Қоғам
Республикалық бюджетке түсімдер 1 трлн теңгеден асты, бірінші жартыжылдық жоспары 102,2%-ға орындалды 17.07.2026
еспубликалық бюджетке түсімдер 1 трлн теңгеден асты, бірінші жартыжылдық жоспары 102,2%-ға орындалды🏛 Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің кеңейтілген алқа отырысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ызмет қорытындылары мен негізгі көрсеткіштердің орындалу нәтижелері қаралып, ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына арналған басым міндеттер айқындалды.📈 Департамент басшысы Серік Манзоров алқа отырысын ашып, бюджеттің кіріс бөлігінің тұрақты орындалуын қамтамасыз ету, салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыру және салық төлеушілермен өзара іс-қимылдың сервистік моделін жетілдіру мемлекеттік кірістер органдарының басым бағыттары болып қала беретінін атап өтті.Департаменттің мәліметіне сәйкес 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша республикалық бюджетке 1 трлн 323 млрд теңге түсті. Бұл жоспардың 102,2%-ға орындалуын қамтамасыз етті. Өткен жыл кезеңімен салыстырғанда түсімдер көлемі 393 млрд 500 млн теңгеге артты.Түсімдердің ең жоғары өсімі келесі салық түрлері есебінен қамтамасыз етілді:Қазақстан Республикасының аумағында өткізілген тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін -қызметтерге салынатын қосылған құн салығы – 292 млрд теңге;- мұнай секторындағы ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғалар – резиденттерден алынатын корпоративтік табыс салығы – 75 млрд 4 млн теңге;- импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы – 61 млрд 9 млн теңге.Отырыс барысында құрылымдық бөлімшелер басшылары кіріс бөлігінің орындалуы, камералдық бақылау, берешекті өндіріп алу, әкімшілендіру және мақсатты индикаторлардың орындалуы мәселелері бойынша есеп берді.Департамент басшысы алқа отырысын қорытындылай келе, салықтық және кедендік әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру, бекітілген жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету, атқарушылық тәртіпті қатаң сақтау, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу жөніндегі профилактикалық жұмысты күшейту және қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша нақты міндеттер жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1259952?lang=ru
Қаланың Бас жоспарын түзету мәселелері бойынша жұмыс кеңестері өтті 17.07.2026
Бүгін Қостанай қаласының Бас жоспарын түзету аясында бірқатар жұмыс кеңестері өткізілді.Облыс орталығының басты қала құрылысы құжатын әзірлеуді жүзеге асырып жатқан «НИПИ Астанагенплан» ЖШС өкілдерімен бірлесіп, қала аумағына көшпелі зерделеу жүргізілді. Сапар барысында шешім қабылдауды және жан-жақты пысықтауды қажет ететін нысандар, оның ішінде көлік инфрақұрылымы саласындағы объектілер аралап шығылды.Аралау қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының, құрылыс салушылардың, бизнес өкілдерінің, коммуналдық қызметтердің және мемлекеттік органдардың қатысуымен кеңейтілген кеңес өтіп, онда қаланың одан әрі дамуына қатысты негізгі мәселелер талқыланды.Мұндай жұмыс форматы тұрақты негізде жүргізілетін болады. Бас жоспарды түзету — Қостанайның дамуы үшін маңызды кезең. Бұл құжат экономиканың және бизнестің дамуына, көлік-логистикалық инфрақұрылымды жетілдіруге, сондай-ақ тұрғындар үшін жайлы әрі заманауи қалалық ортаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1259939?lang=ru
Заңдылықты сақтау мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл 17.07.2026
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Алматы қаласының прокуратурасымен бірлескен жедел кеңес өтті.Күн тәртібі аясында 2024–2025 жылдар кезеңі және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша салықтық тексерулерді тағайындау туралы актілер мен олардың нәтижелеріне дау айту жөніндегі әкімшілік істер бойынша сот практикасын талдау нәтижелері қаралды.Кеңеске Алматы қаласы прокуратурасының өкілдері, сондай-ақ Департаменттің Заң басқармасы, Аудит басқармасы және Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшылығы мен қызметкерлері қатысты.Кездесу қорытындысы бойынша салықтық әкімшілендіру сапасын арттыру және процестік мерзімдердің қатаң сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі нақты шаралар айқындалды. Тараптар құқық бұзушылықтар тәуекелдерін барынша азайту мақсатында бақылауды цифрландыру және фискалдық рәсімдерді автоматтандыру мәселелеріне ерекше назар аударды.Қадағалау және фискалдық органдардың бірлескен жұмысы бірыңғай құқық қолдану практикасын қалыптастыруға, салық төлеушілердің заңды құқықтарын қорғауға және құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1259942?lang=ru
