Қоғам
Отандастарымыздың 12 айдағы инвестициялық кірісі 2,8 трлн теңгеден асты 13.07.2026
Салымшылардың инвестициялық кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ), сондай-ақ инвестициялық портфельді жеке басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқару есебінен қалыптастырылады. ҚРҰБ-тың міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызметінің нәтижесінде 2025 жылдың маусымынан бастап 2026 жылдың мамырына дейінгі 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 2,71 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік 11,46% болды. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс 115,29 млрд теңгені құрады, кірістілік 17,12%. Еске сала кетейік, зейнетақы активтерінің жекелеген қысқа мерзімді кезеңдердегі кірістілігі оларды ұзақ мерзімді басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. Кірістілік деңгейі қаржы құралдарының, валюта бағамдарының және кезеңнен кезеңге дейінгі өзге де көрсеткіштердің нарықтық құнының құбылмалылығына байланысты екенін атап өту маңызды. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдауды ұзақ мерзімді кезеңге жасаған жөн.1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап жинақталған инвестициялық кірістілік 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша өспелі қорытындымен бүкіл кезеңдегі 986,70% инфляция кезінде 1 095,39% құрады.2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 01.04.2014 жылдан бастап (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) жинақталған, ҚРҰБ тапқан таза инвестициялық кіріс – 10,94 трлн теңге. Оның салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі үлесі – жүргізілген төлемдер есебімен 41,2% құрайды, бұл инвестициялық қызметтің зейнетақы жинақтары құрылымындағы маңыздылығының айғағы. Естеріңізге сала кетейік, салымшылар зейнетақы активтерінің бір бөлігін (міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 50%-на дейін және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін) реттеушінің талаптарына сәйкес келетін жеке инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) басқаруға аударуға құқылы.Бұл ретте салымшылар ИПБ жұмыс істейтін үш инвестициялық портфельдің бірін таңдай алады:· жасына қарамастан барлық салымшыларға сәйкес келетін Ki (12) портфелі. Ол бойынша ең төменгі кірістілік деңгейі соңғы 12 айда бағаланады;· Ki (36) портфелі, ол зейнетке шыққанға дейін кемінде 3 жыл қалғандарға арналған. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі 36 айдың қорытындысы бойынша бағаланады;· ұзақ мерзімді көкжиегі (зейнеткерлікке шыққанға дейін 13 жылдан астам) бар салымшыларға арналған Ki (60) портфелі. Ең төменгі кірістілік деңгейі 60 ай ішінде анықталады. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы жеке кабинетінде немесе мобильді қосымшада өзінің инвестициялық табысын көруге мүмкіндігі бар.БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтындағы (www.enpf.kz) "Статистика және аналитика/зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде, сондай-ақ invest.enpf.kz порталында жарияланады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-urzhar/press/news/details/1254004?lang=ru
Қазақстан Елшісінің Халықаралық кинология федерациясының FCI президенті Тамаш Яккелмен кездесуі туралы 13.07.2026
Будапешт, 2026 жылғы 23 маусым – Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Халықаралық кинология федерациясының (FCI) президенті Тамаш Яккелмен кездесті.Кездесу барысында Елші Тамаш Яккелге қазақтың ұлттық ит тұқымдарын халықаралық деңгейде таныту және насихаттау бағытындағы қолдауы үшін алғыс білдірді. Тараптар кинология саласындағы өзара іс-қимыл, ұлттық ит тұқымдарын сақтау, сондай-ақ қазақы тазы тұқымының халықаралық мәртебесін одан әрі нығайту мәселелері жөнінде пікір алмасты.Айта кетейік, 2024 жылғы 3 қыркүйекте Халықаралық кинологиялық федерациясы қазақы тазы тұқымын алдын ала негізде ресми түрде танып, Қазақстанды аталған тұқымның шыққан елі ретінде бекітті. Бұл шешім ұлттық мұраны сақтау және қазақы тазыны әлемдік деңгейде таныту жолындағы маңызды тарихи қадам болды.Кездесу соңында тараптар осы бағыттағы байланысты жалғастыруға және қазақтың ұлттық ит тұқымдарын халықаралық аренада ілгерілету бойынша ынтымақтастықты дамытуға дайын екендерін растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1250523?lang=ru
