтың мақсаты,міндеті,жұмыс бағытымен таныстырды.Өлкетану бағыты бойынша оқушылардың жобалық жұмыстары көрсетіліп, Зайсан өлкесінің өткені мен бүгініне шолу жасалды.-Жамбыл атындағы негізгі орта мектебінің тарих пәні мұғалімі педагог-сарапшы М.Демесинованың жетекшілігімен «Зайсан ауданының демографиясы, халықтың жас ерекшеліктері» атты оқушының зерттеу жұмысы таныстырылды.-Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, аудандық тарих пәні мұғалімдері қауымдастығының жетекшісі С.Шакенова «Мұғалімдер шеберлігін арттыруда қауымдастықтың рөлі» тақырыбында  қауымдастықтың мақсаты,міндеті, тыныс-тіршілігі баяндалып, мұғалімдердің шеберлігін арттыру жолындағы жұмыстар ұсынылып, тәжірибесімен бөлісті.-М.Әуезов атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі,педагог-модератор Қ.Ермекова Дүниежүзі тарихы 9 сынып бойынша: «Жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті қалай сақтауға болады» тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Сабақ құрылымы толық сақтала отырып, топтық, жұптық,жеке тапсырмалар орындалып, оқушылардың санасына ұлттық құндылықтарды сіңірудің  маңыздылығы дәріптелді. Сабақтың әр кезеңдерінде,бағалауда  ЖИ платформалары ұтымды пайдаланып, оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттырды, сабақ өте жоғары деңгейде өтті.-М.В.Ломоносов атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, педагог-модератор А.Байбусинова Қазақстан тарихы 8 сыныбы бойынша: «Участие казахстанцев в сражениях Великой Отечественной войны» тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Сабақ барысында сол кезеңнің атмосферасын сезінуге, сабақ мақсатына жетуге бағытталған тиімді әдіс-тәсілдер қолданылып, жасанды интеллект платформаларын орнымен пайдалану арқылы оқушылар ынталандырылып отырды.- М.Дауленов атындағы мектеп-интеранатының тарих пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Г.Бақытхан«Қазақстан тарихы пәнінен 10-сыныпқа арналған жұмыс дәптері» жәнеСарытерек орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, педагог-шебер М.Мейрбаев«Тарихи карта» атты авторлық жұмыстарын ұсынып, семинарға қатысушыларға практикалық тұрғыда шеберлік сыныбын көрсетті. Авторлық жұмыстарды сабақта пайдалану- оқу сапасын арттыруда өте тиімді екені аталып, жоғары баға берілді.-Мұжықсу негізгі орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, педагог-сарапшы А.ҚайрқановажәнеМукарама атындағы мектеп-балабақша кешенінің тарих пәні мұғалімі, педагог-сарапшы М.Еркебұланов«Тарихи guiz»ойынын көрсете отырып, оқушылардың білімділік дағдылары, ойлау қабілеті, танымдық қызығушылығы, бәсекелестік және мотивация, жылдамдық пен зейінін дамытуға ықпалын дәлелдеп, практикалық тұрғыда тәжірибелерімен бөлісті.-Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі педагог-сарапшы К.Ыдырышова және М.В.Ломоносов атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, педагог-модератор А.Мұратханова оқушыларда тарихи сананы қалыптастыруда, сыни ойлау мен зерттеу дағдыларын қалыптастыруда музеймен жұмыстың тиімділігін көрсету мақсатында- «Музей-ұлттық жады» бөлімі бойынша «Оқушы зерттеуі арқылы мұражай құндылықтарын таныту» атты жұмыстарымен бөлісті.-Б.Момышұлының 115 жылдығы ескеріліп, «Халық қаһарманы Б.Момышұлы:әскери тарих және тарихи жады сабақтастығы» атты педагогтер кейсі жұмысы көрсетілді. Мақсаты: Б.Момышұлы тұлғасының әскери тарихтағы орнын, ерлік жолын және оның тарихи жадыдағы маңызын зерделеу арқылы ұлттық батырлық дәстүрі мен тарихи сабақтастығын ашу, сондай-ақ жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын қалыптастыру. Абай атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші А.Боранбаева «Бауыржан Момышұлы - әскери стратег және халық қаһарманы», «Кеңсай орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, педагог-модератор М.Жиенбаева, аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Болат, Сарытерек орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, педагог-модератор Д.Алдажарова «Ұрпақ сабақтастығы: Б.Момышұлы өнегесінің тәрбиелік мәні», М.В.Ломоносов атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі педагог-зерттеуші А.Ислямова «Өсиетке айналған өнеге» Бауыржан Момышұлының нақыл сөздеріндегі ерлік пен елдік рух» тақырыптарында жұмыстар көрсетіліп,пікір алмасып, талқыланды.Семинар барысында: тарих сабақтарында құндылыққа бағдарланған білім беруді жетілдіруге,оқушылардың отансүйгіштік, адалдық, жауапкершілік сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасу толыққанды жүрді. Тарих пәні бойынша білім сапасын арттыруға бағытталған ұтымды әдістер ұсынылды.Семинар қорытындысы бойынша талқылау жүргізіліп, кері байланыс ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1204020?lang=kk