Өскемен қаласының металлургия кәсіпорындарының құрметті қызметкерлері! 17.07.2026
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлург күнімен шын жүректен құттықтаймын!Металлургия – қаламыздың өнеркәсібі мен экономикасының негізі. Өйткені Өскемен қаласының тарихы осы саламен тығыз байланысты. Сондықтан бұл мереке Өскемен тұрғындары үшін ерекше маңызға ие.Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің, жоғары жауапкершіліктеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіздің арқасында қаланың металлургия кәсіпорындарында мырыш, титан, тантал, уран және еліміздің өнеркәсіп саласы үшін аса маңызды өзге де металдар мен қорытпаларды өндіру қамтамасыз етілуде. Бұл Өскемен қаласы мен бүкіл облыстың тұрақты дамуына ықпал етіп, қаламыздың индустриялық көшбасшы ретіндегі мәртебесін нығайта түседі.Сіздердің еңбектеріңіз – маңыздылығы жыл сайын артып келе жатқан жанқиярлық еңбек. Ол зор құрметке әбден лайық!Сіздерге зор денсаулық, амандық, тұрақтылық және кәсіби қызметтеріңізде жаңа жетістіктер тілеймін. Әр шаңырақта жылу мен береке орнасын, өмірлеріңізде сенім, қолдау және құрмет әрдайым серік болсын!Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы А. Светаш Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1259945?lang=ru
Таразда отандық және шетелдік инвесторлардың қатысуымен Өңірлік инвестициялық штабтың отырысы өтті 17.07.2026
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров отандық және шетелдік инвесторлар қатысқан Өңірлік инвестициялық штабтың отырысына қатысты.Өз сөзінде Ә. Қуантыров Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірлік инвестициялық штабтар инвесторлардың мәселелерін, оның ішінде «қолмен басқару» режимінде жедел шешуге арналған тиімді алаңға айналуға тиіс екенін атап өтті. Сонымен қатар, Үкімет алдында 2029 жылға қарай ұлттық экономика көлемін 450 млрд АҚШ долларына дейін жеткізу және кемінде 150 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тарту жөніндегі стратегиялық міндет тұрғанын айтты. «Бүгінде біз облыстың жекелеген инвестициялық жобаларды іске асырудан экономиканың тұтас салаларын жүйелі дамытуға белсенді көшіп жатқанын көріп отырмыз. Қосылған құны жоғары жаңа өндірістік тізбектер қалыптасуда, шикізатты терең өңдеу және экспортқа бағытталған өндірістерді дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалуда», – деп атап өтті Ә.Қуантыров.2023–2025 жылдары облыста жалпы құны 241,5 млрд теңгені құрайтын 56 инвестициялық жоба пайдалануға беріліп, нәтижесінде 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Бүгінде өңірдің инвестициялық портфелі жалпы құны 5,6 трлн теңгені құрайтын 116 жобаны қамтиды. Олар шамамен 20 мың жұмыс орнын құруды көздейді және негізінен өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен мен энергетика салаларында жүзеге асырылуда.Жұмыс сапары аясында Әлібек Қуантыров өңірдегі бірқатар өндіріс орындарының қызметімен танысты. Атап айтқанда, жылына 3 мың тонна томат пастасын өндіретін «Тазабек-Досжан» шаруа қожалығында, «Тараз» индустриялық аймағында, жылдық қуаты 48 мың тонна әк өндіретін «Aqtas Group» ЖШС зауытында, сондай-ақ жылына 70 мың тонна құс етін өндіретін және 500 тұрақты жұмыс орны құрылған толық циклді «Алель Агро» АҚ құс фабрикасында болды.Жамбыл облысы инвестициялық дамудың жоғары қарқынын көрсетіп келеді. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 505,9 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 59,2%-ға өсті. Бұл ретте өңір үшін белгіленген 369,5 млрд теңге көлеміндегі жоспар айтарлықтай артығымен орындалды. Жеке инвестициялар көлемі 473,5 млрд теңгеге жетті. Ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыс 289,7 млн АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартып, жоспарды үш еседен астам орындап, ТШИ өсімінің қарқыны бойынша Қазақстан өңірлері арасында бірінші орынға шықты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1259935?lang=ru
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ДАМЫТУДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫНА ТОҚТАЛДЫ 17.07.2026