Бесарық ауылының тыныс-тіршілігімен танысты 13.07.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Сырдария ауданына жұмыс сапары барысында Бесарық ауылындағы №12 аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жұмысымен танысты. Спорт кешенінде дзюдо, бокс және таэквондо үйірмелері жұмыс істейді. Қазір мұнда 180 адам спортпен тұрақты шұғылданады. Мекемеде 18 қызметкер еңбек етеді.Одан кейін аймақ басшысы ауылдың орталық алаңында тұрғындармен кездесіп, шағын өндірістік орталық пен ауылдық мәдениет үйінің жұмысын көрді. Жұртшылықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, Бесарық ауылын одан әрі дамытуда атқарылатын жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы Бесарық ауылында сәтімен жүзеге асуда.Мұнда «Абай-Дәулет» серіктестігінің демеушілігімен фри картобын өндіретін зауыт жұмыс істейді. Сонымен қатар наубайхана, кондитерлік және жартылай дайын өнімдер цехтары, жұмыс қолғаптарын, пластик ыдыстарды, сабын мен ағаш бұйымдарын өндіретін кәсіпорындар іске қосылған. «Қызылорда» супермаркеті мен дәмхана тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіп келеді. Еске салсақ, 2024 жылы ауылда жалпы аумағы 1 мың шаршы метр болатын шағын өндірістік орталық пайдалануға беріліп, 13 кәсіпкерге өз кәсібін бастауға мүмкіндік жасалды. Оның 4-еуі «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы, 5 жоба «Өңірлік инвестициялық орталықтың» қолдауымен, ал 4 жоба шаруашылықтың өз қаражаты есебінен жүзеге асты. Нәтижесінде 25 жаңа жұмыс орны ашылып, жобаларға 960 млн теңге инвестиция тартылды. Бүгінде кәсіпкерлер шағын өндірістік орталықта өз өнімдерін шығаруда.Айта кету керек, «Абай-Дәулет» серіктестігі 2018 жылдан бері ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына 1,5 млрд теңгеден астам қаражат бағыттады. Бұл қаржы 360 орындық мектеп, 120 орындық балабақша, дәрігерлік амбулатория, мәдениет үйі секілді әлеуметтік нысандарды салуға, жөндеуге, абаттандыруға және көгалдандыру жұмыстарына жұмсалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1250507?lang=ru
Қалалық кеңістікті жаңғырту: тұрғын үйлердің қасбеттерін жаңарту жұмыстары жалғасуда 13.07.2026
Қаланың бірыңғай сәулеттік келбетін қалыптастыру тұжырымдамасын іске асыру аясында жергілікті бюджет қаражаты есебінен көпқабатты тұрғын үй қорын абаттандыру және жаңғырту жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр.Ауқымды жаңарту бағдарламасына қаланың негізгі магистральді көшелері мен орталық даңғылдарының бойында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлер енгізілді. Өткізіліп жатқан іс-шаралар кешені келесі жұмыстарды қамтиды: * балкон топтарын бірыңғай стилистикалық форматта әйнектеу және қаптау; * ғимараттардың қасбеттік бөліктерін жөндеу, эстетикалық безендіру және жылыту; * заманауи сәндік-сәулеттік жарықтандыруды монтаждау.Нысандарда ғимараттарды ағымдағы жөндеуді де, күрделі жаңғыртуды да жүзеге асыратын мердігерлік ұйымдар жұмыс істеуде. Жобаны қаржыландыру кезең-кезеңімен жүргізіледі. Құрылыс компанияларының алдына орындалатын жұмыстардың жоғары сапасын қамтамасыз ету және абаттандырудың негізгі көлемін жазғы кезеңнің соңына досын аяқтау міндеті қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1250509?lang=ru
Салық кодексін енгізу жобалық кеңсесінің алаңында Қазпошта қызметінің шарттарын жетілдіру жайы талқыланды 13.07.2026
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен жаңа Салық кодексін енгізу жобалық кеңсесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселенің бірі – ұлттық пошта байланысы операторы «Қазпошта» АҚ қызметін салықтық реттеудің жекелеген аспектісі.Компания өкілдері отырыс барысында қатысушыларды салық заңнамасының кейбір ережелерін іс жүзінде қолдануды, олардың кәсіпорынның қаржылық қызметіне әсері туралы хабардар етті. Сондай-ақ қолданыстағы реттеу тетігін одан әрі жетілдіруге арналған ұсыныстар қаралды.Отырысқа қатысушылар Қазпоштаның әлеуметтік маңызы бар функцияларының тиянақты орындалуы мен халыққа әмбебап пошта қызметін көрсету мәселесін ерекше назарға алды.Талқылау түйіні, «Қазпошта» АҚ Қаржы министрлігімен бірлесіп, 2027 жылға арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру кезінде әмбебап пошта қызметін қаржыландыруды жетілдіру ісін пысықтауы қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1250514?lang=ru