Президенттің пікірінше, еліміз технологиялық тоғысудың, цифрлық сауда мен халықаралық ынтымақтастықтың қарқынды орталығына айналу үшін мол әлеуетке ие.– Энергетикалық ресурстардың мол қоры, аса маңызды минералдар кеніштері, заманауи көлік дәліздері мен жедел дамып келе жатқан цифрлық инфрақұрылым нарықтарды, технология және инновациялық экожүйелерді өзара ұштастыруға тың мүмкіндік береді. Цифрлық трансформация ұлттық даму стратегиямыздың басым бағыттарының бірі саналады. Қазақстанның жаңа Конституциясында жасанды интеллектіге, оның елімізді орнықты дамытуға қосар үлесіне баса назар аударылған. Сонымен қатар Ата заңымыз әр азаматтың дербес дерегінің қорғалуына кепілдік береді. 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялап, «Digital Kazakhstan-2029» ұлттық стратегиясын бекіттік. Жасанды интеллект туралы заң мен Цифрлық кодекс қабылданды. Елордада Smart City технологиялық платформасы іске қосылды. Көп ұзамай аталған тәжірибе Қазақстанның барлық ірі қаласында қолданылады. Бұдан бөлек, біз Алатау қаласының дамуына стратегиялық тұрғыдан басымдық беріп отырмыз. Ол Орталық Азиядағы алғашқы толық интеграцияланған цифрлық шаһар болмақ. Әлемнің түкпір-түкпірінен, соның ішінде Қытайдан технологиялық компанияларды, инвесторлар мен новаторларды тарту үшін Конституцияда Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі айқындалды, – деді Президент.Мемлекет басшысы Алматыда БҰҰ ЭСКАТО жанынан орнықты даму мақсаттарына арналған Азия-Тынық мұхиты цифрлық шешімдер орталығы ашылатынын мәлімдеді.– Қазақстан Дүнижүзілік жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық ұйымы құрылтайшыларының бірі ретінде осы маңызды платформаны құрудағы Қытайдың жетекші рөлін жоғары бағалайды. Жақында ғана іргесі қаланған әрі мол әлеуетке ие ұйым жаһандағы ЖИ келешегін айқындайтын бірегей халықаралық институтқа айналатынына сенімдіміз. Ұйымның алғашқы отырысын Астанада өткізу біз үшін зор мәртебе болар еді. Сонымен қатар бұл құрылымның Орталық Азиядағы өкілдігін елімізде орналастыруды ұсынамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Сонымен қатар, Мемлекет басшысы трансұлттық цифрлық инфрақұрылым жасақтауға және ЖИ саласындағы саясатты өзара үйлестіруге қатысты бірқатар ұсынысты ортаға салды– Біз «Қазақстан-Қытай цифрлық көпірін» іске қосуды ұсынамыз. Басты мақсат – цифрлық сауданы жандандыру және «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында цифрлық экономикаларды ықпалдастырудың тиімді үлгісін қалыптастыру. Өңдеу секторы, тау-кен өнеркәсібі, энергетика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және су ресурстарын басқару секілді салаларда жасанды интеллектіні қауіпсіз әрі кеңінен енгізу ісін жеделдеткен жөн. Жасанды интеллектіні реттейтін ұлттық саясат пен заңдық тетіктерді өзара үйлестіру айрықша мәнге ие. ЖИ жүйелерін тестілеу мен сертификаттаудың ортақ стандарттарын түзу де өте маңызды. Біз жасанды интеллектіні теріс мақсатқа пайдаланудың алдын алатын, соның ішінде кибершабуыл, дипфейк, цифрлық алаяқтық пен басқа да қатерлерден қорғайтын пәрменді шаралар әзірлеуіміз керек. Келесі жылды екі елде Жасанды интеллект саласындағы бірлескен бастамалар жылы деп жариялауды ұсынамыз. Қытай Үкіметі мұны қолдаса, зор ризашылықпен қабылдар едік, – деді Мемлекет басшысы.
ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПІКІРІНШЕ, ЖИ ЭКОНОМИКА, САУДА ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТЫҢ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН, ТОЛЫҚҚАНДЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ БАР САЛАҒА АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ 17.07.2026
– БҰҰ дерегіне сәйкес, жасанды интеллект инфрақұрылымына және онымен байланысты технологияларға салынған инвестиция жылына орта есеппен 47 пайызға өскен. 2033 жылға қарай жаһандық ЖИ нарығының көлемі шамамен 5 триллион долларға жетеді деп болжанып отыр. Демек, бір нәрсе анық: жасанды интеллектіні басқару жүйесі кешенді сипатқа ие болуға тиіс. Ол жартылай өткізгіштер мен деректерді өңдеу орталықтарынан бастап этика, білім беру және адамның қадір-қасиетін қорғауға дейінгі бүкіл бағытты қамтуы қажет. Cонымен қатар трансформация үдерісі геосаяси шиеленіс ушығып, ірі әлемдік державалар арасындағы сенімге селкеу түскен, жік-жікке бөлінген кезеңде жүріп жатыр. Өкінішке қарай, мемлекеттердің көбі қақтығыстарға тосқауыл қоюға мән бермейді, есесіне оның салдарын жоюға күш-жігерін сарқа жұмсайды. Жасанды интеллект алдын ала ескерту жүйесін, превентивті дипломатияны, гуманитарлық көмек пен бітімгерлік әрекеттерді күшейту арқылы бізге осы қисынсыз түсінікті өзгертетін тарихи мүмкіндік беріп отыр, – деді Мемлекет басшысы.Президенттің пайымдауынша, жасанды интеллект, ең бастысы, әділ әрі инклюзивті дамудың қозғаушы күші бола алады.– Бірде бір ел жасанды интеллектіні тұтынумен шектелмеуге тиіс. Адами капиталы мен цифрлық инфрақұрылымын дамытып, институционалдық әлеуетін көтеруге кез келген мемлекеттің мүмкіндігі болуы керек. Бұл жерде әңгіме тағы да әділдік пен адалдыққа барып тіреледі. Жасанды интеллектіні экономика мен қоғам игілігіне пайдалану, сөйте тұра оны адамның саналы әрі қабілетті басқаруында қалдыру – баршамызға ортақ міндет. Сондықтан Қазақстан Дүниежүзілік жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық ұйымының құрылуын тарихи шешім деп санайды. Аталған ұйым ЖИ-ді басқаратын әмбебап құрылымның негізін қалайтынына сенімдіміз. Ол күллі адамзаттың өсіп-өркендеуі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өзара тиімді серіктестік тетігі болуы қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ АШЫЛУЫ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ 17.07.2026
Сонымен қатар, Мемлекет аталған жиында сөз сөйледіПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу рәсіміне қатысты. Шанхайда өтіп жатқан дәстүрлі жиын биыл «Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік» тақырыбына арналып отыр.Мемлекет басшысы бұл конференция Қытайдың жасанды интеллект саласындағы айтулы жетістіктерін айқын көрсететінін атап өтті.– Бүгінде дүние жүзіндегі жасанды интеллектіні зерттеушілердің жартысынан астамы – Қытай елінің өкілдері. ЖИ саласындағы патенттердің басым бөлігі қытайлық жаңашыл мамандарға тиесілі. Ал елдің қарқынды инновациялық экожүйесі озық технологиялардың көптеген бағытында соны серпіліс жасауда, – деді Президент.Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясында жарияланған «Барша адамзат игілігіне қызмет ететін ЖИ» тұжырымдамасына қолдау білдірді.– Технологиялық прогресті баршаның игілігіне айналдыруға күш-жігер жұмылдырғанда осы ұсынылған қағидаттарды басшылыққа алған жөн деп санаймын. Келешектің келбетін өзара сенім мен ортақ мүддеге сай тығыз ынтымақтастық орнатып, серіктесе әрекет ететіндер айқындайды. Мен бұған кәміл сенемін. Осы орайда Төраға Си Цзиньпин ұсынған «Адамзаттың ортақ тағдыры қоғамдастығын» құру туралы тұжырымдаманың маңызы зор. Қазақстан алысты болжаған бұл бастаманы жоғары бағалайды әрі жасанды интеллект дәуірінде оның өзектілігі артып келеді деп санайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Сондай-ақ, Президент қазіргі Қытайдың даму стратегиясын айқындаған Си Цзиньпиннің көшбасшылық қасиеттеріне айрықша назар аударды– Біздің елде Си Төрағаны тарихи ауқымдағы біртуар көшбасшы деп есептейді. Оның парасатты әрі орнықты басшылығымен Қытай елі осынау дүрбелеңге толы, болжаусыз әрі қақтығыстардан көз ашпаған әлемде жаңа табыстарға батыл қадам басым келеді. 2029 жылы қазан айында елдеріңіз Қытай Халық Республикасының құрылғанына 80 жыл толуын атап өтеді. Сексен жыл – бір адамның тұтас ғұмыры, ал Қытай оның жартысын саяси және экономикалық дүрбелеңдердің зиянды салдарымен күресуге сарп етті. Небәрі 40 жыл ішінде қарқынды дамыған Қытай зор табысқа жетіп, кедейлікті толық еңсерді және сан салалы экономикасы бар, әсіресе, жоғары технологиялар бойынша көш бастаған әлемдік державаға айналды. Бұл – Қытай Коммунистік партиясы мен оның білікті де бірегей жетекшісі, Төраға Си Цзиньпиннің еңбегі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Дроннан қорғану: әскери қызметшілер радиоэлектрондық күрес дағдыларын шыңдауда 17.07.2026
Қарулы күштерде радиоэлектрондық қорғаныс және ұшқышсыз ұшу аппараттарына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқу-әдістемелік жиын өтіп жатыр.Маңызды шараға Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери қызметшілері қатысуда.Бүгінгі таңда жауынгерлік тапсырмалардың сәтті орындалуы тек қару-жараққа ғана емес, сонымен бірге радиоэфирді бақылау деңгейіне де тікелей байланысты. Осы ретте мамандар өздерінің байланыс жүйелерін бөтен кедергілерден қорғауды, радиосигнал көздерін анықтауды және дрондарға тиімді соққы беруді үйреніп жатыр.43988 әскери бөлімі командирінің орынбасары – штаб бастығы подполковник Азамат Асқардың айтуынша, ұшқышсыз технологиялардың қарыштап дамуы радиоэлектрондық күрес мамандарын даярлау ісін де үздіксіз жетілдіріп отыруды талап етеді.– Қазіргі уақытта ұрыс тек жерде немесе әуеде ғана емес, сондай-ақ радиоэфирде де жүріп жатыр. Сондықтан радиоэлектрондық күрес мамандарын дайындау – жауынгерлік әзірліктің басты бағыттарының бірі болып табылады. Бұл жиында біз заманауи радиоэлектрондық күрес құралдарын зерттеп қана қоймай, Қарулы күштердің түрлері мен әскер тектері өкілдерінің өзара бірлесіп жұмыс істеуіне баса назар аударып отырмыз. Біздің басты мақсатымыз – байланыс жүйелерін қорғау, ұшқышсыз авиациялық жүйелерді анықтау және оларға қарсы тұрудың ортақ тәсілдерін әзірлеу, – деді ол.Сабақ барысында әскери қызметшілер заманауи радиоэлектрондық күрес құралдарын меңгеріп, байланыс пен басқару арналарын қорғау әдістерін үйренуде. Сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттарын тауып, олардың сигналын басып тастау амалдарын пысықтауда.Бұл ретте іс-тәжірибеге де ерекше мән берілген. Жиынға қатысушылар әскери нысандардың қауіпсіздік деңгейін бағалауды, заманауи РЭК кешендерін қолдануды және оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіруді пысықтап жатыр.51809 әскери бөлімінің әскери қызметшісі капитан Ерік Қасымбеков те бұл жиынның маңызы зор екенін атап өтті.