Қазақстан мен Үндістан ғылыми ынтымақтастықты нығайтуда 13.07.2026
Қазақстанға сапары аясында Джавахарлал Неру университетінің (Үндістан) профессоры Ахлак Ахмад Ахан AlmaU және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басшылығымен және өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.Келіссөздер барысында тараптар академиялық және ғылыми ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылап, Қазақстан тарихы мен Ұлы дала халықтарына қатысты қолжазбалар, архивтік материалдар және тарихи дереккөздерді бірлесіп зерттеуге ерекше назар аударды. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары ретінде пәнаралық зерттеулерді дамыту, ғылыми тәжірибе алмасу, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру және оқытушылар мен зерттеушілердің академиялық ұтқырлығын кеңейту мәселелері айқындалды.Кездесулер Қазақстан мен Үндістан арасындағы серіктестікті нығайтуға, гуманитарлық ғылымдарды дамытуға және ортақ тарихи-мәдени мұраны зерттеуге екі университеттің де өзара мүдделі екенін көрсетті.Екі ел арасындағы академиялық ынтымақтастық халықаралық зерттеулерді дамытуға, білім және тәжірибе алмасуға, сондай-ақ жас ғалымдардың жаңа буынын даярлауға тың мүмкіндіктер ашуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1250497?lang=ru
Мүліктік табыс 13.07.2026
Жеке тұлғада жылжымайтын мүлік бойынша құн өсімінен түсетін табыс: - тұрғын үйлер, саяжай құрылыстары, гараждар, тұрақ орындары, қоймалар, жеке қосалқы шаруашылық объектілері, жер учаскелері, жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу мақсаттары, гараж, тұрақ орындары - меншік құқығы тіркелген күннен бастап олар меншік құқығында кемінде екі жыл болған жағдайда; - өзге де жылжымайтын мүліктің (коммерциялық жылжымайтын мүлік, коммерциялық объектілер құрылысына арналған жер учаскелері) меншік құқығында болу мерзіміне қарамастан; - Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі жылжымайтын мүліктің меншік құқығында болу мерзіміне қарамастан. Жылжымайтын мүлік бойынша құн өсімінен түсетін табыс:- өткізу кезінде - өткізу бағасы (құны) мен оның бастапқы құны арасындағы оң айырма. Жылжымайтын мүлік объектісінің бастапқы құны осы объектіні сатып алудың құжатпен расталған бағасы (құны) болып табылады. Сатудың басқа жағдайларында жылжымайтын мүліктің бастапқы құны:1) салынған ғимарат сатылған жағдайда ғимарат салу үшін жер учаскесін сатып алу құны;2) салынған жеке тұрғын үй сатылған жағдайда - нарықтық құн;3) жеке тұлғаның сатып алынған мүлік бойынша оны сатып алу бағасы туралы құжатпен расталған мәліметтері болмаған кезде кадастрлық құны;4) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу жолымен сатып алынған жылжымайтын мүлікті өткізген жағдайда - тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың бағасы; Өтеусіз алынған мүліктің бастапқы құны: 1) бұрын өтеусіз алынған мүлік түріндегі табысқа енгізілген құн - өтеусіз алынған мүліктің құны дара кәсіпкердің салық салынатын табысына немесе жеке тұлғаның салық салынатын табысына енгізілген жағдайда; 2) мұрагерлік, қайырымдылық көмек түрінде алынған мүлікті өткізген (берген) жағдайда - нарықтық құн; 3) бағалау құны - жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу объектісі болып табылатын мүлікті өткізген (берген) жағдайда; 4) жер учаскесі сатылған (берілген) жағдайда - кадастрлық (бағалау) құны; 5) барлық қалған жағдайларда - нөлдік құн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1250477?lang=ru
ЕКПА депутаттары Қазақстандағы саяси реформаларды қолдады 13.07.2026
Страсбург, 2026 жылғы 26 маусым – Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясында (ЕКПА) «Қазақстандағы конституциялық референдум: реформалардың жаңа кезеңі» атты жазбаша декларация қабылданып, онда 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумның қорытындылары негізінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларға қолдау білдірілді (https://pace.coe.int/en/files/36245).Құжаттың авторы – ЕКПА депутаты Мехмет Акалын (Түркия, «Еуропа үшін либералдар мен демократтар альянсы» саяси тобы). Еуропа мемлекеттерінің ұлттық делегациялары мен түрлі саяси топтардың 22 мүшесі қол қойған декларацияда референдум Қазақстанның институционалдық жаңғыруы мен мемлекеттік басқару жүйесін күшейтудің маңызды кезеңі ретінде бағаланады.