– Мұндай жиындар жаңа білім алып қана қоймай, Қарулы күштердің түрлеріндегі әріптестерімізбен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Әсіресе, шынайы ұрыс даласына барынша жақындатылған жағдайда іс-қимылдарды пысықтайтын практикалық бөлімнің пайдасы зор. Мұнда шыңдалған дағдылар әскери нысандарды қорғау және заманауи қатерлерге лайықты соққы беру тапсырмаларын сапалы орындауға септігін тигізеді, – деді капитан Е. Қасымбеков.Бағдарламаның тағы бір маңызды бөлігі, ол өзара тәжірибе алмасу. Қарулы күштер түрлері мен әскер тектерінің өкілдері ұшқышсыз технологиялардың дамуына байланысты туындайтын қазіргі заманғы қауіп-қатерлерді талқылап, олардың жолын кесудің бірлескен тәсілдерін жетілдіру үстінде.Осындай жиындарды өткізу мамандардың біліктілігін арттыруға, бөлімшелер арасындағы байланысты нығайтуға және жаңа сын-қатерлер жағдайында әскери нысандарды қорғаудың ең озық әдістерін енгізуге жол ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1259854?lang=ru
Ротацияланған мемлекеттік қызметшілерге арналған салықтық түсініктемелер 17.07.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41, 51 және 52-баптарының ережелеріне сәйкес қызметтік тұрғынжай болмаған жағдайда ротацияланған мемлекеттік қызметшілерге өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезеңінде бекітілген қағидаларға сәйкес ротациялық төлемдер төленеді, сондай-ақ тұрғын үй төлемдері көзделгенін хабарлайды.Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі 1-бабының 1-тармағының 69) тармақшасына сәйкес өтемақы төлемдері деп қызметкерлерге еңбек міндеттерін немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға байланысты жұмсаған шығындарының орнын толтыру бойынша ақшалай төлемдер жатады.Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 432-бабының 10) тармақшасына сәйкес төлем көзінен салық салынуға жататын мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін табысқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде төленетін кірістер, оның ішінде өтемақылар сомасына азайту қолданылады.Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі С.М. Жұманғариннің төрағалығымен 2026 жылғы 8 шілдеде өткен жаңа Салық кодексін енгізу жөніндегі Жобалық офис отырысы хаттамасының 3.2-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін ротациялық және тұрғын үй төлемдерінің сомасына жеке тұлғаның салық салынатын табысын азайтуды көздейтін тәсіл мақұлданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1259843?lang=ru
Сіздің тауардың заңдылығын анықтаудағы көмекшіңіз 17.07.2026
Сатып алмас бұрын тауардың түпнұсқалығына көз жеткізу маңызды. Қазақстанда мұны NAQTY ÓNIM мобильді қосымшасы арқылы жасауға болады — қаптамадағы Data Matrix немесе штрих-кодты сканерлеу жеткілікті. Әсіресе дәрі-дәрмек, алкоголь, темекі өнімдері және басқа да тауарларды тексеру маңызды. Қауіпсіздік — сатып алған өнімге мұқият қараудан басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1259940?lang=ru
2026 жылғы 21 шілдеде Өскемен қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді 17.07.2026
2026 жылғы 21 шілдеде Өскемен қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді. Өтетін орны: Пермитин к-сі, № 201 каб. Өткізу уақыты: сағ. 11:00.Отырыста келесі мәселелер талқыланады:Өскемен қаласының қоғамдық көлігінде (таксиден басқа) бірыңғай және сараланған тарифті белгілеу туралы.Өскемен қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы.Өскемен қалалық мәслихатыны 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 40/3-VIII «2026-2028 жылдарға арналған Өскемен қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.«Өскемен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы» Өскемен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 4 маусымдағы № 22/3 VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1259798?lang=ru
Бейімбет Майлин ауданының 90 жылдық мерейтойын мерекелеудің екінші күні Әйет ауылының орталық алаңында өткен «Туған күніңмен, ауданым!» атты мерекелік концертпен басталды. 17.07.2026
Концерттік бағдарлама аудан тұрғындары мен қонақтарын бір арнаға тоғыстырып, үлкен мерекенің ерекше атмосферасын сыйлады. Сахна төрінен Отанға, туған жерге, достық пен бірлікке арналған әндер шырқалып, аудандық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары мен жеке орындаушылары көрермендерге әсерлі вокалдық және хореографиялық қойылымдарын тарту етті.Көрермендер әрбір өнер көрсетілімін ыстық ықыласпен қабылдап, көтеріңкі көңіл күймен қолдау білдірді. Мерекелік концерт туған жерге деген сүйіспеншілік пен ел бірлігін айшықтай түсті.Концерттік бағдарламадан кейін мереке «Happy Kids» балалар ойын-сауық бағдарламасымен жалғасын тапты. Балғын бүлдіршіндерге арналған қызықты ойындар, байқаулар мен көтеріңкі көңіл күй мерекенің сәнін келтірді.Бейімбет Майлин ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шаралар жалғасуда. Бұл айтулы мереке туған өлкенің тарихын, жетістіктері мен еңбекқор халқына деген мақтаныш сезімін одан әрі нығайта түсуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1259777?lang=ru