ЕКПА депутаттары конституциялық реформалардың мақсаттарын, атап айтқанда, мемлекеттік басқарудың неғұрлым теңгерімді моделіне көшуді, есептілік тетіктерін нығайтуды, конституциялық сот төрелігіне қолжетімділікті кеңейтуді және адам құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтуді құптайды.Декларацияда сондай-ақ Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы ынтымақтастық тетіктері аясындағы конституциялық даму, заң үстемдігі және адам құқықтарын қорғау салаларындағы тәжірибе алмасуға бағытталған сындарлы диалог атап өтіледі.Сонымен қатар, парламентарийлер Қазақстанды Еуразия өңіріндегі сенімді серіктес ретінде бағалай отырып, елдің демократиялық басқару мен заң үстемдігін одан әрі нығайтуға бағытталған күш-жігерін қолдауға дайын екендіктерін білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tallin/press/news/details/1250481?lang=ru
Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Елшілігінде салтанатты іс-шара өтті 13.07.2026
Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Елшілігінде Қазақ диаспорасының өкілдері, Эстонияда тұратын студенттер мен жастар үшін салтанатты іс-шара өтті.Кездесу отандастарды, сондай-ақ Эстонияның академиялық және сараптамалық топтарының өкілдерін біріктіріп, қазіргі Қазақстанның дамуының және ұлттық мәдени мұраны насихаттаудың негізгі бағыттарын талқылады.Оқу мәдениетін дамыту және жастарды қолдау Іс-шараның басты тақырыбы Қазақстан Республикасы Президентінің «Оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын талқылау болды.Кездесу барысында дипломаттар бұл бастаманың өскелең ұрпақ үшін және елдің зияткерлік әлеуетін нығайту үшін ерекше маңыздылығын атап өтті. Эстонияда оқитын қазақстандық студенттер мен жастар арасында оқырман мәдениетін қолдау мақсатында ұйымдастырушылар көркем, тарихи және ғылыми-танымал әдебиеттерді тегін тарату бойынша акция өткізді.Саяси және институционалдық реформалар Қатысушылардың назары Қазақстанның қоғамдық-саяси жаңғыруына аударылды. Елшілік өкілдері қонақтарға еліміздің жаңа Конституциясының негізгі ережелерін, сондай-ақ ауқымды институционалдық қайта құрулардың іске асырылу барысын егжей-тегжейлі түсіндірді. Эстонияның сарапшылары мен саясаттанушылары республиканың демократиялық институттары мен құқықтық негіздерін нығайту жөніндегі мемлекеттің дәйекті қадамдарын жоғары бағалады.Ұлы Дала әуендері: домбыра күніКештің жарқын мәдени аккорды жақындап келе жатқан Ұлттық домбыра күнін мерекелеу болды. Іс-шара қонақтары үшін қазақтың әйгілі күйлері шырқалды. Домбырада дәстүрлі музыкалық шығармаларды шебер орындау Эстондық әріптестер мен отандастарға қазақ дала философиясы мен бай музыкалық мұра атмосферасына тереңірек енуге мүмкіндік берді.Іс-шара пікір алмасумен және бейресми қарым-қатынаспен аяқталды, оның барысында қатысушылар диаспораның тарихи Отанымен берік рухани байланысын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tallin/press/news/details/1250454?lang=ru
Бюджетке артық төленген салықтар немесе төлемдер сомаларын есепке жатқызу туралы салықтық өтінішті ұсыну 12.07.2026
https://www.instagram.com/reel/DaK4wwkvi9s/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==Қадамдық нұсқаулық (салық төлеушінің жаңа кабинетінде - СТК Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі)Кіру: салық төлеуші кабинетінің ағымдағы веб-сайтына өтіп, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы кіріңіз.Құжатты беруге көшу: жоғарғы мәзірде "Құжаттар" - "Құжатты жіберу"бөлімін таңдаңыз.Пішінді таңдау: тізімнен "салықтарды, бюджетке төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды, пайыздар мен айыппұлдарды есепке алу және (немесе) қайтару үшін салық өтініші"нысанын табыңыз.Өтінішті толтыру:- Деректемелеріңізді көрсетіңіз.- "Есепке жазу" операциясын тандаңыз- Артық/қате төленген сома (БСК, ТТК, сома) туралы мәліметтерді толтырыңыз.- Нақты қандай салық немесе төлем есебіне есепке жатқызу қажет екенін көрсетіңіз (БСК және ТТК дұрыс деректемелерімен).Қол қою және жіберу: ЭЦҚ-ның өтініміне қол қойып, мемлекеттік кірістер органдарына жіберіңіз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1250411?lang=ru
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне жаңа пәтерлердің кілті табысталды 12.07.2026