Қосылған құн салығын төлеушіні тіркеу есебінен шығару 17.07.2026
Салық төлеуші қосылған құн салығын төлеушінің тіркеу есебінен:жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен арнаулы салық режиміне көшкен кезде;салық төлеушінің қызметі тоқтатылған немесе ол таратылған кезде шығарылады.Салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен арнаулы салық режиміне ауысқан кезде Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген хабарламамен бір мезгілде салық органына салық бойынша таратудың салықтық есептілігін ұсынады. Салық төлеушіні тіркеу есебінен алу мынадай жағдайларда:банкроттық себебі бойынша қызметін тоқтатқанды немесе таратылғанды қоспағанда, салық төлеушінің қызметін тоқтатқан немесе ол таратылған жағдайда – тиісті тіркеуші органға қызметті тоқтату туралы өтініш (салықтық өтініш) ұсынылған күннен бастап; банкроттық себебі бойынша салық төлеушінің қызметі тоқтатылған немесе ол таратылған жағдайда – дара кәсіпкер тіркеу есебінен шығарылған немесе заңды тұлға нөмірлер тізілімінен алынған күннен бастап;заңды күшіне енген сот актісімен дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеуді жарамсыз деп тану себебі бойынша салық төлеушінің қызметі тоқтатылған немесе ол таратылған жағдайда – салық төлеуші тіркеу есебіне қойылған күннен бастап; заңды тұлғалар бірігу, қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда – таратудың салықтық есептілігі мен беру актісі ұсынылған күннен бастап; заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда – таратудың салықтық есептілігі мен бөлу актісі ұсынылған күннен бастап; дара кәсіпкердің тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға қайтыс болған жағдайда – салық төлеушілер базасынан алынған күннен бастап; жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен арнаулы салық режиміне көшкен жағдайда – арнаулы салық режимін қолдануды бастаған күннен бастап жүргізіледі. Көрсетілген ережелер салық төлеушінің тіркеу есебіне шартты түрде қойылуға жататын салық төлеушілерге қолданылмайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1259772?lang=ru
2026 жылғы рақымшылық: қандай салықтық және кедендік айыппұлдар кешіріледі 17.07.2026
2026 жылғы 1 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына қол қойып, аталған Заң 2 шілде күні заңды күшіне енді. Құжат мемлекеттік органдар әкімшілік жазадан жаппай босату, оның ішінде кірістер органдары қарайтын бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша айыппұлдарды кешіруді көздейді.Рақымшылық Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге және жеке практикамен айналысатын тұлғаларға қолданылады.Айыппұлдың кешірілуі үшін үш шарт орындалуы тиіс: қаулыны мемлекеттік кірістер органы шығарған болуы керек, айыппұл 2026 жылғы 2 шілдеге дейін толық немесе ішінара төленбеген болуы тиіс және құқық бұзушылық заңда көрсетілген ерекшеліктер тізіміне кірмеуі қажет.Рақымшылыққа салық органдарында тіркеу мерзімдерін бұзу, арнайы салық режимдерін қолдану, салық есептілігін уақытында тапсырмау, бақылау-касса машиналарын пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ кеден саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың басым бөлігі жатады.Заңды тұлғалар, лауазымды тұлғалар, шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар рақымшылық жасауға жатпайды.Сонымен қатар, сот шешімімен салынған айыппұлдар, сондай-ақ салық салу объектілерін жасыру, салық төлеуден жалтару, салық міндеттемелерін төмендетуге және мұнай өнімдеріне қатысты (ӘҚБтК 275, 277, 278, 281 б. 7 б. баптары бойынша) құқық бұзушылықтар рақымшылыққа кірмейді.Айыппұлдарды кешіру автоматты түрде жүзеге асырылады. Мұндай істер бойынша атқарушылық іс жүргізу, мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары мен тәсілдері де тоқтатылуға жатады.Мемлекеттік кіріс органдарына тиісті қаулылардың орындалуын өз бетінше тоқтату және рақымшылық жасау рәсімін аяқтау үшін алты ай мерзім берілген. Сәйкесінше кірістер органдарына әкімшілік жазадан босату үшін жүгіну қажеттілігі жоқ.@mkdzhambyl #САЛЫҚТАР #НАЛОГИ #списаниештрафовЖамбыл облысы бойынша МКДТүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1259775?lang=ru