БАҚ күніне орай Солтүстік Қазақстан облысында салтанатты іс-шара өтті. Өңір журналистерін кәсіби мерекесімен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтады.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев тәуелсіз, кәсіби әрі жауапты бұқаралық ақпарат құралдары – әділетті қоғам мен орнықты демократиялық дамудың берік тірегі екенін үнемі атап келеді. Журналистер қауымының қажырлы еңбегі елді шынайы әрі сапалы ақпаратпен қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтып, ашық пікір алмасу мәдениетінің қалыптасуына зор үлес қосуда. Барша бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне кәсібиліктері, объективті ұстанымдары, принципшілдіктері және өз істеріне деген жауапкершіліктері үшін шынайы алғысымды білдіремін», – деді өңір басшысы. Іс-шара барысында ақпарат саласының 59 өкілі мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды. Көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі және отандық журналистиканың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін оларға «Парасат» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Еңбек ардагері» ведомстволық медалі, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары, сондай-ақ өңірдің ақпарат саласын дамытуға қосқан үлесі үшін арнайы естеліктер табысталды.Мемлекет басшысының атынан бұқаралық ақпарат құралдарының екі жас өкіліне жаңа пәтердің кілтін табысталды. Бұл – журналист мамандығына көрсетілген зор құрметтің, ақпарат саласы қызметкерлеріне мемлекет тарапынан жасалып отырған тұрақты қолдаудың және олардың қоғамдағы маңызды рөлінің айқын дәлелі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1250412?lang=ru
Салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер 12.07.2026
Салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметті тексеру жөніндегі нұсқаулық.Салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметті алу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:- portal.kgd.gov.kz сайтына өтіңіз.- Басты беттен «Қызметтер» бөлімін ашыңыз.- Іздеу жолағына «Салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» , сәйкес қызметті таңдаңыз.- Міндетті өрістердің барлығын сұратылған деректерге сәйкес толтырыңыз.- Өтінімді қалыптастыру үшін тиісті батырманы басыңыз.- Қалыптастырылған нәтижемен танысыңыз.- Қажет болған жағдайда құжатты сақтап алыңыз немесе басып шығарыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1250401?lang=ru
СҚО-да «Эко-Платформа: Таза Қазақстан» интерактивті алаңы өтті 12.07.2026
Солтүстік Қазақстан облысында «Эко-Платформа: Таза Қазақстан» интерактивті алаңы өтті. Іс-шара Петропавл қаласында, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратының алдындағы алаңда республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын бірнеше рет атап өткен. «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалінде сөйлеген сөзінде Президент тазалық әрбір адамнан, әрбір үйден, әрбір көшеден және әрбір қаладан басталуы керек екенін айтты. Мемлекет басшысының айтуынша, «Таза Қазақстан» акциясы бір реттік науқан болмауы тиіс, ол қазақстандықтардың өмір салтына айналуы қажет.Іс-шараның мақсаты - халықтың экологиялық мәдениетін арттыру, экологиялық жауапты мінез-құлық қағидаттарын насихаттау және тұрғындарды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне интерактивті әрі ағартушылық форматтар арқылы тарту.Алаңға қатысушылар өз білімдерін экологияға қатысты өзекті сұрақтар бойынша қолжетімді әрі қызықты форматта тексерді. Іс-шараның негізгі элементі тақырыптық барабан болды. Оның көмегімен тұрғындар әртүрлі деңгейдегі сұрақтар мен тапсырмаларды таңдады. Мұндай формат білімді бекітіп қана қоймай, қалдықтарды сұрыптау, табиғатқа ұқыпты қарау және қоршаған ортаның тазалығына жеке жауапкершілікпен қарау мәселелеріне назар аударуға мүмкіндік берді.Орталықтың қоғамдық даму және ақпарат орталығының жастар бастамалары бөлімі маманы Қайдар Әбілхаирдің айтуынша, мұндай іс-шаралар халық арасында экологиялық ойлауды қалыптастыруға ықпал етеді.«Бүгінде экология туралы жай ғана айту жеткіліксіз, адамдарды бұл жұмысқа түсінікті әрі қызықты форматтар арқылы тарту маңызды. Интерактивті алаң қатысушыларға ойын түрінде қалдықтарды сұрыптау, табиғатқа ұқыпты қарау және қоршаған ортаның тазалығы үшін жеке жауапкершілік туралы көбірек білуге мүмкіндік береді. Әрбір тұрғын «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыруға өз үлесін қоса алады», - деді Қайдар Әбілхаир.Ұйымдастырушылардың айтуынша, алаңды өткізу халықты экологиялық ағарту және қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған бастамаларды қолдау бойынша кешенді жұмыстың бір бөлігі болды. Іс-шара өңір тұрғындары арасында экологиялық жауапты мінез-құлық қағидаттарын ілгерілетуге де ықпал етті. #ТазаҚазақстан #тұрақтыдаму #тазаел #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1250403?lang=ru
Шығыс Қазақстан облысында ауыл туризмі дамуын жалғастыруда 12.07.2026
Ішкі туризмді дамытудың маңызды бағыттарының бірі – саяхатшыларға ауылдық елді мекендердің мәдениетімен, салт-дәстүрімен және тұрмысымен жақынырақ танысуға мүмкіндік беретін бастамаларды қолдау.Бүгінде өңірде қонақ үйлері (гостевой дом) форматы дамып келеді. Оның аясында жергілікті тұрғындар туристерді қабылдап, ал қонақтар Шығыс Қазақстанның табиғи, мәдени және тарихи мұрасымен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болуда.Мұндай жобалар тұрақты туризмді дамытуға, ауыл тұрғындары үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға және өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.Ауыл туризмін дамыту жұмыстары iCaravan платформасы арқылы Шығыс Қазақстан облысының туристік әлеуетін ілгерілету аясында жалғасуда.Платформаның негізін қалаушы Талғат Әли:«Біздің мақсатымыз – Қазақстанның 1000 ауылы мен бірегей туристік бағыттарын әлемге таныту. Катонқарағай бүгінде ауыл туризмінің жергілікті тұрғындарға пайда әкеліп, өңірді әлемнің түкпір-түкпірінен келетін саяхатшыларға таныта алатынын көрсетіп отыр», – деді.iCaravan платформасы Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарын қонақжай иелерінің қауымдастығына қосылуға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1250363?lang=ru
«Қазақстан Бүгін» ақпарат агенттігі «KazAID» Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ж. Асановтың мақаласын жариялады. 12.07.2026
«Қазақстан Бүгін» ақпарат агенттігі «KazAID» Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ж. Асановтың мақаласын жариялады.Мақала мына сілтеме бойынша қолжетімді:https://www.kt.kz/rus/authors_column/ofitsialnaya_pomosch_razvitiyu_opr_-_vazhnoe_napravlenie_1377993846.html Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1250347?lang=ru
2026 жылғы ЭШФ: ақпараттық жүйенің бұғатталуынан және айыппұлдардан қалай жалтаруға болады 12.07.2026
Электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) уақытылы жазып беру – бұл жай ғана формальдылық емес, кез келген бизнестің қауіпсіздігі үшін маңызды процесс. Салық кодексі оларды ұсынудың нақты мерзімдерін және бұл талаптарды бұзғаны үшін қолданылатын салдарды белгілейді.Құжаттарды жазып беруді соңғы күнге қалдырмаңыз! «ЭШФ АЖ» (ИС ЭСФ) жүйесіне кірудің бұғатталуы бүкіл компанияның жұмысын тоқтатып тастауы мүмкін.ЭШФ жазып беру мерзімдері- Жалпы мерзім: ЭШФ өткізу айналымы жасалған күннен ерте емес және осы күннен кейін 15 күнтізбелік күннен кешіктірілмей жазылады.- Ай қорытындысы бойынша мерзім (келесі айдың 20-сына дейін): электр энергиясын, суды, газды өткізу кезінде, сондай-ақ коммуналдық қызметтер, байланыс және экспедиторлық қызметтер, банктік операциялар үшін қолданылады.- Тауарлар экспорты: өткізу айналымы жасалған күннен кейін 20 күнтізбелік күннен кешіктірілмей.- Сатып алушының талабы бойынша: егер бастапқыда ЭШФ жазып беру міндетті болмаса, бірақ клиент құжатты талап етсе, сізде айналым күнінен кейін 30 күнтізбелік күн бар.ЭШФ-ны уақытылы жазбаудың негізгі тәуекелдері мен салдарыСалық органдары сіздің ЭШФ мәліметтеріңізді салық есептілігімен (декларациялармен) және жеткізушілеріңіздің мәліметтерімен салыстыра отырып, автоматты түрде өзара салыстыру бақылауын жүргізеді.Кез келген сәйкессіздіктер елеулі салдарға әкеп соғуы мүмкін: ЭШФ жазып беруді тоқтата тұру (бұғаттау)Егер сіз төмендегі жағдайларды жасасаңыз, салық органы бір жұмыс күні ішінде «ЭШФ АЖ» жүйесіне кіруіңізді бұғаттауға құқылы:- сәйкессіздіктерді жою туралы хабарламаны уақытылы орындамасаңыз;- тексеру кезінде өзіңіздің нақты орналасқан жеріңізді растамасаңыз. «Қара тізімге» (Тәуекелді салық төлеушілер тізіліміне) енуЭШФ жазып беруі тоқтатыла тұрған компаниялар туралы мәліметтер ресми интернет-ресурста ашық қолжетімділікте жарияланады. Бұл іскерлік беделге соққы болып табылады: адал контрагенттер сізбен жұмыс істеуден бірден бас тартады, өйткені олар сіздің құжаттарыңыз бойынша ҚҚС-ты (НДС) есепке жатқыза алмайды. Сатып алушыларыңыздың ҚҚС бойынша мәселелеріЕгер ЭШФ заң бұзушылықтармен жазылса (мысалы, ЖСН/БСН қате көрсетілсе немесе құжат электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылмаса), сатып алушыңыз автоматты түрде ҚҚС-ты есепке жатқызу құқығынан айырылады.