Жылу беру маусымына дайындық пысықталды 17.07.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен Қызылорда қаласында бой көтерген жаңа жылу-электр орталығының жұмысымен танысты. 240 мегаватт электр, 277 гигакалория жылу энергиясын өндіретін орталық құрылысына түркиялық «AksaEnergy» компаниясы 215 млрд теңге инвестиция салды.Жоба аясында қуаттылығы 185 мегаватт 3 газ турбиналық қондырғы, 55 мегаваттық 1 бу турбинасы, 3 бу және 2 су жылыту қазандығы орнатылған. Жаңа орталықты тамыз айында толық іске қосу жоспарлануда.Бұдан кейін облыс әкімі «Қызылордажылу-электр орталығына» барды. Қазіргі мұндағы жылу энергия көздерінің 85 пайызы,жылу желілерінің 40 пайызы тозған. Станция 67 мегаватт электр, 355 гигакалория жылу энергиясын өндіреді. Жалпы алдағы жылу беру маусымына дайындыққа 5,5 млрд теңге қаржы бөлу жоспарланған. Бұл қаражат есебінен 8,7 шақырым жылу желісін жаңғырту жобасы аяқталып, №1 және №2 газ турбиналық қондырғыларға күрделі жөндеу жүргізіледі. Сонымен қатар, 1,3 шақырым жылу желісі, 1 қазандық, 1 турбина, 10 автономды қазандық, негізгі және қосалқы жабдықтар жөнделеді.Облыс әкімі «Қызылорда электр тарату тораптары» мекемесіне де барды. Мекемеге қарасты 10 608 шақырым электр желісі, 2 058 қосалқы станция бар, ал трансформаторлардың жалпы қуаты 1 350 мегаватт.Тұрғындардың қалыпты тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандарды аралау қорытындысымен жауапты сала жетекшілеріне тапсырмалар берілді. Олар – алдағы жылу беру маусымына дайындықты уақытылы, сапалы жүргізу, тұтынушыларға электр энергиясын тұрақты жеткізу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1259746?lang=ru
Алматы облысында аптап ыстыққа байланысты жолдар мен қоғамдық орындарда аэрация жұмыстары күшейтілді. 17.07.2026
Бұл шаралар жол жабынының температурасын төмендетуге, ауадағы шаң-тозаңды азайтуға, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға және жоғары температураның жол инфрақұрылымына кері әсерін азайтуға бағытталған.Аэрация жұмыстары күніне төрт рет – сағат 11:00, 13:00, 15:00 және 17:00-де жүргізіледі. Ол үшін суару-жуу құрылғыларымен жабдықталған, сыйымдылығы 8 текше метр болатын ондаған су таситын көлік жұмылдырылды.Ауаны ылғалдандыру шаралары Қонаев қаласында, Қарасай, Іле, Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарында жүргізіліп, 15 көше мен қоғамдық нысанды қамтыды. Атап айтқанда:• Қонаев қаласы – Қонаев көшесі → Алматинская көшесі → Абай көшесі; Жамбыл көшесі → Сейфуллин көшесі → Сырдария көшесі → Қойшыманов көшесі бағыттары, сондай-ақ №6 қалалық жағажай және Сейфуллин көшесі, 8А мекенжайындағы балалар ойын алаңы.• Қарасай ауданы (Қаскелең қаласы) – Абылай хан, Наурызбай батыр, Байғазиев және Омарәлиев көшелері.• Іле ауданы – Жансүгіров және Батталханов көшелері.• Еңбекшіқазақ ауданы (Есік қаласы) – Есік аллеясы және Абай көшесі.• Талғар ауданы (Талғар қаласы) – Қонаев көшесі → Ломоносов көшесі → Талғар қаласының қақпасынан әкімдік ғимаратына дейінгі бөлік → әкімдік маңынан ХҚКО-ға дейінгі аралық → Абай көшесі.Бұл жұмыстарды атқару үшін 11 мердігер ұйым тартылды. Олар арнайы техниканың уақытылы шығуын қадағалап, жұмысты бекітілген кестеге сәйкес іске асырады.Сонымен қатар тұрғындар көп жиналатын қоғамдық орындарға арнайы техника су бүркіп, аптап ыстықты жеңіл өткеруге көмектесуде. Бұл әсіресе балалар үшін жазғы демалысын қызық әрі қауіпсіз өткізуге мүмкіндік беруде. Аталған жұмыстар 20 шілдеге дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1259692?lang=ru
ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА БЕЛСЕНДІ АТСАЛЫСУДА 17.07.2026
ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА БЕЛСЕНДІ АТСАЛЫСУДААқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-maidakol/press/news/details/1259695?lang=ru
Алматы облысында ірі логистикалық хаб ашылды 17.07.2026
Бүгін Алматы облысында «Mercury Logistics Solutions» компаниясының өндірістік және логистикалық-қоймалық кешені құрылысының алғашқы кезеңі аяқталып, салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ірі инвестициялық жобаның бірінші кезеңінде 44 мың шаршы метрді құрайтын инженерлік және логистикалық нысандар пайдалануға берілді. Нәтижесінде 135 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Кешен толық іске қосылғанда өңір азаматтары үшін 1200 жаңа жұмыс орны ашылады. Қарасай ауданы Көкөзек ауылында салынып жатқан бұл «А» класты логистикалық орталығында жүктерді қабылдау, сақтау, өңдеу, сұрыптау және тасымалдау қызметтері атқарылады, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, тұрғындарды республикалық деңгейдегі маңызы зор кешеннің ашылуымен құттықтады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, инвестиция тарту, өндіріс көлемін ұлғайту, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және халықты тұрақты жұмыспен қамту міндеттерін Үкімет пен әкімдіктердің алдына нақты қойып отырғанын, осы бағытта Алматы облысында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.