Ұсыныстар1. Салық төлеушінің кабинетін жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз: егер камералдық бақылау бойынша сәйкессіздіктер туралы хабарлама келсе, түсініктеме жіберуге немесе қателерді түзетуге сізде 30 жұмыс күні бар. Бұл мерзімді елемеу «ЭШФ АЖ» жүйесінің бұғатталуына әкелетініне кепілдік береді.2. ЭЦҚ-ның қолданылу мерзімі мен дұрыстығын қадағалаңыз: электрондық шот-фактура тек өзекті және дұрыс ЭЦҚ болған жағдайда ғана заңды түрде жарамды деп танылады.3. Есіңізде болсын, қағаз чек ЭШФ-ны алмастыра алмайды: көп жағдайда бақылау-касса машинасының (БКМ) чегін беру сатып алушының талабы бойынша 15 күн ішінде толыққанды ЭШФ жазып беру міндеттемесінен босатпайды. Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысыжәне Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1250279?lang=ru
Іссапар шығыстары және корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша шегерімдер 12.07.2026
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 257-бабына сәйкес, салық төлеуші растайтын құжаттар болған жағдайда табыс алуға бағытталған қызметпен байланысты нақты жұмсалған шығыстарды шегерімдерге жатқызуға құқылы.Атап айтқанда, қызметкерлердің қызметтік іссапар шығыстары (жол жүру, тұру, тәуліктік және заңнамада көзделген өзге де төлемдер) егер іссапар компанияның қызметімен тікелей байланысты болса және табыс алуға бағытталса, КТС бойынша шегерімдерге жатқызылуы мүмкін.Бұл ретте мына жағдайларды ескеру маңызды:-шығыстар экономикалық тұрғыдан негізделген болуы тиіс;-растайтын құжаттардың болуы қажет;-шығыстардың салық төлеушінің өз қызметімен байланысы расталуы тиіс.Ал басқа дербес заңды тұлғаның мүддесі үшін ғана жұмсалған шығыстар салық төлеушінің шығыстарына жатпайды және шегерімге қабылданбайды.Құжаттық растау ретінде бастапқы бухгалтерлік құжаттар, сондай-ақ шығыстардың экономикалық негізділігін және олардың табыс алуға бағытталғанын растайтын өзге де материалдар пайдаланылуы мүмкін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1250238?lang=ru
Риддердегі құрылыс жобаларының жүзеге асуы туризмнің дамуында серпін бермек Риддерде құрылыс саласындағы бірнеше ірі жоба іске асырылуда. Қала әкімдігінің мәліметінше, негізгі басымдық туристік инфрақұрылымды дамытуға берілген. 12.07.2026
Риддердегі құрылыс жобаларының жүзеге асуы туризмнің дамуында серпін бермекРиддерде құрылыс саласындағы бірнеше ірі жоба іске асырылуда. Қала әкімдігінің мәліметінше, негізгі басымдық туристік инфрақұрылымды дамытуға берілген.– Биыл бес жобаны жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, Ridder Resort Hotel қонақүйін қайта жаңғырту, Cabana de Poperechnoe нысанының құрылысы, сондай-ақ Altay Kompas ЖШС-нің туристік кешені мен ақпараттық орталығын салу көзделген. «Скай Тау Риддер» ЖШС жобасы аясында тау шаңғысы кешені мен қонақүйдің негізгі ғимараты қайта жөнделеді. Екінші кезеңде премиум санаттағы нысандар салынып, жаңа аспалы жол орнатылады. Үшінші кезеңде мотокросс, эндуро, багги және квадроциклдерге арналған трассалар салу жоспарланған, – дейді Риддер қаласының әкімі Думан Рахметқалиев.Оның айтуынша, аталған жобалардың жүзеге асуы туристерге арналған орналастыру орындарының санын 60 бірлікке дейін арттыруға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, құрылыс саласында өткен жылмен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 10,7%-ға өскен. Қазір 600 оқушыға арналған жалпы білім беретін мектептің құрылысы жалғасуда. Нысанды шілде айында пайдалануға беру жоспарланған. Бұдан бөлек, екі мектеп пен екі балабақшаға жөндеу жұмыстарын жүргізуге 63 миллион теңге бөлінді. 2025 жылы басталған №14 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстары да жалғасып жатыр.– Жыл басынан бері бес ай ішінде 722 жұмыс орны құрылды. Қоғамдық жұмыстарға 100 жұмыссыз азамат тартылды. Алты адам жастар практикасына жіберілсе, 60 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. Атаулы әлеуметтік көмек 313 адамға көрсетілді, – дейді Думан Рахметқалиев.Қала билігінің негізгі басымдықтарының бірі – тұрғындардың денсаулығын сақтау. Биыл Риддерде бір ауысымда 500 адам қабылдайтын емхана мен 200 орындық стационар ашылды. Медициналық мекемелер заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Соның нәтижесінде тұрғындар компьютерлік томография мен ультрадыбыстық зерттеулерден облыс орталығына бармай-ақ өте алады.Ауыл шаруашылығы саласында да оң көрсеткіштер байқалады. Сүт өндірісі 1,6 пайызға, жұмыртқа өндірісі 8,4 пайызға артқан. Ірі қара малдың, жылқының, қой мен ешкінің, сондай-ақ құс санының өсуі тіркелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1250234?lang=ru