«Бүгін іске қосылған кешен – тұрғындарды жұмыспен қамтуға, шағын және орта бизнестің дамуына, салық базасының ұлғаюына және облыс экономикасының өсіміне оң әсерін тигізетін маңызды жоба. Өңірімізде мұндай логистикалық нысандардың ашылуы ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыруға ықпал етеді. Себебі тауар тек тасымалданып қоймай, өңделіп, сұрыпталады. Соның нәтижесінде өңір экономикасына қосымша табыс түседі. Алдағы уақытта бұл кешен өнімді өңдеп, одан әрі өндіретін заманауи өндірістік орталыққа айналады.Бүгінде Қарасай ауданы Алматы агломерациясының экономикалық өсім нүктелерінің біріне айналып отыр. Ауданның тиімді географиялық орналасуы, көлік дәліздеріне жақындығы және инженерлік инфрақұрылымының дамуы инвесторлар үшін қолайлы жағдай қалыптастыруда», – деген Марат Елеусізұлы облыс әкімдігі алдағы уақытта да инвестициялық жобаларды қолдау, өндірісті дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстарды жалғастыра беретінін айтты.Компанияның бас директоры Нұрмат Суеркулов жобаның алдағы жоспарлары туралы сөз қозғады.«Бүгін логистикалық экожүйеміздің бір бөлігін іске қостық. Қарапайым тілмен айтқанда, біз тауарды әлемнің кез келген нүктесінен әкеліп, тұтынушыларға тікелей жеткіземіз. Яғни мұнда халықаралық тасымалдау, құжаттарды рәсімдеу, тауарларды таңбалау, үлкен көлемдегі тауарларды тапсырысқа қарай бөлу, сондай-ақ өнімді маркетплейстерге, B2B клиенттеріне және басқа да тапсырыс берушілерге жеткізу қызметтері көрсетіледі. Осылайша, жеткізу тізбегінің барлық кезеңін өз мойнымызға аламыз.Қойма 4 блоктан тұрады. Оның 2-еуі – мультитемпературалық қоймалар. Олардың ауданы 6 000 шаршы метрден асады. Мұнда -18, -22 және +0,5 градус аралығындағы температурада түрлі өнімді сақтауға болады. Бір мезетте 45 мың паллет тауар сияды. Қойма толықтай автоматтандырылған WMS, BMS және TMS жүйелерімен жабдықталған», – деді Нұрмат Энверұлы.Шара барысында облыс әкімі Марат Елеусізұлы мен компанияның бас директоры Нұрмат Суеркулов кешеннің лентасын қиып, қонақтар нысанды аралап көрді.Жоба төрт кезең бойынша іске асырылады. Қазіргі таңда пайдалануға берілген кешен жанында екінші кезеңнің құрылысы жүріп жатыр. Болашақта Алматы, Астана және Шымкент қалаларында жаңа форматтағы заманауи логистикалық орталықтар салынады. Соңғы кезеңде кешенге теміржол тармағы қосылып, контейнерлік алаң іске қосылмақ. Осылайша, 50 гектар аумақта халықаралық талаптарға сәйкес келетін заманауи өндірістік және логистикалық хаб қалыптасады. Жобаның жалпы құны – 70 млрд теңге. Құрылыс жұмыстары 2030 жылы аяқталады деп жоспарланған.Айта кетейік, өңірдегі «А» санатты қоймалардың саны соңғы үш жылда 44 есе артқан. Жыл соңына дейін Іле және Қарасай аудандарында дәл осындай 3 жаңа кешен іске қосылмақ. Бұл өңірдің ғана емес еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыруға септігін тигізеді. Сондай-ақ халықтың әл-ауқатын жақсартуға және еліміздің бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1259678?lang=ru
JASYL EL CUP – 2026 17.07.2026
2026 жылғы 16 шілдеде Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен және облыстық «Жасыл ел» штабының ұйымдастыруымен «Jasyl El Cup – 2026» волейбол турнирі өтті. Турнирге «Jasyl El» жастар еңбек жасақтарының сарбаздары қатысты.Турнирдің басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және «Jasyl El» жастар еңбек жасақтары сарбаздарының жұмыстан тыс қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысуын дамыту.Турнирдің ашылу салтанатына Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Тұралиев Әлімбек Жәнібекұлы және «Атамекен» студенттік жасақтарының жастар қоғамдық бірлестігінің басшысы Нұржан Құрманғалиұлы қатысып, командаларға сәттілік тіледі.Жарыс қорытындысы бойынша қатысушылар арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен, кубоктармен, медальдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.Турнирге Ақтөбе қаласынан NOVAA, GREEN POWER, ЖАЛЫН, SET&WIN, ЖАСТАР, ECO DRIVE командалары, сондай-ақ бес ауданнан Қарабұтақ құрамасы, Қобда, Әйтеке би құрамасы, Алға, Рух Орқаш, Мәртөк жастары командалары қатысып, барлығы 12 команда бақ сынады.Жарыс нәтижесі бойынша:🥇 І орын – NOVAA командасы;🥈 ІІ орын – Әйтеке би құрамасы;🥉 ІІІ орын – Қарабұтақ құрамасы.Арнайы номинациялар:«Үздік қорғаушы» – Азизова Дильназ («Мәртөк жастары»);«Үздік шабуылшы» – Тілеуіш Нұрхан («Қобда»);«Үздік ойыншы» – Мұхитқызы Әсем («Қарабұтақ»).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1259643?lang=ru