ҚҚС төлеушісі болып табылмайтын тұлға төленген ҚҚС сомаларын есепке жатқыза ала ма? 12.07.2026
Қосылған құн салығының (ҚҚС) сомаларын есепке жатқызу құқығы тек ҚҚС бойынша тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілерге ғана беріледі.Егер ұйым ҚҚС төлеушісі ретінде тіркелмесе, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер ұсынған ҚҚС сомалары есепке жатқызылмайды. Мұндай жағдайда ҚҚС ұйымның шығыстарының құрамында ескеріледі және оның қаржылық нәтижесіне әсер етеді.Сондай-ақ, жеткізушілермен шарттар жасасу, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған тарифтер мен шығыстар сметасын қалыптастыру мәселелері салық заңнамасымен реттелмейтінін ескеру қажет. Мұндай мәселелер азаматтық-құқықтық және тұрғын үй қатынастары саласына жатады және өз құзыреті шегінде уәкілетті мемлекеттік органдармен қаралады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1250221?lang=ru
Бүгін - ұшқышсыз авиация мамандарының кәсіби мерекесі 12.07.2026
Бүгін Қазақстан Қарулы күштерінде ұшқышсыз авиация мамандары кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр. Бұл дата 2022 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының Ұшқышсыз авиациялық жүйелерді (ҰАЖ) дамыту және қолдану департаменті құрылған күнмен байланысты.Мамандандырылған бөлімшенің құрылуы ұшқышсыз авиациялық технологиялардың қарқынды дамуы, олардың қолданылу ауқымының кеңеюі және қазіргі заманғы әскери қақтығыстар сипатының түбегейлі өзгеруімен байланысты. Ұшқышсыз авиациялық жүйелер жеке құрамның тікелей қатысуынсыз және өмірге қауіп төндірмей-ақ кең ауқымды міндеттерді орындауға мүмкіндік беріп, әскери іс-әрекеттер тиімділігін айтарлықтай арттырды.ҰАЖ барлау жүргізу, әскерді басқару, қарсыласты оқ атып жою және жүк жеткізу сияқты негізгі міндеттерді атқаруда маңызды құралдардың бірі саналады. Олардың қолданылуы шешім қабылдау жеделдігін, жауынгерлік тапсырмаларды орындау дәлдігін және жалпы басқару тиімділігін арттырады.Сонымен қатар, ұшқышсыз ұшу аппараттары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және табиғи әрі техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою шараларында да белсенді қолданылады.Қазақстан Қарулы күштерінің қару-жарақ құрамында «шағын» деңгейден бастап «оперативтік-стратегиялық» деңгейге дейінгі әртүрлі кластағы ұшқышсыз авиациялық жүйелер бар.Тұрақты түрде көрнекі сынақтар мен тәжірибелік-әскери жұмыстар жүргізіліп, онда ұшқышсыз авиациялық жүйелердің сенімділігі мен тактикалық-техникалық сипаттамалары тексеріледі. Сонымен қатар, Қазақстан аумағында оны өндіріске қою мәселелері де қарастырылуда.Ұшқышсыз авиациялық жүйелерді пайдалану бойынша курсанттарды оқыту Қорғаныс министрлігінің барлық жоғары әскери оқу орындарында жүргізілуде. Щучинск пен Астана қалаларындағы әскери колледждерде ұшқышсыз және роботтандырылған жүйелерді пайдалану мен қызмет көрсету мамандары даярланады. Кадеттер осы жылы да қабылданады. Сондай-ақ бұл бағыттағы әскери қызметшілердің біліктілігін арттыру курстары тұрақты түрде өткізіліп келеді.Бүгінде ұшқышсыз авиация – Қарулы күштердегі ең қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың бірі. Бұл сала мамандары күнделікті қызметте және түрлі оқу-жаттығулар барысында жүктелген міндеттерді табысты орындап келеді. ҰАЖ ведомствоаралық және халықаралық оқу-жаттығуларға да қатысып, барлау, оқ ату және әскери әрекеттердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өз тиімділігін дәлелдеді.Операторлар, инженерлер және техникалық мамандардың кәсібилігі, тәжірибесі мен әскери борышқа адалдығы елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған ұшқышсыз авиациялық технологияларды одан әрі дамытуға берік негіз болып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1250226?lang=ru